Веребалсыз коммуникация



1. Біздің сөздік.
2. Бет мимикасы.
3. Визуалды (көз арқылы) қатынас.
4. Мұрын, ауыз және бас.

Тапсырма №2. Өзіңіздің әлеуметтік . коммуникативті компететтіңізді бағалаңыз.
Тапсырма №3. Сіз бір.біріңізді түсінесіз бе?
Тапсырма №4. Өз оптимизміңіздің дәрежесін бағалаңыз.
Аффилиация (ағылшынша to affiliate – қосу, қосылу) – адамның басқа адамдар ортасында болуына талпыныс.
Психологиялық бөгеттер (барьерлер) – белгілі бір істерді жүзеге асыруға кедергі болатын субъектінің адекватты еместігінде көрінетін психикалық күй.
Ауыстыру – Екі түрлі көрініске ие қорғаныс механизмі. Психоанализде объектіні ауыстыру және қажеттілікті ауыстыру жолдарымен жүретін қорғаныс бөлінген.
Жұқтыру (әлеуметтік психологияда) – жеке мәндік әсерлеу немесе толықтырудан тыс біз индивидтен екіншіге психофизиологиялық дәрежеде эмоционалды күйде беру процессі.
Мәдениет – адамның табиғатты меңгеруі, гуманизациялауы, гүлдендіруі, адамға табиғи түрде берілген деп табатынның бәрін, табиғатта, қоғамда және өз - өзінде, адамның қолы мен ақылы жаратқанды жетілдіруі.
Дактильді сөйлеу қабілеті – дактильді әріптер яғни саусақтар және олар қимылдарының белгілі конфигурациялары көмегімен сөздерді жасайтын сөйлеу қабілеті.
Мән – қимылды (жесттік) - өзіндік лексикалық және грамматикалық мінездеуі бар есту қабілетінен айырылған адамдардың мән – қимылдар көмегімен тұлғааралық араласу тәсілі.
Әлеуметтік нышан – белгі, зат, сөз, әрекет және бейне түрінде ұсынылған белгі тәріздес құрылым.
Елестетіңізші, егер сіз тілі беймәлім мемлекеттке түссеңіз не істейтін едіңіз, адамдармен қалай араласатын едіңіз? Сіз шөліңізді қандыру үшін, суды қалай мәләмдейсіз? Дұрыс, мән – қимыл көмегімен. Шынында да мән – қимылдар тілін халықаралық деп санауға болады, себебі, ол түсінікті және көпшілікке жетіңкі. Мұны, көп жыл бойы адамдардың көрнекті іс- қимылдарын (понтомимика, мимика, жестикуляцияның және т.б.) жинап, зерттеп және суреттеген неміс ғалымы Карл Леонхард көрсетті. Алғаш осындай ойды Ч.Дарвин айтқан, бірақ неміс ғалымы оның растығын көптеген мың көрнекті іс – қимылдар мен фонацияларды (сөз аралық мән (междометиялар)сияқты дыбыстаулар) жүелік суреттеу арқылы дұрыстығын дәлелдеді. Ғалымдар адам шығу туралы айта, сөйлеудің абстракті, нышанды, екінші белгі берулік араласу құралы ретінде пайда болуын міндетті түрде айтады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Веребалсыз коммуникация.

Біздің сөздік.

Аффилиация (ағылшынша to affiliate – қосу, қосылу) – адамның басқа
адамдар ортасында болуына талпыныс.
Психологиялық бөгеттер (барьерлер) – белгілі бір істерді жүзеге
асыруға кедергі болатын субъектінің адекватты еместігінде көрінетін
психикалық күй.
Ауыстыру – Екі түрлі көрініске ие қорғаныс механизмі. Психоанализде
объектіні ауыстыру және қажеттілікті ауыстыру жолдарымен жүретін қорғаныс
бөлінген.
Жұқтыру (әлеуметтік психологияда) – жеке мәндік әсерлеу немесе
толықтырудан тыс біз индивидтен екіншіге психофизиологиялық дәрежеде
эмоционалды күйде беру процессі.
Мәдениет – адамның табиғатты меңгеруі, гуманизациялауы, гүлдендіруі,
адамға табиғи түрде берілген деп табатынның бәрін, табиғатта, қоғамда және
өз - өзінде, адамның қолы мен ақылы жаратқанды жетілдіруі.
Дактильді сөйлеу қабілеті – дактильді әріптер яғни саусақтар және
олар қимылдарының белгілі конфигурациялары көмегімен сөздерді жасайтын
сөйлеу қабілеті.
Мән – қимылды (жесттік) - өзіндік лексикалық және грамматикалық
мінездеуі бар есту қабілетінен айырылған адамдардың мән – қимылдар
көмегімен тұлғааралық араласу тәсілі.
