Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарттары



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
1.1 «Көшпелі өзбектер» ұлысы және оның ішкі саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10
1.2 Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым.қатынастары ... ... ...14
2 XV ҒАСЫРДАҒЫ МОҒОЛСТАН МЕН ТЕМІР ӘУЛЕТІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ
2.1 Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Моғолстан ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 26
2.2 XV ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси өмірі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..39
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..56
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ мемлекеттілігі мен «қазақ» атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарты мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалардың этникалық, рухани дамуының барысы, осы аумақтағы мемлекеттік құрылымдардың саяси даму үрдістері алып келді. Аталған факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз болып саналса, XV ғасыр ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси қарым-қатынастары өзінше рөл атқара алды. XV ғасырдың 50-ші жж. аталған территориялардағы мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандар – Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшкендігін және не себепті Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс жағындағы өңірден иелік бергендігін түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті де Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы аталған аймақтардағы мемлекеттер: Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның және Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтары мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси жағдайларына назар аударып, біз қарастырып отырған мәселеге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау өзекті болып табылады.
XV ғасырдың орта тұсында Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси жағдайы оның ішкі саяси жағдайымен қатар дамып, бір-бірімен үндесіп жатты. Ішкі саяси өмірдегі көптеген мәселелер сыртқы саясатта да көрініс береді. Сол себепті де Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы сыртқы саяси жағдайы хандықтың осы кезеңдегі жалпы саяси жағдайын қалыптастырып, оның саяси өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болып есептелетіндіктен, оны талдау да Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын түсінуге, білуге мүмкіндіктер береді.
1. Мұхаммед Хайдар Дулати. Тарихи Рашиди, парсы тіліндегі қолжазба нұсқасынан тәржімалаған Ислам Жеменей. Жалпы ред. Басқарған және алғысөзін жазған Әбсаттар Дербісәлі, Алматы: Тұран, 2003, 616 б.
2. Кәрібаев Б. Б. XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілқайыр хандығының Моғолстан және Мәуереннахрмен саяси қарым-қатынастарының мәселелері жөнінде// ҚазҰУ хабаршысы. Халықаралық қатынастар және халықаралық құқық сериясы. № 1-2 (39-40). 2009.
3. Материалы по истории казахских ханств в XV-XVII вв. (Извлечения из персидских и тюркских сочинений) Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
4. Тарих-и Абулхаир-хани// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
5. Таварих-и гузида-йи нусрат-наме.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
6. Фатх-наме.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
7. Қадырғали Жалайыр. Жылнамалар жинағы. – Алматы, 1997.
8. Әбілғазы. Түрік шежіресі. – Алматы, 1992.
9. СМИЗО
10. Ахмедов Б. А. Государство кочевых узбеков. – М.,1965.
11. Пищулина К. А. Юго-Восточный Казахстан в середине XIV-начале XVI вв. (Вопросы политической и социально-экономической истории). – Алма-Ата, 1977.
12. Бартольд В. В. Улугбек и его время. Соч., Т. II., Ч.2. – М., 1964.
13. Бартольд В. В. История культурной жизни Туркестана. Соч., - Т.I., Ч.1. – М., 1963.
14. Якубовский А. Ю. Самарканд при Тимуре и Тимуридах. – Л., 1993.
15. Ахмедов Б. А. Из политической истории Хорезма XV в. Известия АН УзССР, 1960. - №5.
16. Сафаргалиев М. Г. Распад Золотой Орды// На стыке континентов и цивилизаций...(Из опыта образования и распада империй X-XIVвв.). – М., 1996.
17. Кляшторный С. Г., Султанов Т. И. Казахстан: летопись трех тысячелетий. – Алматы, 1992.
18. Нығмет Мыңжан. Қазақтың көне тарихы.
19. Қазақстан тарихы/Қаражан
20. Кәрібай Б. Түркістан және Қазақ хандығы. – Алматы, 1999.
21. Кәрібаев Б. Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынастары// Ақиқат, №11, 2008, - 97-106 бб.
22. Кәрібаев Б. Темір әулетінің тағдыры// Ана тілі, №52 (941). Желтоқсанның 25-і, 2008 жыл. 36-бет.
23. Кәрібаев Б. Б. XV ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайы// ҚазҰУ хабаршысы. Шығыстану сериясы.№4 (45). 2008, 45-53 бб.
24. Кәрібаев Б. Б. Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Дешті Қыпшақ, Мәуереннахр және Моғолстанның саяси жағдайы (XV ғ.50-ші жылдары)// Қазіргі Қазақстан ғылымындағы әлемдік тарих мәселелері. Проблемы всемирной истории в контексте современной казахстанской науки: Респ. ғыл.-теор. конф. материалдары. Материалы Респ. науч.-теор. конф. Ред. кол. А. И. Купчишин, К. Т. Жумагулов: Каз. Гос. Нац. ун-т им. Аль-Фараби. – Алматы , 2001, - 74-78 б.б.
25. Бартольд В. В. Соч., - Т.V., - М. 1964.
26. Бахр аль Асрар.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
27. Султанов Т. И. Рождение казахской государственности. История Казахского ханства. – Алматы: Мектеп, 2003. – 160 с. – (Серия «Слово Седьмое»).
28. Мырза Хайдар Дұғлат. Тарих и Рашиди., Теһран: Мирас мәктуб, 2004.
29. Қазақстан тарихы. – Алматы, 1998.
30. Шайбанинаме.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
31. И. Жеменей. Моғолдар және дулат әмірлігі.// ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №1(44). 2007. – 19-24 бб.
32. Қазақ совет энциклопедиясы, 7-том.
33. Бартольд В. В. Соч., - Т.ІІ., - М. 1963.
34. Муйнаддин Натанзи. Мунта хап ат-тауарих муйни.// МИКХ. Составитель: К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдин. А.,1969.
35. Қырғыз ССР тарихы, 1-том, - Фрунзе, 1968.
36. Қазақ совет энциклопедиясы, 2-том.
37. Қазақ совет энциклопедиясы, 4-том.
38. Мирза Мухаммед Хайдар. Тарих-и Рашиди. Введение, перевод с персидского А. Урунбаева, Р. П. Джалиловой, Л. М. Епифановой. – Ташкент, 1996.
39. Златкин И. Я. История Джунгарского ханства (1635-1758) ИНА АН СССР. М., 1964.
40. Дәуірбаева Н. XV ғасырдағы Қазақ хандығының саяси жағдайы.// ҚазҰУ хабаршысы. Тарих сериясы, №1(44). 2007. – 29-30 бб.
41. История Узбекской ССР. Т. 1. С древнейших времен до середины XIX века. – Ташкент, 1967.
42. Захир ад-дин Мұхаммед Бабыр. Бабырнама. Толықтырылып екінші басылуы. – Алматы, 1993.
43. Мюллер А. История ислама с основания до новейших времен. – Спб., 1896.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   
қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
әл-фараби атындағы қазақ ұлттық университеті
Тарих факултеті

Қазақстанның ежелгі және орттағасырлар тарихы кафедрасы

Диплом жұмысы

ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫНЫҢ САЯСИ АЛҒЫШАРТТАРЫ

Орындаған__________________ Шәкірт Е.____________________"_____"
___________2010 ж.

қолы
А. Ж. Ә.

Ғылыми жетекші__т. ғ. к., доц. Кәрібаев Б. Б.____________
__________________ __________________

қолы А. Ж. Ә.

"_____" ___________2010 ж.

Қорғауға жіберілді:

Кафедра меңгерушісі

т. ғ. д., проф.Омарбеков Т. О.________________________
_________________ ______________________

қолы
А.Ж. Ә.

"______" __________2010ж.

