Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың инвестициялық саясаты



КІРІСПЕ

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
1.1 Кәсіпорындарды қайта құрудың, кеңейтудің экономикалық тиімділігі мен жүргізілу барысы
1.2 Инвестиция және инвестициялық саясаттың экономикадағы орны мен маңызы

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Корпорациялардың инвестициялық саясаты мен стратегиясы
2.2 Қазақстан Республикасының бүгiнгi өнеркәсіптік дамуы мен тартылған инвестициялар

3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ

ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта құрылымдау, кеңейту, қайта қаруландыру және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына Жолдауында ерекше атап өттi.
1. Горфинкель В.Я., Купряков Е.М. Экономика предприятия. М: Банки и биржи, 1996г.
2. Финансовый менеджмент: теория и ппрактика: учебник / под. ред. Е.С.Стояновой. – Москва. “Перспектива”, 1996г.
3. Мейiрбеков А.Қ., Әлiмбетова Қ.Ә. Кәсiпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2003. – 252 бет.
4. Любушкин Н.П. Анализ финансово-экономической деятельности предприятия. Учебное пособие для вузов. – Москва, 2000г.
5. Статистика 1991-2001 десят лет независима Казахстана. Алматы. - 2002г.
6. Стратегия / “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы, 2003 ж.
7. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
8. Назарбаев Н.Ә. “Қазақстан экономикалық, әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында”. Қазақстан халқына Жолдауы, Алматы: атамұра, 2005. – 48бет.
9. Кожахмедов Д.Б. “Машиностроение как основа формирования конкурентспособной экономики Қазахстана” // Аль-Пари , №1.2005г.
10. Купешова С.Т. Ғылыми-технологиялық және инновациялық саладағы мемлекеттің орны //Саясат №2, 2001
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2006г. №7.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 37 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

Кіріспе

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫН ҚАЙТА ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ
ТИІМДІЛІГІ
1. Кәсіпорындарды қайта құрудың, кеңейтудің экономикалық тиімділігі мен
жүргізілу барысы
1.2 Инвестиция және инвестициялық саясаттың экономикадағы орны мен
маңызы

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН
КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
2.1 Корпорациялардың инвестициялық саясаты мен стратегиясы

2.2 Қазақстан Республикасының бүгiнгi өнеркәсіптік дамуы мен тартылған
инвестициялар

3. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІК КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ ЖӘНЕ
ДАМЫТУ ШАРАЛАРЫ

Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер

Кіріспе

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта
құрылымдау, кеңейту, қайта қаруландыру және жанама индустрияландыру уақыт
талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп
қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-
инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге
мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге
назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу
байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып
отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi
бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп
кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы
елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған
елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей
байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ
мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
“Қазақстан өз азаматтары үшiн өмiр сүрудiң жоғары стандартын жасай
отырып, әлемнiң тиiмдi дамып келе жатқан елдерiнiң қатарына қосылуға
тиiспiз. Бiз мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабiлеттi болған
жағдайда ғана iстей аламыз” деп Елбасымыздың “Қазақстан экономикалық,
әлеуметтiк және саяси жедел жаңару жолында” атты Қазақстан халқына
Жолдауында ерекше атап өттi.
Осындай бәсекеге қабiлеттi ұлттық тұрақты экономиканы қалыптастырудың
негiзi экономиканың тиiмдi саясаттар мен стратегияларды жүргiзiп, оны iске
асыруына байланысты. Осы экономикалық саясаттардың iшiнде корпорациялардың
инвестициялық саясатының орны айтарлықтай болып табылады. Өйткенi негiзгi
капиталды инвестициялауда қаржылық және өнеркәсiптiк корпорациялар,
инвестициялық және осының негiзiнде өндiрiске тiкелей инвестиция тартуды
жүзеге асырады. Ал өз кезегiнде инвестиция экономиканың тиiмдi дамуының
қайнар көзi болып табылады. Сонымен қатар, экономикадағы инвестицияларды
ұтымды пайдалану, оларды өнеркәсiптiң өңдеушi саласына тартуда, отандық
инвестициялардың көлемiн арттыруда, шетелге инвестиция шығаруда отандық
корпорациялардың инвестициялық саясатының маңыздылығы жоғары екендiгi
белгiлi.
Сондықтан мен курстық жұмысымның тақырыбын бүгiнгi таңда елiмiз үшiн
маңызды болып отырған “Қазақстандық өнеркәсіптік корпорациялардың
инвестициялық саясаты” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектiлiгi
корпорациялардың өз инвестициялық стратегиялары мен саясатарын тиiмдi
жүргiзiп оны экономикада iске асыра бiлсе, онда елiмiз алдағы уақытта
экономиканың шикiзат бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы-инновациялы
жолына түсер едi.
Қазақстан Республикасының инновациялық мәселелерге қызығуы XXI
ғасырдың әлеуметтiк – экономикалық дамуында ең бiрiншi ғылыми техникалық
дамумен байланысты болып отыр. Елдiң негiзгi экономикалық дамуына , яғни
өндiрiс пен ғылыми-техникалық ресурстарды жоспарлау үшiн инновациялық
қызмет ең қажеттiсi. Ал осы инновациялы өндiрiстi дамыту үшiн ең бiрiншi
инвестициялық қолдау көрсету қажеттiгi туындайды.

