Білім алу экономикалық даму аспектісі ретінде



Кіріспе

1. Адам капиталы теориясы . білім роліне деген сапалық жаңа тәсіл

2. Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім

3. Әлемдік білім беру процесі

4. Қазақстандағы білім беру жүйесі

Қорытынды
Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш ролін тану адам капиталы теориясының негізін кұрды, ол теория бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды кұрамдас бөлігі болып табылды.
Адам капиталының теориясы - білімнің әлеуметтік қызметіне принципті, сапалық жаңа көзқарас.
Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін артгырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретіндс қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.
Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесті, әрі ол ең кұнды және ең сенімді капитал болады.
Осындай ұғымды біз сонау XVIII ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеции білім мен ғылымның коғам дамуындағы нағыз кұдіретті күші туралы айтты. Одан кейінірек уакытта Бенджа¬мин Франклин бүкіл даналық пікірлерге тән карапайым ой айтты: "Егер әмиянның ішіндегісін басыңызға құйсаңыз, оны сізден ешкім де тартып ала алмайды...".
Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық, саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек XX ғасырда ғана ресімделді.
Адам капиталының теориясы өзінің қазіргі заманғы қалпында алғаш рет "чикаголық мектептің" өкілдері, американдық екі ғалым Т.Шульц пен Г.Беккердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды. Т.Шульц 1960- 1961 жж. "Білім капиталын жасау" және "Адам капиталына инвестициялар" мақалаларын жариялады, мақалаларда жаңа теорияның нсгіз калаушы кағидалары тұжырымдалды. Г.Беккер 1964 жылы "Адам капталы: теориялық және эмпирикалық талдау" іргелі еңбегін шығарды. Кейіннен екі ғалым да өз еңбектері үшін Нобель сыйлығын алды.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы теорияны әзірлеуге XX ғасырдағы экономикалық. Басқарушылық және әлсуметтік ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друксрдің қатысуы өз септігін тигізді. Оның "Бі¬лім революциясы" мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда ксң резонанс туғызды. Автор осы мақаласында былай жазады: "Білім бүгінгі таңдағы жеке-дара нақты капитал. Халық білімін дамыту - капитал жасаудың сң маңызды құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану - байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды көрсеткіші".
Адам капиталы теориясының тағдыры бакытты болды. Оның практикалық құндылығын озық елдердің үкімсттері гезі арада мойындады. Өткен ғасырдың 60-шы жылдары білімге арналған инвестициялардың күрті өсуінің, білім беру қызметтері ауқымдарының таң каларлық ұлғаюының,. жаппайлығы мен мүмкіндігінің заманы болды.
Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне тән белгілерге ие,. сонымен қатар оның елеулі айрықшалығы бар. Адам капиталы теориясы жөніндегі ресейлік жетекші маман С.А. Дятлов біз талқылап отырған құбылыстың мынадай өзіндік ерскшеліктерін екшеп берді.
1. «Даму экономикасы», М.П.Тодаро, М., 1997
2. «Қазақстандағы адам дамуы», UNDP, A., 2004
3. Статистикалық мәліметтер
4. Интернет материалдары

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Экономика және бизнес факультеті

РЕФЕРАТ
Білім алу экономикалық даму аспектісі ретінде

Алматы 2008

ЖОСПАР:

Кіріспе

1. Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсіл

2. Адам дамуы тұжырымдамасындағы білім

3. Әлемдік білім беру процесі

4. Қазақстандағы білім беру жүйесі

Қорытынды

Білімнің қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш ролін тану адам капиталы
теориясының негізін кұрды, ол теория бір мезгілде адам дамуы
тұжырымдамасының пайда болуының теориялық алғышарты және аса маңызды
кұрамдас бөлігі болып табылды.
Адам капиталының теориясы - білімнің әлеуметтік қызметіне принципті,
сапалық жаңа көзқарас.
Сансыз көп теорияларда білім не еңбек тиімділігін артгырудың факторы,
немесе ғылым және техникалық прогрестің қозғаушысы ретіндс қаралып келді,
бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.
Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана
көмектесті, әрі ол ең кұнды және ең сенімді капитал болады.
Осындай ұғымды біз сонау XVIII ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту
заманында Вольтер, Руссо, Дидро және Гельвеции білім мен ғылымның коғам
дамуындағы нағыз кұдіретті күші туралы айтты. Одан кейінірек уакытта
Бенджамин Франклин бүкіл даналық пікірлерге тән карапайым ой айтты: "Егер
әмиянның ішіндегісін басыңызға құйсаңыз, оны сізден ешкім де тартып ала
алмайды...".
Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық, саяси
экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында
қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек XX ғасырда
ғана ресімделді.
Адам капиталының теориясы өзінің қазіргі заманғы қалпында алғаш рет
"чикаголық мектептің" өкілдері, американдық екі ғалым Т.Шульц пен
Г.Беккердің еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды. Т.Шульц 1960- 1961 жж.
"Білім капиталын жасау" және "Адам капиталына инвестициялар" мақалаларын
жариялады, мақалаларда жаңа теорияның нсгіз калаушы кағидалары
тұжырымдалды. Г.Беккер 1964 жылы "Адам капталы: теориялық және эмпирикалық
талдау" іргелі еңбегін шығарды. Кейіннен екі ғалым да өз еңбектері үшін
Нобель сыйлығын алды.
Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы
теорияны әзірлеуге XX ғасырдағы экономикалық. Басқарушылық және әлсуметтік
ілімнің аса көрнекті өкілі Питер Друксрдің қатысуы өз септігін тигізді.
Оның "Білім революциясы" мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда ксң резонанс
туғызды. Автор осы мақаласында былай жазады: "Білім бүгінгі таңдағы жеке-
дара нақты капитал. Халық білімін дамыту - капитал жасаудың сң маңызды
құралы, ал білімді адамдардың саны, олардың білім сапалары мен осы
білімдерді пайдалану - байлық өндірудегі ел қабілетінің ең маңызды
көрсеткіші".
Адам капиталы теориясының тағдыры бакытты болды. Оның практикалық
құндылығын озық елдердің үкімсттері гезі арада мойындады. Өткен ғасырдың 60-
шы жылдары білімге арналған инвестициялардың күрті өсуінің, білім беру
қызметтері ауқымдарының таң каларлық ұлғаюының,. жаппайлығы мен
мүмкіндігінің заманы болды.
Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне тән белгілерге ие,.
сонымен қатар оның елеулі айрықшалығы бар. Адам капиталы теориясы жөніндегі
ресейлік жетекші маман С.А. Дятлов біз талқылап отырған құбылыстың мынадай
өзіндік ерскшеліктерін екшеп берді.
1. Инвестициялардың адам капиталына қайтарымы оның иесінің өмір сүру
мерзіміне (еңбекке қабілетті кезеңнің ұзақтығы) тікелей қатысты
болады. Адамға жұмсалымдар неғұрлым ертерек жасалса, соғұрлым ол
тезірек қайтарым жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру керек, неғұрлым
сапалы және ұзақ мерзімді инвестициялар анағұрлым жоғары және
анағұрлым ұзақ уақыттық нәтиже береді.
2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға ғана душар болмайды,
сонымен бірге ол жинақталу мен көбеюге де қабілетті. Адам капиталының
тозуы, біріншіден, адам организмі мен оған тән психофизиологиялық
қызметтердің табиғи тозу (қартаю) дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің
ескіруінің немесе алған білім кұндылығының өзгеруінің салдарынан
болатын моральдық (экономикалық) тозу дәрежесімен анықталады. Адам
капиталының толықтырылуы қызмсткердің мезгіл-мезгіл қайта оқу және
өндірістік тәжірибс жинақтау үдерісіндс жүзеге асырылады. Егер осы
үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына
қарай оның сапа және сан жөніндегі сипаттамалары (сана, көлем,
құндылық) жақсара түседі және өседі.
Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді
еңбек қызметінің (белсенді еңбекке қабілетті жас) жоғарғы шегімен
шсктелетін белгілі бір межеге дейін жоғарылайды да, содан соң күрт
төмендейді.
Капиталды жасау кезінде "екі жақты көбейткіш нәтиже" орыналады. Оның
мәні былай, оқу үдерісіндс тек оқитын адамның ғана емес, сонымен біргс
оқытушының да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіннсн
біріншісінің де, сондай-ақ екіншісінің де табыстарын өсіреді.
Адамға жасалатын инвестициялардың барлығы бірдей адам капиталының
жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және
экономикалық кажсттілсрі ғана осындай жұмсалымға жатады. Мәсслен, қылмыстық
әрсксткс байланысты шығындар адам капиталына жасалатын инвестициялар болып
саналмайды, өйтксні олар қоғамдық тұрғыда мақсатқа сай емес және қоғам үшін
зиянды.
Адамға жасалатын жұмсалымдардың сипаты мен түрлері тарихи, ұлттық,
мәдени срекшсліктсрдсн жәнс дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім
деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы едәуір шамада отбасылық дәстүрлерге
және олардың ата-аналарының білім деңгейіне байланысты болады.
Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен
салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын

инвестициялар жеке адам тұрғысынан да, сондай-ақ бүкіл қоғам тұрғысынан да
анағұрлым пайдалы.
Ең көп тараған анықтама бойынша, адам капиталы – инвестициялардың
нәтижесінде құралған және адам жинақтаган денсаулықтың, білімнің,
машықтардың, қабілеттердің, үәждемелердің белгілі бір қоры, олар қогамдық
ұдайы өндірістің әр саласында мақсатқа сай пайдаланылып, еңбек өнімділігі
мен өндіріс тиімділігінің өсуіне жәрдемдеседі және сол арқылы осы адамның
табысының өсуіне ықпал жасайды.
Адам капиталы дегеніміз — бір мезгілде жскс де және қоғамдық та
капитал. Ол жеке адамның мәртебесіне де, сондай-ақ бүкіл қоғамның даму
деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды.
Адам капиталы теориясы пайда болғанға дейін білімді экономикалық
тұрғыда тек жұмыс күшін кұрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру
ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің жалпы
экономикалық қайтарымы туралы мәселе қойды. Теорияның авторлары білім мен
экономикалық өсудің байланыстылығын белгілейтін математикалық есептеулердің
бірқатар әдістемелерін әзірледі.
Адам капиталы теориясы әлемдік білім беру прогресінде аса көрнекті
роль атқарды. Білімге жұмсалатын инвестициялардың тиімділігі мен айрықша
пайдалылығы, білім жүйесін қаржыландырудағы "қалдық қағидасының"
дәрменсіздігі дәлелденді. Білім әйтеуір теория мен мемле-кет мағлұмдайтын
саясатта, қалай болғанда да, бұрынғыдай өндірістік саланың қарауындағы
сала, қоғам зейінінің қосалқы дәрежелі объектісі ретінде ұғынылмайтын
болды.
Алайда адам капиталы теориясының "экономикалық ауытқуы" тосын ашылған
қарама-қайшылықтар және білім мен экономикалық дамудың өзара
қатынастарындағы нағыз оғаштықтарды түсіндіруде оны дәрменсіз етті.
Сонғыларына, мәселен, "'білім беру шиыршығының (спиралінің) оғаштығы"
аталатын көзқарас жатады. Оның тұжырымы былай, білімнің экономикалық
құндылығы неғүрлым көп төмендесе, білімді жұмыс күшінің арасында
жұмыссыздық неғұрлым көп болса, соғұрлым аттестат алудың маңызы арта
түседі, өйткені тек аттестаттың болуы ғана әйтеуір бір жұмысқа орналасуды
кепілдейді. Яғни білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым аз болса,
соғұрлым оған сұраныс көп болады.
Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік
экономикасында проблсмалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйсге өту
кезінде қорланған адам капиталы құнсызданатыны анықталды. Бұл жалақының, ал
одан кеңірск тұрғыда адамдар мәртсбесінің білімге байланыстылығын бұзады.
Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік
(баланссыздық) кеңес қоғамында да орын алды. Мұнда ол

