Каспий теңізінің экологиясы туралы



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Каспий теңізіне жалпы сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
II. Каспий аймағының ахуалы: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 8
1) Каспий қайраңынан өнеркәсіптік негізде мұнай өндіру
2) Каспий маңында пайда болған экологиялық мәселелер
3) Каспий теңізінің биоқорларын қорғау жолындағы жаңа
жобалар
III. Табиғатқа аялы алақан қажет ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 15

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 18
Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19
Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен маңызы бар. Каспий теңізінің қазіргі деңгейі теңіз деңгейінен 27 м төмен орналасқан. ХХ ғасырдың өзінде теңіз деңгейі бірнеше рет ауытқуға ұшырады. 1978 жылы теңіз деңгейі өте төмендеп кетсе, қазіргі кезде қайтадан көтерілуде. Теңіз деңгейінің ауытқуы ондағы тіршілік дүниесіне де әсер етеді. Теңізде балықтардың 75 түрі (олардың 43 – і көксерке тұқымдасына жататын бағалы балықтар) бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
- - мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
- - осы теңізге ғана тән (ендемикалық) итбалықтың мезгіл – мезгіл қырылуы;
- - аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).
1. «Саясат – Policy» журналы, №7, 2002: «Проблемы охраны окружающей среды при освоении нефтегазовых месторождений Прикаспия.» - О.Чигаркина, Л.Скарлато
2. «Саясат – Policy» журналы, №1, 2003: «Экологические проблемы нефтегазовой отрасли Казахстана» - Ю.Митина
3. «Дүние» журналы, №6, 2003: «Табиғатқа аялы алақан қажет» - А.Самақова
4. «Дүние» журналы, №8, 2003: «Каспий аймағының ахуалы» - Э.Пак
5. «Дүние» журналы, №11, 2003: «Каспий қайраңының құқықтық мәртебесі» - Е.Іңірбайұлы
6. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №7, 2003: «Боль Каспия» - М.Хакимов
7. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №1, 2004: «Состояние окружающей среды и условия жизни населения прикаспийского региона» - М.Хакимов
8. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №4, 2004: « А Каспий все загрязняется...» - И.Кушенов
9. «Экология и устойчивое развитие» журналы, №9, 2004: «Катаклизмы Каспийского моря» - З.Кагирова

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Каспий теңізінің экологиясы

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

I. Каспий теңізіне жалпы
сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 4
II. Каспий аймағының
ахуалы: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.8
1) Каспий қайраңынан өнеркәсіптік негізде мұнай өндіру
2) Каспий маңында пайда болған экологиялық мәселелер
3) Каспий теңізінің биоқорларын қорғау жолындағы жаңа

жобалар
III. Табиғатқа аялы алақан
қажет ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 5

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...19

Кіріспе

Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы)
еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол
маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен маңызы бар.
Каспий теңізінің қазіргі деңгейі теңіз деңгейінен 27 м төмен орналасқан. ХХ
ғасырдың өзінде теңіз деңгейі бірнеше рет ауытқуға ұшырады. 1978 жылы теңіз
деңгейі өте төмендеп кетсе, қазіргі кезде қайтадан көтерілуде. Теңіз
деңгейінің ауытқуы ондағы тіршілік дүниесіне де әсер етеді. Теңізде
балықтардың 75 түрі (олардың 43 – і көксерке тұқымдасына жататын бағалы
балықтар) бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай
кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы
жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына
айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат
жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат
компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
- экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші
Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне
байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
- - мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі,
балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының
кеміп кетуі;
- - осы теңізге ғана тән (ендемикалық) итбалықтың мезгіл – мезгіл
қырылуы;
- - аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

