Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың теориялық негіздері



Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында және 2030 жылы Қазақстан экологиясы қандай болу керек екенін меңзеп «2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін болады» – деп атап көрсеткен болатын [4]. Бұл мақсатқа жету үшін жас ұрпақ табиғатты қорғаудың ғылыми негізін игеріп, меңгеруі қажет.
Жалпы үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі 1970 жылы БҰҰ деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) «Адам және биосфера» деп аталған бағдарламаны қабылдаудан басталады [5]. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама жасалып, экологиялық тұрғыдан кең сипатталған болатын. Ал 1971 жылы Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи орта және табиғат қорғау мәселелері қарастырылды. 1972 жылы Стокгольмде қоршаған ортаны қорғау жөнінде көпшілікке білім беру туралы конференция болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982ж), Беч (1983ж), Мәскеу (1987ж) т.б. қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.
1998 жылы қабылданған «Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасында»: «Қоғамның іргелі құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды – XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен әлеуметтік-экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді», – делінген [6].
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап тұрақты дамуының тұжырымы жатады. Бұл тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған қоршаған орта және даму «РИО-92» конференциясында қабылданды [7]. Тұрақты дамудың негізгі ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясы әзірлеп, оны 1993 жылы Сан-Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттері басшыларының бас қосқан конференциясында мақұлдады.

