Батыс Азия немесе Таяушығыс елдеріне жалпы шолу



І. Кіріспе.
a) Батыс Азия немесе Таяушығыс елдеріне жалпы шолу.
ІІ. Негізгі бөлім.
а) Этногенез және этникалық тарих.
б) Таяу Шығыс Азия халықтарының кәсіптері мен тұрмыстары.
с) Батыс Азияның рухани мәденеиеті
ІІІ. Қорытынды.
Сирия Батыс Азиядағы шағын мем¬лекет. Бүгінгі таңда Таяу Шығыстағы бірде-бір саяси оқиға оның қатысынсыз өтпейді. Шағын болса да ол Араб әлемінде өзіндік орны үлкен, ықпалы жо¬ғары ел. Сонымен бірге Сирияның өр¬кениеттер бесігі деген де атағы бар. Адамзат мәдениетінің бүкіл әлемге та¬раған көптеген жетістіктері Сирияның топырағында дүниеге келген. Ұлы ескерткіштер, археологиялық қазбалар, мыңжылдық қамалдар және көне қа-лалардың орындары осы жерді мекендеген ежелгі халықтар тарихының даңқын бізге жеткізіп тұр.
Мектеп бағдарламасындағы ежелгі дү¬ние тарихын оқығанда қазіргі Си¬рия¬ның аумағымен жақсылап танысқан едік. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы VІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Сирияны Ассирия, VІІ ғасырдың аяғында Вавилон (Бабыл) патшалығы, 539 жылы Ахемен әулеті, 338 жылы Ескендір Зұлқарнайын мемлекеті билеген. Біздің заманымыздың І-ІІ ғасырларында Сирияға Рим империясы билік жүргізіп, ол римдіктердің неғұр¬лым мәдениетті және бай про¬вин¬ция¬ла¬рының бірі болды. ІV ғасырдың аяғынан Сирия Византияның провинциясына айналды. Осы жылдарда оның аумағына Сасани әулеті билеген парсы әскерлері де талай рет басып кірді. 640 жылы Сирияны араб әскерлері бағындырды. Осы кезден бастап Сирия арабтан¬ды¬рыла бастады. Ислам діні де қатты өріс¬теді. Қалалар өсіп, сауда дамыды. Елді осы жылдардан VІІІ ғасырдың ортасына дейін Омейя әулеті билеген еді.
Осы әулетке жататын Уәлид бен Әбді Мәлік халифтің салдырған мешіті әлі күнге бар. Оның орнында бұрын христиан дініндегілердің пұтханасы да болған екен. Әлгінің ішіне Жахия пайғамбар жерленген. Оны христиан дініндегілер де Иоанн Крестеуші деп әулие тұтады. Сондықтан оның ішінде алғашқы 70 жыл бойы мұсылмандар мен христиан¬дар құдайға бірге құлшылық етіпті. 2001 жылы Дамаскіге келген сапарында Рим Папасы Иоанн Павел ІІ де осы мешітте мұсылмандармен бірге құлшылық жа¬саған көрінеді Ұзындығы – 157, ені 97 метр¬ді құрайтын осынау тамаша мешіт соңғы уақытқа дейін мұсылман әлемінің ең үлкен және ең әсем дін орталығы болып есептелген. Оның ішінде бір мез¬гіл¬де 13 мыңнан артық адам намаз оқи алады.
1174 жылы Сирияны түрік Салах-ад-дин өз иеліктеріне қосты. Оның есімін Сирия халқы күні бүгінге дейін құрметпен атайды. Өйткені, оның заманында Сирияның мәдениеті мен экономикасы қатты дамыған. Ең бастысы – Салах-ад-дин үшінші крест жорығын талқандап, Иерусалимді арабтарға қайтарған. Ислам дінін таратуға да үлкен күш жұмсаған, өзі де діндар адам болған. Дамаскіде оның кезінде көптеген сәулетті ғимараттар тұрғызылған. Салах-ад-диннің өзі 1193 жылы қаланың тарихи бөлігіндегі қызыл күмбезбен көмкерілген әсем кесенеде жерленген. Осы кесене ХІХ ғасырда қал¬пына келтіріліпті, қазір ол сирия¬лық¬тар¬дың мақтан тұтатын тарихи әрі құрметті ор¬ны болып табылады екен.
ХІІІ ғасырдың екінші жар¬тысынан Сирияны Египет мамлюктерінің мем¬ле¬кеті басып алады. Сөйтіп, елде қайтадан араб¬тандыру саясаты жүргізіледі. Бұл кезеңді де сириялықтар құрметпен еске алады. Өйткені, мамлюктердің сұлтаны Бейбарыс Сирияны моңғолдардың шапқыншылығынан сақтап қалған.
