Принтерлер классификациясы



Кіріспе 3
1 Принтерлер классификациясы 4
1.1 Матрицалы (инелі) принтер 5
1.2 Ағынды принтер 6
1.3 Лазерлі принтерлер 8
1.4 Термиялық принтерлер 10
2 Жаңа матрицалы принтерлері. Ollivetti компаниясынан PR50 сериялы принтерлері
11
3 Ағынды принтерлер. Olivetti компаниясы ұсынады 12
3.1 Lexmark компаниясы ұсынады 13
4 Epson Stylus 200 Sieno Epson Corporation фирмасы 15
5 Лазерлі принтерлер. Lexmark фирмасы Optra атты принтерін ұсынады 18
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21
Қазақстан компьютер нарығы принтер нарығынан айырмашылығы бар. Мұнда Қазақстандық құраушылар мен “brand name” шығарушылар арасында бәсекелес жоқ.
Дүние жүзілік принтер шығарудан 2 компания өнімі жетекші орында. Олар: Hewlett-Packard мен Seiko Epsоn КСРО кезінде олар өз өнімдерін ешқандай қиындықсыз әкелген. Бірақ бәсекелестер өнімінен бұлар өнімі қымбатырақ болған.
Барлық пайдаланушылар 3 топқа бөлінген:
- байлар комерциялы мен сатым және финанс саласында істейтіндер;
- кедей мекемелер – мемлекеттік мәдениет немесе денсаулық сақтау салаларында;
- үйдегі пайдаланушылар;
Бірінші және екіншілердің арасында айырмашылық жоқ. Кедей мекемелер көбінесе матрицалы принтерлерді алады. Мемлекеттік мекемелер Epsоn техникасы ағынды мен лазерлі, жаңа пайда болған формалар және фирманың техникасын қолданады.
Қазіргі кезде принтерлер көбінесе үйдегі топ қолданушылар алуда. Барлық сатылып жатқан компьютерлердің 25% үйде қолданады. Көбінесе принтерсіз алады. Бірақ, чонда да коммерциялы жағынан алға шығуда.
1 К.Айден, Х.Фибельман, М.Крамер Аппаратные средства РС.- Изд-во: С-Пб.- 1996 г.- С. 318-344.
2 Компьютерная газета № 2 (91) 14 янв. 1997 г. "FotoFUN! - цветные фото из компьютера" С. 5.
3 Компьютерная газета № 10(99) 11 марта 1997 года. "Лазерные принтеры Lexmark". С. 7.
4 Computer week № 25 (183) 6-12 июля 1995 г. "Hewlett-Packard: новые цветные принтеры для дома". С. 7.
5 Computer week № 4(210), 1-7 февраля 1996 года. "Цветной лазерный принтер Canon". С. 2.
6 Computer week № 4(210), 1-7 февраля 1996 года. "Hовый цветной лазерный принтер Tektronix". С. 7.
7 Computer week № 7(261) 27 февраля - 5 марта 1997 года.
8 Computer week № 22(228), 13-19 июня 1996 года, "LN17 - семейство сетевых лазерных принтеров от Digital". С. 36.
9 Computer week № 22(228), 13-19 июня 1996 года, "Российский рынок принтеров..." С. 1, 37-38.
10 Computer week № 23 (229) 20-26 июня 1996 г. "Специализированные принтеры Olivetti".- С. 36.
11 Computer world № 12(170) 30 марта-5 апреля 1995 г. "Портативный принтер PN 60 компании Citizen".- С. 44.
12 Press enter № 3-4 1996 г. "Струйная печать - от размазывания чернил к качеству цветного фото".- С. 24-26.
13 Press enter № 3-4 1996 г. "Совершенствуя искусство печати" С. 42-46.
14 PCweek № 7(81) 25 февраля 1997 года. "Цветной принтер для сектора SoHo" С. 2.

