Сыртқы қарыздарды өтеуге байланысты мемлекеттердің қызметін құқықтық реттеу (Қазақстан мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің мысалында)



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚЫРЛАРЫ

1.1 Сыртқы қарызды өтеудің теориялық және тәжірибелік қырлары ... ..6

1.2 Сыртқы қарызды басқару мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17


ІІ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

2.1 Бұрынғы КСРО.ның сыртқы қарызының құқықсабақтастығы ... ... .26

2.2 Қазақстан Республикасының сыртқы борышына (қарызына) жалпы экономикалық сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...41


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...52
Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттердің сыртқы қарыз мәселесі жаһандық сипаттағы мәселеге айналып отыр. Жалпы алғанда, өндірістік тұрғыдан дамыған мемлекеттердің алдында дүниежүзінің 140-тан астам мемлекеті қарыз екендігі туралы мәлімет бар. Халықаралық қайта құру және даму банкінің ақпаратына сәйкес, бұл мемлекеттердің қарызы 2004 жылы 2 трлн. АҚШ долларынан асқан, оның 89% дамушы елдерге тиесілі болса, 11% бұрынғы социалистік мемлекеттерге тиесілі [1, 145 б.].
Мемлекеттің сыртқы қарызына қызмет көрсету мәселесі – елдегі макроэкономикалық тұрақтылықтың шешуші факторларының бірі екендігін экономистер мен заңгерлер жақсы біледі. Сыртқы қарызды шешу сипатына қарай сол бір немесе өзге мемлекеттің бюджеттік әрекетқабілеттілігі, оның валюталық резервтерінің жай-күйі, соған орай ұлттық валютасының тұрақтылығы, инвестициялық хал-ахуалы, бір сөзбен айтқанда, экономикалық қауіпсіздігі тікелей байланысты.
Экономикалық қайта құрулар мен белгілі бір реформалар жүзеге асырғанда дүниежүзінің барлық дерлік мемлекеттері қаржыландырудың сыртқы қайнар көздеріне жүгінеді. Шетелдік несиелерді, заемдарды және көмекті оңтайлы пайдалану экономикалық өсімді жеделдетуге, елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешуге септігін тигізеді. Алайда сыртқы қаржылық ресурстарды тарту мен пайдалану жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясаттың жоқтығы сыртқы қарыздың көбеюіне алып келеді және ол, өз кезегінде, экономикалық дамуды тежейтін елеулі кедергіге айналуы мүмкін.
Халықаралық тәжірибе байыпты қарыз алу саясатын жүргізу және мемлекеттік сектордың қарызын басқару және жеке сектордың сыртқы қарызын реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін қажетті шараларды уақтылы қабылдау елдің макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейін қамтамасыз ету үшін ең маңызды фактор болып табылатындығын куәландырады. Әлемдік тәжірибеде, әдетте, көптеген елдердің сыртқы және ішкі нарықтарда өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетін нығайту жөніндегі жоспарлары бар. Бұл қажеттіліктер капиталдың ішкі нарығын дамыту дәрежесімен, валюта режимінің ерекшеліктерімен, макроэкономикалық саясаттың және нормативтік реттеу шараларының сапасымен, реформаларды әзірлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдің кредитке қабілеттілігімен және оның борышты басқару саласындағы мақсаттарымен айқындалады.
Біздің мемлекетіміздегі, дүниежүзіндегі соңғы экономикалық және қаржылық жағдай мемлекеттің сыртқы қарызы туралы мәселені бірінші кезекте шешуді қажет ететін мәселелер қатарына шығарды. Бұл орайда сыртқы қарызды өтеуге байланысты мемлекеттердің қызметі құқықтық реттеусіз жүзеге аса алмайтыны анық. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұл мәселе бүгінгі таңда өзекті тақарыптардың біріне айналғанына ешкім күмән келтіре алмайды деп ойлаймыз.
1. Международная экономика: учеб. пособие / Т.Н.Гоголева, В.Г.Ключищева, Ю.И.Хаустов. – М.:КНОРУС, 2005 г. – 304 с.
2. Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы «Бюджет кодексі» // «Заң» ақпараттық-құқықтық жүйесі.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 29 желтоқсандағы №234 Жарлығымен мақұлданған «Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегi тұжырымдама» // «Заң» ақпараттық-құқықтық жүйесі.
4. Нугербеков С. Валовый внешний долг и международные резервы // Евразийское сообщество, №2, 2009 г. – 9-15 с.
5. Амринов А. Проблемы управления государственным долгом в Казахстане // Қаржы-қаражат – Финансы Казахстана, №2, 2003 г. – С.45-53.
6. Зейнельгабдин А.Б. Финансовая ситема Казахстана: становление и развитие. – Астана: Изд.КазУЭФиМТ, 2008 г. – 226 с.
7. Шарипов Т. Эффективность стратегии правительственного внешнего заимствования // Вестник Семипалатинского Государственного Университета им.Шакарима. №2, 2002 г. – С.54-62.
8. Платежный баланс, международная инвестиционная позиция и внешний долг Республики Казахстан // Платежный баланс. №1, 2005 г. – С.3-91.
9. Мақыш С. Мемлекетіміздің сыртқы борышы және оның салдары қандай болмақ? //Ақиқат, №5, 2008 ж. – 9-18 беттер.
10. Есентугелов А. Экономика независимого Казахстана: история рыночных реформ. – Алматы: ЦИМЭК, 2007 г. – 223 с.
11. Шохин С., Махмутова Э. Долговая политика и использование иностранных инвестиций // Финансы. №7, 2003 г. – С.15-22.
12. Окшантаева Н.Б. Международные финансовые организации в РК: кредиты или время внешнего долга // Саясат. №8-9, 2000 г. – С.70-73.
13. Кулекеев Ж.А. и др. Экономический рост и расходы государства. – Астана: Изд. Акад. госслужбы при Президенте РК, 2004 г. – 189 с.
14. Шохин А. Как не попасть в долговую «петлю»: внешний долг СССР // Вопросы экономики. №5, 1997 г. – С.4-18.
15. Экономическая энциклопедия. – М.: Экономика, 1999. – 750 с.
16. «Мемлекеттік меншіктер, мемлекеттік мўраєаттар жјне мемлекеттік ќарыздар тўрєысындаєы мемлекеттердіѕ ќўќыќсабаќтастыєы туралы» 1983 жылєы Вена конвенциясы.
17. Залевский В.Г. Конверсии государственных долговых обязательств: историко-правовой анализ // Законодательство, №1, 2004 г. – С. 63-68.
18. Попкова Н.А. Управление государственным долгом: проблемы и возможности // Финансы, №1, 2010 г. – 49-52 с.
19. Цыбуков В.В. Кто платит по долгам СССР // Международная жизнь, №10, 1994 г. – С. 103-109.
20. Кремнев П.П. Правопреемство государственной собственности и внешнего долга бывшего Союза ССР // Вестник Московского Университета, №1, 2007 г. – С. 51-71.
21. Цыбуков В.В. Проблемы правопреемства в Содружестве Независимых Государств. – М., 1994 г. – 131 с.
22. Якушева Е.Е. Ответственность Российской Федерации по своим внешним долговым обязательствам //Современное право, №1, 2007 г. – С.5-7.
23. Покачалова Е.В. Правовые проблемы государственного долга в условиях дефицита и профицита бюджета // Современное право, №10, 2005 г. – С.11-21.
24. Постановление Правительства РФ «О подписании с государствами-республиками бывшего СССР соглашений об урегулировании вопросов правопреемства в отношении внешнего государственного долга и активов Союза ССР» от 17 мая 1993 г. // Дипломатический вестник, №11-12, 1993 г. – С. 5-6.
25. Родионов Д. Основные этапы формирования и причины роста внешнего корпоративного долга компаний с государственным участием // Международная экономика. №2, 2007 г. – С. 28-34.
26. Қазақстан Республикасы статистика агенттігінің ресми сайты: www.stat.gov.kz