Осылайша мен, курстық жұмысты орындау барысында алдыма келесiдей
мiндеттер ұсынамын:

• Инвестицияның экономикалық мәнiн және оның экономиканың тиiмдi
дамуындағы қажеттiлiгiн аанықтау;
• Инвестициялық стратегияның iске асу заңдылықтарын және оған әсер
ететiн факторларды қарастыру;
• Осы инвестициялық саясатты iске асырудағы корпорациялырдың
инвестициялық iс-әрекетiнiң маңыздылығын көрсету;
• Жалпы корпорациялық инвестициялық саясаттың жүзеге асу мен құрылу
жағдайын талдау;
• Корпорациялық инвестициялық саясаттың экономиканың негiзгi капиталын
жандандырудағы маңыздылығын анықтау;
• Елiмiздiң мұнай және газ саласы бойынша қызмет етiп отырған
корпорациялардың инвестициялық саясатының қажет болып отырған негiзгi
бағыттарын ұсыну болып табылады.

1. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ӨНЕРКӘСІП КӘСІПОРЫНДАРЫН ҚАЙТА
ҚҰРЫЛЫМДАУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ
1.1 Кәсіпорындарды қайта құрудың, кеңейтудің экономикалық тиімділігі мен
жүргізілу барысы

Қазіргі қоғамда кәсіпорын өте маңызды роль атқарады. Ол арқылы еңбек,
материалдық және қаржылық ресурстар қалыптасып, бір орталыққа жинақталады.
Осы кәсіпорындар арқылы қоғамның қажеттілігі болып табылатын тауарлар мен
қызметтер өндіріледі.
Кәсіпорындарды мемлекеттік басқару мемлекеттік тапсырыстар мен оларды
бөлумен айналысу негізінде сенімді қызмет атқарады. Ол кезде қаржылық
қамтамасыз ету өнімнің сапасы тапсырысты орындау мерзіміне және нарықтағы
сұранысқа байланысты болады.
Еліміздің 1991 жылы егемендігін алып, экономикалық дамуда мүлдем басқа
құрылым және өзгеше ойлау мен әреке тетуге апаратын нарықтық қатынастағы
экономикаға өтуі өнеркәсіптік шаруашылықтарды қиын жағдайға қалдырды. Бұл
ауыр кезеңнен өтіп кетуге көптеген кәсіпорындардың шамасы келмеді. Осының
салдары негізінде елімізде өнеркәсіп саласында жаппай құлдырау басталды.
Бұл өз кезегінде негізгі құралдардың басым бөлігінің тозуы, бұрында
мемлекет күшімен ұстап отырған заман талаптарына жауап бере алмайтын
өндірістер мен кәсіпорындар арты-артынан банкротқа ұшырап жатты. Ол
көріністер ұлттық технологиялардың бәсеке қабілетсіздігі, шығынды
өндірістің қалыптасуы, қазіргі құралдардың моралды және физикалық тозуы,
мотивизациялаудың әлсіздігі, қызмет етіп отырған кәсіпоырндардың нарықтық
қатынастар механизмдеріне бейімделмеуі және қоғамда жалпы сұраныстың кемуі
мен тұрақсыздықтың орын алуы, әріптес мемлекеттермен жүйеленген байланыстың
үзілуі нәтижесінде орын алды.
Осы аталған кәсіпорындардың жан-жақты құлдырауын ескере келе елімізде
өндірістің құлдырауы соңғы 2000 жылға дейінгі аралықтарда жалғасын тапты.
Айта кететін жағдай елімізде бүгінгі таңда тек шикізат бағытында қызмет
ететін кәсіпорындарда ғана олардың өнеркәсіптік құрылымын қайта құрудың,
кеңейту және қайта қаруландырудың шаралары жүргізілуде, ал қалған
салалардағы (ауыл шаруашылығы, өңдеу салалары, машина жасау және жеңіл
өнеркәсіп) кәсіпорындарда әлі де болса өнеркәсіпті қайта қаруландыру мен
жетілдіру шаралары толық қанды іске аспай отыр.
Елімізде осы мәселелерді ескере отырып, сол жылдардан бастап әр түрлі
реформалар экономикалық саясаттар мен реттеу шаралары жүргізілді. Оларға:
кәсіпорындарды жаппай жекешелендіру, несиелеуді дамыту, әсіресе лизингтік
несиені жетілдіру, өнеркәсіп кәсіпорындарға мемлекеттік қолдау көрсету,
сонымен қатар ең маңыздысы 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-
инновациялық бағдарлама қабылдап, оның іске аса бастауы болып табылады.
Қазақстан өнеркәсібіндегі қызмет ететін кәсіпорындарды қайта құрудың,
техникалық қайта қаруландырудың қажеттігі жоғары шамада туындап отырған ол
ұлттық машина жасау өнеркәсіп орындарының жағдайы болып табылады. Өйткені
бүгінгі таңдағы машина жасау өнеркәсібі біздің елімізде ғана емес, сондай-
ақ дамыған шетелдердің өзінде де өте күрделі, қайта қаруландыру мен жаңа
технологияларды енгізуді қажет ететін басты салалардың бірі болып табылады.

