Бандитизм қылмыстық-құқықтық сипаттамасы



КІРІСПЕ
I. Бандитизм ұғымы, бандитизм құрамын қылмыстық құқықтық талдау
§1.1. Бандитизм қылмысқа қатысушылық институтының бір нысаны ретінде
§1.2. Бандитизм объектісі және объективті жағы.
§1.3. Бандитизм субъектісі және субъективтік жағы.
II. БАНДИТИЗМ ЖӘНЕ ҚАРУЛАНҒАН ҚАРАҚШЫЛЫҚ ТОП: ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН ДӘРЕЖЕЛЕУ ЖӘНЕ АЖЫРАТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Соңғы жылдары елімізде ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын қылмыстардың саны өсе түсуде. Оған басты себеп экономикамыздың төмендеуі, халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, жұмыссыздық.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ішіндегі қауіптісі бандитизм болып табылады. Бандитизммен күресу, алдын алу, саралау мәселелері қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда мемлекетіміздің президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 жылы қылмысқа қарсы күресті күшейту мәселелері жөнінде мемлекетіміздің бірқатар министрлері мен лауазымды адамдары қатысуымен болған кеңесте сөйлеген сөзінде: «Біз тұтастай алғаңда базарлар мен жайма базарлардағы қара дүрсін рэкеттің жолын қидық, онда тәртіп ұлғайып келеді. Бандиттер кәсіпкерлер мен банкирлерден ашық алым талап етпейтін болды. Бірақ бұл ұйымдасқан қылмысты түпкілікті жеңе алдық дегенді тіпті де білдірмейді» деді. Бұл жерден Елбасымыздың ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді тиісті органдардың басшылары мен қызметкерлеріне міндеттеп тапсырып отыр. Бұл қылмыстық яғни бандитизмнің апіылмай қалып отыруының басты себебі. Елбасымыз айтқандай: құқық қорғау органдарында «крышаларының» болуы.
Көп жылдар бойы Мемлекетімізде бандитизм жоқ және болуы мүмкін емес деп есептелінді. Бола қалғанның өзінде социалистік қоғамның басқа қоғамдардың арасында беделін түсіреді деп санады. Бандитизм барлық мемлекеттерде өте қауіпті қылмыстар ретінде қарастырылды.
Қазіргі танда, ұйымдасқан қылмыстылықпен белсенді күрес жүргізіп отырған шақта, бандитизм қүрамын теория тұрғысынан талдап, жан-жақты сипттама беру актуалды мәселелердің бірі болып отыр.
І. Нормативтік актілер:
1. ҚР Конституциясы.
2. ҚР Қылмыстық кодексі, 1997 Ібшілде.
3. ҚР Қылмыстық істер жүргізу кодексі, 1997 16 желтоқсан.

II. Арнайы әдебиеттер:
1. Аминов Д. И. «О некоторых подходах к новым признакам организованных преступных групп в уголовном праве»М.1996.
2. АнтонянЮ.М. «Взаимодействие личности и конкретной жизненной ситуации перед совершением преступления» МЛ980
3. Водько М.В. «Уголовно-правовая борьба сорганизованной преступностью» М.1999.
4. Гаухман А.Д. «Соучастие в преступлении» МЛ998.
5. Дагель П.С. Котов Д.П. «Субъективная сторона преступления и ее усто-новления» Воронеж 1974.
6. Злобин Г.А , Никифоров Б.С. «Умысел и его формы» МЛ 972
7. Ю.Б.Мельникова, Т.Д.Устинова «Бандитизм опасное преступление, пося¬гающие на законные права и интересы граждан»М.1995.
8. Ковалев М.И. «Соучастие в преступлении» Свердловск 1962.
9. Кригер Г.Л. «Ответственность за разбой» МЛ 968.
10. Ророг А.И. «Общая теория вины в уголовном праве

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
Аннотация

Жобаны орындағандар: Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті Заң
факультетінің 2 курс студенттері Махметова Айша, Муканова Мөлдір, Ершеева
Жазира

Жобаның тақырыбы: Бандитизм қылмыстық-құқықтық сипаттамасы.

Жобаның мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы бандитизмге қарсы күрестің
тиімділігін арттыру.

Жобаның міндеттері: 1.бандитизмнің объектісі және объективтік жағын
қарастыру.

2.Бандитизмнің субъектісін және субъективтік жағын ашу.

3.Бандитизмнің басқа қылмыстармен айырмашылығын және ұқсастығын көрсету.

Жобаны зерттеу әдістері: Қазақстан Республикасындағы бандитизмді зерттеуге
арналғандықтан талдау әдісі, осы құбылыстың себептерін анықтау,ерекшелігін
анықтау үшін салыстырмалы әдіс, салыстырмалы-тарихи әдіс, бақылау әдістері
қолданылды.

Ұсыныс: Еліміздің экономикасын одан ары дамыту, халықтың жағдайын жақсарту,
жұмыссыздықты жою.

Құқық қорғау органдарына бандитизммен күресуді міндеттеп тапсыру, олардың
жұмысын бақылау және жетілдіру.

Мектептерде немесе жоғары оқу орындарында арнайы бандитизм және оны алдын
алу жолдары туралы лекциялар оқу, іс-шаралар жүргізу. Халыққа бандитизмнің
қоғамдық қауіптілік дәрежесін түсіндіру.

Бандалық топтың негізгі белгілерінің бірі – қаруланғандылық, сондықтан
еліміздегі заңсыз қару сататын орындарды анықтап, оларды жою мақсатымен
белгілі бір жазалар қолдану – алдыңғы міндеттердің бірі.

