Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтері



КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Кәсіпорын резервтерінің көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері 4
1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері 9

2 «ҚАЗМҰНАЙГАЗ» АҚ.НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДА РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІНІҢ РӨЛІ 16
2.1. «Қазмұнайгаз» АҚ.ның жалпы сипаттамасы 16
2.2. «Қазмұнайгаз» АҚ.ның рентабельділігін және іскерлік белсенділігін талдау 25

3 РЕНТАБЕЛЬДІЛІКТІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ РЕТІНДЕ 30
3.1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін арттыру қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторлары 30
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру 32

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35

А ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ 37
Ә ҚОСЫМШАСЫ БІРІКТІРІЛГЕН БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС. 39
Б ҚОСЫМШАСЫ. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 40
В ҚОСЫМШАСЫ. ПАЙДАЛАР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 42
Г ҚОСЫМШАСЫ. КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 44
Қазіргі уақытта болып жатқан нарықтық қатынастар кәсіпорындардың шаруашылықты жүргізуші субъект ретінде құқық жағдайларын едәуір нығайтып, олардың көптеген өндірістік және қаржылық мәселелерді өз бетінше шешуіне мол мүмкіншілік ашты. Атап айтқанда, ішкі және сыртқы нарықта білікті серікті таңдауға қол жетті, өйткені болашақтағы бірлескен іс-әрекеттің тиімділігі көбінесе осыған байланысты болады. Кәсіпорындар бұрынғыдай жоғарғы жақтың жөн сілтеуімен емес, контрагенттерді қазіргі кезде өз қалауы бойынша алады. Осы қатынастарда зиян шекпеу мақсатында шаруашылық субъектің тұрақтылығын алдынала білген жөн, оның сенімділігін сипаттайтын көрсеткіші болып меншікті капитал қаралады.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады. Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі, нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген үшін оның меншікті қаражылық тұрақтылығына баға беру қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық сенімділігін нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін, басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде рентабельділікті талдау мәселесі аз зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін тигізу мүмкін. Курстық жұмыстың өзектілігі осыменен байланыстырылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде оның рентабельділігінің атқаратын қызметі мен рөліне баға беру және жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- кәсіпорын резервтерінің көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттерін қарастыру;
- экономикалық рентабельділік көрсеткіштерін топтастыру;
1 Мейірбеков А.Қ. Әлімбетова Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы. –Алматы: Экономика, 2003. -278б.
2 Ілиясов Қ.Қ. Құлпыбаев С. Қаржы. Жоғары оқу орындарына арналған оқулық. – Алматы: 2011 249-253 б.
3 Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т., Жұмағалиева Ж.Г. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау / Оқу құралы. – Алматы: Экономика. 2001.-280б.
4 Табаев А.А. Кәсіпорын экономикасы оқу құралы. – Қарағанды: ҚарЭУ, 2011 ж.
5 Базылов К.Б.,Алибаева С.А., Аманжолова К.Б., Бабич А.А. Кәсіпорын экономикасы. – Алматы: АИЭС, 2009.
6 Қуатова, Дильмина Яхияқызы. Кәсіпорын экономикасы : практикум / Д. Я. Қуатова. - Алматы : Экономика, 2009. - 105 б.
7 Ниязбекова Р.Қ. Кәсіпорын экономикасы : Оқу құралы / Р. Қ. Ниязбекова. - Алматы : Экономика, 2011. - 792 б.
8 Любушин Н.П., Лещева В.Б., Дьякова В.Г. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия.М.: Юнити-Дана, 2001
9 Ковалев В.В. Введение в финансовый менеджмент. – Финансы и статистика,2001 ж.
10 Газарян В.В. Значение анализа финансового состояния предприятия для выводов в аудиторском заключении //Бухгалтерский учет. 2001 ж. - №7
11 Тасмаганбетов Т.А.,Омаров А.Ш., Әлібекова Б.А.,Рабатов О., Байболтаева Н.Э., Радостовец В.К. Қаржы есебі. - Алматы: Дәуір,1998ж.
12 Шеремет А.Д. Методика финансового анализа деятельности коммерческих организации: М., 2004г
13 Хотинская Г.И. Анализ хозяйственной деятельности предприятия: на примере предприятии сфере услуг: Учебное пособие- М.: Дело и Сервис,2004г
14 .Чечевицына Л.Н.,Чуев И.Н.Анализ финансово — хозяйственной деятельности - М.: ИЦК «Маркетинг», 2001 г.
15 Ефимова О.В., Мельник М.В. Анализ финансовой отчетности: Учебное пособие - М.: Омега - Л, 2004 г.
16 Абрютина М.С., Грачев А.В. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия: учебно-практическое пособие. - Москва: Дело и сервис, 2000 г.
17 Артеменко В.Г., Беллендир М.В. Финансовый анализ: учебное пособие. – Москва-Новосибирск: Дело и сервис, 1999
18 Анализ и диагностика финансово-хозяйственной деятельности предприятия: учебное пособие для ВУЗов, под ред. П.Табурчака, В.М.Тумина, М.С.Сапрыкина. Ростов-на-Дону: Феникс, 2002
19 Аньшин В.М. Инвестиционный анализ: учебное пособие для программ подготовки управленческого персонала. - Москва: Дело, 2000Демеуов Б. «Анализ и оценка финансового положения компании в конкурентной среде», Қаржы-Қаражат, №6, 2003, стр. 68
20 «Қазмұнайгаз ПЛС» компаниясының 2011 жылдың 31 желтоқсанында аяқталған кезең ішіндегі іскерлік қызметіне шолу //www.Kazakhmys.com
21 Қазмұнайгаз ПЛС-тың 2011 жылдың 31-ші желтоқсанында аяқталған төртінші тоқсанындағы жəне жылдық өндірістік есебі //www.Kazakhmys.com
22 «Қазмұнайгаз» тобының жылдық есебі ////www.Kazakhmys.com
23 Қазмұнайгаз ПЛС-тың 2012 жылға жоспары мен даму стратегиялары

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 43 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 КӘСІПОРЫННЫҢ РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІ МЕН РЕЗЕРВТЕРІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 4
1.1 Кәсіпорын резервтерінің көрсеткіштері және оларды талдаудың міндеттері
4
1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері 9

2 ҚАЗМҰНАЙГАЗ АҚ-НЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУДА РЕНТАБЕЛЬДІЛІГІНІҢ
РӨЛІ 16
2.1. Қазмұнайгаз АҚ-ның жалпы сипаттамасы 16
2.2. Қазмұнайгаз АҚ-ның рентабельділігін және іскерлік белсенділігін
талдау 25

3 РЕНТАБЕЛЬДІЛІКТІ ЖӘНЕ ТАБЫСТЫЛЫҚТЫ АРТТЫРУ КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ
ЖАҒДАЙЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ РЕТІНДЕ 30
3.1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен іскерлік белсенділігін арттыру
қаржылық тұрақтылықтың маңызды факторлары 30
3.2 Кәсіпорынның табыстылығын арттыру 32

ҚОРЫТЫНДЫ 34

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 35

А ҚОСЫМШАСЫ ІСКЕРЛІК БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ЕСЕПТЕУ ТӘРТІБІ
37
Ә ҚОСЫМШАСЫ БІРІКТІРІЛГЕН БУХГАЛТЕРЛІК БАЛАНС. 39
Б ҚОСЫМШАСЫ. АҚШАЛАЙ ҚАРАЖАТТЫҢ ҚОЗҒАЛЫСЫ ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 40
В ҚОСЫМШАСЫ. ПАЙДАЛАР МЕН ШЫҒЫСТАР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 42
Г ҚОСЫМШАСЫ. КАПИТАЛДАҒЫ ӨЗГЕРІСТЕР ТУРАЛЫ БІРІКТІРІЛГЕН ЕСЕП 44

