Ақша жүйесі жайында



І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ақша жүйесінің даму тарихы.
2.2 Биметаллизм ақша жүйесі.
2.3 Монометаллизм ақша жүйесі.
2.4 ҚР Ақша жүйесі.
2.5 KazCard жүйесі.
ІІІ. Қорытынды бөлім

VI. Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи қалыптасып, заңмен бекітілген реформасы. Әлемдік өркениеттегі ақша жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай реформасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі ХV – XVII ғасырлардан қалыптаса бастады. Әрбір мемлекеттің өзіне тән ақша жүйесі болады. Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI – XVII ғғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған. Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша жүйесіне өзгеріс енгізді.Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде ( XYI – XYII ғғ.) биметаллизм ақша жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды ақшалар қамтамасыз етті. Ақша жүйесінің типі : ақша – ерекше тауар ретінде жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
 металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие ақшалары металға айырбасталады;
несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша белгілері жүреді.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
 ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
 ақша бірліктерінің атауы;
 ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету сипаты;
 ақша айналымын ақша – несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
 ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.
Ақша жүйесін орталықтандырылған басқару принциптері мыналар:
 ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі;
Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне ( мотивация ) негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
 тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымы жоспарлау принципі;
 ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның дамуына жол бермеуі қажет;
 ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
 эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
 Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
● Ақша аударымының банкаралық жүйесіндегі ақша аударымы ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 1998 жылғы 21 қараша N 242 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 1999 жылғы 16 наурызда N 711 тіркелді.

● Ақша белгiлерi дизайнына авторлық құқық мәселесiн реттеу туралы
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығы 1994 жылғы 27 қаңтар N 1528

● Қазақстан Республикасында ақша төлемi мен аударымын жүзеге асырған кезде электронды құжаттар алмасу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі басқармасының 2000 жылғы 21 сәуірдегі N 146 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2000 жылғы 9 маусымда тіркелді. Тіркеу N 1148

● Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының айналыстағы ақша белгiлерiн ауыстыру туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2000 жыләы 20 шілде N 300. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1231

● Айналыстағы ұлттық валютаның ақша белгiлерiнiң дизайны (нысаны) өзгерген кезде оларды ауыстыру ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2000 жылғы 20 шілдедегі N 301 қаулысы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 тамызда тіркелді. Тіркеу N 1232
● Қолма-қол ақша белгілерін - тиындарды ақша айналымынан алу ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 3 нарузыдағы N 57. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылғы 17 наурызда тіркелді. Тіркеу N 1428

● 1993 жылғы үлгiдегi металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 6 тамыз N 300 Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жыләы 22 қыркүйекте тіркелді. Тіркеу N 1645

● 1993 жылғы үлгiдегi банкнотаны және металл ақшаны (теңгенi) ақша айналымынан алу ережесiн бекiту туралы
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының қаулысы 2001 жылғы 6 тамыз N 301. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2001 жылдың 22 қыркүйекте тіркелді.
● Ақша төлемi мен аударымы туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 29 маусымдағы N 237 Заңы

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Ж о с п а р :

І. Кіріспе бөлім

ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Ақша жүйесінің даму тарихы.
2.2 Биметаллизм ақша жүйесі.
2.3 Монометаллизм ақша жүйесі.
2.4 ҚР Ақша жүйесі.
2.5 KazCard жүйесі.
ІІІ. Қорытынды бөлім

VI. Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Ақша жүйесі – қандай да бір елде ақша айналымын ұйымдастырудың тарихи
қалыптасып, заңмен бекітілген реформасы. Әлемдік өркениеттегі ақша
жүйелерінің жекелеген элементтері ежелден белгілі әрі олар құнның ақшалай
реформасы – ақшаның пайда болуымен байланысты. Ұлттық ақша жүйесі ХV – XVII
ғасырлардан қалыптаса бастады. Әрбір мемлекеттің өзіне тән ақша жүйесі
болады. Ақша жүйесі – ол тарихи қалыптасқан және мемлекеттің ұлттық
заңдарымен бекітілген біртұтас ақша айналымы. Алғашқы ақша жүйесі XVI –
XVII ғғ. Капиталистік өндіріс әдісі қалыптаса бастағанда пайда болды. Бірақ
оның кейбір жекелеген элементтері одан да бұрын айналымда жүре бастаған.
