Қ.Р. қаржы нарығы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... ..4

1.1 Қаржы нарығының түсінігі және басты арналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2 Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... 8

2 ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12

2.1 Бағалы қағаздар қаржы нарығының негізгі қаржы инструменті ретінде ... .12
2.2 АҚ «Қазақстан қор биржасы» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .16
2.3 Бағалы қағаздар нарығы және оның проблемалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 28
Курстық жұмыс тақырыбын “Қ.Р. қаржы нарығы” деп алдым. Себебі ол аса бір маңызды және әсіресе бүгінгі нарықтық қатынастарда бәрін қызықтыратын тақырып.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi-қаржы нарығының дамуы қалған барлық нарықтардың дамуына даңғыл жол ашады.
Қаржы тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. . Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру. Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай қаражаттар қорын жасап қолданады.
Қаржы нарығы нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.
Осы тақырыпты орындау барысында келесі аспектілерді қарастырдым:
- Қаржы экономикалық категория ретiнде
- Қаржы нарығын жан-жақты талдау және оның құрылымы туралы
- Бағалы қағаздар нарығының қаржы нарығындағы маңыздылығы
- Қазақстан Республикасындағы қаржы және бағалы қағаздар нарығына тоқталып өту және ұлттық қор биржасының бүгінгі жағдайын сиапттау.
Қаржының түрлi ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше белгiсi болып табыладыю Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жүйесі.
Қаржының арқасында экономиканың барлық процестерi жүзеге асады.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос ақшасын жұмылдырудың, оны бөлудің және қайта бөлудің қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене байланысты.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау жасау.
1. Бағалы қағаздар нарығы туралы ҚР-ның заңы. 1997ж 10 шiлде.
2. Iлиясов Қ.Қ., Құлпыбаев С. Қаржы: Оқулық. – Алматы: 2003. – 448 бет.
3. Мельников В.Д. Ли В.Д. Общий курс финансов. Учебник. – Алматы: Институт развития Казахстана, 2001. – 285с.
4. Рынок ценных бумаг. / Галанова В.А. Басова А.И. – Москва 1996.
5. Миркин Я.М. / Ценные бумаги и фондовой рынок. Москва 1995г.
6. Көшенова Б.А. / Бағалы қағаздар нарығы : Оқу құралы – Алматы: Экономика – 1999г.
7. Ақша, несие, банктер. / Сейтқасымов .С. – Алматы : Экономика, 2001.
8. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi № 004 баспасөз релизi 205 13 қаңтар // Банки Казахстана №1 2005г.
9. Центральный депозитарий ценных бумаг. // Рынок ценных бумаг Казахстана №3, 2004г.
10. Финансы Республики Казахстан. Статистический ежегодник. Алматы, 2005г.
11. Байдельдинов Ж.Б. Развитие инфраструктуры рынка ценных бумаг в РК. // Вестник КазНУ. №3, 2003г.
12. «О текущей ситуации на финансовом рынке» // Банки Казахстана,
№ 1,2 - 2008 г. 2-3 стр.
13. Бауржан Есенов « Перспективы совершенствование Казахстанского фондового рынка» // РЦБК №11, 2007 г.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 28 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1.ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ ... ... ... ... ... ... ... . .4

1. Қаржы нарығының түсінігі және басты
арналымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымы ... ... ... ... 8

1. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ
ФОРМАСЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

2.1 Бағалы қағаздар қаржы нарығының негізгі қаржы инструменті ретінде
... .12
2.2 АҚ Қазақстан қор
биржасы ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .1
6
2.3 Бағалы қағаздар нарығы және оның проблемалары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ..26

