Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі



1. Кіріспе
2. Негізгі бөлім
а) Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері;
ә) Сыртқы қатынас органдары;
б) Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері,
артықшылықтары және имунитеттері;
в) Дипломатиялық, әкімшілік.техникалық және қызмет
көрсетуші персоналдарының негізгі иммунитеттері
мен артықшылықтары жүйесі.
г) Дипломатиялық қызмет персоналының
құқықтары, мiндеттерi және жауапкершілігі
3) Қорытынды
4) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Барлық мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі оргон түріндегі дипломатиялық аппараттардың (Сыртқы істер министрлігі елшіліктер миссиялар консулдықтар)дидипломаиялық қызметтердің негізгі жетекшісі және орындаушысы ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған дипломатиялық қадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұмыс жүйесі мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық ақпарат – бұл мемлекеттік аппараттың бір бөлігі оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекттің әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы мен айқындалады.
Дипломатиялық аппаратты жетілдіру дипломатиялық кадрларды іріктеу мен дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озық тәжірибелерін зерттеу және пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту – халықаралық мәселеллерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияна қолдануға мүдделі барлық мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.
Дипломатия – бұл мемлекеттің сыртқы саясатының халықаралық қызметінің құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары смен міндетттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын, сондайақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді айқындайды.
Өркениетті әлемдегі дипломатиялық тәжірибелі тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметін дәстүрлі әдістерінің және жаңа нысандар мен әдіс тәсілдерін қолданылып келе жатқанын көрсетіп отыр. Дипломатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі нысандары ерекше маңызға ие болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі, мемлекеттер арасында жүргізілетін жоғары деңгейдегі көпжақты келісссөздерді жатқызуға болады.
1) Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметі туралы
2002 ж. 7 наурыздағы N 299-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы
2) Халықаралық жария құқық, Ж.О. Құлжабаева 2002ж.
3) Жеке дипломатиялық және консулдық имунитеттер мен артықшылықтар, М.Ә. Қайырбек Алматы 2004ж.
4) Дипломатическое право, И.П.Блищенко Москва 1990г.
5) Статус дипломатических представительств и их персонала, Ю.Г. Демин Москва 1995г.
6) Настольная книга дипломата, Р.Дж. Фельтхэм ООО «Новое знание» 2000г.
7) Дипломатическое право, К.К. Сандровский Киев 1981г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Дипломатиялық өкілдіктің құқықтық мәртебесі

Жоспар

1. Кіріспе

2. Негізгі бөлім

а) Дипломатиялық құқық ұғымы және қайнар көздері;

ә) Сыртқы қатынас органдары;

б) Дипломатиялық өкілдіктердің міндеттері,
артықшылықтары және имунитеттері;

в) Дипломатиялық, әкімшілік-техникалық және қызмет
көрсетуші персоналдарының негізгі иммунитеттері
мен артықшылықтары жүйесі.

г) Дипломатиялық қызмет персоналының
құқықтары, мiндеттерi және жауапкершілігі

3) Қорытынды

4) Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Барлық мемлекеттердегі орталық және шетелдердегі оргон түріндегі
дипломатиялық аппараттардың (Сыртқы істер министрлігі елшіліктер миссиялар
консулдықтар)дидипломаиялық қызметтердің негізгі жетекшісі және орындаушысы
ретінде айтуға болады, оларда арнайы жасақталған және дайындалған
дипломатиялық қадрлар тұрақты жұмыс істейді. Мұндай кадрлардың жұмыс жүйесі
мемлекеттің дипломатиялық қызметін құрайды және ол мемлекеттік қызметтің
маңызды бөлігі болып табылады. Дипломатиялық ақпарат – бұл мемлекеттік
аппараттың бір бөлігі оның қызметінің бағыты мен мазмұны мемлекттің
әлеуметтік-экономикалық саяси құрылымы мен айқындалады.
Дипломатиялық аппаратты жетілдіру дипломатиялық кадрларды іріктеу мен
дайындауды жақсарту, дипломатияның ең озық тәжірибелерін зерттеу және
пайдалану, оның ғылыми негіздерін дайындау және дамыту – халықаралық
мәселеллерді бейбіт жолдармен шешу үшін және бейбітшілік пен бейбіт қатар
өмір сүру саясатын нығайту үшін дипломатияна қолдануға мүдделі барлық
мемлекеттердің алдына қойған маңызды міндеттері болып табылады.
Дипломатия – бұл мемлекеттің сыртқы саясатының халықаралық қызметінің
құрамдас бір бөлігі. Сыртқы саясат дипломатияның мақсаттары смен
міндетттерін айқындайды және сол арқылы іс жүзіндегі шаралар жиынтығын,
сондайақ сыртқы саясатта қолданылатын нысандарды, құралдар мен әдістерді
айқындайды.
Өркениетті әлемдегі дипломатиялық тәжірибелі тәуелсіз мемлекеттердің сыртқы
саясаттағы мүдделерінде дипломатиялық қызметін дәстүрлі әдістерінің және
жаңа нысандар мен әдіс тәсілдерін қолданылып келе жатқанын көрсетіп отыр.
Дипломатиялық қатынас пен талқылаудың түрлі нысандары ерекше маңызға ие
болуда. Оларға мемлекет басшыларының кездесуі, мемлекеттер арасында
жүргізілетін жоғары деңгейдегі көпжақты келісссөздерді жатқызуға болады.

