1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар



Жоспар.

Кіріспе.

І.Тарау.Қазақстанда көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
І.1 Партиялар мен партиялық жүйелер ұғымы.
І.2 Қазақстан Республикасында көп партиялықтың калыптасу мәселелері.

ІІ. Тарау. 1991.2002 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар.
ІІ.1 1991.2002 жж Қазақстандағы саяси партиялар құрылымы мен бағдарламалары.
ІІ .2 .Қазакстанның қоғамдық саяси өміріндегі партиялар .

Қорытынды.
Кіріспе.
Баршаға аян, адамдардын мұн—мұқтаждары, көздеген мақсаттары мен қоғамдық көзкарастарын біріктіретін саяси құрылым— партия болып табылады. Саясаттын баска субектілерімен салыстырғанда, партиялардын сайлауларда күреске түсіп, жеңіске жетуді мұрат тұтатын саяси ұйымдар екендігі де белгілі жай. Саяси партиялардың билік жүргізіп тұрған өкіметті қолдауы да, қолдамауы да мүмкін. Бәрі де алдарына қойған максаттары, нені көксейтіндері және жүргізбек саясаттарына байланысты. Олай болса, партиялардын, қозғалыстардың саяси іс-әрекеттері коғамдық дамудағы маңызды проблемалар арасында өрбиді деп айтуға толық айтуға болады. Қазақстандағы көппартиялық жүйе бұл қоғамның демократияландырылуының айқын белгісі,жас мемлекеттің көп қырлы мәселелерінің айнасы болып табылады. Көппартиялық қоғамның даму деңгейін, заңшығарушылық негіздің дәрежесін, саяси жүйенің кең ауқымын процестер мен реформалардың барысын көрсетеді. Көппартиялық саяси элиталардың күресуі мен олардың ауысуы.Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздікке бес жыл атты баяндамалары мен мақалалар жинағында» былай деп жазады: «Біздер салтанатты түрде тәуелсіздік жарияладық. Қазақстан қоғамының алдында шешілуі қажет күрделі мәселелер тұр. Қазақстанның саяси және экономикалық реформаларының үлгісін , қоғамды біріктіретін идеяларды іздеу, республика халықтарының тарихын қалпына келтіру басталды.» Осылай Қазақстан қоғамының алдында шешімді тез қажетсінетін сан – қилы мәселелер тұрды.
1990 жылдан бастап Қазақстанда көп партиялы жүйе қалыптаса бастады, осы уақытта коммунистік партияның идеялық орталық ретінде беделі кетіп КСРО мемлекеті ыдырау үстінде тұрғандығы барлығына белгілі болды. Алғашқы қоғамдық-саяси бірлестіктер коммунистік партияға оппозиция ретінде құрылған болатын. Құрылып жатқан қоғамдық –саяси бірлестіктердің негізгі белгісі Коммунистік партияның тыйым салған жаңа ұрандарының болуы еді. Республиканың тәуелсіздігі туралы ұрандар жергілікті халықтың үлкен бөлігін, ал либеральды–демократиялық бағыттағы ұрандарды - зиялылардың басым бөлігі қолдады.
Сайып келгенде, қазіргі Қазакстандағы барлық дерлік саяси партиялардың көксейтіндері—демократиялық саяси құрылым мен күшті құқыктык мемлекет, сол себепті олардың бағдарламалары да бір—бірінен алшақ кетпейді. Дегенмен демократия дегенде белгілі бір саяси менталитетті, саяси ой—пікірлер мен көзқарастардың демократиялануын және түрлі дәстүрлер мен тарихи тәжірибелерді де ескергеніміз шарт.
Сөз жоқ, мүмкін болғанша Қазакстнда да дамыған өркениетті елдерге тән көппартиялық қоғам орнар. Сонғысы, алайда өзіне лайыкты, жан-жақты дамыған қоғамды қажетсінетіні даусыз. Демократиялық бұлжымас қағидалардың ең бастыларының бірі — саяси партиялардың қоғамдағы өмір сүруі — жаңа қоғам құру жолындағы Қазақстанға да сөзсіз қажет екеніне ешбір күмән жоқ.
Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық—саяси өміріндегі саяси партиялар мен қозғалыстардың орны турасында не айтуға болады? Халықтың оларға көзқарасы мен саяси партиялардың ел алдыңдағы беделдері қандай деңгейде? Бұл партиялар мен қозғалыстар қандай бағдарламаларға арқа сүйеп, халықты қандай мақсаттарға, мұраттарға жетелемек және оларды шамамен қандай топтарға бөліп, жіктеуге болады. Міне осы дипломда осы мәселелер қозғалады.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 52 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: 1991-2002 жж аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар.
Жоспар.
Кіріспе.
І.Тарау.Қазақстанда көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
І.1 Партиялар мен партиялық жүйелер ұғымы.
І.2 Қазақстан Республикасында көп партиялықтың калыптасу мәселелері.
ІІ. Тарау. 1991-2002 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар.
ІІ.1 1991-2002 жж Қазақстандағы саяси партиялар құрылымы мен
бағдарламалары.
ІІ .2 .Қазакстанның қоғамдық саяси өміріндегі партиялар .
Қорытынды.

Кіріспе.
Баршаға аян, адамдардын мұн—мұқтаждары, көздеген мақсаттары мен
қоғамдық көзкарастарын біріктіретін саяси құрылым— партия болып табылады.
Саясаттын баска субектілерімен салыстырғанда, партиялардын сайлауларда
күреске түсіп, жеңіске жетуді мұрат тұтатын саяси ұйымдар екендігі де
белгілі жай. Саяси партиялардың билік жүргізіп тұрған өкіметті қолдауы да,
қолдамауы да мүмкін. Бәрі де алдарына қойған максаттары, нені көксейтіндері
және жүргізбек саясаттарына байланысты. Олай болса, партиялардын,
қозғалыстардың саяси іс-әрекеттері коғамдық дамудағы маңызды проблемалар
арасында өрбиді деп айтуға толық айтуға болады. Қазақстандағы көппартиялық
жүйе бұл қоғамның демократияландырылуының айқын белгісі,жас мемлекеттің
көп қырлы мәселелерінің айнасы болып табылады. Көппартиялық қоғамның даму
деңгейін, заңшығарушылық негіздің дәрежесін, саяси жүйенің кең ауқымын
процестер мен реформалардың барысын көрсетеді. Көппартиялық саяси
элиталардың күресуі мен олардың ауысуы.Қазақстан Республикасының президенті
Н.Ә.Назарбаев Тәуелсіздікке бес жыл атты баяндамалары мен мақалалар
жинағында былай деп жазады: Біздер салтанатты түрде тәуелсіздік
жарияладық. Қазақстан қоғамының алдында шешілуі қажет күрделі мәселелер
тұр. Қазақстанның саяси және экономикалық реформаларының үлгісін , қоғамды
біріктіретін идеяларды іздеу, республика халықтарының тарихын қалпына
келтіру басталды. Осылай Қазақстан қоғамының алдында шешімді тез
қажетсінетін сан – қилы мәселелер тұрды.
1990 жылдан бастап Қазақстанда көп партиялы жүйе қалыптаса бастады,
осы уақытта коммунистік партияның идеялық орталық ретінде беделі кетіп КСРО
мемлекеті ыдырау үстінде тұрғандығы барлығына белгілі болды. Алғашқы
қоғамдық-саяси бірлестіктер коммунистік партияға оппозиция ретінде құрылған
болатын. Құрылып жатқан қоғамдық –саяси бірлестіктердің негізгі белгісі
Коммунистік партияның тыйым салған жаңа ұрандарының болуы еді.
Республиканың тәуелсіздігі туралы ұрандар жергілікті халықтың үлкен
бөлігін, ал либеральды–демократиялық бағыттағы ұрандарды - зиялылардың
басым бөлігі қолдады.
Сайып келгенде, қазіргі Қазакстандағы барлық дерлік саяси партиялардың
көксейтіндері—демократиялық саяси құрылым мен күшті құқыктык мемлекет, сол
себепті олардың бағдарламалары да бір—бірінен алшақ кетпейді. Дегенмен
демократия дегенде белгілі бір саяси менталитетті, саяси ой—пікірлер мен
көзқарастардың демократиялануын және түрлі дәстүрлер мен тарихи
тәжірибелерді де ескергеніміз шарт.