Капиталистік өндірістің және тауар – ақша айналысының қарқынды дамуы ақша
жүйесіне өзгеріс енгізді.Әрбір мемлекетте жалпыға ортақ құн эквиваленті
ретінде қабылданған металға байланысты металл ақша жүйесі: биметаллизм және
монометаллизм болып бөлінеді.
Алғашқы капитал жинау кезінде ( XYI – XYII ғғ.) биметаллизм ақша
жүйесі пайда болып, одан әрі дамыды. Онда ақша айналысын толық құнды
ақшалар қамтамасыз етті. Ақша жүйесінің типі : ақша – ерекше тауар ретінде
жүруіне, яғни жалпыға ортақ эквивалент болуына немесе ақша – құн өлшемі
қызметін атқаруына байланысты қалыптасады. Сондықтан әлем тарихында ақша
жүйесінің төмендегідей типтері кездеседі:
– металл ақша айналысы, бұл жүйеде ақша тауары, яғни толық құнды ақша
айналыста жүреді және ол ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал несие
ақшалары металға айырбасталады;
несие ақшалары және қағаз ақша айналысы, бұл жүйеде атына сай, айналыстан
толық құнды ақша, яғни алтын біржолата ығыстырылып, айналыста тек ақша
белгілері жүреді.
Ақша жүйесі өз эволюциясында ақша – тауар қатынасының даму деңгейіне
тікелей тәуелді болғандықтан көптеген өзгерістерге ұшырады. Әрбір
мемлекеттің өз ақша жүйесі бар. Ол мынадай элементтерді қамтиды:
– ақша жүйесін ұйымдастырудың принципі;
– ақша бірліктерінің атауы;
– ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз ету
сипаты;
– ақша айналымын ақша – несие тұрғысынан реттеудің тетігі;
– ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі.

Ақша жүйесін орталықтандырылған басқару принциптері мыналар:
– ақша жүйесінің орталықтандырылған басқару принципі;
Ол көбінесе шаруашылық жүргізуші субъектілердің уәждемесіне ( мотивация )
негізделген экономикалық әдістерге жүгінеді;
– тиісті болжауларды жасау негізінде ақша айналымы жоспарлау принципі;
– ақша айналымының тұрақтылығы және икемділік принциптері, ақша айналымы
экономиканы ақшалай қаражатпен қамтамасыз ету керек, алайда инфляцияның
дамуына жол бермеуі қажет;
– ақша эмиссиясының несиелік сипатының принципі. Бұл ақша эмиссиясының
несие операциялары негізінде жүзеге асырылатынын білдіреді;
– эмиссияланған ақшаның қамтамасыз етілу принципі;
– Орталық банк тәуелсіздігінің принципі.
Ақша бірліктерінің атауы. Ақша бірлігі – барлық тауар бағаларын
өлшеуге және тұлғалауға қызмет ететін, заңмен бекітілген ақша белгісі.
Орталық банк монополиялық тұрғыдан эмиссиялайтын барлық ақша белгілері
заңды төлем құралы болып табылады, яғни бұл Қазақстан аумағында
бұрыштарды өтеуге заң бойынша міндетті түрде қабылданатын ақша белгілері:
Ақша бірлігі ( ұлттық валюта ) Қазақстан Республикасында 100 тиыннан
тұратын қазақстандық теңге болып табылады.
Теңге мен алтын немесе басқа да құнды металдар арасында ресми
арақатынас белгілейді.
Ақша белгілерінің түрлері, оларды шығарудың тәртібі және қамтамасыз
ету сипаты. Барлық төлем түрлеріне олардың көрсетулі құны бойынша міндетті
түрде қабылданатын, банкнот пен тиыннан тұратын айналымдағы мемлекеттің
ақша белгілері. Ақша белгілерін шығаруды олардың айналымын ұйымдастыруды
және айналымнан алуды Орталық банк қолма – қол ақшасыз балама алу арқылы
банкнот пен монетаны сату түрінде тек бір өзі ғана жүзеге асырады.
ҚР Ұлттық банк банкноттары мен тиындары Ұлттық банктің сөзсіз
міндеттемелері болып табылады әрі оның барлық активтерімен қамтамасыз
етіледі. Ұлттық банк алтын -валюталық активтердің мөлшерлері туралы
хабарламаларда бұқаралық ақпарат құралдарында ұдайы жариялап отырады.