Әлеуметтік нышан – белгі, зат, сөз, әрекет және бейне түрінде
ұсынылған белгі тәріздес құрылым.
Елестетіңізші, егер сіз тілі беймәлім мемлекеттке түссеңіз не
істейтін едіңіз, адамдармен қалай араласатын едіңіз? Сіз шөліңізді қандыру
үшін, суды қалай мәләмдейсіз? Дұрыс, мән – қимыл көмегімен. Шынында да мән
– қимылдар тілін халықаралық деп санауға болады, себебі, ол түсінікті және
көпшілікке жетіңкі. Мұны, көп жыл бойы адамдардың көрнекті іс- қимылдарын
(понтомимика, мимика, жестикуляцияның және т.б.) жинап, зерттеп және
суреттеген неміс ғалымы Карл Леонхард көрсетті. Алғаш осындай ойды Ч.Дарвин
айтқан, бірақ неміс ғалымы оның растығын көптеген мың көрнекті іс –
қимылдар мен фонацияларды (сөз аралық мән (междометиялар)сияқты
дыбыстаулар) жүелік суреттеу арқылы дұрыстығын дәлелдеді. Ғалымдар адам
шығу туралы айта, сөйлеудің абстракті, нышанды, екінші белгі берулік
араласу құралы ретінде пайда болуын міндетті түрде айтады.
Бірақ осы кезеңге дейін адамдарды бір – бірімен араласу және
түсінісу әдістері болды. Жануарларға қараңызшы. Олар бір – бірін дыбыс,дене
қимылы. Белгілі бір агрессия немесе қорқу көрсетулер көмегімен керемет
түсінеді ғой. Одан аса үй жануарлары біздің мимика немесе мән – қимылдарды,
біздің жалпы тонды (жылы немесе жағымсыз күйдегі) оларға қатысты болғанда
түсінеді. Бірақ бізге өзитіміз немесе мысығымыздың қандай көңілде екенін,
біздің іс-әрекетке қанағат па, бізбен араласқысы келеме дегендерді
түсінеміз.
Шет тілде әңгімені еркін жүргізуге үйренсеңізде сіз жарты жолды
жүрдіңіз. Ол араласудың эффектті білімдерін меңгеруге келгенде анықталады.
Ол кезде вербалды емес араласу аймағындағы білімдердің маңыздылық
дәрежесінің мөлшерін ашасыз. Бұл мылқау тілде, басқаша айтса, өз
сөйлеуімізге серіктейтін іс - әрекеттерде күш құндылық көп. Сіз
әңгімелесушінің қолынан сыпайы түртітңіз, одан алшақтап немесе
жақындадыңыз, сіздің бет – келбетіңіздің түр білдіруі, интонациялық ойын,
дауысты көтеру немесе төмендету (пауза) үзіліс, барлық қолды немесе білек
жақты қозғалту – бәрінің өз мәні бар. Тіпті сіздің костюмыңыз және оның
түсі өзіндік ерекше мәнге ие бола алады.
Психологтар вербалды құралдар арқылы араласқанда біз ақпараттың 20-
40% алып береміз деп анықтады. Қалған коммуникация вербалды емес құралдар
арқылы жүзеге асады. Профессор Бердвиссл адам сөзбен күніне 10-11 минут, ал
әр сөз құрмасы орташа алғанда 2,5 сек. артық емес деп көрсетті. Вербалды
емес коммуникация арасында біз ақпаратты әңгімелесушімізден мылқау фильм
жүріп жатқан теледидардан сияқты оқи аламыз. Біз сөз айтпай біз қай
жағдайда қол алысуға, не алыспауға, кімге жылы лебізбен күлімсіреуге, ал
кімге арқамен бұрылуға болатынын адамның эмоционалды күйін оның айтуларының
рас немесе өтірігін анықтай аламыз.
Н.И. Шевандрин келесі араласудың вербалды емес құралдар түрлерін
бөледі:
1. Визуалды (Көзге көрініңкі):
- кинесика: қол, бас, аяқ, дене қимылдары, жүру мәні;
- бет мән білдіруі, көз мән білдіруі;
- тұрыс мәнері, денені ұстау ебі, бас орналасуы;
- көзқарастың бағыты, визуалды контактілер;
- тері реакциялары: қызару, ағару, терлеу;
- проксемика (араласудың кеңістіктік және уақыттық ұйымдастырылуы)
әңгімелесуге дейінгі қашықтық, оған бұрылу бұрышы, жеке кеңістік.
