Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің басталу себептері



Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-өскен отаны – Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі /Бөкей/ орданың құрылуына бастапқы негіз болды.
Бөкей ордасы жан-жағынан Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларының жерлерімен, Орал бойындағы патша әскери бекінісімен және Каспийдің солтүстік жағалауындағы барлық кәсіпшілігі аймағымен шектесті. Оның ауқымы шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200 шақырым жерді алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орныбор әкімшілігінің қолдауымен Бөкей сұлтан жылы өзі құрған орданың ханы болып сайланды. 30-шы жылдардың аяғына қарай мұнда 20 мыңдай шаруашылық пен 80 мың адам қоныстанды. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Қысқа мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен орыс помещиктері Юсупов пен Безбородконың жекеменшік иелігіне өтті.
Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойындағы, Қамыс-Самар көлі төңірегіндегі жерлерді казак-орыстардың пайдалануына алып қойды. Жерге байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызды зор жағдайлар келіп қосылды. Бұл кезде патша үкіметі Ішкі орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар /аралық басқару жүйесі/ құрылып, оның бастығы қызметі енгізілді. Жайық өзені бойындағы жерлерді Орал казак-орыс әскері иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-орыстардың өзен жағалауындағы белдеулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым салынды.
Бұдан басқа қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан жалға алған жерлерінің құны үшін уақтылы есеп айырысуға тиісті болды. Тек есеп айырысқаннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларының жеріне өздерінің малдарын бағуға рұқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері қазақ ауылдарынан арендалық ақыны жылдан-жылға өз қалауынша ала бастады, олардан айыптар, әр түрлі салықтар жинап отырды.
1815 жылы Бөкей қайтыс болды. Осыдан кейін хандық билік оның баласы Жәңгірге көшті. Бірақ оның кәмелетке толуына дейін орданы уақытша Бөкей ханның туған інісі Шығай сұлтан басқарды. 1824 жылы Жәңгір патша үкіметінің жарлығымен хан деп жарияланды. Жәңгір хан тағына отырған соң, патша әкімшілігінің қолдауымен, халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысының жекелеген жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта құруға кірісті. Ол көшпенділердің отырықшылануын, олардың орыс хуторлары сияқты мекендер салуын, қырда пішен шабуын, ағаш өсіруді, малдың тұқымдарын асылдандыруын және ауыл шаруашылығы құрал-саймандарының жаңа түрлерін алдыруды, мектептер училищелер, мешіттер ашуын және ауылдарда мал санының артуына, сауданың және басқарудың жаңа формаларына көшуді көтермеледі. Ол патша өкімет орындары мен қазақ шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен ұштастыруға күш салды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Исатай мен Махамбет басқарған көтерілістің басталу себептері.

Еділ өзенінің төменгі Каспийге құятын аймағын 1635 жылдан бастап
Жоңғар шапқыншылығы кезінде бөлініп қалған қалмақ ру-тайпалары мекендеген
болатын. Оны қазақтар Қалмақ қыры деп атады. 1771 жылы бұл жердегі
қалмақтар екіге бөлініп, бір бөлігі Қазақстан жері арқылы өздерінің туып-
өскен отаны – Жоңғарияға барып қосылды. Ал, екінші бөлігі батысқа қарай
ығысып, Дон даласына көшіп кетті. Осы босап қалған жерге 1801 жылдан
бастап, патша өкіметінің рұқсатымен Кіші жүздің Бөкей сұлтан басқарған бес
мың қазақ шаруашылықтары қоныс аударды. Мұның өзі Ішкі Бөкей орданың
құрылуына бастапқы негіз болды.
Бөкей ордасы жан-жағынан Астрахань, Саратов, Орынбор губернияларының
жерлерімен, Орал бойындағы патша әскери бекінісімен және Каспийдің
солтүстік жағалауындағы барлық кәсіпшілігі аймағымен шектесті. Оның ауқымы
шығыстан батысқа қарай 350 шақырым және солтүстіктен оңтүстікке қарай 200
шақырым жерді алып жатқан ықшам әрі шағын хандық болды. Орныбор
әкімшілігінің қолдауымен Бөкей сұлтан жылы өзі құрған орданың ханы болып
сайланды. 30-шы жылдардың аяғына қарай мұнда 20 мыңдай шаруашылық пен 80
мың адам қоныстанды. Бірақ жер мен жайылымдар біркелкі бөлінбеді. Қысқа
мерзім ішінде жердің үштен екі бөлігі қазақ феодалдары мен орыс помещиктері
Юсупов пен Безбородконың жекеменшік иелігіне өтті.
