Комііьютерлік желілер



1. Компьютерлік желілердің түрлері
2. Жергілікті және аймактык.таратылған желілер.
3. Желілік техникалык кұралдар
4. Мәліметтер базасы
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Enternet 100-мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал... Интражелілер..." деген создер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. "Атыңыз егер болмаса, жорғасын қайдан білесіз", - деп өлеңде айтылатын сияқты ... Бірақ сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге жонелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын қысқаша қарастырып етейік.
Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер, модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты компыотерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
• желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
• олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
• желі тұтынушыларына есептеу құрьшғыларын пайдалануға беріп, оларға әртүрлі қызмет көрсету.
Жергілікті желі бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер географиялық тұрғыдан алғанда бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға, мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды желі сервері рөлін атқаратын куатты компьютермен байланыстырып тұратын желінін ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлык компьютерлері серверде жазылған қолданбалы программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері қүрылғыларды ортақ пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе желі түйіні деп аталады.

КОМІІЬЮТЕРЛІК ЖЕЛІЛЕР
Сіздер дербес компьютерлердің желілері (торабы) туралы естіген де
шығарсыздар. Олардың ауқымды жалпы және жергілікті желілерге бөлінетінінен
де хабардар боларсыздар. Бұқаралық ақпараттық жүйеде "Enternet 100-
мегабитті технология... Желілік технологиялар... Интернеттегі жанжал...
Интражелілер..." деген создер жиі естіліп жатады. Бірақ біз бұл
материалдарды түсіндіру кезінде оқушылар желілермен таныс емес, тек
компьютер құрамын біледі деп есептейміз.
Егер сіздің бір-ақ компьютеріңіз болса және модеміңіз болмаса, онда
сіз компьютерлік желінің артықшылықтарын сезіне де алмайсыз. "Атыңыз егер
болмаса, жорғасын қайдан білесіз", - деп өлеңде айтылатын сияқты ... Бірақ
сіздің бірнеше компьютеріңіз болса немесе мәліметті қашықтағы компьютерге
жонелту керек болса онда желілік технология мүмкіндіктері сіз үшін өте
қажет болып табылады. Желілік технологиялар орасан зор қаржы үнемдеуге
мүмкіндік береді. Ол үшін компьютер желілерінің қолданылатын аймақтарын
қысқаша қарастырып етейік.
Компьютерлік желі дегеніміз - бір-бірімен мәлімет алмаса алатын кем
дегенде екі компьютердің байланыс құралдары көмегімен қарым-қатынас
жасауына арналған ақпарат өңдеудің тармақталған жүйесі.
Басқаша айтқанда желі деп дербес компьютерлердің және де принтер,
модем, факсимильдік аппарат тәрізді есептеу құрылғыларының бір-бірімен
байланысқан жиынын айтады. Желілер әрбір қызметкерге басқалармен мәлімет
алмасып құрылғыларды ортақ пайдалануға, қашықта орналасқан қуатты
компыотерлердегі мәліметтер базасымен қатынас құруға және тұтынушылармен
тұрақты байланыс жасауға мүмкіндік береді.
Желі құрамына кіретін компьютерлер мынадай жұмыстар атқарады:
• желімен қатынас құруды ұйымдастыру;
• олардың арасында мәлімет алмасуды басқару;
• желі тұтынушыларына есептеу құрьшғыларын пайдалануға беріп, оларға
әртүрлі қызмет көрсету.

Компьютерлік желілердің түрлері
Жергілікті және аймактык-таратылған желілер.
Жергілікті желі бір ғимарат ішіндегі немесе қатар орналасқан
ғимараттардағы дербес компьютерлер мен принтерлерді бір-бірімен
байланыстырады. Аймақтық-таратылған желілер географиялық тұрғыдан алғанда
бір-бірінен қашықта орналасқан, бірақ бір компанияға немесе фирмаға,
мекемеге қатысты бірнеше жергілікті желілерді байланыстырады.
Жергілікті желілер - дербес компьютерлерді бір-бірімен немесе оларды
желі сервері рөлін атқаратын куатты компьютермен байланыстырып тұратын
желінін ең қарапайым түрі.
Жергілікті желінің барлык компьютерлері серверде жазылған қолданбалы
программаларды және принтер, факс тәрізді шеткері қүрылғыларды ортақ
пайдалана алады. Желідегі әрбір дербес компьютер жұмыс станциясы немесе
желі түйіні деп аталады.