Кіріспе

ҚАЗІРГІ УАҚЫТТА БОЛЫП ЖАТҚАН НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР КӘСІПОРЫНДАРДЫҢ
ШАРУАШЫЛЫҚТЫ ЖҮРГІЗУШІ СУБЪЕКТ РЕТІНДЕ ҚҰҚЫҚ ЖАҒДАЙЛАРЫН ЕДӘУІР НЫҒАЙТЫП,
ОЛАРДЫҢ КӨПТЕГЕН ӨНДІРІСТІК ЖӘНЕ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРДІ ӨЗ БЕТІНШЕ ШЕШУІНЕ
МОЛ МҮМКІНШІЛІК АШТЫ. АТАП АЙТҚАНДА, ІШКІ ЖӘНЕ СЫРТҚЫ НАРЫҚТА БІЛІКТІ
СЕРІКТІ ТАҢДАУҒА ҚОЛ ЖЕТТІ, ӨЙТКЕНІ БОЛАШАҚТАҒЫ БІРЛЕСКЕН ІС-ӘРЕКЕТТІҢ
ТИІМДІЛІГІ КӨБІНЕСЕ ОСЫҒАН БАЙЛАНЫСТЫ БОЛАДЫ. КӘСІПОРЫНДАР БҰРЫНҒЫДАЙ
ЖОҒАРҒЫ ЖАҚТЫҢ ЖӨН СІЛТЕУІМЕН ЕМЕС, КОНТРАГЕНТТЕРДІ ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ ӨЗ ҚАЛАУЫ
БОЙЫНША АЛАДЫ. ОСЫ ҚАТЫНАСТАРДА ЗИЯН ШЕКПЕУ МАҚСАТЫНДА ШАРУАШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІҢ
ТҰРАҚТЫЛЫҒЫН АЛДЫНАЛА БІЛГЕН ЖӨН, ОНЫҢ СЕНІМДІЛІГІН СИПАТТАЙТЫН КӨРСЕТКІШІ
БОЛЫП МЕНШІКТІ КАПИТАЛ ҚАРАЛАДЫ.
Олардың өздеріне іскер серіктерді қаншалықты дәл және қатесіз
тандауымен нарықтық қатынастар негізінде мүмкіндігінше тез және дұрыс
бағдар тауып, оны ұстануына қарай жұмыстарының тиімділігі әр түрлі болады.
Басқаша сөзбен айтқанда, шаруашылықты жүргізуші субъектілердің қызметінің
жетістіктері басқару деңгейіне, қабылданған шешімдердің объективтілігі,
нақтылығы, шұғылдығы мен ғылыми негізделуіне тікелей тәуелді. Үйлесімді
шешімдердің қабылдануы, материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын тиімді
пайдаланып, еліміздің экономикалық өсуіне бағытталатыны белгілі.
Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің
орнықтылығының негізі оның қаржы тұрақтылығы болып табылады. Ол ақша
қаражатын еркін орын алмастыра отырып қолданып, тиімді пайдалану жолымен
өнімді өндіру мен сатудың үздіксіз процесін қамтамасыз ете алатын өзінің
қаржы ресурстары жағдайын көрсетеді.
Кәсіпорынның қаржы тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген
үшін оның меншікті қаражылық тұрақтылығына баға беру қажет. Тек терең және
ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның
қаржылық сенімділігін нығайту немесе жақсарту және оның іскерлік
белсеңділігін арттыруға бағытталған басқару шешімдерін қабылдау үшін,
басшылыққа нақты ұсыныстар беруге болады.
Отандық талдау әдебиеттерінде рентабельділікті талдау мәселесі аз
зерттелген, сондықтан оның прогрессивті әдістері әзірше бізде ойдағыдай
қолданыс таба алмай отыр. Ал бұл кәсіпорын қызметінің қаржылық нәтижесі мен
экономикалық дамуына, ең ақырында еліміздің экономикалық өсуіне кері әсерін
тигізу мүмкін. Курстық жұмыстың өзектілігі осыменен байланыстырылады.
Бұл курстық жұмыстың негізгі мақсаты – кәсіпорынның қаржылық жағдайын
талдау негізінде оның рентабельділігінің атқаратын қызметі мен рөліне баға
беру және жетілдіру ұсыныстарын әзірлеу болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді анықтадым:
- кәсіпорын резервтерінің көрсеткіштері және оларды талдаудың
міндеттерін қарастыру;
- экономикалық рентабельділік көрсеткіштерін топтастыру;
-кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау негізінде рентабельділік және
іскерлік белсенділікке баға беру;
- рентабельділік пен табыстылықты кәсіпорынның қаржылық жағдайын
жетілдірудің негізі ретінде қарастыру.
Талдау объектісі ретінде Қазмұнайгаз акционерлік қоғамы қарастырылды.

Жұмыстың теориялық базасы болып К.Ш. Дүйсенбаевтің, Э.Т. Төлегеновтың,
Ж.Г. Жұмағалиеваның, В.В.Ковалевтің, А.Д. Шереметтің, Г.В.Савицкаяның
еңбектері болып табылады.
Жұмыс барысында ҚР-ның заң актілері және жылдық Қазмұнайгаз
кәсіпорнының балансы, қаржылық есебі пайдаланылды.

1 Кәсіпорынның рентабельділігі мен резервтерінің теориялық негіздері

1.1 КӘСІПОРЫН РЕЗЕРВТЕРІНІҢ КӨРСЕТКІШТЕРІ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ТАЛДАУДЫҢ
МІНДЕТТЕРІ

Табыс — төтенше таралған, кең түрде қабылданатын, сонымен ңатар түрліше
маңызды қолданылатын көп мағыналы ұғым. Сөздің кең мағынасында ақшалай
құнына ие болуды кез келген ақша қаражатының түсімі немесе материалдық
құндылықты алуды көрсетеді. [1,102-б.]

1-сурет. Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру

Кәсіпорынның табысы олардың активтерінің артуы немесе капитал
меншігінің көбеюіне әкелетін міндеттемелердің кемуі. Табыс үғымы
жалпы мемлекетте (ұлттық табыс), кәсіпорындарда (жалпы табыс, таза
табыс), ал жеке тұлғаларда (халықтың ақшалай табысы, жеке табыс) болып
қолданылады. Кәсіпорынның табыстарын қалыптастыру жолдары 1-суретте
көрсетілген.
Кәсіпорынның жалпы табысына ақшалай түсім тауарларды сату және қызмет
көрсетуден түсетін ақшалай түсім, атқарылған қызметтен, мүліктік
бағалылықты сатудан, несие берілгендегі алынатын тиісті проценттер және
басқа да ақшалай және материалдық түсімдер жатады.
Жиі ңолданылатын таза табыс үғымы жалпы табыс және материалдық
ресурстардың шығындары арасындағы айырмашылығы болып саналады.
Экономикалық теорияда табыс деп тқрақты және нарықтық субъектілердің
қарамағына занды түрде тікелей түсетін ақша сомаларын айтады. Табыс алудың
шарты -бұл қоғамның пайдалы қызметі. Бұл сұраныстың қажетіне жататын
тауарларды шығару. Мына төмендегі табыстардың түрлерін айыруға болады:
- Жалпы табыс (ЖТ) – бұл тауарлардың белгілі мөлшерін
сатудан түскен ақшалай сомасы. Ол тауар бағасын тауар
мөлшеріне көбейтуге тең.
- Орта табыс (ОТ) - жалпы табысты (ЖТ) өнім өлшемінің
мөлшеріне бөлу (К)мөлшеріне бөлу (К)
(1)
- Шекті табыс (ІПТ) — бұл өнім өлшемін сатуды көбейту
арқасында жалпы табыстың үстелуі
(2)
Шекті табыс шығарған әрбір қосымша өнім өлшемінің өтемділігін бағалауға
мүмкіндік береді. Және де өзіндік құнмен ұштаса отырып, кәсіпорынды ұлғайту
мүмкіндігінде құндық бағдарлар қызмет етеді. [2,87-б.]
Кәсіпорын өз өнімін шығара отырып, ол үшін ақшалай түсім алып отырады.
Бірақ та бұл пайда табуды білдірмейді. Қаржылық нәтижелерді шығару үшін
түсімді өнімді өндіру мен оны әрі қарай сатуға кеткен шығындармен, яғни
өнімнің өзіндік құнымен сәйкестендіріліп қою кажет. Кәсіпорын пайда табады:

- егер түсім өзіндік кұннан жоғары болса;
- егер түсім өзіндік құнға тең болса, тек өнім өндіру мен оны әрі
карай сатуға кеткен шығындарды өтесе;
- ал, егер шығындар түсімнен жоғары болса, кәсіпорын шығынға
ұшырайды, яғни қиын қаржылық жағдайға, банкротка әкелетін
жағымсыз қаржылық нәтижелерді көрсетеді.
Пайда - дегеніміз кәсіпорынның кәсіпкерлік қызметінің қорытынды
қаржьлық нәтижесі, жалпылай түрде, өнім бағасы мен өнімнің өзіндік құны
арасындағы өзгешілікті көрсетсе, кәсіпорын тұрғысынан өнімді өткізуден
түскен түсім мен өнімді өткізудің өзіндік құны арасындағы өзгешелікті
көрсетті.
Экономикалык категория ретіндегі пайда кәсіпкерлік қызметі процесіндегі
материалды өндіріс аясында кұрылған таза табысты көрсетеді. Кәсіпорын
деңгейіндегі таза табысты пайда формасында болады. Кәсіпкерлік қызметтің
басты нәтижесі ретіндегі пайда кәсіпорынның, жұмыскерлерінің және толықтай
мемлекеттің қажеттілігін қамтамасыз етеді.
Пайда нарықтық қатынастардың маңызды категориясы ретінде бірқатар
маңызды функцияларды атқарады:
Кәсіпорын қызметінің тиімділік көрсеткіші болып пайда табылады, осыдан
тиімді қызметтің пайдалылық факторларын көруге болады.
Пайда ынталандырушы қызмет атқарады, ол меншікті капиталдың өсуінің
басты кезі болып табылады. Нарықтық қатынастар жағдайындағы капитал иелері
мен менеджлерлер, пайда көлеміне бағыттала отырып, кәсіпорынның болашақ
дамуына жүргізілетін дивиденттік және инвестициялық саясаты жөніндегі
шешімдер қабылдай алады. Нарықтық экономикадағы пайда - шығарылатын өнім
мен өндірістік қорлардың жаңару көзі мен козғаушы күші болып табылады. ¥жым
мүшелері үшін пайда әлеуметтік игіліктің көзі болып табылады. Дивиденттерге
төленетін төлемдер, салықтар, сонымен қатар, басқада төлемдерден кейінгі
кәсіпорындарда қалдық ретінде калатын пайданың есебінен материалды
сыйақылау жүргізіледі, жұмыскерлерге әлеуметтік женілдіктер және т.с.с.
беріледі. [3,121-б.]
Пайда түрлі деңгейлі бюждеттік кірістердің құрылуының кезі. Ол бюджетке
салық түрінде, сонымен қатар, экономикалық санкция түрінде түсуі мүмкін
және бюджеттен шығатын нақты түрлі максаттарға қолданылады. Осындай
сипаттағы кәсіпорын пайдасы - оның әлеуметтік жэне экономикалык дамуының
негізгі факторы. Сондықтан да кәсіпорынға пайда әкелетін механизмді анықтау
аса маңызды.
Жалпы пайда - сатылған өнімінң толык өндірістік өзіндік құны және
тауарларды (қызметтер мен жүмыстар) сатудан түскен түсімдері арасындағы
айырмашылыгы ретінде анықталады.
Таза пайда (бөлінбеген пайда) - кәсіпорынның иелігінде болатын төтенше
шығыстар мен кірістердің сальдосы есебімен анықталады.
Еңбек ұжымы еңбекақының жоғарылауына, пайданың өсуіне, қазіргі
бәсекелік жағдайда өндірістің кеңеюіне, кәсіпорын жұмыскерлерінің өмірлік
деңгейлерінің, жағдайларының жақсаруына әрқашан қызығушылықтарын танытады.
Осыдан пайда мен жалпы табыстың массасы Кәсіпорының өндірістік-шаруашылык
қызметінің нәтижесінде алынатын тиімділік көлемі ретінде сипатталады.
Нарықтық катынастар жағдайындағы кәсіпорын максималды пайда табуға,
тауралар сату мен қызметтер көрсету нарығында өзінің позициясын ұстап
түруға тырысуы керек, сонымен қатар, бәсеке жагдайында өндірістік тұрақты
дамуды камтамасыз етуі керек.
Әлемдік тәжірибе көрсетуі бойынша нарықтық қатынастар жағдайында пайда
табудың үш негізгі көзі бар:жөн: мемлекетгік антимонополиялық саясаты мен
басқа кәсіпорындар жағынан өсуші бәсеке.
Екінші пайда табу көзі өндірістік және кәсіпкерлік қызметпен
байланысты, оның барлық Кәсіпорындарға қатысы бар. Оны пайдалану тиімділігі
тұрақты өзгеруші конъюнктура кезіндегі өндірісті дамытуға бағытталуы мен
нарық конъюнктурасын білуге тәуелді болады. Бұл жерде барлығы жүргізілген
маркетингке сәйкесті жасалынады. Берілген жағдайда, пайда көлемі ,
біріншіден, кәсіпорынның өнімді шығару бойынша бағыт таңдауының дұрыстығына
(тұрақты және жоғары сұранысқа ие өнімді тандау); екіншіден, көрсетілетін
қызмет пен сатылатын тауарлар бәсекеге қабілетті жағдай жасау (баға,
жеткізу мерзімі, сатып алушыларға қызмет керсету, сатудан кейінгі қызметтер
және т.б) үшіншіден, өндіріс көлемінен қаншалықты өндіріс көлемі жоғары
болса, соншалықты пайда жоғары); ал төртіншіден, өндіріс шығындарын
төмендету құрылымынан тәуелді.
Үшінші пайда табу көзі кәсіпорынның инновациялық қызметінен шығады, оны
қолдану әрқашан шығарылатын өнім жаңартылып отырылуын, бәсеке қабілеттілігі
қамтамасыздандырылуын, пайда массасын жоғарылату мен сату көлемінің өсуін
болжамдайды. [4,158-б.]
Кәсіпорын шаруашылық қызметінің қорытынды қаржылық нәтижесі болып
баланстық пайда табылады. Баланстық пайда бұл кәсіпорын пайдаларының
(шыгындарының) соммасы. Қорытынды қаржылык нәтижесі ретіндегі баланстық
пайда балансты бағалау мен кәсіпорынның барлық шаруашылық операцияларының
бухгалтерлік есебі негізінде айкындалады. Баланстық пайда терминін
қолдану, жылдық және кварталдық корытындылар бойынша құралған кәсіпорын
жұмысы балансында көрсетілген қорытынды қаржылық нәтижелерімен байланысты.
Баланстық пайда нақты 3 элементті қосады: көрсетілген қызметтерден,
орындалган жұмыстардан, өнімді өткізуден түскен пайда (шығын); негізгі
құралдарды өткізуден, тағыда басқадай шығыстарынан, кәсіпорынның басқадай
мүлігін өткізуден түскен пайда (шығын); орындалған операциялардан тыс
қаржылық нэтижелер.
Ұйымның табысы деп активтердің келіп түсуі нәтижесіндегі экономикалық
пайданың жоғарылауы (ақша қаражаттары, басқада мүліктер) немесе салымшы
катысушыларынан басқа, ұйымның капиталының өсуіне экелетін міндеттерді
жабу.
Бірінші, кәсіпорынньщ монопольды жағдайы есебінде құрылады. Осы пайда
табу көзін ұстану әрқашан тауарлардын тұрақты жаңаруын талап етеді. Бұл
кезде келесі қарсы әрекет етуші күштерді ескерген