Ал Қазақстанда осы аталған машина жасау өнеркәсібі құралдары мен өнім
өндіру технологиялары мүлдем ескірген, технологиялық әдістері заман
талабына сай емес және оларды қайта құрылымдау дәрежесі мүлдем төмен болып
отыр. Яғни, бұл жерде мұнай саласына байланысты машина жасау кәсіпорындарын
есептемегенде. Себебі, еліміздегі батыс аймақсатьрда орналасқан мұнай
саласының қарқынды дамуына байланысты ондағы машина жасау және құралдар
дайындау өнеркәсібі де мұнай саласымен бірге дамып, соңғы заман құрал-
жабдықтарымен қамтамасыз етілген.
Өнеркәсіп орындарын қайта құрылымдау нарықтық экономикада қызмет
ететін кәсіпорындардың барлығы үшін қажет және күрделі қызмет болып
табылады. Қайта құрыылымдау өндірістің құрылымын және өндіру
технологияларын, қаржы-инвестициялық механизмін, шаруашылық процестерді
басқару және өнімдерді нарықта өткізудің тиімді болып табылатын жаңа
құрылымдық формаларын енгізуден тұрады. Яғни, қайта құрылымдау
өнеркәсіптік комплекс құрылымын сапалы түрде, соңғы заман жетістіктеріне
негіздеп өзгерту шаралары болып табылады.
Бұл анықтаманың кең қоданылатын қолданысында келесі ұғымдармен тікелей
байланыста болады: кәсіпорынның құрылымын ұйымдастырушылық, құқықтық,
экономикалық, техникалық және мамандану жағынан қайта құру немесе жетілдіру
шаралары жиынтығын құрайды. Сондай-ақ осындай құрылымдау мен қайта
қаруландырудың негізінде сапалы өнімдер өндірумен және өндірістің
тиімділігін дамытумен байланысты болады.
Кәсіпорынның қайта құрылымдау түрлеріне келесіле ржатады:
1. Қаржылық қайта құрылымдаудың мәні кәсіпорынның қаржыларының
құрылымдарын талдау және олардың қайта құрудың маңыздылығын
арттыру;
2. Физикалық қайта құрудың өндіріс қуаттылығын, машина және құрал-
жабдықтарды ауыстыру, яғни артық жұмыс күшін қысқарту және
өндірістің өнімділігін арттыру кіреді.
Бизнесті қайта құрыылмдау кәсіпорынның ішкі және сыртқы ортасына
маркетингтік зерттеу зерттеу жүргізу және соның барысында бизнестің
мақсатын, нарықтық құрылымын, басқару жүйесін ұйымдастыру қарастырылды.
Қайта құрылымдау отандық кәсіпорындардың қаржылық жағдайын
тұрақтандырушы құрал қызметін атқарады. Соңғы уақытта қаржыландыру
көздерінң құрылымында келесідей өзгерістер болды. Жергілікті және
республикалық бюджет капитал салымдарының үлесі : 1995 жылы 5%, 2000 жылы
8%. 1995 жылдан бастап өнеркәсіп кәсіпорындарының меншік қаражаттары азая
бастады, оның 1995 жылғы шамасы 92% болса, ал 2000 жылы бұл шама 62%,
биылғы жылы 50% шамасында болып отыр. Инвесторлардың қаржыландыру үлесі
елеулі өсті, яғни 1995 жылы 2%, ал қазіргі уақытта 40% шамасында.
Машина жасау кәсіпорындарының ұзақ уақыт мерзімде төлемқабілетсіздік
жағдайы әсіресе жанармайға тарифтердің жоғары болуы, элетр қуатының
қымбаттауы, әлсіз несие саясаты мен мемлекеттік қолдаудың
жеткіліксіздігінен көрініс тапты.
Сонымен машина жасау өнеркәсіптерін қайта құрылымдау комплекстік
формада жүргізіледі. Шетел тәжірибелері көрсеткендей машина жасау саласы
үздіксіз жаңарып отыруды талап етеді. Яғни, осының нәтижесінде ғана жоғары
рентабельділік пен бәсекеге қабілетті бола алады.
Бәсеке қабылеттілік ұғымының қасиеті болып табылатын жаңашылдық
жаңалықтың екі түрін игеру мүмкіндігіне сүйенеді. Бір тұсы бұл өндірістің
техника-технологиялық жаңартуымен байланысты техникалық жаңалық болып
табылады. мұның құралы құрал жабдықтар мен апаратура, өндірістің техникалық
құралдары және НЕОКР ді техникалық қамтамасы ету сондай-ақ өнімдерді өндіру
аясындағы жаңалықтарды игерудін әдістерімен тәсілдері кіреді.
Жаңашылдықтың келесі ажырамас бөлігіне - әлеуметтік жаңалықтар
жатады. Мұндай жаңылықтың техникалық базасы ретінде игерілген әлеуметтік
технологиялардың жиынтығы қарастырылады. Кәсіп орынның бәсеке
қабілеттілігін деңгейіне негізінен мынандай факторлар әсер етеді :
• өндірістік технологияны жетілдіру дәрежесі мен ғылыми техникалық
деңгейі;
• жаңа өнер табулармен жаңашылдықтарды қолдану
• қазіргі заманға сай автоматтандырылған және робаттандарылған өндіріс
құралдарын еңгізу
Сонымен бейімділікмен жаңашылдық ұйымның бәсеке қабілеттілік қасиетін
қалыптастыруға қажетті жеткілікті жағдайларды айқындайды.

