Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУММЕТТІК.МӘДЕНИ РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

1.1 Жастар құндылығын әлеуметтiк тұрғыдан талдау деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Жастар құндылықтарының мәдениеттегі рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...


2. ЖАСТАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ.

2.1 Қазақ жастар мәдениетінің қалыптасу деңгейлері және жетілу кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту мүмкіндіктері және үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі біздің қоғам мәселесінде жастар ұғымы мен олардың мәселелерi ғылымда көтеріліп, зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай қазіргі Қазақстанда жастар түсінігіне анықтама беретін ресми-нормативтік құжаттар мен бағдарламалар қабылданды және көптеген жолдары көрсетілген. Ресми-нормативтік құжаттарда және бағдарламаларда жастар түсінігі айтылып және олардың құқықтары мен прициптері, міндеттері айқын айтылып, көрсетілген. Сонымен қатар өз кезегінде «жастар» ұғымының да бірнеше анықтамасы бар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңда жастар түсінігі туралы былай жазылады:
1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз жасқа дейiнгi азаматтары[29,1б]; Бұл жастар туралы анықтамасы елімізде олардың толыққанды жас ерекшелігін көрсетіп отыр. Жастар түсінігі қазіргі таңда ең көп қолданылатын ұғым болып саналады. Бұл жастардың елдің мәдени, саяси және рухани өмірде белсенді қызмет атқаруы мемлекеттiк жастар саясатының негізінде болады. Осы жастар саясаты БҰҰ Бас Ассамблеясының "Жастар дамуының 2000 жылға дейiнгi дүниежүзiлiк iс-қимыл бағдарламасының 50/81 қарарына, Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен мемлекеттiк жастар саясатының тұжырымдамасы негізінде іс атқарады, жастар саясатын дамыта отырып, жастардың арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау оларды жас буын ретінде ұлттық мәдениетті және дәстүрді құрметтуге, оларға оны дамыту жолдарын жасауға негіздейді. Бұл қағида БҰҰ Бас Ассамблеясының қабылдаған резолюциясы мен Қазақстан Республикасының Конститутциясы арқылы күшке енеді. Жастар ұғымын заң аясында қойылған прицитермен міндеттерге сай жастарға әлеуметтік көмектер көрсетілуі тиіс.
Жастар дегеніміз бұл өздерінің жас ерекшеліктерімен және де қоғамда өздерінің ерекше статустарымен әлеуметтік топ болып саналады. Әр кезеңнің жастары өз кезінде өзіндік мәдениетпен ерекшеленеді. Жастар ескі әдет ғұрыптар мен салт дәстүрлерді жоққа шығару кездесіп жататын кездер де болып жатады. Осындай жастарымыздың тәрбиесінде орын алмауы үшін біздер жастарымыздың өзіндік көзқарастарын салыстырмалы түрде қарастырылады. Жастар саясаты Елбасмыздың жолдаулары мен стратегиялық бағдарламаларының негізінде жүзеге асады. Қазіргі қоғамдық ғылым мамандардың қазіргі жүргізіп жатқан жастардың рөлін анықтап көрсетуде. Олар қазақстандық жастардың қазіргі өмірге деген көзқарастары мүлде басқаша, құндылықтар туралы түсінігі олар үшін басқаша көріністе болады. Жастар салыстырмалы түрде айтқанда ғылым мен оқуға, ұлттық құнылықтарымызға деген көзқарасы басқаша, оларды ұстану оларға ескі, заманынан қалып кеткен түрінде көрінеді. Сол үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті дәріптеу жолдары жүруі тиіс. Жалпы біздің әлеуметтанушылардың жастар ұғымына берген батыстық әлеуметтанушылардың жастар түсінігіне берген анықтамалары кейде сәйкес келеді. «Жастар» ұғымына анықтама беру туралы айтқанда, ХХ ғасырдың 20-шы жылдарында-ақ батыс ювенологиясында (жастарды зерттеу ғылымында) талқылау тақырыбына айналған жастарға қатысты бірнеше сипаттаманы келтіріп кетуге болады. Ғылыми көптеген әдебиетерде батыс және отандық ювенологтардың (жастарды зерттеуші ғалымдардың) тәжірбиесін салыстырмалы түрде жинақтай отырып, мына мәселелерді көрсетті.
1. Фетхуллаһ Гүлен. Бесіктен бел асырға(баланың діни тәрбиесі) - Алматы, «Көкжиек» баспасы. - 2011, 200 - бет.// http://fgulen.ru/kz
2. Әбсаттар Қажы Дербісәлі. «Ислам және жастар» атты мақаласы - 24.05.2012. //http://www.muftyat.kz.
3. Нұрсейітов Ш.Т. ҚР ЖАСТАРЫ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖӘНЕ САЯСИ ҚАТЫСУЫ: ПРОБЛЕМАЛАР МЕН МҮМКІНДІКТЕР.// «Қазақстан-Шығыс-Батыс: мәдени-білім беру сұхбаты» Қазақстан Респубикасының Мемлекеттік рәміздерінің 20 жылдығына арналған жас ғалымдар мен студенттердің «ҒЫЛЫМ ӘЛЕМІ» атты халықаралық конференциясының материалдар жинағы - Алматы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ 23-26 сәуір 2012
4. Қазақстан Респубикасының Мемлекеттік жастар саясатының тұжырымдамасы. - Астана, 1999 жыл 28 тамыз.
5. Жаманбалаева Ш. Е. Общество и подросток: социологический аспект девиантного поведение. - Алматы, Қазақ университеті, 2002 - 278c.
6. Лисовкий В.Т. Ценности жизни и культуры современной молодежи (социологическое исследование)//Тугариновские чтения. Материалы научной сессии. Серия «Мыслители», выпуск 1. СПб.: -
7. Әбдірайымова Г. С. Жастар соцологиясы. - Алматы, 2008 - 256б.
8. Әбдірайымова Г. С. , Әбдібекова Г. О ., Дүйсенова С.М., Жастармен әлеуметтік жұмыс. Оқу құралы. Алматы, Қазақ университеті, 2012. - 128 бет.
9. http://www.egemen.kz.
10. Мұхамеджанов Б.Г., Әбдірайымова Г.С. Қазақстандағы жоғары білім: әлеуметтк тәжірбиелер, субьектілер мен қызығушылықтар. - Алматы, 2011. - 140 б.
11. Абдырайымова Г.С. Ценностные ориентаций в совремнной молодежи (социологический анализ) Монография - Алматы, Изд-во Баур. 2005. - 302с.
12. Шеденова Н.У. Ценностные представления современной молодежи о труде и занятости // Вестник КазНУ. Серия психологии и социологии. 2012 40- том, №1
13. Волков Ю.Г. Социология молодежи. Учебное пособие. - Ростов на Дону.,2001.
14. Социальная работа с молодежью/ под. ред. Н.Ф. Басова. - «Дашко и Ко», 2012. - 328с.
15. Кенжакимова Г. А. Лидерство в молодежной среде, // Инновационное развитие и востребованность науки в современном Казахстане КАЗАХСТАН Фонд Первого Президента РК 2011 г. 4 - стр.
16. Агафонов. А.Н., Меңлібаев Қ.Н. Жастармен жүргізілген әлеу¬меттік жұмыстар: оқу құралы. - Астана, 2011. - 336.
17. Торғай бекінісің бастығы Я. П. Яковлевтің Батыс Сібір генерал-губернаторы Длогамель А.О. жазған есеп хатынан, 1864 жыл.
18. Хайдаров Е. ХХ ғасырдың басындағы Қазақ ұлттық-демократиялық жастар қозғалысы. - Орал, 2012. - 188б.
19. Көшке Кемеңгерұлы «Таңдамалы». - Алматы, Өлке, 2002. - 240б.
20. Кәкішұлы Т. Мағжан және Сәкен. Ғылыми эссе - Алматы: Қазақ университеті, 1999. - 449 бет.
21. Аббасов Е.Б. Один из первых. Документальный повесть. Алматы: Арыс, 2005. - 95 б.
22. Спридонов И.А. К истории возникновения и развития комсомола Казахстана. - Алматы, 1947. - 127с
23. Хамидов А.А. Оборотная сторона толерантсности // Духовность и толерантность как основа стабильности общества / Материалы Международной научно-теоретической конференции. - Алматы, 2008.
24. Жолдасов C., Жолдасов Б. Қазақ тарихы мен мәдениетінің тарихы. - Алматы, 2007.
25. Маданов Х. Қазақ мәдениетінің тарихы.- Алматы: Қаржы-қаражат, 1998.
26. Cатершинов Б.М. Қазақстан мәдениетінің тарихы мен теориясының кейбір мәселелері. - Алматы, 2001, 160 бет
27. Қазақстан Республикасының Мәдениет туралы заңы. - 2006 жыл 15 сәуір (2008 24.12 өзгерістерімен).
28. Қазақстан Респубикасының Президентi-Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050 стратегиясының қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы.- Астана, Ақ Орда, 2012 жыл.
29. Қазақстан Респубикасының Мемлекеттiк жастар саясаты туралы Заңы. - 2004 жыл 7 шілде ( 2007 жыл 27.07 күні өзгерістерімен).
30. Зайниева Л.Ю. Мемлекеттік жастар саясаты: Қазақстан әлемдік тәжірбие тұрғысында. - Алматы, 2009. - 284б.
31. Бияздықова К.Ә. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - АЛМАТЫ: КазНУ им. аль-Фараби, 2012. – 382 б // Казақ университеті 2012г. ISBN 978-601-247-659-0 КАЗАХСТАН.
32. Мұханбет Ә.А. Қазақ елі және Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудағы мәдениеттің рөлі, // "Бар қазақ - бір қазақ: діни-мәдени аспектілері" және "Әлеуметтік гуманитарлық ғылымдар және олардың қазақ қоғамын әлеуметтік-мәдени модернизациялаудағы рөлі" атты ғылыми-зерттеу бағдарламаларының аясындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығына арналған дөңгелек үстел материалдары КАЗАХСТАН ҚазҰУ 2012
33. Молдабеков Ж.Ж. Қазақтану және Жаңару философиясы. - Алматы, Қазақ университеті. - 2009 ж.
34. Ғабитов Т.Х. Мәдениеттану.// Т. Х. Ғабитов., Ж. Мүтәліпов., А.Т. Құлсариева. Оқулық. - Алматы: Раритет, 2006. - 415б.
35. Бияздықова К. Ә. Aдамгершілік құндылықтарды жетілдіру бағыттары. // Вестник КазНУ имени аль-Фараби, Серия: Философия, Культурология, Политология 2011 37- том, №2.
36. Бияздықова К. Ә. Заманауи жастардың құндылықтарын бағалау // Вестник КазНУ имени аль-Фараби, Серия: Философия, Культурология, Политология 1212 38- том, №1.
37. Бияздықова К. Ә. Қазіргі қоғамдағы жарқын жастардың рухани құндылықтарының жетістіктері., // КАЗАҚСТАН ҚазҰУ 2011 жыл.
38. Бияздықова К. Ә. Қазіргі қазақ мәдениетіндегі халқымыздың ұлттық рухани құндылықтарымыздың орны., // КАЗАХСТАН ТОО «Иниститут культурной полетики искусствознания» 2011 г.
39. Өмірбекова А.Ө., Аликбаева М.Б. ҚАЗАҚ ЕЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫНДАҒЫ ҰЛТТЫҚ САНАННЫҢ РӨЛІ ҚАЗАҚ ЕЛІ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ПАТРИОТИЗМ, АЗАМАТТЫҚ САНАНЫ ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ЖОЛДАРЫ // «Бар қазақ - бір қазақ: діни-мәдени аспектілері» және «Әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдар және олардың қазақ қоғамын әлеуметтік-мәдени модернизациялаудағы р, // КАЗАХСТАН КазНУ имени аль-Фараби 2011 год.
40. Садырова М.С. ПРОБЛЕМЫ ФОРМИРОВАНИЯ ЧУВСТВА ПАТРИОТИЗМА У КАЗАХСТАНСКОЙ МОЛОДЕЖИ // КАЗАХСТАН КазНУ имени аль-Фараби 2013 год.
41. Затов Қ.А. Қазіргі Қазақстан қоғамының құндылық бағдарлары., // КАЗАХСТАН ПУ ЮКО 2012
42. Абдигалиева Г.К., Исмагамбетова З.Н., Бияздыкова К.А. Ценностные ориентиры казахской культуры // Издательство "Қазақ университеті" 2012г.
43. Исмагамбетова З.Н. Духовные поиски молодежи и медиа // Культурологическая наука за 20 лет развития Независимого Казахстана: проблемы, п 2011 №1.
44. Шнарбекова М.К. Білімді жастар - жарқын болашақ кепілі // Республиканская газета "Экономика" 2013 жыл.
45. Н. Ә. Назарбаев. Наурыз мейрамы. - Алматы, 1992.
46. Таңашев М. Наурыз мейрамының мәртебесі // Заман Қазастан. - 2005, 15 наурыз.
47. http://www.kazakhadebieti.kz.
48. Ахмет Байтұрсынов. Қазақтың бас ақыны // Абай. - 1992.
49. Әуезов М. Абайдың туысы мен өмірі. // Абай. - 2003.
50. Тынышбаев М. История казахского народа. - Алматы: Қазақ университеті, 1993. - 224с.
51. Айдарбеков З. Н. Казахстанская молодежь: ценности, приоритеты, стратегии самоопределения. - Алматы, Издательство «Исламнур». - 2008. - 328c.
52. Ғабитов Т., Затов Қ. Қазақ мәдениетінің рухани кеңістігі. - Алматы, 2012. -
406 б.
53 .Нұрмұратов С.Е. Рухани құндылықтар әлемі: әлеуметтік-философиялық талдау. - Алматы: ҚР БҒМ Философия және саясаттану институты, 2000.
54. Этнорелигиозная идентификация молодежи Казахстана. Основные итоги Республиканского социологического исследования. – Астана, 2007.

