Қылмысты саралау және оның ұғымы



І.ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫ САРАЛАУДЫҢ ЖАЛПЫ ТҮСІНІГІ, ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

1.1. Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1.3. Қылмысты саралаудың сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ІІ.ТАРАУ. ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТАҒЫ САРАЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.1. Қылмыстық заң.қылмысты саралаудың құқықтық негізі ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қылмыстың құрамы және оны саралаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН НОРМАТИВТІК ҚҰҚЫҚТЫҚ АКТІЛЕР ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Елімізде ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта жан-жақты елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы декларация 1990 жылы қазан айының 25-жұлдызында қабылданды. Бұл арада Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып, республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын жасауға ұмтыла отырып, республикада тұратын халықтарды топтастыру мен олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып, жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін билеу құқығын тани отырып, ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды. Сонымен тарихи біршама уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіппен тәуелділіктен кейін Қазақ мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсан айының 16-жұлдызында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» маңызды заң қабылданғаны белгілі.
1995 жылы тамыз айының 30-жұлдызында референдум жолымен қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Осы Конституцияның 1-бабына сәйкес «Қазқстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең қымбат қазынасы адам және оның өмірі мен құқықтары мен бостандықтарын құрметтеп қорғайды» [1,1б]. Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикада болып жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған процестер, белгілі өскелең талап – талғамға сай өмір сүруге ынталандырып отыр. Осы жоғарыда айтылған белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды, адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республикада өз даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі заң саласы. Осы үлкен өзекті саланың өзекті бір арнасы – қылмыстық заң бұл тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.
Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып, заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі қолданылсын»,-деп атап өтті[3,34б]. Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің нығаюына, қылмыстылықпен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге қоғамымыздың әр мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың алдын алуға басты назар аударуда. Осыған орай, елімізде қатарынан қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан еліміздегі заң тәртібін бұзушылық қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып отыр.
І. Нормативтік құқықтық актілер:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы, 1995жылы 30-тамыз. (өзгерістер мен толықтырулар 2007жылы).
2. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: 1998 жылы 1-қаңтар. (өзгерістер мен толықтырулар Алматы: Юрист 2007жылы).
3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл (заң актілерінің жиынтығы) 10 лет Независимости Республики Казахстан сборник законодательных актов. – Алматы Жеті жарғы 2001ж.
4. Қазақсан Республикасының Бас Прокуратурасы жанындағы құқықтық статистика және ақпарат орталығының мәліметі.
5. Сборник постановлений Пленума Верховного Суда РК. (1981-2003годы) Алматы 2004.
6. //ҚР-сы Жоғарғы Сотының Пленумы қаулыларының жинағы. Том-1. Алматы: 1997ж,-128б.
7. Маликова А.Ш. ҚР-сы Қылмыстық құқығы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы. «Докторлық Диссертациясы», Алматы: 2003 – 49,51б.

ІІ. Арнайы әдебиеттер:
1. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық Ерекше бөлім. – Алматы, 2000 – 11б.
2. Н.Д.Дурманов. Советский уголовный закон. Москва:1967г,-56б.
3. Кудрявцев В.Н. Общая теория квалификация преступлений. Москва, 1972 – 321б.
4. Герцензон А.А. Квалификация преступления. Москва, 1947 – 144б.
5. Куринов Б.А. Научные основы квалификации преступлений МГУ, 1976 – 178б.
6. Әпенов С.М. Қылмысты квалификациялаудың ғылыми негіздері. Алматы: - «Заң әдебиеті», 2006 – 36, 78-126 б.
7. Сапарғалиев Ғ. Заң терминдерінің түсіндірме сөздігі, Алматы – 1995ж.
8. Шляпочников А.С. Толкование советского уголовного закона. М: 1960г,-24б.
9. Шаргородский М.Д. Уголовный закон. М: 1948г,-50б.
10. Герцензов А.А. Уголовное право. Часть общая. Учебное пособие. М: 1948г,-169б.
11. Черненко Т.Г. Квалификация преступлений. Алматы, 1999 – 9б.
12. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіне түсініктеме. Алматы: 2001ж,-12б.
13. Кудрявцев В.Н. О противоправности преступлений. //Правоведения. Москав: 1959г,-№1-94б.
14. Познышев С.В. Учебник уголовного права. Часть-1 М: 1963г,-45б.
15. Комментарий к уголовному кодексу РК. Под. Ред. Рогова И.И., Рахметоава С.М. Алматы: 1999г,-39б.
16. Кузнецова Н.Ф. Значение преступных последствий. М: 1958г,-24б.
17. Курс советского уголовного права. Часть общая. Том-1. Под. Ред. Беляева Н.А, Шаргородского Н.Д. Ленинград: 1968г,-140б.
18. Дурманов Н.Д. Понятие преступления. М: 1948г,-39б.
19. Күлтелеев Т.М. Уголовное право казахов – Алма-ата, 1955 – 154б.
20. Левицкий Г.А. Квалификация преступления (обшие вопросы) //Правоведение.-1962г,144б.
21. Ковалев М.И. Советский уголовный закон. Сверловск: 1956г,-3б.
22. Шаргородский М.Д. Советское уголовное право. Часть общая. ЛГУ, 1960г,-179б.
23. Недбайло П.И. О толковании советского закона. М: 1960г,-302б.

қылмысты саралау және оның ұғымы

Мазмұны

І-тарау. қылмысты саралаудың жалпы түсінігі, түрлері жӘне теориялық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ...

1.1. Қылмысты саралаудың түсінігі мен
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Қылмысты дұрыс саралаудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
1.3. Қылмысты саралаудың
сатылары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІ-тарау. қылмыстық құқықтағы саралаудың құқықтық
негіздері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.1. Қылмыстық заң-қылмысты саралаудың құқықтық
негізі ... ... ... ... ... ... ...
2.2. Қылмыстың құрамы және оны саралаудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . ... ..

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қолданылған нормативтік құқықтық актілер жӘне
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

