Қылмыстық құқықтағы жаза туралы



КІРІСПЕ
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА МАЗМҰНЫ
1.1. Жаза түсінігі және мақсаттары
2.2 Жаза жүйелерінің маңыздылығы
1.3.Қылмыстық жазадан босатудың түснігі
2 ЖАЗА ТАҒАЙЫНДАУ
2.1 Әдет.ғұрып заңдарындағы жаза тағайындау
2.2. Қазіргі күнгі жаза тағайындаудың өзекті мәселелері
2.3. Жаза тағайындаудағы ескерілетін мән жағдайлар
2.4. Кәмілетке толмағандарға бас бостандыңынан айыру жазасын тағайындау ерекшелігі.
2.5.Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiсi негiзiнде қылмыстық жазадан босат
ҚОРЫТЫНДЫ
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін алғаннан кейін, егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика, ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет және халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, кұқықтық тәртіпті қорғау салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.
Таяуда онжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және құқықтық мемлекет деп жарияланды. Бұл біріншіден демократиялық режимді ұстанады, екіншіден азаматтық қоғамды қалыптастырады дегенді білдіреді. Демократиялық режимнің негізгі көрсеткіші азаматтық және саяси құқықтар мен бостандықтардың қорғану кепілдіктері. Конституцияның негізгі принциптеріне сәйкес кез-келген адамның ата заңда және басқа да заңда да көзделген мүдделерін қорғауды жүзеге асыруда қылмыстық заңдылықтың маңызы ерекше. Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін қорғау болып табылады.
Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді. Алайда, қылмыстық кұқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.
Осыған орай, жұмыста қылмыстық заңның жаза институтын жетілдірудің өзекті проблемалары, қылмыстық жазаларды жіктеу мен жеке даралаудың жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайларына қолданудың теориялық негіздері жүйесін әрі қарай реформалауға бағытталған ұсыныстар келтіріліп, республикадағы қылмыстық заңды жетілдіру проблемалары қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз алып келді.
1. Левшин А. Описание киргиз-казачьих или киргиз-каисацких орд и степей. Алматы, 1996. 368-бет
2. Сәкен Өзбекұлы Көшпелi қазақ өркениетiндегi құқық- Право кочевой цивилизации казахов, Алматы, «Мектеп», 2002
3. Бұғыбай Дина Бұғыбайқызы. Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм, Алматы,
4. Скрябин М.А. Общие начала назначение наказания и их применение к несовершеннолетним. Казань, 1988
5. С.И. Зельдов «Освобождение от наказания и от его отбывания» М: Юр. Лит. 2003 г.
6. Г.Ф. Поленов Уголовное право Республики Казахстан. Учебное пособие. Алматы, 1999 г.
7. Уголовное право Казахстана (Общая часть). Учебник для ВУЗ-ов. Под ред. д.ю.н. проф. И.И. Рогова и к.ю.н., доц. С.М. Рахметова – Алматы, ТОО «Баспа», 1998 г.
8. Е. Каиржанов Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). Алматы, 2003 г.
9. И.М. Гальперин Наказание: социальные функции, пркатика применеения. М., 2003 г.
10. С.И. Зельдов Освобождение от наказания и от его отбывания. М., 1982. С.
11. Карпушин М.Н., Курляндский В.И. Уголовная ответственность и состав преступления. М., 2004 г.
12. Келина С.Г. Теоретические проблемы освобождения от уголовной ответственности: Автореф. дисс... д.ю.н. М., 2006.С.11
13. Н.И. Ветров Уголовное право. Общая и особенная части: Учебное пособие. М.: Книжный мир, 1999 г.
14. Зельдов С.И. Көрсетiлген жұмыс. 14 б.
15. Уголовное право. Общая часть/ Под ред. И.Я. Козаченко, З.А. Незнамовой. М., 1998. С. 436.
16. Ткачевский Ю.М. Освобождение от отбывания наказания. М., 1990. С..
17. Мельниченко А.Б., Радачинский С.Н. Уголовное право. Общая часть. Ростов-на-Дону, 2002. С. 260.
18. Уголовное право Российской Федераций. Общая часть: Учебник/Под ред. Б.В. Здравомыслова. М., 2001. 418-бет
19. Игнатов А.Н., Красиков Ю.А. Курс уголовного права. В двух томах Т. 1. Общая часть. М., 2001. 476-бет
20. Уголовное право Российской Федерации. В двух томах. Т.1. Общая часть / Под ред. Л.В. Иногамовой-Хегай. М., 2002. С 325.
21. Российское уголовное право. Общая часть / Под ред. А.И. Рарога. М., 2003. С. 496.
22. Г.Ф. Поленов Уголовное право Республики Казахстан.Учебное пособие. Алматы, 1999
23. Н.Н. Смирнов Уголовное право. Общая и особенная части: Учебник –.
24. Никулин С.И. Деятельное раскаяние и его значение для органов внутренных дел в борьбе с преступностью. М., 2005. С. 37.
25. И.Я. Финицкий. Курс уголовного судопроизводства. В .двух томах. СПб., 1996. Т. 2. 578-бет
26. Шупилов В.П. Условный надзор за осужденными в основных капиталистических странах М., 1971 942-бет
27. А.В. Наумов Қылмыстық құқық. Жалпы бөлiм, Лекциялар курсы Астана, «Фолиант»
28. Курс уголовного права . Общая часть Т. 2. /Под ред. Н.Ф. Кузнецова, И.М. Тяжкова М., 2002 198-бет
29. Уголовное право России/ Под ред Л.Л. Кругликова М: 2002 г, 484,485 сс.
30. Никулин С.И. Деятельное раскаяние и его значение для органов внутренных дел в борьбе с преступностью. М., 1985. С. 37.
31. Российское уголовное право Курс лекций, Т.2. Наказание. М: 2002, 318-3
32. Иванов В.Д. Көрсетiлген жұмыс 270-бет, Смирнов М.М. Уголовное право Общая часть, 2003 80-бет
33. Зельдов С.И. Көрсетiлген жұмыс. 14 б.
34. Уголовное право России . Часть общая /Под ред. Л.Л. Кругликов М., 1999
35. Бұғыбай Д.Б. Қылмыстық жазадан босатудың түсінігі мен негіздері. Заң газетi 2003/12, 52-67 беттер
36. Д.П. Водняков, Л.В. Кузнецова Условно-досрочное освобождение от наказания и замена необытой части наказания более мягким. - М., 1981.
37. И.Л. Морагулова Амнистия и помилование в Российском законодательстве. М., ЗАО Бизнес-школа, 1998 г.
38. Ткачевский Ю.М. Освобождение от отбывания наказания. М., 1970. С. 3-
39. Уголовное право Общая часть/ Под общей ред. В.С. Комиссарова, А.Н. Павлухина СИб: Питер, 2003, 221-бет
40. Н.Д. Дурманов «Освобождение от наказания по советскому праву». М., Госюриздат, 1 г.
41. Қазақстан Республикасының Қылмыстық құқығы. Ағыбаев А.Н Алматы 2007 ж.
42. Криминология. С.Х. Жадбаев. Алматы 2002 ж.
43. Криминология. Алауханов Е.О. Алматы 2002 ж.
44. Основные характеристики преступности в РК, Мауленов Ғ.С., Алматы 2004 г.
45. Қайыржанов Е.И. О соотношении обьекта, предмета и средства преступления. Алматы. НИиРИО АВСШ ГСК РК, 1996.
46. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексі. 1997 ж.
47. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім)
48. Уголовное право Казахской ССР. Алматы, 1988.
49. Наумов А. Қылмыстық құқық. Алматы, 2002.
50. Комментарий к Уголовному кодексу РК. Алматы, 1999г.
51. Жунусов Б.Ж. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть). Караганда, 1998 г.
52. Уголовное право Республики Казахстан. Общая часть. // Отв. ред. Проф. Рогов И.И., доц. Баймурзин Г.И. – Алматы.: Жеты Жаргы.,1998.
53. Поленов Г.Ф. Уголовное право Республики Казахстан (Общая часть) Алматы : ЮРИСТ, 1999.
54. Н.И. Ветров. Уголовное право (Общая и Особенная части). Учебник – М.: Книжный мир, 1999.
55. Уголовное право Республики Казахстан п/ред. Рогова И.И., Баймурзина Г.И., Алматы, Жеты жарғы, 1998г.
56. Уголовное право Республики Казахстан. (Общая часть). Учебник / Под.ред. И.Ш. Борчашвили и С.М. Рахметова. В 2-х частях. Часть –1. Алматы., 2000г.
57. Уголовное Право РФ общая часть М., 2000г.
58. Прохоров Л.А. Прохорова М.М. Уголовное право Учебник М., 1999.
