Исламдағы бала тәрбиесінің ерекшеліктері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ИСЛАМИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Ата . ана және баланың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6
1 2 Жас ерекшелігіне қарай кезеңдері мен шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... .23

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ
ТӘРБИЕСІ
2.1 Дәстүрлі қазақ отбасындағы ислами тәрбиенің ерекшеліктері ... ... ... 31
2.2. Зайырлы жане діни тәрбиенің үндестігі мен ерекшелігі ... ... ... ... ... . 45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 73
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы, бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ, оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын!
Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. «Таһа сүресінің «Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл», - деген аяты түсірілген уақытта Омар: «Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?», - деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: «Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны істе деп бұйырыңдар!», - деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари, Муслим) риуаят етті.
Жалпы адам баласы табиғи болмысынан имани тәрбиеге мұқтаж болып жаратылған. Имани тәрбиесі болмаған ел адамгершілік қасиеттен айрылып, мүлдем құрып кетуге дейін барады. Иммунитет организмді кейбір аурулардан сақтайтындай, адамзатты да адам қалпында тек қана дұрыс тәрбие арқылы ғана сақтап қалуға болады.
Жастайынан дұрыс тәрбие алған бала, ер жеткенде дұрыс отбасын құрайтын азамат болады.
Ал енді керісінше дұрыс тәрбие алмаған балалар мысалы, игерілмеген егістік тәрізді. Игерілмеген егістікке арам шөп қаптап, ешкімге пайдасыз болады ғой. Сол секілді бала да дұрыс тәрбие алмаса өзіне де өзгеге де пайдасы болмай құриды.
Ұлтымыз үміт артар болашағы етіп, отанға деген сүйіспеншілігін жүрегіне ұялататын, адамгершілікке шақыратын әлбетте, ол ислами тәрбие. Өйткені, ол тек жақсылықтың нышаны. Сол жақсылықтың қайнар көзі ол – Құран. Ондағы қамтылған барлық мәселелерді бізге тәжірибе жүзінде қалдырған пайғамбарымыздың жолы. Оның мінез – құлқы Құран еді. Сондықтан Аллаһ Тағала дәлеле ретінде Құранда: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің», (Қалам,4) – деп пайғамбарымызды баршамызға үлгі - өнеге еткен. Сол сияқты әрбір отбасы пайғамбарымыздың істеген жақсы амалдарын басшылыққа ала алады. Шын мәнінде оның жолы, ол бақытқа жетелейтін жол.Баланы қалайша жақсы тәрбиелеуге болатындығы жайлы сұрақ туса, әрине оны бізге пайғамбарымыз үлгілі өмірінен алуға болады . Баланы тәрбиелеу үлгісі оның хадистерінде көп айтылған. Пайғамбарымыз «Балаларыңның намаздарын толық оқуын қадағалаңдар және жақсылыққа әдеттендіріңдер! Себебі жақсылық адам баласына тән нәрсе!», - деген. Балаға дұрыс тәрбие берудің мақсаты иманды да инбатты, тақуа, еліне, дініне жаны ашитын ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Сол берілген тәрбиесі арқылы келешекте оның жемісін көру.
1. Халифа Алтай. Құран Кәрім қазақша мағына және түсінігі. – Мадина:
«Фаһд патшаның Құран шариф басым комбинаты», 1991. – б
2. Паттеев М. И. Құран кімнің сөзі. – Алматы: «Алтын қалам баспасы», 2004. – 224 б
3. Әділбаев А. Саңлақ сахабалар. – Алматы: «Алтын қалам баспасы», 2005. – 288б
4. Дағайқызы С. Аударған. – Соңғы пайғамбар хазірет Мұхаммедтің өмірбаяны. – Анкара: 1997. – 446б
5. Махмұд Хамди Зақзұқ. Ұмытылған құндылықтар. – Алматы: «Шапағат Нұр», 2006. – 96б
6. Меңлібеков М. Құран Кәрім ілімдеріне кіріспе. – Алматы: «Әлбаракат», 2005. – 144б
7. Пендеге иман өзі ашады жол. – Алматы: «Халифа Алтай Халықаралық қайырымдылық қоры», 2007. – 336 б
8. Қазақстан Республикасының конституциясы. Алматы : «Жеті жарғы», 1996. – 48 б.
9. Ибрагим Д. Ө. Адамзаттың асыл тәжі. – А., «Алтын қалам»,2003.–600 б.
10. Абай тағылымы. Алматы : «Жазушы» , 2002. – 296 б.
11. Тоқмырзаұлы Е. Мұсылмандық тәрбие. – Алматы: «Шапағат – Нұр баспасы», 2002. – 300 б.
12. Садық Д. Жанұя бақыты. – Алматы: «Дәуір баспасы», 2006. – 280 б.
13. Шарманов Т. Шапағат – Нұр журналы //Отбасы және Денсаулық // Алматы: №11 2005. –32 б.
14. Мағжан Жұмабаев Жан тәрбиесi //Алдаспан //2000. – №11-12
15. Ғаббасов С. Халық педагогикасының негіздері. – Алматы: «Әл-Фараби», 1995. – 462 б.
16. Ибадуллаев С. Ел болам десең бесігіңді түзе. – Алматы: «Ғибрат», 2008. – 212 б.
17. Ахмадиев С. Р. Ислам дініндегі ұрпақ тәрбиесі. – Алматы: «Нұр-Мүбарак», 2009. – 64 б
18. Ғабдуллин М. Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес, А.: «Мектеп», 1966.- 123 б
19. Бөлеев Қ. Болашақ мұғалiмдердi оқушыларға ұлттық тәрбие беруге дайындаудың теориясы мен практикасы,Тараз: 2001. – 343 б.
20. Әз-Зубайди // аударған Спатай Қ. Сахих әл-Бухари. – Алматы: «Кәусар-саяхат»ЖШС, 2008. – 752б.
21. Игенбаева Б.Қ. Адамгершілік сабақтары. – А., «Дәуір», 2001. – 174б
22. Жұмабаев М. Педагогика (баланы тәрбия қылу жолдары) Алматы: «Рауан»,1993. –112б
23. Тұрғынұлы Ә. Мұсылман отбасының негіздері. – Алматы: «Ғибрат», 2008. – 178 б.
24. Хасан Бафийдің Хабарсыз қалғандарға насихаттар.
25. Алпарслан Өзязыжы. Арақ темекі және басқа зиянды заттар // түрік тілінен аударған Дағайқызы С. – Түркия: «Анкара», 1998. – 176б
26. Ұзақбаева С.А. Тамыры терең тәрбие. – Алматы: «Бiлiм»,1995. – 232б
27. Алтынсарин Ы.Мұсылманшықтың тұтқасы //дайындаған Сейдімбеков А. – Алматы: ТПО «Қаламгер», 1991. – 80б
28. Алдаспан // танымдық журнал. –№ 5-6 2004. –33б
29. Әлiмбаев М. Халық ғажап тәлiмгер. – Алматы: «Рауан»,1994. – 144 б.
30. Сандыбаева Г.Ж. Иманды қыз ибалы келін. – Алматы: «Мұсылман», 2008. – 44б
31. Смайлова М. Тәрбие жұмыстарының негіздері // Қазақстан мектебі 1992. – №4
32. Момышұлы Б. Ұшқан ұя (шығармалар) Алматы: «Жазушы», 1975.– 383 б
33. Құрсабаев М.Қ. Сейтен әлемi және ұлттық педагогика (ғылыми-монографиялық еңбек) . – Көкшетау: 2004. – 195 б
34. Жебесін Г. Ақыл-ойдың азғындауы. – Алматы: «Шапағат-Нұр»,2003. –180б
35. Яшар К. Балаларға арналған қырық әңгіме // түрікшеден аударған Ералиев Ж. Алматы: «Хайретин Өзтүрік», 2003 . – 105б
36. Педагогический энциклопедический словарь, Москва: 2002. – 528 с
37. Абдусамат М. Босағаң мықты болсын десең //Алдаспан, 2002. –№1-2
38. Ақбаев Н. Ата салтыңды аяла. –Алматы: «Ана тілі»,1998. – 160б
39. Сәдiрмекова Ж.Б. Жеткiншектердi халық педагогикасы арқылы адамгершiлiкке тәрбиелеу. – Алматы, 1994. – 159б
40. Кенжеахметұлы С. Жеті қазына. – Алматы: «Ана тілі», 2000. – 136б
41. Сайдахметова Л.Т. Қазақстан мектептерiнде оқушыларды патриотизмге тәрбиелеудiң дамуы (1970-2000)Алматы, 1993. – 420 бет.