Бейбарыс сұлтанның кім екенін қа¬зіргі қазақстандықтар жақсы біледі. Де¬генмен, еске сала кетейік. Оның Дешті-Қыпшақтың батысындағы Кас¬пий теңізі жағалауын мекендеп жүрген қазақ тай¬паларында дүниеге келген қан¬дас¬ымыз екені дәлелденген. Толассыз шап¬қын¬шылық жүріп жатқан астасқан заманда ол бала кезінде тұтқынға түсіп, Мысырға құлдыққа сатылған. Өзінің қайраткерлік дарыны мен жеке басының ерлігінің арқасында ол араб елдерінің билеушісіне айналған. Мысыр мен Шам жерінде (қа¬з¬іргі Сирия, Иордания, Палестина, Ли¬ван және Израильдің аумағы) бастары бірікпей жатқан араб иеліктерін бір орталыққа бағындырып, мемлекетті 17 жыл билеген қайраткер. Ол 1260 жылы Айн-Жалуд деген жерде моң¬ғол шапқыншыларын талқандаған.
Одан кейін Алтын Ордамен әскери-саяси одақ құру туралы шарт жасасып, дипло-матиялық сәтті қадамға барған. Бейбарыстың кезінде халифат қатты гүлденген. Оның орталығы Каир қаласындағы әл-Азһар университетінің негізінде Ислам діні сүннит тармағының төрт ағысы да бірлесіп, татулықта болған. Ғылым, мәдениет, әдебиет, сәулет өнері де қатты дамыған. Қазіргі Каир қаласында сәулет өнерінің сол кездегі жүздеген жәдігерлері сақталған. Бейбарыс халифатта тұңғыш рет тұрақты әскер, теңіз флоты және тиімділігі орасан зор барлау жүйесін қалыптастырған. Оның мемлекеті Ислам тарихында ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы тамаша жетістіктің бірі ретінде бағаланады.
Осы Бейбарыс бабамыз да Дамаскіде жай тапқан. Қазақстан Үкіметі оның кесенелік кешенін қалпына келтіруге қаражат бөліп отыр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Бей¬барыстың басына зиярат етті. Қасында еріп жүргендер арасында болған Қазақстанның Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі бабамыздың рухына құран бағ¬ыштады.
1. Қазақстан Ұлттық Энциклопкдиясы Алматы 1996 ж. І том
2. Шәлекенов У.Х. Шәлекенов М.У.- «Әлем халықтарының этнологиясы». Алматы «Атамұра» 2006 жыл.
3. «Этнография» Алматы 1996 жыл.
4. «Егемен Қазақстан» газеті 2008 жыл март

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі.
Абай атындағы Қазақ Мемлекеттік педагогикалық уневерситеті.

Тақырыбы: Батыс Азия

Қабылдаған: Муратказин М.М.
Орындағын: Нургалиева Д.Е.

Алматы 2008

Сирия
Сирия Батыс Азиядағы шағын мемлекет. Бүгінгі таңда Таяу Шығыстағы
бірде-бір саяси оқиға оның қатысынсыз өтпейді. Шағын болса да ол Араб
әлемінде өзіндік орны үлкен, ықпалы жоғары ел. Сонымен бірге Сирияның
өркениеттер бесігі деген де атағы бар. Адамзат мәдениетінің бүкіл әлемге
тараған көптеген жетістіктері Сирияның топырағында дүниеге келген. Ұлы
ескерткіштер, археологиялық қазбалар, мыңжылдық қамалдар және көне
қалалардың орындары осы жерді мекендеген ежелгі халықтар тарихының даңқын
бізге жеткізіп тұр.
Мектеп бағдарламасындағы ежелгі дүние тарихын оқығанда қазіргі
Сирияның аумағымен жақсылап танысқан едік. Біздің жыл санауымыздан бұрынғы
VІІІ ғасырдың соңғы ширегінде Сирияны Ассирия, VІІ ғасырдың аяғында Вавилон
(Бабыл) патшалығы, 539 жылы Ахемен әулеті, 338 жылы Ескендір Зұлқарнайын
мемлекеті билеген. Біздің заманымыздың І-ІІ ғасырларында Сирияға Рим
империясы билік жүргізіп, ол римдіктердің неғұрлым мәдениетті және бай
провинцияларының бірі болды. ІV ғасырдың аяғынан Сирия Византияның
провинциясына айналды. Осы жылдарда оның аумағына Сасани әулеті билеген
парсы әскерлері де талай рет басып кірді. 640 жылы Сирияны араб әскерлері
бағындырды. Осы кезден бастап Сирия арабтандырыла бастады. Ислам діні де
қатты өрістеді. Қалалар өсіп, сауда дамыды. Елді осы жылдардан VІІІ
ғасырдың ортасына дейін Омейя әулеті билеген еді.
Осы әулетке жататын Уәлид бен Әбді Мәлік халифтің салдырған мешіті әлі
күнге бар. Оның орнында бұрын христиан дініндегілердің пұтханасы да болған
екен. Әлгінің ішіне Жахия пайғамбар жерленген. Оны христиан дініндегілер де
Иоанн Крестеуші деп әулие тұтады. Сондықтан оның ішінде алғашқы 70 жыл бойы
мұсылмандар мен христиандар құдайға бірге құлшылық етіпті. 2001 жылы
Дамаскіге келген сапарында Рим Папасы Иоанн Павел ІІ де осы мешітте
мұсылмандармен бірге құлшылық жасаған көрінеді Ұзындығы – 157, ені 97
метрді құрайтын осынау тамаша мешіт соңғы уақытқа дейін мұсылман әлемінің
ең үлкен және ең әсем дін орталығы болып есептелген. Оның ішінде бір
мезгілде 13 мыңнан артық адам намаз оқи алады.