Мазмұны
Кіріспе 3
1 Принтерлер классификациясы 4
1.1 Матрицалы (инелі) принтер 5
1.2 Ағынды принтер 6
1.3 Лазерлі принтерлер 8
1.4 Термиялық принтерлер 10
2 Жаңа матрицалы принтерлері. Ollivetti компаниясынан PR50
сериялы принтерлері 11
3 Ағынды принтерлер. Olivetti компаниясы ұсынады 12
3.1 Lexmark компаниясы ұсынады 13
4 Epson Stylus 200 Sieno Epson Corporation фирмасы 15
5 Лазерлі принтерлер. Lexmark фирмасы Optra атты принтерін 18
ұсынады
Қорытынды 20
Қолданылған әдебиеттер 21

КІРІСПЕ

Қазақстан компьютер нарығы принтер нарығынан айырмашылығы бар. Мұнда
Қазақстандық құраушылар мен “brand name” шығарушылар арасында бәсекелес
жоқ.
Дүние жүзілік принтер шығарудан 2 компания өнімі жетекші орында.
Олар: Hewlett-Packard мен Seiko Epsоn КСРО кезінде олар өз өнімдерін
ешқандай қиындықсыз әкелген. Бірақ бәсекелестер өнімінен бұлар өнімі
қымбатырақ болған.
Барлық пайдаланушылар 3 топқа бөлінген:
- байлар комерциялы мен сатым және финанс саласында істейтіндер;
- кедей мекемелер – мемлекеттік мәдениет немесе денсаулық сақтау
салаларында;
- үйдегі пайдаланушылар;
Бірінші және екіншілердің арасында айырмашылық жоқ. Кедей мекемелер
көбінесе матрицалы принтерлерді алады. Мемлекеттік мекемелер Epsоn
техникасы ағынды мен лазерлі, жаңа пайда болған формалар және фирманың
техникасын қолданады.
Қазіргі кезде принтерлер көбінесе үйдегі топ қолданушылар алуда.
Барлық сатылып жатқан компьютерлердің 25% үйде қолданады. Көбінесе
принтерсіз алады. Бірақ, чонда да коммерциялы жағынан алға шығуда.

1 Принтерлер классификациясы

Принтерлер 5 негізгі бөлімдерге , классификацияға бөлінеді:
- басып шығару механизмінің принципі
- қағаз бетінің максималды форматы
- түсті басып шығару қолданысы
- PostScript – тілінің аппаратты қолданысы бар не жоғы
- айлық жұмысы – басып шығару жылдамдығы
Принтерлердің басып шығару принциптеріне қарай ағынды, лазерлі
(беттік) болып бөлінеді. Басқа да түрлері бар. Мысалы: сублимационды
(термоауыстырғыш арқылы) көбінесе бұл түр көр қолданбайды.
Лазерлі немесе жарықдиодты технология өнімдері айнымас бірдей болады.
Лазерлі басып шығару принтерінің параметрі – кеңейтілуіне байланысты
келеді.
Көбінесе қолданатын формат моделі А3 немесе Legal (А4 форматынан
біраз кіші) А3 форматымен жұмыс істейтіндер қымбатырақ келеді. Көбінесе
олар матрицалы немесе ағынды басып шығару принципін қолданады.
Шығаратын түстерге байланысты ақ-қара, түсті басып шығару опциясымен
және түсті болады. Түсті принтерлер (ағынды) басып шығару сапасы моделден
моделге өзгеріп барады. Түсті басып шығару опциясы бар принтерлер қара тоны
бар түстік графикті дұрыс шығара алмайды. Сондықтан қара түс анықтығы дұрыс
болмайды, мұндай бет құны қымбатқа түседі.
Векторлы форматтағы суреттерді шығару үшін PostScript тілі
қолданылады. PostScript тілін қолданатын принтерлер 25%-ға қымбат болады.
Сонымен практикада оны қолдану үшін қосымша жад пайдаланады. Осыдан
бағасы оданг да қымбат болып шығады.
Басып шығару жағынан принтерлер 4 топқа бөлінеді:
- автоберіліссіз матрицалы;
- минутын 4 бет басып шығару жылдамдығы бар принтерлер;
- жұмыс топтары қолданатын минутына 12 бет басып шығаратын принтерлер;

- қуатты желілі принтерлер минутын 12 беттен астам;
Принтер мүмкнішілігі мекемеге үлкен фактор болып келеді, өйткені бір
уақытта бір принтермен бірнеше пайдаланушылар жұмыс істеуі мүмкін. Ал түсті
принтерлер жылдамдығы бір түсті басып шығару принтерлер жылдамдығынан төмен
болып келеді.

