Істі сотта қарау



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


1 ІСТІ СОТТА ҚАРАУДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

1.1 Сот отырысы істерді қараудың нысаны ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Азаматтық істі қарауды кейінге қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата тұру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


2 СОТ ШЕШІМІН ШЫҒАРМАЙ АЗАМАТТЫҚ ІСТІ АЯҚТАУ ... ... ...

2.1 Іс бойынша іс жүргізуді тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Талап арызды (арызды) қараусыз қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Сот отырысының хаттамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..


3 ТАЛАП ҚОЮ ІСТЕРІН СЫРТТАЙ ҚАРАУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

3.1 Сырттай іс жүргізу тәртібі және оның мақсаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3.2 Сырттай іс жүргізу тәрбімен істерді қараудың ерекшелігі мен маңызы
3.3 Сырттай шешім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық істерді сотта іс қарау бойынша жарияланған еңбектердің, соның ішінде ғылыми сипаттағы және тәжірибелік бағыттағы монографиялық зерттеулердің маңызды саны бар. Процессуалист-ғалымдардың және тәжірибеші-соттардың бірінші сатыдағы сотта істерді қарау проблемасына көп көңіл бөлуі түсінікті болып табылады. Процессуалист-ғалымдар сотта іс қараудың маңыздылығы белгілей келе, сот отырысында істерді қарау кезінде сот ісін жүргізудің міндеттері “бұрын және барлығынан көбірек” іске асады, оған қоса процестің мақсаттары “ең кең” жетіледі [1, 213]. Шынында да, істерді қарау кезінде сотпен ҚР АІЖК 5 бабымен анықталған азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері орындалады. Азаматтық істі қарау кезінде сот: азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау; тараптардың құқықтары мен міндеттерін бар немесе жоқтығын немесе заңи маңызы бар фактіні орнату жолымен істі мәні бойынша шешу; тараптардың құқықтары мен міндеттерінде анықталғандықты орнату жолымен тараптар арасында құқық туралы дауды жою; құқықты бұзуды немесе бұзу қаупін жою жолымен заңдылықты нығайту; азаматтық, еңбек, тұрғын үй, жер, қаржы және материалдық құқықтың өзге салаларының нормаларын бұзудын алдын алады. Сот қарауында сот төрелігі тікелей іске асырылады. Азаматтық істерді қарау кезінде сотпен атқаратын міндеттер және осы институт нормаларымен реттейтін қатынастардың маңыздылығы сотта іс қарау институты азаматтық іс жүргізу құқығы саласының орталық институты болып табылады. Дегенмен, ғылыми іс жүргізу әдебиетінде жалпы қабылданған азаматтық істерді сотта қарау ұғымы, оның шегі және сот отырысымен арақатынасы жоқ.
Зерттелу деңгейі. «Істің сотта қаралуы» тақырыбында арнайы зерттеулер болмағанымен отандық және шетелдік әдебиетерде бұл институт жеткілікті деңгейде зерттелген.
Диплом жұмысында азаматтық іс жүргізу құқық саласындағы отандық ғалымдардан Баймолдина З.Х., Арсентьев О.В., Егембердиев Е.О., сондай-ақ В.А.Мусина, Н.А.Чечиной, Д.М.Чечета., А.Б. Самукшин, Т.В. Суркова, О.С. Черникова, Осокина Г.Л., Юдин А.В. атты рессейлік ғалымдардың және басқа да авторлардың еңбектері пайдаланылды. Бұл сот талқылау тақырыбы қоғамдық қатынасқа қатысушыларының үлкен шеңберін қызықтыратындығын көрсетеді.
Бұл әдебиеттермен қатар, осы дипломдық жұмыста мерзімді ресми басылым материалдары пайдаланылды. Соның ішінде, «Правоведение», «Предприниматель и право», «Гражданское законодательство РК» журналдарындағы және «Заң» газетіндегі мақалалар.
Диплом зерттеуінің мақсаттары мен міндеттері. Әрекеттегі заңнама, ғылыми әдебиетті зерттеу мен талдау негізінде негізгі сот талқылауының мәні, құқықтық табиғатын анықтау, осы құқықтық институттың теориялық және тәжірибелік проблемаларын анықтау, оларды жою ұсыныстарын тұжырымдау мақсаты қойылады. Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешумен байланысты:
1 Гражданский процесс. Учебник для вузов / Под ред. М.К. Треушникова. 2-е изд. испр. и доп. – М.: Изд-во Спарк, Юридическое бюро Городец. – 1998. 249 б.
2 Нам Г. Судебный процесс: форма и содержание // Предприниматель и право. - №14.- 2000. 176, 322 б.
3 Гражданский процесс: Учебник / Под ред. Н.А. Чечиной, Д.М. Чечота, В.А. Мусина. – М.: ПРОСПЕКТ. – 1998. 287- 295 б.
4 Викут М.А., Зайцев И.М. Гражданский процесс России: Учебник. – М.: Юрист, 1999. 253, 257 б.
5 Исаенкова О.В. Иск в гражданском судопроизводстве. Саратов: СЮИ. – 1997 544 б.
6 Гражданское процессуальное право России: Учебник / Под ред. М.С. Шакарян. – М.: Былина. – 1998. 410 б.
7 Гражданский процесс под ред.В.А. Мусина М-99г. 322, 537 б.
8 Баймолдина З.Х. Поизводство по пересмотру судебных актов по гражданским делам: Учебное пособие. – Алматы: КазГЮА, 2002. 12, 92 б.
9 Актуальные проблемы теории и практики гражданского процесса // Правоведение. - №1, 1999. – С.287. 176 б.
10 ҚР Азаматтық іс жүргізу кодексі 13.07.1999 (2006.04.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) А., Юрист, 2010. 145 б
11 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңы, 25.12.2000- (2008.17.11. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) А., Юрист, 2009. 412 б.
12 1998 ж. 11 шілдедегі №4009 “Қазақстан Республикасының судьялары үшін киімнің арнайы нысаны – мантияның үлгісі, сипатталуы және нормасын бекіту туралы” ҚР Президентінің Жарлығы. А., Юрист, 2009
13 Қазақстан Республикасының «Сот приставтары туралы» Заңы, 07.07.1997 А., Юрист, 2009
14 ҚР әкімшілік құқықбұзушулық туралы кодексі 31.01.2001 А., Юрист, 2009
15 ҚР Қылмыстық кодексі 16.07.1997 А., Юрист, 2010 145 б.
16 Гражданский процесс: учеб. пособие / А.Б. Смукшин, Т.В. Суркова, О.С. Черникова. – 2-е изд., испр. -М.: Омега -Л, 2008. 644, 645, 648 б.
17 Султанбеков Э. ГПК РК как инструмент ликвидации правосудия? – Электронная версия на: http://ddp- main.narod.ru /2003/ nomer_1 /chelovek_i_zakon.htm
18 Баймолдина З.Х Понятие судебного разбирательства гражданских дел // Гражданское законодательство РК. Выпуск 10. – Алматы: ТОО Баспа, 2001. 287 б.
19 Гурвич М. А. Лекции по советскому граданскому процессу. - М.: 1977 г. 237, 432 б.
20 2001 ж. 13 желтоқсандағы №21 “Азаматтық істерді сотта іс қарауға әзірлеу туралы” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы А., Юрист, 2009
21 Гражданский процесс: Учебник / Отв. Ред. проф. В.В. Ярков – 4-е изд., перераб. и доп. – М.: Издательство БЕК, 2001. 42 б.
22 Баймолдина З.Х.. Гражданское процессуальное право Республики Казахстан:Учебник. – КазГЮА, 2001. 227, 433 б.
23 Егембердиев Е.О. Қазақстан Респуликасының азаматтық іс жүргізу құқығы: Оқулық – Астана: Фолиант, 2006. 174, 176, 198, 199 б.
24 Қазақстан Республикасының Конституциясы 31.08.1995 (2007.21.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен) А., Юрист, 2009. 31 б.
25 Осокина Г.Л. Иск (теория и практика). – М.: Городец, 2000. 46 б.
26 Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының «Соттарда азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын қолдануы туралы» Қауысы, 20.03.2003 ж. А., Юрист, 2009
27 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Прокуратурасы туралы» Заңы, 21.12.1995 ж. А., Юрист, 2009
28 1986 ж. 28 наурыздағы №13 “Сот құжаттарын әзірлеу туралы” Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Пленумының қаулысы А., Юрист, 2009
29 Молдабаев С. Сот құжаты: теория және тәжірибе: Оқу-практикалық құрал. – Алматы: Жеті жарғы, 2006. 43, 265 б.
30 2003 ж. 11 шілдедегі №5 “Сот шешімі туралы” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы А., Юрист, 2009
31 Арсентьев О.В. Гражданское процессуальное право Казахстана. (курс лекций). Учебное пособие. Челябинск. 2000. 97 б.
32 “Неке және отбасы туралы” ҚР Заңы 17.12.1998 (2007.27.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен) А., Юрист, 2009
33 О некоторых вопросах применения законодательства о судебной власти в Республике Казахстан Постановление Пленума Верховного суда Республики Казахстан № 1 от 14 мая 1998 г. А., Юрист, 2009
34 2003 ж. 20 наурыздағы №2 “Азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір нормаларын соттармен қолдану туралы” ҚР Жоғарғы Сотының Нормативтік қаулысы А., Юрист, 2009. 13 б.
35 Оразұлы С. Азаматтық іс жүргізу бойынша сырттай іс жүргізу институты // Заң. – 2005. 31, 32 б.
36 Тихомирова Л.В., Тихомиров М.Ю. Юридическая энциклопедия. Изд. 5-е, допол. и перераб. / Под ред. М.Ю. Тихомирова. – М. – 2001. – 972 с.
37 Черных И.И. Заочное произдодство в гражданском процессе. Дисс. на соис. к.ю.н. М., 1998. 287 б.
38 Комментарий к Гражданскому процессуальному кодексу РФ. – 2-е изд., перераб. И доп. / С.А. Алехина, А.Т.Боннер, В.В. Блажеев и др.; отв.ред М.С. Шакарян. – М.: ТК Велби, Изд-во Проспект, 2007.
39 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының еңбек туралы» Заңы, 10.12.1999 ж.
40 Нәрікбаев М.С. және т.б. Азаматтық құқықтарды сот арқылы қорғау. – Алматы: Борки, 1998. 3 б.

