Несие жүйесі. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі тенденциялары



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І БӨЛІМ. НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ
1.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8

ІІ БӨЛІМ. БАНК ЖӘНЕ БАНКТЕН ТЫС МЕКЕМЕЛЕРДІҢ НЕСИЕЛЕРІ МЕН ЗАЙМДАР ЕСЕБІ
2.1. Банк мекемелері несиелерінің есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
2.2. Қаржы есептілігін ұсынудың негізгі принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ІІІ БӨЛІМ. ӘЛЕМДЕГІ БАНКТІК НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26

Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен, басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән. Несиелеу операцияларының құқықтық-ұйымдастыру формаларының жүзеге асырылуынан, несиелеудің формалары мен әдістерінің және несиелеу қатынастарының, ұйымдастыру құрылымының өзгеруінен несиелеу жүйесінің жұмыс істеу механизмі әрқашан өзгеріп отырады.
Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады, себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды, банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді.
Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты:
I-деңгейде – Қазақстанның Ұлттық Банкі;
II-деңгейде – коммерциалық банктер және басқа да жекелеген банк операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұымдары.
Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзінің орны ерекше. Несиенің дәл әрі нақты талданып, несиелеу кезеңдері көрсетілген. Несиелік механизм туралы да аз жазылған жоқ. Банктің несие беру процессі, банктің несиесі және де оның экономикалық мағынасы ауқымды түрде жазылды. Үшінші бөлімде әлемдегі банктің несие жүйесін мысал ретінде жаздым.
1. “Қазақстан Республикасындағы Ұлттық банк туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (соңғы өзгерістер мен толықтырулары есепке алғандағы). 30.03.95.
2. “Қазақстан Республикаындағы банктер банктік қызмет туралы” ҚР Президентінің заң күші бар жарлығы (соңғы өзгерістер мен толықтырулары есепке алғандағы). 31.08.95.
3. Қазақстан Республикасының экономикасын қысқа мерзімді несиелеу ережесі. 11.02.94. ҚР Ұлттық Банк басқармасы бекіткен (хаттама№4).
4. Программа дальнейшего реформирования банковской системы РК. В 1996-1998 годах.
5. Банова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. В М-97
6. Банковское дело /Под ред. Г.С. Сейткасымова – Алматы: “Қаржы-қаражат”, 1998
7. М.Блауг “Экономическая мысль в ретроспективе” стр.183-184. Валютно-банковская политика. Джон Стюарт Миль 3гла 22и24
8. Информационно – аналитический сборник. Казахстан 91-2001. Султанбеков 408 стр.
9. Ақша. Несие. Банктер: оқулық. Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейтқасымов. Алматы – Экономика, 2001- 466 бет
10. Досқалиев С.Ә. “Қазақстанның халықаралық қатынастар” Алматы, 1997ж
11. Ақше. Несие. Банктер.Валюта қатынастары. Оқу құралы/ Көшенов Б.А. Алматы,- экономика, 2000 – 328бет.
12. Шаров “ Производство потребительских кредитов” //Деньги и кредит, 1990, №10.
13. Мақыш “ Коммерциялық Банктер операцияоары” С.Б. Мақыш – Алматы, Қазақ Университеті. 2007ж – 229б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І Бөлім. Несие жүйесі
1. Несие жүйесінің ұғымы және оның
құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
2. Несиелеу объектілері мен
субъектілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

ІІ БӨЛІМ. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелері МЕН ЗАЙМДАР есебі
2.1. Банк мекемелері несиелерінің
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ..11
2.2. Қаржы есептілігін ұсынудың негізгі
принциптері ... ... ... ... ... ... ... ... .15

ІІІ Бөлім. Әлемдегі банктік несие жүйесі дамуының қазіргі
тенденциялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..21
3.1. Қазіргі несиелеу жүйесінің ерекшеліктері
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..23

