«Алаш» либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І. тарау «Алаш» либералдық.демократиялық қозғалысының дүниеге келуі

1.1. «Алаш» партиясының құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
1.2. «Алаш» партиясының бағдарламасындағы саяси
құқықтық және әлеуметтік идеялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...10

ІІ. тарау. «Алаш» либералдық.демократиялық қозғалысының идеологтары

2.1 «Алаш» қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі ... ... ... ... ... .16
2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі орны ... ... ... ... ... ... .30
2.3. «Алаш» либералдық.демократиялық қозғалысының бүгінгі
заманғы тарихнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...42

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
Кіріспе


Бітіру жұмысының өзектілігі:

1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы армандаған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетіскеннен кейін төл тарихымыздың қасақана бұрмаланып, мән-мағынасы шындыққа жанаспайтын тұрғыда баяндалып келген мәселелерін қайта жазып, жұртшылыққа жеткізу мүмкіндігі туды.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси, экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған. Алаш қозғалысы, «Алаш» партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшылары еншісіне тиді. Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін ұсынды. Қазіргі кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.Бұл бағытта бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-шығармашылық мұралары насихатталуда.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы.-Алматы, 1995.-228 б.
2. Нұрпейісов К. Алаш һәм Алашорда.-Алматы, 1995.-19 б.
3. Омарбеков Т. Қос төңкеріс және Алаш қозғалысы// Ақиқат.-1994.-№9-Пб.
4. Субханбердина Ч. Қазақ. Алаш.-Сарыарқа. Алматы, 1993.- 36 6.б
5. Ахметов Ғ. Алаш алаш болғанда.-Алматы, 1998.-42 б.
6. Мухаметов М, Сатершинов Б, Сырымбетұлы Б. Саяси-құқықтық ілімдер тарихы.-Алматы, 2002.-53 б.
7. Құл-Мұхаммед М. Алаш қайраткерлері: саяси құқықтық көзқарастарының қалыптасуы.- Алматы, 1998.-64 б.
8. Пірманов Ә, Қопаева А. Қазақ интеллегенциясы.-Алматы, 1997.-119 б.
9. Өзбекұлы С. Арыстары Алаштың.-Қазақстан-2030, Алматы,-1998.-259 б.
10. Сұлтанов Қ. Алаш өкіметіне -90 жыл//Оңтүстік таңы, 2007. 7 б.
11.Қүл-Мұхаммед М. Алаш ардагерлері.-Алматы, 1996.-97 б.
12.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 1-том.
13.Омарбеков Т. Алаштың ақиқатын кім айтады // Қазақстан
коммунисі.-1991.-№7.-6-7 б.
14. Н.Абилтайн М, Кеңеспаев Қ. XX ғасырдың басындағы
Қазақстандағы Саяси партиялар сипаты және алаш
қозғалысының тарихнамасы.-Түркістан, 2004.-132 6.
15.Рахым Е. Бүгінгі билік Алаш көсемдерін мойындағысы
келмейді// Жас алаш.-2007.-№44.-4 б.
16. Қойгелді М. Алаш идеясы // Жас алаш.-2007.-№44.-4 б.
17. Оралтай X. Алаш-Түркістан түркілерінің ұлт азаттық ұраны//
Азат.-1991.-№18.-3 б.
18. Бекмаханов Е. Қазақстан XIX ғасырдың 20-40 жылдарында.-
Алматы, 1994.-232 б.
19. Бұл да сонда.
20. Бөкейхан Ә. Таңдамалы шығармалар жинағы.-Алматы, 2003,-22 б.
21. Қозыбаев М. Ақтаңдақтар ақиқаты.-Алматы, 1992,-125 б.
22. Қойгелдиев М. Алаш өткен жол // Ақиқат.-1994.-№2.-45 б. 23.Аманжолова Д. Партия Алаш: история и историография.-
Алматы, 1998,-23 б.
24. Бөкейхан Ә. Таңдамалы қазақ энциклопедиясы.-Алматы, 1995.- 95 б.
25. Сайлаубай Е. Алашорда үкіметінің шығыс бөлімі.-Алматы,
2001.-14 б.
26. Сүлейменов Д. Алашорданың батыс бөлімінің тарихы.- Алматы, 2004.-32 б.
27. Бұл да сонда.
28. Асфендияров С. Қазақстан тарихының очерктері.-Алматы.-1994.- 52 б.
29.Артықбаев Ж. Қазақстан тарихы.- Астана-2001.-63 б.
30. Нүрпейісов, Байжанов, Шакеев. Алаш мирас: құжаттар жинағы.
Екінші кітап.-Алматы.-1995.-84 б.
31. Есмағамбетов К. Тәуелсіздіктің таңшолпаны // Егемен Қазақстан.-
2007.-№5.-6 б.
32. Бұл да сонда.
33. Сарсекеев К. Ақтаңдақтар беттерін тәуелсіздік ашты // Саясат.-
2005.-№11.-33 б.
34. Жамбылов Д. Саясаттану негіздері.-Алматы-2003.-79 б.
35. Бұлұтай М. Әзіз қазақ жұрты // Саясат.-2003.-№9.-10 б.
36. Қойгелдиев М. Өзімізді қайта таныдық // Егемен Қазақстан.-2006.-№220.-3 б.

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 49 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

ТАРИХ ФАКУЛЬТЕТІ

САЯСАТТАНУ КАФЕДРАСЫ

Диплом жұмысы

Алаш либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы

Алаш либералдық-демократиялық қозғалысы идеологиясының маңыздылығы

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

І. тарау Алаш либералдық-демократиялық қозғалысының дүниеге келуі

1.1. Алаш партиясының
құрылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2. Алаш партиясының бағдарламасындағы саяси
құқықтық және әлеуметтік
идеялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 10

ІІ. тарау. Алаш либералдық-демократиялық қозғалысының идеологтары

2.1 Алаш қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан
үлесі ... ... ... ... ... .16
2.2. Мұхаметжан Тынышбаевтың Уақытша үкіметтегі
орны ... ... ... ... ... ... .30
2.3. Алаш либералдық-демократиялық қозғалысының бүгінгі
заманғы
тарихнамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ...39

ІІІ.
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .42

ІV. Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..47

Кіріспе

Бітіру жұмысының өзектілігі:

1991 жылдың желтоқсан айында қазақ халқы өзінің ғасырлар бойы
армандаған тәуелсіз мемлекет мәртебесіне жетіскеннен кейін төл тарихымыздың
қасақана бұрмаланып, мән-мағынасы шындыққа жанаспайтын тұрғыда баяндалып
келген мәселелерін қайта жазып, жұртшылыққа жеткізу мүмкіндігі туды.
ХХ ғасырдың алғашқы ширегінде Қазақстанның қоғамдық-саяси,
экономикалық және әлеуметтік өмірінде елеулі рөл атқарған. Алаш қозғалысы,
Алаш партиясы және Алашорда үкіметі тарихын зерттеуді жан-жақты, әрі
терең ғылыми тұрғыда жалғастыру міндеті тәуелсіз Қазақстан тарихшылары
еншісіне тиді. Белгілі тарихшы Қ. Нүрпейісов, Алаштану саласының
төмендегідей маңызды деп табылған мәселелер тізбегін ұсынды. Қазіргі
кезеңде бұл бағытты жүзеге асыру үшін тарих тағылымынан сабақ алып, ұлттық
мемлекетті қайта қалпына келтіру жолындағы Алаш қайраткерлерінің қызметін
терең зерделеп, жетекші ойларын басшылыққа алуға тиіспіз.Бұл бағытта
бірқатар елеулі істер тындырылғаны да белгілі. Мәселен, алаштану мәселесі
ғылыми тұрғыда негізделіп, мектебі қалыптасты және Алаш зиялыларының ғылыми-
шығармашылық мұралары насихатталуда.