59. Уголовное право.(Общая часть).// Отв.ред Козаченко И.Я., Незнамова З.А., Новоселов Г.П. – М.,1998.
60. ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер жөніндегі комитетінің Құқықтық статистика және ақпараттар орталығы мәліметтері. 1992-2002 ж. Алматы –2003.
61. Филимонов В.Д. Понятие и цели наказания. Новое уголовное право России. Общая часть: Учебное пособие. – М., 1995.
62. Курманов К.Ш. Квалификация преступлений: Теория и практика. Учебное пособие. / Б. Издательский дом «Наука и образование». 2001.

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазақстан өзінің мемлекеттік тәуелсіздігін
алғаннан кейін, егемен мемлекеттің және оның барлық азаматтарының өміріне
арқау болатын бүкіл құқықтық базаны түбегейлі қайта құру кажеттілігі
туындады. Бұл арада аз жұмыс жасалған жоқ: мемлекеттік басқару, экономика,
ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат, қоғамдық саяси өмір, мәдениет және
халықты әлеуметтік қорғау, табиғатты қорғау, кұқықтық тәртіпті қорғау
салаларында көптеген заңдар мен жарлықтар талқыланып қабылданды.
Таяуда онжылдығы зор жетістіктермен аталып өткен 1995 жылғы Қазақстан
Республикасының Конституциясына сәйкес, біздің мемлекет демократиялық және
құқықтық мемлекет деп жарияланды.[1] Бұл біріншіден демократиялық режимді
ұстанады, екіншіден азаматтық қоғамды қалыптастырады дегенді білдіреді.
Демократиялық режимнің негізгі көрсеткіші азаматтық және саяси құқықтар мен
бостандықтардың қорғану кепілдіктері. Конституцияның негізгі принциптеріне
сәйкес кез-келген адамның ата заңда және басқа да заңда да көзделген
мүдделерін қорғауды жүзеге асыруда қылмыстық заңдылықтың маңызы ерекше.
Қылмыстық заңның ең басты міндеттерінің бірі адам, қоғам, мемлекет мүддесін
қорғау болып табылады.
Казақстан Республикасының 1997 жылғы қабылданған Қылмыстық кодексінің 3-
4 бөлімдері тұтас жаза институтына арналып, жаза институтының барлық
проблемаларына арналған ұғымдар қазіргі заман талабына сай жаңаша түзілді.
Алайда, қылмыстық кұқық бойынша жазаларды топтастыру негіздері теориялық
тұрғыда әлде де өз шешімін толық таппаған. Жаза жүйелерін жіктеу, оның
белгілерін анықтауға жеткілікті мән берілмеген. Теорияда және заң
қабылдауда орын алған осындай ағаттықтар, жаза институтын тереңірек
зерттеуді, оның көптеген тұстарын жаңаша бағалауды, саралауды қажет етеді.
Осыған орай, жұмыста қылмыстық заңның жаза институтын жетілдірудің
өзекті проблемалары, қылмыстық жазаларды жіктеу мен жеке даралаудың
жауаптылық пен жазаны жеңілдететін және ауырлататын мән жайларына
қолданудың теориялық негіздері жүйесін әрі қарай реформалауға бағытталған
ұсыныстар келтіріліп, республикадағы қылмыстық заңды жетілдіру проблемалары
қарастырылған.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Біздің елімізде ХХ ғасырдың 90-
жылдарының басынан бастап болып жатқан әлеуметтік, саяси, экономикалық
өзгеріс - жаңғырулар қоғамның құқықтық саласындағы өзгерістерге де еріксіз
алып келді. Тәуелсіздік алғаннан бері Казақстан Республикасында іргелі
саяси, экономикалық, кұқықтық реформалар жүзеге асты. Елімізде жылдан жылға
алға өрлеушілік, дүниежүзілік деңгейге көтерілуге қадам басқандық айқын
көрініс тапты. Тәуелсіз Қазақстан Республикасында екі мәрте 1993
жылы және 1995 жылы Конституция қабылданды. Мемлекетіміздің кұқықтық
негізі берік қаланды. Осы аз уақыт ішінде кез келген құқықтық мемлекеттің
алғашқы тұғыры, берік ірге тасы болып табылатын бірқатар заңдар:
Конституция, Азаматтық кодекс, Қылмыстық кодекс, Қылмыстық атқарушылық
кодекс және т.б. қабылданды.
Қазақстан Республикасының 1995 жылы қабылданған Конституция-сының
негізінде елімізде демократиялық, зайырлы құқықтық және әлеуметтік мемлекет
орнату жүзеге асырылуда. Оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары деп жарияланды. Оған сәйкес біздің
мемлекетімізде президенттік басқару нысаны берік орнықты. Мемлекеттік
біртұтас биліктің үш тармаққа бөлінуі жүзеге асты. Тұрақты жұмыс істейтін
қос палаталы Парламент күннен күнге жемісті жұмыс істеуде. Атқарушы билікті
нығайту және жетілдіру жөнінде шаралар қолданылды. Біртұтас сот жүйесі
құрылды, судьялардың тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар
қабылданды.[2]
Қазақстан Республикасы жаңа егемендi демократиялық әрi құқықтық
мемлекет ретiнде орнықтыру үшiн маңызды мiндеттерiнiң бiрi ретiнде құқықтық
тәртiптi нығайту мен құқықтық саясатты жетiлдiру мақсатын өз алдына қойған.
Құқықтық реформаның мемлекеттiк бағдарламасының жүзеге асырылуының
маңызы: онда азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау – ол құқықтық
мемлекет құрудың басты басым мақсаты ретiнде қойылған және қажеттi
шараларының бiрi ретiнде адам құқықтары мен бостандықтарын қорғауды
қамтамасыз ету жөнiнде халықаралық актiлерге сәйкес келетiн жаңа заңдар
белгiленген.
Қылмыстық әрекеттердiң, олардың алуан түрлерi мен әдiстерiнiң қарқынды
дамуы кезеңiнде қылмыстылықпен күресудi қамтамасыз ететiн заңдардың сапасын
жақсарту керек. Қазiргi нарықтық қоғамның дамуына сәйкес келетiн
мемлекеттегi сапалы заңдардың қабылдауына құқықтық ғылымдардың, әсiресе
соның iшiнде қылмыстық құқықтың әсерi өте зор.
Қылмыстылықпен күресуде қылмыстық жаза маңызды орынды иеленедi. Бiрақ
та заң шығарушы жазаны барлық жағдайларда да қолдануды көздемейдi,
мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы ретiнде жаза тек қылмыс жасаған адамға басқа
әсер ету амал-жолдарының болмауының негiзiнде, сонымен қатар әлеуметтiк
әдiлеттiлiктi қалпына келтiру, сондай-ақ сотталған адамды және сотталған
адамның да, басқа адамдардың да жаңа қылмыстар жасауынан сақтандыру
мақсатында қолданылады.
Қылмыстылықпен күресудiң жазалаумен қатар, бiр жолы ретiнде кейбiр
қылмыс жасаған адамдарға қатысты қылмыстық жазадан босату шараларын қолдану
танылады. Заң шығарушы осындай нормаларды белгiлей отырып, жазаларын өтеп
жүрген адамдардың түзелуiн қамтамасыз етедi, мәселен сотталғандар түзелу
арқылы жазадан босатылуы немесе өз жағдайларын жеңiлдетуi үшiн ұмтылады.
Мұның барлығы қылмыстық заңның iзгiлiгiн бiлдiредi. Қылмыстық жазадан
босату институтын қолданудың көп жылдық тәжiрибесi қауiптi құқық
бұзушыларды түзеудiң бiрден-бiр құралы екендiгiн дәлелдейдi.
Қылмыстық жаза тек қазiргi ғана емес, бұрыннан да заң әдебиеттерiнде
өзектi зерттеу объектiлернiң бiрi болып табылады. Бұл мәселеге осындай көп
көңiлдiң бөлiнуiнен бұл институттың қылмыстық құқық теориясындағы алатын
орнын көремiз. Мысалыға, Г.Б. Виттенберг, И.И. Крапец, С.Н. Сабанин, С.И.
Зельдов, Н.Д. Дурманов, Ю.М. Ткачевский, А.С. Михлин, А.Т. Потемкина, И.М.
Гальперин, И.И. Рогов және қазақстандық ғалымдар Е. Қайыржанов, С.М.
Рахметов, Д. Бұғыбайқызы және т.б. ғалымдардың еңбектерiнде көрiнiс тапқан.
Бiрақ та осындай көптеген зерттеулерге қарамастан, қылмыстық жазадан
босатудың кейбiр мәселелерi толықтай ашылмаған және одан әрi зертеудi қажет
етедi. Қылмыстық жазадан босату институтының құқықтық табиғатын анықтауда
түпкiлiктi пiкiр жоқ және оны жауаптылықтан босату институты мен
арақатынасын анықтағанда бiрқатар қарама-қайшылықтар да кездеседi.