Пән: Мәдениеттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 93 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Қорғауға жіберілді
кафедра меңгерушісі,
филос.ғ.д., профессор
___________________А.Д. Құрманалиева

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Жастар мәдениетінің ұлттық құндылықтары және оны дамыту бағыттары

050204-Мәдениеттану мамандығы

Орындаған:
Кубегенов Ғ.С.

Ғылыми жетекшісі:
филос.ғ.д. профессор
Молдабеков Ж.Ж.

Норма бақылаушы:
Мұханбет Ә. А.

Алматы, 2013

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1. ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУММЕТТІК-МӘДЕНИ РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

1.1 Жастар құндылығын әлеуметтiк тұрғыдан талдау
деңгейі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Жастардың ұлттық құндылықтарды қалыптастырудағы орны мен
қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3 Жастар құндылықтарының мәдениеттегі
рөлі ... ... ... ... ... ... ... ... ...

2. ЖАСТАР МӘДЕНИЕТІНІҢ ҰЛТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР АЯСЫНДАҒЫ КӨРІНІСТЕРІ.

2.1 Қазақ жастар мәдениетінің қалыптасу деңгейлері және жетілу
кезеңдері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... .2.2 Жастардың қазақ мәдениетін жаңғырту
мүмкіндіктері және
үлгісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ...
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кездегі біздің қоғам
мәселесінде жастар ұғымы мен олардың мәселелерi ғылымда көтеріліп, зерттеу
жұмыстары жүргізіліп жатыр. Осыған орай қазіргі Қазақстанда жастар
түсінігіне анықтама беретін ресми-нормативтік құжаттар мен бағдарламалар
қабылданды және көптеген жолдары көрсетілген. Ресми-нормативтік құжаттарда
және бағдарламаларда жастар түсінігі айтылып және олардың құқықтары мен
прициптері, міндеттері айқын айтылып, көрсетілген. Сонымен қатар өз
кезегінде жастар ұғымының да бірнеше анықтамасы бар:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясаты туралы заңда
жастар түсінігі туралы былай жазылады:
1) жастар - Қазақстан Республикасының он төрт жастан жиырма тоғыз
жасқа дейiнгi азаматтары[29,1б]; Бұл жастар туралы анықтамасы елімізде
олардың толыққанды жас ерекшелігін көрсетіп отыр. Жастар түсінігі қазіргі
таңда ең көп қолданылатын ұғым болып саналады. Бұл жастардың елдің мәдени,
саяси және рухани өмірде белсенді қызмет атқаруы мемлекеттiк жастар
саясатының негізінде болады. Осы жастар саясаты БҰҰ Бас Ассамблеясының
"Жастар дамуының 2000 жылға дейiнгi дүниежүзiлiк iс-қимыл бағдарламасының
5081 қарарына, Қазақстан Республикасының Конститутциясы мен мемлекеттiк
жастар саясатының тұжырымдамасы негізінде іс атқарады, жастар саясатын
дамыта отырып, жастардың арасында ұлттық құндылықтарды насихаттау оларды
жас буын ретінде ұлттық мәдениетті және дәстүрді құрметтуге, оларға оны
дамыту жолдарын жасауға негіздейді. Бұл қағида БҰҰ Бас Ассамблеясының
қабылдаған резолюциясы мен Қазақстан Республикасының Конститутциясы арқылы
күшке енеді. Жастар ұғымын заң аясында қойылған прицитермен міндеттерге сай
жастарға әлеуметтік көмектер көрсетілуі тиіс.
Жастар дегеніміз бұл өздерінің жас ерекшеліктерімен және де қоғамда
өздерінің ерекше статустарымен әлеуметтік топ болып саналады. Әр кезеңнің
жастары өз кезінде өзіндік мәдениетпен ерекшеленеді. Жастар ескі әдет
ғұрыптар мен салт дәстүрлерді жоққа шығару кездесіп жататын кездер де болып
жатады. Осындай жастарымыздың тәрбиесінде орын алмауы үшін біздер
жастарымыздың өзіндік көзқарастарын салыстырмалы түрде қарастырылады.
Жастар саясаты Елбасмыздың жолдаулары мен стратегиялық бағдарламаларының
негізінде жүзеге асады. Қазіргі қоғамдық ғылым мамандардың қазіргі жүргізіп
жатқан жастардың рөлін анықтап көрсетуде. Олар қазақстандық жастардың
қазіргі өмірге деген көзқарастары мүлде басқаша, құндылықтар туралы
түсінігі олар үшін басқаша көріністе болады. Жастар салыстырмалы түрде
айтқанда ғылым мен оқуға, ұлттық құнылықтарымызға деген көзқарасы басқаша,
оларды ұстану оларға ескі, заманынан қалып кеткен түрінде көрінеді. Сол
үшін жастардың санасына ұлттық құндылықтарды, ұлттық мәдениетті дәріптеу
жолдары жүруі тиіс. Жалпы біздің әлеуметтанушылардың жастар ұғымына берген
батыстық әлеуметтанушылардың жастар түсінігіне берген анықтамалары кейде
сәйкес келеді. Жастар ұғымына анықтама беру туралы айтқанда, ХХ ғасырдың
20-шы жылдарында-ақ батыс ювенологиясында (жастарды зерттеу ғылымында)
талқылау тақырыбына айналған жастарға қатысты бірнеше сипаттаманы келтіріп
кетуге болады. Ғылыми көптеген әдебиетерде батыс және отандық
ювенологтардың (жастарды зерттеуші ғалымдардың) тәжірбиесін салыстырмалы
түрде жинақтай отырып, мына мәселелерді көрсетті.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Жастар жеке топқа жатуының негізгі
себептеріне; жас айырмашылығы, статусы, рөлдік функциясы жатады. Ежелгі
Қытайда жастар болып 20 жасқа дейінгілер жатса, ал Пифагор жастарды 13
жастан 30 жасқа дейінгілерді жатқызған.Бұл жас айырмашылықтарды 3-ке бөліп
көрсетуге болады:
1) 18 жасқа дейінгі жасөспірімдер;
2. 18-24 жас аралығындағы жастар;
3 24-30 жас аралығындағы ересек жастар: Жастар түсінігін және
жастардың құндылықты бағдарларын зерттеп, олардың көзқарастарын зерттеу
сараптамалық тұрғыдан көрстеу. Жастар түсінігі ХХ ғ. бас кезінде жастарды
және жастар қозғалысын психология, педагогика және социология тұрңысынан
зерделеу бойынша анықтама берілді және кең көлемді әдебиет қалыптаса
бастады. Осы бағыттағы еңбектердің қатарында И.А. Арямовтың Жасөспірім
жұмысшы (1928), В.А. Зайцевтің Жасөспірім жұмысшылардың еңбегі мен
тұрмысы (1926), Б.Б. Коганн мен М.С. Лебединскийдің Жұмысшы жастардың
тұрмысы (1929), А.И. Колодянның Жасөспірім жұмысшылардың мүдделері,
(1929), Жасөспірім жұмысшы педологиясының мәселелері (1929) жинағы
бүгінгі ғылымда қызығушылық танытады. Осы еңбектерде жұмысшы жастардың
ахуалы айқын пән аяларынан тыс зерттеледі. 1920-шы жылдары бұл салада
интегралды қорытындылауға ұмтылыс жасалады. Осы тұжырымдамалардың бүкід
екіұштылығына қарамастан, солардың аясында жастар жөніндегі кейінгі
зерттеулер үшін аса маңызды теориялық-әдістемелік ұстанымдар қалыптасты.
Бұл орайда П.П.Блонский (1925), Л.С Выготский(1929) сияқты ірі ғалымдарды
атуға болады. Бұл анықтамада жастардың жас ерекшеліктеріне және әлеуметтік
дамуына көптеп көңіл бөлінді. Жастар проблематикасына қатысты қолданбалы
зерттеулер 1960-1980-ші жылдарда орасан құлаш алды. Жастар арасында
бүкілодақтық, аймақтық, жергілікті сауалнамалар жүргізілді. Осындай зерттеу
жұмыстарын Н.М. Блинов, Б.А. Грушин, С.Н. Иконникова, И.М. Ильинский, А.И.
Ковалева, И.С. Кон, В.Ф. Левичева, В.Т.Лисовский, М.Н. Руткевич, М.Х.
Тихма, В.Н. Шубкин сияқты беделді ғалымдар жүргізіп және атақты жұмыстары
қалыптасты.
В.А.Луковтың пікірі бойынша, ХХ ғасырдың бас кезіндегі Ресей жастары
жөніндегі зерттеулердің негізгі бағыттары революциялық өзгерістердің
серпінді жағдайларында өрбитін жаңа үдерістерді мазмұндайды. Жастар
жөніндегі зерттеулер жаңа қоғамдық тұрғыда негізгі үш бағыт бойынша
жүргізілді.
Қазіргі кезде Қазақстанда жастардың социологиялық және
мәдениеттанулық зерттеулері санының өсуімен зерттеледі. Қазақстандық
ғалымдар М.С.Аженов, К.У. Биекенов, К.Г. Габдулина, Ш.Е. Жаманбалаева, М.С.
Садырова, З.К. Шаукенова, Г.С. Әбдірайымова, Т.Х. Ғабитов, Ж.Ж. Молдабеков,
А.Р. Масалимова, З.Н. Исмагамбетова, К.Ә. Бияздықова, Ә. Ө. Өмірбекова,
Ә.А. Мұханбет, Қ.А.Затов тағы басқалардың жекеленген еңбектерінде жастар
проблемаларының және эмпирикалық аспектілері, жастардың қазіргі қоғамның
әлеуметтік құрылымындағы ролі мен орны зерттеліп-зерделенді.
Неміс әлеуметтанушысы Карл Мангейм (1893-1947) жастар, бұл өзіндік
жағдайында, көптеген жағдайларда, таза іс әрекеттері мен өзгерістердің
нәтижесінде алға жүретін күш ретінде көрсетеді. Мангеймнің ойынша, жастар
әлеуметті өмірдің делдалы қызметін атқарады: бұл қоғамдағы мәртебесінің
толыққанды емес қосымша элементіне ие болып табылады. Бұл параметр эмбебап
және белгілі орынмен, уақытпен шектелмеген. Мангеймнің ойынша, жастар өз
табиғатымен прогресивті емес, консервативті емес, бұл кез келген бастамаға
мүмкіндік.
Жастар туралы әйгілі философ Фетхуллах Гүлен Бесіктен бел асырға
(баланың діни тәрбиесі) атты еңбегінде былай жазды: Жастар – күш-қуат
және парасаттың бүршігі. Жақсы тәрбиеленіп, бағыты дұрыс көрсетілгеннің
арқасында қиындықтарды жеңген Геракл сияқты жүректерге жарық беріп, әлемде
тәртіп орнататын күшке айналады.
Қоғам хрусталь ваза болса, жастар соның ішіндегі су секілді. Су
вазаның түсі мен пішініне сай қалыпқа енеді, сондықтан жастарды тәртіпке
шақыратын кейбір тәртіп сақшылары алдымен өздеріне сын көзбен қараса
дұрыс болар еді.

Адамның әуестігін тудыратын нендей нәрсе, не зат болсын тым тәтті,
ізгілік аздап қышқыл және тұзды тағам іспетті. Жастарға бұлардың бірін
таңдауға ерік берілсе, қайсысын таңдайтынын айтудың қажеті бар ма..? Алайда
оларды ізгілікке құштар, зұлымдыққа жаны қас етіп тәрбиелеу – біздің басты
борышымыз.Жастарға тәрбие арқылы қол ұшын бермейінше, өскен ортасының,
қызық-құмарлықтың болмашы сәулесіне алданып, отқа ұмтылған жынды көбелек
сияқты, ғылым, парасат және қисынның ауылынан тым алыс қала бермек.
Жастарды өз ұлтының тарихымен тәрбиелесек, олар келешекте Омарларға
(Әділеттіліктің символы болған 2-халифа Омар ибн Хаттаб) айналады.

Қандай да бір ұлттың өркендеуі мен құлдырауы жас буынының рухы мен
санасына, алған тәлім-тәрбиесіне байланысты. Жастардың тәрбиесін дұрыс
жолға қойған қоғам дамуға бейім болса, олардың тәрбиесіне мән бермеген
ұлттардың құлдырауы заңдылық. Бір ұлттың болашағына болжам жасағысы
келгендер сол ұлт жастарының тәрбиесіне қарасын. Жорамалдары айна-қатесіз
тура шығады[1, 25].