Оралдың әскери мекемесі Үлкен және Кіші өзен бойындағы, Қамыс-Самар
көлі төңірегіндегі жерлерді казак-орыстардың пайдалануына алып қойды. Жерге
байланысты өткір дағдарысқа басқа да маңызды зор жағдайлар келіп қосылды.
Бұл кезде патша үкіметі Ішкі орда мен Кіші жүзді басқаруды өздерінің
мүдделеріне қарай бейімдеп жатты. Дистанциялар аралық басқару жүйесі
құрылып, оның бастығы қызметі енгізілді. Жайық өзені бойындағы жерлерді
Орал казак-орыс әскері иемденді. Қазақтарға Жайық өзенінен өтуге және казак-
орыстардың өзен жағалауындағы белдеулеріне көшіп келулеріне қатаң тиым
салынды.
Бұдан басқа қазақ шаруалары орыс помещиктері мен қазақ сұлтандарынан
жалға алған жерлерінің құны үшін уақтылы есеп айырысуға тиісті болды. Тек
есеп айырысқаннан кейін ғана олар помещиктер мен қазақ байларының жеріне
өздерінің малдарын бағуға рұқсат алды. Қанаушы таптар өкілдері қазақ
ауылдарынан арендалық ақыны жылдан-жылға өз қалауынша ала бастады, олардан
айыптар, әр түрлі салықтар жинап отырды.
1815 жылы Бөкей қайтыс болды. Осыдан кейін хандық билік оның баласы
Жәңгірге көшті. Бірақ оның кәмелетке толуына дейін орданы уақытша Бөкей
ханның туған інісі Шығай сұлтан басқарды. 1824 жылы Жәңгір патша үкіметінің
жарлығымен хан деп жарияланды. Жәңгір хан тағына отырған соң, патша
әкімшілігінің қолдауымен, халықтың қоғамдық өмірі мен тұрмысының жекелеген
жақтарын, сондай-ақ жергілікті басқарудың дәстүрлі жүйесін қайта құруға
кірісті. Ол көшпенділердің отырықшылануын, олардың орыс хуторлары сияқты
мекендер салуын, қырда пішен шабуын, ағаш өсіруді, малдың тұқымдарын
асылдандыруын және ауыл шаруашылығы құрал-саймандарының жаңа түрлерін
алдыруды, мектептер училищелер, мешіттер ашуын және ауылдарда мал санының
артуына, сауданың және басқарудың жаңа формаларына көшуді көтермеледі. Ол
патша өкімет орындары мен қазақ шонжарларының мүдделерін жаңа әдістермен
ұштастыруға күш салды.
1827 жылы Жәңгір хан Нарын құмындағы Жасқұс мекенінде тұрақты хан
ордасын орнатып, елді осы орталықтан басқаратын болды. Сол жылы хан кеңесі
құрылып, оған 12 ата Байұлы руларынан бір-бір биден кірді. Ханға 12
старшын, сондай-ақ бірнеше базар сұлтандар қызмет етті. Оның татар бөлімі
және жалпы бөлімнен тұратын өз кеңсесі болды. Кеңсе жанында арнаулы
тергеуші штатта тұрды.
Жәңгір хан 1845 жылы өлді. Бұған дейін Қазақстанның барлық
бөліктерінде хандық билік жойылған болатын. Өкіметтік топтар ішкі Ордада
хандықты жоюды ұйғарды, хан билігі орыс шенеунігі басқарған Уақытша
кеңестің қолына көшті.
Патша үкіметінің жергілікті феодалдар мен шонжарларға сүйене отырып,
барынша күш сала жүргізген саясаты орталық езгінің күшеюіне, қазақ
бұқарасының наразылығына әкелді.
Наразылық жер дамуынан басталды. Ішкі Ордада қазақ байлары мен орыс
помещиктері ең құнарлы жерлерді өздеріне алып алған-ды. Кедей шаруаларға
құнарсыз жерлер тиді. Бір ғана Жәңгір хан 400 мың десятина жерді өз
иелігіне қаратты. Жәңгірдің інісі Меңдігерей Бөкейханов, би Балқы
Құдайбергенов, ханның қайын атасы Қарауылқожа Бабажанов сияқтылар орасан
көп жерлерге иелік етіп, оған қоса жерді пайдаланғаны үшін шаруаларға салық
салды, елдің қанын сүліктей сорды.
