Нарыктық экономикаға басқару жүйесі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
1. Басшылық ұғымының түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Басқару тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
3. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Басшы іс . әрекетінің психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5. Басшы жұмысын жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
6. Басқарушы және басқару жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
7. Басшылық стилі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Нарыктық экономикаға көшкен кезде басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды қажет етеді; өйткені кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару шараларына байланысты. Ол үшін жоғары білікті мамандарды даярлау қажет, өйткені олар нақты жағдайды бағалап, аңғара біледі әрі дер кезінде басқару шешімдерін қабылдап, оның іс жүзінде асырылуын қамтамасыз етеді, әрі ұжымға (коллективке) қазіргі талап деңгейінде басшылық етуді жүзеге асыра алады.
Күні бүгінге дейін осы курс бойынша бір жүйеге келтірілген оқу құралы болған емес. Осыған орай ұсынылып отырған бұл оқу құралында осы олқылықты азда болса толықтыру, сөйтіп басқаруды жаңаша ойластыру, әрі тың ілімді игеру мақсаты көзделеді.
«Қызметкерлерді басқару» атты еңбек әрекетіне байланысты дәлелдемелер (мотивация), топқа, сондай-ақ жеке адамдарға басшылық ету, өзара қарым-қатынас пен дау-дамай проблемаларын, сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелерді қамтиды.
1. Жарықпаев, Жалпы психология.
2. Дансоп. А. О, Психология.
3. Нұрғали. В. С, Инженер қызметінің құрлымы
4. К.Бердалиев, Менеджмент.
5. Б.А. Байтанева, Менеджмент.
6. Ұлықпан Сыдықов, Саясаттану

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім
1. Басшылық ұғымының
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.
2. Басқару
тәсілдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
3. Стиль түрлері және олардың
сипаттамалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4. Басшы іс – әрекетінің
психологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
5. Басшы жұмысын
жоспарлау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..
6. Басқарушы және басқару
жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
7. Басшылық
стилі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Нарыктық экономикаға көшкен кезде басқару жүйесін жаңаша қалыптастыруды
қажет етеді; өйткені кәсіпорынның тиімді қызмет етуі, көп жағдайда басқару
шараларына байланысты. Ол үшін жоғары білікті мамандарды даярлау қажет,
өйткені олар нақты жағдайды бағалап, аңғара біледі әрі дер кезінде басқару
шешімдерін қабылдап, оның іс жүзінде асырылуын қамтамасыз етеді, әрі ұжымға
(коллективке) қазіргі талап деңгейінде басшылық етуді жүзеге асыра алады.
Күні бүгінге дейін осы курс бойынша бір жүйеге келтірілген оқу құралы
болған емес. Осыған орай ұсынылып отырған бұл оқу құралында осы олқылықты
азда болса толықтыру, сөйтіп басқаруды жаңаша ойластыру, әрі тың ілімді
игеру мақсаты көзделеді.
Қызметкерлерді басқару атты еңбек әрекетіне байланысты дәлелдемелер
(мотивация), топқа, сондай-ақ жеке адамдарға басшылық ету, өзара қарым-
қатынас пен дау-дамай проблемаларын, сондай-ақ басшылық стилін, еңбекті
басқарудың мәдениеті мен этикасын қарастыру секілді түйінді мәселелерді
қамтиды.

Негізгі бөлім
1.Басшылық ұғымның түсінігі
Басшылық пен жетекшілік (лидерлік) жеке адамдар арасындағы басқару
аспектісі болып саналады, сол арқылы бағыныштылар кәсіпорынның мақсатын,
әрі оған жету үшін неғұрлым тиімді және қолайлы ықпал етуді білуі мүмкін.
Басқару функциясы - бұл басқару қызметінің белгілі бір тұтастай
мазмұнға ие болған оқшауланған бөлігі, яғни бұл басқару қызметінің
мамандандырылған бөлігі. Басқарудың мамандандырылған функциясының бірыңғай
тұтас синтезделуін және интеграциялануын басшылық деп атайды.
Кәсіпорын басшысы мен оның кұрылымдық бөлімшелері әкімшілік еңбекті
атқарады. Бұл функция өте қиын, өйткені басшының алуан түрлі фактілермен
істес болуына тура келеді.
Басшы өзіне негізгі екі міндеттің жүктелетіндігін білуі тиіс:
адамдармен жұмыс істеу және басқару жүйесін ұйымдастыру. Олар өзара
байланысты, әрі күн өткен сайын күрделене түседі.