КІРІСПЕ

Соңғы жылдары елімізде ұйымдасқан қылмыстық топтар жасайтын
қылмыстардың саны өсе түсуде. Оған басты себеп экономикамыздың төмендеуі,
халықтың әлеуметтік жағдайының нашарлауы, жұмыссыздық.
Қоғамдық қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың ішіндегі
қауіптісі бандитизм болып табылады. Бандитизммен күресу, алдын алу, саралау
мәселелері қазіргі кезде өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Осы орайда
мемлекетіміздің президенті Н.Ә. Назарбаев 2005 жылы қылмысқа қарсы күресті
күшейту мәселелері жөнінде мемлекетіміздің бірқатар министрлері мен
лауазымды адамдары қатысуымен болған кеңесте сөйлеген сөзінде: Біз
тұтастай алғаңда базарлар мен жайма базарлардағы қара дүрсін рэкеттің жолын
қидық, онда тәртіп ұлғайып келеді. Бандиттер кәсіпкерлер мен банкирлерден
ашық алым талап етпейтін болды. Бірақ бұл ұйымдасқан қылмысты түпкілікті
жеңе алдық дегенді тіпті де білдірмейді деді. Бұл жерден Елбасымыздың
ұйымдасқан қылмыстық топтармен күресуді тиісті органдардың басшылары мен
қызметкерлеріне міндеттеп тапсырып отыр. Бұл қылмыстық яғни бандитизмнің
апіылмай қалып отыруының басты себебі. Елбасымыз айтқандай: құқық қорғау
органдарында крышаларының болуы.
Көп жылдар бойы Мемлекетімізде бандитизм жоқ және болуы мүмкін емес
деп есептелінді. Бола қалғанның өзінде социалистік қоғамның басқа
қоғамдардың арасында беделін түсіреді деп санады. Бандитизм барлық
мемлекеттерде өте қауіпті қылмыстар ретінде қарастырылды.
Қазіргі танда, ұйымдасқан қылмыстылықпен белсенді күрес жүргізіп
отырған шақта, бандитизм қүрамын теория тұрғысынан талдап, жан-жақты
сипттама беру актуалды мәселелердің бірі болып отыр.

I. Бандитизм ұғымы, бандитизм құрамын қылмыстық құқықтық талдау
§1.1. Бандитизм қылмысқа қатысушылық институтының бір
нысаны ретінде

Қылмыстық заң шығарушылық институттарының және нормаларының жүйесінде
қатысушылық институты маңызды орын алады. Ол өзінің қызметтік ролінде
қьлмыстық заң шығарушылықтың жалпы мақсаттарына тәуелді болады, яғни адам
мен азамат еркіндігі мен бостандығын, құқығын, меншігін, қоғамдық
қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті, қоршаған ортаны, ҚР Конститутциялық
құрылысын қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау, сонымен қатар қылмыстан
ескерту болып табылады.
Бірігіп қатысушылық институтының ҚР қылмыстық құқығында алатын арнайы
маңызын келесілерден көруге болады:
• қылмыстық кодекстің ерекше бөлімімен қарастырылмаған қоғамға қауіпті
әрекеттер түрлерін бекіту, бірақ олармен күресудің кылмыстық-құқықтық
әрекеттерді талап ететін;
• жасаған әрекеттерінің жауаптылық жағдайын және қағидаларын белгілейді;
• қылмыс жасауға бірге қатысқан тұлғаларға жаза тағайындауды анықтайтын
критерийлерді құрастырады;
• ұйымдасқан қьлмыстық қызмет формаларын анықтау кезінде теориялық негіз
ретінде қызмет ету.
Құқық теориясында бірігіп қатысушылық институтының тағайындалуына
байланысты бірнеше көзқарас бар. Жекелеген авторлар қатысушьшық институтын
қьлмыстық репрессияны күшейту құралы ретінде қарастыру керек дейді. М.А.
Шнейдердің пікірінше, қатысушылық әрқашан қылмыстық қоғамдық қауіптілігін
ауырлататын жағдайлар болып табылады және қылмыскердің өзінің қауіптілік
дәрежесін сипаттайды Ал, Л.Д. Гаухман мынандай пікірді ұстанады: бірігіп
қатысушылық қылмыстық жауаптылықтың негіздеріне ешқандай ерекшеліктер
туғызбайды, қылмыстық құқығы бойынша жауаптылықтың жалпы жағдайларын
қолданады .
Қылмысқа қатысушылық деп - ҚР қылмыстық кодекстің 27 бабына сәйкес екі
немесе одан да көп адамның қылмыс жасауға қасақана бірлесіп қатысуы болып
танылады. Қылмыс жасаудың ерекше формасы ретінде қатысушылық объективтік
және субъективтік белгілерінің бірнешеуімен сипатталады.

Қылмысқа бірігіп қатысушылықтың заң шығарушылық анықтамасы арнайы үш
белгіден тұрады:
1. Қылмысқа екі немесе одан да көп адамның қатысуы;
2. Олардың қызметінің біріккен түрде болуы;
3. Олардың қасақана қьлмыс жасауға, қасақана бірлесіп қатысуы. Алдыңғы екі
белгі объективтік сипатта болады, олар қьлмыстың топ қызметінің ішкі
ерекшеліктерін сипаттайды, ал үшінші белгі - субъективтік белгіге жатады.
Заңға сәйкес бірігіп қатысушылар санының ең төменгі саны екі адам, екеуінің
де ақьл-есі дұрыс және заңмен белгіленген жасқа жетуі қажет. Қылмысты екі
адам жасады, бірақ олардың біреуінің ақьл-есі кем, екіншісі заңмен
белгіленген жасқа толмаған. Мұндай жағдайларда олар қьлмыс субъектісі бола
алмайды, сондықтан бұл жерде бірігіп қатысушылық туындамайды.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінде қьлмыстық топтарға қатысушьшардың
саны анықталмайды. Бұны бірігіп қатысушылық құрамының барлық жағдайларында,
сонымен қатар қылмыстық топтарда бірігіп қатысушылық саны жөніндегі мәселе
бірге қарастырылып шешіледі, бірігіп қатысушылық екі немесе одан да көп
адамдардың әрекетінен туындайтындығымен түсіндіруге болады. Бірігіп
қатысушылық институтының фундаментальды ережесі болып, бандалық топ жасаған
қылмыстарына екі немесе одан да көп адамдарының қатысуының объективтік
белгілерінде болып табылады. Бірігіп қатысушылықтың объективтік белгісінің
бірі ол қатысушылардың қызметінің бірігіп әрекет етуі болып табылады.
Заңдарды талқылау, заң әдебиеттерін талдау, сонымен қатар Жоғары Сот
пленумы қаулыларының материалдары бірігу, бірігіп қатысушылық белгісі
материалдың құрамдарда объективтік белгісін келесілерден тұратындығын
аныктайды:
а) қатысушылардың органикалық байланыстары, әрқайсысының әрекеті қажетті,
басқалардың қылмыстық әрекеттеріне жағдайы болып табылады; б) олардың
қылмыстық әрекеттерінің қортыңдысы жалпы болып табьшады; в) қатысушылардың
әрқайсысының әрекеті келтірілген кылмыс қорытындысының жалпы байланысында
болып табылады.. Қасақаналықтың интелектуалдық элементі екі субъективтік
белгісімен сипатталады. Біріншіден, өзара мәліметтілік және екіншіден өзара
келісімділік. Өзара мәліметтілік (осведомленность) қатысушылардың
қасақаналық элементі ретінде, олар яғни орындаушы, көмекші және т.б.
өздерінің қылмысты жалғыз жасамайтыңдығын түсінеді, бірігу барысында қылмыс
жасауға басқа тұлғаларды қосу ретінде көрініс табады. Мұндай мәліметтілік
әрбір қатысушыға сонымен қатар