КІРІСПЕ

Елімізде ХХ ғасырдың соңғы он жылдығында тарихта және саясатта жан-
жақты елеулі өзгерістер болғанына куәгерміз. Демек, Қазақ КСР Жоғарғы
Кеңесінің қаулысымен мемлекеттің егемендігі туралы декларация 1990 жылы
қазан айының 25-жұлдызында қабылданды. Бұл арада Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының Жоғарғы Кеңесі Қазақстан халқының еркін білдіре отырып,
республиканың барлық азаматтары үшін лайықты және тең тұрмыс жағдайын
жасауға ұмтыла отырып, республикада тұратын халықтарды топтастыру мен
олардың достығын нығайтуды бірінші дәрежелі міндет деп санай отырып,
жалпыға бірдей адам құқықтары декларациясын және ұлттардың өзін-өзі еркін
билеу құқығын тани отырып, ізгілікті демократиялық құқықтық мемлекетті
құруға бел байлауды негізге ала отырып, Қазақ Кеңестік Социалистік
Республикасының мемлекеттік егемендігін жариялайды. Сонымен тарихи біршама
уақыт бойы өмір сүрген тоталитарлық тәртіппен тәуелділіктен кейін Қазақ
мемлекетінің тарихында тұңғыш рет 1991 жылы желтоқсан айының 16-жұлдызында
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы маңызды заң
қабылданғаны белгілі.
1995 жылы тамыз айының 30-жұлдызында референдум жолымен қабылданған
Қазақстан Республикасының Конституциясы тәуелсіз, егемен мемлекеттің
конституциялық дамуының жаңа кезеңіне жол ашқан акт болып табылады. Осы
Конституцияның 1-бабына сәйкес Қазқстан Республикасы өзін демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады және оның ең
қымбат қазынасы адам және оның өмірі мен құқықтары мен бостандықтарын
құрметтеп қорғайды [1,1б]. Әрине, егемендік пен тәуелсіздікті іс жүзінде
толықтай тиянақты орнату процесі оңайлыққа түспей отыр. Республикада болып
жатқан өзгерістер, күндегі апталық жаңалықтар, ауқымды кең тараған
процестер, белгілі өскелең талап – талғамға сай өмір сүруге ынталандырып
отыр. Осы жоғарыда айтылған белсенділігімен қоғамдағы дәрежесін арттыруды,
адамды өндіріске материалдық қызығушылық арқылы тартуды әр республикада өз
даму процесінде халықты құқықтық тұрғыдан қолдап қамтамасыз етуді басты
бағдар етіп қойды. Қоғамдық қатынастарды реттеуші құралдардың бірі заң
саласы. Осы үлкен өзекті саланың өзекті бір арнасы – қылмыстық заң бұл
тұрғыдан алғанда көп іс-қимылды талап етеді.
Қазақ КСР 1959 жылы қабылданған Қылмыстық кодексінің нормалары
өмірімізде орын алған саяси, әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге сай
келмегендіктен, 1997 жылы шілде айының 16-жұлдызында Қазақстан
Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі қабылданып, ол 1998 жылы қаңтар
айының 1-жұлдызынан бастап заңды күшіне енді. Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Ә.Назарбаев Жоғарғы заңды қорғауды қамтамасыз ете отырып,
заңды сыйлайтын азаматтарды қылмыстан қорғауға жете мән берілсін және заңға
қарама-қайшы іс-әрекет жасайтындарға билік пен заңның ең қатаң түрі
қолданылсын,-деп атап өтті[3,34б]. Сол себептен қазіргі кезеңде негізінен
республикамыздың мемлекеттік және қоғамдық өмірінің құқықтық негізінің
нығаюына, қылмыстылықпен және заң бұзушылықпен күресті күшейтуге
қоғамымыздың әр мүшелерінің құқықтары мен бостандықтарына қол сұғушылықтың
алдын алуға басты назар аударуда. Осыған орай, елімізде қатарынан
қабылданып жатқан құқықтық немесе ұйымдастыру шараларына қарамастан
еліміздегі заң тәртібін бұзушылық қылмыстық ахуал күрделі күйінде қалып
отыр.
Қазақстан Республикасы өзін құқықтық мемлекет ретінде қалыптастыруды
мақсат тұтады. Құқықтық мемлекет қашанда қоғамдағы елеулі деп танылатын
қоғамдық қатынастарды заң жүзінде реттеумен айналысып ғана қоймай, ол
сонымен бірге құқықтық қатынас субъектілерінің міндеттері мен құқықтарын
белгілеп, заң нормаларын дұрыс, әрі тиімді қолдану жолдарын арттыру қажет
және олардың бұзылмай сақталуын қамтамасыз етуі керек. Құқықтық мемлекеттің
мұндай қағидалары әсіресе қылмыс жасады деген себеппен жауаптылыққа
тартылған адамдарға қатысты ерекше мағынаға ие болады. Өйткені, Қазақстан
Республикасы да әлемдік өркениеттердің қатарына қосылу және адамгершілік
қағидаға басымдық беру үшін азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін
қорғауды және оны қамтамасыз етуді мақсат етеді. Мұндай қағиданың
сақталмауы ауыр салдарға соқтыратын және адамның тағдырына әсер ете алатын
болмыс, қылмыстық заң нормаларын дұрыс қолданбау болып табылады.

І-тарау. қылмысты саралаудың жалпы түсінігі, түрлері жӘне теориялық
негіздері
1.1 Қылмысты саралаудың түсінігі мен түрлері.

Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттерінің бірі қылмыс болып табылатын
қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді анықтау, оларға жазаның түрі мен көлемін
белгілеу болып табылады. Бірақ қылмыстық құқық осы міндеттерді іске асырып
ғана қоймай, қылмыстардың қоғамға қауіптілік дәрежесін, кінәні ауырлататын
немесе жеңілдететін жағдайларды, жаза тағайындау және жазадан босату
кезінде ескерілуге тиісті қажеттіліктерді т.б. анықтаумен айналысады.
Қылмыстық заң нормаларын практикада, яғни сот-тергеу қызметінде
қолдану тәртібі туралы сөз қозғалғанда және оны іске асырғанда қылмысты
саралау туралы мәселе орын алады.
ҚР-сы ҚК-нің 2 бабының мағынасы екі қызметті іске асыруға
бағытталған. Біріншісі, қауіптілігі жоғары деп танылған іс-әрекеттерді
заңда қылмысты деп жариялау арқылы азаматтардың мұндай әрекеттерді алдағы
уақытта жасауына немесе заң нормаларында міндеттер белгіленгенде
әрекетсіздік танытуына шектеу қою, тыйым салу болып табылады. Екіншісі,
қылмыстық заңның тыйым салынуына қарамай, қылмысты іс-әрекеттерді жасаған
жағдайда оларға жауаптылықты белгілеу үшін заң нормаларын қолдану болып
табылады. Қымыстық заң осы екі міндетті іске асыру үшін өмір сүреді.
Қылмысты саралау мәселесі осы екінші міндетті дұрыс, әрі қылмыстық құқықта
белгіленген ережелерге сәйкес іске асыруға арналған. Сондықтан қылмысты
саралау қылмыстық құқық ғылымының маңызды және жиі қолданылатын ұйымының
бірі болып табылады. Саралау ұғымы латын тілінің qualis деген сөзінен
шыққан және сапа деген мағынаны білдіреді. Шын мәніне келгенде, саралау,
яғни сапаны бағалау адамның тәрбиелік қызметінде қалыптасқан. Ендеше,
біздің айналамызда бір – бірімен байланыста және үнемі қозғалыста болатын
әр түрлі заттар мен құбылыстар өмір сүреді. Әрбір зат немесе белгілі бір
қимыл іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) құбылыс өзіне ғана тән
ерекшелігімен сипатталады. Мысалы, қылмыс құрамының элементтері бір –
бірінен өзгеше. Мұндай ерекшеліктер сапаны бағалау ерекшеліктері деп
аталады. Заттың, құбылыстың сапасын адам өзінің тәрбиелік қызметінде ғана
анықтай алады. Ал сапасын бағалау – кез келген заттың мөлшерін, өлшемін,
түрін, тобын анықтау болып табылады. Ол басқа заттармен, құбылыстармен
тікелей немесе аралық байланыста және қатынаста болады. Сонымен қатар
заттар немесе құбылыстар бір – бірімен белгілі бір қатынаста бола отырып,
бірінен – бірі мөлшер жағынан ерекшеленеді. Мысалы, қылмыстық жауаптылық
мәселелерін шешуде және жаза тағайындауда, жазаның мөлшерін белгілегенде
ерекшеленеді. Сондықтан, заттар мен құбылыстардың, белгілі іс-әрекеттің
(әрекет немесе әрекетсіздік) сапасын, мөлшерін, өлшемін айқындау өте
маңызы.
Қылмыстық заңда саралау ұғымы сот, прокуратура, тергеу т.б. қызмет
органының тәжрибелік қызметінде айқын көрінетін олардың іс-әрекетімен тығыз
байланыста болатын түсінік.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығының қолдану шегінің
әрекеттілігі үш түрлі мағынада көрініс табады.
1. Қылмыстық заңда қолданылады;
2. Қылмыстық құқықтық нормада талқыланады;
3. Қылмысты саралау аясында қолданылады;
Бұл үш түсініктің бағыты да, мағынасы да, мазмұны да біртектес тығыз
байланысты, бірақ қолдану шегіне орай мақсаттары әртүрлі. Шынында да, соңғы
екі түсінік бірінші түрдегі түсінікті, яғни қылмыстық заңның дұрыс қолдану
тәсілін айқындап, бейнелейді. Ал біздің нақты зерттейтін тақырыбымыз,
қылмыс құқығының қолдану шегінің әрекеттілігінің үшінші түрі қылмысты
саралау.
Қылмыстық құқықтағы кез келген сұраққа жауап теория және тәжрибе
жүзінде саралаудың қатысуымен шешіледі. Демек, қылмысты саралау мәселесі –
теория бойынша да, тәжрибе тұрғысынан алғанда да, күрделі де маңызды
мәселелердің бірі. Қылмыс жасаған адамның тағдыры жасалған іс-әрекеттің
қалай сараланғандығына байланысты. Қылмысты саралауды қылмыстық құқық
ғылымының институты ретінде танытқан ең тұңғыш докторлық диссертацияны
профессор В.Н. Кудрявцев ұсынды. Оның пікірінше қылмысты саралау дегеніміз
– қылмыс белгісі бар іс-әрекетті Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің
баптарына дәлме – дәл жатқызу арқылы белгілі бір қылмысқа құқықтық баға
беру деп санады.[1] Қылмысты саралаудың түсінігі туралы оқулық әдебиеттерде
бір – біріне ұқсас, бірақ өз – ара айырмашылығы бар бірнеше анықтамалар
кездеседі. Мысалы, Б.А.Куринов Қылмысты саралау – бұл жасалған қылмыстың
белгілері мен қылмыстық заң нормаларының арасындағы ұқсастықты табу болып
табылады,- дейді.[2] Ал А.Н.Ағыбаевтің пікірінше: Қылмысты саралау
дегеніміз – қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы істелінген іс-әрекетті
нақты бір қылмыс құрамына жатқызу және осы іс-әрекетке Қылмыстық кодекстің
Жалпы және Ерекше бөлімдегі тиісті баптарға дәлме – дәл жатқызып, құқықтық
баға беруді қылмыстық құқық теориясы қылмысты саралау деп атайды.[3]
Негізінен құқық бұзушылық заң бойынша екіге бөлінеді:
1. Қылмыс;
2. Теріс қылық;
Қылмыс құқық бұзушылықтың ең ауыр түрі. Қылмыс жасағаны үшін кінәлі
адам қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Теріс қылық үшін жауаптылықтың үш
түрі бар:
- Әкімшілік жауаптылық (мысалы, автокөлік жүргізу тәртібін
бұзғаны үшін).
- Тәртіптік жауаптылық (еңбек етуге байланысты міндеттерін
орындамағаны үшін).
- Азаматтық құқықтық (мүліктік) жауаптылық.
Заң бойынша қылмыстық құқық бұзушылыққа қылмыс құрамының төрт
элементі түгел болғанда ғана тартылады. Олар: объект, объективтік жағы,
субъект, субъективтік жағы. Егер аталған төрт элементтің біреуі болмаған
жағдайда тұлға жауаптылыққа тартылмайды. Төрт элементтің түгел болуы
қылмыстық немесе әкімшілік жауапқа тартылған жағдайда қажет. Азаматтық
құқық бұзушылыққа тұлға тікелей кінәсі болмаса да, келтірген зияны үшін
жауаптылыққа тартылуы мүмкін. Мысалы, автокөліктің иесі оны жүргізуді басқа
біреуге тапсырса, жүргізушінің біртұтас келтірген зиянын көлік иесі
төлейді. Мемлекеттік мәжбүрлеу шаралары белгіленген болса, кінәсіздік
болжамы қолданылады. Тұлғаның кінәсі дәлелденбей ол қылмыстық құқық немесе
әкімшілік жауаптылыққа тартылмайды (24,102,103). Әрине, қылмыс құқық
бұзушылықтың жеке бір көрінісі болып табылады. Осыған орай, қылмысты
азаматтық құқық, әкімшілік және тәртіптік құқық бұзушылықтан және
бейморальдық жат қылықтардан ажырата білудің маңызы ерекше. Істелген
қылмыстың зардабы болып, мемлекеттің ең ауыр күштеу шарасы қылмыстық жаза
және содан туындайтын сотталғандық атақ болып табылады. Басқа құқық
бұзушылықта мұндай жазалау шаралары жоқ, ал қолданылған ықпал ету шаралары
сотталғандық атақ әкелмейді.
Саралау кезінде болған оқиғаға құқықтық баға беріледі, ал қылмысты
саралау кезінде заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға, заңды мүдделерге,
құқықтарға және қоғамның құндылықтарына қауіп төндірген, саналы түрде
жасалған іс-әрекетке құқықтық бағалау жасалады. Қылмыстық құқықтық бағалау
кезінде болған қылмыстық оқиғаны басқа құқық бұзушылықтардан ажыратып, онда
қылмыстың құрамы бар немесе жоқтығын анықтап, бар болған жағдайда оны ҚКтің
Ерекше бөлімінің белгілі бір бабына сәйкестігін табу керек.
Қылмысты саралау кезінде екі маңызды категорияның ара қатынасы, яғни
ұғыстық дәрежесі өлшенеді. Біріншісі, Қоғамның мүддесіне қайшы жасалған
әрекет назарға ілігіп, оған қарсы шара қолдану қажеттілігі туындайды.
Мұндай әрекеттер қоғамаға қарсы сипатымен, әдетте сол ортадағы әлеуметтің
назарлығын тудырып, жалпы адамгершілік тұрғысынан бағалауға алынады.
Адамгершілік бағалау мұндай әрекеттерге тыйым салу бағытын ұстанғанда ғана,
оны қылмыстық заңда қылмыс ретінде бағалау қажеттелігі пайда болады. Демек,
әлеуметтік-қоғамдық ортада адамгершілікке жатпайтындығына байланысты құқық
тұрғысынан қылмыс деп бағаланған құбылыстар өмір сүреді.
Екінші категория, ол заң шығарушының ой жұмысының жемісі емес,
әлеуметтік-қоғамдық ортада, сол қоғамда кездесе алатын зиянды іс-
әрекеттерді анықтаудың нәтижесінде дүниеге келген қылмыстық заң. Заң
шығарушының зиянды іс-әрекеттерді қылмыс деп белгілеуінде де адамгершілік
бағалау жатыр. Ол бағалау әлеуметтік ортаның бағалауына, яғни сол қоғамдағы
адамзаттың ортақ бағалауына негізделген болуы немесе сәйкес болуы қажет.
Міне осындай себептен қылмыстық құқық өмір сүріп, өзінің өмір сүру
себептеріне байланысты басты міндетін, яғни қылмыстық құрамдарды анықтаумен
және оларға жазаның түрі мен көлемін белгілеумен айналысады.
Қылмысты саралау кезінде жасалған қауіпті іс-әрекеттердің
белгілерімен қылмыстық құқық нормалары мен қарастырылған қылмыс
құрамдарының арасындағы сәйкестік анықталады. Жасалған қоғамға қауіпті іс-
әрекеттер мен заңда белгіленген қылмыс құрамының элементтері мен белгілері
дәл келгенде, яғни қылмыс құрамының объектісін, объективтік жағын,
субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілері дәл келгенде
сәйкес деп танылады.
Сонымен, қылмысты саралау дегеніміз – жасалған қылмысты іс-әрекеттің
белгілері мен қылмысты құқық нормаларымен қарастырылған қылмыс құрамдары
белгілерінің бір-біріне сәйкестігін анықтау болып табылады.

