Баққожа Мұқай редактор әрі журналист



I . ТАРАУ. Баққожа Мұқай . публицист.
1.1. Б. Мұқайдың журналистикаға келу жолы мен өзіндік қолтаңбасы.
1. 2. Публицистикалық, көркем шығармаларының ерекшелік сипаты.
II . ТАРАУ. Баққожа Мұқаи . редактор.
2.1. Б.Мұқаидың редакторлық шеберлігі.
2.2. Баққожа Мұқайдың «Парасат» журналындағы публицистикалық мақалалары.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер:
«Кеше, бүгін, ертең» деген сөздерді саралайық. Кеше – бұл өткен шақ. Осы ретте ел мен жерін жаудан қорғаған батыр бабаларымыз, халқын бірлікке шақырған хан мен билеріміз еске түседі. Бүгін – осы шақ. Ұлттың ақылгөй зиялылары. Олар халқының жүрегіне тереңірек бойлап, жан сарайына жарық беріп, ізгілік шуағын төгу үстінде. Еліміздің ертеңі – болашақ ұрпақ. Келер күнімізді ойлау - ерлікке пара-пар. Өйткені болашақтың алдында бәріміз жауаптымыз, бұл түсінікті қоғамда жасаушы – адам. Түйіндей келе, кешегі өткен тарих та, бүгінгі атқан тәуелсіздігіміздің таңы да, ертеңгі жарқын да жасампаз қоғамымызды дамыту адамдардың ақыл-ой, сана-еңбегінің, іс-әрекетінің нәтижесі болды, бола да беретіндігі ақиқат. Ең бастысы, ұлтымыздың құндылықтары жан-дүниесі рухани бай адамдардың еншісінде болуға тиіс. Себебі, рухани қуатты адамдардың өмір сүру салты басқаша. Олар өмірге өкпелемейді, кемшілікті әуелден өзінен іздейді, өзіне - өзі жауаптылығын терең сезінеді, өзінің ішкі қуат құбылысына сенеді. Ал, рухани қуатты адам мойымайды, өз қанағатымен өмір сүреді, өз өмірлік категорияларынан айнымайды, өз құбылысына ғана сеніп, рухын сергек, көңілін тоқ санайды. Мұндай жандар өзі ғана емес өзгелерге, айналасына осы рухани ізгіліктерді, адамдық қасиеттердің сәулесін шашып, шапағатын тигізіп тұратын болады. Сондай азаматтардың бірі де бірегейі, халқының халін түптеп ойлап, түбегейлі қам жеген, көркемдігі келіскен шырайлы шығармаларымен талай оқырманына ізгі жол таба білген, қабырғалы қаламгер – Мұқай Баққожа Сейдінұлы. Оның қыл қаламынан төгілген қай туындысы болмасын, кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды. Оның шығармаларының қызық оқылып, бүгін жазылғандай әсер ететіні де сондықтан. Қолыңа қалам ұстаған қандай да болсын адам өз жазған - сызғандарының тек сол кездегі замана үшін ғана емес, өз ортасында бағаланып қана қоймай, әрі-беріден соң ұлт әдебиеті мен журналистика тарихында белгілі бір дәрежеде өзіне лайық орын алуға да ұмтылары хақ. Өмірінде шығармашылық кемеліне жете толысып, әлі де болса бергенінен берері мол қарымды да майталман журналист, аяулы азамат - Баққожа Мұқай шығармашылық өміріне аз – кем тоқталып, шамамның келгенінше жақсы деңгейде алып шығуға тырысамын.
1. Мұхтар Мағауин. Зобалаң. Қазақ әдебиеті. 2000. 24 қараша. 8 бет.
2. Баққожа Мұқай. Естеліктер
3. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 339 бет.
4. Мұхтар Мағауин. Естеліктер.
5. Ж. Сейсенбаева. Баққожа Мұқай – публицист. ҚазҰУ хабаршысы, Филология сериясы, № 7 (89), 2005ж. 153 бет.
6. Ж. Сейсенбаева. Баққожа Мұқай – публицист. ҚазҰУ хабаршысы, Филология сериясы, № 7(89), 2005ж. 153.
7. Ж. Сейсенбаева. Баққожа Мұқай – публицист. ҚазҰУ хабаршысы, Филология сериясы, № 7(89), 2005ж. 153.
8. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 1 бөлім. 21-22 беттер.
9. Ж. Сейсенбаева. Баққожа Мұқай – публицист. ҚазҰУ хабаршысы, Филология сериясы, № 7(89), 2005ж. 154 бет.
10. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 115 бет.
11. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 116 бет.
12. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 117 бет.
13. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 117 бет.
14. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 118 бет.
15. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 118 бет.
16. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 1 12бет.
17. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 139 бет.
18. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 141 бет.
19. Бауыржан Жақып. Қазақ публицистикасының қалыптас, даму кезеңдері. 26 бет.
20.Бисенғали Зинол – Ғабден Қабиұлы. ХХ ғасыр басындағы қазақ романы. 77 бет.
21.Рысбек Сәрсенбайұлы. Егемен Қазақстан. Ташкентте «Тоят түні» қойылды. 1999. 18 мамыр.
22. Рысбек Сәрсенбайұлы. Егемен Қазақстан. Ташкентте «Тоят түні» қойылды. 1999. 18 мамыр.
23. Рысбек Сәрсенбайұлы. Егемен Қазақстан. Ташкентте «Тоят түні» қойылды. 1999. 18 мамыр.
24. Рысбек Сәрсенбайұлы. Егемен Қазақстан. Ташкентте «Тоят түні» қойылды. 1999. 18 мамыр.
25. Рысбек Сәрсенбайұлы. Егемен Қазақстан. Ташкентте «Тоят түні» қойылды. 1999. 18 мамыр.
26. З. Ахметов. 193 бет.
27. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 6 бет.
28. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 10 бет.
29. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 29 бет.
30. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 29 бет.
31. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 65 бет.
32.Зейнолла Қабдолов. Сөз өнері. 117 бет.
33. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 391 бет.
34. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 438 бет.
35. Зейнолла Қабдолов. Сөз өнері. 83 бет.
36. Зейнолла Қабдолов. Сөз өнері. 291 бет.
37. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 88 бет.
38. Зейнолла Қабдолов. Сөз өнері. 99 бет.
39. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
40. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
41. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
42. Баққожа Мұқай. Өмірзая. 452 бет.
43. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
44. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
45. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
46. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
47. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
48. Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
49.Әмірхан Меңдеке. Өмірің зая, өмірің зая өтпесін. Егемен Қазақстан. 2000. 28 қараша.
50. Алма Мұхамеджанова. Егемен Қазақстан. «Өнер мен мәдениетке құрмет». 30 желтоқсан.
51. Мұхтар Мағауин. Зобалаң. Қазақ әдебиеті. 2000. 24 қараша.
52. Мұхтар Мағауин. Зобалаң. Қазақ әдебиеті. 2000. 24 қараша.
53. Мұхтар Мағауин. Зобалаң. Қазақ әдебиеті. 2000. 24 қараша.
54. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 143 бет.
55. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 144 бет.
56. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 143 бет.
57. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 146 бет.
58. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 145 бет.
59. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 150 бет.
60. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 151 бет.
61. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 152 бет.
62. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 149 бет.
63. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 147 бет.
64. М. Оразбек. Рухани ізденіс. Жұлдыз. 2005. 7. 146 бет.
65. Темірхан Медетбек. Егемен Қазақстан. Қайтпас та қайсар басылым. 11.10.2006.
66. Баққожа Мұқай. Өз сұхбатында
67. Қали Сәрсенбай. Өз сұхбатында
68. Құдияр Біләл. Өз сұхбатында
69. Құдияр Біләл. Өз сұхбатында
70. Парасат. 2003. 3-4 беттер.
71.Парасат. 2003. 4-7 беттер.
72. Парасат. 2002. 32 бет.
73. Парасат. 11. 2002.28 бет.
74. Парасат. 2002. 3. 24 бет.
75. Бауыржан Жақып. Қазақ публицистикасының қалыптас, даму кезеңдері. 26 бет.
76. Парасат. 6. 2002.
77. Парасат. 6. 2002. 12 бет.
78. Парасат. 6. 2002. 12 бет.
79. Парасат. 12. 2002.
80. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 186 бет.
81. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 147 бет.
82. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 147 бет.
83. Баққожа Мұқай. Ертегідей ертеңім. 269 бет.
84. Құдияр Біләл. Өз сұхбатында
85.Баққожа Мұқай. Өз сұхбатында

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Кеше, бүгін, ертең деген сөздерді саралайық. Кеше – бұл өткен шақ.