орындаушыға міндетті болуы тиіс. Орындаушының ойластырылған әрекеттерінен
хабардар болуы қатысушының, орындаушының қасақана жасалатын әрекеттерімен
келісш қана қоймай сонымен қатар онымен бірге қасақаналық әрекеттер жасауға
қатысады. Екіншіден,өзара мәліметтілік әрбір қатысушы басқа қатысушы
жасайтын кез-келген әрекетті емес сонымен қатар нақты қылмыстар немесе
бірнеше қылмыстар жасайтындығы жөнінде хабардар болады және оны көре
біледі. Үшіншіден, әрбір қатысушы өз әрекеттерінің қоғамға қауіпті сипатта
болатындығын түсінеді, сонымен қатар қылмыстың нәтижесінде зиянның болмай
қоймайтындығын түсінеді. Өзара келісімділік. Қатысушылықтың субъективтілік
элементі ретінде қасақаналықтың еріктілік элементіне сәйкес келеді. Тұлға
басқа тұлғамен қылмыс жасауға өз ойын және тілегін білдіруінде болып
табылады. Мұндайда келісушіліктің субъективтік көрінісі яғни қатысушылардың
психологиялық байланыстары, субъективтік жағынан олардың қызметінің
келісімділігін сипаттайды. Келісімділіктің болмауы субъективтік белгісі
ретінде қатысушылықты болдырмайды. Келісімділік қатысушылық басталатын
алдын-ала сөз байласуды көрсетеді.
Л.Д. Гаухманның, М.А. Шнейдердің, П.И. Гримаеваның, Г.А. Кригердің
және М.Н. Ковалевтің зерттеулерінде қатысушылықтың екі түрлі көрініс
табады:
• жәй (бірігіп орындаушьлық) ал, субъективтік жағынан біркінәлілік.
• күрделі, онда әр қатысушы сипатына қарай әртүрлі әрекеттерді
орындайды, субъективтік жағынан қатысушьлық тар мағынада жәй
сөз.
Күрделі қатысушылық немесе әртүрлі рольдерді орындау
қатысушьлығы, келесідей элементтермен сипатталады. Күрделі қатысушылық
кезінде қылмыстың объективтік жағын құрайтын әрекеттер кінәлімен әр түрлі
рольдерді орындауымен жүзеге асырылады (орындаушы, ұйымдастырушы,
итермелеуші, көмекші және т.б.). Қатысушылардың жекелегендері әрекеттерді
орындауға мүлдем қатыспауына болады, сонымен қатар олардың қылмыс жасауға
да қатыспауларына болады. Аталған қатысушылық түрінде міндетті болып
орындаушы және бір көмекші табылады.
ҚР Қылмыстық кодекстің 31 бабаына сәйқес қылмысқа қатысу нысаңдары
көрсетілген. Бұл бапта қылмысқа қатысу нысанының төрт түрі көрсетілген:
а)қылмыс жасауға екі немесе одан да көп орындаушы күні бұрын сөз байласпай
бірлесіп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс; б) қьлмысқа бірлесіп
жасау туралы күні бұрын уағдаласқан адамдар қатысса ол адамдар тобы алдын-
ала сөз байласып жасаған қылмыс; в) қылмысты бір немесе бірнеше қылмыс
жасау үшін күні бүрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол
ұйымдасқан топ жасаған қылмыс;
ғ) қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшін құрылған, бірігіп
ұйымдасқан топ (ұйым) немесе сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың
бірлестігі жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс
деп табылады. Бандитизм қылмысқа қатысу нысандарының төртіншісіне жатады.
Енді бандитизм ұғымына тоқталып өтейік. Бандитизм бұл ҚР Қылмыстық
кодексінің 237 бабының бірінші тармақшасына сәйкес азаматтарға немесе
ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында қарулы топ (банда) құру, сол сияқты
осындай топты басқару болып табылады. Бандитизмнің қылмыс ретінде, ауыр
қылмыстардың қатарына жатқызылады. Оның басты себебі - бұл қылмыс қоғамдық
қауіпсіздік пен тәртіп негізіне, жекелеген денсаулығына, меншігіне, мекеме
ұйымдардың қалыпты қызмет етуіне қол сұғуында болып табылады. Банда келесі
белгілермен сипатталынатын қылмыстық топ санатына жатқызылады: тұрақтылық,
қаруланғандылық, құрамында бірнеше адамның болуы (кем дегенде екі адам),
арнайы азаматтарға, ұйымдарға, мекемелерге шабуыл жасау мақсатында құрылуы
белгілерін айтуымызға болады. Келесі мәселе бұл бандитизмнің даму тарихы.
1917 жылдардағы Азамат соғысы. Бұл соғыс барысында қоғамға қауіпті деген
қылмыс қатарына: әскери қызмет ережелерін бұзу, бандитизм, тонау және басқа
қол сұғушылықтар жатқызылды. Сол кездегі өте қауіпті қылмыстардың бірі
бандитизм болып табылды. Бандитизм қауіптілік дәрежесі бірнеше жағдайлармен
байланысты болды. Революцияға қарсы ұйымдар әр түрлі банда-шайка топтарының
мүддесін қолдады. Екіншіден, банданың шабуылдары жас Кеңестік Мелекеттік
негіздеріне қол сұқты. Үшіншіден, Октябрь революциясынан кейін бандитизм
кең етек жая бастады. Тек бір Одессаның өзінде 1918 жылы отыз мыңға жуық
банданың элементтері көрініс тапқан. Сонымен қатар бұл қылмыс 20-30 жылдар
арасында да саны жағынан өсе түсті. Мысалы, Кеңес Одағында милиция және
жедел іздестіру органдарында бандитизмге байланысты 1924 жылы 3897, 1925
жылы 3338, ал 1920 жылдың алғашқы үш кварталында 465 қылмыс қарастырылған.
Отызыншы жылдары жас Кеңестік Мемлекетке бандитизмге байланысты тағы күресу
қажет болды. Бұл жолы мелекеттің саясатына қарсы банда-кулак топтары
көрініс тапты. Бұл кездегі бандитизм өзінің сипаты бойынша Кеңестік билікке
қарсы болды. Банда-кулактар жергілікті мекендердегі тұрғындарды қорқытып
мал-мүлкін тартып алып отырган.Одан кейінгі бандитизмнің дамыған кезеңі ол
Ұлы Отан Соғысы жылдарынан басталады. Бұрынғы кулактар ұсталмай қалып
кеткен ақ гвардияның солдаттары мемлекеттің ауыр күндерді кешіп отырғанына
қарамастан мемлекетке, азаматтарға қол сұғушылықтарды жүзеге асырды.
Сонымен қатар бандалық шабуылдардың жоғарғы деңгейде соғыстан кейінгі
алғашқы жылдарында көрініс тапты. Бұған себеп Қызыл Армия қатарынан
солдаттар мен офицерлерді демоблизациялау өз ықпалын тигізді. Бұл кезеңдегі
бандитизмнің дамуына бірнеше факторлар өз әсерлерін тигізді: азық-түлікпен
және киіммен қамтамасыз етілмеуі, неміс әскерінің басып алған жерлерінде
қару-жарақтың көптеп қалып кетуі, адамдардың көбісінің еңбек етуге жарамай
қалғандығы сияқты факторлар әсерін тигізіп, бандалық шабуылдар жасауға алып
келді.