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28

КIРIСПЕ

Курстық жұмыс тақырыбын “Қ.Р. қаржы нарығы” деп алдым. Себебі ол аса
бір маңызды және әсіресе бүгінгі нарықтық қатынастарда бәрін қызықтыратын
тақырып.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi-қаржы нарығының дамуы қалған барлық
нарықтардың дамуына даңғыл жол ашады.
Қаржы тауар-ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың
қажеттiлiктерiнен туындайды. . Қаржының басты арналымы – табыстар мен
ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi
субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып
отыру. Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады.
Қаржы нарығы нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды бөлігі болып табылады.
Осы тақырыпты орындау барысында келесі аспектілерді қарастырдым:
- Қаржы экономикалық категория ретiнде
- Қаржы нарығын жан-жақты талдау және оның құрылымы туралы
- Бағалы қағаздар нарығының қаржы нарығындағы маңыздылығы
- Қазақстан Республикасындағы қаржы және бағалы қағаздар нарығына
тоқталып өту және ұлттық қор биржасының бүгінгі жағдайын сиапттау.
Қаржының түрлi ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның маңызды ерекше
белгiсi болып табыладыю Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде қаржы
қатынастарының объектiлерi болып табылады
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашылық жүргізуші
субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың
жүйесі.
Қаржының арқасында экономиканың барлық процестерi жүзеге асады.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория
ретінде бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды
жүзеге асыру жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы
зейнетақы қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың
уақытша бос ақшасын жұмылдырудың, оны бөлудің және қайта бөлудің қамтамасыз
ететін нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің
құрамды бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және
басқа нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене
байланысты.
Қаржының экономикадағы басты қажеттiгi объективтi мән-жайдан – тауар-
ақша қатынастарының болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен
туындайды. Қаржының басты арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау
арқылы мемлекет пен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына
деген қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру әне бұл ресурстардың жұмсалуына
бақылау жасау.
Қаржы механизмi арқылы мемлекет өзiнiң саяси, экономикалық және
әлеуметтiк сфералардағы көптеген қызметтерiн атқаруға қажет ақшалай
қаражаттар қорын жасап қолданады. Қаржы деп ақша қаражаттарын бөлу және
пайдалану туралы қатынастардың жүйесi аталынады.
Сонымен курстық жұмыс тақырыбын “Қ.Р. қаржы нарығы” деп алдым.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi осы аталған қаржы ресурстарын қалыптастыруда
және осы қаржыларды нақты өндiрiске қосуда қаржы нарықтарын талдаудың орны
ерекше болып табылады. Экономикада қаржы нарығының дамуы қалған барлық
нарықтардың дамуына даңғыл жол ашады.

I ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫ

1.1 Қаржы нарығының түсінігі мен басты арналымы

Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы өндiрiстiң
әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын ғана
бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының маңызды
белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және қаржының
құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi. Ақша
қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады. 3, 17 б
Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Қазақстан Республикасының қатаң түрде орталықтандырылған экономикадан
қағидалы жаңа, мемлекет тарапынан реттелініп отыратын нарықтық экономикаға
көшуі елімізде оған қызмет көрсететін барлық институттармен бірге қаржы
нарығының құрылуы талап етіледі. Қазақстанда қаржы нарығы бұрынғы
уақыттарда болған емес.
Қаржы нарығы – бұл, ең алдымен дербес экономикалық категория ретінде
бағалы қағаздарды сату мен қайта сату жөніндегі операцияларды жүзеге асыру
жолымен кәсіпорындардың, фирмалардың, банктердің, жинақтаушы зейнетақы
қорларының, сақтандыру ұйымдарының, мемлекеттің және халықтың уақытша бос
ақшасын жұмылдырудың, оны бөлудің және қайта бөлудің қамтамасыз ететін
нарықтық қатынастардың жиынтығы. Ол нарықтық қатынастар жүйесінің құрамды
бөлігі болып табылады және тауар, ақша, несие, сақтық, валюта және басқа
нарықтармен (капитал, жұмыс күші, жер, алтын нарықтарымен) етене
байланысты.
Шаруашылық жүргізудің қазіргі жағдайында қаржы нарығы қаржы
ресурстарын үздіксіз қалыптастырып отырудың, оларды неғұрлым тиімді
пайдалануды, ұлттық шаруашылықта ақша қозғалысына ұтымды ұйымдастырудың
айрықша нысаны болып табылады және бағалы қағаздар нарығы, сондай-ақ несие
нарығы түрінде де іс-әрекет етеді. Қаржы нарығы экономиканың түрлі
шаруашылық жүргізуші субъектілері арасында ақшаны қайта бөлуді барлық әр
түрлі нысанда реттейтін нарықтық қатынастардың бүкіл жиынтығын біріктіретін
неғұрлым жалпы ұғым болып табылады.
Функционалдық тұрғыдан қаржы нарығы – бұл шаруашыылқ жүргізуші
субъектілердің, банктердің, мемлекеттің уақытша бос ақша қаражаттарын
шоғырландыруды және қайта бөлуді қамтамасыз ететін нарықтық қатынастардың
жүйесі. Бұл нарықтың жұмыс істеуі көптеген экономикалық әсіресе
инвестициялық процестерді тәртіпке келтіріп, олардың тиімділігін арттыруға
мүмкіндік береді. Бұған осы нарықтың қор құрылымының, ең алдымен бағалы
қағаздардың сан алуандығы қол жеткізеді. 2, 388 б
Нарықтың барлық тұрпаттарының өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс
істеу шарттарын айшықтайды. Оған мыналар жатады:
- Реттелетін тауар нарығының болуы, яғни кез келген түрлердегі және
арналымдағы тауарлар мен қызмет көрсетулер бойынша сұраным мен
ұсынымның теңгерімдігі;
- Ұлтттық банк тарапынан ақша айналысын қалыпты реттеп отыру;
- Несие нарығының жандандырылуы, оның толық комерциялануы.
- Қаржы нарығының жұмыс істеуінің негізгі алғышарттарына мыналар
жатады:
- Бәсекені дамыту мен монополизмді шектеу мақсатындағы материалдық
өндіріс сферасының бастапқы шаруашылық буындарының – меншіктің барлық
нысандарының дербестігі;
- Қаржы ресурстарын қайта бөлудегі мемлекет рөлінің қысқаруы:
өндірістік күрделі жұмсалымдарды орталықтандырылған түрде
қаржыландыру, қаржыларды кәсіпорындар арасында орналастыру;
- Шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың бағалы қағаздарға және
басқа да активтерге инвестицияланатын ақшалай табыстарының өсуі;
- Бюджет тапшылықтарын қаржыландыру үшін несие қорын пайдалануды
тоқтату, республикалық, сондай-ақ жергілікті бюджеттердің
тапшылықтары мемлекеттік қарыздарды шығару арқылы жабылуы тиіс. 2,
389 б
Қаржы нарығының маңызы бос ақша қаражаттарын алу және оларды қайта
бөлу есебінен ұдайы өндіріс процесіне ықпал етумен ғана айқындалып
қоймайды. Оның жұмыс істеуі әміршіл-әкімшіл экономикаға тән сатылас
әдістің орнына деңгейлес қозғалыс бойынша ресурстарды қайта тиімді бөлуге
мүмкіндік береді. Сонымен қатар қаржы нарығы бағалы қағаздардың бағасын
белгілеу жолымен бизнестің нақтылы құнын бағалауға мүмкіндік береді.
Қаржы нарығының болуы инфляцияны тежейді, өйткені бюджет тапшылығын
жабу үшін мемлекет ақша эмиссияламайды, нарықта еркін жүретін бағалы
қағаздар шығарады.
Капиталдар нарығы банктiң орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi
операцияларына қызмет етедi. Осы нарық өзара ипотекалық нарыққа (кепiлдiң
қарыз куәлiгiмен операцияялар жүргiзу) және қаржылық (бағалы қағаздармен
операциялар жүргiзу) нарыққа бөлiнедi. Қаржы нарығының субъектiлерiне
банктер мен олардың клиенттерi, қор биржалары жатады, операциялардың
объектiлерiне – жеке кәсiпкерлердiң және мемлекет институттарының бағалы
қағаздары жатады. 2,388 б
Экономикалық категория ретiнде қаржының мазмұнын құрайтын
қатынастардың өзгешелiгi олардың көрiнiсiнiң әрқашан ақшалай нысаны
болатындығында. Қаржы әрқашан экономикалық жүйе шеңберiндегi қоғамдық ұдайы
өндiрiстiң әр түрлi субъектiлерi арасындағы ақша және тек ақша қатынастарын
ғана бiлдiредi. Сондықтан қаржы қатынастарының ақшалай сипаты – қаржының
маңызды белгiсi. Қаржының ақшалай сипаты оны жүзеге асырудың гысанын және
қаржының құндық экономикалық категорияларға тиiстiлiгiн баса көрсетедi.
Ақша қаржының қызмететуiнiң мiндеттi шарты болып табылады.
Қаржы қатынастары өзiнiң негiзiнде бөлгiштiк қатынастар болып
табылады. Қаржының арқасында экономиканың барлық құрылымдық бөлiктерiнде
және шаруашылық жүргiзудiң түрлi деңгейлерiнде қоғамдық өнiм құнын қайта
бөлудiң сан алуан процестерi жүзеге асады. Қаржы қатынастарының бөлгiштiк
сипаты экономикалық категория ретiнде олардың айрықша белгiсi болып
табылады.