1.1 Матрицалы (инелі) принтер
Инелі принтер (Dot – Matrix - Printer) көп уақытқа дейін PC
құрылғыларында стандарт ретінде қолданылған. Ол кездері ағынды принтерлер
әлі жетілген жоқ болатын. Сондықтан лазерлік принтерлер әр уақытта
пайдаланады. Олар қазірде қолданылады. Олардың негізгі жақсы жақтары: басып
шығару әмбебаптығы, жылдамдығы, кез-келген парақта басады және басып шығару
құны төмен келеді.
4 түрлі матрицалы принтерлер бар: 9, 18, 24 инелі және жолды
принтерлер болады.
Принтер алмас бұрын, оны қандай жағдайларға қолдануы жайында ойлану
керек. Егер күні бойы құжаттарды сапасына мән аудармай тез басып шығару
керек болса, онда матрицалы принтерге тең келетіні жоқ.
Негізінде инелі принтерлер өте әмбебап принтерлер. Олар рулонды
қағаздарда басып шығараа алады. Ал басқа принтерлер ондайды істей алмайды.

Шығару жылдамдығы параметріне бапйқап қарау керек. Шығарушы
теориясы басып шығару жылдамдығын әрқашан көрсетеді,(DRAFT) режимінде
максималды жылдамдығы, бірақ мұнда сапа рөл атқармайды. Тіпті графиканы
шығаруда таңбалар ішкі жадтан (ROM) емес, өздері есептелуі керек.
Инелі принтерлер ішкі жадпен (буфер) қамтамасыз етілген. PC - ден
келетін ақпаратты қабылдау үшін олардың жад көлемі 4-64 Кбайт болады.
Кейбіреулеріде бар . Мысалы: Scikosha SP -2415 буфер өлшемі 175 Кбайтқа
тең.
Матрицалы принтерлер механикалық құрылғылардан тұрады да, ол жұмыс
істеген кезде дыбыстар шығарады.

1.2 Ағынды принтер
Ағынды басып шығару тарихына бірнеше онжылдар болды. Бұл идея
өзгеріссіз қалды, боядың бетпен немесе басқа материалға сұйық бояғыш арқылы
жағу. Осыдан 4 өзіндік түрлер шықты. Олардың артықшылықтары мен
кемшіліктері де бар.
Басында “dry ink jet” құрғақ сия технологиясы қолданылған. Бояғышты
(графит) жоғары температурада қысыммен қағазға шашқан. Бұл әлі күнге дейін
калькуляторлар мен кейбір принтерлерде қолданылады. Бірақ қазір бұл әдістің
жаңа аты пайда болды. Ол сублимационды басу.
Ағынды басудағы тағы бір түр спарк технологиясы – біріншіге ұқсас,
бірақ сұйық сия қолданылады.
Ал қалған 2 әдіс пьезоэлектрикалық және түйіршікті болады.
Пьезоэлектрикалық өте жақсы шығаруда қоданылады. Көбінесе қымбат
шығару құрылғысын (картридж) қажет етеді.
Түйіршікті технологиясы сия бөлігін, газ түйіршігімен шығару болып
табылады. (Картридж ішінде).
Нақ осы түрде түйіршікті ағынды басу (duble ink jet printing) шықты.
Бұл технологияны Hewlett-Packard, Canon, Mannesman Tally және т.б.
қолданады.
Ал енді осы технологияны түсіндіріп көрейік.
duble ink jet printing технологиясы басу бөлігін арзан картриджден
жасайды. Онда сия қолданылады. Осыдан түйіршікті технология аппаратты
жабдықтауда масштабтау қолданылады. Басқа сөзбен айтқанда басу кеңейтілуін
2 есе жоғарлатуда duble ink jet проблемасы принципиалды емес,
технологиялық болып келеді.
Ағынды шығару сапасы 3 факторға байланысты:
- басу сапасы (кеңейтілуі)
- сия сапасы (жарты тон немесе түр берілісі)
- қолданыс типі (сол қағазға не пленкаға сия түсінің берілісі)
Қазіргі кезде ағынды басып шығару құрылғылары дүние жүзінде сатылым
жағынан бірінші орында келеді. Бұл принтерлер түсті шығару принципіне
негізделген. Одан басылып шыққан беттер сапалы , әрі жоғары кеңейтілуі бар
лазерлі сапалы болып келеді. 1993 жылдары Еуропада массалы ауысым болды. Ол
матрицалы принтерлер орнына ағынды принтерлер келді. Оны ағынды
технологиясының революциясы деп атады.
1991-1993 жылдары дербес мамандардың қорытындысы бойынша матрицалы
принтерлер сатылымы 30- 60%-ға төмендеп, ағынды принтерлер сатылымы 20-45%-
ға жоғарлады. өзінің жоғары бағасымен лазерлік принтерлер бүкіл сатылымның
20-25%-ын құрады,жоғары сапалы жылдамды баспы шығаруда қолданылды.