Сөз жоқ, мүмкін болғанша Қазакстнда да дамыған өркениетті елдерге тән
көппартиялық қоғам орнар. Сонғысы, алайда өзіне лайыкты, жан-жақты дамыған
қоғамды қажетсінетіні даусыз. Демократиялық бұлжымас қағидалардың ең
бастыларының бірі — саяси партиялардың қоғамдағы өмір сүруі — жаңа қоғам
құру жолындағы Қазақстанға да сөзсіз қажет екеніне ешбір күмән жоқ.
Бүгінгі Қазақстанның қоғамдық—саяси өміріндегі саяси партиялар мен
қозғалыстардың орны турасында не айтуға болады? Халықтың оларға көзқарасы
мен саяси партиялардың ел алдыңдағы беделдері қандай деңгейде? Бұл
партиялар мен қозғалыстар қандай бағдарламаларға арқа сүйеп, халықты қандай
мақсаттарға, мұраттарға жетелемек және оларды шамамен қандай топтарға
бөліп, жіктеуге болады. Міне осы дипломда осы мәселелер қозғалады.

І.Тарау.Қазақстанда көп партиялық жүйенің қалыптасуы.
І.1. Партиялар мен қоғамдық-саяси ұйымдар ұғымы.
Қазіргі көптеген дамыған қоғамдарда саяси жүйенің негізгі элементтері
болып табылатын,саяси партиялардың тегі ежелгі замандардан басталады.
Олар құрамы бойынша шамалы және тар ауқымда тіпті Ежелгі Грекияда болды.
Бастапқыда олар аристократиялық саяси үйірмелер мен клубтар ретінде болды,
олардың қатысушылары билік және билікке ықпал ету саласында өзара
бақталасты. Қазіргі мағынасындағы саяси партиялар алғаш Еуропада пайда
болды, кейіннен әлемнің басқа аймақтарына тарады. Алқашқы көпшілік
[массовые] партиялар Англияда [либералды — 1861 ж.], Германияда [Жалпы
Герман Жұмысшылар Одағы — 1863 ж.] пайда бодды. XIX ғасырдың соңында
бүқаралық партиялар негізінен социал-демократиялық бағыттағы партиялар
Батыс Еуропаның көпшілік елдерінде қалыптасты. Саясаттанушылар көпшілік
саяси партиялардың пайда болуының негізгі екі себебін атайды:
1. Саясатқа қатысу саласын елеулі түрде кеңіткен
жалпыға бірдей сайлау қүқығының таралуы.
2. Тап тартысы, жүмысшы табының ұйымдық дамуы,
ол өз партиясын құра бастады. Оған қарсы саяси партиялар
да пайда болды.[1]
Өркениет жетістіктерінің бірі ретіңдегі саяси партиялар қоғамдық-саяси
өмірдің к,ажетгі институты болып қала беруін жалғастыруда. Уақыт өткен
сайын мынадай мәселенің пікірталасқа айналғаны шындық: бізге партиялар
керек пе әрі қазіргідей көп санда, мысалы Ресейдегідей, Қазақстандағыдай?
Өзінің өркениетке жатпайтын әдісімен саясат ағымының қайығын тербететіні
жасырын емес. Бұл бір жағынан. Ал екінші жағынан қоғам осыңдай саясаттың
ұжымдық субъектілерінсіз не күте алады? Тарих мемлекет пен қоғамның
арасында осындай байланыстырушы, делдал буын болмаса, биліктің [әсіресе
төтенше жағдайлар кезінде] бонапарттық режимге өтіп кетуі мүмкіндігін
көрсетті. Тап осы партиялық қүрылымдардың азаматтық қоғамды мемлекетгің
семіртіп жіберуіне кедергі жасайтын әлеуметгік тканнің органикалық өсуіне
жағдай жасайтынына тәжірибе дәлел болады. Сонымен, саяси партиялар қазіргі
қоғам өмірінде елеулі рол атқаруға арналған. Саяси партиялар — бұл кез
келген дамыған саяси жүйенің қажетті элементі. 2002 жылғы 15 шілде N 344-ІІ
Қазақстан Республикасының заңы саяси партияларды құрудың құқықтық
негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн
белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттiк органдармен және басқа
ұйымдармен қатынастарын реттейдi.Оның бірінші тарауының бірінші бабында
саяси партия ұғымы туралы:
1. Азаматтардың, әртүрлi әлеуметтiк топтардың мүдделерiн мемлекеттiк
билiктiң өкiлдi және атқарушы, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарында
бiлдiру және оларды қалыптастыру iсiне қатысу мақсатында олардың саяси
еркiн бiлдiретiн Қазақстан Республикасы азаматтарының ерiктi бiрлестiгi
саяси партия деп танылады.[2]
Кез келген саяси партияның мәні оның кімнің мүддесін қорғайтынында,
білдіретінінде. Саяси партия белгілі бір экономикалық, әлеуметтік, мәдени
және басқа мүдделердің саяси, мемлекеттік деңгейдегі өкілдігі болып
табылады. Бүл оның жеке, кәсіптік, корпоративтік, аймақтық, яғни тар
мүдделерді білдіретін әртүрлі қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардан
ерекшелендіретін басты айырмашылығы. Саяси партияның мәні оның
функцияларынан көрінеді Ду Саяси партияның функциялары:
1. Мүдделерді білдіру функциясы, яғни ірі әлеуметтік
топтың мүдделерін анықтау, қалыптастыру және негіздеу.
2. Ірі әлеуметтік топтарды активизациялау және
интеграциялау функциясы.
3. Саяси идеология мен саяси ілім қалыптастыру.
4. Қоғамның саяси жүйесін қалыптастыруға қатысу.
5. Мемлекеттік билікті жүзеге асыруға қатысу.
6. Қоғамдық пікірді қалыптастыру.
7. Тұлғаны саяси әлеуметтендіру функциясы.
8. Мемлекет, кәсіподақтар, қоғамдық үйымдар үшін
кадрлар даярлау және өсіру.
Сөйтіп, саяси партия - индивидтің еркін дамуын іске асыру үшін ұмтылатын
саясатпен үздіксіз байланысы.
Саяси партиялар қандай критерийлер бойынша жіктеледі? Өйткені алғашқы
көпшілік партиялар XIX ғасырда антагонистік таптардың ұйымдық дамуына және
таптық күрестің ширығуына байланысты пайда болды, яғни ұзақ уақыт бойы
таптық критерий негізгі болды. Қазір ол сирек қолданылады, өйткені қазіргі
қоғамның нақты таптық қүрылымы XIX ғасырға қарағанда біршама күрделірек.
Саяси партиялардың ішінде фракциялар [латынның "бөлшектену", "бөлектену"
деген сөзінен] болуы мүмкін. Бұл сөз екі мағынада қолданылады:
1] бір партияның парламентте, мемлекеттік органдарда, қоғамдык ұйымдарда
өздерінің саяси нұсқау, мақсаттарын ұйымшыддықпен жүргізу үшін құрған
ұйымы;
2] бір партияның ішінде өзіндік бағыты, кұрылысы, тәртібі бар, бірақ сол
партияның қатарынан шыкпаған мүшелердің белігі. Мұндай жағдай азшылықтың
кұқы бүрмаланған кезде дүниеге келуі мүмкін. Әдетте, ол өтпелі кезендерде
пайда болады және ұзаққа созылмайды.