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

Қолданылған әдебиеттер
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ..28

Кіріспе

Шаруашылық құрылымдардың дамуында кәсіпорындар, ұйымдар мен халықты
несиелеуді ұйымдастыруда несие жүйесі маңызды рөл атқарады. Ақша-несие
механизімінің үздіксіз және нәтижелі жұмыс істеуінен бірлі шаруашылық
ұйымдары ғана емес, түгел елдің экономикалық дамуы да тәуелді. Сонымен
қатар, несиелеу жүйесінің эволюциясы мемлекеттегі экономикалық жағдаймен,
басқарушы формалары мен механизімімен анықталады. Әрбір халық
шаруашылығының тарихи-экономикалық даму сатысына жекелеген экономика
салаларының қаржы-несие қызмет көрсету қажеттіліктерін қанағаттандыратын
өзінің несиелік ұйымдастыру,несиелеу жүйесінің құрылымы тән. Несиелеу
операцияларының құқықтық-ұйымдастыру формаларының жүзеге асырылуынан,
несиелеудің формалары мен әдістерінің және несиелеу қатынастарының,
ұйымдастыру құрылымының өзгеруінен несиелеу жүйесінің жұмыс істеу механизмі
әрқашан өзгеріп отырады.
Несиелік жүйелерді жүзеге асыру 1987 жылдан басталды. Несие жүйесінің
құрылымын ұйымдастырғанда банк рөлінің жоғарылауы, олардың халық
шаруашылығының дамуына оңтайлы әсері, несиенің әрекет ететін “экономикалық
тұтқаға” айналуы алдын ала көзделген еді. Гүлдендірудің басты мақсаты
банктерді шаруашылыққа жақындату болды. Қайта ұйымдастыру белгілі дәрежеде
банктердің жұмысын жақсартты. Бірақ бұл жағдайды түбірімен өзгерте алмады,
себебі ол шын мәнінде экономикалық қатынастардан тыс болды. Түп негізінде
несиелік қатынастар өзгерген жоқ: жартылай автоматты түрде несиелеу
жалғастырылды, несиелік ресурстарды әкімшілік әдістермен бөлу сақталды,
банктік жүйенің монополистік құрылымы жойылған жоқ, тек ведомстволық
принципке сәйкес маманданған банктердің әсер етуші салаларының бөлінуі
байқалды. Бұл олардың арасындағы бәсекелестіктің болдырмауына жол берді.
Банктік реформаның екінші сатысында тек банк құрылымы қайта
ұйымдастырылып қана қоймай, несие қатынастар механизмі мен несиелеу
қызметтерінің әдістерінде терең өзгерістер орын алды. Нәтижесінде
Қазақстанда заңды түрде екі деңгейлі банк жүйесі қалыптасты:
I-деңгейде – Қазақстанның Ұлттық Банкі;
II-деңгейде – коммерциалық банктер және басқа да жекелеген банк
операцияларын жүзеге асыратын несие-қаражат ұымдары.
Курстық жұмыс үш үлкен бөлімнен тұрады. Әр бөлімнің өзінің орны
ерекше. Несиенің дәл әрі нақты талданып, несиелеу кезеңдері көрсетілген.
Несиелік механизм туралы да аз жазылған жоқ. Банктің несие беру процессі,
банктің несиесі және де оның экономикалық мағынасы ауқымды түрде жазылды.
Үшінші бөлімде әлемдегі банктің несие жүйесін мысал ретінде жаздым.

