Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі



Кіріспе
1. Дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық негізі
1.1 Дидактикалық ойынның қалыптасу жолдары
1.2 Дидактикалық ойын түрлерінің ерекшелігі
1.3 Дидактикалық ойын арқылы баланың шығармашылығын дамыту
2. Ойын түрлерін қолдану және оны оқытудың тиімділігі
2.1 Рөлдік, ізденімдік ойындар
2.2 Тапқырлық, іскерлік ойындар
2.3 Грамматикалық ойындар
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Қосымша
Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада ғана емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Қазақ тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс-жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
Қазақ тілін оқытудың негізгі бірлігі – сабақ. Қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді, ойын түрлерін қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу мұғалімнің жеке басының интелектісін, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де, білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі – сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол – сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық талаптар қарастырылады. Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.
1. Оқыту. Білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде, қалай қабылдату керек.
2. Үйрету. Осы білгенін студент практикада қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы оқушы қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең – тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. Дамыту. Оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Оқушыға беретін ойын түрлері де дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.
1 Керімбаева Р. Ойынның психологиялық-педагогикалық мәні // Қазақстан мектебі. – 2008. - №2. – Б. 60-70.
2 Тілдерді оқытудың ойын әдістері // Қазақ тілі: әдістеме. – 2009. – №3. – Б. 22-25.
3 Конышева А.В. Игровые методы обучения. – Минск, 2004. – 130 с.
4 Конышева А.В. Игровой метод в обучении иностранному языку. – Минск, 2006. – 187 с.
5 Жұмағалиева Р. Ойын элементтерін пайдалану тиімділігі // Қазақстан мектебі. – 2008. – №5. – Б. 48-51.
6 Майғаранова Ш. Мектеп оқушыларын рухани дамыту мәселелері. Алматы: Рауан, 2002. – 124 б.
7 Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Астана, 1998. – 178 б.
8 Амонашвили Ш. Игра в учебно – познавательной деятельности младших школьников // Перспективы вопросы образования. – 1987. – №1 – Б. 80-89.
9 Диалогтық және монологтық сөйлеуге үйрету // Қазақстан мектебі. – 2006. – №4. – Б. 52-58.
10 Тіл мен сөйлеу және олардың бірліктері // әл-Фараби атындағы ҚазҰУ Хабаршысы. Педагогикалық ғылымдар сериясы. – 2004. – №1(12). – Б. 101-110.
11 Нарқұлова Б.А. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану әдістемесі. Пед. ғыл. кан. ...автореф. – Алматы, 2005. – 32 б.
12 Нұрпейісова Г. Оқытуды технологияландыру // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. – 2004. – №10. – Б. 3-7.
13 С.Әбенбаев, Ж.Әбиев. Педагогика: Оқу құралы. – Астана: Фолиант, 2009. – 202 б.
14 Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы мен әдістемесі. – Алматы: РБҚ, 2000. – 207 б.
15 Меңдаяқова Қ. Мектепалды даярлық топтарында қазақ тілін қатысымдық әдіс арқылы дамыту. – Алматы, 2006. – 102 б. 28-39.
16 Жалғас Н. Ойын іс-әрекетінің тәрбиесі // Қазақстан мектебі. – 2009. – №4. – Б. 22-30.
17 Меңдаяқова Қ. Ойын – жаттығулардың тіл дамытудағы маңызы // Қазақстан мектебі. – 2009. – №5. – Б. 60-68.
18 Сергеева О.Е. Лингвитические основы коммуникативно-игрового метода обучения русскому языку как иностранному детей дошкольного возраста. – М., 2004. – 236 с.
19 Федоренко Л.П., Фомичева Г.А., Лотарев В.К. Мектеп жасына дейінгі балалар тілін дамыту методикасы. – Алматы: Мектеп, 1981. – 287 б.
20 Қабидоллина Қ. Оқу үрдісінде ойын элементтерін қолдану // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. – 2004. – №1. – Б. 20-26.
21 Мұсаева Ә. Рөлдік ойындар тілді дамытуға көмектеседі // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. – 2004. – №2. – Б. 33-39.
22 Рөлдік ойындар арқылы оқушылардың сөздік қорын, тілін дамыту // Бастауыш мектеп. – 2006. – №1. – Б. 26-28.
23 Аникеева Н.П. Воспитание игрой. – М., 1987. – 196 с.
24 Макаренко А.С. Лекции о воспитание детей. – М., 1957. – 126 с.
25 Қадашева Қ. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Мұрагер, 2005. – 193 б.
26 Әлімов А. Қазақ тілін орыс мектептерінде оқытуда рөлдік ойындардың маңызы // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде. – 2016. – №4. – Б. 9-16.
27 Аренова Т.В. Практические рекомендации по организации и проведению ролевых игр на уроке иностранного языка. – Алматы, 2001. – 158 б.
28 Люшер М. Сигналы личности: ролевые игры их мотивы. – Воронеж: Знание, 1993. – 160 с.
29 Исабаев Ә. Қазақ тілін оқытудың дидактикалық негіздері. – Алматы: Қазақ университеті, 1993. – 114 б.
30 А.Әбілқаев. Қазақ тілін оқыту әдістемесі. – Алматы: Санат, 1995.– 29 б.
31 Эльконин Д.Б. Психология игры. – М.: Наука, 1978. – 120 с.
32 Платов В.Я. Деловые игры: разработка, организация, проведение. – М.: Профиздат, 1991. – 192 с.
33 Пазылова Г. Іскерлік ойындар // Қазақстан мектебі. – 2006. – №11. – Б. 49-56.
34 Цуркан С.П., Усова Н.В. Комплекс деловых игр // Деловые игры и методы активного обучения. – Челябинск, 1993. – С. 4-16.
35 Іскерлік ойындар арқылы оқушылардың диалогтық және монологтық сөйлеу дағдыларын қалыптастыру // «ХХІ ғасырдағы қазақ мектебі: даму болашағы» атты республикалық ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. І том. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2006. – Б. 515-520.
36 Дидактикалық ойындар арқылы тілдік материалдарды сапалы меңгерту жолдары // «Жоғары кәсіптік, базалық білім және жеке пәндерді оқыту әдістемесі» атты республикалық ғылыми-әдістемелік конференцияның еңбектері. – Шымкент: Шымкент университеті, 2005. – Б. 110-112.
37 Мамырбекова Р. Грамматикалық ойындар // Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. – 2008. – №11.– Б. 43-52.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Қазіргі кездегі қоғамдағы өзгерістер білім беру жүйесіне де ықпал ететіні сөзсіз. Мұғалімге білімді біржақты формада ғана емес, оқушылардың оқуын басқару, бағыт-бағдар көрсетіп, жол сілтеп, кеңес беріп отыру қызметін жүктейді. Қазақ тілі пәні бойынша оқушы ереже немесе ұғымдар анықтамасын тек жаттап алғаннан гөрі, оларды іс-жүзінде саналы түрде қолдана алуы қажет. Түрлі тапсырмалар мен жаттығулар арқылы теориялық түрлі мәселелер, қағидалар меңгертілуі тиімді болып табылады.
Қазақ тілін оқытудың негізгі бірлігі - сабақ. Қазақ тілін оқытатын мамандарға қойылатын талап жаңа технологиялық әдістерді, ойын түрлерін қолдана отырып, сапалы және терең білім беру, олардың ойлау, көру қабілеттерін жетілдіру. Уақытты дұрыс пайдалану, әртүрлі әдістерді қолдану, сабақты мазмұнды да қызықты өткізу мұғалімнің жеке басының интелектісін, оқу іс-әрекетін, өтілетін тақырып мазмұнын аша білу. Сонымен жеке тұлғаны дарынды, білімді де, білікті етіп шығару мұғалімнің педагогикалық шеберлігі.