1174 жылы Сирияны түрік Салах-ад-дин өз иеліктеріне қосты. Оның есімін
Сирия халқы күні бүгінге дейін құрметпен атайды. Өйткені, оның заманында
Сирияның мәдениеті мен экономикасы қатты дамыған. Ең бастысы – Салах-ад-дин
үшінші крест жорығын талқандап, Иерусалимді арабтарға қайтарған. Ислам
дінін таратуға да үлкен күш жұмсаған, өзі де діндар адам болған. Дамаскіде
оның кезінде көптеген сәулетті ғимараттар тұрғызылған. Салах-ад-диннің өзі
1193 жылы қаланың тарихи бөлігіндегі қызыл күмбезбен көмкерілген әсем
кесенеде жерленген. Осы кесене ХІХ ғасырда қалпына келтіріліпті, қазір ол
сириялықтардың мақтан тұтатын тарихи әрі құрметті орны болып табылады екен.
ХІІІ ғасырдың екінші жартысынан Сирияны Египет мамлюктерінің мемлекеті
басып алады. Сөйтіп, елде қайтадан арабтандыру саясаты жүргізіледі. Бұл
кезеңді де сириялықтар құрметпен еске алады. Өйткені, мамлюктердің сұлтаны
Бейбарыс Сирияны моңғолдардың шапқыншылығынан сақтап қалған.
Бейбарыс сұлтанның кім екенін қазіргі қазақстандықтар жақсы біледі.
Дегенмен, еске сала кетейік. Оның Дешті-Қыпшақтың батысындағы Каспий теңізі
жағалауын мекендеп жүрген қазақ тайпаларында дүниеге келген қандасымыз
екені дәлелденген. Толассыз шапқыншылық жүріп жатқан астасқан заманда ол
бала кезінде тұтқынға түсіп, Мысырға құлдыққа сатылған. Өзінің қайраткерлік
дарыны мен жеке басының ерлігінің арқасында ол араб елдерінің билеушісіне
айналған. Мысыр мен Шам жерінде (қазіргі Сирия, Иордания, Палестина, Ливан
және Израильдің аумағы) бастары бірікпей жатқан араб иеліктерін бір
орталыққа бағындырып, мемлекетті 17 жыл билеген қайраткер. Ол 1260 жылы Айн-
Жалуд деген жерде моңғол шапқыншыларын талқандаған.
Одан кейін Алтын Ордамен әскери-саяси одақ құру туралы шарт жасасып,
дипломатиялық сәтті қадамға барған. Бейбарыстың кезінде халифат қатты
гүлденген. Оның орталығы Каир қаласындағы әл-Азһар университетінің
негізінде Ислам діні сүннит тармағының төрт ағысы да бірлесіп, татулықта
болған. Ғылым, мәдениет, әдебиет, сәулет өнері де қатты дамыған. Қазіргі
Каир қаласында сәулет өнерінің сол кездегі жүздеген жәдігерлері сақталған.
Бейбарыс халифатта тұңғыш рет тұрақты әскер, теңіз флоты және тиімділігі
орасан зор барлау жүйесін қалыптастырған. Оның мемлекеті Ислам тарихында
ғана емес, бүкіл адамзат тарихындағы тамаша жетістіктің бірі ретінде
бағаланады.
Осы Бейбарыс бабамыз да Дамаскіде жай тапқан. Қазақстан Үкіметі оның
кесенелік кешенін қалпына келтіруге қаражат бөліп отыр. Елбасы Нұрсұлтан
Назарбаев Бейбарыстың басына зиярат етті. Қасында еріп жүргендер арасында
болған Қазақстанның Бас мүфтиі Әбсаттар қажы Дербісәлі бабамыздың рухына
құран бағыштады.
Кесене халық көп жүретін сауда орнының дәл түбінде екен, бірақ оның
қалың қыштан құйылған қалың қабырғалары сырт көзден қорғап, кіретін аумақты
шағын ауламен бөліп тұр.
Бейбарысқа дейін, Х ғасырда Сирияны Қазақстаннан шыққан тағы бір ұлы тұлға,
әлемнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған Әбу Насыр әл-Фараби да
мекен еткен. Ол Дамаскінің бай кітапханасында, ғылыми орындарында ұзақ
жылдар бойы еңбек етіп, өзінің ғылыми трактаттарын жазған және 80 жасында
осы қалада өмірден өткен. Қабірі қаланың “Шағын қақпалар” атты ескі
қорымында жатыр. Елбасы оның басына да барып, зиярат етті. Қазақстан
Үкіметінің күшімен ұлы бабамыздың басына мемориалды кесене салынбақшы.