І Бөлім. Несие жүйесі
1. Несие жүйесінің ұғымы және құрылымы

Нарықтық экономикада несие – банк жүйесі маңызды рөл атқарады. Ол
арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар
мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың
жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын
капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру,
делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды
орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезеқте саналатын несие жүйесі оған
тұрақты және елеулі ықпал етеді. Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың
ауқымын кеңейтіп, өндіріс тиімділігінің өсуін қолдай отырып ақшалай
қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің рөлі мен маңызы келесідей бірқатар көрсеткіштермен
сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен
ұйымдардың негізгі және айналым капиталын қалыптастыруға банктегі
қарыздардың үлесі, жалпы төлем айналымы және т.б.
АҚШ несиелік қатынастардың даму дәрежесі бойынша, шаруашылықтың
өндірістік және өндірістік емес саласын банк саласының қамтуы, несиелік
мекемелердің көп түрлілігі мен көп тараптылығы жағынан, қаржы капиталы
талаптарының қуаттылығы бойынша әлемнің басқа да елдерін артқа қалдырады.
Американдық несие жүйесінің ауқымы туралы кейбір мәліметтер төмендегідей
көрсеткіштерді беруі мүмкін. Несиелік мекемелер арқылы қолма-қолсыз ақша
жолымен жүзеге асырылатын жылдық төлем айналымының басым бөлігі 80-
жылдардың басында 60-65 трлн. доллар соммасында бағаланған.
Американдық шаруашылықта пайдалынатын ақшалай капиталдың орта есеппен
¾ бөлігі несие жүйесі арқылы өтеді. Несиелік мекемелер арқылы жұмылдырылған
ақшалай қаражаттардың орташа жылдық саласы 1989 жылы 700 млрд. долларды
құрады.
Несие жуйесінің өз қызметтерін орындауы барысында несиелік қатынастар
туындайды. Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтап, оны қайтару және ақы
төлеу шартында қайта бөлуге байланысты несиелік мекемелермен әр түрлі
субьектілер арасындағы экономикалық байланыстар несиелік қатынастардың
мазмұнын анықтайды.
Бірақ, несиелік қатынастар мазмұны тек қана ақшалай капиталды
жинақтап, оны заңды және жеке тұлғаларға уақытша пайдалануға берумен ғана
тұрмайды. Несиелеу процесінде ұлғаймалы ұдайы өндірістік айналымы үшін
төлем құралдарының қосымша массасы құралады. Төлм айналымының аса ауқымды
ағыны төлем төлеушілер мен мекемелер және соңғылары мен алушылар арасында
экономикалық қатынастарды қалыптастырумен қатар, несиелік қатынастар
мазмұнын толықтыра отырып, несие жүйесі арқылы өтеді.
Несие екі формада болады: тауарлық және ақшалай. Тауар несиесі
коммерциялық несиенің бірінші негізін білдіреді. Шаруашылық жүргізуші
субьектілердің бір-біріне қарыз беру барысында, аталған несие формасында
ақшалай формада қайтарылады. Өйткені, алкшы субьект несие беруші тауар
несиесін алғанын куәландыратын вексальді, сондай-ақ салынған мүлік туралы
парқты немесе басқадай құжаттарды береді. Бұл тұста несиелік қатынастар
субьектілеріне- шаруашылық жүргізуші субьектісі және банк жатады. Несиелік
қатынастардың мпзмұнындағы өзгерістер нәтижесінде тауар формасындағы несие
ақшалай формаға қайта ауысады. Сөйтіп, тауар формасы негізінде несиенің
ақшалай, ең бастысы банктік формасы пайда болып дамиды.
Несиелік қатынастар мен несие фрмаларының және несиелік мекемелердің
жиынтығы кең мағынада несие жүйесі ұғымын құрайды.
Ал несие жүйесі тар мағынасында – бұл несиелік есеп айырысу
қатынастарын ұйымдастырушы, елдегі ақша айналысын реттейтін және бақа да
ұаржылай қызмет көрсететін несиелік мекемелер торабы болып табылады.
Басқаша айтқанда, несие жүйесі банктік және басқа да мекемелердің
жиынтығын – несиелік операцияларды жүзеге асыру және олардың құқықтық
формаларын ұйымдастыруы арқылы сипатталады. Несиелік қатынастарды
ұйымдастыруда: банктік жәңе банктік емес институттар шеңберінде екі жүйені
бөліп қарастырады. Соған сәйкес несие жүйесінің екі негізгі буыны
қалыптасады: банктік және мамандырылған несие-қаржы мекемелері.
Бірлескен несие жүйесінің күрделі, көп буынды құрылымы болады. Егер де
несиелік мекемелердің өз клиенттеріне көрсететін қызметтерінің жіктелуін
негізге алатын болсақ, онда қазіргі несие жүйесінің үш маңызды элементін
бөліп қарастыруға болады:
• Орталық (эмиссиялық) банк;
• Коммерциялық банктер;
• Мамандандырылған несиелік мекемелер: (сақтандыру, жинақтық,
ипотекалық, сенімгерлік (трастовый) және т.б).
Қазақстан республикасындағы екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ)
несиелік профелі.
Банктердің несиелері әкономиканы тұрақтандыруда ең маңызды фактор
болып табылады. Сондықтан да, қазіргі таңда банктік несие формасының рөлі
арта түседі. Сонымен 1-кестеде берілген екінші деңгейдегі банктердің
несиелік портфелі құрылымына экономиканың салалары бойынша соңғы үш жылдағы
берген несиелеріне талдау жасайық.
Экономика салалары бойынша берген екінші деңгейдегі банк несиелері*.
1-кесте
Экономика салалары 01.’01 01.’01 01.’01 199897 199998
1997 1998 1999 өсуі (+;-)өсуі (+;-)
барлығы 48040.4 80478.7 85709.2 1.2 1.4
Соның ішінде:қысқа 31718.2 41124.4 50557.5 1.3 -1.2
мерзімді несие
өнеркәсіп 8841.3 13735 11907.1 1.6 -1.2
Ауыл шаруашылығы 1449.7 11604.8 35551.2 8 -3.3
Құрылыс 1299.5 1789.2 1558.9 1.4 -1.1
Көлік 615.5 41.2 1569.9 -15 38.1
Байланыс 38.5 1058.4 750.9 27.5 1.4
Сауда 5691.8 10035.3 17927 1.8 1.8
Басқалары 13781.9 12861 13293.2 -1.1 1
Орта және ұзақ 16331,2 19354,3 35151,7 1,2 1,8
мерзімді несие
Өнеркәсіп 7974,3 9591,2 9840,8 1,2 1
Ауыл шаруашылығы 1272,1 2187,7 5491,3 1,7 2,5
Құрылыс 1117,3 480 400,7 -2,3 -1,2
Көлік 392,4 2231,7 3119,8 5,6 1,4
Байланыс 54,4 441 639,1 8,1 1,4
Сауда 2,3 650,8 4232 282,9 6,5
Басқалары 5518,4 3771,9 11428 -1,5 3

Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С.Б Мақыш – Алматы, Қазақ
Униерситеті 2002ж-120бет.
*- ҚР Ұлттық банктің статистикалық бюллетен
**- Мерзімі өткен ссудаларды есепке алғанда.

Келтірілген 1-кесте мәліметтеріне қарап, банктердің экономика
салалары бойынша берілген несиелердің жалпы сомасы 1997 жылдың басында
48049,4 млн теңгені құраса, ал 1998 жылдың басына бұл сома 1,2 есе артып,
60478,7 млн теңгеге жетеді. Жыл бойынша банк несиелерінің көлемі 1,4 есе
ұлғайып, 1999 жылдың қаңтар айына – 85709,2 млн теңгені құрайды.

Берілген несиелердің мерзіміне қарай үлесін анықтасақ, қысқа мерзімді
несиелер:01.01.97 жылы – 66%-ды(31718,2 млн т), 01.01.98жылы – 68%(41124,4
млн т) және 01.01.97жылы – 59% (50557,5 млн т) құрайды. Қысқа мерзімді
несиелер көлемі соңғы жылы азайғандығын көреміз.