Ақша түрлері. Заңды төлем құралдары: қағаз және несие ақшалар –
ақшаның түрлеріне жатады.
Ақша – несие айналымының тетігі – ақша – несиелік реттеу
құралдарының, ақша – несие тұрғысынан реттеуші органдардың құқықтары мен
міндеттерінің жиынтығын білдіреді.
Ақша – несие саясатының негізгі құралдарына мыналар жатады:
– ҚР Ұлттық банктің банктерге несиесі бойынша сыйақы мөлшерлемелерінің
деңгейлері;
– Ұлттық банкте депозиттелген ең аз шамадағы міндетті резервтердің
нормативі;
– мемлекеттік құнды қағаздарды сату және сатып алу бойынша ашық нарықтағы
операциялары;
– банктерге несиелер;
– валюта нарығындағы интервенция;
– айрықша жағдайларға жекелеген түрлердің несиелік операциялардың деңгейі
мен мөлшеріне тікелей сандық шектеулерді қою;
– ресми есептік ( дисконттық ) мөлшерлеме.
Ұлттық валюта бағамы, оны шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі. Валюта
бағамы – бұл басқа елдің ақша бірлігінде бейнеленген бір елдің ақша
бірлігінің бағасы. Валюталарды шетелдік валютаға айырбастаудың тәртібі “
Валюталық реттеу туралы ” ҚР заңында белгіленген. Валюта бағамы баға
белгілеудің негізінде анықталады. Валютаның ресми және еркін ( нарықтық )
баға белгілеулері бөліп көрсетіледі. Қазақстанда көбінесе “ қоржынға ”
кіретін басқа шетелдік валюта “ қоржыны ” негізінде баға беелгілеу тәсілі
пайдаланылады.
Ақша жүйесі ұдайы даму үстінде болатындықтан ақша жүйесінің түрлері
өзгеріп отырады. Ақша жүйесінің түрлері ақшалардың қандай формада қызмет
атқаратынына қарай қалптасады : тауар ретінде немесе құн белгісі ретінде
ме? Ақша жүйесін құру формаларындағы принциптік айырмашылықтардың түп –
төркіні металдық айналым жүйесінде және несие мен қағаз ақшаларының айналым
жүйесінде жатыр.
Металдық айналымға ақша жүйесінің биметаллизм және монометаллизм деп
аталатын екі түрлері тән.
Биметаллизм – баламаның жалпыға бірдей құнының рөлі айналымда
болатын екі металл – алтын мен күміске заңмен бекітілген ақша жүйесі.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
– қосарлы валюталар жүйесі. Мұнда алтын мен күміс монеталардың арасындағы
арақатынас металдың нарықтық құнына сәйкес нарықта берекесіздік (
стихиялы ) түрде белгіленеді;
– егер мұндай арақатынасты мемлекет анықтайтын болса, онда ол – екі жақты
валюта жүйесі ;
– “ ақсақ ” валюта жүйесі. Онда алтын мен күміс бірдей негізде заңды төлем
құралдары болып табылады.
Нәтижесінде күміс монеталар алтын белгілеріне айналады.
Биметаллизм XVI – XVII ғасырда кеңінен тараған, ал Батыс Еуропада
елдеріне XIX ғасырда пайда болады.
Алайда, биметаллизм дамыған тауар өндірісінің экономикалық қатынасқа
қоятын талаптарына сәйкес келмейді, өйткені екі металдың бір мезгілде құн
өлшемдері ретінде пайдаланылуы осы ақша қызметінің табиғатына қайшы келді.
Құнның жалпыға бірдей өлшеміне тек бір тауар ғана қызмет ете алады. Оның
үстіне, мемлекет белгіленген алтын мен күміс арасындағы нақты құндық
арақатынас олардың нарықтық құнына сәйкеспейді. XIX ғасырдың соңында күміс
өндірісінің артуы мен олардың құнсыздануы нәтижесінде алтын монеталар
айналымынан қазынаға кете бастады.