42. Сабыр Ә.Әдептілік //Өмір. – Алматы: «Кітап», 2001. –№1
43. Төлеубекова Р.К. Бала тәрбиесiндегi халықтық педагогика. – Алматы: 1994 . – 140 б
44. Жүнісұлы А. Некеден кейінгі тәрбие // Алдаспан, 2005. – №3-4. -
45. Абайдың дүниетанымы мен философиясы. А., «Ғылым», 1995. – 184 б
46. Абай Құнанбаев. Қалың елім қазағым. –Алматы: «Ғылым», 1995. – 215 б
47. Беркімбаева Ш.К.,- Оқушыларға ұлттық тәрбие берудің педагогикалық мазмұны, Этнопедагогика, №1.–2005, 12-15 бб.
48. Қазақ халқының салт-дәстүрлері. Алматы. 2008.–159 б

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 74 бет
Таңдаулыға:   
Шетел тілдер және Іскерлік карьера университеті

Қорғауға жіберілді
2010
Кафедра меңгерушісі
Қонар С.
Дінтану және тарих
кафедрасы

Қонар С. ф.ғ.к., доцент

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: ИСЛАМДАҒЫ БАЛА ТӘРБИЕСІНІҢ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Дипломды қорғаушы Қалықова Б.М.
Ғылыми жетекші Таирова Б. ф.ғ.к.
Тексерген Ахмедов Қ.
ф.ғ.к.

Алматы, 2010 ж.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ИСЛАМИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1.1 Ата – ана және баланың
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... 6
1 2 Жас ерекшелігіне қарай кезеңдері мен
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

2 ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОТБАСЫ ЖӘНЕ БАЛАНЫҢ ИМАНДЫЛЫҚ
ТӘРБИЕСІ
2.1 Дәстүрлі қазақ отбасындағы ислами тәрбиенің
ерекшеліктері ... ... ... 31
2.2. Зайырлы жане діни тәрбиенің үндестігі мен
ерекшелігі ... ... ... ... ... . 45
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... 71
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 73

КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Аллаһқа ғана сиынып, оған ғана
тәуекел етеміз. Біз Аллаһқа барлық мақтау–мадақ айта отырып, одан пана
сұраймыз. Аллаһ Тағала кімді тура жолға салса, онда оны ешкім адастыра
алмайды. Ал, егер кімде – кімді адастырса, оны тура жолға салар ешкімді
таба алмайсың. Мен Мұхаммед Аллаһтың елшісі әрі елшілердің ең соңғысы,
бізді тура жолға бастаушы пайғамбарымыз екеніне куәлік беремін. Сондай –ақ,
оның отбасына сенімді де аса пәк сахабаларының және олардың соңынан қиямет
күніне дейін жақсылықпен ерушілерге Аллаһтың амандығы мен игілігі болсын!
Ислам ұғымында ата – ананың баласы алдындағы міндет имандылыққа
тәрбиелеу. Себебі, имандылық адам өмірінің нәрі. Ал, имандылық адам бойына
қайдан сіңісті болмақ? Әлбетте, оның негізі отбасында. Әке мен ананың
үлгілі тәрбиесінде қалыптасады. Сондықтан да әке мен ана осы отбасының
соғып тұрған жүрегі. Шынымен, бала тәрбиесі тұрғысынан алғанда әкенің
қолында болат қашау, шешенің қолында күміс жоңғыш бар тәрізді. Осы себептен
баланың тәрбиесіне қатысты жауапкершілік міндеті ең алдымен ата – анаға
жүктеледі. Осыған байланысты Пайғамбарымыздың хадисінде. Таһа сүресінің
Үй ішіңді намаз оқуға бұйыр, өзің де оған көңіл бөл, - деген аяты
түсірілген уақытта Омар: Ей, Аллаһтың елшісі Біз Аллаһ тағаланың азабынан
сақтануға тырысамыз. Ал, бала – шағамызды қалай сақтандырсақ болады?, -
деп сұрағанда, Аллаһтың елшісі: Аллаһ Тағала сендерді неден қайтарған
болса, сендер де бала – шағаларыңды содан қайтарыңдар! Аллаһ Тағала
сендерге нені істе деп бұйырған болса, сендер де бала – шағаларыңды соны
істе деп бұйырыңдар!, - деп жауап берген екен, хадисті (әл – Бухари,
Муслим) риуаят етті.
Жалпы адам баласы табиғи болмысынан имани тәрбиеге мұқтаж болып
жаратылған. Имани тәрбиесі болмаған ел адамгершілік қасиеттен айрылып,
мүлдем құрып кетуге дейін барады. Иммунитет организмді кейбір аурулардан
сақтайтындай, адамзатты да адам қалпында тек қана дұрыс тәрбие арқылы ғана
сақтап қалуға болады.
Жастайынан дұрыс тәрбие алған бала, ер жеткенде дұрыс отбасын
құрайтын азамат болады.
Ал енді керісінше дұрыс тәрбие алмаған балалар мысалы, игерілмеген
егістік тәрізді. Игерілмеген егістікке арам шөп қаптап, ешкімге пайдасыз
болады ғой. Сол секілді бала да дұрыс тәрбие алмаса өзіне де өзгеге де
пайдасы болмай құриды.
Ұлтымыз үміт артар болашағы етіп, отанға деген сүйіспеншілігін
жүрегіне ұялататын, адамгершілікке шақыратын әлбетте, ол ислами тәрбие.
Өйткені, ол тек жақсылықтың нышаны. Сол жақсылықтың қайнар көзі ол – Құран.
Ондағы қамтылған барлық мәселелерді бізге тәжірибе жүзінде қалдырған
пайғамбарымыздың жолы. Оның мінез – құлқы Құран еді. Сондықтан Аллаһ
Тағала дәлеле ретінде Құранда: Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің,
(Қалам,4) – деп пайғамбарымызды баршамызға үлгі - өнеге еткен. Сол сияқты
әрбір отбасы пайғамбарымыздың істеген жақсы амалдарын басшылыққа ала алады.
Шын мәнінде оның жолы, ол бақытқа жетелейтін жол.Баланы қалайша жақсы
тәрбиелеуге болатындығы жайлы сұрақ туса, әрине оны бізге пайғамбарымыз
үлгілі өмірінен алуға болады . Баланы тәрбиелеу үлгісі оның хадистерінде
көп айтылған. Пайғамбарымыз Балаларыңның намаздарын толық оқуын
қадағалаңдар және жақсылыққа әдеттендіріңдер! Себебі жақсылық адам баласына
тән нәрсе!, - деген. Балаға дұрыс тәрбие берудің мақсаты иманды да
инбатты, тақуа, еліне, дініне жаны ашитын ізгі ұрпақ тәрбиелеу. Сол
берілген тәрбиесі арқылы келешекте оның жемісін көру.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Бұл зерттеу жұмысымда қазақ, орыс, түрік,
араб тіліндегі әдебиеттер қолданылды. Жас отандық әріптестердің жаңадан
жарыққа шыққан Сәбит Ибадуллаевтың Ғибрат баспа үйінен басылып шыққан Ел
боламын десең бесігіңді түзе және Серікхан Рымханұлы Ахмадиевтің Ислам
дініндегі ұрпақ тәрбиесі Нұр-Мүбарак баспасынан шыққан еңбектерін
кеңінен пайдаландым. Садық Дана Жанұя бақыты Дәуір баспасынан шыққан,
Мұсылмандық тәрбие Ермек Тоқмырзаұлының (аударма) Шапағат – Нұр
баспасынан, Воспитание детей в исламе Абдулла М.Абдул Мути – Москва
–Санкт –Петербург Диля баспасынан аударылған аудармалар, Ғадам Тамииз
байна тифл уал Тифлах, Ислам көзқарасындағы жас ұрпаққа тәрбие атты
Египет Кайр қаласынан шыққан араб кітаптарынан аударма жасадым.
Зерттеу жұмысының мақсаты мен міндеттері. Аталған тақырып бойынша
жұмыстың мақсаты бала тәрбиесінің ерекшелігін жан – жақты ашып көрсету және
қазақ қоғамындағы ислами тәрбиенің негіздерін ашу. Ата – ана және баланың
құқықтары мен міндеттерін анықтау жас ерекшелік тәлімнің кезеңдері мен
шарттарын жете зерттеу. Қазақ қоғамында имандылық тәрбиесін қалыптастыру.