Осындай, өзге жұрттың алдында иығымызды еңселендіріп тұратын екі бірдей ұлы
тұлғамыз жатқан ел қазақтар үшін жақын екені даусыз. Сондықтан да Сирияның
тарихын тереңірек біле түсуге құмартқанымыз рас.
Жалпы тарихына оралар болсақ, Сирияны мамлюктерден кейін 300 жылдай Осман
империясы биледі. Бұл уақыт Сирия үшін шапқыншылық емес, керісінше гүлдену
кезеңі болды деседі білетіндер. Елдің астанасы Дамаск қаласы осы кезеңде
қатты дамып, көп құрылыстар салынған. ХІХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап
Сирияға Еуропаның капиталы бойлап ене бастайды. Соның ішінде, әсіресе
Францияның ықпалы артқан. Сөйтіп, осы кезден Сирия осы елдің жартылай
отарына айналады.
ХХ ғасырдың 20- жылдарының ортасынан Сирияда ұлт-азаттық көтерілістері
белең ала бастайды. 1943 жылғы сайлауда Ұлттық блок жеңіп шығып, Ш.Куатли
президент болып сайланады. Осы жылдың аяғында Сириядағы француз мандаты
тоқтатылып, ол тәуелсіз мемлекет болады. Ал 1946 жылдың 17 сәуірінде
Сирияның аумағынан шет елдің әскерлері толығымен шығарылады. Осы күн
Сирияның ұлттық мерекесі болып есептеледі.
Сирия өзінің дамуында социалистік бағдар ұстанған ел. Мемлекеттік
сектор экономикада басым позицияға ие болған. Күні бүгінге дейін ұлттық
табыстың 50 пайыздан артығы соның үлесіне тиесілі. Сондай-ақ мемлекет
қаржы, сыртқы сауда, темір және әуе жолдарын толығымен өз бақылауында
ұстайды.
1971 жылғы 12 наурызда Хафез Асад президент болып сайланды. Ол КСРО-мен
жақсы қарым-қатынас орнатып, экономикада мемлекеттік секторды нығайта түсу
бағытын жүргізіп отырды. Елді 30 жылға жуық билеп, ол 1999 жылдың аяғында
қайтыс болды. 2000 жылы оның 35 жастағы ұлы Башар Асад президент болып
сайланды. Үстіміздегі жылы ол екінші рет 7 жылдық мерзімге қайта сайланды.
Сириялықтар өздерінің президентін қатты құрметтейді. Көшеден өтіп бара
жатқан мәшинелерде оның және әкесі Хафиз Асадтың суреттері ілінген.
 
ҚАЗІРГІ СИРИЯ
 
Сирияның астанасы Дамаск қаласы қазір көне мен жаңаның қатар астасқан
шаһары. Дамаскінің арабша атауы аш-Шам, ал қазақтар оны ежелден Шам қаласы
деп атаған. Қаланың атауын алғаш рет Нұқ пайғамбардың ұлы Сим қойған деген
аңыз бар. Оның мағынасы “суы бар үй” дегенге саятын көрінеді. Сириялықтар
Дамаскіні әлемнің ең көне астанасы екендігімен мақтанады. Өз араларында:
әлемнің әрбір азаматының екі астанасы бар, оның бірі өз елінің астанасы,
екіншісі Дамаск деген ұғым қалыптасқан.
Кейбір тарихшылар Дамаскіні Хауа ата мен Хауа ананың алғашқы қоныстанған
жері деп дәлелдейтін көрінеді. Оған дәлел ретінде осы жерден қырық
шақырымдай жерде, Касыот тауында Махарат ад-дам (қанды үңгір) деген жерде
олардың екі баласы төбелесіп, Қабыл Абылды өлтірген. Бұл адамзат
тарихындағы тұңғыш өлім деген аңыз бар.
Орта ғасырлар туралы киноларда үсті-бастарына ұзын көйлек, бастарына
шалма орап алған немесе қап-қара пәренжімен жүрген алушылары мен сатушылары
құмырсқадай быжынап жатқан қаптаған базарларды көруші едік қой, Дамаскіге
барсаңыз соны өмірде көресіз. Араларында айғайлап, өздерінің тауарларын
жарнамалап жүретіндер де кездеседі. Базар сөрелерінің бойында иісі мұрынды
жарып ас та пісіп жатады. Адамдардың жүздері жылы, жүректері иманды екені
көрініп тұрады. Бір-бірімен ұрсысып, таласып жатқан бірін де көрмейсің.
Дамаскіде жабық базарлар өте көп. Біз жоғарыда айтқан Омейя мешітінің
жанындағы әл-Хамиди Сук жабық базарының мың жылдан артық тарихы бар екен.
Қазір онда үш мың дүкен, жайма, дүңгіршіктер бар. Мұнда құмырашы, мыстан
бұйым жасаушы, семсер, қанжар соғушы, кілем тоқушылар, т.б.
қолөнершілердің, етікшілер мен ісмерлердің, зергерлердің өз алдына көшелері
бар көрінеді.