Тақырыптың зерттелу деңгейі:

Тақырыбымызға байланысты зерттеулердің ішінде ХХ ғасырдың бас кезінде
жақық көрген еңбектердің ерекшелігі, ол мәселенің негізгі мән-мағынасын
ашып көрсетуде жан-жақтылық пен деректілік сипат танытуында деп білеміз.
Алашқа қатысты тарихи шындық тұрғысындағы тұжырымды ойлар А. Байтұрсыновтың
атақты Революция және қазақтар деген мақаласында айтылды. Бұдан кейін
С.Сейфуллин Қазақ интеллегенциясы деген мақаласында Алаш қозғалысының
1905 жылдан бергі тарихына шолу жасайды. Алаш қайраткерлерін
контрреволюцияшыл, реакцияшыл деп айыптай келе, олардың қазақ қоғамын
жандандыруға ізденістерін де жоққа шығармаған. Сәкеннің алаш жәнеАлашорда
қозғалысы туралы көзқарасы 1927 жылы Қызылорда қаласында жеке кітап болып
шыққан Тар жол, тайғақ кешу деп аталатын тарихи еңбегінде нағыз
большевиктік рухта сипат алғаны мәлім. Осы көзқарасты солк езеңдегі
басылымда Ә.Әйтиев те қолдаған. Сонымен қатар, атаниязов деген есімді де
кездестіруге болады. Ал Кенжин А. болса Алашорда қозғалысын сол кездегі
қазақ қоғамында туындалған қоғамдық-саяси жағдайлардан өрбіген, қозғалыс
ретінде, оның қызметін нақты тарихи жағдайлармен байланыстыра қарауды
ұсынды.
Қазақстанның 1991 жылы тәуелсіздікке ие болуы, егемен ел тарихына
деген қызығушылықты арттыра түскені сөзсіз. Академик М. Қозыбаев алаштану
салаларын зерттеуді Алаш ұғымының тарихи негіздерін бастауды көрсетті. Ал
ғалым Т. Омарбеков алашшыл зиялылардың кеңестік кезеңдегі атқарған қоғамдық-
саяси қызметіне және тағдырына байланысты құнды зерттеулер легін бастады.

Мақсаты мен міндеті:

Алаш қайраткерлерінің нақтылы қоғамдық-саяси қызметтеріне тоқталу,
төңкеріс пен азамат соғысы жылдарындағы саяси күштердің тоғысуы және
аймақтың ерекшеліктері негізінде талдау жасау арқылы көрсету зерттеудің
басты мақсаты болып табылады.
Алаштың қоғамдық-саяси, экономикалық, әлеуметтік және рухани
саласындағы іс-әрекет аясын кең көлемде зерттеу міндеттері төмендегідей:
- Алаштың құрылу тарихы, оның ықпалын анықтау;
- Жетекші саясаткерлердің тікелей қызметтеріне талдау жасау;
- Алаштың кеңес үкіметі мен арақатынасы және нәтижесін көрсету;
- Алаштың мемлекеттік құрылымы, оның ішінде әскери, шаруашылық және
мәдени салалардағы қызметтеріне талдау жасау;
- Алаш қызметкерлерінің өмірі мен қызметтерінен жан-жақты толық мағлұмат
беру.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

Қазақстан Республикасында бүгінде қалыптасу процесін өткеріп отырған
демократиялық жаңғырулар барысында ел тарихының ақтаңдақтарына айналып
келген көптеген күрделі де тартысты тарихи мәселелерге жаңа сындарлы
зерттеулер жүргізу, оны ұлттық мақсат пен мүддені және жалпы адамзаттық
идеясына үйлестіре отырып іске асыру аталған тақырыпты зерттеудің
ерекшелігі болып табылады. Зерттеудің ғылыми жаңлығына тың архивтік
деректердің ғылыми айналымға енгізілуін жатқызамыз.

Зерттеудің объектісі:

Алаштың әлеуметтік, саяси және экономикалық бастау көздері, оның ХХ
ғасырдың алғашқы 20 жылындағы Қазақстанның қоғамдық-саяси өміріндегі алатын
орны мен атқарған рөлі; 1917 жылғы екі революция аралығындағы Алаштың басқа
партиялармен өзара қатынасы мен байланысы; Алаш пен Алашорда және кеңес
үкіметі; Алаш қозғалысының ішкі қайшылықтары және оның көріністері; Алаш
қозғалысының көрнекті қайраткерлерінің көзқарас эволюциясы;

Зерттеудің құрылымы: Бітіру жұмысы кіріспеден, негізгі екі тараудан,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

І.І. Алаш партиясының құрылуы

Алаш туының астында
куә болсын арымыз!
Көркейтуге Алашты
Құрбандық біздің жанымыз!
Жасасын, Алаш, жасасын!

С.Торайғыров.

1917 жылдың жазына қарай қазақтың либералдық-демократиялық қозғалысы
жетекшілерінің Уақытша үкіметке деген сенімі әлсіреді. Өйткені Уақытша
үкімет Қазақстанда түбірлі әлеуметтік-саяси мәселелер бойынша іс жүзінде
құлатылған патша үкіметінің саясатын жүргізумен болды. өзінің мәні жөнінен
импералистік билеу мен басқару органы болған Уақытша үкімет нағыз
демократиялық тұрғыдан ұлт және аграрлық мәселерді шешу тұрмақ, оған
талпыныс та жасамады. Басқа езілген халықтар сияқты, қазақ халқының өзін-
өзі билеу, Қазақстанның өз алдына ұлттық-территориялық автономия болуы
жөніндегі мәселені мемлекеттік дәреже деңгейіне көтереді деген үмітті
Уақытша үкімет аяқ асты етті.
Басқа сөзбен айтқанда, Әлихан Бөкейханов кадет партиясынан ат құйрығын
үзуін қазақ қауымы үшін өмірлік маңызды үш мәселе жөнінен – аграрлық,
ұлттық-мемлекеттік құрылыс және дін мәселесі бойынша келіспегендіктен деп
түсіндіреді. Осы басты мәселелер мен олармен тығыз байланысты басқа да
күрделі проблемаларды талқылау үшін бүкілқазақтық съезд шақыруды дұрыс деп
тапқанын ашық мәлімдейді. Бұл оның көзқарас эволюциясының либералдық-
демократиялықтан ұлттық-демократиялыққа қарай өзгеріске ұшырағанын
көрсетті.

Бірінші бүкілқазақтық съезд 1917 жылғы 21-26 шілдеде Орынбор қаласында
өтті. Оған Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария облыстарының
өкілдері қатынасты. Съездге қатысушылар саны аса көп болмағанына
қарамастан, оның күн тәртібіне сол кездегі Қазақстанның әлеуметтік-
экономикалық және қоғамдық-саяси өміріне тікелей қатынасы бар аса маңызды
он төрт мәселе енгізілді:
1. Мемлекет билеу түрі
2. Қазақ облыстарында автономия
3. Жер мәселесі
4. Халық милициясы
5. Земство
6. Оқу мәселесі
7. Сот мәселесі
8. Дін мәселесі
9. Әйел мәселесі
10. Депутат дайындау
11. Мұсылмандар кеңесі
12. Қазақ саяси партиясы
13. Жетісу облысының оқиғасы
14. Съездге қазақтан өкіл жіберу.