Осы ретте ел мен жерін жаудан қорғаған батыр бабаларымыз, халқын бірлікке
шақырған хан мен билеріміз еске түседі. Бүгін – осы шақ. Ұлттың ақылгөй
зиялылары. Олар халқының жүрегіне тереңірек бойлап, жан сарайына жарық
беріп, ізгілік шуағын төгу үстінде. Еліміздің ертеңі – болашақ ұрпақ. Келер
күнімізді ойлау - ерлікке пара-пар. Өйткені болашақтың алдында бәріміз
жауаптымыз, бұл түсінікті қоғамда жасаушы – адам. Түйіндей келе, кешегі
өткен тарих та, бүгінгі атқан тәуелсіздігіміздің таңы да, ертеңгі жарқын да
жасампаз қоғамымызды дамыту адамдардың ақыл-ой, сана-еңбегінің, іс-
әрекетінің нәтижесі болды, бола да беретіндігі ақиқат. Ең бастысы,
ұлтымыздың құндылықтары жан-дүниесі рухани бай адамдардың еншісінде болуға
тиіс. Себебі, рухани қуатты адамдардың өмір сүру салты басқаша. Олар
өмірге өкпелемейді, кемшілікті әуелден өзінен іздейді, өзіне - өзі
жауаптылығын терең сезінеді, өзінің ішкі қуат құбылысына сенеді. Ал, рухани
қуатты адам мойымайды, өз қанағатымен өмір сүреді, өз өмірлік
категорияларынан айнымайды, өз құбылысына ғана сеніп, рухын сергек, көңілін
тоқ санайды. Мұндай жандар өзі ғана емес өзгелерге, айналасына осы рухани
ізгіліктерді, адамдық қасиеттердің сәулесін шашып, шапағатын тигізіп
тұратын болады. Сондай азаматтардың бірі де бірегейі, халқының халін
түптеп ойлап, түбегейлі қам жеген, көркемдігі келіскен шырайлы
шығармаларымен талай оқырманына ізгі жол таба білген, қабырғалы қаламгер –
Мұқай Баққожа Сейдінұлы. Оның қыл қаламынан төгілген қай туындысы болмасын,
кеше шындық болып шырылдап сөйлесе, бүгін өмірдің өзі болып баурайды. Оның
шығармаларының қызық оқылып, бүгін жазылғандай әсер ететіні де сондықтан.
Қолыңа қалам ұстаған қандай да болсын адам өз жазған - сызғандарының тек
сол кездегі замана үшін ғана емес, өз ортасында бағаланып қана қоймай, әрі-
беріден соң ұлт әдебиеті мен журналистика тарихында белгілі бір дәрежеде
өзіне лайық орын алуға да ұмтылары хақ. Өмірінде шығармашылық кемеліне жете
толысып, әлі де болса бергенінен берері мол қарымды да майталман журналист,
аяулы азамат - Баққожа Мұқай шығармашылық өміріне аз – кем тоқталып,
шамамның келгенінше жақсы деңгейде алып шығуға тырысамын.
Ол – бүгінгі күннің ең өзекті, көкейкесті мәселелерін көтеріп,
оқырмандарынан лайықты бағасын алған бақытты жазушы. Сондай-ақ, жүрегінен
шыққан шығармаларында өз тенденциясын берік ұстанып, сонысынан айнымай,
ақиқатшылдықты темірқазық тұтты. Баққожаның тағы бір ерекшелігі, өзі
қалтқысыз білетін өмірді ғана қалтқысыз жазып отыруды жөн көреді. Өзіне де,
өзгеге де қатал, турашыл, әділетті ту етіп ұстаған оның санасы - биік, рухы
- берік. Бүгінгі айтылмаған шындық, атарылмаған кесапат Баққожаның
дүниелеріне тән, - 1 деп Мағауин баға бергендігінің өзі тегін емес.
Творчество адамы әдетте, салдыр-салақтау боладытындығын жиі есітіп жатамыз.
Бірақ, Баққожа Мұқай олай емес, әскери адам сияқты, әбден жинақы. Ол жұмыс
істеп отырған кезде еденде, не стол үстінде көлденең жатқан дүние
болмайтындығын жасырмаған қызметкерлері, тіл өнерінде де солай: әр сөздің,
әр сөйлемнің өз орнында тұрғанын қалайтындығын айтқан еді. Қашан көңілі
толғанша түзетуден талмайтын Баққожа Мұқайдың аса талапшылығына кеше және
бүгін қоластында қызмет еткен журналистер жоғары баға береді.
Біз Баққожа Мұқайдың шығармашылығын шартты түрде үшке бөліп
қарастырдық: 1. Өмірдің өз болмысын тебірене толғайтын публицистикалық
мақалалары; 2. Қызықты да тартымды проза-әңгімелері; 3. Шым-шытырман
тағдырлар тәлкегіне толы драматургиясы. Баққожа Мұқай - қазақ
журналистикасында өзіндік өрнегімен, шындықты әңгімелеу арқылы мөлдіретіп,
көз алдыңа жайып салатын, кейіпкерлерді даралау мен психологиялық
бейнелеудің де өзгеше бір жолын тапқан талантты журналист -
жазушыларымыздың бірі.      Шынайы да шыншыл суреткер көркемдік әлемінің
азаптарын бастан кешкен кезде ғана, бір белестен екінші белеске сәтті
көтеріле біледі. Демек, екінші сөзбен айтқанда, болашақ шығарманың да
жұлдызы жарық болады. Баққожа ағамыздың Жалғыз жаяу және Өмірзая атты
романдары мен Жаңбыр жауып тұр, Өмір арнасы, Аққу сазы, Заманақыр,
Өзгенің өмірі үшін, Мазасыз маусым, Дүние кезек, Тоят түні,
Алғашқы махаббат, Ертегідей ертеңім және тағы басқа кітаптарындағы
құнды туындылары осындай биік талғамның, көркемдік әлемінің сәтті туындысы
болды. Бұл шығармаларда тек Баққожа Мұқайға ғана тән тапқырлық пен
тиянақтылық, суреттеу құралдарының дәлдігі, кейіпкер әрекетінің табиғилығы,
сезім арпалысының сенімді суреттері мен мұндалап тұр.     Шындығында
Баққожа Мұқайдың кітаптарының соңғы беттерін жапқанда көркем шығарма оқып
шыққандай болмайсың, өзіңніңең жақын адамыңды, жолдастарыңды ұзақ сапарға
шығарып салғандай боласың. Қимайсың. Көңілің бұзылады. Мұқайдың да
шығармалары, міне осындай. Жазушы үшін бұдан асқан бақыт болуы мүмкін емес.
Нақтылы, ұтымды әрі жалтақтамай, батыл жазу Баққожаның үлгісі деп тартынбай-
ақ айтуға әбден болады. Туындыларының електен өткен дүниедей болып
мөлдіреп тұратыны сондықтан. Оның шығармалары не болмаса мақалаларының
оқырман жүрегіне қона кететін, ұзақ жасайтын қасиет -қадірі де осында!..
Баққожа Мұқайдың туындыларындағы кейіпкерлер өмірдегі бар қалпында көрініп,
шығармаға ширатылған сәтте де оншалықты түсініксіз жүрген жандар тәрізді
боп көзге түсетіні де ғажап емес. Бұл жазушының кемшілігіне
қарадүрсінділігіне жатпайды. Сезінуі, дүние қызықтарын түйсініп,
қабылдауының қыры бұл. Осы тұрғыда, табиғи өлшеммен түзілген кейіпкерлер
галереясы барынша сенімді, барынша шыншыл сымбатымен оқырман жүргенінен жол
тауып, олармен қолтықтасып өмір базарында жүргендей болады.
 Баққожа Мұқай – үшінші жақпен жазуды мықтап меңгерген жазушы. Мұның
өзі оқиғаны сырттай танып-біліп, кейіпкерлеріне көрінбестен бағдарлап
жүргендей сыңай танытады. Сондай-ақ, өмірде болған қилы-қилы құбылыстарға
сенімділікті бастан кешіртіп, жазушының нақтылы оқиғаға тікелей қатысып
тұрғандай сезімде қалдырады. Баққожа Мұқай неге көбінесе үшінші жақта
жазады екен? Уақытты, кеңістікті Бадам тағдырын еркін игеруге, қалаған
жерден бастап, қалаған жерден аяқтауға мүмкіндікті суреткерге де өзі.
