Қазақстан мен ДСҰ



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

1 Қазақстан мен ДСҰ: экономикалық әлеует әлемі ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1 Қазақстанның экономикалық көрсеткіші ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.2 Қазақстанның ДСҰ.ға кіру жөніндегі келіссөздер ... ... ... ... ... ... ... 10

2 Қазақстанның ДСҰ.ға кіру проблемалары мен болашағы ... ... ...13

2.1 Қазақстанның ДСҰ.ға кіру проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Қазақстанның ДСҰ.ға кіру болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
2.3 ҚР Индустриалдық.инновациялық дамуының 2003.2015 жылдарға арналған стратегиясы туралы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 29

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .30
Қазіргі таңда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жайлы көптеген пікірлер қалыптасып жатыр. Бүгінгі қалпында әлем саясаткерлері назарына тіккен Орта Азия төріндегі Ақорданың келешегіне дос-дұшпан күмән келтіре алмас. Өйткені, еліміздің сыртқы саясаттағы беделі өсті, ал ішкі өміріміздегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық түсіністік іргесі берік орныға бастады.
Бұл Қазақстан халқының саяси-рухани өміріндегі қол жеткен табысы еді. Ал, ол бізге оңайлықпен келген жоқ. Қиын кезеңде саяси сара жолды ұстандық. «Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасын нысанаға алдық, әр жылды халықтың әлеуметтік деңгей-дәрежесін көтеретін мақсатты іс-қимылға арнадық. Соның арқасында Қазақстан халқының рухани-мәдени және әлеуметтік өмірі биік сатыға көтерілді. Солай бола тұрса да, еліміздің өркениетке ұмтылуы кезінде алдымызға үлкен-үлкен міндеттерді қоюымыз керек. Елбасының 2007 жылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай бізге көп нәрсе керек: білім керек, еңбек керек... Сонда ғана халықтың әл-ауқатын әлде де жақсартып, әлемнің дамыған елдерімен бәсекелестікке түсе алатын боламыз.
Әлемдік шаруашылықтың түп қазығы бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда түрлі мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. XXI ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда саттық жасап, капитал айналымын жандандыруда.
Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді. Өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық. Тауарын қай мемлекетке сатам десе де өз еріктері. Ал біздің мұндай құқығымыз шектеулі. Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмеген. Неліктен? Себебі, біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру деңгейі мен кедендік базасы ғаламдық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе де, аталмыш ұйымға қайткен күнде де кіру керек. Отандық өнім өндірушілердің тауарлары әлемдік сауда қақпасынан сығалап тұрғаны дұрыс па, әлде біздің бұйымдарды дүниежүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине, екіншісі дұрыс. Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз өндірісті тауар сипатына қарай бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар «баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады» дейді. Бұл нені білдіреді? Яғни, әрбір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауылшаруашылық және шетелдік колония. Экономикада саудагерлер нарықтық қатынасты дамытушылар болып есептелсе, еңбек негізгі өндіруші фактор болып табылады.
1. Сапура МАХАНОВА. «ДСҰ-на кіру алдындағы ауыл шаруашылығының даму жолдары». АҚИҚАТ. №6. 17б. 2007 ж.
2. Я.Әубәкіров, Б.Б. Байжұмаев «Экономикалық теория» Экономика. 2000 ж. 84 б.
3. Гүлжан ҚАРАҚҰСОВА. «Нарық заманында жұмысшылар үшін ең басты оппонент жұмыс берушілер болуы тиіс». АЙҚЫН. 26 мамыр. 2007 ж.
4. Әлихан БӘЙМЕНОВ. «Қазақ мәселесін Қазақстан мәселесінен бөліп қарауға болмайды». ТҮРКІСТАН. 13 наурыз. 2008 ж.
5. Айдос САДУАҚАСОВ. «Бәсеке үшін бас тігу керек». АЛМАТЫ АҚШАМЫ. 10 тамыз. 2007 ж.
6. Н.Қ.Мамыров, М.Ә.Тілеужанова. «Макроэкономика» оқулық. «Экономика». Алматы. 2003 ж.
7. www.stat.kz Ұлттық статистика агенттігінің сайты.
8. ҚР индустриалдық-инновациялық дамуыаының 2003-2015 жылдарға арналған стратегиясы
9. Айдын Қайнар «ДСҰ-ның үрейі сейілмей тұр» www.aikyn.kz
29 қыркүйек. 2008 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 30 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1 Қазақстан мен ДСҰ: экономикалық әлеует
әлемі ... ... ... ... ... ... ... .4

1.1 Қазақстанның экономикалық
көрсеткіші ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... .4
1.2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі
келіссөздер ... ... ... ... ... ... ... 10

2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру проблемалары мен болашағы ... ... ...13

2.1 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру
проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..13
2.2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру
болашағы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.3 ҚР Индустриалдық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған
стратегиясы
туралы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... .21