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Д.А.Қонаев атындағы университет

Азаматтық пәндер кафедрасы

Қорғауға жіберілді
Азаматтық пәндер кафедрасының
меңгерушісі
__________з.ғ.д., профссор Жайлин Г.А.
_____ ______________ 2010 ж.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Істі сотта қарау

050301- заңтану

Орындаған: ЗТ – 06
ҚБ 1 –ші топ
Мезибаева Е.А.

Ғылыми жетекшісі: Байсалов Ә.Ж.
з.ғ.к., аға оқытушы

Алматы 2010

Д.А.ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
Заң факультеті
Мамандығы - Заңтану – 050301
Азаматтық пәндер кафедрасы

Диплом жұмысын орындау үшін
ТАПСЫРМА

___________________________________ ______________________студентке

Жұмыстың тақырыбы: ___________________________________ ________

___________________________________ _____________________________

200 ж. ___________ №___ жоғары оқу орнының бұйрығымен бекітілген

Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі: _____ ._____.________ж.

Жұмыстың жобасына берілген негізгі мәліметтер немесе дипломдық
жұмыстың қысқаша мазмұны
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________

Диплом жұмысының және диплом жобасын жетілдіруге қатысты сұрақтардың
қысқаша мазмұны:
а)___________________________________ ________________________________
___________________________________ ________________________________
ә) ___________________________________ _______________________________
___________________________________ ___________________________
б)___________________________________ ________________________________
___________________________________ _______________________________

Ұсынылған негізгі әдебиеттер:
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________
___________________________________ _________________________________________
___________________________________ _________________________

Диплом жобасы бойынша берілетін кеңес

№ Бөлім Кеңес Орындау мерзімі Қолы

















ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТЫ ДАЙЫНДАУ
КЕСТЕСІ

№ Тараулардың атауы, өндірілетін Ғылыми жетекшіге Ескертпелер
сұрақтардың тізімі ұсыну мерзімдері



















Тапсырма берілген күн _________________________

Кафедра меңгерушісі _____________________ _______________________

қолы
аты-жөні

Жобаның жетекшісі _______________________ _______________________
қолы
аты-жөні

Тапсырманы орындауға
қабылдаған студент _________________ _____________________
қолы
аты-жөні

Күні _____________________

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..


1 ІСТІ СОТТА ҚАРАУДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН
МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..

1.1 Сот отырысы істерді қараудың нысаны 8
ретінде ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Азаматтық істерді сотта қараудың 13
бөліктері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..
1.3 Азаматтық істі қарауды кейінге 35
қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.4 Азаматтық іс бойынша іс жүргізуді тоқтата 37
тұру ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ..
44

2 СОТ ШЕШІМІН ШЫҒАРМАЙ АЗАМАТТЫҚ ІСТІ АЯҚТАУ ... ... ...
44
2.1 Іс бойынша іс жүргізуді
тоқтату ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2.2 Талап арызды (арызды) қараусыз 47
қалдыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.3 Сот отырысының 49
хаттамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

53
3 ТАЛАП ҚОЮ ІСТЕРІН СЫРТТАЙ ҚАРАУДЫҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..
53
3.1 Сырттай іс жүргізу тәртібі және оның мақсаты
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... .
3.2 Сырттай іс жүргізу тәрбімен істерді қараудың ерекшелігі мен маңызы 55
3.3 Сырттай 58
шешім ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..
62

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .. ...
64

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Азаматтық істерді сотта іс қарау бойынша
жарияланған еңбектердің, соның ішінде ғылыми сипаттағы және тәжірибелік
бағыттағы монографиялық зерттеулердің маңызды саны бар. Процессуалист-
ғалымдардың және тәжірибеші-соттардың бірінші сатыдағы сотта істерді қарау
проблемасына көп көңіл бөлуі түсінікті болып табылады. Процессуалист-
ғалымдар сотта іс қараудың маңыздылығы белгілей келе, сот отырысында
істерді қарау кезінде сот ісін жүргізудің міндеттері “бұрын және барлығынан
көбірек” іске асады, оған қоса процестің мақсаттары “ең кең” жетіледі [1,
213]. Шынында да, істерді қарау кезінде сотпен ҚР АІЖК 5 бабымен анықталған
азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттері орындалады. Азаматтық істі қарау
кезінде сот: азаматтардың, мемлекеттің және ұйымдардың бұзылған немесе
даулы құқықтарын, бостандықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау;
тараптардың құқықтары мен міндеттерін бар немесе жоқтығын немесе заңи
маңызы бар фактіні орнату жолымен істі мәні бойынша шешу; тараптардың
құқықтары мен міндеттерінде анықталғандықты орнату жолымен тараптар
арасында құқық туралы дауды жою; құқықты бұзуды немесе бұзу қаупін жою
жолымен заңдылықты нығайту; азаматтық, еңбек, тұрғын үй, жер, қаржы және
материалдық құқықтың өзге салаларының нормаларын бұзудын алдын алады. Сот
қарауында сот төрелігі тікелей іске асырылады. Азаматтық істерді қарау
кезінде сотпен атқаратын міндеттер және осы институт нормаларымен реттейтін
қатынастардың маңыздылығы сотта іс қарау институты азаматтық іс жүргізу
құқығы саласының орталық институты болып табылады. Дегенмен, ғылыми іс
жүргізу әдебиетінде жалпы қабылданған азаматтық істерді сотта қарау ұғымы,
оның шегі және сот отырысымен арақатынасы жоқ.