Жергілікті жері әрбір тұтынушыға бір-бірімен оте жылдам қатынасуға
мүмкіндік жасайды. Оның мынадай ерекшеліктерін атап өтуге болады:
• құжаттарды бірге пайдалану;
• құжат айналымын жеңілдету: тұтынушы жұмыс орнынан тұрмай-ақ, жиналыс
жасамай-ақ әртүрлі құжаттарды оқуға, түзетуге, түсініктеме беруге
мүмкіндік алады;
• компьютер дискісіндегі орынды тиімді пайдаланып, оз жұмыс нәтижелерін
серверде сақтау және архнвтеу;
• сервердегі қолданбалы проғраммалармен оңай байланысу;
• қымбат тұратын қорларды - принтерлерді, СБ-К.ОМ мәлімет
жинақтауыштарын, қатты дискілерді және ортақ пайдалануға болатын
көлемді қолданбалы программаларды (мысалы, мәтіндік процессорларды
немесе мәліметтер базасын) бірігіп паішалануды жеңілдету, т.б.
Аймактық-таратылған желілер жергілікті желілер жасай алатын барлық
жұмыстарды оте қашықта орналаскан бір компания компьютерлері арасында
атқара алады. Әдетте ол үшін модем немесе Жоғары жылдамдықты цифрлы желі
арналарын ортақ пайдалануға арналған кешендік қызмет (ІЗБЫ, Іпіе§гаіесІ
Зегуісев Оі^ігаі ІЧеІшогк) көрсете алатын байланыстық телефон арналары
қолданылады. Мұнда І5В]ч[ арналары графикалық бейнелер жазылған үлкен
көлемді файлдары тасымалдау үшін жиі қолданылады.
Модем немесе алыста орналасқан север кемегімен жүзеге асатын
аймақтық тармақталған желілер функциясын жергілікті желілер құрамына енгізе
отырып, сыртқы коммуникация технологияларының төмендегідей мүмкіндіктерін
пайдалануға болады:
электрондық пошта арқылы мәліметтерді қабылдау және женелту;

Интернетпен байланысу.
Интернет дегеніміз - дүниенің әр түкпіріндегі тұтынушыларды бір-бірімен
мәліметтер қоймасы, бейнелер жәш дыбыстар жазбалары арқылы жеңіл
байланыстыратын ең ауқымды желі түрі. Өз колемін жьшдам ұлғайта отырып
(шамамен жылына 200%), ол біздің өмірімізде күннен күнге ете елеулі рөл
атқарып келеді.
Қазіргі кезде Интернеттін ең негізгі функцияларына электрондық пошта
қызметі мен мамандықтары бір немесе ортақ мөселемен айналысатын топтардың
немесе зертеушілердің бір-бірімен жылдам мәлімет алмасуы жатады.
Интернет күннен-кұнге қуатгы екпін алып, оған кептеген компаниялар мен
фирмалар және қарапайым тұтынушылар үздіксіз қосылуда. Компаниялар мен
олардың жабдықтаушылары және түтынушылары арасындағы байланыс дәнекері
рөлін атқаратын ссы Интернет желісі болып табылады. Қазіргі кезде мекемелер
және әрбір жеке отбасы үшін атқарылатын алыстан оқыту жүйелері, алыстан
кеңес беру, емдеу жұмыстары тәрізді мәліметті, сөзді, бейнені, қозғалысты
қашықтан жыдцам жеткізу жұмыстары ссы Интернет арқылы жүзеге асырылады.
Кез келген компьютерлік желі жұмысы топология, хаттама (протокол),
интерфейс, желілік программалъщ экәне техникалык қуралдар тәрізді
сипаттамалармен керсетіледі.
Желі топологиясы оның негізгі функциональдық элементтерінің бір-бірімен
байланысу қүрылымын аныктайды.
Желілік техникалык кұралдар - компьютерлерді бір желіге ұйымдастыруды
қамтамасыз ететін ортүрлі құрылғылар жиыны.
Желілік программалық кұралдар - компьютерлік желі жұмысын басқарыи, әрбір
тұтынушыны қажетті интерфейспен қамтамасыз етеді.
Интерфейстер - желінің функциональдық элементтерін бір-бірімен үйлестіру
құралдары.
Протоколдар - жедінің функциональдық элементтерінің бір-бірімен қатынас
жасау ережелері. Функиональдық элементтер релін әртұрлі құрылғылар және де
программалық модульдер атқара алады. Сол себепті ақпараттык және
программалық интерфейстер қарастырылады.

Негізгі желілік топологиялар
Желінің атқаратын қызметіне байланысты топологиялардың үш түрі болуы
мүмкін.
Шиналык топология. Мұнда жүмыс станциялары желі адаптерлері арқылы жалпы
шинаға немесе магистральға (кабельге) қосылады. Дәл осьшдай тәсілмен
магистральға басқа да желілік құрылғылар қссыла береді. Желінің жұмыс жасау
процесінде тасымалданатын ақпарат жөнелтуші станциядан жұмыс станцияларының
барлық адаптерлеріне жеткізіледі, бірақ оны тек адресте көрсетілген жұмыс
станциясы қабылдайды (28.1 сурет).

