Мемлекеттік кәсіпорындар



Кіріспе
1. Мемлекеттік кәсіпорынның маңызы және түрлері
2. Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу
3. Мемлекеттік кәсіпорындарды қадағалау, басқару органдары
4. Мемлекетік кәсіпорындардың капиталдары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Зандарда "кәсіпорын" термині екі мағынада қолданылады. Алғаш-қысында кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешеңді (зауыт, фабрика, шахта және т.с.с.) кәсіпорын деп түсінеді. Бұл мағынада алғанда, мысалы, кооперативтік, жеке, отбасылық кәсіпорын және т.с.с. туралы айтуға болады. Демек, мүліктік кешен ретінде қарастырылатын кәсіпорын жеке меншікке де, мемлекеттік меншікке де жатуы мүмкін. Екінші мағынада "кәсіпорын" термині заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандарының бірін білдіреді және бұл мағынада тек мемлекеттік кәсіпорын болуы мүмкін (АК-ның 34-бабы).
Заңды тұлға ретінде мемлекеттік кәсіпорын өзіне тиесілі мүліктің меншік иесі болып есептелмейді — оның меншік иесі мемлекеттің өзі — және осы кәсіпорындар иеленіп отырған мүлікке заттық құқыққа қарай өз қызметін жүзеге асырады, олар АК-ның 102-бабының 1-тармағына сәйкес: 1) шаруашылық жүргізу құқығына негізделген; 2) оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындарға бөлінеді. Мұның кейінгісі "қазыналық кәсіпорын" (яғни қазынаға, фискіге (мемлекетке) тиесілі кәсіпорындар) деген арнайы терминмен аталады. Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
а) республика меншігіндегі кәсіпорындар — республикалық мемлекетік кәсіпорындар;
б) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындар болып бөлінеді.
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған кәсіпорын еншілес мемлекеттік кәсіпорын ретінде қарастырылады.
Мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын жылжымайтын мүлік деп танылады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне арналған мүліктін барлық түрлері, оның ішіңде үйлер, ғимараттар, жабдықтар, құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге құқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері), басқа да айрықша құқықтар енеді (АК-ның 119-бабы).
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995 жыл, 30 тамыз.
2. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi .(жалпы бөлiм) 27 желтоқсан 1994 ж.
3. Азаматтық құқық. I том. Жоғарғы оқу орындарына арналған оқулық (академиялық курс). Өңделген және толықтырылғын 2-басылымы. Жауапты ред.: М.К. Сулейменов, Ю.Г.Басин.-Алматы, 2003.
4. . Төлеуғалиев Ғ.И. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы.-Алматы: ҚазМЗА, 2001.
5. . Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексi (жалпы бөлiм). Комментарий. В двух книгах. Книга 1. Отвественные редакторы: М.К. Сулейменов, Ю.Г. Басин.-Алматы: «Жетi жарғың,1997.
6. .Гражданское право. Учебник. Ч. 1. / Под ред. А.П. Сергеева, Ю.К. Толстого. М., "Проспект", 1997.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

Мемлекеттік кәсіпорынның маңызы және түрлері

Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу

Мемлекеттік кәсіпорындарды қадағалау, басқару органдары

Мемлекетік кәсіпорындардың капиталдары

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Зандарда "кәсіпорын" термині екі мағынада қолданылады. Алғаш-қысында
кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін пайдаланылатын мүліктік кешеңді
(зауыт, фабрика, шахта және т.с.с.) кәсіпорын деп түсінеді. Бұл мағынада
алғанда, мысалы, кооперативтік, жеке, отбасылық кәсіпорын және т.с.с.
туралы айтуға болады. Демек, мүліктік кешен ретінде қарастырылатын
кәсіпорын жеке меншікке де, мемлекеттік меншікке де жатуы мүмкін. Екінші
мағынада "кәсіпорын" термині заңды тұлғаның ұйымдық-құқықтық нысандарының
бірін білдіреді және бұл мағынада тек мемлекеттік кәсіпорын болуы мүмкін
(АК-ның 34-бабы).