1.2 Инвестиция және инвестициялық саясаттың экономикадағы орны мен маңызы

Инвестиция дегенiмiз табыс табу мақсатында кәсiпкерлiк қызметке
салынған мүлiктiк және интелектуалдық құндылықтардың барлық түрi.
Инвестициялық қызметтiң негiзгi мақсаты кәсiпкерлiк табыс табыс пен пайыз
алу болып табылады.
Коммерциялық практикада инвестицияның келесi үш түрiн көрсетуге
болады:
• Физикалық активтегi инвестициялар;
• Ақшалай активтегi инвестициялар;
• Материалдық емес активтегi инвестициялар.
Бағалы қағаздар арқылы жүргiзiлетiн инвестицияларды портфельдi
инвестициялар деп атайды. Қаржылық инвестицияларға – акционерлiк
кәсiпорындар немесе мемлекет шығарған акциялар, облигациялар және басқа да
бағалы қағаздар, банктiк депозиттерге салымдар жатады.
Ал физикалық активтегi инвестициялар нақты инвестициялар болып
табылады. Нақты инвестициялар бұл өндiрiстiк капиталға ( құрылыс, машина
әне құрал-жабдықтар, ақпарат тарту, байланыс) салынған капиталдық салымдар.
Бұлардың барлығы экономикада қозғалмайтын мүлiктермен байланысты.
Сыртқы инвестициялар тiкелей және портфельдi болып бөлiнедi. Тiкелей
немесе тура инвестициялар кәсiпорынды басқаруға қатысуға құқықтар бередi,
ал портфельдi инвестицияларда мұндай құқықтар болмайды.
Инвестициялар сондай-ақ пассивтi және активтi инвестициялар болып
бөлiнедi:
Пассивтi инвестициялар - кәсiпорынның ескiрген құрылғыларын жаңарту
және қызметкрлер мен жұмысшыларды даярлау мақсатында жұмсалатын
инвестициялар.
Активтi инвестициялар – кәсiпорынның бәсеке қабiлеттiлiгiн арттыру
мақсатында салынған инвестициялар.
Инвестициялық жобалау – бұл техникалық комплекстегi документтердi
талдау, яғни техника-экономикалық негiздегi ( сызбалар, түсiндiрме
жазбалар, инвестициялық жобаның және т.б. материалдардың бизнес-планы).
Инвестициялық жобалаудың негiзгi бөлiгi инвестициялық жобаның құнын
анықтайтын смета құру болып табылады. Кәсiпорын жобасы техникалық,
құрылыстық және экономикалық бөлiмдерден тұрады.
Инвестициялық саясат немесе инвестициялық жоба ұғымы екi мағынада
қолнылады:
• Бiрiншi – белгiлi бiр нәтижелерге жету мақсатында және қандай да бiр
қызметтi iске асыруға бағытталған iс-шаралар, әрекеттер жиынтығы;
• Екiншi – қандай да бiр қызметтi iске асыруға негiзделген ұйымдық-
құқықтық және қаржы-есептiк документтер жүйесi.
Жобаны әзiрлеудiң және iске асырудың кезеңдерi:
• Инвестициялық ойды қалыптастыру;
• Инвестициялық мүмкiншiлiктердi зерттеу мен талдау;
• Құрылыстың, реконструкцияның, объектiнiң техникалық қайта
жабдықталуының техника-экономикалық негiздемесi;
• Келiсiм-шарт документтерiн дайындау;
• Жобалық документтердi дайындау;
• Құрылыстық-монтаждық жұмыстар;
• Объектiнi эксплуатациялау, экономикалық көрсеткiштерге талдау жүргiзу.
Инвестициялық ойды қалыптастыру келесi жағдайларды қарастырады:
• Ойды таңдау және алдын-ала дәлелдеу;
• Техникалық шешiмнiң инновациялық, патенттiк және экологиялық талдауы (
техника объектiлерi, ресурстар, қызметтер ), яғни жобаны iске асыруға
кедергi болатын ұйымдардың жағдайын ескеру;
• Сертификациялық қажеттiлiктердiң орындалуын мiндеттi түрде тексеру;
