Адам – әлемнен де күрделі



Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ және ең күрделі кезеңі болып табылады.
Оның ұзақтығын түсіну үшін ұрықтың жетіліп, даму мерзімін де, жер бетіндегі тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін әуелі тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды. Өйткені, адам ғұмырының физиологиялық осы кезеңі, күллі тіршілік атаулының тылсымға толы түйіні, тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған көмбесі тәрізді. Ғылыми дәлелдерге сүйенсек, ана құрсағында өсіп жатқан жан иесі өзіне берілген тоғыз айдың ішінде табиғат шебердің құдіретімен “он сегіз мың ғаламның” сипаттарын түгелдей қайталап шығатындығы белгілі боп отыр. Былайша айтқанда, бір клеткалық тіршіліктен бастап адамға дейін жетілген, биологиялық түрлерді түгелдей басып өтеді екен. Әрине, бұл – күллі табиғат жаратылыстары ішіндегі күрмеуі қиын, аса күрделі құбылыс екені даусыз! Мұндай сипат тек табиғат шебердің құдіретімен ғана жасалмақ. Ендеше, осынау тіршіліктің сапалық дәрежеде жетілетін жұмбақ кезеңін адам тәрбиесіне кірістіре алмай келгенімізді ойласақ, бүкіл адамзаттың рухани дамуындағы аса ауыр кемшіліктер де, осы кезеңнің еленбей қалған ерсіліктері екені анықталып отыр. Себебі, бұл мәселе өткен-кеткен педагогикалық және психологиялық ілімдерде ешқашан ғылыми жүйеленіп көрген емес. Адам тәрбиесі тәрізді өте күрделі құбылыстың бастауы болып саналатын ұрық тазалығы мен Ана құрсағындағы жетілудің сырына терең үңілмей, ұрпақ тәрбиесінің іргелі мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес. Әсіресе, бүгінгі молекулалық биология мен генетика ғылымдарының қол жеткен табыстары осы ойымызды тапжылтпай дәлелдеп отыр. Себебі, адам жаратылысындағы тек түйістік ақыл мен ішкі бес сезімді былай қойғанда, онда тума қабілеттері мен мінез-құлқы, психикалық жігері мен тектілік қасиеттерінің іштен туатындығы ғылыми әбден дәлелденген құбылыстар екенін ескерген жөн. Жалпы, бұл мәселені тікелей адам тәрбиесі хақында болмаса да, адамзаттың небір алып ойшылдары философиялық пәлсапа түрінде көп талқыланған. Әсіресе, адам бойындағы Жан мен Тәннің өзара үндестіктерімен қоса, жүрек күші және ақыл күші тәрізді қадау-қадау құбылыстарды үнемі ой елегінен өткізіп отырған.

Пән: Валеология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Адам – әлемнен де күрделі.

Ана құрсағындағы тоғыз ай адам ғұмырының ең ұзақ және ең күрделі кезеңі
болып табылады.