2-сурет. Пайда көлеміне әсер ететін факторларының жіктелуі

Сыртқы факторларға жататындар: табиғи жағдайлар, мемлекеттік бағаны
реттеу, тарифтер, пайыздық мөлшерлемелер, салық мөлшерлемесі мен
жеңілдіктер, айыппұлдық санкциялар мен т.б. Бұл факторлар Кәсіпорын
қызметінен тәуелді емес, бірақ пайда көлеміне маңызды ықпал етеді.
Ішкі фактрлар өндірістік және өндірістен тыс деп екіге бөлінеді.
Өндірістік факторлар еңбек заттары мен құралдарын, еңбек және қаржылық
ресурстарды. пайдалану мен іске асыру арқылы сипаталынады, өз кезегінде
экстенсивті және интенсивті болып бөлінеді. Экстенсивті факторлар - пайда
табу процесіне сандық өзгерулер аркылы әрекет етеді: еңбек заттары мен
құралдарының көлемі, қаржылық ресурстар, жабдықтар жұмыс уақыты, персонал
саны, жұмыс уакыты коры мен оның сапасы т.б. Интенсивті факторлар - пайда
табу процесіне сапалық өзгерулер арқылы әрекет етеді: жабдықтардың
өнімділігін жоғарылату мен оның сапасы, материалдардың профессивті түрлерін
пайдалану мен технологияларды жүзеге асыру, айналым құралдарының
айналымдылығын жылдамдату, персонал еңбегінің өнімділігі мен біліктілігін
жоғарылату, өнімнің материалдық сыйымдылығы мен еңбек сыйымдьлығын
төмендету, ұйым еңбегін жүзеге асыру, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалану
және т.б.
Өндірістен тыс факторларға қаруландыру - өткізу жән табиғатты қорғау
қызметі, еңбектің әлеуметтік жағдайы мен т.б.
Кәсіпорын пайдасын жоспарлау әдістері. Пайда тек кәсіпорын үшін ғана
емес, сонымен қатар, мемлекет экономикасы үшін де экономикалық және
әлеуметтік дамуыныі негізгі факторы болып табылады. Сол үшін пайданы
экономикалы негізде жоспарлау кәсіпорын үшін өте маңызды. Пайданы түрлер
бойынша жоспарлауға болады:
Тауарлар мен өнімдерді сатудан;
Тауарлык емес сипаттағы түрлі қызметтер мен өнімдерді өткізуден;
Негізгі құралдарды өткізуден;
Басқа мүлік пен мүліктік құқықтарды өткізуден;
Орындалған жұмыстар мен көрсетілген қызметтер және т.б. үшін төлемдер;
өткізуден тыс операциялардан.
Пайданы жоспарлаудың негізгі әдістері болып табылатындар:
- тікелей есептеу әдісі;
- талдамалық әдіс;
- аралас есеп айырысу әдісі.
Тікелей есептеу әдісі қазіргі жағдайда шаруашылық жүргізудің
кәсіпорындарда аса кең тараған түрі. Ол аса үлкен емес ассортиментте
шығарылатын өнімдер үшін қолданылады. Оның мәні пайда өнімдерді өткізуден
(ҚҚС пен акциздерді есептегендеп бағаларға сәйкесті) және толықтай оның
өзіндік құлынан арасынан түскен түсімнен есептеледі. [5,182-б.]
Жоспарлы пайданың есебі мына формула арқылы есептеледі:
(3)
мұндағы К - табиғи көрсетілімдегі жоспарлы кезеңде шығарылған өнім
көлемі;
Б - өнім бірлігіне шаққандағы баға (ҚҚС пен акциздерді есептегендегі);
Ө - өнім бірлігінің толық өзіндік құны.
Тауарлық шығарылым бойынша пайда жоспарлы кезеңде тауарлық шығарылымның
өзіндік құны анықталатын өнімдерді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар
сметасы негізінде жоспарланады:
(4)
мұндағы Бтп - әрекет етуші бағадағы өткізілген жоспарлы кезендегі
тауарлық шығарылымның құны (ҚҚС-ті. акциздерді, саудалық және
т.б.жеңілдіктерді есепке алмағанда);
Өтп - жоспарлы кезеңдегі тауарлық өнімнің толық өзіндік құны (өнімді
өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сметасынан есептеледі).
Тауарлык шығарылымның есебіндегі жоспарлы көлемді пайданы өнімді өткізу
көлемінен жоспарланатын пайдадан айыра білу керек. Өнімді өткізуден түскен
пайданы жалпы түрде келесі формуламен есептелінеді:
(5)
мұндагы Төө - эрекет етуші бағада өнімді өткізуден түскен жоспарлы
түсім (ҚҚС-ті, акциздерді, саудалык және т.б.жеңілдіктерді есепке
алмағанда);
Өөө - келер кезеңде өнімдерді өткізудің толық өзіндік кұны.
Жоспарлы кезенде өнімді өткізу көлемінен түскен пайда жоспарлы кезеңнің
басындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдыктар соммасына жоспарлы кезендегі
тауарлық өнімді шығару көлемінің пайдасын қосып, жоспарлы кезеңнің
соңындағы өткізілмеген өнімнің пайда қалдықтарын алғанға тең. Оны келесі
формула арқылы есептеуге болады:
(6)
Пайданы жоспарлаудың талдамалық әдісі тікелей есептеу әдісіне қосымша
ол жоспарлы пайдаға әсер ететін әр түрлі факторларды айқындауға
көмектесетін косымша ретінде және үлкен көлемді ассортиментте шығарылатын
өнімге қолданады. Бұл әдісте пайда жылда шығарылатын өнімнің әрбір түріне
емес, өнімнің толықтай барлығына есептелінеді. Салыстырмалы өнім бойынша
пайда бөлек анықталады.
Аралас есеп айырысу әдісі. Бұл әдісте бірінші және екінші әдістің
элементтері қолданылады. Жоспарлы жыл бағасындағы тауарлық өнімнің құны
және есепті жылдағы кұны тікелей есептеу әдісімен анықталса, баға,
ассортименттің өзгеруі, сапаны жоғарылату, өзіндік кұнның езгеруі және т.б.
сол сияқты факторлардың жоспарлы пайдаға әсері талдамалық әдістің көмегімен
анықталады.