Алматы-2010

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ

1. Көшпелі өзбектер ұлысы және оның ішкі
саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10

1.2 Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-
қатынастары ... ... ...14

2 XV ҒАСЫРДАҒЫ МОҒОЛСТАН МЕН ТЕМІР ӘУЛЕТІ МЕМЛЕКЕТТЕРІ

2.1 Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы
Моғолстан ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ..26

2.2 XV ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси
өмірі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 39

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .51

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... 56

КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Қазақ халқының тарихындағы ең өзекті
мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ мемлекеттілігі мен
қазақ атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте маңызды тарихи оқиға
болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ тайпаларының басын қосып
шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын біріктіруде, қазақтың
байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып қалыптасуын біржолата
аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл атқарды. Қазақ хандығының
құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және маңыздысы – саяси
алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарты мәселесі сол
кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр хандығы, Моғолстан және
Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси жағдайларымен байланысты.
XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына Дешті Қыпшақ аумағын
мекендеген тайпалардың этникалық, рухани дамуының барысы, осы аумақтағы
мемлекеттік құрылымдардың саяси даму үрдістері алып келді. Аталған
факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз болып саналса, XV ғасыр
ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы саяси
құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси қарым-
қатынастары өзінше рөл атқара алды. XV ғасырдың 50-ші жж. аталған
территориялардағы мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта
жүргендігін анықтау, бізге не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған
сұлтандар – Керей мен Жәнібектің Моғолстанға көшкендігін және не себепті
Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз елінің батыс жағындағы өңірден иелік
бергендігін түсінуге мүмкіндік береді. Сол себепті де Қазақ хандығының
құрылу қарсаңындағы аталған аймақтардағы мемлекеттер: Әбілқайыр
хандығының, Моғолстанның және Мәуереннахрдағы Ақсақ Темір ұрпақтары
мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси жағдайларына назар аударып, біз қарастырып
отырған мәселеге қаншалықты қатысы бар екенін анықтау өзекті болып
табылады.
XV ғасырдың орта тұсында Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси
жағдайы оның ішкі саяси жағдайымен қатар дамып, бір-бірімен үндесіп жатты.
Ішкі саяси өмірдегі көптеген мәселелер сыртқы саясатта да көрініс береді.
Сол себепті де Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы
сыртқы саяси жағдайы хандықтың осы кезеңдегі жалпы саяси жағдайын
қалыптастырып, оның саяси өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болып
есептелетіндіктен, оны талдау да Қазақ хандығының құрылуының саяси
алғышарттарын түсінуге, білуге мүмкіндіктер береді. Әбілқайыр хандығының
Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы саяси мәселелеріне қатысты
зерттеулердегі көлеңке тұстарын анықтап, тәуелсіз Қазақстан тарихы ғылымы
тұрғысынан объективті баға беру, жанжақты талдау қазақ тарихнамасындағы
күрделі мәселелердің бірі болып саналады.
Қазақ хандығының құрылуы қарсаңындағы, яғни XV ғасырдың 50-ші
жылдарындағы Моғолстанның ішкі-сыртқы жағдайы Керей мен Жәнібек сұлтандарға
жаңа мемлекеттің Қазақ хандығының шаңырақ көтеруіне қолайлы жағдайлар
жасады дейміз. XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр мемлекетіндегі феодалдық
алауыздықтардың, феодалдық қанау мен езгінің күшеюіне байланысты, 20 мың
қазақтың шығыс дешті қыпшақтан Моғолстандағы Жетісуға қоныс аударуы және
батыс Жетісуда қазақ хандығының құрылуы, Моғолстан мемлекеті мен қазақ
халқының тарихи тағдырына қатысты аса маңызды оқиға болды. Бұл мезгілдегі
Моғолстан қазақ хандығының құрылуына және қазақтың өз алдына жеке халық
болып қалыптасу барысын аяқтауына территориялық тірек, саяси-экономикалық
негіз болды. Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Моғолстанның ішкісыртқы
жағдайын зерттеу саяси алғышарттардың барысын айқындауға мүмкіндік береді.
Қазақ хандығының құрылуына саяси жағынан өзіндік әсер еткен
мемлекеттердің бірі Мәуереннахрдағы Темір әулетінің мемлекеті болды. Егерде
XV ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығындағы этносаяси жағдайлар жаңа
мемлекеттің қалыптасуына толық алғышарттар даярласа, оның көршісі
Моғолстандағы ішкі этносаяси жағдайлар Қазақ хандығының Моғолстан аумағында
ту көтеруіне алып келді. Ал нақты Моғолстанның батысында Қазақ хандығының
құрылуы – оның Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетімен XV ғасырдың
ортасында жүргізілген саяси қарым-қатынастардың нәтижесі болып саналады.
Сондықтан да біз үшін XV ғасырдың орта тұсындағы Темір әулеті мемлекетінің
ішкі және сыртқы жағдайын білудің маңызы зор.
Диплом жұмысының деректік қоры. Қазақ хандығының тарихын зерттеуде
атақты Мұхаммед Хайдар Дулатидың Тарихи Рашиди еңбегінің деректік маңызы
өте зор. Қазақ хандығының құрылуы мен дамуына байланысты мәселелерде
зерттеушілер бүгінгі күнге дейін осы дерекке сүйенеді. Қазақ хандығының
құрылуы туралы Мырза Хайдар: ... сол заманда Әбілқайыр ханның Дешті Қыпшақ
даласына түгелдей билік жүргізіп отырған кезі еді. Жошы ұрпағының
сұлтандары жорық жасап, Жәнібек пен Керей хан одан қашып, Жете яғни
Моғолстанға кетіп қалған еді. Есенбұға хан оларды құрметтеп қарсы алып,
Жетенің батыс жағындағы Шу маңын және Қозыбасыны берді1. 110 деп жазады.
М. Х. Дулати XV ғасырдың ортасындағы Моғолстан мен Мәуереннахр қарым-
қатынасына байланысты маңызды мәліметтер қалдырады. Атап айтқанда,
Моғолстан ханы Есенбұғаның Мәуереннахрдың шығыс аймақтарына жасаған
жорықтары, Әбу Сайд мырзаның Есенбұғаға алғаш тойтарыс беруі, Моғолстан
ханының Мәуереннахрға үнемі қауіп-қатер төндіріп отырғандығы туралы
баяндайды. Ал енді XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы көшпелі өзбектер мен
моғол елдері арасында болған нақты қарым-қатынастарға келсек, жазба
деректер саяси қарымқатынастардың барысы жөнінде ешқандай мәліметтер
бермейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың мәліметтерінен саяси қарым-
қатынастардан гөрі, осы кезеңде этникалық байланыстардың жиі жүргенін
байқаймыз2. 120.
Қазақ хандығы тарихына қатысты деректер XV ғасырдағы Қазақ
хандықтарының тарихы бойынша материалдар (МИКХ) жинағында кездеседі3.
Әбілқайыр хан мен Темір әулеті билеушілерімен қарым-қатынасы Тарих-и
Абулхаирханида4 келтірілген. Ал көшпелі өзбектер басшысы мен маңғыт
ұлысының байланыстары Таварих-и нузида-йи нусрат наме5, Фатх наме6
деректерінде және Қадырғали Жалаиридің Жылнамалар жинағында7
баяндалады. Әбілғазы өзінің Түрік шежіресінде8 Әбілқайыр ханның
Мәуереннахрға жорығы мен Мұхаммед Жөкімен байланыстары туралы нақты мәлімет
береді. Алтын Орда тарихының материалдар жинағында (СМИЗО)9 Мәуереннахр
билеушілері Әбу Сайд пен Абдолланың күресі, Әбу Сайдтың саясаты жөнінде
деректер бар.
Диплом жұмысының зерттелу деңгейі. Қазақ хандығының құрылуының саяси
алғышарттары мәселесіне байланысты кеңестік дәуірде бірнеше еңбектер жарық
көрді. Зерттеуші Б. А. Ахмедов өзінің Көшпелі өзбектер мемлекеті (1965)
еңбегінде Әбілқайыр хандығының көршілес мемлекеттермен, Батыс Сібірдегі
Шайбан әулетімен, Темір әулеті мемлекетімен қарым-қатынасы, Әбілқайыр
ханның ішкі-сыртқы саясаты мәселелерін қарастырады. Б. А. Ахмедов Әбілқайыр
хандығының Мәуереннахрдағы темір әулетімен саяси қарым-қатынасын: Өзбектер
Сырдарияны иелену арқылы Темір әулеті мемлекетінің тікелей көршісіне
айналды және Темір ұрпақтарының билік үшін өзара күрестеріне белсене
араласты, сондай-ақ өздерінің үздіксіз жорықтарымен Мәуереннахрдың отырықшы
аудандарындағы тұрғындарды талантараждарға ұшыратып, үнемі оларды мазалап
отырды10. 59 деп түсіндіреді. Алайда, зерттеушінің бұл пікірі толық
емес. Зерттеуші К. А. Пищулина11. 70 Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан
мемлекеттерінің қарым-қатынасы әртүрлі дәуірде әртүрлі сипат алып тұрды
дейді.
1969 жылы К. Ибрагимов, Н. Н. Мингулов, К. А. Пищулина, В. П. Юдиннің