Сурет-1 Пьезоағынды EPSON 7800 принтері

Сурет-2 hp DesignJet 5500 ps принтері

hp DesignJet 5500 ps принтерінің мінездемесі
Өтежоғары өнімділікті мен нақты,таза кеңформатта сапалы басып
шығарылу
Енінің басылуы 1,52 м дейін
Жылдамдығы 52 м2сағ дейін
Разрешение до 1200х600 тд
Офсетті басу эмуляциясы (Euroscale, SWOP, DIC, TOYO, JMPA стандарты)
мен түс шаблондар ICC Macintosh и Windows жүйелерінде
Қойылған принт-сервер hp JetDirect 615n
Қатты диск 40 GB
Картриджи өлшемі 680 см2
Кепілдік 5х жылға дейін

1.3 Лазерлі принтерлер
Ағынды принтерлердің бәсекелесіне қарамастан лазерлі принтерлер
жоғары сапалы басып шығаруға қол жеткізген.
Бірақ түсті лазерлі принтер әркімнің қалтасы көтере бермейді. Ал
сапасы көбірек фотосуретке жақын болып келеді, бағасы төмендеу келеді.
Қазірдің өзінде түсті лазерлі принтерді 5000$ - дан кем алуға болады.
Осыдан егер жоғары сапалы ақ-қаралы басылым керек болса, лазерлі
принтер алуыңыз қажет. Егер сіз түсті суреттер алғыңыз келсе, онда ағынды
принтерлерді пайдаланғаныңыз жөн.
Лазерлі принтер дыбысы 40 дБ-ге тең келеді. Off-line режиминде бұдан
да төмен келеді.
Көбінесе лазерлік диодты немесе LED (Light Emiting Diode) деп атайды.
Механикалық айна қолдануымен лазерлі шырақтар қолданылады. Барабан
қозғалмайтын диодты жолда жарықтандырады. Олар саны 2500 жарық диодтар,
олар нүктелі емес, бүкіл жолды түсіреді. Осы принципте OKI лазерлі принтері
жұмыс істейді.
Түсті лазерлі принтер басып шығару технологиясы өте қиын болғандықтан
оларға бағалары да жоғары болады.
Лазерлі принтер басып шығару жылдамдығы 2 факторға байланысты:
- біріншісі – бетті механикалы созуы
- екіншісі – деректерді анықтау жылдамдығы
Негізінде лазерлік принтерлерде өзіндік процессор болады. Ақ –қарады
принтерлерде Motorola 680000 микропроцессоры қолданылады.
Жоғарыөнімді принтерлерде, мысалы HP: Intel 80960 процессоры
қолданыладды. Оның жұмыс жиілігі 33 МГц және бұйрықтарды қысқартып алу
(RISC- архитектура) қолданылады.
Лазерлік принтер басып шығарғанда бүкіл бетті алады. Жылдамдығы
минутына беттер шығаруымекн есептеледі. Орташа лазерлі принтер 4, одан 6,8
бет шығара алады. өтежоғарыөнімді принтерлер 20 және одан да көп бет шығара
алады.
Лазерлі принтердің горизонталь, вертикаль кеңейтілуі бірнеше факторға
байланысты:
- вертикальды кеңейтілуі барабан қадамына сәйкес келеді. Көп
принтерлерде 1600 дюйм (арзандарға 1300)
- горизонталь кеңейтілуі бір жолдағы нүкте санымен анықталады.
Лазерлі принтер бүкіл бетті анықтайды, осыдан ол көп есептеулер
жүргізеді.
Принтер жылдамдығы процессор жұмысымен байланысты ғана емес. Жадқа да
байланысты . лазерлік принтердің ең төмен жады 1Мбайт – қа тең болады.
Тіпті 2, 4 Мбайтта болатындары бар. Түсті лазерлі принтер жады бұдан да
жоғары болады.
Лазерлік принтер бұрын тек А4 және одан төмен форматта ғана болды.
Қазір А3 форматын басатындар шықты. Және бұрын рулонды басу тек инелі
принтерлер емес, қазір лазерлі принтер морделдері де басатын болды. Мысалы:
Pentax Laserfold 300E
Кейбір лазерлі принтерлер, мысалы, Xerox 4320MRP беттің екі жағында
баса алады.

