Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-экономикалық тиiмдiлiгi (Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)



БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
КIРIСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРFАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАFАЛАУ:
АҚСУ.ЖАБАFЫЛЫ ҚОРЫFЫ МЫСАЛЫНДА
1.1 Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың қазiргi жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2 Ақсу.Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығының қазiргi
жағдайын бағалау және кешендi талдау
1.2.1 Ақсу.Жабағылы қорығының биоалуандылық деңгейi
1.2.2 Ақсу.Жабағылы қорығының әлеуметтік.экологиялық.экономикалық
көрсеткiштерiн бағалау
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАFЫ ЕРЕКШЕ
ҚОРFАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК.
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ
2.1 Ақсу.Жабағылы қорығында экологиялық туризмдi дамыту
бағыттары және оның тиiмдiлiгi
2.2 Ақсу.Жабағылы қорығының әлеуметтік.экологиялық.тиімдiлiгi
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛFАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Биоалуандылықты сақтау жөнiндегi мәселелер соңғы он жылдан берi ғалымдар мен мамандардың назарын өзiне аударуда. Себебi, адам баласының табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалануы нэтижесiнде жер қорының сапасы өзгердi. Ауа мен су ресурстарының зиянды заттармен ластануы және топырақтың қүнарсыздануы адамзат денсаулығына қауiп тудырып қана қоймай, экологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң жойылуьша алып келуде. Мамандардьщ пiкiрiнше, адамның шаруашылық қызметiнiң эсерiнен жер бетiнде күн сайын бiр түр жойылады. Яғни, табиғи ортадағы бiр түрдiң жойылуының өзi этикалық және жалпы теориялық жағынан ғана емес, республиканың өркениеттi дамуына сын және қоғамға әлеуметтік-экономикалық зиян әкеледі. Өйткенi, табиғи ортаның биоалуандылығы экологиялық, әлеуметтік, мәдени-рекреациялық, ғылыми жағынан үлкен қүндылықтарға ие. Биоалуандылықты қорғау және тұрақты дамыту адам баласының азық-түлiк және тағы басқа қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн қажет. Сондықтан, биоалуандылықтың жойылуының алдын-алу, тұқым қорын сақтау және экожүйенi тұрақтандыру үшiн, гомеостаз қажеттi шараларды жүзеғе асыруды жолға қоюымыз керек. Табиғат кешенiн антропогенді қызметтерден қорғау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң ғенетикалық қорын сақтау қалыптасқан экологиялық-экономикалық шаруашылық қызметтердi пайдалану жағдайында ғана жүзеғе аспақ. Сонда ғана адам мен табиғи орта арасындағы қарым-қатынастардың реттелғендiгi байқалады.
Адамзаттың өмiрiне қолайлы табиғи экожүйенiң бұзылуы, биоалуандылықтың жойылуы жөнiндеғi өзектi мәселелер дүниежүзi ғалымдарының 1992 жылы Рио-де-Жанейро да бас қосқан конференциясында "Биологиялық алуандылық туралы" Конвенцияны қабылдауына себепшi болды. Мұнда табиғи орта түрақтылығын қалпына келтiру, биоалуандылықты сақтау жөнiндеғi жоспарлы жұмыстардың орындалуын жүзеғе асыратын бiрқатар маңызды қүжаттар мен келiсiмдерғе қол қойылды. Қазақстан Республикасы да 1994 жылы "Биологиялық алуандылық туралы" Конвенцияға сэйкес, биоалуандылықты сақтау және үтымды пайдалану мақсатында түрақты даму тұжырымдамасын қабылдады. Деғенмен, биоалуандылық мәселесi толық шешiлмеген күйiнде қалуда.
Табиғатты пайдаланудың әлемдiк тәжiрибесi көрсеткендей, табиғи ортаның тұқым коры мен табиғи қауымдастықты сақтау және оның ұдайы жаңаруын қамтамасыз ету, экологиялық тепе-теңдiктi орнату мен адам өмiрiне қажеттi табиғи орта жағдайын жақсарту үшiн, табиғи жағдайда ландшафты аймақтың 30%-ын сақтау керек. Олай болса, табиғи ортаны, табиғи ресурстарды, сирек және жоиылу қаупiндегi түрлердi сақтаудың, адам денсаулығын жақсарту және өмiрлiк деңғейiн көтерудiң, экожүйенi тұрақтандырудың бiр жолы - ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ табиғи ортаның сыры ашылмаған дүниелiктерiн қарастырып, салыстырып, оны ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкiндiк бередi және әрбір мемлекеттiң әлеуметтік-экологиялық, саяси даму жағдайын көрсетедi.
1 Охрана окружающей среды: Стат. ежегодник. – Алматы, 2004.
2 "Ерекше қорғалатын табиги аумақтар туралы" Қазақстан
Республикасының Заңы. - 15.07.1997 ж. - № 162-1.
3 Мирхашимов И.X., Хабибрахманов P.M., Мусабаев М.А. Анализ
современного состояния заповедного дела и особо охраняемых природных
территорий // Известия МН-АН РК. Серия биологическая и медицинская, 1998.
-№l.-C.85-92.
4 "Қоршаган ортаны крргау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы,
15.07.1997.-№162-7.
5 Ресурсы Интepнeт:http://www. оорt.ru.
6 Ресурсы Интернет: http://www.caresd.net/-parkiament hеаrdiпg.
7 Земельный Кодекс // Казахстанская правда. - 2001. - 31 янв.
8 Статистический ежегодник Казахстана - 2004 / Под ред. А. Смаилов. -
Алматы, 2004.

Тақырыбы: Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтiк-экологиялық-
экономикалық тиiмдiлiгi
(Ақсу-Жабағылы қорығы мысалында)

МАЗМҰНЫ

БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КIРIСПЕ

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРFАЛАТЫН
ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫН ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАFАЛАУ:
АҚСУ-ЖАБАFЫЛЫ ҚОРЫFЫ МЫСАЛЫНДА
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың қазiргi
жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...
2. Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи қорығының қазiргi
жағдайын бағалау және кешендi талдау
1.2.1 Ақсу-Жабағылы қорығының биоалуандылық деңгейi
1.2.2 Ақсу-Жабағылы қорығының әлеуметтік-экологиялық-экономикалық
көрсеткiштерiн бағалау

2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАFЫ ЕРЕКШЕ
ҚОРFАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРДЫ ӘЛЕУМЕТТIК-
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРҒЫДА ДАМЫТУ БАҒЫТТАРЫ
Ақсу-Жабағылы қорығында экологиялық туризмдi дамыту
бағыттары және оның тиiмдiлiгi
2.2 Ақсу-Жабағылы қорығының әлеуметтік-экологиялық-тиімдiлiгi

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛFАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI
АШМОАК Ауыл шаруашылығы Министрлiгi орман
және аңшылық шаруашылығы Комитеті
ЕҚТА ерекше қорғалатын табиғи аумақ
БҒМ Білім және Ғылым министрлігі
МАҚКМ Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім
Министрлігі
ҰП Ұлттық парк
МТҚ Мемлекеттік табиғи қорық
ОҚО Оңтүстік Қазақстан облысы
ҒЗЖ Ғылыми зерттеу жұмысы
ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңы

БЕЛГIЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР

КIРIСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектiлiгi. Биоалуандылықты сақтау жөнiндегi
мәселелер соңғы он жылдан берi ғалымдар мен мамандардың назарын өзiне
аударуда. Себебi, адам баласының табиғи ресурстарды ұтымсыз пайдалануы
нэтижесiнде жер қорының сапасы өзгердi. Ауа мен су ресурстарының зиянды
заттармен ластануы және топырақтың қүнарсыздануы адамзат денсаулығына қауiп
тудырып қана қоймай, экологиялық тепе-теңдiктiң бұзылуына, өсiмдiктер мен
жануарлар дүниесiнiң жойылуьша алып келуде. Мамандардьщ пiкiрiнше, адамның
шаруашылық қызметiнiң эсерiнен жер бетiнде күн сайын бiр түр жойылады.
Яғни, табиғи ортадағы бiр түрдiң жойылуының өзi этикалық және жалпы
теориялық жағынан ғана емес, республиканың өркениеттi дамуына сын және
қоғамға әлеуметтік-экономикалық зиян әкеледі. Өйткенi, табиғи ортаның
биоалуандылығы экологиялық, әлеуметтік, мәдени-рекреациялық, ғылыми жағынан
үлкен қүндылықтарға ие. Биоалуандылықты қорғау және тұрақты дамыту адам
баласының азық-түлiк және тағы басқа қажеттiлiктерiн қанағаттандыру үшiн
қажет. Сондықтан, биоалуандылықтың жойылуының алдын-алу, тұқым қорын сақтау
және экожүйенi тұрақтандыру үшiн, гомеостаз қажеттi шараларды жүзеғе
асыруды жолға қоюымыз керек. Табиғат кешенiн антропогенді қызметтерден
қорғау, өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiнiң ғенетикалық қорын сақтау
қалыптасқан экологиялық-экономикалық шаруашылық қызметтердi пайдалану
жағдайында ғана жүзеғе аспақ. Сонда ғана адам мен табиғи орта арасындағы
қарым-қатынастардың реттелғендiгi байқалады.
Адамзаттың өмiрiне қолайлы табиғи экожүйенiң бұзылуы, биоалуандылықтың
жойылуы жөнiндеғi өзектi мәселелер дүниежүзi ғалымдарының 1992 жылы Рио-де-
Жанейро да бас қосқан конференциясында "Биологиялық алуандылық туралы"
Конвенцияны қабылдауына себепшi болды. Мұнда табиғи орта түрақтылығын
қалпына келтiру, биоалуандылықты сақтау жөнiндеғi жоспарлы жұмыстардың
орындалуын жүзеғе асыратын бiрқатар маңызды қүжаттар мен келiсiмдерғе қол
қойылды. Қазақстан Республикасы да 1994 жылы "Биологиялық алуандылық
туралы" Конвенцияға сэйкес, биоалуандылықты сақтау және үтымды пайдалану
мақсатында түрақты даму тұжырымдамасын қабылдады. Деғенмен, биоалуандылық
мәселесi толық шешiлмеген күйiнде қалуда.
Табиғатты пайдаланудың әлемдiк тәжiрибесi көрсеткендей, табиғи ортаның
тұқым коры мен табиғи қауымдастықты сақтау және оның ұдайы жаңаруын
қамтамасыз ету, экологиялық тепе-теңдiктi орнату мен адам өмiрiне қажеттi
табиғи орта жағдайын жақсарту үшiн, табиғи жағдайда ландшафты аймақтың 30%-
ын сақтау керек. Олай болса, табиғи ортаны, табиғи ресурстарды, сирек және
жоиылу қаупiндегi түрлердi сақтаудың, адам денсаулығын жақсарту және
өмiрлiк деңғейiн көтерудiң, экожүйенi тұрақтандырудың бiр жолы - ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру. Ерекше қорғалатын табиғи аумақ
табиғи ортаның сыры ашылмаған дүниелiктерiн қарастырып, салыстырып, оны
ғылыми тұрғыдан зерттеуге мүмкiндiк бередi және әрбір мемлекеттiң
әлеуметтік-экологиялық, саяси даму жағдайын көрсетедi.
Республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды нарық жағдайында
басқару, дамыту және туристiк-рекреациялық әлуетін ұтымды пайдалану
"Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды дамыту
Тұжырымдамасы", "Ерекше кррғалатын табиғи аумақтар туралы", "Туристiк
Кызметтер туралы" Заңдарды жүзеге асырумен тiкелей байланысты [4, 5, 6].
Бiрақ, республикадағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар халықаралық
деңгейден қалып отыр. Бұл осы салаға инвестицияларды тартуға мүмкiндiктiң
жоқтығымен, жоғарғы бiлiктi мамандардың болмауымен, бэсекеге кабiлеттiлiгiн
арттыруда экологиялық, құқықтық-ұйымдастырушылық және инновациялық
негiздерiнiң әлсiз дамығандығымен түсiндiрiледi. Сондықтан ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды басқару тұжырымдамасы, әлеуметтiк-экологиялық
тиімділігі, тұрғындар арасында экологиялық бiлiм мен сананы қалыптастыру
ғылыми-әдістемелік тұрғыдан терең зерттелуi қажет. Ұлттық экономиканың
тиімділігін бiрмезғiлде арттыруда табиғи экожүйенi сақтау, қоршаған ортаға
терiс ықпалдардың әсерiн азайтудың қазiргi заманғы жетiк эдiстерi мен
күралдарын iздестiру қажет. Мiне, осындай ерекшелiктер зерттеу жүмысының
өзектiлiгiн көрсетедi.
Зерттеудiң мақсаты мен мiндеттерi. Дипломдық жұмыстың мақсаты
ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың әлеуметтік-экологиялық тиімдiлiгiнiң
теориялық және әдістемелік негiздерiн ашып, iс-тәжiрибелiк құндылығын
дәлелдеу және Қазақстан Республикасының ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын
дамыту туралы ұсыныстар эзiрлеу.
Аталған мақсатқа сәйкес дипломдық жұмыста келесi мiндеттер алға
қойылды:
* Қазақстан Республикасында және шетелдерде ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды ұйымдастыру мен дамытудың теориялық-әдістемелік негiздерiн
зерттеу;
* ерекше қорғалатын табиғи аумақ мазмұны, мiндеттерi мен қызметтерiн
анықтау;
* ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды экологиялық-
әдістемелік тәсiлдерiн жасау;
* Қазақстан Республикасындағы ерекше кррғалатын табиғи аумақтар және
Ақсу-Жабағылы қорығының қазiрғi жағдайын талдау, экономикалық баға беру,
дамыту жолдарын айқындау;
* Ақсу-Жабағылы қорығында экологиялық туризмдi дамыту жолдарын
зерттеу және экологиялық бiлiм беру принциптерiн қалыптастыру;
* ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен қалыптастыруға
қорықтың экологиялық тиiмдiлiгiн анықтау.
Зерттеу тақырыбы - Қазақстанда нарықтық экономика жағдайында ерекше
қорғалатын табиғи аумақтарды ұйымдастыру мен кешендi дамытудың әлеуметтік-
экологиялық-экономикалыққатынастары .
Зерттеу нысаны ретiнде Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын
табиғи аумақтары, оның iшiнде "Ақсу-Жабағылы қорығы" алынды.
Дипломдық жұмыстың барысында алынған нәтижелер келесi бағыттарда
қолданылуы мүмкiн:
• ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жөнiндегi
мақсаттық
бағдарламаларды республика мен аймақ деңгейiнде ұйымдастыру мен
жоспарлауда;
қоршаған ортаны қорғау мен биоалуандылыкты сақтау барысындағы
жұмыстарда;
* туризм, экотуризммен айналысатын кэсiпорындардың iс-эрекеттерiнде;
табиғатты пайдалану экономикасы, экология, туризм пэндерi бойынша
дәрістік және тәжiрибелiк оку үрдiсiн дайындауда.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫН
ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАҒАЛАУ: АҚСУ-ЖАБАҒЫЛЫ ҚОРЫҒЫ МЫСАЛЫНДА