Халел Досмұхабетовтың төрағалығымен, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып
Дулатовтың және т.б. хатшылығымен өткен бірінші жалпы қазақтық съезд
делегаттары осы он төрт мәселенің ішінде өздерінің басты назарын ұлттық
автономия, жер, құрылтай съездіне дайындық және қазақтың
саяси партиясын құру проблемаларына аударды.
Съезд қарсаңында Қазақ газетінде болашақ автономия туралы әртүрлі
пікірлер мен ұсыныстар айтылған мақалалар тізбегі жарияланды.
Съезде А.Байтұрсынов пен М.Дулатов автономиялы тәуелсіз қазақ
мемлекетін құру идеясын ұсынды. Ал Ә.Бөкейханов демократиялық,
федеративтік және парламенттік Россия республикасының құрамындағы қазақтың
ұлттық-территориялық автономиясы болуын қолдады.
Съезд делегаттары күн тәртібіндегі жер туралы мәселені аса ұқыптылықпен
әрі жан-жақты талқыланды.
Бірінші жалпы қазақтық съезд құрылтай жиналысына сайлау туралы мәселені
талқылап, оның депутаттығына кандидаттыққа әр облыстан ұсынылған 81 адамның
тізімін бекітті. Олар Қазақстанның барлық облыстары мен Орта Азиядағы қазақ
қауымдастықтарының өкілдері болды. Депутаттыққа кандидаттар ішінде бірінші
қатарда қазақтың либералды-демократиялық қозғалысының көпшілік таныған
көсемдері Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев және т.б
ерекше атау керек.
Күн тәртібіндегі басқа мәселелер бойынша съезд қабылдаған шешімдерде де
қазақ зиялыларының ықпалы сезіліп тұр. Бұл әсіресе дін, оқу-ағарту және
әйел мәселері жөнінде қабылданған съезд қараларынан айқын көрінеді.
Бірінші жалпы қазақтық съезд өзінің күн тәртібіндегі аса маңызды
мәселелрдің бірі – қазақ саяси партиясын құру мәселесін талқылау барысында
іс жүзінде осы партияны ұйымдастыруға арналған құрылтай жиналысына
айналды.Осы мәселе жөнінде съезд қабылдаған қарарда былай делінеді: қазақ
халқының өз алдына саяси партиясы болуын тиіс көрді.
Жаңадан құрылған партия Алаш деген атқа ие болды. Ә.Бөкейханов,
М.Дулатов, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, Ж.Ақбаев сияқты қазақтың либералды-
демократиялық интеллегенциясының көсемдері басқарған алаш партиясының
құрамына әуел бастан-ақ қазақтың ғылыми және шығармашылық зиялылырының
белгілі өкілдері Ә. Ермеков, Ғ.Қарашев, М.Жұмабаев т.б. кірді.
Олардың басым көпшілігі 1917 жылдың жазында қалыптасқан жағдайда
социолистік идеологияны таптық принциптерге негізделген күрес бағдарламасын
қабылдаған жоқ. Өйткені Алаш партиясы қайраткрлерінің пікірінше сол кездегі
қазақ қоғамы тұтас алғанда оған дайын емес еді. Сондықтан да олар өз
күресін жалпы ұлттық мүддеге негізделеген қазақ халқын отарлық езгіден
құтқару үшін деген ұранның астында топтастыруға бағытталды. Бұл бағытты
жүзеге асырудың басты құралы-бірінші жалпы қазақтық съезде дүниеге келген
Алаш партиясы болу керек деп түсінді.
Съездің күн тәртібіндегі он төрт мәселе бойынша қабылданған қарарлар
тізбегі кейінірек, 1917 жылғы Қазақ газетнде жариланған Алаш партиясы
бағдарламасы жобасында өз бейнесін тапты.
Капитализм орнап нығая бастаған жағдайда қоғамдық таптап мен әлеуметтік
топтар өкімет үшін күресті өздерінің саяси партиялары арқылы жүргізді.
Қазақ өлкесінің әлеуметтік-экономикалық және саяси хал-ахуалы таптық,
аграрлық және ұлттық мәселелердің шиеленісуімен ерекшеленеді. Осы
шиеленістен туындайтын Қазақстанда орын алған аграрлық және ұлт-азаттық
қозғалыс отаршылдық пен феодалдық езгіге бағытталды.
ХХ ғасырдың басынан өрістей бастаған қазақ қауымына тән қоғамдық
қозғалыс өз алдына буржуазиялық-демократиялық мәндегі мақсат міндеттерді:
ұлттық тең праволылық, халықтың мәдениетін көтеру, оқу-ағарту ісін
жетілдіру, әйел теңдігін қамтамсыз етуді қойды. Бұл істің басы-
қасында ат төбеліндей азғана тұңғыш қазақ зиялылары жүрді. 1917 жылғы ақпан
революциясынан кейін құрылған Алаш партиясының идеялық бастау көздерін
бірінші орыс революциясы кезеңінен іздеген жөн.
Әлеуметтік-экономикалық және саяси оқиғалардың ықпалымен таптық және
оған байланысты идеялық саяси жіктеліс тұтастай алғанда қоғамда ғана емес,
саяси қозғалыстар мен партиялардың өз ішінде жүрді. Қазақ
интеллегенциясының арасындағы осындай жіктелісті тездеткен факторлардың
бірі тылдың қара жұмысына бұратана халықтың жастарын шақыруға байланысты
патшаның 1916 жылғы маусым жарлығына көзқарас мәселесі болса, екіншісі 1917
жылғы ақпан буржуазиялық демократиялық революциясының жеңісі нәтижесінде
бүкіл елде орын алған жаңа саяси хал-ахуалы еді.
1917 жылы шілденің 21-26 сында Орынбор қаласында өткен бірінші бүкіл
қазақтық съезде Алаш партиясы құрылды. Осы партия құрылған 1917 жылдан
бастап ол саяси ұйым ретінде өмір сахнасынан кеткен 20-жылға дейін Алаш
немесе Алашорда қозғалысы Қазақстан тарихынан орын алды.
Сөз жоқ, Алаш партиясының құрылуы қазақ халқы өміріндегі елеулі оқиға
болды, өйткені ол тұңғыш ұлттық саяси ұйым еді. Алаш 1917 жылдың жазында
қалыптасқан жағдайда халықтың келешек тағдырын анықтауға тікелей қатынасы
бар жалпыұлттық мәселелерді саяси күрестің күн тәртібіне қойып, оларды шешу
жолында айтарлықтай қызмет атқарды. 1917 жылғы шілде айынан бастап, Алаш
партиясы сол кездегі мүмкіндіктер аясында саяси күреске белсене араласа
бастады. Бұл күрестің түпкі мақсаты қазақ халқын отарлық езгіден құтқару
мен буржуазиялық үлгідегі оның мемлекеттігіне қол жеткізу болды. Басқа
сөзбен айтқанда, Алаш қоғамдық саяси қозғалысының көсемдері сан ғасырлар
бойы Россия империясының отары болып келген Қазақстанды тар шеңбердегі
таптық тұрғыдан емес, керісінше жалпыұлттық мақсат мүдделер негізінде
дербес ел етуге ұмтылды.
Алаштың әлеуметтік тегі туралы мәселеге байланысты ортақ тұжырым
қалыптасқан жоқ. Зерттеулердің бірі Алаш ұсақ буржуазияшыл партия десе
екіншісі либералдық байшылдық деп бағалады, ал үшіншісі Алашты партия
деуден гөрі қоғамдық-саяси қозғалыс деп анықтауды жақтайтынын білдірді.
Алаштың басты идеологиясы отарлыққа қарсы бағытталған жалпы ұлттық идеядан
туындады. Сондықтан да Алашты Қазақстанды капиталистік қатынастарға
ыңғайлауға тырысқан негізінен ұлттық интеллегенция өкілдерінен тұратын
идеологиясы отаршылдыққа қарсы бағытталған ұлттық-демократиялық саяси ұйым
деп анықтауға болады.
Демек Алашты саяси ұйым ретінде қоғамдық қозғалыс дәрежесінен әдеттегі
партияға ауысу кезеңін бастан кешірген өтпелі саяси ұйым деп қарастырған
жөн. Алаштың әдеттегі саяси партияға айналу процесі 1917 жылғы шілдеден соң
жылдың соңына қарай қарқынды жүргізілді. Совет үкіметінің орнауына
байланысты 1918 жылдың көктемінің соңы-жазының басында азамат соғысының
басталуына орай Алаштың партия болып қалыптасуы аяқсыз қалды.

