Қазақстандағы орман шаруашылығы мен орманды аймақтарда мемлекеттік тілдің қолданылуы: әлеуметтік лингвистикалық, когнитивтік лингвистикалық қырлары



Кіріспе
1.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАНДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. ОРМАН. АНЫҚТАМАСЫ МЕН МӘНІ.
1.1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАНДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОТІЛДІК ЖАҒДАЯТЫ.
1.2. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ. ОРНЫ МЕН РОЛІ.
1.3. ОРМАН КОДЕКСІНДЕГІ ҰҒЫМДАРДЫҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУДА ЖІБЕРІЛГЕН КЕМШІЛІКТЕР. ҰСЫНЫМДАР
1.6. “ОРМАН” САЛАСЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҰҒЫМДЫҚ АППАРАТТАРЫ МЕН ОСЫ САЛАҒА ҒАНА ТӘН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
1.5. ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ КӘСІБИ СӨЗДЕР. ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
1.4.ҚАЗАҚСТАН АЙМАҚТАРЫНДАҒЫ АҒАШ ТҮРЛЕРІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ТОПОНИМДЕР
1.5. ҚАЗАҚ ЖЕРІНІҢ АҒАШҚА БАЙЛАНЫСТЫ ДИАЛЕКТ СӨЗДЕРДІҢ ТАРАЛУ КАРТАСЫ.
Тақырыптың өзектілігі. Соңғы уақытта, атап айтқанда XX-ғасырдың ортасынан, отандық және шет ел лингвист-ғалымдарының назары әлеуметтік лингвистика проблемаларына ауды.
1952 жылы американдық зерттеуші-ғалым Х. Карри ұсынған «социолингвистика» (әлеуметтік лингвистика) термині тіл білімінде бұрыннан бар бағытты айқындап, тілді – қоғам құбылысы ретінде зерттеу нысанасына айналдырды. Сол уақыттан бастап отандық және шет ел ғалымдары әлеуметтік лингвистика проблемалары бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізіп келеді. (Ю.Д.Дешериев, Л.Б.Никольский, А.Д.Швейцер, В.А.Аврорин, Э.Хауген, У.Вайнрах, Р.Белл, Р.Штернеманн, Л.В.Щерба, Ф.П.Филин, Е.М.Верещагин, М.М.Михайлов, А.А.Залевская, В.Г.Костомаров, Б.Х.Хасанов, А.М.Шахнарович, Л.Л.Аюпова, А.П.Майоров, М.М.Копыленко, А.Е.Карлинский, Э.Д.Сүлейменова, С.Т.Саин және т.б.).
Әлемдік әлеуметтік тіл білімі - әлемдік қоғамдық даму мен әлемдік тіл процесін өзара тәуелді құбылыстар ретінде қарастыратын ғылым. Тілдің қолданыс аясын кеңейту әдіснамасы - әлеуметтік лингвистика құзырындағы нысан. Мұның мәнісі: қоғам мен тіл өзара тығыз байланысты, бір-біріне тәуелді. Әрбір тіл – қарым-қатынас қажеттілігі. Тіл адамға қызмет етеді, тіл мен қоғам қарым-қатынасы қоғам өміріндегі тілдің қызметінің өсуімен сипатталатыны сондықтан. Сол себепті де тілге мемлекеттік мәртебе беру, сол арқылы оны дамыту – халықаралық стандарт. Олай болса, профессор Хасанұлының – тілдерді аймақтық тұрғыдан зерттеп, дамыту ұстанымы кезек күттірмейтін проблема. Осы тұрғыдан бірнеше кандидаттық диссертациялар да қорғалды.
Академик, социолингвист Б.Х.Хасанұлының ұстанымы бойынша, әлеуметтік лингвистика тұрғысынан алғанда, тілдік аймақ деген – тілдік жағдаяты (ситуация) жалпы алғанда, ұқсас болып келетін, елдің жақын орналасқан әкімшілік-аумақтық құрылыстағы буындарда (облыс, аудан, ауылдық округ) қоғамдық қызмет атқаратын тілдер тобы орналасқан аумақ. Сондай критерилер бойынша Қазақстан республикасының территориясы төмендегідей тілдік аймақтарға бөлінген:
1.Оңтүстік аймақ (Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары).
2.Батыс аймақ (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстары).
3.Солтүстік аймақ (Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстары).
4.Шығыс аймақ (Шығыс Қазақстан облысы).
5.Орталық аймақ (Қарағанды облысы).

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 53 бет
Таңдаулыға:   
Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік унивеситеті

Қолжазба
құқығында

Дүзмағамбетов Ерболат Аблазиұлы

ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ МЕН ОРМАНДЫ АЙМАҚТАРДА МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛДІҢ
ҚОЛДАНЫЛУЫ: ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ,
КОГНИТИВТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ҚЫРЛАРЫ

10.02.19 – тіл теориясы

Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған
диссертация

Ғылыми жетекші:
ф.ғ.д., профессор Б.Хсанұлы

Ақтөбе

Кіріспе

Тақырыптың өзектілігі. Соңғы уақытта, атап айтқанда XX-ғасырдың
ортасынан, отандық және шет ел лингвист-ғалымдарының назары әлеуметтік
лингвистика проблемаларына ауды.
1952 жылы американдық зерттеуші-ғалым Х. Карри ұсынған
социолингвистика (әлеуметтік лингвистика) термині тіл білімінде бұрыннан
бар бағытты айқындап, тілді – қоғам құбылысы ретінде зерттеу нысанасына
айналдырды. Сол уақыттан бастап отандық және шет ел ғалымдары әлеуметтік
лингвистика проблемалары бойынша өздерінің зерттеу жұмыстарын жүргізіп
келеді. (Ю.Д.Дешериев, Л.Б.Никольский, А.Д.Швейцер, В.А.Аврорин, Э.Хауген,
У.Вайнрах, Р.Белл, Р.Штернеманн, Л.В.Щерба, Ф.П.Филин, Е.М.Верещагин,
М.М.Михайлов, А.А.Залевская, В.Г.Костомаров, Б.Х.Хасанов, А.М.Шахнарович,
Л.Л.Аюпова, А.П.Майоров, М.М.Копыленко, А.Е.Карлинский, Э.Д.Сүлейменова,
С.Т.Саин және т.б.).
Әлемдік әлеуметтік тіл білімі - әлемдік қоғамдық даму мен әлемдік тіл
процесін өзара тәуелді құбылыстар ретінде қарастыратын ғылым. Тілдің
қолданыс аясын кеңейту әдіснамасы - әлеуметтік лингвистика құзырындағы
нысан. Мұның мәнісі: қоғам мен тіл өзара тығыз байланысты, бір-біріне
тәуелді. Әрбір тіл – қарым-қатынас қажеттілігі. Тіл адамға қызмет етеді,
тіл мен қоғам қарым-қатынасы қоғам өміріндегі тілдің қызметінің өсуімен
сипатталатыны сондықтан. Сол себепті де тілге мемлекеттік мәртебе беру, сол
арқылы оны дамыту – халықаралық стандарт. Олай болса, профессор Хасанұлының
– тілдерді аймақтық тұрғыдан зерттеп, дамыту ұстанымы кезек күттірмейтін
проблема. Осы тұрғыдан бірнеше кандидаттық диссертациялар да қорғалды.
Академик, социолингвист Б.Х.Хасанұлының ұстанымы бойынша, әлеуметтік
лингвистика тұрғысынан алғанда, тілдік аймақ деген – тілдік жағдаяты
(ситуация) жалпы алғанда, ұқсас болып келетін, елдің жақын орналасқан
әкімшілік-аумақтық құрылыстағы буындарда (облыс, аудан, ауылдық округ)
қоғамдық қызмет атқаратын тілдер тобы орналасқан аумақ. Сондай критерилер
бойынша Қазақстан республикасының территориясы төмендегідей тілдік
аймақтарға бөлінген:
1.Оңтүстік аймақ (Алматы қаласы, Алматы, Жамбыл, Қызылорда
және Оңтүстік Қазақстан облыстары).
2.Батыс аймақ (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және
Маңғыстау облыстары).
3.Солтүстік аймақ (Астана қаласы, Ақмола, Қостанай, Павлодар
және Солтүстік Қазақстан облыстары).
4.Шығыс аймақ (Шығыс Қазақстан облысы).
5.Орталық аймақ (Қарағанды облысы).