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Сыртқы қарыздарды өтеуге байланысты мемлекеттердің қызметін құқықтық реттеу
(Қазақстан мен бұрынғы КСРО мемлекеттерінің мысалында)

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

І МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚЫРЛАРЫ

1.1 Сыртқы қарызды өтеудің теориялық және тәжірибелік қырлары ... ..6

1.2 Сыртқы қарызды басқару
мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...17

ІІ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ МЕМЛЕКЕТ ҚЫЗМЕТІН ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ

1. Бұрынғы КСРО-ның сыртқы қарызының құқықсабақтастығы ... ... .26

2. Қазақстан Республикасының сыртқы борышына (қарызына) жалпы
экономикалық
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... 41

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...49

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 52

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Бүгінгі таңда мемлекеттердің сыртқы қарыз
мәселесі жаһандық сипаттағы мәселеге айналып отыр. Жалпы алғанда,
өндірістік тұрғыдан дамыған мемлекеттердің алдында дүниежүзінің 140-тан
астам мемлекеті қарыз екендігі туралы мәлімет бар. Халықаралық қайта құру
және даму банкінің ақпаратына сәйкес, бұл мемлекеттердің қарызы 2004 жылы 2
трлн. АҚШ долларынан асқан, оның 89% дамушы елдерге тиесілі болса, 11%
бұрынғы социалистік мемлекеттерге тиесілі [1, 145 б.].
Мемлекеттің сыртқы қарызына қызмет көрсету мәселесі – елдегі
макроэкономикалық тұрақтылықтың шешуші факторларының бірі екендігін
экономистер мен заңгерлер жақсы біледі. Сыртқы қарызды шешу сипатына қарай
сол бір немесе өзге мемлекеттің бюджеттік әрекетқабілеттілігі, оның
валюталық резервтерінің жай-күйі, соған орай ұлттық валютасының
тұрақтылығы, инвестициялық хал-ахуалы, бір сөзбен айтқанда, экономикалық
қауіпсіздігі тікелей байланысты.
Экономикалық қайта құрулар мен белгілі бір реформалар жүзеге
асырғанда дүниежүзінің барлық дерлік мемлекеттері қаржыландырудың сыртқы
қайнар көздеріне жүгінеді. Шетелдік несиелерді, заемдарды және көмекті
оңтайлы пайдалану экономикалық өсімді жеделдетуге, елдің әлеуметтік-
экономикалық мәселелерін шешуге септігін тигізеді. Алайда сыртқы қаржылық
ресурстарды тарту мен пайдалану жөніндегі біртұтас мемлекеттік саясаттың
жоқтығы сыртқы қарыздың көбеюіне алып келеді және ол, өз кезегінде,
экономикалық дамуды тежейтін елеулі кедергіге айналуы мүмкін.
Халықаралық тәжірибе байыпты қарыз алу саясатын жүргізу және
мемлекеттік сектордың қарызын басқару және жеке сектордың сыртқы қарызын
реттеу саласында мемлекеттің әлеуетін нығайту үшін қажетті шараларды
уақтылы қабылдау елдің макроэкономикалық тұрақтылығының жоғары деңгейін
қамтамасыз ету үшін ең маңызды фактор болып табылатындығын куәландырады.
Әлемдік тәжірибеде, әдетте, көптеген елдердің сыртқы және ішкі нарықтарда
өз қарыз алу стратегиялары және борышты басқару саласындағы әлеуетін
нығайту жөніндегі жоспарлары бар. Бұл қажеттіліктер капиталдың ішкі нарығын
дамыту дәрежесімен, валюта режимінің ерекшеліктерімен, макроэкономикалық
саясаттың және нормативтік реттеу шараларының сапасымен, реформаларды
әзірлеу және жүзеге асыру саласында ұйымдастыру-құқықтық әлеуетпен, елдің
кредитке қабілеттілігімен және оның борышты басқару саласындағы
мақсаттарымен айқындалады.
Біздің мемлекетіміздегі, дүниежүзіндегі соңғы экономикалық және
қаржылық жағдай мемлекеттің сыртқы қарызы туралы мәселені бірінші кезекте
шешуді қажет ететін мәселелер қатарына шығарды. Бұл орайда сыртқы қарызды
өтеуге байланысты мемлекеттердің қызметі құқықтық реттеусіз жүзеге аса
алмайтыны анық. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бұл мәселе бүгінгі таңда
өзекті тақарыптардың біріне айналғанына ешкім күмән келтіре алмайды деп
ойлаймыз.
Жұмыстың мақсаты сыртқы қарыздарды өтеуге байланысты мемлекеттердің
қызметін құқықтық реттеудің жай-күйін талдау және соған орай белгілі бір
ұсыныстар әзірлеу. Аталған мақсатқа қол жеткізу үшін төмендегідей
міндеттерді шешу белгіленді:
- сыртқы қарызды өтеудің теориялық және тәжірибелік қырларын талдау;
- сыртқы қарызды басқару мәселесін талдау;
- сұрынғы КСРО-ның сыртқы қарызының құқықсабақтастығын талдау;
- Қазақстан Республикасының сыртқы борышына (қарызына) жалпы
экономикалық сипаттама жасау.
Жұмыстың объектісі болып сыртқы қарыздарды өтеуге байланысты
мемлекеттердің қызметін құқықтық реттеу аясындағы мемлекеттердің
ынтымақтастығы табылады.
Жұмыстың пәні – сыртқы қарызды өтеуге қатысты нормативтік-құқықтық
актілер табылады.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Біз зерттеу объектісі ретінде алып
отырған тақырыпқа қатысты шетелдік, әсіресе ресейлік, және отандық
авторлардың еңбектері бар. Ол еңбектердің басым көпшілігі сыртқы қарызды
өтеудің экономикалық қырларына арналған. Сыртқы қарызды өтеуге байланысты
мемлекеттердің қызметін құқықтық реттеуге қатысты заңгер-ғалымдардың
еңбектерің жоқтың қасы. Дегенмен де, халықаралық экономикалық құқықтың
жекелеген мәселелеріне қалам тартқан отандық халықаралық құқық мамандары
ретінде мына авторларды атауға болады: С.Ж.Айдарбаев, Ж.М.Аманжолов,
А.А.Сәлімгерей, Т.К.Ерджанов, М.Б.Құдайбергенов, Ж.Құлжабаева және т.б.
бар.
Жұмыстың тәжірибелік маңызы. Зерттеу барысында қалыптасқан ғылыми
қорытындылар, авторлық идеялар мен ұсыныстар халықаралық құқық, соның
ішінде халықаралық экономикалық құқық саласындағы мамандар тарапынан
сұранысқа ие болады деп ойлаймыз. Сонымен қатар бұл зерттеу жұмысы аталған
мамандықтар бойынша жоғары оқу орындарында білім беру процесінде
пайдаланыла алады.
Қорғауға шығарылатын негізгі ережелер:
- мемлекеттік сыртқы қарызды басқарудың тиімді жүйесін құру
мақсатында мемлекеттің халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу
жөніндегі бірыңғай саясаты қалыптастырылуға тиіс, оның шеңберінде
қызметінің ерекшелігіне, қарыз қаражатын беру шарттарына және
қалыптасқан жұмыс тәжірибесіне (республикада инвестициялық
жобаларды іске асыру тиімділігі, жұмыс тәжірибесі және т.б.)
байланысты халықаралық қоғамдастық мойындаған әрбір халықаралық
қаржы ұйымымен ынтымақтастықтың нақты бағыттары анықталады.
Мемлекеттің халықаралық қаржы ұйымдарымен жұмыс істеу жөніндегі
саясаты орта мерзімді фискалдық саясат құрамында борышты басқару
стратегиясында көрініс табуға тиіс.
- Қазақстанда қарызды басқару жүйесінің құқықтық негізі мен жүйесі
қалыптаспаған. Ол ішкі қарызды және жалпы сыртқы қарызды басқару
жүйесінен құралуға тиіс. Қолданыстағы заңнамада қарызды басқару
мәселелері жеткілікті түрде реттелмеген, қарызды басқаруды толық
көлемде қамтымайтын әртүрлі мемлекеттік органдардың жекелеген
нормативтік құқықтық актілері бар. Ішкі және сыртқы қарызды
басқаруға жауапты мемлекеттік органдар арасында ақпарат алмасудың
әрекетшіл жүйесі қалыптаспаған. Қарызды басқарудың қолданыстағы
тетігін талдай келе, ақша-несие, салықтық-бюджеттік саясатпен өзара
тығыз байланыста болатын қарызды басқарудың біртұтас жүйесін құру
ұсынылады.
- Біздің елімізде сыртқы қарыздарды тартуға шектеу қоятын бірде бір
нормативтік актінің болмауы, қарыз алушылардың алып-сатарлық
әрекеттеріне шек қоюға мүмкіндік бермейді Бұл жерде корпоративтік
сектордың тартқан қарыздарына қатысты алсақ, тек қана банктердің
сыртқы қарыздарына шектеу олардың капиталына қатысты таяу уақыттан
бастап енгізілсе, ал кәсіпорындарға байланысты мұндай шектеулер әлі
жоқ десе болады. Шын мәнісінде бүгінгі сыртқы қарыздардың
жартысына жуық бөлігі осы корпоративтік кәсіпорындардың
үлесіне келетінін естен шығармау қажет.
- Мемлекеттің қарыз алу тетігі қаржылық ресурстарды қалыптастыру және
пайдалану процедураларымен тығыз байланыста болу керек. Осыған
байланысты кез келген мемлекеттегі қарыз алу саясатын ақша-несие
саясатымен, сондай-ақ, салықтық-бюджеттік саясатпен толықтай
байланыстырып жүргізген орынды. Ол үшін мемлекетте қаржылық
ресурстарды қалыптастырумен және пайдаланумен өзара тығыз
байланысты қарызды басқару жүйесі құрылуға тиіс.