1.2. Алаш партиясының бағдарламасындағы саяси құқықтық және әлеуметтік
идеялар

Алаш қозғалысы қайраткерлерінің 1917 жылғы ақпан төңкерісіне дейінгі
ұсынған демократиялық идеялары партия бағдарламасының жобасында көрініс
тапты. Жобада атап көрсетілгендей, партияның басты мақсаты Ресей
федерациялық демократиялық республикасының құрамында қазақ автономиясын
құру болды.
Бағдарламаның бірінші бөлімі мемлекет қалпы деп аталады. Бөлімнің
мазмұнына қарай оның мемлекеттің басқару нысаны туралы екендігін байқау
қиын емес. Партия бағдарламасында Ресей демократиялық , федееративті
республика болуы тиіс деп атап көрсетіледі және демократия мен федерация
ұғымдарына түсінік беріледі. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі,
яғни халық билігі, ал Федерация мағынасы құрдас мемлекеттерге бірлесу, әр
мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болады. Әрқайсысы өз тізгігін өзі
алып жүреді.Мұндағы негізгі айтылмақ идея өзін өзі басқаратын тең құқылы
мемлекеттер одағы.
Алаш партиясы ұсынған бұл идеяны Кеңес үкіметі де Ресейдің
федерациялық құрылысында пайдаланды. Алаш қайраткерлерінің ұлттық автономия
түріндегі мемлекеттілікке қол жеткізуге ұмтылуының өзіндік себептері де бар
еді. Оның ең бастысы сол кездегі саяси жағдай дербес тәуелсіз Қазақстан
мемлекетін құруға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан да партия бағдарламасына
іргесі бөлек, ынтымағы бір дербес басқарылатын автономиялардан тұратын
федеративтік, демократиялық Ресей туралы қағида енгізілді.
Мемлекеттік құрылыс мәселесінде үкімет басында-құрылтай жиналысы,
оның аралығында құрылтай жиналысы мен мемлекеттік дума белгілі бір мерзімге
сайлаған Президент тұрды. Құрылтай жиналысы тұрақты орган емес, ол мезгіл-
мезгіл сессия түрінде ғана жұмыс істейді. Оның сессиялары арасында билік
тұрақты орган Президенттің қолында болады. Ол халықты құрылтай жиналысы мен
мемлекеттік дума алдында жауапты министрлер кеңесі арқылы басқарды.
Жоғары өкілді органның екі палаталы құрылымы – парламенттік
республиканың ұсынылуы сол кездегі жағдай үшін бірден-бір дұрыс қағида
болатын. Екі палатаның бірлескен отырысында сайланған Президент жоғары
өкілді орган алдында жауапты болмады. Егер Парламент алдында Президент те
жауапты болса, онда бұл органның билігі абсалютті болар еді. Сондықтан да
партия бағдарламасында мемлекеттік құрылыс үшін билікті бөлісу идеясы
енгізілді. Партия бағдарламасы бойынша заң шығару мемлекеттік дума
құзырында болды және атқарушы орган қызметіне бақылау жасау мүмкіндігі
берілетін сауал салу құқығы да берілді.
Партия бағдарламасының бірінші бөлімінде демократияның ең жарқын
көрінісі – сайлау туралы да айтылады. Депуттарттар тегіс, тең, төте һәм
құпия сайлаумен болады. Яғни, азаматтардың саяси құқығы, шыққан тегі,
діні, сенімі, қызметі, мүлкі және жыныс айырмашылығына қарамай, барлығын
сайлау құқығын жүзеге аыру арқылы бекітіледі.
Ғасырлар бойы хаыққа ауыртпалық болып келген салықтың халықтың
өздері сайлаған өкілді орган – мемлекеттік думаның келісімінсіз салынбауы
да Алаш қайраткерлерінің заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуге ұмтылысынан
туған. Өйткені, мемлекеттік қазына мен халықтың иұрмыс деңгейі де көп
жағдайда салық саясатына тікелей байланысты еді. Салық байлық деңгейі мен
жалпы дүние-мүлік жағдайына сәйкес алынуы шарт,бай-көбірек,кедей-аздау
төлесін .Салық салудың мұндай тәртібі әділеттілік талаптарына және қазіргі
заманға да толық сай келеді.
Бағдарлама жобасының Жергілікті бостандық деп аталатын бөлімінде
қазақтар мекендейтін облыстарда тұратын барлық ұлттар үшін автономия
құру туралы мәселе ең бірінші кезекке қойылады. Онда былай деп аталады:
Қазақ жүрген облыстардың бәрі бір байланып, өз тізгіні өзінде болып, Ресей
республикасының федерациясының бір ағзасы болуы. Реті келсе, қазақ
автономиясы достас халықтар мен әзірге бірлесе болуы, реті келмесе бірден-
ақ өз алдына жеке болуы.Қайткенде де осы күнгі земствалықты қабыл алуы.