Келесі, профессор Хасанұлының ұсынған мәселесі мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын – қоғам өмірінің әр алуан салалары бойынша тыңғылықты
ғылыми зерттеу объектісі ету. Осы тұрғыдан оның еліміздің әр жеріндегі
шәкірттері өздерінің зерттеу жұмыстарын бастап та кетті. Ал, біздің
нысанамыз болған – еліміздің орманды аймақ және орман шаруашылығы
саласындағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясын анықтау, оның әлеуметтік
лингвистикалық және орманға байланысты лексиканың когнитивтік, қырларын
барынша қамту болып отыр.
Негізі орман-тоғай ландшафты құнарлы, сулы, таулы, қоныстануға қолайлы
жерлерде ұшырасады. Сондықтан, осы аталған социосферада этностар тығыз,
араласа өмір сүреді. Бұл дүние жүзінде белгілі болған факт. Ұлттардың
араласа өмір кешуі, оларды қоғамдық, тілдік қатынаста болуға итермелейді.
Олай болса, сол аймақтардың тілдік жағдаяты (ситуация) да күрделі болып
келеді.
Қазіргі әлем тіл білімі қоғам мен тіл құбылыстарын байланыстыра қарауға
назары ауғандығын айтқанбыз, себебі қоғам мен тіл процесін байланыстырып
зерттегенде ғана тілдердің қолданылу аясын кеңейту үшін қажетті әдіснамалар
жинақталады. Біздің таңдаған тақырыбымыз еліміздің ең күрделі аймақтарының
және қоғам өмірі салаларының бірі болып табылғандықтан, оның тілдік
жағдаятын анықтай отырып, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту үшін
қажетті әдіснамалар жинау, оның лексикасындағы орманға байланысты
ұғымдардың когнитивтік бейнесін ашу зерттеу жұмыстың өзектілігін
айқындайды.
Зерттеу нысаны. Зерттеу жұмысымыздың нысанасына еліміздің орманды аймақтары
және орман шаруашылықтарындағы мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, орманға
байланысты лексикасының когнитивті, психолингвистикалық және гендерлік
аспектілері алынып отыр.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Диссертацияда еліміздің әр өңіріндегі орман шарушылық
мекемелеріндегі мемлекеттік тілдің қолданылу аясы, сол салада жұмыс
жасайтын адамдардың қазақ тілін меңгеру деңгейі анықталды. Сонымен қатар,
қазақ тілінің орманға байланысты лексикасының когнитивті бейнесі анықталды.

1.ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАНДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ, ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҚТАРЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК
ТІЛДІҢ ҚОЛДАНЫСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1.1. ОРМАН. АНЫҚТАМАСЫ МЕН МӘНІ.

Орман – ағаш, бұта, шөптесін, басқа да өсімдіктерден (мүк, қына)
және жануарлар, микроорганизмдерден тұрып, өз дамуында өзара биологиялық
байланыста, әрі бір-біріне және қоршаған ортаға әсер ететін негізгі
өсімдіктер әлемінің түрі. Орманның ерекшелігі – мұнда оның құрылымы мен
өмір сүруінде негізгі қызметті ағаш тектес өсімдіктердің атқаруы. Орман –
биосфераның негізгі құрам бөлігі, географиялық ландшафт элементі болып
табылады. Орман - өнеркәсіпке әр-алуан шикізат, негізгі ағаш өнімдерін
беретін табиғи шикізат көзі.

Сонымен орман – көп қырлы құбылыс. Орман ұғымы ертеде алғашқы
адамдардың абстракты ойлау қабілеті мен сөйлеу коммуникациясы пайда болған
кезде қалыптасқан болуы керек. Бірақ, оған бертін келе ғана ғылыми тұрғыдан
анықтама берілді. Ең алғаш орман анықтамасын қисындап мазмұндаған орыс
ормантанушы-маман Г.Ф.Морозов (1867-1920) саналады. Ол орманды өскен
топыраққа, атмосфераға, сыртқы формасы мен ішкі құрылымына және бір біріне
әсер етуі арқасында пайда болған ағаш тектес өсімдіктердің жиынтығы деп
анықтады.

Қазақстан республикасының 2003 жылы шілде айында қабылданған орман
кодексінде орманға мынадай анықтама берілген: Орман – ағаш пен бұта
өсімдіктерінің және жанды табиғаттың басқа да компоненттерінің жиынтығы
негізінде белгілі бір аумақта қалыптасқан, қоршаған ортамен өзара
байланыстағы және маңызды экологиялық, экономиялық және әлеуметтік мәні бар
табиғи кешен (орм.код).
Орман – биосфераның құрылымды бөлшегі деген түсінік оған берілген кең
және жан жақты анықтама. Ормандар Антарктида материгінен басқа барлық
континенттерде кездесіп, барлық құрылық көлемінің 30 пайызын, немесе 400
млн. га қамтиды. Олардың жартысын тропикалық және субтропикалық ормандар
құрайды.Ормандардың қазіргі бейнесі эволюциялық даму және адамзаттың әсер
ету қызметінің әсерінен қалыптасқан. Соңғы 10 мың жыл ішінде жер бетіндегі
ормандардың үштен екі бөлігі жойылды. Орманға антропогендік әсері орта
ғасырларда, әсіресе ХІХ-ХХ ғасырларда кофе плантациясын жасау, қант
тростник егу, басқа да мәдени өсімдіктер отырғызу үшін, сонымен қатар
қалалардың өсуі, өнеркәсіптік орталықтардың көбеюі және жаңадан пайда бола
бастаған өнеркәсіптік салалардың (ағаш өнеркәсібі, целлюлозды-қағаз, ағаш
химиялық фабрикалары) құрылуы қатты әсер етті. Ормандар табиғи және қолдан
жасалған болып бөлінеді. Табиғи түрде қалыптасқан ормандар барлық
ормандардың негізгі бөлігін құрайды. Қолдан, ағаш тектес өсімдіктердің
отырғызылуы арқылы, жасалған ормандардың әзірше үлес салмағы аз, бірақ
Орталық Европадағы кейбір мемлекеттерде олардың көлемі табиғи түрде
қалыптасқан ормандардың көлемінен артық.