• Инвестициялық идеяның ұлттық, аймақтық және салалық басымдықтарын
алдын-ала көрсету;
• Жобаны iске асыруға мүмкiншiлiгi бар кәсiпорынды, ұйымды алдын-ала
iрiктеу;
• Реципиенттiң ақпараттық меморандумын дайындау.
Инвестициялық саясатты құра бастау мен оны iске асыру мерзiмiн
инвестициялық цикл деп атайды. Инвестициялық цикл үш кезеңнен тұрады:
• Инвестициялауға дейiнгi кезең – алдын ала зерттеулер мен инвестициялық
жобаны қолдануға шешiм қабылдағанға дейiнгi мерзiм;
• Инвестициялық кезең – нақты түрде өндiрiске немесе қызмет көрсету
саласына, құрылысқа инвестиция жұмсау;
• Өндiрiстiк кезең – кәсiпорынның шаруашылық қызметiнiң ұдайы өндiрiс
мерзiм уақыты аралығы.
Осы кезеңдердiң әрқайсысының периодтары мен жекелеген мақсаттары бар.
Инвестициялау алдындағы кезеңде инвестор және инвестиция тартушы
кәсiпорындар алдын ала әр түрлi зерттеулер жүргiзiп, тиiмдi варианттарды
қарастырады. Бұл жағдайды келесi схемадан көруге болады:
Инвестиция объектiлерi болып жаңа инновациялық өнiм немесе қызмет
түрiн өндiруге бағытталған құрылыс орындары, техникалық қайта жабдықталушы
және өндiрiс көлемiн кеңейтушi кәсiпорындар, ғимараттар, негiзгi қорлар
жатады. Инвестиция объектiлерi жобаның көлемiне қарай келесiдей
ерекшеленуi мүмкiн: коммерциялық, әлеуеттiк, экономикалық, мемлекеттiк
маңызы бар салалар, инновациялық және т.б. Сондай-ақ циклдық сипатына қарай
өнiмдi өндiруге толық қатысу немесе жекелеген жобалық-конструкторлық
жұмыстарға қатысу.

Сурет-1 – Инвестициялық стратегияның жүзеге асу кезеңдерi

Сондықтан да инвестициялық саясаттың негiзгi мақсаты болып ғылыми-
техникалық прогрестiң жаңа жетiстiктерiн, техникалық дамудың жаңа
сатыларына алып шығатын және өте тиiмдi өнеркәсiп салаларын зрттеу мен оны
iске асыру болып табылады. Инвестицияның қарқынды мөлшерi әсiресе негiзгi
өндiрiс құрал-жабдықтарының 80% ескiрген, өндiрiстiк мүмкiншiлiктерi сан-
алуан болып келетiн Қазақстан Республикасы үшiн маңызы ерекше.
Елбасымыз атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы
қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi. Ал ол үшiн даму
жағынан артта қалған және дамушы елдерге тән, шығындық өндiрiске алып
келетiн шикiзаттық экономикадан тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз
ететiн жоғары индустриялы-техникалық өндiрiстi қамтамасыз етiп, бәсекеге
қабiлеттi тауарлар мен қызметтер өндiруiмiз керек. Ол үшiн елiмiз
экономикасына көп мөлшерде инвестиция тартылып және олар тиiмдi салаларға
жұмсалуы тиiс. Ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып келетiн өңдеушi салаларға
шетелдiк иныесторлар қаржы салуға ынталы емес, себебi олар үшiн
инвестицияны салып, одан жылдам пайда түсiретiн шикiзаттық өндiрiстер
тиiмдi болып отыр.
ҚР-ның Статистика агенттiгi көрсеткендей, негiзгi капиталды
инвестициялау негiзiнен шикiзаттық салаларға тартылуда. Өйткенi шетелдiк
инвесторлар дайын өнiм шығаруға ынталы емес, себебi олар дайын, сапалы өнiм
шығару арқылы өз елдерiне бәсекелес болуға ұмтылмайды. Оларға керегi бiздiң
шикiзатымыз болып отыр. Бүгiнде шетел инвестицияларының 80% шикiзаттық
өндiрiске салынуда.

2. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ӨНЕРКӘСІП САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ МЕН
КОРПОРАЦИЯЛАРДЫҢ ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТЫ
1. Корпорациялардың инвестициялық саясаты мен стратегиясы

Корпорациялардың инвестициялық саясаты олардың алдыға қойған
инвестициялық саясаттарының бiр бөлiгi және оны iске асырудың негiзi болып
табылады.

Корпорацияның инвестициялық саясатын анықтағанда келесi факторларды
ескеру қажет:
• Өндiрiлген өнiмнiң рыноктағы жағдайын, көлемiн, сапасын және сол
өнiмге рыноктық баға деңгейiн анықтау;
• Корпорацияның өнеркәсiбiнiң техникалық мүмкiншiлiк деңгейiн, оның
балансындағы аяқталмаған құрылысының және құрылмаған құралдарының
жағдайын талдау;
• Құрылғыларды лизингке алу мүмкiншiлiгiн ескеру;
• Корпорацияның қаржы-экономикалық жағдайы (төлемқабiлеттiлiгi,
баланстың өтiмдiлiгi, қаржылық тәуелсiздiк деңгейi инвестициялық
қолайлылық жағдайы);
• Корпорацияның өзiндiк меншiк және қарыз капиталдарының арақатынасы;
• Инвестордың мемлекеттен тарапынан қолдау табатын жеңiлдiлiк түрлерi;
• Капитал рыногын инвестициялаудың қаржылық жағдайы;
• Инвестициялық жобаның коммерциялық және бюджеттiк тиiмдiлiгi, яғни
корпорацияның негiзiнде iске асатын;
• Инвестицияларды сақтандыру және коммерциялық тәуекелдiлiктерге
кепiлдеме берiлу жағдайлары.
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады. Осы
корпорацияның техника-экономикалық негiзiн талдағанда оған барлық
акционерлер, несиелеушiлер және тағы басқа қатысушы тұлғалар қатысады.
Инвестициялық саясаттың негiздемесiн талдағанда келесi iшкi және
сыртқы факторларды ескеру керек:
• өндiрiлетiн өнiмнiң көлемiн, номенклатурасын және сапасын талдау;
• мерзiм бойынша инвестиция негiзiнде iске қосылатын өндiрiстiң жалпы
шығындарын және капитал салымдарын, сондай-ақ осы жобаға балама
жобаларды қатар қарастыру;
• ағымдағы эксплуатациялық шығындар;
• ақысы төленiп, әлi құрылмаған құрылғыларды қолдану тиiмдiлiгi
мүмкiншiлiгiн ескеру;
• негiзгi және материалды емес активтердiң амортизациялық шегерiмдерiн
ескеру;
• корпорацияның есеп саясаты бойынша салық төлемдерiн минималдау
шаралары.
Корпорация инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн ең бiрiншi
корпорацияның инвестициялық шешемiн қабылдайды. Ал өз кезегiнде
корпорацияның инвестициялық шешемi оның қаржылық шешiмiмен тығыз байланыста
болады. Оны келесi суреттерден көре аламыз:

Сурет-2 – Корпорацияның инвестициялық шешiм қабылдауындағы
қарастыратын құралдар

Инвестициялық стратегия корпорацияның ұзақ мерзiмдi кезеңдегi
жоспарланған инвестициялардың тұрақты дамуын, оларды тартудың және
шығарудың тиiмдi жолдарын көрсету, жалпы болашақтағы инвестициялық
баздарларды айқындайды. Ал осы инвестициялық стратегияның iске асуы үшiн
кәсiпорын белгiлi мерзiм аралықтарында және рынок құрылымының өзгерiсiнде
инвестициялық саясаттарды iске асырады. Осы инвестициялық саясаттарды iске
асырғанда келесi қағидаларды ескеру қажет:
• Қарастырылып отырған шараларды экономикалық, ғылыми-техникалық,
экологиялық және әлеуметтiк тиiмдiлiктерiн максималдау;
• Корпорацияның капитал салымдарынан түсiп отыратын пайдаларды тиiмдi
инвестициялау;
• Пайдалы емес жобаларды iске асырғанда ақша ресурстарын тиiмдi
пайдалану;
• Инвестицияның тиiмдiлiгiн арттыруда мемлекеттiк қолдауларды қажет ету;
• Шетел инвесторларыннан несие және қарыз алуда белгiлi бiр
жеңiлдiктерге ие болу;
• Инвестициялық тәуекелдiлiктердi минималдауды қамтамасыз ету және
инвестициялық ортадағы бәсекелiктi ескеру;
Жаңа технологияларды игеруде корпорацияның инвестициялық саясатын
анықтағанда келесi факторларды ескеру қажет:
• Өндiрiлген өнiмнiң рыноктағы жағдайын, көлемiн, сапасын және сол
өнiмге рыноктық баға деңгейiн анықтау;
• Корпорацияның өнеркәсiбiнiң техникалық мүмкiншiлiк деңгейiн, оның
балансындағы аяқталмаған құрылысының және құрылмаған құралдарының
жағдайын талдау;
• Құрылғыларды лизингке алу мүмкiншiлiгiн ескеру;
• Корпорацияның қаржы-экономикалық жағдайы (төлемқабiлеттiлiгi,
баланстың өтiмдiлiгi, қаржылық тәуелсiздiк деңгейi инвестициялық
қолайлылық жағдайы);
• Корпорацияның өзiндiк меншiк және қарыз капиталдарының арақатынасы;
• Инвестордың мемлекеттен тарапынан қолдау табатын жеңiлдiлiк түрлерi;
• Капитал рыногын инвестициялаудың қаржылық жағдайы;
• Инвестициялық жобаның коммерциялық және бюджеттiк тиiмдiлiгi, яғни
корпорацияның негiзiнде iске асатын;
Талданған инвестициялық саясаттың жағдайын сипаттағанда инвестициялық
жобаның техника-экономикалық негiздемесiн қалыптастыру болып табылады.
Индустриялық саясат дегенiмiз мемлекеттiң бәсекеге түсуге қабiлеттi
және тиiмдi ұлттық өнеркәсiптi қалыптастыру үшiн кәсiпкерлiкке қолайлы
жағдайлар жасауға және қолдау көрсетуге бағытталған шаралар кешенiн
бiлдiредi.
Яғни елiмiз осы мәселелердi шешiп жоғары бәсекеқабiлеттi алдынғы
қатарлы елдер санатына қосылуы үшiн, тұрақты экономикалық өсудi және
экологиялық тиiмдi өндiрiстi қамтамасыз ету мақсатында “Қазақстан
Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға
арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясын қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап
оң нәтижелер бере бастады. Сондай-ақ Елбасымыз биылғы жылы “Бәсеке
қабiлеттi Қазақстан”, “Бәсекеқабiлеттi экономика” және “Бәсекеқабiлеттi
халық” деген Қазақстан халқына Жолдауында, елiмiз үшiн өзектi мәселелердiң
бiрi Индустриалды-инновациялық стратегияның негiзгi бағыттарын атап
көрсеттi.
Стратегияның негiзгi мақсаты – бәсекелестiкке шыдайтын, импорт
алмастырушы және экспортқа бағытталған тауар шығаратын өнеркәсiптер құрып,
қызмет көрсету саласын мығымдау. 8
Индустриялық-инновациялық даму бағдарламасына сәйкес бiз экономиканың
шикiзаттық бағытынан арылып, Қазақстанның индустрияландыруының тездетуге,
машина жасау мен өнеркөсiп жабдықтарын шығаруды жолға қоюға тиiспiз. Яғни
инновация – негiзгi қозғаушы күш болмақ.
Ендi осы тұрақты экономикалық өсудiң бүгiнгi таңдағы ең негiзгi
қозғаушы факторы болып отырған Индустриялы-инновациялы даму стратегиясының
мақсаты мен мiндеттерi туралы тоқталып өтсем.

Стратегияның басты мақсаты шикiзат бағытынан қол үзуге ықпал
ететiн экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдiң тұрақты дамуына қол
жеткiзу; ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту
үшiн жағдай жасау болып табылады.