§1.2. Бандитизм объектісі және объективті жағы.

Бандитизм объектісі. Қол сұғушылық объектісі қылмыстың маңызды және
қажетті элементтерінің бірі болып табьлады. Оның қызметтік ролі екі негізгі
функциямен аныкталады. 1. Объект қьлмысты бағалау, оның қоғамға
қауіптілігін анықтау, қылмыстың әлеуметтік саяси дәрежелігін анықтауда
шешуші роль атқарады; 2.Объект қылмысты ғылыми және зандық тұрғыдан
топтарға саралауға мүмкіндік береді. Әрекет етіп отырған қьлмыстық кодексте
объектінің жалпы анықтамасы берілмеген. Объектіге арналған арнайы
зерттеулер барысында, оның, яғни объектінің көптеген сұрақтары дұрыс
зерттелмеген. Қылмыстың объектісін зерттеген авторлар бір пікірмен ғана
келіседі: объект бұл қоғамдық қатынастар. Қандай қоғамдық қатынастарға
тікелей және ең алдымен нұқсан келеді, бұл жайында қылмыстық құқық
теориясында қълмыстың жалпы топтық және тікелей объектісін бөліп шығару
дәстүрге айналған. Жалпы объект бұл - қылмыстық құқық нормаларымен
қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Жалпы объект барлық
қылмыстарға бір.
Оның анықтамасы мемлекетіміздегі қылмыстардың топтық табиғатын ашуға
мүмкіндік береді. Топтық объект болса біртектес және бір-бірімен тығыз
байланысты қоғамдық байланыстар болып табылады. Топтық объект қылмыстық
әрекеттердің қоғамға қауіптілік дәрежесін, оның деңгейін анықтауда маңызы
зор. Әдебиеттерде бандитизмнің топтық объект ретінде Мемлекеттің басқару
негіздері болмаса қоғамның қауіпсіздігінің негіздері екенін анық көруге
болады. Бірақ, бандитизмнің топтық және тікелей объектілері, оның құрылысы
және мазмұны жоспарында сараланбаған.
Тікелей объект бұл - нақты қатынас немесе бір-бірімен тығыз байланысты
бірнеше қатынас. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың қоғамға қауіптілік
дәрежесін анықтауға және оның әлеуметтік сипаттамасын дұрыс беруге
мүмкіндік туғызады. Нақты қоғамдық қатынасты бөліп шығару өте қиын, оның
элементі басқа қоғамдық қатынастікі болуы мүмкін.
Бандитизмнің тікелей объектісінің құрылымдық элементтерінің
саралануына көңіл бөлейік. Субъектілер. Кез-келген қоғамдық қатынастар да
субъект болады, субъектісіз қоғамдық қатынаста болмайтынын дәлелдеудің
қажеті жоқ деп ойлаймын. Қоғамдық қатынастардың қатысушьшары болып занды
және жеқе тұлғалар болып табылады. Нақты қандай қоғамдық қатнастарға құқық
бүзушылық бағытталғандығы субъектімен анықталады. Мұндай қатынастар екі
жеке тұлға арасында немесе заңды тұлға мен жеке тұлға арасында туындауы
мүмкін. Бұндай жағдайда субъектілердің қоғамдық қатынастардың тең қажетті
элементтері екендігін естен шығармағанымыз жөн.
Бандитизмнің қьлмыс ретіндегі ерекшелігі, бұл қылмыстың объектісі зиян
келтіруі әр түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Олардың біріне қылмыс
субъектісіне ықпал ету жолын жатқызуға болады.Бұндай жағдайда қатынасқа
қатысушыны жәбірленуші деген атпен қарастырады. Қылмыстық істер жүргізу
заңында оған келесідей анықтама береді: Жәбірленуші дегеніміз қылмыстың
салдарынан материалдық және моральдық зиян шеккен адам Жәбірленуші
қылмыстың дара элементі болып табылмайды. Жәбірленуші қылмыстық заңдармен
қорғалатын қоғамдық қатынастармен байланысты болатын болса, онда ол қылмыс
объектісіне жатқызылады.
Объектінің жүйесінде екінші құрылымдық элемент ретінде пән табылады.
Құқық бұзушылық пәні қылмыстың объектісін ауыстыра алмайды және ауыстырмауы
қажет. Ол тек қана объектінің бір құрылымдық элементі ғана болып табылады.
Біріншіден, ол тек объектінің тек құрамдас бір бөлігі және екіншіден, пәнге
ешқандай зиян келмеуі мүмкін, ал объектіге әрқашан зиян келтіріледі. Егер
де қатынас пәнінде идеологиялық