Біздің елімізде қазақ тілі - мемлекеттік тіл. Қазақ тілі сабағы әрі тартымды, әрі қызықты, әрі сапалы болуы әр пән мұғалімдерінің өзіне, білім деңгейіне, кәсіби шеберлігіне байланысты. Оқу-тәрбие негізі - сабақ. Сондықтан сабақ тартымды, әсерлі, мақсатты, айқын, қызықты және толық мәнді болуы тиіс. Ол - сонымен бірге басқа ұлт балаларына қазақтың әдебиеті мен мәдениетін, ғылымын, өнерін насихаттайтын пән. Мұғалім сабақты дұрыс жоспарлап, мақсатын нақты белгілеп алмайынша дегеніне жете алмайды. Сабақтың мазмұнын, құрылысын, дәлдігін, жұмыс жүргізу тәсілін мұқият ойластыруы қажет.
Әр сабақта педагогикалық, психологиялық, физиологиялық, гигиеналық талаптар қарастырылады. Сабақты жоспарлағанда оқыту, үйрету, тәрбиелеу, дамыту шарттарын ескеруіміз керек.
1. Оқыту. Білім беру мақсаты. Ғылыми-теориялық жағынан не айтуға тиіспіз. Ол қандай мөлшерде, қалай қабылдату керек.
2. Үйрету. Осы білгенін студент практикада қолдана ала ма. Ережеге байланысты тапсырманы оқушы қиналмай орындауы керек.
3. Тәрбиелеу. Ендігі бір жауапты кезең - тәрбиелеу, екінші әртүрлі әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды көптеген қасиеттерге, имандылыққа, шеберлікке, еңбекке, тапқырлыққа тәрбиелеу.
4. Дамыту. Оқушылардың логикалық ойлауын қамтамасыз ету. Ой-өрісін шыңдай отырып, өмірге көзқарасын қалыптастыру. Бойындағы өнерін танып, бағыт-бағдар беру. Ғылымға қызықтыру. Оқушыға беретін ойын түрлері де дәлелдейтін, түсіндіретін, пікірмен келісетін, келіспейтін, ұсыныс енгізетін, сын көзбен қарайтын, бір сөзбен айтқанда, баланы жан-жақты ойландыратын жұмыстар болуы керек.
Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін сабақта тиімді қолдана білу әдісі, дидактикалық ойынның мәні, ерекшеліктері мен қызметі, өзге де ойын түрлерінен айырмашылығы және дидактикалық ойын түрлеріне қойылатын талаптарды анықтау.
Дипломдық жұмыстың маңыздылығы. Сабақта ойын түрлерін тиімді қолдана білу, дидактикалық ойын түрлерін ұтымды пайдалану, педагогикалық және ақпараттық жаңалықтардан хабардар болып, жан-жақты сапалы білім беру, кәсіби шеберлікті қалыптастыру.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік маңызы. Оқушылардың білуге деген ынтасы мен мүмкіндіктерін толық пайдалану, оларды оқу үдерісінде үздіксіз дамытып отыру және сабақ барысында алған білімдерін тәжірибеде қолдану дағдыларын қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдалану.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерінің тиімділігімен, ерекшеліктерімен таныстыру, оқушыны қызықтыра отырып білімді меңгерту, дидактикалық ойын түрлерін қажетті бағытта дұрыс қолдана білу, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге, түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу зерттеудің негізгі мақсаты болса, бұл мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді шешу көзделеді:
1. Білім-білік, икем-дағдыларын жетілдіре отырып, дидактикалық ойын арқылы оқу және тәрбиені ұштастыру. Ойната отырып білімге жетелеу.
2. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын түрлерін қолдана отырып, оқушылардың шығармашыл ойлауын қалыптастыру, танымдық қызметі мен ой-өрісін кеңейту, оқушыларды дербес шығармашылық жұмысқа жетелеу, қабілеттерін дамыту.
3. Дидактикалық ойын түрлері арқылы өзіне деген сенімін арттыру, бүгінгі өмір талабына сай саналы да, білімді азаматты тәрбиелеу.
Дипломдық жұмыстың нысаны. Қазақ тілі сабағын дидактикалық ойын түрлері арқылы меңгерту дипломдық жұмысымыздың зерттеу нысаны ретінде алынды.
Дипломдық жұмыстың болжамы. Қазіргі заманауи мектептерде қазақ тілі сабағында дидактикалық ойын түрлерін өткізудің негізгі шарттарын анықтау, қолдану тиімділігін нақтылау.
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеуде орта мектепте қазақ тілін оқыту әдістемесі, оқыту үдерісінде дидактикалық ойындарды қолдану жолдары жайлы ғылыми-әдістемелік, философиялық, педагогикалық, психологиялық әдебиеттер, оқулықтар және оқу құралдары, ойын технологиясы туралы еңбектер негізге алынды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы:
Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы оқытудың тиімді әдісі сұрыпталып, ойынның түрлері анықталды;
Ойын элементтерін қолдану барысында оқушылардың қол жеткізген жетістіктері білім сапасының көрсеткіші арқылы анықталды;
Қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы игертудің әдістемесі ұсынылды;
Қазақ тілі сабағында қолданылатын интеллектуалдық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойындарға қойылатын талаптар анықталды;
- Дидактикалық ойындардың оқушылардың ой-өрісін, сөз байлығын дамытудағы, сабаққа қызығушылығын арттырудағы ықпалы көрсетілді.
Дипломдық жұмыстың зерттеу әдістері. Ғылыми жұмыста баяндау, талдау, салыстыру, сараптау, жинақтау, жүйелеу, қорыту әдістері қолданылды. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану барысында оқушылардың когнитивті іс-әрекеттері айқындалып, оны дамыту мақсатында тапқырлық, ізденімдік, рөлдік және іскерлік ойын түрлері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың базасы. эксперимент жұмысы Ақмола облысы, Целиноград ауданы, Приречная ауылы №22 орта мектебінде жүргізілді.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Дипломдық жұмыстың мазмұны бойынша Дидактикалық ойын - оқушы шығармашылығын дамытудың тәсілі атты мақала Бъдещето въпроси от света на науката халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында жарияланды (Болгария 2015). Дидактикалық ойынның ерекшелігі атты мақала студенттер мен жас ғалымдардың республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция жинағында жарияланды (Жезқазған 2016).
Уақыт талабына сай қазақ тілін оқытудың негізгі міндеттерін, оқушыларды сауатты жазуға, ойын, сөзін еркін сөйлеп, білікті, жан-жақты тәрбиелі азамат болуға тәрбиелеуді, қазақ тілін оқыту әдістемесін педагогика ғылымдарының жетістіктерімен ұштастыра білген, шығармашылықпен еңбек ететін, ғылыми дүниетанымы кең ұстаз ғана атқара алады. Қазақ тілі сабағы құрғақ өтілмей мәдениетті сөйлеу, жазу дағдысымен ұштасып жатуы үшін, әрбір категорияның өмірде қолдану аясын ашатындай мақсат қойылуы керек. Бұл мәселені бүкіл сабақ үдерісінде сіңіріп, қайталап отыру керек.