Заңды тұлға ретінде мемлекеттік кәсіпорын өзіне тиесілі мүліктің
меншік иесі болып есептелмейді — оның меншік иесі мемлекеттің өзі — және
осы кәсіпорындар иеленіп отырған мүлікке заттық құқыққа қарай өз қызметін
жүзеге асырады, олар АК-ның 102-бабының 1-тармағына сәйкес: 1) шаруашылық
жүргізу құқығына негізделген; 2) оралымды басқару құқығына негізделген
мемлекеттік кәсіпорындарға бөлінеді. Мұның кейінгісі "қазыналық кәсіпорын"
(яғни қазынаға, фискіге (мемлекетке) тиесілі кәсіпорындар) деген арнайы
терминмен аталады.

Мемлекеттік кәсіпорынның маңызы және түрлері
Мемлекеттік кәсіпорындардың қызметін реттеу

Мемлекеттік меншіктің түріне қарай кәсіпорындар:
а) республика меншігіндегі кәсіпорындар — республикалық мемлекетік
кәсіпорындар;
б) коммуналдық меншіктегі кәсіпорындар — коммуналдық мемлекеттік
кәсіпорындар болып бөлінеді.
Басқа мемлекеттік кәсіпорын құрған кәсіпорын еншілес мемлекеттік
кәсіпорын ретінде қарастырылады.
Мүліктік кешен ретінде мемлекеттік кәсіпорын жылжымайтын мүлік деп
танылады.
Мүліктік кешен ретінде кәсіпорынның құрамына оның қызмет етуіне
арналған мүліктін барлық түрлері, оның ішіңде үйлер, ғимараттар, жабдықтар,
құрал-саймандар, шикізат, өнімдер, жер учаскесіне құқық, талап ету
құқықтары, борыштар, сондай-ақ оның қызметін дараландыратын белгілерге
құқықтар (фирмалық атау, тауар белгілері), басқа да айрықша құқықтар енеді
(АК-ның 119-бабы).
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын жөнінде ол біртұтас мемлекеттік
кешен ретінде болғанда мәмілелер (кепілге беру, жалдау және басқалары)
жасау, оны оқшаулау жөніңдегі мәмілелерді қоспағанда:
— ҚР Үкіметінің шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорын жөнінде;
— тиісті өкімнің шешімі бойынша жүзеге асырылады.
Мемлекеттік кәсіпорынның рөлі мен маңызы көп ретте экономиканың түріне
қарай айқындалады: мемлекеттік меншікке негізделетін социалистік
экономикада мемлекеттік кәсіпорындар елдің өндірістік-шаруашылық кешенінің
негізгі бөлігін құрайды; жеке меншік басым болатын нарықтық экономика
жағдайларында мұндай кәсіпорындардың мөлшері, әдетте, көп болмайды. Мұны
жеке кәсіпорындардың экономикалық тиімділігінің төмендігімен (бұған
адамзаттың тарихи тәжірибесі дәлел болуда) ғана емес, сондай-ақ мұндай
жағдайларда мемлекет функциясының да айтарлықтай өзгеруімен түсіндіруге
болады.
— ол өндірісті жеке кәсіпкерлердің қолына бере отырып, өндірістің өзін
дамытудан шеттеп қалады және оның қызметінің негізгі бағыты әлеуметтік және
саяси функциялар болып шығады. Сондықтан мемлекеттік кәсіпорындар қоғам
үшін қажет болса да, жеке бизнес үшін ынта тудырмайтын (мысалы, беретін
табысының аздығынан) экономика салаларында ғана құрылады не мемлекетке
жүктелген міндеттерді шешудің құралы ретінде қызмет етеді.
Осыған байланысты, қазіргі уақытта негізгі акт болып табылатын, осы
кәсіпорынның құқықтық мәртебесін айқындайтын. Кәсіпорын туралы жарлық
мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің негізгі мақсаты қоғам мен мемлекепің
қажеттерімен айқындалатын мынадай әлеуметтік-экономикалық міңдеттерді шешу
болып табылады деп көрсетеді:
1) елдің қорғаныс қабілетін материалдық жағынан қамтамасыз ету және
қоғамның мүдделерін қорғау;
2) экономиканың жеке меншік секторы қамтымаған немесе жеткіліксіз
қамтыған қоғамдық өндірістің буындары мен салаларында бірінші
қажеттіліктегі тауарларды өндіру (жұмыстар атқару, қызметтер көрсету);
3) мемлекеттік монополияға жатқызылған немесе мемлекеттің функциясы
болып табылатын салалардағы қызметті жүзеге асыру.