Жұмыстың әдістемелік негізін зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне
сәйкес келетін ғылыми әдістер кешені құрайды. Зерттеудің әдістемелік
негізін бүгінгі таңда оларсыз құқықтық зерттеулер жүргізу мүмкін болмайтын
бірқатар ұстанымдар анықтады. Жұмыстың әдістемелік негізі жалпы алғанда
жүйелі, салыстырмалы және тарихи талдауға сүйенген.
Жұмыстың құрылымы мен мазмұны оның мақсат-міндеттерімен анықталған.
Дипло жұмысы кіріспеден, негізгі бөлім мен қорытындыдан және пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімі құрылымдық және
мазмұндық тұрғыдан екі тарауға бөлінген. Олар, өз кезегінде, параграфтарға
тармақталған.
Жұмыстың жалпы көлемі 53 бет.

І МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ СЫРТҚЫ ҚАРЫЗДЫ ӨТЕУГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТІНІҢ
ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ТӘЖІРИБЕЛІК ҚЫРЛАРЫ

1.1 Сыртқы қарызды өтеудің теориялық және тәжірибелік қырлары.
Нарық жағдайында кез келген мемлекет немесе тауар шығаратын және
қызмет көрсететін шаруашылық етуші субъект мемлекет ішінен немесе сыртқы
нарықтан қарыз алады. Мемлекетпен немесе шаруашылық етуші субъектімен
тартылған несиелер немесе қарыздар әлеуметтік-экономикалық міндеттерді
шешуге және инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға пайдаланылады. Сол
арқылы қаржылық ресурстарды толықтырады және олардың тиімді пайдаланылуына
ықпал етеді. Екінші жағынан несиелер мен қарыз үшін үстеме пайыз төлеу
керек және белгілі бір уақыттан кейін оны қайтару керек. Бұл мемлекеттің
өзінің қаржылық ресурстарының азаюына алып келу мүмкін. Қарызға алынатын
қаржының көлемін оларды қарызға алу шарттарымен негізді анықтау, сондай-ақ
қарызға алынған қаржыны тиімді пайдалану және оны қайтару шарттары
мемлекеттің қаржылық ресурстарын басқару процесі маңызды болып табылады.