құрастыруымен Қазақ хандығының тарихына байланысты материалдар жинағы3
жарық көрді. Жинақта Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси жағдай мен
Моғолстан, Әбілқайыр және Темір мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасы туралы
мәліметтер бар. Еңбекте XV ғасырдың бірінші жартысындағы Моғолстандағы
саяси бытыраңқылық пен қалмақ шапқыншылығы жайында әңгімеленеді3. 168-
193. Орта Азиядағы темірлік әулеттің тарихы мәселелері тарих ғылымында
жақсы қарастырылған деуге болады. Тіпті, оның XV ғасырдағы жекелеген
мәселелерінің өзіне арналған арнайы зерттеулер бар. Атақты зерттеуші В. В.
Бартольд шығармаларында мәселеге қатысты саяси оқиғаларға деректер
негізінде жанжақты талдау жүргізіледі. Шахрух тұсындағы саяси
бытыраңқылықтың басталуы, тақ мұрагерлігі үшін күрес, Ала ад-Даула мен
Ұлығбек, Ұлығбек пен Абдаллатиф арасындағы күрестің барысы, себептері мен
нәтижесі, Әбу Саид тұсындағы мемлекеттің жағдайы мәселелерін қарастырады.
Сол арқылы Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы Мәуереннахрдың ішкі саяси
өмірінің тұрақсыз болғанын дәлелдейді12. 147-169. Мәселеге тікелей
қатысты мәліметтер автордың Түркістанның мәдени өмірінің тарихы13
еңбегінде де бар. Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайын зерттеуге А. Ю.
Якубовский14, Б. А. Ахмедовтың15 қосқан үлесі зор.
М. Г. Сафаргалиев16 өз еңбегінде Әбілқайыр хандығы мен Батыс
Сібірдегі Шайбан әулеті байланыстарын қарастырса, ал С. Г. Кляшторный мен
Т. И. Сұлтанов17 Әбілқайыр ханның саяси қызметі, Моғолстан мен Темір
мемлекетінің саясаты, Қазақ хандығының құрылу барысы т.б. туралы баяндайды.
Тәуелсіздік жылдарында жарық көрген еңбектердің бірінің авторы Н. Мыңжан М.
Х. Дулати дерегі негізінде XIV-XV ғасырлардағы Моғолстанның саяси жағдайын
қарастыра отырып, Керей мен Жәнібек бастаған қазақ руларының Моғолстан
территориясына көшіп келуі алғышарттарын көрсетеді. Қазақ хандығының
құрылуы қарсаңындағы жалпы жағдайға сипаттама береді18. 219-228. Қ. С.
Қаражан басшылығымен шығарылған оқулықта XV ғасырдың ортасындағы саяси
жағдайы қысқаша баяндалады19.
Мәселеге қатысты негізгі еңбектердің көпшілігін тәуелсіз Қазақстан
тарихнамасында Қазақ хандығының тарихымен арнайы түрде айналысып жүрген
зерттеуші Б. Б. Кәрібаев еңбектері құрайды. Түркістан және Қазақ хандығы
(1999)20 еңбегінде Әбілқайыр хандығы мен Темір әулеті мемелекетінің
арақатынасына байланысты Дешті Қыпшақтың оңтүстік өңірлерінің геосаяси ролі
туралы талқылайды. Мәселеге тікелей қатысты автордың бірнеше ғылыми
мақалалары жарық көрді. Атап айтқанда, Қазақ хандығы құрылуның қарсаңындағы
Әбілқайыр мемлекетінің саяси жағдайы Әбілқайыр хандығының көрші елдермен
саяси қарым-қатынастары21 атты мақалада жанжақты баяндалады. Мақалада
хандықтың шекарасын айқындау, Батыс Сібіірдегі Шайбан әулеті, Моғолстан
мемлекетімен байланыстарын көрсету мәселелері қарастырылып, Дешті Қыпшақ
пен Мәуереннахр билеушілерінің саяси қарым-қатынастарының сипатын, үздіксіз
күрестердің себептерін ашып көрсетеді21. 97-106. Осы кезеңдегі Темір
әулетінің саяси жағдайы автордың Темір әулетінің тағдыры22, XV
ғасырдың ортасындағы Мәуереннахрдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси
жағдайы23 т. б. мақалаларында баяндалады. Қазақ хандығының құрылу
қарсаңындағы Дешті Қыпшақ, Мәуереннахр және Моғолстанның саяси жағдайы (XV
ғ. 50-ші жылдары)24, XV ғасырдың 40-50 жж. Әбілқайыр хандығының
Моғолстан және Мәуереннахрмен саяси қарым-қатынастарының мәселелері
жөнінде2 мақалаларында Қазақ хандығының құрылуына қолайлы жағдай
туғызған саяси алғышарттар талданады. Жан-жақты зерттеу нәтижесінде автор
төмендегідей ғылыми тұжырымдар жасайды: 1) XV ғасырдың 40-50-ші
жылдарындағы Әбілқайыр ханның көрші елдермен жүргізген саяси қарым-
қатынастарының достық қатынаста болмауы Қазақ хандығының құрылуы үшін саяси
алғышарттар даярлады; 2) ХV ғасырдың ортасындағы Моғолстандағы саяси
бытыраңқылық Керей мен Жәнібектің Шу, Қозыбасы өңіріне көшіп келуіне жағдай
жасады; 3) Мәуереннахрдағы ішкі саяси жағдай мен Моғолстанмен қарымқатынасы
Қазақ хандығының құрылуының маңызды алғашарты болды.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері. Диплом жұмысының негізгі
мақсаты – Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы саяси алғышарттарды зерттеу.
Осы мақсатқа жету барысында төмендегідей міндеттер қойылды:
- Мәселеге қатысты зерттеулер, деректер мен материалдармен танысу;
- Мәселенің көлеңке тұстарын айқындау;
- XV ғасырдың ортасындағы көшпелі өзбектер мемлекетінің ішкі саяси
жағдайын айқындау;
- Әбілқайыр хандығының көрші мемлекеттермен өзара байланыстарын талдау;
- Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы Моғолстан мемлекетінің саяси
жағдайын қарастыру;
- XV ғасырдағы Темір әулеті мемлекетінің саяси жағдайын талдау;
- Мәуереннахр мен Моғолстанның саяси байланыстарын көрсету;
- Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын тұжырымдау.
Диплом жұмысының теориялық-методологиялық негізі. Жұмыстың теориялық
негізін тарих ғылымының дамуы барысында қалыптасқан және Қазақстан тарихы
мәселелерін зерттеуде жасалынған жаңаша тарихи ойлау тұжырымдарының бірлігі
құрайды. Диплом жұмысында міндеттелген мәселелерді зерттеуде сол кезеңнің
тарихи жағдайын зерттеуді мақсат ету және тарихи үрдістер мен құбылыстарды
нақты жағдайлармен тығыз байланыста қарастыруға бағытталған тарихилық
принципі басшылыққа алынады. Тәуелсіз Қазақстанның тарих ғылымы тұрғысынан
тарихнамалық тәжірибені кеңінен қолдана отырып, деректерге салыстырмалы
талдау жасау арқылы алынған нәтижелерге объективті баға беру міндеттеледі.
Кеңестік тарихнамада орын алған методологиялық қателіктерге жаңа
өркениеттілік теориясы тұрғысынан өзгертулер енгізіледі.
Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы мен нәтижелері. Қазақ халқының
тарихындағы ең өзекті мәселелердің бірі – Қазақ хандығының құрылуы. Қазақ
мемлекеттілігі мен қазақ атауының түпкілікті қалыптасуында бұл өте
маңызды тарихи оқиға болды. Ол ұлан-байтақ өңірді мекендеген қазақ
тайпаларыныңбасын қосып шоғырландыруды, қазақтың этникалық территориясын
біріктіруде, қазақтың байырғы заманнан басталған өз алдына жеке ел болып
қалыптасуын біржолата аяқтатуда аса маңызды және түбегейлі шешуші рөл
атқарды. Қазақ хандығының құрылуына ықпал еткен алғышарттардың бірі және
маңыздысы – саяси алғышарттар. Қазақ хандығы құрылуының саяси алғышарты
мәселесі сол кезеңдегі Қазақстан территориясындағы Әбілқайыр хандығы,
Моғолстан және Темір әулеті мемлекетінің ішкі және сыртқы саяси
жағдайларымен байланысты. XV ғасырдың ортасында Қазақ хандығының құрылуына
Дешті Қыпшақ аумағын мекендеген тайпалардың этникалық, рухани дамуының
барысы, осы аумақтағы мемлекеттік құрылымдардың саяси даму үрдістері алып
келді. Аталған факторлар хандықтың құрылуына тікелей негіз болып саналса,
XV ғасыр ортасындағы Моғолстан, Мәуереннахр және Дешті Қыпшақ аумағындағы
саяси құрылымдардың ішкі саяси жағдайлары мен бір-бірлерімен саяси
қарымқатынастары өзінше рөл атқара алды. Диплом жұмысының негізгі жаңалығы
да – Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы аталған аймақтардағы
мемлекеттер: Әбілқайыр хандығының, Моғолстанның және Мәуереннахрдағы Ақсақ
Темір ұрпақтары мемлекетінің ішкі, сыртқы саяси жағдайларын салыстыра
талдау болып табылады. XV ғасырдың 50ші жж. аталған территориялардағы
мемлекеттердің саяси жағдайының қандай бағытта жүргендігін анықтау, бізге
не себепті Қазақ хандығының негізін қалаған сұлтандарКерей мен Жәнібектің
Моғолстанға көшкендігін және не себепті Моғолстан ханы Есенбұға оларға өз
елінің батыс жағындағы өңірден иелік бергендігін түсінуге мүмкіндік береді.
Диплом жұмысының негізгі нәтижелері – Қазақ хандығы құрылуының
қарсағындағы Әбілқайыр, Моғолстан, Темір әулеті мемлекеттерінің саяси
жағдайы мен өзара байланыстарын талдай отырып, Қазақ хандығының ққрылуына
ықпал еткен қолайлы жағдайларда анықтау.
Диплом жұмысының хронологиялық-территориялық шеңбері. Диплом жұмысында
XV ғасырдың басынан XV ғасырдың үшінші ширегіне дейінгі саяси оқиғалар
қамтылады. Әсіресе, XV ғасырдың 40-50- ші жылдарындағы оқиғалар назарға
алынады. Территориялық шеңбері XV ғасырдағы Дешті Қыпшақ, Моғолстан,
Мәуереннахр және оларға көршілес аймақтарды қамтиды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспе, екі тарау, қорытынды және
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Бітіру жұмысында көшпелі
өзбектер, Моғолстан және Мәуереннахрдағы XV ғасырдың басынан Керей мен
Жәнібек Моғолстан территориясына көшіп келгенге дейінгі саяси мәселелер мен
алғышарттар қарастырылады.