Осы баяндалғандарға байланысты мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің
мақсаттары туралы мәселеге тоқталайық.
Өзінің ұйымдық-құқықтық нысаны бойынша мемлекеттік кәсіпорын негізгі
мақсаты ретінде табыс табуды көздейтін коммерциялық ұйымдарға жатады (АК-
ның 34-бабы). Алайда мемлекеттік кәсіпорынның негізгі мақсаты мемлекеттің
алдыңда тұрған әлеуметтік-экономикалық міндеттерді шешу болғандықтан, табыс
табу олардың қызметінің айқындаушы мақсаты ретінде көрінбеуі тиіс —
мемлекет өз кәсіпорындарын олар мемлекеттің өз функцияларын жүзеге асыру
құралы болуы үшін құрады. Мұнда мынаны басшылыққа алу керек: мемлекеттік
кәсіпорынның қызметі осы кәсіпорын қызметкерлерінің жеке басы баюының көзі
болмауы керек (ол үшін жеке кәсіпккерлік қызметпен айналысу керек),
нарықтық экономика жағдайларында өмір сүретін мемлекет табысының басты көзі
— салықтар болуға тиіс.
Бұл тұрғыдан қарағанда, алкоголь және темекі өнімдеріне монополия
нақты мысал бола алады. Ертеректе Ресейде әйгілі тұз бұлігінің шығуына
себеп болған тұз монополиясы қолданылған. Әлде бір бағалы шикізат
ресурстарын (мысалы, мұнайды, көмірді) немесе асыл металдарды тек
мемлекеттің меншігіне жатады деп жариялай отырып, мемлекет көп жағдайда осы
мақсаттар үшін меншік институтын пайдаланады.
Мемлекеттік кәсіпорындарды бюджет кірістерін табу құралы ретінде
пайдалану тәжірибесін нарықтық экономиканың қағидаларына (экономикасы
мемлекеттік меншікке негізделген социализм үшін, мұндай практика,
керісінше, қалыпты болып табылады) сай келеді деп есептеуге бола қояр ма
екен. Алайда, ол кейбір елдерде әлі де қолданылады, негізгі және басты
бағыты мемлекет үшін ақша табу болып саналатын мемлекеттік кәсіпорындардың
құрылуын осымен түсіндіруге болады, яғни мемлекеттің қаржылық қызметін
жүзеге асыру осындай кәсіпорындарға жүктеледі. Алайда кез келген
жағдайларда мемлекеттік көсіпорындар тек олардың қызметкерлерішң, оның
үстіне, басшылығының жеке басының баюына арналған тетік бола алмайды, ал
бұл, алайда, еткен жақсы еңбегі үшін және кәсіпорынның жоғары экономикалық
көрсеткіштерге жеткені үіиін материалдық ынталандыру және сыйақы алу
мүмкіндіктерін мүлде жоққа шығармайды. Мемлекеттік кәсіпорынды жеке бастың
мақсаттарына пайдалану мемлекеттік меншіктің мәні мен мақсатына қайшы
келген болар еді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атау тізбесін ҚР Үкіметі
бекітеді. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атау тізбелерін тиісті
өкімдер бекітеді. Осының бөрі тағы да мемлекет меншігіндегі шаруашылық
жүргізуші субъектілер санының өсуіне жол бермеуге бағытталған.
Мемлекеттік кәсіпорынның фирмалық атауында мүлік иесі (ал ол мемлекет
болып табылады), мемлекеттік меншіктің қай түріне (рес-публикалық немесе
коммуналдық) жататыны және ведомстволық бағыныстылығы (яғни жоғары тұрған
органның белгісі) көрсетілуі тиіс. Оралымды басқару құқығындағы
кәсіпорынның фирмалық атауында оның қазыналық кәсіпорын екені көрсетілуі
тиіс. Мемлекеттік кәсіпорынның Қазақстан Республикасының Мемлекеттік
елтаңбасы бейнеленген және кәсіпорынның фирмалық атауы бар мөрі болады (бұл
оның мемлекеттік екенін дәлелдейді).