және әлеуметтік бағалықтар болатын болса, ол қылмыскердің тарапынан
тікелей ықпалын тигізбейді. Бандитизмнің пәні өзінің мазмұны бойынша
күрделі сипатта болады.
Әлеуметтік пайдалы қызмет: бұл субъектілердің арасындағы, қоғамдық
қатынастар арасындағы байланыс болып табылады. Субъектілердің арасындағы
байланыс екі формада көрініс табады. Біріншіден: қатысушьшардың белсенді
қызметі асырылады. Екіншіден: бір-біріне тәуелді түрінде жүзеге асырылады.
Біріншіге мысал ретінде құқық қорғау орғандарының қоғамдық тәртіпті
сақтауға бағытталған қызметін жатқызсақ, екіншіге меншікке байланысты
мысалдар келтіруімізге болады.
Бандитизмнің осы тікелей объектісін мойындау, бандитизмнің объективтік
жағына негізделеді. Тұрақты қаруланған банданың болуы, оның мүшелерінің бір
уақытта әртүрлі қоғамдық қатынастар сипатындағы құқыққа қайшы әрекеттерінің
болуы анықталады. Банда өзінің қызметін әр түрлі әдістермен және формамен
жүзеге асырады. Бұндай формалар бандының мәнінен туындайды, яғни бірнеше
тұлғаның бандалық қызметінен туындайды. Аталғанның барлығы қылмыскерлерге
жасалуы мүмкін, құқық бұзушылықтардың арасындағы шекарасының ауқымын
үлкейтіп бір тұлға немесе қылмыстық ұйым жасай алмайтын қылмыстар жасайды.
Бандитизм іс бойынша бірнеше жай қылмыстардың жасалуы (жеке басқа қарсы
кұқық бұзушылық, меншік, мекеме және ұйымдардың қызметі) бұлардың
әрқайсысында өзіне тән объектілері бар. Бірақ бұл қол сұғушылықтар бір-
бірімен тығыз байланыста болады. Бұндай қол сұғушылықтар топтың
субъектілерімен және ерекше сипаттағы әдістермен жасалынады. Сондықтан бұл
жай ғана бірнеше қол сұғушылықтардың біріктірілуі емес, жаңа сапалы
қылмыстар яғни қауіптілігі жеке алынған қылмыс элементерінен анағұрлым
жоғары болады.
Бандитизмнің заңдық табиғаты, ол бірнеше әрекеттерді біріктіреді.
Олардың әрекеттері мен объектілері, бағыттары әр түрлі болады. Соның
салдарынан жаңа қылмыстар туындайды.
Осы жағдайларды ескеріп заң шығарушы бандитизм белгілерін тізбектеп
көрсеткен кезде, оны күрделі қылмыс құрамына жатқызады.
Ол екі немесе одан да көп жәй құрамдардан құрылады, олардың әр
қайсысы күрделі құрамда мәнін жоғалтып, толық күрделі құрамның жүйесінде
болады. Бандитизм объектісі шабуыл жасау барысындағы натгы сипаттағы
салдарын бағалауды міндеттейді. Бұндай шешім міндетті болмаған жағдайда,
бандалық шабуылдардың қоғамға қауіптілігін дұрыс бағалауға, кінәлі
тұлғаларды жауапқа тартуға мүмкіндік бермейді. Сот практикасын талдау,
соттардың өз қызмет барысында, бұндай жағдайда объектіні көрсетумен
шектелмейді және шабуыл жасау нәтижесінде келтірілген салдарды көрсетеді.
Бандалық шабуыл жасау барысында, әртүрлі қоғамдық қатынастарға нұқсан
келтірілген жағдайда келесі маңызды сұрақты анықтауға міндеттейді:
Мұндай әрекеттер тек бір нормамен сараланады ма, немесе дәрежелігіне
байланысты саралануы қажет не деген сұрақтар. Қазіргі кездегі көзқарастар
бойынша банданың жасаған әрекеті бандитизм деп есептелінеді және кісі
өлтіру, зорлау, ұрлық сияқты қылмыстар бойынша қосымша саралауды қажет
етпейді. Бандитизмнің зияны неден тұрады, оның жасалу механизмін анықтап
алмасақ, бандитизм мен оның объектісі толық болмайды. Кез-келген қылмыс
қортындысының мәні қылмыскер өзінің жасаған әрекетінен белгілі қоғамдық
қатынастар өзгеруіне алып келеді. Бұл өзгерістердің көлемі мен деңгейі
қылмыстық материалдық мазмұны мен анықталатын әрекеттің қоғамдық қатынаста
объективтік тұрғыда көрініс табады. Объект бір-бірімен байланысты
элементтерден тұрады. Осы элементтердің біреуіне ықпал ету барысында
объектінің, жүйесінің өзгеруі мен бұзылуына алып келеді. Бандитизм
барысында, күш қолдану барысында, ең бірінші орында қоғамдық қатынас иелері
қауіпті жағдайда қалады.
Осындай жағдайда жеке басқа қол сұғушылық немесе жәбірленушілер құқығы
қоғамдық қатынастардың бұзылу формасы болып табылады. Оның қатысушьшары
жәбірленуші болып табылады. Ал, жәбірленушіге зиян келтіру, объектіге зиян
келтіру құралы ретінде роль атқарады.
Жоғарыда аталып көрсетіліп кеткендей, бандитизм сипаттамасы бойынша
оның салдары әртүрлі. Ең алдымен оны бөлуге болады: зиян келтіру қаупін
туғызу және нақты зиян келтіру. Заң шығарушы қаруланған, тұрақты банданың
қоғамдық дәрежелігін ескеріп, қылмысты осындай банда құрған кезден бастап
аякталған деп санайды. Ол жаңадан құрылып ешқандай қол сұғушылық
жасамағанымен заң шығарушылық банда құруды аяқталған қылмыс деп есептейді.
Банданың өмір сүруі өмірімізде барлығы объективті факт, яғни оны тиісті
белгілерімен сипаттауға болады. Ол белгілерді Г.Л. Кригер бьшай сипаттайды:
тұрақты банданың болуы; арнайы мақсаттар үшін бірігуі; мүшелерінің
қаруланғандығы.
Бандитизм салдарынан келген накты зиян әртүрлі жолдармен көрініс табуы
мүмкін. Ол жеке зиян болуы мүмкін. Олардың қатарына: жеке басқа әртүрлі
дәрежедегі зиян келтіру, материалдық зиянға, жеке меншікке зиян келтіру,
ұйымдастырушылық зияндар, қоғамдық қайта құру, мемлекеттік және жеке мекеме
ұйымдардың қызметіне нұқсан келтіру, қоғамдық тәртіпті және азаматтардың
тыныштығын бұзу. Соңғы зиян келтіру қатарына идеологиялық, оның қатарына:
азаматтардың өз қауіпсіздігіне деген сенімдерін бұзу, конституциялық
құқықтары мен еркіндіктерін кедергісіз жүзеге асыру және тағы басқа
зияндарды атап көрсетсек болады.