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеліп отырған тақырыптың
өзектілігіне және оны зерттеу қажеттіліктері мен зерттелу деңгейлерін
бітіру жұмысының мақсаттары мен негізгі міндеттерін айқындау мүмкіндіктері
туады. Жұмыстың басты мақсаты ретінде жастардың құндылықтарға деген
көзқарасын талдап және оларды дамыту бағыттарын айқындау. Бұлар
төмендегімен анықталады:
1) ассоциативтік тәжірибе әдісін қолдану арқылы қазіргі ұрпақ санасындағы
қазақ мәдениеті туралы қалыптасқан ұғым-түсініктер, ұлттық стереотиптер
анықталды;
2) қазақ жастарының ойлау қабілеті, зейін зерде ерекшелігі,
дүниетанымы, парасат пайым деңгейінің, мінезінің, еңбекқорлық, төзімділік,
т.б. қасиеттерінің тілдік көрінісі – этносты сипаттайтын ерекше этноөзектік
концептілері;
3) құныдылық концептісі – ұрпақтан ұрпаққа беріліп, сақталған
ұлттық таным ақпаратының санада қалыптасқан мән мазмұны, қызметі;
тілде, жадта бұрыннан сақталған ақпаратты қабылдау, тану, өңдеу арқылы жаңа
сапада жаңғырту қазақ әйелі концептісінің қазіргі қазақ қоғамындағы мәнін
таным мен мәдениет сабақтастығын дәлелдейді.
Зерттеу жұмысының нысаны. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар
саясаты және оның мәдени жақтары зерттеу жұмысымның нысаны болып табылады.
Зерттеу жұмысының пәні. батыстандыру үрдісінің зерттеу жұмысында қазіргі
Қазақстандағы мемлкеттік жастар саясатының аясында құқық, ұлттыө
қауіпсіздік және басқа мәселелермен қатар әлеуметтік мемлекет құруға
бағытталған қоғамдық және мемлекеттік құрылымдарды интеграциялау
саласы мәдени-философиялық заңдылықтары мәдениеттану тұрғысынан
сарапталып, ғылыми пайымдаулар жасалады.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негіздері. Дипломдық
жұмыстың методологиялық және әдістемелік негізі ретінде соңғы жылдары
мәдениеттану мен философия, әлеуметтану, саясаттану және т.б. салаларында
табысты қолданылып жүрген әдістер мен тәсілдер пайдаланылған. Оның ішінде
компаративистикалық және типтік талдау бүкіл жұмыстың методологиялық күре
тамыры ретінде жалпы дипломдық зерттеуді бір жүйеде, бір бағытта
шоғырландырған. Сонымен қатар тарихилық қағидасы, тарихилық пен
логикалықтың өзара бірлігі жұмыстың әдістемелік негізін құрайды. Дипломдық
ізденістің теориялық және әдістемелік негізі сонымен қатар қазіргі
Қазақстан республикасындағы өтпелі қоғамның рухани жағдайы мен философиялық
парадигмаларына қатысты. Жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздерін
әлемдік және отандық зерттеушілердің еңбектерімен қазақтың ұлттық,
әлеуметтік, мәдени үрдістерді салыстыра талдау құрайды. Зерттеу барысында
абстракты логикалық, жүйелілік, герменевтикалық, құрылылымдық талдау
тәсілдері қолданылады.
Зерттеу жұмысының деректік көзі. Дерек көзін зерттеуде ресми материалдар,
ғылыми-практикалық конференциялар материалдары, сондай-ақ ғылыми ақпарат
басылымдарында жарық көрген батыстық және отандық ғалымдар еңбектеріндегі
батыстық өркениеттің даму жағдайын сипаттайтын көрсеткіштер құрайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорларынан тақырыпқа
байланысты ғылыми зерттеулер, диссертациялық жұмыстар, авторефераттар,
мерзімдік баспасөз деректері пайдаланылып, молынан қолданысқа түсті.
Бітіру жұмысының зерттеу тәсілі. Турасын айтсақ, жастар саясаты қазақ
ұлтын біржола сау саналы ұрпақ шығаратын құбылыс. Ол тек қазаққа ғана
емес, кез келген халыққа керек. Жастар саясаттың пайдасы көптеген елдерінің
тарихынан көруге болады. XX ғасырдың басында жастар ең белсенді әлеуметтік
топ және жұмысшы күші саналған. Жастар саясатының болмауы, бұл ұрпақсыз
мемлкеттің және құндылықтардың жойылуына әкеліп соқтырады. Қазіргі таңда
біздер мұны дамыған елдерде көріп отырмыз.
Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы. Бітіру жұмысының ғылыми жаңалығы
бітірушінің көтерген тақырыбының, алға қойған мақсаты мен міндеттерін
жүзеге асыру тәсілдерінен және өзіндік ізденіс нәтижелерінен көрінеді.
Қазақстанда мемлекеттік жастар саясатты жүргізу мақсатында Қазақстан
Республикасы Президентінің жанындағы жастар саясаты жөніндегі кеңес жұмыс
істеуде. Мемлекеттік жастар саясат Елбасы жарлығымен бекітілген. Стратегия
негізінде жүзеге асырылуда. Бұл тұрғыда мыңжылдық даму мақсаттары мен
жастарға қатысты барлық жұмыстар халықаралық ұйымдардыңережелеріне
сүйенген. Стратегия жүзеге асыру мақсатында Үкімет бекіткен қаулы бойынша
іс-шаралар жоспары айқындалды.
Зерттеу тақырыбының теориялық және тәжірибелік маңызы. Дипломдық
жұмысымның нәтижелері мәдениеттану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады
деген сенімдемін. Философиялық, әлеуметтанулық, мәдениеттанулық ғылымдарға
ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды.
Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем
дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық
зерттеу тәсілдері пайдаланылады. Мұның жас ұрпақ үшін маңызы зор. Еңбектің
зерттеу нәтижелері оқу орындарында мәдениеттану, философия, саясаттану
факультеттерінде өтетін арнайы курстарда қолдануға болады деп есептеймін.
Батыстандыру процессінің теориялық жағы талқыланғандықтан оның қолданбалы
маңызы да арта түседі деп ойлаймын.
Диплом жұмысының құрылымы. Бітіру жұмысы кіріспеден, екі бөлімнен және
қорытындыдан тұрады. Жалпы беттен тұрады. Пайдаланылған әдебиеттер
жұмыстың соңында берілген.

1 ЖАСТАРДЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК-МӘДЕНИ РӨЛІНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ.

1.1 Жастар құндылығын әлеуметтiк тұрғадан талдау деңгейі.

Кез-келген мемлекет өзінің болашағы жайында терең ойланып, оның
барынша жарқын болуын қалайды. Сол елдің болшағының қандай да бір дәрежеде,
белгілі бір бағытта болуына қазіргі қазақ жастарының орнына ерекше
екендігін ешкім жоққа шығара алмасы шындық. Өйткені қоғам жастар арқылы
өзін биологиялық бүтін ретінде ғана емес, сонымен бірге, әлеуметтік бүтін
жүйе ретінде сақтай жне дами алады.
Әйгілі түрік халқынын ұлы философы және исламтанушы ғалым ФетхұллаҺ
Гүлен өзінің Балалық шақтың дәурені атты мақаласында былай жазады: Кез
келген ұлттың болашағы жас ұрпақ-тың тәрбиесіне байланысты. Сондық-тан
алдыңғы толқын аға буын өзінен кейінгі өкшебасар жас ұрпаққа түбінде ел мен
жерді және ұлттың төл құндылықтарын көздің қарашығын-дай сақтап, аманат
етіп қалдыратынын қашанда қаперде ұстауы керек. Ол үшін ұлттық сана-сезім
мен ұлттық мәдениеттің асыл құндылықтарын жас буынның бойына мейлінше терең
дарыту қажет. Әйтпесе, өскелең ұрпақ көсемінен көз жазып қалған тобырдай өз
құндылықтарынан алшақтап кетеді. Ұрпақ тәрбиесінде барша жұрт бірауыздан
құптаған негізгі әлеуметтік құрылымдар: отбасы мен мектеп қабырғасы. Ұрпақ
тәрбиесінде отбасы мен мектеп құстың қос қанаты десе болғандай. Бұлардың
бірін екіншісінен жоғары қойған немесе кем көрген ешбір ұлт ұшпаққа
шықпайды[1]. Бұл кітапты мұқият оқитын болсақ жастардың құндылықтары жайлы
түсініктері жайлы тоқталып кетер жолдар көп болады. Яғни жастарымыздың
санасында ұлттық құндылықтары-
мыз жайлы көптеп айтып, олардың бойына жақсы қасиеттреді сіңіру жолдарын
жасалып жату жолдарын жасауға болады. Яғни, балалық жастан өткен жасөспірім
ұрпақ ата-аналарынсыз өз өмірінің маңызды мәселелерін шешуге бейімделіп
кетеді. Бұл дегеніміз, жастардың құндылықтар жайлы көптеген ойларын айтады.
Фетхұллаһ Гүлен өзінің Бесіктен бел асарға (баланың діни тәрбиесі
атты еңбегінің Ата-ананың жауапкершілігі атты бөліміндегі тәрбие
кезеңдері жайлы жазып көрсетеді: Бала білуі тиіс жайттарды ғана біліп,
қажетсіз, пайдасыз жайттарды білмегені жөн. Жүрегі мен рухына азық болар
діни, ұлттық құндылықтарды біліп, жасына қарай пайдалы білім алғаны дұрыс.
Бұл мәселеге алдағы бөлімдерде кеңінен тоқталып өтпекпіз.
Нәрестенің тамақтануы жайында педиатрдан осы аптада немесе алдағы
айда балама қандай азық берсем болады деп кеңес сұрағанымыз секілді бұл
мәселеде мамандардан бес жасындағы балама не істейін, он жасындағы
балама не істесем болады, он бес жастағы балам бар, оған не үйретейін
деп сұрап, олардың ақыл-кеңесіне құлақ түргеніміз абзал. Жақсы тәрбиеші
мамандардың пікіріне құлақ асып, балаларымызға ізгі тәрбие берсек
ұтылмайтынымыз анық.

Иә, әрбір ата-ана мәселенің хас маманына барып, олардың ақыл-
кеңесінің, әдіс-тәсілінің негізінде баланы тәрбиелесе, қателесе қоймайды.
Балаңыз лицейге (орта мектептен жоғары сынып) бару жасына келгенде ешқандай
дәлел-дәйексіз дінге бет бұр деудің қажеті шамалы. Бұлай істесек, баланың
құбылмалы көңілі Аллаһты жоққа шығаруы да ғажап емес. Сол себепті, бұл
кезеңде ғылым мен діни ілімді ұштастыра отырып, түсіндірсек, тек тура жолды
қабылдайтын бала жүрегі Ұлы Жаратушының құдіретіне мойынсынуы мүмкін.
Алайда, мектеп табалдырығына енді ғана қадам басқан (бастауыш сынып) жас
балғынға философияны түсіндіріп, басын қатырудың қажеті жоқ. Ендеше,
бүлдіршіннің жас мөлшеріне қарай – оның немен ауқаттану керектігін
анықтайтын дәрігер секілді – баланың танымына қарай діни құндылықты бойына
сіңіруге тиіспіз[1] - деп жазады. Ұлы ғұлама бұл жерде балдарды жастайынан
тәрбиеде рухан құндылықтарға байыту жолын көрсетіп отыр. Кішкентайынан
рухани-мәдени тәрбие алған бала ертен заман жолындағы адасушылықтан аман
болады деп айтуға болады. Осындай пікірді Әбсаттар қажы Дербісәлі өзінің
Ислам және жастар атты тақырыбында жастардың рухани-мәдени тәрбие алуын
сөз еткен болатын.

Жастардың болмысы мәселесін зерттеудің бастау көзін философтардың,
мәдениеттанушылардың, әлеуметтанушылар мен саясаттанушылардың жеке тұлғаның
дамуындағы обьективтік және субьективтік факторлардың рөліне, қоғамның
әлеуметтік құрылымына, мәдениеттің жеке адамға ықпалына талдау жасаудағы
теориялық амалды негіздеуге қатысты теориялық пікірталастардан табуға
болады. Жастар және олардың әлеуметтік-мәдени болмысы мәселесі әрі қоғамның
негізгі сипаты, құрылымдық ілегерлеуі мен өзгеруі контексінде, әрі
дифференді қабаты – қоғамның өзіндік бітімге, қабілет қасиеттерге ие,
ерекше әлеуметтік топ ретінде зерттеледі.