1.2 Экономикалық рентабельділік көрсеткіштері

Кәсіпорын шаруашылық қызметінің тиімділгімен қызмет атқаруға
экономикалык бағытталуы тікелей оның рентабельділігімен байланысты.
Рентабельділік - бұл кәсіпорынның табыстылык деңгейінің қатынастық
көрсеткіші, ол қызметтердің түрлі бағыттарының (өндірістік, коммерциялық,
инвестициялық және т.б.) табыстылығын, толықтай алғанда Кәсіпорын жұмысының
тиімділігін сипаттайды. [6,72-б.]
Рентабелділіктің пайдадан айырмашылығы шаруашылық етудің нақты
нәтижелерінен көрінеді, яғни тұтынылған ресурстардың тиімділік катынасын
көрсетеді. Пайданың абсолютті соммасының көрсеткіші кәсіпорынның жақсы
немесе нашар жұмыс аткарды ма, яғни орындалған жұмыстардың көлемі белгісіз
болып қалады. Пайданың орындалған жұмыстар көлеміне қатынасы тек есепті
кезендегі нәтижелерді салыстыра отырып, есепті жылдағы Кәсіпорынның
өндірістік - шаруашылық қызметін бағалауға, рентабелділік деңгейін
сипаттайды сонымен катар баска салалар кәсіпорынның ішінен талдау жасалынып
жатқан кәсіпорын орынын анықтайды. Рентабельділік көрсеткішін кәсіпорын
қызметін бағалау және инвестициялық саясаттағы және баға белгілеудегі құрал
ретінде пайдаланады.
Толықтай, рентабельділік - бұл ресурстарды пайдалану дәрежесі мен
шығындар деңгейін сипаттайтын өндіріс тиімділігінің қатынастык көрсеткіші.
Кәсіпорынның рентабельділігін бағалау келесі көрсеткіштер арқылы
жүргізіледі:
1. Өнімнің рентабельділігі (Рө) - бұл рентабельділік көрсеткіштері
тиімсіз бұйымдарды өндірістен алып тастау мен өнімнің жаңа түрлерін шығару
мен енгізу, әр түрлі бұйымдардың пайдалыгына бақылау кезінде, ішкі
шаруашылық талдаулык есеп айырысулар кезінде рациоеналды түрде қолданылады.
Өнімнің рентабельділігі келесі формула бойынша есептеледі:
(7)
мұндағы Пө - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен пайда, тг.
Өө - өткізілген өнімнің толықтай өзіндік құны, тг.
2.Рентабельділік көрсеткішінің келесі түрі - сату рентабельділігі
келесі формуламен есептеледі:
(8)
Т - өнімді, қызметті, жұмысты сатудан түскен түсім. Берілген
коэффициент өткізілген өнімнің бірлігіне канша пайдадан келетіні
көрсетеді. Көрсеткіш өсімі болып өндіріс өнімінің тұрақты шығындары
кезіндегі өнімге бағаның өсуі немесе тұрақты баға кезінде өндірістегі
шығынды төмендету табылады.
Өнімнің рентабельділігі мен сату рентабельділігі көрсеткіштері өзара
байланысты және барлық өнімдерге және әр түрлерінің өндіруге кеткен ағымды
шығындардың өзгеруін сипаттайды.
3. Капитал рентабельділігі көрсеткіштері:
А) меншік капиталының рентабельділігі (Рмк)
(9)
Пт - таза пайда;
Км — меншік капиталдың орташа көлемі.
Бұл көрсеткіш кәсіпорынның меншік капиталы бірлігіне қанша пайда
келетінін, меншік капиталдың пайдалану тиімділігін сипаттайды.
Меншік капитал рентабельділігі көрсеткішінің езгеруі мысалы, биржадағы
кәсіпорын акцияларының бағасы төмендеуінен немесе өсуінен болуы мүмкін.
Б) Инвестициялык капитал рентабельділігі - Ри
(10)
мұндағы Кик - инвестициялық капиталдың орташа көлемі.
Көрсеткіш ұзақ мерзімге салынған капиталды пайдалану тиімділігін
сипаттайды.
В) Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі – Рнк
Рнк = Пк Б орт * 100 % (11)
мұндағы Пк - кәсіпорын пайдасы
Б орт - барлық кезеңдегі баланстық орташасы
Берілген коэффициент кәсіпорынның барлық капиталын пайдалану
тиімділігін көрсетеді, яғни кәсіпорын мүлігін пайдалану тиімділігінің
жоғарылауы туралы коэффициенттінің мәнінің өсуін куәландырады.
4. Айналым активтерінің рентабельділігі - Р айн
(12)
мұндағы АА орт - айналым активтивтерінің орташа көлемі.
Капитал мен активтердің орташа көлемі бухгалтерлік баланстың
берілгендері бойынша анықталады. [8,141-б.]
5. Негізгі құралдардың және басқа да айналымды емес активтердің рені
абельділігі
(13)
мұндағы А айн емес орт - негізгі құралдардың жэне басқа да аГжалымды
емес активтердің кезеңге көлемінің орташасы
Қазіргі жагдайда рентабельділік өсімінің маңызды факторы болып
кәсіпорынның ресурсты қорландыру (жинау) жөніндегі жұмыстары табылады, олар
өзіндік құнның төмендеуі мен пайданың өсуіне әкеледі. Қазіргі кезеңде
ресурстарды үнемдеу өте тиімді әрі арзанға түседі.
Өндірістің рентабельділігінің және пайдалығының өсуіне басты жағдай
болып өзіндік құнның төмендеуі табылуы керек.
Қорытындылай келе рентабельділік көрсеткіштеріне талдау жасай келе,
келесі сәттерге аса назар аудару қажет:
Рентабельділік ұйымның стратегиясынан тікелей тәуелді, белгілі бір
деңгейдегі пайданы талап ететін, кәсіпкерлік қызметтегі тәуекелділік
деңгейі. Тәуекел қаншылық жоғары болса, кәсіпкерлік ұйым соғұрлым жоғары
пайда табады.
Рентабельділік көрсеткіші алымы мен бөлімін бағалау есепті кезеңдегі
кәсіпорын қызметінің шынайы нәтижесінен көрінетін пайда мен бірнеше жылдар
қатарынан құрылатын активтер құны есебінен айкындалады.
Уакытша аспектілердің ықпалы келесідей түрде байқалады, басқа ұзақ
мерзімді инвестициялар және жаңа технологияларға көшу есебінен ағымды
кезенде ликвидтілік көрсеткіштері төмен болуы мүмкін, мұны жағымсыз сәт
ретінде қарастыруға болмайды.
Пайда, кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің нәтижелігінің ең
маңызды көрсеткіші бола тұра, оның тиімділігі туралы толық көріністі
бермейді, себебі жұмсалып жатқан ресурстардың шамасын ескермейді.
Кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінің тиімділігін
рентабельділіктің көрсеткіштері жүйесімен бағалайды.
Өндірістің рентабельділігі – өнеркәсіп кәсіпорындарының, соның ішінде
мұнай және газ өнеркәсібі кәсіпорындарының жұмыс тиімділігінің ең маңызды
қорытушы көрсеткіші. Кәсіпорынның іс-әрекетін рентабельділік көрсеткіші
бойынша бағалау өнімді өткізу көлемінің артуымен қатар оның ұжымын
материалдық сыйақылаудың негізіне жатқызылады. Өндірістің рентабельділік
көрсеткішін белгілеудің негізінде кәсіпорынның пайдасы жатыр.
Пайда – материалдық өндіріс саласында кәсіпорын қызметкерлерінің
қосымша еңбегімен құрылатын таза табыстың бір бөлігі. Жоспарлық пайданың
көлемі өнімді кәсіпорынның көтерме бағалары бойынша өткізуден түскен түсім
мен өнімнің жоспарлы өзіндік құнының арасындағы айырма ретінде белгіленеді.
Егер пайда кәсіпорынның өндірістік-шаруашылық іс-әрекетінен абсолюттік
әсерді көрсетсе, рентабельділік кәсіпорынға бекітілген өндірістік қорларды
қолданудың тиімділік дәрежесін сипаттайды. Іс-әрекеттің тиімділігіне баға
берудің критериі ретінде қарастырылатын жалпылама көрсеткіштің болуы
кәсіпорынның қаржылық және экономикалық күйінің толық бейнесін құруға
мүмкіндік береді.
Рентабельділік көрсеткіштерінің жүйесіне келесілер кіреді:
• кәсіпорын активтерінің рентабельділігі;
• меншікті капиталдың рентабельділігі;
• сатулардың рентабельділігі (өткізу);
• өндірістің рентабельділігі;
• өнімнің рентабельділігі.
Жалпы алғанда рентабельділік пайданың 100-ге (%) көбейтілген іс-
әрекеттің белгілі бір нәтижесін көрсететін өлшегішке (көрсеткішке)
қатынасымен белгіленеді:
R = П У · 100, (28)
мұндағы, У – көрсеткіштің деңгейі.
Нақты мақсаттарға байланысты рентабельділік баланстық, таза және
үлестірілмеген пайда бойынша белгіленеді. Активтердің рентабельділігі
баланстық және таза пайда бойынша белгіленеді:
Rа = Пб А · 100
Немесе (29)
Rа = Пч А · 100,
мұндағы, Пб мен Пч – соған сәйкес баланстық және таза пайда, теңге.
А – кәсіпорын активтерінің шамасы (жылдың басына немесе соңына қатысты,