Орман алабы және егісі термині. Орман алабы деп ағаш тектес
өсімдіктері басым болып келетін жекеленген территорияны айтамыз.

Орман егістері (орман фитоценозы) – бұл белгілі-бір ортада өсетін
орман өсімдіктерінің жиынтығы. “Егістер” термині тек қолдан отырғызылған
ағаштарға ғана емес табиғи түрде өскен ағаш тектес өсімдіктерге де
қолданылады. Орман егістеріне ағаш тектес өсімдіктер тән. Далада немесе
тоғайлық жерге біткен жалғыз ағаш егісті білдірмейді. Олардың негізгі
айырым белгісі – егістер өскен жер телімінің тұтастығы, біршама тығыздығы
бар ағаштар шымылдығы.

Орман құрамына өсімдіктерден басқа көптеген жануарлар мен
микроорганизмдер түрлері енеді.

Орман – биогеоценоз. Орман биогеоценозын В.Н.Сукачев (1888-1967) былай
деп анықтайды: орман биогеоценозы - құрылымы, құрылысы, компоненттерінң
қасиеттері, олардың бір-біріне қатысы, яғни өсімдік жамылғысының,
жануарлары мен микроорганизмдері, тау жынысының беткі қабаты, топырақ
жамылғысы, олардың компоненттерінің қуаты, т.б. табиғат құбылыстары
біркелкі болып келетін орман учаскесі. Қасиеттері бір-біріне жақын орман
биогеоценоз учаскелерін белгілі-бір орман биогеоценоз түріне топтастыруға
болады. орман шаруашылығы практикасында оны орман типі (түрі) дейді. Орман
типтері (түрлері) табиғи, яғни адамның, табиғат сұрапылынан бұзылмаған
орман типтері және сол әрекеттерден туындаған орман типтері (түрлері) болып
бөлінеді.

Орман бірқатар өнеркәсіптердің (ағаш өңдеу, целлюлозды қағаз, ағаш
химиясы) бай шикізат көзі екені белгілі. Ең негізгі шикізат ресурсы – ағаш
материалдары.
Дүние жүзіндегі ағаш қоры халықаралық ұйымдардың айтуынша мынадай:
Ресей – 81,9; Бразилия – 47,8; АҚШ – 29,7; Канада – 29,4; Финляндия – 1,9
(млрд. м*).
Қазақстан республикасының орман қоры 26684,8 мың га. Бұл барлық
территорияның 4,3 % құрап, Орта Азияның, Закавказье мен Балтық
жағалауларындағы ормандардың бәрін қоса есепдегі көлеміне тең келеді.
Қазақстан Республикасында Тянь-Шань тауларында шыршалы, Алтайда қылқан
жапырақты, Көкшетау, Баянауыл, Қарқаралы, Аманқарағайда қайың, қарағайлы
ормандар кездеседі. Батыста, Оралда емен, терек, Оңтүстік Қазақстанда
жаңғақ, таулы жерлерде арша ормандары кездеседі. Сырдария, Іле өзендері
бойында терек, тобылғы, жыңғыл, шетенді ормандар бар. Әрине Қазақстанның
ормандарының көлемі оның территориясының аясында мардымсыз болып көрінеді,
бірақ Белоруссияның орманды алқап көлемімен салыстырғанда Қазақстан
ормандарының көлемі 65 пайызға көп.
Орман қорының аймағы деген терминге мынадай анықтама қолданылады: “
это часть территории республики Казахстан, занятая лесом, а также не
занятая им, но предназначенная для нужд лесного хозяйства. Лесной фонд
включает лесную площадь, т.е. территорию, покрытую лесом, но
предназначенную для лесовыращивания (гари, вырубки, пустыри, прогалины,
редины, площади погибших насаждений). Кроме того, в состав лесного фонда
включается нелесная площадь: сельскохозяйственные угодья (пашни, сенокосы,
пастбища), площади особого назначения (дороги, канавы, усадьбы и др.), а
также площади болот, песков, оврагов, крутых склонов и другие территории”
(рег.каз.157). Орман қорына табиғи қалыптасқан орман түрімен қатар қолдан
жасалған орман түрлері де кіреді.
Қазақстан Республикасының 2003 жылы қабылданған Орман Кодексінде орман
қорының анықтамасы, оған енетін жерлер, оның меншік түрлерінің таралуы
былай көрсетіледі:
1. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық орман, сондай-ақ орман
өсімдіктері өспеген, бірақ орман шаруашылығының қажеттеріне арналған орман
қоры жерлері Қазақстан Республикасының орман қорын (бұдан әрі – оман қоры)
құрайды.
2. Орман қоры мемлекеттік және жекеше орман қорларынан тұрады.
3. Мемлекеттік орман қорына:
1) ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлеріндегі (орманды және ағаш
өспеген алқаптарды қоса алғанда) табиғи және қолдан өсірілген
ормандар;
2) табиғи және қолдан өсірілген ормандар, сондай-ақ мемлекеттік орман
қоры жерлеріндегі орман шаруашылығының қажеттері үшін берілген,
орман өсімдіктері өспеген жер учаскелері;
3) халықаралық және республикалық маңызы бар ортақ пайдаланудағы темір
жолдар мен автомобиль жолдарының, каналдардың, магистральды
құбырлардың және басқа желелік құрылыстардың белдеулеріндегі ені он
метр жіне одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қорғаныштық
екпелері жатады.
4. Жекеше орман қорына Қазақстан Республикасының Жер туралы заң
актісіне сәйкес орман өсіру үшін нысаналы мақсатта жеке және мемлекеттік
емес заңды тұлғаларға жеке меншікке немесе ұзақ мерзімді жер пайдалануға
берілген жерлерде, солардың қаражаты есебінен жасалған, ені он метр және
одан көбірек, алаңы 0,05 гектардан астам қолдан өсірілген ормандар,
агроорман-мелиорациялық екпелер, арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер
жатады.
5. Орман қорына:
1) мемлекеттік орман қорының жерінен тыс орналасқан жекелеген ағаштар
және көлемі 0,05 гектардан кем шоқ ағаштар, ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлердегі бұта өсімдіктер;
2) қала ормандары мен орманды саябақтарды қоспағанда, елді мекендер
шекарасы шегіндегі жасыл желектер;
3) үй маңындағы, саяжайлар мен бау-бақша учаскелеріндегі ағаштар мен
бұталар кірмейді (кодекс).
Әр мемлекет өзінің табиғи ресурстарын сақтауға, оны қорғауға мүдделі.
Сондықтан да елімізде орман кодексі қабылданған. Бұл кодексте орманның
меншік түрін, орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру,
орманды мемлекеттік басқару және бақылау механизмдері толығымен
пысықталған.
Қазіргі заманда өзекті проблемалар қатарына еніп отырған орманды
қорғау проблемасы да мемлекет тарапынан жан жақты қарастырылып, ормандарды
қорғауға, тиімді пайдалануға үшін түрлі заң актілері қабылданды. Кеңес
үкіметі кезінде де осындай заңдар болған: СССР-дің орман қорғау туралы
Ережесі (1950 ж.); СССР ормандарында ағаш дайындау Ережелері (1955ж.). СССР-
дің ормандарында өрт қауіпсіздігі туралы Ережелері (1971ж.), СССР-дің
ормандарында шөп шабу, мал бағу Ережелері (1947 ж.), колхоз ормандары
туралы Ережелері (1968 ж.). Бұл заң актілері кезінде СССР Министірлер
Советінде бекітілген болатын.
Қазақстан егемендік алғаннан кейін 1993 жылы Орман кодексі қабылданды.
Ал 2003 жылы өңделіп, біраз өзгертулермен қайта ұсынылды. Сонымен қатар
табиғатты қорғауға, соның ішінде ормандарды, табиғи кешендерді күтіп
баптауға арналған өкіметтің біраз заң актілері бар.
Орман шаруашылығы – халық шаруашылығының бір саласы. Оның өндірістік
қызметтері мынадай жұмыстардан тұрады: ағаш тұқымын немесе көшеттерден
орман өсіру, орманды күту, ағаш дайындау, оның кесуін реттеу, питомниктерде
көшет өсіру, ормандарды өрттен қорғау т.б.. орманды аймақтарда орманды
қорғау шараларын тиянақты жүргізу үшін орман бірнеше телімдерге (учаске)
бөлінеді, олардың әрқайсысы бір орманшыға бекітіледі. Осындай бірнеше
учаскелер біріктіріліп орман шаруашылығының құзырында болады. орман
шаруашылығының басшысын лесничий дейді.