Бандитизмнің объективтік жағы.
Бандитизмнің объективтік жағының орталық мәселесі болып банданың
анықтамасы мен оның белгілерін анықтап алу болып табылады. Қылмыстық
құқықта банда бұл- біріккен қылмыстык қызметтің ең қауіпті формасы болып
табылады. Бандитизмнің объективтік жағы қаруланған тұрақты баңданы құру;
банданың қызметіне басшылық жасау, бандаға оның әрекеттеріне қатысу,
банданың жасаған шабуылдарына қатысу ретіңде көрініс табады.
Сот практикасында топпен жасалынатын ұрлық, валюта операцияларын
жүргізу ережелерін бұзу қылмыстары, қылмыстық ұйыммен жасалынатын
қылмыстардан еш айырмашылығы жоқ. Г.А. Кригермен келіспеуге болмайды. Ол:
тұрақтылықтың болуы кез-келген қасақаналық қылмыс қызметте мүмкін,
толықтай қоғамдық қауіпсіздікке әсер етеді, ол кез-келген қасақана жасалған
қылмыста ескерілуі тиіс. Басқа мемлекеттерде мысалы Түркіменстан
Республикасының қылмыстық кодексінде (42 бап) бандамен және топпен жасалған
қылмыстарға ауырлататын жағдайлар көрсетілген. Бұл жерден банданың
түсінігіне занда көрсетілмеген өзге де жағдайлар бандалық ұйым жатқызылып
отырғанын анық көруге болады. Екінші маңызды ереже ол жалпы сипатта
болады.Бұл ережені түсінбеу қорытындысында бандитизм мен нақты қылмысты
араластырып соңында қателік жібереді. Бұндай қателікті мысалға В.Д.
Меншогин жіберген. Ол: Қаруланған банданың үшінші белгісі, бандаға кіріп
отырған тұлғалардың арасындағы сипатқа тиіс болады деген. Кез-келген
қылмысты саралағанда теориядан болсын, сот практикасынан болсын, оның яғни
әр қылмыстың өзіне тән белгілері болады. Енді біз бандитизмге тән
белгілеріне тоқталып өтейік.
1) екі немесе одан да көп адамның қатысуы;
2) оның тұрақтылығы;
3) мүшелерінің қаруланғандығы;

4) азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасаудың арнайы
мақсаттарының болуы;
Тұрақтылық белгісі, ол қылмыстың сипатынан туындайды. Осыдан қылмыстық
ұйым пайда болып құрылады. Бандитизмге бұл ереженің қолданылуы келесі
жағдайда көрсетіледі: банданың өмір сүруі қол сұғушылық объектісі мазмұны
мен сипатына негізделеді және осы объектіге ықпал ету әдістерінің
ерекшелігіне негізделеді. Қоғамдық қауіпсіздік негіздері бұл - қоғамды
мақсаттарына сәйкес реттеуді қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастардың
жиынтығы. Көрсетілген негіздерге зиян келтіру тек бірнеше тығыз байланысты
адамдардың бірге қызмет етуі және олардың нақты спецификалық әдістердің
көмегімен мүмкін болады.
Кейбір авторлар тұрақтылық белгісін, оның өмір сүру мерзімімен немесе
оның ойластырған және жасаған қылмыстар көмегімен байланыстырады. Шын
мәнінде банда өзінің әрекет ету мерзімімен жасаған қылмыс санымен басқа
біріккен қылмыс әрекет формасымен ажыратылады. Ұйымдасқан қылмыстық
топтардың әрекет етуі екі-бес айдан аспайды. Ал, жасаған қылмыстарының саны
бірнеше әрекетпен саналады.
Сот практикасында тұрақтылық анықтамасын беру оның бірнеше объективтік
және субъективтік тәртіп кезендерінің қорытындысынан туындайды:
Ұйымдастырушылық элементтерінің болуы. Алғашқыда ұйымдастырушьшық алдын-ала
сөз байласу қорытындысында қол жеткізеді. Бұл жерде олардың бірігіп
қатысушымен мақсаттары анықталады. Содан кейін ғана шабуыл жасау
жоспарлары, шабуыл жасау объектілері, шабуыл жасау кезіндегі әрбір
қатысушының орны, ролі, қару табу жолдары бірге отырып жасалынады. Бірақ,
бандада қылмыстық қызмет барысында, түгелдей әрекеттері жоспарлануы
міндетті емес. Сот практикасында банданың барлық жоспарлары тек жақын арада
шабуыл жасалынатын әрекеттеріне ғана жасалынады, қылмыстық шабуылдарды
жасағаннан кейін барып, жаңа жоспарларын жасап отырады. Бандаларда өзіне
шабуыл жасау әзірлігін дайындауды басқару функциясын жүзеге асыратын
ұйымдастырушы бөлініп көрсетіледі. Ондай ұйымдастырушылар мен
басқарушыларды практикада главарь, руляк және тағы басқа атаулармен
атайды. Банданы басқару ретінде қатысушылар арасында функциональды
міндеттерін бөлетін, шабуыл жасау жоспарларын құратын тұлғаны түсінеміз.
Субъективтік жағынан тұрақтылық банда мүшелерінің мақсаттарының, ойларының
бір болуы табылады. Келісіп әрекет ету арқылы белгілі нәтижелерге жетуді
көздейді. Олар бір-бірінің қызметін, мақсаттарын жақсы түсінеді. Аталған
белгілер нақты бандалық топтарға тән болып табьшады. Сондықтан осындай
жағдайларды анықтаған жағдайда сот органдары тұрақты қарулы топ, шабуыл
жасағанда және оның мүшелерінің әрекетін 237 бап бойынша саралайды.
Бандитизм қоғамдағы басқа әлеуметтік топтар және коллективтер сияқты
сипатталады. Бірақ бұл микроколлективтің басты ерекшелігі, ол қылмыстық
шабуылдар жасау үшін құрылады. Банданың белгілерін талдау барысында, оның
тек объективтік белгілерін қарау жеткіліксіз. Сонымен қатар егер назарға
әлеуметтік психологиялық проблемалар аспектісін алсақ, банданың құрьлымдық
механизмін ашуға мүмкіндік береді. Ол кезегінде тұлғаның мінезі оның әрекет
ету шеңбері, тұлғаның бандадағы жағдайы факторы әсерін тигізеді.
Банданың тұлғаға әсер етуі екі бағытта жүзеге асырылады. Біріншіден,
өмірдің болашақта жағдайлардың предписаниясы. екіншіден, топтық нақты
уақытта, нақгы бір жағдайда банданың әр қатысушысына өз әсерін тигізу. Бұл
банда мүшелерінің жүріс-тұрыс, өзін ұстау ережелерін қабылдауына
бағытталған тәрбиелеу процесі болып табьшады. Ол уақыт шекарасымен
бекітілмеген, оны еңбек қызметтік процесінде және өзінің белгілі бір
мұқтаждықтарын қанағаттандыру барысында жүргізіледі. Индивидтің өз тобының
ішіндегі жүріс-түрысына бағытталған психологиялық комплексі, индивидтің
топтан тыс жүріс-тұрысын анықтайтын комплекстен өзгеше болады. Топтық
мүшелері мен қарым-қатынасқа түсуі түлғаның өзіне тән берілген жүріс-тұрыс
белгілерін жоғалтуға алып келеді. Оның жүріс-тұрысы топта толықтай
психикалық комплекспен анықталатын болады. Топтағы пайда болған қарым-
қатынас ақырында Ю.М.Антонян айтқандай: Қылмыс жасауға қатысушы түлғаның
әрекетінің жоғары деңгейдегі координациясына мүмкіндік береді. Бандаға
бірлесіп қызмет жасау үшін, мақсаттарының бір болуы үшін біріккен
тұлғаларды қорытындысында рухтық, бірліктің туындауына алып келеді. Қандай
жағдайлар бандаға бірнеше адамның бірігуіне себеп болады. В.С.Комиссаровтың
пікірінше: банданың құрылуы, ең алдымен тұлғаның жалпы психологиялық
бағытында деп есептейді. Бандитизм объективтік жағының тағы бір белгісі ол
мүшелердің қаруланғандығы. Баңдитизмнің бұл белгісіне заң шығарушы қандай
белгілер көрсетеді?
Банданың қаруланғандығы деп қатысушылардың қарудың (суық қару,
огнестрельдік) қарулардың және әртүрлі жарылғыш заттардың болуы. Банда
қаруланған деп егер катысушының біреуінде ғана кару болса онда ол топ
міндетгі түрде қаруланған болып есептелінеді. Бірақ ол үшін банданың басқа
мүшелері хабардар болуы тиіс. Банда қаруланған деп есептелінеді егер олар
шабуыл барысында қару қолданбаса да ол топ қаруланған болып есептелінеді.
Қару ретінде қару, қолдануға жарамайтын қаруларды, қару есебіне
жатқызылмайды. Банданың қаруланғандығы арнайы мақсаттардың болуынан
туындайды. Біз қару ретінде тірі күшті жою үшін және өзге де маңызы жоқ
күштерді жою үшін арналған қүралдарды түсінеміз. Бандалық топтардың
азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасамастан бұрын алдын-ала дайындықты қажет
етеді. Ойластырылғын қылмыс қаншалықты қауіпті болса, оның материалдық
жағын әзірлеу банда мүшелерімен тікелей жүзеге асырылады. Бандаға қатысу
банданың мүддесін көздейтін әрекеттерді жасау. Материалдық игіліктеріне,
шабуыл жасау объектілерін тандау, банданы автотранспортпен қамтамасыз ету,
қару-жарақпен қамтамасыз ету шаралары жатқызылады. Банданың ең алғаш
кезекге тұратын мақсаты ол қаруды табуы. Бұндай жағдайда қаруды табу әр
түрлі жолдармен жүзеге асырылады. Қажет болған жағдайда олар қару-жарақ
сататын дүкендермен тұлғаларға шабуыл жасауға дейін барады. Шабуыл жасау
үшін біріккен кез-келген қылмыстық топта әр түрлі шаруашылық заттарды
иеленуі мүмкін (пышақ, балта, т.б), бірақ бұл заттардың қаупі әрине төмен
болады.
Бандитизмнің тағы бір объекгивтіқ жағының белгісі бандиттік топтың
азаматтар мен ұйымдарға шабуыл жасаудың арнайы мақсатының болуы. Мақсат
дегеніміз ол әртүрлі түлғаның алдына қойған тілек арманы деп айтуымызға
болады. Бандитизмнің ең басты, әрбір топтың алдына қойған мақсаты ол пайда
табуды көздеуі.

§1.3. Бандитизм субъектісі және субъективтік жағы.