1 ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ҚҰРЫЛУЫ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ӘБІЛҚАЙЫР ХАНДЫҒЫНЫҢ САЯСИ ЖАҒДАЙЫ
1. 1 Көшпелі өзбектер ұлысы және оның ішкі саясаты
Қазақ хандығының тарихы XV ғасырдың екінші жартысынан басталады. С. Г.
Кляшторный, Т. И. Сұлтанов пікірінше, Қазақ хандығының құрылуы 1458 және
1462 жж. аралығындағы Өзбек ұлысы халқының Орыс хан ұрпақтары бастаған бір
бөлігінің Моғолстан аумағына көшуі мен 1468 жылы Әбілқайыр хан қайтыс
болғаннан кейін көшпелі өзбектер мемлекетінің ыдырауымен байланысты17.
217.
XV ғасырдың 20-шы жылдарында Өзбек ұлысы (Шығыс Дешті Қыпшақ)
территориясында бірнеше тәуелсіз иеліктер болды: Арал теңізінен солтүстікке
қарай Сарысу және Ембі өзендерінің аралығында Шайбанилық Жұмадық хан ұлысы;
батысқа қарай – Ғази би бастаған маңғыт ұлысы болды, Шайбанилық Мұстафа хан
Атбасарда, Кебек би мен Адаббек бүркіт Тура аймағында билік етті; Тобылда
Махмұд Қожа хан иелігі орналасты. Осындай саяси жағдайда тарихи сахнаға
Әбілқайыр хан шықты.
В. В. Бартольд Әбілқайыр ханның (1428-1468) билік етуінің тарихи
маңызын көшпелі өзбектердің күшеюі мен оның билігі тұсындағы ыдырау
барысында қазақтардың бөлініп шығуымен байланыстырады. Оның шығу тегі:
Әбілқайыр хан – Дәулет шайх – Ибрахим – Пулат – Мөңке Темір – Бадақұл –
Жошы Бұқа – Банииал Бақадүр – Шибан – Жошы – Шыңғыс хан25. 218. XV
ғасырдың 30-60-шы жылдарындағы саяси оқиғалар туралы Масуд б. Осман
Кухистани, Мырза Хайдар, Махмұд б. Вали, т. б. авторлар нақты мәліметтер
береді. Әбілқайыр ханның тарихы атты тарихи шығарманың авторы Кухистани
мәліметтері бойынша, Әбілқайыр хан 1412 жылы Айдахар жылында туылған. Ол
жастайынан жетім қалады. Әбілқайыр хан Шибан ұрпағы Жұмадық ханға қызмет
етіп, оның билік үшін күрестеріне белсене араласады. Жұмадық ханның маңғыт
бектеріне қарсы жорығында он алты жасар Әбілқайыр тұтқынға түсіп, маңғыт
билері рұқсатымен босатылады. Жұмадық хан қайтыс болғаннан кейін ол тез
арада Өзбек ұлысы басшыларының қолдауына ие болады. 1428 жылы Тура
аймағында (Батыс Сібір) он жеті жасар Әбілқайыр хан болып тағайындалады.
Дерек мәліметтеріне қарағанда хан сайлауына тек сұлтандар тайпа және ру
басылары, бахадүрлер ғана емес, мұсылман рубасылары да қатысты. Әбілқайыр
жақтастары қатарында төмендегідей тайпалар өкілдері болды: қияттар,
маңғыттар, чинбайлар, йиджандар, табғұттар, дурман, қосшы, найман, тувай,
таймас, барақ, ұйғыр, қарлұқ, кенегес, үйсін, қоңырат, т. б.4. 336.
Әбілқайыр хан Шайбан әулеті мүшелеріне ғана емес, XV-XVI ғасырдың
басындағы Өзбек ұлысының саяси өмірінде маңызды рөл атқарған, көп санды
маңғыт әмірлеріне де сүйенді. Маңғыт әмірі Едігенің ұлы Мансұр Барақ ханның
жақтасы болса, Едігенің немересі Уақас би Әбілқайырды хан көтеруге қатысты.
Жас Әбілқайыр алғашқы жылдары Нураддиннің баласы Уақас бимен достық қарым-
қатынаста болды. Қадырали бектің айтуынша, олар бір кеседен ас ішкен7.
Кейінірек Уақас би Әбілқайыр ханның қарсыласына айналып, Мұстафа ханмен
бірге ханға қарсы күресті. Көшпелі қоғамның ықпалды өкілдеріне қарыздар
болған Әбілқайыр солардың мүддесіне сай саясат жүргізуге, жорықтар
ұйымдастыруға міндетті болды17. 219. Мемлекеттің ішкі саяси жағдайы
Әбілқайырдың қырық жылдық билігіне қарамастан тұрақты болды. Әбілқайыр хан
Өзбек ұлысының жоғары билігіне таласқан Жошы ұрпақтарына қарсы аяусыз күрес
жүргізуге мәжбүр болды. 1430 жылы хан сайланғаннан кейін Әбілқайыр
Шайбанилық Махмұд Қожа ханға жорыққа аттанады. Қарсыластар Тобыл өзенінің
жағалауында кездеседі. Соғыс барысында Махмұд Қожа хан жеңіліс табады.
Махмұд Қожа хан Әбілқайыр хан бұйрығымен ұсталып, өлім жазасына кесіледі.
Ал Махмұд Қожа ханның ай сипатты әйелі Ағанақ бикені мұсылман дәстүрі
бойынша әйелдікке алады. Қолға түскен байлық пен әскери пайда әскерлер
арасында бөлініске салынады. Жоғары дәрежелі сұлтандар мен әмірлерге құнды
заттар, белдік және жоғарғы шендер беріледі17. 221.
Әбілқайыр ханның Өзбек ұлысындағы билігін нығайтудағы келесі қадамы
Махмұд және Ахмад хандарға қарсы жорық ұйымдастыру болды. Өзбек ұлысындағы
билік үшін күрес туралы нақты мәліметтерді қамтитын Тарих-и Абулхаир хан-
идың4 авторы Махмұд және Ахмад хандарды тек Жошы ұрпақтары деп атайды.
