Жұмыссыздық мәселесі және түрлері



Кіріспе
1. Жұмыссыздық және оның түрлері
2. Жұмыссыздардың сан жағынан көбейюі
3. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
4. Қазақстан Республикасында.халықты жұмыспен қамту туралы
5. Экономикалық цикл
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі
Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып отыратын – осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да, бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас. Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме?
Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не істеу қажет? Қиындықтан шығар жол – барлық облыстар мен қалаларда отандық өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа салар еді.
Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз курстық жұмысымда оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-жақты қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде мүмкін болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат етіп алдыма қоямын.
Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру.Оның құнын арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек нарығындағы саясатта жұмыс күшін салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс қалып отыр. Осының нәтижесінде, экономикадағы құрылымдық алға басушылық тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды. Бұл қазіргі кезеңде өте актуалды мәселе болғандықтан оны курстық жұмысымның тақырыбы ретінде алғаным сондықтан.
Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы Үкіметпен жыл сайын кәсіподақтар атынан келісімге отырады. Бұл келісімге отырудың негізгі мақсаты кәсіподақтардың жұмысын одан әрі жандандыру, олардың құқықтық базаларын жетілдіру, еңбек сақталуының дұрыстығын тексеруді мемлекет тарапынан үнемі қадағалап отыру, т.б.
Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек нарығы да жылдан-жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып, халықтың басым бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірақ көптеген кәсіпорындарда еңбек шартын бұзу, еңбек зңдылықтарын сақтамау, өздерінің лауазымдық міндеттерін асыра орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің құқықтарын шектеу, олардың әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді келеңсіз жайттар орын алуда. Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар тарапынан көптеп кездеседі. Олар тек еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай қойғанда, адам денсаулығына зиян келетін ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға, сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс уақытын пайдалануға жол беріп отыр. Себебі, елдегі арзан жұмыс күші және жұмыс орнына деген жұмыссыздар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдай жұмысшылардың жұмысынан айырылып қалмау үшін барлық шараларға көнуіне тура келеді.
1. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанов "Макроэкономика" Алматы, 2003
2. Сахариев С.С , Сахариева А.С. "Әлем экономикасы" 1,11 том Алматы, 2003
3. Сахариев С.С , Сахариева А.С. . "Жаңа кезең экономикалық теориясы" Алматы, 2004
4. Тарасевич Л.С. В.М., Гребенников П.И., Леусский А.И., Галыпин "Макроэкономика" Санкт-Петербург, 1997
5. Шеденов Ө.Қ., Жүнісов Б.А., Байжомартов Ү.С., Комягин Б.И. "Жалпы экономикалық теория" Алматы-Ақтөбе, 2002
6. Я. Әубәкіров, К.Нәрібаев , М.Есқалиев, Е.Жатқанбаев "экономикалық теория негіздері" Алматы, 1998
7. Н. Ә.Назарбаев Қазақстан-2030. Алматы: 1997.
8. Современная экономика. Учебник Ростов-на-Дону: 1998.
9. Экономикалық теория. Оқу құралы. Алматы: 1999.
10. Курс экономической теории.Под ред. Чепурина М.Н. Москва: 1995.
11. Экономикалық теория негіздері. Оқулық. Алматы: 1998
12. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие. Оқу құралы. Алматы: 2000

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе
1. Жұмыссыздық және оның түрлері
2. Жұмыссыздардың сан жағынан көбейюі
3. Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
4. Қазақстан Республикасында-халықты жұмыспен қамту туралы
5. Экономикалық цикл
Қорытынды
Қолданылған әдебиет тізімі

Кіріспе
Жұмыссыздық мәселесі адамдарды қор ететіні сөзсіз. Әр қоғамды алаңдатып
отыратын – осы. Сонда экономиканың дамуына кедергі болып отырған және оны
тежейтін не?- деген сұраққа жауаптардың ішінен бірінші орында болмаса да,
бірақ екінші орында жұмыссыздық мәселесі тұратынына ешкім таңқалмас.
