Герберт Спенсер



Герберт Спенсер (1820-1903) - ағылшын философы, әлеуметтану¬шы¬сы, психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі, әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі.
1820 жылы Англияның Дерби деген шағын қаласында мектеп мұғалімінің отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке бармаған. Әкесі мен ағасының көмегімен үйінде оқып, өмір бойы өздігінен білім алуға және өз күшіне сенуге машықтанған. Бұл, бір жағынан, тұжырымдарының өткірлігіне, ойларының ерекшелігіне оң ықпал етіп, осы үшін көзі тірісінде “ағылшын Аристотелі” деген атқа ие болса, екінші жағынан, дүниетанымының қалыптасуына тірек болған және өз бетінше игерген жаратылыстанудың ескі қағидаларынан аса қиындықпен бас тартуының салдары болды.
Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді. Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837-1846), “Экономист” журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет атқарды, саяси өмірге араласуға тырысты.
Спенсердің басты еңбегі - “Синтетикалық философия” жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қамтыды: “Негізгі бастамалар” (1862, болмыстың алғашқы принциптері туралы кітап), “Биологияның негіздемелері” (1864-1867), “Психология негіздемелері” (1879-1893), “Әлеуметтану негіздемелері (3 томдық, 1876-1896). Басқа да аса маңызды әлеуметтану еңбектері – “Әлеуметтік статика” (1850) және “Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде” (1873).
Философ және ғалым Герберт Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың бірі деп әділ түрде есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты әлеуметтанудың пайда болуы және жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол әлеуметтануды ғана емес, антропологияны дамытуда да маңызды рөл атқарды, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін қалады. Ағылшын әлеуметтану мектебінің пайда болуы Спенсердің есімімен байланысты деп сеніммен айтуға болады.
Г.Спенсердің барлық әлеуметтану ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған, Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық теориясы - табиғат философиясының құрамдас бөлігі, өйткені әлеуметтік эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. Ғылым да, философия да дүниені бір ғана бақылау және индукция әдісімен зерттеп біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Герберт Спенсер

Герберт Спенсер (1820-1903) - ағылшын философы, әлеуметтанушысы,
психологы және инженер, әлеуметтанудың негізін қалаушылардың бірі,
әлеуметтанудағы эволюционизмнің классигі.
1820 жылы Англияның Дерби деген шағын қаласында мектеп мұғалімінің
отбасында дүниеге келді. Денсаулығының әлсіздігінен 13 жасқа дейін мектепке
бармаған. Әкесі мен ағасының көмегімен үйінде оқып, өмір бойы өздігінен
білім алуға және өз күшіне сенуге машықтанған. Бұл, бір жағынан,
тұжырымдарының өткірлігіне, ойларының ерекшелігіне оң ықпал етіп, осы үшін
көзі тірісінде “ағылшын Аристотелі” деген атқа ие болса, екінші жағынан,
дүниетанымының қалыптасуына тірек болған және өз бетінше игерген
жаратылыстанудың ескі қағидаларынан аса қиындықпен бас тартуының салдары
болды.
Спенсер өз өмірінің көп бөлігін түрлі академиялық және ресми
қызметтерден бас тартқан тәуелсіз ғалым және публицист ретінде өткізеді.
Еңбектер жазуға дейін ол темір жолда инженер-бақылаушы болып (1837-1846),
“Экономист” журналының екінші редакторы (1848 жылдан бастап) болып қызмет
атқарды, саяси өмірге араласуға тырысты.
Спенсердің басты еңбегі - “Синтетикалық философия” жүйесінің он томы, ол
теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен
біріктіре отырып, мыналарды қамтыды: “Негізгі бастамалар” (1862, болмыстың
алғашқы принциптері туралы кітап), “Биологияның негіздемелері” (1864-1867),
“Психология негіздемелері” (1879-1893), “Әлеуметтану негіздемелері (3
томдық, 1876-1896). Басқа да аса маңызды әлеуметтану еңбектері –
“Әлеуметтік статика” (1850) және “Әлеуметтану зерттеу пәні ретінде” (1873).