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ..2 9

Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ...30

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруі жайлы
көптеген пікірлер қалыптасып жатыр. Бүгінгі қалпында әлем саясаткерлері
назарына тіккен Орта Азия төріндегі Ақорданың келешегіне дос-дұшпан күмән
келтіре алмас. Өйткені, еліміздің сыртқы саясаттағы беделі өсті, ал ішкі
өміріміздегі саяси тұрақтылық, ұлтаралық түсіністік іргесі берік орныға
бастады.
Бұл Қазақстан халқының саяси-рухани өміріндегі қол жеткен табысы еді.
Ал, ол бізге оңайлықпен келген жоқ. Қиын кезеңде саяси сара жолды ұстандық.
Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасын нысанаға алдық, әр жылды
халықтың әлеуметтік деңгей-дәрежесін көтеретін мақсатты іс-қимылға арнадық.
Соның арқасында Қазақстан халқының рухани-мәдени және әлеуметтік өмірі биік
сатыға көтерілді. Солай бола тұрса да, еліміздің өркениетке ұмтылуы кезінде
алдымызға үлкен-үлкен міндеттерді қоюымыз керек. Елбасының 2007 жылғы
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай бізге көп нәрсе керек:
білім керек, еңбек керек... Сонда ғана халықтың әл-ауқатын әлде де
жақсартып, әлемнің дамыған елдерімен бәсекелестікке түсе алатын боламыз.
Әлемдік шаруашылықтың түп қазығы бизнесте. Себебі, кез келген мемлекет
сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда түрлі мемлекеттік
реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. XXI ғасырда
адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына айналдырып
отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда саттық жасап,
капитал айналымын жандандыруда.
Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді.
Өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық. Тауарын қай
мемлекетке сатам десе де өз еріктері. Ал біздің мұндай құқығымыз шектеулі.
Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмеген. Неліктен? Себебі,
біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру деңгейі мен
кедендік базасы ғаламдық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе де, аталмыш
ұйымға қайткен күнде де кіру керек. Отандық өнім өндірушілердің тауарлары
әлемдік сауда қақпасынан сығалап тұрғаны дұрыс па, әлде біздің бұйымдарды
дүниежүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине, екіншісі
дұрыс. Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан
экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм
дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз өндірісті тауар сипатына қарай
бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар
баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады дейді. Бұл нені білдіреді?
Яғни, әрбір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу
үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық
тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауылшаруашылық
және шетелдік колония. Экономикада саудагерлер нарықтық қатынасты
дамытушылар болып есептелсе, еңбек негізгі өндіруші фактор болып табылады.