1.1 Қазақстан Республикасындағы аумақтардың қазiргi жағдайы
ерекше қорғалатын табиrи аумақтардың қазіргі жағдайы

Қазақстан Республикасында ЕҚТА-ды сақтау күрделi мәселеге айналуда.
Себебi, экологиялық сауатсыздық, табиғатта жүріп жатқан заңдылықтарды
білмеу табиғат ресурстарына деген бейқам көзқарас - қоршаған ортаның
дағдарысына әкеліп соғып отырғаны белгілі. Сондықтан осындай жағдайда біз
ЕҚТА сақтап қалу және оны дамыту азаматтық борышымыз. Мысалы,
Республикамызда жалпы орман қорының көлемі 11,5 млн.га (4,6%) түрлік құрамы
бойынша сексеуіл мен ағашты бұталар бірінші орында, олар орман жамылғысының
67,5%-ын алып жатыр, қылқанды және жұмсақ жапырақты ағаштар көлемі 18 млн.
га. Ағашты-бұталы жерлердің басым көпшілігі үзілмелі ареалдарда кездеседі
және шалғынды өсімдіктерден далалы өсімдіктерге алмасып отырады. Жұмсақ
жапырақты ағаштар түрлерінің ішінде кең тарағаны қайыңды ағаштар [1].
Қазақстанда бүгiнгi таңда 10 мемлекеттiк табиғи қорықтар, 8 мемлекеттiк
үлттық табиғи парктер, 3 мемлекетттiк зоопарктер, 2 мемлекеттiк орман
табиғи резерваттары, 7 мемлекеттiк ботаникалық бақтар, 26 мемлекеттiк
табиғи ескерткiштер, 2 жергiлiктi мәні бар табиғи парктер, 58 мемлекеттiк
табиғи қаумалдар, халықаралық мәні бар Рамсар Конвенциясының тiзiмiне енген
(Иран, 1971) 3 сулы-батпақты жерлер, мемлекеттiк мәні бар 150 су қоймалары,
4 республикалық мәні бар қорық зоналары бар [5]. Аталған ЕҚТА түрлерiнiң iс-
әрекеттерi рекреация мен туризмдi дамытуға, өсiмдiктер мен жануарлар
элемiнiң қорын сақтау, биоалуандылық пен түқымдық қорды сақтауға
бағытталады.
Республикадағы ЕҚТА-ды ҚР Ауыл шаруашылығы Министрлiгiнiң орман және
аңшылық шаруашылығы Комитет! (АШМ ОАК) басқарады, ботаникалық бақтарды ҚР
бiлiм және Fылым Министрлiгi (БFМ), ал зоопарктердi -мэдениет, ақпарат және
қоғамдық келiсiм Министрлiгi (МАҚКМ) басқарады.
Қорық зоналары (Солтүстiк Каспийдi қоспағанда) АШМ ОАК шаруашылық
есептегi бөлiмшесi болып табылатын "Охотзоопром" ӨҚ-мы басқарады. Ақмола
облысындағы "Бурабай" ҰП ҚР Президентi қызметiнiң басқармасына қарайды [6].
Жер Кодексiнiң 1 бабына сэйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерi
мен тарихи-мэдени және рекреациялық сауықтыруға арналған жерлер бiр санатқа
бiрiктiрiлғен [7].
ҚР индустриалды бағытта дамушы елдердiң қатарына жатады. 1995 жылы 272.5
млн ға жер аумағының 194,8 млн. ға бөлiгiн ауылшаруашылық кэсiпорындары,
ұйымдар мен азаматтар пайдаланған болатын, ал 2004 жылы бұл үлес 83,6 млн
га немесе 2.3 есе қысқарды (6-кecтe). Ал ЕҚТА жер ауданы 1995-2004 жыл
аралығында 862,8 мың. ға-дан 12,9 млн. ға-ға жеттi (15 есеге артты). Еғер
де 1995 жылы қорық саны 8, ал 1 ҰП болса, оның саны 2005 жылы 2 қорық пен 7
мемлекеттiк ұлттық парктермен толықтырылды. Бұған ҚР заңдық-қүқықтық
базасының дамуы эсер еттi [8].
Республиканың қорықтары мен ұлттық парктерi мемлекет меншiгiнде және
кiшi, орта және iрi кәсiпорындарды құрайды. Есеп берғен кәсiпорындардың
басым көпшiлiгi Алматы облысы мен Шығыс Қазақстан облысында (табиғи
резерваттарды қосқанда) орналасқан. Кестеде "Қаратау" МТҚ мен "Шарын" ҰП-i
енбеген.
ЕҚТА-ды облыстар мен республикаға қарасты қалаларда орналастыруға
талдау жасай отырып, олардың әкІмшiлiк-аумақтық бiрлiктерде орналастыру
бiркелкi емес екендiгi айқындалды. Мысалы, Маңқыстау, Алматы және Солтүстiк
Қазақстан облыстарында қорғалатын аумақ пайызы 9,9-дaн 10,6-ғa жетедi, яғни
бүл халықаралық нормаға жақын келедi. Ақтөбе облысында 6,3 пайыз (жалпы
республикалық көрсеткiштен жоғары). Осы уақытта Ақтөбе, Жамбыл, Батыс-
Қазақстан, Павлодар және Алматы қаласында бұл көрсеткiш орташа
республикалық көрсеткiштерден кем, ал Қарағанды, Қостанай және Қызылорда
облыстарында 1 пайызға тең.

№1-кecтe - Қазақстан Республикасының жер қорының санаттарға бөлiнуi

Жер санаттары 1995 ж. 2000 ж. 2002 ж. 2004 ж.
ҚР-да пайдаланылатьш барлық жер көлемi, мың га 272490,2 272490,2 272490,2 272490,2
Оньщ iшiнде
Ауылшаруашылық мақсаттағы жерлер, мың га 194815 93077,1 86218,8 83336,1
үлес caлмaгы% 71,5 34,4 31,6 30,0
Түрғын пункттер жерi, мың га 19207,9 20201,7 20505,2 2047,0
үлес салмағы % 7 7,5 7,5 7,5
Өнеркәсiп, транспорт, байланыс және ауылшаруашылық 17374,7 11131,4 2334,9 2359,5
мақсаттағы емес салаларының жерлерi, мьщ га
үлес салмағы % 6,4 4,2 0,9 0,9
Ерекше қорғалатын табиғи аумақ жерлерi, мың га 862,8 1200,1 1247,1 12986,5
үлес салмағы % 0,3 0,5 0,5 4,6
Орман қорыньщ жерлерi, мьщ га 10930,2 22222,8 22432,8 22363,3
үлес салмағы % 4 8,2 8,2 8,2
Су қорының жерлерi, мың га 901,2 3568,3 3603,9 3612,1
үлес салмағы % 0,3 І,з І,з 1,3
Запастағы жерлер, мьщ га 28036,9 118696,4 24696,5 126368
үлес салмағы % 10,2 43,9 45,8 46,4
Ескерту- Кесте ҚР-сы Статистика жөнiндегi Агенттiң мэлiметтерi негiзiнде құрастырылған [72].

№2-кecтe - Табигатты қоргау мекемелерi қызметi туралы деректер, 2004 жыл

Облыстар

№3-кecтe — Ерекше қорFШІатын табиғи аумақтарды облыстар бойынша
орналастыру, мың га

Облыстар

Мүндай жағдай ЕҚТА-ды табиғи зоналарда орналастыру бойынша байқалады (9,
10-кecтeлep). Қарап отырсақ, Қазақстанда ЕҚТА жүйесiнде ормандарды қорғау
көрсетiлгенiмен, жартылай далалы аймақтар мен су жүйелерi аз қорғауға
алынады. Ал шел дала және үстiрттер мүлде қорғауға алынбайды. Қаратау,
Кетпен, Күнгей, Жоңғар Алатауы, Оңтүстiк Алтай, Сауыр-Тарбағатай
тауларының, Солтүстiк Каспий, Ертiс, Ырғыз, Орал және Iле өзендерiнiң
жағалауларындағы өсiмдiктер мен жануарлар элемiнiң бiрегей типтерi,
реликтi, эндемикалық түрлер қорғаусыз қалуда. Мiне мүның барлығы республика
аумағында жаңадан ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды үйымдастыруды қажет
етедi.