Жұмыссыз адамнан бақытсыз жан жоқ. Өйткені табыс көзі жоқ адамда не үйі, не
киетін киімі, күнделікті тамағы да жоқ екенін көрсетпей ме?
Қоғамымыздың бір бөлігі күн санап дәулеті артып, байи түссе, екіншісі
барған сайын сіңірі шығып, кедейленуде. Бар мен жоқты теңестіру үшін не
істеу қажет? Қиындықтан шығар жол – барлық облыстар мен қалаларда отандық
өнім өндірушілердің қатарын көбейтіп, олардың ішкі нарықта үстемдік құруына
жол ашу болатын тәрізді. Сонда ғана олар сырттан тасымалданатын шетелдік
бұйымдарды ішкі нарықтан ысырып тастап, өнім өндірумен айналыса алады. Ал
отандық кәсіпорындар, ірілі-ұсақты тауар өндірушілер, қызмет көрсету саласы
өз деңгейінде, жұмыс істеп тұрса кедейшілік пен жұмыссыздық іргесін аулаққа
салар еді.
Бұл осы мәселені шешудің тек бір жолы ғана. Ал мен өз курстық жұмысымда
оның басқа да шешілу әдістерін және бұл мәселені мейлінше жан-жақты
қарастыруға, оның кешегі мен бүгінін салыстыра отырып ертеңгі күнде мүмкін
болатын жағдайын барынша нақты көрсетуге тырысып көруді басты мақсат етіп
алдыма қоямын.
Жұмыспен қамтудың еңбекке қабілетті адамдарды тиімді пайдалану, жұмыс
күшіне деген сұраныстың артуы, осы ұсынысты оңтайландыру.Оның құнын
арттырып, сапасын жақсарту сияқты маңызды өлшемдері мемлекеттік реттеу
шеңберінен тыс қалып келді. Ал еңбек нарығындағы саясатта жұмыс күшін
салалар, кәсіптер мен аумақтар бойынша тиімді етіп қайта бөлу ісі де тыс
қалып отыр. Осының нәтижесінде, экономикадағы құрылымдық алға басушылық
тежелуде, еңбек өнімділігі төмендеп, адамның тиімді еңбекпен өзін және
отбасын қамтамасыз ету мүмкіндігі азаяды. Бұл қазіргі кезеңде өте актуалды
мәселе болғандықтан оны курстық жұмысымның тақырыбы ретінде алғаным
сондықтан.
Бүгінгі күні Қазақстан кәсіподақтары Федерациясы Үкіметпен жыл сайын
кәсіподақтар атынан келісімге отырады. Бұл келісімге отырудың негізгі
мақсаты кәсіподақтардың жұмысын одан әрі жандандыру, олардың құқықтық
базаларын жетілдіру, еңбек сақталуының дұрыстығын тексеруді мемлекет
тарапынан үнемі қадағалап отыру, т.б.
Ел экономикасының алға ілгерілеп дамуымен қатар еңбек нарығы да жылдан-
жылға дамып, жаңа жұмыс орындары ашылып, жұмыссыздық азайып, халықтың басым
бөлігі тұрақты жұмыспен қамтылуда. Бірақ көптеген кәсіпорындарда еңбек
шартын бұзу, еңбек зңдылықтарын сақтамау, өздерінің лауазымдық міндеттерін
асыра орындау, жұмысшылар мен қызметкерлердің құқықтарын шектеу, олардың
әлеуметтік жағдайларына көңіл бөлмеу секілді келеңсіз жайттар орын алуда.
Әсіресе, бұл жағдайлар мұнай-газ, құрылыс, тау-кен өндірісі, өнеркәсіп
салаларында қызмет ететін шетелдік фирмалар тарапынан көптеп кездеседі.
Олар тек еңбекақы дұрыс есептелмеуін былай қойғанда, адам денсаулығына зиян
келетін ауыр жұмыстарды қолмен атқаруға, сондай-ақ мөлшерленбеген жұмыс
уақытын пайдалануға жол беріп отыр. Себебі, елдегі арзан жұмыс күші және
жұмыс орнына деген жұмыссыздар арасындағы қатаң бәсекелестік жағдай
жұмысшылардың жұмысынан айырылып қалмау үшін барлық шараларға көнуіне тура
келеді.