Түпкі есебінде Құн заңының стихиялы әрекет екі жақты құн өлшемін
жойып, монометаллизм ( алтын ) биметаллизмді ығыстырады.Биметаллизм – ол
мемлекет заңды түрде жалпыға ортақ эквивалент рөлін алтын мен күміске
бекіткен ақша жүйесі.
Бұл жүйеде алтын мен күміс тең құқықты ақша – қос металды валюта,
онда екі металдан да кең көлемде монеталар соғылып, айналыста шектеусіз
қатар жүрген.
Биметаллизмнің үш түрі болған:
1. Қатар жүретін валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталардың
арақатынасы стихиялы түрде металдың нарықтық бағасына байланысты
бекітілген.
2. Қос валюталы жүйе – онда металдардың сандық арақатынасын мемлекет
бектіп, алтын мен күміс монеталар сол қатынаспен соғылды.
3. “ Қосалқы ” валюта жүйесі – онда алтын мен күміс монеталар заңды төлем
құралы деп саналғанмен іс-жүзінде күміс монета алтынның белгісі
ретінде жүрді.
Биметаллизм жүйесі Батыс Еуропа мемлекеттерінде XYI-XYII ғғ. пайда
болып, тіпті XIX ғ. аяғына дейін кең қолданылды. Ақша ретінде екі металды
қолдану ақшаның жалпыға ортақ эквивалент қасиетіне қайшы келді. Алтын мен
күмістің арақатынасын айқындағанда да қиындықтар кездесті. Дегенмен 1865 ж.
Франция, Бельгия, Швейцария және Италия биметаллизмді сақтап қалу
мақсатында өзара келісім жүргізе бастады. Нәтижесінде ( 1865 – 1878 жж.)
Латын монеталық одағы конвенциясы бекітіліп, ол бойынша екі металдан да
құны 5 франк және одан да жоғары болатын монеталар соғылып, күміс пен
алтынның арақатынасы 1:15,5 тең болды. Бірақ екі валютаның арақатынасы
алтын мен күмістің нарықтық құнына сәйкес келмеді.
Биметаллизм жүйесі өскелең капиталистік шаруашылықтың талабын
қанағаттандыра алмады, себебі құн өлшемі ретінде екі металды қатар қолдану
ақшаның бұл қызметіне қайшы келді. Жалпыға бірдей құн өлшемі ретінде тек
бір ғана тауар жүреді. Ондай тауар не алтын, не күміс. Оған қоса XIX ғ.аяқ
шенінде күміс шығарудың арзандауына байланысты күмістің құны кеми бастады.
Бұл кезде алтын мен күмістің нарықтық арақатынасы 1:20, 1:22 тең болды. Ал
заң жүзінде алтын мен күмістің арақатынасы бұдан әлдеқайда төмен
болғандықтан алтын монеталар айналыстан шығып, қазына қорына айналды. Алтын
ақшаның айналыстың шығуы “ жаман ақша жақсы ақшаны айналыстан ығыстырады ”
деген қағиданың өмірдегі көрінісі.
Монометаллизм – ақша жүйесі. Онда бір металл ( алтын немесе күміс )
жалпыға бірдей балама ретінде әрі бағасы қымбат металдарға айырбасталған
монеталар мен белгілерді функциялайтын ақша айналымының негізі ретінде
қызмет етеді. Алтын монометаллизмі алғаш рет Ұлыбританияда 1816 жылы,
Германияда – 1871-1873ж.ж., Жапонияда – 1897ж., АҚШ-та – 1990ж.
Белгілейді. Ал, Ресейде күміс монометаллизм жүйесі 1839-1843ж.ж. Ақша
реформасының нәтижесінде енгізілді және бұл жүйе 1852 жылға дейін
қолданыста болады.Монометаллизм – ол жалпы эквивалент ретінде тек бір ғана
металл ( не алтын, не күміс ) қолданылатын ақша жүйесі. Айналыстағы құн
белгілері мен монеталар алтынға немесе күмске айырбасталады. Күміс
монометаллизм Үндістанда 1852 - 1875 жж., Голландияда 1847 - 1875 жж.,
Ресейде 1843 – 1852 жж. қолданылды.