Мемлекеттік билікті жүзеге асыру үшін партиялар коалиция [латынның
"бірлестік" деген сөзінен] кұруы мүмкін. Коалиция деп жалпымақсатқа жету
үшін партиялардың жасаган бірлігін айтады. Оның мынадай түрлері болады:
а] парламентке қатысатын партиялардың ешқайсысы өз алдына бөлек, дербес
басқара алмайтыңдай жағдайда [дауыстың аздығынан] құралған көппартиялық
коалиция;
ә] екі күшті партияның әрқайсысы өкіметті өз қолына алып билей алатындай
жағдайда екіпартиялық коалиция орнайды. Мұндайда бір партия парламентте
көпшілік дауыс алады да, екіншісі оппозицияда болады. Егер екеуінің де
парламенттегі орны тең болса, үкіметті құру үшін басқа кішірек партиямен
келісімге келуге мәжбүр болады. Мұндайды түрін өзгерткен екіпартиялық
коалиция дейді;
б] билік үшін бәсеке екі партия одағының арасында болса,
оны екі блоктық коалиция дейді. Мұндай коалиция әсіресе Францияға тән. Онда
президенттік, парламенттік, кантоңдық сайлаулар кезінде екі блок кұрылады.
Оң блокка гольдықтар, жискарлықтар [Францияның бұрынғы президенттері Де
Голь мен Жискар де Эстеннің фамилияларынан шыққан], т.б. кіреді де, сол
блокқа социалистер, коммунистер, солшьш радикаддар жатады;
в] егер дербес партия ұзақ уақыт [20—30 жыл бойы] билік етсе, оны басымдық
коалициясы дейді. Мысалы, Швеция социал демократиялық партиясы 1932жылдан
1976жылғадейін,содан кейін 1982 жылдан осы уақытқа дейін билік басында.
Жапонияда либералдық-демократиялық партия 1955 жылдан бері өкімет басында
келеді.[3]
Саяси партиялардың жұмысы әдетте кұкыкпен немесе Конституциямен реттеледі.
Себебі, олардың жұмысы саяси жүйенің принциптері мен максаттарына қайшы
келмеуі керек. Оларға жататындар: коғамдық өмірде партиянын орнын
конституциялық жолмен рұқсат ету; саяси жүйеде партияның жұмыс істеу
жағдайын белгілеу; сайлау жүйесінің жұмысына партиялардың катысуы;
мемлекеттік өкімет органдарында партиялардын өкілдік ету тәсілдері;
мемлекеттік бюджеттен партиялардың қызметін каржыландыру. Бірқатар Батыс
елдерінде [Германия, Италия, Швеция, т.б.] 60—70 жылдардан бастап саяси
партиялар мемлекет тарапынан қаржыландырылады. Кейбір елдерде заң бойынша
саяси партиялардың сайлау науканына арнайы қаржы бөлінеді. Бұл
конституцияда көрсетілген міндеттерді орындау және қиянат етушілікке жол
бермеу [мысалы, саяси партияларды құрғаңда әлдекандай кішігірім топтардың
немесе жеке адамдардың ықпалын азайту, не болмаса қызметкерлердің, қоғам
кайраткерлерінің сатылғыштығына жол бермеу және т.б.] үшін керек деп
саналады.
Партиялық жүйе - бүл өз алдарына қойған мақсаттарын жүзеге асыруға
үмтылатын партиялардың күресу механизмі не ынтымақтастъвгы.
Партиялық жүйелер:
- бір партиялық; - екі партиялық; - көп партиялық.
Бір партиялық жүйе тоталитарлық және авторитарлық жүйеге бөлінеді. Бір
партиялық жүйеде, әдетте, партия мемлекеттік аппаратпен тұтасып кетеді жоне
партияға тән емес билік функцияларын орындай бастайды. Нәтижесінде
бюрократияландыру жүреді, билікке сайлаушылар тарапынан демократиялық
бақылау әлсірейді, ал сайлаудың озі формальды сипат иеленеді. Бүған 1903
жылы пайда болган Ресей социал-демократиялық жүмысшылар партиясы [РСДЖП]
Кеңес Одағьшың коммунистік партиясы [КОКП] мысал бола алады. КСРО-да
жазылмаған ереже бойынша басқару қүрылымына елдегі жалғыз партия болған
жөне Конституция бойынша саяси жүйенің негізі болған КОКП мүшелігінде
болмаған адам тағайындалдмайды.
Екі және көппартиялық жағдайларда партиялар арасында нақты бәсекелестік
жағдай болады, ал бүл әрбір партияның және бүкіл саяси жүйенің жетілуіне
жағдай жасайды. Сондықтан қазіргі саясаттанушылар бірауыздан бір
партиялықжүйе ол бекіген елдерде демократиялық қүқықтармен бостандықтарды
қатты шектейді деп есептейді .Өркениеттің бірден бір маңызды жетістігі -
саяси партия қоғамдық-саяси өмірдің қажетті институты ретінде қалуды
жалғастыра береді. Қазіргі кезде әлемде 800-ге жуық саяси партия бар.
Саяси партияға мүше болу азаматтың қоғамдық-еаяеи белсенділігінің ең
жоғарғы нысаны болып есептеледі.[ 4]
Саяси қозғалыс деп өкімет билігі үшін күрес арқылы қазіргі жағдайды
өзгертуге немесе үкіметке ықпал жасай отырып, оны нығайтуға тырысқан
қоғамдық күштерді айтады. Басқа қоғамдық ағымдармен салыстырғанда саяси
қозғалыстың айырмасы ол өкімет үшін немесе үкіметті жүзеге асыру тәсіліне
ықпал ету үшін күреседі, яғни ол бұл жолда саяси тәсілдерді пайдаланады.
Саяси қозғалыстардын пайда болуына төмендегідей саяси жағдайлар себеп
болады:
1]жеке адам өз ойын, көзқарасын өкімет орындарына тікелей жеткізе
алмайды. Сондықтан өзі сияқтылармен топтасады;
2] экономикалық және әлеуметтік қайшылықтар, наразылықтар себеп болады.
Мысалы, Жаңа Өзендегі [1989] әлеуметтік жағдайға наразылықтан оңда "Бірлік"
деген ұйым құрылды, ал Шевченко [қазіргі Ақтау] қаласында сол уакытта
"Парасат" деген ұйым дүниеге келді;
3] ұлттық мәселелердің шешілмеуі. Мысалы, Қазақстанда "Азат",
"Желтоқсан" партиялары солай туған болатын.
Мәселен, Қазақстаннын азаматтық "Азат" козғалысы қоғамдық-саяси ұйым
ретінде 1990жылдың 1 шілдесінде құрылды. Басты мақсатын "Халықаралық,
Одактық шартпен біріккен ерікті де тәуелсіз жаңа коғамдастық шеңберінде
Қазақстанның шынайы мемлекеттік егемендігіне қол жеткізу" деп біледі.[5]
Бұл қозғалыс Қазақстанды, қазақ халқын отаршылдық пен тоталитаризм
зардаптарынан арылту үшін қажетті зандардың қабылдануы, олардың дұрыс
орындалуы жөнінде халыққа үндеулер таратып, үкіметке осы жөнінде өз
ұсыныстарын жасады, "Желтоқсан", " Алаш" партияларымен бірге сепаратистік
пиғылдағы ұйымдарға [славяндық "Лад", "Русская община", Қазақтар
бірлестіктері] олардың осы тұрғыдағы іс-әрекеттеріне бірнеше рет тойтарыс
беруге белсене кірісті.[6]
Саяси қозғалыстар көпшілік партияны құру жолында алғашқы саты болуы
мүмкін. Қозғалыстың партияға тән ұйымы, жұмысының бірынғай бағдарламасы,
басқаруда айқын принциптері болмайды. Әдетте, онын әділеттілік, бостандық,
қарусыздану, бейбітшілік үшін күрес, ұлттың жаңарып өрлеуі, айналадағы
ортаны корғау т.с.с. жалпы халықтық, адамзаттық талаптарға негізделген
басты мақсаты калыптасады. Бұл ұрандар көпшіліктің көңілінен шығып,
бастарын қосады, тіпті өзара айтарлықтай айырмашылықтары бар қоғамдық
таптарды да біріктіруі мүмкін. Көбіне қозғалыстар стихиялы түрде пайда
болады.
Қоғамдық құрылысқа катынасына қарай саяси қозғалыстар консервативтік,
реформистік, революциялық және контрреволюциялық болып бөлінеді. Олардың
ұстанатын принциптері саяси партиялардағы сияқты. Саяси қозғалыс бір
қалыпта тұрмайды. Ол дамып, өзгеріп отырады және мынадай сатылардан тұрады:
қозғалысқа қажеттілік және оның пайда болуы; үгіт-насихат, әрекет ету
сатысы; дамыған жұмыс кезеңі; саяси қозғалыстың өшу сатысы.