Сондай-ақ орта және ұзақ мерзімді несиелер үлесіне: 01.01.97жылы-
34%(16531,2 млн т), 01.01.98ж – 32%(19354,3 млн т) және 01.01.99ж – 41%-
ды(35151,7 млн т) тиеді.Орта және ұзақ мерзімді несиелердің соңғы
жылдардағы динамикасы олардың өсіп отырғандығын көрсетеді.

2-кесте
Н ИерархМекеме Бөлімшелер Мекеменің қызметі
Е ия аты аттары
С деңгі
И
Е
Ж
Ү
Й
Е
С
І
Банк I Ұлттық Орталық аппарат 1.ақша айналысын және
жүйесі банк Ұлттық банктің қолма-қол ақшасыз есеп
облыстық айырысуы.
басқармалары 2.Үкіметке несие-есеп
айырысу қызметін
көрсету.
3.Алтын-валюта резервін
басқару.
4.Ақша-несиелік реттеу
II 1.ЕДБ Орталық аппарт. Клиенттерге несие-есеп
Филиалдары. айырысу қызметін
Өкілдік. кешенді түрде көрсету.
Еншілес банкі.
Бөлімшелері Банк көрсететін
қызметтің жекелеген
түріне ғана маманданған
2.Маман-
данған
банктер
Пара- III Маман-даОрталық Маманданған несие-есеп
банк нды-рылғаппараты. айырысу және қаржылық
жүйесі ан Филиалдары. қызмет көрсету.
арнайы Өкілдік.
несие-қа
ржы
мекеме-л
ері
IV Пошта-жиОрталық аппарат Халыққа несие-есеп
нақ (ААҚ Қазпошта). айырысу қызметін
мекеме-лБөлімшелері көрсету, ұсақ
ері салымдарды тарту

Мақыш “Коммерциялық Банктер операциялары” С.Б Мақыш – Алматы, Қазақ
Униерситеті 2002ж-30бет.

Кесте-3
Екінші деңгейлі банктердің несиелері*

жылдың соңында млн т
1991** 1992** 1993 1994 1995 1996
Кредиттер,барлығы 57095 987672 14564 44683 42985 60953
Қысқа мерзімді 50033 953422 13879 42733 38819 41387
Орта мерзімді 16769
Ұзақ мерзімді 7062 34250 986 1950 4166 2797

*- Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің көрсеткіштері бойынша
**- млн теңге

1997 1998 1999 2000 2001 01.07.2002
Барлығы 71702 93442 148830 276218 489817 552121
Қысқа мерзімді 51208 57927 75426 143195 241135 248438
Орта мерзімді 15313 26978 37194 71592 136112 159507
Ұзақ мерзімді 5180 8537 36210 61430 112569 144177

Информационно-аналитический сборник. Қазақстан 91-2001. Сұлтанбеков 408бет.