Мәселен, Илиаданы, Соғыс пен бейбітшілікті, Ағайынды Карамазовтарды,
Жан Кристофты, Оянған өлкені, Дауылдан кейінді мен-мен бірінші
жақпен жазу деген тіпті ақылға сыймайды. Алайда осы шығармалардағы ол бір-
бірінен бөлек қой. Баққожаның дүниелері маған қан-сөлі тамып тұрған өмір,
бәріміз тіршілік етіп жүрген жер бетіндегі үлкенді-кішілі адамдардың
әрекеті, болмаса қуаныш-күйініші боп көрінеді. Қарбалас өмiрдiң жетегiнде
кетпей, жаттанды тiрлiктен мағына тудыра бiлген, әр шығармасымен елдi елең
еткiзiп, жасаған дүниесi iшкi рухы мен сыртқы парасатын сездiрiп тұратын
жаны нәзiк, iсi нық Баққожа Мұқай жайында мен көп мәселені қамтуға
тырыстым. Iсiне деген махаббаты қалың қауымның жүрегiне жол тауып,
басқаларға рухани ләззат сыйлай бiлген ол қызметтi өз жан дүниесiнiң
тiлегiн қанағаттандыруға бағындырған. Қарапайым адамдардың өмiрiнен өнеге
боларлық iзгiлiк iздеп жүрген кейiпкерiмiз әр туындысына жауапкершiлiкпен
қарап, халықтың көкейiндегiсiн тауып айтуға ұмтылады. Сондықтан да болар,
Б. Мұқай – уақыт шындаған тұлға, уақытты ұлы істерімен толымды етіп,
уақытты жеделдеткен тұлға деп атауға толық негіз бар.

I – ТАРАУ. Баққожа Мұқай – публицист.
1.1. Б. Мұқайдың журналистикаға келу жолы мен өзіндік
қолтаңбасы.
Бүгiнде ердiң жасы елуден асып, алпысты арқалап отырған Баққожа
Сейдінұлы Мұқай 1948 жылы 31 қаңтарда Алматы облысы, Райымбек ауданына
қарасты Нарынқол ауылында дүниеге келген. Жорғалармен жорғаша, молдалармен
молдаша сөйлесе білетін Баққожаның бойына ұлттық рух ұшқыны сәби шағында
тал бесігін тербеткен шешесінің әлдиімен, халық тарихын қолмен қойғандай
таратып беретін кітап қарттардың шежіресімен дарыған десек, дөп болар.
Жаны әдебиетке әуес Баққожа Мұқайдың кітап оқуға деген құштарлығы бала
күнінен ерекше еді. Кей күндері әкесі қарсылық білдіріп, шамды өшіріп
кетсе, бастаған кітабын аяқтауға асығып тұратын бала Баққожа әкесі
ұйықтады-ау дегенде шамды қайта жағып кітабын жалғастыратын. Осылайша таң
атқанша ұрлана талай әдеби кітаптарды оқып шығады. Әсіресе, бастауыш
сыныптарда оқып жүрген кезінде ең алғашқы оқыған Гектар Маланың Тірі
жетім деген шығармасы күні бүгінге оның есінен кеткен емес. Себебі, жетім
баланың аянышты тағдыры, қорлықпен өткен күндері Баққожа Мұқайдың бүгінде
қаламы қарымды журналист болуына үлкен септігін тигізгендей. Сол кездегі
кітап оқуға құштарлығым, шығармашылыққа талпынысым бүгінгі жазушылық өмірге
кәсіби дайындық екен ғой,- деп ол еске алады 2.
Қандай да болмасын әдебиет тақыр жерге өспейді, жаңашылдықта көктен
түсе қалмайды. Оның бәрі өзінен бұрынғы үлгіге сүйенеді, соны жаңа дәуір
талабына лайық дамытудан, тың ізденістен туады. Ол үшін әрине, қаламгер
бойында дарындылық, қабілеттілік, көркем әдебиетке деген сүйіспеншілік
болуы тиіс. Ал, бұл қасиеттер жазушының өз ізденісімен кеңейеді, толысады.
Мәселен, Камал Смайыловтың шығармашылық өмірге келуіне нағашы ағасы Баубек
Бұлқышев септігін тигізсе, Әзілхан Нұршайықовқа демеу болған Мұқан
Иманжанов болса керек. Сондықтан, әрбір жазушының шығармашылық өмірге
жолдама алып, аяқ басуы үшін белгілі бір адамның септігі тиіп, үлгі тұтар
адамы болары сөзсіз. Ал, Баққожа Мұқайдың бүгінде танымал жазушыға айналуы
43 жасында жүрек ауруынан қайтыс болған немере бауыры Тельман Жанұзақовқа
жастайынан еліктеуден туса керек. Тельман ағасы 1953 жылы орта мектепті,
Қазақ Ұлттық Университеттің журналистика факультетіне оқуға түседі.
Университет қабырғасында жүрген кездің өзінде Лениншіл жас газетіне
қызметке тұрған Тельман ағасының газет бетінде жарық көрген мақалаларын
көріп, сол кісідей болуды үнемі армандаушы еді. Орысша-қазақшаға өте жүйрік
Тельман Жанұзақов Лениншіл жас газетіннің бірінші орынбасары, Правда
газетінің Қазақстандағы тілшісі, Ара журналының бас редакторы, сондай-ақ,
киностудияда директор болуымен қатар, киноматографистер одағының II-ші
секретары қызметтерін атқарған талант иесі болған. Бұл бірінші себеп
болса, екіншіден, көптеген жас оқырмандардың сүйікті жазушысына айналған
Бердібек Соқпақбаев - Баққожа ағаймен бір ауылдың перзенттері. Ол кезде
бала Баққожа жаңадан қолына қалам ұстап, ұшқыр қиялдың құшағында жүрген
шағы еді. Ел аузында жүрген жазушыны шынайы өмірде кездестіруі Баққожа үшін
үлкен құбылыс болды. Белгілі жазушы сол ауылға кездесуге келіп-кеткен сайын
оның әдебиетке, жазуға деген құштарлығы одан сайын арта түсті. Бұның да
өзі туып-өскен ортасының, тәрбие алған ордасының ұлтымыздың талай дара
тұлғаларының отаны болғандығынан шығар, Баққожа сол ағаларының жолын қуды.
Баққожа Мұқайдың драматургия жанрынына да қалам тербейтіні белгілі. Ең
алғашқы пьесасын мектеп қабырғасында шамамен 7-8 сыныпта оқып жүрген
кезінде жазған болатын. Әрі сол пьесаны өзі режиссерлық қызметін атқара
жүріп мектеп сахнасында қойылым ретінде қойған еді. Қалыңмал, адыра
қалған! деген тақырыпты мұғалімі қойған пьесадағы әйел рөлін сыныптағы
қыздардың ойнағысы келмей, амалсыздан ер балалар ойнап, елді тәнті еткен
болатын. Екі күн бойына мектеп залында қойылған қойылымның мазмұны қалың
малға сатылған қыз-келіншектердің аянышты тағдыры жайында. Міне, бұл
Баққожа Мұқайдың тұсаукесер пьессасы болатын Алайда, қолына күрек емес,
қалам ұстауға тиiс нағыз талант иесi тұңғиық түбiнде жатпаса керек. Баққожа
Мұқай 1965 жылдан бастап журналистикаға бiржола бет бұрады. Еңбек жолын
қатардағы қарапайым тiлшiлiктен бастаған ол алдымен аудандық газетке
корректор болып тұрды. Сондықтан Баққожа Мұқай еңбек жолын нақ осы жылы
Кеген ауданындағы Коммунизм нұры, Нарынқол аудандық Советтік шекара
газеттерінде бастаған болатын. Тіпті Советтік шекара газетінің редакторы
Әлнұр Мейірбековтке қолқанат болып, аудандық газеттің алғашқы сандарын
шығарысты. Бұл жайында Баққожа Мұқай: 1962 жылы Нарынқол мен Кеген
аудандары қосылып, Советтік шегара газеті жабылды да, Әлекең біздің
мектепке тарих пәнінен сабақ беретін мұғалім болып келді.әрбір сөзі нық
шегедей сіңіріп қағады, жаттап алғандай жалпылап соқпайды, тақырыпқа
байланысты мәселені барынша кең қамтиды. Сол себепті де тарих сабағы өте
қызықты өтетін. Осындайда мұғалімнің көзіне түсіп, көңілінен орын алу үшін
сонша белсенді болып кететінім есімде. Әлекеңнің маған деген көзқарасы сол
кезде қалыптасты-ау деп ойлаймын. Кейінірек Нарынқол ауданы қайтадан
шаңырақ көтергенде Әлнұр Мейірбековтің шақыруымен аудандық газет
шығарыстым. Сол аз ғана уақыт ішінде аяулы ағадан көп нәрсе үйрендім. Ол
кісінің мінезі жұмсақ, алды кең болғанымен, іс мүддесі дегенде тастай қатып
қалатын, өте талапшыл, қатал болып кететін,3- деп Тілегі тірек болған
атты естелік мақаласын жариялайды. Әлнұр ағасының Баққожаны жастайынан
еңбекке баулуы мен ағалық қамқорлығы оны шығармашылық өмірге бейімдеп,
тіпті редакторға тән мінезді өзіне үлгі етуге тырысты. Өз шығармашылық
жолын осы газеттерден бастаған ол 1966 жылы Ұлттық Университетке оқуға
түсіп, оны 1971 жылы сәтті аяқтады. Бесінші курста оқып жүрген кезінде
Білім және Еңбек (қазіргі Зерде) журналының Комсомол және Пионер
тұрмысы деген бөлімінде редактор болған. Ал, 1976 жылы Жұлдыз журналына
шақырылып, онда 80-ші жылға дейін очерк бөлімінде істеген. Нақ сол жылдың
сәуір айынан басталған Қазақстан Жазушылар одағындағы шығармашылық өмірі
сегіз жылға жалғасқанын айта кету керек. Еркін творчествомен айналысуды
жөн санаған Баққожа екі жыл бойына үйінде отырып, Өмірзая романын жазды.