№4-кecтe - Қорықтардың табиги зоналар бойынша орналасуы

Қорық атауы Құрылған Жер Әкiмшiлiк Қоргалатын Табиғи
жылы аумағы, облыстар ландшафттар зоналар
мың,га
1. 1926 85,7 ОҚО, Таулы Таулы
Ақсу-Жабағылы Түлкiбас орманды.
ауд.
2. Алматы 1960 71,7 Алматы Таулы Таулы
орманды
3. Алакөл 1998 12,5 Алматы Сулы-батпактЖартылай
ы далалы
4. Барсакелмес 1939 30,0 Қызылорда Далалы Шөлдi,
құмды
5. Батые- Алтай1992 56,0 ШҚО Таулы Таулы
орманды
6. Қорғалжын 1968 258,9 Ақмола Сулы-батпактДалалы
ы
7. Марқакөл 1976 75,0 ШҚО Таулы Таулы
орманды
8. Наурызым 1931 87,7 Қостанай Көлдi далалыДалалы
орманды
9. Yстүрт 1984 223,3 МаңFыстау Далалы Шөлдi
10. Қаратау 2004 343 ОҚО Таулы, Таулы
орманды
Ескерту- Дайындаған автор [4].

№5-кecтe - Ұлттық парктердiң табиги зоналар бойынша орналасуы

Ұлттық парк Құрылған Көлемi, Әкiмшiлiк Қорғалатын Табиги
атауы жылы мың, га облыстар ландшафттар зоналар
1. Алтын-Емел 1996 212,0 Алматы Далалы (тасты, Далалы
құмды)
2. Баянауыл 1985 50,7 Павлодар Қарағайлы, Далалы
қайыңды орман
3. Бурабай 2000 84,1 Ақмола Орманды далалы Орманды
(қарағайлы орман,далалы
көл, далалы)
4. Көкшетау 1996 135,8 Ақмола Орманды далалы Орманды
(қарағайлы орман,далалы
далалы)
5. Қарқаралы 1998 90,3 Караганды Далалы (қарағайлыДалалы
орман, көл және
далалы)
6. Қатонқарағай2001 643,4 ШҚО Таулы орманды Орманды
далалы
7. Iле-Алатауы1996 181,6 Алматы Таулы (шырша Таулы
ормандары, таулы)
Ескерту- Кестеде Шарын ҰП-i көрсетiлмеген; Мәлiмет негiзiнде жасаган
автор [47,72].

Республика қорықтарының жалпы жер аумагы - 935,1 мың гектар, ұлттық
парктердiң жер аумагы - 1397,9 мың гектар, барлыгы ел аумагында 2326,4 мың
га-ды (1%) құрайды. Мысалы, Ресейде үлттық парк пен қорықтар 40,5 млн.га
(2%) жердi алып жатса, Арменияда 218,2 мың га, Молдовада 191,3 мың га-ды,
Өзбекстанда 820,7 мың га, Тәжiкстанда 280,3 мың га-ды қүрайды. Кестеден
көрiп отырганымыздай, табиги ландшафттарды қорғау мен сақтау жагынан,
Қазақстан Ресейден кейiнгi екiншi орында. Ал Өзбекстан, Молдова және
Тэжiкстан мемлекеттерiнде соңғы жылдары ешқандай қорық пен ұлттық парк
құрылмаған. Мұның басты себебi, ұлттық Заңдардың толық жүзеге аспауымен,
табигат қоргау шараларын қаржыландырудың жеткiлiксiздiгiмен, елдегi
экономикалық дагдарыс жагдайымен т.б. түсiндiрiледi.
Жоғарыда аталган мемлекеттердiң жалпы ортақ мәселесi - үстiрттер мен
шөлдi аймақтардың, кейбiр таулы бөлiктердiң қорғауга алынбауы және
қорғалатын табиги аумақ аудандарының аздығы. Мiне бұл жағдайлар жануарлар
түрлерiнiң толық сақталуын қамтамасыз етпейдi. Сонымен қатар, қорық пен YП-
дi құруга кеткен шығындар әрбір мемлекеттiң капитал салымдарымен тiкелей
байланысты. Ерекше қоргалатын табиғи аумақ саласында қызмет ететiн
қызметкерлер санының жылдан-жылга өсу үрдiсi де әрбір мемлекетте белең
алған жұмыссыздық мәселесiн жойып, жұмыс орнымен қамтамасыз етуге
багытталады.

№6-кecтe - Қазақстан мен кейбір ТМД елдеріндегi қорық пен ұлттық парк
туралы мәлiметтер, 2004

Жалпы республикадағы барлық ЕҚТА ауданы 12,9 млн. га, оның iшiнде орман
жамылғысы 23,0% (686,5 мың га), су айдыны 10,4% (310,4 мың га)
болғандықтан, ЕҚТА мемлекеттiң барлық аумагының 4,7%-ын қүрайды (элемдiк
стандарттарда 10-12%) [66]. Бiздiң көзқарасымыз бойынша республикадағы
қоршаган орта жағдайын жақсартуға, экологиялық баланс пен биоалуандылықты
сақтауда, табиги орта сапасын жақсартуда, табигаттың көркем жерлерiн
қорғауда бүл элi де жеткiлiксiз.
Қазақстанның ЕҚТА-да 215,1 мың қүстар тiршiлiк етедi. Мүнда ұлар,
кекiлiк, бүркiт, қара дуадақ, қоқиқаз, құр, баклан (суда жүретiн iрi құс),
үкi, лэйлiк және т.б. түрлер кездеседi.
Жануарлар Ақмола (20,1 мың бас немесе 33,1%) және Алматы (14,2 мың, бас
немесе 23,4%) қорықтары мен ұлттық парктерiнде кездеседi. Сүтқоректiлердiң
iшiнде қар барысы немесе iрбiс халықаралық Қызыл Кiтапқа жазылган.
Қазақстан қорықтары мен үлттық парктерi өсiмдiктерге өте бай. Өсiмдiк
түрлерiнiң басым көпшiлiгi "Iлe-Aлaтayы"(1870 түр) және "Алтын-Емел" (1800
түр) үлттық парктерiнде, "Ақсу-Жабағылы" мемлекеттiк қорығында (1404 түр)
сақталынган.
ҚР мемлекеттiк табиғи қорықтарының iс-эрекеттерi келесi кестеде
көрсетiлген, кестеден көрiп отырғанымыздай, аумағы жөнiнен ең iрi қорық
"Қоргалжын", ал кiшiсi "Алакөл". Жер ауданының ең үлкен бөлiгiн орман
массивтерi алып жатқан "Батые- Алтай" қорығы (38,8% пайыз барлық жер
ауданынан), ал "Қоргалжын" қорығында көкшалгын мен сулы жерлер 20,0% және
76,4%. "Алакөл" қорыгының барлық аумағын сулы жерлер (96,0%) алып жатыр.