Қоғамдық ұйымдарға халықтың белгілі бір тобының мүддесін білдіріп,
қорғайтын, алдына қойған әлеуметтік мақсатқа жету үшін ерікті түрде
мүшелікке кірген, оған материалдық көмек керсететін, өзін-өзі басқаратын
адамдардың бірлестігі жатады.
Саяси қозғалыстар сияқты қоғамдық ұйымдар да адамдардын мүдделерін іске
асырудын құралы ретінде пайда болады. Қазіргі заманда ондай ұйымдар мен
қозғалыстар өте көп. Ол қоғамнын саяси өміріне қатысушы адамдардың
мақсаттары мен қарым-катынастарының әр алуандығын білдіреді.
Қоғамдық ұйымдар бірлесе амал, әрекет жасау үшін халықаралық, жалпы
мемлекеттік, аймақтык, ұлттық, жергілікті көлемде ресми және бейресми
сипаттағы одақтарға, халықаралық ұйымдарға бірігуі мүмкін.
Қоғамдық ұйымдар әр түрлі келеді. Оған: партиялар, кәсіподақтар, жастар
ұйымдары, кооперативтік бірлестіктер, шығармашылық [творчестволық] одақтар,
әр түрлі ерікті қоғамдар [ғылыми, ғылыми-техникалық, мәдени-ағарту,
спорттық, қорғаныс және т.б.] жатады. Қоғамдық ұйымдар арқылы миллиондаған
адамдар өзін-өзі басқаруға белсенді қатысып, өмір мектебінен өтеді.
Қоғамдық ұйымдар мынадай түрлерге бөлінеді:
1. Қоғамдық-саяси мүдделеріне сай құрылған ұйымдар. Бұған алдына
саяси мақсаттар қойған ұйымдар жатады.
2. Экономикалық мүддесіне қарай құрылған ұйымдар.
3. Таптық белгісіне сай ұйымдар [кәсіподақтар, шаруалар одағы].
4. Қызмет түріне қарай құрылған ұйымдар [ғылыми-техникалық, оқу-
ағарту, денсаулық сақтау, ұлттық-мәдени, спорттық, корғаныс, діни, т.б.].
Көпшілік ұйымдардың ішінде айрықша көзге түсетіні — кәсіподақтар.
Кәсіподақ—бір мамаңдықтың немесе өндірістің бір саласында еңбек ететін
адамдарды біріктіретін қоғамдық ұйым. Алғаш рет кәсіподақтар капитализмге
тұңғыш аяқ басқан Англияда XVIII ғ. басында пайда болды. Кейінірек олар
өнеркәсібі дамыған барлық елдерде қалыптасады. Себебі, капитализмнің
әкелген аяусыз қанауына тетеп беру үшін жалданушы жұмыскерлер бірігіп,
ұйымдасқан түрде өз мүдделерін қорғауға мәжбүр болды. Кәсіподақтар олардың
еңбегі мен тұрмысын жақсарту, жоғын жоқтау жолында өкілі, қорғаны болды.
Кәсіподақтар өзіне мүше болса да, болмаса да еңбекшілердің экономикалық
және әлеуметгік мүдделерін қорғайды
Біздің республикамызда кәсіподақтар мемлекеттік және қоғамдық істерді
шешуге араласады. Еңбекшілердің енбек және тұрмыс жағдайларын жақсарту,
олардың материаддық және мәдени дәрежесін арттыруға басты көңіл бөледі.
Олар еңбек және демалыс жағдайларын жүйеге келтіретін зандар мен
қаулыларды, ұжымдық шарттарды жасауға тікелей қатысады, әлеуметтік
қамсыздандыру ісін басқарады, еңбек сақтау мен техника кауіпсіздігінін
ережелері сақталуын қадағалауды іске асырады. Шаруашылық басшыларын
тағайындау мен босату мәселелері кәсіподақтармен келісіп шешіледі.[7]
Басқа елдердегі сияқты Қазақстанда да коғамдық қозғалыстар мен ұйымдар
баршылық. Алдына қойған мақсаттарына қарай оларды былайша топтастыруға
болады:
1] экологиялық бағыттағы ұйымдар. Оларға жататындар: "Невада -
Семей" козғалысы, "Арал - Азия - Қазақстан" халықаралық қоғамдық комитеті,
"Табиғат" комитеті және т.б.;
2] ұлт мәселелерін шешуге тырысқан топтар. Оларға: Қазақстанның "
Азат" азаматтық қозғалысы, славяндардың республикалық қоғамдық "Лад"
қозғалысы, "Русская община", "Единство" коғамдық бірлестігі, республикадағы
Қазақтар қозғалысы, неміс, ұйғыр, грек, кәріс және т.б. мәдениет
орталықтары;
3] тарихи-ағартушылық қоғамдар: "Мемориал", "Әділет", "Ақиқат" және
т.с.с;
4] әлеуметтік талаптар қойған ұйымдар: "Атамекен", "Алтын бесік",
"Жерұйық", "Шаңырақ" және т.б.
Бұлардың көбі заман талабына сай пайда болып, өз мақсаттарын орындауына
байланысты өмір сахнасынан кетті, бірталайы іс-әрекеттерін әлі де атқаруда.
Сонымен қатар республикада ардагерлер, әйелдер, жастар одақтары және
т.б. көптеген қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстар бар. Осылардың бәрі, сайып
келгенде, әрқайсысының өз ерекшеліктері болуына қарамастан еңбекшілердін
белсенділігін арттырып, Қазақстанның гүлденіп өркендеуіне, тұрақты дамуына
үлестерін қосқаңда ғана мақсаттарына жетпек.

І.2 Қазақстан Республикасында көппартиялықтың калыптасу мәселелері.

XX ғасырдың басыңда Қазақстанның экономикалық, саяси және әлеуметтік
жағдайы ауырлап кетті. Ресейдің отаршылдық өзгісі күшейе берді, одан қоныс
аударған қоныс аударушылар қазақтын шырайлы жерлерін тартып алуын көбейтті,
халықтың жағдайы төмеңдей түсті. Соңдықтан қазақтын зиялылары тығырықтан
шығудың жолын іздеді. Алғашында олар үміттерін Ресейдің кадет партиясына
артты. 1905 жыддың желтоқсаныңда Орал қаласыңда А. Бөкейхановтың бастауымен
Қазақстанның 5 облысының "делегаттар съезі" шақырылды. Онда кадет
партиясының бөлімі [филиалы] құрылып, сол партиянын бағдарламасын
қабылдады. Бірақ кадеттер болсын, Уақытша үкімет болсын 1917 жылдың ақпан
революциясынан кейін де біздің өңіріміздегі ұлттық, аграрлық және т.б.
мәселелерді шешуге тырыспады. Ал қазақтардын өзін-өзі билеуі немесе
автономиясы туралы сөз де қозғалмады. Осының бәрі А. Бөкейхановты кадет
партиясынан шығып, жаңа "Алаш" партиясын құруға мәжбүр етті. Ол туралы
"Қазақ" газетінің 1917 жылғы 256-санында арнайы мақала шықты.
Бірінші бүкіл казақтық съезд Орынборда 1917 жылы шілденің 21—26
арасында өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе қаралды. Бірақ делегаттар басты
назарды ұлттық автономия, жер, Құрылтай жиналысын дайындау және қазақтың
саяси партиясын кұру мәселелеріне аударды.
1917 жылы 21 қазанда "Қазақ" газетінде "Алаш" партиясы бағдарламасының
жобасы басылып шықты. Оның ең маңызды баптарына мыналар жатады: Ресей
демократиялық федеративтік республика, ал оған кіретін мемлекеттер тәуелсіз
болуы керек; Ресей республикасында дініне, шыққан тегіне, жынысына қарамай
бәрі де тең; онда тендік, жеке адамның дербес құқылығы, сөз, баспасөз,
одақтар еркіндігі қолданылады; дін мемлекеттен бөлінеді, барлық діндер тең,
қазақтардың өзіңдік муфтияты болуы керек; билік пен сот әр халықтың
ерекшелігіне сай құрылуы, би мен қазы жергілікті халықтын тілін білуі тиіс,
барлық оқу орындарында ақысыз білім және ол барлық адамдардың игілігі болуы
керек және басқалар.[8]
1917 жылы желтоқсан айының бас кезінде Орынборда екінші жалпы қазақтың
съезі шақырылды. Онда Алашорда үкіметі құрылды. Басшысы болып А. Бөкейханов
сайланды. Бірақ ол үкіметтің өмірі қысқа болды да, мақсатына жете алмады.