Қылмысты саралай отырып, оған құқықтық бағаны көрсеткенде әлеуметтік-
саяси және адамгершілік бағалар берілуі үшін қылмыстық заң дұрыс, сапалы,
толық жасалып және іс-әрекетті саралау жұмысы да заңдылықты сақтай отырып
іске асырылуы керек. Сондықтан саралау мәселелерін шешу құқықтық ғана емес,
ол әлеуметтік-саяси мағынаға да ие.
Қылмысты саралау ұғымы, осы салада ғана пайда болатын құқықтық
қатынастың пайда болғанын көрсетеді. Дәлірек айтқанда қылмыстық құқықтық
қатынас қылмыс жасалған кезден басталады. Ал саралау кезінде бұл құқықтық
қатынас ресми түрде көрінеді. Қылмыстық-құқықтық қатынас кінәлі деп
танылған адамға осы қылмыс үшін жауаптылықты өтеуді, ал мемлекет ол адамға
қылмыстық-құқықтық шараларды қолдануды көздейді. Бұл құқықық қатынас іске
асырылғанда кінәлі адамға қылмыстық заңның тиісті нормасы қолданылып, сол
норма көлемінде жауаптылығы белгіленеді.
Қылмысты саралау кезінде жасалған қылмысты іс-әрекеттің белгілерімен
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөліміндегі қылмыс құрамдары элементтерінің
сәйкестігі ғана анықталып қоймайды, сонымен бірге қылмысты саралауда ҚК-тің
Жалпы бөлімінің де баптары қолданылатын кездер болады. Қылмыстық кодекстің
Ерекше бөлімінің де барлық баптары жекелеген қылмыс түрлерін білдіре
бермейді. Мысалы, ҚК-тің 366 бабы әскери қылмыстардың жалпы түсінігіне
арналған. Бұл бапта жеке қылмыс түрі келтірілмеген, сондықтан 366 бапқа
сілтеме жасалынбайды. Ал Ерекше бөлімде қарастырылған қылмыстарды жасау
кезінде Жалпы бөлімде қарастырылған жағдайлар орын алса, онда Жалпы
бөлімнің нормаларына және оның бөлімдеріне сілтеме жасау арқылы сараланады.
Бірақ Жалпы бөлімнің барлық нормаларына сілтеме жасалынбайды, оның ішінде
тек аяқталмаған қылмыстар, қылмысқа қатысушылардың әрекеттерін қарастыратын
нормаларға ғана сілтеме жасауға болады. Қылмыстық заңның Ерекше бөлімінде
тек қылмысты орындаушының әрекеттері және аяқталған қылмыстардың белгілері
бейнеленген.
Жалпы бөлімнің басқа нормалары қылмысты саралауда мүлдем
қолданылмайды деп айтуға болмайды, оларға тікелей сілтеме жасалынбаса да іс-
әрекетте қылмыстың құрамы бар немесе жоқ екендігін анықтау кезінде атқараты
рөлі бар. Мысалы, кінә нысанының, қылмысқа қатысу ұғымының, қылмыс
жиынтығының, қылмыстың бірнеше рет жасалуының т.б. ұғымдары Жалпы бөлімде
қарастырылған және қылмысты саралау барысында ескерілетін ережелер болып
табылады. Сонымен бірге қылмысты саралау кезінде қылмыстық заңға жатпайтын
өзге де ведомствалық заңдар, жарғылар, ережелер, инструкциялар ескеріледі.
Бұл өзге ведомствалық актілерді саралау кезінде қолдану себебі, ол ҚК-тің
Ерекше бөлімінің кейбір баптарының бланкетті диспозиция түрінде болуына
байланысты. Заң нормаларының диспозициясы бланкетті болғанда, белгілі бір
қылмыс құрамы бар немесе жоқ екенін анықтау үшін, сол тиісті заңдарды қарау
керек. Ол заңдарда, жарғыларда формальды түрде құқық бұзушылық болып
саналатын іс-әрекеттер, қылмыстық құқықта көбінесе материалдық құрамдар
ретінде белгіленген. Мысалы, 152-бап Еңбекті қорғау ережелерін бұзу, 256-
бап Өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу, 267-бап Санитарлық-
эпидемиологиялық ережелерді бұзу. Сол сияқты өзге ведомствалық ережелерді,
инструкцияларды, заңдарды бұзу бірден қылмыс ретінде бағаланады. Мысалы, ҚК-
тің 146,147-баптар сайлау жүргізу саласындағы қылмыстар, т.б. сот-тергеу
қызметінде мұндай қылмыстар бойынша саралау жүргізілгенде ҚК-тің Ерекше
бөлімінің тиісті бабы қолданылады, бірақ іс қозғау туралы қаулыда немесе
сезікті, айыпкер ретінде тарту туралы қаулыларда міндетті түрде өзге
салалық нормативті актілердің, яғни жарғы, ереже, инструкциялардың тиісті
бөлімі келтіріліп, қылмыскердің кінәсі негізделеді.
Қылмысты саралаудың екі түрі бар:
1. Легальдық (ресмиленген) саралау
2. Доктриналдық (ғылыми) саралау
Легальдық саралау – қылмыстық істің барлық сатысында жүргізіледі
(қылмыстық істі қозғаудан бастап, бақылау тәртібіне дейін). Оны латын
тілінен Leqalis аударғанда – заңды деген мағынаны білдіреді. Қылмыстық
заңның іс жүзінде қолданылуын білдіреді және көрінісі бойынша міндетті
түрде ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарына сілтеме жасау түрінде іске
асырылады. Легальдық саралау қылмыстық істі жүргізу қызметін атқаратын
органдардың, яғни сот, тергеу, прокуратура қызметкерлерінің шығарған сот-
тергеу құжаттарында көрініс табады. Сонымен бірге саралаудың бұл түрін
тергеуде және сотта қаралып жатқан қылмыстық істер бойынша міндетті күші
болады.
Ал, Доктриналдық саралау - қылмыстық істер немесе қылмыстық құқық
ғылымына жататын кейбір мәселелер бойынша саралау жүргізу туралы
ғалымдардың оқулықтарында немесе басқа да басылымдар да ұсынған пікірлері
жатады. Ғылыми еңбектер, монографиялар, оқулықтар, ғылыми мақалалар т.б.
еңбектер жүзеге асырылады. Ғылыми білім ғылыми ізденістің, шығармашылық іс-
әрекеттің барысында туындап, жинақталады. Ғылыми саралау ұғымына қылмыстық
істер бойынша жұмыс істемейтін немесе оның ғылымына қатысы жоқ жекелеген
азаматтардың жасаған саралауы жатпайды. Себебі, жекелеген азаматтардың өз
бетінше жасаған қылмыстық іс-әрекетке бағалауы қылмыстық құқық ғылымының
дәрежесінде бола алмайды. Доктринал латын тілінен Doctrina аударғанда –
оқыту деген мағынаны білдіреді.
Қылмысты саралаудың түріне байланысты ешқандай дау туған жоқ. Барлық
ғалымдардың көз қарасы бір бағытта бейнеленді. Мысалы, Ф.Г. Бурчак, Г.А.
Левицкий, Г.Т. Черненко т.б. ғалымдардың көз қарасы бір арнада
біріктірілген. Бұл арада Г.А. Левицкийдің: Ресмиленген саралау мен
доктриналық саралау түптің түбінде айқындалған логикалық іс-әрекет болып
табылады, сонымен қатар қылмысты дұрыс саралауда қылмыстың әлеуметтік –
саясатын дұрыс қолдану арқылы құқықтық баға беруде саралаудың жоғарғы
аталған екі түрінің атқаратын рөлі ерекше,-деген пікіріне жүгінеміз.[4]

Бұл екі саралау түрінің бір-бірінен айырмашылығы ол біріншіден,
қолданылу орнына және міндеттілігіне байланысты, яғни ресми саралаудың
қылмыстық істер бойынша міндетті күші болады және тек құқық қорғау
органдары қызметкерлерімен жүргізіледі. Екіншіден, ресми саралау ғылыми
саралауға негізделген болуы керек. Яғни ғылыми тұрғыда қылмысты саралауды
қылмыстық құқықтың қағидалары, ережелері ескеріле отырып талданған, жан-
жақты зерттелінген, саралау тәртібі ұсынылады. Сондықтан ғылыми саралауда
қателіктер аз кездеседі. Практика қызметкерлерінің қылмысты әрекеттерге
саралау жүргізуінің моделі, қылмыстық құқық ғылымының дұрыс шешімдерін
қолдану болып табылады.