Мемлекеттік кәсіпорын өзіне тиісілі мүліктің меншік иесі болмаған-
дықтан және мүліктік кешен ретінде мемлекеттің меншігінде тұрғандықтан, ол
өз мүдделері үшін емес, мемлекет мүдделері үшін әрекет ететіндіктен,
кәсіпорын мен мемлекеттің өзара қарым-қатынасын ұйымдастыру мақсатында
"уәкілетті орган" фигурасы енгізіледі.
Уәкілетті орган өзінің кәсіпорынмен қарым-қатынасында мемле-кеттің
өкілі болып табылады, оның мүдделерін білдіруі тиіс және үш негізгі
функцияны атқарады. Біріншіден, бұл орган кәсіпорынның құрылтайшысы ретінде
(жоғарыда айтылғандай, кәсіпорынның Үкіметтің немесе тиісті әкімнің шешімі
бойынша құрылатынын ұмытпастан) әрекет етеді. Екіншіден, ол кәсіпорынды
мемлекеттік басқару органы болып табылады. Мұнда оның кәсіпорынмен
қатынастары әкімшілік-құқықтық қатынастар болады да, "билік және бағыну"
схемасы бойынша құрылады, мұндағы билеуші субъект — уәкілетті орган, ал
бағынушы субъект - заңды тұлға ретіндегі кәсіпорын болады.
Үшіншіден, ол меншік иесінің (дәлірек айтқанда, меншік иесі өкілінің,
ал меншік иесі — мемлекеттің өзі) функциясын атқарады, мұнда оның
кәсіпорынмен қатынастары азаматтық-құқықтық қатынастар болады. Алайда, бұл
арада мынаны ескеру керек: мұндай қатынастарды меншік иесі мен оның заттары
арасындағы қатынастарға әкеп теңеуге болмайды, өйткені өзі заңды тұлға
болып табылатын кәсіпорын өзіне бекітіліп берілген мүлікті иелену,
пайдалану және оған билік ету өкілеттіктерін қоса есептегенде, белгілі бір
шаруашылық дербестікті иеленеді.
Үш функцияның әрқайсысы бойынша өкілеттіктердің көлемі кәсіпорынның
түріне қарай (ол шаруашылық құқығындағы кәсіпорын ба, қазыналық немесе
еншілес мемлекеттік кәсіпорын ба) түрліше болады. Солай бола түрса да,
жинақтау ретінде мынадай түжырым жасауға болады. Құрылтайшы ретінде әрекет
ете отырып, уәкілетті орган кәсіпорынның жарғысын жасап, бекітеді, онда
кәсіпорынның нысанасы мен қызмет ету мақсаттарын айқыңдайды; заңды тұлға
ретінде кәсіпорынды тіркеуден, қажет болатын жағдайда қайта тіркеуден
өткізеді; зандар бойьшша заңды тұлғаның құрылтайшысына жүктелетін өзге де
өкілеттіктер мен міндеттерді жүзеге асырады.
Мемлекетгік басқару органы ретіңде уәкілетті орган кәсіпорынның
басшысын тағайындайды, белгіленген тәртіппен оны тәртіптік жауаптылыққа
тартады және зандарға сәйкес лауазымынан босатады; мемлекеттің тапсырысын
кәсіпорынға жеткізеді және оның орындалуын бақылайды; кәсіпорын тапқан
пайданы бөлу нормативтерін бекітеді; кәсіпорын басшысының, оның
орынбасарлары мен бас (аға) бухгалтердің лауазымдық айлық ақыларының
мөлшерін белгілейді; кәсіпорынның қызметі туралы есептерді тыңдайды және
оған бақылауды жүзеге асырады.
Мемлекеттің тапсырысы жөнінде мьшаны білген жөн: мемлекеттік кәсіпорын
үшін бұл тапсырысты орындау міндетті болып табылады (мемлекеттік емес ұйым
үшін тапсырысты қабылдау ерікті түрде жүргізіледі). Сондықтан егер осындай
шарттар жасасу мемлекеттің тапсырысында көзделген болса, кәсіпорынның
тауарларды (жұмыстарды, қызмет көрсетуді) сатып алушы немесе сатушы ретінде
шарт жасасудан бас тарту құқығы жоқ. Сонымен бірге, мемлекеттің
тапсырысынан тыс өндірілген өнімді (жұмысты, көрсетілтен қызметті)
кәсіпорынның өз бетінше өткізуі көзделген.