1918 жылы қарашада Алашорда үкіметі кеңестік әскерлердің күшімен
талқандалды," Алаш" партиясының басшылары мен мүшелері репрессияға ұшырады.
"Алаш" партиясы жөнінде ғалымдар арасында екі түрлі көзқарас бар.
Біреулері [В. Григорьев, Г. Пахмурный, А. Сармурзин] бұрынғы коммунистік
идеологияның тұрғысынан оны "буржуазиялық-ұлтшыл" партия ретінде
қарайды.[9] Екіншілері [М. Қозыбаев, М. Қойгелдиев] оны ұлттық-
демократиялық партия деп санайды.[10] Шынында да, алаштықтар капитализмді
құру немесе тек таза ұлттық мемлекетті орнатуды өздеріне бағдарламалық
мұрат етіп қойған жоқ. Олар саяси еркіндікті аңсады, өркениетті
адамгершілікті қоғам құрғылары келді. Бұл буржуазиялық-ұлтшылдық емес,
жалпы демократиялық мақсатқа жатады.
"Алаш" теориясы сияқты 1917 жылдың күзіңде Қазақстанда "Үш жүз" деген
партия құрылды. Оның басшысы Қ.Тоғысов деген болатын. Ол большевиктерге
бағдар ұстап, "Алаш" партиясынын басты оппоненті болды.
1918 жылы 1 қантарда Семейде большевиктердің партия ұйымы құрылды. Ал
Кеңес өкіметі кезінде, көпшілікке белгілі, жалғыз басқарушы партия СОКП
болды.
Қазақстан тарихында шұғыл бетбұрыс болып, өшпес із қалдырған Алматыдағы
1986 жылғы желтоқсан оқиғасы. Ол жалғыз біздің елді ғана емес, бұрынғы
Кеңес Одағына кірген елдердің барлығын дүр сілкіндірді. Қазақ жастары
бірінші болып "орталықтың" отаршыл саясаты мен әкімшіл-әміршіл жүйесіне
ашық қарсылық білдіріп, тайсалмастан, батыл шеруге шықты. Бұл көтеріліс
азаттық жолындағы күреске, жаңа саяси ұйымдар мен қозғалыстардың пайда
болуына түрткі болды. 1987 жылы шілдеде СОКП Орталық Комитетінің казақ
халқын ұлтшыл деп кінәлаған қаулысы жағдайды одан әрі асқындырып жіберді.
Қазақтың ұлттық санасын дамыту, өзінің шыққан тегіне бет бұру, тілін,
дінін, ұлттық мәденеиетін дамыту керектігін дәлелдеп, алға тартып бастамашы
топтар пайда бола бастады. Осы мәселелерді бірінші болып көтерген
"Желтоқсан" қозғалысы дүниеге келді, кейін [1990 ж. мамырда] соның
негізінде осы аттас партия құрылды.[11]
Республиканың саяси өмірінде "Қазақ ССР-іңдегі қоғамдық бірлестіктер
туралы" заңы айтарлықтай рөл атқарды. Ол азаматтарға қоғамдық ұйымдар құру
еркіндігіне кепілдік берді. Бейресми саяси партиялар мен бірлестіктер заңды
жұмыс істеуіне мәртебе алды. Олар тіркеуден өткеннен кейін халық
депутаттығына талапкерлерді ұсынуға құқылы.
Республикадағы алғашқы қоғамдық-саяси құрылымдар Коммунистік партияға
оппозиция ретінде пайда бодды. Кейінірек, тәуелсіздікті алып, жаңа
конституцияға дайындыққа байланысты саяси күрестің басты мәселелері болып
азаматтық, мемлекеттік тіл, жердің жеке меншікке сатылуы және т.б. қойылды.
Егер Республика аумағында белді рөл атқарған [көбі әлі де атқарып
жүрген] бірнеше партиялардың бағыт-бағдарламаларына, іс-әрекеттеріне
тоқталсақ, олар мыналар:
Ұлттық-демократиялық "Желтоқсан" партиясы. Жоғарыда айтылғандай, бұл
қозғалыстың тууына түрткі болған 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары болды.
Ұйымдасуы жағынан бүл қозғалыс 1989 жылдың көктемінде калыптасты. 1990
жылғы мамырда "Әділет", "Азамат", "Жерұйық", "Кәусар бұлақ", "Форум" сияқты
коғамдық ұйымдардың бастамасымен құрылтай съезі шақырылды. Сонда
"Желтоқсан" қоғамдық комитетінің негізінде осы аттас партияның құрылғаны
туралы декларация кабылданды.[12]
Партияның бағдарламасында республиканың саяси және экономикалық
егемендігі үшін, мемлекеттік тіл қазақ тілі болуын, 1986 жылғы Желтоқсан
оқиғалары құрбаңдарын орынсыз тағылған кінәдан толық ақтау, оларға саяси
құрбандар мәртебесін беру, Қазақстаннан тыс жерлерде тұратын отандықтармен
тығыз байланыс ұйымдастыру, ислам дінінің қайта өркеңдеуі жолында күрес
жүргізу көрсетілген.
Қазақстанның республикалық " Азат" партиясы. Ол өзінің тарихын 1990
жылғы шілдеде болған Қазақстанның азаматтық " Азат" қозғалысының құрылтай
конференциясынан бастайды. 1991 жылғы 4 қыркүйекте "Азат" қозғалысының
құрылтай конференциясында парламент тұрпатындағы Қазақстанның республикалық
"Азат" партиясының пайда болғаны туралы шешім қабылданды. Ол
бағдарламасында Қазақстанның шын мәніндегі егемендігін қамтамасыз етуді,
аумақтық тұтастығын сақтауды, елдің қоғамдық тұрмысын демократияландыруды,
қазақ тілін, ұлттық дәстүрді дамытуды және т.б. мақсат етіп қояды.
Жалпы алғанда ұлттык-демократиялық "Желтоқсан" партиясы, Қазақстанның
республикалық "Азат" партиясы, "Алаш" ұлт-бостандық партиялары ұлттық және
ұлттық-демократиялық түрде қалыптасып, негізінен Қеңес Одағы кезіңце
қысымшылықты көп көрген қазақ халкына басымдықтар беріп, тілін, дінін,
мәдениетін дамытуға жағдай жасауға үлкен мән берді. Ол кезде бұрынғы әдетке
салып сепаратистік пиғылдағы ұйымдар бас көтеріп тұратын. Бұл партиялардың
ондай іс-әрекеттеріне қаймықпай қарсы тұрып, тойтарыс беріп тұрғанын айтқан
жөн.
Қазақстаннын социал-демократиялық партиясы. 1990 жылғы 26-27 мамырында
құрылды. Бағдарламасында батыс еддеріңдегі осы аттас партиялардай
бостандық, ынтымақтастық, әділеттілік идеяларын ту етеді. Бүл партия тұрмыс
сапасын жақсарту, саяси, экономикалық, әлеуметтік реформаларды жүзеге асыру
және т.б. мақсаттарды көздейді.
Қазақстанның социалистік партиясы. 1991 жылғы 7 қыркүйекте құрылды.
Онда Қазақстан Коммунистік партиясының кезектен тыс [төтенше] съезі өтіп,
оның мүшелері өзін-өзі әшкерелеген идеологиядан бас тартып, соның негізінде
Қазақстанның социалистік партиясының пайда болғанын жариялады.