1.1. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ОРМАНДЫ АЙМАҚТАРДЫҢ ТІЛДІК ЖӘНЕ ЭТНОТІЛДІК ЖАҒДАЯТЫ.

Қазақстан Республикасының орман қоры, 2002 жылғы статистикалық
мәліметтер бойынша, 26,7 млн. га. жерді алып жатыр. Орман қоры деп орман
алып жатқан және ағаш егуге (ормандандыруға) бөлінген, орман шаруашылығының
құзырындағы жер көлемін айтамыз.Орманды аймақ - орманы табиғи түрде
қалыптасып, белгілі бір территорияны қамтитын аймақ. Орманды аймақтар
негізінен Қазақстанның шығыс, солтүстік-шығыс, оңтүстік-шығысында
орналасқан. Бірақ, еліміздің барлық облыстарында азды-көпті орманды
аймақтар кездеседі.
Біздің зерттеу жұмызға өзек болып отырған еліміздің орман
шаруашылықтары және кейбір орманды аймақтарындағы мемлекеттік тілдің
қолданылу аясын анықтау, ерекшеліктерін көрсету мәселесі. Әлеуметтік
лингвистиканың тиімді тәсілдерінің бірі – ресми статистикалық мәліметтерді
зерттеу және анализдеу тәсілі. Статистикалық мәліметтерді зерттеу мен
аннлиздеу арқылы білгілі-бір социумдағы тілдің, нақты сөйлеуші мен тілдің
жағдайын терең түсінуге мүмкіндік туады. Сондықтан біз өз жұмысымызда
мемлекеттік статистикалық құжаттар және әр жылдарда өткізілген халық
санағының мәліметтерін барынша қолданамыз.
Жекелеген облыстар бойынша, орман қорының көлемі жөнінен ең бірінші
орында Қостанай облысы – 6543,8 мың га – бұл барлық облыс жерінің 11,4%.
Алматы облысы – 4861,1 мың га – 8,0%; Жамбыл облысы – 4682,7 мың га – 17,1%
; Шығыс Қазақстан облысы – 3633,9 мың га – 6,3 %; Оңтүстік Қазақстан облысы
– 3129,2 мың га – 13,7%; Әрі қарай орман қорының көлемі бойынша: Ақмола,
Солтүстік Қазақстан, Қызылорда, Павлодар, Маңғыстау, Қарағанды, Батыс
Қазақстан, Ақтөбе және Атырау облысы орналасады.(1,167)р.к. Енді аталған
региондардың халқының санымен, ұлттық құрамымен танысайық. Қостанай облысы:
барлық тұрғындар саны – 1017729 адам, ...
Шығыс Қазақстан облысы халқының мемлекеттік тіл білу дәрежесі туралы
О.Б. Алтынбекова мынадай деректер келтіреді: қазақ ұлтының 100% өз
этникалық тілін меңгерген, оның ішінде 2,0 % нашар меңгергендігін
көрсеткен; 24,5 мың татарлардың 68,7 % мемлекеттік тілді біледі, бірақ
олардың 26,1 % нашар меңгерген; орыс этносының 11,0 % қазақ тілін
білетіндігін көрсеткен, бірақ соның ішіндегі 86,5 % мемлекеттік тілді
нашар деңгейде білетіндігі анықталған; 4,525 мың белорустардың 8,1 % қазақ
тілін біледі, дегенмен олардың 73,5 % мемлекеттік тілді төмен деңгейде
меңгергендігін көрсеткен; неміс ұлты өкілдерінің 16,1 % қазақ тілін
білетіндігін көрсетсе, оның 68,9 % нашар; 9,9 % украиндар мемлекеттік тілді
меңгерген, бірақ оның 76,9 % мардымсыз деңгейде білетіндігі анықталған.
(Алтынбекова. Этяз.процес.187).
Көршілес Ресейдегі Алтай тауының орманды аймақтарында (Қос-Ағаш
ауданы) қазақтың этностық тобы мекендейді. Ертеде қазақтың кейбір тайпалары
осы жерлерде көшіп-қонып жүргендігі белгілі. Кейін 19-ғасырда аталған
өңірге Монғолиядан, Қытайдан қазақтың ру-тайпалары қоныс аудара бастады.
Бұл өңір екі алып империяның, Ресей мен Қытайдың көздеген мақсаттарының
түйіскен жері болатын. “Российские власти пытались нейтрализовать усиления
казахов-мусульман на Алтае. Еще в 1880 году в рамках Алтайской духовной
миссии было открыто противомусульманское отделение “для действия на
киргизов”. В начале ΧΧ века в приграничном районе на территориях
современных Улаганского и Кош-Агачского районов действовало шесть
православных храмов и не было ни одной мечети. Однако это не мешало
активной проповеднической деятельности мусульман-миссионеров из Средней
Азии и Поволжской губернии. В 1912-1913 годах на левом берегу реки Чуй была
создана казахская волость. Под казахские кочевья были выделены земли.
Численность казахов, получивших этот надел, составляла 672 души мужского
пола (из них 462 – сарыкалдыки, 210 – катонские казахи)”
(О.Нечипоренко,Континент. 2004.с.22). Бұл өңірде қазақтармен қатар алтай
халықтары тату өмір сүріп жатқандығын көреміз. “Несмотря на сравнительно
небольшой промежуток времени (около 100 лет тесного общения и совместного
жительства), теленгиты хорошо овладели казахским языком, а также усвоили
устно-поэтическую культуру казахов. Алтайцы – жители Кош-Агача – знают
казахские сказки, пословицы и поговорки, песни” деп жазған еді С.Каташ 1975
жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының Хабарларында жарық көрген “О казахско-
алтайских фольклорных связях” атты мақаласында.
Қазақстан егемендік алған жылдардан бастап аталған өңірлерден
Қазақстан аумағына, тарихи отанына оралмандар көптеп келе бастады.
Біздің сөз етеріміз, аталған аймақтарды мекендейтін тұрғындардың
тілдік жағдаяты, оған әсер ететін объективті және субъективті әлеуметтік
факторлар жөнінде болмақ.
Алдымен тілдік жағдаяттың анықтамасын бере кетуді дұрыс санадық:
Тілдік жағдаят – белгілі бір географиялық немесе саяси-әкімшілік
құрылымдағы бір тілдің немесе бірнеше тілдердің жергілікті-әлеуметтік және
қызметтік қатынасына байланысты өмір сүруі (ЛТС-245). Тілдік жағдаят
эндоглосстық және экзоглосстық болып бөлінеді. Эндоглосстық тілдік жағдаяты
– социумда бір тілдің бірнеше қабаттары өмір сүру жағдайында болатын
құбылыс. (аймақтық жіне әлеуметтік диалекттер – социолекттер). Экзоглосстық
тілдік жағдаятқа социумда бірнеше тілдердің қатар қолданылуы тән. Тілдік
жағдаяттар тепе-теңдік және теңсіз болып бөлінеді. Тепе-теңдік тілдік
жағдаятта социумдағы тілдер бірдей қызмет атқарады, ал теңсіз тілдік
жағдаят кезінде белгілі-бір тілдер немесе диалектілердің атқаратын қызметі
шектеулі болып келеді. Әдетте эндоглосстық тілдік жағадаят теңсіздік болып
келсе, экзоглосстық – теңсіз де тепе-теңдік те бола алады.
Кез келген әкімшілік-аумақтың белгілі бір уақыт кеңістігінде тілдік
жағдаятын қарастырғанда оған әсер етуші әлеуметтік факторларды ескеруіміз
қажет.Тілдік жағдаятқа екі түрлі сипаттағы факторлар әсер ететініні
белгілі. Біріншісі – обьективті, екіншісі – субьективті. Біздің
қарастыратынымыз – обьективті факторлар. Олар мыналар:
1.УАҚЫТ ФАКТОРЫ. Орман аймағының белгілі кезеңдердегі тілдік
жағдаятының сипаты.
2.ЖАҒРАПИЯЛЫҚ ФАКТОР. Орманды аймақ елдерінің физика-жағрапиялық бет-
бейнесі, өзге елдермен, жекелеген аймақтармен өзара тілдік қатынаста болуға
ықпал ететін кедергілердің болуы немесе жоқтығы. Аймақ аумағында
қоныстанған этностардың сипаты, сол аумақтағы тілдердің не олардың өмір
сүру формаларының таралу деңгейі және геосаяси жағдайы.
3.ТАРИХИ ФАКТОР. Этностардың сол аумақта қоныстану ұзақтығы,