Дәстүрлі қазақ отбасында бала тәрбиесін енгізу.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы: Бұл тақырыптың жаңалығы бұл
мәселені зерттеуде қазір заманауи мұсылман ойшылдарының көзқарастары
көрсетіледі. Сондай – ақ, зерттеу нәтижесінде бала тәрбиесінде зайырлы және
ислами тәрбиенің үндесуі.
Зерттеу нысанасы ретінде. Қазақ, орыс, араб, түрік тіліндегі әдебиеттер
қолданылды. Алматы қаласында шыққан: Әл-Фараби баспасы. Алматы 1995ж.,
Ғибрат баспа үйі. Алматы. 2008ж, Нұр-Мүбарак баспасы. Алматы. 2009ж,
Шапағат – Нұр баспасы.2002ж, Каусар баспасы және т.б. шыққан кітаптарды
қолдандым.
Зерттеу әдістері. Жұмыста теологиялық, педагогикалық, психологиялық
әдістер қолданылды.
Алынатын нәтижелер. Зерттеу жұмысы бойынша алынған нәтижелерді
мекемелерде, орта білім беру мектептерінде жас балалар мен оқушыларды
тәрбиелеуде қолдануға болады:
- Жас балалар мен жас жеткіншектерді ислами тұрғысынан тәрбиелеу,
балалардың бойында үлкендерге инабат, өзінен кішіге қамқоршы болуға
қалыптастырады;
- Жас балалар мен жас жеткіншектердің санасы жоғары, өмірде таза өмір
сүруге, адал болуға, өз бойындағы жаман қасиеттерден арылуға мүмкіндік
береді;
Жас балалар мен жас жеткіншектер ислами құндылықтарды игеру арқылы,
қоғамымыздың болашақ тәрбиелі, саналы, отан сүйгіш азаматтары болып
қалыптасады.
Жұмыстың теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу қорытындылары бала
тәрбиесінің исламда алар орны мен ерекшелігін анықтауда, қазіргі Қазақстан
қоғамындағы бала тәрбиесіне байланысты туындайтын сауалдарды шешуде,
исламның қайнар көзі Құран мен Хадиске сүйене отырып, өзіндік замануаи
тұжырымдармен ерекшеленеді. Қазақ қоғамындағы рухани азғындау, ұлттық
рухани құндылықтардың бағасының түсе бастауы, қоғам мен отбасындағы
жағымсыз қылықтар, бала тәрбиесіндегі олқылықтар қазіргі заманның өзекті
мәселесіне айналып отыр. Осыған орай, бұл еңбек ислам дінінің дені сау
қоғам қалыптастыруда маңызды, пайдалы үлесін қосады деп ойлаймын.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс кіріспеден,
2 тараудан, әр тарау 2 бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен, 75-беттен тұрады.

1 БАЛА ТӘРБИЕСІНЕ ИСЛАМИ КӨЗҚАРАСТЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ
1. Ата – ана және баланың құқықтары
Дәулет те, балалар да дүние тіршілігінің зейнеттері. Кәһф сүресі,46-
аят. Ата-бабаларымыз жазу-сызуды білмеген кездің өзінде де бала тәрбиесіне
ерекше көңіл бөліп, адам құқығын қорғауды назарда берік ұстаған. Мысалы,
Қасымның қасқа жолы (1511-1518), Есімнің ескі жолы (1598-1628), Әз
Тәукенің Жеті Жарғысы (1680-1718) сияқты көрнекі заңдардың өзі қағазға
түспеген.
Ата заңды аттаған азғындарды Етегін кесіп, елден қу деген қағидамен
аяусыз жазалаған. Халқымыз ұл мен қыз тәрбиесіне ерекше мән берген. Ұяда не
көрсең ұшқанда соны ілерсің деген мақал арқылы бала тәрбиесіндегі
отбасының рөлі ерекше екендігін атап көрсетеді. Бала тәрбиелей отырып
артына із, өшпес мұра қалдырған.
Ата –анасының алдында баланың да өз міндеттері бар. Кәмелетке толған
еңбекке қабілетті балалар өздерінің ата-аналарына қамқорлық жасап, оларға
көмек көрсетуге міндетті делінген Қазақстан Республикасы Конституцияның 27-
бабында [11, 12 б]. Бұл заңды бала санасына терең сіңіре білу керек.
Қазақ халқының салт-дәстүрінде ата-аналарын қадірлеу, үлкенді сыйлау,
ізет жасау керектігін, яғни балалардың ата-анасына деген сүйіспеншілігін
заңның мәжбүрлеуінсіз-ақ тәрбиелеу арқылы іске асыруға болады.
Пайғамбарымыз бір хадисінде былай дейді:
Балалардың әке-шешесіндегі ақысы үшеу:
1. Туылғаннан кейін жақсы есім беру;
2. Балиғат жасына келгенде Алланың кітабын үйрету;
3. Үйлену шағына жеткеннен кейін үйлендіру[25,18 б].
Балаға жастайынан дұрыс тәрбие беру әрине ата-ананың міндеті. Сол үшін
о баста, яғни құрсағына түспей тұрып тәрбиеленуі қажет. Дәлірек айтсақ, ата-
ана балаға ниеттенген кезден-ақ бісміллә-мен бастауы керек. Осыған
байланысты айта кететін болсақ, кейбір мұсылман елдерінде бұзық, нашақор
балалардың дүниеге келуі бісміллә-сіз болған жағдайдың куәсі деп
келтіреді.
Ғылыми зерттеулердің дәлеліне сүйенсек, арақ іше салысымен-ақ бірден
барып, адамның миы мен ұрық безін уландыратын болса, осыны біле тұра жабыла
шулап жас шаңырақтың астына өз қолымызбен өрт қойып жатқанымызды түсінетін
уақыт жетті. Той тарқағаннан кейін екі жасты күтіп тұрған, пәктікпен
жайылған ақ төсектің арты, қасіретті сорға бітетін, уланып туған ұрпақ
болмақ. Өйткені, нақты айтар болсақ, адам ағзасына түскен арақтың 100
грамы, организмнен жеті күн дегенде әрең шығып тазарады екен.
Қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелердің көбі, ұрығында уланып
туатындықтан, көпшілігі жарық дүниені көрмей-ақ өлі туып жатса,
бірқаншасының жаны шықпағанмен, жарымжан күйінде тіршілігін бастайды[23,61
б].
Ендеше, бұл індеттен құтылудың жалғыз жолы-рухани азық, Аллаһқа деген
сенім. Яғни, олардың ата-анасы оларды дүниеге әкелер кезде бісміллә-ны
айтатын болса, мұндай жағдайға тап болмас едік, керісінше дені сау, ақылды,
жақсы перзент дүниеге келер еді. Сондықтан да ислам әдебінде әрбір
қайырлы іс үшін бісміллә айтуды ең маңызды деп санаған. Бұл жөнінде
Пайғамбарымыз Бісміллә әрбір жақсы істердің кілті. Бісмілләсіз іс
берекесіз деген.
Әбу һурайраның риуаят етуінше Аллаһтың елшісі былай деген: Үш түрлі
дұға сөзсіз қабыл болады: Жәбір көрушінің дұғасы, жолаушының дұғасы және
ата-ананың баласына жасаған жақсы дұғасы (Термизи риуаят еткен)
Ислам ғалымдары аят пен хадистердегі ата-анаға байланысты айтылған
насихаттардан олардың ақылары он екендігін бекіткен. Әбу Ләйс Самарқанди
ата-ананың ақысын былайша тізбектейді:
1. Ішіп-жемге мұқтаж болған кезде баласы асырайды.
2. Киім-кешекке мұқтаж болса қалтасына сәйкес киіндіреді. Олардың осы
қажеттіліктерін өтерде жылы жүзбен мәміле жасайды.
3. Жәрдемге мұқтаж болған кездерінде жәрдем ету үшін жүгіреді.
4. Ата-анасы шақырса парыз намазынан басқа шұғылданып жатқан істерін
тастап қастарына барады. Тапсырған нәрселерін ықыласпен орындайды.
5. Аллаһтың бұйрықтарына қайшы келмейтін әмірлеріне бойсұнады.
6. Ата-анасымен тілдескенде даусын көтермей, бәсең, жылы сөйлеседі.
7. Ата-анасын есімімен атамайды.
8. Бірге жолда жүріп келе жатқанда алдын орағытпай, бір қадам артта
жүреді.
9. Өзі жақсы көрген нәрселерді ата-анасына да болсын дейді. Өзінен
оларды артық көреді.
10. Оларға Алладан рахым мен жарылқау тілейді[34,16 б].