Бабаларымыз ұстанған асыл дініміз - Исламда жас ұрпақтың санасына
ізгіліктің дәнін сеуіп, жеткіншектерді атаның баласы емес, адамның баласы
болуға баулу айрықша маңызға ие. Алла Тағаланың қолдауымен сәулелі сәтті
пайдаланып, осы тақырыпқа тереңнен бойлап, өз ойларымды ортаға салғым
келеді. Ең алдымен, Әдемілікті сүюші деген көркем есімге ие және бүкіл
мақтауға лайық ұлы Алла Тағалаға шүкіршілігіміз болсын. Жаратушы Иеміз
бізге ізгі істерді жасауды бұйырады және соны орындаған пенделеріне разы
болады. Алла Тағала қасиетті Құранда: Расында, иман келтіріп, ізгі істер
жасағандардың еңбегінің сауабын зая қылмаймыз (Кәһф сүресі, 30-аят), -
деген.

Ислам және жастар деген тақырыпты таңдауыма, жас ұрпақты
жақсылыққа асық, жамандықтан қашық болуға үндеудің тамаша үлгісі мен
дәстүрімен тәрбиелейтін құндылықтардың өмірімізден алшақтай бастауы жайлы
ойлар себеп болды. Бүгінгі жастар имандылыққа жол сілтейтін және олардың
жоғалған жан сұлуы мен әдемі әдептерін қайта қалыптастыратын бағыт-бағдарға
өте-мөте мұқтаж. Ислам үнемі ойлануды, пікір қорытуды, ілім іздеуге
бұйырады. Мынадай бір қанатты сөз бар: Мүминнің бірінші міндеті - білім
іздеу. Қандай қайнар көзден тапса да, оған иелік жасауы керек. Қасиетті
Құранның 719 жерінде Алла Тағала білім жетілдірудің артықшылығы жөнінде
айтқан. Дәл осы тұста мен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының: Еліміздің және
жастардың ең басты байлығы - сапалы білімдеген даналық сөзі барын да
айтқым келеді[2].