Ендігі жерде кәсіподақтардың қызметін жандандыра отырып, оларға
мемлекет тарапынан қолдау көрсетіп, жоғарыда аталған кемшіліктерге жол
бермеу, оларды жою жұмыстарына белсене араласуына жағдай жасау қажет.
Себебі, біздер өркениетті дамыған ел қатарына демократиялық жолмен дамудың
арқасында қол жеткіземіз десек, сол жолдардың бір тармағы – еңбек нарығын
тек мемлекет тарапынан ғана реттеп қоймай, осы кәсіподақтар қызметін
жандандыра отырып, олардың еңбек нарығының одан әрі қалыпты дамуына
үлестерін қосу.

Жұмыссыздық және оның түрлері
Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептерін талдай отырып, оның
әртүрлі нысандары тудыратын нақты факторларды қарайды. Жұмыссыздықтың
мынадай сан алуан нысандары болады: жасырын, фрикциондық, маусымдық,
құрылымдык, технологиялык және т.б. осыларға толық тоқталайық.
Жасырын жұмыссыздық - өндіріс пен мемлекеттік аппаратта артық жұмыскерлерді
қолданған жағдайда орын алады. Шын мәнінде, олардың жұмысын аз ғана жұмыс
күшімен орындауға болады.
Фрикциондық жұмыссыздық — еңбек нарығында бос жұмыс күші туралы ақпарат
жоқтығының нәтижесінде болады.
Маусымдық жұмыссыздық - ауыл шаруашылығының кейбір салаларында, әсіресе
қайта өңдеу өнеркәсібінде, жұмыс күші тек маусымдық кезеңде колданылғанда
болады.
Құрылымдық жұмыссыздық - өндіріс қаутының жетіспеуінің нәтижесінде, сондай-
ақ жынысының, жасының, ұлтының және басқа жеке қасиеттерінің
ерекшеліктеріне байланысты жұмыс таба алмаған жағдайда болуы мүмкін.
Технологиялық немесе өшпелі жұмыссыздық — адамды машиналармен ауыстыру
Нәтижесінде болады, ол жұмыскердің кәсібін өзгертуді немесе басқа
мамандықты игеруді қажет етеді.
АҚШ конгресінің экономикалық статистика комиссиясының жүргізген
зерттеулерінің мәліметі бойынша, казір шет елдерде жұмыссыздықтың 70-ке
жуық нысандары және олардың болуыыың ерекше себептері де бар екен. Батыс
елдерінің мамандары жұмыссыздықтың нысандарын екі үлкен негізгі топқа
бөледі:
1. жиынтық сұранымның жетіспеуіне байланысты болатын, соның ішінде ең
алдымен, циклдық жұмыссыздықты жатқызады;
2. жиынтық сұранымның өзгеруіне байланыссыз болатын
жұмыссыздықты жатқызады.
Біздің елдегі жұмыссыздыктың негізгі нысандары - жасырын және фрикциондык
болып табылады. Нарық қатынастарының қалыптасу барысында, жасырын
Жұмыссыздық ашық жұмыссыздыққа айнала басгады. 1992 жылы жасырын
жұмыссыздықтың ауқымы кеңи түсті. Осы аталған жылдың желтоқсан айының
өзінде-ақ 138 мыңға таяу адамы бар 160 кәсіпорындар жұмыссыз тоқтап
тұрды. Осындай кәсіпорындардың
2000-нан астам жұмыскерлері еңбектен босатылды, 25000 адам еріксіз
демалысқа жіберілді.