1.4 Термиялық принтерлер
Түсті лазерлі принтерлер әлі идеалды емес. Фотосуреттерге жақын
сапалы суретті және түсті шығармас бұрын жұмыстарына термиялық принтерлер
немесе жоғары класты түсті принтерлер қолданылады. Қазіргі уақытта оның 3
технологиясы дамыған:
- сияның құйылғанын ағынды ауыстыру (термоиілімді басу)
- сияның құйылғанын контакті ауыстыру (термовоскті басу)
- сияның термоауыстыру (сублимационды басу)
Ақырғы 2 әдіс үшін сияны қыздырып, оны қағазға (пленкаға) сұйық
немесе газ сияқты фазада ауыстыру. Көптүсті сия пленкаға 5 мкм қалыңдықта
жағылады. Пленка лентааяқты механизмде қозғалып, 3-4 ыстық элементтер
жүрісінде түсті суретті береді. (Фотосуреттен аумайтын суреттерді шығару
үшін сублимационды притерлер қолданылады.) Принцип бойынша термовоскті
принтерге жақые келеді.
Балқытылған сияға ағынды түрде қолдану притнтерлерін қатты сиядағы
воскті принтерлерден атайды. Басу кезінде түсті блок воскті шашады. Содан
кез-келген бетте жарқын анық түстер шығады.Осыдан пайда болған фотосуреттер
біраз түсі алтын түстес болады, бірақ барлық фото критериясына сапамен
келеді. Бұл принтер диакдитив жасау үшін келмейді. өйткені воск тамшылары
кепкеннен кейін жарты сфералы формалы эффект береді.
Кейбір термиялық принтерлер сублимационды және термокоскті басу
технологияларын біріктіре алады.
Термиялық принтерлердің жылдамдығы жағу эффектінің энергиясынан төмен
келеді. Олар 0,1 ден 0,8 минутына бет, ал терсовоскті 0,5-4 бет шығарады.

2 Жаңа матрицалы принтерлері. Ollivetti компаниясынан PR50 сериялы
принтерлері

Дәстүрлі лазерлі, ағынды және матрицалы принтерлер қарапайым не
арнайы қағаз түрлерінде жасайды. Бірақ бұлар анкеталарға , бланктерге,
формулярларға, стандартты құжаттарға әртүрлі өлшемде ақпараттарды енгізе
алмайды. Сондықтан бұған ондай жұмыстарды жазу машинкаларында жасаған.
Арнайы принтерлер кез-келген құжаттарды анықтауға арналған. Олардың
жай құрылғылардан айырмашылығы қағазды бүкпей, фронталды автоматты
интервалдар арқылы қозғалтады. Бұлардың жақсы жағы персоналға қателіксіз
түзетулер жүргізуге болады.
Осы құрылғыға жататын Olivetti PR 50 матрицалы сериялы принтер
жатады. Ол автоматты түрде банк жүйелерінде, мекемелерде уақытты үнемдейді,
жұмысты оңайлатады. Осы серияға әртүрлі қосымша модулдері бар моделдер
кіреді.
Банктерде жинақтаушы кітапшаларды анықтауда, чектерді басуға,
журналдар, рулонды шығаруға қолданылады.
Мемлекеттік мекемелерде, полицияда паспорт деректерін енгізуге,
төлқұжат, анкета толтыруға қолданылады.
PR 5010 базалы моделі басатын 18 инелі болады. Жылдамдығы 110220
символ (нормалды жоғары сапалы режимде) барлық матрицалы принтерлер
құралымен жабдықталған.
Осымен қатар PR 5010 LETTER A, OCR-A, OCR-B шрифтері мен штрих
кодтарын таниды. Графикалық режимде оның кеңейтілуі вертикаль бойынша 72-
144, горизонталь бойынша 60-240 нүктедюймге келеді. Бұл принтер мынадай
протоколдарды таниды:
- Olivetti STD protocol
- IBM Proprinter II
- IBM 4722
Компьютермен байланыста KS 232 интерфейсі MS-DOS Windows OS2
жүйелеріне керек драйверлермен жабдықталған.