1.2 Несиелеу объектілері мен субъектілері

Несие құрылымы несие беруші мен қарыз алушыдан, сондай-ақ қарыз
капиталынан тұрады. Мұндағы несие беруші мен қарыз алушыда несиелік
мәмілеге қатысушы тараптар немесе оларды несиелік қатынастар субъектілері
деп атауға болады. Несие берушіге мемлекет, банктер (орталық және
коммерциялық) , банк типтес мекемелер мен қаржылық ұйымдар, сондай-ақ
халықаралық қаржы ұйымдары да жатады.
Несиелеу объектісі – бұл несиенің пайдаланылған заты, яғни несиенің
іске асырылу аясы деп түсінуге болады.
Несиелеу объектісі материалды құндылықтар, өндіріс және айналыс
шығындары түрінде, сол сияқты, егер несиенің материалдық жағынан қамтамасыз
етілмеген жағдайда, банк шаруашылық ұйымның міндеттемесі ретінде болады.
Материалды қамтамасыз етілген несиелеу объектісіне өндірістік шикізат
қорларын, сатып алады. Жартылай өнімдер, азық – түліктер және өнеркәсіптегі
дайын өнімдердің және сауда ұйымдарындағы тауарлардың маусымды қорлары
жатады.
Ұзақ мерзімді несиелеу объектісіне жататындар мынадай түрлерге
бөлінеді:
• өндіріс объектісінің құрылысы;
• өндіріс объектісін қайта құру, техникалық жағынан қайта
қаруландыру, кеңейту;
• техникалар, құрал-жабдықтар және көлік құралдарын сатып алу;
• жаңа өнімді шығаруды ұйымдастыру.
Несиелеу принциптері негізінен несиелік процесс, яғни банктік несиенің
берілуі, пайдалануы және қайтарылуы жүзеге асырылады. Несиелеу
принциптеріне байланысты банктік несиелердің берілуінің басты шарттары:
несиенің мақсаты және мерзімі, олардың қаражаттар айналымы шеңберінде
қатынасу нәтижесіндегі және т.б. анықталады.
Қазіргі несиелік қатынастарды ұйымдастыру принциптері 2 топқа
бөлінеді:
І – топқа. Жалпы экономикалық тәртіптегі принциптер:
• несиенің мақсаттылығы;
• несиенің дифференциалдығы.
ІІ – топқа. Несиенің мәнін бейнелейтін принциптер.
• Несиенің мерзімділігі;
• Несиенің қайтарымдылығы;
• Несиенің төлемділігі;
• Несиенің қамтамасыз етілуі.
Несиені қамтамасыз етудің келесі бір жолы – несиені сақтандыру.
Несие әдістері – несиенің берілу және қайтарылу ерекшеліктерімен
байланысты болатын, банктік несиенің кәсіпорынның қаражат айналысының
шеңберіне қатынасу тәсілдері.
Реформалауға дейінгі кезеңдегі отандық банктік тәжірибеде несиелеудің
2 әдісі қолданылған:
1. қалдық бойынша
2. айналым бойынша
Қалдық бойынша несиелеу барысында несие қозғалысы (яғни, несиені беру
және қайтару) несиелнетін құндылықтар қалдықтарымен тығыз байланысты болып
келеді. Ондай құндылықтарға: әр түрлі тауарлы – материалды құндылықтар
(шикізат, негізгі және қосымша материалдар, қосалқы бөлшектер, тауарлар
т.б.), аяқталмаған өндіріс, алдағы кезеңдегі шығыстар, дайын өнімдер және
жөнелтілген тауарлар жатады. Мұндай несие әдісіне компенсациялық сипатта
болады, өйткені, компенсациялық несие жай несиелік шоттар бойынша беріледі.
Сондай-ақ бұл несиенің қайтарылуы есеп айырысу шотынан шегеру жолымен
жүзеге асырылады.
Айналым бойынша несиелеу (тауар айналымы) әдісінің ерекшелігі ондағы
несие қозғалысы материалдық құндылықтар айналымымен, яғни олардық түсу және
жұмсалуына байланысты анықталады. Мұнда несие төлемдік сипатқа ие болады,
себебі несиенің берілуі тікелей төлемдегі қатысты және ең бастысы, займдық
қаражаттарға деген қажеттілік туындаған кезде жүзеге асырылады. Айналым
бойынша несиелеу әдісі төлемдік сипаттағы несиенің көмегімен жүргізіліп,
арнайы несие шарттары бойынша беріліп отырған. Бұл жерде несиенің
қайтарылуы өнімді сатудан түскен ақшалай түсімдер есебінен банктік несиелік
шотқа түсу арқылы жүзеге асқан.
Қазіргі банктік тәжірибеде несиелеу әдісінің үш түрі қарастырылады:
• айналым бойынша несиелеу әдісі;
• қалдық бойынша несиелеу әдісі;
• айналым – қалдықтық.
Айналым бойынша несиелеу барысында несие несиелеу объектісінің
айналысындағы қозғалысын жалғастырып отырады. Несие қарыз алушының
шығындарын оның ресурсы босағанға дейін аванстайды. Несиеге деген
объективті қажеттілікті ұлғайту шараларына байланысты несие мөлшері өсіп,
бұл қажеттіліктің азаюына байланысты несие қайтарылады.
Қалдық бойынша несиелеу барысында несиенің несиеге деген қажеттілік
тауарлы-материалды құндылықтар және шығындар қалдықтары мен өзара байланыс.
Қалдық бойынша несиелерді несиелеу объектісін кішкене бөлігі қамтылса, ал
айналым бойынша несиелерде несиелеу объектісі толығымен қамтылады.
Айналым және қалдық бойынша несиенің іс жүзінде ұштасуының
нәтижесінде айналым-қалдық тық әдісі түзіледі. Мұндағы бірінші кезеңде,
несие деген қажеттіліктің туындалуына байланысты несие берілсе, ал екінші
кезеңде, берілген несие қатаң түрде өтеледі. Бірінші кезеңде несие туарлы-
материалды құндылықтарды кепілге ала отырып, шығындар айналыстың бастапқы
кезеңінде берілсе, ал екінші кезеңде несие клиенттің банкалдындағы мерзімді
міндеттері негізінде өтеледі. Несие берудің мұндай формасын несие желіні
ашу деп атайды.
Несиелік желі – келісілген лимит негізінде белгілі бір мерзім ішінде
қарыз алушыға несие беріп отыратындығы заңдастырылған, яғни банктің
алдыңғы міндеттемесі. Жаңартылған несиелік желі әдісінің сыртқы көрінісі
жағынан отандық, яғни ірі объектінің айналым бойынша несиелеу әдісіне
көбірек ұқсастығы да болады.

ІІ БӨЛІМ. Банк және банктен тыс мекемелердің несиелері МЕН ЗАЙМДАР есебі
2.1. Банк мекемелері несиелерінің есебі

