Тепе-теңдiк туралы түсiнiк. Теңдіктің орнау механизмі



КIРIСПЕ


1) Тепе.теңдiк туралы түсiнiк
2) Теңдіктің орнау механизмін


ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан 19 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi белгiлi.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде әрекет жасайды.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады. Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық экономиканың меанизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Негiзiнен нарықтық механизм ол өзiнiң элементтерiнiң тепе-теңдiк деңгейде болған кезде тиiмдi қызмет етедi. Онда сатушылар мен сатып алушыларда өз сұраныстарын максималды түрде қанағаттандыра алады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Осы нарықтық тепе-теңдiктi реттеп отыратын мемлекеттiң саясаттарына салық салу арқылы реттеу, бағаның деңгейiн белгiлеу, қаржы жүйесi арқылы реттеу және т.б. саясаттар жатады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы нарықтық экономиканың қызмет ету механизмiн, тепе-теңдiк жағдайдың өзгерiсiн және осы нарық тепе-теңдiгiне мемлекеттiң саясаттары арқылы әсерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен жұмысымның тақырыбын “Тепе-теңдік және оның орнау механизмі” деп алдым.
Жұмыс барысында нарықтың негiзгi эленттерi сұраныс пе ұсыныс туралы, нарықтың қызмет ету ерекшелiктерi және ондағы тепе-теңдiк жағдайдың орнауын қарастырмақшымын.
1. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
2. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2008. – 219 б.
3. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
4. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
5. Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
6. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
7. Статистический ежегодник. Алматы. – 2009г. №7.
8. Кенжеғали Сағадиев “Бәсекеге қабiлеттiлiктi өзiмiз жасауымыз керек” // Егемен Қазақстан, 2009 ж.
9. Досниязова А.К. «Инфляционное таргетирование: SWOT-анализ» // Банки Қазахстана, №10, - 2005 г. 56-61 стр.
10. Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КIРIСПЕ

1) Тепе-теңдiк туралы түсiнiк
2) Теңдіктің орнау механизмін

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Дамыған елдердің қазіргі кездегі экономикасы рыноктық сипатта. Негізгі
экономикалық проблемаларды шешуде рыноктық жүйе тиімді де серпімді болып
табылады. Бұл жүйе бір күнде пайда болған жоқ, ол ғасырлар бойы
қалыптасып, өркениетті түрге ие болды. Алдағы уақытта да әлем елдерінің
экономикалық келбетін анықтайтыны хақ. Елiмiздiң рыноктық экономикаға
өтуiне байланысты рыноктың қымет ету механизмiн және оның негiзгi
элементтерiн талдап, оларды экономикамыздың тиiмдi дамуына қолдана бiлу
бүгiнгi күн тәртiбiнiң өзектi мәселесi.
Елiмiздiң бүгiнгi таңдағы дамуы мен оның болашағының көрiнiсi осыдан
19 жыл бұрын егемендiгiн алып, экономикалық құрылымын жоспарлы экономикадан
рыноктық қатынастарға өткiзiп және осы аралықтағы рыноктық қатынастардың
қалыптасуы және оның дамуын одан әрi жандандыруға байланысты екекнi
белгiлi.
Қазiргi кезде нақты рыноктық қатынастар орнап, бағаны белгiлейтiн тек
қана сұраныс пен ұсыныс деп төте айту қиындау. Өйткенi фирмалар белгiлi бiр
рынокта, белгiлi бәсеке жағдайында және белгiлi рынок құрылымының негiзiнде
әрекет жасайды.
Елiмiздiң нарықтық экономикаға өтуiне байланысты нарықтық қатынастар
күрделенiп, олардың қызметтерiнiң сан-салалы бағыттары пайда бола бастады.
Әлемдiк тәжiрибе бойынша экономиканың өтпелi кезеңiнде нарықтық
экономиканың меанизмi бұзылып отырады, ал оны реттеп, бiр жүйеге келтiрiп
отыратын мемлекеттiң саясаттары мен реформалары болып табылады.
Негiзiнен нарықтық механизм ол өзiнiң элементтерiнiң тепе-теңдiк
деңгейде болған кезде тиiмдi қызмет етедi. Онда сатушылар мен сатып
алушыларда өз сұраныстарын максималды түрде қанағаттандыра алады.
Нарық механизмiнiң қызмет етуiнiң негiзi сұраныс пен ұсыныс болса, ал
сол сұранысты тудыратын тұтынушылар iс-әрекетi. Нарықтық экономиканың
ерекшелiгi де сол, онда сұраныс бiрiншi орында тұрады, ал ұсыныстың қызметi
сұранысты қанағаттандыру болып табылады.
Осы нарықтық тепе-теңдiктi реттеп отыратын мемлекеттiң саясаттарына
салық салу арқылы реттеу, бағаның деңгейiн белгiлеу, қаржы жүйесi арқылы
реттеу және т.б. саясаттар жатады.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi, осы нарықтық экономиканың қызмет ету
механизмiн, тепе-теңдiк жағдайдың өзгерiсiн және осы нарық тепе-теңдiгiне
мемлекеттiң саясаттары арқылы әсерiн қарастыру болып табылады.
Сондықтан мен микроэкономика пәнiнен жұмысымның тақырыбын “Тепе-теңдік
және оның орнау механизмі” деп алдым.
Жұмыс барысында нарықтың негiзгi эленттерi сұраныс пе ұсыныс туралы,
нарықтың қызмет ету ерекшелiктерi және ондағы тепе-теңдiк жағдайдың орнауын
қарастырмақшымын.