3 Ағынды принтерлер. Olivetti компаниясы ұсынады

Olivetti компаниясының мақтанышы- оның ағынды принтерге арналған
сиясы. Мұндағы қорытынды: жетістіктері өте жоғары.
Olivetti өзінің моделдеріне езілетін, ештеңе болмайтын сия жасаған.
Констраст және жарықтық жасынан өте жоғары.
1995 жылы Hewlett-Packard компаниясы пигментті сияны ойлап шығарды.
Бірақ мұның артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Кемшілігі сияның тез
кеппейтіндігі. Тағы да жеткен жетістіктерінің бірі ағынды басып шығару
саласында максималды сапалы болып келеді. Принтер кеңейтілуі 300
нүктедюймге деген сөз. Оны кез-келген канцелярлы дүкенінде сатып алуға
болады.
Olivetti компаниясының көбінесе дамыған саласы – түсті басып шығаруы.
Olivetti принтерінің түс ауысымы болып, кезінде өзінің класында ең жақсысы
болып келеді. Ал арнаый қағазда (glossy paper) басылса, HP моделдерінен кем
түспейді. (бірақ Olivetti ағынды принтерлері HP DeskJet 850 және DeskJet
1200-ке бәсекелес емес.)
Olivetti ағынды принтерлер сериясы JP 70 кіреді.
Olivetti JP 170 - үйдегі және кіші офистерге арналған. Бұл құрылғылар
shelf-top принтерлер класына жатады. Бұл кластың айырмашылығы жұмыс істеу
көлемінің кішкентай болуы қағаздар қоятын лоток жоғары жақта , керекті
құрылғылар компакті, аз мөлшерде, түсті режимге басып шығару басын
ауыстыру арқылы ғана жасауға болады.270$ тұратын бұл принтер
бағаөнімділік жағынан ағынды принтерлер арасында 1 орында тұр.
Olivetti JP270 және JP370 – монохромды және түсті үстелді орташа
өнімділігі бар принциптер. Қағаз потогы 70 беттен тұрады. 30 өзіндік, TRUE
TYPE және кирилица шрифтерін қолданатын Olichrome for Windows түсті
драйверлері барлығын қолдана алады.
Olivetti JP70 – ең компакті ағынды принтерлерге жатады. Тіпті үстелді
моделдерден кем түспейді. 300 нүктедюймге кеңейтілуі және минутына 2 бет
басып шығарады.
Olivetti JP70 – қоректену блогына никель-кадмий, никель-магний
аккумулятор, АА типті машинаадғы адаптер арқылы қоректене алады.