- араласуға көмекші құралдар; денеқұрылысының ерекшеліктерін жасыру
немесе айқын ету (жыныс, жас, нәсіл белгілері)
- табиғи дене құрылымын өзгерту құралдары; киім, шаш мәнері,
косметика, көзілдірік, әшекейлер, татуировка, сақал-мұрт, қолдағы ұсақ
заттар.
2. Акустикалық:
- паралингвистикалық (дауыс сапасы, оның диапазоны, тоналдығы):
дыбыс көтеріңкілігі, тембр, ритм.
- экстралингвистикалық: сөйлеу үзілістері (пауза), күлкі, жылау,
жөтел, шапалақтау.
3. Тактильді:
- такесика: түртпектеу, қол қысу, құшақтау, сүю.
4. Олфакторлы:
- қоршаған ортаның жағымды, жағымсыз иістері;
- адамның табиғи және жасанды иістері;
Вербалді емес араласудың негізгі шешуді қажет ететін мәселелері деп
келесілерді санауға болады:
- психологиялық контактінің негізін қалау және қолдау, араласу
процессін реттеу.
- сөздік тексттерге жаңа мәндік түстер беру, сөздерді дұрыс талдау.
- эмоцияларды, бағаларды, рөлдерді, ситуация мәнін білдіру.
Вербалды емес құралдар негізі сөз мәндерін өзіндік түрде бере алмайды
(мылқаулар тілін тыс қалдырса). Олар өз арасында, сонай-ақ сөздерменде
жіңішке түрде келістірілген.
Вербалсыз коммуникация жайлы айтқанда оны ең алдымен адам туралы
қосымша ақпаратты беру деп түсінеді. Оны бірге сыртқы түр-көрінісі және
адамның көрнекті іс-қимылы, тұрыс мәнері, жүру мәнері береді. Дегенмен бұл
тек бірінші (бірақ жалғыз емес) белгілер жүйесі. Тұтаста бұл оптикалы
кинетикалық жүйе дененің әртүрлі көппе азба нақты қабылданатын қимылдары
(қолдардың – сонда біз жестикуляция туралы айтамыз; дененің – сонда біз
пантомимика туралы айтамыз; бет-келбеттің – сонда біз мимика туралы
айтамыз) ретінде көрінеді. Осы дененің әртүрлі бөліктерінің жалпы
моторикасы адамның эмоционалды реакцияларының айна-көрінісі және әншейінде
айтуды нақтылау немесе ауыстыру функциясын атқарады. Егер сізді бірнәрсе
қатты жалықтырса, сіз оны жәй айта аласыз, ал керек болса сөзіңізді алақан
қабырғасын тамағыңызды кесе өткізіп серіктей аласыз (өте-өте қатты
жалықтырды) немесе бас үстімен өткізесіз (Шатырдан жоғары!, Басқа бұлай
мүмкін емес!). Осының арқасында араласу жаңа нюанстарға ие болып байи
түседі.
Көптеген елдерде негізгі коммуникативті мән-қимылдау (жесттер) бір-
бірінен айырылмайды. Адамдар күрсініп, ауырсынып, қайғылы болса олар -
қабағын түеді, агрессивті болса – ашулы көзқарас және дауыс. Басын изеу
әлемнің басым жерлерінде келісім немесе мақылдауды білдіреді.
Адами араласудың танымал білгірі Аллан Пиз көптеген мән-қимылдар
(жесттер) тумалы табиғатқа ие деп санайды. Себебі оларды саңыраулар және
соқырлар да қолданады.
Тумасынан керең және соқыр балаларға бақылау, олардың еш үйретусіз
және еліктеусіз күлімсірей алалтынын көрсетті. Жоққа шығару немесе
келіспеуді білдіретін басты жағдайда көпшілікке ортақ. Сәби сүтке тойңған
соң, ол сорғыштан бас тарту ниетімен ниетімен бір жақтан екінші жаққа
баспен қимыл жасайды. Нәресте қарыны тойған соң ата-анасы тамақтандырып
жатқан қасықтан қашу үшін басын басын әрі-бері бұрады. Осылайша ол өзінің
келіспейтіндігін және кері қатынасын білдіру үшін басын шайқауға үйренеді.
Вербалсыз ұстану мәнерінің (поведение) ерекшелігі оның көрінісі
біздің жасырын есіміздің (подсознание) импульстарымен шартталған және оны
өтіріктеу мүмкіндігінің жоқтығы осы тілге кәдімгі сөздің араласуына
қарағанда көбірек сенуге әкеледі.