Содан 1990 жылы Алматы облыстық Қазақ тілі қоғамын ұйымдастырып, басшылық
жасап жүрген кезінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігіне
басшылыққа келіп жатқан Қанат Саудабаев бір күні Баққожа Мұқайға телефон
соғып, қызметке шақырады. Дәл сол кезде Өмірзая романының жазылған
нұсқасы дайын болатын. Ал 1990-1995 жылдар аралығында Қазақстан
Республикасы Мәдениет министрлігінде репетуарлық – редакциялық коллегияда
Бас редактор, Бас басқарма бастығы қызметін атқарған Баққожа Мұқай - 1995
жылдан бері күні бүгінге дейін Парасат журналында бас редактор.
Әрбір жазушы шығарма жазар кезінде уақыт немесе жай талғайды.
Ал, Баққожа Мұқай жас кезінде пәтерде тұрғандықтан көбіне күндіз жазуға
мүмкіндік бола бермей, бәрі шырт ұйқыда жатқан кезде жалғыз отырып жазуға
дағдыланған. Сол күні бүгінге дейін әдетке айналып, таң атқанша жазумен
отырғанды жанындай жақсы көреді екен. Ал үлкен шығарма жазған кезде Мұхтар
Мағауинның берген кеңесін пайдалады. Ол кісі: Сен таусылып, бойыңдағының
бәрін бір күнде жазып тастаймын деп ойлама. Дәптердің жоғарғы жағына күнін
белгілеп, 4-5 сағат жұмыс істе де, ойыңды үзіп таста. Барлық ойлаған дүниең
бойыңда тұрсын. Әбден пісіліп-жетілген ойыңды тек келесі күні пайдаланатын
бол. Біріншіден, шаршап, күшіңді жоғалтпайсың, екіншіден, жүйелі жұмыс
істеуге пайдалы,4 - деп ағалық ақылын айтқан болатын. Өмірзаяны жазған
кезде Мағауиннің осы айтқандары бойынша жұмыс істеуді жөн санаған ол,
күніне 4-5 сағаттан жазып отыруды қолға алған. Келесі күні дәл сол дағды
бойынша төр көз дәптердің жоғарғы жағына күнін белгілеп, жұмысын жалғастыра
берген. Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО және ИСЕСКО істері жөніндегі
Ұлттық Комиссиясының мүшесі. Аталмыш Комсисия құрамында сол кездегі
Қазақстан Республикасының премьер-министрі, Ұлттық Комиссия төрағасы
Иманғали Нұрғалиұлы Тасмағамбетов, Қазақстан Республикасының ЮНЕСКО
жанындағы өкілі, Ұлттық Комиссия төрағасының орынбасары Сүлейменов Олжас
Омарұлы, сондай-ақ Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің ректоры
Қожамқұлов Төлеген Әбдісағиұлы, жазушы Әкім Тарази Үртайұлы сынды заңғар
тұлғалы жиырма бес азаматтың ішінде Мұқаи Баққожа Сейдінұлының да болуы
өмірінде елеулі оқиғалардың бірі еді.
Ол Жалғыз жаяу және Өмірзая атты романдар мен Жаңбыр жауып тұр,
Өмір арнасы, Аққу сазы, Мазасыз маусым, Дүние кезек, Тоят түні,
Алғашқы махаббат, Жеті желі, Ертегідей ертеңім атты кітаптардың
авторы. Шығармалары тәжік, қырғыз, орыс, башқұрт, қарақалпақ, өзбек, татар,
якут, түркімен, корей, белорус, лак тілдеріне аударылған. Орыс тілінде 1984
жылы Водовород, 1988 жылы Белая птица атты кітаптары шыққан. Иірім,
Қош бол, менің ертегім, Сергелдең болған серілер, Өзгенің өмірі үшін,
Дүние кезек, Заманақыр, Раушан гүлі, Ерулік, Тоят түні,
Өмірзая, Тойы көп үй атты драмалық шығармалары Қазақстан және шет ел
театрларында қойылған.
Бірқатар шетел жазушыларының шығармаларын қазақ тіліне аударған.
1982 жылы Қош бол, менің ертегім пьесасы мен Аққу сазы хикаялар
кітабы үшін Қазақстан Ленин комсомолы сыйлығыны лауреаты атағы берілген.
1995 жылы Қырғызстанның әдебиет жөніндегі сыйлығын алған. 2000 жылы
Өмірзая романы үшін, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Еңбектегі ерлігі үшін, Астана медальдарымен және Құрмет орденімен
марапатталған.
Бүгінде Баққожа Мұқайдың көп томдық еңбектер жинағы жарық көруде. Атап
айтар болсақ, I және II - томына повесть, әңгімелері; III – томына
пьесалары (он бір - он екі пьесасы жинақталған); IV – томына Жалғыз жаяу
романы кірсе, V – томы Өмірзая романына арналған. Жазушының бас – аяғы
жиырма шақты кітапбы, оннан астам пьесасы және екі – үш жүзге жуық
мақалалары бар екен.
Әрбір қаламгер - өз дәуірінің айнасы, жоқшысы болып саналады. Осы
орайда, аяғынан қаз тұрған еліміздің ертеңіне алаңдап, ұлт болашағына шын
жанашарлық танытқан Баққожа Мұқай шығармашылығының жаңа қыры – оның
публицистикалық мақалалары болып саналады. Қаламгер жазушылық жолында
қоғамдық өмірдегі маңызы жоғары, саяси-әлеуметтік мәні терең келелі
мәселелерді өз мақалаларына өзек ете білген. Жазушының публицистикалық
мақалалары автордың қаламгерлік жолының алғашқы жылдарынан бастап-ақ газет-
журналдар беттерінде жарық көре бастады. Ол мақалалар әр түрлі сипатымен
дараланады. Бірақ, ол мақалалардың қай-қайсысынан да автордың өз елінің
болашағын ойлап, ой тербеген жанашыр ағаның келбетін, ізденісін көреміз.
Баққожа Мұқай қазақ халқының тілін, дінін, қоғамдағы орнына айрықша көңіл
бөліп, ұлттық болмысы мен халықтық танымына қатысты мәселелерді
мақалаларының негізгі өзегіне айналдырады. Шындығында, публицистика
уақыттың негізгі бір кезеңіне бағынады. Оның сипаты да, жазып отырған
проблемасы да сол уақыт негізінде туындайды. Ең негізгісі ол нақты
әлеуметтік мәселенің жүгін көтереді. Ондағы терең әлеуметтік мәселе бірден
көрінеді және оны публицистиканың кез-келген элементінен көруге болады. Кез-
келген қоғам белгілі бір тарихи кезеңге тән. Осыған орай әлеуметтік
үрдістермен, оқиғаларды анықтайтын түрлі уақыт кезеңдерін, көрсетуі
мүмкіндігін зерттеуші-ғалым М.И. Стюфляева орынды тұжырымдаған. Жазушының
публицист ретіндегі даралығы мен қолтаңбасының айқын көрінісі ретінде біз
Ертегідей ертеңім атты кітабын атаймыз. Жазушы-драматург, Қазақстан
Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Баққожа Мұқайдың Ертегідей
ертеңім атты толғаулар мен эсселері жинақталған жаңа кітабы екі бөлімнен
тұрады. Тәуелсіздік тағдыры деп аталатын бірінші бөлімі қаламгердің
публицистикалық мақалаларының басын біріктірген. Бұл - Баққожа Мұқайдың
қазақ елі тәуелсіздік алғалы бері жазған, мерзімдік басылымдарда
жарияланып, көпшіліктің ықыласына бөленген ой-толғамдары. Тағзым -
кітаптың екінші бөлімі. Бұл бөлім жазушының Тахауи Ахтанов, Бердібек
Соқпақбаев, Жұбан Молдағалиев, С. Омаров, Қасымжомарт Тоқаев, Шерхан
Мұртаза, Әкім Тарази, С. Оразбай, Р. Сейтмет, Сағат Әшімбаев және басқа
әдебиет пен өнер қайраткерлері туралы жазылған мақалаларынан тұрады. Кітап
2003 жылы Ана тілі баспасынан 416 беттік болып жарық көрді. Алғашқы бөлім
1990 жылы Лениншіл жас газетінің сегізінші наурыз күнгі санында жарық
көрген Тіл – халықтың жаны деп аталатын мақаласымен басталған екен.