Зерттеулердiң көбiсi қазiргi заман талабына сай келмейдi және ескi заң
көзқарасымен жазылған. Көптеген зерттеулерде жазадан босатудың жаңа
негiздерi қарастырылмаған, сонымен қатар қылмыстық заңға одан әрi зерттеудi
қажет етедi. Осы мәселелер менiң дипломдық жұмысымды осы тақырыптан таңдап
алуыма әсер еттi.
Жұмыстың мақсаты: осы дипломдық жұмыстың мақсаты болып қылмыстық
заңнама мен оны тәжiрибеде қолдануды жетiлдiруге бағытталған қылмыстық жаза
институтының теориялық мәселелерiн одан әрi зерттеу, сондай-ақ осыған
байланысты белгiлi бiр қорытындыға келiп, оны заңнама мен тәжiрибеде
қолдануға байланысты ұсыныстар енгiзу басты мәселе болып табылады.
Осы мақсатттарға жету үшiн алға төмендегi мiндеттер қойылған:
• қылмыстық жаза нормаларының тиiмдiлiгiне әсер ететiн факторларды анықтау;
• қылмыстық жаза жекелеген негiздерi бойынша жазадан босату заңдарын
қолданудағы кемшiлiктерiне баға беру;
• жаза нормаларын жетiлдiруге бағытталған ұсыныстарды қалыптастыру;
• осы нормаларды тәжiрибеде қолдануды зерттеп, онда орын алып жатқан
кемшiлiктердi жою шараларын қалыптастыру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында көптеген қылмыстық құқық
ғалымдарының еңбектерi, диссертациялық жұмыстар, Қазақстан Республикасының
заңнамалары мен ҚазКСР заңнамалары салыстырыла отырып қолданылды, сондай-ақ
Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары және Ақтау
қалалық сотынан алынған қылмыстық жазаға тартылған және одан
босатылғандардың есептерi пайдаланылды.
Жаза нормаларының қылмыстық заңмен белгiленбегенiмен, бұл жөнiндегi
заңдарды тәжiрибеде соттармен қолдануда кемшiлiктер мен олқылықтар жиi орын
алғанымен, ондай келеңсiздiктер де кездеседi. Мәселен, көптеген соттар
қоғамға онша қауiптi емес қылмыс негiздерi бар iс-әрекеттерiн жасаған
адамдарға қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзеу және қайта тәрбиелеуде
қылмыстық жаза нормаларын қолданудың қылмыстылықтың алдын алушылық пен
адамды тәрбиелеуде маңызының мүмкiншiлiгiн жете бағаламайды. Сол себепті,
қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босату кезінде қылмыстық заңның
ескертушілік міндетін жете назарда ұстау қажет.
Осы нормаларды тәжiрибеде қолдануда жiберiлетiн қателiктерден бұрын,
осы қылмыстық заңды қабылдаудағы заң шығарушының назарынан тыс қалған
мәселелерге байланысты кемшiлiктердi де атап өтуiмiз керек. Мысалыға,
жоғарыда қарастырылып кеткендей тек жүктi әйелдердiң жазасын өтеуiн кейiнге
қалдыруды көздейтiн норманың заңда белгiленуi асырауында жас балалары бар
жалғыз басты ер азаматтардың жазасын өтеуiн кейiнге қалдыру мүмкiндiгiн
көздейтiн норманың заңда көрiнiс таппауы, олардың жағдайын ескермеушiлiк
пен оларға қатысты әдiлетсiздiктің орын алғандығы туралы мәселе туындайды.
Сонымен қатар, қылмыстық заңда кәмелетке толмаған адамға қатысты жазадан
босатудың бiр негiзi – жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза
түрiмен ауыстыру мен қосымша жазалардан босату мүмкiндiктерiн қолдануды
көздейтiн нормалардың орын алмауы, қылмыстық саясат кәмелетке толмағандарға
қатысты iзгiлiк бағытында дамуы тиiстiгiн белгiлеген Қазақстан
Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасының талабының орындалмауының
бiрден-бiр көрiнiсi болып табылады. Бұл жерден бұрынғы қылмыстық заңмен
қарастырылған бiрiншi аталған мүмкiншiлiктің көзделуiне байланысты жаңа
заңда осы мәселеге қатысты шектеушiлiк орын алғандығын көруге болады.
Жоғарыда аталған заң шығарушының назарынан тыс қалған мәселелермен
қатар, заң шығарушылық қызметiнде iс жүргiзу құжаттарына қатысты кейбiр
терминолгиялық қателiктер де орын алған, мәселен мерзiмiнен бұрын-шартты
түрде босатудан, жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен
ауыстырудан бас тарту туралы сот ұйғарымы деген қателiк заңның өзiнде бұл
норманы қолдану – қолданбауға байланысты сот шешiмi қаулы түрiнде
шығарылады дегенге қарамастан кездеседi.
Жаза қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстық салдары. Дегенмен ол қылмыстық
алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Белді шараларға әлеуметтік,
мәдени-тәрбиелік жұмыстар жатады, бірақ егер де қылмыскер иландыру
әдістеріне, тәрбиелеу шараларын бас бермей бара жатса, оны қылмыстық
жазамен тізгіндеуге тура келеді.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірумен тікелей
байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру
немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір
лауазым иесі болуға тыйым салуы, мұлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше
ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәлігі заңда көрсетілген негізде
ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауды да мүмкін. Сөйтіп, кез
келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам материалдық,
моральдық, мүліктік зардап шегеді. ґйткені жаза өғзінің мәні
жөнінен кінәліні жазалау болып абылады.
Қылмыстық жазалау шараларының мәні мемлекеттік айыптауды және
мәжбұрлеуді арнайы тәсілмен жүзеге асыру. Осыған байланысты Н.
Сергеевский былай деп жазады: “Жазада қылмыстық іс-әрекетті қандай
формада болмасын, қандай мазмұнда болмасын айыптау, бетке басу
әрқашанда болады”. [3]
С. Познышев өш алу теориясын сынады. “Егер жаза нақты
қолданылса, - дейді ол, - тежеуші әсерге артық қатыгездік жасамай-ақ
қол жеткізуге болмады, ал қолданылмаса – қандай үрей туғызса да
әсері болмайды”.
Жаза қылмыс жасаған адамға қолданылатын мемлекеттік арнайы
мәжбұрлеу шарасы ретінде құқықтық қудалаудың кейбір түрлерімен ғана
шектелмейді, сонымен қатар ол қылмыскерге тәрбиелік ықпал етуді
де көздейді.
Жаза туралы ілімнің ең көп талас тудыратын мәселелерінің бірі–
жазалаудағы сазай тартқызудың рөлі мен мағынасы туралы мәселе.
Бірқатар ғалымдар сазай тартқызуды жазалаудағы өзінше мақсат деп
санайды. Заңгерлердің басым көпшілігі бұл пікірмен келіспейді.
Көптеген зерттеушілер жазада ондай мақсат жоқ дейді. А. Ременсонның
пікірінше сазай тартқызу қылмыстық жазаның мақсаты бола алмайды.
Сазай тартқызуды жазаның мақсаты деп тану - жазалауды мақсат
тұту деп мойындау деген сөз. Э. Норбутаев сазай тартқызуды
жазаның негізгі мазмұны деп санаса, кейбір пікірлер бойынша
жазада сорын қайнату мақсаты да бар. Бұл сынға алып отырған
пікірді жақтаушылардың біразы сазай тартқызу мақсатын қоғамдық
сананы қанағаттандыру, адамдардың әділдік сезімін сақтауға ұмытылу
мақсаты деп қарастырады.

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ ЖАЗА МАЗМҰНЫ

1.1. Жаза түсінігі және мақсаттары
Тақырыпқа кiрiспес бұрын қазақ қоғамындағы құқық жүйесiнiң даму тарихына
көз жүгiртсек.
Тәуке ханның реформаторлық қызметiнiң сапынан ерекше орын алатын
мәселе – қазақ қоғамының құқықтық жүйесiн қалыптастыруы. Мемлекеттi
нығайтып, тәртiп орнату үшiн тиiмдi халық мүддесiне сай келетiн заң жүйесi
болуы шарт.
Сол замандағы қазақ қоғамының ұлттық хартиясы – Жетi Жарғы болды.
Ол тек қана сол заманның талаптарына сай келетiн құқықтық құжат емес. Оның
мәнi және мазмұны жағынан көшпелi қазақ халқының ерекшелiктерiне сай
қабылданған аса құнды құқықтық ескерткiшi болып келедi.