Кемел де кіршіксіз Ислам діні жастарға білім бергенде, Құран мен
Пайғамбар (с.ғ.с.) Сүннетін қоса үйрету арқылы ижтиһад (Ислам іліміне
негізделген жеке тұжырым немесе тәуелсіз ой қорытындысы) пен даналықты
садақ ағашының екі басын иіп тең ұстағандай теңгереді. Егер адамдар, соның
ішінде ата-аналар өздеріне және өз ұрпағына бақыт тілесе, онда осы діни
тепе-теңдікті сақтауы керек. Мұның, әсіресе, жастарымыздың иманына, олардың
болашақ өміріне берер пайдасы мен маңызы өте жоғары. Міне, бұл жастарды
Ислам аясында дұрыс жетілдіруді қамтамасыз ететін дұрыс қағида.
Жастар - біздің жарқын болашағымыз. Оларға жіті көңіл бөлу, тәрбиелеу
- дін жетекшілері мен елбасшылары алдындағы негізгі мәселелердің бірі.
Олардың болашағы осыған байланысты. Сондықтан бұл саладан қаражат аяп
қалуға болмайды. Жастарымыздың сан ғасырлар бойы қалыптасқан салт-дәстүрін
ұдайы жадында сақтап, оны құрмет тұтып қадірлеуі, өз тума-туыстары мен
отандастарына ілтипат көрсетуі үшін кезкелген қоғамда нағыз шынайы
құндылықтар бірінші орында тұруға тиіс.
Соңғы жылдары отандастарымыздың, әсіресе, жастардың рухани дамуына
кері әсері бар әртүрлі жағдайларды байқаймыз. Мәселен, бұл ретте жарнама
мен бұқаралық ақпарат құралдарындағы адамгершілік құндылықтың, ар мен
ұяттың аяққа тапталуын айтуға болады. Сонымен қатар жас ұрпақтың тәлім-
тәрбиесіне теріс әсерін тигізіп жатқан кейбір теледидар хабарларының
қатерге айналғанын баршамыз біліп отырмыз. Зиянды ойындардың, адамның есін
шығарар есірткі мен ішкіліктің теледидар арқылы көп насихатталуы жастардың
өз Отаны мен отбасына, дініне, салт-дәстүріне деген көзқарастарын өзгертіп
жатқанын жасыра алмаймыз.
Бүгінгі жастар бұрынғылармен салыстырғанда өзгешелеу. Олардың ой-
өрісі, талпынысы, сауық-сайран құруы, былай айтқанда, адами құндылықтары
бөлектеу. Бірақ жастарымыз жалпыадамзаттық мәңгілік рухани-адамгершілік
құндылықтардың да бар екенін естен шығармаулары қажет. Онсыз тұлға
толыққанды қалыптаса алмайды. Жеке адамның, оның санасы мен тұлғасының
қалыптасуына әсер ететін жағдаяттар мол. Айталық, оның ата-анасы, өмір
сүріп отырған ортасы... Адам баласы күн сайын бір нәрсеге көңіл бөліп, ой
түйеді, өмір бойы оқиды. Алайда адам баласының тұлғалық сипаты жас кезінен
бастап қалыптасады. Жас сәби табиғатынан таза, пәк. Бұл - адамның өмірден
әлі ештеңе көрмеген, көңілге түймеген шағы. Әлемді енді-енді тани бастайды.
Міне, дәл осы кезеңде ата-ананың, содан кейін білім беру мекемелеріндегі
мұғалімдердің балабақшадан бастап, олардың бойына бірте-бірте рухани-
адамгершілік құндылықтарды сіңіріп, жақсылық пен жамандықтың аражігін
ажыратуға үйрету - маңызды іс. Осы орайда Мұхаммед (с.ғ.с.)
пайғамбарымыздың: Ата-ана баласы үшін жауапты деген даналық сөзін еске
түсіре кеткен орынды болар. Егер ата-ана өз міндеттерін орындамаса, онда
бала көше тәрбиесімен кетеді. Ондағы (көшедегі) тәрбие, өмірге деген
құштарлық, мақсат-мүдделердің басқа екенін баршамыз жақсы білеміз. Мұндай
жағдайда теледидар, ғаламтор, компьютерлік ойындар баланың бас тәрбиешісіне
айналады. Осыдан кейін жас баланың бойында кез келген нәрсені жасауға
болады деген мінез қалыптасады.
Әрине, жас ұрпақты мұндай қатерден құтқарып қалу - толықтай мүмкін де
емес. Десе де, қатерлі жағдайдан шығудың бірден-бір жолы - оларға алдағы
өмірінде кездесуі мүмкін кесапаттар мен қауіп-қатерлерді және неден
сақтанып жүру қажеттігін түсіндіру. Олар мұның сана мен саулыққа кері әсер
ететінін саналы түрде ұғынулары тиіс. Болашақта біреу темекі ұсынса, әлде
ит те ішпейтін ішкілікті ішуге итермелесе, міне, сонда олар не істеу
қажеттігін таразылай алады. Жамандық атаулыдан саналы түрде бас тартқан
бала оларға: Жоқ деп жауап бере алады, сондай-ақ жамандықтан жиренетін
болады. Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен. Бұл - ата бабаларымыздың өскелең
ұрпаққа қалдырған өсиеті. Жастар бойындағы жаман қылықтарға қарсы күресетін
иммунинет - ол діни, рухани-адамгершілік және моральдық ұғымдар. Осындай
құндылықтар ғана әлемді жамандық атаулыдан құтқарады. Сонымен қатар
жастардың көкейіне заң арқылы үрей салу, қоғамдық пікірден аяқ тартқызу -
жас ұрпақты қандай да бір қылмыс жасаудан тоқтатуы мүмкін. Дегенмен ол,
толық тосқауыл бола алмайды. Адам жазықты бола тұрып, жазаланбай қалса,
онда ол заң талаптарын тағы да белден басуы ғажап емес. Ал ешкім мені
көрмеді, бұл әрекетімді байқамады деген түсінік оны тағы да қылмыс жасауға
жетелеуі мүмкін. Ал діни, рухани-адамгершілік құндылықтар негізінде тәрбие
көрген адам қай жерде жүрсе де, қандай жағдайға тап болса да, өзін Жаратушы
Ие көріп тұрғанын біледі. Сондай-ақ ол бұл дүниенің сотынан оңай
құтылғанымен, арғы өмірдің тезінен қашып кету мүмкін еместігін жақсы
сезінеді. Діни тәрбие адам бойында ар-намыс, Отанға деген сүйіспеншілік,
т.б. сезімдерін оятады. Дін адамды төзімділікке, алып-қашпа, бөтен ойларға
кеңдікпен қарауға үйретеді. Бұл, әсіресе, көп дінді, бірнеше ұлтты елде өте
маңызды. Осындай тәрбие болмаған жағдайда қылмыс, экстремизм, төзімсіздік,
дінаралық, ұлтаралық алауыздық пен теке тірес секілді құбылыстар көрініс
табуы ықтимал. Осындай құбылыстардың болуын қалайтын, елдегі ахуалдың
тұрақсыздануы үшін қолынан келгенін аямайтын күштердің де бар екені жасырын
емес.
Арнайы діни білімнің болмауы, шала сауаттылық та экстремизмге әкеліп
соқтыруы әбден мүмкін. Қылмыскерлер мен экстремистердің қатарына қосылып
кеткендердің бәрі де дұрыс діни тәрбиеден нәр алмағандар. Сондықтан олар
қылмыс әлеміне оп-оңай жем болады. Олармен күресте тек күш қолдану тәсілі
тиімді нәтиже бере бермейді, сондықтан бұл мәселеге қарсы идеологиялық
күрес жүргізу ләзім. Мұндай жағдайда ағартушылық жолмен күресу қажет.
Жастарға шынайы діни білім беріп, олардың білім көкжиегін кеңейту керек.
Адамгершілік тәрбиеде діни құндылықтарды пайдалану, сондай-ақ дін мен
мектептерді шебер байланыстыру нүктелерін дұрыс таба білу - бүгінгі заманда
оң нәтиже берері сөзсіз. Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші, қоғам мен дін
қызметкерлері жастарды дұрыс тәрбиелеуде күш біріктіргені абзал. Осы
бағдарлама аясында мектептер мен өзге де білім беру мекемелерінде дін
негіздерін, әлемдік діндер тарихын, әдеп сабақтарын үйрететін пәндерді де
енгізу артық етпейді.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздің қоғамдық өміріне
етене араласып, билік басындағылардың адамгершілікті, мәдениет пен білімді
дамытуға, иман қуатын күшейтетін, патриоттық сезімді, қоғамдағы өзара
сүйіспеншілік пен бауырмашылдықты нығайтатын рухани дәстүрлерді қайта
қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік бағдарламаларға қолдау көрсетіп
келеді. Ел мұсылмандары Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың рухани-
адамгершілік бастамаларды қанаттандыруға, жас ұрпақты патриоттық рухта
тәрбиелеуге және Қазақстан қоғамының рухани-идеологиялық қауіпсіздігін
қамтамасыз етуге бағытталған саясатын толығымен қолдайды. Ислам дінінде дін