Ұлыс хандарының шығу тегі туралы Махмұд б. Вали нақты мәліметтер келтіреді.
Бахр ал-асрардың26 авторы Махмұд және Ахмад хандардың шежіресін
төмендегідей көрсетеді: Мұхаммад хан – Темір хан – Темір Құтлұқ хан – Тоқай
Темір – Жошы.
Көшпелі өзбектер басшысы 8341430-1431 жж. Хорезмді жаулап, Үргенішті
талқандағаннан кейін Махмұд және Ахмад хандарға қарсы жорыққа аттанады.
Икри Тупа жерінде Әбілқайыр Махмұд пен Ахмад ханды жеңеді. Әбілқайыр хан
Дешті Қыпшақтың астанасы болып табылатын Орда Базарды иеленеді, қалада
ханның атымен теңге соғылады. Одан кейін Әбілқайыр хан біршама уақыт Саин
(Бату) ханның тағын иеленеді. Алайда Махмұд және Ахмад хандар өз
иеліктерін қайтарып алады. Әбілқайыр хан мен Махмұд, Ахмад хандардың
шайқастары туралы Махмұд б. Вали мәліметтерін нумизматикалық деректер де
растайды. Махмұд хан теңгелері Қажытархан, Бекбазар, Ордабазарда соғылды.
Жас Әбілқайыр өзінің көптеген қарсыластарын жеңіп, Шығыс Дешті
Қыпшақты біртұтас Көшпелі Өзбек мемлекетіне біріктіреді. Көшпелі қоғамның
ықпалды өкілдері мен Өзбек ұлысының көптеген тайпаларының қолдауы Жошы
ұрпақтарымен күрестегі алғашқы жеңістер Әбілқайыр хан билігін нығайта
түседі.Алайда көптеген Жошы ұрпақтары, соның ішінде Ибақ хан, Береке
сұлтан, Жәнібек сұлтан мен Керей т. б. Әбілқайырға бағынғысы келмеді. 1446
жылы Мұстафа хан қарсы күреске шығады. Дала басшысының ұлысы Есіл өзені мен
Атбасар аймағына орналасты. Әбілқайыр ханның бұрынғы одақтасы Мұстафа
ханның жорығы сәтсіз аяқталып, барлық мал-мүлік пен құнды заттар әскери
табыс ретінде сұлтандар, әмірлер мен жауынгерлер арасында бөліске түсті.
Мұстафа өзеннің арғы жағалауына қашып барып, Темір ұрпақтарынан Хорезмді
басып алады және онда XV ғасырдың 60-шы жылдарына дейін билік құрады. 1446
жылы Әбілқайыр хан сырдария жағалауы мен Қаратау бөктеріндегі: Сығанақ,
Аркөк, Созақ, Аққорған, Өзкент өалаларын жаулайды. Сығанақ хандықтың
астанасы болып белгіленеді (Сығанаққа дейін ұлыстың астанасы Тұра, кейіннен
Ордабазар қалалары болған). В. В. Бартольдтың пікірінше, Әбілқайыр ханның
Сырдарияда тұрақтауы саяси маңызды тарихи оқиға болды25. 220.
Зерттеуші Т. И. Сұлтанов Қазақ мемлекеттілігінің пайда болуы. Қазақ
хандығының тарихы еңбегінде Қазақ хандығының құрылу жағдайын төмендегідей
баяндайды. XV ғасырдың 20-шы жылдарында Дешті Қыпшақта соғыс қимылдары
жүріп жатты. Сол шайқастардың бірінде 1428 жылы Орыс ханның немересі Ұлы
Даланың ханы Барақ қайтыс болып, Шығыс Дешті Қыпшақта билікке Шибан ұрпағы
Әбілқайыр хан келген еді. Әбілқайыр өзінің қырықжылдық билігінде бірқатар
оқиғалар орын алды. Солардың ішінде билікке көңілі толмаған дешті
тайпаларының мемлекет территориясынан көшіп кетуі болды. Әбілқайыр хан мен
сұлтандар да бұл оқиғаның мемлекет тағдырына айтарлықтай әсер ететінін
күтпеген еді27. 37.
Фатхнаме авторы Шадидің айтуынша, хижраның 864 жылы (1459 жылдың
қазаны – 1460 жылдың қыркүйек айлары) Әбілқайырдың үлкен ұлы ШахБудаг
сұлтан қайтыс болады6. 45. Басқа деректер XV ғасырдың 50-ші жылдарында
Дешті Қыпшақта билік үшін күрес өршіді. ШахБудақ сұлтан тақты сақтап қалу
жолында осы шайқастардың бірінде қайтыс болуы мүмкін. Осыдан кейін
Әбілқайыр өзінің қарсыластарына тойтарыс берді. Деректе өзінің үлкен ұлының
кегін қайтаруда Дешті Қыпшақтағы Жошы ұрпақтарының ханзадаларын талқандап,
жанжаққа таратып жіберді. Әбілқайыр ханның саяси қарсыластарының қатарында
Орыс ханның ұрпақтары Керей мен Жәнібек сұлтандар да болды. Олар қиын
қыстау жағдайда көшпелі өзбектер мемлекетінен көшіп кетуге мәжбүр болды.
Моғолстан мемлекетінде тұрақтаған қазақ сұлтандары Әбілқайыр ханға қауіп
тудырды. Сол себепті Шығыс Дешті Қыпшақ билеушісінің Моғолстанға жорық
ұйымдастырғаны туралы Махмуд ибн Уалидің Бахр-әл-асрар дерегінде
айтылады. Әбілқайыр хан жорыққа 8741469 жылы аттанады. АлаТаға аймағынан
асқан хан әскері Жетіқұдық деген жерде тұрақтайды. Біраз уақыттан кейін
қатты жел тұрып, қар борайды. Осы жорықта 57 жасында Әбілқайыр хан қайтыс
болды27. 40. Қорыта айтқанда, XV ғасырдың бірінші жартысындағы саяси
жағдай қазақ сұлтандары бастаған рулардың Моғолстан аумағына көшіп келіп,
болашақ Қазақ хандығының негізін құруымен аяқталды.