Бекiтiлген ереже бойынша Жетi Жарғының қылмыстық нормалары құқық
субъектiсiн қылмыстық әрекеттерi үшiн қылмыстық жазадан босатуды да
қарастырады. Атап айтсақ, балаларын өлтiрген ата-аналар қылмыстық жазадан
босатылады. Тек некеге тұрмаған әйел күйеусiз туған баласын өлтiрсе, оған
керiсiнше өлiм жазасы кесiлген[4]. Екiншiден, әйелi еркегiнiң көзiне шөп
салғаны үшiн, егер әйел еркекпен жатқан жерiнде күйеуi ұстап алса, өлтiруге
құқық бередi, ол үшiн күйеуi ешқандай жауапқа тартылмайды. үшiншiден,
күйеуiн өлтiрген екiқабат әйелге ешқандай жаза қолданылмайды, ол ел
арасында жеккөрiнiштi болып қарғысқа ұшырайды. Төртiншiден, әкесiнiң және
күйеуiнiң ұрлық iстегенiн бiлiп тұрып, оны хабарламағаны үшiн әйелi және
балалары жауапқа тартылмайды. Бұл норма жалпы адамгершiлiк, қандық
қасиеттің заңнан да жоғары болуы қажеттiгiн анық көрсетедi[5].
Тарихтан осылай бастау алған бұл норма әлi күнге дейiн өз жалғасын
табуда.
“Жаза” дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын
мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауға кінәлі деп
танылған адамға қолданылады және адамды құқықтары мен
бостандықтарынан Қылмыстық Кодекспен көзделген айыру немесе
оларды шектеу болып табылады.
Қылмыстық жаза мемлекеттік күштеу шараларының бірі болып
табылады және ол мемлекеттік қылмыспен қарсы күрес жүргізу
құралдарының бірі ретінде қолданылады. Мемлекет қылмысқа қарсы
күрес жүргізуде әр түрлі ұйымдастырушылық, тәрбиелік, экономикалық,
рухани шаралардың барлық түрін кейінен қолданады, сөйтіп
қылмыстан сақтандыру мәселелеріне ерекше көңіл бөледі. Сондықтан да
біздің жас, тәуелсіз мемлекетіміз қылмысқа қарсы күрес
қылмыстық жазаны қолдануда ең негізгі басты күрес деп саналмайды,
бұл құбылысқа қарсы күресте шешуші мәселелер жоғарыда аталып
өткен экономикалық, ұйымдастыру, тәрбие, қоғам мүшелерінің
белсендігін, олардың құқылы сана-сезімін жетілдіру арқылы жүзеге
асырылды. Сондықтан да қылмыстық шара мемлекеттік күштеу шарасы
ретінде тек арнаулы, заңда көрсетілген жағдайда ғана жүзеге
асырылады. Қылмыс істеген адамдарға мұндай шараны қолдану
мемлекеттік атқаратын функцияларының бірі ретінде қарастырылады.
Әсіресе ауыр, өте ауыр қылмыс істегендерге соған сәйкес ауыр
қылмыстық-құқықтық күштеу шараларын қолдану мемлекеттің міндеті
болып табылады. Мемлекеттік күштеу шаралары сан алуан. Оларға тек
қылмыстық құқылық шаралар ғана емес, азаматтық, әкімшілік,
тәртіптік шаралар да жатады. Қылмыстық шара мемлекеттік күштеу
шараларының жеке бірі түрі бола отырып, өзерекшеліктерімен
оқшауланады1.
Республиканың бұрынғы екі қылмыстық кодекстерінде жаза түсінігіне
анықтама берілмеген. Ол тек қылмыстық құқық теориясында
қарастырылатын. Жаза туралы түбегейлі еңбек жазған кеңес криминалисі
И. Карпецтің өзі ең алдымен оның әлеуметтік мәніне тоқталып,
бір формациядағы жаза жүйесінің келесі формацияға сәйкес келмей
қалатындығын айтқан болатын. Осыған орай кеңес уақытындағы жаза
түрлері де Қазақстандағы қоғамдық қатынастардың сипат өзгерген
кезде ескіргендігін байқатты. Сол себепті, жаза қылмыстық кодекс
қабылданғанда жазаның мақсаттары да қомақты өзгеріске ұшырады.
Ондағы мақсаттардың кейбірі теорияда мүлде қарастырылмаған болса,
кейбіріне “социалистік емес” тұрғыдан жаңша көзқарас ғқжет болып
жатыр. Бұл аталған міндеттерді орындау үшін ең алдымен
жазаның тұсінігін анықтаудан бастаған ләзім. Мысалы, Н.
Шаргородский “Жаза дегеніміз қылмыскерді оған тиесілі қандай да
игіліктен айыру, оны және оның қызметін мемлекеттің теріске
шығаруы” деп санайды.
С. Дементьевтің пікірі басғаша, ол “Жаза дегеніміз айыпкер
басынан кешіруге тиісті , алдын ала ойластырылған, заЄңа
белгіленген тән азаптары мен тапшылықтары” дегенді айтады.
Ғалым-криминалистердің басым көпшілігі жазаны қылмыстардың
жалпы және арнайы алдын алу мақсатында қылмыс жасаған адамдарға
мемлекет атынан сот қолданатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы
деген пікірді ұстанады.
Біз С. Дементьевтің пікірімен келісе алмаймыз, себебі жазаның
мәнін айыпкерге келетін тән азаптары мен тапшылықтарды алдын ала
көздеу деп санау Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінің
бабында көрініс тапқан гуманизм принципіне қайшы келеді.
Керісінше, И. Карпецтің қылмыстылықпен күрес құралдарының бірі болып
табылатын жазаның мазмұнында сендіру мен мәжбүрлеу бірдей
көрініс тапқан деуі қолдарлық.
Н. Стручков жазаның мазмұнына мынандай анықтама береді.
“Жаза дегеніміз қылмыс жасады деп танылған адамға сол іс-әрекетті
жасағаны үшін сот үкімімен мемлекет атынан қолданылатын ескерту
шарасы, ол жазаның әрбір түрі үшін заңда белгіленген құқық
шектеу жүйесін құрайды”.
Қазақстан Республикасында жазалау өш алу емес. Онда қандай да
бір тәрбиелік мән бар. Жаза, біріншіден, қоғамға қауіпті іс-
әрекет жасағандар үшін сазайын тарту, екіншіден, жазаны өтеп жатқан
адамның санасын көтеруді, оның қоғамда болып жатқан құбылыстарға
белсенді қатысуын мақсат тұтады, үшіншіден, белгілі бір жаза
тағайындаумен байланысты қоғамға қауіпті іс-әрекетті заң арқылы
айыптау – оны жасайтын адамдарға құқық тәртібін сақтау керектігі
жөнінде ықпал етуге тиіс1.
Қазақстан Республикасы қылмыстық кодексінің жобасында жаза дегеніміз
жасалған қылмыс үшін сазай тартқызу деп көрсетілген. Біздің
пікірімізше, мазмұны жағынан жақын келетін бұл сөз онша сәтті
алынбаған. Себебі, “шара” деген сөз құқықтық әдебиетте дау туғызуда.
Ол ресми-құжаттық стильге қойылатын талаптардың бірі-тіл дәлдігін
сақтауға көмектеспейді. Соған байланысты Қазақстанның заң
шығарушылары заңда “шара” сөзін қолданудан бас тартып дұрыс
жасаған.
Жалпы алдын алу әрекеті негізгі үш параметр бойынша жүзеге
асырылады. Біріншіден – ол қорқыныш тудырады, қылмысқа бейім адамдар
жазадан қорыққандықтан ондай әрекетке барудан бас тартады. Екіншіден –
жаза тыйым салынған әрекеттерді болдырмайды, адам заңмен
қорғалатын нормаларды, қоғамдық тәртіпті бұзбауға дағдыланады.
үшіншіден – қылмыстық жауапқа тартылу мүмкіндігін “қалыпты заңға
бағыну әдетін сақтауға” итерілмейді.
Алдын алу – тәрбиелеу процестері арқылы азаматтарға ықпал жасау
осы заңнан басталады. Қылмыстық алдын алу жайында Н. Дурманов былай
деп жазады: “кеңестік қылмыстық-құқықтық нормалар қылмыс жасалынған
кезден бастап немесе санкция қолданылған кезден бастап емес, ол
нормалар көрсетілген заң күшіне енген кезден бастап нақты әсер
етеді.
Құқық зерттеушілер, тарихшылар, философтар, теологтар жазалаудағы
мақсатға ой жібергенде жалпы және арнайы превенциядан басқа
мақсаттарды қалыптастыра алмады. Жалпы превенция, мысалы, көне
өсиеттің екінші заңында көзделген: “Көбірек естиді де, өз арасында
мұндай қылмыс жасауға қорқады”.