мен дүниәуи іс ажырамастай бірлікте қаралады. Ислам мұсылман жастарын
тәрбиелеуде белсенділік танытумен қатар, бүтіндей елдің бүкіл
қауымдастығына толықтай қызмет етеді.
Имамдар, оқытушылар, жетекші тәлімгерлер соңғы жылдары еліміз
мұсылмандары арасында Отанды сүю және оған қызмет ету, оның тарихи, рухани,
мәдени мұраттарына адал болу, оның біртұтастығын сақтау және саяси-құқықтық
негіздерін күшейту бағытында үлкен жұмыстар атқарды. Ондағы мақсат -
жастардың рухани-адамгершілік және патриоттық тәрбиесін жандандыру,
қоғамдық келісімді нығайту, ар-намыс пен дінге сену мәселелерінде өзара
түсіністік пен төзімділікті қалыптастыру.
Жастар – бүкіл қоғамның экономикалық, ғылыми-техникалық, әлеуметтік,
саяси, мәдени, рухани дамуының әрі обьектісі, әрі субьектісі. Бұл, бір
жағынан, олардың сан жағынан халықтың басым көпшілігін құрайтындығымен,
екіншіден, жастардың өршілдік шығармашыл, игемділік, мобилділік, креативті
жаңашыл болу қасиеттерімен байланысты болмақ.
Жастармен жұмыс жан-жақты жүргізіліп келеді. Әрбір мешіт жанында
сауат ашу курстары қызмет етеді. Онда жастар дін негіздері туралы бастауыш
білім алуда, Ислам қағидаларымен танысуда. Бұл курстар арқылы жастардың
патриоттық сезімдері артып келеді. Онда діни төзімділік пен барлық
адамдармен өзара түсіністік жайлы рухани-адамгершілікке негізделген тәрбие
берілуде. Өйткені сауат ашу курстарындағы дәрістер жастарды жоғарыда
аталған белсенді іс-әрекеттерге тартудың негізгі жолдары саналады.
Бүгінгі басты міндеттеріміз - Қазақстан мұсылмандарының рухани
құрылымдарын біріктіру; экстремистік идеялардың тарауына қарсы тұру; дінді
саясиландырмау, Исламға жала жабу сынды іс-әрекеттердің көрініс табуына жол
бермеу; Қазақстан мұсылмандарының рухани құрылымдарын жаңа бағытта
жандандыру және т.б.
Ал алдағы уақытта атқаратын игілікті істерімізде рухани-адамгершілік
және патриоттық тәрбие негізінде төмендегідей бағыттар бойынша жұмыс
жасаймыз:
- барынша кең және жан-жақты діни білім беруді ұйымдастыру;
- мұсылман жастарды Исламдағы орта жолды ұстануға, Отанға,
дүниежүзіндегі барша адамзат баласына, тарихқа, мәдениетке деген
сүйіспеншілікке баулу;
- жастар арасында радикалды және экстремистік ағымдардың тарауына
бөгет болатын шаралар өткізу;
- жастарды өзара сыйластық пен түсіністік бағытында тәрбиелеудің
бағдарламаларын жасап, жүзеге асыру.
ҚМДБ-ның жастарды тәрбиелеу саласында тиісті мемлекеттік мекемелермен
тығыз қарым-қатынас жасау арқылы көптеген мәдени-рухани іс-шараларды
ұйымдастыруда. Алдағы уақытта осындай игілікті істер жалғаса бермек.
Біздіңше, мемлекеттік және рухани құрылымдардың арасында өзара
түсіністік пен берекелі байланыс болмаса, онда тек ел мұсылмандары ғана
емес, бүкіл Қазақстан қоғамында даму болмайды. Мұндай жағдайда еліміздегі
ұлттар мен ұлыстар арасында жылы жүздесулер мен жемісті жұмыстар жүзеге
аспайды.
Қасиетті Құранда Алла Тағала бүкіл адамзат баласына бір-бірін
қадірлеуге, құрметтеуге бұйырған. Мүбәрак Құранның адамгершілік қағидалары
халықаралық қауымдыстықтың қауіпсіздігін нығайтуға қосар үлесі шексіз.
Ислам бейбіт өмір сүруге, адамдарды өзгенің ала жібін аттамауға шақырады.
Бірлік - береке бастауы деген нақыл текке айтылмаған. Қазақ - қазақ
болғалы еркіндікті аңсаған, бейбіт ел болуды қалаған. Міне, Президентіміз
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ата-бабалар аңсаған арман мен үмітті ақтап,
халықтар бірлігін һәм халықаралық қауіпсіздікті нығайтуға сүбелі үлес қосып
келеді.
Жастар ұғымының ғылыми категория ретінде қалыптасып даму жолы оны
тәрбиелеудің әлеуметтік-педагогикалық концепцияларындағы кейбір
аспектілерін анықтаудан бастап дербес жастар жасы теориясының қалыптасуына
дейінгі аралықты қамтиды.
Жастар философияда, мәдениетттануда, әлеуметтануда, саясаттануда және
басқа ғылымдарда жиі қолданылатын ұғым. Алайда бұл әлеуметтік категорияның
анықталу ауқымы өте күрделі екендігі ғалымдар ортасында мойындалады. Жалпы
жастар ұғымы ғылыми әдебиеттерде, оның жастық ерекшеліктеріне қарай
қарастырылып, жас шекараларын анықтауға тырысқандық байқалады. Жастарды
рухани-адамгершілік, рухани-мәдени тұрғысынан тәрбиелу өте қажет себебі
жастарымыздың рухани азғыру жолына адаспау үшін мемлкекет қазіргі таңда
ҚМДБ жан-жақты қолдау шараларын айтып отыр.
Сондықтан жастар ұғымын өзгеріп отыратын категориялар қатарына
жатқызуға келеді. БҰҰ-ның мәліметі бойынша жастар ұғымының қазіргі
заманғы шекарасы 13-14 жастан 20-30 жасқа дейінгі аралықты қамтиды.
Мәдениет философиясы тұрғысында алғанда жастар ұғымы мәдени онтология мен
мәдени анторпология жүйесіне енеді. Осы негізге сүйене отырып, жастар
ұғымын ғылыми субтанционалдық категория ретінде айту орынды деп
есептейміз.
Жастар - қоғам жүйесін алатын болсақ, олардың арасындағы
онтологиялық тұтастықты байқаймыз. Бір, жағынан, қоғамның өзінің қалыпатсуы
мен даму үдерісі болса, бірін екінші жағынан, жастардың субьект ретінде
қалыптасып дамуы қоғамның жетілдіру үдерісі болып табылады.
Мәселені, жастар – мәдениет концепті тұрғысынан қарастыратын
болсақ, бұл жағдайда ол екеуі бірін-бірі толықтырып отыратын бір ғана
үдерістің екі жағы десек болады. Мәдениет аясында жастардың жоғары құндылық
бағыт-бағдары анықталады, олар өз тарапынан жас тұлғаның әлеуметтік мінез
нормасы құрылымы мен кеңістігін анықтайды. Ұлттық мәдени дәстүр мен
құндылықтарды сақтау және оны әрі қарай дамыту жауапкершілігі дәл сол
жастарға жүктеледі. Жастардың мәдени болмысын және оның сапалық деңгейін
анықтаудың өзі Қазақстанның қоғамдық-мемлкететтік даму дәрежесін, ұлттық
менталитеттің мықтылығын, сондай-ақ мемлекетіміздің әлемдік қауымдастықтағы
орнын анықтайды. Егер тарихқа үңілетін болсақ, жастардың мәдени бітімінің
ерекше феномен ретінде қалыптасқандығын аңғаруға болады. Осы орайда біз
үшін қызықты мәселе, ол жастардың мәдени тұрғыдағы өзін-өзі іске асыру
және рухани мәдени құндылықтарды бойына сіңіру мәселесі.
Сондықтан жастардың материалдық және рухани тұрғыдан кемел болуы
біздің болашағымыздың беки түсуіне ықпал етеді. Жастардың рухани тұрғыдан
қалыптасуында әлеуметтік-мәдени құндылықтардың орны бөлек. Қандай салада
болмасын болашақ ұрпақтың кемелденуінің негізін сол елдің дәстүрі мен
құндылықтары қалыптастыратын болса, оның еліне, жұртына адал болуын
қамтамасыз етіп ғана қоймай, ел үшін ерінбей еңбектенуіне негіз болады. Сол
үшін мемлекеттің де жастарды назардан тыс қалдырылмауы заңды құбылыс.
Жастар саясаты Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатының
Тұжырымдамасы ережесінен негізделіп, жастардың рухани және тән саулығы
маңызды фактор [4] деген тұжырым қалауы тиіс.
Әрине, 2004 жылғы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастардың
құқықтық және рухани құндылықтары жастарды өз халқының мәдениетіне
бағыттауы, мемлекетіміздің тарихи өткеніне баулуы, қоғамдағы келісім мен
бейбітшілікті нығайту жас ұрпақтың отаны үшін мақтан сезімін қалыптастыруы
тиіс. Патриотизм, адамгершілік, шеберлік, жауапкершілік сияқты жеке