Көсіпорынның меншік иесі ретінде уәкіпетті орган кәсіпорын құрыл-ған
кезде оған мүлік береді, оның жарғылық және өзге де қорларын құрады;
зандарға сәйкес рұқсат талап етілетін жағдайларда кәсіпорынның мүлікпен
мәміле жасауына рұқсат береді; заңда мұндай әрекет көзделген жағдайларда
кәсіпорынның мүлкін алып қодды; кәсіпорынға тиесілі мүліктің мақсатына сай
пайдаланылуына және сақталуына бақылауды жүзеге асырады.
Мынаны есте ұстаған жөн: функцияларды бұлайша бөлудің шартты сипаты
бар (нақты өмірде олар әлдеқайда күрделеніп, бірін-бірі толықтырып жатады)
және уәкілетті органның өзі әр түрлі фигураларға бөлінбестен, біртұтас
субъект болып табылады. Мәселен, уәкілетті органның кәсіпорынды мемлекеттік
басқару функциясын жүзеге асыруы бірқатар жағдайларда меншік иесінің өкілі
ретіңде өзіне тиесілі өкілеттіктерді жүзеге асыру арқылы орындалады.
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жарлықтың 3-бабына сәйкес
республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты республикалық меншік
құқығы субъектісінің функцияларын ҚР Үкіметі республикалық мемлекеттік
мүлікке билік етуге уәкілеттік берген республикалық мемлекеттік орган,
сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкі атқарады.
Министрліктер, агентгіктер, ведомстволар және ҚР Үкіметі осыған
уәкілеттік берген өзге де мемлекеттік органдар, сондай-ақ ҚР Ұлттық Банкі
(мемлекеттік басқару органдары деп аталатын) республикалық мемлекеттік
кәсіпорындарды мемлекеттік басқару органдары болып табылады.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкіиматы (уәкілетті орган деп
аталатын) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға қатысты коммуналдық меншік
құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асырады.
Тиісті әкімшілік-аумақтық бөліністің әкіиматы не жергілікті бюд-жеттен
қаржыландырылатын, әкім уәкілеттік берген атқарушы орган (мемлекеттік
басқару органы деп аталатын) коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарды
мемлекеттік басқару органы болып табылады.
Мемлекеттің кәсіпорынға қатысты қолында бар барлық өкілеттігін
(мемлекеттік кәсіпорынды жекешелендіру не оның алғашқы сатылары туралы
шешім қабылдау жөніндегі өкілеттігін қоспағанда) уәкілетті оргаңдар жүзеге
асыруға құқылы. Осы арқылы мемлекет экономиканың мемлекеттік секторының
сақталуын қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік кәсіпорынды қайта құрудың және таратудың белгіленген
тәртібі экономиканың осы секторының сақталуын (сондай-ақ мемлекеттік
меншіктің сақталуын) қамтамасыз етуге бағытталған. Осы тәртіпке сәйкес,
республикалық мемлекеттік кәсіпорынды қайта құру және тарату ҚР Үкіметінің
шешімі бойынша, ал коммуналдық кәсіпорындар үшін — тиісті өкімнің шешімі
бойынша жүргізіледі. Осылайша, кәсіпорынның өзін-өзі таратуының кез келген
әдісі және тіпті құрылтайшының шешімі: бойынша таратуы мемлекеттік
кәсіпорынға қатысты қолданылмайды.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорын ҚР Үкіметінің шешімімен, ал
коммуналдық кәсіпорын — жергілікті атқарушы органның шешімі бойынша қайта
ұйымдастырылады және таратылады.
Кәсіпорын азаматтық зандарда көзделген басқа негіздер бойынша да
таратылуы мүмкін.
Кәсіпорынды қайта құруды және таратуды, егер Қазақстан Республикасының
заң актілерінде өзгеше көзделмесе, уәкілетті органның келісуімен
мемлекеттік басқару органы жүзеге асырады.
Несие берушілердің талаптарын қанағаттандырудан кейін қалған,
таратылған кәсіпорынның мүлкін уәкілетті орган қайта бөледі.