Біріншіден, қылмыстық шара – мемлекеттік күштеу шарасы ретінде
қылмыстың заңмен ғана белгіленеді. Қылмыстық кодексте жазаның сот
үшін міндетті тізбектері мен оны қолданудың тәртібі
тұжырымдалған. Сот қылмысқа кінәлі адамға қылмыстық заңда
көрсетілген шараның шеңберінде оның шегінен шықпай, жаза
тағайындауды. Тек ерекше жағдайларда ғана сот көрсетілгеннен гөрі
неғрлым жеңілірек жаза тағайындауға құқылы. [6]
Екіншіден, мемлекеттік күштеу шарасы ретінде қылмыстық жазаны
мемлекет атынан тек ғана сот тағайындайды. Қылмыстық жазамен
салыстырғанда басқа да мемлекеттік күштеу шаралары мемлекеттік
органдар немесе лауазымды органдар арқылы жұзеге асырады. Мысалы,
қоғамдың тәртіпті бұзған адамды полиция бастығы әкімшілік
жауапқа, салық инспекциясының лауазымды адамды салықтан
бұлтараушыларды заңда көрсетілген тәртіппен жазалайды немесе
әкімшілік комиссиясы өзіне берілген құзырет шеңберінде әкімшілік
құқың бұзушыларды жауапқа тартады. Осы аталған органдардың немесе
лауазымды адамдардың бірде-біреуі қылмыстың жаза қолдануға құқылы емес.
Қылмыстың жазаны қолдану - тек ғана соттың құзыреті.
Үшіншіден, заңда көрсетілген тәртіппен сотталған адамды
жазадан босату, сондай-ақ тағайындаған қылмыстық жазаны жеңілдету
тағы да сот арқылы жүзеге асырылады. Тек қана рақымшылық және
кешірім беру актілерімен жазадан босату немесе жазаны жеңілдету
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес Парламент немесе
Республика Президенті арқылы жұзеге асырылады, ал басқа жағдайларда
бұл мәселелерді шешу тек соттың міндеті болып табылады. Бұл да
қылмыстық жазаның басқа мемлекеттік күштеу шараларынан мәнді
өзгешелігін көрсетеді.
Төртіншіден, қылмыстың жаза жария түрде ашықтан-ашық
дайындалады. Яғни, қылмыс адамның кінәсін анықтау оған жаза
тағайындауды қажет деп табу, қылмыстық жазаның нақты түрі мен
көлемін анықтау, жеке немесе заңды тұлғалар арқылы емес мемлекет
арқылы жария, ашықтан-ашық түрде белгіленеді.
Қылмыстық жаза кінәлі адамға мемлекет атынан белгіленеді, жеке
немесе лауазымды адамдар сот тағайындаған жазадан ешкімді де
босата алмайды, заңды күшіне енген сот үкімі мемлекеттік, жеке
кәсіпорын, ұйым, мекеме, лауазымды және жай адамдардың орындауы үшін
Республика аумағында міндетті болып табылады.
Бесіншіден, мемлекеттік күштеу шаралары ретінде қылмыстық жаза
қылмыстық заңда көрсетілген нақты қылмысты жасаған кінәлі адамға
мүмкін. Яғни, бұл жерде жаза адамның кінәлі түрде істеген іс-
әрекетінің қылмыстық-құқылық зардабы болып табылады. Сондықтан да
қылмыстық заңда “адам өз кінәсі анықталған қоғамға қәуіпті әрекет
немесе әрекетсіздік және пайда болған қоғамдық қауіпті
зардаптар үшін ғана қылмыстық жауапға тартылуға тиіс”, - делінген.
Сондай-ақ әрбір істелген қылмысқа жаза тағайындау міндетті емес.
Мұның мәні мынада: егер тергеу жүргізілген немесе істі сотта
қараған кезде жағдайдың өөзгеруімен байланысты кінілінің істеген
қылмысының қоғамға қауіпті мәні жойылса немесе оның өзі қоғамға
енді қауіпті емес деп танылса, қылмыс нышандары бар іс-әрекет
жасаған адамды қылмыстық жауаптылықтан босатуға болады.
Қылмыстық жазаны қолдану кінәліні басқа түрдегі азаматтың,
әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілікке тартумен де үштастырылуы
мүмкін.
Қылмыстың жаза мемлекет атынан қылмысты іс –әрекеттер үшін
кінәлінің бетіне басу арқылы берілетін теріс ққңылың баға
болып табылады. Бетіне басудың және кінәлаудың дәрежесі қылмыстың
ауырлығына, кінәлінің жеке тұлғасына және оның қылмысты іс
әрекетті істеудегі мінез-құлқына тікелей байланысты болады.
Жаза сотталған адамға белгілі бір зардап келтірімен тікелей
байланысты болады. Мысалы, соттың кінәліні бас бостандығынан айыру
немесе белгілі бір кәсіппен шұғылдануға немесе белгілі бір
лауазым иесі болуға тыйым салуы, мүлкін тәркілеуі мүмкін. Ерекше
ауыр қылмыс жасаған жағдайда кінәлігі заңда көрсетілген
негізде ерекше жаза - өлім жазасын тағайындауы да мүмкін. Сөйтіп,
кез келген қылмыстық жаза тағайындағанда сотталған адам
материалдық, моральдық, мүліктік зардап шегеді. Өйткені жаза
өзінің мәні жөнінен кінәліні жазалау болып табылады.
Қылмыстың жазаның басқа да мемлекеттік күштеу шараларынан
ерекшелігі, оны қолдану кінәліге барлың уақытта да сотталғандық
туралы атақ берді. Сотталғандыңтың кінәлі үшін белгілі бір құңылың
зардабы бар, ол сотталғандығы туралы өмірбаянында көрсетілуі керек,
сотталғандық кейбір жағдайларда қылмысты ауырлататын мән-жайларға
жатады. Немесе сотталғандық атақ кейде қылмыстық саралауға, жазаның
мөлшерін, сондай-ақ жазаны өтейтін колонияның түрін белгілеу үшін
маңызды мәнге ие болады. Сонымен, қылмыстың жаза денегіміз сот
арқылы мемлекет атынан жасаған адамға қылмыстық заңмен белгіленген
мемлекеттік шараны қолдану болып табылады.
Қылмыстың жазаның әкімшілік құқық бұзушылық үшін қолданылатын
жазадан айырмашылығы мынадай: біріншіден, қылмыстың жаза бұл істелген
қылмыстың зардабы, ал әкімшілік шара болса, ол қылмыс болып
табылмайтын қоғамға жат теріс әрекеттер үшін ғана тағайындалады.
[7]
Екіншіден, қылмыстың жаза сот арқылы мемлекет атынан
тағайындалады. Әкімшілік шараларды әкімшілік органдары, лауазым
адамдары немесе судья тағайындайды. Үшіншіден, қылмыстық жазаның
әкімшілік жазадан ерекшелігі сол сот үкімі бойынша тағайындаған
қылмыстық жаза кінәліге сотталғандық атақ береді, ол әкімшілік
жаза таратылғандар үшін мындайда құқылық зардап болмайды. Жаза
қылмыскер үшін өзі жасаған қылмыстың салдары. Дегенмен ол
қылмыстың алдын алудағы белді шара болып табылмайды. Қылмыстық
құқықтың қылмыстық жазадан босату институты қылмыстылықпен күресудiң
адамгершiлiк бағытта жүзеге асырылуын қамтамасыз етедi, яғни қылмыс жасаған
кейбiр тұлғаларды түзеу және қайта тәрбиелеудiң бiр жолы, сондай-ақ
репрессияның үнемделуi болып табылады. Мiне, осы арқылы қылмыс жасаған
тұлғаларды түзеу – қылмыстардық алдын алудың бiрден-бiр құралы. Енгiзiлген
соңғы өзгертулер мен толықтыруларға сәйкес қылмыстық заң нормаларының
адамгершiлiк, имандылық және сотталған адамдардың жағдайын жеңiлдетуге
бағытталғандығын көруге болады, мәселен бұл норма өзгерiс енгiзiлгенге
дейiн тек кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыстарды қамтыса, ал қазiр
оған қоса қылмыстар санаты үшiн де қолданылуы мүмкiн және қылмыстардың
санаты бойынша нақты өтелуi тиiс мерзiмдердi және бас бостандығынан айыру
түрiндегi жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босатылған және
жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңінде жаңа қылмыс жасаған адамға қатысты
қолдану мүмкiндiгiн көздейтiн мерзiмдер туралы нормаларды бекiткен, яғни ҚК-
тің 71-бабының 2-бөлiгiне сәйкес жазаның өтелмеген бөлiгi сотталған адам
ауыр емес және орташа ауыр қылмыс жасағаны үшiн тағайындалған жаза
мерзiмiнiң кем дегенде үштен бiрiн, ауыр қылмысы үшiн немесе бас
бостандығынан айыру түрiндегi жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босатылған және жазаның өтелмей қалған бөлiгi кезеңiнде жаңа қылмыс жасаған
адам жаза мерзiмiнiң жартысын нақты өтегеннен кейiн жазаның неғұрлым жеңiл
түрiмен ауыстырылуы мүмкiн.