1831 жылы Ресеймен шектес жерлерде сұлтандар мен Орынбор Бекара
комиссиясына бағынатын әкімшіліктер құрылып, әкімдер мен старшындар
жергілікті басқаруды өз қолдарына алды. Бара-бара одан да сорақы жағдай
қалыптасты. Жайық бойын иемденген Орал казак-орыс әскерлері қазақтарға
Жайық өзенінен өтуге немесе оның жағасына көшіп-қонуға тиым салды.
Жәңгірге наразы болған бір топ сұлтандар мен старшындар қазақ
шаруаларын Жайықтың арғы жағына қайтадан өтуге шақырды. 1827 жылдың қысы
қатты болып, жұттан көп мал қырылды. Қалған малды сақтау үшін қазақтар
Саратов губерниясына, ондағы князь Юсупов пен граф Безбородконың жер
иеліктеріне көшпекші болды. Көктем шығысымен Байбақты руы бірінші болып
Жайыққа бет алды. Оны Жантөре Қарабатыров, Нұршабай Байжурин, Өтен және
Әбен Көтібаровтар, Нәдір Қашқынов, Ырсалы Көсепулин басқарды. Ресми өкімет
орындары бұл көшуге қарсы болды. Мұның өзі Кіші жүз қазақтарының патша
өкіметіне қарсы наразылығын күшейтті. Олардың арасында толқулар басталып,
аяғында келіп 1836-1838 жылдары Ішкі Орданы және бүкіл Кіші жүзді қамтыған
халық көтерілісі бұрқ ете түсті. Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – қазақ
шаруалары. Сонымен қатар оған старшин, билердің де бірқатар өкілдері
қатысты. Алайда, көтеріліс тегеуріні әлсірей бастағанда, үстем тап өкілдері
Жәңгір мен патша жазалаушы шоғырларының жағына шығып, сатқындық жасады,
көтерілістің жеңілісін тездетті.
Көтерілістің басында Беріш руынан шыққан белгілі батырлар Исатай
Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы тұрды. Исатай 1791 жылы туған. Оның жігіт
болып қалыптасуына нағашысы Жабай Бегалин зор ықпал жасады. 1808 жылы
Исатайдың руы Ішкі Ордаға көшті. Исатай Тайманұлының ең жақын серігі – ақын
Махамбет Өтемісұлы (1803-1846 жж.). Оны анасы Қосуан тәрбиелеген. Ол татар
және орыс тілдерін білген, Хиуада болған, Орынборда тұрған. Махамбет орыс
жазушысы әрі этнограф В.И. Дальмен таныс болған Ішкі Ордада және Орынборда
қызмет істеген оқымысты-саяхатшы Г.С. Карелинмен де тығыз қарым-қатынас
жасаған.
1812 жылы Бөкей хан Исатайды Жайық бойындағы руларға старшин етіп
тағайындайды. 1814 жылдың аяғында оны Орынбор Бекара комиссиясы бекітіп,
уақытша жарлықпен оған мөр тапсырады. Бірақ 1817 жылы Исатай старшин Өтеміс
Құлманиязовты тонады деген жаламен қамауға алынып, абақтыға отырғызылады.
Одан 20 мың сом кепі беріп, босап шыққан Исатай 1818 жылы старшин ретінде
Бөкей ордасы өкілдерінің Ұялыдағы съезіне қатысады. 1823 жылы Исатайды
сұлтан Шығай Нұралиев қамауға алады, оған кісі өлтірді деген айып тағады.
Атырау бекінісінен келген Дон қазақтарының конвойы Орынборға әкетеді. Жол
бойында Исатай конвойдан қашып шығып, елге оралады. Бірақ, осыдан кейін де
Жәңгір ханның Исатайдың соңына түсуі тоқтамады. Өйткені Исатай батыр
халықтың мүддесін қорғап, қарапайым шаруалардың жерсіздігі мен байлардың
озбырлығына душар болуына байланысты әлеуметтік теңсіздікке қарсы күресті
одан әрі жалғастырды.