1) Тепе-теңдiк туралы түсiнiк
1) Тепе-теңдiк туралы түсiнiк

Рынок экономикасының қызмет етуі, рыноктың белгілі элементтерінің
болуын және олардың өзара үйлесімділік тепе-теңдігін талап етеді. Осылардың
жиынтығы рынок жүйесін құрайды.
Рынок экономикасының бірінші және өте маңызды элементі – өндірушілер
мен тұтынушылар. Бұлар қоғамдық еңбек бөлінісі процесінде қалыптасады –
біреулері тауарды өндіреді, екіншілері оны тұтынады. Тұтыну жеке тұтыну
және өндірістік тұтыну болып бөлінеді. Жеке тұтынуда тауарлар өндіріс
сферасынан шығып, адамдардың жеке қажеттіліктеріне пайдаланылады.
Өндірістік тұтыну өндіріс процесін әрі қарай жалғастырып жүргізу болып
табылады. Бұнда тауарды басқа өндірушілер әрі қарай өңдеуге пайдаланады.
Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылардың бір-бірімен байланысы,
әрқайсысының әрекеттерінің нәтижелерін айырбастау арқылы жүріп отырады.
Рынок шаруашылығында бұл байланыстар тұрақты болады, мамандануға
негізделеді және көтерме (толайым) рыноктық келісімдер формасында жүреді.
Рынок экономикасының екінші элементін өндіріс орындарының
корпоративтік басқаруына негізделген, меншіктің жеке немесе аралас
формаларымен болжанған экономикалық оңашалану құрайды.
Рынок экономикасының үшінші маңызды элементі – баға. Бағаны жеке
талдап танысайық. Бұл жерде тек екі мәселені ескертеміз. Бірінші, баға
сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады. Бұлардың сәйкестігі
конъюнктураға байланысты өзгеріп (тербеліп) отырады. Екінші – осы
географиялық ауданда өндірілген тауарға рыноктық қатынастар әсерінің
сферасын баға анықтайды. Осы сфераның шегін трансакциондық шығындар
болжайды, яғни айырбаспен байланысты айналым шығындары болжайды.
Рынок экономикасының төртінші, орталық буыны – екі құрылымнан,
сұраныстан және ұсыныстан тұрады. Рынокта сұраныс тауарларға қажеттілік
болып көрінеді. Осы тауарларды тұтынушылар қалыптасқан бағамен ақшалай
табыстарына сатып алады. Сұраныс өндірудің ең тиімді әдісін қолданудың және
ресурстарды тиімді пайдаланудың стимулы болып табылады. Сұраныс пен ұсыныс
материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты
байланыстарды қамтамасыз ететін, рынок механизмінің өте маңызды
элементтері.
Рынок механизмінің бесінші элементі – бәсеке. Бұл пайданың жоғары
болуын және осының негізінде өндіріс масштабын кеңейтуді қамтамасыз етеді.
Бәсеке рынок субъектілерінің өзара әсерінің және пропорцияларды реттеу
механизмінің формасы болып табылады. А. Смит бәсекені рыноктың көрінбейтін
қолы деген. Көрінбейтін қол идеясының мәні: адамдар өз мүдделеріне
сәйкес, өздерінің қара басының қамын ойластырып әрекет етеді. Осы
әрекеттердің жиынтығы қоғам пайдасына шешіледі, қоғам экономикасын
жандандырады. Бәсекенің басты қызметі экономиканың реттеушілерінің –
бағаның, пайда нормасының, проценттің, т.б. мөлшерін анықтау болып
табылады.
Рыноктың маңызды элементтеріне рыноктық инфрақұрылым жатады. Рынок
тауар биржаларының көтерме және бөлшек сауда құрылымдарының құрылып, қызмет
етуін талап етеді.
Роноктық экономика қызмет етуiнiң механизмi үш басты принципке
негiзделедi:
• маржиналдық (шектi) талдау;
• балама талдау шығындары;
• экономикалық рационалдылық;
Кей кезде әсiпкерлер осы тәрiздi парадокстарды көбейтуге тырысады, демек
бағамен бiрге сұраныс та өсуi керек. Мұндай құбылыстың себебi Веблен ашқан
әсерге байланысты немесе баға сапа деңгейңн бейнелегенiне байланысты. Ол
бойынша осы айтылған сұраныс заңының бұзылуы тек қана белгiлi уақыт
аралығында орын алады. Уақыт өтiсi мен сұраныс заңы қайтадан күшiне енедi.