2.2 Жаза жүйелерінің маңыздылығы
Жазаның жүйелері деп қолданылып жүрген қылмыстық заңда белгіленген
соттар міндетті және тұжырымды, ауырлығына қарай белгілі
тәртіппен орналасқан жазаның түрлерін айтамыз.
Қылмыстық заңның өзінде барлық соттар үшін міндетті болып
табылатын жекелеген жазаларды қолданудың шарты, шегі және тәртібі
белгіленген. Мұның өзі республика аумағында қылмысқа қарсы күрес
саласында біркелкі жазалау қызметін жүзеге асыруға мүмкіндік
береді. Сотталған адамға келтірілген айырудың мәніне қарай
жазаның түрлері мынандай топтарға бөлінеді.
1. Сотталған адамға моральдық жағынан әсер ететін жаза
түрлері. Бұған жататындар: қоғамдық жұмыстарға тарту, арнаулы,
әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық
дәрежесінен, біліктілік сынабынан және мемлекеттік наградадан
айыру.
2. Сотталған адамның құқығына шек қоюмен байланысты жаза
түрлері: белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен
шұғылдану құқығынан айыру, әскери қызмет бойынша шектелу.
3. Сотталған адамды материалдық жағынан айыруға байланысты
жазалар: түзеу жұмыстары, айып пұлы, мүлікті тәркілеу.
4. Сотталған адамның құқығынан немесе бас бостандығынан айыруға
байланысты жаза тұрлері: өлім жазасы, бас бостандығынан айыру,
қамау, тәртіптік әскери бөлімде ұстау. Жаза түрлерін
топтастырудың бұдан басқа түрлері жалпыға мәлім. Жаза жүйелеріне
кіретін барлық жаза түрлері негізінен үш топға бөлінеді: Бірінші
топты негізгі жазалақұрайды. Негізгі жазалар дегеніміз заң
бойынша жеке-дара жаза ретінде, жазаның мақсатын жүзеге асыру
үшін қолданылатын жаза түрлерін айтамыз.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынандай негізгі
жазалар:
- Айыппұл салу;
- Белгілі бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен
айналысу құқынан айыру;
- қоғамдық жұмыстарға тарту;
- Түзеу жұмыстары;
- әскери қызмет бойынша шектеу;
- бас бостандығынан шектеу;
- қамау;
- тәртіптік әскери бөлімде ұстау;
- бас бостандығынан айыру;
- өлім жазасы қолданылуы мүмкін.
Екінші топқа қосымша жазалар жатады:
Қосымша жазалар деп негізгі жазаға қосылып тағайындалатын,
жазаның мақсатын жүзеге асыруда оған көмекші роль атқаратын
жазаларды айтамыз. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты Пленумының
қҚылмыстық жаза тағайындаған кезде соттардың заңдылықты сақтау
туралы” 1990 жылғы 30 сәуірдегі қаулысының 25,26 – тармақтарында
“Негізгі және қосымша жазаларды дұрыс үйлестіре білу, оны
даралап көрсету принципін дәйекті түрде жұзеге асыруға, жазаның
мақсатына жетуге көмектеседі, осыған байланысты соттар үкім
шығарған кезде әр іс бойынша, әсіресе, ауыр, аса ауыр, сыбайлас жемқорлық
қылмыстар жасаған адамдарға қосымша жаза қолдану қажеттілігі мәселесін
қараған жөн.”[8]
Қылмыстық заңның баптарының санкцияларында қосымша шаралар қолдану
немесе қолданбау мүүмкіндігі айтылған болса, онда соттардың оны
тағайындау туралы мәселені қарап, қабылданған шешімінің дәлелдерін
үкімінің дәлелдеу бөлігінде міндетті көрсетуге тиіс.
Қосымша жазалар сотталушыны кінәлі деп таныған заң баптарында
көрсетілген шекте тағайындалады. Егер қосымша жаза қылмыстың
кодекстің 41 немесе 50- баптарының негізінде қолданылса, оның
мерзімі заң бойынша жазаның осы түріне белгіленген шектен
аспауы керек. Қылмыстық кодекстің 55-бабында көрсетілген шарттар болған
жағдайда ғана осы бапқа сілтеме жасай отырып, қабылданған
шешімінің дәлелдерін үкімде міндетті түрде көрсете отырып, оған
қосымша жазаны қолданбауы мүмкін2
Қосымша жаза жеке-дара тағайындалмайды, ол тек ғана негізгі
жазаға қосылып тағайындалады.
Сотталғандарға негізгі жазалардан басқа мынандай қосымша жазалар:
- арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен,
дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан және мемлекеттік
наградаларынан айыру;
- мүлкін тәркілеу қолданылуы мүмкін.
Үшінші топқа негізгі де, қосымша да жаза ретінде
қолданылатын жазалар жатады. Оларға жататындар: айыппұл салу, белгілі
бір лауазым атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құңыңынан
айыру. Осы көрсетілген жаза түрлері негізгі жаза ретінде
тағайындалуы да немесе басққа жазаға заңда белгіленген реттерде
қосымша жаза ретінде қоса тағайындалуы да мүмкін. Сонымен,
қолданылып жүрген қылмыстың заңда мазмұны мен мәні әр түрлі жаза
түрлері көрсетілген. Ресей ғалымы В.В. Скибицкий қылмыстық жаза мен
қылмыстық жауаптылық ұғымы бiр-бiрiне өте жақын түсiнiк дейдi. Алайда, бұл
екi ұғым арасында қанша ұқсастық болғанымен қолданылу негiзiне байланысты
үлкен айырмашылық бар[9].
Қылмыстық жазадан немесе қылмыстық жауаптылықтан босату институттары
– ол қылмыстық құқықта адамгершiлiктің көрiнiс табуы және ол өзiнiң
қалыптасу тарихында ешқашан жазаны қылмыс жасаған тұлғаға физикалық күш
көрсету немесе оның ар-намысын, қадыр-қасиетiн аяқ асты, кекшiлдiк
мақсатында қолдануды көздемеген, керiсiнше құқықбұзушыны түзеу және қайта
тәрбиелеу мақсатын көздеген.
Қазiргi қолданыстағы қылмыстық заңда қылмыстық жазадан босату
түсiнiгi Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату деген 5-бөлiмiнде
көрсетiлген, бұл жерден қылмыстық жауаптылықтан босату мен қылмыстық
жазадан босату түсiнiктерiнiң тығыз байланысты екенiн көремiз. Алғашында
бұл екi түсiнiк туралы заң әдебиеттерiнде екеуi ұқсас синонимдес ұғымдар
деген қате пiкiрлер қалыптасқан едi, бiрақ та сол кездiң өзiнде-ақ КСРО
Жоғары Сотының тәжiрибесiнде бұл түсiнiктердiң ара-жiгi ажыратылып
көрсетiлген, оған дәлелдеме ретiнде сол кездегi тезис Кодекстің 43-бабын
қолдана отырып, оның екi бөлiмiнен тұратынын ескеруiмiз керек, яғни
бiрiншiсi қылмыстық жауаптылықтан босату, ал екiншiсi қылмыстық жазадан
босату мәселелерiн қамтиды[10].
Қылмыстық жазадан, сондай-ақ жауаптылықтан босату институттарының
қылмыстық құқықта орын алуы оның адамгершiлiк, iзгiлiк және жауапкершiлiктi
дараландыру қағидаларымен тығыз байланыстылығымен түсiндiрiледi.
Қылмыстық жазадан босату институттарының қазiргi заңға сәйкес
түсiнiгiн бермес бұрын, оның даму тарихына көз жүгiртiп өткенiмiз жөн,
сонымен қатар жоғарыда аталған институттардың ара-жiгiн ажыратуды сол
кезден бастап қарастырайық.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институты Ресей қылмыстық заңнамасында
жазадан босату институттарынан кейiн пайда болды. Ол бiрiншi рет 1958 жылғы
КСРО және Кеңестiк Республикалардың қылмыстық заңында көрiнiс тапты[11].
Тарихта қылмыстық жазадан босату институты XVII ғасырдағы I Петрдың
әскери Артикулынан бастау алады және онда жазадан босатудың екi жағдайы
қарастырылған:
• егер тұлға қоректiк-iшетiн немесе құнды емес заттарды ұрласа және оларды
нәресте жас бала жасаған жағдайда;
• егер ер азамат өзiнiң кiнәлi әрекетiнiң нәтижесiнде некеден тыс туылған
баласының анасына үйленген жағдайда.