Бағдарлама жобасында Алаш партиясының қазақтың би, болыс,
ауылнайлары сияқты орындарда қызмет ететін адамдарының халыққа пайдалы да,
адал қызмет ететін механизмін жасау жөнінде ұсыныс жасайтыны және оны
өмірге енгізу үшін күресетіндігі туралы да сөз болады. Ал земство
басқармалары мен милицияларында адал адамдардың қызмет етуі үшін оларды
халық қалауына ұсыну туралы идея жергілікті басқарудың таза демократиялық
түрін білдіреді. Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас,
жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап, жұртын тарықпау
жағына бастайды.
Заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуді басты мақсаттың бірі ретінде
көрсеткен бағдарлама жобасынан әділдік пен адамгершілік желінің қалай
есетінін де байқау қиын емес. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзатындарға аяусыз күрес жүргізуді мақсат тұтқан Алаш партиясы
әлеуметтік-әділеттілік саястын жүргізуге ұмтылды.
Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі нағыз таза демократиялық және
адамгершілік принциптеріне құрылып жасалған. Дінге, қанға қарамай, еркек-
әйел демей барлық адам тең құқылы болады. Жиылыс жасауға, қауым жасауға,
жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік.
Адамның аса маңызды құқықтары болып табылатын бұл принциптер тіпті
алғашқы кеңестік заңдарда да кездеспейді. Алаш партиясы қайраткерлері
көрсеткен, тарихи тұрғыдан алғанда өз уақытынан идеялық жағынан озып кеткен
бұл принциптер 78 жылдан кейін ғана 1995 жылғы Қазақстан Республикасының
Конституциясында өз орнын тапты. Тұрғын үйге қол сұғылмаушылық принципі де
бағдарлама жобасынан қалыс қалмаған.
Бағдарламаның Билік һәм сот деп аталатын бөлімінде сот билігі және
оның ішінде билер соты туралы айтылады. Билік пен соттың әр халықтың
тұрмысы мен әдет-ғұрып ерекшеліктеріне қарай жүргізілуіне басты назар
аударған бағдарлама авторлары халыққа таныс емес құқықтық нормаларды
енгізуге қарсылық білдіреді. Олардың айтуынша құқықтық нормалар мен билік
халықтың тұрмыс-тіршілігі мен даму деңгейіне сәйкес болуы керек, яғни
соттар істі әрбір халықтың тұрмыс жағдайларына қарай қарауға тиіс. Қала мен
ауыл арасындағы айырмашылықты ескерген Алаш қайраткерлері қырдағы ауыл,
болыс ішінде билігінен сот жұрт ұйғарған ереже жолымен атқарылғаны жөн деп
табады. Мұндағы жұрт ұйғарған ережелер деп қазақ билерінің түрлі
жиындарды сот істерін шешу кезінде басшылыққа алған ережелері айтылып отыр.
Аталған бөлімде билік ету және сот жүйесінің басқа да қағидалары
көрініс тапқан. Олар: би мен судьяның жергілікті халықтың тілін білуі,
аралыс халық тұратын жерлерде соттың тергеу-тексеруі мен шешімі сол жердегі
көпшілік болып табылатын халық тілінде жүргізілуі, билер мен судьяның
тергеусіз орнынан түспеуі, заң мен сот алдында барлық адамдардың тең болуы,
Құдайдан кейінгі ең күшті би мен судья болып танылып, барлық адамның
солардың үкіміне мойынсұнуы, сот шешімінің тез орындалуы, қазақ көп жерде
сот тілінің қазақ тілінде болуы және т.б.
Алаш партиясының бағдарламасын жасаушылар мемлекттің зайырлық
негізін бекітудің қажеттігін де атап көрсетті. Дін ісінің мемлекет ісінен
бөлінуі бағдарлама жобасында прогресшіл маңызды көрсеткіштердің бірінен
саналады. Мұндағы ең басты нәрсе діннің мемлекет ісіне, мемлекеттің дін
ісіне араласпауы. Дін біткенге тең құық. Дін жаюға ерік.Кіру-шығу жағына
бостандық. Яғни, әркім діни сенімі бойынша тең және еркін. Діни сенімі
бойынша артықшылық немесе кемсітушілікке жол берілмейді.
Ислам дінінің Қазақстанға сырттан енгенін және оны таратуда Орта Азия
мен татар діни орталықтарының белсенді рөл атқарғанын ескерген қазақ
зиялылары қазақтардың өз алдына мүфтиі немесе діни орталығы болуы қажет деп
есептеді. Неке қию мен ажырасу, балаға ат қою мәселелерінің молдаларға
берілуі, мұсылмандық неке құқығының прогресшіл жақтарын ескергендіктен
енгізілген болса керек.
Күйеуге шығу құқығы әйелдердің өздеріне байланысты болды. Қалың мал
жойылды, молдалар он алты жасқа толмаған қыздар мен он сегіз жасқа толмаған
ер балалардың некесін қиюына тыйым салынды және неке қию кезінде молдалар
екі жақтың: қалыңдық жағының да, күйеу жағының да келісімін алуға тиісті
болды. Жесір дауының сотта қаралуы да әйелдер құқығын қамтамасыз ету
шараларының бірі еді.
Бағдарлама жобасында ел қорғау мәселесіне де басты көңіл бөлінген.
Әскер жасына жеткендерді жергілікті жерлерде әскер ісіне үйрету және қызмет
еткізу ұсынылды. Алаш көсемдерінің бірі М.Дулатов мемлекет қауіпсіздігі мен
ел қоғаны туралы былай деп жазады: Кімнің білегі жуан болса, сол жұрт
болады. Кім күшті болса, сол дегеніне жетеді.Ол өз алдына дербес мемлекет
болу үшін алдымен әскер жасақтау қажеттігін, күшті әскердің болуы басқа
елдерді санасуға мәжбүр ететінін айтады. Бұл заманда әскері жоқ жұрт-жұрт
емес, құл. Біз қазір екі жолдың тарауында тұрмыз. Қайсысына түссек те, ерік
өзімізде. Бір жол - құлдық жолы. Екінші жол – жұрттық жолы. Осы бастан
автономия алудың қамына кіріссек, милициямызды жасап алып, қарамызды
көрсетсек, Алашорданы үкіметіміз деп тіресіп қорғасақ, бізді ешкім
басынбайды. Үкіметі бар, әскері бар жұрт деп бізбен әркім есептеседі.
Бағдарлама жобасындағы жер мәселесінде бұрынғы жылдары қазақтардан
жердің жаппай тартып алынғаны ескеріліп, жерді ең алдымен тұрғылықты
халыққа қайтарып беруде әділ шешу міндеті қойылған және жерді сатуға үзілді-
кесілді тыйым салынған жердің бүкіл байлығы; кені, қазынасы, өзендер мен
көлдері және ағаштары мемлекет меншігінде болуы тиіс екендігі айрықша атап
көрсетілген.
Заңсыздық пен озбырлыққа жол бермеуді басты мақсаттың бірі ретінде
көрсеткен бағдарлама жобасынан әділдік пен адамгершілік желінің қалай
есетінін де байқау қиын емес. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын
бұзатындарға аяусыз күрес жүргізуді мақсат тұтқан Алаш партиясы
әлеуметтік-әділеттілік саястын жүргізуге ұмтылды.
Бағдарлама жобасының үшінші бөлімі нағыз таза демократиялық және
адамгершілік принциптеріне құрылып жасалған. Дінге, қанға қарамай, еркек-
әйел демей барлық адам тең құқылы болады. Жиылыс жасауға, қауым жасауға,
жария сөйлеуге, газет шығаруға, кітап бастыруға - еркіншілік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ХХ ғасырдың басында
қазақтың ұлттық идеясы мен ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан
саяси қайраткерлердің жанкешті қызметін жоғары бағалап, былай деп жазды:
Алаш партиясының бағдарламасын жүзеге асыру барысында дәстүр мен
жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі
қайшылықтардан арылуға мүмкіндік туды. Онда тұжырымдалған өтпелі кезең
қағидалары жаңғырту қарекетін біршама жүйелі атқаруға жағдай жасады.
Олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша ұлттың бас
біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің
демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан
жүзеге аспай қалды. Келешек ұрпақ өз кезегінде, жаңа басталған тарихымыздың
ең бір күрделі кезеңінде тәуелсіз мемлекетімізідің қалыптасуына қазақ
зиялыларының көзге түсе бермейтін, бірақ мейлінше игі үлес қосқанын дұрыс
бағалауы тиіс.