Патшалық Ресейде күміс монометаллизм 1839 – 1843 жж. жүргізілген
ақша реформасының нәтижесінде енгізіліп, ақша өлшемі болып құрамында таза
күмістің 4 мысқалы ( золотник =4,25 гр ) 21бөлігі бар күміс рубль
есептелді. Сонымен қатар айналысқа күміске еркін айырбасталатын несие
ақшалары да шығарылды. Дегенмен күміс ақша елдің күйзеліске ұшыраған ақша
айналысын түбегейлі ретке келтіре алмады. Себебі бұл кезде басыбайлы
шаруашылық ( крепостничество ) ыдырап, мемлекет бюджеті мен сыртқы сауда
балансының тапшылығы елде жүргізілген ақша реформасын нәтижелі ете алмады.
Оған қоса, 1853-1856 жж. болған Қырым соғысының шығындарын өтеу мақсатында
айналысқа қосымша несие ақшалары шығарылды, іс – жүзінде олар қағаз ақшаға
айналды. Сөйтіп Ресейде күміс монометаллизмнің орнына алтын монометаллизмі
келді.
Алғашқыда алтын монометаллизм ақша жүйесі ретінде XYIII ғ. аяғында
Ұлыбританияда қалыптасып, ол 1816ж. Заң жүзінде бекітілді. Ал басқа
мемлекеттердің көпшілігінде XIX ғ. соңғы үштігінде : яғни Германияда –
1871 – 1873 жж., Скандинавия мемлекеттерінде ( Швеция, Норвегия, Дания ) -
1873ж., Францияда – 1876 – 1878 жж., Австрияда – 1892 ж., Ресей және
Жапонияда – 1897 ж., АҚШ-та - 1990ж. Енгізілді ( 20; 131).
Құн белгілерінің алтынға айырбасталу ерекшеліктеріне байланысты
алтын монометаллизмнің үш түрі болады.
Алтынның құн белгілеріне айырбасталуы сипатына қарай алтын
монометаллизмнің үш түрі бөліп көрсетіледі : алтын монета стандарты, алтын
құйма стандарты және алтын – девиз ( алтын – валюталық ) стандарты.
Алтын монеталы стандарт ( үлгі ) - оған негізгі төмендегі белгілер тән
:
- елдің ішкі айналымында алтын монеталар жүреді және ол ақшаның барлық
қызметтерін атқарады;
- алтын монеталарды еркін соғу рұқсат етілген;
- айналымдағы несие ақшалары ( банкнота, майда металл монеталар )
көрсетілген құнымен еркін және шектеусіз алтын монеталарға айырбасталады;
- алтынды, шетел валютасын елден еркін алып шығуға және елге әкелуге,
сондай – ақ алтын нарығының еркін жұмыс істеуіне рұқсат берілген.
Алтын монеталы стандарт капитализмнің алғашқы сатысы – еркін бәсеке
кезінде пайда болып, өндірістің, несие жүйесінің, әлемдік сауданың
өркендеуіне және капиталды шетелге шығаруға жол ашты.Алтын елдің ішінде де,
сыртқы саудада да еркін жүруі үшін мемлекеттің эмиссиялық банкінде алтынның
сақтаудағы ( резерв ) қоры болуы шарт.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бюджеттің тапшылығын арттырды. Оны жабу
мақсатында айналысқа шығарған ақша массасы эмиссиялық банктің сақтаудағы
қорынан әлде қайда асып кетті. Сондықтан кембағалы ақшаларды ( несие
ақшаларын) алтын монетаға еркін айырбастау мүмкіндігі жойылды. Осы кезде
алтын монеталы ақша стандарты соғысқа қатынасқан елдердің барлығында және
басқа да кқптеген мемлекеттерде ( АҚШ – та 1993ж.) жойылды. Банкнотаны
алтынға айырбастау тоқталып, алтынды шетелге шығаруға тиым салынды. Алтын
монета айналыстан шығып, қор жинау және байлық құру құралына айналды. Алтын
монеталы стандарттың орнына алтын құймалы стандарт айналымға түсті.
Алтын құймалы стандарт – оның алтын монеталы стандарттан айырмашылығы
бұнда алтын монета айналыста болмайды және оны еркін соғу жойылды. Алтын
құймалы стандартта банкнотаның белгілі бір сомасы алтын құймасының белгілі
бір салмағына айырбасталады. Мысалы, Ұлыбританияда салмағы 12,4 кг
стандартты құйма 1700 ф.ст., Францияда 12,7 – 21,5 мың франкке теңгерілді (
23,69).