Зерттелу деңгейі. Істің сотта қаралуы тақырыбында арнайы зерттеулер
болмағанымен отандық және шетелдік әдебиетерде бұл институт жеткілікті
деңгейде зерттелген.
Диплом жұмысында азаматтық іс жүргізу құқық саласындағы отандық
ғалымдардан Баймолдина З.Х., Арсентьев О.В., Егембердиев Е.О., сондай-ақ
В.А.Мусина, Н.А.Чечиной, Д.М.Чечета., А.Б. Самукшин, Т.В. Суркова, О.С.
Черникова, Осокина Г.Л., Юдин А.В. атты рессейлік ғалымдардың және басқа
да авторлардың еңбектері пайдаланылды. Бұл сот талқылау тақырыбы қоғамдық
қатынасқа қатысушыларының үлкен шеңберін қызықтыратындығын көрсетеді.
Бұл әдебиеттермен қатар, осы дипломдық жұмыста мерзімді ресми басылым
материалдары пайдаланылды. Соның ішінде, Правоведение, Предприниматель и
право, Гражданское законодательство РК журналдарындағы және Заң
газетіндегі мақалалар.
Диплом зерттеуінің мақсаттары мен міндеттері. Әрекеттегі заңнама,
ғылыми әдебиетті зерттеу мен талдау негізінде негізгі сот талқылауының
мәні, құқықтық табиғатын анықтау, осы құқықтық институттың теориялық және
тәжірибелік проблемаларын анықтау, оларды жою ұсыныстарын тұжырымдау
мақсаты қойылады. Осы мақсатқа жету келесі міндеттерді шешумен байланысты:
істі сот талқылауына анықтама беру;
негізгі сот талқылауы бойынша нормативтік базаны анықтау;
негізгі сот талқылауы институтының мазмұнын анықтау;
негізгі сот талқылауының сатыларын толық қарастыру.
Диплом зерттеуінің әдіснамасы мен әдістемесі. Диплом зерттеуінің
мазмұнында тұжырымдалған сұрақтарды зерттеу мен талдау үшін ғылыми
зерттеудің келесі арнайы тәсілдері пайдаланылады: диалектикалық,
статистикалық, тарихи, формальды-логикалық, салыстырмалы-құқықтық, жүйелі-
құрылымдық, құқықтық нормалар әрекетінің тиімділігін зерттеу әдісі. Бұл
әдістер зерттеудің мақсаттары мен міндеттері шегінде істі сотта қараудың
тәртібін жүйелі түрде және толық қарауға мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысы кіріспе, үш тарау, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен құрылады. Бірінші тарауда сот отырысы
істерді қараудың нысаны ретінде, азаматтық істерді сотта іс қараудың
бөліктері, азаматтық істі қарауды кейінге қалдыру, азаматтық іс бойынша іс
жүргізуді тоқтата тұру мәселелері қарастырылады. Екінші тарауда іс бойынша
іс жүргізуді тоқтату, талап арызды (арызды) қараусыз қалдыру, сот
отырысының хаттамасы мәселелері қарастырылады. Үшінші тарауда сырттай іс
жүргізудің ұғымы, маңызы және негіздемелері, сырттай тәртіпте істерді
қарастырудың ерекшеліктері, сырттай шешім шығару мәселелері қарастырылады.

1 СОТТА ІС ҚАРАУДЫҢ ҰҒЫМЫ МЕН МАҢЫЗЫ

1 Сот отырысы істерді қараудың нысаны ретінде

Азаматтық іс жүргізудің негізгі бастауларының бірі - адамның
құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сотта қорғау қағидасына сай
әрбір адам бұзылған немесе даулы конституциялық құқықтарын, бостандықтарын
немесе заңмен қорғалатын мүдделерін қорғау үшін ҚР азаматтық іс жүргізу
заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
Соттар азаматтық (корпоративтік дауларды қоса алғанда), отбасылық,
еңбек, тұрғын үй, әкімшілік, қаржы, шаруашылық, жер құқықтық
қатынастарынан, табиғи ресурстарды пайдалану және   қоршаған ортаны қорғау
жөніндегі қатынастар мен басқа да құқықтық қатынастардан, оның ішінде бір
тараптың екінші тарапты билікпен бағындыруына негізделген қатынастардан
туындайтын даулар бойынша талап қоюды қарайды (ҚР АІЖК-нің 24-бабының 2-
тармақшасы).
Сотта істі қарау барысында сот төрелігі тікелей іске асырылады [2, 322
б].
Азаматтық істерді қарау кезінде сотпен атқаратын міндеттер және осы
институт нормаларымен реттейтін қатынастардың маңыздылығы сотта іс қарау
институты азаматтық іс жүргізу құқығы саласының орталық институты болып
табылады.
Дегенмен, ғылыми іс жүргізу әдебиетінде жалпы қабылданған азаматтық
істерді сотта қарау ұғымы, оның шегі және сот отырысымен арақатынасы жоқ.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының белгілі өкілдері сотта іс қарау
азаматтық сот ісін жүргізудың ортаңғы сатысы болып табылады деп есептейді
[3, 295б.]. Сондықтан да сотта істі қарау сатысы азаматтық процестің басқа
сатылары арасында бел ортасында, “негізгі”, “маңызды” саты болып табылады
деп ерекше аталады. Істі сотта қарау мақсаты – азаматтық істі мәні бойынша
қарау және шешу. Процестің осы сатысы ерекше субъектілік сипатымен
сипатталады. Процестің міндетті қатысушысы ретінде бірінші сатыдағы сот
болып табылады.
И.М. Зайцев сотта іс қарауды екі жақты түсінуге болады деп есептеді.
Біріншіден, сотта іс қарау деп бірінші сатыдағы сотпен азаматтық істі қарау
мен шешу мақсаты болып табылатын азаматтық процестің бөлігі (іс
жүргізушілік саты). Екіншіден, сотта іс қарауды азаматтық сот ісін
жүргізудің дербес іс жүргізушілік функция ретінде қарастыру керек. Мұндай
түсінік сотта іс қарауда жасалатын іс-әрекеттерді олардың мақсаттық
бағытына байланысты талдау жасаумен байланыстырады [4, 253 б.].
Сотта іс қарау функциясын іс жүргізушілік құқықтық қатынастардың
ерекше құрамы мен қатысушылары, құқық қолданудың заңи түрі және іске
асырылатын заңи құралдардың жүйесі ерекшелендіреді. Осы функция сот ісін
жүргізуді қозғаумен басталады және шешім шығарумен аяқталады. Істі сотта
қарауды іс жүргізушілік функция ретінде қарастыратын пікірмен келісу қиын.
Себебі істі сотта қарау бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу ұғымдарын
ұқсас ұғымдар ретінде қарастырады, ол, әрине, қате болып табылады. Істі
Сотта қарауға берілген анықтама нақты айқындалмаған және жалпы болып
табылады, бір бірінен басқа ұғымдардың: іс жүргізушілік институттары және
процестің сатыларының араласуына әкеліп соқтырады [5, 544 б.]. Осындай
сипаттаманы азаматтық істі қозғау, сотта іс қарауға істі әзірлеу, сотта
өкілдік ету, оған қоса процестің кез келген сатысы – бірінші, апелляциялық,
қадағалау сатысында іс жүргізу, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот
актілерін қайта қарау, атқарушылық іс жүргізуге де беруге болады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының барлық өкілдері сотта іс қарау
азаматтық процестің сатысы деген пікірімен келісе бермейді. Мысалы, М.С.
Шакарян сот ісін жүргізудің сатысы ретінде өзіне істі қозғаудан шешімді
немесе өзге қорытынды қаулы шығарғанға жасалатын іс жүргізушілік іс
әрекеттердің жиынтығын қосатын бірінші сатыдағы сотта іс жүргізуді
қарастыруға болатынын негіздеді [6, 410 б.]. Процестің сатысын бөліп шығару
іс жүргізушілік әрекеттердің мақсаты бойынша емес, оның аяқталу белгісі
бойынша мүмкін. Процестің дербес сатысын анықтау үшін – аяқталғандық
белгісі. Осы пікір негізді сияқты болып табылады. Сондықтан сотта іс қарау
азаматтық процестің дербес сатысы емес, бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу
сатысының бөлігі деген пікірмен келісуге болады.
Бірінші сатыдағы сотта іс жүргізу сатысының бөлігі ретінде сотта іс
қарау бірінші сатыдағы соттың және азаматтық іске қатысушылардың істі мәні
бойынша қарастыру мен шешуге бағытталған іс жүргізушілік әрекеттердің
жиынтығы [7, 537 б.].
Бірінші сатыдағы істі сотта қарау сотпен істі сот қарауына тағайындау
туралы ұйғарым шығарған күннен басталады (ҚР АІЖК 173 бабы) және тиісті сот
актісін (шешім немесе қорытынды ұйғарым) шығарғанға дейін жалғасады.
Істі қарау бірінші сатыдағы сотпен ғана жүзеге асырылмайды.
Апелляциялық сатыдағы сот заңмен орнатылған тәртіпте азаматтық істерді мәні
бойынша қарастыру мен шешуге құқығы бар. З.Х.Баймолдина: Апелляция
институты - бірінші сатыдағы соттың заңды күшіне енбеген шешімдері мен
ұйғарымдарының заңдылығы мен негізділігін тексеру, сондай-ақ істі мәні
бойынша қайта қарау және шешуге байланысты апелляциялық соттың қызметін
реттейтін азаматтық іс жүргізу нормаларының жиынтығы деп жазады [8,12 б.].