1. 2. Әбілқайыр хандығының көрші елдермен саяси қарым-қатынастары
XV ғасырдың орта тұсында Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси жағдайы
оның ішкі саяси жағдайымен қатар дамып, бір-бірімен үндесіп жатты. Ішкі
саяси өмірдегі көптеген мәселелер сыртқы саясатта да көрініс береді. Сол
себепті де Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы сыртқы
саяси жағдайы хандықтың осы кезеңдегі жалпы саяси жағдайын қалыптастырып,
оның саяси өмірі мен дамуының құрамдас бөлігі болып есептелетіндіктен, оны
талдау да Қазақ хандығының құрылуының саяси алғышарттарын түсінуге, білуге
мүмкіндіктер береді. Жазба дерек мәліметтерінде хандықтың сыртқы саяси
жағдайын бейнелейтін, көрсететін деректер жүйелі түрде кездеспейді, тіпті
жоқтың қасы деуге болады. Бірақ та жанама деректердің көмегімен, логикалық
ой қорытулар арқылы бұл мәселені нақтылы түрде болмаса да, жалплама түрде
шешуге болады21. 97.
Біз Әбілқайыр хандығының сыртқы саяси жағдайы мәселесін
қарастырғанымызда, хронологиялық тұрғыдан 1446 жылдан кейінгі кезеңдерді
талдаймыз. Өйткені, бұл жылға дейін Әбілқайыр хан бар болғаны Шығыс Дешті
Қыпшақтағы Шайбан ұлысының ғана билеушісі болды. Ондай ұлыстар 1446 жылға
дейін бірнешеу болатын. Әбілқайыр хан 1446 жылы Мұстафа ханның ұлысын,
Керей мен Жәнібек сұлтандардың ұлысын бағындыру нәтижесінде ғана бүкіл
Шығыс Дешті Қыпшақтың билеушісіне айналады. Әбілқайыр хандығы деген
терминнің өзі осы жылдан кейінгі саяси құрылымға қатысты21. 98.
Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың орта тұсындағы көрші елдермен саяси
қарым-қатынастарын білу үшін біріншіден, хандықтың нақты шекарасын білу
керек, ал содан кейін оның қандай мемлекеттермен шекаралас мемлекеттермен
шекаралас болғандығын анықтау қажет.
Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың оңтүстіктегі шекарасы XV ғасырдың 40-
шы жж. екінші жартысында Сырдария өзенінің орта ағысы бойындағы өңірлер
арқылы өтіп, сол бағытта Мауереннахрдағы Темір әулетінің иеліктерімен
шектессе, оңтүстік-шығыс бағыттағы шекара Балқаш көлі арқылы анықталады.
Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулати: Көкше теңіз (Балқаш көлін айтып отыр –
Б.К.) Моғолстан мен Өзбекстан арасын бөліп тұрған көл, – деп жазады28.
404. Осы бағытта Әбілқайыр хандығы моғол хандарының иеліктерімен түйісіп
жатқан болатын. Ал шығыстағы шекараға келсек, Ертіс өзені көшпелі
өзбектер елі мен қалмақ тайпалары арасындағы табиғи шекара Батыс Сібір
аймағының оңтүстік бөлігімен түйісіп жатты да, мұндағы шайбанилық Ибақ
ханның иелігіне қарасты жерлер көшпелі өзбектер құрамындағы ру-тайпалар
жерімен шекараласып жатты. Ал батыстағы шекара мәселесіне келсек, оның
бірнеше рет өзгеріп, ауысып отарғандығын байқаймыз. Әбілқайыр хан мен
маңғыт биі Оқастың достығы жарасып, бір кеседен бал ішіп жүрген
кездерінде, маңғыт тайпалары көшпелі өзбектердің құрамында болғандықтан,
олардың аумағы да Әбілқайыр хандығының аумағына жатқызылатын. Соған
байланысты Оқас бидің өліміне дейін Әбілқайыр хандығының шекарасын батыста
Еділ өзені арқылы өткен деуге болады. Ал Оқас бидің өлімінен кейін маңғыт
Ұлысын бөлініп жеке саяси құрылым ретінде батыстағы көрші елге айналады да,
екі ел арасындағы шекара Ембі (Жем) өзені арқылы өтіп жатады. М. Г.
Сафаргалиев ағылшын саяхатшысы Дженкинсонның картасы негізінде ноғайлардың
Арал теңізі жағалауларына дейін Қарақұм, Борсық құмдарға дейін, Сырдың
төменгі ағысы бойына дейін көшіп жүрген деп айтады 16. 482.
Батыстағы шекараны нақты айту қиын, өйткені, әр кезеңдегі саяси
құрылымдардың қуаттылығына байланысты ру-тайпалардың көші-қондары да
өзгеріп отырған. XV ғасырдағы шекара туралы айтқанда, біз Б. А. Ахмедовтың
пікірін негізге алып, Әбілқайыр хандығы мен маңғыт жұртының арасын Ембі
бөліп жатқан деп есептейміз10. 42.
Шекара мен көршілес елдерді анықтап алғаннан кейін, Әбілқайыр
хандығының XV ғасырдың орта тұсындағы осы мемлекеттермен саяси қарым-
қатынасын жеке-жеке қарастырарлық. Алдыменен, көшпелі өзбектер елінің
Батыс Сібірдегі Шайбан әулетімен қарым-қатынасынан бастаған жөн болар.
Батыс Сібір аумағы XIII ғасырдың басынан Жошы ұлысының құрамында
болғаны белгілі. Сол кезден бері онда Шайбан ұрпақтары билік құрып, XV
ғасырдың бірінші жартысындағы Алтын Ордада орын алған саяси таластар мұнда
да байқалады. Жазба деректер мен оларға негізделген зерттеу еңбектерінде XV
ғ. 20-шы жылдары Батыс Сібірде шайбанилық әулеттің өкілдері билеген бірнеше
ұлыстар болады4. 141-143. Оларға Хажы Мұхаммед ханның – 1420 немесе 1421
жылы хан болып сайланған, Жұмадық ханның – 14251426 жж. хан болып
сайланған және Махмуд қожа ханның ұлыстары жатады 29. 155.
Осы жерде өзіміз жиі сілтеме беріп отырған М. Г. Сафаргалиевтің кейбір
пікірлерінің қате екендігіне көзімізді жеткізіп, оны көрсете кетелік.
Бірінші пікірге, оның шайбанилық хандар – Хажы Мұхаммед хан мен Махмұд қожа
ханды бір тарихи тұлға деп санауы жатады16. 458. Ол Тарих-и Абулхайр-
ханидың авторы шайбанилық әулет өкілдері арасында ұрыстың болғандығын және
Әбілқайырдың Хажы Мұхаммед ханның өзін жеңгендігін жазады, – дей келе,
Хафиз ал-Ташкенди Хажы Мұхаммедті Махмуд қожа хан деп атайды, – деп
түсіндіреді. Одан ары ол Әбілқайырдың Хажы Мұхаммедті тұтқынға алып
өлтіргендігін, мұсылман әдеті бойынша Хажы Мұхаммедтің әйелін алғандығын
айтады. М. Г. Сафаргалиев тағы да Хафиз әл-Ташкендиге сүйене отырып,
Әбілқайыр аң аулап жүргенде Махмұд қожаны садақпен атып өлтіреді, сөйтіп
оның әйелін алды, – деп Махмұд қожаны Хажы Мұхамед деп оқу керек деген
ескерту жасайды 16. 458.
Бұл пікірдің дұрыс еместігін жоққа шығармаса да, Б. А. Ахмедов өз
еңбегінде Махмуд қожа ханды шайбанилық хандардың бірі деп көрсетедіде, оны
Хажы Мұхаммед ханмен байланыстармайды10. 43. Т. И. Сұлтановта, 1998 жылғы
Қазақстан тарихының II томындағы осы мәселені жазған К. А. Пищулинада 1430
жылы Әбілқайырдың Тобыл өзені бойында Хажы Мұхаммед ханды емес, Махмұд қожа
ханды жеңгендігін айтады17. 220-221. Байқап отырғанымыздай, ортағасырлық
Қазақстан тарихының, оның ішінде XIII-XVII ғасырлардағы кезеңінің белгілі
маман тарихшылары өз зерттеулерінде Махмұд Қожа хан мен хажы Мұхаммед ханды
бір тарихи тұлға деп қарастырмаған. Алтын орда тарихының ірі маманы М. Г.
Сафаргалиев неге мұндай қателікке орын берген дей келе, оны төменде өзіміз
түсіндіріп көрелік.
Біздің анықтағанымыздай, М. Г. Сафаргалиевтің мұндай қате тұжырым
жасауына ол сүйенген XVI ғасырдағы араб тарихшысы Ал Дженнабидің (1590-1591
жж. Алеппо қаласында қайтыс болған) деректері негіз болған9. 538. Дерек
мәліметіне деректанулық тұрғыдан қарасақ, мынадай жәйттерді байқаймыз: 1)
Дерек авторы Ал-Дженнаби XV ғасырдың бірінші ширегіндегі Дешті Қыпшақта
болған оқиғалардың тікелей куәгері емес, Дешті Қыпшақта болмаған, оқиғаны