Исра сүресінің 23-24 аяттарында:Раббың Өзінен басқаға құлшылық
қылмауларыңа және ата-анаға ізгілік қылуларыңа бұйырады. Егер олардың
біреуі не екеуі де қартайса, ол екеуіне туф деп те айтпа, оларға дауыс та
көтерме, оларға тек жақсы сөз сөйле. Оларға мейірімділік пен
кішіпейілділіктің қанатын жайып: Раббым! Олардың кішкентайымда мені
тәрбиелегені секілді оларға рахым ет-деп айт.
Тәрбие сөзінің мағынасына жалпы тоқталар тоқталар болсақ, араб тілінде
бұл Раба – ярби : болу, пайда болу, бала өсіру, асырау, тәрбиелеу деген
мағыналарға келеді.
Мұндағы Раб сөзі, тәрбиелеуші, реттеуші, нығмет беруші деген мағынадағы
Аллаһ Тағаланың тоқсан тоғыз есімдерінің бірі. Бұл сөз Құранда 965 рет
айтылады. Сондай–ақ Құранның алғашқы түскен Ғалақ сүресінің бес аятында
да бар. Құранда ең көп айтылатын, яғни Аллаһ сөзі 2799 рет айтылса, екінші
орында Раб сөзі тұрады.
Раб негізінде тәрбие сөзінің түбірі болса да, тәрбиеші сөзінің орнына
қолданылады. Негізгі мағынасына келер болсақ бүкіл әлемді тәрбиелеуші Аллаһ
екендігі анық көрінеді. Яғни алғашқы әрі соңғы жаратушы, барша әлемді
жоқтан бар қылған, Аллаһ Тағала үшін қолданылады.
Сонымен тәрбие сөзі жайында мынандай нәтижеге тоқталсақ болады:
1. Тәрбие іс – тәжірибе білімі, өзіне тән зерттеу жолы бар.
2. Ең ұлы Тәрбиеші Аллаһ Тағала
3. Тәрбиеге, мақсат пен нысанаға жету үшін өзіндік жоспары бар. Бала
өскен сайын тәрбие беру жүйесін де өзгертіп отырады.
4. Оның негізгі қайнар бұлағы - Аллаһ Тағала [2, 19 б].
Ислами тәрбиеге келер болсақ, Ислами қағидаларға лайық түрде адам
пікірінің дамуы, іс – әрекеті мен мінезінің кемелденуі, сондай –ақ, дүние
мен ақыретте бақытқа жететін нағыз адамды тәрбиелеу өнері деп айтылады.
Ислам дінінің негізгі мақсаты – көкірегіне иман егумен қатар адамзатты
көркем мінезділікке баулу. Пайғамбарымыздың мінезін жан жары Айша анамыз:
Оның мінезі – Құран деп, дөп басып айтқан. Ендеше, Құран Хақ Тағала
уағыздаған көркем қасиеттер мен мінезді танытса, ақырғы Елші соны іс
жүзінде көрсетіп, жұмыр басты пенделерге үлгі - өнеге болған. Бүкіл әлемді
тәрбиелеуші Аллаһ екендігі анық. Құран - әрі адамзаттың тәрбиешісі.
Құранның басты мақсаты – адам баласының жан – тәнін кірден арылтып, рухына
ғайыптық қанат тағып, жәннәтқа лайық ету. Асылында, Құраннан тәлім – тәрбие
алған адам рухының бұл дүниесі де жаннатқа ұқсас. Өйткені, адамның жан
дүниесі мен болмысын тәрбиелеуде ең кемел әдісті адамды жоқтан жаратқан
Аллаһ Тағала ғана біледі. Ендеше, Құран – адамзаттың жалғыз тәрбиешісі.
Тәрбие – адамзат пайда болғаннан бері қолданып келе жатқан түсінік.Тәрбие,
алдыңғы буын өкілдерінің кейінгі ұрпақтарына өмірден түйген тәжірибелерін
өнеге ету. Әрине, діннен сәл де болса хабары бар адам тәрбиенің адамзатты
игі істерге жетелейтінін ұғынады. Тіпті, тәрбиелік мәні бар істерге шақыру
жолында Пайғамбарымыз Мұхаммедтің өзі:
Мен жақсы істерді жалғастыру үшін келдім- деген[5,10 б].
Пайғамбарымызға түсірген сөзі қасиетті Құран Кәрімде былай делінген:
Құранда Әнбия сүресінің 21 аятында: Сені біз жер жүзіне тек
рахымшылдық орнату үшін ғана жібердік.
Осындай тәрбие құндылығын адам санасына сіңіру үшін Құран Кәрім мен
пайғамбарымыз хадистерінде, тіпті әрбір сүренің басында рахымшылдық тәрбие
ұғымы жүздеген мәрте қайталанып отырады. Бұған мысалғы: әдетте мұсылман
адамның кез келген ісін Бисмилләһи әр – рахмани әр – рахим сөзінсіз
бастамайтынын алуға болады. Міне, рахым сөзінің осылайша үздіксіз
қайталануы арқылы рахымшылдық жөніндегі тәрбие құндылығы адам санасына
біртіндеп сіңе бермек. Алла мейірімді де рахымды, оның рахымдылығы баршаға
ортақ. Аллаһ адамды өзі сияқты мейірімді болуға шақырады.
Алайда, біз мұндай құндылықтарды бүгінгі адамдар арасындағы қарым –
қатынастан көре алмай отырмыз. Қазіргі қоғамдағы адамдардың бір – бірімен
қарым – қатынас кезіндегі бойларындағы рахымшылдық қасиеттерін жоғалтып,
біртіндеп қатыгездікке бой алдырып бара жатқандықтарын тереңірек үңіліп
қараған кісіге бірден байқалады. Бүгінгі әке мен бала, әйелі мен ері
арасындағы қарым – қатынас жақсы деңгейде деп айту қиын. Олар аралығындағы
қарым – қатынастың бұлай болуына бірін-бірі кінәлі деп біледі.
Қазірде бұқаралық ақпарат көздеріне көз сала қалсаң адам өлімі, ұрлық,
тонау сияқты келеңсіз жайттардан көз сүрінерлік халге жеткен. Тіпті кейбір
жанұялардың өзінде осындай оқиғалардың болып тұратыны өтірік емес.
. Өйткені барлық әділдік пен жақсылық жөніндегі тәрбие құндылықтары осы
рахымдылық болмысынан бастау алатыны анықталады. Бұл жөнінде пайғамбарымыз
өзінің хадистерінде көптеген мысалдар келтірген. Мысалы:
Жердегілердің бәріне рахымды бола біл, сонда саған көктегілер
рахымдылық жасайды].
Тәрбиедегі негізгі мақсат жаман мінез-құлықтан жақсы мінез-құлыққа,
адамзатқа пайдалы өнеге болатын үлгілі адам тәрбиелеу. Тәрбие сөзі
тілімізде ахлақи іс-әрекет мағынасында да қолданылады. Мысалға жақсы
мінезді адам үшін тәрбиелі, жаман мінезді адам үшін тәрбиесіз деп
қолданылады.
Тәрбие ұғымын Мұхаммед пайғамбардың міндеті жағына алып қарайтын
болсақ таблиғ-жеткізуші, муршид-жол көрсетуші деген мағынаны білдіретін
тәлім-тәрбие мағынасын өз ішіне қамтиды. Мұхаммед пайғамбардың Мен көркем
мінезді толықтыру үшін жіберілдім деген сөзімен тәрбиенің мақсатын көркем
мінезге қол жеткізу, қасиеттілікке ие болу деп айтсақ қателеспейміз. Ислам
тәрбиесінің мақсаты адамдарды дүние және ахиретте бақытқа жеткізу, қысқаша
айтатын болсақ жақсы мұсылман өсіру болып табылады.
Имам Ағзам Әбу Ханифа Тәрбие тұлғаны тәрбие ететін немесе бұзатын
нәрсені білуді білдіреді деген.
Тәрбиенің қазіргі таңда да маңызы орасан зор. Тәрбие бесіктегі баладан
еңкейген қартқа дейін қажет. Қазақтың батыр тұлғаларының бірі Бауыржан
Момышұлы: Тәртіпсіз ел болмайды. Тәртіпке бағынған құл болмайды деп
тәрбиенің маңызын ашып көрсеткен. Біздің аталарымыз да тәрбиенің негізгі
мақсатын дөп басып, өз өмірлерінде дұрыс қолданған. Мәселен тәрбиедегі
әдептілікті мына сөзбен өрнектеген: Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала
сорлы бала. Әдепті бала дегенде көз алдымызға тәрбиелі жақсы адам ал
әдепсіз десе тәрбиесіз жаман адам елестейді. Әдептілік тәрбиемен тығыз
байланысты. Міне мұнда тәрбиеге көңіл бөлініп қарастырылатын ар мәселесін
әдептілікке апарып теліп, жоғарғы деңгейге көтеріп отыр. Бізді тәрбиені ар
- намыспен байланыстыра отырып негізгі мақсатқа жетудің жолын тапқан.