Оның ұзақтығын түсіну үшін ұрықтың жетіліп, даму мерзімін де, жер бетіндегі
тіршіліктің барлық сатыларын басып өтетіндіктен, мөлшермен 500 миллион
жылмен пара-пар екен. Бұл айтылған ойдың маңызы мен мәніне жету үшін әуелі
тіршілік құпияларына тереңдеп үңілмей болмайды. Өйткені, адам ғұмырының
физиологиялық осы кезеңі, күллі тіршілік атаулының тылсымға толы түйіні,
тіпті ақыл түгіл, көңіл көзі жетіп болмаған жұмбақ сыры сақталған көмбесі
тәрізді. Ғылыми дәлелдерге сүйенсек, ана құрсағында өсіп жатқан жан иесі
өзіне берілген тоғыз айдың ішінде табиғат шебердің құдіретімен “он сегіз
мың ғаламның” сипаттарын түгелдей қайталап шығатындығы белгілі боп отыр.
Былайша айтқанда, бір клеткалық тіршіліктен бастап адамға дейін жетілген,
биологиялық түрлерді түгелдей басып өтеді екен. Әрине, бұл – күллі табиғат
жаратылыстары ішіндегі күрмеуі қиын, аса күрделі құбылыс екені даусыз!
Мұндай сипат тек табиғат шебердің құдіретімен ғана жасалмақ. Ендеше, осынау
тіршіліктің сапалық дәрежеде жетілетін жұмбақ кезеңін адам тәрбиесіне
кірістіре алмай келгенімізді ойласақ, бүкіл адамзаттың рухани дамуындағы
аса ауыр кемшіліктер де, осы кезеңнің еленбей қалған ерсіліктері екені
анықталып отыр. Себебі, бұл мәселе өткен-кеткен педагогикалық және
психологиялық ілімдерде ешқашан ғылыми жүйеленіп көрген емес. Адам тәрбиесі
тәрізді өте күрделі құбылыстың бастауы болып саналатын ұрық тазалығы мен
Ана құрсағындағы жетілудің сырына терең үңілмей, ұрпақ тәрбиесінің іргелі
мәселелерін дұрыс шешу мүмкін емес. Әсіресе, бүгінгі молекулалық биология
мен генетика ғылымдарының қол жеткен табыстары осы ойымызды тапжылтпай
дәлелдеп отыр. Себебі, адам жаратылысындағы тек түйістік ақыл мен ішкі бес
сезімді былай қойғанда, онда тума қабілеттері мен мінез-құлқы, психикалық
жігері мен тектілік қасиеттерінің іштен туатындығы ғылыми әбден
дәлелденген құбылыстар екенін ескерген жөн. Жалпы, бұл мәселені тікелей
адам тәрбиесі хақында болмаса да, адамзаттың небір алып ойшылдары
философиялық пәлсапа түрінде көп талқыланған. Әсіресе, адам бойындағы Жан
мен Тәннің өзара үндестіктерімен қоса, жүрек күші және ақыл күші тәрізді
қадау-қадау құбылыстарды үнемі ой елегінен өткізіп отырған. Мәселен,
адамзаттың екінші ұстазы атанған данышпан бабамыз Әбунасыр әл Фараби өзінің
– “Екі философтың – қасиетті Платон мен Аристотельдің көзқарастарының
ортақтығы” – деп аталынатын еңбегінде, екі алыптың қайшылықтарын
үндестіріп төрелік айтады: “Жан және интеллект жайында, “Тимей” атты
кітабында Платон – Жанның да интеллектінің де, тек өздеріне ғана тән
ерекшеліктері бар. Бұл екі дүние бірі мен бірі қабаттас, біреуі – Жоғары,
біреуі – Төмен дейтін мағынаға ұқсас ойлар айтады. Біз оның айтқандарын
терең талдап ұғынуымыз керек. Интеллекті дүниесін де, Жан дүниесін де – ол
тек әрекет сферасында ғана айтқан. Бірақ бұлардың әрқайсысының өз орындары
бар. Ол – жоғары және төмен дегенді жазықтық пен кеңістік ретінде емес,
тек, ізгілік пен қадірлілік мағынасында түсінеді. “Парасат дүниесі” –
“надандық дүниесі” – “білім дүниесі” – “о дүние” – деген сөздерді біз
қандай мағынада айтатын болсақ, ол мұны сол мағынада түсіну керек деп
есептейді. Сондай-ақ, ол – жанның жаратылысқа эманациясы туралы және
интеллектінің – жанға эманациясы туралы да айтады. Платон философтың мұндай
нәзік ұғымдарын, оның жолын ұстаушылардың позициясынан басқа деп түсінуге
болмайды. Өзінің “Жан туралы” кітабында Аристотель философ интеллектіні
жанның ең асыл актуальды бөлшегі деп түсіндірген. Осы интеллектінің
жәрдемімен жұрт – Жаратушыны таниды және Метафизиканы біледі. Олай болса,
интеллекті өзінің орны мен жағдайы жағынан емес, керісінше, әсемдігі мен
шынайы тазалығы жағынан Жаратушыға ең жақын тұрған дүние ретінде
бағаланады. Мұнан кейін жақын тұлға – Жан екені айтылады. Жан өзінің
табиғи сезімдері арқылы Интеллекті мен Жаратушыға дәнекер тәрізді. Сөйтіп,
Жан бір жағынан интеллектімен бірігеді, интеллекті тарапынан Жаратушымен
бірігеді. Ал Жан екінші жағынан Жаратылыспен бірігеді. Тұрған орны бойынша
емес, болмысы бойынша Жаратылыс Жаннан кейін тұрады. Айтып жеткізілуі қиын
аса күрделі Платонның ой қорытындыларын дұрыс түсініп, осылайша ұғыну қажет
болады. Егер де осылай түсінетін болсақ, онда Платон мен Аристотельдің
арасында ешқандай қайшылық та, алауыздық та жоқ”, – деп уақытынан озған,
телегей-теңіз ғұламалығын танытады. Жалпы, шығыс әлемінде Платон мен
Аристотель көбіне Фарабидің түсіндірмесінен кейін ғана терең ұғына алған
ойшылдар көп. Солардың ішінде мәселенің бұл жағын ашық жазып қалдырған, ұлы
ойшыл-ғұлама Әбу Әли ибн Сина екенін жақсы білеміз. Бұл деректі ол өз
қолымен жазған өмірбаянының ішінде айтады.