Бағдарламасында мынадай стратегиялық мақсаттарды қояды: саяси салада шынайы
демократияны, құқықтық мемлекетті, биліктің бөлінуін, саяси алуан
түрлілікті, ұлттардың теңдігін және дінге сенім бостандығын жақтайды,
экономика саласында — қатаң қаржы саясатын, салық реформасын, меншікті
мемлекетсіздендіру және жекешелендіру, еркін бағаны енгізу, әлеуметтік
салада - халықтың осал жігін - аналар мен балаларды әлеуметтік қорғау,
жұмыссыздықты болдырмау. Сонымен қатар бұл партия ТМД елдерінің аясыңда
неғұрлым тығыз интеграция жасауға, ұлттық шеңберден тыс құрылымдар құруға
қарсы еместігін білдіреді. Өздерін Коммунистік партияның мирасқорымыз деп
санайды.[13]
"Қазақстанның Халық конгресі" партиясы 1991 жылғы 5 қазанда өткен
құрылтай съезінде құрыдды. Өзін центристік либералдық-демократиялық
партиямын деп санайды. Ол азаматтық, құқықтық коғам орнатуды қалайды.
Қазақстан жағдайына сәйкес келетін мемлекеттік биліктің түрі деп
Президенттік республиканы және 2 Палаталық Парламентті түсінеді.
Экономикалық салада әлеуметтік бағытталған мемлекет реттейтін нарықтық
экономиканы құруды дұрыс көреді. Біздің мемлекетіміздің экономикалық және
мәдени гүлденуінің негізгі шарты азаматтық келісім деп біліп, ұлтаралық
түсінушілікті қамтамасыз етуге басты көңіл бәледі. Ол шығармашылық зиялы
қауым мен кәсіпкерлік топтарға бағдар ұстайды.
"Қазақстанның Халық бірлігі" одағы 1993 жылғы 6 ақпанында өткен
құрылтай конференциясында дүниеге келді. Оған көптеген шенеуніктер кірді.
Сондықтан бұл партияны қарсыластары "коменклатуралық партия", "үкімет
партиясы" деп атады. Бұл партия Президент Н. Ә. Назарбаевтын көзқарасын
жақтайды. Ол өзін әлеуметтік бағдар ұстаған, нарықтық экономикаға сүйенген
демократиялық қоғам калыптастыруды қолдайтын саяси ұйым деп жариялады. Ол
көппартиялық жүйе жасауды, әлеуметтік серіктестік пен азаматтық келісімді,
саяси және ұлтаралық тұрақтылықты, Қазақстанның әлемде саяси салмағынын
күшеюін, оның гүлденуін қалайды. 1995 жылдың қаңтарында болған съезіңде
одақты партия деп атауға шешім қабылданған. 1999 жылы наурыз айында бұл
партия "Отан" партиясының құрамына кірді.
2002 жылғы шілденің 15-інде Саяси партиялар туралы жаңа Заң
қабылданды. Оған дейін елімізде 19 партия болған. Соңғы Заң бойынша партия
болу үшін оның 50 мың мушесі болуы керек. Соған орай қазір 12 партия
тіркеуден өтті. Оларға Қазақстанның социал-демократиялық "Ауыл" партиясы,
Республиканың саяси "Отан" партиясы, Қазақстанның Коммунистік партиясы,
Казақстанның демократиялық "Ақжол" партиясы, "Асар" республикалық партиясы,
Қазақстанның Аграрлық партиясы, Казақстанның Азаматтық партиясы,
Қазақстанның Демократиялық партиясы, "Руханият" партиясы және т.б. жатады.
Мемлекетгік тіркеуден бірінші болып еткен Ақжол партиясы. Оның
басшылары — керінде билік басында қызмет істеген, саяси тәжірибелері бар,
қырықтың қырқасына шыққан белгілі азаматтар. Олардың әр салада, әсіресе
саяси-экономикалық реформаларға байланысты өздерінін көзқарастары,
тұжырымдамалары бар. Үкіметтің басқан ізін бағып, көбіне сыни пікір айтып
отырады. "Ақ жол Қазақстан", "Эпоха" сияқты басылымдары бар.
Қазіргі электораты [сайлаушылары] кеп, 170 мыннан астам мүшесі бар
Республикалық саяси "Отан" партиясы. Оның дүниеге келіп, қалыптасуына Н.
Назарбаев көп күш жұмсады. Тіпті ол партияның төрағасы болып та сайланған
болатын. Бірақ Қазақстан Республикасы Конституциясы бойынша Президент
ешқандай партияға мүше бола алмайтындықтан ол бұл партиядағы мүшелігін
тоқтатты.[14] Бұл партиядағылардың басым көпшілігі -мемлекеттік
қызметкерлер мен билік басына жақын адамдар. Сондықтан оны билік партиясы
деп те атайды. Оның іс-әрекетін жұртшылықка жеткізіп, үгіт-насихат
жүргізетін бұқаралық ақпарат құралдары, әр түрлі басылымдар мен телеарналар
жетіп артылады. Бұл партия кәсіпкерлікті, орта және шағын бизнесті
дамытуға, елде әлеуметтік-экономикалық жанғыртуға басты назар аударады.
"Отан" партиясына жақын тұрған — Қазақстанның Азаматтық партиясы. Ол
негізінен ірі өндіріс орындарынын қызметкерлері мен жұмысшыларына сүйенеді.
Сондықтан олар қаржыдан тарлық көрмейді. Сондай-ақ оларды шетелдік
инвесторлар қатты қолдайды. Соған орай бұл партия парламентте тікелей
шетелдік капиталдың мүддесін көздеп, мейлінше, соларға тиімді занарды
кабылдауға ұмтылады.
"Асар" партиясының бағдарламасына қарағанда ол "оңшылдар" ["Отан",
Аграрлық, Азаматтық партиялар] мен "солшылдардың" ["Ак жол", Қазақстан
коммунистік партиясы, Қазақстанның патриоттық партиясы] арасындағы
центристік бағытты ұстанбақ. Елімізде болашақта күшті саяси-әлеуметтенген
мем-лекет орнатпақ. Республикамызда өндіріс орындарын ашып, оны шикізат
өндіру көзінен кұтқармак. Жерді жекеменшікке беруді дұрыс деп санайды.
Қазақстан Коммунистік партиясын негізінен бұрынғы коммунистер құрайды.
Басым көпшілігі — зейнеткерлер. Бұл партия үкіметтің істеген ісін әрдайым
сынға алып, оппозициялық сыңай білдіреді.
Калған партияларды кепшілік жұрт жеңді біле бермейді. Ғани Қасымов
болмаса, олардың бағыт-бағдармаларын окып, байыбына бара бермейді.
Қазіргі кездегі негізгі мәселе — республикамызда тәуелсіз әлеуметгік
бағыт алған, демократиялық, құқықтық мемлекет құру. Оған еліміздегі
ешқандай партиянын дауы, қарсылығы жоқ, бәрі де мойындайды. Әңгіме тек оны
қалай жүзеге асыру керек, ол жолда қандай тәсілдер мен кұралдарды
пайдаланған жен: батыл, түбегейлі түрде ме әдде акырын, бірте-бірте ме
немесе тағы басқа ма?
Сонымен қатар республикадағы барлық партиялар ездерінің
бағдарламаларында демократиялық кұңдылықтарды жақтайтын-дығын, нарыктық
экономикаға тырысатындығын білдіріп, Қазақстанда азаматтық келісім мен
тұрақтылық болғанын калайды.