28.1 сурет Жұлдыз тәрізді топология. Мұнда ортақтандырылған коммутациялық
түйін — желілік сервер болуы тиіс, ол барлық мәліметтерді жеткізуді жүзеге
асырады (28.2 сурет). Бүл топологияның артықшылығы - кез-келген бір жүмыс
станциясының істен шығуы жалпы байланыска әсер етпейді.

28.2 сурет
Сақиналык топология. Мұнда байланысу арналары түйықталған сақина бойында
орналасады. Жөнелтілген мәлімет біртіндеп барлық жүмыс станцияларын аралап
шығады да, оны керекті компьютер Қабылдаған соң жұмыс тоқтатылады. Бұл
топологияның кемшілігі -кез-келген бір жұмыс станциясының істен шығуы жалпы
байланысты бұзады.

28.3. Желілік техникалык кұралдар
Жергілікті немесе аймақты тармақталған желілер архитектурасына байланысты
негізгі компоненттер мен технологиялар мынадай белітерден тұрады:
Аппараттық құралдар:
кабельдер;
серверлер;
желілік интерфейс тақшалары (N10, Ыеілуогк Іпіеггасе Сагсі);
концентраторлар;
коммутаторлар;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін бағдарлауыштар
(маршуртизаторлар);
- аймақтық тармақталаған желілер үшін қашытқтан қатынас құру
серверлері;
- аймақтық тармақталаған желілер үшін модемдер;
Серверлер. Клиентсервер желісіндегі сервер дегеніміз осы желіге
қосылған басқа компьютерлер пайдалана алатын файлдар мен қолданбалы
программаларды сақтауға арналған жоғары көлемді қатты дискісі бар дербес
компьютер болып табылады. Бүган қоса серверде желілік операциялық жұйе
(N08, Иеішогк Орегаііпд кузіет) орнатылып, ол шеткері құрылғыларды
(принтерлер тәрізді) да басқар а алады.
Желілік интерфейс тақшалары (N10, №і\үогк ОрегаІіп§ Зузіет) үстелге
қойылатын және портативті алып жүруге ыңғайлы компьютерлерге орнатылады.
Олар жергілікті желідегі басқа құрылғы-лармен қатынас құру үшін қажет.
Компьютер жұмыс өнімділігіне бірсыпыра талаптар қоятын әртүрлі дербес
компьютерлерге арналған желі тақшаларының коптеген түрлері бар. Олар
мәліметтерді тасымалдау жылдамдығының өзгеруі мен желіге қосылу тәсілдеріне
байланысты әртүрлі болып келеді.
Модемдер жай телефон арналары арқылы Интернетке қосылып, онымен мәлімет
алмасу мүмкіндігін береді. "Модем" деген соз осы құрылғының қызметіне
байланысты шыққан, ол "модулятор демодулятор" сөздерінің қысқаша түрі.
Модем дербес компьютерден шыққан цифрлық сигналдарды жалпы телефон арналары
арқылы тасымалданатын аналогтық сигналдарға түрлендіреді. Ал екінші модем
қабылданған сигналдарды қайтадан цифрлық формаға ауыстырады.
28.4. Желілік программалық кұралдар
Жергілікті және аймақтық тармақталған желілер архитектурасына байланысты
программалық құралдар:
желілік операциялық жүйеден,
желіні басқару программалық құралдарынан тұрады.
Желілік операциялык жуйе (N08, Ыеглгогк Орегагіп£ 8уз1ет) - желіге қосылған
әрбір дербес компьютерде пайдаланылатын программалық құрал. Ол желілік
ресурстарды басқарып, олармен қатынас жасауды қадағалап отырады. Желілік
операциялық жүйе тасымалданатын мәліметтерді баратын бағыттары бойынша
бағдарлауды (маршруттауды), желілік қүрылғылар үшін бәсекелік қайшылықтарды
шешуді және дербес компьютердің операциялық жүйесімен, мысалы \Үіпсіо\уз
95, ^іпсіошх ЫТ, ІЖІХ, Масіпіояһ немесе 082 жүйелерімен жұмыс істеуді
үйымдастырады.
Желілік операциялық жүйе файлдар мен қолданбалы программалардың үйлесімді
жұмыс жасауын қамтамасыз етеді. Осындай бір жұмыс станциясында орналаскан
ресурстар бірге пайдаланыла отырып, керекті мәліметтер алушыларға
жөнелтіліп және олар басқа компьютерлерден езгертіле алады. Желілік
операциялық жүйенің негізгі бөлігі серверде орналасады да, қалған бөліктері
барлық жұмыс станцияларында қызмет етеді.
Желілік операциялық жүйе қосылған барлық құрылғыларды анықтап, ортақ
пайдаланылатын шеткері құрылғыларға жұмыс станцияларының қатынасу
приоритетін (егер бірнеше станция қатар сұраныс берсе) айқындап отырады.