ІІ тарау. Алаш либералдық-демократиялық қозғалысының идеологтары

2.1. Алаш қозғалысына Әлихан Бөкейхановтың қосқан үлесі

Патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет бүкіл империя көлемінде
өрлеу алған ұлт-азаттық қозғалысты толық мойындамаса да, белгілі дәрежеде,
онымен есептесуге мәжбүр болған еді. Жаңа үкіметтің қызметіндегі мұңдағы
саяси бағыт қазақ облыстарын басқару ісінде де көрініс тапты. Ақпан
революциясы жеңгеннен кейінгі уақытта жергілікті басқаруда, ел өмірін жаңа
мазмұнда ұйымдастыруда азын-аулақ өзгерістер бола бастайды. Наурыз және
сәуір айлары ішінде ескі әскери губернаторлық, уездік, болыстық және
ауылнайлық басқару жүйелері жойылып, келмеске кетті. Олардың орнына Уақытша
үкіметтің облыстық және уездік комиссарлық басқару жүйесі, сонымен бірге
облыстық, уездік, болыстық және ауылдық деңгейде азаматтық комитеттер және
олардың атқару орындары қалыптаса бастайды. Мамыр және маусым айларында
бұларға қосымша облыстық азық-түлік комитеті, жер комитеті және басқа осы
сияқты басқару орындары құрылады.
1917 жылы 16 наурызда батыс майдан штабы жанындағы земскі және калалық
одақтардың бұратана бөлімін басқарып жүрген Ә. Бөкейханов күтпеген жерден
Петроградқа шақырылып, 20 наурыз күні Торғай облыстық комиссары қызметіне
тағайындалады. Дәл сол күні Қазақ газетіне берген жеделхатында ол: Торғай
облысына комиссар болып бекітілдім, 23-не шығайын деп тұрмын. Жұртқа
естіртіп тынышталуын тілеймін деп жазды. Бірақ Ә. Бөкейханов 23 наурызда
Орынборға аттанып кете алмайды. Өйткені, ол жаңа ашылғалы жатқан кадеттер
партиясының съезге осы партияның орталық комитетінің мүшесі ретінде
шақырылған еді. Ә. Бөкейханов съезге қатынасып, 26 наурыз күні сөз
сөйлейді. Ол жөнінде М. Шоқаев былай деп жазды: Мұжықтарға деп кескен, әлі
мұжық орнамаған, оброчный статья деп алынған, ұзын срокты арендаға
(жалдауға), мысалы, барон Медем, Варун Секрет секілділерге берілген жерлер
қашан Учредительное собрание далаг облыстарының һәм Түркістанның жер
мәселесін шешкенше, кешіктірмей бұрынғы иелеріне қайтарылуы керек деп
Ғалихан кадет съезіне кеше доклад қылды. Ғалиханның докладын қабыл алып,
тезірек орнына келтіру қамына кірісерге деп комиссияға тапсырды.
Сабыр етіп, шыдай тұрыңдар. Жаңа үкімет жай-жапсарларыңды біліп,
көңілдеріңді тындырар. Мұстафа.
Бұл Ә. Бөкейхановтың жаңа қызметке бекітілгеннен кейін сөйлегсн
алғашқы сөзі болатын. Ал оның ұсынысы бойынша, құрылған комиссия жұмысына
біз алда өз ретіне карай тағы ораламыз. Сәуір айының басында Уакытша үкімет
Түркістанды басқару үшін 9 адамнан тұрған Түркістан Комитетін құрады. Оның
құрамына Ә. Бөкейханов та енген еді. Бірақ ол облыс комиссары қызметінен
қолы босап, Түркістан комитеті ісіне араласа алған емес.
Ә. Бөкейханов Торғай облысының сол кездегі әкімшілік орталығы
Орынбор каласына наурыздың соңғы күндері жетеді де, сәуірдің 2-нен бастап
облыстық қазақ съезіне облыстық комиссар дәрежесінде қатынасады.
Егер ескі патшалық әкімшіліктік бөлу жағдайында Қазақстан жері алты
облыстан тұрғандығын, соныц ішіндегі Торғай облысы құрамында Қостанай,
Ақтөбе, Ырғыз және Торғай сияқты ірі уездердің болғандығын ескерсек,
Уақытша үкіметтің облыстық комиссары қызметі деңгейін аңғару қиынға
түспейді. Бұған қосымша, қазақ елі патшалық Ресей құрамына енгеннен бергі
уакытта оның бірде-бір өкілінің империяныц әкімшілік жүйесиіде губерниялық,
облыстық деңгейді қойғанда, тіптен уезд бастығы дәрежесінде қызмет
жасамағандығы мәлім. Империялық басқару жүйесінде қазақтар болыстық
басқарудан жоғарғы қызметті иемденуге тиісті емес еді. Бұл тұрғыдан Ә.
Бөкейханов ескі патшалық биліктің орнына келген Уақытша үкімет жағдайында
облыстық басшыларда келген бірінші казақ болатын.
Жоғарыда аталған жеделхатында үкімет төрағасы князь Львов, сондай-ақ
облыстық комиссардың уездік комитеттермен біріге отырып, уездік
комиссарларды таңдау және оны Ішкі істер министрлігіне бекітуге ұсыну,
қажет болған жағдайда оған көмекшіліер тағайындау, уездік комиссарлар
арқылы болыстық комитеттер жұмысын басқару және басқа құқықтары жөнінде
айтқан болатын. Осы және басқа құжаттардан облыстың комис-сардыц басқа
билік орындарымен қатынас тәртібін де байқауға болар еді. Мәселен,
Облыстьиқ атқару комитеті комиссардың қызметін бақылай алғанымен, бірақ
оның нұсқаулары мен шараларына араласу, немесе комиссарға кеңес бере
алғанымен, бұйыруға құқы жоқ болатын.
Ә. Бөкейханов сәуірде облыстағы жағдаймен танысып, қызметіне
кіріскенде, оның алдында қисапсыз көп шаруа тұрғандығы түсінікті, бірақ,
дегенмен, солардың ішінен ол үшін ең маңызды мынадай екі бағыттағы жұмысты
бөліп айтуға болар еді. Олар, біріншіден, барлық деңгейдегі үкіметтік
басқару орындарының қалыптасу процесініц аяқталуын тездету және, екіншіден,
жаңа мекемелердегі орындарға лайықты кадрларды тауып, солар арқылы облыста
тұрақты мемлекеттік басқару жүйені қалыптастыру еді. Бұл мақсатқа жету
жоолында 20—28 сәуір аралығында Орынборда өткен Торғай облыстық орыс және
қазақ біріккен съезінің жағымды рөл атқарғандығын атап айтуға болады. Съезд
басқару мекемелерін жасауда екі жұртқа бірдей қолайлы принциптерді бекітті,
ең ауыр мәселе — жер туралы сәуір басындағы қаазақ съезі жасаған қаулыға
тоқтайды. Ал ақпан төңкерісінен кейінгі уақытта, қалыптасқан жағдайға
байланысты қазақ жерін жерсінбей кейін ішкі Ресейге көшпек ойы барларға
байланысты көшкен мұжыққа ерік, мұжық Торғай облысынан көшсе, қазынадан
көмек ақша берілсін деген мазмұндағы шешім қабылдайды.
Съезд Торғай облыстық атқару комитетін сайлап, оның төрағалығына заңгер
Ткаченконы, оған орынбасарлыққа С. Кәдірбаевты, мүшелікке басқалармен бірге
А. Байтұрсыновты, М. Дулатовты және Н. Бегімбетовты бекітеді. Съезде облыс
келемінде ескі болыстық, селолық және ауылдық әкімшілік мекемелерін жойып,
оларды сол дәрежедегі атқару комитеттерімен ауыстыру туралы шешім
қабылданады.
Ә. Бөкейхановтың тікелей басшылығымен өткен бұл съезде, сонымен
бірге принциптік маңызы бар тағы да мынадай екі шешім қабылданған еді. Олар
атқаратын жұмысы жоқ болғандықтан Орал - Торғай переселен ау-данының
меңгерушісі, оның көмекшілері және одан төменгі буындарын жою және қызметін
уездік атқару комитеттеріне тапсырып шаруа бастықтары (крестьянкие
началыники) мекемелерін тарату жөнінде қабылданған қаулылар болатын. Бұл
қаулылардың құндылығы соңда, облыстық съезд өтер алдында ғана облыстық
комиссар атына орталық үкіметтен аталған мекемелерді қажеттілігіне сай
қалдыра тұру жөнінде нұсқау келіп түскен еді.
Ә. Бөкейханов Ішкі істер министрі Леонтьевке берген № 351