АУЫЛ МЕКТЕБІ ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
НЕГІЗДЕРІ

Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастырудың сипаты

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан-2030
стратегиялық бағдарламасында және 2030 жылы Қазақстан экологиясы қандай
болу керек екенін меңзеп 2030 жылғы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы,
жасыл желекті елге айналуы тиіс. Өндіріс қалдықтары мен радиация бұдан
былай біздің үйлеріміз бен бақтарымызға енбейтін болады. Біздің балаларымыз
бен балаларымыздың балалары кінәрәтсіз жағдайда толыққанды өмір сүретін
болады – деп атап көрсеткен болатын [4]. Бұл мақсатқа жету үшін жас ұрпақ
табиғатты қорғаудың ғылыми негізін игеріп, меңгеруі қажет.
Жалпы үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі 1970 жылы БҰҰ
деңгейінде ұйымдастырылған (ЮНЕСКО) Адам және биосфера деп аталған
бағдарламаны қабылдаудан басталады [5]. Онда алғаш рет халықаралық деңгейде
табиғат ресурстарын қорғау және оны тиімді пайдалану туралы бағдарлама
жасалып, экологиялық тұрғыдан кең сипатталған болатын. Ал 1971 жылы
Швейцарияда Еуропалық конференция өткізіліп, онда айнала қоршаған табиғи
орта және табиғат қорғау мәселелері қарастырылды. 1972 жылы Стокгольмде
қоршаған ортаны қорғау жөнінде көпшілікке білім беру туралы конференция
болды. 1977 жылы Тбилиси қаласында өткен БҰҰ жанындағы ЮНЕСКО және ЮНЕП
ұйымдары экологиялық білім беру туралы 40-тан астам шешімдер қабылдап, оның
ғаламдық стратегиялық жоспарларын бекітті. Экологиялық білім берудің одан
әрі даму кезеңдері атақты Найроби (1982ж), Беч (1983ж), Мәскеу (1987ж) т.б.
қалаларда өткен конференцияларда жалғасын тапқаны мәлім.
1998 жылы қабылданған Қазақстан Республикасында үздіксіз экологиялық
білім және тәрбие берудің ұлттық бағдарламасында: Қоғамның іргелі
құрылымынан қолдау тапқан экологиялық білім мен насихат қана жаңа адамды –
XXI ғасырдың азаматын қалыптастырады және аса күрделі, әрі шиеленіскен
әлеуметтік-экологиялық жағдайда іс-әрекет жасауға үйретеді, – делінген
[6].
Қазақстан Республикасында экологиялық білім берудің тұжырымдамалық
негізіне өркениетті елдің өзін-өзі қолдап тұрақты дамуының тұжырымы жатады.
Бұл тұжырымның негізі Біріккен Ұлттар Ұйымы ұйымдастырған қоршаған орта
және даму РИО-92 конференциясында қабылданды [7]. Тұрақты дамудың негізгі
ережелерін Біріккен Ұлттар Ұйымы комиссиясы әзірлеп, оны 1993 жылы Сан-
Францискода Біріккен Ұлттар Ұйымы мемлекеттері басшыларының бас қосқан
конференциясында мақұлдады.
Үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін құрудың мақсаты – ғылыми және
тәжірибелік білімнің бірлігі негізінде оқушылардың экологиялық көзқарасын
қалыптастыру, қоршаған ортаға жауапкершілікпен қарайтын құндылықты, мінез-
құлықты, іс-әрекетті қамтамасыз ету.
Егер оқушыларға жалпы экологиялық білім мен тәрбие берудің тарихи даму
жағдайына назар салсақ экологиялық білім берудің теориялық негіздері
орыстың табиғат зерттеушілері әрі көрнекті педагог ағартушылары В.
Белинский, А. Герцен, Н. Чернышевскийдің есімдерімен тығыз байланысты. Одан
соң А. Бекетов, К. Тимирязев, Д. Кайгородов т.б. ғалымдар табиғатты зерттеу
мен қорғау туралы мәселелерді көтерді.
XX ғасырдың орта шенінде педагогтар В. Натали, Н. Верзилин, В.
Корсунская т.б. экологиялық білім беруді география, биология пәндерімен
байланыстыра отырып оқытуды ұсынған.
1947 жылдардың өзінде-ақ көпшілікке экологиялық білім беру бұрынғы КСРО
бойынша оқу жүйесіне енгізіле бастады. Мәселен, 1947 жылы Белоруссия
мемлекеттік университетінде алғаш рет экология кафедрасы ашылды. Одақтың
көптеген оқу орындарында (Қазан, Мәскеу, Санкт-Петербург т.б.) Биосфера,
Экология, Табиғат қорғау сияқты экологиялық курстар оқу жоспарларына
енгізіліп, оқытыла бастады. Осы тұрғыда көрнекті педагог-ғалымдар И.Зверев,
С.Дрябь, Н.Суравегина, А.Захлебный тағы басқалар халықтық оқу жүйесіне
экологиялық білім берудің сан қырлы теориялық-тәжірибелік негіздерін
ұсынды.
Эколог ғалым А.К.Бродский, білімнің барлық салалары сияқты экология да
үздіксіз дамып келді, бірақ ол бұдан бұрын бірде тез, бірде баяу дамып,
ғылыми мәнге ие болмады. Егер тарихқа жүгінетін болсақ, экология дербес
ғылым ретінде шамамен 1900-шы жылдардан бастап қолданыла бастайды.
Экология терминін 1869 жылы неміс биологы Эрнест Геккель ұсынған болатын.
Экология сөзбе-сөз аударғанда тіршілік мекені туралы ғылым дегенді
білдіреді. Эрнест Геккель Экология деп, біз табиғат экономикасына қатысты
барлық білімдерді-жануарлардың оны қоршаған органикалық және органикалық
емес ортамен, әсіресе оның өзімен тікелей немесе жанама қатысатын
жануарлармен және өсімдіктермен өзара ынтымақтастық немесе қастастық
әрекеттерінің бар жиынтығын зерттеуді түсінеміз – деген анықтама берген
[8]. Экология ғылымына берілген көптеген анықтамалар бар. Мысалы, ағылшын
экологы Ч.Элтон Экология – бұл ғылыми-табиғи тарих, жан-жануарлардың
экономикасы мен социологиясына байланысты – десе, америка ғалымы Х.Б.Одум
Экология табиғаттың структурасы мен функциясын зерттейтін сала – дейді.
Отандық экологтардың бірі А.С.Данилевский: Экология экологиялық
жүйелердің құрылымы мен қызметі туралы және олардың гомеостазисін
қамтамасыз етуші механизмдер туралы ғылым деп анықтама берген.
Атақты эколог И.Д.Зверев Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты
оқушылардың қоршаған ортаға жауапкершілік пен іскерлік қатынасын
қалыптастыруды қамтамасыз ететін ғылыми білімдер, көзқарастар мен сенімдер
жүйесін қалыптастыру – деп көрсетеді [9].
Ал үлкен Қазақ кеңес энциклопедиялық сөздігінде: Экология – өсімдік пен
жан-жануарлар организмдерінің қарым-қатынасы мен олардың құратын
қоғамдастықтарының өзара және қоршаған ортамен байланысы – деген анықтама
берілген [10].
Ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде Экологиялық білім беру деп жеке
адамның ғылыми-білімдер жүйесі мен практикалық іскерлігін, өзін-өзі ұстау,
қызмет істеуге байланысты бағдар алатын игіліктерін, қоршаған әлеуметтік
табиғи ортаға жауапкершілігін қалыптастыратын, білім, тәрбие беру,
дамытудың үздіксіз процесі – делінген [11]. Экология түсінігі өте ауқымды,
сондықтан қай қырына баса мән берілуіне қарай, оның анықтамаларының
тұжырымдалуы да өзгеріп отырады. Жалпы алғанда эколог-ғалымдардың
экологиялық білім беру мәселесі туралы түсініктерінде бір-бірінен кереғар
алшақтық байқалмайды.
Дегенмен осы заманғы зерттеушілердің басым көпшілігі экология-
организмдердің тіршілік ету жағдайларын және организмдер мен олардың
тіршілік ету ортасы арасындағы өзара байланыстарды зерттейтін ғылым деп
есептейді.
Сонымен, экология гректің oikos– үй (тұрақ, тұрғылықты жер, баспана)
және logos – ғылым деген сөздерінің қосындысынан құралған. Бұл сөздердің
дәлме-дәл мағынасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ауыл мектебі оқушыларының экологиялық тәрбиесін қалыптастыру
Ауыл мектебіндегі оқушыларды оқыту үрдісінде экономикалық тәрбие беру
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларын еңбек тәрбиесіне тәрбиелеу (еңбек дағдысы)
Салт-дәстүрлер негізінде экологиялық тәрбие беру мәселесі
Ауыл мектебі оқушыларының агроэкологияльіқ дүние танымын қалыптастыру
Оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қазақтың ұлттық мұралары негізнде қалыптастыру.
Басатуыш сынып оқушыларын еңбекке баулу негізінде экологиялық мәдениетін қалыптастыру мазмұны және әдістемесі
Жоғары сынып оқушылардың кәсіптік бағдарын қалыптастыру жолдары
Қазіргі кезеңде оқушылардың рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру
Пәндер