Сонымен қатар, бұл базардан осы заманғы тауарлардың да неше атасын,
соның ішінде бейнеаппаратуралардың ең соңғы үлгілерін табуға болады. Ұзын
базарды аралап келе жатсаңыз жүзіңізге жымия қарап біреулер тұрады. Мынау
көрген адамым болды ма деп қапылыста жүзіне жылы қарасаңыз бітті, жата
келіп жабыса кетеді. Алдымен шала білетін ағылшын тілінде жөніңді сұрайды,
содан соң қиылып, өзінің жаймасына алып келеді. “О, Қазақстан ба, білеміз-
білеміз, хош келдіңіз”, деп елпілдеп тұрған көңіліне қарап бір нәрсе алмай
кете алмайсыз. Сөзі көп, бірақ не айтып жатқанын бір Алла білсін, екеуміз
де ағылшынша шала білеміз, бірақ қолмен, ыммен әйтеуір ойыңды жеткізесің.
Жанымдағы серіктестерден адасып қалып, осы ұзын базардың тағы бір
көшесімен келе жатыр едім қарсы ұшырасқан бір жанның жүзі сондай жылы
көрініп, көзімді ала алмадым. Түрі қазаққа келіңкірейді екен. Жанында
басына ақ жаулық салған орта жастағы әйел бар. Ол да менен көзін алмайды.
Бірақ құмырсқадай жыпырлап, қайнап жатқан мына халықтың арасында қазақ
кездестіремін дейсің бе, көп болса өзбек, қырғыз немесе ұқсайтын біреу
шығар деп ойлап, әлгілердің қасынан өте шықтым. Бірақ бір құдірет артыма
қаратып еді, о ғажап, ол да артына жалт қарады. “Әй, сен қазақсың ба?”,
дедім шыдай алмай қазақша. “Иә”, деді ол да жалт бұрылып. Мәссаған, құжынап
жатқан халықтың арасында іздесең таппайтын қазағыммен осылай кездесіп
қалдым. Екеуміз шұрқыраса кеттік. Жат жерде ол да жалғызсырап жүретін
сияқты. Аты-жөні Кәрім Байбоз екен. Тұратын мекені Иран елі. Сол жерден
осында сауда жұмысымен келіпті. Жанындағы шешесі екен. Ол кісі: “Менің
атымды сызбай-ақ қой”, деп есімін жазбауды өтінеді. Кім білсін, бір білгені
бар шығар. Әлгілермен ұзақ сөйлесіп, тұрып қалдым. Кәрім өзінің Қазақстанға
барғысы келетінін, бірақ соның жолы болмай жүргенін айтты. “Бір інім кетті,
Ақтау қаласында тұрып жатыр. Сол жақсы орналасып кетсе, біз де артынан
жетеміз ғой”, деді ол жылы жымиып. Елдері Адай екен. Аталары баяғыда
Ауғанстанға өтіп, одан Иранға қоныс аударған қазақтардың ұрпағы болып
шықты. Сөйтіп, қандасымды кездестіріп, бір жасап қалдым...
Сирияның ғажаптарын түгел айтып шығу мүмкін емес. Әйтеуір
сириялықтарды көне заманның қызықтарын бойынан аластамай, ардақтап
жүргеніне қарап-ақ қасиетті халық деп айтуға болады. Мың, екі мың, тіпті
бес мың жылғы дүниелерді ұстап, сипап, сол заманды түйсінудің өзі ғажап
емес пе? Адамның жаны ондайда тазарып, санаң бүгінгі тіршіліктің бір күндік
түйткілдерінен адаланып, сергіп қалады екенсің.
Жалпы, арабтар қызық халық, бүкіл әлем олардың сандық белгілерін пайдаланып
жатса, олардың өзі үндінің сандық белгілерін қолданады. Қызық емес пе?..
Осының өзі біраз уақыт өз биліктері өздерінде болмағандығының кесірі
сияқты.
Дамаскінің көшелерінде де көлік көп, бірақ апатты көрмейсіз. Тіпті
бағдаршам да барынша аз. Адамдар бір-біріне түсіністікпен қарап, таласпай,
біздегідей балағаттаспай жол беріп жатады. Соның арқасында апат та
болмайтын сияқты. Бірақ көшелерін таза ұстайды деп айту қиын. Оған иесі жоқ
қоғамдық меншікті қонышынан бас деген социализмді мұрат тұтқан қоғамдық
құрылым кінәлі секілді. Біз де сол санадан арылмай келеміз ғой... Әйтпесе дәл
сондай араб елі – Біріккен Араб Әмірліктерінің көшелері жылан жалағандай
тап-таза...
Сирияның экономикасы қазір жақсы дамып келеді. 1991 жылғы Ирак-Кувейт
соғысынан кейін сыртқы дипломатияны дұрыс жүргізе білген ол Батыс Еуропа
елдері мен Жапониядан үлкен қаржылық көмек алған. Бұл сыртқы қарыздардан
құтылуға және ел экономикасының дәстүрлі саласы – сауданы жандандыра түсуге
мүмкіндік беріпті. Сонымен бірге, Сирияның ауыл шаруашылығы да тәуір
дамыған. ІЖӨ-нің жан басына шаққандағы үлесі 5 мың доллардан артық.