Кітапта автордың ұзақ жылдардағы іргелі ізденістерінің нәтижесінде
жазылған, кемелді ой-толғамдарға толы болып келетін мақалалары жинақталған.
Бұл еңбекте қаламгер жаңа заман, жаңа қоғам және оның болашағы туралы
тебіреніп, өз пайымдауларын жеткізеді. Публицистикалық мақалалар негізінде
халық тарихы таразыланып, тарихи оқиғалар тұсындағы қазақ елінің жай-күйі,
соған қатысты толғаныстары зерделеніп, сөз етіледі. Солармен қатар, сөз
зергері мен руханият жоқшысы ретінде әдебиет, мәдениет, өнер мәселелерін
қозғайды. Осы мақалаларынан жазушының заман талабына сай мәселелерге үн
қосып, батыл ой айтқанына көз жеткіземіз. Мысалы, Тіл -халықтың жаны атты
мақаласында тіл туралы ойларын жеткізеді. Ана тіліне жасалған қиянатқа ащы
сын айта отырып, тығырықтан шығар жол іздейді. Кеңес үкіметі кезеңіндегі
ана тілімізге деген қырғи көзқарастың әсерінен балабақша, мектеп, жоғары
оқу орындарының жаппай орыс тілінде болғандығы, бұл саясаттың халық
болашағына, ұлттық табиғатымызға тигізген орасан кесірін қинала жеткізеді.
Ертеңімізді ойламай, өркениетіміздің болашағына алаңдамай, әрқайсысымыз
қара бастың қамын күйттеп, арзан табысымызға алданып жүре берсек анамыздың
тілінің күндердің күніне саптан шыққан елу бір секілді кебін киеріне кімнің
күмәні бар?, - 5 деген сауалды ортаға тастаған жазушы халыққа түрлі
мысалдар келтіреді.
Салт-дәстүр мен өнердің, діннің ана тілге зор әсер ететіндігі белгілі.
Жазушы осы аталған рухани мәдениет үлгілерінің тілдің дамуы үшін ең басты
қару екенін тілге тиек етеді. Өзге ұлт өкілінің басқа ұлт мәдениеті мен
тілі туралы баға беріп, кемшілігін айтуы үлкен ағаттық екенін жеткізеді.
Яғни, Кейбір азаматтар көп жағдайда ұлттық мәселенің байыбына бармастан
өлшеп үкім айтып, халықтың намысына тиетін артық сөзге кетіп қалады.
Ойымыз да сөзіміз де бір жерден шығып жүрген кейбір қаламдас жолдастарымыз
желтоқсан оқиғасынан кейін ұсақ-түйек фактілерден үлкен қорытындылар жасап,
халықтың кейбір дәстүрін әжуалап, тілін кемсітіп, Казахстанская правда,
Ленинская смена, Огни Алатау секілді газеттерде үлкен мақалалар
жариялады. Әлгілердің шектен шығып кеткенін көре тұра үнемдемедік, - 6
деп ашына ой толғайды. Бұл үнемдеудің себебі, тарих беттеріндегі
ұлтшылдық деген атқа қалып, уақыт көрсеткен кінәсіз жазалаудан қашқаны
емес пе?! Ендеше қаламгер ой толғанысы тұрғысынан алғанда, қазақ халқының
тілі өзіндік орнын, тілдік қасиетін жоғалтып алуға шақ қалғаны ақиқат еді.
Мақала авторы сонымен бірге, қазақ жеріндегі орыс атаулары туралы да ойын
жалғастырады. Тіпті сол атаулардың қазақша аттары қайтарылып берілгенімен
әлі де болса орысша аталып жүргеніне халықтың өзін кінәлі деп тануы әбден
орынды.
Тіл – халық. Халық өзінің өмірі үшін күресуге міндетті. Тіл –
халықтың ары, абыройы, жаны. Ары мен абыройы, жаны үшін қалың ел жанып
тұрған оттан, жауып тұрған оқтан қайтпайды. Ана тілін қорғау үшін халық
ешкімнен рұқсат сұрап жатпайды, - 7 деп орынды талап қойған жазушы өз
ойын көркем шығармаларында да жеткізеді. Бұл жазушының халық үшін, ұлт
болашағы жолында жанын аямай қызмет етер азамат екенін дәлелдей түскендей.
Патша заманында жердің, елді мекеннің аты сол аймақты басып алған,
қылышынан қан тамған генералдың, полковниктің, атаманның атымен аталады
екен. Сондай қатал да қатыгез адамдардың атын алып, бүгінге жеткен
елдімекендер, қалалар Қазақстанда да аз емес екендігін Баққожа Мұқай осы
мақаласында жақсы атап көрсеткен Және олар сан рет қайталанады екен.
Мысалы, Қазақстанда 14 Александровка, 10 Алексеевка, 12 Андреевка, 27
Березовка бар көрінеді. Кім екендерін енді ғана біліп жатқан қайраткерлер
де олардан қалмапты. Қазақстанда 24 Ждановка, 14 Воршилова, 11 Буденовка
бар. 24 Калининнің, 39 ауыл-село Кировтың атында екен. 17 Михайловка, 14
Николаевка, 30 Целинное деген атауларды кездестірдім. Бұдан Жамбыл бабамыз
бен Амангелді батырларымыз да қалыспапты. Олардың есімдерін 30-40 рет
қайталау жөн бе? Соншама рет қайталанатын Александров, Алексеев, Антонов,
Андреев, Николаев, Дмитриев дегендер кім? осындай дерексіз атаулар Алматы
маңайында да аз емес. Алматының айналасын сүзіп шықсақ Бутаковка,
Лебедевка, Ремизовка, Каменское деген атауларға тап боламыз. Бұлар кімдер?
Верный бекінісі салынғаннан кейін Россиядан Кузнецов деген саудагер көшіп
келіп, Дулат руының байларымен келісім жасап, Іле Алатауының біраз бөлігін
уақытша пайдалану үшін шартқа отырады. Ол Алатаудың қарағайын есепсіз
кесіп,үй салатын материал ретінде сата бастайды. Генерал – губернатор болып
келген Кауфман ағашты кесуге тыйым салады. Алатаудың әрбір сайына әскери
қарауылдар қояды. Бутаков, Лебедов, Ремизов, Каменский, Комиссаров дегендер
сол сайларға қойылған қарауылдар екен, - 8 деген пікрлерінің жаны бар.
Тіпті, Медеу - Медео, Шалдуар-Чалдовар және тағы басқа да көптеген қазақша
атаулар бұрмаланып жүргендігі шындық. Автор публицистикалық мақаласында
шағын жанрда оқырман қауымға толық жеткізе алмаған пікір, көзқарастарын
құлаштап, алыстан ой қозғайды. Ұлттық рухани мұрат-мақсаттарына қозғау
салып, ізденіске, құлшынысқа жетелейді.
Ал, Ұлттың ұяты (алғаш Егемен Қазақстан газетінде 1993 жылы,
18 ақпанда жарық көрген) атты мақаласында әдебиеттің қоғамдағы ролі туралы
сөз қозғаған жазушы қазіргі замандағы оқиғалардың жазылуы туралы пікірін
жеткізеді. Өмір шындығын айтуда публицистика алда, - 9 деп түсінетін
жазушы қоғамдық құбылыстардың әдебиетке тигізер әсеріне бағдар жасайды.