Қаржының түрлi мақсатты ақша қорларының қозғалысында көрiнуi оның
маңызды ерекше белгiсi болып табылады. Ақша қорлары, iстiң шын мәнiнде,
қаржы қатынастарының объектiлерi болып табылады. Нақты жұмсауға арналған
мақсатты ақша-қаржы қорлары қоғамдық өндiрiс қатысушыларының барлығында,
өндiрiстiк емес сферада қаржылық әдiстердiң көмегiмен iске асады.
Сөйтiп, қаржының қаралған өзгеше белгiлерi бұл экономикалық
категорияны ақша қатынастарының бүкiл жиынтығынан мүлтiксiз бөлiп алуға
мүмкiндiк бередi, әрi қаржының өзгешелiгiн, ерекшелiгiн атап көрсетедi.
Басқа бiрде-бiр құндық экономикалық категория жоғарыда аталған қаржыға тән
белгiлердi иемдене алмайды.
Қаржы капиталы объективтi мән-жайдан – тауар-ақша қатынастарының
болуынан және қоғамдық дамудың қажеттiлiктерiнен туындайды. Қаржының басты
арналымы – табыстар мен ақшалай қорларды жасау арқылы мемлекет пен
шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң қаржы ресурстарына деген
қажеттiлiктерiн қанағаттандырып отыру, бұл ресурстардың жұмсалуына бақылау
жасау болып табылады.
Экономикада қаржы ресурстары болмаса, қаржы механизмi арқылы барлық
жағдайға ықпал етудiң кең мүмкiндiктерiн пайдалана алмаса, мемлекет өзiнiң
iшкi және сыртқы саясатын жүзеге асыра алмайды, өзiнiң әлеуметтiк-
экономикалық бағдарламаларын, қорғаныс және елдiң қауiпсiздiгi функцияларын
қамтамасыз ете алмайды.

2. Қазақстан Республикасындағы қаржы нарығының құрылымы
Қазақстан Республикасының экономикалық дамуда нарықтық қатынастарға толық
түрде өтуі барысында қаржы нарығының дамуының қажеттігі туындады. Себебі
қаржы нарығының негізінде экономиканың басқа рыноктары тиімді экономикалық
даму жолына түсе алады. Сондықтан қаржы нарығы экономиканы дамытудың, оны
жетілдіру мен ынталндырудың негізгі құралы болып табылады.
Қаржы нарығының маңыздылығын оның басқа нарықтардың арасындағы тығыз
байланысынан көруге болады. Еліміздің экономикасы, нарықтық қатынастары
және қаржы жүйесінің, қаржылық қатынастардың күннен-күнге дамуына
байланысты қаржы нарығының құрамы мен құрылымы да дамып, ол келесідей
нарықтардың жиынтығының негізінде өз қызметерін жүзеге асырады.
Жалпы экономикада қаржы нарығының құрылымын келесі 1-ші суреттен көре
аламыз:

1.сурет – Қаржы нарығының құрылымы
Мүндағы ақша рыногы дегеніміз қолма-қол ақша ғана емес, қолма-қолсыз
төлем қаражаттарын да қосатын төлем қаражаттарының нарығы.
Басқа нарықтар секiлдi ақша нарығында да ақшаға сұраныс пен ұсыныс
болады. Ақша нарығының тепе-теңдiгi экономика дамуы үшiн тиiмдi болып
табылады. Сондықтан осы ақша, ақша нарығының қызмет етуiн жақсарту өз
егемендiгiн ендi ғана алған елiмiз үшiн ең маңыздысы. Әсiресе ол ұлттық
экономиканы ынталандыру және инфляцияны азайтып, тұрақты экономикалық өсуге
өз септiгiн тигiзедi.