2.2 Қазақстан Республикасының бүгiнгi өнеркәсіптік жағдайы мен тартылған
инвестициялар

Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және
жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-
келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары
деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету
бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз.
Өйткенi егемендiк алғаннан кейiнгi макроэкономикалық көрсеткiштерге
назар аударсақ ұлттық экономикада 1998 жылдан бастап экономикалық өсу
байқалды. Тiптi соңғы екi-үш жылда ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% көлемiнде болып
отыр. Бұл шама елiмiз үшiн үлкен жетiстiк, яғни әлем бойынша ЖIӨ өсiмi
бойынша басты орындардамыз.
Бiрақта мұндай жетiстiктерге жетуiмiз жер қойнауымыздағы минералды
қорымыздың бай болуымен және соңғы жылдары мұнай және метал бағасының
өсуiмен тiкелей байланысты. Елiмiз экономикасы әлi де Кеңес Одағы құрып
кеткен шикiзаттық негiзде болып отыр. Ал дамыған елдердiң қай-қайсысын алып
қарамасақ олар шикiзаттық өндiрiстен сервистiк-технологиялық өндiрiске өтiп
кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және дамушы
елдер ғана айналысады екен. Елбасы атап өткендей , елiмiз жоғары дамыған
елдер қатарына қосылу үшiн және экономикамыз шикiзаттық өндiрiске тiкелей
байланысты емес тұрақты экономикалық өсу үшiн реформалар жүргiзiп және ұзақ
мерзiмдi стратегиялар мiндеттi түрде керек болды.
Басқа мемлекеттермен салыстырғанда Қазақстанда өнеркәсiптi дамытуға
барлық жағдайдың бар екендiгi белгiлi. Шикiзат қорларының молдығы, еңбек
ресурстары мен бiлiмдi және интелектуалды мамандардың жеткiлiктiгi, жаңа
өндiрiстер құру үшiн аймақтардың кеңдiгi, жағрапиялық жағынан орналасу
тиiмдiлiгi, iшкi және сыртқы нарыққа шығудағы бiрқатар артықшылықтар –
мұның бәрi өнеркәсiп салаларын, соның iшiнде өңдеумен айналысатын
кәсiпорындардың алдында жаңа мүмкiндiктер ашады. Әрине, отандық
өнеркәсiптiң қарқынды дамуына терiс әсерiн тигiзер факторлар мен кедергiлер
жоқ емес.
Олардың қатарына мыналарды жатқызуға болады десек қателеспеймiз:
• өтпелi кезеңдегi жекешелендiру мен мемлекет иелiгiнен алуда жiберiлген
қателiктер осы кезге дейiн өзiнiң терiс “жемiсiн” беруде;
• кәсiпорындардағы табиғи және моралдық тозығы жеткен негiзгi қорлардың
үлес салмағының 80% көлемiнде болуы;
• жаңа техника мен технологияны, шикiзат пен комплект бұйымдарын
импорттау өндiрiс шығындарының артуына әсерiн тигiзедi, соның
салдарынан өнiм бағасы қымбаттайды;
• отандық тауар өндiрушiлердi қолдау шаралары және импорт алмастыру
саясатын тоқтаусыз және табанды түрде жүргiзудiң болмауы;
• өнеркәсiп кәсiпорындарының сыртқы және iшкi инвестицияларға
мұқтаждығы, мемлекет бюджетiне тәуелсiз даму үшiн өз қаржыларынан
құралатын амортизациялық, сақтандыру, резервтiк, даму қорларын құра
алмай отырғандығы;
• өнеркәсiп салалары арасындағы салааралық, салаiшiлiк компаниялар мен
фирмалардың аздығы;
• өндiрiстiк инфрақұрылымның жетiлмеуi, сонымен бiрге, өнеркәсiпке
қызмет көрсетушi әр түрлi инновациялық, инжинирингтiк, маркетингтiк,
консалтингтiк құрылымдардың ұсақ түрдегi қызметтерден аса алмауы;
• iшкi рынокта тауарлар мен қызметтерге тұтыну сұранысының мардымсыздығы
(шағын экономика);
• өндiрiстiк және әлеуметтiк инфрақұрылымның жеткiлiктi дәрежеде
дамымауы;
• мұнай-газ және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДҮНИЕЖҮЗІЛІК ШАРУАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ КОРПОРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ЕРКІН ЭКОНОМИКАЛЫҚ АЙМАҚ
Трансұлттық корпорациялардың халықаралық экономикалық қатынастардағы рөлі
ФИРМАЛАРДЫҢ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫНДАҒЫ ЖАҒДАЙЫ
Трансұлттық корпорациялар туралы
Кәсіпорынның инвестициялық саясаты туралы
Қоржындық инвестиция қарекеті
Халықаралық инвестициялық ынтымақтастық
Қор биржасы мәні, міндеттері және операциялары туралы ақпарат
Кәсіпорынның инвестициялық қызметі
Батыс Қазақстан өңірлернің инновациялық қызметін талдау
Пәндер