Оқыту әдісі дегеніміз - оқушының білімді меңгерту жолындағы тәсілі. Әдіс - оқушының өз ынтасын ішкі қозғаушы күшін жұмысқа бағыттауды ұстанады. Әдіс тек әрекеттің негізгі мақсаты болуы шарт. Әр түрлі құралдарды қолдану әдіске бағынышты.
Құралдардың әртүрлі болуы әдістің құрылымын өзгертуге ықпал етеді. Әдістер арқылы білім мазмұнын меңгереміз. Мұғалім оқушыларды оқытуда түпкі нәтижеге жеткізер деген әдіс-тәсілдерді таңдап алуы қарастырылады.
Жаңа технологияларды күнделікті сабақ үрдісіне пайдалану үшін, әр мұғалім өзінің алдында отырған оқушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтың мақсат-мүддесіне байланысты, өзінің шеберлігіне байланысты таңдап алады. Жаңа әдістерді жүзеге асыруда мұғалім белсенділігі, шығармашылық ізденісі, өз мамандығына деген сүйіспеншілігі алдындағы шәкірттерін бағалау ерекше орын алады.
Оқу жоспарын жасағанда, оның бағдарламасы мен оқулықтарындағы оқу материалдарын іріктеп таңдауға оқушылардың жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктері ескеріледі. Әрбір сабақтың мазмұнына қарай амал-құралдарды қолдануда оқушылардың жеке қабілеттері мен деңгейлеріне үлкен мән беріледі. Оқушы материалын терең түсініп, саналы меңгеруі үшін, оның тақырыптық ішкі заңдылығы мен өзара байланысын дұрыс анықтап, тиісті қорытынды жасай білуі қажет. Оқушы бірінші сыныптан бастап қазақ тілін үйрену барысында тілдегі түрлі қолданылатын атауларды ( әріп, дыбыс, буын, сөз, сөз тіркестері, сөйлем, сөз бен сөзді байланыстыратын жалғау, жұрнақ, тыныс белгілері - нүкте, үтір, леп белгісі, сұрау белгісі, сызықша, қос нүкте, түрлі грамматикалық анықтама, ережелерді оқып үйренеді.
Қазіргі сабаққа қойылатын талап тұрғысынан техникалық құралдарды, кестелер, сызбалар, үнтаспа жазбаларын пайдалану арқылы оқушылардың есту, көру сезімдеріне әсер ете отырып, олардың ойлау қабілетін дамытуға көңіл бөлінеді.
Мұғалім - мектептегі басты тұлға. Ол өз ісімен өзгеге үлгі болып жетекші болады. Білімі терең, әдістемелік шеберлігі мол, мақсаты айқын, үнемі ізденіс үстінде жүреді. Мұғалім жұмысындағы сабақ берудегі бір ерекшелігі - ұғымдарды белгілі бір сызбалармен түсіндіріп, соны қолдана отырып, іскерлік жұмыстар жүргізіледі. Мысалы: Бір ғана ұғымды шағын көрнекілікпен жинақтап, баланың түсінуіне ыңғайлы етіп ұсынады.
Мұғалім көбінесе оқушылармен бірлесіп, ұйымдасып, топтасып жұмыс істеуіне көңіл бөлу керек. Оқушы бірлесіп үйретуде, кішігірім топтармен, жұппен жұмыс жасауға, ортақ үдерісінде талқылағанда жаңа пікірлерге шығармашылықпен қарау тұрғысында жаңалықтар ашу барысында жұмыс істейді. Топ мүшелері өз ойларын ортаға салып және сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап шығуға тырысады.
Тіл - адам мен адамды, ұлт пен ұлтты жақындастыратын өзгеше қатынас құралы. Тіл мен сөйлесу - адамзат баласы үшін тысқары бір дүние емес, ол ішкі құбылыс. Сөйлесу тек адамға ғана тән. Адам баласы бірнеше тілде сөйлеседі.
Қазақ тілі әдістемесінің негізін салушы А.Байтұрсынов Қай әдіс жақсы? деген мақаласында айтқандай, қай әдісті қалай пайдаланам десе, мұғалім өз еркі. Осы әдістеменің бәрін ғылыми жағынан да, практикалық жағынан да жетік игерсе, беріліп отырған тақырыптың мазмұнына сай қай әдісті пайдалану қажет екенін мұғалім ой елегінен өткізіп алып, сабақтың жоспарын жасауға кіріседі.
Мұғалім барлық әдістерді шеберлікпен меңгере білсе, күнделікті сабақтың тақырыбына, мазмұнына қарай, күніне 6-7 әдісті бір сабақта пайдалануға болады. Мысалы, түсіндіру әдісі, баяндау әдісі, сұрақ-жауап әдісі, көрнекілік әдісі, техникалық жұмыс істеу - компьютерді пайдалану, әдісі, жаттығу әдісі, үйге тапсырма беру әдісі, т.б. жұмыстармен аяқталады.
Тағы да бір сабақта: блокпен түсіндіру әдісі, проблемалық сұрақтар қою әдісі, жаттығу әдісі, деңгейлеп оқыту әдісі (даралап, саралап оқыту, тапсырма беру), демонстранциялық әдіс - (экранды пайдалану немесе осы жерде интерактивті тақтамен жұмыс істеу) қайталау, пысықтау әдістері - тапсырмалар, тестпен жұмыс істеу әдісі, т.б. әдістерді пайдалану жолдарын көрсеткен сабақ жоспары жасалады. Сөйтіп, кестеде берілген барлық әдіс те белгілі бір этаппен жүзеге асырылып отырады.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен тығыз байланысты. Әдістеме ғылымы Нені оқыту керек?, Не үшін оқыту керек?, Қалай оқыту керек? деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы Қалай нәтижелі оқытуға болады? деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты бір, яғни, оқытудың тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Бүгінгі таңда, оқу үдерісінде оқытудың қалыптасқан негізгі әдістерімен қатар оқытудың жаңа әдістері, яғни, инновациялық әдістері де жиі қолданылады.
Мысалы: қалыптасқан әдістер:
а) сұрақ-жауап; б) суретті немесе көрнекілікті пайдалану; в) аударма; г) сөйлем және сөзді толықтыру; д) мәтін бойынша әңгімелесу; е) тест сауалдарымен жұмыс; ж) мақал-мәтелдер жарысы; з) өлең, тақпақтар жарысы т.б.
Жанама жаңғыртып оқыту әдісі:
а) пікірсайыс (дебат) әдісі;
б) коммуникативтік әдісі;
в) драматизация әдісі;
г) іскерлік әдіс;
д) видео (бейне) арқылы сабақ беру әдісі;
е) жобалы сабақ өту әдісі;
ж) саралап оқыту әдісі т.б.
Оқу үдерісінде оқытудың озық технологиясын қолдану - бүгінгі күннің өзекті мәселесі. Сондықтан да мектептің мұғалімдері үнемі ізденіс үстінде. Олар заман талабына сай, оқушылардың білімін тереңдету үшін, тілге деген қызығушылығын арттыру үшін көп еңбек етуде, әр сабақта олар тест сауалдарымен жұмыс істейді, әр технология мұғалімдерінің шығармашылықпен жұмыс істеп, жаңалықтарды дер кезінде қабылдап, өңдеп, оны өз ісінде тиімді қолдана білуін айырықша талап етеді.