Бұл күрестің күшеюіне, әсіресе, 1833 жылы Жәңгір хан өз қайын атасы
Қарауылқожа Бабажанұлы Каспий теңізі өңірінде көшіп жүрген қазақ руларына
билеуші етіп тағайындауы себепші болды. Қарауылқожаның қазақ шаруаларына
рақымсыздығы, шектен шыққан бассыздығы, Жәңгір және оны қоршаған феодалдық
күштердің халық мүддесімен санаспауы, таптар арасындағы әлеуметтік тартысты
жылдан-жылға шиеленістірді. Қарауылқожаның үстінен түскен бұқара халықтың
шағымдарына Жәңгір хан мән бермей, жауып тастап отырды. Бұған қоса Ішкі
Ордамен іргелес орыс бекіністерінің салына бастауы, патша шенеуніктері мен
помещиктері озбырлығы халықтың наразылығын күшейтті. Қазақ шаруаларының екі
жақтан бірдей қанауға түсуі халықты тек өз феодалдарына ғана қарсы емес,
сонымен қатар Ресей империясының отаршылдық саясатына қарсы шығуына
итермеледі. Сөйтіп, қозғалыстың басты мақсаты – хан озбырлығына шек қою,
шаруалар жағдайын біршама жақсарту патша өкіметінің отарлау саясатын
тоқтату еді.

Көтерілістің барысы және оның жеңіліспен аяқталуы

Исатай мен Махамбет бастаған шаруалар көтерілісі өзінің дамуында басты
үш кезеңнен өтті. Бірінші кезең – 1833-1836 жылдарға келеді және қарулы
көтеріліске әзірлік кезеңі ретінде сипатталады. Екінші кезең –
көтерісшілердің ханға қарсы 1837 жылдың бас кезі аттануынан бастап,
олардың жеңіліске ұшырауына – 1837 жылғы қараша айының орта шеңіне дейінгі
кезеңі. Үшінші кезең – Исатай мен Махамбет бастаған көтерілісшілердің шағын
тобының Жайықтың сол жағалауына өтуінен 1837 жылғы желтоқсан жаңа ұрысқа
күш жинаудан Ақбұлақ-Қиыл өзені маңындағы ұрыста біржолата жеңілуге дейінгі
1838 жылғы шілде айының орта кезі уақытты қамтиды.
1836 жылы ақпанда халықтың хан сұлтандарға қарсы наразылығы күшейіп,
ашықтан-ашық шайқасқа қарай бет алды. Бұдан шошынған Жәңгір хан қозғалысты
бастап, дем беруші Беріш руының қоныстарына бірнеше қожа мен старшин
жіберіп, көтерілісті тоқтатуды талап етті. Исатайға жазған хатында хан
түлкі бұлаңға салып, “дос едік қой, патшаға адалдыққа ант беріп едің ғой,
бүлікті тоқтат, хан сарайына кел, татуласайық, әйтпесе іс насырға шабады” -
дейді. Сонымен қатар ханның жандайшабы Қарауылқожа 1836 жылғы наурыздың 24-
не қарай 800 адамдық қол жинайды да, жайлауға көшіп кеткен Исатай ауылын
шаппақ болады. Бұл кезде хан Исатайға екі адам елші жіберіп, дереу келсін
деп бұйырады. Бұған Исатай Қарауылқожа жасақтарын таратса ғана барамын деп
шарт қояды. Хан осы шартқа көнгенсіп айлаға көшеді. Оған сенген Исатайдың
аңқау ауылы бұрынғы қонысына көшіп келе жатқанда, 1836 жылдың 4-сәуірінде
Қарауылқожа мен старшин Дүйсенбай бастаған отряд алдынан шығады. Мұны
көрген Исатай көшті тоқтатып, қорғанысқа дайындалады. Алайда,
Қарауылқожаның шабуылға шығуға батылы жетпей кейін қайтады. Өйткені ол да,
Жәңгір де жеңіліп қаламыз ба деп қорыққан. Ондай жағдайда халықтың рухы
өсетінін және орыс әкімшілігіне хан билігінің масқара болатынын олар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар кетерілісі
Исатай мен Махамбет басқарған көтеріліс
С. Датұлы және И. Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілістерінің салыстырмалы себебі, мәні және ерекшеліктері
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс
Исатай Тайманұлы және Махамбет Өтемісұлы бастаған ішкі (бөкей) ордадағы ұлт-азаттық көтеріліс
Қазақ халқының ұлт азаттық жолындағы күресі
ХҮІІІ – ХІХ ғасырлардағы ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСТАРЫ
Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы басқарған көтеріліс тарихы
1836-1838 ЖЫЛДАРДАҒЫ ХАЛЫҚ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ТАРИХЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы ұлт-азаттық қозғалыс белестері
Пәндер