1 Қазақстан мен ДСҰ: экономикалық әлеует әлемі

1.1 Қазақстанның экономикалық көрсеткіші

Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан
экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм
дегеніиіз не? Меркантилизм дегеніміз - өндірісті тауар сипатына қарай
бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар
баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады дейді. Бұл нені білдіреді?
Яғни, әрбір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу
үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық
тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауылшаруашылық
және шетелдік колония. 1.17б.
Әлемдік шаруашылықтың түп қазығы бизнесте. Себебі, кез келген
мемлекет сауда қатынастарын жоққа шығара алмайды. Осы жолда түрлі
мемлекеттік реформаларды бастан кешіп, дамудың даңғыл жолын іздейді. XXI
ғасырда адамзат тиыннан теңге құрау арқылы ақшаны өмір философиясына
айналдырып отыр. Сондықтан да әр мемлекет халықаралық дәрежеде сауда саттық
жасап, капитал айналымын жандандыруда.
Нарықтық экономиканың белсенді өкілдерінің бірі – кәсіпкерлер.
Экономикалық категория ретіндегі кәсіпкерліктің сипаттамасы үшін маңызды
мәселе оның субъектісі мен объектісін анықтау болып табылады.
Кәсіпкерліктің объектісі жеке тұлғалардың (жеке, отбасылық, шағын және орта
бизнес өкілдері т.б.) қызметі, сондай–ақ жалдамалы жұмыс күшінің еңбегін
пайдалану арқылы қалыптасады.
Ал, кәсіпкерлік қызметінің субъектілері дегеніміз – заңмен сәйкес
тіркелген және қызмет көрсету немесе жұмыс атқару, тауар сату, мүлікті
қолданудан жүйелі пайда табуға бағытталған жеке іс–әрікетті өз тәуекеліне
бел–байлап жүзеге асыратын азаматтық құқық субъектілерін айтамыз. Сонымен
қатар, жеке тұлғалар және заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызметтің субъектілері
болып табылады.
Әлеуметтік-экономикалық дамуды жетелдету қоғамдық өндірістің тиімді
қызмет етіп, әрі қарай өсуіне оның тек жаңа сапасына көшу арқылы ғана
жетуге болады. Яғни, қоғамдық ресурстарды тиімді пайдалану ғана емес,
сонымен қатар өндірісітің түпкілікті нәтиже көрсеткіштерінің өсуіне бағыт
беру. Олардың өсуіне көптеген әртүрлі бағыттағы факторлар әсер етеді.
Қоғамдық өндіріс деңгейінің жоғары болуы еліміздің экономикасының, соның
ішінде ұлттық байлықтың өсуіне әсерін тигізеді.
Өркениетті елдердің дамуының негізі осы кәсіпкерлік болып табылады.
Жеке меншігі дамыған елдерде кәсіпкерлік қызметке қолайлы әлеуметтік-
экономикалық орта құрылған және де олар экономикалық жетістіктерге жетіп,
өз азаматтарының өмір сүру деңгейін жоғарылатқан. 1970-1980 жылдардағы
ғылыми техникалық революцияның жеткен жетістіктері капиталистік елдерде
кәсіпкерліктің жедел дамуына себепші болды. Осыған байланысты кадрларды
дайындаудағы білім деңгейі жоғарылады, елдер мен аймақтар арасындағы өзара
ақпараттық, іскерлік, сауда байланыстары қоғамда күшейіп, әлеуметтік
өзгерістер енді. Кәсіпкерлік ісінің жеделдетілуі экономмикасы жоғары
дамыған елдер мен бірқатар дамушы елдер экономикасында да көрініс тапты.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуына тән бұл бағыттар да біздің елге
қатысты болып отыр. Бүгінгі таңда жеке кәсіпкерлерге жан-жақты жағдайлар
жасалына бастағанына өзіміз куә болып отырмыз. Оның заңды негіздері
тұрғысындағы базасы жылдан-жылға күшейе түсуде.
Осы тұрғыдан алғанда кәсіпкерліктің өндірістік қатынаста аймақтық
ресурстарды тиімді пайдаланып қызмет жасауы кәсіпкерлердің тұрмыс
жағдайларын жақсартумен қатар, республикамыздағы басы бос еңбек күшін
жүмыспен қамтамасыз ету мүмкіндігін арттырады, басқаша айтқанда, жаңа жұмыс
орындарын қалыптастырады. Ал тұрғындардың бір кәсіпорында қалыпты еңбек
етуі сол жерде тұрғылықтануына мүмкіндік береді. Яғни, кәсіпкерлік бей-
берекет миграцияны азайтуға да өз үлесін қосады.
Қазақстанда кәсіпкерліктің әрекет етуінің қысқа мерзіміне қарамастан
ол ұлттық экономиканың маңызды секторы болып есептеледі. Кәсіпкерліктің
әсер етуіне толық жағдай жасай отырып, оның болашақта елдің жалпы
экономикалық деңгейін одан әрі жақсартуға, атап айтсақ, сұраным мен
ұсынымды өндіру мен қызмет көрсетудің сапалық және сандық көрсеткіштерінің
артуына тигізер әсері мол болары анық. Кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруда
кәсіпкер өз мақсаттарын орындай отырып, қоғам мүддесіне де жұмыс жасайды.
Оны республикамыздың экономикалық дамуындағы кәсіпкерліктің орны мен қосқан
үлесінің жылдан-жылға өсуінен бйқауға болады: кәсіпкерліктің тиімділігі
оған капиталдың тез арада бейімделіп, тұрғындардың бір бөлігін жұмыспен
қамтудан көрінеді.
Қорыта келе айтсақ, кәсіпкерліктің Қазақстан экономикасында
қажеттігі, алатын орны және маңызы мынандай жәйттермен анықталады:
1) өндіріске, негізінен, жергілікті табиғи, материалдық, еңбек және
қаржы ресурстарын тартуға оң ықпалын тигізеді;
2) отандық тауарлар мен қызметтердің сапасын жоғарылатуға, түрлері
және санын көбейтуге мүмкіндік береді;
3) адамдардың тіршілік ету жағдайларын жақсартып, кез келегн еңбекке
баулауға бейімдейді;
4) адамдардың белгілі бір орынға тұрғылықтануына өз әсерін тигізеді.
Кәсіпкерліктің қалыптасуы, экономикасы дамыған елдердің тәжіребесінен
көріп отырғанымыздай, әртүрлі кезеңдері, қиын-қыстау жағдайларды өз
басынан өткізеді. Сондықтан да келесі тармақта Қазақстан экономикасындағы
кәсіпкерліктің қалыптасу және даму эволюциясына талдау жасаймын.
Нарықтық экономиканың өсуінің жетекші факторларының бірі мемлекеттік
емес сектор үлесінің серпінді түрде ұлғаюы болып табылады. Ауыл шаруашылығы
өнімдерінің өнімділігін арттыру, бағаның дұрыс ырықтандырылуына қол
жеткізу, тауар өндірушілерді түсініктібаға саясаты арқылы қолдау мақсатында
үкімет соңғыжылдары белсенді әрекеттерге кірісе бастады. Осы мақсатта