қасиеттерді иеленуге ұмтылу жас қазақстандықтар үшін алға қойылуда.
Сонымен, жастар саясатының ресурсын, мәдениеті мен ғылыми білімін,
ұрпақтың саны мен сапасын, оның өмірінің деңгейін анықтайтын бағдарлар,
екіншіден, еліміздің қауіпсіздігі мен ұлттық үйлестігін сақтау және
дамытуға кедергі болатын теріс салдарды шектеу әрбір мемлекет үшін маңызды
мәселе.
Қоғам табиғи, әлеуметтік және мәдени жақтарының өзін жас ұрпақ арқылы
қалыптасады. Жастар белгілі бір жүйеде мемлекеттің болашағын құрайды,
сондықтан да оның көңіл күйі, тәртібі мен хал-ахуалы қоғамдағы жалпы саяси
және әлеуметтік-психологиялық жағдайдың көрсеткіші ретінде танылады.
Өзіндік ерекшелігіне қарамастан жастар әлеуметтік топтар мен ұйымдардан тыс
өмір сүрмейді, сол себепті де жастар мәселесі қоғамның барлық дәрежелеріне
тиесілі анағұрлым кең әрі әлеуметтік-мәдени мәселелерден туындайды.
Әлеуметтік-мәдени тұрғыдан болашаққа сенім түсінігін түбегейлі өзгерткен
экономикалық және саяси қаиынастардағы өзгерістер жалпыадамзаттық
құндылықтарға өту мәселесінің тереңдігі мен өзектілігін айқындайды.
Жастар қандай таңдау жасайды? Олардың әрқайсысы өткендегі адамзат
мәдениетінің мұрагері бола отырып, мұндай моральдық, саяси, эстетикалық,
басқа құндылықтардың арасында таңдау еркін иеленген.
Қайта құру мен Қазақстанның өз тәуелсіздігін алуы жастарға жаңа
жағымды уақыт қаһарманын - саяси диссидент, табысты кәсіпкер немесе саяси
қайраткер берді. Мемлекет, мектеп, отбасы, саяси көшбасшылар, діни ұйымдар,
бейресми қозғалыстар, студенттік және ғылыми қозғалыстар, пікірталас
клубтары БАҚ, түрлі мәдениеттер тіпті замандар бір-бірінен айтарлықтай
айырмашығы бар құндылықтарды уағыздайды. Мысалы, БАҚ, Интернет, бірсәттілік
сюжеттерді дәріптеу арқылы жастардағы экрандық мәдениетті қалыптасытруда,
ал оның өзі жастар болмысын құрастыруға себеп болып отыр.
Жастар арасындағы түрлі қарама-қайшылықтардың болуы, олардың тәртіпке
бағалауға байланысты мәселелерден әрекет бағыттарынан, құндылық
бағдарларынан көрінетін трансформациялы үрдістерден туындайтындығын
дәлелдейді. Базалық құндылықтардың басым болуы – заңды құбылыс. Негізінде
олар белгілі бір дәрежеде әлеуметтік және беделді қажеттіліктердің негізін
қалыптастыру факторлары болып танылады. Жастар үшін базалық құндылықтардың
маңыздылығына жасаған талдау, жастардың әлеуметтік санасында жалпы
адамзаттық құндылықтар басым екенін анықтады.
Жастардың әлеуметтік-мәдени санасындағы аталған құндылықтың ерекше
орын алуы жастардың базалық құндылықтарында олардың қазіргі кездегі және
болашақтағы материалдық жағдайы өздеріне байланысты екендігі туралы пікір
бар екендігін анықтайды. Аталған құндылықтың өзгеру бағыты тұтынушылық
бағыт алуымен сипатталады.
Әлеуметтік қажеттілікте негізделген құндылықтардың таңдалуы көп
жағдайда базалық құндылықтарды олардың қазіргі кездегі және болашақтағы
материалдық жағдайы өздеріне байланысты екендігі туралы пікір бар екендігін
айғақтайды. Аталған құндылытың өзгеру бағыты тұтынушылық бағыт алуымен
сипатталады.
Әлеуметтік қажеттілікке негізделген құндылықтардың таңдалуы көп
жағдайда базалық құндылықтарды таңдаумен байланысты болады. Демек
қажеттілік әр адамның кез-келген адами болмысының іргетасы мәндік атрибуты,
өмір сүру формасы, ішкі интенция. Қажеттілік адамның табиғи құрамдас бөлігі
деп айта аламыз. Олай болса қажеттіліктің өзі құндылық. Ал құндылық
аксиологиялық категория ретінде жалпы адамның сыртқы әлемге қатынасын
анықтайды және үлгі дәрежесінде әрі мінез қағидасы мәртебесінде өмір сүреді
– дейтін Г.Қ. Әбдіғалиеваның аксиологиялық көзқарастарымен келісеміз.
Жастардың әлеуметтік-мәдени құндылықтарды білім алу басымдылығымен,
болашаққа деген сеніммен жақсы достар және қоғамдағы беделмен анықталады.
Дегенмен тек қана білім алу өздігінен жастар санасында тек мол табыс
және әлеуметтік игілік кепілі бола алмайды. Қазіргі кезде білім алу қоғамда
анағұрлым беделді мамандық алу бағдарының бірі болып табылады. Сол себептен
де Жастардың жалпы санасында тұлға мәдениеті, жоғары білім, кәсіби
біліктілік сияқты ұғымдардың арасында байланыстардың жоқтығы байқалады.
Қазіргі жастар ортасы дербес утилитарлық сандағы ұрпақ болуымен
сипатталады. Қазіргі қоғамда рухани байлыққа ие болған адамға сұраныс
жоқ. Мұның себебі, батыстық үлгіде адамның ішкі жан дүниесінің байлығы мен
тәрбиесі оның кәсібилігінен кейінгі орында тұрады. Осыған байланысты
Д.Кішібеков ұлттық идеяның халықтық игіліктердің ары қарай дамуынада
барынша ықпал еткендігін алып көрсеткен. Олай болса жастардың санасында
ұлттық идея деңгейі біздің болашақтағы еліміздің бірлігі мен тұрақтылығы
үшін маңызды қызмет атқарады. Өйткені ұлттық болмысымыздың антропоөзекті
мәселесі, ұлттық меннің субстанциясы ұлттық дүниетанымының күре тамыры.
Өмірлік маңызды құндылықтардың қазіргі басым болуы индивидтің
қоғамдағы өмір сүру талаптарымен қазіргі кездегі өзекті немесе танымал
болып табылатын ерекшелңһіктеріне байланысты.
Жастардың әлеуметтік-психологиялық көзқарастары тұрғысынан жаңа
қатынастар мен жедел құндылықтарға жедел түрде бағыттауға ұмтылған саяси-
әлеуметтік сана кедергісіне ұшырайды. Нарықтық қатынастар, олардың көптеген
жағдайда әр түрлі ауытқулары, халықтың материалдық және көптеген жағдайына
жасалған соққылар жағдайды күрделендіріп, әлеуметтік-экономикалық реформа
салдары алдындағы үрейінің тууына себепкер болды. Жастардың басым бөлігі
кейбір себептерге байланысты қоғамда тұрақты, әлеуметтік орынды иелене
алмайды. Бұл оқу мерзімінің ұзақтылығымен, материалдық қамтылудан және
қосымша табыс табу мүмкіндіктерімен шектелумен байланысты. Қызметтегі
жастардың материалдық жағдайы оның толық әлеуметтік тәуелсіздігін
қамтамасыз ете алмайды. Себебі жастардың дұрыс білім алып, тәрбиеленуі
немесе өзінің ойын жүзеге асыру үшін оның алдымен материалдық
қажеттіліктерінің қамтылуы керек. Егерде, баспанасы жоқ материелдық
игіліктерден ада болса, жастарға аталмыш болу, ұлттық идеологияны ұстану
сияқты талаптар қою қиынға түседі.
Идеология қоғамда танымдық, іске жұмылдырғыш, қозғаушы және іс-
әрекетті мөлшерлі қызметтер атқарады. Философиялық сөздікте идеология
қоғамдық идеялардың, теориялардың, көзқарастардың жиынтығы ретінде
анықталады. Ғалымдар идеологияның қызметтік сипатына баса назар аудара
отырып, оның адамдардың әлеуметтік энергиясын топтастыра алут қасиетін
жоғары бағалайды. Әлеуметтік-саяси әдебиеттерде басым жағдайды белгілі бір
құндылықтар жүйесі тұрғысынан берілген сипаттамалар да орын алады. Бұл
көзқарастағы жақтаушылардың (Д.Истон,М.Дюверже, В.Конноли, Л.Санджент,
Ф.Уоткинс және т.б.) көзқарасынша, идеология мәнінің ашылуы, құндылық
ұғымымен байланысты. Құндылық иделогияның негізгі элементі, өйткені ол
иделогиядағы обьект пен субьект арасындағы тәуелсіздікті көрсетеді. Ол жеке
адамның, әлеуметтік, адамгершілік, эстетикалық үлгі береді.Әрбір субьект өз
іс-қимылын сол үлгімен өлшейді. Сондықтан, біздің жағдайымызда идеологияның