Басшы өз жұмысында ғылым мен техника жетістіктерін жаппай қолдану
өндіріс технологиясына, еңбек құралдары мен заттарына, адамдардың еңбек
әрекетінің сипаттына сапалық өзгеріс енгізетіндігін ескеруі тиіс. Әрі мұның
өзі жұмыскерлердің ынта-ықыласына, талап-тілегі мен мотивтеріне терең ықпал
етеді. Мұның өзі оның жұмысын қиындата түседі, өйткені білімді, білікті
жұмыскерлерді басқару едәуір күрделі. Сонымен қоса басқару жұмысы біршама
творчестволық тартымды, әрі нәтижелі болады.
Басшының мақсаты басқалардың өзіне бекітілген жұмысты орындауына ықпал
ету. Осы функциясын орындауы үшін, ол өзінің формальды өкілеттілігімен
қоса, билігі болуы қажет. Билік - бұл басқалардың жүріс-тұрысына ықпал ету
мүмкіндігі.
Басшының, қол астындағылар жалақыны көтеру, жұмыс тапсырмасын алу,
қызмет бабында жоғарылау, өкілеттілігін ұлғайту, әлеуметтік мұқтажын
қанағаттандыру секілді мәселелерде сол басшысына тәуелді болатындықтан,
басшының қол астындағыларға толық билігі бар. Екінші жағынан қабылданған
шешімдердің жүзеге асуы, өндірістік тапсырмалардың дер кезінде орындалуы
басшының қол астындағыларға тікелей байланысты болатындықтан, кейде бұлар
да басшыға билік жүргізе алады.

2. Басқару тәсілдері
Басқару үшін ықпал ету қажет, ал ықпал ету үшін билік керек. Билік
орындаушылардың белсенді талаптарына (физиологиялық талабы, қорғалу талабы,
әлеуметтік талабы, құрметтеу талабы) ықпал етуге негізделген.
Ықпал етудің барлық формалары басқа адамның тілегін орындауға түрткі
болады.
Бағынушылар ықпал етушінің бұйрығын орындайды, өйткені дәстүр бойынша
бағыну орындаушының қажетін қанағаттандыратындығына сенеді. Сондықтанда көп
жағдайда заңды билікті дәстүрлі билік деп атайды. Барлық басшылар заңды
билікті пайдаланады, өйткені оның өзі басқа адамдарды басқаруға өкілдік
береді.
Биліктің осы негіздері басшының негізгі құралы болып саналады, сол
арқылы ол ұйымның мақсатына жету үшін қол астындағыларға жұмысты орындауды
міндеттей алады.
Бір басшысы бар, бірақ бағынышты қызметкерлері жоқ басқару
қызметшілерінің тобы бастауыш ұйым болып саналады. Белгілі бір байланыста
бағынатын, қатар бағынатын және үйлесетін дербес бастауыш ұйымы немесе
олардың тобы басқару органы (аппараты) деп аталады.
Органдар жүйесі - бұл өндірісті басқарудың, барлық көлемін қамтитын
бастауыш ұйым (ячейко) жиынтығы.
Басқару құрылымын қалыптастыруға мынадай факторлар ықпал етеді: басқару
қызметшілерінің саны; қызметшілерді басқару функциясы бойынша орналастыру
және қызметшілер тобын бірыңғай функциясы бойынша бөлектеу; басқару
функциясын бөлектеу дәрежесі, бір адамның (басшының) мүмкіндігі және
басқару шегі; ресми (ұйымдық) қатысы.
Басшыға бағыныштылар да нашар басшы мен жақсы басшының арасында едәуір
айырмашылық бар екенін жете түсінеді. Басшылық ойдағыдай болған жағдайда
жұмыс та қыза түседі, ал істің нәтижелі болуы кәсіби мәртебесін арттыра
түседі.
Басшылықты тиімді атқарудың айрықша маңызды алты түрлі элементі бар.
1. Kepi байланыс. Бағыныштылар, әдетте, атқарған ісінің бағасы туралы
басшылар тарапынан тезірек білгісі келеді. Психологтардың пайымдауынша,
мұндай кері байланыс еңбек процесінде аса қажетті мәселе болып саналады.
Бағынышты өзіне көбінесе мынадан сұрақ қояды: Мен, осы қалай жұмыс
істеп жүрмін?. Басшы осы сұрақка дер кезінде, әрі дәл жауап беруге
міндетті.
