Бухгалтерлік есепшот құрылымы мен түрлері



Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.
Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас топтары үшін белгілі бір шот ашылады.
Мысалы,ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін «касса» деп аталатын шот, кәсіпорынның шығарған,дайындаған өнімдерін есептеу үшін «дайын өнімдер»деп аталатын шот және т.б. шоттар қолданылады.
Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен «Т» әріпі сияқты болып корінеді.Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-қарсы «активтік» және «пассивтік болып екі түрге бөлінеді.Активтік шоттар ұйымның қода бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған.Әдетте шоттың сол жағы «дебит»,ал оң жағы «кредит» болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл «дебит» және «кредит» сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.
Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады.Әрбір мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған қалдығын) біліп отыру үшін «қалдық» сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық – «бастапқы қалдық» ал шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің басындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы «кредиттік айналым» деп аталады.

Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Бухгалтерлік есепшот құрылымы мен түрлері
Бухгалтерлік есепшот кәсіпорынның шаруашылық қызметін басқарып отыру
үшін шаруашылық құралдары мен қорлану көздерін белгілі бір ұқсастықтарына
қарай біріктіріп, олардың орындалған операция әсерінен өзгеріске ұшырауын
есептеп отыратын ақпаратты мәліметтер әдісі болып табылады.

Шоттар ұйымдағы орындалған операцияларды жинақтап, тіркеп, кейіннен
бухгалтерлік баланс және басқа да есеп беру мәліметтерін құру үшін
пайдаланылады. Кәсіпорынның әрбір мүліктері мен қорлану көздерінің ұқсас
топтары үшін белгілі бір шот ашылады.

Мысалы,ұйымның қолда бар нақты ақшаларын есептеу үшін касса деп
аталатын шот, кәсіпорынның шығарған,дайындаған өнімдерін есептеу үшін
дайын өнімдердеп аталатын шот және т.б. шоттар қолданылады.

Бухгалтерлік шоттың қарапайым жай түрі үлкен Т әріпі сияқты болып
корінеді.Ал шоттың аты оның үстіңгі жағына жазылады. Барлық шоттар қарама-
қарсы активтік және пассивтік болып екі түрге бөлінеді.Активтік шоттар
ұйымның қода бар мүліктерін, ал пассивтік шоттар осы ұйымның меншікті
капиталы мен міндеттемелерін есептеуге арналған.Әдетте шоттың сол жағы
дебит,ал оң жағы кредит болып аталады. Шоттың қолданылуы барысында бұл
дебит және кредит сөздері қысқаша Д-т (дебит), К-т (кредит) түрінде
жазылады. Жалпы шот мына түрде болып келеді.

Дебит Шоттың аты
Кредит


Кәсіпорындағы орындалған әрбір операция бір шоттың дебитіне және екінші
шоттың дебитіне және екінші шоттың кредитіне жазылады. Ал ол операцияларды
бұл шоттарда тіркеп жазу белгілі бір есепті кезең барысында жалғасады.Әрбір
мүлікке немесе қорлану көздерінің белгілі бір түріне ашылған бухгалтерлік
шот арқылы сол заттың (мүліктің) немесе ақшаның ұйымдағы мөлшерін (қалған
қалдығын) біліп отыру үшін қалдық сөзі қолданылады. Есепті кезеңнің
басындағы, яғни шоттың ашылуы барысындағы қалдық – бастапқы қалдық ал
шоттың жабылуы барысындағы, яғни есепті кезеңнің басындағы шоттың дебит
жағына жазылған сандардың қосындысы кредиттік айналым деп аталады. Осы
есепті кезең бойындағы шоттың дебит жағына жазылған сандардың қосындысы
дебиттік айналым, ал кредит жағындағы сандардың қосындысы кредиттік
айналым деп аталады. Осы жоғарыда аталған әрбір шоттағы дебиттік айналым
мен кредиттік айналымның айырмасы сол шоттың қалдық сомасы болып
табылады. Ескеретін жағдай – шоттағы соңғы қалдық сомасын есептегенде ол
шоттың бастапқы қалдығын естен шығармау керек. Яғни кез келген шоттың соңғы
қалдығы сол шоттың бастапқы қалдығына дебиттік айналым мен кредиттік
айналым айырмасын қосу немесе шегеру арқылы табылады. Егер шоттың бастапқы
қалдығы дебиттік болса, соңғы қалдықты табу үшін бастапқы қалдық сомасына
дебиттік айналым сомасы қосылып, одан кредиттік айналым сомасы шегеріледі.
Ал шоттың бастапқы қалдығы кредиттік болған жағдайда, соңғы қалдық сомасын
есептеу үшін бастапқы қалдыққа кредиттік айналымды қосып, одан дебиттік
айналымды шегеру қажет. Бұл айтқандарымыз түсінікиірек болуы үшін
төмендегідей екі шотты қарастырайық:

Дебит КАССА ШОТЫ Кредит
бастапқы қалдық
5000 3)
1) 50000
20000 4)
2) 10000
45000 айналым
айналым 60000
65000
соңғы қалдық (5000
+65000-60000)
10000

Жоғарыдағы касса деп аталатын шоттың соңғы қалдығын есептеу үшін сол
шоттың бастапқы қалдығы (дебиттік) 5000 (бес мың) теңгеге дебиттік айналым
65000 (алпыс бес мың) теңге қосылып, кредиттік айналым 60000 (алпыс мың)
теңге азайтылды. Соның нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (дебиттік)
10000 (он мың) теңге болды (5000+65000-60000=10000).

Жұмысшылармен еңбекақы
Дебит бойынша есеп айырысу шоты
Кредит
бастапқы қалдық 200000
180000 250000
300000 50000
айналым айналым
480000 300000
соңғы қалдық
(200000+300000-480000)
20000

Ал екінші көрсетілген жұмысшылармен еңбекақы бойынша есеп айырысу
шотының соңғы қалдығын табу үшін бастапқы қалдығы (кредиттік) 200000 (екі
жүз мың) теңгеге кредиттік айналым 300000 (үш жүз мың) теңге қосылып,
дебиттік айналым 480000 (төрт жүз сексен мың) теңге азайтылды (шегерілді).
Осының нәтижесінде бұл шоттың соңғы қалдығы (кредиттік) 20000 (жиырма мың)
теңгеге тең болатындығы есептеліп шығарылды. (200000+300000-
480000=20000).

Бұл мысалдардан көріп отырғанымыздай, негізінде шоттардың бастапқы
қалдығы дебиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да дебиттік, ал шоттың
бастапқы қалдығы кредиттік болса, онда ол шоттың соңғы қалдығы да кредиттік
болуы тиіс.

Кейбір жағдайларда шоттың бастапқы немесе соңғы қалдық сомалары нөлге
тең болуы мүмкін. Мұндай жағдайда, яғни шоттың соңғы қалдығы нөлге тең
болғанда бұл шотты жабылған шот деп атайды. Қазақстан Республикасының
типтік бухгалтерлік есепшоттар кестесінің кірістер және шығындар деп
аталатын бөлім шоттары есепті кезеңнің соңында міндетті түрде жабылады. Бұл
шоттарды транзиттік шоттар деп атайды. Осыған сәйкес жоғарыдағы аталған
кірістер және шығындар деп аталатын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы бухгалтерлік күйге келтірулердің сипаттамасы
Бухгалтерлік есептің шоттар жоспары
Банк және банктен тыс мекемелердің есебі
Есеп айырысулар түсінігі
Корпаративтің ақша айналымын және есеп айырысу жүйесі
Ақша қаражаттарының есеп айырысу нысандары
Бухгалтерлік есеп беру
Аудиторлық қызметті жүзеге асыру
Аудиторлар палаталарының өкілеттігі
Есеп беруші тұлғалармен есеп айырысу есебі
Пәндер