қолданылған шаралардың бірі сәтсіздікке ұшыраса, екіншісінің нәтиже бере
бастағандығы байқалады.
Қазақстан заңдары кәсіпкерлікті азаматтардың өзінің, қарызға алған
және басқа қаражат есебінен өзара пайдалынәтиже мен табыс алу мақсатында
жүзеге асырмақшы болған ынталы шаруашылық және басқадай қызметі деп
анықтайды.
Бұл анықтамадан шығатыны, ауылды жердекәсіпкерлікті дамыту үшін ең
алдыман азаматтың өзінің, нақты отбасының яеи азаматтар тобының ықыласы
сенімі және ынтасы болуы қажет.
Кәсіпкерлікпен шұғылдануға кірісерден бұрын азамат (азаматтар тобы)
өзінің болашақтағы меншікті ісіне ойдағыдай жүргізіліп, табыс әкелетініне
сенімді болуы тиіс.
Жергілікті мемлекеттік басқару туралы заңда ауылдық (селолық) әкім өз
округінде кәсіпкерлікті ұйымдастыруға жәнә дамытуға жәрдемдеседі деп атап
көрсетілген.
Қазақстан Республикасында қолданылып жүрген заңдар бойынша шағын
кәсіпкерлік субъектілеріне мемлекет нақты қолдау көрсетеді.
Айта кетейік, қызыметкерлерінің жылдық орташа саны елу аспайтын,жыл
ішіндегі активтерінің жалпы құны орта есеппен алғанда есептік көрсеткіштен
алпыс мың еседен аспайтын шаруа (фермер) қожалықтарының да шағын
кәсіпкерлік (бизнес) субъектісі ретінде мемілекеттік қолдауға құқығы бар.
Біздің ауылдар ең алдымен кәсіпкерліктің агроөнеркәсіптік пошымдарын дамыту
өрісі болғандықтан, олардың ішінде шарлау қожалықтарын құрып, және дамыту
маңызды міндет болып қала береді.
Қазақстан Республикасының 1998 жылы 31 наурызда қабылданған Шаруа
(фермер) қожалығы туралы заңы шаруа қожалығының шағын кәсіпкерліктің
ерекше пошымы ретінде құрылып жұмыс істеудің негізін егжей-тегжейлі
айқындап берді.
Қолданылып жүрген заңдарға сәйкес шағын кәсіпкерлік субъектісіне
жатқызылған фермерлер шаруашылықтарына мемлекеттік қолдаудың мынадай
түрлері көрсетілуі мүмкін:
1) мемлекеттік тіркеу сәтінен бастап үш жыл ішінде жылжымайтын мүлік
құқығын тіркеу үшін ақы төлеуден босатылады. Шарауа қожалықтарын
мемлекеттік тіркеу ол үшін ақы төлемей, өз басы келіп тіркелу сипатында
болады;
2) табиғи монополист кәсіпорындардың қызметін монополияға қарсы
реттеуді қолдана отырып, электр энергиясымен, жылумен, сумен жабдықтау
жөніндегі қосылатын қуаттар үшін ақы төлеуден заңдарға көзделген тәртіп пен
жағдайда босатылады;
3) мемлекет қытысатын екінші деңгейдегі банктерде ақы алынбай есепшот
ашылады;
4) жеке кәсіпкерлер ретінде бухгалтерлік және статистикалық есептерді
оңайлатылған тәртіппен береді;
5) салық заңдарына сәйкес табыс салығын патенті негізінде не салықтың
белгіленген сомасы, не салық базасын анықтау мен салық есебін жүргізудің
оңайлатылған жүйесі бойынша төлейді;
6) шарттарын Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін мемлекеттік
мұқтаждар үшін тапсырыстарды орналастыру кезінде басым құқықпен
пайдаланылады;
7) тиісті жылға арналған мемлекеттік бюджетте шағын кәсіпкерлікті
мемлекеттік қаржылық қолдау шеңберінде белгіленген шекте статистикалық және
ақпараттық қызметті, сондай-ақ ғылыми-техникалық талдаулар мен
технологияларды жеңілдікті шартпен алады;
8) шағын кәсіпкерлікті қолдау үшін көзделген қаражат есебінен
кадрларды даярлау, қазта даярлау және олардың біліктілігін арттыру ісін
жүргізеді.2.84б.
Әрине, бұл экономикалық механизмде Батыс мемлекеттері алда келеді.
Өйткені, олар үшін әлемнің кез келген елінің есігі ашық. Тауарын қай
мемлекетке сатам десе де өз еріктері. Ал біздің мұндай құқығымыз шектеулі.
Өйткені, Қазақстан Дүниежүзілік сауда ұйымына кірмеген. Неліктен? Себебі,
біздің мемлекеттің экономикасы мен әлеуеті, тауар өндіру деңгейі мен
кедендік базасы ғаламдық стандарттарға жауап бере алмауда. Десе де, аталмыш
ұйымға қайткен күнде де кіру керек. Отандық өнім өндірушілердің тауарлары
әлемдік сауда қақпасынан сығалап тұрғаны дұрыс па, әлде біздің бұйымдарды
дүниежүзі елдері сатып алып, ақшасын ұсынғаны дұрыс па? Әрине, екіншісі
дұрыс. Экономистердің пікірінше, ДСҰ-ға тездетіп кіру үшін Қазақстан
экономикалық саясатта меркантилистік бағыт ұстанғаны дұрыс. Ал меркантилизм
дегеніміз не? Меркантилизм дегеніміз өндірісті тауар сипатына қарай
бағалайтын еуропалық экономикалық ағым. Осы идеяның негізін қалаушылар
баюдың жолы тек қайта бөлшектеуден басталады дейді. Бұл нені білдіреді?
Яғни, әрбір мемлекетте әлеуетті де бәсекеге қабілетті экономика қалыптасу
үшін күшті мемлекеттік саясат болу керек екен. Бұл саясат экономикалық
тұрғыдан үш секторды дамытуға бағытталады. Олар: өндірістік, ауылшаруашылық
және шетелдік колония. Экономикада саудагерлер нарықтық қатынасты
дамытушылар болып есептелсе, еңбек негізгі өндіруші фактор болып табылады.
Мемлекетте алтын мен күмістің қоры қаншалықты мол екеніне қарай
сыртқы сауданың меркантилистік мектебі елдегі ұлттық экономиканы дамыту
үшін мыналарды орындау керек дейді:
1) Сауда балансын сақтау: шеттен тауар әкелгенше, керісінше,
сыртқа көп өнім шығару, осы арқылы алтын ағымын төлем
ретінде көбейту. Бұл өз кезегінде ішкі өндірісті кеңейтіп,
жұмыссыздықты жояды. Шикізаттық бағыттан өндірістік
өнеркәсіпке көшу арқылы ұлттық нарықта шет ел өнімдерін
ығыстырады.
2) Экспортты арттыру және импортты қысқарту үшін сыртқы сауданы
тұрақты реттеу. Бұл сауда саясатының тарифтік құралы арқылы
жағымды сауда сальдосын қамтамасыз етеді.
3) Шикізат шығаруға тыйым салу немесе қатаң шектеу қою, сондай
ақ елдің ішкі нарығына шикізат импортын салықсыз ендіру. Бұл
алтын қорын молайтып, дайын өнімге деген арзан бағаны
қалыптастырады.
Жаһандану жағдайында үлкен тауар айналымы кедендік тарифсіз жүзеге
аспайды. Кедендік тариф дегеніміз кедендік салықтардың жүйеленген
мөлшерлемелік тізімі. Осы арқылы мемлекеттің кедендік шекараларынан тауар
алып өтудің импорттық жіне экспорттық бағытынан салық ұсталынады. Кедендік
тариф саясаты ДСҰ-ға ену үшін кез келген мемлекет орындайтын бірінші талап.