2. Біршама еркіндік. Бағыныштылардың біреуіне көбірек еркіндік,
екіншісіне - шамалы еркіндік қажет. Кейбір адамдарға мүмкіндік берсе
дербес шешім қабылдауға құштар келеді. Ал, басқа біреулер мұндайда не
істерін білмей сасқалақтайды. Басшы өзінің қарамағындағылардың мінез
кұлқымен жете таныса отырып, бір шешімге келуі тиіс: қарамағындағыға
біршама еркіндік беру қажет пе, әлде берген бұйрығының орындалғанын
қадағалап отыру керек пе?
3. Жұмысқа көзқарас. Бұл аса қажетті, әрі маңызды мәселе, адам
өмірінің бір бөлігі болғанмен, оның тұтастай тіршілігі емес. Міне,
сондықтанда кейде адамдар былай дейді: Маған жұмыстан гөрі, жеке басымның
тіршілігі анағұрлым маңызды. Басшылар ауық-ауық өз кызметкерлерінің
жұмысқа көзқарасын біліп, Бірінші кезекте жұмыс істеу керектігін ескертіп
отыруы тиіс. Адамдар өмірінде жұмыстың атқаратын рөлін дұрыс бағалаған
басшы - жұмыс рөлін тым асыра көрсетпей-ақ, өзінің қарамағында
істейтіндерге психологиялық дұрыс бағыт-бағдар беріп, жұмыс орнын айқын
белгілейді.
4. Жұмыс нәтижесін бағдарлау. Жақсы басшы қарамағындағы
қызметкерлердің еңбектегі жетістігін дұрыс көрсетіп, барлай біледі.
5. Жоғарылату. Көне ұрандарда көптеген дана сөздер бар:сондағы атап
көрсетілетін жай, мансапқа жетудің, ең дұрыс жолы - өзінің күнделікті
жұмысты тиянақты орындау. 6. Жеке басының мінез-құлқы.
Өндіріс ұйымдық формаларда (кәсіпорындарда) жүзеге асырылады. Осындай
кәсіпорын ұжымының ұйымдық, экономикалық және заңды дербестігі, нақты
міндеттері болады. Өз кезегінде әрбір негізгі ұжым бастауыш ұжымнан тұрады
да, мұндағы барлық жұмыс істеушілер бір-бірімен тұрақты іскерлік және
экономикалық қарым-қатынаста болады.
Басшылар тобы (командалық) басшылардан және олардың тікелей
бағыныштыларынан тұрады, әрі бағыныштыларына бұйрық беруге правосы бар, ал
бағыныштылар оны орындауға міндетті.
Ұжымдағы қызмет қарым-қатынасын бейнелейтін құрылым әлеуметтік
психологияда ресми топтар деп аталады. Ресми рөл термині белгілі бір әрекет
етуді, жүріс-тұрыс стилін аңғартады, әрі ұжым мүшелері де басшыдан осындай
қасиеттердің болуын талап етеді.
Басшыда өз ісін жете білу ұйымдастырушылық және педагогикалық
ерекшеліктері талап етушілігі, принципшілдігі, адамдарға көңіл аудара
білушілігі, ынталылығы, сенімділігі т. б. қасиеттерінің болуы ұжымды
ойдағыдай басқаруына ықпал етеді.
Басқарудағы коммуникацияның ролі және оның түрлері:
Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың
өзара түсінісуге негізделген байланысы: бір-бірінен ақпарат, мәліметтер
алмасуы.
Басшы өзінің көпшілік уақытын мәліметтер алу және шешім қабылдау үшін
біреулермен байланысуға, қарым-қатынас орнатуға арнайды, басқарудың
жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау қызметтерін орындау да қарым
- қатынас орнатуға байланысты. Коммуникация — басшылық етудің
байланыстырушы процесі болып саналады.

3. Стиль түрлері және олардың сипаттамалары
Басшының дербестігі істеген ісіне қарай емес, қалай істейтіндігіне де
орай сипатталады. Олардың жұмысын бақылай отырып мынаны ажыратуға болады:
басшы бір мәселенің өзін алуан түрлі тәсілмен өзінше шешеді.
Стиль дегеніміз әлеуметтік құбылыс, өйткені, біріншіден, онда басшының
көзқарасы мен сенімі бейнеленеді, екіншіден, ол түптеп келгенде жүйенің
қалыпты жұмыс істеуінің ақырғы нәтижесін ойластырады. Басшы ұстанған стилі
оның қарамағындағылардың ұдайы назарында болып, олар мұны өзінше бағалап
қабылдайды. Әдетте, басшы стилі бүкіл жүйеге таралды өйткені жұртшылық оның
жүріс-тұрысына, ісіне зер салады.