I. Каспий теңізіне жалпы сипаттама

Каспий теңізі – Жер шарындағы ең ірі тұзды көл, бірақ көлеміне, даму
тарихына, физикалық-географиялық процестерінің сипатына қарағанда теңіз
қатарына жатады. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке қарай созылып жатыр.
Ұзындығы 1200 шақырым, орташа ені 320 шақырым, жағасының ұзындығы 7 мың
шақырым. Су деңгейі мұхит деңгейінен 28,5 м төмен. Ең төмен жері 1025 м.
Каспий теңізі солтүстіктен Терек, Еділ, Жайық, Жем; батыстан Сулак,
Самур, Кура, оңтүстігіндегі Иран жағалауынан Горган, Сераз, Сефидруд
өзендері құяды.
Климаты. Каспий теңізінен ауаның қысқы азия максимумы мен жазғы азор
максимумының және оңтүстік азия минимумының тармақтары басып өтеді. Осыған
байлынысты ауа райы антициклонды болып, қысы суық, жазы құрғақ, жауын-
шашыны аз континенттік климат қалыптасқан. Климатына циклонды ауа райының
тигізетін әсері шамалы. Апшерон түбегінде орталық бөлігінің шығысында,
солтүстік бөлігінң солтүстік-батысында желдің екпіні өте күшті, кейде
олардың жылдамдығы 24 мсек-тан асады.
Жылы айларының орташа температурасы 24-260С, абсолюттік максимумы
шығысында байқалады. Қысқы айларынікі -10-120С. Каспий теңізінің айдынында
жылына орта есеппен 200 мм, ал батыс жағалауында 1700 мм жауын-шашын
түседі. Буланудың орташа жылдық мөлшері 1000 мм, ал Апшерон түбегінде 1400
мм-ге жетеді.
Деңгейінің ауытқуы. Каспий теңізі деңгейінің маусымдық және қысқа
мерзімді ауытқуы теңіз суының шалқып-шегінуіне байланысты болады. Теңіз
деңгейі солтүстік бөлігінде 2-2,5 м-ге көтеріліп, 2 м-ге төмендейді. Сейш
желінің әсерінен су деңгейі 0,7 м-ге дейін ауытқиды. Маусымдық ауытқу
мөлшері 30 см-дей болады.
Флорасы мен фаунасы. Каспий теңізі флора мен фаунаға кедей.
Өсімдіктердің 500, балық пен жануарлардың 854 түрлері бар. Өсімдіктер
арасында көк-жасыл және диатомды балдырлардың түрлері көп. Соңғы кезде
қызыл және қоңыр балдырлар да өсе бастады. Гүлді өсімдіктерден зостерлер
мен руппилер кездеседі. Каспий теңізінде неоген дәуірінде жаралған фауна
түрлері көп. Оларға бекіре тұқымдас байлықтар, майшабақ, бұзаубас балық,
дрейсен және жүрекше моллюскілер жатады. Мұнда Арктика теңіздерінен (Каспий
ит балығы), Жерорта теңізі алабынан қоныс аударған жануарлар мен
балықтардың 15 түрі мекендейді.
Каспий теңізінің түбінде мұнайдың мол қоры жатқанын XIX ғасырдың
өзінде Г.С.Карелин, Н.Л.Пущин, М.И.Войнович, Н.И.Андрусов сияқты орыс
ғалымдары зерттеп, жазып кеткен. Ал бұл қазынаны игеру мәселесі бірқатар
халықаралық ұйымдардың, алпауыт елдердің мүдделеріне де айнала бастағанына
ғасырдан асып барады. Мәселен, 1898 жылы Лондон қаласында өткен халықаралық
географтар съезінде Каспийдегі мұнайды өндіру мәселесі кең әңгіме болып,
ақырында алдымен бұл тұйық биоқорларын егжей-тегжейлі зерттеу қажеттігі
айтылып, осы мақсатпен беделді халықаралық кеңес құрылды. Оның құрамына
Ресей, Ұлыбритания, Франция, Германия және Скандинавия елдері енгізілді.
Кейінірек, дәлірек айтсақ, 1920 жылы бұл ұйымға Иран да кірді.
Каспий қайраңынан өнеркәсіптік негізде мұнай өндіру 1949 жылы
басталды. Әзірбайжанның Апшерон түбегіндегі аралдардан мұнай алынып, оны
жағалаудағы терминалдарға құбырлар арқылы тасымалдау жолға қойылды. Бұл