Дипломатия ұғымы грек сөзі diploma –екі бүктелген бет құжат деген
мағынасында шыққан.Бұл жерде дипломды ұстаушыдеген сөз алғашқы
мағынасында қолданылып отыр,яағни провинцияларға немесе мемлекеттен тыс
шетелге кетіп бара жатқан ресми тұлғаларға белілетін ұсыныс немесе сенім
грамоталары.
Қен мағынадағы ұғымы –бұл халықаралық құқық субектілерінің
өкілдіктері жөніндегі,бейбітшілік және бейбіт қатар өмір сүру
жөніндегі,халықаралық қатынас қатысушыларының құқықтары мен мүдделерін
бейбіт жолмен қорғау жөніндег ресми қызмет.Дипломатия-бұл халықаралық
құқықта рұқсат етілетін арнайы дипломатиялық шаралар,әдістер мен тәсілдер
көмегімен мемлекеттің сыртқы саяасатын жүзеге асырудың бірі құралы-болып
табылады.
Тар мағынадағы дипломатия ұғымы-бұл келіссөздер жүргізу мен
шартар,келісімдер жасау шеберлігі.Осындай шеберліктң қоғамның даму
заңдылықтарын білуге халықаралық қатынас тарихын жеке
еледетариқын,халықаралық құқықты,жеке елдердің конституциялық құқықтарың
,шет тілдерді зертеп-білуге негізделетін айту керек.
Адамзат қоғамының даму тарихында мемлекетердың сыртқы саясат
мәселерінде онын маңызды құралының бірі-дипломатия әрқашан бірінші орында
келеді.Бір-бірімен жанжалдасып қалған мемлекеттердың,тұтастай халықтардың
тағдыры осындай мәселелердің тиімді шешілуіне тікелей тәуелді болады
болады.
Дипломатиялық қызмет нормативтік қамтамасыз етуге халықаралық
құқықтың басқа субектілеріне қатысты олардың жүзеге асу тәртіптеріне мұқтаж
болуда. Көптеген ғасырлар бойы осы құқықтық нормалар реттеу заты бойынша
салыстырмалы түрде тұрақты және дербес саланы жасап шығарады. Қазіргі
таңдағы дипломатиялық құқық халықаралақ құқық салалаларының ішіндегі
анағұрым жүйеленген және үдемелі дамыған салаларының бірі.дипломатиялық
құқық-бұл құқықтың байырғы салаларының бірі.Ол ең алдымен елшілік құқық
ретінде пайда болып,дамыған еді.ХХ ғ.басына қарай елшілік құқық
дипломатиялық құқыққа айналды.
Дипломатиялық құқық-бұл халықаралық қатынасқа қатысушы халықаралық
құқық субектілерінің еркін білдіретін қағидалар мен нормалардың халықаралық
құқық субектілерінің келсім және қамтамасыз ету нәтижелерінде бекітетін
жиынтығы;бейбітшілік пен бейбіт қатар өмір сүруді және нығайту мақсатындағы
ресми органдарының жағдайы мен қызметін(функциялары мен
мәртебесін)реттейді.
Бірқатар оқулықтар меноқу құралдарында сыртқы қатынас құқығы деген
ұғым кездесіп қалады. Сыртқы қатынас құқығы тұжырымдамасы халықаралық
өмірдің нақты жағдайлары объективті түрде осы саладағы халықаралық құқық
нормаларынның жүйеленуі мен үддемелі дамуы осы саланың мемлекеттердің
шетелдерде тіркелген. Дипломатиялық және консулдық өкілдіктерінің қызметін
ғана емес сонымен бірге сыртқы қатынастың ішкі мемлекеттік
органдарыныңарнайы миссияларының халықаралық конференциядағы
делегатцияларының халықаралық жаныныдағы тұрақты бақылаушылар миссияның
қызметін реттеуге біртіндеп жол қойылатындығында. Міне, сол арқылы ғылыми
айналымға сыртқы қатынас құқығы деген кеңірек ұғымды енгізуді түсіндіруге
болады.
Шарт және салт дәстүр дипломатиялық құқықтың негізгі қайнар көздері
болып табылады. 1961 ж. Дипломатиялық қатынас туралы Вена конфенциясы
дипломатиялық қызмет саласындағы негізгі қайнар көздің бірі. Сонымен қатар,
дипломатиялық құқық мемлекеттердің арнайы миссияларының қызметін, сондайақ
халықаралық конференциялардағы өкілдіктердің құқықтық мәртебесін ретттейді.
Ол ең алдымен 1969 ж. Арнайы миссиялар туралы конфенция, мемлекеттер
өкілдіктерінің әмбебаб сипаттағы халықаралық ұйымдармен қатынастары туралы
1975 ж. Вена конфенциясы.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуы және оны жариялауы шетел