Әдебиет – қоғамның айнасы дейді. Қоғамдағы қайшылықтар көркемөнерден
көрініс таппай әдебиет басқа күштердің жетегінде кеткен жағдайда ол өзінің
шындығын жоғалтады. Әдебиет ешқашан да саяси күштердің жетегінде жүрмеуге
тиіс. Өкінішке орай, біздің әдебиет көп жағдайда жетекке кетеді. Ал, шын
таланттар жаңа жағдайдың ығына жығылмай заманмен жағаласып, шындық үшін
шырылдап отқа түседі. Мысалы, өз басым Мағжан Жұмабаевты осындай ұлы тұлға
деп есептеймін. Иван Бунин де сондай. Өле-өлгенше Октябрь ревалюциясын
қабылдамай кетті. Жанын, жүрегін былғаған жоқ. Әдебиет майданының алғы
шебінде жүруге тиіс дейтін қаламы қарымды азамттар осы күні тылға шегініп,
қосалқы шаруамен айналысып кеткен секілді, -10 деген ойы бүгінгі және
кейінгі қаламгерлердің рухы биік, өресі кең болуына септігін тигізері
сөзсіз. Себебі, қай жазушы, әдебиетші болмасын әрқашан өзгеріп тұратын
заманға емес, адамға қызмет етулері тиіс деп ойлаймын. Келешегін ойлаған
ел ең алдымен рухани өмірін қорғайды. Өкінішке орай біз осы мәселені екінші
қатарға жылжытып жіберген сияқтымыз. Қарын тояр, ал руханиаштықтың кесір-
кесепатынан құтылу үшін ұзақ жылдар керек болады. Сол себепті де біз
халықтың рухани өмірін қорғау арқылы тәуелсіз мемлекеттің бүгіннен
басталатын болашағын қамтамасыз ететіндігін ұмытпауға тиіспіз, -11 деп
қынжыла ой толғаған қаламгер тұжырымы қазіргі уақытта ұлт болашағын
ойлайтын кез-келген адамды толғандыратыны анық.
Жазушы ұлт болашағын рухани мәдениетпен сабақтастыруы оның халыққа
деген жанашырлық сезімінің бір қыры іспеттес. Әдебиетке қырын қараудың
объективті қырын да талай келе, мысалдармен жеткізуге тырысады. Нарық
экономикасының рухани дүниетанымды ысырып, келесі орынға қойған халық
психологиясын сынайды. Тығырықтан шығар жол қарастырып, дүние жүзіндегі ең
озық, ең өркениетті жапон еллі бүгінгі дәрежесіне оқу, білім арқылы жеткен
жоқ па?!, -12 деген ой тастайды. Бұл мақала авторының ұлт санасына
әлемдегі озық мемлекеттің жоғары деңгейге жету жолын да қарастыруы еді.
Рухани мәдениетін биіктетпей, руханият мүддесін барлығынан жоғары қоймаған
ел шын мәнінде алысқа ұзай алмайды. Бірте-бірте халық мәңгүртке айналуы да
әбден мүмкін. Автор осындай қорқынышты алға тастайды. Вольва, тойота,
мерседес мініп, қаракөзілдірік киіп алып, кісіні басып кетердей болып
астамсып жүрген жас жігіттерді көргенде көңілімді мұң баурайды. Осындайда
бір ұлттың ұятына, абыройына айналған ағаларым еске түседі, -13 деуінің
өзінде тым асып-тасып, әкесінің байлығына мастанып жүрген кейбір
далақпаздарға қарны ашып, күйінеді. Сондай –ақ, қоғамдағы толып жатқан
оқиғалаларға талдау жасап, халыққа жеткізуде әсіресе, жазушы мен
драматургтың ролі белсенді екендігін тілге тиек еткен қаламгер әдебиетті
қарапайым көзбен емес, философиялық көзқараспен бағдарлау керектігін
түсіндіреді. 21 ғасырда біздің әдебиетіміздің дүниежүзін таң
қалдыратындығына сенгім келеді, -14 деп жазушы әдебиеттің жарқын
болашағына зор үмітпен қарайды. Әрине, қазақ халқының мәдениеті, әдебиеті
дүние жүзін таң қалдырып келе жатқандығы рас дүние. Қазіргі оқырман
қауымның талабы жоғары. Осыған сәйкес жазушы тұжырымдаған ой-толғаулар
дұрыс жолға қойылуда.
Шырылдайды шындығың атты мақалада жазушы жоғарыда аталған ой-
толғамдарын тәуелсіз Қазақстанның экономикасымен де байланыстыра
бағдарлайды. Қазақ жеріндегі келеңсіз кейбір оқиғалармен ұлт болашағын
байланыстыра, өзіндік көзқарасын жеткізеді. Мемлекетке қарсылық – оны Ата
заңына деген қарсылықтан басталады. Ата заңды мойындамау, оның әрбір
бабынан ілік іздеу – жаңа қалыптасып жатқан мемлекеттің ішкі үйлесімін,
бірлігін бұзуды ниет еткендердің тірлігі, - 15 деп ашық ойын жеткізген
қаламгер халық ішіндегі кейбір оқиғалар тізбегін сыни көзқарастан өткізеді.
Өзіндік жолы бар, Ата заңы қалыптасқан мемлекетке халық тарапынан қолдау
керектігін де мойындауымыз керек. Бұл - ұлт болашағы, мемлекет болашағы.
Осы пікірін жазушы айтудан еш жалықпайды. Қазақ халқының кең
пейілділігімен, ақжарқындылығын тілге тиек еткен қаламгер ұлтты бірлікке
шақырады. Мемлекеттегі жасалынып жатқан игілікті істерді мысалға келтіре
отырып, қазақ тілі үйге кіргенмен, төрге шыға алмай босағада тұр, - 16
деп, тағы да ана тілге қолдау көрсету керектігін де айтудан еш жалықпайды.
Жоғарыда келтірілген екі мақаладағы ой-тұжырымдар біз сөз етіп отырған
мақалада жалғасын тапқандай. Экономикасы жақсы деңгейге көтеріліп келе
жатқан мемлекет тілі мен әдебиетін ұмытпау керектігін естен шығармеу керек.
Баққожа Мұқайдың осы мақаласында еліміздің экономикасына байланысты келелі
мәселелер көртерілген екен. Оның ішінде ұлттың болашағын гүлдердіретін
экономика саласынын қалайша дамытып, алға жылжытуға болатындығын тілге тиек
етеді. Қаламгердің сөзіне сенсек, экономиканы сату арқылы емес, өнім
шығару, өнеркәсіпті күшейту арқылы көтерудің дұрістығын өркениетті елдер
сан рет дәлелдеген. Ал, Қазақстан сияқты табиғи байлығы мол ел қуатты
өндіріс, өнеркәсіп орталығы болғанда ғана гүлденіп, өркениетті елдердің
алғы шебіне шығары сөзсіз. Осыған да қолдан келгенше халық тарапынан,
жоғарғы жақтан қолдау қажеттігін де еске салады. Экономикамыздың да адымы
аршындап келеді. Дей тұрғанмен де, жерінің көлемі жағынан әлемдегі
тоғызыншы орынды иеленген мемлекетіміздің жер байлығы да - ағыл-тегіл.
Қаламгер осы ретте мұнай-газымыздың басым екендігін місе тұтып отыра
берудің реті жоқ екендігін еске салады. Шындығында да Қазақстан шикізатқа
бай екендігін ескерсек, ертеңгі күні шикізаттық қорымыз таусылғанда жер
сипап қалмаймыз ба дегенді назарға ұстап, өндіріс орындарын көбейткеніміз
жөн екендігін тілге тиек етеді. Сөзден іске көшетін кез жетті. Баршамызға
белгілі, тәуелсіздігімен қатар, Құдай берген байлықты пайдаланып, көптеп
өндіріс ошақтарын ашу өзіміз үшін де, ертеңгі ұрпағымыз үшін де ауадай
қажет. Баққожа Мұқай осы жөнінде тереңдей толғанады.
Тәуелсіздік тағдыры атты мақаласының Мен Қазақстанымның көгілдір
туының түсіндей жаңа паспорт алдым. Аты-жөнімді қазақшалап, Баққожа
Сейдінұлы Мұқай деп жаздырдым. Ұлтымның, ата-бабамның алдындағы перзенттік
бір парызымды орындағаныма балаша қуандым, - 17 деп басталуынан-ақ
аталарымыздың есіміне тіркесіп жүрген ев, ов пен вич-тердің
жойылғандығын, жою керектігін ескерту түрінде қабылдауымыз керек сияқты.