Осының нәтижесінде өміріне адамдықты ту етіп ұстайтын қанша арыстай
ағаларымыз болашақ буын өкілдеріне өшпестей із қалдырған.
Адамзат өміріндегі тәрбие құндылықтарының бірі – ар-ұят жөніндегі
тәрбие құндылығы. Ар-ұят жөніндегі тәрбие құндылығы адамды теріс пиғылдағы
іс-әрекет пен адам бойында болатын жақсы қасиеттерге қайшы келетін
дүниелерді жасауға тосқауыл болады. Ар мен ұят – бір-бірінен ажырамас егіз
ұғым. Осыған байланысты ар-ұят, дініміз бойынша имандылықтың негізгі
элементерінің бірі болып есептеледі.
Ар-ұят жаман істерге тыйым сала отырып, сол мезетте жақсы істерге
жетелейді.Егер ар-ұят мүлде болмаса, онда діни немесе тәрбиелік мәні бар
құндылықтар аяқ астында қалып, адамзат өз бетімен кетпек. Ар-ұятты
дініміздің өзі имандылықпен бірге бітіскен, оның ажырамас бір бөлігі
ретінде қарастырады. Пайғамбарымыз бұл жөнінде:
Әр діннің өз әдет ғұрпы бар. Ал, исламның әдет-ғұрпы-ар-ұят деген..
Ар – ұяттың жоғалуы – адам бойындағы имандылықтың азаюы. Сондықтан адамзат
жер бетіндегі тіршілік атаулының ішінде ерекше жаратылған саналы жаратылыс
екендігін сақтау үшін, бойларындағы ар – ұят құндылығын жоғалтып алмаулары
керек.
Европа мен Азия терең қараңғылыққа батқан кезде Ислам мәдениеті
жарқырыған күн сияқты дүниеге келді. Құран Кәрим адамдарға тәрбие
негіздерін Мұхаммед пайғамбар хадисімен баяндады. Осылайша Исламда тәрбие
Ислам дінінің негізін құрады.Барлық жамандықтар тәрбиесіздікті білдірсе,
жақсылықтардың барлығы тәрбие рухы ретінде сипатталды. Ислам үлкендерге
құрмет, кішілерге мейірімділік, сөздердің дұрыстығы мен істердің адалдығын,
жалпы жан-жақты дұрыстықты әмір етеді.
Балаларды тәрбиелеу, оларды өз еркіне қоймау әке-шеше алдындағы ең
бірінші міндет. Сондықтан да Исламда әуелі Аллаһтың бірлігі, Мұхаммед
пайғамбардың хақ пайғамбар екендігін айта келе барлық жақсы нәрселерге
үгіттеу, жаман нәрселерден тыйым салу бұл қасиетті діннің негізін құрайды.
Өйткені балада әке-шешенің үгіт насихаты арқасында жақсы немесе жаман
мінездер қалыптаса бастайды. Сол себептен Мұхаммед пайғамбар әр баланың
табиғаты Исламды қабыл ететін жаратылыста дүниеге келетіндігін, кейін әке-
шеше немесе басқалардың әсерімен яһуди, християн немесе мәжуси (отқа
табынатын) болатындығын айтады.
Ислам ғалымдары тәрбиені екіге бөліп қарастырған. Жалпы және жеке
тәрбие. Жеке тәрбие бұл Аллаһ Тағала тарапынан пайғамбарлар арқылы
адамдарға үйретілген сенімдер, әдемі іс-әрекеттер арқылы жүзеге асады.
Пайғамбарлар дәрігер іспетті адамдардың сырқаттарын айта отырып,
жақсылықтар, игіліктер арқылы емдейді. Ал жалпы тәрбие болса, әлемнің ең
кішкентай бөлшегінен бастап, ең үлкен болмысына дейін құдірет иесінің
қолымен тәрбиеленіп жатқандығын айтады. Жалпы тәрбиеде мәжбүрлілік болса,
жеке тәрбиеде қалау мен ерік бар. Жалпы тәрбие туралы Құранда Ясин
сүресінің ең соңғы аяттарында былай делінеді: Егер Ол бір нәрсені қаласа,
бол дейді, сол сәтте болады. Бүкіл нәрсе Оның қоластында. Өмірді де,
өлімді де жаратқан Сол. Ешбір нәрсе Оның бақылауының сыртында қалмайды.
Бірақ пайғамбарлар арқылы болатын тәрбиеде таңдау құқығы бар.
Аллаһтың құлы болған адам баласы пайғамбарды мойындап одан әмір мен
тыйымды, жақсы мен жаманды, бұрыс пен дұрысты үйренеді. Әмірлерді орындап,
тыйымдардан аулақ тұрса, әрқашан бақытқа жетеді. Адамдардың ең бақыттысы
болып есептеледі. Құран Кәримде Аллаһ Тағала былай дейді: Аллаһ иман
еткендердің досы. Оларды қараңғылықтан нұрға шығарады. Аяттың жалғасында
Аллаһқа иман етпегендердің досы – шайтан, ол өзінің достарын жарықтан
қараңғылыққа апаратындығын, от ішінде қалатындығын айтады.
Исламға дейінгі дәуірде ақсүйектер арасында, мейлі төменгі сатыда
болсын әйел затының қоғамда ешбір лайықты орны жоқ еді. Мұндай үрдіс қыз
бала дүниеге келісімен басталған. Арабтардың әйелі ұл туса қатты қуанып,
қыз туса қылмыс істегендей күйге түскен. Өйткені адамдар үшін қыздың әкесі
болу масқаралық саналған. Олар мұндай халден сәби қызды туа сала жерге
көму, не оны бойжеткенді біреуге сатып жіберу арқылы құтылған. Кейбір жаны
ашығандары ғана қызын елсіз жерге апарып мал бақтырған [7, 22 б].
Арабтар осындай қараңғы дәуірді бастан кешу үстінде әлемнің Ұлы
Жаратушысы тарапынан Мұхаммед пайғамбарға Құран жіберілді. Ол қасиетті
кітап қана емес, жазу стилі жағынан адам баласының қолынан келмейтін
теңдессіз кітап болды. Оның аса ғажайып мұғжизалық үлгісін дос тұрмақ,
дұшпан да мойындап қабыл етті. Шын мәнінде, адамзат тарихындағы ең маңызды
және қайталанбас оқиға Исламның келуі және өркен жайып дамуы болды. Кейбір
ғалымдар Исламның алғашқы кезеңіндегі тарихи шындықты Ислам мұғжизасы деп
атап кеткен.
Құран сөзі тау суындай сарқырап ағып жан мен тән, ар мен жүректі кірден
арылтып, адамзатқа бақыт әкелді. Құран арқылы әйел заты теңдікке қол
жеткізсе, әке перзентін қыз, ұл деп бөле жармай, бірдей әкелік сезіммен
қарайтын болды. Кешегі қызын тірідей көмген әкелер, енді құмырсқаға да
аяныш сезіммен қарайтын заманға қол жеткізді. Бір-бірімен қырық пышақтасып
қырқысқан ру-тайпалар Құран арқылы арасынан қыл өтпейтін дос атанып, аға-
бауырлық қарым-қатынас орнықты. Күні кеше ата-анасына қарсы балалар
Құранның атқан арайлы таңынан кейін, оларға қарсы шықпақ түгілі, үһ деп
те наразылық білдірмейтін ибалы дәрежеге жетті. Әсіресе анаға ерекше ізет
көрсетіліп, Жәннат аналардың аяқтарының астында деген мәртебелі баға
беріліп ардақталды. Міне, Құран бұдан он төрт ғасыр бұрын, зұлыматтың қара
түнегін сейілтіп, адамзат әлемін көкжиектен көтерілген күндей нұр шұғылаға
бөледі.
Негізінде Мұхаммед пайғамбар өзін тәрбиеші ретінде көрсетеді. Мен бір
мұғалім, тәрбиеші ретінде жіберілдім(Имам Мәлик, Муватта, Хуснул Хулқ).
Ислам, бүкіл пайғамбарлар мен кітаптар, шариғаттар, тіпті ғалымдар да
адамдарды тәрбиелеу үшін Аллаһ тарапынан жіберілгендігін айтады. Діни әмір
мен тыйымдар, харам мен халалдар барлығы тәрбие болып есептеледі[12, 56 б].