1.2. Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы.
Қылмысты дұрыс саралауда немесе қылмыстық заң нормаларын дұрыс
қолданылғанда заңдылық қағидасы сақталады. Демократиялық және құқықтық
бағыттағы дамушы мемлекеттер үшін заңды дұрыс, әрі дәл қолдану
Конституциялық қағида болып табылады. Заңдылық қағидасы қылмыстық құқық
саласында заңды дұрыс түсініп, дұрыс қолдана білуді міндет етеді. Мұнан
басқа, бұл қағида заңда көрсетілмеген іс-әрекеттер қылмыс ретінде
бағаланбайтынын, яғни барлық қылмыс деп танылған іс-әрекеттер тек қылмыстық
заң арқылы анықталатынын білдіреді.
Заң нормалары кейде өмір шындығына сәйкес келмейтін немесе ескіре
бастаған түрде, сонымен қатар қылмыс деп танылған кейбір әрекеттердің
қылмыстылығына әлеуметтік тұрғыдан күмән болуыда мүмкін. Бірақ өмір сүріп
отырған қылмыстық заңның сапасыз тұстары болса да, оның жалпыға міндетті
күші болғандытан сақталуға тиісті болып табылады. Бұл да заңдылықтың
сақталуын білдіреді. Демек, жасалған қылмысты дұрыс саралау, ол кінәлінің
әректтеріне дұрыс баға беретін және қоғамның, жеке адамдардың мүддесі мен
құқықтарын қорғайтын заң бабын қолдануды білдіреді. Мұндай талапты
сақтаудың маңызы зор, себебі қылмысты іс-әрекетке дұрыс құқықтық бағалау
бергенде әділ сот іске асырылып, қылмыскер басқа қылмыс үшін емес, өзі
жасаған қылмыс түрі бойынша жауапты болады. Нәтижесінде қылмыс жасаған
адамның қоғамға қауіптілігі дәрежесіне сай келетін жауаптылықтың түрі мен
көлемі белгіленеді, себебі әр қылмыстың қоғамға қауіптілігінің дәрежесіне
қарай қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің баптарында жазалар келтірілген.
Қылмысты дұрыс, әрі толық саралау – жазаны дұрыс белгілеуге жағдай жасайды
және қылмыстық жауаптылықтың салдары да дұрыс шешіледі, яғни жаза өтеу
мекемесінің түрі, жазадан шартты түрде ерте босату, сотталған адамға түзеу
құралдарының түрлерін қолдану, соттылық мерзімінің аяқталуы дұрыс
қолданылады.
Қылмысты дұрыс саралаудың келесі маңыздылығы, ол елдегі қылмыстылық
туралы статистикалық ақпараттың дұрыс берілуіне әсер етеді. Егер құқық
қорғау органдарының қызметкерлері қылмысқа дұрыс баға бермей және қате
саралау жасаса, онда қылмыстылық туралы статистикалық мәліметтер бұрмаланып
беріледі, нәтижесінде қылмыстардың ауырлығы, түрлері бойынша объективтік
өмірдің шындығына сәйкес келмейтін, қате ақпараттар жарияланады.
Қылмысты дұрыс саралаудың келесі маңыздылығы – мемлекеттің
қылмыстылықпен күрес шараларын жүргізуіне байланысты болып табылады.
Практика қызметкері қылмыстың түрін дұрыс анықтамаса, онда ол қылмыс өз
тобына жатқызылмай, басқа қылмыстың көбеюін білдіруі мүмкін. Мемлекет
қылмыстылықтың түрінің көрсеткіштеріне қарай онымен күрес шараларын
белгілейді.
Сот-тергеу практикасының материалдарына назар аударсақ, өкінішке
орай қылмысты саралау субъектілерінің қате жұмыс істеуі жиі кездеседі.
Құқық қорғау органдарының жұмысына баға бергенде құқықтық нигилизм деген
ұғым кейде қолданылады. Мағынасы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің
жағымсыз әрекеттер жасауын, салдыр-салақ, қате жұмыс істеуін білдіреді.
Құқықтық нигилистік әрекеттер сот-тергеу органдары қызметкерлерінің
құқықтық сауатсыздығына жеткілікті деңгейде білімінің болмауына байланысты
абайсыздықта қате жіберуіне немесе өздері қылмыстық іске мүдделі болғанда
қасақана да құқық нормаларын дұрыс қолданбауына байланысты кездеседі.
Заңды қолдануда қателіктер жіберу әділ соттың іске асырылуына
кедергі жасап ғана қоймайды, ол сонымен бірге халықтың арасында құқық
қорғау органдары қызметі туралы теріс пікір қалыптасуына және сенімсіздік
танытуына әкеп соғады. Нәтижесінде сот-тергеу, прокуратура органдары
қызметінің беделіне нұқсан келеді және олардың қызметтерінің негізгі
мақсаты іске асырылмайды. Мысалы, ауыр қылмыс жасаған адамның әрекетін
жеңіл қылмыс түрі бойынша бағалағанда, ол қылмыскерге жаза жеткілікті
деңгейде белгіленбейді, нәтижесінде жаза қылмыскерге әсер етпейді. Ал жеңіл
қылмыс жасаған адамның әрекетін ауыр қылмыс деп белгілегенде, ол қылмыскер
өзінің қауіптілік деңгейіне сәйкес келмейтін құқықтық жазаға тартылады және
жаза керісінше, яғни адамды түзеу мағынасында емес, бұзу мағынасында
көрініс беруі мүмкін. Нәтижесінде ол адамда құқық қорғау органдарының
қызметі туралы теріс пікір қалыптасады және оның болашақ өміріне түпкілікті
әсер етуі мүмкін. Осындай нигилистік әрекеттердің алдын-алу үшін ҚР-сы ҚК-
тің 52 баптың барлық бөлімдерінде соттарға жаза тағайындау кезінде
ескерілуге тиісті талаптарды келтіреді.
Жаза тағайындау кезінде бұл талаптардың сақталуын ҚР-сы Жоғарғы
Сотының 2001 жылғы 19 қазандағы Бас бостандығынан айыру жазасын
тағайындаудың кейбір мәселелері туралы нормативтік қаулысы талап етеді.
Бұл қаулының 1 пунктінде Әрбір қылмыс бойынша ҚК-тің 52 бабында
белгіленген жазаны тағайындаудың жалпы негіздерінің сөзсіз сақталуын соттар
ескеріп, тым қатал немесе тым жеңіл белгіленген әділетсіз жазалар жазаның
мақсатына жетуге жағдай жасай алмайтынына көңіл аудару керек деп сот
қызметіне талап қояды.[5]
Тергеу органдары қызметкерлерінің қылмыстық заңның барынша ауыр
қылмыс түрімен саралау жасайтындығын кездестіруге болады. Мұндай кезде
тергеушілер жауаптылықтың жоғарғы көрсеткішіне есеп жасап, оны жеңіл
қылмысқа ауыстыруды соттардың еншісіне қалдырады. Тергеу органының
қызметкерлері осылайша жұмыс істей отырып, максимальдық деңгейде іс-
әрекеттті бағалау саясатын ұстанады және осындай қызметімен сезікті немесе
айыпкер адамдардың заңды мүдделері мен құқықтарын бұзады және заңдылық
қағидасын естен шығарады.
Сот – тергеу практикасының материалдарынан қылмыстық жиынтығын
қолдан жасауды жиі кездестіруге болады. Тергеушілер қылмысты саралау
кезінде жасалған қылмысқа ұқсас өзге де қылмыстарды қоса отырып саралайды.
Мысалы, бір бандитизм қылмысын саралау кезінде оған ұқсас қылмыстарды,
мысалы ұйымдасқан топпен жасалған қарақшылықты, атылатын қару – жарақты
алып жүру немесе сақтауды, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қауымдастықты
құру және оған қатысу тәрізді қылмыстарды қосып, жиынтық түрінде бағалайды.
Осылай ете отырып, сот-тергеу қызметкерлері қылмыстық құқықта кейде бір
қылмыстың белгілері бірнеше қылмыстардың қосындысынан құралатынын, яғни
күрделі қылмыстық құрамдардың ерекшелігін немесе мұндай қылмыстарды саралау
ережесін естен шығарады. Бірнеше қылмыстардың қосындысы бір қылмыс түрінде
заңда бейнеленгенде, оның жауаптылығы да басқа қылмыстармен салыстырғанда
ауыр болып белгіленеді. Тергеушілер қылмысқа осындай қате саралау жүргізе
отрып, оның қателерін соттар қайта саралау жүргізу мүмкіндіктеріне
қалдырады, яғни бұл кезде де тергеушілер максимальдық мөлшерде бағалау
жүргізу саясатын ұстанады. Ал аудандық, қалалық соттарда бұл қателіктер