Екі ұғымды нақты ажырату қажет деп есептеймін: істі қарау және істі
қарастыру. Істі қарау деген істі кез келген қарау емес, істі мәні бойынша
шешу үшін қарастыру. Бірінші және апелляциялық сатыдағы сот қана істің
орнатылған мән-жайлары негізінде биліктік тәртіпте нақты субъектілердің
тәртібі анықталатын шешім шығаруға құқылы.
Істі қарастыру оны барлық жағдайларда шешуге бағытталмайды. Істі
қарастыру қадағалау сатысы соттарымен төменгі сатыдағы актілердің заңдылығы
және негізділігін тексеру мақсатында жүзеге асырылады. Материалдық құқықтық
дауларды мәні бойынша шешуге (зерттелген дәлелдемелер негізінде істің нақты
мән-жайларын орнату жолымен тараптардың құқықтары мен міндеттерін анықтау)
қадағалау органдары құқылы емес. Сондықтан істі сотта қарау аталымы
қадағалау сатыдағы соттардың қызметіне қатысты қолдануға болмайды [9, 176
б.].
Істерді дұрыс және уақтылы қарастыру мен шешу бойынша міндеттерді
орындау азаматтық сот ісін жүргізудің қағидалары мен заңдылықты қатаң
сақтауда ғана мүмкін. ҚР АІЖК-нің 174-бабымен және басқа заңнамалық
актілермен орнатылған азаматтық істерді қарастыру мерзімдері сот төрелігін
жүзеге асыру, іске қатысушы тұлғалардың бұзылған құқықтары мен заңды
мүдделерін қорғаудың уақтылы болуының қажетті жағдайы болып табылады.
ҚР АІЖК-нің 175-бабына сәйкес азаматтық істі қарау сот отырысында іске
асады. Осыған сәйкес, істі сотта қарау мен сот отырысы ұғымдары бір-
бірімен тығыз байланысты. Әдебиетте осы екі ұғым арасындағы арақатынас
ғылыми пікірталастың пәні болып табылады. А.Ф. Клейман осы ұғымдар бір
мағына береді деген қорытынды жасады: істі сот отырысында қарау немесе сот
отырысында істі қарау. Бірақ, осы сұрақ бойынша айтқан П.П. Гуреевтің
пікірі негізді болып табылады: сот отырысы – азаматтық істерді сотта іс
қараудың нысаны. Осы ойды дамыта отырып, И.М. Зайцев осы ұғымдардар бір-
бірінен елеулі түрде ажыратылатындығын айтып, оларды мазмұны (істі сотта
қарау) және нысан (сот отырысы) ретінде салыстырылады [4, 257 б.]. Оған
қоса оларға нақты азаматтық істі қарау бір емес, бірнеше сот отырыстарында
жүруі мүмкін екендігі көрсетілді. Істі сотта қарау мен сот отырысы
арасындағы осы айырмашылығына И.К.Пискаревте назар аударады. Біруақытта ол
мәні бойынша азаматтық іс қаралатын сот отырысының тәртібі, азаматтық
процестің басқа сұрақтарын шешуге бағытталған сот отырыстарының рәсімінен,
мысалы, сот шешімінің кемшіліктерін түзету туралы арызды қарастыру (ҚР АІЖК
230 б.), іс жүргізушілік мерзімдерді қалпына келтіру (ҚР АІЖК 128 б.),
жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша сот қаулыларын қарау туралы (ҚР АІЖК 408
б.), сот тапсырмасын орындау (ҚР АІЖК 408 б.) және т.б.
Істі сотта қарау және сот отырысы уақыт факторы бойынша да сәйкес
келмейді. Нақты азаматтық іс бойынша істі сотта қарау шешім немесе
қорытынды ұйғарым шығару арқылы аяқталуы мүмкін, сол уақытта осы іс бойынша
сот отырысы істі қарауды кейінге қалтыру немесе іс бойынша өндірісті
тоқтату туралы ұйғарыммен аяқталуы мүмкін. Бұл істі сотта қарау сот
отырысымен салыстырғанда созылмалы іс жүргізушілік құбылыс екендігін
көрсетеді.
Сот отырысы азаматтық істерді қарастыру және қадағалау сатыдағы
соттармен кейбір іс жүргізушілік сұрақтарды шешу кезінде де өткізілетінін
атап айту керек. Сонымен, істі сотта қарау мен сот отырысы арасында тығыз
байланыс бар екендігін белгілей келе, оларды салыстырмалы дербестікке ие
екі ұғым ретінде қарастыру керек. Сотта іс қарау заңмен орнатылған тәртіпте
жүзеге асырылады және сот отырысы нысанынан тыс көрініс табады.
Сот азаматтық істерді азаматтық сот ісін жүргізудің барлық
принциптерін сақтаумен қарастырады және шешеді.
Бірінші сатыдағы соттардағы, азаматты әрекетке қабілетсіз деп тану
істерін қоспағанда, азаматтық істер сотпен жеке дара қарастырылады (ҚР АІЖК
37 б. 1 т.). Бірінші сатыдағы соттарда азаматты әрекетке қабілетсіз деп
тану істерін қарастыру соттың алқалық құрамымен жүзеге асырылады.
Бірінші сатыдағы соттарда істі қарау тәртібі Қазақстан Республикасының
азаматтық іс жүргізу кодексінің Сотта іс қарау атты 17 тарауында егжей-
тегжейлі қарастырылған [10, 51 б.]. Істі қараудың арнайы ережелері ҚР АІЖК
25-39 тарауларында белгіленген. Істі сотта қараудың тәртібі – сот, іске
қатысушы тұлғалар және процестің басқа қатысушыларымен заңмен көзделген
нысанда істі мәні бойынша шешуге бағытталған әрекеттерді жасаудың реті,
оған қоса заңмен орнатылған азаматтық істерді қарау кезіндегі тәртіп.
ҚР АІЖК 176-б. 1-тармағына сәйкес сот отырысына төрағалық етуші
басшылық жасайды. Төрағалық етушінің міндеттерін сот орындайды.
Сот отырысына төрағалық етуші басшылық жасау деген отырыстың барлық
барысын басқаруды білдіреді. Отырыс кезінде төрағалық етуші қамтамасыз
етуге міндетті:
- істің мән-жайларын толық, жан-жақты және объективті анықтау;
- іс жүргізушілік әрекеттерді жасаудың реті мен тәртібін сақтау;
- іске қатысушылармен іс жүргізушілік құқықтарды жүзеге асыру және іс
жүргізушілік міндеттерді орындау;
- процестің тәрбиелік ықпалын қамтамасыз ету [8, 92 б.].
Оған қоса сот отырысында төрағалық етушіге заң сотта іс қараудан
қарастырылатын іске қатысы жоқтын барлығын жою міндетін жүктейді (ҚР АІЖК
176 б. 1 т.) және сот отырысында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету бойынша
қажетті іс шараларды қабылдау (ҚР АІЖК 176 б. 3 т.).
Төрағалық етушінің өкімдері іске қатысушылардың барлығына (прокурор,
іс бойынша өкіл, адвокат және т.б.), сот отырысы мәжілісінде отырған
азаматтарға да міндетті (ҚР АІЖК 176 б. 3 т.).
Төрағалық етушінің әрекеттеріне іске қатысушылардың біреуінің
наразылық білдірген жағдайда осы қарсылықтар сот отырысының хаттамасына
енгізіледі. Ал төрағалық етуші өзінің әрекеттеріне қатысты түсініктемелер
береді (ҚР АІЖК 176 б. 2 т.).
Заң істі сотта қараудың рәсімін орнатады, ол өзіне сот отырысында
қатаң орнатылған тәртіп, сот отырысын арнайы жабдықталған бөлме – сот
отырысының залында өткізуді қосады. Сот отырысты мантияда өткізеді [11, 412
б.]. Оның нысаны мен сипаттамасын ҚР Президенті бекітеді [12].
Сотта істі қарау соттың қалыпты жұмысын және процеске қатысушылардың
қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жағдайда жүргізіледі. Сотта істі қарау
барысында соттар қызметінің белгіленген тәртібі мен іске қатысушылардың
қауіпсіздігін сот приставы қамтамасыз етеді [13].
ҚР АІЖК 179-бабы сот отырысындағы тәртіпті бұзушыларға қоланатын
шараларды көздейді [10, 52 б.]. Мәжбүрлеу мен жауаптылық шараларын сот
төрелігі міндеттерін іске асыру мақсатында сот келесі тұлғаларға мынадай
жағдайларда қолданады:
- іске қатысушы тұлғаларға;
- процестің басқа да қатысушыларына;
- жеке азаматтарға және заңды тұлғалардың лауазымды адамдарына.
Сот жауаптылық шараларын аталған тұлғаларға мынадай жағдайларда
қолданады:
- сот ісін шешуге араласқаны;
- судьяға қатысты қоқан-лоққы жасағаны;
- судьяны қорлағаны;
- сот қаулыларын орындамағаны;
- сотқа құрметпен қарамағаны;
- сот отырысында тәртіп бұзғаны үшін;
- судьяның, соттың жеке ұйғарымы бойынша шаралар қолданбағаны;
- басқа да құқыққа қарсы іс-әрекеттері үшін қолданады.
Заңға қарсы жасалған іс-әрекет үшін бір мәжбүрлеу шарасы (еріксіз
келтіру немесе сот залынан шығарып жіберу) ғана және бір жауаптылық
(әкімшілік немесе қылмыстық) түрі ғана қолданылады.
Істі қарау кезінде тәртіпті бұзатын тұлғаға, төрағалық етуші сот
атынан ескерту жасайды.
Тәртіпті қайтадан бұзу кезінде, іске қатысушы тұлға сот отырысынан
соттың ұйғарымы бойынша сотта іс қараудың бүкіл уақытына немесе оның
бөлігіне шығарылуы мүмкін. Соңғы жағдайда төрағалық етуші сот отырысы
залына қайтадан жіберілген тұлғаны, ол жоқ болғанда жасалған іс
жүргізушілік әрекеттермен таныстырады.
Іске қатыспайтын тұлғалар және істі қарау кезінде қатысып отырған
азаматтар, тәртіпті қайтадан бұзу үшін төрағалық етушінің өкімі бойынша
отырыс залынан шығарылады.
Сотта іс қарау барысында сот отырысындағы тәртіпті бұзуда кінәлі
тұлғаларға әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің 513-бабында
көзделген тәртіпте әкімшілік жаза тағайындауға құқылы [14].
Егер сот отырысындағы тәртіпті бұзушының әрекеттерінде қылмыс құрамы
бар болса, сот материалдарды бұзушыға қатысты қылмыстық іс қозғау туралы
сұрақты тиісті анықтау немесе алдын ала тергеу органына прокурорды хабарлай
отырып жібереді. Мысалы, ҚР Қылмыстық кодесінің 339-б. 1-т., 340-б., 341-
б., 342-б., 343-б. 1-т. [15, 125, 126 б.б.].
Істі қарау кезінде қатысушылармен тәртіпті жаппай бұзу кезінде сотқа
сот отырысы залынан іске қатыспайтын тұлғалардың барлығын шығарып жіберуіне
және істі жабық отырысты қарау немесе істі қарауды кейінге қалтыруға
болады.
Сот отырысындағы тәртіті бұзушыларға шараларды қолдану бойынша соттың
әрекеттері сот отырысының хаттамасында көрініс табуы керек. Осы талап ҚР
АІЖК 256-бабының 2-тармағының 7-тармақшасынан туындайды, оған сәйкес сот
отырысы хаттамасында төрғалақы етушінің өкімдері және сот отырысы залында
сотпен шығарылған ұйғарымдар көрсетіледі. Сот отырысы хаттамасында бір
уақытта бұзушылықтың сипаты, оны жасау уақыты және бұзушы туралы мәліметтер
көрсетіледі.
Іске қатысушы тұлғалар және ашық сот отырысында қатысатын азаматтар,
залда алып отырған жерлерінен сотта іс қараудың барысын жазбаша немесе
аудиожазба пайдалану арқылы белгілеуге құқықтары бар. Істі қарау барысында
кино-фото түсірілім, видеожазба, тікелей радио және телетрансляцияға іске
қатысушылардың пікірін ескере отырып сот рұқсатымен жол беріледі. Бұл
әрекеттер сот отырысының қалыпты барысына кедергі жасамау керек және сотпен
уақытта шектелуі мүмкін (ҚР АІЖК 19-б. 8-т.).
Соттың және сот отырысы залында қатысушы азаматтардың қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мақсатында төрағалық етуші істі қарауда қатысуға ниет
білдіретін тұлғаларды, оның ішінде тұлғаның жеке басын куәландыратын
құжаттарды, жеке тексеру және әкелінетін заттарды тексеру туралы өкім етуі
мүмкін (ҚР АІЖК 20-б.) [10, 8 б.].
Сот отырысына дейін сот істі қараумен байланысты ұйымдастырушылық
сұрақтарды шешеді: егер іс алқалы құрамда қарастырылуы керек болса, соттың
нақты құрамын орнатады; сот отырысы залын анықтайды; сот отырысы хатшысы,
сот приставы (егер істі қарау кезінде тәртіпті сақтау мақсатында оның
қажеттілігі болса); іске қатысушылардың келуін алдын ала тексеру
жүргізіледі.
ҚР АІЖК-нің 175-бабына сәйкес, азаматтық істі талқылау сот отырысында
іске асырылады.
Азаматтық процестегі сот отырысы ҚР АІЖК-мен белгіленген сотта іс
қараудың іс жүргізу нысаны болып табылады.
Осы екі іс жүргізу ұғымдарының арасында тығыз байланыс бар. Сонымен
қатар олар бір бірінен едәуір ерекшеленеді, себебі арақатынасы мазмұн (сот
талқылауы) және нысан (сот отырысы) ретінде айқындалады.
Азаматтық істі қарау бір емес, бірнеше сот отырыстарында (істі қарау
кейінге қалдырылған жағдайда) іске асырылуы мүмкін.
Сонымен қатар, сот отырысы тек азаматтық істі қарау үшін ғана емес,
түрлі іс жүргізу мәселелерін, мысалы, сот шығындарына, салынған айыппұлды
ұлғайтуға немесе азайтуға байланысты мәселелерді шешу, талапты қамтамасыз
ету үшін және т.б. байланысты да өткізіледі.
Сот отырысы регламенттелген, бұл азаматтық процесте белгілі бір
артықшылықтар жасайды, ол мынадай қызметтерді атқарады:
• істің мән-жайларының толық анықтау, құқықтық нормалардың дұрыс
қолданылу және әділ шешім шығару кепілдіктерінің бірі ретінде
жүреді;
• істі қарауға мүдделі тұлғалардың белсенді түрде қатысуын қамтамасыз
етеді;
• іске қатысушылардың құқықтарының және азаматтық іс жүргізу
принциптерінің іске асырылуына кепілдік береді;
• нақты іс бойынша іс жүргізуге жариялылық сипат береді;
• түрлі талаптарды қарау кезінде біркелкі іс жүргізу әрекеттерін
орнықтырады.
Айқын көрінетін оң сипатына қарамастан, сот отырысының дамыған іс
жүргізу нысанының кемшіліктері де бар, себебі ол сот отырысын тым
қолапайсыз етеді, бұл белгілі бір дәрежеде судьялардың жұмысын күрделендіре
түседі, тараптарды өкілдердің қымбат құқықтық көмегін іздеуге мәжбүр етеді.
Сондықтан заң шығарушы ҚР АІЖК-ге сот бұйрығын енгізу жолымен бірқатар
арыздарды сотта талқылаудан ішінара бас тартты және істерді сырттай
қараудың жеңілдетілген тәртібін орнатты [16, 644 б.].
Азаматтық іс мәні бойынша талқыланатын сот отырысының тәртібі