Қағаз ақшалар – бұл нағыз ақшалардың өкілдері болып табылады. Бұл
қағаз ақшалардың айналыста жүруінің объективті мүмкіндігі, олардың айналыс
құралы қызметін атқару ерекшеліктеріне байланысты пайда болды. Ал қолма-
қолсыз ақшалар қазіргі қаржылық қатынастары дамыған шаруашылықта есеп
айырысудың маңызды формасы болып отыр. Себебі, қолма-қолсыз ақшалар ақша
айналысының дұрыс жолға түсуін, қолма-қол ақшалардың мөлшерін азайтудың
және кәсіпорындар мен банктер арасындағы сенімділіктің негізі екені
белгілі.
Қазақстан Ұлттық банкі және қаржы салаларының құрылымы бүгінде
елімізде осы аталған ақша айналымын реттеу мақсатында айналыстағы
ақшалардың қолма-қолсыз түрлерін кеңейтуге және оларды халықаралық
стандарттарға сай дамытуды көздейді. Соңғы бірнеше жылда ұлттық
экономиканың көрсеткіштері, ақша масасы мен қолма-қол ақшалардың жалпы
көлемінің өскеніне қарамастан, елдегі қаржы жүйесі ең тұрақты және жан-
жақты дамыған, әлемдік нарық жағдайына үйлестірілген құрылым болып отыр.
Әрине бұл еліміздің әр түрлі ақша айналымын реттеу заңдарын тиімді
ұйымдастырғанының жемісі болып табылады.
Несие нарығы несие бойынша банктердің кредит операцияларымен
байланысты.
Банктің активтік операцияларының маңызды бөлігін банктік несиелік
операциялары негізінде алады. Банктік ссудалық операциялары негізінде
ссудалық портфель құрылады. Банктің несиелері біршама табысты және тәуекел
дәрежесі де жоғары болып табылады. Несиелік операция банктің
операцияларының жалпы басым бөлігін (80%) құрайды. 3, 103 б
Банктiк несие – бұл банктiк мекемелерден қарыз алушыларға ақшалай
түрде берiлетiн несиенi бiлдiредi. Банктiк несие – бұл экономикадағы
кеңiнен тараған несиелiк қатынастардың формасы болып табылады. Банктiк
несие бойынша несиелiк қатынастардың құралына несиелiк шарт немесе несиелiк
келiсiм жатады. Банктiк несиеде несие берушi: банк және арнайы қаржы
мекемелерi болса, ал қарыз алушылар ретiнде: кәсiпкерлiкпен немесе
бизнеспен шұғылданатын қаржы ресурстарына деген сұранысы бар кез келген
заңды ұйым болып табылады. Мұндағы қарыз берушiнiң басты мақсаты – пайыз
түрiнде табыс алу.
Аталған ақша және несие нарықтары айналым активтерінің қозғалысына
қызмет етеді.
Қаржы нарығында сатып алу-сатудың объектісі айрықшылықты ақша және
бағалы қағаздар болып табылады. Сондықтан онда бағалы қағаздардың
қозғалысымен ортақтастырылатын экономикалық қатынастар болып табылатын
бағалы қағаздар нарығы маңызды орын алады. Ал өз кезегінде бағалы қағаздар
нарығы қор нарығының негізінде өзіінң қызметін жүзеге асырады.
Қаржы рыногының құрамдас бөлiгi ретiнде бағалы қағаздар – мүлiктiк
құқықты растайтын ақшалай құжаттар немесе мұндай құжаттарды шығарған ұйымға
олардың иелерi қарызының қатысы. Бағалы қағаздар рыногы – шаруашылық
жүргiзушi субъектiлер мен мемлекет шығарған бағалы қағаздардың сан алуан
түрлерi сатылатын және сатып алынатын қаржы рыногының бөлiгi. Бұл рыноктың
қызмет етуi көптеген экономикалық, әсiресе инвестициялық процестердi
реттеп, олардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiлiк бередi. Бұған осы
рыноктың қор құрылымдарының – бағалы қағаздардардың сан алуандығымен қол
жеткiзiледi. Бағалы қағаздар рыногы экономиканың барлық субъектiлерiнiң
өздерiне қажеттi ақша ресурстарын алуының кең мүмкiндiктерiн жасайды және
алудың жолдарын жеңiлдетедi.
Өзiнiң ұйымдық және құрылымдық ерекшелiктерiне орай бағалы қағаздардар
қаржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтiн құқықтық
ережелермен қатар мемлекеттiң қаржы жүйесiнiң тұтас бiр бөлiгiн құрайды.
Осы бағалы қағаздар нарығының қызметтері мен операциялары, оған