шамамен 150 жыл өткеннен кейін араб елінде жазған; 2) Дерек авторы
мәліметті парсы тілінде жазылған өзге автордың еңбегінен аударып алып отыр,
ал ол деректі қайдан алғаны белгісіз. Ал-Ташкенди деген тегіне қарағанда XV
ғасырдың бірінші ширегінде өмір сүрген шайбанилық авторлардың бірі болуы
мүмкін; 3) Деректің өзі Алтын Орда тарихындағы оқиғаларды өте қысқа, өте
жұпыны баяндайды; 4) Деректе мынадай дәлсіздіктер бар: а) Махмұд қожа ханды
Дешті Қыпшақтың ханы деп хабарлайды, ол бар болғаны Шайбан Ұлысындағы
бірнеше ханның біреуі ғана; ә) Әбілқайыр ханды Өзбектің ұрпағы деп айтады,
ол Шайбан әулетінің өкілі; 5) Тарихи Абул хайр ханида Махмұд қожа ханның
аң аулауда емес, ұрыста қолға түсіріліп өлтіргендігі нақты айтылады3.
148.
М. Г. Сафаргалиевтың осындай сенімсіз деректерге сүйеніп, тұжырым
білдіргені біз үшін түсініксіздеу. Оған Кухистани еңбегінің С. К. Ибрагимов
аудармасындағы мәліметтері белгілі болса да, ол екі тарихи тұлғаны бір адам
деп қабылдайды. Түсініксіздеу болуы үшін Таварих-и гузида-йи нусрат наме
дерегіндегі мәліметтерге сүйеніп, XV ғасырдың бірінші жартысында Шайбан
ұлысы мен Дешті Қыпшақта хан болған Шайбан ұрпақтарының шығу тегін кесте
түрінде көрсетелік3. 34-37.
Кестеден көріп отырғанымыздай, Махмұд қожа хан да, Әбілқайыр хан да,
Иадгар хан да, Жұмадық хан да, Хажы Мұхаммед хан да – Шайбан әулетінің
ұрпақтары, Мыңтемір ханның төрт ұлынан тарайтын өкілдер. XV ғасырдың 20-шы
жылдары Шайбан ұлысында бытыраңқылық пайда болған тұста Махмұд қожа хан,
Хажы Мұхаммед хан өз ұлыстарында хан атанады. 1429 жылы билікке келген
Әбілқайыр хан алғашында бүкіл Шайбан ұлысын біріктіру үшін алғашқы
жорықтарының бірін туысы Махмұд қожа ханға бағыттаған. М. Г. Сафаргалиевтың
екінші бір қате пікіріне Әбілқайыр хан жорық жасаған Ахмед хан мен Махмұд
ханды шайбанилық Хажы Мұхаммед ханның ұлдары деп есептеуі жатады 16. 459.
Бұл мәселе жөнінде Б. А. Ахмедов10 та, Т. И. Сұлтанов17 та, К. А.
Пищулина11 да бірауыздан бұл хандарды Тоқай Темірлік Кіші Мұхаммед ханның
ұлдары деп санайды. Хандар шежіресіне назар салсақ, Хажы Мұхаммед ханның үш
ұлы болған, олар: Сайидек хан, Махмұдек хан және Шиба-Гази3. 37. Б. А.
Ахмедов Махмұд ибн Валидың дерегіне сүйеніп, Әбілқайыр ханның қарсыластары
Ахмед хан мен Махмұд ханның одағында әкелері Кіші Мұхаммед хан, бауырлары
Джавак сұлтанның, Башйак сұлтанның (Таварих-и гузида-йи нусрат намеде
Джуак сұлтан, Бахшайш сұлтан) болғандығын жазады10. 51. Таварих-и гузида-
йи нусрат наме дерегіндегі Жошы ұрпақтарының шежіресі атты бөлімінде
Ахмед ханның, Джуак сұлтанның, Бахшайш сұлтанның Тоқай Темірдің ұрпағы
Темір Құтлық ханның шежіре тармағында айтылуына қарап, біз Ахмед, Махмұд
хандарды Кіші Мұхаммед ханның ұлдары деген пікірді жақтаймыз21. 100.
Енді негізгі мәселеге қайта оралайық. Біз бұған дейін Батыс Сібір
аумағындағы Шайбан ұлысында XV ғасырдың 20-шы жылдары бірнеше кішігірім
ұлыстардың болып, оларды шайбанилық хандар мен сұлтандардың басқарғанын
айтқанбыз. Сондай ұлыстардың бірі шайбанилық Хажы Мұхаммед ханның ұлысы
болған. Болашақ Сібір хандығының билеушісі Ибақ ханның (деректерде Абақ деп
те айтылады – Б. К.) атасы осы – Хажы Мұхаммед хан. Қадырғали Жалайыр ол
туралы жіне оның ұрпақтары туралы мынадай мәліметтер береді: ...Ол уақытта
Хажы Мұхаммед оғлан еді. Бір уалайаттан бір уалаятқа еркін өтіп барар еді,
өзі иулак [жас], баһадүр, ұзын бойлы, бір бет [сынлығ] еді, оқтары ұзын
еді. Онан Едіге биге хабар береді, оны өз алдына шақыртты. ...Ол жолы Хажы
Мұхаммед оғланды әскерге бастық қылды. Көп ұрысты. Қадірбеді ханды ол алтын
садағымен кесе атты. Негізінде Өзбекия арасында кең тараған хикаяда былай
айтылады. Едіге би опат болды. Мансұр би болды. Хажы Мұхаммед оғланды
Мансұр би хан көтерді. Бірі хан, бірі би болып жүрер еді. ...Өзбекия
арасында Мансұр биді Барақ хан өлтірді. Онан соң бір күні Хажы Мұхаммед
ханды Барақ хан өлтірді. Және тағы Хажы Мұхаммед ханның ұлы Мұхаммед тек
[өзі] хан еді. Оның ұлы Құлұқ хан еді. Оның ұлы Айбақ [Ибақ] хан еді7.
119. Қадырғали Жалайыр дерегіне талдау жасай келе, М. Г. Сафаргалиев Сібір
хандығының негізін шайбанилық Хажы Мұхаммед қалады деген тұжырымға
келеді16. 476. Хажы Мұхаммед ханды Барақ хан өлтіргеннен кейін Сібір
хандығының билігіне оның ұлы Махмудек хан келеді. Міне, осы Махмудек ханның
мұрагерлері XV ғасырдың 40-60 жылдары Шығыс Дешті Қыпшақтағы Әбілқайыр
ханмен қарым-қатынасқа түседі.
Әбілқайыр хандығы XV ғасырдың орта тұсында солтүстігінде Сібір
хандығымен шектесіп жатты. Екі жақ арасындағы саяси қарым-қатынастардың
негізгі нысанына біздің ойымызша, территориялық таластар, сауда-саттыққа
бақылау орнату, саяси ықпалдылыққа ұмтылу жатқан. 1446-1469 жылдар
аралығындағы саяси қарым-қатынастар туралы жазба деректерде ешқандай
мәліметтер кездеспейді. Бұған қарап екі ел арасында ешқандай қатынастар
болған жоқ деп пікір айту дұрыс емес. Негізінен, 1446 жылдан бастап
Әбілқайыр ханның сыртқы саясаты оңтүстік бағытта белсенді жүргізіліп, жазба
деректерінде ол жөнінде мол мәліметтер кездеседі, Сібір хандығымен болған
қатынастар жылнамашылардың назарынан тыс қалған секілді21. 101.
Дегенмен де, Әбілқайыр хандығы мен Сібір хандығы арасындағы
қатынастарға жалпы сипаттама берер болсақ, біз оны достық сипатта болған
деп айта алмаймыз. Өйткені, 1469 жылы Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін,
оның мұрагеріне қарсы ашық күреске шығып, Шайбанилар әулетіне қарсы
соғысқан күштердің қатарында Сібір хандары тарапынан Хажы Мұхаммед ханның
ұлы Сайидек хан мен Махмудек ханның ұлы Ибақ (Абақ) хандар есімі
айтылады30. 19. Әбілқайыр ханды деректер Ибақ ханның өлтіргендігін
баяндайды 3. 99.
Жалпы алғанда, Әбілқайыр хандығының Қазақ хандығы құрылуы қарсаңындағы
Сібір хандығымен саяси қарым-қатынасын айта келе, Шайбанилар әулетінің
өкілдері билікте болған екі ел арасындағы қарым-қатынастар достық қатынаста
болмай, Қазақ хандығының құрылуына қолайлы саяси алғышарттар туғызған деген
қорытындыға келеміз.
XV ғасырдың ортасындағы Әбілқайыр хандығының оңтүстік-шығыстағы
көршісі Моғолстан мемлекетімен сыртқы саяси қарым-қатынастарының Қазақ
хандығының құрылуында ерекше маңыз атқарады. Әбілқайыр ханнан бөлініп,
Керей мен Жәнібек сұлтандардың бастауымен Ордаежендік ру-тайпалардың
Моғолстан аумағына қоныс аударуы екі ел арасындағы қатынастардың
нәтижесінен туындаған Егер де сол тұстағы Моғолстан билеушісі Есенбұға
ханның Әбілқайыр ханмен қатынасы өте жақсы болған болса, онда көшпелі
өзбектер ханының қарсыластары оның жақтасына бармаған болар еді. Олай
болса, шайбанилық әулет пен шағатайлық әулет билеушілері арасындағы саяси
қарым-қатынастарда жақсы болған деп айта алмаймыз. Енді осының бәрін қолда
бар дерек мәліметтеріне сүйеніп ашып көрсетіп көрелік.