1. Дидактикалық ойындарды қолданудың теориялық негізі

1.1 Дидактикалық ойынның қалыптасу жолдары

Ерте заманнан-ақ адам өзінің қоршаған ортаның тылсым тіршілігін тануға әрекет жасаған. Ал, айнала дүниені танып-білудің белсенді іс-әрекеттің алғашқы түрі заттық іс-әрекет болып табылады. Нәресте заттық іс-әрекеттен бірте-бірте ойын әрекетіне ауысады. Барлық адам өзінің тұлға ретінде даму ерекшелігінде ойын іс-әрекетін бастан кешіреді. Сәбилік кезеңнен бастап бала өзін қоршаған ортаны, өмір сүріп отырған айналасындағы заттар мен құбылыстарды ойын арқылы түсініп ұғынады. Тек көру, сипап-сезу, байқап-тану арқылы емес, тікелей араласып, іс-әрекетке көшуін нақты қарым-қатынас барысында біледі. Осының таным-түсінігі, іс-әрекеті ойыннан басталып, оның негізі болашақ өмірінде оқу, еңбек іс-әрекетімен жалғастырылады. Жеке тұлғаның дамуындағы ойын теориясы мен тәжірибесінің әсерін ерте заманның өзінде-ақ отандық және шетелдік педагогтар, атақты ғұлама ойшылдар, философтар, социологтар, психолог ғалымдар көріп, байқап оны іске асыру жолдарын ұсынған. Оның шығу тарихы жайлы көптеген пікірлер бар.
Оның көп ғасырлық тарихына үңілсек, ол туралы алғашқы пікірлер ежелгі грек философтары Платон мен Аристотель еңбектерінен бастау алатынын көруге болады. Ерте гректер ойынды Құдайлар қолдаған десе, Қытайда мерекелік ойындарды император ашып, өзі де қатысқан. Ертедегі ұлы ойшылдар Я.Коменский, Ж.Руссо, Дж.Локк, И.Песталоцци, т.б. ойын арқылы балаларды болашақ өмірге бейімдеу керек деп түсіндірген [1, 65].
Көп тұжырымдардың бірі бойынша ойын қоғамның діни, әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуы кезіндегі бос уақыт пен демалысты өткізу мәселесінен туындаған. Ерте заманда ойын қоғамдық өмірдің бір бөлігі болып, оған діни-саяси маңыз берілген. Кеңес өкіметі кезінде халық мәдениетінің ойын салт-дәстүрлерінің дамуы мен сақталуы қала сыртындағы жаздық лагерьлерді ұйымдастыру тәжірибесінен басталды. Әлем педагогикасында ойын - белгіленген ережелері бар, бір мақсатқа жету үшін ойыншылар арасындағы сайыс пен жарыс ретінде қарастырылады.
Оқыту барысында ойын әдісін қолданудың мүмкіндіктері туралы бұрыннан белгілі.
А.С.Выготский мен А.М.Леонтьев зерттеулері шеңберлеріндегі психологиялық теория адам әрекетінің негізгі үш түрін бөліп көрсетеді: еңбек, ойын және оқу. Осы түрлердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты. Ойынның пайда болу теориясы бойынша психологиялық әдебиеттерді талдау тұтас алғанда оқушылардың дамуы мен өзін-өзі көрсете білуіне арналған бағыттар аясын анықтауға көмектеседі. Неміс психологі К.Гросс ойынды мінез-құлықтың бастауыш мектебі деп атады. Ойын - хаос секілді объективті алғашқы стихиялы мектеп, ол баланың өзін қоршаған адамдардың мінез-құлық дәстүрлерімен танысуына мүмкіндік береді деген ғалым.
Ғылымда соңғы жылдары қоғамдық тәжірибеде ойын ұғымы аса маңызды қоғамдық категория ретінде пайдаланады. Сонымен байланысты ойын түрлері дидактикаға аса белсенді түрде ене бастады.
Ойынның дидактикалық мәнін К.Д.Ушинский бұрын да дәлелдеген. Ойынның педагогикалық арена иесі А.С.Макаренконың, В.А.Сухомлинскийдің, Д.Б.Элькониннің және т.б. ғалымдардың еңбектерінде түсіндірілген. Осы бағыттағы Н.Н.Аникеев, О.С.Анисимов, В.В.Петрусинский, Л.С.Выготский, Г.А.Кулагин, В.Ф.Смирнов сияқты ғалымдардың практикалық зерттеулері құнды болып табылады. К.Д.Ушинский, Дж.Селли, О.Бюллер ойынды пайымдау немесе фантазияның көрінуі ретінде қарастырады, ал А.И.Сикорский және Дж.Дьюн оны ойлаудың дамуымен байланыстырады. Ғалымдардың пікірлерін көзқарастарын жүйелесек, ойынның белгілі бір қабілеттердің қосындысы екені айқындалады, оны былай көрсетуге болады: қабылдау + ес + ойлау + пайымдау [2, 22].
К.Д.Ушинский: Ересектер ойын сипатын бұзбай ойынға тек бір жақты әсер ете алады, ол дегеніміз - ойын құруға арналған материалды жеткізу, одан әрі не істеу керек екенін бала өзі біледі. Бірақ осы материалдардың бәрін ойыншық сататын дүкеннен аламын деп ойлауға тиіс емес. Сіз балаға ашық түсті әдемі үй сатып алып бердіңіз, ал ол одан түрме жасайды, сіз оған шаруалар мен олардың әйелдерінің қуыршақтарын алып бердіңіз, ал балаларды солдаттар қатарына қойды; сіз оған әдемі аң сатып алып бердіңіз, ал ол оның басын кесті; ол сіз әперген ойыншықтарды мәнсіз қайта жасап және құрайтын болады, оларды өзін қоршаған ортаға сай бұзады, - міне осы материал туралы тәрбиешілер аса қамқоршылық танытуы тиіс [3, 29].
Ойын әдісінің көрнекті зерттеушісі Д.Б.Эльконин ойынның табиғатының әлеуметтік сипатқа ие екенін және ересектер әлемінің бейнесіне тікелей тәуелді болатындығын айтады. Ойынды әлеуметтік қатынастардың арифметикасы деп атай келе, Д.Б.Эльконин ойынды белгілі бір кезеңге пайда болатын қызмет ретінде, ересектер әлемін баланың тану қабілеті мен психологиялық қызметінің дамуының жетекші формаларының бірі ретінде түсіндіреді. Ойын қызметінің психологиялық механизмдері өзін-өзі көрсететін, өзін-өзі ұстай алатын, өзін-өзі анықтайтын, өзін-өзі реттейтін және іске асыра алатын жеке тұлғаның іргелі сұраныстарына сүйенеді.
Дидактикалық ойын - қоғамдық практиканың бір түрі, нақты өмір құбылыстарын әрекет арқылы қайта жаңғырту. Ол әрқашан екі шақтық өлшемде көрінеді: осы шақта және келер шақта, уақытша қуаныш сыйлай отырып, сондай-ақ ол жеке тұлғаның пісіп-жетілген өзекті сұранысын қанағаттандыра алады. Онда өмір жағдайлары модельденеді, қасиет, сана, жағдай, шеберлік, қабілет, сондай-ақ, әлеуметтік, кәсіби және шығармашылық қызметті орындауға арналған қажетті тұлғалар қалыптасады.