Қазақстан ДСҰ-ға кіре отырып, мынадай міндеттемелерді орындайды:
1) кедендік трифті айтарлықтай мөлшерде төмендету және тарифтік
емес өлшемдерді тарифтендіру;
2) ауылшаруашылық өнімдерін дотация мен субсидияны алып тастау;
3) кедендік шараларды ДСҰ талаптарына сәйкестендіру;
4) тауар нарығы мен қызметті, капитал айналымын барынша
кеңейту;
5) ДСҰ-ның барлық барлық ережелері мен қағидаларын орындау.
Енді Қазақстанның ДСҰ-ға кіру арқылы не ұтатынына көшелік:
1) Әлемдік нарыққа кіруге жол ашылып, қазақстандық тауарлар
сатылуы барысында барлық сауда кедергілері алынып тасталады.
2) Республиканың кең көлемдегі ақпараттық базасына, экономика
туралы білімге жол ашылып, сауда режимдеріндегі елдермен
тәжірибе алмасуға мүмкіндік туады. Сыртқы қатынастарға сауда
стратегиясын ашық әрі тең құқылы жағдайда жасау мүмкіндігі
мен қажеттілігі туындайды.
3) Халықаралық нормалар мен ережелерден туындайтын дауларды
реттеу.
4) Жалпыға ортақ халықаралық стандарттарға сәйкес құқықтық
нормативтік базаны қалыптастыру.
Міне, егер де осы мүмкіндіктерге қол жеткіземіз десек, онда бізге ДСҰ-
ға кірудің қажеттілігі арта түспек. Біз қазірге дейін шаужайымыздан алып
отырған жұмыссыздық, сапасыз өнім, экономикалық теңсіздік пен жағдай
күнкөріс күйінен қашан құтыламыз?
Бұл сұраққа Парламент Мәжілісінің депутаты, академик Кенжеғали
Сағадиевтің пікірімен жауап беріп көрелік: Ұлттық байлықтың адам басына
шаққандағы мөлшері жөнінен біз көптеген елдерден әлі тым арттамыз. Мысалы,
осы мөлшер әлем елдері алдында келе жатқан Сингапурде 30 мың доллар
шамасында болса, алдыңғы қатарлы елдерге қосылуға жақын Венгрияда 14 мың
доллардан асады. Яғни, біздің адам басына табысымыз осы елдерден 5-10 есе
төмен. Батыс елдерінің ауылында бір жұмыскердің істейтін жұмысын біздің 5
адамымыз істейді, олардың бір сиырдан сауатын сүтін біздің үш сиырымыз әрең
береді. Бір гектардан алынатын астық бізде 3-4 есе артық. Міне, осы
деректердің өзі-ақ біздің дамыған елдерден қаншалықты артта қалғанымызды
көрсетсе керек.
Бүкіләлемдік банктің 1995 жылғы жасаған әлем елдерінің экономикалық
көрсеткіші бойынша Қазақстан орташа төмен табысты елдің қатарына жатады
екен.
Елбасы Н.Назарбаев 2005 жылғы Жолдауда ДСҰ-ға кіру туралы: Алдағы
уақытта Бүкіллемдік сауда ұйымына кіруіміз отандық ауыл шаруашылығы
өнімдерінің бәсекеге қабілеттігіне айрықша талаптар қоятын болады. Ендігі
жерде ауыл шаруашылығы шикізатын өндіру мен өңдеу саласында кластерлік
бастамаларды іске асыру арқылы аграрлық өндірісті индустрияландыруға
айрықша назар аудару қажет деп санаймын деген-ді.
Елбасы бұл сөзді жақында өткен ұлықтау рәсімі кезінде де қайталап,
Қазақстанның алдағы жыл ішінде әлемдегі бәсекеге қабілетті мемлекетің
қатарына қосылуы керектігін шегелей айтып, ол үшін Үкіметке нақты
басымдыққа негізделген тапсырма да берді.
Бізге бұл жетістікке қол жеткізу жолында, әрине, халқаралық
экономикалық ұйымдардың көмегі ауадай қажет. 2003 жылғы Бразилияда өткен
ЮНКТАД-тың конференциясында Қазақстан Республикасының сыртқы істер
министрінің орынбасары А.Ю.Волков Қазақстанның ДСҰ құрамына енуіне
алғышарттар жасауға тигізген көмегі үшін ЮНКТАД ұйымына ризашылығын
блдірді. Әсіресе, елімізде жол картасын енгізуге септігін тигізгендері,
келешекте де бұл жүйенің біздің елімізге кеңінен таралуына қолұшын берген
даярлықтары үшін БҰҰ мен ЮНКТАД ұйымдарына деген алғысын баса айтқан
болатын.
Қазіргі уақытта Қазақстан халықаралық капитал қозғалысына барынша
тәуелді. Осы арқылы еліміз халықаралық қатынас аясында экономикалық
альянстарға мүшелікке кедергісіз қабылдануда.
Капитал шығару ақшалай немесе заттай шет елге капитал ауыстыру. Бұл
экономикалық мүдде тұрғысынан жасалатын операция. ХІХ ғасырдың аяғында
көптеген артта қалып келген мемлекеттер шет елге капитал шығару арқылы
әлемдік шаруашылыққа араласып, экономикасын аяққа тұрғызды. Сол елдердің
көбісінде темір жол желілері іске қосылып, инфрақұрылымдық дамуға қадам
басқан болатын. Сол кезде шаруалар жерден айырылып, қолөнершілер қайыршылық
халге түсіп, жұмыс іздеуге көшсе, ал өзгелері ақша жинақтарын жасап, тауар
өндірудің өнеркәсіптік механизмдеріне бел шеше кірісті.
Статистика дәлел бола алатындай, ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі
жылдары сыртқы сауданың көлемі үнемі өсіп отырды. Әрине, бұл көбіне капитал
ауыстыруға тікелей байланысты, яғни, капитал экспорттау тауар шығарудың
басты кілтіне айналды.
Қазақстан аталмыш ұйымға жылы енуді жоспарлап отыр. Ал қазіргі
уақытта ДСҰ-ға кіру үшін Қазақстан халықаралық капитал қозғалысының мынадай
тетіктеріне мән беруі керек:
1) Шетке капиталды тауар түрінде шығару: бұл дегеніміз машина
жөнелтілімдері, құрал жабдықтар мен кәсіпорынға қажетті
заттар өндіру.
2) Тауар сатып алу үшін өзге елдерге несие беру.
3) Трансұлттық корпорациялар шеңберінде фирмаішілік тауар
жөнелтілімдеріне қатысу. 1.17б.