қатысушы тұлғалар жиналатын және бағалы қағаздарды сату, сатып алу
шарттарының жүргізілетін орталығы қор биржасы болып табылады.
Сонымен, қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және
қайта бөлу процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады.
Ол қаржы және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық
дамудың қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске
ықпал етедi.
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардыңдың бiрқалыпты айналысы үшiн
қажеттi жағдайлармен қамтамасыз ететiн ұйым және бағалы қағаздар сатып
алынатын және сатылатын негiзгi нарық көзi. Қор биржаларында iрi банктер
қожалық етедi. Биржа деген термин ежелгi грек сөзi – бурзэ, яғни
“әмиян” деген мағынаны аңғартады. Алғашқы қор биржасы XVIғ. Голландияда
бағалы қағаздар (облигация, содан кейiн акция) шығару және сату үшiн пайда
болған. Қор биржаларының ең кең түрде дамыған кезi капитализмнiң монополизм
сатысына өту кезi, яғни XXғ. бас кезi. Ол уақытта қор биржаларының негiзгi
операциялары өндiрiс кәсiпорындарының акцияларын шығару және сату болды.
Биржа өнеркәсiп циклын және жалпы елдiң экономикасын қадағалап отыратын
барометр сияқты. 6, 225 б
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу
процесiн ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы
және өндiрiстiк капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың
қозғаушы күштерiнiң бiрi болып саналатын инвестициялық процеске ықпал
етедi. Сонымен, биржа – нарықтың ұйымдасқан түрi, онда сұраным мен ұсыным
негiзiнде тауармен, БҚ-мен сауда жасалады және қызметкерлер жалданады. Ол –
сатушылар мен сатып алушылар келiсiмге келу үшiн кездесетiн орын. Биржаның
басшы орган болып биржалық комитет саналады. Сонымен, қор биржасы – БҚ
иелерiнiң биржа мүшлерi, яғни делдалдары арқылы БҚ-ды сату және сатып алу
жөнiнде мәмiле жасайтын нарық.
Қор биржасы деген бағалы қағаздар сатып алынатын және сатылатын
негізгі нарықтың орталығы. Қор биржаларына ірі банктер қожалық етеді.
Сонымен, биржа – нарықтың ұйымдасқан түрі, онда сұраным мен ұсыным
негізінде тауармен, бағалы қағаздармен сауда жасалады және қызметкерлер
жалданады. Ол – сатушылар мен сатып алушылар келісімге келу үшін кездесетін
орын.
Бүгінде меншiк қатынастары, шаруашылық субъектiлерiнiң құрылымы мен
оның қызмет көрсету механизмi, олардың өзара қаржылық байланыстарының
формалары, қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесiнде мүдделiгiн
көрсетеді. Яғни, рынокқа қатысушылардың басым көпшiлiгi шартқа қол қойып,
өздерiне бағалы қағаз түрiнде мiндеттеме алады.
Бағалы қағаздар рыногы басқа нарықтардан өзiнiң айрықша тауарымен
өзгешеленедi. Ол өзгеше тауар – бағалы қағаздар және оның сан алуан
түрлерi. Олар бiрiншiден, меншiк белгiсi, екiншiден, қарыз мiндеттемесi,
яғни олар арқылы табыс алу құқы және табыс төлеу мiндеттемесi пайда болады.
Бұл тауардың өз құны аз болсада, өте жоғары нарық бағасымен сатуға болады.
Егер БҚ-ға нарықтық сұраныс оның ұсынысынан жоғары болса, онда оның бағасы
көрсетiлген құнынан (номиналынан) жоғары болады. Бұндай нарықтық бағаның
ауытқуы, БҚ-дың жалған капитал екенiн көрсетедi. 6, 223 б
Әлемдiк тәжiрибеде, сондай-ақ республикадағы рыноктық қатынастарды
дамыту барысы көрсеткендей бағалы қағаздар нарықтық экономиканың жұмыс
iстеуiнiң тиiмдi механизмi, қаржылық ресурстар мен тұрғындардың жинаған
ақшаларын топтастырудың, қаражаттын ел экономикасында лайықты түрде
бөлiнуiнiң, адамның шынайы меншiк иесi ретiнде белсендiлiгiн арттырудың
құралы болып табылады.