жеделхатында съезд және өзінің шешімін Шаруа бастықтары соғыс жылдары
өздерінің тікелей міндеттерін тастап әскер үшін мал сатып алу ісімен
айналысты. Жұрттың тіптен бұлардың лауазымының өзіне сенімсіздікпен
қарайтындығын ескере отырып, Шаруа бастықтарын түгелдеп қызметтерінен
босатуға рұқсат беруіңізіді өтінемін. Олардың атқаратын міңдеттері азық-
түлік комитеттеріне, өзін-өзі басқару орындарына және соттарға жүктеліп,
іске ешқандай да нұқсан келмейтін болады деп негіздеді.
Ә. Бөкейхановтың қызметке кіріскеннен кейін уездік комиссарларды
тағайыңдау іспен айналысқанын байқаймыз. Мәселен, ол 5 сәуірде ішкі істер
министрі Щепкиннін Қостанай уездік комиссарын тездетіп бекіту туралы
ұсынысына байланысты, бұл қызметке заңгер Ахмет Бірімжановтың
тағайындалғанын хабарлайды. Нақ сол күні Петроградтан облыстық комиссардың
Торғай уездік Комиссары етіп учитель Ғұмыр Алмасовты тағайындау туралы
ұсынысының қабыл алынғандығы туралы хабар жетеді. Шамамен, осы мезгілде
Ырғыз уездік комиссары болып Тобыл округтік сотының мүшесі Ғабдолла Теміров
бекітіледі. Ал өзі негізгі қызметімен бір мезгілде Ақтөбе уездік комиссары
болып тағайындалады. Облыстық комиссар өзіне көмекке қазақ қызметкерлерін
де тарта бастайды. Облыстық комиссар кеңсесіңде ерекше тапсырмалар
чиновнигі қызметін Есен Тұрмұхамедов және Абдул-Хамид Жолдыбаев атқара
бастайды. Шаімамен, осыидай қызметке Сағындық Досжанов та тартылған еді.
Ә. Бөкейханов комиссарлық қызмет атқара жүріп өзінің артынан ерген,
әсіресе майдандағы бұратана бөлімінде бірге болған белсенді жастар
алдындағы борышын ұмытқан емес. Мәселен, оның бұйрығы бойынша Киевтегі
бұратана бөлімінің бұрынғы бастығы Мырзағазы Есболов Богуруслан уездік
комиссарының орынбасары, Минскіде бұратана бөлімінің бұрынғы хатшысы
Елдес Омаров Торғай уезі 2 учаскесінің Шаруалар бастығы міндетін уақытша
атқарушы болып бекітіледі.
Мемлекеттік баскарудағы осынадай өзгерістермен бір мезгілде ескі билік
тұсында өз қызметінде түрлі заңсыздықтар мен зорлықтарға жол берген патша
чиновниктерін қызметтен аластау, айыпқа тарту процесі де жүріп жатқандығын
айтып өткен жөн. Ә. Бөкейханов ішкі істер министрі Леонтьевке жолдаған №
350 жеделхатында 1917 жылдың 4 мамырына дейінгі уақытта губернатор
Эвероманның, вице губернатор Обуховтың, аға кеңесші Агаповтың, Шаруа
бастықтары Витман, Куфтиннің, приставтар Сиротенко, Ткачснко, Полуднев,
Тарасенко, Данковцев, Прокоповтың, тілмаш Тунгачиннің және басқа көптеген
бұрынғы үкімет чиновниктерінің қызметтерінен босатылғандығын хабарлайды.
Комиссарлық қызметке кіріскеннен кейінгі уақытта Ә. Бөкейхановтың
қатты алаңдатқан мәселе, қазақ жұрты арасындағы жергілікті басқару орындары
— облыстық, болыстық және уездік комитеттерді құру ісі болды. Деректердіц
көрсетуіне қарағанда, ауылдық жерлерде ескі феодалдық топтар жаңа құрылған
жатқан азаматтық комитеттердің жұмысына түрлі кедергілер жасап, тіптен
қайсібір бұрынғы болыс бастықтары үкімет орындарының кеңсе мен іс
қағаздарын жаңа ұйымдасқан комитеттерге өткізу жөніндегі нұсқауларын
орындаудан бас тартады. Мәселен, мұндай жайлар Ақтөбе уезінде Бөрілі,
Тоқан, Қобды, Аралтөбе және басқа болыстарда болған еді.
Комиссар Ә. Бөкейхановтың осы кезде түрлі тақырыптарға жазған
мақалаларында бұқара халықты ғана емес, ел ішіндегі атқа мінерлерді де
имандылыққа, адамгершілікке, жоғары саналылыққа шақыру орын алды және оның
бүл айқындамасы сол кездегі ағартушылық көзқарасынан туындап жатқаны анық,
. Қазақ-ау! Оян!—деп жазды ол.— Мұжық көші жүріп кеткенде жұртта қалып
жүрме! Мұжық көрші отырып, бостандық , құрдастық , туысқандық шарапатын
пайдаланғанда ілгері басқанда, мүйізге ұрған сиырдай шыр айналып, кейін
қайтып, көрші жұртқа балаңды жалшы, малшы, құл қылып беріп, жұрағаттың
обалына, Алаштың баласы қалып жүрме! Қазақ жұрты,— деп жазады ол тағы бір
мақаласында,— адам болып, ғұмыр тұрмыста мұжық көршімен шаруа таластырып,
тарқы жолына кірісетін болғанда комитетке жұрттың пайдасын қуған, жұрттың
қамын ойлаған азаматты сайлаған оң.
Бөкейханов коммисарлық қызметте тұрғанда қазақтың ескі, күні өткен
әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен мүмкіндігі болғанша күрес жүргізгенін
байқаймыз. Қазақ қоғамындағы сондай мәселелердің бірі әйел теңдігі болатын.
Құжаттық материалдар комиссардың неке дауына жиі араласып, әйелдердің
табиғи құқын, жеке бас тәуелсіздігін қорғайтың шараларды іске асырып
отырғандығын көрсетеді
Бөкейхановтың комиссарлық қызметте жүргенде ден қонған істерінің
бірі қазақ арасындағы ұрлыққа қарсы күрес еді. Ол тіршілік-ғұмыр белгісі
алыстартыс, арбау, әдіс. Кім шебер болса, жалықпай, талмай ізіденсе,
бірігіп, тізе қосып, әдіс қылса ғұмыр бәйгесі соныкі. Торғайдың ақ үрпек
балапанынша ауызды ашып біреуге жалынып, жалпая берсе, мұнан түк өнбейді,
сондықтан етектен алып, балтырдан тартқан ескі жаман әдеттерден арылып,
келе жаткан жаңа дәуір, жаңа заманға лайық іс-әрекеттерге бой алдыруға
шақырады. Сондай тәмәм қазақ атына зор кемшілік, таңба, ұят келтіретін
әдеттердің бірі ұрлық екендігін, кедей тамақ асыраймын деп, ақылсыз жас
атымды шығарамын деп, надан ақсақал кек аламын деп ұрлық жасайтындығын,
бірақ ұрлықтан атақ та, кәсіп те., кек те табылмайтындығын айтып, жұрт
болып ау деп, бата қылып, әдіс қылса, ұрлық бұрынғы отқа табынған атамыздың
діні- мықты емес, бірте-бірте жоғалады—деп, бұл жаман әдетпен ел болып
күрессе ғана нәтиже шығатынына көпті иландыруға тырысты. Бұл, әрине,
ешқандай да сын көтермейтін, фактілік негізі жоқ, жалған пікір болатын.
Соған байланысты оған елеп, көңіл аудармауға да болар еді, дегенмен,
көңілдегі күдікті сейілту үшін төмендегі фактілерге тоқтала кетелік.
Біріншіден, біз жоғарыда бүл мәселеге арналған тарауда 16 жылғы көтеріліс
басталғаннан кейінгі уақытта Ә. Бөкейхановтың Мемлекеттік дума арқылы
жүргізтен жұмысы туралы жаздық. Ақпан революциясы жеңіп, Уакытша үкімет
билігі орнағаннан кейін бұл мәселе қайтадан көтеріліп, сол кездегі
Министрлер Кеңесінің төрағасы және ішкі істер министрі Штюрмердің 25 маусым
жарлығын Мемлекеттік Думаның қолдауын алмастан, өз еркімен күшіне енгізуі
заңсыз деп табылып, арнайы құрылған комиссияның тексерілуіне беріледі.
Мұндай хабарды жария еткен кадеттер партиясыньиң органы Речь газеті еді.
Сөйтіп, жаңа билік тұсында 16 жылғы көтеріліс мәселесіне қайтадан қозғау
салынады. Оған Ә. Бөкейхановтың үкімет ішіндегі кадеттердің өкілдері арқылы
жүргізтен әрекеті себспші болғандығына біздің күмәніміз жоқ.
Қазақ демократиялық интеллигенциясы үшін әр уақытта ең негізгі