Республикадағы партиялардың саны үнемі өсуде. Бірақ көппартиялықтың
қалыптасу процесі ақырын және күрделі өтуде. Күрделілігі сол — көптеген
партиялар саяси процеске шын мәніңде тығыз араласпайды, қоғаммен дамыған
байланыс жүйесі жоқ. Партиялар арасыңда әдеттегідей өркениетті қатынастар
мен байланыстар әлі орнамаған. Сондықтан Қазақстаңда қалыптасқан
көппартиялық туралы айту әлі ерте сияқты.Оның себептері қаңдай? Ең алдымен,
республикада пікір алуандығының тарихи дәстүрінің болмауы, саяси
мәдениеттің темендігі, құқықтық негіздің әлсіздігі. Оның үстіне, кейбір
партиялар пікірлестердің бірлестігі ретінде қалыптаспады, "жоғарғы" жақтың
ұйғарымымен жасалады. Оларды болашақ сайлауда өз каңдидатурасын ұсыну үшін
құрады. Соңдықтан жергілікті жерде халықтын біразы ондай партиялардың барын
да білмейді.[15]
Көптеген партиялардың өз мақсат, бағдарламаларын насихаттап, үгіт
жүргізерлік мүмкіндіктері аз. Олардын баспалары, радио, теледидарларда
каналдары не мерзімді уақыттары жоқ.Қазақстанда көппартиялықтың бұдан әрі
даму бағыты қандай болмақ деген сұрақ тууы мүмкін. Топтық мүдделердің
жіктелуіне қарай бағыт-бағдары жақын партиялар бір-біріне жақыңдай түсуі,
жинақталуы, жаңа партиялардың дүниеге келуі, кейбіреуінің саяси сахнадан
кетуі мүмкін. Болашак партиялар көбіне жан-жақтылық сипат алатындай сыңайы
бар.
Қазақстанның Конституциясы елдегі конституциялық құрылысты күшпен
өзгерту, Республиканың тұтастығын бұзу, мемлекеттің қауіпсіздігіне зиян
келтіру, әлеуметтік, нәсілдік, ұлттық, діни, тектік ала ауыздық туғызу және
заң жүзінде керсетілген әскери құрылымдарды ұйымдастыруға тыйым салады.
Басқа мемлекеттердің саяси партиялары мен кәсіподақтарының, діни негіздегі
партиялардын жұмысы, сонымен қатар саяси партиялар мен кәсіподактарды шетел
мемлекеттері жеке халықаралық ұйымдарының қаржылаңдыруына рұқсат етілмейді.
Сонымен қазіргі қоғамның өмірінде саяси партиялар алдыңғы қатардағы
орынның бірін алады. Олар осы мемлекеттік билікті қорғап, нығайту немесе
оны өзгерту үшін құрылады.
Партиялар бұқара халықтың мүддесін топтап, жинақтай білгенде күшейе
түседі. Олар қоғамның саяси дамуының маңызды көрсеткіші болып саналады.

ІІ. Тарау. 1991-2002 жылдар аралығындағы Қазақстандағы саяси партиялар.
Қарастырылып отырған кезеңде Қазақстан партиялары қалыптасу процесінен өтіп
, республикадағы саяси-қоғамдық өмірге белсене араласа бастады. Олардың
құрылымын, саяси бағдарламаларын , жетекшілері , қоғамдық өмірдегі іс-
шаралары туралы мағлуматтар.
Қазақстанның Халық Конгресі партиясы парламенттік типтегі саяси партия
болып табылады. Партияның басты саяси мақсаты — парламенттік жолмен өкімет
басына келу.
Қазақстанның Халық Конгресі партиясы [ҚХКП] 1991 жылдың қазан айының 5-
де дүниеге келді. Оның құрылтайшылары — Семей — Невада, Арал Азия —
Қазақстан, Әйелдер Одағы, Тәуелсіз Бірлесу кәсіподағы, Қазақ тілі
қоғамы мен республика Жас құрылысшылары ассоцианиясы және ұлттық-мәдени
орталықтар болып табылады.
Партия Әділет министірлігінен ресми тіркеуді 1991 жылдың сонғы күні —
31-ші желтоқсанда өтті. Тең төрағалар болып Олжас Сүлейменов пен Мұхтар
Шаханов сайланды. Бұл күнде екеуінін де елшілік қызметтерге жіберілуіне
байланысты партияның төрағасы қызметің Ә. Исмайлов атқаруда.
ҚХКП-ның тарихи өз бастауы 1989 жылы Семей — Невада қозғалысынан алады.
1992 жылдың 27 маусымында партияның бірінші съезі өтті, онда партияның
бағдарламасы мен Жарғысы қабылданды. Бағдарламада көрсетілгндей, партияның
басты мұраты — Тәуелсіз, құқықтық, унитарлық, адамгершілік принциптеріне
сүйенген демократиялық қоғам — Қазақстан Республикасын құру. Қазақстан
Республикасының Конституциясы мен заңына қайшы емес, саяси, құқықтық,
әлеуметтік-экоомикалық, эқологиялық және ізгілік бағыт бағдарламаларды
жүзеге асыру жолында күрес.[16]
Партияның Қазақстанның 18 облысында [Батыс Қазақстан облысының басқа]
аймақтық ұйымдары бар. Партияға мүшелікке орай нақты талаптар [құжат-
куәліктер т.б.] жоқтын қасы. Алайда В. Рогалевтің сөзіне арағанда
республикада 2 миллионға жуык адам өздерін Қазақстанның Халық Конгресі
партиясының мүшелерінің қатарына жатқызатын көрінеді. Соңғысысына әрине,
анықтауды қажет ететіңдігі көрінеді... Сондай-ақ В.Рогачев партия
мүшелерінін 50 проценті 40-45 жастағылар екенін айтады.
1993-1994 жылдары республиканың саяси өмірінде негізінен екі партия бір-
біріне ұқсас болды, олардың бірі — Қазақстанның Халық бірлігі партиясы
болды. Кезінде [1993] Бұл екі партияның бағдарламалары мен көздеген
мақсаттарының ұқсастығы себепті қос партияны біріктіріп, бір партия құру
жөнінде әрекеттер болғаны да мәлім. Алайда Бұл идея жаңа саяси ұйыммен
[ҚХБП] бірігуге орай Қазақстан Халық Конгресі партиясының қатарында
фракциялық жікшіліктер туу қаупі мен әкімшілікте жақтастары көп ҚХБП мен
салыстырганда — негізінен шығармашылық зиялы қауымға ғана арқа
сүйегендігіне байланысты жүзеге асуы мүмкін емес еді.[17]
Партияның аймақтық ұйымдары арасынлда саяси принципі мәселелер
төңірегінде әртүрлілік бар екені байқалады. Бұл, мысалы, 1994 жылғы
парламенттік сайлау кезінде тіл саясатына қатысты мәселеде партияның батыс
және оңтүстік облысындағы ұйымдары ұсаған бағыты бір-біріне киюласпайтын әр
түрлі екенін көрсетті.
Партияның солтүстік аймақтағы бағыттары да бір ізді емес. Солтүстік
Қазақстан және Қостанай облыстарындағы партия ұйымдары әлі де болса
[тәуелсіз эҚСПерттердін бағалауы бойынша] әлсіз. Ал Ақмола облысындағы
ұйымның өзіндік орны мен әсері бар, мықты екені байқалады.
1994 жылдың күзінде ҚХКП президентке қарсы, оппозициялық партия
екендігін мәлімдеді. О. Сүлейменовтың айтуына карағанда Оппозиция
өкіметіңің жауы емес ол-келіссөз мүшесі.
Қазақстанның Халық Конгресі партиясының ресми тіркеуден бірінші өткен
ең алғашкы демократиялық партия екендігін де ұмытпаған жөн. Партияның ұсақ
орта бизнесті өркендеуте жағдай туғызу, эқологиялық мәселелер мен
Еуразиялық одақ тұрғысындағы идеялары кейіннен дүниеге келген басқа
партиялар бағдарламаларынан орын алды, мемлекеттік бағдарламалар мен
жоспарларға мұрыңдық болды.[18]
Әйтсе де, бугінде ҚХБП мен ДП тәріздес призиденттік партиялармен
салыстырғанда, саяси-әлеуметтік және материалдық мүмкіншілігі шығармашылық
зиялы қауымғуа арқа сүйеуіне байланысты шектеулі болғандығы себепті
партияның [ҚХКП] бүгінгі әлеуметтік базасының әлсіздігі белгілі жай.
Партияның материалдық қоры партияға қабылдау, ай сайынғы және ерікті
жарна төлеушілер арқылы қалыптасуда.Партия Россиядағы, Украинадағы,
Белорусиядағы пікірлес ұйымдармен баланыс жасап тұрады.
