Индонезия



Табиғаты
Халқы
Тарихы
Экономикасы
Өнеркәсібі
Транспорты
Ақшасы
Сыртқы саудасы
Индонезия экваторлық ендік бойында орналасқан. Аралдарының жағасы көп жерінде биік, тік, жар болып келеді. Жерінің жартысы – биіктігі орташа және аласа таулар; биік таулары батыс Ирианда кездеседі. Елдің оңтүстік шеті мен Макасар бұғазанаң шығысында жатқан бөлігі – қатпарлы және вулканды таулар, Суматрадан Хальмахера аралына дейінгі аралықта (5000 км) 400-ге жуық вулкан бар, олардың 80-і сөнбеген вулкандар (бастылары – Керинчи 3800 м, Ринджани 3726 м, Семеру 3676 м). Калимантан, Банка, Белитунг аралдарын мүжілеген, беткейлері көлбеу ескі таулар алып жатыр. Суматра, Ява аралдарының солт. жағы, Калимантан мен батыс Ирианның топырақтан түзілген жазықтар. Пайдалы қазыналары: мұнай, көмір, темір рудасы, марганец, қалайы, алюминий, никель, мыс, қорғасын т.б.
Климаты экваторлық, Ява және Кіші Зонд аралдарында субэкваторлық. Жазық жерлерінде ауаның орташа температурасы 25-с-тан 27-с-қа дейін тауда салқындау; 1500 м биіктіктен жоғары жерлерінде үсік түседі. Жауын-шашынның жылдық мөлшері 2000-4000 мм, көбіне нөсер жаңбыр күйінде түседі. Өзендері шағын, суы өте лайлы болады. Басты өзендері – Капуас, Барито (Калимантанда), Хари (Джамбида), Кампар, Муси (Суматрада), Мамберамо, Дигул (Бат.Ирианда). Зонд аралдары мен Батыс Ириан жері қызғылт-сары латерит топырақты, Суматра, Калимантан жері тропиктік батпақ топырақты. Таулы бөлігі – экваторлық және тропиктік мәңгі жасыл ориан; аралдардың жағалауында қалың бұта өседі. Жануарлар дүниесінің құрамына Ириан жерінің көбі Үнді-Малайя зоогеографиялық аймағының Малайя тармағына, ал Батыс Ириан, Молукка аралы, Кіші Зонд аралдарының бір тобы Папуас тармағына жатады. Жануарлардан маймылдар(орангутан, гиббон, макака), жалғыз және қос мүйізді керік, піл, малайя аюы, бантенг бұқасы, жалды крокодил және құстардың, бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері кездеседі. Ириан территориясы 2 табиғи ауданға бөлінеді: Яваның шығыс бөлігі, Сулавесидің оңтүстік-шығысы, Кіші Зонд және Молукка аралдары-субэкваторлық, қалған жері-экваторлық аудан.

Пән: География
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

Табиғаты
Халқы
Тарихы

Экономикасы

Өнеркәсібі
Транспорты
Ақшасы
Сыртқы саудасы

Индонезия табиғаты.
Индонезия экваторлық ендік бойында орналасқан. Аралдарының жағасы көп
жерінде биік, тік, жар болып келеді. Жерінің жартысы – биіктігі орташа және
аласа таулар; биік таулары батыс Ирианда кездеседі. Елдің оңтүстік шеті мен
Макасар бұғазанаң шығысында жатқан бөлігі – қатпарлы және вулканды таулар,
Суматрадан Хальмахера аралына дейінгі аралықта (5000 км) 400-ге жуық вулкан
бар, олардың 80-і сөнбеген вулкандар (бастылары – Керинчи 3800 м, Ринджани
3726 м, Семеру 3676 м). Калимантан, Банка, Белитунг аралдарын мүжілеген,
беткейлері көлбеу ескі таулар алып жатыр. Суматра, Ява аралдарының солт.
жағы, Калимантан мен батыс Ирианның топырақтан түзілген жазықтар. Пайдалы
қазыналары: мұнай, көмір, темір рудасы, марганец, қалайы, алюминий, никель,
мыс, қорғасын т.б.
Климаты экваторлық, Ява және Кіші Зонд аралдарында субэкваторлық. Жазық
жерлерінде ауаның орташа температурасы 25-с-тан 27-с-қа дейін тауда
салқындау; 1500 м биіктіктен жоғары жерлерінде үсік түседі. Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 2000-4000 мм, көбіне нөсер жаңбыр күйінде түседі. Өзендері
шағын, суы өте лайлы болады. Басты өзендері – Капуас, Барито
(Калимантанда), Хари (Джамбида), Кампар, Муси (Суматрада), Мамберамо, Дигул
(Бат.Ирианда). Зонд аралдары мен Батыс Ириан жері қызғылт-сары латерит
топырақты, Суматра, Калимантан жері тропиктік батпақ топырақты. Таулы
бөлігі – экваторлық және тропиктік мәңгі жасыл ориан; аралдардың
жағалауында қалың бұта өседі. Жануарлар дүниесінің құрамына Ириан жерінің
көбі Үнді-Малайя зоогеографиялық аймағының Малайя тармағына, ал Батыс
Ириан, Молукка аралы, Кіші Зонд аралдарының бір тобы Папуас тармағына
жатады. Жануарлардан маймылдар(орангутан, гиббон, макака), жалғыз және қос
мүйізді керік, піл, малайя аюы, бантенг бұқасы, жалды крокодил және
құстардың, бауырымен жорғалаушылардың көптеген түрлері кездеседі. Ириан
территориясы 2 табиғи ауданға бөлінеді: Яваның шығыс бөлігі, Сулавесидің
оңтүстік-шығысы, Кіші Зонд және Молукка аралдары-субэкваторлық, қалған жері-
экваторлық аудан.