Құран әлем мәдениетінің ең үлкен байлығы, бүкіл мұсылмандардың қасиетті
кітабы. Араб тілінде Қирағат - Оқу деген мағынаны білдіретін .
Құран адамдарды татулыққа, ізгілікке, теңдікке шақырады. Адамдарды
жақсылыққа шақырып, жамандықтардан тиым салады. Құран адамгершілікті,
сүйіспеншілікті, көркем мінез, рухани және мағынауи пәктікті, адал еңбек
етумен жақсы өмір сүруді әмір етеді.
Адамдарды ғылымға тарту мақсатында Зүмәр сүресі 9 аятында былай
делінеді: Білетіндер мен білмейтіндер еш уақытта бір бола ма? . Исламда
адам ақылының дамуына қатты көңіл бөледі. Ғылым мен ақиқатты айғақтар мен
дәлелдеуде, исламның рационалдық, ақылға сүйенетін дін екендігі айқын
көрінеді. Шын мәнінде де Құран ешбір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін
айтады. Құран ешбір нәрсені дәлелсіз қабылдамау керектігін айта отырып
еліктеу арқылы сенуге жол бермейді.
Құрандағы негізгі тақырыптарды ислам ғалымдары үшке бөліп қарастырған.
Олар мыналар:
1. Иман (сенім)
2. Ахлақ (көркем мінез – құлық)
3. Муамалат (қарым – қатынас, іс - әрекет)
Ислам дінінде сенім мәселесі мұсылманшылықтың ең алғашқы шарттарынан
болып табылады. Иман сөзі араб тілінде әмәнә түбірінен шыққан. Сену,
Нану деген мағынаны білдіреді. Ислам дінінде оның негізгі алты шарты бар.
Олар мыналар:
1. Аллаһтың барлығы мен бірлігіне сену.
2. Періштелерге сену.
3. Кітаптарына сену.
4. Пайғамбарларға сену.
5. Өлгеннен кейін қайтадан тірілуге сену.
6. Тағдырға, жақсымен жаманның Аллаһ тағаладан екеніне сену.
Бұлардың біреуіне толық сену басқаларына да сенуді қажет еттіреді.
Мысалға, Аллаһтың барлығы және бірлігіне сену, Мухаммед пайғамбардың хақ
екеніне, Мухаммед пайғамбардың хақ екеніне сену болса, Аллаһтың барлығына
және бірлігіне сенуді қажет еттіреді. Ол екеуі түтін мен от сияқты, түтін
қалайша оттың барлығына дәлел болса, от да түтінді қажет еттіргеніндей
бірін - бірі толықтырады.
Абай атамыз, Иман – бұл Аллаһу тәбәрәкә уа тағаланың бірлігіне және
барлығына, Мухаммед пайғамбардың хақ екендігіне сену,- деп түсіндіреді
[14, 33 б].
Иман тек сеніммен шектелмейді. Иман жақсы ғамалдарды да қажет еттіреді.
Өйткені иман болған жерде ар – ұят, намыс болады. Намыстылық бар жерде
мейірімділік, тыныштық болады.
Құран Кәрімде Аллаһқа иман етіп жақсы ғамал жасағандарға шексіз
бақыттылық, ал керісінше оған иман етпей қарсы шыққандарға тозақ азабы бар
екендігі ескертіледі. Кейбір ислам ғалымдары иманды былайша түсіндіреді.
Иман, жәннәттің тұқымын, ал күпірлік болса өзінде тозақтың тұқымын
сақтайтындығын айтады. Яғни иманды адаммен, имансыз адамның бұл дүниедегі
өмірін салыстыратын болсақ, иманды адам жәннәт сияқты тыныш, рахат, иманы
жоқ адам әр уақытта қайғы – қасіретте өмір сүретіндігіне көз жеткіземіз.
Өйткені Аллаһқа иман етпеген адам дүниедегі бүкіл қиыншылықтарды,
қайғыларды, ауыртпалықтарды мойнына жүктеп, үмітсіз, күйде келешекке үміт
артып, өмірдегі қиыншылықтарға сабырлылық және төзімділік пен жауап беріп
жан азабын шекпейді.
Құрандағы екінші басты мәселе бұл ахлақ мәселесі. Ахлақ дегеніміз
көркем мінез – құлық дегенді білдіреді. Құран әдеп, ахлақ, этика, эстетика
мәселелеріне кеңінен тоқталады. Қоғамның дамуымен ілгерлеуінде адамның жеке
мінез құлқы маңызды рөл ойнайды. Өйткені қоғам мүшесі болған әрбір жақсы
мінез – құлықты азаматтың қоғамға қаншалықты пайдасы болса, жаман мінез –
құлықты адам да қоғамға одан да көп зиян тигізеді. Мұхаммед
пайғамбарымыздан бір кісі Ислам дегеніміз не? - деп сұрағанда Ислам
көркем ахлақ деп жауап береді.
Құран адамдардың құндылықтарын жоғары бағалай отырып, құрметке ең лайық
әке – шешелерді айтады. Құранда әке – шеше хақы белгіленіп қойылған. Әл –
Исра сүресі 24-25 аяттарында әке – шешеге жақсылық жасау, Аллаһ тағалаға
ғибадат етуден кейінгі екінші орында тұрады.
Құранда тек ата-анаға ғана емес, отбасының басқа да мүшелеріне,
туысқандарға, көршілерге, жетімдерге, кедейлерге жақсылық жасауды әмір
етеді. Құранда Ниса сүресі 36 аятында: Әке-шешеге, жақындарға, жетімдерге,
міскіндерге, жақын көршіге, бөгде көршіге, жақын жолдасқа, жолда
қалғандарға және қол астындағыларға жақсылық қылыңдар. Негізінен Аллаһ
тағала тәкаппар мақтанышты жақсы көрмейді деп адамдарды бір – біріне
жақсылық жасауға шақырады. Бұл аят қоғамдық ахлақи маңызға ие.
XX ғасыр адамзат үшін ғылым мен техниканың дамуы, көптеген ғылыми
техникалық жаңалықтардың ашылу кезеңі болды. Бірақ та дамуды тек ғылыми
жетістік деп ойлауымыз қате. Шынайы даму бұл қоғамдық өмірдегі
сүйіспеншілік, құрметтілік, және мейрімділікпен байланысты. Егер қоғамда
жоғары аталмыш қасиеттер болмайтын болса, қоғам тоқырауға ұшырап өмірі
қысқа болуы мүмкін.
Құран адамдарға сабырлы болуды әмір етеді. Сабыр қанағат адамдардың ең
жоғары қасиеттерінен болып табылады. Сабыр, Құрандағы Худ сүресінің 15
аятында ең көп айтылған тақырыптардан. Ей, Мухаммед, қиыншылықтарға сабыр
ет. Расында Аллаһ тағала жақсылық істеушілердің еңбегін жоймады.
Ал - Имран сүресінде 186 аятында: Егер сабыр етіп, Аллаһтан
қорықсаңдар құтыласыңдар
Шын мәнінде сабырлы адам оның түбінде сары алтын табады, бүкіл
қиыншылықтарға шыдап дұрыс жолды таңдай алады. Құран адамдардағы ең үлкен
сипаттардан болған шыншылдық туралы сөз қозғайды.
Шыншылдық сенімділікті әкеледі. Ал отбасымен қоғам тек сенімділік пен
ғана жалғасады. Құранның Тәубе сүресінің 119 аятында: Әй Мүминдер!
Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдар мен бірге болыңдар деп айтылады.
Құран адамды достыққа татулыққа шақырады. Оған мына аятпен белгі береді.
Мүминдер бір-біріне бауыр. Бұл аят қоғамда татулықты орналастыру және әр
түрлі ұлтаралық келіспеушіліктерді шешуде үлкен маңызға ие. Жікке бөліну
бақталастық пен қырсықтық мүминдерді өз іштерінде алауыздыққа, араздыққа,
кекшілдікпен дұшпандыққа ұшырататын негізгі себептер. Мұндай жәйттер,
ақиқатқа, даналыққа және ең жоғары адамгершілік исламға оғаш. Ол әрі жеке
және қоғамдық өмірінің сондай-ақ рухани өмірдің таразысымен өлшенсе
жағымсыз, зиянды зұлымдық болып саналады. Бұл адамзат тіршілігі үшін нағыз-
у. Ислам адамдардың бойындағы дұшпандық, жек көрушілік сезімін төмендегідей
тәрбиелеуді ұсынады. Егер қастық жасағың келсе, ішіңдегі қара ниетке қарсы
шық. Соны құртуға тырыс. Саған ең көп зияны тиген жүгенсіз нәпсің мен
құлқың құмарлығыңмен күрес, тәрбиелеуге тырыс. Сүйіспеншілік қасиеттің өзі,
сүйіспеншілікке лайық. Жауыздық қасиеттің өзі ең әуелі жауыздыққа лайық.