Қаржы есеп – қисаптармен және есеп айырысу жүйесімен өте тығыз
байланысты, өйткені іс- әрекет етуі жекелеген шаруашылық жүргізуші
субъектілер арасындағы өзара есеп айырысуға негізделген. Есеп – қисаптар
экономикалық категориялар емес, олар- аталған категорияларды іске асырудың
құралы. Бұл жерде ақшаның айналыс құралы және төлем құралы ретіндегі
функциясы пайдаланылалды. Қаржылық операциялардың уақытылы жасалуы,
мақсатты қорлардың қалыптасуы, қаржы ресурстарының қажетті бағыттары
бойынша кедергісіз қозғалуы есеп-қисаптардың айқындығына, жолға
қойылғандығына байланысты болып келеді. Ақшалай есеп-қисаптар коммерциялық
есеп пен өзін-өзі қаржыландыруды жүзеге асырудың маңызды буыны болып
табылады. Олардың қалыпты жұмыс істеуі ұдайы өндіріспен құнның экономикалық
категорияларының – бағаның, қаржының, кредиттің, еңбек ақы төлеудің, іс-
қимылының өте қажетті шарты болып табылады. Экономикалық категориялар өзара
іс-қимылы туралы қаралған негізгі қағидалары оларды ұдайы өндірісті
басқарудың практикасында, оны жүзеге асырудың тиімділігін ынталандыруда
пайдалануға келісілген, өзара үйлесілген тәсілдемені қажет етеді.
Қаржылық есепті жүргізетін Navision Financials басқа қосымша
программалардың бөліктерімен біріктірілген. Мұнда қаржылық операциялар
құрылады, деректер өңделеді және есептемелер жасалады. Қаржылық есеп
модулінде: аудит үшін қажетті ақпаратты тіркеуді; кез келген кезең, күн,
апта, ай, тоқсан немесе жылдық әрбір шот бойынша бөлім немесе бюджет
құруды, фирма балансын, пайда мен шығын есептемесін, ақша қаражатының
қозғалысы туралы есептемені қамтитын ішкі және сыртқы талдауға арналған
баланстардың түрін және басқа да қаржылық есеп беруді құру;
шоғырландырылған балансты және басқа есептемелерді даярлаумен отандық
немесе шетелдік филиалдардың деректерін шоғырландыруды істей аласыз.
Қандай да болмасын шаруашылық субъектілерін олардың қандай салада
қызмет атқаратындығына қарамастан алып қарайтын болсақ, олардың барлығының
да міндеттемелері болады. Кез келген өндіріспен айналысатын субъекті сол
өнімді өндіру үшін қажетті шикізаттармен материалдар үшін
жабдықтаушыларының алдында міндетті болса, саудамен айналсатын субъектісі
сол сататын тауарларын жеткізіп беруші яғни жабдықтаушы субъектінің алдында
міндетті болуы мүмкін. Қазіргі таңда қаржының жетіспеушілігінен банктер,
банктен тыс мекемелерден, шетелдерден қарыз, несие алып өздерінің жұмысын
жандандырып жатқан, сондай-ақ міндеттемелерін шектен тыс көбейтіп алып, оны
қайтаруға мүмкіншілігі болмай жабылып, аукционға салынып, сатылып жатқан
субъектілер көптеп кездеседі. Осы айтылғандар туралы толық түсінік беретін
қаржылық есептің ең негізгілерінің бірі болып саналатын тақырыптардың бірі
– міндеттемелер есебі.
Несие- бір заңды тұлғаның екінші бір заңды тұлғаға немесе жеке адамның
заңды тұлғаға әдетте келісілген мөлшерде процент алу үшін белгілі бір
уақытқа заттай немесе ақшалай уақытша қаржы беруге байланысты пайда болатын
экономикалық қарым – қатынас жүйесі болып табылады.
Нарықтық экономика жағдайында несие коммерциялық және банктік болып
екіге бөлінеді.
Коммерциялық несие- бір субъектінің екінші субъектіге сатқан тауарының
құнынан алынатын төлемнің кейінге қалдырылуына байланысты туындайды.
Банк несиесі – субъектіге ақша қаражаты түрінде өндірісін ұлғайтуға,
ағымдағы қызметтеріне байланысты қарыздарын төлеу үшін беріледі.
Несие беру және оны қайтару (өтеу) тәртібі тиісті заңдарға сәйкес және
субъектінің банкімен немесе басқа да несие берушілермен жасалған келісім-
шарттары негізінде реттеліп жүргізіледі. Онда несие берілетін оюъекті,
несие беру шарты мен тәртібі, оның өтеленетін мерзімі, міндеттемесі, өзара
қамтамасыз ету түрі, проценттік өсім ставкалары мен оның төлем тәртібі, екі
жақтың жауапкершілігі мен құқығы, толтырылатын және бір-біріне беретін
құжаттарының тізімі тағы да басқалар көрсетіледі.
Несиенің бұндай түрінің есебі қысқа және ұзақ мерзімді несие беру
туралы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі бекітетін Қысқа және ұзақ
мерзімді несие беру ережелеріне сай жүргізіледі. Несиелер қайтарымдылық,
төлем және мерзімдік шарттары бойынша келісіп, коммерциялық негізде
беріледі. Несие алу үшін шаруашылық суъектілері банк мекемесі басшысының
атына өтініш береді. Бұл өтінішке қосымша өзіне қажетті несие сомасы
мөлшерін, оның жұмсалынатын мақсаты мен бағытын, өтеліну яғни қайтару
мерзімін, сонымен қатар осы несие сомасы арқылы орындалатын операциялар
үшін жасалған бизнес жоспар және тағы басқадай құжаттар табыс етуі тиіс.
Банктен бірінші рет несие алайын деп отырған кәсіп- орындар мен ұйымдар,
яғни шаруашылық субъектілері жоғарыда аталған құжаттармен қоса банкке
өздерінің жарғысын, құрылтайлық құжаттарының көшірмесін, тіркелу
куәліктерін және тағы басқа құжаттарды табыс етуі керек.
Банктен тыс мекемелердің несиелері есебі
Бухгалтерлік есептің бұрынғы стандарты бойынша шаруашылық
субъектілерінің басқа субъектілерге несие беруіне немесе олардан несие
алуына құқығы болмады. Нарықтық жолға көшу жағдайында экономикадағы
тәртәптердің көбі өзгереді. Қазіргі кезде кәсіпорындар, ұйымдар, яғни
шаруашылық субъектілері ақша қаражаттарының қозғалысын еркін пайдалануға,
яғни өз қалауы бойынша несие беру құқығына ие болды. Осыған сәйкес елімізде
қабылданған бухгалтерлік есептің бас шоттар жоспарында пассивті 602-
банктен тыс мекемелердің несиелері -деп аталатын шот қарастырылған. Бұл
шоттағы банктен тыс мекемелерден алынған несиелері бойынша жүргізілетін
операцияларға жазылатын бухгалтерлік жазулар, банк несиелері бойынша
операцияларға жазылатын жазумен ұқсас болып келеді.