Мемлекеттің қарыз алу тетігі қаржылық ресурстарды қалыптастыру және
пайдалану процедураларымен тығыз байланыста болу керек. Осыған байланысты
кез келген мемлекеттегі қарыз алу саясатын ақша-несие саясатымен, сондай-
ақ, салықтық-бюджеттік саясатпен толықтай байланыстырып жүргізген орынды.
Ол үшін мемлекетте қаржылық ресурстарды қалыптастырумен және пайдаланумен
өзара тығыз байланысты қарызды басқару жүйесі құрылуға тиіс.
Қарызды басқару жүйесін құру қарыз, қарызды басқару
түсініктерінің теориялық мәселелерін зерттеуді, сондай-ақ оның нақты
құрылымдық элементтерін бөле отырып, ондай жүйені құрудың тәжірибелік
қырларын талдауды талап етеді.
Экономикалық зерттеулерде, ғылыми құқықтық монографияларда қарызды
басқару мәселесінің теориялық қырларына жеткілікті түрде көңіл бөлінбеген.
Республикада мемлекеттің сыртқы қарызын басқару мәселелеріне арналған
ғылыми еңбектер жоқтың қасы.
Нормативтік құқықтық актілерде негізінен мемлекеттік қарызды және
мемлекет кепілдік берген қарызды басқару мәселелері қарастырылған. Бұған
қоса, қазіргі таңда сыртқы қарыз алу мен мемлекет қатысатын ұйымның қарызын
басқару жөніндегі кешенді мемлекеттік саясат пен оның құқықтық реттелуі
нақты белгіленбеген.
Біздің ойымызша, мемлекеттің қарызы – бұл белгілі бір мерзімге
алынған және жеке және заңды тұлғалармен, мемлекетпен өтелмеген қарыздың
сомасы, сондай-ақ, олардың белгілі бір мерзімге қатысты қарыздық
міндеттемелері.
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінде
мемлекеттік қарыздың төмендегідей анықтамасы берілген, мемлекеттік қарыз –
қарыз алушы Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі немесе жергілікті атқарушы органдар болатын қарыз қатынастары
деп белгіленген [2, 3 б.]. Осы анықтамаға сәйкес мемлекетітк қарыз елдің
жалпы қарызының құрамдас бөлігі болып табылады. Сонымен қатар, қазақстандық
заңнамада мемлекеттік емес қарыз деген түсінік қолданылады. Атап айтқанда,
мемлекеттік емес қарыз – бұл Қазақстан Республикасының Үкіметін, Қазақстан
Республикасының Ұлттық Банкін және жергілікті атқарушы органдарды
қоспағанда, Қазақстан Республикасының резиденті қарыз алушы болатын қарыз
қатынастары.
Өз кезегінде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі беретін жыл
сайынғы есепте банктік сектордың сыртқы қарыздарын, фирмааралық қарыз бен
басқа да қарыздық міндеттемелерді көрсете отырып, мемлекеттік емес
сектордың қарызы қарастырылады. Бұл елдің қарызын, әсіресе мемлекет
қатысатын ұлттық компаниялар мен акционерлік қоғамдар негізінде сыртқы
қарызды басқару бойынша кешенді талдау жүргізуде белгілі бір қиындықтар
тудырады.
Әлемдік тәжірибені талдау көрсеткендей, мемлекеттің қарызын басқарудың
нақты стратегиясы немесе құқықтық жүйесі қалыптаспаған. Көптеген
мемлекеттер қарызды басқарудың өзіндік жүйелерін өздерінің ұлттық
экономикалық ерекшеліктеріне қарай қалыптастыруға талпынады. Мысалы,
Ирландияда, Жаңа Зеландияда, Швецияда, Ұлыбританияда және т.б. мемлекеттік
қарызды басқару бойынша арнайы қызметтер құрылып, жұмыс істейді екен.
Кейбір елдерде, керісінше, қарызды басқару функциялары бірнеше мекемелер
арасында бөлінген.
Көптеген мемлекеттерде, бюджет тапшылығын қаржыландырудан басқа,
мемлекеттік қарыз алу саясаты бағалы қағаздардың ішкі нарығының тиімді
жұмысын дамытуға және қолдауға бағытталғанын атап өткен жөн. Мысалы,
Жапонияда мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын дамыту мемлекеттік қарызды
басқарудың маңызды мақсаты болып табылады, өйткені бұл нарық несиелік
тәуекелдің төмен деңгейіне орай ішкі қаржылық нарық үшін бағдар болып
табылады және белсенді сауда саттық жүргізілетін бағалы қағаздардың ішкі
нарығының сегменті ретінде шығады.
Үкіметтік қарыз алу капиталдың сыртқы нарықтарында жүзеге асырылатын
басқа бір елдер де бар. Мемлекеттің қарызын басқаруға қатысты мұндай
ұстаным жағдайында мемлекет тарапынан қаржылық институттар үшін
бәсекелестік жағдай жасалмайды, сондай-ақ, ішкі қор нарығын дамытуда
мемлекеттің қатысу рөлі төмендейді.
Сонымен, мемлекеттердің қарызын басқару тетігі екі элементтен құралуға
тиіс: ішкі қарызды басқару және мемлекеттің сыртқы қарызын басқару. Бұл
элементтердің толық өзара байланысы, біздің ойымызша, ақша-несие және
салықтық-бюджеттік саясатпен өзара байланыста мемлекеттің қарыз алуының
тиімді саясатын жасауды қамтамасыз етеді.
Республикада Мемлекеттік және жалпы сыртқы борышты басқару жөніндегі
тұжырымдама жасалып, мақұлданған. Онда негізінен елдің жалпы сыртқы
қарызын басқару мәселелері қарастырылған [3, 1 б.].
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу және борыш,
мемлекет кепілгерлігі туралы жалпы ережелер Қазақстан Республикасының 2008
жылғы 4 желтоқсанда қабылданған Бюджет кодексінде белгіленген. Оған дейін
мемлекеттік қарыз алуы және Қазақстан Республикасы резиденттерінің
мемлекеттік кепілдіктермен қамтамасыз етілген мемлекеттік емес қарыз алуы
процесінде, сондай-ақ мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты
басқару процесінде туындайтын қатынастарды реттейтін бірден бір нормативтік
құқықтық акт ретінде Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу
мен борыш туралы 1999 жылғы 2 тамыздағы N 464-I Қазақстан Республикасының
Заңы табылған еді. Бірақ, 2008 жылғы 4 желтоқсанда жаңа Бюджет кодексінің
қабылдануына байлансты аталған заң өз күшін жойды.
Сонымен, Бюджет кодексінде белгіленген мемлекеттік қарызды реттеудің
құқықтық қырларына тоқталатын болсақ ол төмендегідей.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті атқарушы органдардың
қарыз алуы, мемлекет кепілдік берген қарыз алу Қазақстан Pecпубликасының
бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы Қазақстан
Pecпубликасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының Заңына
сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, жергілікті
атқарушы органдардың және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қарыз алуы
мемлекеттік қарыз алу болып табылады.
Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері
кез келген мөлшерде, кез келген валютада және кез келген нысанда Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, өз
бетінше жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен
және мемлекет кепілгерлігімен тарта алады. Жедел басқару құқығында мүлкі
бар заңды тұлғаларға мемлекеттік емес қарыз алуды жүзеге асыруға тыйым
салынады.
Мемлекеттік қарыздар қарыз алушыға қатысты алғанда: 1) Қазақстан
Республикасы Үкіметінің қарыздары; 2) Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің қарыздары; 3) жергілікті атқарушы органдардың қарыздары болып
бөлінеді.
Несие капиталының нарықтарына қарай мемлекеттік қарыздар: 1)
мемлекеттік сыртқы қарыздар; 2) мемлекеттік ішкі қарыздар болып бөлінеді.
Қарыз алу нысаны бойынша мемлекеттік қарыздар: 1) мемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаздар шығару; 2) қарыз шарттарын жасасу болып
бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар қолданылу мерзімі бойынша: 1) 1
жылға дейінгі айналыс мерзімімен қысқа мерзімді; 2) 1 жылдан 5 жылға
дейінгі айналыс мерзімімен орта мерзімді; 3) 5 жылдан артық айналыс
мерзімімен ұзақ мерзімді болып бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару мақсаттары бойынша:1)
бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында шығарылатын; 2) борыштық
құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында шығарылатын болып
бөлінеді.
Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар құжаттамалық және құжаттамалық
емес нысанда шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар
ұсынушыға арналып құжаттамалық нысанда ғана шығарылуы мүмкін. Мемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаздар нақты және дисконттық құны бойынша сыйақының
тіркелген және тіркелмеген (құбылмалы) ставкасымен шығарылуы мүмкін.
Өзара талаптарды ескермей, Қазақстан Республикасының заңнамалық
актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкінің борышына немесе мәслихаттардың шешімдерімен жергілікті
атқарушы органдардың борышына жатқызылған алынған (игерілген) және
өтелмеген мемлекеттік қарыздардың белгілі бір күнге, сондай-ақ борыштық
міндеттемелердің белгілі бір күнге сомасы мемлекеттік борыш болып табылады.
Мемлекеттік борыш ішкі және сыртқы мемлекеттік борышты қамтиды.
Қазақстан Республикасы Yкіметінің, Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің және жергілікті атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының
резиденттері алдындағы мемлекеттік ішкі қарыздары мен басқа да борыштық
міндеттемелері бойынша мемлекеттік борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік
ішкі борыш болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің және Қазақстан Республикасы Ұлттық
Банкінің Қазақстан Республикасының резидент еместері алдындағы мемлекеттік
сыртқы қарыздар мен басқа да борыштық міндеттемелері бойынша мемлекеттік
борышының құрамдас бөлігі мемлекеттік сыртқы борыш болып табылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық бюджеттің қаражатымен
қамтамасыз етілетін үкіметтік борышты өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде
міндеттемелер атқарады. Жергілікті атқарушы органдар жергілікті
бюджеттердің қаражатымен қамтамасыз етілетін өзінің борышын өтеу және оған
қызмет көрсету жөнінде міндеттемелер атқарады. Қазақстан Республикасының
Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар бір-біpінің міндеттемелері
бойынша жауап бермейді. Қазақстан Республикасы Үкіметінің және жергілікті
атқарушы органдардың міндеттемелері қарыз берушіге негізгі борыш
қайтарылған және борышқа қызмет көрсету жөніндегі төлемдер толық мөлшерде
төленген кезде орындалды деп есептеледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі және жергілікті атқарушы органдар
борышты қалыптастыру, өзгерту және оған қызмет көрсету процесін есепке
алуды, талдауды және бақылауды жүзеге асыру арқылы тиісінше үкіметтік
борыштың және жергілікті атқарушы органдар борышының мониторингін жүзеге
асырады.
Мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекет
кепілгерлігі бойынша борышты және тәуекелдерді басқару:
1) алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-