Егер жауыңды жеңгің келсе оның істеген жамандығына жақсылықпен жауап бер.
Жақсылық жасасаң өзі де өкініп райынан қайтады. Шын мәнінде өмір бірлік пен
ынтымақтықтың нәтижесі. Тату-тәтті ынтымақ кеткен кезде рухани өмір де
күйрейді[17, 12 б].
Құран әдемі сөйлеу, өзгелермен жақсы қарым-қатынаста болуға шақырады.
Мұны төмендегі Ниса сүресінің аяттарынан көруге болады. Адамдарға жақсы
сөздер айтыңдар, Қашан сендерге сәлем берілсе, сендер одан да жақсырақ
түрде жауап қайтарыңдар.
Құрандағы тәрбиелік мәнге ие болған әмірлерді қысқаша шолып өттік.
Құранда әмірлер мен тиымдар да бар. Құран адамдардың ілгерілеуіне,
жоғарылауына кедергі болатын тәкаппарлық, арақ ішу, жала жабу, өтірік айту,
өсек сияқты жаман қасиеттерді айта отырып бұлардан аулақ болуды әмір етеді.

Тәкаппарлық туралы Құранда Исра сүресінің 37 аятында: Жер жүзінде
даңдайсып жүрме, өйткені сен жерді, әсте жара алмайсың да бой жағынан
тауларға да жете алмайсың. Тәкаппар адам әуелі өзін жақсы көреді. өз
пайдасы үшін барлық нәрсені пида етеді. өзінің байлығы және мал дүниесімен
мақтанады. Мұндай кісілерге Құранда Ағраф сүресінің 146 аятында: Жер
жүзінде орынсыз даңдайсығандарды ұзақтастырамын. Егер олар барлық
белгілерді көрсе де оған сенбейді. Сондай-ақ олар тура жолды көрсе; оны жол
қып ұстамайды.Ал егер қисық жолды көрсе, оны жол қып алады. Бұл олардың
аяттарымызды өтірік деп одан ғапыл болғандықтары.
Құранда өтірік айту және оның түрлері баяндалады. Ғафыр сүресінің 28
аятында Аллаһ: Егер өтірікші болса, өтірігі өзіне, ал егер шыншыл болса,
сендерді қорқытқан апаттың кейі бастарыңа келер. Расында, Алла, шектен
шыққан суайт біреуді тура жолға салмайды. Үәдені орындамау және қиянат
жасау өтірікшілдіктің түрлеріне жатады. Мұхаммед Пайғамбар бір хадисінде
былай деп айтады. Мұнафықтың үш белгісі бар: Сөйлегенде өтірік айтады,
уәде берсе уәдесін орындамайды, аманат берілсе аманатқа қиянат жасайды.
Біреуді жамандау, айып және нашар қылық екенін, жиіркеніштілігін Құран
бір ғана аятымен ғайбат, өсектің қаншалықты жаман нәрсе екендігін ашық
түрде көрсетеді. Құранда Хужурат сүресінің 12-аятында: Әй Мүминдер!
Күмәннің көбінен сақтаныңдар, Өйткені күмәннің кейбірі күнә. Сыр
тексермеңдер, біреуді біреу ғайбаттамасын. Біреулерің өлген туысының етін
жеуді жақсы көре ме? Әрине, оны жек көрсеңдер. Расында Аллаһ тәубені тым
қабыл етуші, ерекше мейірімді. Жоғарыдағы аяттың түсіндіруімен өсек, ғайбат
айту адамның ақылы, жүрегі, адамгершілігі, жаратылысы сүймейтін және халық
алдында да жаман қылық екендігін айтады. Шынымен де ғайбат қоғамдық өмірде
алауыздыққа, кек сақтауға себеп болатын, адамдардың арасындағы достықты
бұзатын-у. Ғайбат – қара ниетті күншіл және қырсық адамдардың өте көп
қолданатын жексұрын қаруы. Ар намысты адамның бұл лас қаруды қолдануға ар-
ожданы шыдамас.
Құран ұлтшылдық пен нәсілшілікке тиым салады. Бір ұлттың немесе
нәсілдің басқа ұлттан үстемдігін қабылдамайды. Аллаһ Тағала жаратқан
адамдардың бәрін бірдей көреді.
Ислам сөзі Құран Кәрімде мынандай мағынада қолданылған: құтылу,
сәлеметте болу , таза жүректі болу, және , бейбітшілік, амандық, азаттық .

Ислам дінін ең алғаш рет қабыл алған Мұхаммед пайғамбардың әйелі Хадиша
Хуайлидқызы еді. Демек ең алғашқы мұсылман әйелдерден болды. Мұның үлкен
мән – мағынасы бар. Ислам әйелдің жанұядағы және қоғамдағы орнын,
мәртебесін көтерді. Өзіне лайық болған құқықтарын берді. Оған дейін мал
құрлы бағасы болмаған, бүгін бар да ертең жоқ, ешқандай сенімділігі жоқ
әйелдерге дауыс беру, куәгер болу, кәсіп иесі болу, өзінің жеке меншігі
болу және оны өзі еркін пайдалану, құлшылық ету сияқты құқтарын берді.
Ортағасырда еуропалық шіркеулерде әйелдердің құқықтары бар ма, жоқ
па? Деген сұраққа жауап іздеп, таласып жүргенде Мұхаммед пайғамбар сонау
7 ғасырда Жәннәт аналар аяқтарының астында деп әйелдің құрметтеуге
тұрарлық екендігін айтқан – ды.
Құранда адамның рухани дамуына кедергі әрі тосқауыл болатын нәрселердің
бірі, ашу деп көрсетіледі. Бұл адамды рухани азғындыққа алып барады.
Өйткені ашу бар жерде ақыл жұмысын тоқтатады. Адам өз - өзін басқара алмай,
өз пайдасы мен абыройын сақтаймын деп надандыққа салынады. Қазақ қоғамында
да ашуға байланысты мынандай бір тәрбиелік үлкен мәні бар нақыл сөзі
қалыптасқан.Ашу дұшпан ақыл дос, ақылыңа ақыл қос. Шындығында ашу
адамның денсаулығына да зиян. Сондықтан да ислам ақыл және парасаттылық
пенен сезімге берілмей салмақты іс - әрекет жасау керектігін ескертеді. Али
Ғымран сүресінің 134-аятында: Олар кеңшілікте, таршылықта Аллаһ жолында
мал сарып қылғандар. Сондай-ақ олар ашуларын жеңушілер, адамдарды кешірім
етушілер, Аллаһ жақсылық істеушілерді сүйеді.
Ислам тәрбиесінің екінші қайнар көзі хадис болып табылады. Алдымен
хадис және сүннеттің мағынасын түсіндіріп кетейін. Сүннет сөзі – жол,
мінез, ахлақ, тура жол, әдіс, үлгі сияқты мағыналарды білдіреді.
Мұхаммед пайғамбар Аллаһтың әмірлерін адамдарға жеткізуге міндеттелген
исламның алғашқы мұғалімі. Бүкіл мұсылмандарға үлгі. Мешітте имам, мешіт
сыртында жолбасшы, соғыста болса қолбасшы, соғыссыз кезде муршид (дұрыс
жолды көрсетуші) еді. Шын мәнінде Мұхаммед пайғамбардың өмірін терең
зерттейтін болсақ, әрбір іс-әрекетінде, қимылдарында адамның кемелденуіне,
жетілуіне пайда беретін дәрістер алуға болады. Мұхаммед Пайғамбардың
балалармен болған қарым-қатынастарын және оның ислам тәрбиесіндегі орнын
көретін болсақ, қаншама ғасырлар өтсе де сол ғасырдағы болған оқиғалардың
қазіргі таңда тәрбиелік және педагогикалық маңызы зор.
Халқымызда Үйлену оңай, үй болу қиын деген нақыл сөз бар. Қазақстанда
статистердің ресми мәліметіне сүйенсек, қазіргі кезде отбасы болып құралған
үш жанұяның біреуі ажырасып тынады екен. Әрине, бұл көңілге мұң ұялатады.