материалды және рухани мәдениеттерінің бірлігі немесе өзгешілігі.
4.ЭТНИКАЛЫҚ ФАКТОР. Тіл – этностың лингвистикалық белгісі. Сондықтан
сол аймақтағы әрбір этностың демографиялық жағдайы ескерілуі тиіс, яғни
аймақтағы тұрғындар саны, этникалық құрамы, олардың жалпы ел, аймақ
көлеміндегі барлық тұрғындар ішіндегі үлес салмағы.
5.ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ФАКТОР. Аймақтағы тілдер саны, олардың өзара
жақындық немесе алшақтық дәрежелері, тілдердің өмір сүру формаларының
(әдеби тіл, диалект т.б.) лингвистикалық тұрғыдан зерттелгендігі.
6.СОЦИОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ФАКТОР. Аймақтағы тілдік орта түлері,
біртілділік, қостілділік, көптілділік түрлері, оның компоненттері болып
саналатын тілдер, сол аумақтағы күллі тіл атаулының қоғамдық қызмет
ауқымы, әрбір этнос өкілдерінің ана тілін және мемлекеттік тілді меңгеру
дәрежелері.
7.ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ ФАКТОР. Әрбір этностың демографиялық үлесі, табиғи
өсімі, миграциялық процесі, қоныстану тығыздығы, этностардың өз тілінде,
яғни ана тілі, екінші тіл деңгейінде сөйлеушілер саны.
8.ӘЛЕУМЕТТІК ФАКТОР. Неке, жанұялардың этникалық құрамы, әлеуметтік
рөлдері, әлеуметтік топтар мен жіктердің сөйлеу тілін таңдау тәжірибесінде
ұлттық сана-сезім әсерінің барлығы мен жоқтығы.
Қазақстанның табиғи түрде қалыптасқан орманды аймақтары қазіргі
Қазақстан территориясының Шығыс, Солтүстік, Оңтүстік-Шығыс өңірлерінде
орналасқан. Бұл территорияда ерте заманнан түркі халықтарының кейбір
тайпалары мекен еткен. Сол түркі тайпаларының құрамдас бөлігі болып
табылатын қазақ халқының кейбір ру-тайпалары аталған өңірде тірщілік етіп
келеді. Ол туралы сібір тарихшысы Г.Ф.Миллер былай деп жазған еді: “Первый
и главнейший народ в Сибири есть татары, которые живут в полуденных странах
около рек Тобола, Иртыша, Оби, Тома и Енисея и в лежащих между помянутыми
реками степях” (Кайрат). Әрине татарлар деп сол кездегі Ресейде барлық
түркі тайпаларын атайтыны белгілі.
Кез келген қоғам өзінің өмір сүру және даму барысында көрші елдермен
тілдік қарым-қатынаста болатыны белгілі. Қазақ халқының тарихына көз
жүгіртсек, оның тұйық, өз бетінше өмір сүрмегенін байқаймыз. Әсіресе, соңғы
ғасырларда оның өзге халықтармен өз жерінде күнделікті қарым-қатынасқа
түскенін және бұл қарым-қатынастың ана тіліне әр түрлі ықпал еткенініне
тарих куә. Соның бірі Қазақстан жерінің патшалы Ресей тарапынан отарлануы.
Патшалы Россияның орыстандыру саясатын жүргізгені, ана тілінде білім алуға
жағдай туғызбағаны аян.
Бұл жерлерді ертедегі түркі тайпалар, сол ерте заманғы түркілерше
сөйлеген тілдік - ұжымдардың бірсыпырасы қазақ халқын құрады. Демек,
кейбір орманға байланысты ұғым атаулары күллі түркі тілі әлемінде біркелкі
болып келуінің себебі осыдан. Ана тілі жағрапиялық ұғым емес, бірақ ол
белгілі бір жағрапиялық кеңістік шеңберімен шектелген этникалық
қауымдастықпен бірге жасап, бірге дамыған әлеуметтік-этникалық құбылыс.
Орманды аймақта өмір сүрген қазақтың ру-тайпалары кезінде моңғол, қытай,
бурят, башқұрт, татар, сібірдің кейбір этностарымен, орыс-казактармен
қоғамдық, тілдік қарым-қатынаста болғандығы анық. Осы қарым-қатынас
негізінде сол жерде тұратын халықтың тілдік жағдаяты да күрделі болып
келді.
Географиялық лингвистика теориясының негізін қалаған швейцарлық
лингвист Ф.де Соссюр, белгілі-бір жердегі бірнеше тілдердің қатар өмір сүру
проблемасы туралы кезінде былай деген: До сих пор мы рассматривали
географическое разнообразие языков в его идеальном виде: сколько
территорий, столько и различных языков. Мы были вправе так поступать, ибо
географическое разделение является наиболее общим фактором языкового
многообразия. Одан әрі ғалым айтылған теорияны дәлелдеу үшін төмендегі
фактілерді алдыға тартады: ... лингвистический Брюссель – германский
город, так как он расположен во фламандской части Бельгии; в нем говорят по
французски, но нас интересует исключительно демаркационная линия между
фламандской и валлонской языковой территорей. Льеж – лингвистически
романский город, так как он находится на валлонской территории; французский
язык является в нем иностранным, наложившимся на родственный ему диалект.
Равным образом Брест лингвистически относится к бретонской территории;
французский язык, на котором там говорят, ничего не имеет общего с туземным
наречием Бретании; Берлин, где слышится только верхненемецкая речь, мы
отнесем к нижненемецкой территории и т.д.(1,232)соссюр Труды по
языкознанию М.,1977.
Патшалы Ресейдің отарлау саясаты басталғаннан кейін қазақ жерінің
жер беті, жер асты байлығы түгел есепке алына бастады. Солардың ішінде өзен-
сулы өлкелер, орман-тоғайлы алқаптар, егіндік-шабындық жерлер түгел
хатталды. Ресей патшасы Петр І жарлығымен Ертіс бойына бірнеше әскери
экспедициялар ұйымдастырылды. 1715 жылы И.Д.Бухгольц 2797 адамнан тұратын
драгун-солдат, офицерлердің қарулы отрядын басқарып жорыққа атттанды.
(Памятники Сибирской истории ХУІІІ века. 2-книга, М., 1867, ст.146) сол
жылы экспедиция Ямыш көліне келіп, Ертіс өзенінің жағасында Ямышевск
бекінісінің негізін қалады. Бұл көлдің маңайы ертеден қазақтар мен Сібір
халықтарының Томск, Тобольск, Тара қалаларынан келетін орыс көпестерімен
сауда қатынастары жасалатын жер болатын. Әрине мұнда, яғни сауда орнында
халық бір-бірімен тілдік қатынас жасау керек, бір сөзбен айтқанда делдал
тіл (язык-посредник) керек болатын, оның қызметін татар тілмәштары
атқарғанға ұқсайды.
Енді қазақ даласында көптеген қалалар, бекіністер салынып, теміржол
жүргізілді. Ресейде болған Столыпин реформасы бойынша, ішкі Ресейден,
Украинадан, Бессарабиядан т.б. өңірлерден көптеген крестьян-шаруалар, жер
ауған босқындар келіп қазақ жерінің ең шұрайлы деген жерлеріне орын тебе
бастады. Бұл мәселе туралы тарихшылар: Процесс изьятия земельных угодий у
казахского населения в основном коснулся наиболее плодородных участков в
Северном, Восточном и Юго-Восточном Казахстане, в наибольшей степени
пригодных для развития земледельческого хозяйства. В экологическом
отношений этот процесс коснулся прежде всего лесостепной ландшафной зоны в
регионе Западно-Сибирской низменности, богатой озерами, речной сетью,
лесами, хорошей почвы, и предгорной полосы Алтая, Тарбагатая, Джунгарского,
Заилийского и Киргизского Алатау с развитой системой горных рек и богатой
лесами горными лугами и т.п. (1,361)- деп жазады.
Ресей патшалығы тарапынан қазақ жерінің отарлау саясатының бір
белгісі ретінде ішкі ресейден крестьян-шаруаларының қоныс аудару көрінісі