Біздің миымызда вербалсыз белгілердің рас еместерінәр тіркеген сайын
тежелетін арнайы сақтандырғыш жабдық бар деп ойлап қалуға болады. Дегенмен,
жағымды әсер тудыру мақсатында вербалсыз араласуға арнайы үйрететін
жағдайлар бар. әсіресе бұған оқу орындарында көп назар бөлінеді. Әр рөл, әр
мінезді кейіпкер өзінің вербалсыз ұстану мәнерімен ерекшеленулері қажет.
Дәл осылай саясаткерлер, жарнама сұлулары және т.б. имиджі туралы айтса
болады.
Мысалға айтсақ Россия аруы немесе Әлем аруы сұлулық байқауында әр
байқауға қатысушы ылылық пен шындықты мәнерлейтін дене қимылдарын үйренеді.
Байқауға қатысушы осы белгілерді неғұрлым шеберлікпен көрсете алса,
соғұрлым сарапшылардан көп бал алады. Саяси қайраткерлер вербалсыз ұстану
мәнері саласында жиі түрде тәжірибелі маман болды. өздерінің болашақ сөз
жығуларын айна алдында репетициялайды, олар дене тілін сайлау шаралардың
қолдауына ие болып, оларды өз сөздеріне сендіру үшін қолданады. Осыны сәтті
жүзеге асырған саяси қайраткерлер туралы, оларда құдай дарыны бар дейді.
Кейде сөздің тілдің араласуында және тұлғаны құпиясыздандыруда
маңызды асыра сілтеніп бағаланады. Жазушы М.Ганинаның пікірі бойынша,
қимылдың лезде есте сақталуы, бет қозғалысы, көзқарастардың қатынастары,
тұрысты оқуда – сен сол адам туралы ұзақ әңгімелескеннен де гөрі көп нәрсе
біліп өз ішіңде көп нәрселерді түйіп қала аласың. Әңгіме, тон, сөздер –
әрқашан ұялшақтықты және таң қалдыру мақсатында қолданылатын бетперде,
ойын, түтінді перде. Қимыл – міне ішкі дүние туралы жалаңаш шындық.
Ал, неміс философы Шопенгауэр егер біз адамды түсінгіміз келсе, оның
құлып тесігу арқылы бақылау керек және оның бөлмеде бір өзі болғаны кезінде
деп санаған. Тек қана адам өз ойлармен бір өзі болғанда ғана онда өзіне тән
және оның іс жүзіндегі жан күйін анықтайтын көрініс сыртқа шағады, тек сол
кезде ғана адам өз-өзі болады, бетіндегі бейне сызықтар тартылмаған және
барлық нақтылықпен көрінеді. Егер бізге өзімен өзі болған адамды бақылауға
қол жетсе, ол туралы құралған ой көп жағдайда шындыққа жақын келеді.
Адам біреумен сөйлессе немесе оған қарағанды білсе, - оған тән
көрініс кетіп, беттегі бейне сызықтар тартылып, көздері мейірімденіп,
жылыланып, бет келбеті осы жағдайға тән көріністі қабылдайды. Бірақ,
тәжірибелі мамандар болса да керекті қимылдарды қысқа уақыт арасында ғана
көрсете алады, себебі жақын уақытта ағза әдейі емес, оның есті әрекетіне
қайшы белгілерді бере бастайды.
Кейде вербалсыз тілдің көрнекілігіне адам киімі әсер етеді. өзіңіз
жаңа және өте қымбат киімді еске түсіріңізші. Егер киім жаман тұрып немесе
тар болса сіз қимылдарыңызға сенімсіз қарайсыз. Бұл сиректеу оқиғалар болса
да бірақ оларды мән-қимыл тілін жақсырақ түсіну үшін назарда ұстау маңызды.

Біреуге тіпті айнадағы өзіңізге жүгіріңкі қарап, біздің денеміздің әр
бөліктері көрсететін ақпаратты бағалап көрейік. Әрине бет-келбеттен
бастаймыз, себебі оған бірінші керекті көзқарасымыз түседі.

Бет мимикасы.

Мимика (бет бұлшықеттерінің көрнекті қозғалыстары) бізге әртүрлі
сезімдер мен көңілдерді көрсетуге мүмкіндік береді.
Әуеннен бізге тапсырма:
Уайымды білдіреміз.
Отырмыз уайымдауда,
Бетте бәрін көрсетеміз.
(Л. Фадеева)
Мимика адамға өз ойын толығырақ, дәлірек тыңдаушыға түсінікті,
көңілді беруге, не айтып жатқнына қатысын көрсетуге көмектеседі. Егер адам
қуанышты, жағымды, мейірім туралы айтса, оның бетінде қуаныш көрінеді, егер
жаман, қайғылы болса, оған қатысты бет көрінісі тән болады.