мемлекеттерімен саяси, экономикалық ғылыми-техникалық, мәдени және басқада
қатынастарын дамытты. Сондықтан халықаралық қауымдастықпен қатысу
нысандарымен тәсілдерін жаңарту қажетттілігі пайда болды.Халықаралық
қатынастарды ұлғаюы, шетелдерде Қазақстандық өкілдіктердің көбеюі мен
Қазақстандық азаматтар санының артуы дипломатиялық және консулдық қызметін
мазмұнына сипалық өзгерістер енгізді. 1993 ж.көктемінде Қазақстан сыртқы
саясатты жүзеге асыру саласындағы халықаралық стандартқа қосылды.
Дипломатиялық қатынас туралы 1961 ж. Вена конфенциясына және консулдық
қатынас туралы 1963 ж. Вена конфенциясына орай, Қазақстан республикасы
елшілік миссия немесе консулдық аймақ деңгейіндегі қатынастар орнатады.
Дипломатиялық қатынастарды біз түрлі нысандарды қолданамыз. Мәселен,
Қазақстан республикасының президентіне мемлекет басшыларының (АҚШ, Жаңа
Зеландия ) жеке жолдаулары дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі сыртқы
істер министрлігінің біріккен мазмұндамалары (ҚХР,Испания, Австрия)
дипломатиялық қатынас орнату жөніндегі қаттамалар (Монғолия,Франция,
Үндістан) ноталар алмасу (ОАР,Египет, Израйл) дипломатиялық қатынастарды
орнату нысандары болды. Консулдық қатынастар үшін консулдық конфенцияларға
қол қою(Рессей федерациясы, Венгр республикасы) визаларды өзара мойындау
туралы келісімдер (Грузия республикасы, ТМД елдері) азаматтардың өзара
сапарлары және визалар берудегі өзара түсіністіктер мемерандумдар
(Пакистан Ислам республикасы) консулдық шарттар ( Украйна, Түркіменстан)
консулдық қатынастар орнатудың кең таралған түрлері.
Шетел мемлекеттерінің тәжірибелерін ескере отырып Қазақстан
дипломатиялық және консулдық қызметтердіұйымдастыру жөнінде өз заңдарын
қабылдауда сыртқы саяси ведомство-Сыртқы істер министрлігінің жұмысын
жетілдіруде,консулдық зандастыру туралы арнайы нұсқаулық материалдарын
жасауда;Қазақстан Республикасы азаматтарының,шетел адамдардың және
азаматтығы жоқадамдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне қатысты құжаттарды
Сыртқы істерминстірлігінің мекемелері арқылы сұрату тәртібі туралы;
Қазақстан азаматтарын шетелдерде есепке алу таралы; Қазақстан азаматтарының
шетелде тұрғылықты тұруларына рұқсат беруді рәсімдеу туралы және т. Б.
Жөнінде арнайы нұсқаулық материалдар дайындайды.
Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық қызмет Ұлттық заңдарғажәне
халықаралық шарттарға сәйкес жүзеге асырылатын мемлекеттік органдардағы
азаматтардың кәсіби қызметі. Біздің мемлекетіміздегі дипломатиялық
лауазымға тағайындау тәртібі халықаралық стандартқа сай. Мәселен,
дипломатиялық қызметке жоғары білімі бар, шет тілдерін білетін, өзіне
жүктелген міндеттерді орындау үшін тиісті қабілеттері бар азаматтар
тағайындалады. Біздің ойымызша, жақын болашақта, біз арнайы жоғары білім
және мемлекеттік тілді білу сияқты талаптарды да қоса айтатын болармыз.
Мұндай өзгерістердің болуы уақыт талабы. Сыртқы істер минстрін тағайындау
тәртібі, дипломатиялық қызметті өткеру және тоқтату ерекшеліктері,
дипломатиялық қызмет қызметкелерін қамтамасыз ету, кепілдік беру және
өтемақылар, құқықтар мен міндеттер көлемі, жауапкершілігі мемлекеттік
қызметтің осы бөліміне ерекше жағдайды қамтамасыз етеді.
Біздің мемлекетіміздің дипломатиялық және консулдық қатынастарын
шетел мемлекетіндегі өкілдіктер мен халықаралық ұйымдағы өкілдіктер
қамтамасыз етеді; Қазақстанның БҰҰ қызметіне қатынасуы, мемлекет мүддесін
сыртқы саясаттағы түрлі мәселелерінде қамтамасыз етеді. Дипломатиялық
құралдар мен тәсілдер арқылы мемлекеттің халықаралық бейбітшілікті, ұжымдық
және аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі әрекеттерін жүзеге асырды.