Бұған қоса операциялық жүйе трафикті реттеу рөлін атқарып, каталогтармен
жұмыс істеуді басқарады және ақпаратты сақтау жүйесін бақылау өкілеттігін
жүргізіп, желіні басқару функциясын жүзеге асырады. Кең тараған желілік
операциялық жүйелерге ҮіпсІо\\'8 N1 8ег\'ег, Ыоуеіі ЫеІ\уаге, Вапуап УЛЧЕ8
тәрізділер жатады.
Желіні басқару программалык кұралдары желіні қадағалау, басқару және ондағы
мәліметтерді сақтау істерінде маңызды рол атқарады. Ол желіні тоқтатып
қоюға мүмкіндік бергізбейтін жөне қысылшаң кездерді болдырмайтын, желіні
жеке иеленудін (ТСО, То-Іаі Созі о§ Ошпегеһір) жалпы құнын төмендететін
басқгГру істерін алдын ала жүргізеді.
Желі администраторлары басқару жұмыс станциясы немесе \Үог1сі ^ісіе \УеЬ
қызметі арқылы трафиктегі заңдылықтарды қадағалай алады, осы сегментті
шектен тыс жұмыс атқаруға әкелетін мұмкіндіктерді анықтап береді. Бұған
қоса кенеттен туындаған Қиғаш мәселелерді тауьш олардың әсерлерін азайтады
жөне жұмыс енімділігін жоғары деңгейге котеруге мүмкіндік беретін желі
құрылымын таңдай алады. Желіні толықтыру және күрделендіру барысында КМОЫ
және КМ0Ы2 сияқты қадағалау (мониторинг) жабдыктары администраторларға желі
ортасын бақылап отыруға көмектеседі.
Осындай қадағалау жабдықтары желі шекараларынан тиянақты мәліметтерді дер
кезінде алып отыруды қамтамасыз етеді және сол арқылы желі администраторы
туындайтын қиындықтардың алдын алып отырады.
Программалық құралдар бұған қоса тасымалданатын мәліметтерді кездейсоқ
өзгерулерден сақтайды. Желі адмнистраторлары басқаруға арналған жұмыс
станциясы арқылы пароль орната алады, тұтынушылардың қандай құрылғыларды
пайдалана алатынын анықтайды және заңсыз мәлімет алмақшы болғандарды тауып
тіркеп отырады.
28.5. Клиент-сервер технологиясы
Жергілікті желілердегі компьютерлердің бір-бірімен қарым-қатынас жасау
сипатын олардың функциональдық қызметімен байланыстыру қалыптасқан.
Жергілікті желі аймағында да компьютерлерді тікелей байланыстыру кезіндегі
сияқты клиент және сервер ұғымдары қолданылады.
Клиент-сервер технологиясы - жергілікті желідегі компьютерлерді бір-бірімен
байланыстырудын ерекше тәсілі, мұнда бір компьютер (сервер) өз құрылғыларын
басқаларға - клиенттерге пайдалануға бере алады. Осыған орай жергілікті
желілер бір деңгейдегі желілер және серверлік желілер болып екіге бөлінеді.
Бір деңгейдегі желілерде айрықша бөлінген сервер болмайды, мұнда әрбір
жұмыс станциясы әрі сервер, әрі клиент болып қызмет атқара береді. Мұның
ерекшелігі - әрбір жұмыс станциясы өз; ресурстарының белгілі бір бөлігін
барлық жұмыс станцияларынын ортақ пайдалануы үшін боліп береді.
Көбінесе бір деңгейдегі желілер мүмкіндіктері бірдей компьютерлерді
біріктірген кезде құралады. Бір деңгейдегі желілер жұмыс істеуге ыңғайлы,
олардың қызметі де қарапайым түрде жүзеге асырылады.
Егер компьютерлер саны аз болып, олардың негізгі функциясы бір-бірімен
мөлімет алмасу болған жағдайда, ең тиімді шешім - оларды бір деңгейлі
желілерге біріктіру болып табылады. Мұндай желі кен тараған \¥іпсіо\У5 98
операциялық жүйесінің басқаруымен жұмыс істей береді.
Мәліметтердің компьютерлерге таарлып орналасуы және әр жұмыс станциясының
ресурстарын ортақтастыруды езгерту мүмкіндігі бір деңгейдегі желілердегі
мәліметтерді заңсыз пайдаланудан сақтаудЫ
қиындатады. Осыған орай мамандар мұндай желілердегі ақпаратты сақтау
мәселелеріне өте көп көңіл бөлуге мәжбүр болып отыр.
Бір дейгейдегі желілердің тағы бір кемшілігі - олардың жұмыс өнімділігінің
төмендігі. Ол ресурстардың әр жұмыс станцияларына бөлініп, жұмыс кезінде
олардың әрқайсысының әрі клиент, әрі сервер қызметін атқаруына байланысты
болып отыр.