№7-кecтe - Қазақстан Республикасындагы мемлекеттiк қорықтардың жалпы
сипаттамасы, 2004 жыл

Қорық ҚэдрылғаЖалпы Оның iшiнде Түр саны
атауы н жылы жер
ауданы,
га

Мұнда жер көлемi 1998-2004 жылдары 35,0% өстi, ал "Батыс-Алтай"
қорығындағы барлық территория басында 21229-дeн (15%), 56079-Fa (67%)
артты. "Алакөл" қорьІFында 1998-2004 жыл аральІFында аң саны 12-дeн 40-қa
өскенi байқалады, ал құстар 98-дeн 283-кe артқан. "Барсакелмес" қорығында
аң саны 5-тeн 11-гe көтерiлген, ал "Қорғалжын қорығында құстар саны 299-дaн
315-кe көтерiлген. Ал қалған қорықтарда айрықша өзгерiстер байқала
қоймайды.
Қорықтардың iшiнде ең алғаш құрылғаны ОҚО 1926 жылы "Ақсу-Жабағылы", ал
кiшiсi 2004 жылы ОҚО құрылған "Қаратау" қорыгы. Қаратау қорығы ҚР-сының
Yкiметiнiң 2004 жылғы №249 ҚР АШМ "орман және аңшылық шаруашылығы"
Комитетiнiң "Қаратау мемлекеттiк үлттық паркiн қүру туралы" Жарлығына
сэйкес құрылды. Жер учаскесi 34300 мың га. Мүнда мониторинг, ғылыми
зерттеулер жүргiзiледi, ғылыми-танымдық туризм жүргiзуге арнайы жолдар
бөлiнген. ҚорFалатын зонада экологиялық туризм маршрутының жолдары
жүргiзiлген. Штатты қүрған шыfынды қоспағандагы негiзгi шығьш көлемi мен
коммуналды және басқа да қызметтер Орталық-Азия траншекаралық жобасының
(ОАТЖ) Батые Тянь-Шаньның биоалуандылығын сақтау барысындагы гранттық
қаржысы жүзеге асырылды. Қорықтагы штат санын құруға адам басына 7837 мың
теңге сапарларға - 1675,5 мың теңге бөлiндi. Барлық шыгын - 9512,5 мың
теңгенi құрайды. Тауарларды иелену мен қүрылысқа кеткен шығындар 67855,5
мың теңгенi құраса, оның iшiнде 58056,8 мың теңге гранттық қаражаттан,
9775,6 мың теңге республикалық бюджеттен бөлiнедi. Fаламдық Экологиялық Қор
(FЭҚ) қаражаты 2004 жылгы ОАТЖ желiсi бойынша Батые Тянь-Шаньның
биоэртүрлiлiгiн сақтау мен ҚР Үкiметi "ЕҚТА құру" туралы республикалық
багдарламасына жүмсалу көзделуде. Қорғау iс-әрекеттерiн жақсарту мақсатында
қорық аумагына топтық патрульдi енгiзу үсынылды. Осы қызметтердi толық iске
асыру үшiн, қорыққа 43 адам қабылданды.
Қорықта табиги үрдiстердi анықтайтын Fылыми-зерттеу жұмыстары, ғылыми
бақылаулар жүргiзiледi, "Табиғат жылнамасы" жазылады. Айта кету керек,
мұндағы флора мен фауна әлуетiн туристiк мақсаттарға, эсiресе экотуризм
саласын дамытуға пайдалануға болады.
Қорықтар республиканың барлық аумағында орналасқан. Бiрақ, мүндағы
жалпыға ортақ мәселе - қаржының жетiспеушiлiғi, мысалы, Yстүрт қорығының 1
га аумағын қорғауға жылына - 31,44 тг., Қоргалжын қорығына - 35,37 тг.,
Марқакөлге - 6 681 тг.? Батыс-Алтайға - 11 921 тг., бөлiнедi. Қорықтағы
қызметкерлердiң орташа айлық жалақысы айына 10 000 теңгемен 14 000 теңге
аралығында (немесе 68-95 долл аралығында).
Қорықтарда байланыс, өрт сөндiру және басқа да техникалар жетiспейдi.
Fылыми-зерттеу жұмыстары жеке ынтамен және қолдағы бар құралдармен жүзеге
асырылады. Қорғау қызметiне бiр қызметкерге Батыс-Алтай қорыгында 4,0 мың
га., Ақсу-Жабағылы қорығында -5,5 мың га., ал Қорғалжын қорығында 12,5 мың
га., жер үлесi тиедi.
Экологиялық туризм тек Ақсу-Жабағылы мен Қорғалжын, Марқакөл,

Алматы к,орықтарында ғана қолға алынуда. Дегенмен де айта кету керек, бұл
қорықтарда экологиялык туризм шетелдiк ұйымдар көмегiмен құрылды. Сонымен
бiрге, республикада табиғат қорғау жұмысына өз үлесiн қосып жатқан ұйымдар:
"Қорық" қорықтар мен ұлттық парк қызметкерлерiнiң Ассоциациясы, "Наурызым"
(Наурызым қорығы), "Жабайы табиғат" Yкiметтiк емес ұйымы, (Ақсу-Жабағылы
қорығы), "Жасыл ел", "Тэтис", "Энвирс", Экоцентр-Карағанды" үкiметтiк емес
ұйымдары, "Қазакстан биоалуандылығын сақтау бойынша қоғамдық орталық" және
т.б.
Республика қорықтарындағы табиғат қорғау мiндеттерiн толығымен шешу
үшiн, бiздiң пiкiрiмiз, ең алдымен, Алматы, Ақсу-Жабағылы, Марқакөл және
т.б. қорықтардың жер аумағын кеңейту керек. Арал аймағының экологиялық
дағдарысының нэтижесiнде Барсакелмес қорығының табиғаты күрт өзгердi,
сапалы табиғи ауыз су өзектi мәселеге айналды, сондықтан бұл аймақты жан-
жақты бақылауға алу керек.
Қорықтардың экожүйесiндеғi дағдарыстардың алдын-алу үшiн, мақсаттық
мемлекеттiк қаржыландыру арқылы қорғалатын табиғи аумақтарды қайта
ұйымдастырып және сақтау бойынша шешiмдер қабылдау керек. Қазақстан
қорықтарында 178 сүтқоректiлердiң 140-ы, 489 құстың 346-cы, 104 балықтьщ
23, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрi мекен етедi, Мiне мұның барлығы
биоалуандылықты табиғи жағдайда сақтау үшiн, жаңадан қорықтарды
ұйымдастыруды және флора мен фауна санын өсiрудi талап етедi.
Мемлекеттiк ұлттық табиғи парктер (МVТП) Қазақстанда тек соңғы
онжылдықта ғана дамып келедi. Алғашқы ұлттық парк 1985 жылы құрылды. Yлттық
парктердi ұйымдастырудағы негiзғi идея жабайы табиғаттың бiрегей
туындыларын сақтау арқылы адамдардың табиғат сұлулығын қызықтауы, табиғат
туралы бiлімдерiн жетiлдiру, таза ауада денсаулықтарын қалыпқа келтiруден
туындады.
Қазiргi таңда Қазақстанда 8 ұлттық парк бар: "Алтын-Емел", "Баянауыл",
"Iле-Алатауы", "Қарақаралы", "Қатонқарағай" және "Көкшетау", "Бурабай",
"Шарын". Жақын арада тағы да екi "Жоңғар-Алатауы" және "Көлсай көлi" ұлттық
паркi құрылуы мүмкiн. ЕҚТА-дың осы типтерi елiмiздiң оңтүстiк-шығысы мен
таулы шығысында, сонымен қатар, Орталық және Солтүстiк Қазақстан
экожүйелерiнде жинақталған.
Yлттық парктердiң қазiрғi жағдайы келесi 13 кестеде көрсетiлғен.
13 кестеде көрсетiлғендей, "Алтын-Емел" YП-нiң жер көлемi басқа
парктерғе қарағанда ауқымды, ал "Баянауыл" YП ең кiшi. 1998-2004 жыл
аралығында "Iле-Алатау" YП-де орман жамылғысы 62015-кe ал көк шалғындар
62814-кe, өсiмдiктер саны 1282-дeн 1870-кe өстi. Ал басқа ұлттық парктерде
аумақтық қатынастар мен акватория масштабтарьшда немесе жануарлар мен
өсiмдiктер элемiнде ешқандай өзгерiстер байқалмайды. Кестеде 2004 жылы
жаңадан құрылған "Шарын" YП-нiң көрсеткiштерi келтiрiлмеғен.
YП-дiң аумағын қорғауға 2003 жылы "Көкшетау" ҰП 1 ға аумағына 45,85
тғ., "Қатонқарағай" ҰП-не 52,4 тг., "Бурабай" ҰП-не 458,5 тг бөлiнғен.