Сыртқы қатынас органдары

Сыртқы катынастарда мемлекет өзінің тәуелсіздігі арқылы халықаралык күқық
субъектілікке ие болатын біртұтас құрылым ретінде көрінеді. Сыртқы қатынас
органдары мемлекеттің шетелдегі өкілдігі ретінде болады және олардың
құзыреттері шегінде іске асырылатын барлық әрекеттері мемлекеттің шетелдегі
өкілінің әрекеті ретінде қарастырылады және оған халықаралық құқық
нормаларына орай жауапкершілік жүктейді. Кез келген мемлекеттің сырткы
қатынас органдары ішкі мемлекеттік (немесе орталық) және шетелдік болып
екіге бөлінеді.
Қазақстан Республикасындағы сыртқы қатынастың ішкі мемлекеттік
органдарына мыналар жатады: Қазакстан Республикасының Президенті, Қазақстан
Республикасының Парламенті, Үкімет басшысы және Үкімет, Сыртқы істер
министрлігі - мемлекеттің сыртқы қатынасын тікелей жедел басқаратын орган.
Мемлекеттің шетелдік сырткы қатынас органдары, өз кезегінде тұрақты және
уақытша болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы тұрақты сыртқы қатынас
органдарына Қазақстан дипломатиялык қатынас орнатқан елдерде тіркелген
Қазақстан Республикасынын дипломатиялық өкілдіктері (елшіліктер мен
миссиялар); консулдық мекемелер, тұрақты өкілдіктер, халықаралық ұйымдар
жанындагы тұрақты бақылаушылар миссиясы жатады. Осы топқа сауда өкілдіктері
де жатқызылады. Қазақстан Республикасының шетелдердегі уақытша органдарына
түрлі миссиялар, халықаралык конференциялардағы делегациялар мен бақылау
топтары, халыкаралық органдар сессияларының жұмысына қатысушы делегациялар
және олардың ұйымдары және т.б. жатқызылады.
Мемлекет басшысының өкілеттіктері - Қазақстан Республикасының
Президентінің, Парламентінің, Үкіметі мен Үкімет басшысының өкілеттіктері
Қазақстан Республикасының Конституциясымен, тиісті нормативтік актілермен
белгіленген. Бұл мәселелер конституциялық және әкімшілік құқықтарда егжей-
тегжейлі зерттелген.
Сытрткы iстер министрліri - Қазақстан Республикасының сыртқы саясатын
жүргізу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыруды және сыртқы қатынастар
саласындағы мемлекеттік басқаруды қамтамасыз ететін орталық атқарушы орган
болып табылады. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Президенті
мен Үкіметі басшылығымен жүзеге асырады. Жалпы мәселелер жөніндегі
министрліктің қызметіне Қазақстан Республикасының Премьер-министрі басшылык
жасайды. Өз қызметінде Министрлік Қазақстан Республикасының Конституциясын,
заңдарын, Сыртқы істер министрлігі туралы Ережені, дипломатиялық қызмет
туралы 2002 жылғы занды, басқа да нормативтік - құқықтық актілерді
басшылыққа алады. Министрлік жүйесіне Қазакстан Республикасының
дипломатиялык өкілдіктері мен консулдық мекемелері, Қазақстан
Республикасының халықаралық ұйымдар жанындағы өкілдіктері, Министрліктің
Қазақстан Республикасы аумағындағы өкілдіктері мен өзінің ведомстволық
бағыныстағы ұйымдары кіреді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің негізгі міндеттері
мыналар болып табылады:

Қазақстан Республикасы сыртқы саясатының тұжырымдамасы мен негізгі
бағыттарын әзірлеу және Қазақстан Республикасының Президентіне және
Үкіметіне тиісті ұсыныстарды тапсыру;

Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысымен бірге Қазақстан
Республикасының Президенті үшін Қазақстан Республикасының сыртқы саясат
стратегиясын жасау, Президенттің халықаралық бастамаларын жүзеге асыру;