Серверлік желілерде компьютерлердің функциялары алдын ала айқындалған -
оның кейбіреуі сервер болып қызмет атқарса, калғандары тұрақты түрде клиент
болып табылады. Компьютерлік желілердің атқаратын қызметтерінің көп
түрлілігіне байланысты серверлердің бірнеше типтері бар, олар: желілік
сервер, файлдьщ сервер, баспа сервері, пошталық сервер, т.б.
Желілік сервер желіні жалпы басқару функциясын және есептеу жұмыстарының
негізгі белігін атқаратын арнайы компьютер болып табылады. Бұл серверде
желіні толық басқаратын операциялық жүйенің негізгі ядросы сақталады.
Желілік сервердің жады көлемі үлкен және оның жүмыс жылдамдығы да жоғары
дейгейде болуы тиіс. Мұндай желідегі жұмыс станцияларының функциясына
мәліметтерді енгізу мен шығару және сервермен ақпарат алмасу жатады.
Файлдық сервер термині негізгі функциясы мәліметтер файлын сақтау, баскару
және тасымалдау істерінен тұратын арнайы компьютерге байланысты шыққан. Ол
өзінде сақталатын және тасымалданатын файлдарды өңдемейді және өзгертпейді.
Сервер ол файлдардың мәтіннен, немесе графикалық бейнелерден, немесе
электрондық кестеден тұратьшын білуге тиісті емес. Жалпы файлдық сереверде
монитор мен пернелік такта болмаса да болады. Файлдық мәліметтердегі барлық
өзгертулер клиенттік жұмыс станцияларында жүргізіледі. Сондықтан клиенттер
серверден файлдарды көшіріп алады да, керекті өзгерістерді жасап, нәтижесін
қайтадан серверге Қайтарады. Мұндай желі жұмысы - көптеген тұтынушылардың
бір үлкен ортақ базаны біріге отырып пайдалануы кезінде өте тиімді болып
табылады. Үлкен желілерде бір мезетте бірнеше файлдык серверлер
пайдаланылуы мүмкін.
Баспа сервері (принт-сервер) желі адаптері көмегімен мәлімет тасымалдау
ортасына қосылған баспа құрылғысы болып табылады. Мүндай желілік баспа
құрылғысы басқа желі құрылғылыарынан тәуелсіз күйде озі жеке жұмыс жасайды.
Баспа сервері желідегі барлык серверлерден жене жұмыс станцияларынан
тапсырма ала отырып,
олардың мәліметтерін басып шығарады. Баспа сервері ретінде қуатты, жұмыс
онімділігі жогары принтерлер пайдаланылады.
Жергілікті желі ауқымды желімен өте көп мәлімет алмасатын болган жағдайда,
пошталыц серверлер пайдаланылады. Олар электрондық пошта мәліметтерін өңдеу
үшін колданылады. Интернет желісімен тиімді қатынас құру үшін \УеЬ-
серверлер пайдаланылуы м ү м к і н.
28.6. Желілік технологиялар
Еіһегпеі - жергілікті желі қүрастыру мақсатында ете кең тараған технология
түрі. Ол ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделіп, мәліметтерді ЮМбитс
жылдамдықпен тасымалдап отырады. Еіһегпеі желісіндегі қүрылғылар желі
арнасында сигналдың бар екендігін (оны тыңдап) бақылап отырады. Егер арнаны
ешбір құрылғы пайдаланбайтын болса, онда ЕіһегпеІ құрылғысы мәліметтерді
жөнелте бастайды. Бұл сегментегі әрбір жұмыс станциясы жергілікті желідегі
мәліметтерді талдап, олардың озіне бағытталғанын айқындап теріп алады. Бұл
схема тұтынушылар саны аз болып сегменттегі тасымалданатын мәлімет молшері
де төмен болғанда, тиімді болып саналады. Тұтынушылар саны ұлғайған кезде
бүл желінің жұмысы тиімсіз бола бастайды. Мұндай жағдайда түтынушыларды
шағын топтарға беліп, сегменттер санын артыру ең тиімді (оптимальды) тәсіл
болып табылады. Соңғы кездерде өрбір үстелдегі компьютерлік жұйеге ЮМбитс
жылдамдықты арнайы бөлінген арна беру ісі қалыптасып келеді. Мүндай
тенденция онша қымбат емес Еіһегпеі комутаторларының бар болуына байланысты
қалыптасқан. Еіһегпеі желісінде тасымалданатын пакеттер әртүрлі келемде
бола береді.