Тікелей Жан тәрбиесіне байланысты халық педагогикасы мен психологиясының 2-
ші негізі, немесе адам дамуының физиологиялық екінші кезеңі, бүгінгі таңға
дейін ұрпақ тәрбиесінен тыс қалып отыр. Тіпті жан тәрбиесі дегенді түсіне
де алмай отыр. Ол жайындағы методологиялық ізденістің жоқтығы, адам
тәрбиесінің қаншалықты ойсырап жатқандығын аңғартса керек. Сондықтан да,
жоғарыда аз-кем айтылған Жанның он екі мүшесі, яғни 12 арнасының жабылуға
жақын жағдайы – жыл өткен сайын адамдар азып барады деген тұжырымды жиі
айтқызып жүр. Оны айтып қана қоюмен еш нәтиже шықпайды. Өйткені, бұл
мәселенің өзіне тән тәрбие әдістерін жүргізбесе, жан дүниенің арналары сол
жабылған бойы көресінді көрсете бермек. Ендеше, тоғыз торқаның ішінде өсіп
келе жатқан Жан иесі тек биология мен физиология заңдылықтарына бағынып
қана дамитынын ескерсек, ананың түйсігі мен ішкі бес сезімдері арқылы
тәрбиеленетін Жанның мүшелеріне тиісті деңгейде көңіл аударатын мезгіл
жетті.

Шынын айтсақ, соңғы жылдардағы ұрпағымыздың маңдайына тиіп жүрген
күйелі көсеу де осы екенін несіне жасырамыз. Оның жауапкершілігі – тікелей
ата-ананың мойнында екенін де ашып айтқан жөн. Олай болса, келер ұрпақтың
бақыты мен саулығы тікелей алдыңғы буынның ұрық тазалығы мен ана
құрсағындағы тәрбиені түсінуіне байланысты. Қалай десек те, бұл мәселені
ары қарай назардан тыс қалдыра беру бүкіладамзат қауымын апатқа ұшыратуы да
мүмкін.

Заманының түзу кезінде дәстүрі бұзылмаған Қазақ елінің “Алып – анадан
туады” дейтін өсиетінің Үлгісі мен Халық педагогикасы мен психологиясының 2-
ші негізі, немесе Ана құрсағындағы физиологиялық кезеңінің үндесіп жатқанын
байқау қиын емес сияқты. Өзінің ұрпақ тәрбиесінде бұл өсиетті инстинкті
түрде пайдаланғанын көптеген тәлімдік ұғымдардан аңғаруға болады.
Халқымыздың ата дәстүрі болып саналатын “Жеті атаға дейін қыз алыспау”
салты да біраз нәрседен хабардар етеді. Бірақ бодандықтың бұғауымен
маталған соңғы үш ғасыр, бұрынғы ата-баба даналықтарынан қол үздіріп кете
жаздады. Тіпті қазір “Алып – анадан туадының” мағынасы түгіл, бұл сөздің
мәніне де көңіл аударып жүргендер аз. Сондықтан да ол алма-кезек ауысып
жатқан ұрпақ тәрбиесіне әсер етуден қалғалы қашан?! ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XХ ғ. батыс философиясы, экзистенциализм
Әлем альманах
Тұлға, жеке адам, адам ұғымының ерекшеліктері
Ислам философиясындағы әлем мәселесі. Түркі ойшылдарының философиясындағы әлем мәселесі
Әлеуметтік проблема ретінде жалғыздық құбылысы
Табыстарды қайта бөлу шоты
Сопылық жайынан
ХХ ҒАСЫР ФИЛОСОФИЯСЫ. Жаңа заман философиясы
Түркі философиясындағы әлем мәселесі
Эдгар Аллан Поның фантастикалық әңгімелерінің стилистикалық ерекшеліктері
Пәндер