Нарықта ұсыныстың да екi сипаты бар. Олар:
1) ұсыныс көлемi;
2) Ұсыныс бағасы.
Ұсыныс заңы бойынша баға өскен сайын ұсыныс көлемi де артады.
Әрбiр экономиалық тепе-теңдiк сол модельдi түсiндiре алатын
айнымалылар белгiлi бiр теңдестiк жағдайына келген уақытта болады. Егер,
бiз осы нарық механизмiнiң басты элементi сұраныс қисығы мен ұсыныс қисығын
бiр графикке салатын болсақ, онда ол екеуiнiң қиылысу нүктесi нарықтық
тепе-теңдiк деп аталады. Оны келесi 1-шi суреттен көре аламыз.

Баға Ұсыныс

P0 Тепе-теңдiк

Сұраныс

0 Q0 Көлем
Сурет-1 – Нарықтың тепе-теңдiгi
Суреттен көрiп отырғанымыздай, қисықтарының қиылысу нүктесiндегi баға
Р0 – нарықтық теңдестiк бағаны, ал Q0 – қиылысу көлемi – сұраныс пен ұсыныс
бiр-бiрiне тең болатын теңдестiк көлемiн көрсетедi 1, 102 бет .
Бұл тепе-теңдiк жағдайда тұтынушы қанша қаласа соны тұтына алады, ал
өндiрушi де қанша өндiрсе соны сата алады. Осы өндiрушi мен тұтынушының
көлемдерi дәлме-дәл келуi тепе-теңдiк нарықтық бағаны көрсетедi. Кейде бұл
бағаны таза нарық бағасы деп те атайды, өйткенi ол нарыққа қатысушылардың
барлығын қанағаттандырады.
Бiрақ, шын өмiрде ылғи мұндай тепе-теңдiк бола бермейдi, кей кезде
бұл нүктеге жақындауы да мүмкiн. Ендi нарықтық бағалардың тепе-теңдiк
бағадан ауытқуын қарастырайық.
Мысалы, баға деңгейi нарықтық бағадан жоғары деп алайық. Онда келесi
суретегiдей жағдай орын алады 1, 102 бет .