азаматтық процестің басқа мәселелерін шешетін, мысалы, сот шешімін түзету
туралы (ҚР АІЖК-нің 230-232-баптары), іс жүргізу мерзімдерін қалпына
келтіру туралы (ҚР АІЖК-нің 128-бабы), жаңадан анықталған мән-жайлар
бойынша сот қаулыларын қайта қарау туралы (ҚР АІЖК-нің 408-бабы), сот
тапсырмасын орындау туралы (ҚР АІЖК-нің 73-бабы) арыздарды қарайтын сот
отырыстарының рәсімінен өзгешеленеді.
Азаматтық істі талқылау шешім немесе ұйғарым (іс бойынша іс жүргізуді
тоқтату туралы немесе арызды қараусыз қалдыру туралы) шығарумен аяқталады,
ал сот отырысы істі қарауды кейінге қалдыру немесе іс бойынша іс жүргізуді
тоқтата тұру туралы ұйғарыммен аяқталуы мүмкін. Бұл сотта іс қарау сот
отырысына қарағанда ұзағырақ уақыт алады дегенді білдіреді.
Сот азаматтық істерді азаматтық сот ісін жүргізудің принциптерін ұстана
отырып қарайды және шешеді. ҚР АІЖК-нің 23-бабына сәйкес сот ісін жүргізу
принциптерінің мәні келесідей айқындалған: азаматтық сот ісін жүргізу
принциптерін бұзу оның сипаты мен маңыздылығына қарай, шығарылған сот
актілерінің күшін жоюға әкеп соғады. Алайда Э.Султанбековтың пікірінше бұл
бап тіпті ақылға сиымсыз және өзінің мазмұны бойынша ҚР Конституциясына
қайшы келеді. Себебі азаматтық сот ісін жүргізу принциптерін бұзу маңызды
болмауы мүмкін емес [17, 11 б.].
Азаматтық істерді бірінші сатыдағы соттарда судья жеке дара қарайды
(ҚР АІЖК-нің 37-бабының 1-бөлігі).
Істі бірінші сатыдағы сотта қарау тәртібі ҚР АІЖК-нің Сотта іс қарау
деп аталатын 17-тарауында егжей-тегжейлі реттелген. Жекелеген санаттардағы
істерді қарау мен шешудің арнайы ережелері ҚР АІЖК-нің 25-39-баптарында
көзделеді.
Сотта іс қараудың тәртібі – бұл соттың, іске қатысушы тұлғалардың және
процестің басқа қатысушыларының заңмен көзделген нысандарда істі мәні
бойынша шешуге бағытталған іс-әрекеттер жасауының реттілігі, сондай-ақ
азаматтық істерді қарау кезіндегі заңмен белгіленген тәртіп [18, 287 б.].
ҚР АІЖК-нің 176-бабының 1-бөлігіне сәйкес, сот отырысын басқаруды
төрағалық етуші жүзеге асырады. Төрағалық етушінің міндеттерін судья
атқарады. Сотта іс қарау барысында іс жүргізушілік заң және материалдық
құқық нормаларын сақтау ғана емес, сот қызметінің мәдениетін қамтамасыз ету
маңызды.
Соттың беделі мен оның тәрбиелік ықпалы төрағалық етушінің мінез-
құлқына байланысты болады. Сотқа және заңға деген құрмет басқалармен қатар
судьяның мәселелерді шешудегі байсалды әрі салмақты іс-әрекеті; судья
қолданатын құқықтық терминологияның дәлдігі; сұрақтарды қысқаша тұжырымдау,
күмәнді және жетектеуші сұрақтар қойылуына жол бермеу; судьяның біркелкі,
байсалды дауыс ырғағы; тараптарға бірдей қарауы; іске қатысушыларға қатысты
салмақты, кішіпейіл әрі ізгі қарым-қатынасы; киімі мен сыртқы пішінінің
ресмилігі әрі ұқыптылығы сияқты факторлар ықпалымен де қалыптасады [19,432
б.].
Төрағалық етушінің сот отырысына жетекшілік етуде өзінің құқығын асыра
пайдалануға құқығы жоқ.
Сот отырысына жетекшілік ету отырыстың бүкіл барысын басқару дегенді
білдіреді. Төрағалық етуші отырыс барысында төмендегілерді қамтамасыз
етуге міндетті:
• істің барлық мән-жайларын толық, жан-жақты әрі әділ анықтау;
• іс жүргізу әрекеттерін жасаудың кезектілігі мен тәртібін сақтау;
• іске қатысушылардың өздерінің іс жүргізу құқықтарын жүзеге асыруы
және олардың іс жүргізу міндеттерін орындауы;
• процестің тәрбиелік ықпалы.
Сонымен қатар төрағалық етушіге қаралып жатқан іске қатысы жоқтың
барлығын сот талқылауынан шығарып тастау (ҚР АІЖК-нің 176-бабының 1-
бөлігі), және сот отырысында тиісті тәртіпті қамтамасыз ету үшін қажетті
шараларды қабылдау (ҚР АІЖК-нің 176-бабының 3-бөлігі) міндеті жүктеледі.
Төрағалық етушінің өкімдері іске қатысушылардың барлығы (прокурор,
адвокат – іс жөніндегі өкіл және т.с.с.) үшін, сондай-ақ сот отырысы
залында қатысып отырған азаматтар үшін міндетті болып табылады (ҚР АІЖК-нің
176-бабының 3-бөлігі).
Іске қатысушылардың қайсыбірі төрағалық етушінің іс-әрекетіне қарсылық
білдірген жағдайда бұл қарсылықтар сот отырысының хаттамасына енгізіледі.
Төрағалық етуші өзінің іс-әрекеттеріне қатысты түсініктеме береді (ҚР АІЖК-
нің 176-бабының 3-бөлігі).
ҚР АІЖК-нің 178-бабына сәйкес сот отырысындағы тәртіп төмендегіні
білдіреді:
• судья сот отырысы залына кірген кезде залдағы барлық қатысушылар
орындарынан тұрады.
Өз кезегінде төрағалық етуші сот отырысы залына үнсіз және тыныш
кіреді де, судья үстеліне өтеді және оның қасында тұрып сот отырысы залында
отырған адамдармен сәлемдеседі, содан соң олардың барлығының отыруына
ұсыныс жасайды да барлығымен бірге өзі де отырады.
Үстел басында төрағалық етуші өзіне ыңғайлы, сот отырысы залында
отырған адамдарды сыйламайтындай түр көрсетпейтін қалыпта (шалқаймау, ауа-
райына және басқа жағдайларға көңілі толмайтынын айтпау, таранбау, айнаға
қаранбау және сағатқа қарамау және т.б.) отыруға тиіс.
Егер отырған адамдардың біреуі судьяға орнынан тұрмастан сөйлесе, оған
ақыл айтпастан сотқа түрегеп тұрып сөйлеуге міндетті екенін кішіпейілдікпен
есіне салу керек. Мысалы, Кешіріңіз, сот отырысында сотқа түрегеп тұрып
сөйлейді.
Төрағалық етуші іске қатысушы тұлғалардың барлығына Сіз деп
сөйлейді, бұл орайда тұлғаларды аты мен әкесінің аты бойынша атау міндетті
емес, тегі бойынша атаған жеткілікті және сұрақ қойған кезде немесе белгілі
жайттар туралы айтып беруді ұсынған кезде рахым етіңіз деген сөздерді
қолданбау керек. Жауап алған және сұрақ қойған кезде ақыл үйрететін дауыс
ырғағына және кінә қою мен ақыл айтуға жол бермеу қажет. Өз тәжірибесінен
мысалдар келтіруге және талқыланып отырған даудың мәнінен ауытқуға болмайды
[19, 237 б.].
• Іс шешім шығарусыз аяқталатын сот шешімін немесе сот ұйғарымын сот
отырысы залында отырған жұрттың барлығы түрегеп тұрып тыңдайды (1-
бөлім);
• іске қатысушылар судьяға жүгінгенде және өздерінің айғақтары мен
түсініктемелерін айтқанда түрегеп тұрады. Осы ережеден ауытқуға тек
төрағалық етушінің рұқсатымен ғана жол беріледі (2-бөлім).
Іске қатысушылар, сондай-ақ сот отырысы залында отырған барлық
азаматтар белгіленген тәртіпті сақтауға міндетті (ҚР АІЖК-нің 178-бабының 3-
бөлігі).

1. Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері.

Бірінші сатыдағы сотпен азаматтық істі қарау жүретін сот отырысын
бөліктерге бөлу қабылданған. Сот отырысының әрбір бөлігінде жасалатын іс
жүргізушілік әрекеттердің жиынтығының, өзінің бағытталуы бар және азаматтық
істі қараумен байланысты нақты сұрақтарды шешуге бағытталады.
Бірінші сатыдағы сотта істі қарау төрт бөліктен тұрады:
- әзірлеу бөлігі;
- істі мәні бойынша қарастыру;
- сот пікірталастары және басталған іске кіріскен прокурордың істің мәні
бойынша жалпы қорытындысы;
- шешімді шығару және жариялау.
Әзірлеу бөлігінде іс сотта қарауға әзірлеудің алдын ала қорытындысы
және істі мәні бойынша шешудың кейінгі қызметін тиісті жүзеге асырудың
қажетті жағдайлары жасалады [20]. Тиісінше ғылыми әдебиетте көрсетілген
азаматтық істерді сотта іс қараудың бірінші бөлігінің бағытталуы
анықталады.
В.В. Ярковтің пікірі бойынша, әзірлеу бөлігінің міндеті ретінде осы
сот отырысында жағдайлар бар екендігін тексеру болып табылады. Осы
аспектіде әзірлеу бөлігінің міндетін ол сот “осы сот отырысында істі мәні
бойынша толық және дұрыс қарастыру мүмкіндігімен байланысты сұрақтарды
анықтайды және шешеді” деп көрсетеді. Сотпен әзірлеу бөлігінде шешетін
негізгі сұрақтарға келесі мүмкіндіктерді анықтау жатады:
- істі соттың осы құрамында қарастыру;
- істі бар дәлелдемелерде қарастыру және шешу;
- істі процес қатысушыларының біреуі келмей қалған жағдайда қарастыру
және шешу [21,42 б.].
Әзірлеу бөлігінде жасалатын әрекеттерге, және оларды жасаудың реті ҚР
АІЖК 180-191 баптарында реттелген. Заң оның нұсқамасынан қандай-да бір
ауытқушылықтарға жол бермейді және іс жүргізушілік әрекеттерді жасаудың
келесі тәртібін көздейді:
- сот отырысын ашу;
- іске қатысушылардың келуін тексеру;
- аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру;
- сот отырысы залынан куәларды шығару;
- соттың құрамын жариялау және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру;
- іске қатысушы тұлғаларға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру;
- сотпен іске қатысушы тұлғалардың өтінімдерін шешу;
- іске қатысушы тұлғалардың және өкілдердің келмеуіне байланысты
сұрақтарды шешу;
- куәнің, сарапшының, маманның, аудармашының келмеуіне байланысты
сұрақтарды шешу;
- істі кейінге қалдыру кезінде куәлардан жауап алу;
- сарапшы мен маманға құқықтары мен міндеттерін түсіндіру.
Сот отырысын ашу (ҚР АІЖК 180 бабы). Істі қарауға тағайындалған
уақытта төрағалық етуші сот отырысын ашады және қандай азаматтық іс
қарастырылуы тиіс екендігін жариялайды. Бұл сотта іс қарауды емес, сот
отырысын бастайтын алғашқы іс жүргізушілік әрекет. Сот отырысын ашқанан
кейін ғана сот азаматтық іс жүргізу Кодексінде көзделген іс жүргізу
әрекеттерін жасай алады. Ал іске қатысушы тұлғалар мен олардың өкілдері іс
жүргізу құқықтарын пайдаланып, оларға белгілі бір міндеттер жүктеледі.
Осы әрекет сотпен талап қоюшы, жауапкер және процестің басқа
қатысушыларының келуіне байланыссыз жасалынады. Іске қатысушылардың
біреуінің келмеуіне байланысты істі заңмен орнатылған рәсімді сақтаусыз
кейінге қалдыру келген тұлғалардың іс жүргізушілік құқықтарын кемсітеді,
оларды пайда болған жағдайға өзінің қатынасын айту, қарсылық білдіру және
өтінім жасау (дәлелдемелерді алдырту туралы, істі сырттай іс жүргізу
тәртібінде қарастыру мүмкіндігі туралы) мүмкіндігінен айырады [22, 227 б.].
Іске қатысушылардың келуін тексеру (ҚР АІЖК 181 бабы). Сот отырысының
хатшысы отырыс басталғанға дейін іске қатысушылардың қайсысы келді,
келмеді, қандай себеппен келмегенін анықтайды. Сот отырысында төрағалық
етуші хатшыдан іске қатысушылардың келуі туралы сұрайды. Одан кейін хатшы
сотқа осы іс бойынша шақырылғандардың қайсысы келді, келмеген адамдар
хабарланды ма және олардың жоқтығының себептері туралы қандай мәліметтер
бар екендігін баяндайды.
Іске қатысушылардың келуі туралы сұрақты анықтағаннан кейін төрағалық
етуші келгендердің тұлғасын анықтайды, лауазымды тұлғалар мен өкілдердің
тиісті құжаттар бойынша өкілеттіктерін анықтайды (жеке куәлік немесе
төлқұжат, қызметтік куәлік, сенімхат және т.б.).
Аудармашыға оның міндеттерін түсіндіру (ҚР АІЖК 182 бабы). Жалпы
аудармашының іске қатысуы мәселесі істі қарау барысында қандайда бір
қиындықтар туғызбау үшін істі сотта қарауға әзірлеу кезінде шешілуі тиіс.
Алайда сотта істі қарау кезінде де іске аудармашыны тарту мәселесі туындауы
мүмкін [21, 42 б.].
Осы іс жүргізушілік әрекет сот отырысының ең басында сот ісін
жүргізудің тілін меңгермеген тұлға істі қарау барысындағы барлық жасалатын
әрекеттер туралы білу мүмкіндігі болуы үшін жасалады. Аудармашының
көмегісіз ол мұндай мүмкіндіктен айырылады, өйткені аудармашы оған
жүктелген міндеттерге соттың ҚР АІЖК 182-бабында көзделген әрекеттерді
жасағанынан кейін ғана кіріседі. Төрағалық етуші аудармашыға оның сот
жүргізіліп отырған тілді білмейтін адамдардың түсіндірмелерін,
мәлімдемелерін, ал бұл адамдарға іске қатысушы адамдар мен куәлардың
түсіндірмелерінің, айғақтарының, мәлімдемелерінің, жария етілетін және істе
бар құжаттардың, дыбыс жазбалардың, сарапшылар қорытындыларының, мамандар
консультацияларының, сондай-ақ судья өкімдерінің, сот қаулылары мен
шешімдерінің мазмұнын аудару міндетін түсіндіреді.
Төрағалық етуші аудармашыға дұрыс аударма жасамағаны үшін ҚР Қылмыстық
Кодексінде 352 және 353 баптарда көзделген жауапкершілік [15, 129 б.]
жөнінде ескертеді. Аудармашының бұл туралы қолхаты сот отырысының
хаттамасына қоса тіркеледі. Аудармашы сотқа келуден немесе өз міндеттерін
орындаудан жалтарған жағдайда оған әкімшілік құқық бұзушылық туралы
заңдарға сәйкес әкімшілік жаза белгіленуі мүмкін.
ҚР АІЖК 182-бабының ережелері сурдоаудармашыларға, яғни әңгімелесуде
саңыраулар, мылқаулар пайдаланатын белгілерді аудармашы ретінде
болатындарға да таратылады [23, 174 б.].
Сот отырысының залынан куәларды шығару (ҚР АІЖК 183 бабы). Келген
куәлар сот отырысы залынан іске қатысушылардың келуін тексергеннен кейін
шығарылады, ал істе аудармашы қатысса, онда аудармашыға міндеттерді
түсіндіргеннен кейн. Куәларды шығарғанға дейін оларға айғақтар беру үшін