№8-кecтe -Қазақстан Республикасындагы Улттық табиги парктердiң жалпы
сипаттамалары, 2004 жыл

Ұлттық парк ҚурьшFанЖалпы Оның ішіiнде Түрсаны
атгары жьшы жер
ауданы,
га

Қорғалатын зоналар Қазақстан үшiн ЕҚТА жаңа категориялары болмағанмен
де, соңғы жылдары бұл айтарлықтай дамуда. Ең ескi қорық зонасы ("Солтүстiк
Каспий") 1976 жылы қүрылды, бiрақ оның "Арнайы экологиялық талаптар ... "
деген ережесi ҚР-сы Yкiметiмен 1999 жылы бекiтiлдi. "Солтүстiк Каспий" -
жалғыз қорғалатын зона, сондықтан да ол "ЕҚТА туралы" ұлттық Заңның жеке
бабына (статья 48) сэйкес толық қорғауға алыну керек.
Қалған үш қорық зоналары (Жусандалы, Кендерлi-каясан, Қаратау-Арыс) араб
шейхтарының дуадақтарын қорғау мен осы құстармен "валюталық" аң аулауды
үйымдастыру үшiн қүрылды. Бiрақ та, осы күнге дейiн осы саладағы қаржы
мәселесi шешiлмей отыр, ал осы форманы қорғау лайықты немесе лайықсыз
екендiгiне талас-тартыс элi де жүрiп жатыр.
ЕҚТА тағы бiр формасы - қаумалдар. Өзiнiң маңызы бойынша бүл аумақтар
ондағы шаруашылық iс-эрекеттердi сақтау тэртiбiмен өндiрiстiк айналымнан
жерлердi алмай-ақ ландшафттар мен популяцияны қорғау үшiн құрылады.
Қазақстанда ЕҚТА осы катеrориясының 57 түрi бар. Олардың iшiнде зоологиялық
қаумалдар 35 (65%), одан кейiн ботаникалық 15 (23%), кешендi 6 (12%);
ботаника-геологиялық - қаумал 1; 4 қаумал ұлттық парк аумағында орналасқан:
олар "Алматы" ("Iле-Алатауы" МYТП), "Қарақаралы" (Қарақаралы МYТП),
"Қызылтау" ("Баянауыл" МYТП) және "Рахман бүлағы" ("Қатонқарағай" МYТП).
Осы аталған төрт қаумалдарда тұрақты қорғау жүмысы мен мониторинг жүзеге
асырылып отырылады. Ал қалған қаумалдарда жұмыстарды ҚР АШМ ОАШК
бөлiмшелерi жүрғiзедi, қорғау жүмысы инспекторлардың сирек қатынасуымен
анда-санда жүргiзiлетiндiктен, ЕҚТА осы категорияларын жүйелi қорғау әлi де
толық емес деп айтуға болады [80].
Табиғат ескерткiштерi - ЕҚТА бiр түрi, олардың жер ауданы бiрнеше гектар
дан аспайды. Дегенмен де, ЕҚТА-дың осы категорияларының жер көлемiн ұлғайту
маңызды емес, тек тарихи және мэдени бағалылықтарды сақтау мен қорғау үшiн,
оның мәнi мен бiреғейлiгiн жетiлдiру керек. Қазақстанда республикалық
мақсаттағы 26 табиғат ескерткiштерi бар. Одан баска, мемлекеттiк маңызы бар
53 табиғат ескерткiштерi қүрылды, (5-yi солтүстiк Қазақстандағы осы
статусты жоғалтқандармен бiрге қоспағанда). Yлттық парк жанында
орналасқандар тиiмдi қорғауға алынған. Ал қалғандарының жағдайы
қанағаттанарлықсыз дәрежеде, онда бiрегей табиғи кешендi қорғау мен сақтау
бойынша жұмыстар жүргiзiлмейдi. Сондықтан, табиғат ескерткiштерiнiң
жағдайын жақсарту үшiн, жоспарлы шараларды жүзеге асыру керек. Республикада
қорықтар, үлттық парктер, қаумалдар мен табиғат ескерткiштерiнiң толық
атаулары, қорғалатын өсiмдiктерi мен жануарлары А қосымшасында көрсетiлген.
Қазақстанда ботаникалық бақтар ҚР БFМ жанындағы ботаника және
фитоинтродукция институтының филиалдары болып саналады. Олардың жалпы саны
5: Бас Бақ (Алматы қ.), Алтай (Риддер қ.), Iле (Алматы обл.) және Маңғышлақ
(Ақтау қ.). Қарағанды ботаникалық бағы фитохимия институтына берiлғен,
бiрақ олар қазiр өз статусын жоғалтқан. ЕҚТА-дың осы типтерiнiң негiзгi
мәселесi құқықтық коллизиямен (қарама-қарсы мүдделердiң қақтығысуы) тiкелей
байланысты: ботаникалық бақтар үлттық заңға сэйкес заңды тұлға статусын
алуы керек.
Қазақстанда 3 зоопарк бар: олар Алматы, Қарағанды және Шымкент
қаласында орналасқан.

№9-кecтe - Қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды
пайдалануға бағытталған инвестициялар

1995 ж. 2000 ж. 2001 ж. 2002 ж. 2003 ж.
Барлығы, млн. тг. 5224,4 6347,8 22418,2 21769,5 26704,7
Оның iшiнде: Су ресурстарын3394,2 2902,8 6456,2 4207,7 6336,5
қорғау мен ұтымды
пайдалануга
Атмосфералық ауаны қорғауға913,5 1111 9344,8 12745,2 9085,8
Жердi қорға мен ұтымды 651,6 1703 5592,6 4385,9 4221,1
пайдалануға
Орман ресурстарын қорғауға 2,3 64 64,9 6,9
Минералдық ресурстарды, 227,0 567 955,9 406,5 7049,4
мұнайды пайдалануға
ЕҚТА-ды ұйьmдастыруға - - - 9,0 9,0
Жабайы андар мен қ^;старды - - 2,4 0,2 -
қорғауға
Басқа да жұмыстарға 33,8 - 3,8 8,4 2,9
Ескерту- Кесте ҚР-сы статистика жөнiндегi Агенттiң мэлiметтерi негiзiнде
альшды.