Алтын дивизді ( алтын валюталы ) стандарт – ол банкнотаның девиздерге
(яғни, белгілі бір шетел валютасына) айырбасталатын ақша жүйесі. Бұл жүйе
Австрияда, Германияда, Данияда, Норвегияда және басқа да елдерде жүрді.
Бұл кезде алтын монетаның еркін соғылуы жойылып, ол айналыстан да алынып
тасталды. Міне тек осындай қосалқы жолмен ғана алтын девизді ақша жүретін
елдердің алтынмен байланысы сақталды. Ұлттық валютаның тұрақтылығын
бірқалыпта сақтау девиздік саясат әдісімен, яғни нарықта ұлттық валютаның
курсының төмендеуіне немесе жоғарылауына байланысты оған шетел валютасын
сатып алу немесе сату арқылы жүзеге асырылды. Сөйтіп, алтын девизді
стандарт кезінде бір елдің валютасы басқа елдердің валютасына тәуелді
болды.
1929-1933 жж. әлемдік экономикалық дағдарыс нәтижесінде барлық
мемлекеттерде әр кездері алтын монометаллизмінің барлық формасы жойылды.
(Мысалы, Ұлыбританияда – 1931 ж. , АҚШ-та 1933 ж., Францияда 1936 ж. және
с.с.).
1944ж. Бреттон – Вудсте құрылған Халықаралық валюта жүйесі еркін
айырбасталатын валютасы бар мемлекеттердің қолдануы үшін мемлекетаралық
алтын девизді стандартты, шын мәнінде алтын долларлы стандартты бекітті.
Оның ерекшелігі, яғни алтын долларлы стандарт – тек АҚШ доллары алтынмен
байланысын үзген жоқ, себебі бұл стандарт тек орталық банктер мен үкімет
мекемелері үшін ғана бекітілді. АҚШ үкіметі өзінің алтын қорының азаюына
байланысты 1971 ж. бастап алтын құймаларын долларға сатуды тоқтатты,
сондықтан алтын долларлы стандартта айналыстан шықты.
1976-1978 жж. Ямайка Халықаралық валюта жүйесі алтынның айналыстан шығуын
заң жүзінде бекітті. Ақша өлшемдерінің алтын құрамы және алтынның ресми
бағасы жойылды. Халықаралық валюта қорымен оның мүшелері арасындағы есеп
айырысыдан да алтын алынып тасталды. Сөйтіп бүкіл мемлекеттерде алтынға
айырбасталмайтын несие ақшалары жүйесі орнықты.
дарт еркін бәсекелестік кезеңінің талаптарына көп сәйкесіп, өндірістің,
несие жүйесінің, әлемдік сауда – саттықтың дамуына және капиталдың шетке
шығарылуына ықпал етті. Оның негізгі белгілеріне мыналар жатады : толық
бағалы алтын монета ел ішінде барлық ақша қызметін орындап, айналымда
болады.
– Жеке тұлғалар үшін тіркелген алтын құрамды алтын монеталардың еркін
шақалуы ұйғарылады;
– толыққұнды емес алтын ақшаларға олардың көрсетілуі құны бойынша еркін
әрі шектеусіз айырбасталады;
– алтын мен шетелдік валюталарды еркін әкетілімі және еркін алтын
нарығының жұмыс істеуі ұйғарылады.
Алтын монетаны стандарттың жұмыс істеуі үшін орталық банкте монета
айналымының резерві ретінде қызмет ететін, банкноттың алтынға айырбасталуын
қамтамасыз ететін, әлемдік ақшаның резерві болып табылатын алтын қорының
болуын қажет етеді.
Бірінші дүниежүзіллік соғыс ақша жүйесінің дамуына өз түзетуін
енгізді. Бұл кезеңде бюджет тапшылығы барлық елдерде байқалады. Олар бюджет
тапшылығы несие ақшасын айналымға шығарумен және қарыз есебінен жапты. Бұл
алтынның несие ақшаға айырбасталуына жол берген күмәнді айналымдағы ақша
массасының шамасы мен орталық банктердегі алтын қорларының арасындағы
сәйкессіздікті әкеп соқтырды. Соғыс аяқталғаннан кейін барлық елдер алтын
монетаны стандарттан бас тартты ( АҚШ- та ол 1933-ші жылға дейін болды )
және монометаллизмнің қиынды үлгісі енгізілді: алтын құйма стандарты (
Ұлыбританияда, Францияда ) және алтын дивиз сиандарты ( Германияда,
Швецияда, Австрияда және т.б.).