3.1 Lexmark компаниясы ұсынады
Lexmark – ағынды принтерлерінің өнімі өте жақсы сапалы, балансты
түстері бар, кәсіпқой басып шығаруға жақын болып шығады. 3 жаңа А4
форматтағы Color Jetprinter 1020, Win Writer 150c, Color Jetprinter 2070
бүкіл ағынды түсті басып шығаруда жетекші орын алады.
Color Jetprinter 1020 – low – end класты принтер. Бір ұстағышымен
қамтамасыз етілген. Ол қара не түсті 3 компоненттен тұратын картриджді
ұстап тұрады. Төмен баға, экономикалық жағынан тиімді, кішкене өлшемді
жасалғакн бұл принтер Lexmark-тың ең жақсы ағынды принтері болып саналады.
Ақ-қара режимде кеңейтілуі 600*300 нүктедюймге, монохромды баспа
кезінде 3 бетмин, түсті кезінде 2-4 минбет шығарады. Автобергіш 100 бетке
арналған. Принтер SOHO нарығына арналған ең алғаш ағынды принтер моделі
болып саналады.
Бұдан күрделі модель Win Writer 150c – бір уақытта қара немесе түсті
катридждермен жұмыс істей алады. Осыдан басу кезінде ақ-қаралы мәтін Color
Jetprinter 1020-дан тез басылады. Әсіресе, монохромды мәтін кезінде 3
бетмин, осыдан уақыт үнемдейді.
Win Writer 150c айлық ресурсы жоғары, 150 бетті кірмелі, 25 бетті
шықпалы лотогы бар. Ол кішкене және орташа мекемелерде, компанияларда
кеңінен қолданылады.
Профессионалды Color Jetprinter 2070 high-end класқа жатады.
Фотосуреттің сапасы 600 нүктедюймге арқасында іске асады. Нақтылық және
түстердің шыңдығы Airbrush технологиясында негізгі орын алады. Негізгі
айырмашылықтарының бірі, жылдамдығы: 7 бетмин ақ-қара режимде, 1 бетмин
түсті режимде.
Color Jetprinter 2070 ағынды принтер , бірақ лазерлі принтер
жылдамдығымен жасайды.

4 Epson Stylus 200 Sieno Epson Corporation фирмасы

Жапондық Seiko Epson Corporation фирмасы жаңа ағынды принтерін
ұсынады. Жаңа дизайнды өте нақты басылуымен 720 dpi – ға кеңейтілуі бар бұл
принтер профессионалды көрініс береді. Жоғары жылдамдықты, бағасы да,
компакті, аппаратты- орыстандыырлған DOS және Windows жүйелерімен толық
сәйкес келетін принтер.

Сурет-3
Epson stylus pro 7800 принтері

Модель 7800
Серия Stylus PRO
Басу технологиясы ағынды (пьезоэлектрлі).импульсті ағынды
басып шығару технологиясы Epson Micro
Piezo тамшылары.
Кеңейтілуі 2880 х 1440
Сызық нақтығы +-0,2%
Минимальды сызық қалыңдығы минимальды тамшы өлшемі 3,5 PL
Басу жылдамдығы қаралы режим, қарапайым парақ А1+ (14
кв.мсағ), normal режим (720x720) 3
кв.мсағ, 1440х720dpi -2,1 кв.м. сағ
Жад 32 мб
Сия мен картриджы Epson UltraChrome K3 (пигментті) 220 мл
- ден
Басып шығару типі техникалық қағаз ;фотоқағаз;
пленка,және т.б.
Берілісі автоматты рулонды беріліс, бетті
беріліс
Қағаз өлшемі А4-А1+ (бір беттен), рулон А1+
Минимальды жүйе керектігі Windows 9598NT42000ME Pentium III 1
ГГц процессоры немесе жоғары; жад: 256
Мб немесе жоғары, 8 Гб қатты дискіде
бос жер
Базолық комплектациясы Принтер; Қоректену кабелі; Шпиндель;
картридж комплект 10мл-ден ; Диск
драйверлермен;
Басқа жүйелермен сәйкестігі Windows 9598NT42000ME; MacOS 8.5.1
Басқару коды EPSON ESCP2 Raster
Стандартты интерфейсі USB 2.0, параллелді (IEEE-1284)
Қосымша интерфейсі Ethernet 10100BaseTX
Драйверлер Mac OS 8.5.1-9.x, Windows 2000, Windows
98, Windows XP
Қоректенуі 220-240 В; 50-60 Гц;
Жұмыс орны от 10 до 35 С ылғалдылық 20-80%
Габаритті өлшемдері 1100 х 605 х 561 мм
1,3*0,76 *0,69 (сыртымен)
Салмақ 50 кг (картриджсіз және қағассыз),
Кепілдік 1 жыл
Сертификация МЕСТ