ҚХКП-на халықтың ыкылас білдіруі ылғи да және барлық жерде оның лидері
— төрағасы О, Сүлейменовтың ықпалдығымен салыстырғанда өте төмен. Осыған
байланысты болар, проблема, бұған дейін партия басшылығында болған, беделі
зор, партияның төрағасы О. Сүлейменовтің Игалидағы Қазақстан елшісі болын
тағайындалуына байланысты күрделене түсті ме деп ойлаймыз... Партия
құрылымындағылардың беделді қызметкері мен интелектуалдығына қарамастан
көпшілік арасында ұйымдастырушылық және уағыздаушылық жұмыстарын жүргізу
барысы аса мықты емес.[19] Бұл облыстық партия ұйымдағылардың саныңан
көрініп тұрғандай, барлығында біркелкі жағдайда екенін көрсетеді. Оның
құрамындағылар орта жастағы әр түрлі ұлт, ұлыс адамдары. Партаяның ауылдық
жерлерге және жұмысшылар арасында әсер етушілік күші жоқ.
Қазақстанның социалистік партиясы [ҚСП] Қазақстан Республикасының
Конституциясы мен зандарына сәйкес қызмет ететің және өзінің басты мұраты—
барлық еңбекшілердін мүлдесін көздеу деп жариялаған парламенттік типтегі
саяси ұйым болып табылады.
Қазақстанның социалистік партиясы Қазақстан республикасының коммунистік
партиясының құқты мұрагері болып саналады.
Қазақстанның социалистік партиясы компартияның атын социалистік партия
деп өзгерту жөніндегі кезектен тыс сьезден соң [7 қыркүйек, 1991]
республиканың саяси өміріне бел шешіп араласа бастады. Сол жылдың қазан
айында көп әділет министрлігінде тіркеуден өтті. 1995 жылдың басында
партияның 1586 бастауыш ұйындарында 4700 адам біріктірілді. Осы мүшелерінің
40 проценті 40 жастағылар да, 24 проценті 40—50 жастағылар. Олардың ішінде
мемілекеттік дәрежедегі қызметкерлер мен ел алдыңда беделі бар азаматтар да
көптеп саналады. Қазақстанның социалистік партиясының мүшелері өзінің саны
жағынан оңтүстік облыстарда басымдық танытпады. Мәселен, Оңтүстік Қазақстан
облысында 16,5 мың, Қызылордада 5 мыңнан аса, Жамбылда 4 мыңға жуық т.с.с.
ҚСП қазіргі дүниедегі адамгершілік, ізгілік принциптері — бүгінгі
әлемдегі социалистік теориялардың түрлі бағыттағы тұғырнамаларының негізі
болып табылатындығын теориялық мәселелердін діңгегі деп есептейді. Оған
қоса, ҚСП Еуразия кеңістігіңдегі Одақты крнфедеративтік негізде қайта
құруға мүлделі.
Партия басшыларының [тең төрағалары болған — П.Своик пен Ғ. Алданмжров
екеуі де республиканың қоғамдық өмірінде атақтары шыққан саясаткерлер]
пікірлерінше, социалистік үрдістер даму ағымы жекелеген елдермен шектелмей,
дүниенін барлық халықтарының еңбектері мен мәдениетте қол жеткен
табыстарына арқа сүйей отырып, ғаламдық өрлеудің заңды бір тармағы болып
қалмақшы. Қоғамдағы реформалардың саяси егізі демократиялық тәртіп, ал
қоғамның өзі болса, мемлекетті қолдауы, мемлекет тек заңға иек артқаны
ләзім.[20]
ҚСП-ның екі бірдей кезеңнен тұратын экономикалық бағдарламасы,
президенттік құрылым мен атқарушы, заң шығарушы, сот реформалары т.б.
өзекті-өзекті проблемалар турасында өзіндік келісім-пішімдері, ой-
толғаулары және ұсыныстары әбден жеткілікті. Социалистік көппартиялық пен
пікір алуандығын қолдайтындықтарын білдіруде: Оппозициясыз өкімет
бюрократияның диктатурасына алып келуі мүмкін.
Партияның ерекшелігі сол, ол конструктивті оппозицияда өзіндік кескіні
бола тұра, бұрын өкіметте болған [бұрынғы премьер С. Терещенко] және
қазіргі күнде бар кейбір мүшелері партия бағытынан бөлек саясат жүргізуінде
болып отыр.
Партия қуатты ақпарат талдау базасына ие. ҚСП-ның ынта білдіруі бойынша
парламенттен тыс партиялар мен крғамдық қозғалыстар блогы
— Республика Үйлестіру кенесі құрылды. Бұл саяси блоктың мақсаты.
— ҚСП-ның көзқарасы бойынша жана мықты оппозациялық қоғамдық
қозғалыстар құру үшін барлық демократиялық күштерді біріктіру болады.
ҚСП Еуразиялық Одақ идеясына сенімсіздікпен карайды. Олар мұның біршама
шындыққа үйлесімді жолы — бұл өтпелі кезенде Россиямен федеративтік-
конфедретивтік қарым-қатынасты құру деп санайды.
ҚСП-ның атқарушы органы Саяси атқару комитеті болып табылады.
Ұйымдастырушылық тұрғына партия облыстық, қалалық, аудандық атқару
комитеттерінен және бастауыш ұйымдардан тұрады.
1995 жылдың 28 каңтарындағы Саяси атқару комитетіңің пленумында
Мәжіліске депутаттар ұсынудан бас тартып, оның орныңа өзін-өзі ұсыну жолын
таңдады.
1995 жылдың 24 желтоқсаныңда Оралда өткен Батыс Қазақстан облысының
социалистері конференциясы ҚСП-дағы өзара келісе алмаушылықтың қозғаушы
күші болады.
ҚСП өзінің XXI сеъзіне [20 қаңтар, 1996] қосар төрағалық институты
жойылып, партия төрағасы болып П, В. Свойк сайланды. Осы съезде облыстардан
келген депутаттар партияның Қазақстан Коммунистік партиясымен бірігуін
ұсынады. Алайда бұл ұсынып съезде талқыланбады. Партия басшылығы партияның
бірлігін сақтау үшін съездегі кикілжің даудан құтылу қамын ойластырған еді.
Дегенмен, бүгінде өз ішіндегі келісе алмаушылық бұрынғысынша жоғарғы
шиеленіскен күйде қалып отыр және бұл болашақта қайта өрлеуі де мүмкін.
ҚСП Қазақстанда саяси алътернатива мен оппозиция институтың құру
мақсатында көптеген қоғамдық ұйымдармен бірлесуді кен түрдегі уағыздаушылық
жұмыстарын жүргізуде.
Қазақстан Республикасының Парламентіңе өткен сайлауларда ҚСП жоғарғы
заң шығарушы органдарға депутаттардың 50 проценті партиялық тізіммен
сайланатың можоритарлық-пропорциялық принциптің жоқтығы себебіне байланысты
өз кандидаттарын ұсынбады. Соған қарамастан, ҚСП болашақ парламентке
социалистер фракциясын иемденуде өзін-езі ұсынған партия мүшелеріне
көмектесуге кепілдік береді.
Сыртқы саясатта Бұл партия Қазақстанды ядролық қаруы жоқ аймакқа
айалдыру және ТМД-дағы біртұтас әскери стратегиялық кеңістіктің сақталуы
үшін күреспек.
Біздің пікірімізше, егер Шығыс Еуропадағы соңғы екі-үш жыл көлеміндегі
социалистік идеядарға қайта оралу үрдісі мен кешегі [1995 жылдың
желтоксаны] Ресейдегі коммунистердін жеңісін, оған қоса Қазақстанның тек
өзіне ғана ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан, Хақназар хан
Алғашқы кезде Кеңес үкіметі амалсыздан
Әлемде қол жеткен тәжірибелерді пайдалана отырып әйелдердің қоғамның саяси өміріндегі белсенділігінің қажеттілігі мен мүмкіндігін айқындау
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы
Қазіргі заманғы Қазақстан тарихы туралы
Н.Ә.Назарбаев және оның стратегиялары
Тәуелсіз Қазақстанда саяси қалыптасуы мен дамуы
Қазақ ауылын кеңестендіру
Кеңес дәуірінде жастардың саяси қатысу дәстүрі
Қазақстандық қоғамды демократияландыру аясындағы саяси жаңарту үрдісі
Пәндер