Жұмыссыздық зардабын бәсеңдететін факторлардың бірі - ғылими-
техникалык өрлеу, жаңа қосымша жұмыс күшін қажет ететін өндіріс түрлері мен
шаруашылык салаларын тудырады, ол материалдық өндіріс саласында еңбек етуге
қабілеті бар тұрғындарды жұмыспен қамтамасыз етуді көбейтеді. Жалпы, ғылыми-
техникалык революция жағдайында жұмыспен камтуды тұрақты түрде өсіру
негізінен, өндірістік емес салалардың дамуы арқылы жүзеге асырылады. Оның
ұлғаюы, тұрғындардың әр түрлі қызмет түрлеріне деген шығынының тез өсуімен
және халық шаруашылығының орташа көрсеткішіне қарағандағы жоғары еңбек
ауқымдылығымев сипатталады.

Жұмыссыздардың сан жағынан көбейуі
Қазақстан Республикасының 1991 жылдың шілде айында "Халықты жұмыспен
камтамасыз ету" туралы заң қабылданған болатын. Алайда, ол заң елімізде
болып жатқан сан қилы өзгерістерге байланысты жарамсыз болып қалды.
Сондықтан біз өркениетті елдердің тәжірибесіне сүйене отырып, осыдан үш жыл
бұрын жаңа заңньң жобасын "Еңбек" министрлігі арқылы Парламентке ұсынған.
Ол заң мәжілісте талкыланып, кабылданды. Ұсынған сол жобада мекемемізге
тіркелу мәселесі біршама оңайлатылған. Баяғыдай құжат жинауға уақыт
кетпейді, әрбір келушінің төлқұжаты мен жұмыстан не үшін босатылғандығы
туралы анықтама кағазы болса жетіп жатыр.

Жұмыспен қамту саясаты және еңбек нарығы
Адамзат тарихының тәжиребесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы,
яғни талаптануы- тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске
асырылатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз-ең алдымен жұмыс күшіне
сұраным әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу, оны -
әкімшілдік- әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін
еңбек - бұл тиімді экономиканың негізі.
Осы уақытқа дейін біздің елімізде еңбек нарығы болмады. Мамандарды
қайта дайындаудың тым қарапайым жүйесінің болуы тұрғындарды толық, бірақ
тиімсіз түрде жұмыспен қамтуға жағдай туғызды , өмір сүру ресурстарын
бөлуге теңгермеушілікке жол берді. Ал ол белгілі бір дәрежеде қоғамның
өндіргіш күштерінің дамуын тежеді. Әімшілдік- әміршілдік басқару жүйесі
жағдайында мемлекет, жұмыспен толық қамту мәселесін өндіргіш күштерді
орналастыру бағдарламасына сәйкес орталықтандырылған жоспар бойынша,
өндіріс салалары мен аймақтарына бөлу аркылы шешіп отырады. Жаңа жұмыс
орындарын жасау, еңбек етуге қабілеті бар тұрғындардың санынан асып кетіп
отырды, ал ол өз кезегінде жұмыс күшінің тапшылығын тудырды , және де бұл
кадрлык экстенсивті типтегі шаруашылык механизмнен колдау алып отырды:
кәсіпорынның жалақы қоры жұмыскерлердің санына тәуелді болды, олардың
санының өзгеріп отыруы еңбек өнімділігінің төменділігінің және
жұмыскерлерді өндірісті негізгі жұмыстарынан ауыл шаруашылык және басқа
жұмыстарға пайдаланудың орнын толтыруға тиіс еді. Оның есесіне, жұмыскерге
белгілі бір жұмыс орнына ие болуға нактылы кепілдік берілетін және оны
жұмыстан шығару іс жүзінде болмады. Соның нәтижесінде , жұмыс күшіне деген
сұраным еркіндігі қатаң шектеледі. Мемлекет жұмыскерлердің белсенділігі мен
қозғалысына қатаң бақылау жасап отырды, оларды өздерінің жұмыс күшін
қолдануға тек қана мемлекет белгілеген еңбек нысандарының шеңберінде ғана
рұқсат етілді.Қазіргі жұмыспен камтамасыз ету салаларында өндіріске қажетті
жұмыс күші мен олардың жұмыс жағдайына қоятын талабы арасында елеулі
қайшылықтар бар.Оның шиеленісуі кадрлардың тұрақсыздығынан
көрінеді.миллиондаған адамдар, өздерінің экономикалық және әлеуметтік