сот отырысы залына бір бірден шақырылатыны түсіндіріледі. Куәларды шығару
куәлік айғақтардың “қол сұғылмаушылығын” қамтамасыз ету үшін, олардың
айғақтары мазмұнын іске қатысушы тұлғалардың түсіндіру және басқа
ақпараттың әсер етуінен “бұзылуына” жол бермеу үшін жүзеге асырылады.
Төрағалық етуші жауап алынған куәлар жауап бермеген куәлармен
араласпауына шаралар қолданады.
Соттың құрамын жариялау және қарсылық білдіру құқығын түсіндіру (ҚР
АІЖК 184 бабы). Соттың құрамын жариялаған кезде төрағалық етуші өзінің
тегі, және істі алқалы қарастырғанда басқа соттардың тегін атайды. Соңғы
жағдайда соттың қайсысы сот отырысында төрағалық етушінің міндеттерін
атқаратыны көрсетіледі. Әрі қарай төрағалық етуші кім прокурор, сарапшы,
маман, сот отырысының хатшысы, сот приставы ретінде кім қатысатының
хабарлайды, осыған қоса ол іске аталған қатысушының лауазымын атайды.
Одан кейін төрағалық етуші іске қатысушы тұлғаларға, олардың қарсылық
білдіру құқығын түсіндіреді. Заңмен іске қатысушы тұлғаларға берілген
құқық, сот төрелігінің сот шешімін шығарудың іс жүргізушілік кепілдерінің
бірі ретінде қарастырылады. Іске қатысушы тұлғаларға қарсылық білдіру
құқығын түсіндіру туралы, сот отырысы хаттамасына жазба енгізіледі.
Қарсылық білдірудің негіздері, берілген қарсылық білдіруді шешу
тәртібі және осындай арыздарды қанағаттандырудың салдарлары ҚР АІЖК 40-43-
баптарымен көзделген.
Қарсылық сот, прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының
хатшысы және сот приставына білдірілуі мүмкін.
Сотқа қарсылық білдіру ҚР АІЖК 40-бабында көзделген. Сот істі
қарастыруға қатыса алмайды және қарсылық білдіруге жатады, егер ол:
- осы істі мұнын алдындағы қарау кезінде куә, сарапшы, маман,
аудармашы, өкіл сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы, сот приставы
ретінде қатысса;
- іске қатысушы адамдардың немесе олардың өкілдерінің беруінің туысы
болса;
- істің нәтижесіне жеке, тікелей немесе жанама түрде мүдделі не оның
әділдігіне негізді күмән туғызатын өзге де мән-жайлар болса [10, 13 б.].
Істі қарайтын соттың құрамына өзара туыс адамдар кіре алмайды.
Азаматтық іс жүрізу заңнамасында судьяның істі қарауға қайта қатысуына
жол берілмейтіні туралы ереже бекітілген (ҚР АІЖК-нің 39-бабы). Сондықтан
судьяға қарсылық білдірудің тағы да бір негізін есеп алу керек: істі
қарауға қайта қатысу.
ҚР АІЖК 40-бабының 1-тармағында көзделген сотқа қарсылық білдірудің
негіздері прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы және
сот приставына таратылады.
Сарапшы немесе маман, егер:
- ол іске қатысушы адамдарға немесе олардың өкілдеріне қызмет жағынан
немесе өзгедей тәуелді болса немесе тәуелділікте болып келсе;
- ол тексеру жүргізіп, оның материалдары сотқа жүгінуге негіз болса не
осы азаматтық істі қарағанда пайдаланылса, істі қарауға қатыса алмайды [10,
13 б.].
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы
хатшысының, сот приставының осы істі мұның алдында қараған кезде тиісінше
прокурор, сарапшы, маман, аудармашы, сот отырысының хатшысы, сот приставы
ретінде қатысуы оларға қарсылық білдіруге негіз болып табылмайды.
Жоғарыда көрсетілген негіздер болғанда аталған тұлғалар өздігінен бас
тартуды мәлімдеуге міндетті. Сол негіздер бойынша іске қатысатын тұлғалар
қарсылық білдіретінін мәлімдеуі мүмкін.
Өздігінен бас тарту мен қарсылық білдіру істі мәні бойынша қарау
басталғанға дейін дәлелденіп, мәлімделуге тиіс. Істі қарау барысында
өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәлімдеме жасауға қарсы болу
(қарсылық білдіру) негіздері сотқа немесе өздігінен бас тартуды (қарсылық
білдіруді) мәлімдеуші адамға істі қарау басталғаннан кейін белгілі болған
жағдайда ғана жол беріледі.
Істі жеке-дара қараушы судьяға мәлімделген қарсылық білдіруді
(өздігінен бас тартуды) сол соттың төрағасы немесе сол соттың басқа
судьясы, олар болмаған жағдайда – жоғары тұрған сот судьясы қарайды.
Істі соттың алқалы құрамда қарауы кезінде судьялардың біреуі өздігінен
бас тартуды (қарсылық білдіруді) мәлімдеген жағдайда сот іске қатысушы
адамдардың пікірін таңдайды және, егер ол түсініктеме бергісі келсе,
қарсылық білдірілген судьяның пікірін тыңдайды және қарсылық білдіру туралы
мәселені қарсылық білдірілген судьяның қатысуынсыз шешеді. Қарсылық
білдіруді жақтаған және оған қарсы дауыстар саны тең болған кезде судья
қарсылық білдірілген болып есептеледі. Бірнеше судьяға немесе соттың бүкіл
құрамына мәлімделген қарсылық білдіруді нақ сол сот толық құрамында жай
көпшілік дауыспен шешеді.
Қарсылық білдіруді қабылдамай тастау немесе қанағаттандыру туралы
ұйғарым шағым беруге, наразылық келтіруге жатпайды. Ұйғарымға келіспеушілік
туралы дәлелдер аппеляциялық немесе қадағалау шағымдарына, наразылық
келтіруге енгізілуі мүмкін.
Прокурордың, сарапшының, маманның, аудармашының, сот отырысы
хатшысының, сот орындаушысының, сот приставының өздігінен бас тартуы
(қарсылық білдіруі) туралы мәселені істі қарайтын сот шешеді.
Өздігінен бас тарту (қарсылық білдіру) туралы мәселе соттың
ұйғарымымен шешіледі.
Қарсылық білдіру (өздігінен бас тарту) туралы мәлімдемені
қанағаттандырудың салдарлары ҚР АІЖК-нің 43-бабында көрсетілген.
Аудандық немесе оған теңестірілген сотта істі жеке-дара қараушы судья
қарсылық білдірген (өздігінен бас тартқан) жағдайда бұл істі сол сотта
басқа судья қарайды. Егер іс қаралатын сотта судьяны ауыстыру мүмкін
болмаса, жоғары тұрған сот арқылы басқа аудандық немесе оған теңестірілген
сотқа беріледі.
Облыстық немесе оған теңестірілген сотта, Қазақстан Республикасының
Жоғарғы Сотында істі қарау кезінде судья өздігінен бас ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азаматтық істерді сотта қараудың бөліктері
Азаматтық істі сотта қарауға әзірлеу – азаматтың іс жүргізудің сатысы
АЗАМАТТЫҚ ІСТІ СОТТЫҢ ТАЛҚЫСЫНА ӘЗІРЛЕУ
Азаматтық істерді сот мәжілісіне дайындау. Соттың дайындау әрекеті
Істі бірінші сатыдағы сотта қараудың ерекшеліктері
СОТ АКТІЛЕРІН ҚАЙТА ҚАРАУ ӨНДІРІСІ
Талап қою арқылы іс жүргізудің түінігі және мәні
Мәнжазба
АЗАМАТТЫҚ ІСТЕРДІ БІРІНШІ САТЫДАҒЫ СОТТА ҚАРАУ ТӘРТІПТЕРІ
Азаматтық іс жүргізудегі соттың құрамы және қарсылық білдіру
Пәндер