Алтын құйма стандартына мынадай белгілер тән :
– айналымда алтын монеталар мен олардың еркін шақалуы болмайды;
– толыққұнды емес ақша банкноты тек алтын құймаларына айырбасталады.
Алтын дивиздік стандартта алтын монеталар айналымда болмайды,
банкноттар мен толыққұнды ақшалар алтынға тең шетелдік валюталарға (
девиздерге ) айырбасталады, олардың айырбасталуы шетелдік валюта арқылы
жүзеге асырылады.
Әлемдік дағдарыстың нәтижесінде 1929-1933 жылдары алтын
монометаллизмнің барлық жүйесі жойылып, ұсақталмайтын банкноттық айналым
дәуірі басталды. Барлық елде ( АҚШ 1917жылға дейін ) банкноттың алтынға
айырбасталуы тоқтатылды. Баламаның жалпыға бірдей рөлі – несиелік қағаз
ақша белгілері – бірден – бір төлем құралына айналды.
1944 жылы құрылған Әлемдік Бреттон валюта жүйесі мәні бойынша еркін
айырбасталымда валюталы елдер үшін алтын долларлық стандарт болып табылатын
мемлекетаралық алтын дивиздік стандарт жүйесін білдіреді. Алтын долларлық
стандарттың ерекшелігі мынада : ол орталық банктерге ғана белгіленеді,
мұнда тек бір ғана валюта –АҚШ доллары – алтынмен байланысын сақтайды.
Алтын қорының кемуіне байланысты АҚШ үкіметі 1971 жылдан бастап алтын
құймаларын долларға сатуды ресми түрде тоқтатты, осылайша алтын долларлық
стандарт жойылды.
1976 жылдан бастап Бреттондық ақша жүйесінің орнын Ямайкалық ақша
жүйесі басты. Осы жүйе орнағанда алтын айналыстан толық шықты. Ол өз
қызметін түбегейлі жоғалтты. Алайда, алтын мемлекеттің қаржылық резерв
түрлерінің бірімен еркін айырбасталымды валюталардың қатарында қалды.
Халықаралық валюта қорының ( ХВҚ ) халықаралық өтімділік
мәселелерін оңайлату мақсатында халықаралық есептік ақша бірліктерін құру
үшін ХВҚ-ға мүше елдердің төлем баланстарының қалдығын реттеуге, ресми
резервтерді және есеп айырысуларды толықтыруға, сондай-ақ ұлттық
валюталарды өлшемдеуге арналған жаңа резерв әрі төлем құралы – арнаулы алыс-
беріс құқығы ( ААБҚ ) енгізілді.
Еуропалық валюта жүйесінде ( ЕВЖ ) қатысушы елдер үшін 1979 жылдың
наурыз айынан бастап аймақтық халықаралық есеп бірлігі – ЭКЮ ( European
Currency Unit – ECU ) енгізілді.
ЕКЮ- дің құны СДР секілді мүше – елдердің орташа бейнеленген валюта
бағамдарымен анықталады.
Бүгінгі таңда ЭКЮ – дің орнын басқа валюта – ЕВРО – құрамына Батыс
және Шығыс Еуропаның 24 елі кіретін Еуропалық Одақ елдеріне ортақ валюта
басты.
Осы заманғы ақша жүйесіне мыналар тән :
– үкімет ақша өлшемінің құрамындағы алтынды белгілемейді ( алтынның ақша
міндетін атқарудан қалуы ) ;
– алтынға айырбасталмайтын несие ақшаға көшу аяқталды;
– қағаз және несие ақшалары арасындағы айырмашылық жойылды;
– ақша айналымы мемлекеттік тұрғыдан реттелді;
– мемлекеттің қажеттілігін өтеу үшін әрі мемлекеттің алтын – валюта
резервінің өсімі аясында шаруашылықтарды несиелеу тәртібінен айналымға
ақша шығару.