1.2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру жөніндегі келіссөздер

Қазір Қазақстан Үкіметі ДСҰ-ға мүше елдердің өкілдерімен келісімді
бастап кетті. Біздің басты мақсатымыз – ДСҰ-ға мүше бола отырып, орта
деңгейдегі мамандарды дайындауға көңіл бөлу. Қазақстанның еңбек нарығына
қазір түрік, қырғыз, өзбек, одан қалса, қытай мамандары ғана ықыласты.
Қазақстанға келемін деп құлшынып отырған олардан өзге елдің мамандары
туралы естімедім. Шетелдік жұмыс күшін тарта отырып, өз мамандарымызды
дайындау керек. Егер миграциялық үрдістер барынша айқын болса, оның жұмыс
үрдісі нарық заңына бейімделе ұйымдастырылса, біз бас-аяғы екі жылдың
ішінде ішкі еңбек нарығын өз мамандарымызбен-ақ толықтыра аламыз.3
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болған жағдайда еңбек нарығын
либерализациялауға мәжбүр болатынымыз белгілі. Мұның қорытындысы жұмыс
берушілер мен жұмысшылар арасындағы елімізде орын алған жағымсыз оқиғамен
аяқталмасына кім кепілдік береді? Біз, ең бастысы, ішкі еңбек нарығын
қорғауға басымдық беруіміз қажет. Неге дейсіз ғой? ДСҰ жағдайында ішкі
еңбек нарығын либерализациялау тек кәсіби білігі жоғары шетелдік
мамандардың қатысуымен жүргізілетіні халықаралық тәжірибеден белгілі. Мен
мұның себебін алдымен экономикадағы позитивтік өзгерістермен, ішкі
нарықтағы білікті мамандардың жеткіліксіздігімен байланыстырар едім.
Қазақстан қазір де, алдағы уақытта да ғылымның жекелеген салалары бойынша
тәжірибелі мамандарды, арнайы кәсіптік білімі бар жұмыс күштерін елге
шақыруға мүдделі. Бұл – қажеттілік. Ішкі корпоративті аударымдар шеңберінде
шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде экономикалық қажеттілікке тест (ішкі
еңбек рыногында тиісті мамандарды іздеу) қолданылады және компаниялардағы
ұлттық кадрлардың үлес салмағы 50 пайыздық деңгейден кем болмауы жөнінде
талаптар қойылады.
Қазақ және түрік жұмысшылары арасындағы жағдай біздің Еңбек
кодексінің кейбір баптарын қайта қарауды қажетсінді. Елбасы кеше ғана қол
қойған, буы бұрқырап тұрған жаңа заң кәсіподақтардың қоғам алдындағы
міндетін жоққа шығаратын сияқты. Атыраудағы тұрмыстық негізде басталған
жанжал тараптардың қолданыста жүрген Еңбек кодекстерін білмегендіктен
туындаған. Бұл арада жанжалдың республикалық деңгейде өрістеуіне мүдделі
топтардың болғандығын жоққа шығара алмаймыз. Бұған қоса, шетелдік жұмыс
күштеріне рұқсат беру мәселелерінде бірқатар кемшіліктер орын алған.
Жергілікті билік органдары елге келген шетелдік жұмысшылардың рұқсатта
берілген мамандықтарға сәйкес жұмыс істеп жатқанын тексеру керек еді.
Рұқсат бергенде де компанияда қанша жұмыс орны бар екендігі, оның қаншасы
жергілікті, қаншасы шетелдік жұмысшыларға тиісті екендігін бақылауы және
рұқсаттың ерекше шарттарының қалай орындалғанын қадағалауы тиіс еді.
Жергілікті органдар шетелдік еңбек күштерін тартуға рұқсат берген кезінде
өздерінің құқықтарын толық пайдаланбаған, бұл жанжалдың орын алуына жанама
болса да себепкер болуы мүмкін. Себебі шетелдік инвесторлардың өзі бізбен
кездескенде бізге жергілікті мамандардан жұмысшы күшін тарту арзанға
түседі дегенді жиі айтады. Егер Еңбек туралы заң талаптары бұзылып бұзылып
немесе екіжақты келісімшарттың белгіленген міндеттері орындалмай жатса,
онда әңгіме басқа, жұмыс беруші жауап беруге тиіс.
Соңғы уақыттарда кез келген проблеманың шешімін Үкімет шешуі керек
деген пікір қалыптасқан. Кәсіподақ өте күшті болуы керек, білімді болуы
тиіс. Жұмыс берушіге Еңбек өнімділігі көтерілді, түскен пайдаңның бір
бөлігін құрал-жабдықтарды жаңартуға жұмсасаң, бір бөлігін жұмысшыларыңның
еңбекақысын көтеруге жұмса деп Үкімет емес, жергілікті кәсіподақ басшысы
айтуы тиіс. Жалақы мөлшерін наразылық шеруі арқылы артыруға қол жеткіземіз
деген ой тым ақылды шешім емес. Оған жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы
салиқалы келісімдер арқылы ғана қол жеткізу қажет. Екі тараптың арасындағы
әңгімеге Үкіметті араластыруға болмайды.3