Жабайы аңдар мен құстарды қорғауға 2002 жылы 0,2 млн. тг. инвестиция
жұмсалса, сдан кейiнгi жылдары инвестиция бөлiнбеген. Себебi, ЕҚТА-ға
бюджеттен бөлiнетiн қаржы жетiспейдi және осы аумақтарды қорғау мен
сақтауға отандық демеушiлер қатыспайды. Одан басқа, ЕҚТА-ды қорғауға
шетелдiк инвестициялар тартылмайды. Өйткенi, бұл әлемдiк ГЭФПРООН, INТАS,
ТАSIS, NАТО секiлдi қаржыландырушы механизмдермен бiздiң елiмiздiң арасында
өзара байланыс элсiз.
ҚР ҚОҚ және ТРМ 2003 жылы 25 сэуiрдегi №97 Жарлығымен
Мемлекеттiк табиғат қорығының аумағын пайдалануға төлем және оларға
көрсетiлетiн қызмет түрлерiнiң бағасы туралы құжат қабылданып, (16-кесте)
бекiтiлдi және Ережеде келтiрiлген ЕҚТА-ғы қызмет түрлерiн паидалану ақылы
түрде. Төлемдерден түскен табыс қорықтар мен YП-дiң жеке жұмыстарын жүзеге
асыруға бағытталмайды, басым көпшiлiгi мемлекеттiк бюджетке аударылады
[83]. ЕҚТА өндiрiстiк кәсiпорын секiлдi жергiлiктi тұрғындар үшiн, табыстың
қайнар көзi болып табылады. Бiрақ, ЕҚТА-да жүзеге асырылатын жұмыстардан
түскен табыс (қызметкерлердiң еңбекақысы) жергiлiктi түрғындардың табысының
аз ғана бөлiгi, ЕҚТА-дағы экономикалық қызметтерден (рекреациялық және
буферлық зоналардағы шаруашылық iс-эрекет, туризмдi қосқанда) жергiлiктi
тұрғындарға түсетiн үлесi нөлге тең. Бүл ЕҚТА-дың iс-эрекеттерiнiң
экономикалық жақтарын реттейтiн нормативтl актiмен тiкелей байланысты,
яғни, түскен табыстың 100 пайызы республикалық бюджетке аударылады.
Сондықтан да, осы аумақтарда түратын тұрғындар өз жағдайларын көтеру
мақсатында қаскөйлiк жолмен т.б. мақсаттарда табиғатпен терiс қарым-
қатынасқа түседi. Екiншi жағынан, бүл мәселе түрғын халықтың экологиялық
бiлІмiнiң төмендiri, жерге деген патриоттық сезiмнiң жоқтығынан туындайды.
ЕҚТА-дың тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында, түрлер мен экожүйенi сақтау
барысындағы қызметтер қаржылық қамсыздандырумен тiкелей байланысты
болғандықтан, биологиялық және ландшафттық эртүрлiлiктi сақтаудағы iс-
эрекет нэтижесi пайда экелмейдi және үйым үшiн экономикалық түрғыдан тиiмдi
емес. Сондықтан да элемдiк тәжiрибеде ЕҚТА қаржыландыру ең алдымен,
мемлекеттiк дотациялар (шығын орнын толтыратын мемлекеттен берІлетiн
қаржы), үйым көмегiмен, қорлар мен жеке тұлғалар мен көрсетiлетiн қызмет
түрлерiнен жинақталып отырады. Мысалы, бiзде, ЕҚТА қазiргi таңда тек
мемлекеттiк бюджеттен ғана қаржыландырылса, Ресей Федерациясында қорғалатын
аумақтар экологиялық қорды қосқандағы федералды бюджет, аймақтық және
жергiлІктi бюджет пен бюджеттен тыс көздерден, жеке қүралдардан, шетелдiк
қайырымдылық қор есебiнен, отандық демеушiлер есебiнен қаржыландырылып
отырылады (17, 18-кecтeлep). Қарап отырсаңыз, ресейлiк қорықтар мен ұлттық
парктердi қаржыландыруға өнеркәсiптiк кәсiпорындардан бастап, банк, сауда
үйымы, қоғамдық үйымдар мен басқа да қүрылымдар қатысады [27, 79, 84].
Ал бiздiң республикамызда қорықтар мен ұлттық парктердi қаржыландыратын
отандық демеушiлер аз немесе мүлдем жоқ деуге де болады. Мүның барлығы
республикадагы ЕҚТА-ды қаржыландыратын арнайы механизмдердiң жоқтығымен,
заңдарда толық қарастырылмағандығымен түсiндiрiледi. Сондықтан республикада
ЕҚТА-ды дамытуға қаржылай көмек көрсететiн демеушiлердi, үйымдар мен
банктердi тарту жолдарын қарастыру қажет.
Қорықтар алдына қойылатын мақсаттарының қатарына экологиялық тәрбие,
табигатты қорғауды насихаттау, мамандарды даярлау мен ғылыми бiлiктiлiктi
арттыру мiндеттерi тұрады, Десек те, қорық iсiн жандандыруға жоғары бiлiктi
ғылыми мамандарды тарту, даярлау - қорық алдында түрған негiзгi күрделi
мәселелердiң бiрi болып саналады.
ЖОО-да экологиялық бағытта бiлiм беретiн кафедралар жұмыс iстегенiмен,
олар бүл мәселенi толығымен шеше алмайды және онда берiлген бiлiм қысқаша,
жалпы түрде өткiзiледi. Ал бұл келешекте ерекше қорғалатын табиғи
аумақтардың өсуiмен байланысты қорық iсi теориясын терең меңгеретiн және
жан-жақты тәжiрибеден өткен, кең бiлiмдi, қорық территориясын қабiлеттi
басқаратын мамандардың жетiспеушiлiгiне алып келетiнi анық. Кезiнде бұл
мәселенi шешу үшiн, көптеген жұмыстар жарияланған. Мысалы, бiр авторлар
қорық iсi саласында мамандарды даярлау үшiн, бiрегей аймақта орналасқан
арнайы үйым - биопарктердi күру туралы айтса, ендi екiншi авторлар қорық
iсiн насихаттау, ағарту шараларын жүргiзу бағдарламаларын қүру үшiн,
қорықтарда табиғат қорғау бiлiмiн кеңейту үлгiлерiн ұсынады, сонымен қатар,
осы жұмыстарды жүргiзуге қажеттi қаржы көлемiн де жоспарлау жолдарын
қарастыру қажеттiлiгi айтылады. Десек те, осы ұсыныстарды қорықтарда
тәжiрибе жүзiнде пайдалану келесi себептерден - экологиялық бiлiм мен
насихаттау бойынша арнайы құрылымның жоқтығынан және қаржыландыру мен
материалды-техникалық базаның әлсiздiгiнен қиындай түсуде. Бұдан басқа,
қорық базасында табиғатты қорғауды насихаттау, экологиялық бiлiм мен тэрбие
беру бойынша құрамында журналистер, педогогтер, социолоrтар, экономистер
және т.б. бар арнайы бөлiмдердi құру туралы мәселелердi шешу керек].
Мысалы: шетелдерде басты назар экологиялық бiлiм беруге аударылады, яғни
ұлттық парктер мен басқа да ерекше қорғалатын табиғи аумақ қызметкерi үшiн,
қажеттi бiлiмдердi тек биология, рекреация, басқару саласында алып қана
қоймай, саяси және дiндiк iс-эрекеттерден алуға болады және бұл қызметтер
тек жеке ұлттық парктерде ғана емес, қорықтардың буферлiк зоналарында да
жүзеге асыруға мүмкiндiк бар. Шетелдiк тэжiрбиелерге сүйене отырып, аталмыш
саладағы экологиялық-ағарту жұмыстары, сананы қалыптастырудың келесiдей
тэсiлдерiн ұсынамыз:
1. Бүкара ацпарат цүралдарымен жумыс. Мұнда қорықтар мен ұлттық
парктердiң әкiмшiлiгi жергiлiктi бұқара ақпарат құралдарымен (БАҚ) тыгыз
қарым-қатынас орнату арқылы ЕҚТА-дың қогамдағы рөлiн, мақсатын,
мiндеттерiн, әлеуметтiк-экономикалық тиiмдiлiгiн, тэрбиелiк мәнін жариялап
отыру керек. Аталған тәсiлдi толық жүзеге асыру үшiн, БАҚ-да конкурстар,
эртүрлi сұрақтар, ойындар ұйымдастырылуы шарт.
2. Жарнамалыц-Баспа цызметL Бұл тэсiл эртүрлi жарнамалық немесе
ақпараттық буклеттер, брошюролар, түсiндiрме сөздiктердi шығару арқылы
эртүрлi жарнама өнiмдерiн (конверт, күнтiзбе, естелiк бұйымдар) кеңейтуге
мүмкiндiк бередi.
3. Кшо-видеоөнiмдердi үйымдастыру. Бұл қиын әрi қымбат бағаланатын
жұмыс түрi қорық табиғатының әртүрлiлiгiн, байлығы мен
сұлулығын
тұрғындарға паш етедi. Бұл жұмысты толық жүзеге асыру үшiн, қорықтар мен
ұлттық парктер жоғары кәсiби, бiлiктi кино түсiретiн отандық және шетелдiк
компаниялармен iскерлiк байланыс орнату керек.
4. Қогамдъщ бiрлестiктермен басқа да коммергщялыц емес үйымдармен
бiрлесу, Қоғамдық бiрлестiктердi қорық пен үлттық парк жұмыстарына тарту
экологиялық-ағарту жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкiндiк бередi.
5. Музей iсi және визит орталыцтарын дамыту. Қорықтар мен ұлттық
парктердегi табиғат музейлерiн жаңа қүралдармен жабдықтау,
музейге
келушiлермен жұмыс iстеудiң жаңа тэсiлдерiн меңгеру жолдарының бiрi визит-
орталықтар болып табылады. Визит-орталықтар келушiлерге дәрiс және басқа
да жұмыстарды жүргiзу үшiн, арнайы құралдармен жабдықталған орталық.
6. Экологияпыц экскурсия мен танымдыц, экологиялыц туризмдi дамыту,
Жұмысты дамытудың басты жолдары: қорғалатын аумақтың бiр бөлiгiн арнайы
келушiлер үшiн бөлу; экологиялық соқпақтар мен
маршаруттарды
ұйымдастыру, ақпараттық құралдармен жабдықтау және келушiлердi ұдайы
бақылауға алу.
7. Халъщ арасында табигатты цоргау шараларын насихаттау. Табиғатты
қорғау жұмыстарын насихаттау - бұл табиғатты ұтымды пайдалану және
қорғау облысындағы адамдарға жан-жақты бiлiм беру мен
тэрбиелеу жұмыстарын қамтиды. Оның қатарына экологиялық бiлiмдi
қалыптастыру, жеке құлық пен өндiрiстiк iс-әрекеттердiң экологиялық
мэдениетi, экологиялық әлемдiк көзқарас, табигатқа өзара байланысты
тереңiрек ұғынысу негiздерi, табигат алдында әрбір адамньщ жеке
жауапкершiлiгi, сонымен катар, отандық, рухани патриотизмге тәрбиелеу мен
табигатты пайдалануға дұрыс көзқарас жатады.
Жоғарыда айтылгандарды қорытындылай келе, республикадағы ЕҚТА-дың
қазiргi жагдайын талдау барысы аталған саланы экономикалық бағалауға
мүмкiндiк бермейдi. Себебi, республикадағы ЕҚТА-ды дамытудың экономикалық
және қаржыландыру механизмдерiнiң жоқтыгы, басқару қызметiнiң элсiз
дамығандығы, маман кадрлардың жетiспеушiлiгi, халықтың экологиялық
бiлiмдерiнiң төмендiгi, жоспарлы жұмыстардың жүзеге аспауы және т.б. Бұл
мәселелердi шешу өз кезегiнде ЕҚТА-ды мемлекеттiк деңгейде жоспарлы
шараларды қабылдауды талап етедi. ЕҚТА-ды үйымдастыру кестесiнде бөлiнген
учаскелер бiр-бiрiнен алые қашықтықта орналасқан, айналасы антропогендi iс-
эрекеттерге толы болғандықтан, бұл нысандарды қоргау экономикалық тұрғыдан
тиiмсiз. Сондықтан бiздiң ойымызша, экологиялық-экономикалық тұрғыдан ЕҚТА-
дың экожүйесiн табиғи қалпында сақтау және антропогендi эсерлерден қоргау
үшiн, ЕҚТА-ды бiр-бiрiмен байланыстыратын экологиялық дәлiздердi
үйымдастыру қажет, ал бүл ондагы мекен ететiн жануарлар миграциясының еркiн
генетикалық ауысым жасауына мүмкiндiк бередi. Осындай жүйе аймақтың
әлеуметтік-экономикалық дамуы және түрғын халықтың қызығушылыгын ескере
отырып, қүрылуы керек.
Сонымен бiрге, табиғи ортадагы туризм мен демалысты реттеуге қажеттi
шараларды қарастырып, ЕҚТА-да туризмдi дамытудың шетелдiк тэжiрибелерiне
назар аударып, ұгымды жақтарын, яғни, табиги ортага экелетiн тиiмдiлiгiн,
зияндылыгын жан-жақты саралаудан өткiзiп, туризмнiң ЕҚТА үшiн, қай түрi
тиiмдi екендiгiн анықтап, оның құрылымдық зонасын, әлеуметтік-экономикалық
факторларын нақтылау керек. Жоғарыда аталған мәселелер толығымен opындaлып?
ЕҚТА-дың нарықтық экономика жағдайындағы даму басымдылықтары айқын болған
жағдайда ғана оны экономикалық бағалауға мүмкiндiк туады.