Сондықтан жұмысымның келесі бөлімінде қаржы нарығын ұйымдастырудың
негізі болып табылатын қор биржасы мен бағалы қағаздар нарығы, олардың
ұйымдастырылуы туралы толық тоқталып өтейік.

2. ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНДАҒЫ ҚОР БИРЖАСЫНЫҢ РӨЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ФОРМАСЫ

2.1 Бағалы қағаздар қаржы нарығы негізгі қаржы инструменті ретінде

Қазақстан республикасының “Азаматтық кодексiнiң” 1-шi бөлiмiнде 129 -
бабында бағалы қағаздарға құқықтық анықтама келесiдей мағынада берiледi:
Белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi сақтай отырып, жүзеге
асырылуы тек оны көрсеткенде ғана мүмкiн болатын мүлiктiк құқықтарды
куәландыратын құжат бағалы қағаз болып табылады.1
Бағалы қағаздар туралы көптеген теориялардың өз көзқарастары бар.
Мысалы: бағалы қағаздар ұғымы туралы “Жалпы экономикалық теория” кiтабында
бағалы қағаздар өз иеленушiсiнiң меншiк құқығын куәландыратын құжат. Бұл
капитал не қарыз және процент немесе дивиденд түрiнде болуы мүмкiн.
Камаев В.Д. бағалы қағздарды қаржылық құжатпен байланыстырады. Ол
қандай түрде болмасын өз иеленушiсiне меншiктiк құқық беретiн документ
ретiнде қарайды.
Клешев Н.Т. және Федулов А.А. бағалы қағаздарға үш түрлi сипаттама
бередi:
- Айналымдылық;
- Өтiмдiлiк;
- Тәуекелдiк; 5, 36 б
Сонымен, бағалы қағаздар дегенiмiз мүлiктiк құқықты немесе эмитентке
байланысты құжат иесiнiң қарыз қатынасын куәландыратын ақшалай құны бар
құжат (акция, облигация немесе опцион). Ол жеке құжат түрiнде және шоттағы
жазу түрiнде болады.
Ресурстардың әр түрiнiң өздерiне тиiстi бағалы қағаздары бар, өз
кезегiнде, меншiк түрi бола алатын, сату және сатып алу және кепiлдiк
берушi.
Бағалы қағаздардың өзiне ресурстар ретiнде қарауға болады, яғни өзi
тұрақты өмiр сүре алады, өзiнiң жекелеген қор рыногы бар. Жалпы бағалы
қағаздардың қарыз капиталы және құқық берушi ретiндегi түрлерiн келесi
суреттен көре алмыз:
Бағалы қағаздар ресурстарға құқықты келесi қызметтер арқылы бередi:
1. Айналымдық – нарықта бағалы қағаздарды сатуға және сатып алуға
болады. Стандартты құқық, қатысушылардың мерзiм уақытын
2. белгiлеуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар арқылы есеп айырысу
шаралары.
3. Бағалы қағаздар тек қана сату және сатып алу емес, азаматтық
қатынастың объектiсi бола отырып, әр түрлi мәмiле бола алады
(қарыз, сыйақы, сақтаушы, тексерушi, жүктеушi).
4. Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi (стандартты
құқық, мерзiмнiң белгiленуi, сауда орны, көрсетiлген құқықтар
арқылы есеп және басқа да шарттар).
5. Бағалы қағаздар стандартты мазмұнда болуға мiндеттi бұл құжат. Ол
қағаздық сертификат немесе қолма-қол түрдегi формада болады.
құжаттылық бағалы қағаздар аталуына материалды негiз болған.
6. Бағалы қағаздар бiрден-бiр мемлекеттiң қор нарығын реттейтiн және
оны қадағалап отыратын құрылым.
7. Бағалы қағаздар ерекше тауар ретiнде өз нарығы, яғни бағалы
қағаздар нарығы бар.
8. Өтiмдiлiк – БҚ-дың немесе басқа активтердiң қолма-қол ақшаға
айырбасталуы. Жоғары өтiмдiлiк компанияның немесе инвесторлардың
жұмысына үлкен икемдiлiк бередi.
9. Тәуекелдiк – күрделi қаржы салымының қайтарылым деңгейiнiң
өзгермелiлiгi. Егер тұрақсыздық деңгейi жоғары болса, соғұрлым
тәуекелдiлiкте жоғары болады.
Неғұрлым табыстылық жоғары болса, соғұрлым тәуекелдiлiк жоғары болады.
Бағалы қағаздардың құқықтық қатынастарын келесі 2-ші суреттен көре аламыз.
6, 229 б