Таратылған кәсіпорынның ақша қаражаты осы кәсіпорынның несие
берушілердің талаптары қанағаттандырылғаннан кейін қалатын мүлкін сату
нәтижесінде түскен ақша қаражатымен қоса тиісті бюджеттің табысына
есептеледі. "Мемлекет — кәсіпорын" қатынасы жүйесінде кәсіпорын басқару
объектісі рөлін (ал мүліктік кешен ретінде — мемлекеттік меншік құқығы
объектісі рөлін) атқаратындықтан, мемлекет өзінің уәкілетті органы арқылы
құқықтардың ғана иесі, ал кәсіпорын — тек міндеттерді атқарушы деп
есептеуге болмайды: көлемі мен арақатынасы түрліше болса да, екі
субъектінің құқықтары да, міндеттері де бар. Мемлекеттік кәсіпорынның
құқықтық мәртебесі (оның ішінде мемлекетпен қатынасында нақты
өкілеттіктерді иеленуі) оның заңды тұлға болуымен, яғни оқшау мүлкі бар
ұйым болып, өз міндеттемелеріне осы мүлікпен жауап беретінімен, өз атынан
мүліктік және өзіндік мүліктік емес құқықтарды иеленіл, оларды жүзеге асыра
алатынымен айқындалады. Өз кезегінде, бұл мәртебе оның органдары арқылы
мемлекетке де нақты міндеттер жүктейді. Мұндай құқықтарды қорғауды
қамтамасыз ету үшін кәсіпорын туралы жарлық оған кәсіпорынның тапқан
пайдасын алып қоюға, мүлікті қайта бөлуге, мемлекеттің тапсырыстарын
орналастыруға, кәсіпорын өндіретін тауарларға (жұмыстарға, кврсететін
қызметке) баға белгілеуге, сондай-ақ кәсіпорынның құқықтарын бұзатын басқа
да әрекеттерге байланысты уәкілетті адамның іс-әрекеттерін қоса алғанда,
мемлекеттік органдардың заңсыз әрекеттері жөнінде сотқа шағым жасау құқығын
береді.
Сонымен қатар, заң шығарушылар осы нормативтік құқықтық актіде
мемлекеттік кәсіпорынға оның жарлығында баянды етілген, оның қызметінің
міндет-мақсаттарына сәйкес келмейтін қызметті жүзеге асыруға, сондай-ақ
мәмілелер жасауға тыйым салынатынын көрсеткен (Мемлекеттік кәсіпорындар
туралы жарлықтың 8-бабының 2-тармағы).
Көсіпорын заңды тұлға ретінде оның іс-әрекеті арқылы мемлекет белгілі
бір функцияларды жүзеге асыратын субъект болып табылады.

Мемлекеттік кәсіпорындарды қадағалау, басқару органдары

Көсіпорын мемлекет үшін керекті бағытта қызмет етуі үшін кәсіпк-орынды
мемлекеттік басқару институты құрылған, ол кәсіпорындарды мемлекеттік
басқару органы деп аталады.
Кәсіпорынды мемлекеттік басқару органының мынадай өкілеттіктері бар:
1) мемлекеттік кәсіпорын қызметінің басым бағыттарын айқыңдау;
2) мемлекеттік кәсіпорынның шаруашылық қызметінің ағымдағы және
болашақ жоспарларын, оның ішінде жоспарлы қаржылық көрсеткіштерін, оларды
тапсырудың тәртібі мен мерзімділігін қарау және бекіту;
"Сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы" Қазақстан Республикасының Заңына
толықтырулар енгізу туралы" 2000 ж. 28 сөуірдегі №46-11 ҚР Заңына сәйкес
мемлекеттік орган мәртебесі жоқ ұйымдарға мемлекеттік бақылау және
қадағалау функцияларын беру сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық
бұзушылық деп танылған. Мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті немесе
оларға теңестірілген адамдардың осындай құқық бұзушылық жасауы, егер онда
қылмыстық жаза қолданатын белгілер болмаса, онда ол лауазымын төмендетуге,
лауазымынан босатуға не мемлекеттік функцияларды атқарудан өзгеше босатуға
не заңды белгіленген тәртіппен өзге де тәртіптік жаза қолдануға әкеп
тірейді.