Философ және ғалым Герберт Спенсерді позитивизмнің негізін қалаушылардың
бірі деп әділ түрде есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты
әлеуметтанудың пайда болуы және жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен
сәйкес келеді. Ол әлеуметтануды ғана емес, антропологияны дамытуда да
маңызды рөл атқарды, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және
эволюциялық мектептерінің негізін қалады. Ағылшын әлеуметтану мектебінің
пайда болуы Спенсердің есімімен байланысты деп сеніммен айтуға болады.
Г.Спенсердің барлық әлеуметтану ой-тұжырымдары өзі бұрын жасаған,
Дарвиндікінен тәуелсіз эволюция теориясына сүйенеді. Қоғамның эволюциялық
теориясы - табиғат философиясының құрамдас бөлігі, өйткені әлеуметтік
эволюция - әлем бағынған ұлы процестің бөлшегі. Барлық ғылымдарға ортақ
принциптерді ол философиялық деп атайды. Бізді табиғаттың ортақ заңы және
барлық ғылыми заңдардың жиынтығы ретінде эволоюция заңы басқарады. Ғылым
да, философия да дүниені бір ғана бақылау және индукция әдісімен зерттеп
біледі, тек философия өзінің зерттеу саласын шектемейді. Бірақ дүниенің
шынайы мәні екеуіне де жұмбақ. Біздің танымымыз әрқашан салыстырмалы және
тәжірибе мен эмпирия саласымен шектелген.
Спенсер өзінің теориялық декларацияларында әдетте ХІХ ғасырдың
эволюционизмімен байланыстыратын осындай біржақты прогресс идеясымен
күреседі. ХХ ғасырдың неоэволюционистері тәрізді Спенсер кейбір
қоғамдастықтар мен институттарды ұйымдастырудың регрессивтік оңайландыру
процесін қоса алғанда әлеуметтік эволюцияны бір ғаламдық процесс ретінде
емес, дивергентті, ерекше, біршама автономды процестер жиынтығы ретінде
түсінді. Сөйтіп, ол Конттың “бүкіл жер шарында жабайы және өркениетті
тайпалар өмір сүретін қоғамның әртүрлі нысандары тек бір нысанның түрлі
сатыларын құрайды: сонымен қатар, әлеуметтік типтер, жеке-дара организмдер
типі сияқты белгілі қатар құрмайды, тек бөлшектелген және тармақталған
топтарға бөлінеді” деген “елеулі қатесін” сынайды.
Спенсер өзінің теориясында эволюциялық сатылардың сызықтық емес
тұжырымдамасын бейнелейді. Ол прогресті қоғам күрделілігінің дәрежесімен
өлшемек болды. Адамзат қоғамы дамуының ортақ үрдісі Спенсер бойынша
қарапайым бөлінбеген тұтастықтан күрделі гетерогенді құрылымдарға өту
қозғалысы болды, мұнда неғұрлым маманданған бүтіннің бөлшектері өзара
байланыса отырып жеке-жеке салаларға бөлініп кетеді.
Спенсер эволюция мәнін ашу мәселесімен айналысып, оны қарапайымнан
күрделіге өту, үдемелі қозғалыс ретінде қарастыра отырып, эволюцияны
құлдырау процесіне қарсы қояды. Дәйекті позитивист болған ол материяның
барлық түрлеріне (өлі түрінен әлеуметтік түрге дейін) бірдей заңдылықтар
болатынын көрсетеді. Ал материяның барлық түрлерінде өтетін өзгерістер мәні
мынада деп біледі.
Әр түрлі материалдық денелер бір-біріне қарама-қарсы екі процесте
(интеграция және қозғалыс) бірдей өмір сүре алады; бұл арада мынаны ескеру
қажет: 1) қозғалыстың жоғалуы (нақты айтқанда, ұштасуы) интеграцияға
әкеледі; 2) бірыңғай дененің ыдырауы - кері интеграция - кезінде оның
құрамына кірген, ал қазір бөлініп кеткен материалдық бөлшектер қайтадан
қозғалысқа түседі. Бір-бірімен антагонистік қатынаста тұрған осы екі
процесті Спенсер: 1) эволюция және 2) іріп-шіру деп атайды. Іріп-шіру
қозғалыстың босатылуы мен материяның кері интеграциясын білдіреді. Ал
эволюция, керісінше, бірігу процесі, материя мен қозғалыстарды байланыстыру
интеграциясы болып табылады.