күйі мен болжамын онда соған сәйкес үкіметтік борышты және жергілікті
атқарушы органдардың борышын өтеу мен қызмет көрсетудің көлемдері,
мемлекеттік кепілдіктер мен мемлекет кепілгерлігін ұсынудың лимиттері
белгіленетін көрсеткіштерді айқындай отырып, жыл сайынғы бағалауды қамтиды.
Алдағы жоспарлы кезеңге арналған мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген
қарыз алу мен борыштың, мемлекет кепілгерлігі бойынша борыштың жай-күйі мен
болжамын жыл сайынғы бағалауды дайындауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі
орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен бірлесіп,
бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның қатысуымен жинақталған
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет кепілгерлігі
бойынша борыштың көлемдері мен құрылымының негізінде жүзеге асырады;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) мемлекеттік
жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының
Үкіметі бекіткен және республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін
тәртіппен үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет
кепілгерлігін беру лимиттерін және Қазақстан Республикасының Үкіметі
бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындауын;
3) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның тиісті қаржы
жылына арналған республикалық бюджетте бекітілетін Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қарыз алу көлемдерін, нысандары мен шарттарын, үкіметтік борышты
өтеу мен қызмет көрсету көлемдерін айқындауын;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4) бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі
белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуін және есепке алуын және
мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді
орындауға байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік
борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі
бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және қызмет көрсету мониторингін,
сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша
міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге
асыруын;
5) борыш құрылымын оңтайландыру және оған қызмет көрсету жөніндегі,
оның ішінде борышты мерзімінен бұрын өтеу, ұйымдастырылған бағалы қағаздар
нарығында мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды эмитенттің сатып алуы
мен сатуы, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, мемлекеттің
кепілгерлігі бойынша борышты қайта құрылымдау, борышты қайта қаржыландыру,
мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыз алу мен борыш, мемлекет
кепілгерлігі бойынша борыш және мемлекеттің алдындағы борыш тәуекелдерін
басқару жөнінде іс-шаралар дайындап, іске асыруын;
6) мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет
кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың
тәуекелдерін басқару өзіне бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті
орган рәсімдер мен операцияларды регламенттеу, белгіленген лимиттер мен
талаптарды сақтау, құралдар мен нарықтарды әртараптандыру, әртүрлі туынды
қаржы құралдарын (тәуекелдерді басқару мақсаттары үшін нарықта
пайдаланылатын опциондар, своптар, форвардтық, фьючерлік және басқа да
мәмілелер) қолдану әдістерін пайдаланып, оларды анықтауды, сәйкестендіруді,
бағалау мен барынша азайтуды, сондай-ақ үшінші тұлғалардың алдындағы
борыштық міндеттемелері мемлекеттік кепілдіктермен және кепілгерліктермен
қамтамасыз етілген заңды тұлғалардың борышын басқаруда уақтылы ден қою мен
қажетті шаралар қабылдауды қамтиды.
Мемлекеттік борыштың, мемлекет кепілдік берген борыштың, мемлекет
кепілгерліктері бойынша борыштың және мемлекет алдындағы борыштың
тәуекелдерін басқару Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен
жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасы мемлекеттік борышының ағымдағы жай-күйі,
мемлекеттік борышты өтеу есебіне төленген ақша сомасы, берілген мемлекеттік
кепілдіктер және мемлекет кепілгерліктері және кепілдіктер мен
кепілгерліктер бойынша төленген ақша сомасы туралы мәліметтер ашық болып
табылады және олар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның
статистикалық ақпарат нысанында тоқсан сайын ресми жариялауына жатады [4,
10 б.].
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуы:
1) республикалық бюджет тапшылығын қаржыландыру мақсатында;
2) борыштық құралдардың ішкі нарығын дамытуға жәрдемдесу мақсатында
жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі бюджет профициті кезінде үкіметтік
борышты қайта қаржыландыру үшін қарыз алуды жүзеге асыра алады. 
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)Қазақстан Республикасы
Үкіметінің қарыз алуы:
1) қарыз алудың мақсаттары мен қаржылық шегін белгілеу;2010.02.04. №
263-ІV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап
қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)
2) қарыз алудың басымдықтарын айқындау;
3) болжамды үкіметтік қарыздардың тізбесін қалыптастыру негізінде
жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыздар тартуды әрбір
жекелеген қарыз шарты немесе мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар түрі
бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі шешімінің негізінде бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады.
Бюджетті aтқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан
Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарының эмитенті
болып табылады, ол осындай мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздардың әрбір
шығарылымының көлемдерін, мерзімдерін және шарттарын айқындайды.2010.02.04.
№ 263-ІV ҚР Заңымен 3-1-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізілді)
Қазақстан Республикасының Үкіметі мемлекеттік қазынашылық
міндеттемелер түрінде мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығаруды
жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз алушы болып әрекет ететін
қарызға қатысты оны ұстаушының құқықтарын куәландыратын мемлекеттік
эмиссиялық бағалы қағаз мемлекеттік қазынашылық міндеттеме болып табылады
[5, 46 б.].
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-2-тармақпен толықтырылды (2010 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) Қазақстан Республикасының Үкіметі
ішкі нарықта шығаратын мемлекеттік қазынашылық міндеттемелер шығару,
орналастыру, айналымы, оларға қызмет көрсету және оларды өтеу Қазақстан
Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Борыштық құралдардың ішкі нарығының дамуына жәрдемдесу үшін үкіметтік
ішкі қарыз алу үкіметтік қарыз алудың оңтайлы деңгейін қалыптастыруды,
борышты, оған қызмет көрсетуге жұмсалатын шығындарды және тәуекелді ескере
отырып жүзеге асырылады. Бұл ретте, нарық конъюнктурасы өзгерген кезде
бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган қолайлы жағдайларда қарыз алуды
жүзеге асыра алмайтын жағдайларды қоспағанда, табыс ауытқымасын құруда қор
нарығына арналған тиісті бағдарды белгілеу үшін айналымда қажетті құрылымы
бар мемлекеттік бағалы қағаздарды шығару бастапқы жоспарланған көлемі және
бюджеттің қалыптасқан іс жүзіндегі орындалуына тәуелсіз график бойынша
қалыпты деңгейде жүзеге асырылатын болады.
  Қазақстан Республикасы Yкіметінің мемлекеттік қарыз алуы
республикалық бюджет туралы заңда белгіленген үкіметтік борыш лимитімен
және үкіметтік қарызға қызмет көрсетуге бағытталатын бюджет қаражаттары
көлемімен шектеледі.
  Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышын өтеуді және оған қызмет
көрсетуді, олар шығарған мемлекеттік бағалы қағаздарды ұйымдастырылған
бағалы қағаздар нарығында сатып алуды бюджетті атқару жөніндегі орталық
уәкілетті орган республикалық бюджет туралы заңда көзделген бюджет
қаражаттары есебінен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі арқылы
Қазақстан Республикасының Yкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының қарыз алушы резиденті одан тиесілі соманы
белгіленген мерзімде төлемеген жағдайда Қазақстан Республикасы Үкіметінің
берешекті толық немесе ішінара өтеуге қарыз берушінің алдындағы
міндеттемесі Қазақстан Республикасының мемлекеттік (үкіметтік, егеменді)
кепілдігі (мемлекеттік кепілдік) болып табылады.
Мемлекеттік кепілдіктер қарыз берушілерге Қазақстан Республикасы
резиденттерінің өздері алған мемлекеттік емес қарыздар бойынша
міндеттемелерін орындауды қамтамасыз етуі ретінде беріледі.
Қарыздар бойынша Қазақстан Республикасының атынан мемлекеттік
кепілдіктер берудің айрықша құқығына Қазақстан Республикасының Yкіметі ие
болады.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсыруы бойынша мемлекеттік
кепілдіктер беруді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін шарттармен және тәртіппен
жүзеге асырады.
Мемлекеттік кепілдіктер республикалық бюджет туралы заңмен
белгіленетін лимит шегінде беріледі. Мемлекеттік кепілдіктер жергілікті
атқарушы органдардың қарыздарын қайтаруды қамтамасыз ету ретінде
берілмейді.Мемлекеттік кепілдіктер беру лимитінің көлемі осы лимит
белгіленген тиісті қаржы жылының шегінде ғана пайдаланыла алады.
Мемлекеттік кепілдіктер Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары
негізінде беріледі. Мемлекеттік кепілдіктер беру кепіл міндеттемелерін
атқару кезінде Қазақстан Республикасының Үкіметі жұмсайтын бюджет қаражатын
қарыз алушының қайтаруы шарттарымен жүзеге асырылады [6, 162 б.].
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (2010 жылғы 1 қаңтардан
бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Мемлекеттік емес қарыз бойынша
мемлекеттік кепілдік берілгені үшін қарыз алушыдан мемлекеттік кепілдік
беру кезінде жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар заңды
тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының 0,2 проценті мөлшерінде және
басқа да заңды тұлғалар үшін мемлекеттік кепілдік сомасының екі проценті
мөлшерінде алдын ала біржолғы төлем (алым) алынады.
Мемлекеттік кепілдік беру мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім мен
Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік кепілдік жөніндегі
міндеттемелерін орындауға байланысты республикалық бюджеттен берілген
қаражаттарды қайтару жөніндегі міндеттемелердің орындалуы қамтамасыз