көбінесе соттардың жеткілікті деңгейде білімді болмауына байланысты
түзелмей, сотталушы, адвокат т.б. тарапынан апелляциялық арыздың болуына
байланысты Жоғарғы Соттың қылмыстық істер туралы алқа мәжілісінде түзеліп
жатады. Мұндай кездерде Жоғарғы соттың алқасы артық тағылған айыптауларды
алып тастап, оның себебін өз анықтамаларында келтіреді. Іс-әрекетте
қылмыстың жиынтығы жоқ жерде сауатсыздықпен қылмыстар жиынтығы түрінде
саралау, сот – тергеу қызметінің ең ауыр қателігі болып табылады. Себебі
мұның нәтижесі қылмыстар жиынтығы бойынша жаза тағайындауға әкеледі.
Қылмысты дұрыс саралау – құқық қорғау органы қызметінің қызметтік
борышы, негізгі міндеті болып табылады. Осы орайда қылмысты дұрыс саралауда
ғалымдардың ой пікірлеріне жүгінсек, В.Н. Кудрявцев қылмысты дұрыс саралау
негіздерін үш топқа бөліп тұжырымдайды:
1. Қылмысты дұрыс саралау-құқық қорғау органы қызметінің қызметтік борышы,
негізгі міндеті болып табылады.
2. Қылмысты дұрыс саралау - әділсоттылықты заңға сәйкес жүзеге асырады.
3. Қылмысты дұрыс саралау-заңды қатаң сақтауды талап ету мақсатында нақты
көрсетіледі.
Ал Б.А.Куринов: Қылмысты дұрыс саралау – қоғамға қауіпті іс-
әрекетке нақты және толық қылмыстық заңды қолдану-деп өз ойын
қорытындылайды. Г.А.Левицкий: Қылмысты дұрыс саралау – қоғамдық саяси
негізінде қылмыстық мақсаттарды әділ, заңды орындау-деп өз ойын айтады.
Қылмысты дұрыс саралау үшін заң талаптарын дұрыс түсінетін,
біліктілігі жоғары, сауатты тергеушілер, соттар, прокурорлар жұмыс істеуі
керек және олар заңды тек құқықтық мағынада түсініп ғана қоймай, оның
әлеуметтік мағынасын да түсіне алатындай деңгейде болуы керек. Қылмысты
дұрыс саралауды іске асырудағы бір кедергі, ол сот – тергеу органдары
қызметкерлерінің жаттанды жұмыс істеуі болып табылады. Тергеу қызметінде
бұрын болған қылмысқа ұқсас оқиға болғанда, дәл сол баптарды қайта қолдану
да жиі кездеседі. Осылай ете отырып, әр бір жасалған қылмыстың өз
ерекшілігі болатынын ескермейді. Тергеу жұмысы, оның ішінде қылмысты іс-
әрекеттерге заң баптарын қолдану творчествалық тұрғыдан қарауды қажет
ететін қызмет. Яғни қылмысты саралауда қолданылатын қағидалар мен
ережелерді ескере отырып, тергеуші саралау жүргізгенде, қылмысты іс-
әрекеттің заң баптарымен толық қамтылуын, заңмен қорғалатын қоғамдық
қатынасқа сәйкес келуін, қолданған заң нормасы кінәлінің қауіптілік
деңгейіне сәйкес келуін, бір әрекет үшін бірнеше қылмыс ретінде құқықтық
шараға тартылмауын т.б. талаптарды сақтауы қажет. Бірақ бұл жұмыс қылмыстық
құқықтық талаптарын ескере отырып іске асырылуы тиіс, олай болмағанда әр
тергеушінің, соттың қылмысты әрекеттерге жасаған саралауы, оның жеке
пікірін, ұстанымын білдіріп, қылмысты саралауға белгіленген ережелерге
сәйкес жүргізу талабын бұзуы мүмкін. Қылмыстық заң және оны түсіндіру
мақсатында шығарылатын өзге нормативтік актілер жауаптылық шарасын дұрыс,
әрі мемлекет аумағында бір келкі қолдану үшін шығарылады. Әлеуметтік-
экономикалық, қоғамдық-саяси құбылыстарды бір мемлекет аумағында бір тектес
және дұрыс түрде жүргізу үшін, мемлекет ол салалар бойынша арнайы заңдар
қабылдайды. Олай болмағанда мұндай елеулі қоғамдық құбылыстардың шешімі әр
аумақтағы лауазымды адамдардың жеке көз қарасына тәуелді болып қалады.
Қазақстан Республикасы құқықтық мемлекетті қалыптастыруды көздейді. Бұл
ұзақ процессті қамтитын мақсат, себебі қоғамда заңның бірінші кезекте
қолданылуын, оның беделін көтеріп ғана қоймай, сонымен бірге әлеуметтік-
экономикалық елеулі қатынастардың барлығын анықтауды, олардың бір тұтас
үлгіде шешу үшін арнайы заңдар қабылдануды талап етеді. Құқықтық реттелуге
жататын елеулі қатынастар немесе елеулі қоғамдық болмыстар ретінде
бағалануы үшін мыналар болуы керек. Біріншіден, ол құбылыс әлеуметтік-
қоғамдық өмір үшін елеулі маңыздылығы болуы керек. Мысалы, төтенше
жағдайлар орын алғанда туындауы мүмкін мәселелерді қалай шешу керек? Бұл
сұрақтың жауабы ретінде Қазақстан Республикасында арнайы заң қабылданған
немесе тұқым шаруашылығына қатысты туындайтын қатынастарды реттеуге
арналған заң т.б. Екіншіден, елеулі қатынастар тек жеке бір адамның
биологиялық қажеттілігін ( мысалы, тамақ сатып алу т.б.) емес, қоғамның
дамуын білдіретін құбылыс түріне жатуы керек. Үшіншіден, елеулі құбылыста
бір тектес қоғамдық қатынастар орын алып, оның шешілуі мемлекеттік құқықтық
саясатты барынша ескере отырып іске асырылуы керек. Төртіншіден, елеулі
қоғамдық құбылыста құқықтық қатынас субъектілері белгіленіп, олардың
құқықтары мен міндеттері анықталуы қажет. Демек құқықтық мемлекет жеке
түсінік, ұстаным бойынша емес, ереже бойынша өмір сүруді талап етеді.
Құқықтық мемлекеттің қылмыстық заңы бірнеше міндеттерге сай болуы
керек. Бірінші кезекте қылмыстық заң құқық дамуының ең жоғарғы деңгейін
көрсетуі қажет. Ол үшін қылмыстық іс-әрекеттерден қорғалуға жататын
мемлекетпен қоғамның барлық мүдделері, құндылықтары қаншалықты деңгейде
бағаланғаны анық болуы қажет. Екінші кезекте адамгершілік пен құқықтық
моральға, қайшы қоғамға қауіптілігі елеулі іс-әрекеттердің барлығы қылмыс
ретінде заңмен қамтылуы керек. Келесі кезекте қылмысты әрекеттерге
белгіленетін жазалау шараларының сәйкестігі мен толықтығы заңда көрініс
табуы керек. Төртінші кезекте қылмыстық құқық ғылымында заң нормаларының
қолданылуы тиімділігін шешу, яғни іс-әрекетке баға беруге байланысты даулы
мәселелерді бір тәртіпке келтіру арқылы қылмысты саралау қызметін
оңайластыру қажет.
Қылмысты дұрыс саралау- жасалған қылмысты іс-әрекет дәл анықталып
қоймай, заңмен қорғалатын қатынас, зардап, т.б. құрам элеметтерінің
белгілері, яғни әрекеттің сипаты мен бағыты, кінә нысаны дұрыс анықтылады.
Сондықтан қылмысты дұрыс саралау бірнеше талаптарға жауап беріп, мынандай
мағыналарда анықталады:
1. Әділ сотты іске асыруда заңдылық қағидасының сақталуын білдіреді;
2. Қылмысқа берілген әлеуметтік-саяси және құқықтық бағаны бұзбай іс
жүзінде көрсетеді;
3. Кінәлінің жазасы мен жауапкершілігін дұрыс белгілеуге, яғни ҚК-тің
Ерекше бөлімінің баптары бойынша айыпталып, сол баптар көлемінде жаза
тағайындауға әкеледі;
4. Қылмыстық іс жүргізу заңында қарастырылған істі тергеу тәртібін
белгілеуге жағдай жасайды;
5. Қылмыстылықтың көрсеткіштері дұрыс келтіріледі;
Сонымен қылмысты іс-әрекеттерге дұрыс баға беру құқықтық құбылыс
ретінде құқықтық маңызға ғана ие болмай, әлеуметтік-саяси маңызға да ие
болып, құқық қорғау органдары қызметінде көрініс табады және олардың
жұмысының сапасын анықтаудың басты құралы болып табылады. Сондықтан
қылмысты дұрыс саралау қылмыстық заңды сот-тергеу қызметінде дұрыс қолдану
арқылы көрініс беріп, ол тек құқық қорғау органдарының ғана емес,
әлеуметтік-қоғамдық ортаның да ортақ тілегін іске асыратын қызмет түрі
болып табылады.