Қазақстан Республикасының егемендігін, қауіпсіздігін, аумақтық тұтастығын
және шекараларының мызғымастығын, оның басқа мемлекеттермен өзара қарым-
қатынастарындағы және халықаралық аренадағы мүдделерін қорғауды
дипломатиялык құралдар мен әдістермен қамтамасыз ету;

Шет елдерде Қазақстан Республикасы азаматтарының және заңды тұлғаларының
құқықтары мен мүдделерін қорғау;

Қазақстан Республикасының шетелдік мемлекеттермен дипломатиялык және
консулдық қатынастарын, халықаралык ұйымдармен қарым-қатынастарын жүзеге
асыру;

Шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен қатынастарда Қазақстан
Республикасының біртұтас сыртқы саяси бағытты жүргізуін қамтамасыз ету
мақсатында аткарушы өкіметтің басқа да органдарының қызметін үйлестіру және
жұмысына бақылау жасау.
Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, Қазақстан Республиксының
шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен катынастар мәселелері
жөнінде белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасының Президентіне және
Үкіметіне ұсыныстар мен ұсыным-кеңестерді әзірлейді және табыс етеді,
сондай-ақ, халықаралық шарттар мен келісімдерді жасасу, бекіту, орындау,
қолданысын тоқтату және бұзу туралы ұсыныстарды дайындайды және белгіленген
тәртіпте осы үсыныстарды Қазақстан Республикасы Президентінің және
Үкіметінің қарауына енгізеді. Мұнан басқа, Министрліктің қызметіне мынадай
міндеттер кіреді: Қазақстан Республикасынын құқыктық іс-тәжірибесінде
халықаралық нормаларды жүзеге асыруға жәрдемдеседі, республика заңдарын
жетілдіру, оларды Қазақстан Республикасының халықаралық-құқықтық
міндеттемелеріне сәйкес келтіру жөніндегі ұсыныстарды даярлайды.
Министрлік Қазақстан Республикасы азаматтарының күқыктары мен
бостандықтарын, оның қорғанысы мен мемлекеттік қауіпсіздігін, құқықтык
тәртіпті қорғауды, айналадағы ортаны сақтауды қамтамасыз ету, Қазақстан
Республикасының шетелдік мемлекеттермен және халықаралық ұйымдармен сауда-
экономикалық жәие қаржылық байланыстарын, ғылыми-техникалык, мәдени және
өзге де алмасуларын дамыту мен кеңейту жөніндегі нақты іс-шараларды
әзірлеуге қатысады, халықаралық бейбітшілікті, ғаламдық және аймақтық
қауіпсіздікті, сонымен бірге Қазақстан Республикасының Біріккен ¥лттар
Ұйымы мүшесі, жалпы еуропалық және басқа да аймақтық процестердің
қатысушысы ретінде камтамасыз етеді, Қазақстан Республикасының Б¥¥, басқа
да халықаралық ұйымдардың, конференциялардың, кеңестердің, форумдардың
кызметіне қатысуын қамтамасыз етеді, халықаралық қауымдастықтың мүшесі
ретінде Қазақстан Республика-сының ғаламдық және аймақтық халықаралық
проблемаларды шешудегі рөлін арттыруға жәрдемдеседі, аштықпен және артта
қалушылықпен, халықаралық терроризммен, үйымдасқан қылмыспен және
есірткілердің зансыз айналымымен күресу, сондай-ақ экологиялық жағдайы
нашар және техногендік апаттар аймақтарындағы салдарды жою жөніндегі
халықаралық акцияларға қатысады.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі республиканың айналадағы
ортаны халықаралық қорғау және үжымдық пайдалану, Әлемдік мүхит ресурстарын
игеру, ғарыш кеңістігін зерттеу саласындағы мүдделерін қамтамасыз етеді,
Қазақстан Республикасының сыртқы және ішкі саясаты, елдің әлеуметтік
экономикалық, мәдени және рухани өмірі туралы ақпаратты шетелде таратуға
жәрдемдеседі, жоғары және үкіметтік деңгейлерде халықаралық алмасулардың
хаттамалық қамтамасыз етілуін, сондай-ақ дипломатиялық және консулдық
артықшылыктар мен иммунитеттердің сақталуына бақылауды жүзеге асырады,
Қазакстан Республикасының парламентаралық байланыстарын жүзеге асыруға
жәрдемдеседі, шетелде тұрып жатқан отандастармен байланыстарды және
қатынастарды дамытуға жәрдемдеседі, Сырткы істер министрлігі Қазақстан
Республикасы жасасқан және күшіне енген халықаралық шарттардың депозитарийі
болып табылады және Қазақстанның дипломатиялық қызметінің мұрағатын құрады
және ұстайды, республика аумағындағы шетелдік дипломатиялық және консулдық
өкілдіктердің қызмет етуіне жәрдемдеседі, сондай-ақ өз құзырындағы
мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарымен,
өкілдік органдарымен, қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-кимыл жасайды.
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратының
қүрылымы мынадай болады:

Басшылық;

Әкімшілік және бақылау департаменті;

Консулдық қызмет департаменті;

Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратын және оның Шетелдегі
мекемелерінің кызметін қамтамасыз ету жөніндегі департамент;

Бірінші департамент (Б¥¥ және халықаралық экономикалық ынтымақтастық
Басқармасы, Халықаралық кауіпсіздік Басқармасы)

Екінші департамент (Еуропа және Америка Басқармасы, Мемлекеттік хаттама
басқармасы);

Төртінші департамент (Азия, Таяу Шығыс және Африка Басқармасы, Шарттық-
құқықтық басқарма).

Сыртқы істер министрлігінің шарттық-қүқықтық бөлімі мемлекеттің сырткы
саясатына қатысты халықаралық шарттардың мәтіндерімен жүмыс істейді.
Мысалы, ол аумақ, мемлекеттің сыртқы шекараларына катысты мәселелер болуы
мүмкін. Сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хаттама басқармасы арқылы
елшілер және өзге де шетелдік өкілдер келген елдерімен алғашқы байланысын
жасайтын бөлімше болып табылады. Бүл басқарма жаңа келген елшілерді қарсы
алып, оларды орналастырады және оларға елшілік жұмысын үйымдастыруға
жәрдемдеседі. Дипломатиялык өкілдік орналасқан мемлекетке келген елші
Сыртқы істер министрлігінің мемлекеттік хаттама басқармасының меңгерушісіне
бірінші кіріп, одан сенім грамотасын тапсырудың бекітілген тәртібін
сұрайды. Сенім грамотасы - бұл елші немесе уәкілдік сыныбындағы
дипломатиялық өкілдік басшысына онын өкілдік сипатын және шетелдік
мемлекетте тіркеленіп куәландыруға берілетін құжат. Содан кейін ол сыртқы
істер министріне немесе оның бірінші орынбасарына танысу үшін және оған
өзінің сенім грамоталарының көшірмелерін, сондай-ақ сенім грамотасын
тапсыру кезінде сөйлейтін сөзінің мәтінін беру үшін ресми кіреді.
Сенім грамотасына дипломатиялык өкілді тағайындаған мемлекет басшысы қол
қояды және Сыртқы істер министрінің қолымен бекітіледі. Ол дипломатиялық
өкілдік орналасқан мемлекет басшысына арналады және оған салтанатты
жағдайда тапсырылады. Сенім грамотасын тапсыру актісі елшінің өз
міндеттерін орындауға кірісу актісі болып есептеледі. Сенім грамоталарының
қүрылымдық элементтеріне мыналар жатады: мемлекеттің Негізгі заңынын тиісті
баптарына сілтеме жасау, осы мемлекет басшысының лауазымын атау, фамилиясы,
аты, сондай-ақ екі елдің де дипломатиялық өкілдер алмасуына тиісті
деңгейдегі дипломатиялық өкілдік рангісі; дипломатиялық өкілдің өз
мемлекетінің басшысы атынан немесе өз үкіметінің атынан айтқанының бәріне
сену туралы өтініш.
Елші өз елі дипломатиялык қатынас орнатқан мемлекеттердің елшілерінің
бәріне арнайы ресми кіріп-шығады, оны дипломатиялык корпустың жоғары
дәрежелісінен (дуайеннен) бастайды. Дуайен - дипломатиялық корпустың
(ағылшын тілді елдерде әдетте декан деп аталады) протоколдық басшысы.
Дуайен дипломатиялық корпустың атынан турлі шараларда сөз сөйлейді және
дипломатиялык корпус мәртебесіне қатысты мәселелер бойынша дипломатиялық
өкілдік орналасқан мемлекет пен дипломатиялык корпустың тиісті билік
өкілдерінің арасында өзіндік бір жарастырушы болып табылады. Нақты
мемлекетте тіркелген дипломатиялык өкілдік басшылары ішінде ең жоғарғы
сыныбы бар дипломатиялык өкілдіктің басшысы автоматты түрде дуайен бола
алады. Егер дипломатиялык өкілдік басшыларының бірдей сыныбы болатын болса,
онда осы мемлекетте әріптестеріне Караганда лауазымында көбірек мерзім
отырған тұлға дуайен болып сайланады.

Сөйтіп, мемлекеттік хаттама басқармасы Сыртқы істер министрлігінің жедел
басқару бөлімшесі болып табылады. Хаттамалық басқарма өз жұмысын жүргізген
кезде мемлекеттің әрбір мемлекетпен орнатқан дипломатиялык катынасының
сипаты мен деңгейін ескеріп отырады.