етілгенін растайтын құжаттар ресімделіп, тіркелгеннен кейін жүзеге
асырылады. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган, сенім
білдірілген өкіл (агент) және мемлекет кепілдік берген қарызды алушы
арасындағы тараптардың мемлекеттік кепілдік беру, мемлекет кепілдік берген
қарыз шартына сәйкес міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету, мемлекеттік
кепілдік бойынша міндеттемелер орындалған жағдайда бөлінген республикалық
бюджет қаражатын қайтару жөніндегі құқықтық қатынастарды белгілейтін
келісім мемлекеттік кепілдік беру туралы келісім болып табылады.
Қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдік алуға үміткер заңды тұлғаларға
осы заңды тұлғалар қарыз алушы ретінде әрекет еткенде, мынадай талаптар
қойылады:
1) кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырушының Қазақстан Республикасының
резиденті болуы;
2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен бекітілетін, тиісті
кезеңге арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес
қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылып отырған инвестициялық
жобалардың тізбесіне енгізілген жобалардың іске асырылуын жүзеге асыруы;
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (2010 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3) қаржы нарығын
және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті
органмен келісім бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
белгілейтін қарыздардың қайтарылуын қамтамасыз ету талаптарын
қанағаттандыратын екінші деңгейдегі банк кепілдігінің не сақтандыру
шартының болуы. Банк кепілдігі қарыз шартының бүкіл қолданылу мерзіміне бір
рет беріледі және негізгі борыш сомасын, сондай-ақ сыйақылардың,
комиссиялардың, тұрақсыздық айыптарының (өсімақының, айыппұлдың) барлық
сомасын және қарыз шартына сәйкес қарыз алушы жүзеге асыратын өзге де
төлемдерді жабады. Сақтандыру шарты жоба бойынша қарыз алушыны дефолтқа
және мемлекеттің мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелерін орындауына
әкеп соқтыруы мүмкін тәуекелдерді сақтандыруды қамтамасыз етуге тиіс;
4) салалық уәкілетті органның оң қорытындысының болуы;
5) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның оң
қорытындысының болуы;
6) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның оң
қорытындысының болуы;
7) бұрын алынған, ол бойынша төлем мерзімдері басталған мемлекет
кепілдік берген қарыздарды өтеу және оған қызмет көрсету жөнінде
берешектерінің, сондай-ақ кредиторлар алдындағы өзге де мерзімі өткен
берешегінің болмауы;
8) жобаның жалпы құнын жаппайтын қарыз тартылған жағдайда, ұсынылып
отырған инвестициялық жобаны қоса қаржыландыру жөніндегі міндеттемелердің
қамтамасыз етілуі;
9) ұсынылатын инвестициялық жобаның құнына қатысты кемінде 30
процентті құрайтын меншікті капиталының болуы;
10) төлемақы төлеуге қабілетті болып табылуы, таратуға жатпауы, оның
мүлкіне тыйым салынбауы, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан
Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауы тиіс. 
2010.02.04. № 263-ІV ҚР Заңымен 217-бап жаңа редакцияда (2010 жылғы 1
қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)Мемлекеттік
кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобаларды іріктеуді Қазақстан
Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау
жөніндегі орталық уәкілетті орган жүзеге асырады. Мемлекеттік кепілдіктер
беру үшін инвестициялық жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздемені
әзірлеуге немесе түзетуге және оның экономикалық сараптамасына қойылатын
талаптарды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган
белгілейді.Мемлекеттік кепілдіктер беру үшін инвестициялық жобалардың
экономикалық сараптамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын
заңды тұлға жүзеге асырады.;
Мемлекеттік кепілдік бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган
мен қарыз беруші (облигациялар ұстаушылардың өкілі) арасында кепілдік
шартын жазбаша түрде жасасу арқылы не мемлекеттік емес қарыз бойынша
кепілгердің міндеттемесін (кепілдік міндеттемесін) бюджетті атқару
жөніндегі орталық уәкілетті органның қабылдағаны туралы жазбаша хабарлау
нысанында беріледі [7, 59 б.].
Мемлекеттік емес сыртқы қарыздар бойынша кепілдік шарты болған
жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіппен қарыз алушының
векселін авальдандыруға құқылы. Мемлекеттік органдардың және олардың
лауазымды адамдарының өзге де актілері мен құжаттарында мемлекеттік
кепілдіктің заңдық күші болмайды. Әрбір инвестициялық жоба бойынша кепілдік
шартына, кепілдік міндеттемесіне, қарыз алушының әрбір міндеттемесі бойынша
авальға бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның бірінші
басшысы қол қояды.
Кепілдік шартында немесе кепілдік міндеттемесінде:
1) оған сәйкес мемлекеттік кепілдік берілетін Қазақстан Республикасы
Үкіметі қаулыларының деректемелері;
2) қарыз алушының атауы және тұрған жері;
3) қарыз алушының негізгі міндеттемесінің мазмұны;
4) кепілдік берілетін қарыз сомасы, берілетін мемлекеттік кепілдіктің
күші қолданылатын қарыз бойынша кепілдік берілетін басқа да міндеттемелер;
5) мемлекеттік кепілдіктің қолданылу мерзімі;
6) кепілдік шартына (кепілдік міндеттемесіне) қол қойған лауазымды
адам көрсетіледі.
2009 жылға арналған мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес
қарыздар қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық
жобалардың тізбесін қар
Егер қарыз шартының талаптарында өзгеше көзделмесе, қарыз алушы
мемлекеттік кепілдікпен қамтамасыз етілген қарызды төлем мерзімі басталған
күні және республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаражаттар шегінде
толық немесе ішінара өтемеген жағдайда, қарыз берушінің талабы бойынша
мемлекеттік кепілдік төлем күні басталғаннан кейін орындалуға жатады.
Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бағытталған
қаражаттарды қайтаруға, қарызды қайта құрылымдауға, борышкерді ауыстыруға,
талап қою мерзімі өтіп кетуіне, аталған қаражатты қайтару бойынша
талаптарды тоқтатуға Бюджет кодексінің 191-196-баптары қолданылады.
Мемлекеттік кепілдік бойынша міндеттемелердің орындалуына бөлінген
қаражат белгіленген сыйақы ставкасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру
туралы келісімде белгіленген мерзім ішінде республикалық бюджетке
қайтарылуға тиіс [8, 52 б.].
Қазақстан Республикасының Үкіметі қарыз шартының талаптарына сәйкес
және қарыз берушінің келісімімен Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес банкрот деп танылған және (немесе) таратылған қарыз алушы үшін
республикалық бюджет туралы заңда көзделген қаржы есебінен мемлекеттік
кепілдікті орындау арқылы мемлекет кепілдік берген қарызды мерзімінен бұрын
өтеуді жүзеге асыруға құқылы.
Мемлекет кепілдік берген қарызды қайта құрылымдау Қазақстан
Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз беруші мен қарыз
алушының келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Қарыз берушінің талабы бойынша мемлекет кепілдік берген қарызды қайта
құрылымдау кезінде бұрын берілген мемлекеттік кепілдікті Қазақстан
Республикасының Үкіметі растай алады немесе жаңасымен ауыстыра алады. Бұл
ретте кепілдік берілген қарыз сомасы бұрын берілген мемлекеттік кепілдік
бойынша қарыз сомасынан артық бола алмайды.
Мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қарыз алушыны ауыстыруға
Қазақстан Республикасының Үкіметі шешім қабылдаған жағдайда қарыз шарты
тараптарының келісімі бойынша жол беріледі. Мемлекет кепілдік берген қарыз
бойынша қарыз алушы ауыстырылған жағдайда, бюджетті атқару жөніндегі
орталық уәкілетті орган мемлекеттік кепілдікті Қазақстан Республикасы
Үкіметінің шешімі негізінде қарыз берушінің талабы бойынша жаңасымен
ауыстыра немесе растай алады. Бұл ретте кепілдік берілген қарыз сомасы
бұрын берілген мемлекеттік кепілдік бойынша қарыз сомасынан артық бола
алмайды.
Мемлекеттік кепілдік:
1) қарыз алушы немесе кепілгер Қазақстан Республикасының Үкіметі
кепілдік берген қарыз бойынша міндеттемелерді толық орындаған;
2) егер кепілдік шартында (кепілдік міндеттемесінде) өзгеше айтылмаса,
онда көрсетілген кепілдік мерзімі өткен;
3) қарыз шартында және (немесе) кепілдік шартында (кепілдік
міндеттемесінде) арнайы айтылған;
4) мемлекет кепілдік берген қарыз бойынша қайта құрылымдау және
(немесе) қарыз алушыны ауыстыру кезінде кепілдік жаңасына ауыстырылған
жағдайларда, өзінің қолданысын тоқтатады.
Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражаттарын қарыз талаптарында
көзделмеген мақсаттарға, сондай-ақ мемлекеттік органдарға кредит беруге
пайдалануға тыйым салынады.
Мемлекет кепілдік берген қарыз қаражатының пайдаланылуына бақылау
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кепілдігі бар қарыз бойынша қарыз алушы Қазақстан
Республикасының Үкіметі кепілдік берген қарыз бойынша алынған қаражаттарды
нысаналы пайдаланбағаны үшін және қарыз алушы қарыз бойынша борыштық
міндеттемелерді орындамаған жағдайда мемлекеттік кепілдік бойынша
міндеттемелерді орындауға бөлінген қаражаттарды қайтару үшін Қазақстан
Республикасының заңнамалық актілерімен көзделген жауаптылықта болады.
Сонымен, сыртқы қарызды өтеуді басқарудың теориялық және тәжірибелік
қырларын талдау мынадай жекелеген түйіндер жасауға мүмкіндік береді:
- теориялық тұрғыдан қарыз, борыш, қарызды басқару
түсініктерінің экономикалық және құқықтық мазмұны жеткілікті
түрде зерттелмеген;
- Қазақстанда қарызды басқару жүйесінің құқықтық негізі мен
жүйесі қалыптаспаған. Ол ішкі қарызды және жалпы сыртқы
қарызды басқару жүйесінен құралуға тиіс.
- қолданыстағы заңнамада қарызды басқару мәселелері жеткілікті
түрде реттелмеген, қарызды басқаруды толық көлемде қамтымайтын
әртүрлі мемлекеттік органдардың жекелеген нормативтік құқықтық
актілері бар.
- ішкі және сыртқы қарызды басқаруға жауапты мемлекеттік
органдар арасында ақпарат алмасудың әрекетшіл жүйесі
қалыптаспаған.
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып және қарызды басқарудың
қолданыстағы тетігін талдай келе, ақша-несие, салықтық-бюджеттік саясатпен
өзара тығыз байланыста болатын қарызды басқарудың біртұтас жүйесін құру
ұсынылады.