Мимика туралы әңгімені бастай тұра Чарльз Дарвиннің Әр индивидум
өзінің жеке тән қасиеттеріне ілесіп басым түрде беттің белгілі бұлшық
еттерін қимылдатады. Бұл бұлшықеттер көбірек дамыған бола алады, сондықтан
олардың күнделікті қимылдауынан қалыптасатын сызықтар мен әжімдер тереңірек
және көрінетіндей бола алады, айтуын еске түсірудің мәні бар. Адам бет
келбеті беретін вербалсыз белгілермен және оның жүріс-тұрыс, ұстану мәнері
ерекгшеліктері арасындағы байланыс әдеби шығармаларда және сурет
бейнелеріндеанық байқалады.
Біздің бет-келбет беретін вербалсыз ақпарат туралы фактілердің үлкен
мөлшері физиогномика ғылымымен жиналған (гректің, phisis – табиғат, qnomon
- білуші) – адамның сыртқы бейнесі мен оның жүріс-тұрыс ұстану
ерекшеліктері арасындағы байланыс туралы пән.
Араласу сергіңді жоғарыдан төменге қарасақ оның шашының қалай
жатқанынан, шаш мәнері қаншалықты сәнді екенінен ол туралы ақпаратты
аламыз. Шаш құрылымы да ақпарат бере алады. Аристотель – егер адам шашы
жұқа, ешкі жүні сияқты болса ол қорқақтау, ал шашы қатты, арыстан немесе
қабандардікіндей жиірек батыл адамдарда кездеседі деп санаған. өте қысқа
алынған шаш спортсменді немесе шашымен айналысуға уақыты жоқ қолы бос емес
адамдарды білдіреді. Ақындық көркемшіл жандар ұзын шашқа немесе
қиындатылған түстерге тартылысы басым. Бетке көз жүгірту барысында біз шаш
көп жағдайда маңдайға түсетінін байқаймыз. Маңдай көлемі бойынша халықта
ақыл-ой қабілеттерін бағалайды. Ақылды, жайлы: маңдайы жеті қарыс дейді,
ал ақымақ жайлы жиі: тар маңдайлы деуі бар. әжімдердің көптігі адам көпті
басынан өткізгендігі немесе ол ақылы айлық жұмыспен айналысатынына куа.
Психолог Г.И.Мартынов мінезді маңдай түр сызбалары бойынша бағалау
жүйесін потент дейді. Сіз маңдайыңызды жисаңыз оларды жеңіл табасыз.
Мысалы, екі терең түр-сызық маңдайды бөлсе бұл күшті темпераментті
куалайды. Бұл адамдар кезекті, тұрақты, идеяларды ұстауға және соңына дейін
жеткізуге қабілетті.
Адамда емоционалды түр-сызықтар терең және үнемі көректі болады.
Ақылы мол адамда сол пішіні бойынша сай түр-сызықтар жіңішке және
жазықталған болады. әжімдердің орналасуынан (ортаға жақын жиналған ба
немесе бүкіл маңдайға жайылған ба) адам қабылдау мен ойлаудың қандай түріне
ие ақпараттық немесе әдістікке екені бағынышты болады. Маңдайды әжімдеу мен
қабақ түю немесе қасты көтеру қосарлануы емоциялар мен сезімдердің бүкіл
гаммасын – жағымды таң қалудан күткеніне алданған сезіміне дейін көрсетуге
мүмкіншілік алады. Маңдайдан төменірек қастар көздер орналасқан. Біз
қастарды таң қалу кезінде көтеріп, ашуланған кезде қосарлаймыз. Немістер
біреудің идеясына сүйсінген белгісі ретінде қастарын көтереді. Бұл
Британияда сынилықты білдіру бола алады.

Визуалды (көз арқылы) қатынас.

Көздер – вербалсыз коммуникациясының негізгі элементі. Шығыс мақалы:
Бастаусыз еш нәрсе болмайды, және бәрі жолдан басталады дейді. Адамдар
арасындағы араласу олардың көздік араласуынан басталады. Көзқарас -
әңгімелесушімен бірінші қадам. Соғыс және бейбітшілік романында
көзқарастың 85-тен кем емес әр мәндігі сипатталған.
Ежелден – көздер – жан айнасы деп айтқан. Көп ғасырлар бойы адамзат
көзқарастың маңызы мен оның адам ұстануына әсері туралы ойланған.
Көзқарастар өте бай, мәнді бола алады және әртүрлі сезімдер мен күйлерді
білдіру мүмкіндігі бар. Мысалға, көзқарас қатал, сыпайы, ойнақы, айлакер,
жалынулы, ойлаңқы, сұраулы, сүйінішті, қоштаспалы, тұманды, өткір, күлкілі
бола алады. Біз жиі: Оның көзі улкен сәбиге тән көздер, Оның көзі адамды
тартатындай, Ол оған ашулы көзқарас тастады, Оның көздері жүгіріп
тұрады, Оның көзі сондай жарқырайды немесе Оның маған көзі тиді деген
сияқты фразаларды қолданамыз.