Басшыға ұжымның барлық мүшелерін қанағаттандыратын жұмыс стилін
қалыптастыру оңайға түспейді. Бағыныштыларына ықпал етудің кейбір амалдары
алуан түрлі бағалануы мүмкін. Егер бір басшы оларға сенім көрсету арқылы
ықпал ететін болса, екіншісі: тиістісің, міндеттісің секілді қағиданы
басшылыққа алады. Кейбір басшылар бағыныштыларына қатаң тәртіп орнатып,
оларды өзінен аулақ ұстайды да, ұсақ-түйек мәселеге дейін өзі шешеді.
Енді бір басшылардың, есігі әрқашанда ашық, оған кез келген мәселе туралы
пікірлесуге, ұсыныс айтуға болады. Бір директор күн сайын бригадаларды
аралап отырады, ал екінші біреуі мұны қажет санамайды.
Басқару стилінің типі түбегейлі қалыптаспаған, сондықтанда отандық және
шет елдік әдбиеттерде оның өзі түрліше жіктеледі.
Либеральдық стиль - мұндай жұмыс стилінде басшы ерекше белсенділік
танытпайды, іс-әрекетінде кездейсоқтық басым, жүйелілік болмайды. Мұндай
типтегі басшылар принципсіз мәселелердің өзінде, өзінен жоғары
қызметтегілерге қарайлайды.
Мұндай стилдегі басшы тәртіп бұзушыға қатаң талап қоймайды,
қарамағындағылардың білімінің төмендігіне, жұмысты орындауына және еңбек
тәртібіне онша мән бермейді.
Авторитарлық стильдің негізі макиавеллизм деп аталады. Бұл стиль Николо
Макиавеллидің құрметіне қойылған. 1532 жылы ол Принц кітабында, билеушіге
ақырғы нәтижеге жету үшін амал таңдаудың қажеті жоқ, өйткені мақсат
тәсілді өтейді деген идея ұсынды.
Авторитарлық стильде (Батыста мұны тиімсіз деп есептейді және де мүлде
дерлік кездеспейді) шешімді бір адам қабылдайды, ол жарлық, бұйрық түрінде
келеді (менің айтқаным бойыныша істе).
Демократтық стильде (Батыста кооперативтік стиль д-еп аталады)
мәселенің көпшілігі ұжымда талқыланып, сонда шешіледі, бұйрық та осындай
талқылаудан кейін беріледі. Проблеманың көпшілігі ұжымда шешіліп, сонан
кейін бекітіледі (мадақтау және жазалау, қоғамдық өмір мәселелері, жұмыска
қабылдау және жұмыстан шығару т. б.).
Демократ басшы ұжымдағы мәселелер туралы, алда тұрған қиындықтар туралы
қарамағындағыларға үнемі хабарлап отырады, ал өз атына айтылған сын-
ескертпелерді дұрыс қабылдайды, бағыныштылармен қарым-қатынас жасауға
тырысады, ең соңында, ол ешқашанда бағыныштыларына үстемділігін
көрсетпейді, ол ұжымның басшысы емес, соның бір мүшесі ретін де әрекет
етеді.
Басқару сатысы дегеніміз басқарудың белгілі бір деңгейінде болатын
звенолар жиынтығы, бұлар төменнен жоғары қарай бағынады.
Басқару звенолары арасында әр түрлі сипаттағы байланыстар пайда болады.
Тікелей және көлбеу, тура және кері байланыстар болып бөлінеді. Құрылым
типтеріне сәйкес линиялық және функиионалдық байланыстар деп жіктеледі.

4. Басшы іс-әрекетінің психологиясы
Адамдармен жұмыс істеу өнері туа пайда болмайды, оның өзі өмір бойы,
өмір тәжірибесінің, өзімен өзі жұмыс істеудің, сан салалы білім алудың
нәтижесінде қалыптасады.
Басшылық тәсілі ұжым деңгейіне тығыз байланысты, олар өзара қатысты әрі
бірін-бірі жетілдіріп отырады.
Басшының ұжыммен қарым, қатынасы көбінесе оның жеке басына жәнеде сол
ұжыммен ынтымақты, дұрыс жұмыс істей (білуіне байланысты. Осыған орай
басшының, ұжыммен қарым-қатынас орната білуінің ұйым үшін зор маңызы бар.
Басшының ұжыммен қарым-қатынасы бірқатар ерекшеліктерімен сипатталады.