мәселе— жер мәселесі болды. Патша үкіметі, оның мұрагері болган Уақытша
үкімет, ең соңында Кеңес үкіметі мен қазақ демократиялық интеллигенциясы
арасындағы кейде ашық, кейде астыртын жүріп отырған күрес, арбасулардың түп-
тамыры, қайнар көзі осы жер мәселесі еді. XX ғасырдың алғашқы ширегінде бүл
мәселенің қазақ елі үшін коғамдық маңызын ғылыми тұрғыдан өз дәрежесінде
көтеріп және терең түсіндіріп берген қайраткер, ғалым, әрине, Әлихан
Нұрмұхамедұлы Бөкейханов еді. Уақытша үкіметтің Торғай облыстық комиссары
қызметінде жүргенде де, ол үшін жер мәселесі ең негізгі мәселе болып қала
берді. Олай болса, Ә. Бөкейханов бұл кезеңде жер мәселесін қалай түсінді
және оны шешудің қандай жолдарын ұсынды? Енді осы есауалға жауап іздеп
көрелік.
Уақытша үкімет қайшылықты, әлжуаз билік екендігін, ал қайсыбір
қоғамдық мәселелерді шешуге келгенде патша үкіметінің тікелей мұрагері
болғандығын, әсіресе жер саясаты анық көрсетіп берді. Жеңіске дейін соғысу
саясатын жүргізе отырып, ол екі бірдей оттың ортасында қалды. Бір жағынан,
үкімет соғыс жағдайында әскерді және ішкі сұранысты азық-түлікпен
қамтамасыз ету үшін шаруалардың талап-тілегімен аз да болса есептесуге
мәжбүр болса, екінші жағынан, ол орыс буржуазиясы мен билеуші топтарының
үкіметі бола отырып, жер мәселесін демократиялық негізде біржола шешуді
Құрылтай жиналысына қалдырды. Министрлер Кеңесінің төрағасы князь Львов
1917 жылғы 15 сәуірде барлық облыстарға жіберген № 72228 жарлығында
шаруаларға өздеріне тиесілі жерге егін салуға кедергі жасалынбасын, жерге
байланысты мәселелерді әркім өз бетінше шешпейтін болсын, елді азық-
түлікпен қамтамасыз етуге қажет жағдай қалыптастырылсын деп көрсетіп, ал
жерге байланысты дауларды шешіп отыру үшін болыстық және уездік комитеттер
жанынан егіншілер мен жер иеленушіліерден кұралатын татуластыру
комиссияларын құруды ұсынды. Бұған қосымша Егіншілік министрлігі жері аз,
яки жерсіз шаруалар жер жыртып, егін егу үшін бос жерлердің бәрін жерге
мұқтаж шаруалар биылша пайдалансын деген нұсқау береді. Бұл шаралар,
біріншіден, шаруалардың белгілі бір бөлігінің таптық наразылығының
бәсеңдеуіне ықпалын тигізсе, екіншіден, азық-түлік тапшылығын аз да болса
шешуге жагдай туғызған еді.
Мұңдай шаралардың 16 жылғы көтерілістен кейін қазақ облыстарындағы
ұлтаралық шиеленісті бәсеңдету мақсатында да қарастырылғандығын байқаймыз.
Осы-жылдың 3 сәуірінде егіншілік министрінің орынбасары Волков Акмола,
Семей, Орал, Торғай, Жетісу, Сырдария және Томск облыстық переселен
мекемелеріне 1038-нөмірлі жеделхат жіберіп, онда жер мәселесін Құрылтай
жиналысы шешкенге дейін қазақ пайдасында тұрған жерлерден екі жақ
ынтымақтасып, ризашылықпен келіскен орындарда ғана болмаса, жер кесу
тоқталады. Заманның осындай ауыр шағында қазақтың мал шаруасының кұтын
шайқамас үшін бұрын алынған, бұл күнге дейін мұжық орнамаған һәм жазылмаған
учаскелер қазақ ауылдық қоғамдарының, пайдалануына биылша тегін берілсін
деп көрсетілген еді.
Біздің жорамалымызша, үкімет тарапынан қабылданған мұндай шешімді
белгілі дәрежеде, Ә. Бөкейхановтың тура осы мәселелерді қойып кадеттер
партиясы съезінде сөйлеуі және оның ұсынысы бойынша бұл мәсе-лені билік
орындарына жеткізетін арнайы құрылған комиссиясының жұмыс нәтижесі
есебінде қарауға болады бірак бұл үкімет нұсқауының іске асуы, әрине, ете
киын еді. Оның себептсріне біз төменде арнайы тоқталмақпыз.
Осымен бір мезгілде Егіншілік министрлігі жанынан жер мәселесін
Құрылтай жиналысына дайындайтьш ар-найы комиссия күрылып, оныц жүмысын
баскару IV Мемлекеттік дума мүшесі, Русские ведомости газетінің
редакторы, профессор А. С. Постниковқа жүктеледі. өз ретінде
А.С.Постниковтың комиссиясы бұл мәселені түбегейлі шешу үшін империя
көлемінде жер комитеттері жүйесіи құру туралы ереже жобасын ұсынып, оны
мамыр айынын басында Уақытша үкімет бекітеді. Бұл ереже бойынша жергілікті
(облыстық, уездік және болыстық) және бас (Петроградта) жер комитеттері
құрылып, оларға негізінен екі міндет жүктелетін болды. Олардың бірі жер
мәселесін Құрылтай жиналысына дайындау үшін империяның барлық аудандарынан
қажет материал жинау болса, екіншісі, бұл мәселені Құрылтай жиналысы
біржола шешкенге дейін ел ішінде күнделікті туып отырған дау-жанжалды
асқындырмай, шешіп отыру еді.
Сөйтіп, мамыр айында бүкіл империя көлеміндегідей, казақ
облыстарында да жер комитеттерің сайлау науқаны басталып кетті. Бұл шын
мәнінде аса маңызды саяси шара болатын. Өйткені Уақытша үкімет Құрылтай
жиналысына ұсынбақ болған жер реформасына байланысты кұжаттың мазмұны
жергілікті жерлердегі комитеттердің бұл мәселеге байланысты өз мүдделерін
қоя білуі мен оны еткізе алуына көп тәуелді еді. Қазақ демократиялық
интеллигенциясы Уақытша үкіметтің жер комитеттерін құру туралы шарасын осы
тұрғыдан қабылдады. Қазақ газеті сәуір айынан бастап Уақытша үкіметтің
жер комитеттері туралы ережесін, оларды құру жолдары мен тәртібін
түсіндіруді көздегеи түрлі материалдар жариялай бастайды. Ал оның 1917
жылғы 24 маусымдағы санында 1 шілдсден бастап бүкіл қазақ облыстарында
жүретін ауыл шаруашылығы есебіне байланысты бір топ қазақ зиялыларыныц
Қазақ халқына (Есеп алу тақырыпты) атты үндеуі жарияланады. Ә.Бөкейханов,
А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ж.Жәнібеков, С.Кәдірбаев, Е.Омаров,
Е.Тұрадұхамедов және Н.Бегімбетов қол қойған бұл үндеу ең алдымен халыкқа
жүргелі тұрған санақтың мән-жайын түсіндіруді көздеді. Бұрын өкімет есеп
аларда, қазақ сенбейтін еді деп, көрсетілді үндеуде.—Жеріміз мол, егінді
көп саламыз десек, жерден айрыламыз ғой деп қорқатын еді. Малымызды көп
көрсетсек, алым-шығын көп түседі деп жасыратын еді. Адам есебін алатын
болса неге адам есебін алады, бізден солдат алғалы жүрмесін деп
сезіктенетін еді. Қысқасы, қазақ ескі өкіметтің расына да, өтірігіне де
бірдей сенбейтш еді. Онысының қисыны да бар еді,— деген ойды білдіріп,
одан ары заманның өзгергенің, ендігі жағдайда санақка бұрынғы көзқараспен
қарауға болмайтыңдығын айтып, оның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алаш қозғалысы және оның қазақ халқының ұлт-азаттық күресіндегі рөлі
«Қазақ» газеті және оның қоғамдық саяси қызметі
Алаш қозғалысының тарихнамасы
Отандық тарихты зерттеу мен насихаттау
Көппартиялық жүйенің қалыптасуы және оның маңызы
Алаш қозғалысы және жер мәселесі
Ақпан революциясынан кейін
Aлaш бaғдaрлaмaсы: өзектілігі мен тaрихнaмaсы
Мұсылмандық қозғалыс және ұлттық зиялылардың саяси платформасының қалыптасу кезеңі
Алаш» идеясы және халықаралық «Қазақ тілі» қоғамы
Пәндер