немесе ортажылдық), теңге.
Активтердің рентабельділігі активтерге салынған капитал теңгесіне
қатысты алынған баланстық пайданың пайызын немесе активтер теңгесіне
есептегенде кәсіпорында қалатын таза пайданың пайызын сипаттайды.
Меншікті капиталдың рентабельділігі кәсіпорынның соған
меншіктенушілердің салған әр теңгесінен қанша пайдаға ие болатынын
көрсетеді:
Rск = Пнр Кс · 100
Немесе (30)
Rск = Пч Кс · 100,
мұндағы, Пнр – кәсіпорынның үлестірілмеген пайдасы;
Кс – кәсіпорынның меншікті капиталы.
Сатулардың (өткізудің) рентабельділігі кәсіпорынның өнімді сатудан
түскен әр теңгеден алатын пайданың пайызын сипаттайды:
Rр = Пб Вр · 100, (31)
мұндағы, Вр – өнімді сатудан түскен түсім (ҚҚС мен кедендік бажсыз).
Өндірістің рентабельділігі – бұл баланстық пайданың негізгі қорлардың
(НҚ) және айналымдағы қаражаттардың (АҚ) орташа жылдық құнының қосындысына
қатынасы:
Rпр = Пб (ОФ + ОС) · 100 (32)
Өнімнің рентабельділігі баланстық пайданың өнімді өндіруге жұмсалатын
шығындарға қатынасы ретінде белгіленеді:
Rпрод = Пб З · 100 (33)
Рентабельді өндірістің шекараларын белгілеу үшін оңтайлық
табалдырығының анықтамасын қолданумен, өткізуден түскен түсімді қосынды,
сондай-ақ айнымалы және тұрақты шығындармен салыстыруды қолданады.
Рентабельділік табалдырығы – бұл өздері орын алған жағдайда кәсіпорын
не пайдаға, не шығынға ие болмайтын, б.а. өнімді сатудан түскен түсім тек
шығындардың орнын ғана толтыратындай болатын өнім өндірісі (бұрғылау,
өндіру, көліктің, өңдеудің көлемі) мен сатудан түскен пайда. Өнім өндірісін
бұдан әрі көбейту кәсіпорынды оңтайлы етіп, азайту – шығынды етеді.
Рентабельділік табалдырығы:
ПР = Зпост : (Вр – Зпер) Вр (34)
мұндағы, Зпост, Зпер – өнім өндіруге жұмсалатын шығындардың тұрақты және
айнымалы бөліктері (мұнай өндірісінде шамамен соған сәйкес 65% және 35%).
Тіркелген ренталық төлемдер есептік рентабельділігі сала
резервтерінің орташа деңгейінен асатын жекелеген кәсіпорындардың есептік
рентабельділігін реттеу мен теңестіруге арналған. Мысалы, мұнай немесе газ
қоры үлкен, олардың орналасуы мен пайдалану жағдайлары жақсы болып келетін,
өнімділігі жоғары ұңғымалары бар кеніштерді игеріп жатқан кәсіпорындар
осындай болып келеді. Оларда басқа кәсіпорындармен салыстырғанда үлкен
қосымша пайда құрылады. Тіркелген ренталық төлемдер жүйесі кезінде
кәсіпорынның табысы мемлекеттің пайдасына алынады, бұл саланың барлық
кәсіпорындарын бірдей экономикалық жағдайларға қояды. Мұнай өнеркәсібінде
бұл төлемдер мұнайдың әрбір 1 тоннасынан тұрақты сомалармен ескерілген.
Мысалы, жылына мұнайдың 1002 мың тоннасын өткізу және 1 тоннадан алынатын
ренталық төлем 2 теңгеден болған жағдайда тіркелген төлемдердің жалпы
сомасы 2004 мың теңгені құрайтын болады. Банкілік несиеге қатысты
пайыздардың төлемдері кәсіпорынның несиелерге деген қажеттеріне және
мемлекеттің соларды пайдалануға қатысты белгілеген мөлшерлемелеріне
негізделумен жоспарланады.
Жоспарлау кезінде жалпы және есептік рентабельділік есептеледі.
Өндірістің жалпы рентабельділігінің деңгейі (Роб) келесі формула
бойынша белгіленеді (%):
Роб = Пб А · 100, (35)
мұндағы, Пб – баланстық пайданың сомасы, теңге; А – өндірістік қорлардың
орташа жылдық бағасы (теңге), ол негізгі өндірістік қорлардың және
нормаланатын айналымдық қаражаттардың (банкпен несиелендірілмеген) орташа
жылдық бағасына тең.
Негізгі өндірістік қорлардың орташа жылдық бағасын бастапқы баға
бойынша жоспарланып отырған жылдың басына қатысты сомаға немесе жоспарланып
отырған кезеңде қолданысқа енгізіліп жатқан және сатып алынып жатқан
негізгі өндірістік қорларды қайта бағалаудан кейінгі құнына, орташа жылдық
құнына негізделумен сол уақыт ішінде қолданыстан шығып жатқан негізгі
құралдардың ораташ жылдық бағасын шегерумен белгілейді. Нормаланатын
айналымдық құралдардың орташа жылдық бағасын жоспарланып отырған жылдың
басы мен соңына қатысты айналымдық қаражаттар сомасының жартысын және
жылдың қалған айларының алғашқы күніне арнап ескерілген нормаланатын
айналымдық қаражаттар сомасының жартысын он екіге бөлумен белгілейді.
Есептік рентабельділік Рр сонымен қатар есептік пайданың Пр өндірістік
қорлардың орташа жылдық бағасына қатынасы ретінде пайыздармен белгіленеді:
Рр = Пр А · 100.
(36)
Мысал. Өндірістің есептік пайдасы мен есептік рентабельділігін
есептеу.
Бастапқы деректер (мың теңге):
Баланстық пайда ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 3004
Соның ішінде:
тіркелген төлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..2004
өндірістік қорларға қатысты төлем ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 500
банкілік несие үшін пайыздар бойынша төлемдер ... ... ... ... ... ... ... ... .40
Кәсіпорынның өндірістік қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 6000
Есептік пайда келесі шаманы құрайды:
Пр = 3004 – (2004 + 500 + 40) = 460 мың теңге,
Ал есептік рентабельділік:
Рр = 460 · 100 6000 ≈ 7,7 %.
Жалпы рентабельділікке келесі өзгерістер әсер етеді: өнім бірлігіне
қатысты пайданың, сатылу көлемі мен құрылымының, негізгі қорлардың және
нормаланатын айналымдық құралдардың орташа бағасының, басқа құндылықтарды
сатудан болған қаржылық нәтижелердің өзгеруі, сондай-ақ сатудан тыс түскен
табыс пен шығындар. Осы факторлар бірлескен түрде әсер етеді және олардың
әрқайсысының әсерін тізбектік өрнектер құрумен белгілеуге болады.
Пайданың, сондай-ақ рентабельділіктің артуында шешуші мағынаға
өнімнің өзіндік құнының төмендеуі мен оны өндіру көлемінің артуы, сондай-ақ
өнім құрылымының (ассортиментінің) өзгеруі мен сапасының жақсаруы ие
болады. Өнімның сапасын жақсарту – кәсіпорын оңтайлығының артуының маңызды
шарты, себебі сапасы жоғары өнімді сату кезінде олар қосылған бағамен
сатылады. Рентабельділік пайданың күрделі салымдарға қатынасы ретінде
немесе пайданың акционерлік капиталға қатынасы ретінде есептеледі;
кәсіпкерлік жобаны жүзеге асырудың әр жылына арнап рентабельділік орташа
жылдық мағына ретінде есептеледі. Бұл ретте салық салу да ескеріледі.
Кәсіпорын ішінде оның бөлімшелері (цехтар мен телімдер) бойынша
өзіндік құнды, пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі әртүрлі әдістермен және
әртүрлі көрсеткіштердің көмегімен жүзеге асырылады. Кәсіпорын цехтары
бойынша пайда мен оңтайлықты жоспарлау ісі зауыт ішіндегі жоспарлық-есептеу
бағаларын белгілеуді қажет етеді. Әрбір цехқа арнап жоспарланған
көрсеткіштердің құрамы сол өндірістің ерекшеліктерін ескеруі тиіс және
мұқият негіздемелеуге жатады.
Мұнай өнеркәсібінде өндірістік қорларға қатысты төлемдер мемлекетке
пайыздық мөлшерлеме емес олардың бастапқы бағасына негізделумен төленеді;
еңбек ресурстарына қатысты төлем - әрбір орташа тізімдік қызметкер үшін
бекітілген норматив бойынша төленеді.
Өндірістің рентабельділігімен қатар экономикалық есептерде өнімнің
рентабельділігі анықталады, ол өнімді сатудан түскен пайданың соларды
өндіруге жұмсалған шығындарға қатынасымен белгіленеді. Өнімнің оңтайлығы
негізінен оның кең ассортименті кезінде аналитикалық мақсаттарда
қолданылады. Кәсіпорынның рентабельділігін арттырудың үлкен резервтері
өндірістік қуаттылықтар мен негізгі қорларды қолдануды жақсартуда, қор
қайтарылымын арттыруда жасырылған. Бұл ретте міндетті түрдегі шарт –
өндіріс көлемінің негізгі қорлар мен айналымдық құралдар бағасының өсуімен
салыстырғанда солардан бұрын өсуі.