Ға$і Еіһегпеі желісінде де ағымдағы арнаны бақылай отырып, көп арналы
қатынасты жүзеге асыратын және қайшылықтарды (С8МА СБ, Саггіег 8еше МиШрІе
Ассез \уійі Соіііаіоп Беіесііоп) айқындай алатын Еіһегпеі технологиясы
қолданылады. Бұл екі технология да ІЕЕЕ 802.3 стандартына негізделген.
Осыған орай осы екі типтегі желілерді жасау кезінде (кобінесе) бірдей
кабель типтерін, үқсас желі құрылғыларын және бірыңғай қолданбалы
программаларды пайдалануға болады. Ға$1 Еіһегпеі желісінде мәліметтер 100
Мбитс жылдамдықпен тасымалданады, яғни Еіһегпеі желісіне қарағанда он есе
жылдам жүргізіледі. Қолданбалы программалар күрделенгенде және желідегі
тұтынушылар саны артқан кезде мұндай жоғарғы өткеру мүмкіндіп қысылшаң
кездерді болдырмайтын тосілдің бірі болып табылады.
Ооңғы кездерде ЮМбитс Еіһегпеі және ЮОМбитс Ғааі Еіһегпеі шешімдерін
қатарластыра үйлестіруді қамтамасыз ететін жаңа шешім табылды. "Қос
жылдамдықты" 10100 Мбитс ЕіһегпеіҒаз*
Еіһегпеі технологиясы - желілік тақша, концентратор, коммутатор сияқты
құрылғыларға жоғарыдағы жылдамдықтардың (қай кұрылғыға байланысканына
байланысты) кез келгенімен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 10100 Мбитс
ЕтегпеіҒазі: Етегпеі желілік тақшасы бар дербес компьютерді 10 Мбитс
жылдамдықты концентратор портымен байланыстырғанда ол 10 Мбитс
жылдамдыкпен жұмыс істейді. Егер де оны 10100 Мбитс жылдамдықты
концентратор (ЗСот 8ирегЗіаск II Оиаі Зреесі НиЬ 500 сияқты) портымен
байланыстырсақ, ол автоматты түрде 100 Мбит с жылдамдықпен жүмыс істей
бастайды. Бүл тәсіл біртіндеп жоғары жұмыс өнімділігіне көшу ісін жузеге
асыра алады. Оған қоса, мүндай тәсіл серверлер мен клиенттердің желілік
жабдықтарын қарапайым күйде сақтап, желілік құрылғылар мен тасымалдау
арналарының өткеру алабын өте кең пайдаланатын жаңа программаларды
пайдалануға мүмкіндік береді.
Сі§аЬИ Еіһегпеі желілері Етегаеі және Ғазі Етегпеі желілерінің
инфрақүрылымымен үйлеседі, оның үстіне олар Ғазі Еіһегпеі желілеріне
қарағанда 10 есе артық, яғни 1000 Мбитс жылдамдықпен жүмыс істей алады.
Сі§аЪгі Етегаеі желілері негізгі желілердің (желі сегменттерін қосу
орындары мен серверлердің қайда орналасқаны) "қысылшаң" орындарын
болдырмайтын мықты шешім болып саналады. "Қысылшаң" орындар тасымалдау
арналарының өткеру алабына сезімтал қолданбалы программаларға байланысты
және интражелілер мен мультимедиалық программалардың трафиктері ағынының
шамадан тыс үлғаюына қарай туындайды. СідаЬіі Еіһегпеі желісі Етегпеі жөне
Ғааі Етегпеі жұмыс топтарын фртінден жаңа технологияға көшіру тәсілі болып
табылады. Мұндай тәсіл -олардың жұмыстарына өте аз әсер етіп. жоғары жүмыс
^німділігіне тез қол жеткізу мүмкіндігі.
АТМ (Азупсһгопоиз Тгап^Гег Мойе) немесе асинхронды тасымалдау режимі - бүл
мәлімет алмасу үшін тұрақты үзындықты (көлемдегі) ұялар қолданылатын
коммутация технологиясы. Үлкен жылдамдықпен жұмыс істей алатын АТМ желілері
біріктірілген мәлімет жиындарын - сөзді, қозғалыстағы бейнелер мен жай
мәліметтерді бір арнамен тасымалдау ісін жүзеге асыра отырып, Жергілікті
және аймақтық тармақталған желі релдерін атқара алады. Бұлардың жұмысы
Интернет қызметі түрлерінен айрыкша құрылып,
арнайы инфрақұрылымның болуын талап ететіндіктен, олар желі сегменттерін
бір-бірімен біріктіріп байланыстыратын магистральдық желі (ЬаскЬопе)
ретінде қолданылады.
Сақиналық архитектура технологиясы болып саналатын Токеп Кіп§ және ҒПОІ
технологиялары маркерлік қатынас құруға негізделген кумалы (эстафеталық)
желі жасауда пайдаланылады. Олар сақина бойымен бір бағытта маркер (гокеп)
деп аталатын арнайы биттер тізбегінен тұратын мәліметтердің айналып жұруі
арқылы жасалған үздіксіз тұйық желі түрін құрайды. Маркер сақина бойымен
желідегі әрбір жұмыс станциясын айналып өтіп үздіксіз қозғалыста болады.