Жалпы, Шығыс Дешті Қыпшақ аумағындағы ордаежендік әулеттің болсын,
шайбанилық әулеттің бролсын шағатай әулеті билеген Моғолстан мемлекетімен
жүргізген саяси қарым-қатынастары әртүрлі тарихи кезеңде әртүрлі сипат алып
тұрды. Деректер мен оларға негізделген зерттеулер екі елдің бір-бірімен
достық та, жаулық та қарым-қатынастарда болғандығын хабардар етеді. Мысалы,
1380-ші жылдардың соңында Шығыс Дешті Қыпшақ билеушісі Тоқтамыс хан мен
моғол әмірі Қамар ад-дин Әмір Темірге қарсы бірігіп, одақ құрған 11. 70.
Ал, XV ғасырдың бірінші жартысында моғол ханның қарсыластары Шығыс Дешті
Қыпшаққа барып, ондағы билеуші әулеттен пана сұраған28. 400. Ал енді XV
ғасырдың 40-50-ші жылдырында көшпелі өзбектер мен моғол елдері арасында
болған нақты қарым-қатынастарға келсек, жазба деректер саяси қатынастардың
барысы жөнінде ешқандай мәліметтер бермейді. Мұхаммед Хайдар Дулатидың
мәліметтерінен саяси қарым-қатынастан гөрі, осы кезеңде этникалық
байланыстардың жиі жүргенін байқаймыз.
Оның обьективті себептері бар. Моғолстанның құрамдас бір бөлігі болып
саналатын Жетісу жері өзінің географиялық орналасуына қарай батысында
Түркістан өңірімен, солтүстігінде Дешті Қыпшақпен шектесіп жатқандықтан,
ондағы тұрғындармен әртүрлі бағыттағы байланыстарға ешқандай кедергілер
болмады. Егер де Моғолстанның ең маңызды аймақтары саналатын Жетісу мен
Шығыс Түркістан аймақтарын Тянь-Шанның биік асулары бөліп жатып, екі аймақ
арасындағы экономикалық байланыстардың өзі жылдың бір қолайлы мезгілдерінде
ғана жүргізіліп тұрса, Жетісудың солтүстігі мен батысында ондай табиғи
географиялық кедергілердің болмауы Дешті Қыпшақ пен Түркістан аймағындағы
тұрғындардың Жетісу тұрғындарымен мәдени, рухани, этникалық, экономикалық
байланыстарға кең жол ашып отырды. Саяси тұрғыдан алғанда бұл аймақтың
түрлі тарихи кезеңдерде әртүрлі саяси құрылымдардың құрамында болуы Жетісу
аймағын Дешті Қыпшақтан алыстатып тұрғандай көрсетеді.
Ал саяси жағын соңғы қатарға қойып, алдыңғы қатарларға географиялық,
этникалық, мәдени, рухани тұрғыларды шығарсақ, онда Жетісу, Дешті Қыпшақ,
Түркістан аймақтары тұтас бір жүйенің, толық бір құрылымның бірбірінен
ажыратуға болмайтын, бір-біріне аса қажетті бөліктері болып табылады.
Мұхаммед Хайдар Дулати екі аймақтың тұрғындары арасындағы этномәдени және
шаруашылық байланытарға дәлел болатын мынадый тарихи фактілерді келтіреді:
Өзбекстан мен Моғолстанның арасын Көкше теңіз (Балқаш көлі) бөліп тұрады,
қыс мезгілінде Көкше теңізде мұз қататын. Өзбектер мұздың үстінен өтіп,
Моғолстанға баратын. Олар екі тәулік бойы жылдам жүріп отырып, мұздың
үстінен басып өтетін. Қыстың аяғында қайтқан кезде де дәл сондай
жылдамдықпен мұздың үстінен жүріп өтетін28. 404. Ғасырлар бойы
қалыптасқан шаруашылық өмірдегі бұл байланыстар екі аймақтың ру-тайпалары
арасындағы этно-мәдени байланыстарды одан әрі тереңдетеді. Екі аймақтағы
саяси құрылымдарда саяси дағдарыстар өршіп, ру-тайпалар үшін қиыншылықты
жағдайлар туындаған кезде екі жақтағы ру-тайпалар емін-еркін екінші жаққа
өтіп отырған. Тағы да Мұхаммед Хайдаридың дерегіне сүйенсек, онда Есенбұға
ханның саясатына наразылық ретінде моғолдық қалушы (калучи), бұлғашы
(булгачи) және т. б. тайпалардың Дешті Қыпшаққа көшіп кеткендігі жөнінде
баяндалады28. 109.
Дәл осылай, XV ғасырдың 50-ші жылдарының соңында Дешті Қыпшақтағы
ордаежендік тайпалар өздерінің басшыларымен бірге Әбілқайыр ханнан бөлініп,
Моғолстанға көшіп келеді. Менің жауымның жауы маған жау емес деген
қағидаға сай, моғол ханы Есенбұға жауларының Әбілқайыр ханға баруы, сол
сияқты Әбілқайыр хан жауларының Есенбұға ханға келуі Әбілқайыр хан мен
Есенбұға хан арасында онша жылы қатынастардың болмағандығын көрсетеді. XV
ғасырдың ортасында Әбілқайыр хандығы мен Моғолстан арасында осындай саяси
қарым-қатынастардың орын алуы Қазақ хандығының құрылуына қолайлы
алғышарттар туғызған деген қорытындыға келеді28. 109.
Әбілқайыр хандығының XV ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы Мәуереннахрдағы
темір әулетімен жүргізген сыртқы саяси қарым-қатынастарда белгілі бір
дәрежеде Қазақ хандығының құрылуына ықпал жасады. Біз бұған дейін Әбілқайыр
хандығының ішкі саяси жағдайы мәселелерін қарастырғанымызда оның XV
ғасырдың 40-50-ші жылдарындағы темір әулеті мемлекетімен жүргізген
саясатына қысқаша тоқталғанбыз. Сондықтанда бұл жерде ол мәселеге кең
тоқталық.
Б. А. Ахмедов Әбілқайыр хандығының Мәуереннахрдағы темір әулетімен
саяси қарым-қатынасын бір ғана сөйлеммен былай деп түсіндіреді: Өзбектер
Сырдарияны иелену арқылы темір әулеті мемлекетінің тікелей көршісіне
айналды және темір ұрпақтарының билік үшін өзара күрестеріне белсене
араласты. Сондай-ақ өздерінің үздіксіз жорықтарымен Мәуереннахрдың отырықшы
аудандарындағы тұрғындарды талан-тараждарға ұшыратып, үнемі оларды мазалап
отырды10. 59. Тарих ғылымының қазіргі кезеңдегі қол жеткізген
жетістіктеріне сүйенсек, Б. А. Ахмедов айтып отарған пікір толық емес,
жеткіліксіз. Тіпті біздің ойымызша, тарихшы екі жақты жалпы қарым-
қатынастардың тек салдарларын ғана айтып отыр. Қарым-қатынастардың басты
себептері мен негізгі обьектісі оның назарынан тыс қалған20. 64.
Жалпы, Әбілқайыр хандығы мен темір әулетінің мемлекеті арасында саяси
қарым-қатынастарды ұғыну үшін оны көшпелілік пен отырықшылық шаруашылықтар
тұрғысынан қарау қажет.
Дешті Қыпшақ тұрғындарының басым бөлігі көшпелі мал шаруашылығымен
айналысатындықтан, олардың негізгі байлығы мал мен мал өнімдері
болғандықтан, олар мал санын арттыруды, сақтауды бірінші орынға қойған. Ол
үшін ең басты қажетті нәрсеге жайылым жатқан да, жылдың төрт мезгіліндегі
жайылым түрлерін өте тиімді пайдаланып отырған. Көшпелілер экстенсивті мал
шаруашылығын дамыту үшін негізінен табиғи жайылым түрлерін пайдаланған.
Дешті Қыпшақтың көшпелілері үшін қысқы жайылым мен қыстаулар ретінде
Сырдария өзенінің орта және төменгі ағысы бойындағы жайылым жерлер мен
өзеннің сол жағындағы Қызылқұмның қысы жұмсақ өңірлері болған. Қызылқұмның
Сыр бойынан оңтүстікке қарай созылып жатқан құмды және шөлді жерлері
Мәуереннахр мен Дешті Қыпшақтың табиғи шекарасы рөлін атқарады. Сөйтіп,
солтүстікке Тобыл өзенінің жоғарғы және орта ағысы бойы мен оңтүстікте
Қызылқұмға дейінгі орасан зор ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ хандығы құрылуының алғышарттары
Қазақ хандығы құрылуы мен нығаюы
Қазақ хандығының құрылуына алғышарттар
Қазақ хандығы дәуірі
Қазақ хандығының құрылуы жөніндегі алғашқы деректер
Қазақ хандығының құрылуы және оның маңызы
Шайбанилық Әбілқайыр хан
Қазақ хандығының құрылу қарсаңындағы әлеуметтік-саяси қатынастарды, этникалық алғышарттарды зерттеу
Моғолстанның қазақ хандығы мен қазақ халқының қалыптасуына ықпалы
Қазақ хандығы мен Ноғай Ордасы
Пәндер