2 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру проблемалары мен болашағы

2.1 Қазақстанның ДСҰ-ға кіру проблемалары

Бүгінгі қалпында әлем саясаткерлері назарына тіккен Орта Азия
төріндегі Ақорданың келешегіне дос-дұшпан күмән келтіре алмас. өйткені,
еліміздің сыртқы саясаттағы беделі өсті, ал ішкі өміріміздегі саяси
тұрақтылық, ұлтаралық түсіністік іргесі берік орныға бастады.
Бұл Қазақстан халқының саяси-рухани өміріндегі қол жеткен табысы еді.
Ал, ол бізге оңайлықпен келген жоқ. Қиын кезеңде саяси сара жолды ұстандық.
Қазақстан – 2030 стратегиялық бағдарламасын нысанаға алдық, әр жылды
халықтың әлеуметтік деңгей-дәрежесін көтеретін мақсатты іс-қимылға арнадық.
Соның арқасында Қазақстан халқының рухани-мәдени және әлеуметтік өмірі биік
сатыға көтерілді. Солай бола тұрса да, еліміздің өркениетке ұмтылуы кезінде
алдымызға үлкен-үлкен міндеттерді қоюымыз керек. Елбасының 2007 жылғы
Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылғандай бізге көп нәрсе керек:
білім керек, еңбек керек... Сонда ғана халықтың әл-ауқатын әлде де
жақсартып, әлемнің дамыған елдерімен бәсекелестікке түсе алатын боламыз.
Қазақстан әлемдік қауымдастықта мол мұнайымен ғана емес, қамба-қамба
астығымен де таныс. Ежелгі мысыр елінен, Иордания королдігінен, басқа да
бірнеше мемлекеттен мәртебелі меймандардың із суытпай, бірінің артынан бірі
Қазақстан астығына құда түсіп келуі соның бір айғағы болса керек. 2006-2007
жылдарға Қазақстанның астық экспорттау мүмкіндігі 7-8 мың тоннаға жетті.
Сөйтіп Қазақстан аз ғана жылдың ішінде әлемдік нарықтағы аса ірі астық
экспорттаушы елдердің біріне айналып үлгерді.
Осы уақытқа дейін біз өндіріс құралдарын – машиналар, конструкциалық
материалдар, отын шығаратын салалармен танысып келдік. Дегенмен, адамдар
үшін, ең алдымен, азық-түлік өнімдері қажет. Олардың негізгі бөлігін ауыл
шаруашылығы өндіреді.
Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіріп қоюдың өзі жеткіліксіз. Оны сақтап,
сапалы түрде өндегеннен кейін, халыққа уақытында жеткізу керек. Ауыл
шаруашылығы бұл мәселелерді басқа салалардың көмегінсіз шеше алмайды.
Сондықтан, оның қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, өнімдерін өңдейтін
өнеркәсіп өндірістерімен ауыл шаруашылығының арасында тікелей байланыс
қалыптасқан. Басқаша айтқанда, агроөнеркәсіп кешені (АӨК) пайда болды.
Қазақстан Агроөнеркәсіптік кешенінің алдына қойылған мақсаты – ол 7-8
жылдан кейін астық және басқа өнімдердің халықаралық рыногында Шығыс Еуропа
елдерімен (Венгрия, Польша және т.б.) тең дәрежеде бәсекеге түсу.
Бұл міндет – күрделі, өйткені, бұл елдердің табиғат жағдайы бізден
жақсырақ, оның үстіне олардың ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігі біздің
еліміздегіден 5 еседей жоғары.
Осы мақсатты жүзеге асыруда 2005 жылы АӨК-ке қолдау көрсету үшін
мемлекеттік бюджеттен 60 млрд. теңге қаржы бөлінді. Бұл қаржының бір бөлігі
жанар-жағар майдың, жоғары сапалы тұқымның, тыңайтқыш пен улы химикаттардың
құнын арзандатуға жұмсалады. 2003 жылы егістік жердің 15 бөлігі қауіпті
ауруларға, зиянкестерге және арам шөптерге қарсы улы химикаттармен өңделді.
Бұл шара өнімнің 20%-ын сақтап қалды. Қазақстанның жер аумағы үлкен – 272
млн. га. Еліміздің барлық жері жер қорына жатады. Оның көп бөлігін ауыл
шаруашылығына жарамды жерлер құрайды. Бұлар ауыл шаруашылық жерлері
(аумақтар) болып саналады. Олардың негізгі түрлері – егістік жерлер,
жайылымдықтар мен шабындықтар, сонымен бірге, көп жылдық алқаптар (бақтар
мен жүзімдіктер) болып табылады.
Ауыл шаруашылық жерлерінің құрылымындағы ең бағалы жерлерінің
(егістіктер) үлесі көп емес – 11 %. Бірақ, оның жан басына есептегендегі
шамасы әлемдегі ең жоғарғылардың бірі болып саналады. Ең көп аумақты
жайылымдық жерлер алып жатыр.
Ескінің орнына жаңа экономикалық қатынастардың қалыптасуы нәтижесінде
қиын кезеңнен өткен ауыл шаруашылығы, яғни, отандық ауыл шаруашылығы соңғы
жылдары тұрақталып, жаңа кезеңге бет алды. Бұл кезең ашық өнімнің тиімді
дамуын қамтамасыз етуі керек. Қазіргі кезде Қазақстанның ДСҰ (дүниежүзілік
сауда ұйымы) енуімен байланысты негізгі мәселе – жалпы артықшылықтар мен
кемшіліктердің тепе-теңдігін анықтау.
Ауыл шаруашылығы өндірістік саудасы - әлемдік саудада негізгі