мұнай төңірегіндегі тайталастың басы еді. Кешікпей-ақ Каспий үлкен
саясаттың майданына, территориялық тәжіке айдынына айналды. Каспий
мәртебесі туралы мәселе еларалық мәмілелердің бір тармағына енгізілетін
болды.
Кеңес өкіметі ел билігін қолға алысымен Ресей империясының шекараларын
бекітуге бел шеше кіріскені белгілі. Елдің Каспий арқылы өтетін шекарасы
1921 жылы Иранмен арадағы келісімде нақтыланып бекітілді. Мұнда
Түрікменстанның қиыр оңтүстігіндегі Есенғұл елді мекеніне таяу Ертек
өзенінің Каспийге құяр сағасынан Әзірбайжанның Иранмен шекарасындағы Астара
қалашығына дейінгі аралық айдын түзу сызық арқылы тартылып, бұл екі ел
арасындағы шекара деп белгіленді. Кейін 1940 жылы КСРО мен Иран арасындағы
Каспий арқылы өтетін шекара белдеуі қайта қаралып, жаңа келісіммен
бекітілді. Мұнда екі елдің кемелері Каспий теңізіде еркін жүзуге,
жағалаудан 10 миль қашықтыққа дейін балық аулауға рұқсат етілген еді.
Сонымен қатар, бұл келісімде Каспий теңізінен көмірсутегі қорларын өндіру
екі ел арасындағы ортақ мәмілеге қол қою арқылы шешілуге тиіс болатын.
Алайда 1949 жылы Апшерон түбегінен мұнай өндіріле бастаған кезде КСРО
басшылары 1940 жылғы келісімнің бұл тармағын ескергісі келмеді. Сөйтіп,
Иранның рұқсатын алмай-ақ теңіз қайраңынан мұнай өндіре бастады. 50-
жылдардың ортасында Иран КСРО-дан рұқсат сұрап жатпай-ақ теңіздегі шекара
белдеуіне таяу жердегі Азери қайраңына ұңғы салып, теңіз түбін зерттеуге
кірісіп кетті. Міне, теңіздегі осындай текетірестер ақыры екі елдің ұзақ
уақыттар бойы жабық есік жағдайында өмір сүруіне әкеліп соқтырды.
1992 жылы солтүстіктегі көршісінде жаңа жағдайлардың қалыптасуына
байланысты Иран Каспийдің құқықтық мәртебесі туралы мәселені қайта қозғап,
оның минералдық қорларын бірлесе игеру пайдалану сияқты келісімдерге
тездетіп қол қоюға ұмтылыстар жасады.
Қазақстан Каспийді теңіз деп танып, оған БҰҰ-ның Теңіз құқы туралы
Конвенциясын қолдану қажеттігін ұсынды.
Бұл Конвенцияның 122-бабында жағалауында екі немесе одан да көп елдер
орналасқан, басқа теңіздермен, мұхитпен жіңішке өзек бұғаз арқылы жалғасып
жатқан шығанақ, теңіз немесе үлкен су қоймасы тұйық, жартылай теңіз деп
аталып, оған халықаралық теңіз құқы беріледі, - делінген. Ендеше, Каспий
теңізін әлемдік мұхитпен жалғап, Еділ-Дон және Ақтеңіз-Балтық каналдарын
адам қолымен жасалған жіңішке өзек санап, оны Теңіз санатына қосуға әбден
болады. Алайда Ресей жағы Каспийді Әлемдік мұхитпен жалғастырып жатқан
каналдарды халықаралық қатынас жолы қатарына қосуға түбіренен қарсы. Егер
Каспий халықаралық қатынас айдынына айналатын теңіз құқына ие бола қойса,
мұнда шетелдік әскери кемелердің келуіне жол ашылады. Ал бұл болса Ресей
сынды ірі мемлекеттің өмірлік мүддесіне сай келмейтіні аян.
1996 жылы жағалаудағы бес мемлекеттің Сыртқы істер министрлері Ашхабад
қаласында бас қосып, Каспий теңізінің құқықтық мәртебесін анықтаудан
бастап, байлықтарын игеру, биоқорларын қорғау мәселелерімен айналысатын
арнайы жұмыс тобын құрды. Бұл топтың Алматы және Баку қалаларында өткен
алғашқы екі мәжілісінде Әзірбайжан мен Түрікменстан Каспийді ұлттық
секторларға бөлу жөніндегі өз ұсыныстарынан танбады. Бұл елдер теңіз
айдынын да, түбін де, әуе кеңістіген де ұлттық шекараларға бөлуді қолдады.