еңбск рыногының жоқтығымен, көбіне "қоймаға" жұмыс істейтін
кәсіпорындардағы қоғамға керек смес кыруар жүмыс орындарының болуымен,
сондай-ақ жұмысшы табын идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумсн байланысты
болды.
Адам капиталы теориясына тән білімнің экономнкаға ықпалын өлшеу және
математикалық сипаттау әрскеттсрі әр елдердегі білімділік деңгейін
формалистік бағалауға апарып соқтырды. Өлшсулср шегінің сыртында
американдық мектептер түлсктсрінің арасында кең тараған функционалды
сауатсыздық, бұрынғы КСРО жоғарғы оқу орындарында шын оқу емес, ал
"дипломға кезекке тұру" және қазіргі Қазақстандағы көптеген жскс оқу
орындарының кадрлар даярлаудың орнына дипломмен нақты сауда жасауы сияқты
құбылыстар болды.
Экономикалық тәсілдер жиынтығында білім сапасын өлшеудің тиімді
тәсілдері осы уақытқа дейін табылған жоқ.
Адам капиталы теориясы шсктеулілігінің басты факторының мәні былай,
осы теория даму логикасы мен постиндустриялық өрксниеттін іргслі әлеуметтік
мақсаттарына сәйкес келе бермейді. Күн тәртібінс білімнің тар экономикалық
мәселелері ғана емес, сонымсн біргс оның әлсуметтік кең тиімділігі, қоғам
және адам үшін өзіндік құндылығы, адам кұқықтарының қамтамасыздығы
контсксіндегі білім туралы мәселелер көбірек ұсынылатын болды.
Жаңа үрдістер мен талаптарға адам дамуы тұжырымдамасының контексіндегі
білімге арналған тәсіл жауап қайтарды.
Адам дамуының аса маңызды факторы ретінде білім экономикалық, саяси,
әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас жиынтығын (кешенін)
шешуге айқындаушы немесе біршама елеулі ықпал көрсстуге лайықты. Ондай
проблемаларға мыналар жатады: әр елдегі халықтың қазіргі заманғы өркениет
деңгейі мен тұрмыс сапасына қол жеткізу, кедейшілікті бағындыру мүмкіндігі,
тиімді жұмыспен қамтылуды қамтамасыздандыру, әлеуметтік теңсіздіктің
деңгейін төмендету, гендерлік және этникалық теңсіздіктен арылу,
қылмыстылықты азайту, АИВЖИТС ауруының та-ралуына қарсы күрес жүргізу,
саяси және ұлысаралық жанжалдардан арылу және сақтандыру, орнықты дамуды
қамтамасыз ету, азаматтық қоғамның құрылымдарын күшейту, адам құқықтарын
сақтау және тиімді іске асыру, тұлғаның өз мүмкіндіктсрін толық және жан-
жақты іске асыруы үшін жағдайлар жасау.
Сонымен, білімді аса маңызды адам капиталы (жеке және қоғамдық)
ретінде қарай отырып, адам дамуының тұжырымдамасы білімнің кең ауқымды және
көп қырлы әлеуметтік қызметтерін бскітіп, оған осы заманғы социумның іргслі
проблсмаларын шешуде басты роль береді.
XX ғасырдың соңғы ширегінде әлемде білім революциясы құлаш жайды.
Алғашкыда оған жанама құбылыс, ғылыми-техникалық революцияның "әлеуметтік
салдарларының" бірі ретінде карап келді. Ол бастапкыда да осындай еді,
бірақ одан әрі салдар себепке дейін өсті. Білім

тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес, сонымсн бірге
әлеуметтік кұрылымды жасауда, әлеуметтік мәртсбелерді бөлудс де шешуші
факторға айналды. Білім беру революциясындағы бірінші көрініс білімді
түбегейлі дсмократияландыру болды. Осы, шубәсіз, прогрессивті үрдіс жаңа
индустриялық, және белгілі бір дәрежеде, дамушы елдерді қамтыды.
Анағұрлым дамыған мемлскеттерде жоғары білімнің барған сайын ксңсйс
түсксн мүмкіндігін жалпыға бірдей мүмкіндікке дейін өсіру туралы мәселе
қойылды.
Осылардың барлығы қоғамдық сана мен мемлскет саясатына сонны, нағыз
рсволюциялық принципті снгізуді дайындап берді: білім - мамандар даярлаудың
ғана смес, сонымсн бірге ол қоғамның жалпы парасаттылық, тсхнологиялық және
мәдени дсңгейін арттырудың, қоғамның инновацияларға және прогрсскс
қабілстін демсудің, тұрмыстың осы заманғы стилін (қалпын) қалыптастырудың
құралы. Осыдан экономикалық қажеттіліктергс қатаң қазықтаусыз білімді
дамыту мүмкіндігі туралы тұжырым жасалады.
50-ші жылдардың аяғында - 60-шы жылдардың басында үздіксіз білім алу
идеясы туындады да, содан соң ол лезде күш алып кетті. Біздіңше, Батыста
оны "Lifelong Learning" - "өмір бойы оқу" дсп дәл атаған.
Үздіксіз білімнің мәні - ғылыми-техникалық революция жағдайларында
білімнің тез арада ескіруінс байланысты кәсіптік жинақылықты көтеруде емес
(нақ осындай көзқарас кеңестік және кеңестен кейінгі әдебиетте басым).
Әңгіме ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәмелетке толмағандарды жазалаудың тиімділігі
Аурулардың пайда болуы мен денсаулықты нығайтудың психологиялық факторлары
Оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
ҚР жастары құндылықтарының қоғамдық тұрақтылықты сақтаудың факторы ретінде
Оқу процесіндегі экологиялық тәрбие
Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру жүйесін негізінде сипаттау
Педагогикалық үрдістегі тәрбие мақсаттарының әртүрлілігі
Шығыс Қазақстан облысының металлургия өндірісіне сыртқы экономикалық қызметтерін талдау
Муниципалды басқару түсінігі
Қазақстанда табиғатты қорғау ғылым аспектілерінің орнығуы
Пәндер