1.3. Қылмысты саралаудың сатылары.
Жасалған қылмысты әрекеттерге қылмыстық-құқықтық баға беру, бірнеше
сатылардан құралатын және ұзақ уақытты қамтитын құқықтық құбылыс болып
табылады. Қылмысты саралауға байланысты қылмыстық құқық нормаларын
қолданып, оны қылмыстық іс туралы құжаттарда көрсету – бұл қылмыстық
құқықты іс жүзінде қолдануды немесе өмірге енгізуді білдіреді. Қылмыстың
жасалу оқиғасы бойынша жұмыс істейтін құқық қорғау органдарының түрлеріне
және органдардың қылмыстық іс бойынша өз қызметтерін атқару түріне қарай
қылмысты әрекеттерді бағалау субъектілері бұл жұмысты өз өкілеттігі шегінде
атқарады. Демек, қылмыстық іс жүргізудің әрбір сатысында, мысалы, қылмыстық
іс қозғау, айып тағу, прокурорлық қадағалау, істі сотта қарау және үкім
шығару кездерінде қылмысты саралауға қатысты мәселелер шешіліп отырады.
Мұндай кездерде қылмысқа бастапқыда баға беріп, заң нормасын қолданған
органның жұмысына істі кейінгі сатыларда қарайтын органдар бағалау беріп,
қате саралау жасалғанда қайта саралау жүргізіледі. Қылмыстық іске
байланысты атқарылатын құқық қорғау органдарының барлық жұмыстары қылмысты
саралауға байланысты деп айтуға болмайды. Құқық қорғау органдары жасалған
қылмысқа заң тұрғысынан баға беруден басқа, дәлелдемелерді жинауға,
қылмыстық оқиғаны толық ашуға, жаза белгілеуге қатысты қызметтерді де
атқарады. Сондықтан, қылмыстық іс жүргізу сатыларымен қылмысты саралаудың
сатылары деген ұғымдар өзара ұқсас деп түсінуге болмайды. Қылмыстық іс
жүргізу сатылары деген әлдеқайда кең ұғым болып табылады, тек қылмыстық іс
жүргізудің барлық сатыларында қылмысты саралауға қатысты мәселелер туындап
отыруы мүмкін. Қылмысты саралауға байланысты мәселенің іс жүргізудің
кейінгі сатыларда да кездесуі, ол барлық жағдайда қылмыстық істі бұрын
қараған органның немесе қызметкердің қате бағалау жүргізуіне байланысты
бола бермеуі де мүмкін, кейде тергеу жүргізу немесе қылмыстық істі сотта
қарау кездерінде саралауға әсер ете алатын жаңа мән-жайлар ашылып жатады.
Қылмыстық іс жүргізу сатыларында іс-әрекетті бағалау бойынша құқығы бар
органдар құқық нормаларын қолдануға қатысты мәселелерді атқарып, дәлірек
айтқанда, қылмыстық оқиғаның толық мазмұнын ашу, заңның мағынасын түсіну
және заң нормасын талқылау, ақырында белгілі бір заң нормасына осы қылмысты
оқиғаны жатқызу мәселелерін шешеді. Қылмыс оқиғасының мазмұнын толық ашу,
ол қылмысқа дұрыс, дәл құқық нормасын қолдануға жағдай жасайды. Қылмыс
оқиғасы толық белгілі болғанда саралауды дұрыс беру – қылмыстық істі
жүргізіп отырған қызметкердің біліміне байланысты.
Қылмыстық істі жүргізу немесе қылмыс бойынша қызмет атқаратын құқық
қорғау органдарының тізбектелген жұмыстарына қарай қылмысты саралау
субъектілеріне алдын ала тергеу, прокуратура және сот органдары жатады. Ал
қылмыстық іс бойынша нақты атқаратын қызметінің түріне қарай бөлгенде
анықтаушылар, тергеушілер, прокурорлар және соттар деп бөлуге болады.
Анықтаушылар және тергеушілер қылмыстық іс жүргізу кезінде екі
міндеттің толық орындалуын көздеу керек. Біріншісі, қылмыс оқиғасының
мазмұнын толық ашып, оған дұрыс құқықтық баға беру, екіншісі, кінәлінің
айыбын толық белгілеу үшін қылмыс оқиғасына және кінәлі адамға байланысты
дәлелдемелерді жеткілікті көлемде жинау болып табылады.
Тергеу органдары қылмысты саралауды ресми түрде немесе тергеу құжаты
түрінде қылмыстық іс қозғау қаулысында көрсетеді. Бұл саралауды білдіретін
құжат, қылмыс оқиғасының орын алуына байланысты шығарылады, бірақ жеке
адамның әрекетін саралауды білдіре бермеуі мүмкін. Ол кінәлі адамның әзірге
белгісіз болуына байланысты болады.
Қылмыс оқиғасы бойынша кінәлі адамның әрекетттеріне саралау жүргізу-
тергеу құжаттарында сезікті немесе айыпкер ретінде тану туралы қаулыларда
және айыптау қорытындысында көрініс табады.
Прокуратура органы заңдылық қағидасының сақталуын қамтамасыз ету
мақсатында қылмыстық істі өз қадағалауына алып, тек сот-тергеу органдарының
қызметін ғана емес, сонымен бірге қылмысқа берілген құқықтық бағаның, яғни
саралаудың дұрыс жүргізілуін қадағалайды. Прокурорлар қылмысқа дұрыс
саралау берілмегенде, ол бойынша жұмыс жүргізген органға өз ұсынысын
білдіріп, неліктен наразылық білдіріп отырғанын негіздей отырып хабарлайды.
Демек, прокурорлық қадағалау мұндай кезде қылмыстық заң нормаларының дұрыс
қолдануын мақсат етеді.
Сот органдары қылмыстық іс бойынша қылмыстық құқықтың екі қызметін
іске асырады:
- Заң жүзінде қылмысты дұрыс бағалау.
- Қылмыскерге жауаптылықтың түрі мен көлемін белгілеу.
Сонымен қатар соттар тергеу органдарының қылмыс оқиғасын ашу
деңгейіне қарай саралаудың дұрыстығын тексереді. Дұрыс болмағанда қайта
саралау жүргізіп, бұл туралы өз құжаттарында негіздеп, түсіндіреді.
Сонымен, қылмысты саралау субъектілері қылмыстық әрекетке саралау беруді өз
қызметінде басты міндет ретінде емес, тек қылмыстық іс бойынша белгіленген
өз қызметін атқару кезінде заңның дұрыс қолдануын қамтамасыз ету түрінде
жүзеге асырылады.
Қылмысты саралау – бұл жасалған қылмыстық әрекетке қылмыстық заң
нормаларының ішінен дәл келетін бапты қолдану деп түсінік бергенмен, оны
іске асыру алдын ала дайындықтың болуын және қажетті ережелерді сақтауды
талап ететін күрделі қызмет болып табылады. Қылмысты саралау прцессуальдық
қызметке қарағанда ой қызметінің басым қолданылуын қажет ететін жұмыс
ретінде түсіну керек.
Кейбір қылмыс оқиғасының мазмұнына, сипатына қарай отырып, әрекеттің
қылмыстылығын толық ой елегінен өткізбей-ақ бірден анықтауға болады.
Мысалы, үйдің, қойманың тоналуына, адамның қару қолдану арқылы өлтірілуіне,
қылмыс оқиғасын көзімен көруіне т.б. осы тәріздес жағдайларда әрекеттің
қылмысты екендігі және жасалған қылмыстың түрі бірден белгілі болады. Бірақ
қоғамға қауіпті зардап туындағанмен, ол үшін кінәлі адамның бар-жоқтығына
немесе іс-әрекетті жасаған және зардапты келтірген адам белгілі болғанмен,
іс-әрекеттің қылмыстылығы анық болмаған жағдайларда, болған оқиғаның әрбір
бөлігіне баға беру керек. Мұндай кездерде ойлау процестерінің нәтижесінде
саралау жасалады. Қылмысты саралаудың тәртібінде тек таза қылмыстық-
құқықтық ғана емес, қисындық (логикалық) ережелер де кездеседі. Ол қисындық
ережелер қылмыстық заңда қылмыс түрлерінің көптілігін және кейбір заң
баптарының өзара ұқсастығын ескере отырып, ойлау процесін жүргізуді талап
етеді. Бір айта кететін жайт, ол кейбір құқық қорғау органдарының
қызметкерлері қылмысты саралау кезінде мұндай ойлау қызметін қолданбай,
бірден саралау жасауға тырысады. Мұндай қызметкерлер көбінесе осы қылмыс
оқиғасын бұрын практикасында кездескен ұқсас қылмыспен бірдей көріп немесе
қылмыстың зардабы, қылмыс объектісі, тәсілі, жағдайы тәрізді белгілердің