2.сурет – Бағалы қағаздың құқық берушi ретiндегi түрлерi

Бағалы қағаздар – белгiленген нысан мен мiндеттi реквизиттердi орындау
мен меншiк құқығын ұсынатын, мүмкiндiк беретiн құжат. Бағалы қағаздарды
айналымға шығару эмиссия деп аталады, ал акцияны шығарған заңды тұлға –
эмитент. Бағалы қағаздарды бiрнеше рет шығаруды: бiрiншi реттi эмиссия, ал
қор нарығы – бiрiншi реттi нарық, Бағалы қағаздарды қайтадан шығару –
екiншi реттi эмиссия және сәйкесiнше екiншi реттi нарық болып аталады.
Бағалы қағаздарды сатып алған тұлғалар инвесторлар (салымшылар,
иеленушiлер, акционерлер, бағалы қағаздар ұстаушы) болады.
Бағалы қағаздар атаулы, ордерлi және ұсынушыға деп бөлiнедi. Бiрақ бұл
жағдайда, атаулы БҚ иесi, сол қағазда көрсетiлген тұлға, ұсынушыға БҚ-дың
иесi – Бағалы қағаздарды ұстаушы тұлға, ордерлi Бағалы қағаздар
куәландыратын құқық, онда аталған тұлғаның басқа тұлғаға өткiзу жазбасы
(индосамент) болады.
Бағалы қағаздар функционалды мақсатына қарай үлестi (капиталды) және
қарыздық болып бөлiнедi. Үлестi бағалы қағаздарға акциялардың барлық
түрлерi жатады. Олар акционерлiк қоғам мүлкiне салымы туралы куәландырады
және дивиденд түрiндегi табыстың бiр бөлiгiне және акционерлiк қоғамды
басқаруға қатысуға құқық бередi.
Қарыздық бағалы қағаздар заимның қатыстығын куәландырады. Белгiлi бiр
мерзiм бiткеннен кейiн қарыз алушы номиналдық құны мен ол бойынша пайызды
iшiне кiргiзетiн, қарыздық бағалы қағазда көрсетiлген соманы қайтаруға
тиiс. Қарыздық бағалы қғаздар капиталдық және мүлiктiк – есептiк болып
бөлiнедi. Қарызды капиталды бағалы қағаз капиталды қалыптастыруда
қалыптасады. Оларға: облигациялар және банктiк сертификаттар жатады.
Қазiргi әлемдiк практикада бағалы қағаздар негiзгi екi iрi сыныпқа
бөлiнедi:
- Негiзгi бағалы қағаздар;
- Туынды бағалы қағаздар;
Негiзгi бағалы қағаздар бұл қандай актив болмасын, құқықтық
жағдайлармен қамтамасыз етiлген, не тауар, ақша, капитал, мүлiк немесе әр
түрлi ресурстар. Негiзгi бағалы қағаздар екi топқа бөлiнедi: бастапқы және
қайталама бағалы қағаздар.
Бастапқы бағалы қағаздар активтiк негiзде, бұған мысалы, акциялар,
облигациялар, вексельдер және т.б. бағалы қағаздар жатады.
Қайталама бағалы қағаздар – бұл басқа қағаздар арқылы өзiнiң құның
анықтайтын бағалы қағаздар. Мәселен, “опцион” туынды бағалы қағаз болып
саналады, себебi ол өз құнын өзi арқылы сатып алынатын бағалы қағаздардан
алады. 2, 392 б
Бағалы қағаздардың негiзгi қызметтерi олардың екiншi нарықта белсендi
түрде айналысқа түсетiн қарыз мiндеттемесi ретiнде көрiнедi. Бағалы
қағаздардың көбi арнаулы тiркеуден өтедi. Тiркеу инвесторларға бағалы
қағаз туралы дәл және маңызды мағұлмат алуға көмектеседi. Сол арқылы
инвестор (салым иесi) өз инвестициясының сапасын дәл анықтауына мүмкiндiк
алады.
Бағалы қағаздар бiрнеше түрлi болып жiктеледi: бiрiншiден түсiретiн
кiрiсiне, екiншiден эмитенттiң сипатына, үшiншiден айналым мезгiлi мен
айналым жерiне байланысты.
Кiрiс төлеу жөнiнен қарызды және үлестi болып бөлiнедi. Қарызды бағалы
қағаздар бойынша кiрiс нақты процентпен төленiп, ал қарыздың күрделi
негiзгi бөлiгiн келешекте белгiленген уақытта өтеу көзделедi үлестi БҚ-дар,
немесе оны акция деп атайды. Акция оны иемденушiнiң корпорацияның
мүлiгiндегi үлесiн көрсетедi және иемденушiге шектеусiз уақыт бойы дивиденд
түрiнде кiрiс түсiредi. Ал БҚ-дың басқа түрлерi қарызды және үлестi
түрлерiнен туындайды.
2.2 АҚ Қазақстан қор биржасы (KASE)

KASE алғаш рет 1993 жылдың 17 қарашада Қазақстанның ұлттық валютасы теңге
енгізілгеннен кейін “Қазақ банкаралық валюталық биржа" атауымен құрылды
Сөйтіп жыл сайын 15 қараша “Ұлттық валюта күні“ мамандырылған мейрам
ретінде атап өтіледі .

Сондай-ақ Алматыда қор биржасы құрылып, өзiнiң бағалы қағаздармен
алғашқы саудаларын жүргiзе бастады.
Ал ол үшiн экономикадағы кәсiпорындар жекеменшiк немесе
корпорациялар есебiнде қалыптасуы керек едi. Сондықтан 1992 жылы
мемлекеттiк меншiктегi кәсiпорындар мен өндiрiс орындары жекешелендiру
туралы ұлттық бағдарлама қабылданды. Осыдан бастап елiмiзде жекелеген
кәсiпорындар мен акционерлiк қоғамдар құрылып, бағалы қағаздар рыногының
жағдайы жақсара бастады. 10
Қазақстан қор биржасын ағылшын тлінен алып “Kazakhstan Stock
Exschange” атауын қысқаша KASE деп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы туралы ақпарат
ҚР бағалы қағаздар нарығы
Қаржы нарығының құрылым
Қаржы нарығының ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының ерекшеліктерін талдау
Қазақстан Республикасы қаржы нарығын талдау
НАРЫҚТЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДЫ БӨЛІГІ РЕТІНДЕ ҚАРЖЫ НАРЫҒЫНЫҢ КОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Акция нарығының негізгі көрсеткіштері
Экономикалық ұғымдар
Қ.Р. қаржы нарығын талдау
Пәндер