1.2 Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғи корығының қазiргi жағдайын бағалау
және кешендi талдау

"Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғат қорығы" мемлекеттiк мекеме -типтiк,
сирек және бiрегей табиғи кешендердi өзiнiң барлық жиынтығымен қоса оның
компоненттерiнiң жағдайьш табиғи қалпында сақтау барысындағы қызметтердi
орындайтын ҚР Ауыл шаруашылығы МинистрлІгi орман және аңшылық шаруашылығы
Комитетiне қарайтын мекеме.
Yйым өзiнiң қызметiн ҚР Заңдары мен Конституциясымен, Президент Жарлығы
және ҚР Yкiметiнiң Актiсiмен, нормативтiк-құқықтық актiлермен қатар, Ақсу-
Жабағылы мемлекеттiк табиғат қорығы мемлекеттiк мекемесi
туралы Ережемен жүзеге асырады - Ә-қосымшасы.
Аталған мекеме 1924 жылы табиғат ескерткiшi ретiнде ұйымдастырылып, 1926
жылы шiлдеде қорық атауы берiлдi. Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк табиғат қорығы
батыс Тянь-Шанның Талас Алатауы сiлемдерiнІң батыс бөлiгiнде орналасқан.
Қорық теңiз деңгейiнен 1300-дeн 4200 м-ге дейiнгi жоғары таулы бөлiктi алып
жатыр. Солтүстiк және Батыс шекаралары 1300-1600 м. деңгейiнде Талас
Алатауы, Жабағылытау және Өгем тау жоталарының баурайымен өтедi. Оңтүстiгi
мен оңтүстiк-шығысы биiк таулы Талас және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық туризм түсінігі
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Ерекше қорғалатын табиғи аймақтарда туристерге қызмет көрсету
Қазақстан Республикасының қорықтары және олардың туризмдегі рөлі (Қорғалжын қорығы мысалында)
Экологиялық білім және тәрбие бағыттары
Қорықтардың қоршаған ортаны қорғаудағы рөлі
Қаратау қорығынның экотуризмді мүмкіндіктерін жете зерттеу
Табиғатты қорғау іс-әрекетінің заң шығарушы және нормативті құқықтық базасы. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы ҚР заңы
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
Экологиялық білім беру туралы
Пәндер