орыс жазушыларының да шығармаларынан да орын тапқан. Г.И.Успенский сол
жылдары қоныс аударушылардың тұрмыс жағдайымен танысу үшін қазақ жеріне
келеді және сол сапар барысында ол қазақтардың өмірімен барынша танысады.
Осы сапар жазушыға Кочевники и русские переселенцы очеркін жазуға түрткі
болады. Мұнда ол ішкі ресейден орыс-казак шаруаларының қоныс аудару
проблемасын мейлінше обьективті түрде бейнелеген. Ол былай деп жазады:
Казахи беспрекословно повиновались всем распоряжениям правительства:
признали проведенную нейтральную полосу (в ее законном размере, на 10 верст
шириною), уступали лучшие свои земли под постройки городов и станиц ...
водворилось в Акмолинской области, Кокчетавском уезде множество
переселенцев из разных губерний Росии, которые заняли самые лучшие места и
... образовали богатые станицы и поселки... более удобные земли под
крестьянские поселения в Кокчетавском и Атбасарском уездах и даже в
настоящем году в Петропавловском и Кокчетавском уездах образованы два
русских поселения из крестьян.. (2,41-47). Сондай-ақ, жазушы жергілікті
тұрғындардың тұрмыс-жағдайының ауыр халде екендігін: продолжают неутомимо
вести свое многотрудное скотоводческое хозяйство, арендуя у казаков и
крестьян необходимые для этого земли, безнедоимочно уплачивают подати и
повинности и поддерживают общирную торговлю в крае, бірақ соған қарамастан
жергілікті қазақтың ру-тайпалары мен көшіп келуші баса да этностардың
арасында тұрмыстық, сауда-саттық, әлеуметтік қарым-қатынастың болғандығын
айтады. Әрине осындай қарым-қатынастың тілсіз дамуы мүмкін емес.
Орыс және басқа ұлттар шаруаларын орналастырудың қажеттілігі –
жергілікті қазақ халқын орыстандыру, орыстардың нәсілдік және мәдени
жағынан қазақтардан басымдылығын кеңінен дәріптеу, орыс халқының өлкедегі
санын арттыру мақсатын қойса, экономикалық жағынан қазақ даласының табиғат
байлығын тонап, талан-таражға салуға көзқарасынан, түсінігі мен ұғымынан,
ой-пікірінен, ұлттық сана-сезімінен аластату үшін жүргізілген Ресей
патшалығының сұрқия саясаты еді. Бұл қазақ халқының ғасырлар бойы
қалыптасқан әдет-ғұрпына, салт-дәстүріне, тәлім-тәрбиесіне, тілі мен дініне
қарсы жасалған әрекет деп санауымыз керек.
Қазақ жерінің орманды аймақтарына алғаш көшіп келуші орыс-славян
этностары мен жергілікті қазақтар арасында орыс-қазақ қостілділігі пайда
бола бастады. Олардың кейбіреулері татар тілін білетін еді, себебі түркі
тілінің біреуін білу оларға қазақтармен, қырғыздармен т.б. тіл алысу үшін
қажет болатын. Ал, жергілікті қазақтар орыс тілін білуге құштар болды.
Отарлау саясатын бетке ұстаған заманда, этникалық әркелкі қоғамда,
қостілділік пен көптілділіктің таралуында мынадай әлеуметтік лингвистикалық
заңдылық айқын көрініс береді: белгілі-бір этникалық топтың әлеуметтік
халінің нашар болуы, оның аздығы, құқығының шектеулігі, ұлттық қаналуы сол
топ құрамындағы жеке адамдарды қостілділікке немесе көптілділікке
итермелейді. Керісінше үстемділікке ие болып отырған этностың тек аздаған
бөлшегі ғана басқа тілдерді білуге құштар болып келеді, онда да жергілікті
ұлттың көсегесін көгерту үшін емес, өз экономикалық мүддесі үшін екені
белгілі. Бұл дүние жүзінде белгілі болған жәйт.
Олар, көшіп келушілер, өздерімен бірге өз кәсіпшілігін де ала келген
еді. Бұрын қазақ халқы табиғат байлығын тамашалап, жайлап, қыстап, мал
өсіріп қана келген болса және олар табиғат байлығын игеріп алуды мақсат
етпей, өздері сол табиғатпен етене өмір сүретін болса, орыс отаршыларының
келуіне байланысты орман-тоғайды, өлке-суды игеру, ағаш кесу, егу, одан
жасалған өнімдерді сатып, кәсіп ету секілді жаңа типті кәсіби қарым-
қатынастар туды. Сол жаңа кәсіппен бірге бұрын қазақ тілінде жоқ көптеген
өндірістік тәсіл атаулары, қүрал-сайман атауы, мамандық түрлерінің аты
пайда бола бастады. Мысалы: лесник, лесничество, лесосека, лесничий,
древостой, лесопилка, вырубка, редина, пал, заимка т.б. сөздер қазақ
тілінің сөздік қорына етене ене бастады. Сөйтіп, осы аталған терминдердің
қазақша баламасын табу мәселесі әлі күнге шейін өзекті болып келеді.
Мемлекеттік тілге айналған қазақ тілінің қолдану аясы кеңейіп, ғылым тіліне
айналуы орман шаруашылығына байланысты терминдердің орыс тілінен аударылу
мәселесі сол сала бойынша ізденістер, зерттеулер жүргізуді талап етіп отыр.
Сондықтан аталмыш мәселе қазіргі таңда тіл білімінің аймақтық басты
проблемаларының бірі болып табылады.
Жоғарыда айтқандай, ішкі Ресейден және т.б. өңірлерден келген
шаруалар қазақ жерінің ең шұрайлы деген аймақтарға орналасты. Сөйтіп, сол
жер халқының тілдік жағдаятына әсер ете бастады. Қазақ халқы олармен
тұрмыстық қарым-қатынысқа түсіп, бұрыннан бар (қазақ-орыс) қостілдігі одан
әрі қарай дами бастады. Ол жөнінде филология ғылымдарының докторы,
профессор Б.Хасанов былай дейді: Қазақ-орыс қостілдігі республикамызда кең
тараған құбылыс, тарихи процесс.Бұл процесс қазақ-орыс халықтары
өкілдерінің алғаш байланысқа түсе бастаған кезінен Қазақстанның Россияға
қосылуынан әлдеқайда бұрын, екі халықтың көрші қоныстанған жерлеріндегі
күнделікті қарым-қатынаста, сауда-саттық саласында жеке адамдар (тілмаштар,
мұғалімдер т.б.) арасында басталған. Бертін келе өмірдің өзге де
салаларынан кең көлемде көріне бастайды (2,134).анатілі ата мұра.
Сол кездегі орманды аймақтарды мекендеген қазақтың бірсыпыра ру-
тайпалары сібірді отарлау үшін Патша тарапынан арнайы жіберілген орыс-
казактарымен тұрмыстық қарым-қатынаста болып, бір-бірінің тілдерін үйренуге
құштар болған. Бұл кезеңдегі ерекшелік – аталған региондарда қазақ тілінің
қарым қатынас ролінін атқаруы. Бұл фактілер туралы сібір этнографы былай
деп жазады: “ С киргизами крестьяне весьма долго уживались мирно. Мы
заметили, что многие крестьяне вследствие частых сношении усвоили
киргизский язык”(кай,24). Бұл жерде киргиз дегені әрине қазақтар екені
айтпаса да түсінікті. Осындай пікірді Ф.Усовтың да жазбаларынан байқауға
болады: “Почти все казаки Иртышской линии употребляют в разговоре между
собой едва ли не охотнее киргизский язык, нежели русский, заменили многие
русские названия предметов киргизскими и переняли от киргизов некоторые
обычаи...”(кай,9).
1897 жылғы санағының қорытындысы бойынша Қазақстан территориясында
қазақтардың үлес салмағы – 81%, орыс этносы - 12 %, украиндар – 1-2%
болған болса, 1911 жылғы санақта қазақтар - 60%, орыстар – 19,6% болыпты.
Сол кезеңдердегі Қазақстан территориясындағы ұлттық құрамының өзгеру
динамикасын төмендегі кестеден көруге болады:

Халықтар 1897 1926
мың % Мың %
Қазақтар 3392,88 81,1% 3627,6 58,5%
Орыстар 454,4 11% 1275,11 20,6%
Басқа этностар 300,6 7,2% 1293,7 20,9%

Кеңес өкіметінің Қазақстан жерінде орнауы мен нығаюы, екпінді
бесжылдықтар, жаңа формацияның орнығуы қазақ халқына әсер еткені мәлім.
Ұлттық интелегенция өкілдерінің түгелге жуық репрессияға ұшырауы, 1932-1933
жылдарда болған ашаршылық зардаптарынан қазақ халқы 3-млн. адамынан
айырылуы, индустрияны, советтік шаруашылықты дамыту мақсатында басқа ұлт
өкілдерінің көптеп келуі тілдік жағдаятты күрделендірді.
Осы мәселе жөнінде Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті
Н.Назарбаев былай дейді: Тоталитаризмнің өзінен бұрынғы дәуірлермен
салыстырғандағы талассыз бір ерекшелігін – ұлт мәселесін шешудегі
қатыгездігін атап айтуға болады. Қазақтар өздерінің ұлттық бейнесін
жоғалтуда жиырмасыншы ғасырдың бірнеше ондаған жылдары ішінде шеккен
зардапты одан бұрынғы талай жүздеген жылдар бойы шеккен жоқ еді. Ал мұндай
күйге душар болған жалғыз қазақтар ғана емес... тоталитаризмнің сорақы
этникалық тәжірибелерін өзінің ұлттық шет аймақтарындағы ұлт зиялыларын
құртудан бастауы тегін емес. Азғындықтың осынау философиясы ақыл-ой
бәсекесінің ешбір түріне дес бермейді. Ал ғасыр басындағы қазақ зиялылары
саяси көзқарастар мен саясат технологиялары тұрғысынан алғанда тіпті
қазіргі заманның терминдері жөнінде де әлдеқайда ілгері кеткен еді
(3,230). Оның үстіне қазақ жеріне депортацияланған ұлттың өкілдері атап
айтқанда: 1937 жылдың күзі мен қысында Қиыр Шығыстан советтік корейлер,
Еділ бойынан немістер, Ұлы Отан соғыс жылдары депортацияланған шешен,
ингуш, қырым татарлары, қарашай, балқар, түрік-месхеттер т.б. ұлт өкілдерін
қосыңыз.
1954-56 жылдары тың жерді игеру мақсатымен қазақ жерінің бұрын мал
жайылымы ғана болып келген аймақтар жері жыртылып жүздеген шағын
поселкалардың (ауылдар) бой түзеді. Оған негізінен қоныстанған Украина,
Беларуссия, ішкі Ресейден тракторист-механизаторлар еді. 1959 жылғы
Бүкілодақтық санақ нәтижесі бойынша қазақтардың саны бүкіл Қазақстан
бойынша 30% ғана, ал қалалық елді мекенде не бары 16,6% құраған екен. Бұл
туралы сол кездегі КСРО басшысы Н.С.Хрущев былай деген екен: Если Царь в
течение долгого времени не смог заполнить людьми этот регион, используя
царские методы, то нам удалось сделать это, применив советский метод.
Қазіргі таңда Қазқстанның табиғи орманға бай жерлерінде – атап
айтқанда, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан
облыстарының шұрайлы өңірлерінде орыс этносының үлес салмағы басымырақ.
Бірақ, аталған аймақтардағы орыс, неміс этностарының табиғи отанына көшу
үрдісі, қазақ халқының демографиялық өсу қарқыны, оралмандардың осы
өңірлерге қоныстануы өңірдегі демографиялық жағдайды өзгертуде. Алайда, кез-
келген халықтың демографиялық өсу деңгейі мен ана тілінің даму дәрежесін
тікелей байланыстыруға болмайды. Яғни, бұл өңірлерде мемлекеттік тілдің
қолдану аясын кеңейту үшін, осы аймақтардағы жергілікті тілдік жағдаят
ерекшелігін ескере отырып, қосымша заң актілерін қабылдаған жөн деп
есептейміз.
Ана тілі алдымен қалада құриды деген пікір бар. Еліміздің орманды
аймақтары – тұрақ категориясы бойынша ауылдық мекен. Бірақ, дүние жүзіндегі
үрдіс бойынша жергілікті халықтың үлес салмағы сол елдің қалаларынан гөрі
ауылдық елді мекендерінде үлес салмағы көп болып келетіні белгілі. Ал
біздің елімізде екеуі де көпұлтты. Бұл процесс қазақ жерінің барлық
аймақтарына бірдей тән емес. Мұндай жағдай еліміздің табиғи түрде
қалыптасқан шұрайлы жерлерінде және жасанды шұрайлы аймақтарда кеңінен орын
алған. Бұл жөнінде профессор Б.Хасанұлы былай дейді: Ана тілінің даму
деңгейі әлеуметтік қызметінің деңгейімен, таралу шеңберінің көлемімен,
сөйлеушісінің санымен т.б. белгілерімен өлшенеді. Соның ішінде таралу
шеңбері жағырапиялық ұғым – тұрақ қатегориясына (категория местожительства)
қарай бөлініп қаралады. Бұл ретте біз қалалық жер мен ауылдық жердегі ана
тілінің дамуы екі түрлі болып келетінін айтпақпыз. Бір көңіл бөлетін жайт
сол – басқа Достастық елдерінде қала көпұлтты болып келсе, ауылдық жерге
көпұлттылық тән емес. Біздің Қазақстанда екеуі де көпұлтты. Соған қарамай,
қазақ тілі қаладан гөрі ауылдық жердегі этностар арасында әлдеқайда кең
тараған. Мұның басты себебі сол – ауылдық жерде қазақтың саны да, үлес
салмағы да басым(2,103).
Біз жоғарыда табиғи түрде қалыптасқан шұрайлы және жасанды
шұрайлы жер деген анықтамалар қолдандық. Мұның мәні мынау: табиғи түрде
құнарлы жерлер деп, біз сулы, орманды аймақтарды атадық, ал жасанды түрде
құнарлы жерлер дегеніміз өткен ғасырдың 50-ші жылдары тың жерді игеру
мақсатымен бұрын тек мал жайылған жерлер жыртылып, егін егілген және сол
аймақтарда елді мекендер құрылған, немесе темір жол салынып, жері құнарлы
болмаса да, соның бойында орналасқан елді мекендерді , яғни жаңа типтес
тұрақ категориясы меңзедік. Ал мұндай жерлер еліміздің солтүстік, орталық,
шығыс, батыс және оңтүстік территорияларының бәрінде де кездеседі. Бірақ,
біздің таңдаған тақырыбымыз орманды аймақ және орман шаруашылықтарында
мемлекеттік тілдің қолданылу аясы болғандықтан, ғылыми-зерттеу нысанамызға
еліміздің шығыс, солтүстік, оңтүстігінде орналасқан облыстарымыз еніп отыр.