Біз сөйлеп тұрған адамға қарағанда, бұл әңгімелеске қызығушылықты
білдіріп қоймай ол не айтқанын түсініп назар аударуға көмектеседі. Гордон
Хемсли мен Энтони Дуб егер видео түсіруде куәгер тура көзге қарап, көзін
жерге түсірмесе оның мәліметіне сенуге болады деп тапқан.
Әңгіме кезінде айтушы және тыңдаушы бір-біріне бірде қарап, бірде
кері қарайды, үнемі көзқарас әңгімелесушіге кедергі бола алатынын сезеді.
Американың психологтары әңгімелесушілер бір-біріне көз алмай 10 секундтан
аса қарайды деп тұжырымдайды. Көзқараспен адам әңгімелесушіге қызығушылық
білдіреді. Жүгіріңкі көзқарас жиі іш пысыуды немесе бірдеңе айтқысы
келгенді (егерде қорқыныш немесе кінә сезімі болмаса) білдіреді.
Көзқарас әңгімелесушіге қатынасымызды білдіреді. Адамдар бір-біріне
әңгіменің 30-дан 60 пайызына дейін уақыт қарайды. Қарау контакты әңгімені
реттеуге көмектеседі. Егер сөйлеуші көзқарасын әңгімелестен басқаға және
қайта ауыстырып тұрса бұл оның сөзінің бітпегенін білдіреді. өз ойын
аяқтаған соң сөйлеуші көп жағдайда әңгімелесу кезінде тік қарайды, мен
бәрін айттым енді сіздің кезегіңіз дегендей.
Көрермендік қатынас әңгімелесушілердің арасындағы ара қашықтыққа
байланысты. Біз сөйлеушіге алыстау тұрғанда көбірек қараймыз және жақын
тұрғанда көрермендік қатынастан қашамыз. әңгімелесуші неғұрлым жақын тұрса
соғұрлым оның тура көзіне азырақ қарау керек, ондағы жағымсыз сезімді
оятпау үшін.
Сол жаққа немесе жанынан қараған көзқарас сенбеушілік немесе
күдіктену сияқты қабылданады. Сізге біреу өзіңізге ұнамайтын, келіспейтін
немесе сіз күдіктенетін нәрсе айтқан жағдайларды есіңізге түсіріңізші. Бұл
жағдайда сіз шетке қарамадыңыз ба: Айтуының қай мағынада дегендей? Егер
сіз бір адамға көмектескіңіз келіп, ал, ол оны қаламаса онда сіз 45 0-қа
бұрылу деген нені білдіретінін тура анықтайсыз. Бұл мән-қимыл сөзсіз-ақ
Жоқ, рахмет! дегені түсінікті.
Бәрінен көп бізді әңгіме кезінде қабағын түсіретін адамдар
ызаландырады. Осылай адам өз-өзіне есеп бермесе де сізді көз көру
кеңістігінен алып тастағысы келеді, себебі сіз оны жалықтырдыңыз, қызықсыз
болдыңыз және ол сізден басыңқы екенін сезінеді. Көзді ашып жұму қасиетінің
орташа жиілігі минутіне 68 рет бола тұра осы адамның қабағы секундына
немесе көбірек жабылып, адам сізді зердесінен өшіргендей. Сөнудің шеткі
дәрежесі адам көзін жұмып ұйықтап қалса болады. Бірақ, бұл бірге-бір
кездесуде сирек болады.
Егер әңгімелесуші өзінің сізге басыңқылығын айқындағысы келсе оның
жабыңқы қабақтары артқа шалқайған басымен және жоғарыдан көзқарас ретінде
белгілі ұзақ көзқараспен қосарланады.
Егер сіз осындай көзқарасты өз әңгімелесушіңізден байқасаңыз сіздің
ұстану мәнеріңіз кері әсер тудырғандығы және егерде әңгіменің сәтті
аяқталуы керек болса бірдеңені өзгерту керектігін ескеріңіз.
Сонымен қатар көздер контакті адам араласуының спецификалық түрі
болып келеді. Басқаша айтқанда бұл визуалды араласу. Барлық вербалсыз
құралдар сияқты көздер контактісі де вербалді коммуникацияға толықтыру
болып келетіні дәлелденген. Неліктен біз өзімізге ұят болғанда,
әңгімелесушінің көзіне қарауға қиын және керісінше, егер ақиқат біздің
жақта болса, - біз оның көзіне үңіліп қараймыз. Мұндай көзқарас жиі
агрессия белгісі ретінде қабылданады. Күлімсіреумен қосарланған қысқа
мерзімді жұмылусыз көздерді өте ұзақ және күшті кең ашу қатер мен қорқыту
деп қаралуы мүмкін.