Сапар барысында екі елдің басшылары Н.Назарбаев пен Б.Асад алдағы уақытта
Қазақстан мен Сирия арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жақсы жолға
қойылатынына сенім білдірді.

Иран
Иран – тарихы терең ел. Онда ерте замандарда Илам, Лулубей, Мидия
мемлекеті өмір сүрді. Ахаменид әулеті де парсы елін біраз жыл биледі.
Иранның Дарий І патшалық еткен кезде атағы алысқа кетті. Парфия патшалығы
да осы жерде дәурен сүрді. Сасандықтар тұсында Иранның шекарасы едәуір
ұлғайды. Әйтсе де олар жаңа дінді ту еткен арабтарға (VІІ) төтеп бере
алмады. Бірте-бірте араб тілі ресми тіл дәрежесіне ие болды. ІХ-Х ғ. Иран
Араб халифатына тәуелді болып, мұнда бірнеше жеке әмірліктер құрылды. Саман
мемлекеті құлаған соң, Иранның шығысы түркі текті Ғазнауилердің қоластына
кірді. ХІ ғ. Иранда селжұқтар үстемдік етті. ХІІ ғ. парсылар елін
Хорезмшаһы Текеш басып алды. ХІІІ ғ. ортасында Иран моңғолдар билігіне
өтті. Сонан соң ХІV-ХV ғ. Иран мен Ирактың билігі жалайырларға тиді.
Ағылшын тарихшылары Стэнли Лэн-Пуль мен К.Э. Босворттың жазуынша қазақ
халқын құраған түркі тайпаларының бірі жалайырлар орта ғасырларда 100 жыл
бойы Иранда үлкен рөл атқарды. Олар моңғол текті Әбу Саид ханнан кейін
билікке келді. Тайпа көсемі үлкен (бузург) Хасан, кезіндегі дулаттар сияқты
әуелі таққа үш хан отырғызды, сонан соң билікті өз қолына алды. Иранға
Әзірбайжан ғана емес, сондай-ақ, Иракты қосып, Бағдадты астанасы етті. Одан
кейін мемлекетті ұлы шейх Уайс, одан соң Хұсейін, Баязид, Сұлтан Ахмед, шаһ
Уәлид кезегімен басқарды. Жалайырларды биліктен Әмір Темір (1336-1405)
айырды. Тәжірибелі дала көкжалына олар төтеп бере алмады. Жалайырлардың
Орта Шығыстағы билік тарихы әлі күнге дейін терең зерттелген жоқ.
ХV-ХVІІ ғ. Иранда жергілікті Сафауи әулеті үстемдік етті. ХVІІІ ғ. екінші
жартысында Зенд және Каджар хандары арасындағы төңкеріс нәтижесінде ел
билігі Каджарға тиді.
ХІХ ғ. аяғы мен ХХ ғ. басында Иран империалистік мемлекеттердің жартылай
отарына айналды. 1925 жылы Иран тағына Реза Шаһ Пехлеви отырды. Бұл әулетті
биліктен 1979 жылғы революция кезінде Имам Хомейни тайдырды. Содан бері
Иран Ислам республикасы деген атпен өмір сүріп келеді.
Иә, сөйтіп мұнда кімдер келіп, кімдер кетпеген десеңізші?! Иранды орта
ғасырларда дәуірлеткендер ретінде әдетте Сафауи әулеті саналады. Олардың
тұсында ел саяси, мәдени жағынан ерекше дәуірледі. Олардың ықпалы Орталық
Азия елдері мен қазіргі Ауғанстанға да тиді.
Исфаһан қайсы әулеттің болса да назарын аударған. Тарихшылар оның ежелден
әскери орда қызметін атқарғанына тоқталады.
Исфаһан тұрғындары бағзы заманнан семсер, қалқан, сауыт және басқа да
әскери саймандарды жасауда шеберлік танытып қана қоймай, жауынгерлік рухы
да биік болған.
Исфаһан арабтандырылған сөз. Негізінде Сепеһан (Сепаһ-ан) болған. Сепаһ –
қосын, әскер деген мағынаны білдірсе, Сепаһан – әскери орда деген мағынаға
ие.
Исфаһан екінші халифа Омар ибн әл-Хаттаб (643-644) тұсында араб халифаты
билігіне өткен. Әйтсе де Зәйар әулетінен шыққан Мәрдавиж ибн Зәйар (928-
1042) бұл қаланы араб билігінен босатып, тәуелсіздігін жария етеді де,
Исфаһанды астанаға айналдырады.
Исфаһан табиғаты, тарихи мән-маңыздылығына байланысты тарихта талай рет
өркендеумен қатар шабуылдарға да ұшырап отырған. Дайламдар, селжұқтар,
хорезмдіктер, моңғолдар, Әмір-Темір және оның ұрпақтары Исфаһанға
шабуылдап, оны өз иелігінде ұстап тұру үшін күрескен. Сөйтіп қала талай рет
көптеген қанды қақтығыстар мен соққылардың куәсі болды.