“КАЗКОММЕРЦБАНК”
АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
2005 жəне 2004 жылдардың
31 желтоқсанында аяқталған жылдардағы
Шоғырландырылған қаржы есептілігі
жəне Тəуелсіз аудиторлар есебі

Казкоммерцбанк А. (бұдан әрі – “Банк”, Казкоммерцбанк) акционерлік
банк болып табылады және 1990 жылдан бастап Қазақстан Республикасында өз
қызметін жүзеге асыруда.Банктің қызметін Қазақстан Республикасының Ұлттық
Банкі № 48лицензияға сәйкес реттейді. Банктің негізгі қызметі коммерциялық
банктік қызмет, бағалы қағаздармен, шетелдік валютамен және туынды
құралдармен операцияларды жүзеге асыру, несиелер мен кепілдіктер беру болып
табылады.Банктің Қазақстан Республикасында 22 филиалы және Лондонда
(Ұлыбританияда) өкілдігі бар.Банк банктік топтың (“Топ”) бас компаниясы
болып табылады, оған қаржыесептілігінде шоғырландырылған мынадай
компаниялар кіреді:
Банктің капиталға қатысу үлесі
Атауы қызмет жүргізілетін ел 2005 2004 қызметтері
Казкоммерц Секьюритиз А. Қазақстан Республикасы 100%
Бағалы қағаздар рыногындағы операциялар Казкоммерц-Полис СК А.
.Қазақстан Республикасы 65% 65%
Сақтандыру Процессинговая компания ЖШС
Қазақстан Республикасы 100% 100%
Карточкалардың төлемдік және басқа да түрлері бойынша операцияларды
жүзеге асыру Каzkоmmеrts International B.V.
Нидерланды Корольдігі 100% 100% Банк үшін халықаралық ақша
рыноктарындағы капиталды тарту “Каzkоmmеrts Financt II B.V.
Нидерланды Корольдігі 100%
Банк үшін халықаралық ақша рыноктарындағы капиталды тарту
Казкоммерцбанк Қыргызстан АА. Қырғыз Республикасы 93.58%
Коммерциялық банк ABN AMRO Asset Management ООИУПА
Қазақстан Республикасы 100%
Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару “ABN AMRO КаспийМ.найГаз
НПФ” А. Қазақстан Республикасы 80.01%
Зейнетақы қоры 10
“Москоммерцбанк” ЖШ. (бұдан әрі “МКБ”), Ресей Федерациясының
коммерциялық банкінің акционерлік капиталында Казкоммерцбанктің қандай да
бір үлесінің болмауына қарамастан, МКБ Топтың шоғырландырылған қаржы
есептілігіне енгізілді, өйткені оның қызметіне тиімді бақылау жасауға
Банктің мүмкіндігі болды және оны жүзеге асырды. 2003 жылы МКБ мен,
Казкоммерцбанк акционерлерінің арасында МКБ акционерлік капиталында 60.04%
үлесті сенімгерлік басқару шарттары жасалды. Сонымен қатар, жиынтығында МКБ
акционерлік капиталында 39.96% үлесті иеленген МКБ акционерлері мен
Казкоммерцбанктің арасында осы акционерлердің Казкоммкерцбанк белгілеген
МКБ қызмет саясатына араласпауын көздейтін МКБ басқаруға қатысты
жауапкершілікті шектеу туралы келісім жасалды. Казкоммерц Секьюритиз А.
акционерлік қоғам болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының
заңнамасына сәйкес 1997 жылдан бастап жүзеге асырады. Компанияның негізгі
қызметі делдалдық және дилингілік операцияларды қоса алғанда, бағалы
қағаздармен операциялар, инвестициялар бойынша және корпорациялық қаржылар
бойынша кеңестер беру, бағалы қағаздар шығаруды ұйымдастыру, тарату және
андеррайтинг, агентретінде бағалы қағаздар сатып алу және өткізу болып
табылады. Компанияның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2000
жылғы 27 қарашадағы № 0401200324 лицензиясы бар. 2005 жылы компания
30.09.2005ж. №0403200363 инвестициялық қоржынды басқаруға лицензия алды.
Казкоммерц-Полис Сақтандыру Компаниясы А. акционерлік қоғам болып
табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес 1996
жылдан бастап жүзеге асырады. Компанияның негізгі қызметі мүлікті,
жүктерді, автокаско сақтандыру, автоазаматтық жауапкершілікті сақтандыру,
басқа да азаматтық жауапкершілікті сақтандыру және қайта сақтандыру болып
табылады. Компанияның Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі берген 2005
жылғы 1 шілдедегі №13-81 ДОС ерікті сақтандыру бойынша қызмет көрсетуге
және 2005 жыл.ы 1 шілдедегі №13-81 ОС міндетті сақтандыру бойынша қызмет
көрсетуге лицензиялары бар.
Казкоммерцбанк Қырғызстан А. акционерлік банк болып табылады және өз
қызметін 1991 жылдан бастап Қырғыз Республикасында жүзеге асырады. Банктің
қызметін Қырғыз Республиасының Ұлттық банкі №010 лицензияға сәйкес жүзеге
асыруда. Банктің негізгі қызметі коммерциялық банктік қызмет, жеке
тұлғалардың салымдарын қабылдау, төлемдер аудару, несиелер беру, шетелдік
валютамен операцияларды жүзеге асыру, бағалы қағаздарменжәне туынды
құралдармен операцияларды жүзеге асыру, несиелер мен кепілдіктер беру болып
табылады. Процессинговая компания ЖШС жауапкершілігі шектеулі серіктестік
болып табылады және өз қызметін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес 2004 жылғы 9 шілдеден бастап жүзеге асырады. Компания Қазақстан
Республикасының әділет министрлігінде №64313- 1910-ТОО болып тіркелген.
Компанияның негізгі қызметі қаржы қызметін көрсету болып табылады.және
басқа да бағалы қағаздар шығаруды қоса алғанда, несиелер мен қаржыларды
тартады. Kazkommerts International BV компаниясы жауапкершілігі шектеулі
серіктестік (В.V.) болып табылады және өз қызметін Нидерланды Корольдігінің
1997 жылғы 1 қазандағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады. Компанияның
негізгі қызметі шетелдік капитал рыноктарында қаржы ресурстарын тарту болып
табылады.