секторалрдың бірі. Әлемдік тауар экспортында оның көлемі 10 % (540 млрд.
долл. шамасында құрайды. Әлемдік саудада ауыл ауыл шаруашылығы шикізатын
құрайды. Әлемдегі ауыл шаруашылығы өнімдерінің ірі экспортерлері – АҚШ
(12,1 % әлемдік экспортта), Франция (7,2 %), Нидерланды (6,2 %) және
Германия (5,1 %).
Көптеген мемлекеттер тәжірибелері көрсетіп отырғандай, ауыл
шаруашылығында ДСҰ-на мүшелікке өтуде ауыл шаруашылығының маңызы зор. Ауыл
шаруашылығы дүниежүзі мемлекеттері экономикасында үлкен роль
атқарады.1.17б.
1996 жылдан бері Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі туралы келіссөздер
жүргізіліп жатыр. Бұл мүшелікке кіру қажеттілігі экономикалық жүйеде
әлемдік интеграцияның шарттасылуымен байланысты. Бұл мүшелікке кіру
қажеттілігі әлемдік экономикалық жүйеде шарттасылған, әлемдік рынокта
игілікті шарттардың қалыптасуына, шет ел инвестициялары мен техникаларын
Қазақстанға тартумен айқындалады.
Ұйымға кіру процесі жеке рыноктерді құру ғана емес, сонымен қатар,
ішкі экономика мен құқықты әлемдік кеңістікке сәйкестендіру.
Соңғы уақыттары келіссөздер жүргізу жандана түсіп, ДСҰ-ға кіру
жолында ҚР үкіметі біршама қадамдар жасады.
ДСҰ-ға кіру технологиялық келіссөздері ауыл шаруашылығында мынандай
екі негізгі бағыт бойынша жасалады:
ауыл шаруашылығы тауарлары рыногына шығу келіссөздері, яғни,
келісімшартқа екі жақты кіретін мемлекеттер келіссөздерін негізге ала
отырып, ауыл шаруашылығы тауарларына импорттық баж мөлшерлемесінің деңгейін
нығайту мақсаты көрсетіледі;
ауыл шаруашылығын ішкі қолдау бойынша субсидия деңгейіндегі көпжақты
келіссөздерді және экспорттық субсидиялар, мемлекеттік қолдау шараларын
төмендету, сауданы бұрмалау, яғни, өзіндік құны және тауар бағасына әсері.
Жалпы, еліміздің ДСҰ-ға кіруінен ауылдағы қарапайым шаруа адамының
көбірек зиян шегетіні жайлы аз айтылып жүрген жоқ. Мұндағы негізгі күдік
тоқсаныншы жылдардағы тоқыраудан енді ғана ес жиып, етек жауып жатқан ауыл
шаруашылығы ашық бәсекеге төтеп беруге әзір емес дегенге саяды.
Қазақстан үшін аталған салаға көрсетілетін мемлекеттік қолдауды
арттыра түсу ауадай қажет. өйткені, біздегі ауыл шаруашылығына жасалып
жүрген ішкі көмек көлемі ДСҰ-ға мүше басқа мемлекеттердегіге қарағанда,
едәуір төмен болып отыр. Мәселен, Қазақстанда бір гектар егістікке
көрсетілетін мемлекеттік қолдау шамамен 17 АҚШ доллары болса, Еуропалық
Одақ елдерінде бұл көрсеткіш 112 АҚШ долларын, АҚШ-та 412 долларды құрайды
екен. Демек, біздегіден ондаған есеге артық. Керек десеңіз, біз Австралия,
Жаңа Зеландия қатарлы ауыл шаруашылығы барынша ырықтандырылған елдердегідей
де қолдау көрсете алмай отыр екнбіз. ДСҰ-ға өткен соң, оны өзгерту қиынға
соғады.5
Дегенмен, тығырықтан шығар жол да табылар. Өткен жылмен
салыстырғанда, еліміздегі астық бағасы 40 пайызға өсіпті. Яғни, бидайдың
тоннасы 116 долларға бағаланады. Сарапшылардың пікірінше, бағаның
көтерілуіне бірқатар астық экспорттаушы елдердегі қуаңшылық әсер еткен
көрінеді. Мәселен, Ресейдің Түмен, Қорған және Омбы облыстарында бидайдың
тоннасы 130-134 долларға дейін жеткен.
Атап өтер бір жетістік, ресми түрде жарияланған Ауыл жылдарында
агросектордағы жұмысшылардың саны едәуір артқан. Нақты мысалға жүгінсек,
2003-2005 жылдар аралығында ауылдық жерлерде 208 мың жаңа жұмыс орны
ашылған. Жұмысшылардың еңбекақысы да тұрақты өсіп келеді. Орташа айлық
жалақы 2004 жылы 11 мың 978 теңгені құраса, 2005 жылдың тоғыз айында ол
алдыңғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 29,4 пайызға, ал биылғы
жылдың тоғыз айында 32 пайызға көбейіпті. Мемлекет ауыл шаруашылығы
саласына деген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДСҰ және Қазақстан
ДСҰға кірудің Қазақстан үшін маңыздылығы
Дүниежүзілік сауда ұйымы
ДСҰ және оның Қазақстан үшін маңызы
Бүкілдүниежүзілік сауда ұйымы
Дүниежүзілік сауда ұйымы туралы. Қазақстанның ДСҰ-ға кірудегі пайдасы мен зияны
Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ)
Қазақстан Республиксының дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері
Қазақстанның ДСҰ-ға ( Дүниежүзілік Сауда Ұйымы ) енуінің проблемалары мен перспкетивалары
Республиканың басылым беттеріндегі Қазақстанның ДСҰ-ға мүше болуына «жақтаушы» және «қарсы» көзқарастар
Пәндер