Бандитизм субъектісі. Қолданылып жүрген зандарға сәйкес ең алдымен
келесі талаптарға жауап беруі тиіс: Тұлғаның белгілі бір жасқа жетуі және
есі дұрыс болуы. ҚР қылмыстық кодексінің 15 бабы қылмыстық жауаптылыкқа
тартылудың екі жас шамасын көрсетеді. Ол он төрт жас пен он алты жас. Он
төрт жастан қылмыстық жауаптылық аталған бапта кейбір қылмыстарға
байланысты туындайды. Бұл баптың он төрт жастан бастап жауаптылыққа
тартьлатын қълмыстардың тізбесіңде бандитизм қылмысы аталып көрсетілмеген.
Соңцықтан бандитизм үшін қылмыстық жауаптылық тұлға он алты жасқа толған
кезден бастап туындайды. Егер тұлға бандаға мүшелікте болса және ол
банданың шабуылдарына қатысқан кезде он төрт пен он алты жас аралығында
болған жағдайда оның қылмыстық жауаптылығы нақты қылмыстың нормаларымен
атап көрсеткен қылмыстары үшін (адам өлтіру, ұрлық, зорлау т.б.) банданың
құрамында шабуыл жасаған болса және ол қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық
он төрт жастан бастап туындайтын жағдайда жауаптылыққа тартылады. Он алты
жасқа толмаған түлға банданың құрамында басқа қылмыстар жасағаны үшін
қылмыстық жауаптылыққа тартылмайды. Белгілі теориялық және практикалық
көзқарас түрғысынан бандадағы мүшелердің екуінің біреуі заңда көрсетілген
жасқа жетпейді болмаса болмаса ақыл есі дүрыс болмайтындығын қөрсетеді.
В.С. Комиссаровтың пікірінше бұндай сұрақ қатысушылық туралы оқудың жалпы
негізінде бандитизм ерекшелігін есепке алу арқылы шешілуі қажет болып
табылады. Қылмысқа қатысушылық институтының зерттеушілерінің пікірінше егер
екі тұлғаның, яғни банданың қатысушыларының біреуі заң талаптарында
көрсетілген қылмыстық жауаптылыққа тарту негіздері болмаса онда қатысушылық
болмайды, дегенмен бұл жерде қатысушылықтың қажетті белгісі жоқ.
Қатысушылық заң нормалары бойынша кем дегенде екі тұлғадан тұрады. Екінші
қатысушының әрекетіне құқықтық баға беру оның қасақаналығының бағыты мен
мазмұнына тәуелді түрде шешіледі. Егер ұйымдастырушы, айдап салушы, олардың
көмекшілері басқа тұлғаның жасөспірім және ақыл-есі кем екенін көре біледі,
және осыны пайдаланып қьлмыстық құқық нормаларымен тиым салынған
әрекеттерді жасауға талпынады. Бұндай жағдайда ол ұйымдастырушы, айдап
салушы және көмекші ретінде карастырылмайды, ол арасындағы зиян келтіруші
ретінде қарастырылады. Осындай жағдайларда жасөспірім мен ақыл есі кем
тұлға қылмыскердің қолындағы қылмыстық ойларын жүзеге асыру қаруы (оруди)
ретінде қолданылады. Теорияда және практикада осындай жағдайларды ескеріп
нүқсан келтірушінің жауаптылығы жасөспірімнің және ақыл есі кем тұлғаның
әрекеті нұқсан келтірушінің өзімен анықталады. Сонымен маңызды ережелердің
қатарына кейбір жағдайларда бейімделген тұлға жасөспірімнің және ақыл есі
кем тұлғаның қылмыс субъектісі бола алмайтындығын білмейді.
Бұл жайындағы мәселеге М.Н. Ковалев пен Ф.Г. Бурлаг тоқталып өткен.
М.Н. Ковалевтың пікірінше аталған жағдайларда жарамсыз құралдармен қауіп
төндіру десе ал, Ф.Г.Бурлаг субъектінің орынында қате болуы деп атап
көрсетеді. Біздің ойымызша Ф.Г. Бурлагтың позициясы ақиқатқа жақынырақ. Жас
өспірім мен ақыл есі кемдікті жарамсыз құралға жатқызуға болмайды. Жарамсыз
құралға ол объективті болған жағдайда жатқызылады, субъектінің күшіне
қарамастан ол ойлаған зиянын келтіре алмайды. Бірақ шын мәнінде жас өспірім
мен ақыл есі кем тұлға объективті зиян келтіруі мүмкін және мұндай
жағдайларда олар басқа тұлғалардың қылмыстық жоспарларын жүзеге асыру
барысында толықтай жарамды болып табылады. Шын мәнінде бұл тұлға өзінің
әріптесінің құрылымында қателіктер жібереді, ал, ол болса қылмыс субъектісі
белгілерін иеленеді.
Бандитизмнің субъектісіне ұйымдастырушы, банданың қатысушылары және
бандалық шабуылшылар болып табылады. Қазіргі кезде жарық көріп жатқан заң
әдебиеттерінде бандитизм субъектісін күрделі болатындығын атап көрсетіп
отыр. Банданы құру және құрылған банданың өмір сүруі, қатысушылардың
белгілі мақсаттарға жетуі белгілі этап және сол тұлға бастаған этапта ол
бандалық топтың ұйымдастырушысы, одан кейін шабуыл жасаудың
ұйымдастырушысы, болмаса соңында ұйымдастырушылық қызметінен бас тартып жай
банданың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бандитизм қылмысының криминологиялық сипаттамасы
БАНДИТИЗМНІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ - ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығындағы қылмыстық ұрып соғу
Қоғамдық қауіпсіздікке және қоғамдық тәртіпке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы қылмыстардағы ұйымдасқан қылмыстық топтардың жасайтын қылмыстары
Қарақшылық қылмысының сараланған және аса сараланған құрамдары
Қазақстандағы терроризмге қатысты көзқарастар
Пайдақорлық зорлық қылмыстарының криминологиялық сипаттамасы
Қоғамдық қауіпсіздікке қарсы жасалған қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылық мәселелері
Қарақшылық бөтеннің мүлкін ұрлаудың ерекше түрі
Пәндер