Ойын - мәдениеттің ерте кездегі жетістігі. Ол қоғаммен бірге өмір сүріп келеді. Әрбір жеке адамның өмірі ойын арқылы өтеді. Біздің заманымыздағы ойын тек әрекеттің жеке түрі ғана емес қоғам өмірінің барлық саласында оның әмбебеп құрамына айналды: экономикада, саясатта, басқару ісінде, ғылымда, әрине, білім саласында да. Адам өмірінде ойын әрекеті төмендегідей қызметтер атқарады:
- ойын-сауық (бұл ойынның негізгі қызметі - ойнату, қанағаттандыру, қызықтыру);
- қатысымдық (қатынас диалектикасын меңгеру);
- болжамдық (әдеттегі мінез-құлықты анықтау, ойын барысында өзін-өзі тану);
- ойын арқылы емдеу басқа қызмет түрінде пайда болатын әр түрлі қиындықтарды жеңу;
- өзін-өзі көрсете алу (қабілеттің және жасырын мүмкіндіктердің көрінуі);
- әлеуметтендіру (қоғамдық қатынастар жүйесіне ену);
- халықаралық қатысым (барлық адамдарға бірдей әлеуметтік - мәдени құндылықтарды меңгерту);
- эстетикалық ойыннан ләззат алу.
Жоғарыда айтылғандай, ойынды оқыту әдістемесі ретінде аға ұрпақтың кейінгі ұрпаққа берілген тәжірибе ретінде адамдар ерте кезден-ақ пайдаланған.
Қазіргі заманғы мектептерде ойын әрекеті төмендегі жағдайларда пайдаланылады:
1) белгілі бір тақырыпты меңгеру үшін жеке әдіс ретінде;
2) кейде тіпті өте маңызды қандай да бір әдістің элементі ретінде;
3) тұтас сабақ немесе оның бір бөлігі ретінде (кіріспе, түсіндіру, бекіту, бақылау немесе жаттығу);
4) сыныптан тыс шаралар ұйымдастыру кезінде ойынды пайдалануы мүмкін.
Оқытудың ойын түрін пайдаланған кездегі мұғалімнің міндеті, ең алдымен, оқушының танымдық қызметін ұйымдастыру, соның барысында олардың қабілеттерін, әсіресе, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Ойын әрқашанда белгілі бір эмоционалдық және ой күштерінің шиеленісуін туғызады, сондай-ақ шешім қабылдау дағдысын (Қалай істеу керек? Не айту керек? Қалай жеңу керек?) қалыптастырады. Осы мәселелерді шешу ойыншылардың ойлау қызметін арттырады. Бұдан жасалатын тұжырым - ойын әдісінің оқыту мүмкіндіктеріне бай. Оқушылар бұл туралы ойланбайды. Олар үшін ойын, ең алдымен, қызықты сабақ. Осы арқылы ойын мұғалімдерді тартады. Алайда ойынның мәнін төмендетуге және ойын-сауықтың - рекреативті мүмкіндіктерін бағалауға болмайды. Оның артықшылығы да осында ойын-сауық, демалыс бола отырып, оқытуға, шығармашылыққа, адамдар арасындағы қатынас және еңбек көрінісі типі үлгісіне ұштаса алады.
Оқытудың ойын түрін пайдалану оқу-тәрбие жұмысын мазмұнды әрі сапалы етеді, өйткені:
- ойын әр оқушыны жеке және бәрін бірге белсенді танымдық қызметке тартады, сонымен қатар оқу барысын басқарудың тиімді құралы болып табылады;
- ойын арқылы оқыту оқушының жеке қызметі арқылы жүзеге асады, оның өзі аса ерекше сипатқа ие, оны жүзеге асыруда ақпараттың 90% меңгеріледі;
- ойын - өз қатысулары үшін талдау, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі анықтау, өзін-өзі дамыту мүмкіндігін беретін еркін қызмет;
- ойын белгілі бір нәтиже береді және оқушыны мақсатқа (жеңіске) жетуге және мақсатқа қол жеткізетін жолдарды табуға жағдай жасайды;
- ойында командалар немесе жеке қатысушылар бір-бірімен тең дәрежеде болады (жаман және жақсы оқушылар жоқ: тек ойыншылар ғана бар); ойын нәтижесі ойыншыға оның дайындығына, қабілетіне, төзімділігіне, шеберлігіне, мінез-құлқына байланысты;
- оқытудың нақты субъектіге бағытталмаған барысы тұлғалық сипат алады;
- жарыс - ойынның ажырамас бөлігі - оқушыларды тартады; ойыннан алынған қанағат қазақ тілі сабағында қолайлы жағдай туғызады және пәнді оқуға деген ниетті арттырады;
- ойында әрқашан бір сыр бар - алынбаған жауап, ол оқушының ойлау қызметін белсенді етеді; жауап іздеуге итермелейді;
- ойын белсенді оқыту жүйесінде ерекше орын алады, ол синтетикалық болып табылады, белсенді оқытудың барлық әдістерін өзіне жинақтаған оқытуды ұйымдастырудың әдісі әрі формасы болып табылады.
Осының бәрі ойынды педагогикалық қызметтің жоғарғы типі ретінде анықтайды. Және бұл төмендегідей ерекшеліктермен түсіндіріледі.
Ойында бәрі бірдей. Ол іс жүзінде әр оқушының, тіпті жеткілікті дәрежеде сөйлей алмайтынның да қолынан келеді. Керек десе тілдік дайындығы жағынан әлсіз оқушы ойында бірінші болуы мүмкін: тапқырлық пен ептілік мұнда пәндік білімнен гөрі маңыздырақ болады. Теңдік сезімі, қызығушылық пен қуаныш атмосферасы, тапсырманы орындай алуды сезіну - барлығы оқушыға басқа тілдегі сөздерді сөйлеуде еркін қолдануға кедергі жасайтын ұялшақтықты жоюға мүмкіндік береді. Қате жасау қорқынышын бәсеңдетеді, және оқу нәтижесінде қолайлы әсер етеді. Байқалмай тілдік материал меңгеріле береді, сонымен қатар қанағаттану сезімі пайда болады; осылайша оқушы басқалармен бірдей сөйлей алатын болады.
Оқытудың ойын әдісін пайдалану мынадай әдістемелік міндеттерді орындауға жағдай жасайды:
- оқушылардың қарым-қатынасқа түсу үшін олардың психологиялық дайындығын қалыптастырады;
- олардың тілдік материалды бірнеше рет қайталауын қажеттігін қамтамасыз ету;
- оқушыларды қажетті сөйлеу нұсқасын таңдауға жаттықтырады; ол жалпы дайындықсыз сөйлеуге дайындық болып табылады.
Сабақтың ойын формасы, ойын тәсілдері мен жағдаяттары көмегімен сабақта оқушылар ынталанады, қызығады. Жағдаят дегеніміз - сюжетті, шиеленісті және кейіпкерлері бар драмалық шығарма сияқты.
Ойын - сабақ барысында жағдаят бірнеше рет ойналуы мүмкін және әр жолы жаңа вариантта. Сонымен қатар ойын жағдаяты - шынайы өмір жағдаяты болып келеді. Оның шынайылығы ойынның негізгі тартысы - жарыс болып саналады. Осындай ойынға қатысу ойыншының ойлауы мен қуатын дамытады, эмоциялық атмосфера тудырады. Ойын жағдаятының ашық шартына және тілдік материалдарды пайдаланудың шектеулігіне қарамастан, онда міндетті түрде кездейсоқтық элементі болады. Сондықтан да ойын үшін белгілі бір шеңберде сөйлеудің дайындықсыздығы тән. Тек жалғыз сөйлеуді ғана емес сондай-ақ ым, ишара т.б. қамтитын сөйлеу қатынасының анық көрінетін мақсатты бағыты да болады.