Исфаһанның шарықтау кезеңі Сәфави патшалығының (ХVІ-ХVІІІ ғ.) астанасы
болғанынан басталады. Сәфавилердің кіндік қаласы бастапқыда Кәзвин еді. Ол
Иранның батысында, Осман империясына жақын орналасқандықтан геосаяси
тұрғыдан тиімсіз болды. Екі елдің ұзақ жылдарға созылған көптеген
шайқастарында Кәзвин қауіп-қатер аузында тұрды. Сол себепті қаланың еркін
дамуына мүмкіндік болмады. Екіншіден Кәзвиннің орналасқан жері де көңілге
қонымды емес-ті.
Исфаһан патшалықтардың кіндік қаласы болғандықтан да онда көптеген тарихи
маңызды ғимараттар салынды. Солармен қысқаша болса да таныстыра кетейік.
Исфаһанға саяхаттап келгендердің әдеттегі баратын жері – “Нахш-е жаһан”
атты төрт бұрышты жан-жағы тұйықтала қоршалған ескі үлкен алаң. Шаһардың
тарихи ғимараттарының көпшілігі де осында. ЮНЕСКО да олардың маңыздылығын
ескеріп, ежелгі ескерткіштер ретінде тізіп алған. “Нахш-е жаһан” Аббас Шаһ
І-нің (1588-1629 жж.) дәуірінде жобасы жасалынып, ол бойынша экономикалық-
мәдени істерді бір орталыққа жинақтау мақсатында салыныпты. Онда бірнеше
сарайлар бар. Мысалы Әли Капу сарайы алаңның батысында болса, ал Имам
мешіті оңтүстігінде, шейх Лутфолла мешіті шығыс жағында орналасқан. Төрт
бағытта тұрған төрт ғимараттарды өзара екі қабатты павильондар үзіліссіз
жалғап жатыр. Сәфавилер кезінде павильондардың төменгі қабаты шеберлер мен
кәсіпкерлерге берілген. Олар дайын өнімдерін сататын болған.
Бірақ Сәфави әулетінің биліктен кетуі және экономиканың да құлдырауы
салдарынан павильондардағы саяхатшыларға ұсынылатын қолөнер бұйымдары
бұрынғы өтімділігінен баяулап қалады. Қазіргі заманда да бұрынғы қызу сауда
байқалмайды.
“Нахш-е жаһанда” Сәфави дәуірінде ресми мерекелер, әскери парадтар,
атшабыс, мергендер ойындары өткізіліп тұрған. Шаһ, үкімет басшылары,
шетелдік қонақтармен бірге құрметті меймандар келіп осында түрлі мерекелік
шараларды тамашалайды екен.
Енді “Нахш-е жаһанның” оңтүстігіндегі үш бұрыш жасай орналасқан әдемі
мешіттерге келейік. Аллатағала үйлері ішіндегі өрнегі жағынан көрнектірегі
Имам мешіті батыс жақта тұр. Оны көргенде есіме Самарқанд түсті.
Регистандағы Ұлықбек, Шердор, Тіллә қари медреселері де дәл осылай
орналасқан. Самарқанд демекші, ондағы тарихи жәдігерліктердің көпшілігі
Иран сәулет өнерін еске салады. Мұнда да негіз бар. Әмір Темір Орталық
Азиядағы осы күнгі біздің заманымызға дін аман жеткен керуен сарайлар мен
мешіт медреселерді ирандық сәулетшілерге салдырған. Түркістандағы Қожа
Ахмет Ясауи кесенесін де Тебриз сәулетшілері салғаны белгілі. Өйткені Әмір
Темір осындай істі қолға алған соң, Ираннан қолынан іс келетін шеберлерді
өз астанасы Самарқандқа қойдай тоғытқан. Самарқанд маңында Шираз, Исфаһан
деген ирандықтар тұрған кенттер болғанын да тарихи кітаптардан білеміз.
Сонымен Имам мешіті 1611 жылы Аббас шаһ І-нің (1588-1629 ж.) бұйрығымен
“Нахш-е жаһан” алаңының оңтүстік бұрышына салынған. Мақсат қаланың жаңа
бөлігін түрлі сауда орталықтарымен қамтып, шаһардың дамуын ескі бөлігінен
ажыратып, жаңаша жобаны іске асыру екен. Бірте-бірте мешіт төңірегінен
базар, медресе, монша, дүкен тағы басқа ғимараттар бой көтере бастайды.
Ғибадатхана түрлі тарихи кезеңдерде Шаһ мешіті, Сұлтани жадид мешіті,
Аббаси мешіті деп аталып келсе қазір Имам (Хомейни) мешіті деп аталады.
Мешіттің порталы мен екі бүйіріндегі қос мұнара өзара әдемі үйлесім тапқан.
Портал жақтауларының көкпеңбек фонына қажетті Құран аяттары нақышталса,
мұнаралардың да төменнен ұшар басына тейін “Алла, Мұхаммед” деп өрнектеле
жазылған. Михраптың ішкі қуысы қаптаған арналарға бөлінген. Ал оның
төменірегі жасыл һәм сұрғылттау түстермен кескінделген. Мешіт қабырғалары
да ою-өрнектерге толы. Ғибадатханаға ауа және жарық түсіріп тұрған арналы
терезелер де әсем. Оның жоғарғы және төмен жағындағы белдеулерге де Құран
аяттары жазылған.