3) олар белгілеген мерзімде уәкілетті органға тиісті есеп-қисапты
тапсыра отырып, мемлекеттік кәсіпорынның қаржылық-шаруашьшық қызметінің
жоспарлы көрсеткіштерінің орындалуын бақылау және талдау;
4) ҚР Үкіметі белгілеген тәртіппен басшыны тағайындау және оған
аттестация жүргізу;
5) мемлекеттік кәсіпорын мүлкінің мақсатына қарай пайдаланылуына және
сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
6) осы жарлықпен және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік
құқықтық актілерімен оның құзіретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша
шешімдер қабылдау.
Занды тұлға ретіндегі кәсіпорынның органы мемлекеттік басқару органына
есеп беретін оның басшысы болып табылады.
Мемлекетгік басқару органы Қазақстан Республикасының еңбек туралы
зандарына сәйкес жеке еңбек шартын жасау арқылы кәсіпорын басшысымен
қатынасты рәсімдейді.
Кәсіпорын басшысы кәсіпорындағы істердің жай-күйі үшін меншік иесі
және мемлекеттік басқару органы алдында жеке жауап береді.
Кәсіпорын басшысы жеке-дара басшылық жасау принциптері бойынша іс-
қимыл жасайды және кәсіпорынның барлық мәселелерін осы Жарлық пен кәсіпорын
жарғысы белгілеген құзіретіне сәйкес дербес шешеді. Ескеретін нәрсе,
мемлекеттік кәсіпорын мемлекеттік емес заңды тұлғалардың көптеген
түрлерінен (мысалы, өндірістік кооперативтен, акционерлік қоғамнан) өзгеше
болады, өйткені оларда жоғары орган қызметін алқалық орган атқарады.
Кәсіпорын басшысы кәсіпорын атынан сенімхатсыз іс-қимыл жасайды,
барлық органдарда кәсіпорынның мүдделерін білдіреді, Мемлекеттік
кәсіпорындар туралы жарлықта белгіленген шекте кәсіпорынның мүлкіне билік
етеді, шарттар жасасады, сенімхат береді, банкіде есеп-шоттар алады және
өзге де мәмілелер жасайды, барлық қызметкерлер үшін міндетті бұйрықтар
шығарады және нұсқаулар береді.
Қазіргі уақытта тәжірибеде кәсіпорын басшысын тағайындаудың әр түрлі
әдістері қолданылады. Басшыны уәкілетті органның актісімен (бұйрығымен,
қаулысымен және т.б.) тағайындау солардың дәстүрлі біреуі болып табылады.
Соңғы жылдары кәсіпорын басшысымен қатынастар келісім-шарт арқылы рәсімделе
бастады. Оңда кәсіпорын басшысының құқықтары, міндеттері және
жауапкершілігі, оның еңбек ету, демалу және материалдық қамсыздандырылу
жағдайлары, соңдай-ақ келісім-шарт мерзімі және заңдарда көзделген
кепілдіктерді ескере отырып, атқаратын қызметінен босату негіздері
айқындалады.
Басшы өз құзіреті шегінде және еңбек заңдарына сәйкес қызметкерлерді
кәсіпорынға жұмысқа қабылдайды және оларды жұмыстан шығарады, мадақтау
шараларын қолданады және оларды жазаға тартады.
Басшының ұсынысы бойынша мемлекеттік басқару органы қызметке
тағайындайтын немесе қызметтен босататын кәсіпорын қызметкерлерінің
номенклатурасы кәсіпорынның жарғысында белгіленеді.
Басшының орынбасарларын кәсіпорын басшысының ұсынысы бойынша
мемлекеттік басқару органы қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Басшының орынбасарларының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорындар мен ұйымдардағы қаржы және валюта қоры
Шағын кәсіпорындар - нарық қатынастарының негізі
Мемлекеттік кәсіпорындар туралы жалпы түсінік
Меншік кәсіпорындарын мемлекеттік бақылау және жекешелендіру
Мемлекеттік кәсіпорын қызметі
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің сыныптамасы
Шаруашылық жүрпзуші субъектілердің қаржысы
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
Шағын бизнестің: мән – мазмұны, ерекшеліктері
Қазақстан Республикасында кәсіпорын қызметінің заңнамалық негізгі
Пәндер