2 Қазмұнайгаз АҚ-ның қаржылық жағдайын талдауда рентабельділігінің
рөлі

2.1. ҚАЗМҰНАЙГАЗ АҚ-НЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ

ҚазМұнайГаз ҰК АҚ – ұлттық мұнай-газ саласында қазақстандықтардың
мүддесін қорғаушы. Ол мұнай-газ саласындағы жобалардан  елімізге барынша
көп пайда түсуіне ат салысады. Осы мақсатта біздің Компания мына үш бағытта
жұмыс жүргізеді: экономикалық мүддені көздейді, стратегиялық мүддені
қамтамасыз етеді және тиімділігі жоғары халықаралық сыныптағы мұнай-газ
компаниясын құрады.
         Экономикалық және стратегиялық мүддеге мына бағыттағы іс-
әрекет арқылы қол жеткізуге болады:
1. Ресурстық  базаны дамыту
2. Мұнай-газ саласының инфрақұрылымын дамыту
3. Мұнай өңдеуді және мұнай химиясын дамыту
4. Бизнес географиясын кеңейту
5. Көмірсутекті тасымалдау бағытын диверсификациялау
6. Көлемді жобалардағы қазақстандық үлесті көбейту.
         Біз халықаралық сатыдағы компания болу үшін менеджмент
жүйесін тұрақты түрде жетілдіріп отырамыз. Біздің халықаралық стандарттар
талабына сай екендігіміз халықаралық аудиторлардың сертификатымен
дәлелденген. Біздің еншілес компаниямыз еліміздің болашағына ақша салу
мақсатында халықаралық қор нарығына шықты.
2002 жылы 20 ақпанда Қазақойл ҰМК мен Мұнай және газ тасымалы ҰК
базасы негізінде ҚазМұнайГаз Ұлттық мұнай-газ компаниясын құру жөнінде 
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына қол қойылды. Компания
көмірсутегі өндіру бойынша республикада алдыңғы қатарлы орынға ие,
магистральды құбыр жол арқылы мұнай тасымалдаудың 80 пайызын, газ
тасымалдаудың 100 пайызын, мұнай өңдеудің 50 пайызын қамтамасыз етіп отыр.
2009 жылы мұнай және газ конденсатын өндіру 9,5 млн. тоннаны құрап,
2002 жылмен салыстырғанда көмірсутегі өндіру 29 пайызға өсті.
2004 жылдан бастап ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясының бюджетке беретін
төлемінің өсім қарқыны әлемдік мұнай бағасының өсім қарқынынан әлдеқайда
асып түсті.
Компания кірісі 2009 жылы 812,2 млрд. теңгені құрап, 2002 жылмен
салыстырғанда екі еседен астам өскен. Компания 2009 жылы республика
бюджетіне әр түрлі төлемдер түрінде 233 млрд. теңге құйған, бұл шамамен
бюджет пайдасының 10 пайызы.
Қазіргі уақытта ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы 615 млн. тонна мұнай
ресурсына ие болып отыр. Бұл осы қарқынмен 30 жыл бой мұнай өндіруге
мүмкіндік береді. Алайда, компания елдің экомикалық мүддесі мен
энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін құрлық пен теңізде жаңа
кеніштерді барлап, игеруде.
ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы соңғы екі жылдың өзінде Солтүстік
Каспий жобасының 8 пайыздан астам  үлесін, ҚазГерМұнай бірлескен
кәсіпорнының 50 пайыздық, ПетроҚазақстан-ның 33 пайыздық үлесін сатып
алды. Болашақта Nations Energy компаниясының акцияларын сатып алу
принциптері Келісіміне қол қойылды.Болашағы зор Қытай нарығына жол ашатын
Атасу-Алашаңқай мұнай құбыры іске қосылды.
2009 жылы байырғы зауыттардың бірі – Атырау мұнай өңдеу зауытын қайта
жаңғыртудың бірінші кезеңі аяқталды. АМӨЗ-ын қайта жаңғырту шығарылатын
өнім сапасын Еуро-4 деңгейіне жеткізіп, экологиялық ахуалды жақсартуға
мүмкіндік береді.
ҚазМұнайГаз Барлау, Өндіру АҚ өз акцияларын Лондон қор биржасына
шығару нәтижесінде  2,3 млрд. доллар қаржы тартылды. Үстіміздегі жылдың
қаңтар айында депозитарлық қолхаттар мен акциялар IPO бағасы бойынша 35
пайызға өсті. Бүгінде  ҚазМұнайГаз Барлау, Өндіру АҚ капитализацияланған
листингтік компаниялардың қатарында, капитализация көлемі 8,7 млрд.
долларды құрап отыр. ҚазМұнайГаз Барлау, Өндіру АҚ жоғары эффективті
компания.
ҚазМұнайГаз  Ұлттық компаниясы ISO 9001, ISO 14001 және OHSAS 18001
халықаралық стандарттары бойынша сертификатталған.
Ұлттық компания жыл сайын әлеуметтік салаға 100 млн. доллардан астам
инвестиция салып отыр. Компания Доссор (Атырау облысы) елдімекенін газбен
қамтамасыз етуге, Жаңаөзен (Маңғыстау облысы) қаласында дене шынықтыру-
сауықтыру кешені мен 3 мың орындық стадион құрылысына, Ақтау қаласында
қонақ үй кешенін салуға, Тараз қаласында спорт кешенін салуға, Зерен
елдімекенінде сауықтыру кешені мен оқу орталығы құрылысына қаржы бөлді. Жыл
сайын Ақ бота (Атырау қаласы), Светоч (Астана қаласы) балалар үйіне,
Шырақ (Алматы қаласы) мүгедек әйелдер қауымдастығына, Қазақстан
Республикасы ардагерлері ұйымы бірлестігіне демеушілік көмек көрсетіледі.
Қазақстанның мұнай-газ саласындағы даму стратегиясын ҚазМұнайГаз
Ұлттық компаниясы айқындайды. ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы елді
экономикалық және әлеуметтік дамытуды басқарудың  ұлттық жүйесінің қажетті
компоненті. ҚазМұнайГаз өз болашағын елдің экономикалық мүддесін қорғау,
мұнай және газ өндіру, тасымалдау, өңдеу көлемін  арттыру, әлемдік
көмірсутегі нарығында Қазақстан Республикасының ұлттық мүдделерін қорғаумен
байланыстырады.  

“ҚазМұнайГаз” ҰК” АҚ 2005 жылдың бірінші жартыжылдығында атқарған
жұмыс қорытындысы және 2005 жылға арналған жоспары.
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы 2005 жылдың қаңтар-маусым айында 4 577
мың тонна мұнай және газ конденсатын өндірді, бұл өткен жылдың осы
кезеңімен салыстырғанда 332 мың тоннаға артық. Мұнай өндірісінің артуы жаңа
технологияларды қолдануға байланысты мүмкін болды. 2005 жылы 9  323 мың
тонна көмірсутегі өндіру жоспарланып отыр.
Үстіміздегі жылдың алты айында “Атырау МӨЗ-ы” ЖШС-і 1 798 мың тонна
мұнай өңдеді, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 37,4 пайызға
көп. “ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы ресурсынан 1 306 мың тонна мұнай
жеткізілді. Мұнай өнімдерінің шығарылымы да артты: бензин – 47,7 пайызға,
дизель отыны -  32,1 пайызға, мазут – 69,3 пайызға.
2005 жылдың қаңтар-маусым айында  “ҚазТрансОйл” АҚ жүйесі бойынша  18
380 мың тонна мұнай тасымалданды. 2005 жылы 36 574 мың тонна мұнай
тасымалданбақшы.              
2005 жылдың қаңтар-маусым айында  “Интергаз Орталық Азия” АҚ-ының
магистральды құбыр жолдары арқылы 64,8 млрд. текше метр газ тасымалданды,
бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,19 млрд. текше метрге 
артық. 2005 жылы 116,7 млрд. текше метр газ тасымалданбақшы.
Компания 2005 жылдың қаңтар-маусым айында 266 млрд. теңге табыс тапты,
бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 25,4 пайызға көп.
“ҚазМұнайГаз” 2005 жылы 581 млрд. теңге кіріс кіреді деп жоспарлап отыр.
Компания қарқынды инвестициялық саясат жүргізуде. Өз қаржысы есебінен
35,8 млрд. теңге, оның ішінде өндіріске 32 млрд. теңге инвестиция салды.
Бұл өткен  жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 1,2 есе көп. Компания 2005
жылы түрлі жобаларға 154,9 млрд. теңге көлемінде қаржы салмақ.
“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясына  бағынышты, еншілес компаниялар 2005
жылдың қаңтар-маусым айында Қазақстан Республикасының бюджетіне жалпы
сомасы 62,7 млрд. теңге салық құйды.
Барлау жəне өндіру секторы – Компанияның жүйе құрушы негізі. Оның қарқынды
дамуы Компанияның басқа секторлардағы (мұнай тасымалдау; мұнай өңдеу, мұнай
химия, мұнай мен мұнай өнімдерінің маркетингі; газ бизнесі) өсу
мүмкіндіктерін айқындайтын болады.
Осы уақытта ҚазМұнайГаз əлемдегі ең ірі 50 мұнай-газ компанияларының
қатарына кіреді жəне ҚР-да мұнайдың қорлары мен өндіру көлемдері бойынша ең
ірі компания болып табылады.
Орта мерзімдік перспективада ҚазМұнайГаздың ҚР мұнай өндіру
көлеміндегі үлесі азаяды, себебі өндірудің неғұрлым үлкен өсімі жоспарланып
отырған ең ірі жобалардағы (Теңіз, Қашаған) ҚазМұнайГаздың салыстырмалы
үлесі аз. Газ қорлары жəне оны өндіру көлемдері бойынша ҚазМұнайГаздың ҚР
нарығындағы позициясы əлсіз, негізінен, Қарашығанақ кен орнында үлесі
болмағандықтан. ҚазМұнайГаздың жаңа жобалар бойынша, оның ішінде əлемдік
сыныптағы бассейндерге жататын (2Р санатындағы ҚР қорларының жалпы
көлемінен 85%-тен артық) Каспий теңізінің қазақстандық секторында, жер
қойнауын пайдалану құқықтарын алуда басымдығы бар.
ҚазМұнайГаздың осы ресурстарды дербес игеру үшін жеткілікті
ресурстары (қаржы, технологиялар) жоқ. Осыған байланысты ҚазМұнайГаз
неғұрлым қиын жобаларды іске асыру үшін шетелдік əріптестермен
ынтымақтастықты дамытатын болады. ҚазМұнайГаздың басқа да елдерде
көмірсутегілерді барлау жəне өндіру жөніндегі жобаларға қатысуға
талаптануға мүмкіндік беретін бəсекелестік артықшылықтары жоқ. Осыған
байланысты, бастапқы кезеңде ҚазМұнайГаз шетелдік жобаларға қол жеткізу
үшін шетелдік əріптестермен ынтымақтастықты дамытатын болады.
Күшті жақтары
- Ұлттық компанияның мəртебесі,
- сұйық көмірсутегілердің қорлары 611,34 млн. тоннаны құрайды,
- ғаламдық мəні бар Теңіз жəне Қашаған жобаларына үлестік қатысу,
- қолма-қол ақшаның айтарлықтай көлемі;
Əлсіз жақтары
- ескірген жəне қатты тозған активтер санының өсуі,
- əлемнің мұнай-газ саласының көшбасшыларынан техникалық жəне технологиялық
тұрғыдан артта қалуы,
- əлеуметтік жүктеменің жоғары деңгейі,
- газ қорлары мен өндіру көлемдерінің аз болуы,
- Қарашығанақ жобасында үлесінің болмауы;
Мүмкіндіктері
- мұнай баламасы 1,3 млрд. тоннадан астам жиынтық болжамды шығарылып
жатқан көмірсутегі шикізаты бар жобалар портфелі мен перспективалық
жобалар,
- Қазақстандағы жобаларға ВИНК тарапынан жоғары қызығушылық,
- шетелдік жобалар жəне ауыр мұнай кен орындарын игеру жобалары есебінен
активтер портфелін əртараптандыру,
- ілеспе газды коммерциялау;
Қауіптер
- геологиялық тəуекелдер (күтілетін ресурстардың расталмауы),
- көмірсутегі шикізатының кен орындарын барлау жəне игеру жобаларының көп
қаржы талап етуінің өсуі,
- өндірудің өзіндік құнының өсуі,
- баға конъюнктурасы,
- экологиялық тəуекелдер,
- салалық ғылымның болмауы,
- сервистік инфрақұрылым қуаттарының тапшылығы.