2.2. Қаржы есептілігін ұсынудың негізгі принциптері

Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері
Топтың осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Халыаралық қаржы
есептілігі стандарттарына сәйкес әзірленді. Аталған шоғырландырылған қаржы
есептілігі, акцияға келетiн пайда көрсеткіштерін қоспағанда, мың Қазақстан
теңгесімен (бұдан әрі“мың теңге”) ұсынылды. Осы қаржы есептілігі кейбір
активтер мен қаржы құралдарының құнын қайта бағалауды қоспағанда, есептеу
әдісінің және “тарихи құн” принципінің негізінде әзірленген. Казкоммерцбанк
және оның Қазақстан Республикасындағы еншілес компаниялары қаржы
есептілігін ХҚЕС-на сәйкес әзірлейді. Оның шетелдік еншілес компаниялар
есептілікті өздерінің қызмет істейтін елдер талаптарына сәйкес әзірлейді.
Осы шоғырландырылған қаржы есептілігі Казкоммерцбанк пен оның еншілес
компанияларының бухгалтерлік есебінің деректері бойынша әзірленген және оны
ХҚЕС-мен сәйкестендіру мақсатымен тиісінше түзетілген. ХҚЕС сәйкес қаржы
есептілігін әзірлеу Банк басшылығынан есептілікте келтірілген Топтың
активтері мен міндеттемелерінің сомасына ықпал ететін бағалар мен жол
берулерді талдап әзірлеуді, есепті күнгі жағдай бойынша шартты активтер мен
міндеттемелерді ж.не есептілікте келтірілген есепті кезе.дегі кірістер мен
шы.ыстар сомасын ашып к.рсетуді талап етеді. Нақты нәтижелер бұл бағалардан
өзгеше болуы мүмкін. Алшақтығы нақты нәтижелерден неғұрлым мүмкін болатын
бағалар құнсыздандыруға резервтер қалыптастырумен және қаржы құралдарының
әділ құнын анықтаумен байланысты болмақ.
Шоғырландыру принциптері
Шоғырландырылған қаржы есептілігі Казкоммерцбанктің және Банк бақылау
жасайтын компаниялардың 31 желтоқсанда аяқталатын кезең ішінде жыл сайынғы
негізде ұсынылатын есептілігін қамтиды. Егер компанияның қызметінен пайда
алу үшін оның қаржы және шаруашылық саясатын айқындауға Банк басшылығының
мүмкіндігі болса, ол Банк бақылау жасайтын компания болып есептеледі.
Еншілес компаниялар сатып алған кезде олардың активтері, міндеттемелері мен
шартты міндеттемелері сатып алынған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының ақша-несие саясаты: мәні, мақсаттары, құралдары
Несиелік мекемелердің түрлері
Несие мәні және қажеттілігі
Несие түрлері
Несие механизмі
Төлем балансы және оның мәні
Несие беру механизімі
Ақша мен несиенің экономикалық – теориялық негізі
Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және дамуы
Ақша-несие саясаты жайында
Пәндер