Ал 1845 жылғы қылмыстық және түзеу жазалары туралы ережеде жазадан
босатудың 3 негiзi қарастырылған едi, мәселен:
• қылмыскердiң қаза болуына байланысты;
• жәбiрленушiмен татуласуына байланысты;
• жасалған қылмыстың ескiру мерзiмiнiң өтуiне байланысты.
1845 жылғы ережеге сәйкес қылмыскердiң шын өкiнуi тек жағдайды
жеңiлдететiн мән-жай ретiнде қарастырылады.
1864 жылы қабылданған бiтiмгершiлiк соттармен қолданылатын жазалар
туралы жарғыға сәйкес қылмыстық жазадан босатудың жаңа негiздемесi пайда
болды және ол тек кәмелетке толмаған балаларға қатысты қолданылды. 10 жас
пен 14 жастың арасындағы балалар қылмыстық жазадан босатылады және олар ата-
аналарының немесе қамқоршыларының бақылауына берiледi.
Қылмыстық жазадан босату институтының одан әрi дамуы 1903 жылы
қабылданған ережеден көрiнiс тапты. Онда шын өкiну қылмыстық жазадан босату
негiзi ретiнде көрiнiс тапты. Кәмелетке толмағандар (17 жасқа дейiн) және
жас балалар қылмыстық соттылықтан алынып тасталынып, кәмелетке
толмағандардың iстерi кәмелетке толмағандар жөнiндегi комиссияның
құзыретiне жатқызылады делiнген. Осы уақытта қылмыстық жазадан босатудың
ерекше түрлерi пайда болды, мысалыға, пара алу iстерi бойынша қару-жарақ
сақтау, қашқындық iстерi және басқа да iстер бойынша.
1922 жылғы РСФСР-дiң Қылмыстық кодексiнiң 21-бабында алғашқы рет
қылмыстық жаза қолданылмайтын ескiру мерзiмiнiң өтуi туралы норма
қарастырылды, ал қылмыстық жазадан босатудық арнайы түрлерi көрiнiс
таппады. Бұрынғы қылмыстық заңда қарастырылған қашқындық, қару сақтау, пара
алу және өзге де iстерi бойынша шын өкiнуiне байланысты қылмыстық жазадан
босату негiздерi бұл Кодексте көрiнiс таппады.
1958 жылғы Қаз КСР Қылмыстық кодексi қылмыстық жазадан босатудың
төмендегi негiздерi көзделген:
• мерзiмiнен бұрын-шартты түрде жазадан босату және жазаның өтелмеген
бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен ауыстыру:
• сотталған адамды мiндеттi еңбекке тарта отырып, бас бостандығынан айыру
жерлерiнен шартты түрде босату:
• кәмелетке толмаған адамдарды жазасынан мерзiмiнен бұрын-шартты түрде
босату және жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен
ауыстыру;
• әскер жағдайында әкери қызметшiлердiң немесе әскери мiндеттiлердiң
үкiмдерiн орындауды кейiнге қалдыру;
• үкiмнiң орындалуын кейiнге қалдыру;
• Рақымшылық немесе кешiрiм жасау актiлерiнiң негiзiнде жазадан босату.
Ал қазiргi қолданыстағы жаңа Қазақстан Республиксының Қылмыстық
кодексi қылмыстық жазадан босатуды реттейтiн құқықтық нормалар жүйесiнде
бiрқатар өзгерiстер енгiзген, мәселен, Қаз КСР ҚК-нiң 45-бабының 2-
бөлiгiнде қарастырылған қылмыс жасаған тұлға өзiнiң әдептi мiнез-құлқы мен
еңбекке әдiл және жауапкершiлiкпен қараған жағдайда, ол қоғамға қауiптi деп
танылмай, сот үкiмiнiң негiзiнде қылмыстық жазадан босатылу мүмкiндiгiн
көздейтiн норма ҚР ҚК-де көрiнiс таппаған.
Сонымен қатар, Қаз КСР ҚК-нiң 41-бабының 1-бөлiгiмен қарастырылған
үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру нормасы ҚР ҚК-мен қарастырылмаған. Бұл
норма бiрiншi рет 3 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға
сотталған тұлғаларға ғана қолданылған едi. Бұл норманың жаңа кодексте орын
алмауының себебi ретiнде онда шартты түрде соттау институтының орын алуын
көрсетуге болады. Бұл норма үкiмдi орындауды кейiнге қалдыру нормасымен
бәсекелес деп айтуға болады[12].
ҚР ҚК-де жазадан босатудың жаңа түрi – ауруға шалдығуына байлансты
жазадан босату енгiзiлдi. Қылмыстық жазадан босатудың бұл түрi бұрын Қаз
КСР Еңбекпен түзеу кодексiнiң 107-бабымен, ҚIЖК-нiң нормаларымен, сондай-ақ
iшiнара ҚК-нiң 11-бабымен реттелген едi және оса нормаларға сәйкес кiнәлi
тұлға сот үкiмi шығарылғанға дейiн өз әрекетiне есеп беру мүмкiндiгiнен
айыратын жан дүниесi ауруға шалдыққан жағдайда, ол жазалануға жатпайды деп
танылған.
Жаңа қылмыстық заң жүктi әйелдердiң және жас балалары бар әйелдердiң
жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру нормасын қарастырады, сондай-ақ ҚР-ның
Құқықтық саясат тұжырымдамасы қылмыстық саясат бiрiншi кезекте ауыр емес
және бiрiнiшi рет орташа ауыр қылмыс жасаған адамдарға, сол секiлдi
халықтың әлеуметтiк тұрғыдан әлсiз топтарына – жүктi және жалғызiлiктi
әйелдерге, асырауында кәмелетке толмаған балалары барларға қатысты iзгiлiк
бағытында даму тиiстiлiгiн белгiлеп көрсеткен.
Сонымен қатар, жаңа заңнамада жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты
түрде босату мен жазаның өтелмеген бөлiгiн неғұрлым жеңiл жаза түрiмен
ауыстыруды қолданудың шеңберi кеңейтiлiп, кеңiнен ашылып көрсетiлген[13].

1.3.Қылмыстық жазадан босатудың түснігі
Жазадан босату нормаларының қылмыстық заңмен белгiленбегенiмен, бұл
жөнiндегi заңдарды тәжiрибеде соттармен қолдануда кемшiлiктер мен
олқылықтар жиi орын алғанымен, ондай келеңсiздiктер де кездеседi. Мәселен,
көптеген соттар қоғамға онша қауiптi емес қылмыс негiздерi бар iс-
әрекеттерiн жасаған адамдарға қылмыстық жаза қолданбай-ақ түзеу және қайта
тәрбиелеуде қылмыстық жазадан босату нормаларын қолданудың қылмыстылықтың
алдын алушылық пен адамды тәрбиелеуде маңызының мүмкiншiлiгiн жете
бағаламайды. Сол себепті, қылмыстық жаза мен жауаптылықтан босату кезінде
қылмыстық заңның ескертушілік міндетін жете назарда ұстау қажет.
Қазiргi қолданыстағы қылмыстық заң қылмыстық жазадан босатумен бiрге
ҚК-нiң 5-бөлiмiнде қарастырады. Қылмыстық жазадан босату институты
қылмыстық құқықта мемлекет кейбiр қылмыс жасаған тұлғаларға қатысты
адамгершiлiк қатынасты қалыптастыруда маңызды әлеуметтiк роль атқарады.
Қылмыстық жауаптылықтан босатудан жазадан босатудың ерекшелiгi – ол сот
айыптау үкiмiн шығарғанда тек тұлғаны жазалаудан босатады (мұнда сот жаза
тағайындайды ма әлде жоқ па ескерiлмейдi), соның өзiнде де қылмыстық
жауаптылыққа тарту жүзеге асырылды деп есептеледi.
Қылмыстық жазадан босату – бұл жазалаушылықтан босатылу, жазаның
мазмұнын құрайтын және тағайындалған жазаны өтеу кезiнде сотталушылардың
нақты кейбiр құқықтарын шектеу мен айырылудан босатылуы. Қылмыстық жазадан
босатылған жағдайда қылмыстық құқықтық қатынастар тоқтатылады, бiрақ та
кәмелетке толмағандарды жазадан босату бұл ережеден тыс, яғни ҚР ҚК-нiң 81-
бабында көрсетiлген бiрiншi рет кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс
жасағаны үшiн сотталған кәмелетке толмаған тұлға, егер оны түзеуге
Қылмыстық кодекстің 82-бабында көзделген тәрбиелiк әсерi бар мәжбүрлеу
шараларын қолдану жолымен қол жеткiзуге болады деп танылса, сот оны
жауаптылықтан босатуы мүмкiн, яғни:
• ескерту;
• ата-аналарының немесе олардың орнындағы адамдардың не болмаса
мамандандырылған мемлекеттiк органның қадағалауына беру;
• келтiрiлген зиянды қалпына келтiру мiндетiн жүктеу;
• бос уақытын шектеу және кәмелетке толмаған адамның жүрiс-тұрысына ерекше
талаптар белгiлеу;
• кәмелетке толмағандарға арнаулы тәрбие немесе емдеу-тәрбиелеу мекемесiне
орналастыру.