Сурет-4
EPSON Stylus PRO 7600 принтері

5 Лазерлі принтерлер. Lexmark фирмасы Optra атты принтерін ұсынады

ЛАЗЕРЛІ ПРИНТЕРЛЕР
Ағынды принтерлер жағынан күшті бәсекеге қармастан, бүгінде лазерлі
принтерлер жоғары сапалы басуға мүмкіншілік береді.
Өкінішке орай, түрлі-түсті лазерлі принтерлерге көпшіліктің қолы жете
бермейді. Бірақта қуантатыны, олардың көмегімен алынған бейнелер
фотографиялық бейнелерге жақындайды, ал бағаларының төмендеу тенденциялары
бар. Қазірдің өзінде түрлі-түсті лазерлі принтерлерді 5000 АҚШ долларына
алуға болады.
Сонымен, жоғары сапалы қара-ақ баспаны алу үшін, ағынды принтерлерге
қарағанда, лазерлі принтерлерді жоғары бағалау керек. Түрлі-түсті
бейнелерді алу үшін, көпшілігінде түрлі-түсті ағынды принтерлермен
қанағаттануға болады.
Лазерлі принтердің ызылдау шуылы орташа 40 дБ құрайды. Off-line
режимінде оның мәні тағыда азырақ.

ӘРЕКЕТ ПРИНЦИПІ
Лазерлі принтерлерді әзірлеушілердің көпшілігі ксерокста қолданылатын
басу механизмін пайдаланады. Мысалы, HP және QMS принтерлері Canon
фирмасының ксерокстеріндегі басу механизмін қолданады.
Лазерлі принтердің құнды элементі айналып тұрған барабан, оның
көмегімен бейне қағазға тасымалданады. Барабан жарықөткізетін
жартылайөткізгіштің жіңішке қабыршағымен қапталған металды цилиндр түрінде
болады (25.1-сурет).

Әдетте, мұндай жартылай өткізгіш ретінде мырыш тотығы қолданылады.
Барабан бетінде статикалық заряд біркелкі таралады. Бұл үшін тәжді сым деп
аталатын, жіңішке сым немесе тор қызмет етеді. Бұл өткізгішке жоғарғы
кернеу беріледі, ол өткізгіштің маңайында жарқыраған иондалған тәж деп
аталатын область пайда қылады.
Микроконтроллермен басқарылатын лазер, жіңішке жарық сәулені
генерациялайды. Бұл сәуле барабанға келіп, жанасқан нүктесінде оның электр
зарядын өзгертеді. Кейбір принтерлердің типтері үшін барабан бетінің
потенциалы 900-ден 200-вольтқа дейін төмендейді. Осындай жағыдаймен
барабанда бейненің жасырын копиясы пайда болады.
Келесі жұмысшы адымда фотонаборлы барабанға өте ұсақ бояғыш шаң
қондырылады. Статикалық зарядтың әрекетінен бұл ұсақ бөлшектер бетіндегі
экспозицияға түскен нүктелерге жеңіл тартылып, бейнелер қалыптастырады.
Қағаз беруші лотоктан тартылады және валиктер жүйесінің көмегімен
барабанға жылжиды. Барабанның дәл алдында қағазға статикалық заряд
беріледі. Содан соң қағаз барабанмен жанасады және бойындағы зарядтың
көмегімен барабандағы тонер бөлшектерін өзіне тартады.
Тонерді бекіту үшін, қағаз қайтадан зарядталады және температурасы
180С градус болатын екі роликтің арасынан өткізіледі. Басу
процессінен кейін, барабан толық разрядталады, жабысқан артық бөлшектерден
тазартылады және жаңа басу процессіне дайын болады.
Баламасы болып светодиодты деп аталатын принтер немесе LED (Light
Emitting Diode)-принтері болып табылады. Айна механикасының көмегімен
басқарылатын лазерлік сәулелердің орнына, барабанда 2500 светодиодтан
тұратын қозғалмайтын диодты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Есептеу жүйесі туралы ақпарат
Жергілікті компьютерлік желідегі ақпараттық қорғау ұйымы
Бірінші электрондық есептеуіш машина 1946 жылы
Компьютерлік желілердің классификациясы
Графикалық мәліметтердің бейнелену негізі
ЕК бағдарламалық қамтамасыз ету және техникалық құралдары
Өндірістің икемді модулі және машина жасаудағы автоматтандырылған желі жайлы мәлімет
Дербес компьютерді бағдарламалық жабдықтау құрылымы
Операциялық жүйелер туралы
ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ҚҰРАМЫ
Пәндер