Осы эволюция мен кері интеграция процестерін Спенсер өзінің “Негізгі
бастамаларында” материяның біртекті (гомогенді) күйінен әр текті
(гетерогенді) күйіне өту нысандарының мысалдарымен көрсетеді.
Жануарлар организмінің өсуі мен эволюциясы, мысалы, оны қоршаған
өсімдіктер мен жануарлардың құрамына кіретін түрлі элементтерді сіңіру,
өңдеу және қайталама шоғырлану процесінде жүріп отырады.
Осыған ұқсас көптеген процестерді әлеуметтік организмдердің эволюциясы
барысында байқауға болады. Спенсер адамзаттың шағын қауымдастықтан бірте-
бірте іріленуге қарай интеграциялануының бірқатар мысалдарын келтіреді.
Шағын шаруа қожалықтары үлкен феодалдық иеліктерге бірігеді; бұл иеліктер
провинцияларға, провинциялар - корольдіктерге, корольдіктер үлкен
империяларға бірігеді... Сөйтіп, бұл әлеуметтік байланыстардың
күрделіленуімен (сонымен қатар, нығаюымен), басқарудың жаңа органдарының
қалыптасып, олардың функцияларының күрделіленуімен қатар жүреді. Эволюция
процесін тіл сияқты материалдық емес жүйелердің дамуынан байқауға болады.
Қарапайым дыбыстардың сөздерге бірігуі кезінде ауызша тіл мен жазбаша тіл
ережелері күрделіленіп дами түседі, сонымен қатар осы күрделіленген жүйе,
неғұрлым біріккен, бөлінбейтін тұтас құрылымға айналады. Бұл еңбек
құралдарына да қатысты, олардың прогресі қарапайым және көлемі кіші
құралдардан күрделі әрі ірі машиналарға өту процесі кезінде жетіле түседі.
Сонымен бірге, қарапайым нәрседен күрделі нәрсеге, бір тектіден әр
тектіге өзгере отырып, эволюция белгісіз күйден белгілі күйге де өтеді.
Қаңғыбас жабайы тайпалар өзінің тіршілік орындары жағынан да, ішкі құрылысы
жағынан да, тайпа мүшелерінің бір-бірімен өзара қарым-қатынастары жағынан
да тұрақсыз бола отырып, әлеуметтік эволюция барысында өзінің белгілі бір
тіршілік ету орнына, айтарлықтай тармақталған еңбек бөлінісі бар ішкі
әлеуметтік құрылымға, отбасында атадан балаға өтіп отыратын еңбек түріне ие
болады (отбасының пайда болуының өзі барлық адамдарға ортақ туыстық
қатынастар нормаларының орнауымен, мүшелерінің арасына құқықтар мен
міндеттер шеңберін белгілеумен байланысты).
Эволюция барысында қозғалыстарды қайта бөлу жетілдіріле түседі. Мәселен,
планетаның балқыған массасының құрамына кірген бөлшектер тәртіпсіз, ретсіз
қозғалыс күйінде болды. Осы массаның сууына байланысты жіңішке (бірақ бірте-
бірте жуандай беретін) қатты қабық пайда болды. Оның қалған бөлшектерінің
қозғалысы - көтеру мен түсіру, созылу мен сығылысу – барған сайын реттелген
қозғалыстарға айналып, бір қалыпты-тербелмелі сипатқа ие болды. Тура
осындай процесс Жердің сұйық және газ тәрізді қабаттарында да болып жатады.
Бұған ұқсас процестер тірі организмдерде де кездесіп отырады.
Интеграцияның, әртектілік пен белгілі жәйттің күшеюі кедергілі
қозғалыстарды, яғни энергия мен ресурстарды қайта бөлуді қажет етіп, сайып
келгенде функциялардың дамуы дегенді құрайды.
Әртектіліктің күшеюінің маңызды көрінісі біртұтастық бөлшектерінің
саралануы мен олардың осы шеңберде атқаратын функциялары болып табылады.