Енді Мұқайдың мына бір ойына назар салыңыз: Егемен Қазақстан деген ұғым
менің миыма мүлде қонбайды. Егемен Америка, Егемен Россия немесе Егемен
Қытай деген тіркестерді ешбір басылымнан көрген емеспін. Азат, егемен деген
тәтті сөздер жартылай отар елдерді жұбату, алдарқату үшін ғана
қолданылмаушы ма еді. Ал біз тәуелсіз алғанымызға әлі сенбейтін сияқтымыз.
Рас алғашқы әлетте психологиялық кедергілер болды 18. Шынында да, егер
Азат Америка немесе Егемен Жапония деп жазып көріңізші, екі ел де бірден
наразылық танытар еді. Ал біздің әлдекімге, әлдеқайда жалтақтай
беретініміздің себебі не?
Жалпы Баққожа Мұқайдың публицистикалық мақалаларында көркем
туындыларында түрліше көркемдікпен жан-жақты жеткізіліп, терең талдана
алмаған ойлары ашық түрде, қоғам тіршілігіндегі өзекті мәселелер негізінде
тұжырымдалып, мазмұндалады. Публицистикалық мақаланың мазмұнды болуы, ең
алдымен журналистің шеберлігіне, тәжірибесіне, өмір шындығын саралай,
талдай білу, фактілерді іріктей білу әдісіне байланысты 19. Осы тұрғыдан
алғанда, Баққожа Мұқайдың публицистикалық мақалалары мемлекеттік дәрежедегі
нақты мысалдармен дәлелденді деп ойлаймын. Бұл автордың ұлт болашағын
тереңнен ойлайтын қоғам қайраткері екендігін ұғындырғандай. Қаламгер
дүниетанымы қалыптасқан, орнықты болған сайын, оның өз мақсаты, идеалы үшін
күресі табанды, қуатты бола түседі және түрлі идеологиялар ықпалына бұрыла
қоймайды, -20 деп профессор З. Бисенғали айтқандай, жазушы шығармашылығы
- ізденістер мен өзгерістерге толы.
Баққожа Мұқай драматургия саласында да өзіндік қолтаңбасы айқындалған
- іргелі қаламгер. Жоғарыда айтып өткеніміздей, Баққожа Мұқаидың алғашқы
пьесасы жетінші-сегізінші сыныпта оқып жүргенде туындаған және мектеп
сахнасына қойылған Қалыңмал, адыра қалған! атты туындысы болатын. Осыдан
кейін біршама уақытқа драматургиядан қол үзіп кеткен Баққожа аға 1974 жылы
Иірім пьесасын жазу арқылы қайта қолға алды. Бес алты нұсқадан тұратын
бұл пьесаны жазу Баққожа ағайға өте қиын болды. Бүгінде ол үш жылдан бері
Жүргенов атындағы Өнер Академиясында Кино-теле драматурниясы деген
курстан дәріс береді. Ал, 1994 жылы Өнер баспасынан жарық көрген Тоят
түні пьесалар жинағына Қош бол, менің ертегім, Иірім, Сергелдең
болған серілер, Дүние - кезек, Заманақыр, Тойы көп үй, Тағдыр,
Өмірзая, Ерулік, Раушан гүлі сынды туындылары енген. Мұндағы
шығармаларының көпшілігі республикалық және облыстық театрларда қойылып,
қалың көрерменнен өз бағасын алған дүниелер.Өмірдегі қайшылықтар, адамдар
арасындағы ар - ождан, адамгершілік қасиеттер, тағдырлар тартысы,
замандастарымыздың әрқилы іс-әрекеттерін өзек-арқау еткен пьесалардыңөн
бойынан уақыттың рухы мен тынысы айқын да анық көрінеді. Драматургтың Қош
бол, менің ертегім, Тоят түні секілді пьесалары басқа тілдерге
аударылып, орыс, қырғыз, тәжік, қарақалпақ, түркімен, лак және тағы басқа
елдердің театрларында қойылған. Мәселен, Рысбек Сәрсенбайұлының Егемен
Қазақстан газетінің 1999 жылғы 18 мамырдағы санында Ташкентте Тоят түні
қойылды атты мақаласы жарық көрді. Хамза атындағы академиялық театрдың
репертуары жаңа қойылыммен толықты,-21 деп басталған мақалада Орталық
Азия елдеріне кеңінен танымал, белгілі драматург-жазушы Баққожа Мұқайдың
Тоят түні спектаклі өзбек тілінде сахналанғандығы және отызға жуық театры
бар үлкен шаһардың қойылымға осыншама көп жиналуын таңырқана жазды. Тіпті
сырттан келген меймандар алдыңғы тұсқа қойылған орындықтарды қанағат
тұтқан. Ал, спектакль желісіне келер болсақ, тіршіліктің түйткілдері
соқырдай жетектеген пендешіліктің құлақкесті құлындай өз тағдырын
тәлкекке салғызған кейіпкерлерінің - Баян (Зухра Ашурова) мен Асанның
(Файзулла Мансуров) ойнақтап жүріп от басуы соншалықты нанымды бейнеленген.
Төрт тұлға – төрт актер көрермен қауымды оқиға дамуы мен иіріміне
ширықтырып, ойландыра -толғандыра, отырып, жеңіл күлдіре алса, алаң көңілді
мұңға толтырып, қамықтыра түсіп, ақырында аһ ұрғыза күрсінді. Драматург
туындысындағы шынайы өмір шындығын көршілеріміз өздеріне де тән
жауапкершілік құбылыстай етене жақын түсіністікпен қабылдады ,- 22 деп
жазды тілші Сәрсенбайұлы. ТМД елдерінің бірқатар театрларында көрсетілген
бұл тартымды драмалық шығарманы өзбек тілінде қойған – режиссер, Қарақалпақ
автономиялық республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Өзбек
республикасының әртісі Нажмуддин Аңсатбаев. Премьераға арнайы шақырылған
автор Баққожа Мұқаи және Өзбекстанға да мәшһүр, белгілі театр сыншысы
Әшірбек Сығай көрермен алдында сөз сөйледі. Екі халықтың арасындағы
достықтың алтын көпірі саналатын өнер арқылы өзара жақындастыра түсуге
қызмет ету – азаматтық мұрат. Қазақтың талантты драматургының бұл пікірін
Хамза театрының басшылығы да құптап: Таланттың туындысы ортақ, шынайы,
шырайлы шығармаға шекара жоқ. Ол ел талғамайды, ел оны талғамайды, - 23
деп спектакльге жоғары баға берген болатын. Осы пікірден – ақ Баққожа
ағамыздың пьесалары қазақ еліне ғана емес, басқа да көршілес халықтарға
сыйлы, таныс, көре беруден жалықтырмайтындығы байқалып тұрғандай.
Содан кейін, Арқа ажары газетінің 2006 жылғы 7-ші ақпан сейсенбі №15
санында Ерболат Баятұлының Өмір мен өнер тақырыбы. Осының қайсысы
қымбат? деген мақаласына тоқтала кеткім келеді.
Мұнда өз көрермендерін жаңа қойылымдарымен тәнті етіп келе жатқан
Шахмет Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалы- драма театры Баққожа
Мұқайдың Тағдыр атты Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері
Мұратбек Оспановтың сахналауымен көпшілікке алғаш рет ұсынылғандығы жөнінде
айтылған. Қойылымның суретшісі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
сыйлығының лауреаты Мұрат Мақсұтов болса, музыкамен көркемдеген Арман
Ищанов. Премьерасы аншлагпен өткен осы спектакль туралы не айтуға
болады?, - 24 деп автор оқырманына ой салып отыр. Пьесаның тақырыбы біз
үшін жақсы мәлім, қоғамдық-моральдық кертартпа күштердің іс-әрекетін
қаузайды. Ерболат Баятұлының осы мақаласын оқып отырсаң, өнердің қашаннан
киелі дүние, кіршіксіз қондырма екендігін меңзей келе, сонау Аристотель
заманынан Алла тағаланың адам баласына сыйлаған асыл қасиеттерінің бастысы
деп басталған екен. Сондай-ақ, өнер адамзат баласы ақыл-ойы дамуының,
көркемдік-эстетикалық талғамының биіктен-биікке көтерілу кезеңінде үздіксіз
дамып келе жатқандығы әбден мойындалған нәрсе. Қоғам, өнер және өнер адамы
осынау үш бағыттағы қарама-қайшылықтар мен адамның қолдан жасаған амал-
әрекеттері спектакльде жақсы көрініс тапқан. Мысалы үшін, өмірде де,
өнерде де бақытымызды бірге табамыз деген Айсұлу (Маржан Бөкешова) мен
Керімнің (Бағлан Иманғазинов) жарқын болашақ, жақсы өмір, сахнадағы
салтанат пен қошаметке және оған жетер жолға деген сенімдері мен
көңілдерінде қылау жоқ. Олардың театр қабырғасында өткізген 12 жылда
көргендері де, түйгендері де баршылық. Жас талант, сұлу да көркем, ерке
мінезді, елік мүсінді Айсұлу жаңа режиссер Құлан Сардаридің жаңа
қойылымында жарқ етіп көрінді. Айсұлу да, Керім де адал әрі аңғал мінездің
адамдары.