Болашақ жастардың тұрмыс құрып жылдам ажырасуы бұл қоғамның рухани
азғындауына алып келеді.Ал отбасы болмаса ұрпақ болмайды, ал ұрпақ болмаса
ол елдің болашағы жоқ.
Жастардың қазіргі ажырасуының басты себебі – имансыздық. Екінші себебі
бұл отбасы деген киелі ұғымды жете түсінбей, асығыс үйлене
салуында.Үшіншісі жастар мен ата-аналардың қарым-қатынасының дұрыс
болмауында. Төртіншісі әлеуметтік жағдайға байланысты. Себебі қазіргі таңда
отбасының материалдық жағынан қамтамасыз етілуі басты мәселе.
Ислам тұрғысынан қарастырсақ ажырасу-Аллаһтың халал нәрселерінің
ішіндегі ең ұнамсызы. Бұл өмірдің заңы. Өкінішке орай бұл Пайғамбарымыздың
уақытында да болған.
Ал, жанұяға қатысты мәселелер үйленумен бітпейді. Ер мен әйелдің
материалдық әрі рухани дамуы, олардың рахат және тыныштығы жанұялардың
кейбір негіздердің орындалуымен ғана жүзеге асады. Егер мұндай негіздер
назарға алынбай орындалмаса жанұяның өмірі де қысқа болады. Сол негіздердің
ішіндегі ең маңыздысы олардың бір-біріне болған міндеттері келеді. Ең
алдымен ата-ананың міндеті баланы жан-тәнімен сүйе білу керек. Оның оы
өмірге икемді болуы үшін балаға лайықты білім беруі басты шарт. Адамның
өкпесіне ауа қандай қажет болса, жарық дүниеге келген жас нәресте сәбидің
миына да жан-жақты мағлұмат соншалықты қажет нәрсе. Мұндағы маңыздылық үш
жасқа дейінгі жас сәбидің көп нәрсені сіңіре білуі Аллаһтың берген бір
кереметі. Бала ата-анасына жақын болып, өзін қызықтыратын кез-келген
сұраққа жауап алуы тиіс. Қазақ дәстүрінде жалпы баланың сөйлегісі келетін
уақытында сөйлетпей аузына қақпақ қоятындар бар. Сөйлеу-бұл байланыс
құралы. Бұл баланың белсенді өмірге қабілеттілігі, есте сақтау қабілетінің
ерекше екенін аңғаруға болады.
Әкенің міндеті.
Алланың елшісі: Сендердің әрбірің жауапкерсіңдер және жауапкершілік
теріңде болған нәрсе үшін сұраласыңдар. Патша өз қоластындағылар үшін
жауапкер және солар үшін сұралады. Отбасы жанұя үшін жауапкер және сол үшін
сұралады. Әйел күйеуі сыртта болған уақытта үй шаруасы мен балалардың
тәрбиесі үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Қызметші қожайынның мүлкі
үшін жауапкер және сол үшін сұралады. Сендер барлығың жауапкершіліктеріңде
болған нәрсе үшін сұраласыңдар, - деген Хадисті Ибн Омардан Имам Бухари
және Имам Муслим риуаят еткен.
Баршамызға белгілі қоғамдық өмірдегі тәртіп, үйлесімділік және тыныштық
құрылымды басқарып тұрған кісілерге байланысты. Ең шағын қоғамдық құрылым
болған жанұя да бұл қоғамның сыртында қалмайды. Яғни жанұяда еркек басшылық
жасайды.
Еркектің табиғатындағы кейбір үстемдіктер. (дене жағынан күшті, мықты
болуы, әйелдерге қарағанда сезімдерге тез берілмеуі).Әйелдің напақасын
қамтамасыз ету. Экономикалық жақтан көбірек жауапкершілігі бар кісінің,
үкім жүргізуде де сол кісінің көбірек құқығы бар.
Осыған байланысты жанұяның жауапкершілігі еркектің мойнында екендігін
айта келе, жанұя мүшелерінің дүниелік әрі рухани міндеттерінің тәлім –
тәрбиесіне де жауапты.
Шешенің міндеті.
Исламда жанұядағы экономикалық қажеттіліктерін қамтамасыз етуді
еркектің мойнына жүктегені секілді, шеше көбірек үйдегі бала тәрбиесін
мойнына алады. Әсіресе баланың 7-8 жасына дейінгі тәрбиесіне шеше жауапты.
Ислам бала өмірінде шешенің орнын ешнәрсе толтыра алмайтындығын айтады.
Шешенің орнын еш бір материалдық рахаттықтар қанағаттандыра алмайтындығын
Омар және Әбу Бәкір сахабалар арасындағы болған сұхбаттан байқауға болады.
Әбу Бәкір Омарға қарап: Әй, Омар, оны таста, оған шешесінің түкірігі сенің
жаныңдағы тәтті балдан да жақсырақ деп айтады. Шешенің жаратылысы рухани
әрі дене жағынан бала тәрбиесі секілді маңызды әрі нәзік міндетке сәйкес
жаратылған. Құранда және Мұхаммед пайғамбардың хадистерінде әйел кісілердің
бұл міндетті толық орындаулары шартыменен ғана қоғамдық жауапкершіліктерді
өз мойнына жүктей алады.
Құран жанұяға қатысты мәселелерге көп тоқталған. Онда Ибраһим, Нұх,
Жақып, сияқты пайғамбарлардың жанұяларын үлгі ретінде баяндайды.
Исламда балалардың тәрбиесіне мән беру олардың дүниеге келуінен, бәлкім
олардың ата-аналарының некеге тұруынан да бұрын басталады. Олай болатын
болса, Ислам ұрпақтың салиқалы отбасында келуін қалайды. Отбасындағы
мүшелер жақсы болатын болса, онда сәби де аман-есен, дұрыс болып өседі.
Баланың көзін ашқанда алғаш көретіні анасының жүзі болып табылады. Балаға
мейірімділік пен қараған шешенің жанары. Алғашқы білім үйретушісі,
тәрбиелеушісі, әрі ұстазы да осы анасы. Осылайша бала ана тәрбиесімен
мейірім қанаттары астында ұлғаяды, өседі. Емізу – ананың баласы алдындағы
бірінші міндеті. Бала ана сүтін тойып ішуге хақы бар. Оны өз анасының
емізгені игі. Анасының ақ сүті бала үшін аса маңызды.
Сәбиіңді өзің тәрбиелегенің жөн. Оны қызметшіге немесе бала – бақшаға
тапсырып үйде отырып жалықсаң, жұмысқа шық, - дейтін жұрттың сөзіне
ермеген жөн. Ана деген аттың үлкен жауапкершілік жүктейтініні ұмытпа.
Егер әйел аяғы ауыр кезінде шариғат бойынша тиым салынған затқа назар
салған болса, баланың рухани тәрбиесіне кері әсерін тигізеді. Сол себепті
әр ата – ана бұл мәселеге аса сақтықпен қараған жөн. Мұхаммед пайғамбар
тағы бір хадисінде: балалар үшін ана сүтінен қайырлысы жоқ деп
айтқан.[25, 34 б] Анасы салих, намысты әйел болса, балалар үшін үлкен
бақыт. Өйткені бала тотықұс сияқты әке – шешеден не көрсе соны қайталап,
соған еліктейді. Жаңа туылған баланың оң құлағына азан және сол құлағына
қамат айтылуы, таза жүректерге берген алғашқы үндеу. Хадистерге қарасақ, әр
туылған бала үшін ақиқа құрбаны шалынатындығЫн көреміз. Бұл құрбан шалу,
Аллаһ тағаланың берген нығыметіне бір шүкіршілік.
Бухари жеткізген, Салман ибн Амирден риуаят етілген хадистің баяндауы
бойынша, Аллаһтың елшісінің Бала туылғанда ақиқа жасап, қан шығарыңыздар
(қой сою) және оның шашын алыңыздар, - деген Ал келесі хадисте: Әрбір
адам бала ақиқасымен кепілдікте тұрады. Оны жетінші күнде сойып, сәбидің
есімі қойылып және шашы алынады, делінген. Аллаһтың елшісінің тағы бір
хадисінде: Ұл балаға арнап екі қой, қыз балаға арнап бір қой сойылады., -
деген.
Исламда тәрбие діннің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ислами тәрбие беру
Тәрбие және оның даму тарихы
Сопылық - исламның рухы
Балама өсиет
Исламдағы жанұя мәселесі
Жастарды имандылыққа тәрбиелеудің маңызы
Жар таңдаудағы діндарлықтың маңызы
Ислами тәрбие
Исламдағы бала тәрбиесінің маңыздылығы
Мұсылмандықтағы жанұяның орны мен мәні
Пәндер