Бұл аса күрделі, түрлі контекстерде түрлі мағынада түсіндірілетін ұғым.
Онтогенезде (яғни, жеке-дара организмнің дамуы процесінде) мұны алғашында
бірдей, бір-бірінен ерекшеленбейтін ұрық клеткаларының организмнің
функциялары бойынша бір-бірінен ерекшеленген жеке-жеке клеткаларға
айналуымен түсіндіреді. Ал филогенезде (организмдердің тұтас түрлерінің
тарихи даму процесі) организмдердің біртұтас үлкен тобының (тегінің)
көптеген шағын функциялары (түрлері) бойынша ерекшеленетін топтарға
бөлінуін білдіретін түрдің пайда болуы деп аталатын процесс ретінде
түсіндіріледі. Спенсер әлеуметтік теорияға әлеуметтік саралану ұғымын
енгізіп, оны барлық қоғамдық эволюция үшін әмбебап болып табылатын арнайы
институттардың пайда болуы мен еңбек бөлінісі процесін сипаттау үшін
қолданды.
Спенсердің айтуынша, қоғамның дамуы барысында бір әлеуметтік институттар
орындаған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде жаңадан пайда болған
немесе бұрыннан бар институттар арасында бөлінеді. Саралану қоғамның әр
түрлі бөлшектерінің үдемелі мамандануын білдіреді де, қоғам ішіндегі
гетерогендікті көбейте түседі. Мәселен, бұрынғы заманда отбасы
репродуктивті, экономи-калық, құрылымдық және аздап саяси функциялар
атқарды. Алайда қоғам дамыған сайын, бұрындары бір ғана әлеуметтік институт
- отбасы атқарған әлеуметтік іс-әрекеттер кешені ендігі жерде басқа
институттар арасында бөліске түседі. Қалай дегенмен де, қазіргі қоғамдарда
жұмыс пен білімнің мамандандырылған институттары отбасынан тыс дамуда.
Сонымен, Спенсер эволюция деп аталған процеске мынадай жалпы анықтама
береді.
Эволюция дегеніміз - қозғалыстың тармақталуымен қоса жүретін және оның
барысында зат белгісіз, байланыссыз әртектілік күйінен белгілі, өзара
байланысқан әртекті күйге ететін заттар интегра-циясы, ол зат сақтаған
қозғалыс дәл осындай өзгерісті бастан кешіреді.
Жоғарыда айтылғандардан көріп отырғанымыздай, кез келген эволюция
материяны соның алдындағы тепе-теңдік, біртекті күйінен шығарып, әртекті
бөлшектердің жиынтығына айналдырудан басталады. Алайда мынадай сұрақ тууы
мүмкін: эволюция немен аяқталады және осы өзгерістер сайып келгенде қайда
ұмтылады? Бұл сұрақтарды біз абстрактілі түрде қарастырсақ та, нақты
мысалдарды зерттесек те, түпкі нәтижесі тепе-теңдік күйге қайта оралу болып
шығатынына көз жеткіземіз. Агрегаттың прогрессивті өзгерістері бітіп, ол
тепе-теңдікке жеткен кезде, бәрібір қоршаған орта ықпалында қала береді.
Ерте ме, кеш пе, әйтеуір оның бөлшектері босап шыққан қозғалыстан көбейіп,
олардың арасындағы байланыс әлсірей түседі, бұл кері интеграцияға әкеледі.
Барлық интеграцияланған қозғалыстардың соңы өлімге әкеледі. Агрегат
бірыңғай тұтастық ретінде өмір сүруін тоқтатады.
Жаңадан өмірге келген жас ғылым, әлеуметтанушы - әсіресе, оның
позитивистік нұсқасы – өз әдістерін басқа ғылыми пәндерден ала отырып
дамуға мәжбүр болды. Спенсердің заманында мұндай балама механика немесе
биология түрінде көрінді. Көптеген әлеуметтік философтар классикалық Ньютон
механикасына ден қойды. Позитивизмнің негізгі қағидаларынан бас тартқан
олар қоғамда табиғи күштер сияқты күштер мен соларға сәйкес заңдар
(тартылыс күші, маятниктің тербелісі, т.б. заңдар) әрекет етуі тиіс деп
есептеді. Басқалар болса, керісінше, өз назарын тірі табиғатқа аударып,
тірі табиғаттың тіршілік ету мен даму заңдары әлеуметтік тәртіпке жақынырақ
деп есептеді. Осы екінші әдіс органикалық аналогия деген атауға ие болды.