Оқу формасы түріндегі ойын тәсілдері мен жағдаяттарын жүзеге асыру мынадай негізгі бағыттар бойынша жүргізіледі:
- дидактикалық мақсат, оқушылардың алдына ойын міндеті қойылады;
- оқу әрекеті ойын ережелеріне бағынады;
- оқу материалы оның құралы ретінде пайдаланылады, оқу әрекетіне жарыс элементі енеді, ол дидактикалық міндетті ойынға айналдырады;
Дидактикалық ойын әрекеті оқу барысында төмендегідей қызметті атқарады (1-сызба).
Ойын әрекеті қызметі
демалу
психологиялық
үйрету
тәрбие
ойын-сауық
қатысымдық
дамыту
Ойын әрекеті қызметі
демалу
психологиялық
үйрету
тәрбие
ойын-сауық
қатысымдық
дамыту
1) үйрету қызметі - ақпарат қабылдауды, көңіл бөлуді, есті дамытуды, жалпы оқу шеберлігі мен дағдыларын дамытуды көздейді, сондай-ақ жағдай жасайды. Бұл дегеніміз ойын ерекше ұйымдастырылған сабақ ретінде эмоционалды және ақыл-ой күштерінің жиынтығын, сондай-ақ белгілі бір шешім қабылдауды талап етеді (мысалы: қалай істеу, не айту, қалай жеңу т.б.). Осы мәселелерді шешу оқушының ойлау әрекетін жеделдетеді, ендеше ойынның бай үйретуші мүмкіндіктері бар;
2) ойын-сауық қызметі - сабақта қолайлы жағдай туғызуды, сабақ қызық әрі әдеттегіден тыс оқиғаға таңғажайып ертегі әлеміне айналдыруға жағдай жасайды;
3) тәрбие қызметі ойын барысында оқушының серіктесіне деген адамгершілік қатынасын, таңдай білу сияқты қасиеттерді тәрбиелейді, сондай-ақ өзара көмек және өзара қолдау сезімі дамиды. Оқушылар бір-бірімен сөйлесу үшін тілдік этикет, фразаларын жаттайды, ол сыпайылық қасиетті тәрбиелеуге көмектеседі;
4) қатысымдық қызмет - қарым-қатынас ахуалды тудыруды, оқушылар ұжымын біріктіруді, шет тілінде өзара әрекетке негізделген жаңа эмоционалды-қатысымдық қатынастарды белгілеуді қарастырады.
5) демалыс қызметі - оқу кезінде жүйке жүйесіне түскен ауыртпалықтан туған эмоционалды күйден шығуға көмектеседі;
6) психологиялық қызмет - өз физиологиялық жағдайын аса тиімді қызмет үшін дайындық дағдысын қалыптастырудан, сондай-ақ аса көлемді ақпаратты меңгеру үшін психиканы қайта құрудан тұрады. Осы жерде айта кету керек, өмір жағдаяттарына (бұл жағдайда әңгіме рөлдік ойындар туралы болып тұр) жақындатылған ойын үлгілеріне әртүрлі психологиялық жаттығу және психотүзету орын алады;
7) дамыту қызметі - жеке тұлғаның қосалқы мүмкіндіктері үйлесімді дамиды. Оқу барысындағы ойын әдісінің орны мен рөлі, ойын мен білімнің элементтерінің сәйкес келуі, мұғалімнің әртүрлі ойындардың қызметі мен жіктелуін түсінуіне байланысты болады.
Ойын әрекетінің қызметін жіктеуді қарастырған соң, ойынның өзін жіктеу туралы мәселені қарастырған жөн. Осы мәселеге кірісе отырып, бірден айта кету керек, қазіргі кезде философиялық, психологиялық, педагогикалық және әдістемелік әдебиетте жүйелі жіктеу жоқтың қасы.
Ойын түрлерін жіктеу жұмыстарымен өткен ғасырда шетел ғалымдары, сондай-ақ отандық зерттеушілер де айналыса бастаған. Мысалы, олар үш негізгі топқа бөлді, ол топтар баланың даму кезеңдеріне сәйкес келеді:
жаттығу ойындары - баланың алғашқы ойындары, ойыншықтарды ұстауы, қозғалтуы (өмірдің алғашқы жылы);
символдық ойындар - символдардың ерекше жүйесіне сүйене отырып ересектер әлеміне еліктеуге негізделген ерте мектепке дейінгі кезең;
ережелер ойыны, олар, шын мәнінде, рөлдік ойындар болып табылады.
Отандық психологтар мен педагогтар арасында мынадай ғалымдар еңбегі назар аударуға тұрарлық. Мысалы, Н.П.Аникеев, М.Р.Стронин, Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн және Д.Б.Эльконин.
Екінші бір жіктеу авторы отандық психолог Н.П.Блорнский. Ол төмендегідей ойын түрлерін ажыратады:
1) ұқсату ойындары - бөбектердің қарқынды қозғалыстары, олар ойынға онша ұқсамайды;
2) құрылыс ойындары, олардың негізіне баланың құрылыс өнері жатады;
3) еліктеу ойындары, олар ересектерге еліктеуден пайда болады;
4) драматизация, яғни негізінде баланың драмалық өнері жататын ойындар;
5) қозғалыс ойындары, мұнда жүгіру үлкен рөл атқарады;
6) интеллектуалды ойындар, баланың ақыл-ой қабілетін белсенді етуге негізделген.
Шығармашылық ойындарды, зерттеуші А.П.Усова мынандай ойын түрлерін ұсынады, онда қозғалыс ойындары - қозғалыстың өзін бейнелейді, конструктивті-құрылыс ойындарын және рөлдік ойындарды қарастырады. Рөлдік ойындар деп ол бала белгілі бір бейне жасайтын ойын түрлерін есептейді.
Н.П.Аникеева төмендегідей ойын түрлерін ұсынады:
- драматизациялық ойындар. Онда қандай да бір сценарий онша күрделі емес сюжетке негізделеді;
- импровизациялық ойындар, онда кейіпкерлер ойынның негізгі сюжетін, өз рөлінің сипатын біледі, ол ойын импровизация түрінде дамиды;
- белгілі бір кезеңдерді жеңуге арналған ойындар, кезеңдер анықталған соң, әрқайсысына белгілі бір танымдық сипаттағы белгілі міндеттер орындалады;
- іскерлік ойындар, онда әртүрлі басқару мен ұйымдастыру деңгейлері арасындаға функционалды байланыстар мен өзара қатынастарға құрылған жағдаяттар ойналады [2, 25].
Белгілі психолог Л.С.Выготский ойын түрлерін психологиялық тұрғыдан жіктейді, ол ойынның бала қызметіне байланысты қозғалыстарды қамтитынын айтады:
- қозғалыс ойындары өзінің ортада әрі-бері ауыстыра алуымен және онда бағдар жасай білуімен байланысты;
- құрылыс ойындары, материалмен жұмысқа байланысты қозғалыстың дәл әрі дұрыс болуына үйретеді, құнды дағдылар пайда болады, реакция түрлері дамиды және көбейеді, шартты ойындар, нағыз шартты ережелерден пайда болады, оларға байланыста қозғалыстар мінез-құлықтың жоғары формасын ұйымдастырады.
Келесі бір отандық психологтар С.Л.Рубинштейн және Д.Б.Эльконин интеллектуальды және рөлдік ойындарды бөліп көрсетеді, сонымен қатар олар мынаған көңіл бөледі, егер ойындардың бірінші категориясы субъективті-объективті болып табылады.