Баға Ұсыныс
Артықшылық
Р2

P0

Сұраныс

0 Сұраныс Q0 Ұсыныс Көлем
көлемi
көлемi

Сурет-2 – Нарықта артықшылық жағдай

2-шi суреттен көрiп отырғанымыздай, тепе-теңдiк бағадан ағымдағы
бағаның жоғары белгiленуi, ұсыныс заңы бойынша өндiрiс көлемiн ұлғайтады,
ал бағаның жоғарылауы сұраныс заңына сәйкес тұтынушыларды азайтады. Яғни,
нарықта артық тауарлар қалып қалады. Сондықтан, артық тауарлар өз
шығындарын жабу үшiн тепе-теңдiк баға деңгейiне қайтадан оралады.
Ал ендi керiсiнше нарықтық тепе-теңдiк бағадан ағымдағы баға деңгейi
төмен түстi деп есептесек, онда Р0 тепе-теңдiк баға Р1 бағаға төменеп,
ұсыныс көлемi азаяды, ал бағаның төмендеуiне байланысты тұтынушылар
бұрынғысынан өздерiнiң сұранысын көбейтедi.
Мұндай жағдайда нарықтық тепе-теңдiкте жетiспеушiлiк немесе дефицит
пайда болады. Осылайша, өндiрушiлер сұраныстың өсуiне және жетiспеушiлiкке
байланысты тепе-теңдiк баға деңгейiне оралады 4, 31 бет .

Баға Ұсыныс

P0

Р1 Жетiспеушiлiк
Сұраныс

0 Ұсыныс Q0 Сұраныс Көлем
көлемi
көлемi

Сурет-3 – Нарықтағы тепе-теңдiктiң жетiспеушiлiгi

Жалпы осы жоғарыдағы сызылған графиктер бойынша нарықтың тепе-
теңдiгiнiң, бағаның жоғары және төмен деңгейiнiң белгiленуiнен болатын
байланыстарды келесi 1-шi кестеден көруге болады 3, 47 бет .

Кесте 1
Нарық тепе-теңдiгi және оған бағаның өзгеруiнiң әсерi

Нарықтық жағдай Сұраныс көлемi мен Нарықтық тепе-теңдiк
ұсыныс көлемi арасындағыбаға
байланыс
Тепе-теңдiк QD = QS Тепе-теңдiк
Тапшылық QD QS Төмендейдi
Артықшылық QD QS Жоғарылайды

2) Теңдіктің орнау механизмін

Сұраныс және ұсыныс көлемiне рыноктық экономикада бағалы және бағалы
емес факторлар әсер етедi. Мұндағы бағалы факторлардың әсер етуi сұраныс
пен ұсыныстың көлемiн 2-шi суреттегiдей сұраныс қисығы бойымен жылжытады,
яғни сұраныс заңына сәйкес. Ал бағалы емес факторлар (салықтар, несиелер,
бiрiн-бiрi ауыстырушы және толықтырушы тауарларға бағаның немесе сұраныстың
өзгеруi, тұтынушылардың табысының өзгерiсi және т.б.) сұраныс көлемiнiң
немесе сұраныс қисығының дерлiк оңға немесе солға жылжуымен көрiнiс табады.

Баға
Ұсыныс (S)

Р2

Р1 Сұраныс (D)

Q2 Q1 Q3 Өнiм көлемi

Сурет-2 – Нарықта сұраныс пен ұсынысқа баға өзгерісі факторының әсер етуі

Суреттен көрiп отырғанымыздай, сұраныс функциясының керi тәуелдiлiгi,
егер баға Р1 ден Р2-ге дейiн өссе, сұраныс шамасы Q1-ден Q2-ге дейiн
төмендейтiн түрiн бiлдiредi. Ал ұсыныс баға өскен сайын өсіп отырады. Яғни,
Q1-ден Q3 -ге дейiн.
Бұған келесi түрде түсiнiктеме беруге болады. Бiрiншiден адамдар
қымбаттаған тауарды басқа тауарға ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сұраныс пен ұсыныстың өзара әрекеті
Нарық механизміндегі сұраныс пен ұсыныс
Химиялық тепе-теңдік жағдайына әрекеттесуші заттар концентрациясы
Химиялық реакциялар жылдамдығы
Сұраным мен ұсыным заңы
Идеал газдың кинетикалық теориясы
Жеке тепе-теңдік
Сұраныс пен ұсыныс жайлы мәлімет
Экономикалық жүйелер, ұғымы, типтері және салыстырмалы сипаттамасы
Нарық тепе-теңдiгi туралы түсiнiк
Пәндер