Қарым-қатынас Гроссмейстер кітабында С.Дерябо және В.Ясин көз
мәнерлерінің мәні туралы толық сипаттама береді:
1. Асыра кең ашылған көздер, бақырайған (осы кезде жиі ауыз ашық, мұрын
қалталары үрленген):
- толық ақпарат алу үшін бейсаналы түрде, тіпті кішкентай
мәліметтерді де жібермеу үшін талпыну;
Баттистовтың демі түйіле жаздады; - ол бар уақыт ішінде аузы ашылып,
көзі бақырайып отырды – және тумысынан ешкімді тыңдамағандай тыңдай берді,
тыңдай берді... (И.Тургенев. Рудин)
- күтпеген жағдайда таң қалу сүйсінуде, мысалы, балаларда жаңа жылғы
шыршаны көрген соң;
- аяқ асты пайда болған қарапайым қуаныш кезінде, мысалы, қиын матч
кезіндегі шешуші гол;
- қорқу, шошыну кезінде – цирктегі гимнасттың құлауы;
Степан Трофимович көзін жыпылықтатты және қалтырады (Ф.Достоевский.
Бесы)
- орасан білуге құштарлық (көзбен жеу)
- толық көмексіздік, түсінуге қабілетсіздік;
- аяқ астынан келген түсінушілік (Міне, қайда ит көмілген!)
Бірақ кейбір адамдар көрсетілген заңдылықтарды саналы түрде қолдана
алатынын ұмытпауы керек. Осылай тәжірибені алаяқтар саналы түрде кінәсіз
ашылған сенім сәулесін себетін көздерімен жұмыс істейді!
2. Қылиланған көзқарас – мұқият, назар, бақылау, белгілі бір әрекетті
орындауға күшті назар. Ол қапталға бағытталғанда – қулық, арамдық. Бастың
еңкейген кезінде тарылған көзқарас – еске түсіру.
3. Жұмылған көздер:
- өз-өзіне назар жинау;
- мұқият ойлау;
- ләззат;
- көздерді қысқа мерзімді жұму есепсіз келісім, түсіну көрінісі бола
алады.
4. Бір көзді қылиландыру, көз қысу:
- сенімен бәрі түсінікті!, Мен сенің ішкі дүниеңді көріп тұрмын;
- басқа біреумен құпиялы келісу белгісі;
- ойнақтау (кокетство) (сонымен бірге – басты қапталға еңкейту және
келісті күлімсіреу).
Марья Ивановна көздерін ойнақтатып, оларды шапшаң және тәкаппар
қылиландыра қарады (И.Бунин. На даче)
5. Қатты күштенген және біркелкісіз көзді ашып-жұму. (көздерін
жыпылықтату) – рухани бөгеттер, жағымсыз кездейсоқтықтар, қысымшылық,
жүйке тозу кездерінде.
Игнатий қолын алшақтатып, көздерін ашып-жұмды... – Бұл не деген
дәлел! (И.А. Бунин. На даче)
6. Көз жанарының үлкейуі немесе тарылуы қызығушылықтың күшейуі немесе
әлсіреуіне куа болады. Қорқу кезінде көз жанары үлкейеді, тыныштықта –
кішірейеді.
Мысалы еркектерге әдемі әйел суретін көрсету эксперименті кезінде,
олардың көз жанарлары екі есе үлкейген.
Ия, - деді Чичиков еріншектене. Оның көздері күндегідей емес
кішкентай болды. (Н.Гоголь. Мертвые душы)
7. Серіктеске толық беттегі тура көзқарас - әңгімелесушіні мойындау
оған қызығушылық.
8. Көзқарас болмысқа бағытталған, әңгімелесуші көзін өткір
әңгімелесушіні мүлде байқамау, сыйламағанда айқын ету. Мұндай көзқарас
басқаларды ең күшті түрде тепе-теңдіктен шығарады, жауапты агрессиялы
реакцияны тудыруы мүмкін.
Вазир Мухтар салмақты, анық емес мұқият назар аудара, Евнухтың
жанына немесе оған қадала қарады.(Ю.Тынянов. Смерть Вазир-Мухтара).
9. Иық арқылы қиғаш көз қарас-менсінбеу, жатырқау немесе бақылау,
абай болу.
Чичиков Собакевичке қиғаштап қарағанда, ол оған бұл кезде орташа
көлемді аюға көрінеді (Н. Гоголь. Мертвые души).