Жалпы органикалық ұқсастықтың талдау әдісі ретінде әлеуметтік ғылымдарда
өзінің сонау Платоннан бастау алатын ежелгі дәстүрлері бар. Ұқсастық
бойынша жүргізілген кез келген ой-тұжырымның мәні мынада: қайсыбір
объектіні қарастырудан алынған білім азырақ зерттелген, бірақ біріншісімен
өзінің елеулі қасиеттерімен ұқсас басқа объектіге ауысады. Мұндай ой-
тұжырымдар ғылыми болжамдардың басты қайнар көздерінің бірі болып табылады.
Соның ішінде, зерттеушілер адам қауымдастықтарының басқа тірі
организмдермен ұқсастықтарын байқап, осы ұқсастықтарды қолдануға тырысты.
Органикалық ұқсастық әлеуметтік ғылымдарда белгілі бір дәрежеде
механикалық ұқсастық мектептеріне қарсы тұрды деп есептеуге болады:
біріншісі қоғамды адамның талап-тілегіне, ниеті мен жоспарларына қарамастан
өмір сүретін және дамитын табиғи құбылыс ретінде қарастыруға бейім;
екіншісі қоғамды адам санасының туындысы деп қарастыруға ұмтылады.
Органикалық ұқсастықты кейде консервативтік оймен қабыстырады, себебі
олардың тәсілі әлеуметтік процестерді оған еркін араласу көмегімен
өзгертпеуді көздейді (ал кейде олай істеу тіпті қауіпті де). Көптеген
ойшылдар механикалық ұқсастықты “әлеуметтік инженериямен” ұштастырады. Кез
келген механизмнің құрылымы мен әрекет ету принципін осы құрылымдағы әдейі
жасалған (яғни адамдар күні бұрын жоспарлаған) өзгерістердің көмегімен
зерттеуге, түсінуге және дамытуға болады.
Спенсер бірінші тәсілді - органикалық ұқсастықты дәйекті түрде жақтады.
Бұл оның позитивистік ұстанымынан туған еді. Қоғамды организмнің ерекше
түрі деп қарастыратынын айта келіп Спенсер былай деп мәлімдейді: “Біз
қоғамды ерекше мән ретінде қарастыруға құқылымыз; себебі ол дискретті
бірліктерден құралса да, әр қоғамның алып отырған орны шеңберіндегі жалпы
ұқсастықтарды ғасырлар бойы және тұтас ұрпақтарда сақтау олардың құрған
агрегатының белгілі бір нақтылығын көрсетеді”.
Бұл агрегатты қай тапқа - органикалық немесе органикалық емес тапқа -
жатқызу керектігі күдік туғыза қоймас: әрине, органикалық тапқа жатады.
“Әлеуметтану негіздері” деген еңбек тарауларының бірі “Қоғам дегеніміз
организм” деп аталады. Әлеуметтік және қоғамдық организмдердің ұқсастықтары
немен анықталады? Мұндай ұқсас белгілерді көптеп табуға болады. Олардың
бастылары мыналар:
1) биологиялық организм сияқты қоғамның көлемі үлкейіп, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Огюст Конттың позитивизмі
Спенсердің натуралистік
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ КЕДЕЙЛЕРДІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ КЕДЕЙШІЛІКТІ ТӨМЕНДЕТУ ЖОЛДАРЫ
XIX –XX ғасырлардағы әлеуметтанушылардың көзқарастары
Г. Спенсердің әлеуметтануындағы мемлекет және құқық мәселелері
О. Конт – социологияның негізін қалаушысы туралы
Қазақстан мен Ресейдің әлеуметтік теориялары
Әлеуметтану білімінің тарихи қажеттілігі
Огюст Конт позитивизмі
Әлеуметтану: ғылымға кіріспе және басты ұғымдарды тұжырымдау туралы
Пәндер