Мемлекет басшылары халықаралық қатынастарға қатысты барлык мәселелерді
әрдайым өзара тікелей талқылай алмайды. Соған орай, олар өз аттарынан
келіссөз жүргізетін өкілдерді ұстауга мәжбүр болады. Мұндай өкілдер
дипломатиялык агенттер деп аталады. Олардың міндеті, ең алдымен өздерін
жіберген мемлекеттің саясатын түсіндіру және өздері келген мемлекетте соны
мақұлдатуға қол жеткізуден тұрады. Сол арқылы екі мемлекет арасында достық
қатынастар орнайды. Дипломатиялык катынас туралы 1961 ж. Вена
Конвенциясының 1- бабына сәйкес, дипломатиялык агент деп өкілдік басшысы
немесе өкілдіктің дипломатиялык персоналын айтады. Дипломатиялык
агенттердің өкілдік сипаттан басқа бірқатар айырмашылық ерекшеліктері
болады, ол -дипломатиялык сыныптар мен дәрежелер. Дипломатиялык дәреже бұл
-дипломатиялык қызметті өткеруге қатысты нақты мемлекеттің заңдары мен
ережелеріне сәйкес берілетін дипломаттың жеке дәрежесі болып табылады. Бүл
дәреже лауазымына, отставкаға кетуіне қарамастан, сақтала береді. Қандай да
бір елдердің дәрежелері мен лауазымдық жағдайы сәйкес келуі де, сәйкес
келмеуі де, мүмкін (мысалы, Төтенше және Өкілетті елші - бір мезгілде
дәреже де, лауазым да). Қазақстан Республикасында Төтенше және Өкілетті
елші деген жоғары дәрежені сыртқы істер министрі, оның орынбасарлары,
мемлекеттің халықаралык ұйымдардағы тұрақты өкілдері және басқалары
иеленеді. Дипломатиялык сыныптар халықаралық күкық нормаларымен айкындалады
және дипломатиялык өкілдік басшыларына ғана қатысты болады. Дипломатиялык
қатынас туралы 1961ж. Вена Конвенциясының 14- бабына сәйкес, өкілдік
басшылары үш сыныпқа бөлінеді, атап айтқанда:

а) мемлекет басшылары жанында тіркелетін елшілер мен нунцилер
және тең дәрежедегі өкілдіктердің басқа басшыларының сыныптары;

б) мемлекет басшылары жанында тіркелетін елшілер мен
интернунцийлер сыныптары;

с) сыртқы істер министрлері жанында тіркелетін сенімді өкілдер
сыныптары.

Қазіргі кезде дипломатиялық өкілдік басшылары түріндегі елшілердің
сыныптары жоғалып барады, 3 -сыныпты дипломатиялык өкілдер халықаралық іс-
тәжірибеде өте аз кездеседі. Олармен өзара шектелген саяси, экономикалық
және басқа да мүдделері бар елдер ауысады. Әдетте, ол саяси көзқарастарға
байланысты тиісті бір елдермен дипломатиялык қатынасты жоғары деңгейде
ұстағысы келмеген жағдайларда орын алады.
Дипломатиялык дәрежелер әрбір мемлекеттін ішкі құқығымен енгізіледі және
сыртқы істер министрлігі аясында шетел мемлекеттерімен ресми қатынастар
жасауды жүзеге асыратын барлық лауазымды адамдар үшін көзделеді.
Халықаралық дипломатиялык іс-тәжірибеде мынадай дәрежелер бар:

Төтенше және Өкілетті елші;
Бірінші сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл;
Екінші сыныпты Төтенше және Өкілетті уәкіл;
Бірінші сыныпты кеңесші;
Екінші сыныпты кенесші;
Бірінші сыныпты біріншІ хатшы;
Екінші сыныпты бірінші хатшы;
Бірінші сыныпты екінші хатшы;
Екінші сыныпты екінші хатшы;
Үшінші хатшы;
Атташе.

Елшілікті Төтенше және Өкілетті елші, миссияны - уәкіл немесе сенімді
өкіл басқарады. Сенімді өкілді уақытша сенімді өкілден айыра білу керек, ол
елші болмаған кезде елшілікті уақытша басқаруы мүмкін.