жастар белсенділігі үшін рухани құндылықтарға негізделген иделогия ғана
жастардың іс-әрекетіне және бағытына стимул бола алады.
Жастар әлеуметтік-мәдени белсенділігін қатынастырудың рухани
факторларына бос уақытты дұрыс ұйымдастырудың да маңызы баршылық.
Үлкендермен салыстырғанда жастардың бос уақыты баршылық. Бұл жерде ең
алдымен білім алып жатқан жастардың оқудан тыс кезден демалысы мен бос
уақытын дұрыс ұйымдастыру туралы болып отыр. Қазірде қоғамдағы үлкен
олқылықтардың бірі жастардың бос уақыты мен ойын түрлерінің өзгелігінде
болып отыр.
Дәстүрлі қазақ қоғамына тән өркениеттілік және мәдениеттілік
процесстер өте күрделі жағдайды бастан кешіргенін атап кету керек. Мысалы,
шығыстық менталитет үшін батыстық мәдениетті сіңіру өте күрделі, себебі
шығыстық адам өзінің ұлттық этникалық санасы бойынша, батыстық мәдениет
субьектісімен ерекшеленеді. Сондықтан дәстүрлі қазақ қоғамында батыстық
мәдениетті мәңгілік күйінде қабылдау қиын да күрделі процесс. Мысалы,
қазақтардың , көне, мәдени, рухани, әлеуметтік дәстүрлері,
болмысы,қонақжайлылық, төзімділік, жомарттық, бейімделгіштік сияқты қазақ
этномәдени қауымдастығының ұлттық өзіндік санасының арналарын
қалыптастырады. Қазақтардың болмысында сатқындық,екіжүзділік, жалған айту
сияқты қасиеттер жат болып саналады.
Бұл мәселені қозғауымыздың себебі ұлттық менталитет пен идеологияны
қалыптастыру балалардың, жастардың ойын түрлерін бастау алады. Қазіргі
заманауи технологиялар мен олардағы жасанып жатқан қызығушылығын тудырып
отырған ойын түрлерінің жастарды
қулыққа, күреске және басқа да жат қылықтар тәрбиеленуі, олардың болашақта
тұлға болып қалыптасуына кері ықпал етері сөзсіз.
Қазіргі таңда жастардың түңгі клубтар мен би кештеріне баруы артып
отыр. Әрине, көңіл көтеру деген жаман нәрсе емес. Кино мен театрды
алмастыру мақсатында дамыған түңгі клубтар жастардың ашық қарым-қатынасқа
деген мүддесін қанағаттандырады. Алайда барлық нәрсенің өз орны болуы
керек. Көптеген түңгі клубтар, есірткі сату орталығына айналғандығын
күнделікті ақпарат құралдарынан көріп отырамыз. Заң қызметкерлерінің түрлі
рейдтері мен тексерулері нәтижесіз, себебі, ол жердегі жастар би ырғағымен
көңілденіп жүрме әлде есірткіге жастанып жүр ме, оны бірден байқау мүмкін
емес.
Жастардың құндылықтық негізгі бағыттарының бірі – жалпыадамзаттық
ұлттық құндылықтарының негізінде жастарға тәрбие беру болып табылады.
Жастар белсенділігін қалыптастырудың мақсаты өсіп келе жатқан ұрпақтың
рухани даму саласындағы жастардың еркін тұлғасын іске асыру болуға тиіс.
Еркін қалыптасқан жастар өздеріне тиесілі даралықты сезініп, өзінің
рухани және жеке тұлғаның қуатын көріп, өзінің ең жақсы қасиеттерін болашақ
ұрпаққа беруге тырысады.
Жоғарыда аталған ұлттық иделогияға орын беретін ерекше қасиеттердің
бірі намыс деуге болады. Намыс ұғымының жоғары және төменгі шегін
көрсеткен Б.Қожамбердиев біздің пікірімізше, қазақтың рухани және
әлеуметтік болмысындағы намыстың дамуының жоғары шегі – елдің тәуелсіздігі
мен бостандығы отанға деген сүйіспеншілік, ата-бабаға, ана тілі мен салт
дәстүрге, құрмет, патриоттық сезім, қайырымдылық. Ал намыстың төменгі
сатысы – іштарлық,көре алмаушылық бір-біріне өшпенділікпен қарау, деп
тұжырымдалады.
Намыс ұғымының астарында үлкен мән жатыр десек болады. Жастардың
ойында намыс сезімі дұрыс қалыптасқан жағдайда, отанына опасыздық жасауға,
ұлттық мүддені өзінің жеке бас мүддесіне айырбастауға,парақорлық, ұрлық
сияқты жағымсыз әрекеттерге баруға оның намысы жібермейтін еді.
Тоқыру жылдарының кері құбылыстарының бірі қоғамның негізгі
әлеуметтік қызметі болған жас ұрпақты тәрбиелеудің ұстанымдары, әдістері
мен формасының бұзылуы болатын. Тәрбие беруді ұйымдастыру жастардың оқуы
мен қызметімен тікелей байланысты ерекшеліктерін есепке алады. Сол кезде
қоғамның дағдарысына қарамастан жастардың білім деңгейі күрт көтеріледі,
бірақ та тәрбие беру жүйесін жетілдіру мәселесіне көңіл бөлінген жоқ.
Жастар мен қоғам құндылықтары арасындағы кемшіліктер үдей түседі.
Қазақтың бір туар ғалымы Шәкәрім қоғамда өршіп келе жатқан жағдайдың
даму ережесін бейнелейді. Еріншек, салақтық, надандық – адам болмысындағы
азғыртушы нәспінің құрылымдық элементітері.Жеке адами факторлардан
жаралатын маргинализмді мәдени құбылыс ретінде қарастыратын болсақ,адам
психикасы да сыртқы әлемнен орын тауып маңдайлы құндылықтарды ұмтылуына
әкеледі.
Басқа жағынан алып қарастырғанда, он жылдықтар аралығында ұрпақтар
арасындағы рухани байланыстың жоғалуы қайта құрумен жариялылықтың ықпалымен
жастардың адамгершілік ұстанымдарының жоғалуына әкеледі.
Белгілі қоғамның дамуы, болашағына деген сенімді көзқарастың
қалыптасуы сол қоғамдағы жастар мен жастардың әлеуметтік-мәдени болмысымен
тікелей байланысты. Бұл орайда шығыс елдері аға ұрпақтың тәжірбиесіне
сүйенсе, Солтүстік Америка мен Батыс Еуропа жастарға көп үміт артады.
Жастардың қоғамдық-саяси ролі реформалар кезінде барлық халыққа тән.
Себебі жастардың жаңа жағдайға бейімделуі немесе жаңашылдыққа ұмтылысы
жоғары дәрежеде болғандықтан қоғамдағы өзгерістердің ортасынан орын алады.
Сондықтан жастар санасындағы намыс, ұлтжандылық, адалдық және
құндылық ұғымын дұрыс қалыптастыру елдің болшағын айқындайтын
факторлардың қатарына қояды.
Жастардың өмірлік бағдарлары мен құндылықтарын зерделеу қоғам
өмірінің түрлі аспектілерін және оның даму үрдістерін талдау үшін негіз
қалайды. Біздер жүргізген зерттеудегі проблемалардың бірі - жас адамдар
түрлі өмір құндылықтарын қалайша бағалайды деген сауалды анықтау болды.
Жастардың құндылықтарға деген көзқарасын бірнеше кестеге салып
көрсетуді жөн көрдік. Біздің алдымызда қос міндет тұрды: біріншіден жас
адамдар маңызды деп есептейтін құндылықтардың ұшы-қиыры жоқ санын таңдау
қажет болса, екіншіден жастар үшін ең маңызды басты үш-бес құндылықты
таңдау және оның иерархиясын (сатысын) жасау керек еді.
Қазіргі заманғы жастардың өмірлік басымдықтары (артықшылықтары)
қандай?
Жастардың өмірдегі басым құндылықтар туралы сұрақтарға берген
жауаптарын талдай отырып, ұсынылған 9 нұсқаның арасынан қызықтарынан және
жоғары ақы төленетін жұмысқа тұруға ұмтылу, отбасындағы ырыс-береке, өз
денсаулығы мен жақын адамдарының денсаулығы, білім алу, мансапқа жету,
тыныш өмір, тәуелсіздік, қол жеткен жетістікке қанағаттану, ойын-сауық
сияқты жауаптардың басым түскенін атап өтуге болады.

1 - кесте:

Өмірлік Жалпы Қыз Ер балалар13 жасқа13-14 15-17 17 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қоғамның саяси саласындағы жастар
Тәрбиенің заманауи тұжырымдамалары
Әлеуметтік өзгерістер кең мәтініндегі Қазақстан жастар мәдениетінің ерекшелігі
Мектептің педагогикалық жүйесі және оны басқару нысаны
Қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың негізгі тенденциялары
Жаһандану мен ұлттық мәдениет
Мәдени саясаттың модельдері
Тәрбие жұмысының формалары
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
Қазіргі заманғы қала жағдайындағы жастардың құндылықты бағдарлануы
Пәндер