М.Ф. Стронин үйретуші ойындарға арналған көптеген кітаптардың авторы, ол осы ойынның екі түрін көрсетеді:
1) Дайындық ойындары. Олар сөйлеу дағдыларын қалыптастыруға жағдай жасайды;
2) Шығармашылық ойындар. Олардың мақсаты сөйлеу дағдылары мен шеберлігін әрі қарай дамытуды көздейді.
Қызмет түріне қарай ойындар былай бөлінеді:
- физикалық (қозғалыс);
- интеллектуальды (ақыл-ой);
- еңбек;
- психологиялық.
Педагогикалық үдеріс сипатына қарай ойын төмендегідей бөлінеді:
1) үйретуші, жаттықтырушы, бақылаушы, жалпылаушы;
2) танымдық, тәрбиелік, дамыту.
3) репродуктивті, продуктивті, шығармашылық;
4) қатысымдық, болжамдық, кәсіби-бағдарлық, психотехникалық.
Дидактикалық ойын әдістемесінің сипатына қарай ойындарды былай бөлуге болады:
- пәндік;
- сюжеттік;
- рөлдік;
- іскерлік;
- ишаралық;
- драматизациялық ойындар.
Оқытудың ойын әдісінен ерекшелігі белгілі бір дәрежеде ойын барысында анықталады: заттармен және заттарсыз ойындар, үстел үсті - бөлмелік, жергілікті ойындары, сондай-ақ әртүрлі қозғалыс құралдары арқылы өтетін ойындар.
Көптеген қазіргі заманғы шетелдік авторлар, дидактикалық ойындардың төмендегідей қасиеттерін бөліп көрсетеді:
а) дидактикалық ойындар ашық, яғни ойынның нәтижесін алдын-ала болжау мүмкін емес;
б) олар қайталанбалы, ойынды кез келген уақытта үзіп және қайтадан бастауға болады;
в) дидактикалық ойындар белгілі бір ережелерге сүйенеді, ережелерді ойынға қатысушылар өзгерте алады;
г) дидактикалық ойындар рахатқа бөлетуі және қуанышқа әкелуі тиіс.
Дидактикалық ойын - бұл белсенді үйретудің жай ғана ажырамас бөлігі емес. Оның мағынасы кеңірек. Өз табиғатымен үйрету күшіне қарай ойын педагогикалық қызмет жүйесінің қажетті жағы бола отырып, белсенді шеңберінен шығып кетеді.
Тәрбиелік ойындар, олар өзімен өзі болуға еркіндікке, ынтымақтастыққа, ұйымшылдыққа, көпшілікке баулиды. Белгілі бір көзқарастар мен позициялар, танымдық, эстетикалық және дүниетанымдық тұрғыны қалыптастырады.
Дамыту ойыны, оқу әрекеті мотивациясын, назар аудару, ес, сөйлеу, ойлау, пайымдау, қиялдау, шығармашылық қабілетті дамытады, салыстыра білуге, салыстыруға, ұқсастықтар табуға, ұтымды шешімдер табуға үйретеді. А.Н.Леонтьев, ойын - тұлға мен пайымдаудың еркіндігі, жүзеге асырылмаған мүдделердің иллюзиялық жүзеге асырылуы деп есептейді.
Әлеуметтендіруші ойындар қоғамның нормалары мен құндылықтарына жақындатады, белгілі бір орта жағдайларына бейімдейді, қарым-қатынас жасауға үйретеді. П.С.Выготскийдің анықтамасы бойынша: ойын - баланың ішкі әлеуметтену кеңістігі, әлеуметтік тұрғыны меңгеру құралы [4,10].
Г.Хайдтың тұжырымдамасын толығырақ қарастырайық:
а) тілмен ойында материал ретінде тілді пайдаланылады. Бұл ойында көбінесе дұрыс жазуға, лексикаға немесе синтаксиске байланысты жүргізіледі. Егер мұндай ойындар формалар, ережелер мен құрылымдарды жаттау үшін пайдаланылса, онда олар өзінің ойындық сипатын жойып, автоматизация жаттығуларына айналады. Мұндай жағдай дидактикалық ойлау немесе оқытудың мотивация негіздемесі болмаған жағдайда жиі болады;
б) Жоспар бойынша ойында шындық үлгіде көрсетілген шындық прагменті функциялары анықталады. Ойында тапсырма беріледі, оны ойыншылар белгілі бір шарт негізінде орындауы тиіс. Оқушылар осы мағлұматты пайдаланады. Сонымен қатар ойыншылар ойын арасына әсер етеді және ойында пайдаланылған әрекеттерден тәжірибе алады;
в) Тілдегі ойындарға, ең алдымен, рөлдік ойындар жатады. Рөлдік ойындар балаларды рахатқа бөлейді, сондай-ақ олар аяқ астынан болатын ойындарға дайын.
Зерттеуші-ғалымдар А.Мейли және А.Дафф сөйлеуге үйретудің ең тиімді тәсілі драматизацияның әртүрлі формалары деп есептейді. Олар тілді меңгеруге ықпал ететін театрды ойындарға көңіл бөледі. Олардың ойынша, театр сөйлеу әрекеті жасалатын бірден-бір лаборотория болып табылады.
Дж. Каллахан тілдік ойын және симуляция мен қатар ойынның үшінші түрін - әлеуметтік драматизацияны көрсетеді, ол адамдарға кәсіптік ерекшеліктерді үйретуге қолданылатын оқу тәсілі ретінде қарастырылады да, әлеуметтік мәселелерді шешуге көңіл бөледі. Әлеуметтік драматизация ойдан шығарылған жағдаяттарды қамтиды.
Джон Оллер ойын түрлерін былай жіктейді:
- симуляция;
- драматизация;
- рөлдік ойын;
- психодарамизация;
- әлеуметтік драматизация;
- ымды пайдаланатын жаттығулар.
К.Ливингстаун драматизация мен ымды пайдаланатын жаттығуларды өз рөлдік ойындар деп есептейді. Ымды пайдаланатын жаттығулар деп ол белгілі бір әрекеттерді орындауды, тілдік және сөйлеу құралдарын қолданбай қысқа сценкаларды ойнауды түсінеді. Қалған оқушылар бейнеленген әрекеттерді шешумен айналысады [3, 30].
А.С.Макаренко: Балада ойынға деген құмарлық бар, оны қанағаттандыру керек деп жазған. Қазақ тілі сабағындағы дидактикалық ойын тәсілінің мәні зор, тәжірибеде де оқушылармен жұмыс барысында ойын кеңінен пайдаланылады.
Білім берудің тұтастық тәсілінің негізгі мақсаты үйренушінің жеке тұлғасының тұтастығы идеясы болып табылады, ол оның мақсаты тек интеллектік тұрғыдан дамыту туралы емес, сондай-ақ оның эмоционалды, эстетикалық, шығармашылық және физиологиялық мүмкіндіктерін дамыта отырып, рухани дамыту. Яғни, мәселе жеке тұлғаны толық дәрежеде дамыту туралы, ендеше мұғалім оған тек интеллектуалдық және эмоционалдық әсер етіп қана қоймай, үйренушінің тұлғалық менін де дамытуы, қозғауы қажет. Нейропсихологиялық зерттеулерге сүйене отырып, С.Д.Хомская мынаны атап көрсетеді, сөйлеудің функционалды жүйесіне барлық анализаторлар қатысады: есту, көру, тері-кинестетикалық, қозғағыш [4, 87]. Қазақ тілі сабақтарында оқушылардың білім-біліктілік, танымдық, коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыруда ойын элементтерін қолданудың маңызы зор. Сабақ үрдісінде оқушыларға ойынның мақсаты мен талаптары, ережесі толық түсінікті болуы өте маңызды рөл атқарады. Ойын әдісі арқылы олардың пәнге деген қызығушылығын арттырамыз, өз ойын, пікірін, көзқарасын білдіруге, екінші бір адамның жауабын тыңдап, оны толықтыруға, жетістіктері мен кемшіліктерін айта білуге жаттығады. Ойынға қойылатын талаптар қандай болмақ деген сұраққа төмендегі сызба негізінде жауап беруге болады (2-сызба).