Мұнай тасымалдау секторында
Мұнай тасымалдау жүйелері ҚР-дың экономикалық жəне энергетикалық
қауіпсіздігінің негізгі элементтерінің бірі, сондай-ақ ҚР-дың ғаламдық
экономикаға интеграциялануының құралы болып табылады.
ҚазМұнайГаз ҚР-дың мұнай тасымалдау жүйесін бақылайды, оның Каспий
теңізінде өзінің танкерлік флоты жəне Батуми қаласында (Грузия) порт
құрылыстары бар. Мұнай экспортының бағыттарын əртараптандыру ҚР-дың ұзақ
мерзімді саяси жəне экономикалық басымдықтарына сəйкес жүзеге асырылып
жатыр.
SWOT-талдау
Күшті жақтары
- ҚР-да магистральдық мұнай құбырларымен мұнай тасымалдау секторындағы
үстемдік орны,
- Каспий теңізінде өзінің танкерлік флотының болуы,
- тұрақты ақша ағындары,
- Компания бақылайтын шетелдік активтердің болуы;
Əлсіз жақтары
- мұнай тасымалдау жүйесінің жекелеген учаскелерінің əбден тозуының жоғары
деңгейі,
- қазіргі мұнай құбырлары жүйесінің жекелеген учаскелерін жүктеудің төмен
деңгейі,
- активтер қызметтің əлеуметтік-бағытталған түрлерін қамтиды (магистральдық
су құбыры жəне басқалары),
- Каспий теңізіндегі танкерлік тасымалдау нарығында үлесінің аз болуы;
Мүмкіндіктер
- мұнай тасымалдау жүйесінің техникалық интеграциясының аяқталуы,
- мұнай өндіру көлемдерінің өсуінің жоғары əлеуеті жəне мұнай өндіру
компанияларының жаңа экспорттық мұнай құбырларын салу жəне қолда бар мұнай
құбырларын кеңейту жобаларын қолдауға дайын болуы,
- транзиттік елдердің арасындағы бəсекелестіктің жоғары деңгейі,
- ҚР-да жаңа мұнай құбырларын жəне экспорттық терминалдарды салу, шетелдегі
жобаларға қатысу (мұнай құбырлары, терминалдар, флот) жобалары бойынша ҚР
Үкіметінің қолдауы;
Қауіптер
- мұнай құбырларын салу жəне қайта жаңғырту жобаларының көп қаржы талап
етуінің өсуі,
- транзиттік елдердің тəуекелдері,
- Каспий маңы елдерінің танкерлік флоттарымен бəсекелесу шарттарының ашық
болмауы,
- елдің батыс аймағында су тұтынудың өсуіне байланысты мұнай тасымалдаудан
түсетін кірістер есебінен u1089 су жеткізу қызметтерін субсидиялау
көлемдерінің ұлғаюы.
Мұнай өңдеу жəне мұнай өнімдерінің маркетингі секторында
Мұнай өңдеу саласын дамыту ҚР энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз
ету жəне
экономикасының өсу қарқынын сақтау үшін өте маңызды болып табылады.
ҚазМұнайГаз ҚР-дағы екі мұнай өңдеу зауыты мен өңдеу қуаттарының шамамен
50%-іне ие. ПМӨЗ акциялар пакетін сатып алу Компанияға ҚР мұнай өңдеу
нарығында басымдық орын алуға мүмкіндік береді. ҚазМұнайГаздың ҚР мұнай
өнімдерінің бөлшек сауда нарығындағы үлесі көп емес
(шамамен 5%). ҚазМұнайГаздың халықаралық активтерінің арасында – артық
өндірістік қуаттардың айтарлықтай көлемімен сипатталатын нарықтағы
Petromidia жағалаулық өңдеу кешенін пайдаланатын Rompetrol компаниясы.
Сондай-ақ Rompetrol Румыниядағы, Болгариядағы, Франциядағы, Албаниядағы,
Молдова мен Грузиядағы бөлшек сауда саласындағы активтерге ие. ҚазМұнайГаз
шикізатпен қамтамасыз ету, мұнай өңдеу саласын қайта жаңғырту жəне мұнай-
химияны дамыту мəселелерін шешу бөлігінде Үкіметтің тарапынан белсенді
қолдауға мұқтаж болып отыр.
SWOT-талдау
Күштіжақтары
- ҚР мұнай өңдеу нарығындағы күшті позициялары (АМӨЗ, ПКОП, ПМХЗ),
- шетелде меншікті өңдеу қуаттарының болуы (Rompetrol),
- ҚР-дағы меншікті АҚС пен мұнай базалары жүйесі,
- ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өндіріс рентабельділігі туралы ақпарат
Өнімнің өзіндік құнын төмендету және пайда,рентабельділікті арттыру әдістері
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
Кәсіпорынның негізгі қорларын тиімді пайдалануын талдау
Өнімнің өзіндік құнын төмендету
Табыс (пайда) және өндіріс рентабелділігі
Өнімнің өзіндік құнын төмендету, пайда, рентабельділікті арттыру әдістері жайлы ақпарат
Капитал тартудың көздері мен әдістері
Нарықтық экономика жағдайындағы еңбек ресурстарын пайдалануды ұйымдастыру және оны жетілдіру жолдары
Өндірістің табыстылығын арттыру жолдары
Пәндер