Ал, Шейх Лутфолла мешіті де өзіндік ерекшелігімен көз тартады. Оның
әсемдігі, нәзіктігі мен рухани айбынына таңғалған шетелдіктер бұл зәулім
ғимаратты адам баласы салды деу қиын дейтін көрінеді.
Бұл мешіт құрылысы да Аббас шаһ І (1588-1629) бұйырығымен 18 жыл бойы
салыныпты. Алла үйінің ішкі, сыртқы күмбезі нәзік кафельдермен
көмкерілгендіктен теңдесі жоқ көрініс береді.
Шейх Лутфолла кім деп сұрарсыз? Оны жұрт Ливандағы Мис ауылында тұрған шиит
ғалымдарының бірі еді деседі. Кейін Аббас шаһ І шақыруымен Исфаһанға келіп,
сабақ бере бастайды. Патша жамағаттың намаз оқуы және ұстаздың сабақ беруі
һәм осы мешітті шейх Лутфолла құрметіне салдырған.
Мешіт маңдайшасындағы аяттарды Сулс жазу түрімен Әли Риза Аббаси 1604 жылы
орындапты. Ғибадатхананы безендіру 1619 жылға дейін созылған. Содан бері
бірнеше ғасыр өтсе де Алла үйі қылауы да түспеген дін аман күйі тұр.
Әсіресе күмбезі көз тартарлық дер едім. Оның үсті жасыл, сұрғылт
кескіндерге бөлінсе, ал төменгі жағына Құран аяттары түсіріліпті. Лутфолла
мешітінің екі жағы жоғарыда айтылғандай екі қабатты аркалы павильондар.
Әли Капу сарайы. “Капу” түрік сөзі. Қақпа, есік, дарбаза деген мағынаны
білдіреді. “Әли” жоғары сапалы, тамаша ұғымды араб сөзі.
Әли Капуді сәфавилер Осман түріктерімен бәсекелесіп, аса көркем етіп
салған. Зәулім құрылыс Аббас шаһ І (1588-1629 ж.) әмірімен “Нахш-е жаһан”
алаңының батыс бұрышына тұрғызылыпты. Сәфави дәуірінде ол “үкімет үйі”
немесе “Нахш-е жаһанның мүбарак үкімет үйі” деп аталыпты. Өйткені сарай
шетелдік жоғары мәртебелі ресми қонақтарды қабылдауға арналған-ды. Әли Капу
бес қабатты ғимарат. Әрбір қабатының өзіндік ерекшелігі бар. Ол осы уақытқа
дейін бірнеше рет орны толмас зардап шексе де өз заманының ескерткіші
ретінде сақталып келеді. Жіңішке баспалдақпен жоғары көтерілдік. Үшінші
қабаттағы алаң ортасы хауыз. Оған су қаланың батысындағы таудан құбырлар
арқылы жеткізілген. Сарай дуалдарында суреттер бар. Кейбірі өшуге айналса,
кейбірі сақталған. Реставрация біткен соң сарай өзгеше өңге ие болмақ.
“Нахш-е жаһан” алаңынан шықтық. Солтүстікте көшенің арғы бетінде де бірнеше
тарихи ғимараттар бар екен. Сонда бет алдық. Соның бірі “Қырық ұстын”
сарайы. Бірнеше жұмысшы ғимарат алдындағы әлі әзір су толтырыла қоймаған
хауыздың едені мен қабырғаларын көк түспен бояп жатыр.
Қырық ұстын сарайы 1647 жылы Сәфави билеушілерінің қоналқасына арналып
салынған. Сарай сәулеті Иран, Қытай және батыс сәулеті үлгілерінің
жиынтығын елестетеді. Сарай айбанындағы ұстындар көлеңкелерінің сұлбасы
әлгі хауызға түскендіктен ұстындар қырық болып көрінеді екен. Сол себепті
де ол “Қырық ұстын сарайы” деп аталған. Бірақ шын мәнінде ғимарат ұстындары
қырықтан әлдеқайда көп деуге болады.
Сарай Қажар патшалығы тұсында “үкімет үйі” ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жетекші Араб мемлекеттерінің саяси ұстанымдары
Әлем елдерінің мұнайгаз кешені
Қазіргі кездегі Күрд мәселесін жүйелі және кешенді түрде зерттеу мәселелері
Иранның сыртқы саясатының дамуының негізгі бағыттары
Математика тарихын оқыту –білімді ізгілендіру тəсілі педагогика мамандықтары бойынша студенттегре арналған оқу құралы
Египет және Таяу Шығыста қалыптасқан геосаяси жағдай
Орталық азиядағы геосаяси жағдайлардың дамуы
Таяу Шығыс және АҚШ - тың әлемде алатын орны
Қазіргі Халықаралық қатынастардағы Иран Факторы туралы ақпарат
Малшаруашылығы өнімдеріне шығарудың экономикасы
Пәндер