Желідегі мөлімет жөнелтетін жұмыс станциясы маркерге бір кадр қосып қояды,
ал қалған станциялар тек маркерді ары қарай жылжытып отырады. Токеп Кіп£
желілері мәліметтерді 4 немесе 16 Мбитс жылдамдықтармен тасымалдап,
кебінесе ІВМ компьютерлері ортасында қызмет етеді.
ҒОВІ технологиясы да сақиналы негізде жасалып, оптоталшықты кабельдермен
жұмыс істеу үшін магистральды желілерде пайдаланылады. Бұл да Токеп Кіп§
желілері тәрізді маркерді бір станциядан екінші станцияға жіберіп отырады.
Токеп Кіп§ технологиясынан айырмасы мұнда маркерлері қарама-қарсы бағытта
қозғалыста болатын екі сақина болады. Бұл тәсіл бір сақинада ұзіліс болып
қалған жағдайда желінің ақаусыз қызметін үйымдастыру мақсатында (көбінесе
оптоталшықты кабельде) жасалады. ҒООІ желілері мәліметтерді 100 Мбитс
жылдамдыкпен ете үлкен қашықтықтарға тасымалдау үшін қызмет етеді. Мұндағы
желі сақинасы ең коп дегенде ұзындығы 100 км-ге дейінгі тұйық қашықтықты
қамтиды да, жұмыс станцияларынын арасы 2 км шамасында болады.
Осы корсетілген сақина түріндегі екі технология жаңа желілерді
ұйымдастыруда АТМ және Егһегпеі технологияларының баламасы ретінде
қолданылып келеді.
28.7. Желілік принтерлер
Кез келген қызмет бабында мәтіндік қүжаттарды қағазға жиі басуға тура
келеді. Қағазсыз технологияның күнбе-күн іске асьш жатқанына қарамастақ
қағазға басылып жатқан мәліметтер кобеймесе, әзірге азайған жоқ. Егер
мекемеңіздін абыройын биік ұстағыңыз келсе, сыртқа шығатын қүжаттар сапалы
лазерлік принтерде басылуы шарт. Тек ішкі қарапайыМ құжаттар үшін ғана
бірнеше жүз доллар түратын арзан принтерді
пайдалануға болады. Ал кей кезде түрлі түсті принтер де кажет болыи қалады.
Егер де баспагерлік қызметпен айналыспақ болсаңыз, онда қуатты, әрі қымбат
лазерлік принтер алу керек, оның құны мың долларга жетіп артылады.
Әрине, әрбір компьютерге қосылатын қымбат лазерлік принтерлер ала беру
қажет те емес шығар. Мүндай мүмкіндік кез келген фирмада бола бермейді де,
сондыктан бір мекемеде әдетте бір, өрі кеткенде екі принтер ғана болады.
Ал, бір принтерді бірнеше компьютерге бірден қалай жалғауға болар екен?
Мүның бірнеше тәсілі бар. Біріншіден, көп мүмкіндікті ауыстырып қосқыш
тетік сатып алуға болады, ол бір жағынан принтерге, екінші жағынан бірнеше
компьютерге бірдей жалғанады. (28.3-сурет). Ал, егер компьютерлер бірнеше
бөлмелерде немесе бір мекеменің бірнеше қабаттарында орналасса, қымбат
түратын бір принтерді ортақтаса пайдалануда компьютерлік желінің
артықшылығы айтпаса да түсінікті шығар. Бірнеше принтер сатып алудың орнына
бір-ақ принтер алып, оны желі арқылы керек кезінде кез келген компьютерге
ауыстырып қосқыш тетік арқылы жалғап, жүмыс өнімділігін төмендетпей
пайдалану ыңғайлырақ емес пе?! Лазерлік принтердің санын азайтудағы
қаржының унемделуін әркім озі-ақ есептеп алады.

28.8. Мәліметтер базасы
Көбінесе қарапайым мәліметтер базасы бір компьютердің дискісінің бір немесе
бірнеше файлында орналасады. Мүндай мәлшетгермен бір адам жүмыс істей
береді. Ал егер мәліметтер базасы үлкен компания үшін қүрылған болса ше?
Ондайда бүл мәліметтерді бір мезетте екі-үш адам пайдалануына тура келеді.
Ад ол компаниялардьщ филиадцары әр жерде және бір-бірінен қашык орналасса
ше? Мүндай да мәліметтер базасын қажет еткендер уақтьшы калай пайдалана
алады?
Әрине мәліметтерді курьерлер арқылы жеткізіп отыруға болатын шығар, оны
көзіңізге елестетіп көріңізші, оңай жүмыс деп айта қоймаспыз.