жасалған қылмыста кездесуіне қарай саралау жүргізеді. Мұндай кездерде олар
әрбір қылмыс оқиғасының мазмұнындағы ерекшеліктер саралауға әсер ететінін
ескермейді. Себебі қылмыстық заңдағы өзара ұқсас қылмыс түрлерінің кем
дегенде бір құрам элементінде немесе оның белгілеріне қарай айырмашылығы
болады. Осы айырмашылықты ескере отырып, қылмыс мазмұнын салыстырудың өзі,
ол қылмысты саралаудағы алдыңғы емес, кейінгі кезектегі ойлау жұмыстары
болып есептеледі.
Қылмысты саралау жұмысының бастапқы кезеңінде жасалған әрбір қылмыс
оқиға ретінде бағаланады. Оқиға деп бағалану себебі біріншілен, жасалған
іс-әрекеттің, туындаған зардаптың қылмыстылығы әлі анық болмауына
байланысты. Зардап туындағанмен ол зардапты келтірген есі дұрыс, жауаптылық
жасына толған адам болғанмен, ол барлық жағдайда қылмыс болып анықтала
бермеуі мүмкін. Мысалы, қылмыс жасаған адамды ұстау шаралары шегінен шықпай
оның өміріне немесе денсаулығына зардап келтіру. Мұндай жағдайлар кінәсіз
зардап келтіру оқиғаларында да болады. Екіншіден, қылмыс деген құбылыстың
өзі әлеуметтік-саяси тұрғыдан алғанда қоғамдық құбылыстың бір түрі болып
табылады.
Қоғамдық құбылыстар ретінде, әдетте қоғам мүшелері бар жерде сол
қоғамның өмір сүріп отырғанын немесе оның дамуына әсер ете алатын, сонымен
қатар қоғамның өсуіне де, дағдарысына да әсер ететін болмыстар алынады.
Мысалы, демогрфиялық құбылыстар (халықтың тууы, көшіп қонуы т.б.)
экономикалық, дәрігерлік қызмет салаларындағы қатынастардан туындайтын
құбылыстар. Қоғамдық құбылыстардың қатарына сол қоғам үшін зиянды
қылмыстылық тәрізді құбылыстар да жатады. Қылмыстылықтың қоғамдық құбылыс
қатарына жатуының басты себебі - ол қоғамда қылмыстардың жасалуына алғы
шарттардың, себептердің орын алуы деп түсінуі керек. Демек, қоғамға қауіпті
іс-әрекеттер жасалғанда немесе заңмен қорғалатын мүдделерге зардап
келгенде, ол түбінде қылмыс немесе қылмыс болмай анықталсын, бәрі бір
оқиға ретінде бағаланады. Егер орын алған оқиғада зардаптар, зиянды
әрекеттер бар болса, онда құқық бұзушылық, оның белгілерінің бар –
жоқтығын анықтау керек. Бұл қылмысты саралаудың алғашқы сатысы болып
табылады.
Болған оқиға құқық бұзушылықтың бар – жоқтығын анықтау үшін
біріншіден, заңмен қорғалатын мүдделерге зиян келгенін, екіншіден, ол
бойынша адам немесе заңды ұйым ( азаматтық құқық бұзушылықтың
субъектілеріне заңды ұймдар да жатады ) бар – жоқтығын және үшіншіден, зиян
келтірген адамда кінәнің бар – жоқтығын анықтау керек. Осы үш белгі болған
жағдайда құқық бұзушылық бар деп саналады. Құқық бұзушылық бар деп танылса,
онда келесі сатыда құқық бұзушылықтың қай түрі орын алғанын анықтау қажет
болады. Құқық бұзушылықтар қылмыстық, әкімшілік, азаматтық т.б. салаларға
бөлінеді. Бұл құқық бұзушылықтар бір – бірнен іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілік дәрежесіне және қоғамға қауіптілік сипатына қарай ажыратылады.
Қоғамға қауіптілік дәрежесіне карай көбінесе, қылмыс пен әкімшілік тәртіпте
қаралатын теріс қылық бір – бірінен ажыратылады. Мысалы, ұсақ ұрлық
әкімшілік құқық бұзушылық ретінде танылса, ал меншікке елеулі көлемде
зардап келтіретін ұрлық қылмыс деп бағаланады.
Іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік сипатына қарай көпшілік жағдайда
азаматтық құқық бұзушылық пен қылмысты ажырату ыңғайлы. Мысалы, бір адам
екінші адамнан қарыз ақша алады, бірақ қайтармайды. Бұл жағдайда қарыз
ақшаны қайтармаудың үш түрлі нұсқасын келтірейік. Бірінші нұсқада қарызға
ақшаны алып тұрып, оны кейін қайтармаймын деген іштей шешім болған, яғни
алдау арқылы алған. Ал, екінші нұсқада қарыз алу кезінде қайтару ниеті
болған, бірақ кейін қайтарудан қасақана бас тартқан. Үшінші нұсқада қарызды
алған адам қайтарғысы келеді, бірақ оған мүмкіндігі жоқ. Бұл өзара
нұсқалардағы мысалдардың біріншісі іс-әрекеттің қауіптілік сипаты бойынша
қылмыс деп анықталса, қалған екі нұсқа бойынша азаматтық жауапкершілік
туындайды. Себебі, бірінші нұсқа бойынша кінәлі адам бірден қауіпті әрекет
жасады, яғни ол адамның сеніміне қиянат жасады. Бұл қылмыс болып
есептеледі. Ал, екінші нұсқадағы қарыз алған адамда алу кезінде қоғамға
қауіпті, меншікке қарсы бағытталған ой, қылмыстық ниет болмаған, соған орай
іс-әрекет жасаған кезде қоғамға қауіптілік болған жоқ. Ол адам тек
міндеттемені орындаудан қасақана бас тартқан болып саналады және азаматтық
– құқықтық тәртіпте қарыз берген адамның мүліктік құқығы қорғалып, қарызды
қайтару тәртібі белгіленеді. Үшінші нұсқада осындай тәртіппен шешілуге
жатады. Демек, қылмысты саралаудың бұл сатысында іс-әрекеттің қоғамға
қауіптілік дәрежесі мен сипатын дұрыс анықтау арқылы қандай салаға жататын
құқық бұзушылық орын алғанын анықтауға болады.
Келесі сатыда жасалған іс-әрекетті қылмыс деп тану үшін ҚК-тің 9-
бабындағы қылмыстың жалпы белгілерінің бар – жоқтығына көңіл аудару керек.
Дәлірек айтқанда іс-әрекетте қоғамға қауіптілік, яғни заңмен қорғалатын
қоғамдық қатынастарға бағытталу және абайсыздық немесе қасақаналық
түріндегі кінәнің бар екендігін анықтау қажет. Ал қылмыстың қалған жалпы
белгілері, құқыққа қайшылық пен жазаланушылық белгілері саралауды нақтылау
кезінде, яғни ҚК-тің белгілі бір бабына жатқызу кезінде, соңғы сатыда
қолданылады.
Келесі сатыда қылмыстың қандай тобына немесе ҚК-тің қай тарауындағы
қылмысқа жататындығын анықтау қажет. Бұл міндетке жету үшін кінәлінің
саналы ойынан туындаған іс-әрекетінің бағыты ескеріледі және осы тәсіл
арқылы қылмыстың топтық объектісі анықталады. Топтық объектіні анықтау үшін
кінәлінің қылмыстық ойының бағыты, осының нәтижесінде жүзеге асырылатын іс-
әрекеттің мақсаты ескеріледі. Мысалы, көлік жүргізуші абайсыздықта
көлігімен жаяу адамды қағып кетіп, оның өліміне соқтырған зардап келтірді.
Мұндай жағдайда екі нұсқа келтіруге болады. Бірінші нұсқа бойынша көлік
жүргізуші жол жүру ережелерін бұза отырып немесе көлікті пайдалану
ережелерін сақтамай, адам өміріне зардап келтірген. Екінші нұсқа бойынша
көлік жүргізуші жол жүру ережелерін бұзбаған немесе көлікті пайдалану
ережелерін сақтағанның өзінде адам ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмысты дұрыс саралаудың маңызы
Қылмысты саралаудың ұғымы, маңызы және қылмыстық құқықтағы орны
Аяқталмаған қылмысты саралау
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері
Қазақстан Республикасы қылмыстық қүқығындағы қылмысты саралаудың жалпы түсінігі мен маңызы
Қылмысты саралаудың теориялық мәселелері және қылмыспен күресте алатын орыны
Қылмысты саралаудың теориялық негіздері және оны жүзеге асырудың практикалық мәселелері жайында
Қылмыстық зардаптар
Қылмыс құрамы, қылмыс құрамының белгілері
Қылмыс түсінігі белгілері
Пәндер