Елшілік және миссия - бүл дипломатиялык өкілдіктің екі түрі. Қазіргі таңда
дипломатиялык өкілдіктер деңгейін елшілік деңгейіне дейін жоғарылату үрдісі
нығайып келеді. Жеке мемлекеттер арасындағы қатынастар тығыз, әрі достық
сипатта бола бастағанда дипломатиялық өкілдіктер бір деңгейден екінші
деңгейге қарай қайта құрылады. Мұндай жағдайларда, тиісті елдердің
үкіметтері халықаралық қатынастарының сапалы екендігін білдіру үшін
өздерінің дипломатиялық өкілдіктерінің деңгейін жоғарылатуға және оларды
миссиядан елшілікке айналдыруды, ал уәкілдерді елшілер дәрежесіне көтеруге
шешім қабылдайды.
Қазақстан Республикасының Елшілігі сыртқы қатынастағы мемлекеттік
орган және дипломатиялық өкілдік орналасқан еліндегі оның жоғары
дипломатиялық өкілдігі болып табылады. Елшілік өз қызметінде дипломатиялық
қатынас туралы 1961 ж. Конвенция ережелерін, Қазақстан Республикасының
Конституциясын, Қазақстан зандарын, Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлықтарын, Қазақстан Республикасының қаулылары мен бұйрықтарын, сондай-ақ
Сыртқы істер министрлігінің нормативтік құжаттары мен нұсқауларын
басшылыққа алады.

Дипломатиялық өкілдік басшысын тағайындау.
Тағайындау алдында дипломатиялық өкіл өкі тағайындалатын ел
үкіметінің келісімін – агреман сұрату керек. Агреман-(француз сөзінен
шыққан мақұлдау, келісу мағынасында) бір елдің дипломатиялық өкілі ретінде
белгі бір адамды тағайындауға екінші бір елдің алдын – ала келісім беруі.
Агреман не үшін сұратылады. Біріншіден, көпшілік таныған халықаралық іс-
тәжірибеге байланысты. Агреманды сұратпауға және оны алмай тұрып,
дипломатиялық өкілді тағайындауға болмайды. Екіншіден, бірде-бір үкіметөз
мемлекетінің сыртқы саясатына қарсы баспасөз бетінде немесе ауызша нысанда
жағымсыз сөйлеген адамды өз еліне қабылдамайды. Дипломатиялық өкілдік
орналасқан ел үкіметі өз елдеріне халықаралық қатынас іс-тәжірибесінде
объективті түрде және адал ниетпен қатысқан адамның келуіне сенуге құқығы
бар. Өкіл өзінің сыртқы саясат ведомствосынан тиісті нұсқау алғаннан кейін
дипоматиялық орналасқан елдің сыртқы істер министрлігіне барып, ауызша
нысанда осы елдегі өз лауазымынан кететінін және басқа кандидатураға
агреман сұратуды тапсыру туралы хабарлайды. Ауызша хабарламаға ауызша
сұратылатын адам туралы бар қажетті мәлімет қосымша тапсырылады. Хаықаралы
іс-тәжірибеде агреманды телефон арқылы сурату жағдайлары да кездеседі.
Әдетте, бұл атымен жүргізетін саяси қызметті күмән туғызбайтын мемлекеттік
қайраткерлерге таралады. Халықаралық іс-тәжірибе агреман сұрату фактісін
абсолютті құпиялықты сақтауды талап етеді.
Агреман сұратуға жауап қандай да бір саяси түсініктерге байланысты
болмаса, қысқа мерзімде беріледі. Жауап беру мерзімі – екі ел арасындағы
қатынастардың жай-күйінің көрсеткіші есепті. Дипоматиялық этикет ережелері
бойынша сұратылған агреман туралы еске салуға немесе жауап беруді тездету
туралы өтінуге болмайды. Агреманды беру туралы жауап сұратылған нысанда
беріледі, яғни ауызша немесе жазбаша нысанда. Агреман алған дипломатиялық
өкіл сол елдің қалаулы адамы болады, яғни persona grata. Егер тұлғаның сол
елде болуы қолайсыз болса, оны persona non grata деп жариялайды. Мұндай
жағдайда бас тарту себебі айтылмайды. Кету туралы талап қойылған кез келген
дипломатиялық қызметкер persona non grata болып есептеледі.
Елші кеткенге дейін Сыртқы істер министрлігінің тиісті бөлімі
дипломатиялық өкілге сенім грамоталарын, ал оның алдындағыға кері шақырып
алу грамоталарын дайындайды. Кері шақырып алу грамотасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дипломатиялық қызмет, дипломатиялық курьердің құқықтық мәртебесі
Дербес мемлекет иммунитетінің құқықтық негізі
Дипломатиялық өкілдіктің мәртебесінің қазіргі мәселесі
Дипломатиялық және консулдық құқық ұғымы
Құқықтағы жеңілдіктер, иммунитеттер және артықшылықтар
Дипломатиялық және консулдық құқық
Дипломатиялық өкілдіктің иммунитеттері мен артықшылықтары
Дипломатиялық құқық
Арнайы миссиялар дипломатиясының халықаралық-құқықтық негіздері
Арнайы миссиялар
Пәндер