Иран жағы теңізді жағалаудағы бес мемлекет тең бөліп, яғни әр елге 20
пайыздық үлеспен бөліп пайдалануды алға тартты. Ал Қазақстан мен Ресей
теңіздің түбін ғана шекараға бөлу қажет деп тапты. Бұл жағдайда теңіздегі
су, балық, басқа да биоқорлары, оның ішінде мұнай қоры да ортақ болып
есептелетіні белігілі.

II. Каспий аймағының ахуалы:

Каспий орта сызығы арқылы ұлттық секторларға бөлінсе, Қазақстан
үлесіне 29 пайызы, Ресейге 16 пайызы, Әзірбайжанға 20 пайызы, Иранға 14
пайызы, Түрікменстанға 21 пайызы тиесілі болады. Каспийдегі ең үлкен үлес
Қазақстанға тиіп тұр.
1998 жылғы 6 шілде күні Қазақстан мен Ресей Президенттерінің Мәскеу
кездесуінде теңіздің солтүстік бөлігін орта сызық арқылы түбінен шекараға
бөліп пайдалану туралы келісімге қол қойылды. Сонымен қазір, Ресей мен
Қазақстанның арасындағы теңіз шекарасы тек қана теңіздің түбі арқылы өтіп
жатыр, екі ел теңіздегі көмірсутегі қорларын орта сызық арқылы өтетін теңіз
түбі шекараларының шеңберінде ғана өндіретін болады.
БҰҰ-ның 1982 жылы қабылдаған Каспий теңізі жөніндегі айрықша
Конвенциясы бойынша теңіз түбінен шекара белгілеуге және оның судағы (жер
астындағы емес) табиғи қорларын екі жақты немесе көп жақты келісімдер
негізінде пайдалану, сондай-ақ су астымен құбырлар, басқа да байланыс
тіндерін тартуға жағалау елдерінің қай-қайсысының да тең құқығы бар. Осы
Конвенция бойынша Каспийдің жағалауларынан тең қашықтықта бес мемлекет
арасындағы орта сызық бойынша белгілеуге де болады. Ол үшін жағалау
елдерінің ортақ келісімдері қажет. Каспий теңізінің ең қашық ені қазір 200
теңіз миліне тең.
Бұл мемлекеттер Каспий арқылы әлемдік мұхитқа шығуға (Еділ-Дон,
Ақтеңіз-Балтық каналдары арқылы) мүмкіндік алады. Теңіз мәртебесінің мұндай
әрі-сәрі күйде тұруы тағдырларын осы теңізбен байланыстырып отырған
миллиондаған жағалау тұрғындарының да өмірлік мүдделеріне салқынын тигізіп
отыр. Мұны Маңғыстау түбегінің, Атырау облысының тұрғындары да қабырғасымен
сезініп келеді.
Каспий теңізі Маңғыстаудың маңдайына жазылған бірден-бір су көзі
саналады, тіпті осы өңірдегі барша табиғаттың басты тамыршысы деуге болады.
Балығы мен басқа да байлықтарын былай қойғанның өзінде өлке тұрғындары
тіршілік көзі судың өзін осы теңізден алып отыр.
Тіршілік атаулының тал бесігі, өркен жаяр ортасы саналатын табиғатты
қорғау дамыған елдердің баршасында дерлік мемлекеттік бағдарламаға
енгізіліп, жіті бақылауға алынған.
Каспий итбалықтарына келген былтырғы індеттің техногендік әсерден,
яғни теңізден, жағалаудан шығып жатқан мың-сан мұнай көздерінен келген апат
екені айқын. Сондықтан теңіздің биоқорларын қорғау, экологиясын сақтау
мәселесі оның құқықтық мәртебесімен тығыз байланыста, бірлесе қарастырылуға
тиісті. Өйтпейінше, ертеңгі күні теңіз айдыны ұлттық секторларға бөліне
қалса, батпандаған байлығына тигізетін зардаптарын айтпағанның өзінде,
адамдарға да апат әкелмесіне кім кепіл.
Каспий экологиясын қорғау мәселесі 1998 жылы Алматыда өткен бес ел