Сол компьютерлерді бір компьютерлік желіге біріктіріп мәліметтер базасын
серверге (негізгі ЭЕМ) орналастыру керек. Желінің жүмыс станциялары зерделі
терминал рөлін атқарып, қажетті мәліметтерді керек кезінде мәліметтер
базасының басқару жүйесі орналасқан серверден сүрап, оның дискісінен алып
отырады. Мәліметтер базасының басқару жүйесі орналасқан серверге сүраныс
түскен соң, керекті мәліметтер жүмыс станцияларына жіберіліп отырады (28.4-
сурет). Мүндайда база орналасқан сервер қүрамында дисплей мен пернелік
тақта болғанымен, олар әдеттегідей жүмыс тәртібінде пайдаланылмайды.
Серверлік компьютер әр жерде орналасқан ЭЕМ-дермен (яғни мәліметті
пайдаланатын адаммен) тек желілік байланыс арқылы ғана мәліметтер алмаса
алады.
Терминал (енгізу-шығару қүрылғысы) рөлінде дербес компьютер түрғандықтан
сервер қорларын көптеген жүмыстардан босатып, мәліметтерді қосымша өндеуді
терминалдарда орындауға мүмкіндік бар. Бұлай мәлімет өндеу тәсілі
терминалдар саны көбейген сайын бүкіл жүйенің жүмыс өнімділігін арттыруга
үлкен себебін тигізеді.

Егер жұмыс станциясының операциялық жүйесі ретінде ^Уіпсіоіуз пайдаланылса,
кез келген адам мәліметтер базасынан сұрайтын мәліметін \¥іп\уогс1 мәтіндік
процессор форматында немесе Ехсеі электрондық кестесі форматында көрсете
алады. Алынған мәліметтік құжаттарды форматтап алған соң, лазерлік
принтерде (әрине желіге жалғанған болуы тиіс) әдейілеп қағазға басып алуға
болады. Мүнын бәрін тек экран мен пернеліктен түратын жеке пайдаланылатьш
компьютерде іске асыру мүмкін емес.
Сонымен, дербес компьютерлер желісі әрбір қызмет кеңсесінде бүкіл ұжым
пайдаланатын мәліметтер базасын ұйымдастыра алады. Егер компьютерлер бір-
бірімен байланыспаған болса, онда мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алмаймыз.
Магниттік дискілердің жылдан жылға арзандауына карамастан, онын көлемі
ешқашан датолық жеткілікті деп айтуға болмайды. Егер бірнеше қызметкерге
көлемді бір файлдағы мәліметтер қажет болып қалса, ол
файлды желімен жұмыс істеу барысында барлық компьютерге көшіру қажет емес.
Жергілікті желіге қосылған ЭЕМ-дер ішінен олардың бірін (немесе бір-екеуін)
файл-сервер үшін пайдалануға болады, әдетте ондай компьютердің дискісінің
көлемі үлкен болуы тиіс (жүздеген Мб, тіпті ондаган Гб-қа да жетуі мүмкін).
Мұндай дискіні кез келген жұмыс станциясындағы компьютер өз дискісіндей
пайдалана береді.
Егер көпшілікке керекті моліметтер файл-сервер дискісіне жазылса, онда
желідегі барлық жұмыс станциялары (немесе аминистратор рұқсатына байланысты
олардың белгілі бір тобы ғана) сол мәлімеп ермен жұмыс атқара алады.
Осындай тәсілмен файл-сервер дискісін пайдалану әрбір адамға қосымша тағы
бір-екі диск сатып алған сияқты болады, мұндайда мәліметтердің сыртқы ЭЕМ-
нен алынғанын адам байқамайды да.
Файл-сервердің сыртқы жады ретінде компакт-дискіні окитын кұрылгыны немесе
мәліметтерді қайта жаза алатын магниттік-оптикалык дискілерді пайдалануға
да болады. Комиакт-дискіден мәліметтерді оқу құрылғысы арзан тұрады, сол
себепті қазіргі кезде ол әрбір жұмыс станциясында бар. Бірақ мұны да тек
файл-серверге ғана орналастырып, әрбір станция біраз қаржы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Компьютерлік желілер жайында
Компьютерлік желілер туралы жалпы түсінік
Желілердің құрылымы
Инженерлік жүйелер, желілер мен жабдықтар» пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Компьютерлік желінің анықтамасы
Жасанды интеллект және нейрондық желілер
Желілердің мәні мен түрлері
Желілік тақта - компьютерді желіге қосатын құрылғы
Қазіргі электр байланысы. Түрлері электрбайланыс және олардың негізгі қасиеттері. Жалпы құру принциптері және ҚР электр байланысы желісінің жұмыс істеуі
Желінің шиналық топологиясы
Пәндер