Ал, құлығына құрық бойламайтын Құланның өз есебі артында. Осы
биігімнен түспесем екен, алдағы мақсатыма қалай да жетсем екен,- деген
желік көңілдің жетегіне ерген Айсұлуды алдап, арбап, айтқанына көндірген
Құланның ендігі жерде ақ дегені алғыс, қара дегені қарғыс. Өнер, өнер!,-
деп өзеуреген режиссер өз дегеніне жетті. Құланға дейінгі кезеңде де осы
театрда мейманасы тасып, мерейі үстем болғандай болыпты. Ал, режиссер
Көкейман Сейтеновтың тұсында тұғырдан түспеген Гүлзидің (Гүлмира Жанкулина)
Құлан келгелі құрығына бір мықты роль ілікпей-ақ қойды. Көкейман демекші,
оның көңілдесі болған Гүлзидің құдай қосқан қосағы Саяқ Қайдари да (Ербол
Дүнгененов) осы театрдың оң қолындай әртісі болатын.
- Талантпын!- деп талтаңдап жүрген Саяқтың әйелі Гүлзи мен Көкейманның
арасындағы ашынашылықты көріп тұрып, көрмегенсіп, табансыздық танытқаны бар
Ақыры не болды? Ақыры рухани азған актер арақтың соңына түсіп, азды-тозды,
жұмыстан кетті. Құланның Айсұлуға қалай берілгендігін көріп жүрген Гүлзи
әртүрлі амал-әрекеттерге барып бағады. Құланның көзін құрту үшін театрдың
ақжаулықтары мен ақсақалдыларын да айлаға көндіріп, айтқанын істетеді. Атақ
пен абырой үшін арын таптатқан Айсұлудың бұл қылығына көне алмаған Керім
ажырасты, көше кезд, ақыры абақтының ар жағынан бір-ақ шығып келді. Содан
жанын жеген жалғыздықтан ар-ұяты өртеген ішқұсалықтан бақастар мен
күншілдердің табасынан мүгедек болып Айсұлу арбаға таңылса, жалғыз қыздары
Даная қу тіршіліктің қуқынына құяр нәпәқа табам деп жеңіл жүріске-
жезөкшелікке түседі. Ал, Өнерім - өмірім,- деп өрекпіп жүрген Құлан
Сардари да ақыры ажырасып, жалғыз ұлы нашақорлыққа салынып, арақтың соңынан
кетеді.
Оқиғалық драма осылайша қым-қиғаш, быт-шыт тағдырлардың талқан болған
арам да лас, жексұрын да жеккөрінішті, дәрменсіз де дәрігейлі өмірлерімен
өрістей келіп, спектакльдың аяғында араққа салынған әке мен абыройсыз,
ашынған қыздың Адам көрмесін деген анайы әрекетімен түйінделеді де,
идеялық шешімнің бірі аспанға құлап, екіншісіарланның аузына түскен Керім
мен Айсұлудың кешірім ниетпен шарасыз қайта табысуларымен түйінделеді.
Иә, Өнер - өнер үшін, Өнер – құрбандықты талап етеді деген
пәлсапалық-эстетикалық қағиданың бар екендігі рас. Әлемдік өнердің өткен
жолына үңілсеңіз өнер үшін өз өмірін талай рет аз болмағандары рас. Әрине,
өнер жолы – ауыр жол, ол ақиқат. Өзіміз біліп, естіп жүрген өнер
адамдарының дені өмірден өз сыбағасын алып, өзін толық бақыттымын деп айтып
кеткендер емес. Оған қаншама мысалдар келтіруге болады. Өнер! деп өз
жемсауын толтырып, өз жемтігін іздеген өнер ұжымдарының басшылары,
режиссерлары бұрын болған. Мүмкін, қазір де солай. Әйелдің бәрі әдемі
болуы мүмкін, бірақ бәрі бірдей ақылды емес,- депті бір данышпан. әйелдің
әлсіздігін, әсіре қызықшылдығын, әуесқойлығын өз пайдасы үшін Әдемі асыра
білетін, соған әлімжеттік жасайтын пиғыл мен әрекеттің болуы –қоғам дерті,
рухани азғындаудың мерез құрты. Өнерді өздерінше биік өлшем етіп, өмірдің
өзін өзегіне теуіп кете беретіндерге өкпе де, наз да айта алмаспыз. Өнер
өмір үшін бе, әлде өмір өнер үшін бе?,-деген сұрақтың жауабын өрелі
көрерменнің өздері айта жатар, - 25 деп сәтті аяқтаған.

1. 2. Публицистикалық, көркем шығармаларының ерекшелік
сипаты.

Жалпы Баққожа Мұқай прозасындағы замана шындығы айқын да анық бүкіл
шығармашылық ойлау жүйесінен көрінеді. Оның прозалық шығармаларының тілінен
де, баяндау әдісі мен характер, образ жасау жолында пайдаланған
шығармашылық тәсілдерінен де, кейіпкердің психологиялық-әлеуметтік
портретін берудегі ерекшелігін көрсетуге болады. Қаламгер өз
шығармашылығында заман шындығын ой елегінен өткізіп, шығармашылық аясында
қорытып, көркемдей білді. Ал көркемдік әдеби шығарманығ ерекшелік қыры
болса, ол суреткердің өмірді танып білуі, негізгі идеяны айқындаудағы
қабілетіне байланысты екені анық. Сонымен бірге бұл көркемдіктің жоғары
деңгейі жазушының көрегенділігімен, қиял байлығында екендігі айқын. Осы
тұрғыда академик З. Ахметов Шығарма жазудағы автордың ой-ниеті тұрғысынан
алғанда, тақырып – алдымен болашақ туындыға арқау болатын мәселелер,
қамтитын жағдай, оқиғалардың суреттелетін өмір құбылыстарының шеңбершегі.
Ал, шығарманы талдау тұрғысына қарасақ, тақырып – ол шығарманың мазмұнының
негізгі бір құрамды бөлшегі, айтылған, суреттелген жайлардың қоғамдық
өмірдегі маңызды мәселелер дәрежесіне көтеріліп, көркемдік шындыққа
айналған қалпы, - 26[5, 193 бет] деп тұжырады.
Жазушы уақыт талабына сай ұлттық әдебиеттің проза жанрына жемісті
еңбектеніп, жаға сипатты қасиеттерімен танылып, көркемдік түр ұлттық нақыш
пен тағылым, рухани ізденістерге бой ұрып келеді. Жалпы жазушы –драматург
Баққожа Мұқай қай салада қалам тербемесін, қазақ халқының кешегісі мен
бүгінгісін салыстырып, тарихи жағдайлармен байланыстырып, филисофиялық ой
тізбектерімен тұжырымдайды. Халықтың ертеңі әсіресе руханилылыққа ерекше
көңіл бөледі. Ұлттық келешегі рухани мәдениеттің бір бөлшегі деп түсінетін
жазушы повестері мен романында осы ой- тұжырымы жалғасын тапқан.
Белгілі жазушы Баққожа Мұқайдың Өмірзая романы - XX ғасырдың соңғы
кезіндегі қазақ тарихындағы ащы шындықты суреттейтін салдарлы туынды.
Қаламгердің кез келген шығармасында күнделікті күйбең тіршіліктің көзге
көрінбес майда мәселесінен бастап, әлеуметтік өмірдің ірі шиеленіскен
кезеңдері өрбіп, оқырманын баурап алатыны белгілі.
Романдағы кейіпкерлер образы - сомдалған, кесектелген, ерекшеленген
бейнелер. Әр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жазушы-драматург Баққожа Мұқай
Жазушының әңгіме жанрындағы еңбегі қыруар
Шығарманың көркемдік қуаты осында
Қазақ радиосындағы «Ұлағат» және «Парыз» бағдарламаларын талда
Қазіргі қазақ комедиясы. Драммадағы тарихи тұлға
Қазақстан кітап сауда жүйесі
Тәуелсіздік жылдарындағы драмалық шығармалар
Телебағдарламаларды насихаттау үшін баспа сөздің қызметі
Қазақтың спорт журналистикасының көш басында ұстазымыз
Бисерден тотықұс тоқу технологиясы
Пәндер