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар
Ойын тәртібі әбден түсіндіріулі керек
Оқушылар түгел қамтылу тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болуы керек.
Ойынның мақсаты нақты болу керек
Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болу керек.
Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар
Ойын тәртібі әбден түсіндіріулі керек
Оқушылар түгел қамтылу тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болуы керек.
Ойынның мақсаты нақты болу керек
Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болу керек.
Нысаналы мақсатымыз - ақыл-ойын, сезімін, білімін, құзыреттілігін еркін үйлесімділікте ұстай білетін, өнегелі мінез қалыптастырып, адамгершілік қағидаларды меңгерген тұлға тәрбиелеу [5, 48].
Оқытушы ойынның жүру барысында оқушылардың түгел қатысуын қадағалаумен қатар оларды ойын үстінде дұрыс шешім қабылдай білуге оқушы қабілетін зерттеудің тиімділігін де пайдаланған абзал.

1.2 Дидактикалық ойын түрлерінің ерекшелігі

Қоғамның ғылыми-техникалық, әлеуметтік-экономикалық дамуы өскелең ұрпақтың интеллектуалдық, білімдік, жеке тұлғалық қабілеттерін жетілдіре түсуді талап етуде. Сондықтан қазіргі кезде орта білім беретін мектептердің әдістемелеріне түрлі жаңа технологиялар мен әдіс-тәсілдер көптеп енгізіліп
жүр. Сол себепті қазіргі оқыту үрдісі репродуктивті әдіспен шектеліп қана қалмай, таратқыш-қабылдағыш тұрғыда қалыптаспай, мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас тұлға-тұлға күйінде өзара сыйласымдылыққа, сенімділікке негізделген. Мұнда оқушы оқу үрдісінде тек дәлелденген, қатып қалған білімдерді ғана игермей, өзіндік мақсатты іс-әрекеттер жасай алатын, өз ой-пікірін айтып, оны дәлелдей алатын болуы қажет. Бұл оқыту үрдісі оқушыға бағытталған.
Демек, оқушының бойында қалыптасқан дағды мен біліктерінің, меңгерген білімдерінің қай деңгейде қалыптасқандығына қарай оқыту үрдісінің нәтижелілігі шығады. Бұл тұрғыдан алғанда қазақ тілін оқыту әдістемесінің негізін қалаған Ы.Алтынсариннің пайымдауы бүгінге дейін өз құнын жоймағаны байқалады. Мәселен, мына айтқандары соған дәлел: Мұғалімнің жұмысы - балалар. Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытуды олардың көкейіне қондыра алмағаны үшін өзін-өзі кінәлауға тиіс. Ол балалар сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәтижені ықыласпен түсінікті етіп, түсіндіруі керек, мәнерсіз сөз, орынсыз терминдерді пайдаланбау керек.
Мұғалімнің оқушыға сапалы білім беру дәрежесі сабақты ұйымдастыру жолдарын білуімен тікелей байланысты. Күнделікті бір сарынды, бір ғана әдіспен өтілген сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын кемітіп, білімді игеру қабілеттерін төмендетеді. Сондықтан әрбір сабақта оқушыларды қызықтыратын, сабақта белсенділігін арттыратын түрлі әдіс-тәсілдерді пайдалану ұтымды. Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды өте-мөте қажет. Ол оқушылардың сабаққа деген құлшынысын туғызады. Бұл жерде мұғалім әрбір сабақта дидактикалық ойындарды жаттығуларға, тақырыпқа байланыстырып кіріктіруі, оларды өзара біріктіруі тиіс. Бұл - дидактикалық ойындар арқылы оқушыларға сапалы білім, саналы тәрбие беруді жетілдірудің негізгі бағыты [6, 124].
Қазіргі үздіксіз тасқындаған ақпараттар тасқынынан оқушыларды ұлттық сана-сезімде, төл халқының өзіндік әдет-ғұрпын, мәдениеті мен әдебиетін сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелейтін қажетті деректерді оқыту үрдісіне енгізу әрбір қазақ тілі мұғалімінің міндеті болуы шарт. Қазақ тілі сабақтарында оқушыларды дидактикалық ойындар арқылы халық педагогикасының алтын қазынасымен, кәусар бұлағымен сусындатуға болады.
Ж.Қоянбаев пен Р.Қоянбаев Халық педагогикасының мақсаты бірнеше ғасырға созылған халық тәжірибесіне сүйене отырып, болашақ инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбексүйгіштік, үлкенді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қасиеттерді олардың бойына екті дейді [7, 178].
Сондықтан қазақ тілін дидактикалық ойындар арқылы меңгерту барысында шәкірттердің санасына ұлттық рухты сіңіру, өз халқының өткеніне мақтанышпен қарау сезімдерін ояту керек. Бұл оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің жетілуіне негіз бола алады.
Оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруде, рухани жағынан дамытуды дидактикалық ойындарды кеңінен қолдану мол мүмкіндік береді.
Дидактикалық ойындарды ойнау барысында оқушылар өздерін еркін сезінеді, өз ойларын қысылып-қымтырылмай жеткізеді. Мұның өзі оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерінің дамуына, рухани жан дүниесінің толысып жетілуіне зор ықпал етеді. Бұл жөнінде прогресшіл педагог Ш.Амонашвили былайша тұжырымдаған: ... принудительный характер обучения можно сгладить и преодолеть, направив его на развитие у школьников чувства свободного выбора, являющегося сущностной чертой игровой деятельности ребенка. Создание подобной атмосферы возможно путем подачи учебно-познавательных задач в формах, близких к игре, путем установления с ними деловых отношений и равноправного сотрудничества, как обычно бывает в игре, а главное - путем общения со школьниками с позиции гуманного и личностного подхода, иначе говоря, самих же детей. ... Такой источник мотивации, наподобие игры, ориентирует личность школьника на свободную и интенсивную активизацию его познавательных сил [8, 83].
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды тиімді қолдана білсек, оқушылардың рухани дүниесін ізгілендіруге, жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға жол ашамыз. Ойындар кезінде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ойын технологиясы - оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі
Бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру
ТІЛ ДАМЫТУ САБАҒЫНДАҒЫ ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫ ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Математиканы оқытудың нақты әдістемесі
Дидактикалық ойын арқылы оқушылардың есте сақтау қабілеттерін дамыту
Қазақ тілі сабағында дидактикалық ойындарды қолдану
Мектепте музыка пәнінің тәрбиелік маңызы
Шетел тілін оқыту әдістемесі
Бастауыш сыныптарда математика сабақтарында ойын технологиясын қолдану
Қазақ тілі пәнінде дидактикалық ойындарды қолданудың әдістемесі
Пәндер