жағдайларын жақсарту мақсатында, жұмыс орнын ауыстырамын деп біраз уакыт
жұмыссыз қалды. Ол көбінесе 2 айдан 6 айға дейін созылады. Сонымен бірге
миллиондаған дипломы бар адамдар да оңай дайындық деңгейін талап етпейтін
кызметтерде жұмыс жасайды, ал бұл - кұрылымдық, яки салалық жұмыссыздықтың
орын алып отырғанын көрсетеді.Бұл жағдайлар қазірде нарықты экономикаға өту
кезеңін басынан кешіріп жатқан біздің елімізге де тән бола бастады. Атап
айтсақ-бұл процесс өте шиеліністі жағдайда өтуде. Мемлекетсіздендіру және
жекешелендірудің Нәтижесінде көп укладты экономика орнығуда, ал ол өз
кезегінде мемлекеттік секторда жұмыспен тұрақты түрде қамтылған
жұмыскерлердің босауын жеделтуде. Кәсіпкерліктің және басқа да шаруашылық
нысандарының баяу қалыптасуы жұмыстан босап қалған жұмыскерлерді жұмыспен
қамтамасыз етуге мүмкіндік бермей отыр. Қалыптасқан шаруашылық
байланыстардың үзілуі соның салдарынан шикізаттың және жабдықтардың өндіріс
қуатын толык пайдалануына көптеген кәсіпорындардың банкротқа ұшырауына
әкеліп соқтыруда. Қорыта айтқанда, жұмыссыздық нарықта экономикаға тән
құбылыс болып табылады. Бірақ ол әр елдің ішкі жағдайына байланысты,
белгілі бір мөлшерде болады. Егер жұмыссыздар сол мөлшерден асып немесе
кеміп кетсе, нарықты экономика залалын келтіреді. Ал ол қажетті деңгейде
тұрса, онда экономиканың тиімді дамуына қолайлы жағдай жасайды.
Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамту жағдайына шолу жасасақ, еңбек
ресурстары 1992 жылы 9,4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы
санынан ол 17 миллион адам, 55 % - ін құрады. Халық шаруашылығы
қызметінің барлық салаларында 7,4 миллион адам жұмыспен қамтылған
олардың 6 миллионға таяуы немесе 81%- ы экономиканың мемлекеттік секторында
жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындардың әлі де басым екендігін, яғни
нарық механизміне тән еңбекпен камту қатынастарының калыптасуының өте баяу
жүріп жатқандығын көрсетеді. Сонымен қатар, казіргі еңбекпен қамту
қатынастары әкімшілік экономика жағдайында калыптаскан жұмыспен қамтамасыз
ету қатынастарының терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің коғам әкімшілдік
басқару жүйесі жағдайында халықты толық әсіресе тиімді еңбекпен қамту
мәселесін шеше алмады. Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол -халық
шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілеті бар халыкты жұмыс орындарымен
қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз-қоғамдық қажеттіліктерді
минималды еңбек шығындармен қанағатгандыру.
Өндірісі дамыған батыс елдерінің тәжірибесі, тиімді еңбекпен қамту,
тек еңбек нарығы өмір сүрген жағдайда ғана болатындығын көрсетті. 1991 жылы
еңбекпен қамту кызіметіне жұмыс іздеп жүрген 185 мың адам өтініш білдірді,
оның 75 мыңы еңбек биржасы арқылы жұмысқа орналасты. Сол жылы бірінші 4 мың
адам жұмыссыз деп тіркелді, оның 75 пайызы әйелдер болды. Ал 1992 жылы
ресми түрде 70,5 мың адам жұмыссыз деп тіркелді. Олардың 54 пайызы
жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алады. Жұмыссыздардың 80 пайызына дейінгісі
әйелдер ал олардың жартысына жуығы 29 жаска дейінгі жастар еді. Әрбір
жұмыссыздың бесіншісі жоғары білімді, әр екіншісі - орта кәсіпті маман, әр
үшіншісі-жалпыға бірдей орта білімді.Болжаммен, үстіміздегі жылдың аяғына
қарай Қазақстанда тіркелген жұмыссыздардың саны 250-500 мың адам болуы
мүмкін деп күтілуде. Сондықтан мемлекет дүниежүзінде жинақталған тәжірибеге
сүйене отырып, бұл процесті реттеуді үйрену қажет.