Сот оны қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкiн және ҚК-тің 73-бабының
1-бөлiгiнде көрсетiлген қылмыс жасағаннан кейiн оның өз iс-әрекетiнiң
(әрекетсiздiгiнiң) iс жүзiндегi сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгiн ұғыну не
оған ие болу мүмкiндiгiнен айыратын психикасының бұзылуы негiзiнде сот оны
жазадан босатады, ал жазасын өтеп жүрген адамды сот жазасын өтеуден
босатады. Мұндай адамдарға сот ҚК-те көзделген медициналық сипаттағы
мәжбүрлеу шараларын тағайындауы мүмкiн және бұл адамдар ҚК-нiң 69 және 75-
баптарында көзделген ескiру мерзiмi өтпеген болса, олар сауыққан жағдайда
қылмыстық жауаптылыққа тартылып, жазалану мүмкiндiгiн көздейтiн нормаларды
көрсетiп өтуiмiз қажет.
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату институттары ҚК-тің бiр
бөлiмiнде қарастырылғанымен, бұл екi институт мазмұны, заңды салдары,
процессуалдық тәртiбi жақтарынан бөлек, бiрақ та өзара тығыз байланысты
институттар. Бiрiншi аталған институт екiншiсiне қарағанда мазмұны жағынан
кеңiрек, қылмыстық жазадан босату ол қылмыстық жауаптылықтан босатумен
қамтылады, яғни қылмыстық жауаптылықтан босатылғанда жазадан босатылу орын
алады және керiсiнше қылмыстық жазадан босату жауаптылықтан босатуды
бiлдiрмейдi, ол тек қылмыстық жазасыз жауаптылыққа тартылуды бiлдiредi.
Қылмыстық жауаптылық пен жаза арақатынасын ғалымдар әрқалай
бағалайды. Аталған мәселенi шешудегi екi негiзгi бағытты айтуға болады.
Мысалы, И.М. Гальперин, қылмыстық жазадан босатуды қылмыстық жауаптылықтан
бостумен теңестiре келе, жазадан босату сонымен қатар қылмыстық
жауаптылықтан босатуды бiлдiредi деп айтады[14]. Бiздiңше, С.И. Зельдовтың
пiкiрi көңiлге қонымды сияқты. Оның тұжырымдауынша, нақты қылмыс жасағаны
үшiн кiнәлi адам үшiн қылмыстық-құқықтық қатынастың тоқтатылуы қылмыстық
жауаптылықтың да тоқталғанын бiлдiредi. Алайда, қылмыстық жауаптылықтан
босатуға қарағанда тек жазадан босату қылмыстық жауаптылықты жүзеге
асырудың бiр нысаны ғана. Ал басқа авторлар қарастырылып отырған
категориялар мазмұны бойынша бiр-бiрiне туыс, өзара байланысты құқықтық
институттар болғанымен, бiрақ олар заңдық жағынан бiр ғана емес, олардың
негiздерi, заңдық салдары және процесуалдық қолдану тәртiбi әртүрлi. Бұл
тұста қылмыстық жауаптылықтан босату мен жазадан босату арасындағы
айырмашылықты анықтау тек заңдық емес, сонымен бiрге этикалық мәселе деген
пiкiрлер де кездеседi.
Қылмыс жасаудың әлеуметтiк-құқықтық салдары ретiндегi қылмыстық
жауаптылықтың кеңейтiлген формуласына кiнәлiге сот арқылы тағайындалатын
жаза да бiр элемент ретiнде кiредi. Сондықтан бiздiңше, бүтiн мен бөлiктi
теңестiру әдiстемелiк тұрғыдан дұрыс емес.
Алдында аталып өткендей, қылмыс жасағанына айыпты деп танылған адамға
соттың үкiмi бойынша жаза қолдану (аталған жазаның орындалуы) қылмыстық
жауаптылықты жүзеге асырудың негiзгi түрi болып табылады. Бiрақ өмiрде
мынадай да жағдай орын алуы мүмкiн: не айыптау үкiмi шығарылған сәтке
дейiн, яғни орындалуы басталғанша, не сотталған адамның жазаның бiр бөлiгiн
өтегеннен кейiн сотқа жазаның мақсаттары әлден орындалғаны, сөйтiп
сотталушыны түзеу үшiн оған тағайындалған жазаның орындалуы қажет еместiгi
Айқын болады. Мұндай жағдайларда сотталған адам ол жөнiндегi айыптау үкiмi
шығарылғаннан кейiн не жазаны орындаудан мүлде босатылады, не (егер жазаның
орындалуы басталса) одан әрi қарай орындаудан босатылады.
Қылмыстық жауаптылықтан босату сияқты, жазадан босату да iзгiлiк пен
әдiлеттiлiк қағидаларын жүзеге асыру болып табылады. Ол да өз соңынан
белгiлi бiр қылмыстық құқықтық зардаптарды ерте жүредi. Қылмыстық
қудалаудан босату фактiсi қорғаушы қылмыстық-құқықтық қатынасты тоқтататын
заң жүзiндегi факт болып табылады. Ендеше мұндай босату әлгiндей құқықтық
қатынас субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн жүзеге асыруды
бейнелейдi. Тоқтатылған қылмыстық-құқықтық қатынастарды қайта жаңғырту
қылмыстық заңмен арнайы көзделген жағдайларда ғана мүмкiн болады (мәселен,
жазаны өтеуден мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату, ауруға шалдығуына
байланысты жазадан босату және жүктi әйелдердiң және жас балалары бар
әйелдердiң жазаны өтеуiн кейiнге қалдыру).
Қылмыстық жауаптылықтан босату - қылмыстық заңға және қылмыстық iс
жүргiзу заңына қылмыс жасаған адамға мемлекеттiк органның қылмыстық-
құқықтық шараларды қолдануынан бас тарту. Жауаптылықтан босату институтында
сонымен қатар, әдiлеттiлiк, iзгiлiк, жауаптылық, азаматтардың заң алдындағы
теңдiгi қағидалары мiндеттi түрде бiрге жүзеге асырылады. Кейбiр
жағдайларды кiнәлi адамды қылмыстық жауаптылыққа тарпай-ақ немесе оған жаза
тағайындап, бiрақ оны нақты өтеуден босату арқылы, сондай-ақ жазаны өтеуден
мерзiмiнен бұрын-шартты түрде босату, өтелмеген бөлiгiн жазаның неғұрлым
жеңiл жаза түрiмен ауыстыру арқылы көзделген мiндеттердi орындап, тиiстi
мақсатқа жетуге болады. Қылмыстық жауаптылықтан босату адамның жасаған
әрекетiнiң қоғамдық қауiптiлiгi аз, онша ауыр қауiптi болмауы және адамға
қылмыстық жазаны қолданбай-ақ түзелуi мүмкiн болған жағдайларда
қолданылады. Осыған байланысты қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан
босату немесе жазаны жеңiлiрек жазамен алмастыру институтын орнықтырған.
Қылмыстық жауаптылықтан босату институтының жазадан босату
институтынан айырмашылығын қағидалық тұрғыдан қарастыруға болады:
• қылмыстық жауаптылықтан әдетте кiшiгiрiм немесе орташа ауырлықтағы қылмыс
жасаған адам босатылады, ал жазадан босату ауыр және аса ауыр қылмыс
жасаған жағдайда да орын алуы мүмкiн;
• қылмыстық жауаптылықтан босатуды соттың айыптау үкiмi шығарылғанға дейiн
сот, тергеушi, прокурор, анықтаушы да жүзеге асырса, ал жазадан босату
айыптау үкiмi шығарылғаннан кейiн орындалады ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері
Қылмыстық құқық институтындағы себепті байланыстың ерекшелігі
Қылмыстық құқықтағы медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларының түрлері бойынша өзекті мәселелер
Қылмыстық құқықтың принципі
Қылмыстық құқықтың бастауыш мектептері
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУДЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Қазақтың әдет-ғұрып құқығындағы қылмыс пен жаза түсінігі
Қылмыстық құқық туралы
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату
Қылмыстық құқықтағы себепті байланыс
Пәндер