Халқы.
Индонезияда 150-ден астам халық пен этникалық топтар тұрады. Тұрғындарының
96%-ы малайя-полинезиялық семьяның индрензия тобына жататын халықтар;
олардың ішіндегі сан жағынан үлкендері – явалықтар және оларға жақын
халықтар (14 млн-дай), ерекше топ – джакарталықтар (3 млн-дай), ачелер (1,8
млн), батактар (2,7 млн), даяктар (2 млн-ға жуық), балиялықтар (2,2 млн).
Батыс Ирианның солт. бөлігінде меланезиялықтар, оның ішкі аудандарында
папуастар, Ириан қалаларында қытайлар (млн), арабтар (100 мың) тұрады.
Мемлекеттік тілі – индонезия тілі. Негізгі діні – ислам (мұсылмандар 86%,
қалғандары христиандар, үнділер, буддистер мен крнфуцишілдер). Халқының
көбі Ява аралында қоныстанған. Қала халқы 30%; ірі қалалары халқы 1-млн-нан
астам – Джакарта, Сурабая, Бандунг; халқы 500 мыңнан астамы – Медан,
Палембанг, Семаранг.
Тарихы.
Индонезия жері – қазіргі типтегі адам (питекантроп, явантроп, одан кейін
вадьяк адамы) қалыптасқан орталықтардың бірі. Одан төменгі палеолит
дәуірінің ескерткіштері табылды. Сірә, б.з.б. 5 ғ. шамасында Индонезияға
Үндіқытайдан қола дәуіріндегі Донгшон мәдениеті енген болуы керек; негізгі
аймақтары қола дәуіріне б.з.б. 2 ғ. – б.з. 2 ғ.-да көшті. Жағалаудағы
аймақтар б.з. 2 ғ.-да темір дәуіріне көше бастады. Халық негізінен
егіншілікпен, аздап аңшылықпен шұғылданады. Әлеуметтік ұйымның негізгі түрі
рулар мен тайпалар болды.
2-5 ғ.-да өндіргіш күштердің дамуына байланысты, Индонезия жерінде
алғашқы таптық қоғамдар қалыптасты. Явада Тарума, Калинга мемлекеттері мен
Шығыс Ява мемлекеті, Суматрада Малайю, Калимантанда Кундунг әулеті билеген
мемлекет пайда болды.
7 ғ-ға салым Индонезияда феодалдық қатынастар қалыптасты. 7 ғ-дың орта
шенінде бірнеше князьдық бірігіп, суматралық қуатты Шривиджайя империясы
болды. 8ғ-дың 2-жартысында Шайлендрлер әулеті басқарған Шривиджайя
империясы Малакка жарты аралына берік тұрақтады. Орталық Явада 8- ғ-дың 1-
жартысында Матарам мемлекеті пайда болды. Мұнда Санджайя құрған Шиваист
әулеті биледі. 9-10 ғ-да Шривиджайя империясы дәуірлеп өсті. Ал 11-ғ-дың
ортасына салым Матарам мемлекеті Орталық және Шығыс Яваның және Бали
аралдарының шұрайлы алқаптарын алып, ірі сауда қалаларын өзіне бағындырды.
11-16 ғ-да Индонезия дамыған феодалдық дәуірге ойысты. Индонезияның
бұл кезеңдегі тарихы Кедиридің Явадағы мемлекетінің гүлденуіне байланысты.
Сингасари мемлекеті ыдырап, Явада Маджапахит империясы (1293-1520 ж.ш.)
құрылды. Бұл империя орта ғасырдағы ең ірі жалпы индонезиялық мемлекет
болды.
14-ғ-да Явада феодализмнің дамуы – қауымдық жер, патша үйі,
ғибадатхана жері, жеке меншік жер болып бөлінуіне әкеліп соқтырды. Ірі жер
иелері қалыптасты. 14-ғ-да Индонезияға Үндістан мен Малаккадан ислам діні
кіре бастады. 15 ғ-дың ортасынан бастап Маджапахит империясы әлсіреп, 16
ғ-дың 2 он жылдығында бірсыпыра мұсылман княздықтарына бөлінді. 1575 жылға
салым орт. және шығыс Яваның дені Матарам деп аталатын мемлекетке бірікті.
Тек Батыс Явадағы Бантам сұлтандығы тәуелсіз күйінде қалды. 16 ғ-дың 90
жылдары Индонезияға голландиялықтар келіп, отпрлау саясатын жүргізді. Олар
жергілікті феодалдар арқылы шаруалар шаруашылығына, сыртқы саудаға қажетті
дақылдарды өсіруді енгізді. Сөйтіп сыртқа шығарылатын өнімдерді өндіруді
реттей бастады. 18 ғ-да Индонезияға кофе дақылы еріксіз енгізілді.
Индонезия феодалдары қосымша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Индонезия Республикасы
Азияның туристік орталықтары: Индонезия
Индонезияның табиғи жағдайымен табиғат ресурстары
АҚШ-тың Оңтүстік Шығыс Азиядағы саясаты
ОҢТҮСТІК-ШЫҒЫС АЗИЯ ХАЛЫҚТАРЫ ЖАЙЛЫ
Оңтүстік – Шығыс Азия туралы ақпарат
Оңтүстік-Шығыс Азия
Интенсивті негізінде Экономикалық өсу Оңтүстік - шығыс
Оңтүстік-Шығыс Азия елдеріндегі рекреациялық туризмнің дамуы
Шетелдік Азияның халқы
Пәндер