өкілдерінің арнаулы жұмыс тобының бас қосуында қатар қарастырылып,
биоқорларды қорғаудың бағдарламасы қабылданды. Осы бағдарлама негізінде
жұмыс жасайтын Баку мен Мәскеу қалаларында екі бірдей орталық та құрылған.
Алайда, осындай беделді бағдарлама әлгі орталықтардағы қаржы тапшылығынан
орындалмай келеді. Бұл орталықтарға уақытында қаржы беріп, бақылау орнатуға
жағдай жасайтын басқару жүйесі тағы жоқ. Мұның бәрі сайып келгенде Каспий
теңізінің мөлшерден тыс ластануына, сөйтіп экологиялық апатқа апарып
соқтыратынын өмір көрсетіп те келеді. Орайы келгенде айта кету керек,
биылғы мамыр-шілде айларының аралығы Каспий теңізіне қатысты маңызды
оқиғаларға толы болған 16 мамыр күні Қазақстан Президенті Каспий теңізінің
Қазақстанға тиесілі бөлігін игерудің Мемлекеттік бағдарламасын бектті. Бұл
бағдарламаны 3 кезеңнен тұратын бесжылдық жоспарлар деп айтуға да болады.
2005 жылға дейінгі кезеңде Каспий қайраңын игеруге барлық жағдайларды
жасау, алынатын пайда көздерін, яғни көмір сутекті нүктелерді дәлелдеп
анықтау жұмыстары аяқталып, мұнай өндірісі басталады. Тереңінде мол мұнайы
бар Қашаған, Құрманғазы кен орындарын есептемегенде теңіздің Қазақстанға
қарасты аумағында әлі де зерттелуін күтіп тұрған 23 кен орны бар екен.
2010 жылға дейін II кезеңде қайраңдағы көмірсутегі қорларын жеделдете
игеру жұмыстары жүргізіледі. Бұл үшін қайраңнан шыққан мол мұнайды құрлыққа
тасымалдап, өңдеп, құбырлар арқылы сатуға жөнелтетін инфрақұрылымдарды
жасақтау, мұнай өндірістеріне қажетті қазақстандық мамандарды даярлаудан
бастап, сервистік индустрияны, яғни қызмет көрстетеін қосымша өндірістерді
орналастыру, жағдайлары мен экология мәселелері де осы кезеңде өздерінің
нақты көріністерін табуға тиіс.
2015 жылға дейінгі III кезеңде қайраңнан мұнай өндіру ісі қалыпқа
түсіп, тасымалдау жолдары (құбырлар, танкерлер, темір жол) арқылы қара
алтын өзені үздіксіз ағызыла бастайды. Бұл кезде мұнайдың көлемі 150-170
млн тоннаға жетпек. Қазір елімізде 52 млн тонна мұнай өндіріліп отыр.
2005 жылы Аджип ҚКО компаниясы Қашаған қайраңынан күн сайын 1,2 млн
баррель мұнай өндіре бастайды. Бұл компания Баутиндегі өндіріс базасын
нығайтумен қатар, тұрғындардың әлеуметтік жағдайларына да айрықша көңіл
бөліп келеді.
Қазір игерудің алғашқы кезеңін Құрманғазы кеніші де күтіп отыр. Бұл
кеніш Баутин кентінен 80 шақырымдық қашықтықта орналасқан Құрманғазы
кенішін өткен жылы Ресейдің Роснефть компаниясы мен ҚазМұнайГаз ұлттық
компаниясы бірлесе жүргізуге келіскен болатын. Бұл келісімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының экологиялық жағдайы
Каспий теңізінің экологиясы мен құқықтық мәртебесі
Каспий теңізі
Каспий теңізінің экологиялық мәселелесі
«Қазақстанның экологиялық мәселелері»
Қазақстанның экология саласындағы қозғалыстары, оның даму перспективалары
Каспий экологиясы туралы
Каспий теңізінің табиғи ресурстарын тиімді пайдалануды жақсарту жолдары және болашағы
Экологиялық тәлім-тәрбиенің қазіргі мәселелері
КАСПИЙ ЭКОЛОГИЯСЫ ТУРАЛЫ
Пәндер