1.2 Сыртқы қарызды басқару мәселесі.
Мемлекеттің жалпы сыртқы қарызы мемлекеттік және мемлекет кепілдік
берген сыртқы қарыздан және мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарыздан
тұрады.
2007 жылы Қазақстан Республикасының жалпы сыртқы қарызы 96,4 млрд.
АҚШ долларын құраған және ол бір жыл ішінде 22,4 млрд. АҚШ долларына
ұлғайған [9, 10 б.]. Оны төмендегі кестеден көруге болады.

(млн. АҚШ долл.)
31.12.03 31.12.04 31.12.05 3112.06 31.12.0
7
Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген сыртқы 3622,6 3132,9 2175,0 3124,6 2099,1
қарыз
Барлығы % 15,8 9,6 5,0 2,2
4,2
Мемлекет кепілдік бермеген 19297,6 29580,3 41253,3 94270,3
сыртқы қарыз 70871,6
Барлығы % 84,2 90,4 95,0 97,8
95,8
Барлығы 22920,2 32713,2 43428,5 73996,2 96369,3

Бұл кесте Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің есебі негізінде
жасалды. Республикада мемлекет кепілдік бермеген сыртқы қарыздың көлемі
жоғарғы қарқынмен өсіп келеді. Ол 2007 жылы 94,2 млрд. АҚШ долларын құраған
және 2006 жылмен салыстырғанда 32,8%-ға ұлғайған. Бес жылдың ішінде
мемлекеттік емес сектордың сыртқы қарызы 4,9 есе өскен. Ал осы уақыт
аралығында мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз 42%-ға
кеміп, 2007 жылы 2099,1 млн. АҚШ долларын құраған.
Жалпы сыртқы қарыздың құрамында алдыңғы орын қаржылық қызметке
тиесілі – ол 49,0 млрд. АҚШ долларынан артық. Бұл банктердің сырттан қарыз
алуымен тығыз байланысты.
Қазақстан үшін ірі несие берушілер болып мына мемлекеттер табылады:
Нидерланды – 2007 жылғы көрсеткіш бойынша 36,7 млрд. АҚШ доллары;
Ұлыбритания – 2007 жылы 12,3 млрд. АҚШ доллары; АҚШ – 2007 жылы 7,4 млрд.
АҚШ доллары [10, 115 б.].
Республикада сырттан қарыз алудың ұлғаюына байланысты оған қызмет
көрсету шығыны да көбейді, ол әсіресе ұзақ мерзімді несиелерге қатысты.
Мысал ретінде төмендегі кестеге назар аударуға болады:

Ұзақмерзімді сыртқы қарызды басқару

(млн.долл)
2003 2004 2005 2006 2007
Негізгі қарызды өтеу және қайта 4539,6 7246,1 9355,5 9040,4 20097,8
ұйымдастыру
Мемлекеттік және мемлекет 280,1 680,2 1088,1 197,9 622,1
кепілдік берген
Мемлекет кепілдік бермеген 4259,5 6565,9 8267,4 8842,5 19475,7
Төлемдер, сыйақылар және басқа 719,1 939,2 1698,3 2697,7 5329,3
да қатар төлемдер
Мемлекеттік және мемлекет 186,8 188,2 170,6 91,8 74,4
кепілдік берген
Мемлекет кепілдік бермеген 532,3 751,0 1527,7 2605,9 5254,9
Барлығы 5258,7 8185,3 11053,811738,125427,1

2007 жылы ұзақмерзімді қарызға қызмет көрсету жөніндегі шығын сомасы
25,4 млрд. АҚШ долларын құраған және ол 2006 жылмен салыстырғанда 2,1 есе
өскен. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мәліметі бойынша қарызға
қызмет көрсету шығыны 2008 жылы 25,0 млрд. АҚШ долларын құрады, ал 2009
жылы 13,2 млрд. АҚШ доллары болды.
Қазақстан Республикасының сыртқы қарызының валбталық құрамы АҚШ
долларын, жапондық йенді, евроны (соның ішінде неміс маркасы, австриялық
шиллинг ретіндегі бұрынғы қарыздарды қоса), швейцариялық франкті,
ағылшындық фунт стерлигті, сауд арабиялық реалды және басқа да валюталарды
қамтиды.
Сыртқы қарыздың валюталық құрамы жеткілікті түрде
дифференцияланбаған. Мысалы, 2005 жылдың 1 қаңтарында сыртқы қарыздың
валюталық құрамында негізгі бөлікті АҚШ доллары – 77,6 %, жапондық йен –
24,4%, евро – 6 %, басқа валюталар – 12,4 % құрады.

     
Соңғы жылдары қалыптасқан мемлекеттік сыртқы қарыздың валюталық
құрамында АҚШ долларының басым болуы валюталық тәуекелдерге тап болуда,
өйткені доллармен қарызға қызмет көрсету жөніндегі төлемдердің мөлшері
кросс-бағамдардың (АҚШ долларына қатысты бағамдардың) өзгеруіне сезімтал
болып келеді және экономикалық қауіпсіздік тұрғысынан осал болып келеді.

Қарыздық жағдайдың тұрақтылығын бағалау үшін мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген сыртқы қарыз бен мемлекет кепілдік бермеген қарыздың,
сондай-ақ қарыздың осы категорияларының елдер бойынша және несие
берушілердің түрлері бойынша, қаржылық құралдардың түрлері бойынша, қарызды
тарту шарттары мен мақсаттары бойынша талдау жүргізген жөн деп ойлаймыз.
Республикада Үкіметтің сыртқы мемлекеттік қарызы 2008 жылдың 1
қаңтарына 1431,2 млн. АҚШ долларын құраған және 2002 жылмен салыстырғанда 2
есе азайған. Өз кезегінде, мемлекет кепілідк берген қарыз 2008 жылдың 1
қаңтарында 500,6 млн. АҚШ долларын құрады және 2002 жылмен салыстырғанда 7%-
ға азайған.

Сыртқы мемлекеттік қарыздың құрылымы

Көрсеткіштің 2002 2004 2006 2007
атауы

млн.
тенге млн.
АҚШ долл. млн.
тенге млн.
АҚШ долл.
млн.
тенге млн.
АҚШ долл. млн.
тенге млн.
АҚШ долл. 1. Үкіметтің мемлекетітк сыртқы қарызы: 458 094 2 944,1
355 256 2 732,7 227595 1792,1 172173 1431,2 1.1. Халықаралық қайта
құру және даму банкі 182 816 1 174,9 141 976 1 092,1 45608 359,1
36183 300,8 1.2.Азия даму банкі 51 026 327,9 34 736 267,2 15993
125,9 9544 79,3 1.3. Еуропалық қайта құру және даму банкі 5 640
36,2 5 114 39,3 11880 93,5 13873 115,3 1.4.Исламдық даму банкі
4 458 28,6 5 061 38,9 4761 37,5 4449 37,0 1.5.Сауд даму қоры
374 2,4 1 134 8,7 1002 7,9 1032 8,6 1.6.Араб экономикалық
дамуының Кувейт қоры 253 1,6 1 169 9,0 1637,0 12,9 1696 14,1
1.7.Абу-Даби даму қоры 461 3,0 2 278 17,5 2201 17,3 1908 15,9
1.8.Австрия 460 3,0 376 2,9 - - - - 1.9.Швеция 467 3,0 390
3,0 - - - - 1.10.Эксимбанк Корея 555 3,6 88 0,7 - - - -
1.11.Халықаралық ынтымақтастықтың Жапондық банкі 62 435 401,3 81 837
629,5 71828 565,6 76452 635,5 1.12.Германия Үкіметінің несиелік
агенттігі 2 641 17,0 3 012 23,2 2835 22,3 2976 24,7
1.13.Шетелдік коммерциялық банктер 45 368 291,6 32 586 250,7 25400
200,0 24060 200,0 1.14.Евроноталар 101 140 650,0 45 599 350,0
44450 350 - - 2. Мемлекет кепілдік берген сыртқы қарыз 83 548
536,9 82 326 633,3 70,186 552,6 60217 500,6 3. Мемлекеттік және
мемлекет кепілдік берген қарыздың барлығы 541 642 3 481,0 437 582
3 366,0 297781 2344,7 232390 1931,8 4. Мемлекеттік және мемлекет
кепілдік берген сыртқы қарыздың Жалпы ішкі өнімге қатысты пайыздық үлестік
салмағы 14,4 8,3 8,0 8,4 2,9 2,9 1,8 1,8

Осы кестеден байқағанымыздай, республикада негізгі несие берушілер
болып көпжақты қаржылық ұйымдар табылады.
Елдің дүниежүзілік экономикаға белсенді кірігуі, елдің егемен
кредиттік рейтингінің жақсаруы, шетел инвестицияларының үлкен көлемін
тарту, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі - Yкімет)
және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк)
валюта режимін ырықтандыру жөніндегі жоспарлары Қазақстан Республикасының
орнықты дамуында сөзсіз шешуші рөл атқарады.
Соған қарамастан, экономиканың ашықтық дәрежесін арттыруға бағытталған
қадамдар, сондай-ақ толыққанды ішкі қаржы нарығын қалыптастыру қажеттілігі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қазақстан
Республикасының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау
жөніндегі уәкілетті органының республиканың экономикалық қауіпсіздігінің
тиісті деңгейін қамтамасыз ету жөнінде, сондай-ақ борыш құралдарының ішкі
нарығын дамыту үшін жағдайлар жасау жөнінде бірқатар шаралар қабылдауына
алып келеді.
Біріншіден, бұл - қаржы секторы тұрақтылығының қажетті ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дамыған мемлекеттердің экономикасы
ХХ ғ. 60-70 жж. АКТ мен ЕЭҚ қатынастары
ІІІ БӨЛІМ БАНКРОТТЫҚ ЖАҒДАЙДЫ БОЛДЫРМАУДА ҚАРЖЫЛЫҚ АҒЫМДАРДЫ ТАЛДАУ
Экономикалық қауіпсіздік туралы
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік несие және мемлекеттік қарыздар
Қазақстанның ТМД мемлекеттерімен консулдық саладағы екіжақты ынтымақтастығы
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш
Мемлекеттік кредит пен мемлекеттік борыш туралы
Халықаралық мемлекеттік кредит
Мемлекеттік несие
Пәндер