Біріншіден ұжымдағы қарым-қатынас жағдайына басшыға тиісті право мен
өкілеттілік біршама ықпал етеді. Ұжым алдында тұрған міндеттерді шешу үшін
қажетті осындай праволарды жүзеге асыру, басшының ұжыммен ресми, іскерлік
қарым-қатынас орнатуының негізі болып саналады. Бұл қарым-қатынас жеке
адамдармен үйлесуі де, үйлеспеуі де мүмкін. Екіншіден көпшілік ұжым үшін
басшы — бұл тек лауазым бедел ғана емес, белгілі бір білімді және ұжым мен
ұйым ісін басқару саласында қабілеттілікті қажет етеді. Осыған орай
кәсіптік этиканың алуан түрлі болып саналатын басшы этикасы, басшылық
этикасы туралы айтуға тура келеді.
Үшіншіден , басшының ұжыммен қарым-қатынас этикасы топтасқандықтық,
ұжымды ұйымдастырудың, олардың өз әлеуметтік функциясын орындаудың маңызды
факторы болып саналады. Басшьшың осындай қарым - қатынасқа ықпал етуі,
оның, өкілеттілігі, правосы ғана емес, сондай-ақ оның идеялық ықпалы,
сенімі мен жеке басының үлгісі.
Төртіншіден, ұжым құрамына қарай басшы өзін жақсы жағынан да, нашар
жағынан да көрсетуі мүмкін. Мұндайда адамдар басшының кейбір дағдысына
еліктейтіндігін өздері де аңғармай қалады.
Басшылық психологиясы мынаған байланысты:
— сөйлеу мәдениетіне, өз ойын сауатты, айқын жеткізе білуіне. Дауыс
ырғағын құбылту арқылы айтқан сөзін 40 %тей тиімді ете алады. Айта, тыңдай,
сөйлей білуге жаттығу қажет. Басшы сөйлей білумен қоса, тыңдай да,
жұртшылықты қызу әңгімеге тарта білу де тиісті;
— еңбек мәдениетіне, жұмыс уақытын ұтымды ұйымдастыруына;
— мінез-құлық мәдениетіне: этика, эстетика. Сыртқы мәдениеті ішкі
мәдениетіне үнемі сәйкес келе бермейді;
— сезім мәдениетіне: эмоцияны, дауыс ырғағын, қол қимылын, бет қимылын
тежей білуінде. Мәселен, эмоция адамдармен жақындауға да, одан күдер үзуге
де ықпал етеді. Осының барлығы қызмет этикасына жатады. Басшының өресі
басқалардан әлде қайда жоғары болуы, тәрбиеші болуы, өзінің үлгі-өнегесін
көрсете білуі тиіс.
— сынау өнері, сынды дұрыс қабылдай білу қажет;
— сын жалпылама болмай, нақтылы адамға арналуы тиіс (жеке басын емес,
ісін сынау қажет);
— сынау мақсатын айқындау және сыналатын адам туралы мағлұмат алу;
— адамның дербес ерекшеліктерін ескере отырып сынау, алғашқы
ескертуді оңашада айту;
— сынау орнын және тәсілін ойластыру;
— сынай отырып, іскерлікпен жауап беруге жағдай жасау.
Сынаудан қорқатын басшы — басшы емес. Әйтеуір қалайда сынау керек деген
пиғылдан аулақ болған жөн, мұндайда сынның беделі түсіп, жұртшылық арасында
бәрібір басшының бабын таба алмайсың, деген қаңқу сөз тарайды. Сын әділ
болуы, нақты кемшілікті дәп басуы тиіс.
Білікті педагогтар оқыту процесінде окушылардан тек қателік іздеуге
болмайтындығын жақсы біледі. Іскер педагог ешқашанда бұлай істеме деп
айтпайды, былай істесек қайтеді дейді, яғни өктемдік көрсетпей, сыпайы
ғана жұмсайды.

5. Басшы жұмысын жоспарлау
Жоспарлау - адам қызметінің ажырамас белгісі Карл Маркс пен Фридрих
Энгельс былай деп жазған болатын: ...ең нашар деген сәулетшінің
(архитсктурдың) бал арасынан айырмашылығы сонда, ол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚР нарықтық экономикаға өту ерекшеліктері
Қазақстан Республикасының нарықтық экономиканы жетілдіру үрдістері
Жекешелендіру: еуропа және азия тәжірибесі
Қазақстан экономикасын басқару
Экономиканы реттеу құралдары
Қазақстанда рыноктың қалыптасу ерекшеліктері мен заңдылықтары
Аралас экономикалық жүйенің қалыптасу ерекшеліктері
Қаржылық мемлекеттік реттеудегі шетелдік тәжірибелерді қолдану тиімділігі мен маңыздылығы
Нарықты экономиканың қажеттілігі, мәні және қазақстандағы оған өту жолдары
Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістемесінің түсінігі және оның негізгі элементтері
Пәндер