Бірақ қапталдан көзқарас есту қабілетінің бұзылуын білдіре алады, ол
кезде құлақты сөйлесушіге жақынырақ ұстауға тырысады.
10. Бос көз-қарас (Мен сізге қараймын, бірақ тыңдамаймын.) –
көздердің бірдей қозғалысының болмауы – адам ашық көзбен ұйықтауда, іш
пысырудың шет дәрежесі, толық жақындықсыз.
11. Еңкейген бас кезінде, төменнен көз қарас.
- Аз қиналғанда, бүгілген кезде – бағыныштық, қызмет көрсетуге
дайындық.
- Қиналғанда және маңдайдағы жеңіл вертикалды түр сызықтау кезінде
складкалар - өз пайдасына сай-сақтық, есті-есепті алынған тұрыс мәнері
(поза) жаулық мүмкін.
Ол (Софья Александровна) ақ басқан басын еңкейтіп, бауырына маңдай
астынан қарады, саусағын созды
- Сенің сәтің келгенде, Марк, сонда сен Сашаны есіңе аларсың,
ойланасың бірақ кеш болады. (А. Рыбаков. Дети Арбата).
12. Жоғарыдан төменге көз қарас – басымшылдық, тәкәпарлық, менсінбеу.
Сталин баяу көтерілді. Оның бойы кішірек болды, бірақ ол төменнен
емес, тіпті тура емес, ауыр түсірілген қабақтары арқылы қарады. (А.
Рыбаков. Дети Арбата).
13. Қашыңқы көз қарас – сыпайылықтан, кінә сенімнен немесе
қорқақтаудан өз-өзіне сенімсіздік. Танысулар кезінде, біреуінің берік
көзқарасы басқасының көздерін кетседе ұстай алмау немесе көзбен кездесуден
көшу үшін көздерді төмен түсіру жағдайларына тән

Кеше ғана көзге қарап еді,
Бүгін көзі қиғаш кетеді.

(М. Цветаева.)
Неге берген кезде көзге қарамайсың? Бірдеңені ұрладың ба? (М.
Булгаков. Мастер и Маргарита).
14. Көз бұрыштарынан тірілі көз қарас – жасырулы бақылау. Таныс емес
пәтерге кірген немесе оның бірден бағалауға тырысқан әйелдер де көруге
болады.
15. Мінезді, тән көз айналдыру – ситуация шыдамсыз іш пысыратындай
деген біреуге жасырын хабарлама.
16. Бекітілген, берік, тура көз қарас:
- Бір уақытта таралған, тесіпөтетін - сенбеуге негізделген сыни
тексеру, церемонсыздық, агрессияға дейін, Суық көз қарас, тергеушілер мен
жабысқыш кавалерлерде кездеседі.
Түсініксіздікті аяқтау үшін, Юрий Андреевич оған қарады да оны
жақындасуға ниетті жаятын суықпен соқты. (Б. Пастернак.Доктор Живаго).
Ол алапат дәл оның көзіне қарады; жеккөрушілікпен бұзылған өз ұлының
бетін тура алдына көру, оның күшінен жоғары болып шықты (С. Цвейг. Жгучая
тайна).
- есті есепті ашық – от пен суды өткен өз-өзіне сенімділігі.
Мейірімсіз мақсаттарға талпыныстың куәгері бола алады.
Ол (Сопронов) кезектеп бәріне тура жақын қарады әркімге құпиялы
мазақпен, тіпті аянышпен, өзінен басқа ешкім білмейтін өзіне тән бірдеңкені
білмегендей. (В. Белов. Конуны).
- Артқа шалқайған бас және күшейген мимика кезінде – жауапты шабуылға
дайындықпен қорғаныс.
Осы тәрізді көз қарас мәнін ашу адамның эволюциялық даму барысында
қалыптасты көптеген жануарларда, оның ішінде маймылдар да серіктесті кең
ашылған көзбен қараумен бірге тісті жалаңдату – қатер, қорқыту белгісі.
Керісінше көздерді қысқа мерзімге жұму – мимиканың бейбіттендірілуі
элементі. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бұқаралық коммуникация әлеуметтануы
Біріккен маркетингтік коммуникация жүйесі
Коммуникацияның теориялық әдістері
Қазақстандағы шетелдік компаниялардың қызметіндегі коммуникация процесін басқару
Коммуникация ұғымы
Коммуникация бағыттары
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары жайында
Қазақстан Республикасындағы саяси коммуникация: ерекшеліктері мен проблемалары
Мәдениетарлық коммуникация, оның түйінді ұғымдары
Тілдік қатынас: «коммуникация» термині
Пәндер