Қазақстан осы заманғы ақша жүйесінің басқа елдердің ақша жүйесінен көп
айырмашылық жоқ, ол халықаралық стандарттарға ұқсас әрі оған, осы заманғы
әлемдік ақша жүйесінің жоғарыда аталған белгілері тән. Ол 1995 жылдың 30
наурызында қабылданған, 2003 жылдың 1 қыркүйегінде түзетулер мен
толықтырулар енгізілді “ Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы ”
заңына сәйкес жұмыс істейді. Оны осы заңға сәйкес былайша сипаттауға
болады:
– ресми ақша өлшеміне ( валютаға ) 100 тиыннан тұратын теңге жатады;
– теңге мен алтынның ресми арақатынасы белгіленбейді;
– қолма – қол ақшаны шығарудың айрықша құқығына Ұлттық банк ие, Қазақстан
аумағында олардың айналымын ұйымдастыру және айналымнан оларды алу да
Ұлттық банктің мойнында. Ұлттық банк бұларды қолма – қол ақшасыз балама
алумен банктерге банкноттарды және монеталарды сату формасында жүзеге
асырады;
– теңге мен суррогаттардан басқа ақша бірліктерінің шығарылуына тыйым
салынған;
– заңды төлем күші бар ақша түрлеріне банктің барлық активтерімен
қамтамасыз етілген әрі ҚР Ұлттық банктің сөзсіз міндеттемелері болып
табылатын банкноттар мен ұсақ металл монеталар жатады.
Мынаны айта кету керек, 1994-1998 жылдары теңге құнсызданды, осының
нәтижесінде ұсақ монеталар айналымнан мүлдем шығып қалады әрі олар
айналымда жоқ.
ҚР Ұлттық банк банкноттар мен металл монеталардың үлгілерін, олардың
номиналдық құрамын, өрнектің сызбасының формаларын бекітті. Банкноттар мен
монеталардың аталмыш сипаттаиалары баспасөзде жарияланды.
Ұлттық банк айналымға шығарған банкноттар мен монеталар барлық төлем
түрлері бойынша ҚР бүкіл аумағында олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті
түрде қабылданды, сондай – ақ банк шоттарына оларды аудару үшін және ақша
аударымдары үшін олардың көрсетілуі құны бойынша міндетті түрде
қабылданады, шектеусіз айырбасталады және ҚР барлық банктерінде
айырбасталады.
Ұлттық банк банктер мен олардың клиенттеріне жаппай қызмет
көрсетулерді ұйымдастыру бойынша негізгі талаптарды, сондай -ақ банктердің
қолма – қол ақшаның есебін жүргізу, оларды сақтау, тасымалдау талаптарын
белгілейді.
Банкноталар мен қағаз ақшалар айналысы жүйесі және оның сипаттамасы.
Қазіргі жағдайда бұрын қалыптасқан ақша жүйесінің мазмұны біраз өзгерді.
Себебі металл ақша жүйесінде қолмақол ақшасыз айналым ақша айналасының аз
ғана бөлігін құраған. Ал 30- жылдарда әлемде алтынға айырбасталмайтын несие
ақша жүйесі орнықты. Бұл кезде банкнотаның алтынға айырбастау және оны
алтынмен қамтамасыз ету барлық капиталистік мемлекеттерде жойылды. Ақша
эмиссиясы негізінен мемлекеттiк бағалы қағаздармен қамтамасыз етілді. Ол ең
алдымен қоғамдық еңбекті үнемдеу – жалпы экономикалық заңның әсерінне
байланысты еді. Ақша жүйесінің дамуы ақша айналымының шығындарын үнемі
қысқартатын, сөйтіп қоғамдық еңбектің де шығындарын азайтатын, еңбір үнемді
ақша жүйесінің пайда болуына жеткізеді.
Қазіргі қағаз–несие ақшалары жүйесіне тән өзгерістер мыналар:
● алтынның мемлекеттің ішкі және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Банктік қызмет маркетингін жетілдіру жолдары («Банк Тұран Әлем» АҚ-ның мысалында)
Чаттар, форумдар. Жедел хабарлама алмасу бағдарламалары
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын талдаудың теориялық негіздері
Қазақстан Республикасының депозиттер нарығы
Ақша мәні және ақшаның формасы
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшері
Кәсіпорынның кәсіпкерлік тәуекелділігін талдау
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Ақша және ақша реформасы
Пәндер