Қазақстан Республикасында халықты жұмыспен қамту туралы
Осы мәселе туралы Қазақстан Республикасы заңына сәйкес , жұмыстан
босап қалып, жұмыссыз деп тіркелген азаматтарға бұрынғы жұмыс орындағы
негізгі жалағысының 50 пайыздан кем емес мөлшердегі, бірак республикада
калыптасқан орташа жалақы мөлшерінен жоғары және өмір сүру минимумынан
төмен болмайтын жәрдем ақша беруге кепілдік береді.
Олармен бірге мемлекет жұмыс күшінің ұсынымын азайту үшін иммиграцияны
шектеу, шетел жұмысшыларының репартиясын ынталандыру, жұмыс аптасының
ұзақтығын қысқарту, жұмыс орнын бөлу және мерзімнен бұрын құрметті
демалысқа шығару сияқты жұмыспен камту саясатын жүргізеді. Мемлекет қосымша
жұмыс орындарын жасау үшін каржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп
жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар, жұмыссыз
болатындарға үнемі жәрдем көрсетеді. Еңбек нарығы- барынша күрделі және
жетілмеген нарық түрі болып табылады. Өзінің жұмыс күшін ұсынатындар
әдетте, олардың еңбекке деген сұранымынан хабардар бола бермейді, олар
тіпті өздерінің тұратын қала шеңберіндегі бос жұмыс орындары туралы да
білмеуі мүмкін. Ал басқа аймақтардағы жұмыс орны туралы одан да аз біледі.
Еңбек нарығы да басқа нарықтар сияқты сұраным, ұсынымның және тепе-тендік
жағдайымен сипатталады.
5.Экономикалық цикл

Тұрақсыздық рыноктық экономикаға тән сипаттардың бiрi. Оған
экономикалық циклды қалыптастыратын өрлеу де, құлдырау да тән. Экономикалық
дамудың циклдық заңдылықтарын зерттеу-макроэкономикалық талдаудың құрамдас
бөлiгiнiң бiрi болып табылады. Экономикалық цикл дегенiмiз - бұл
экономикада қысқа және ұзақ мерзім аралығындағы өндіріс, жұмыспен қамту
және табыс мөлшерi деңгейiнiң үнеміi ауытқып отыруы.
Экономиканың циклдың дамуының себептерi: автономды инвестициялардың
азаюы, ақша массасының ауытқуы, негiзгi капиталдың жаңартылуы,
мультипликатор жерiнiң әлсiреуi және көптеген экономистердiң пiкiрлерi
бойынша ең маңызды себеп - тұтыну мен инвестиция арасындағы ауытқудың
болуы. Макроэкономикада экономикалық циклдың интегралды теориясы жоқ, сол
себептi түрлi бағыттар мен мектеп экономистерiнiң циклдың болу себептеріне
байланысты әртүрлi көзқарастары бар.
Қазiргi жағдайда экономикалық циклдың мән - мазмұны өзгердi. Ол,
бiрiншiден, экономикалық белсендiлiктiң ауытқуының азаюы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жастардың жұмыссыз қалуы оңай
Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесі
Жұмыссыздық түсінігі және оның түрлері
Жұмыссыздықтың мәні, түрлері және себептері.ҚР жұмыссыздықпен күресу шаралары.
Жастар және жұмыссыздық мәселесі
Жалпы жұмыссыздық
Жұмыссыздық деңгейін өлшеу мәселесі
ҚР жұмыссыздық себептері мен формалары
Жұмыссыздық жағдайын зерттеудің теоритикалық әдітемелік негіздері
Жүмыссыздық туралы жалпы түсінік және оның теориялары
Пәндер