Тұрақ категориясына социолог мамандар мынадай анықтама береді:
Поселения являются формой включения индивида в общественную жизнь, средой
его цивилизации. Оно формирует у него определенные социальные качества.
Любой тип поселения – это непосредственная среда жизнедеятельности
человека. В данном плане социальная функция поселения выражает его место в
границах общества как целостной системы. Но социальную функцию поселения
можно трактовать и в узком смысле. Город или деревня играет роль фактора,
социально дифференцирующего население... Закрепление людей за поселениями
разного типа, с различным набором социаольно-экономических условий
жизнедеятельности превращает их в специфическое социальное образование:
общность по поселению. Такие специфические биосоциальные и биопсихические
общности можно легко обнаружить на Крайнем Севере и в Уссурийской тайге, в
городах-мегаполисах, на прибалтийских и западноукраинских хуторах, в
большом среднеазиатском городе или в кишлаке(3,243).социология Біздің
орманды аймақтарда орналасқан кейбір ауыл (заимка) тұрғындарының жұмысы,
қоршаған табиғаты, орманды қорғауда атқаратын қызметтері бір болу процесі
сол адамдарды аталған тұрақ категориясына тұсаулап тұрады.
Қолымызда бар мәліметтер бойынша, осы облыстардағы орыс этносының
біртілдігі – 83,9%, яғни олардың 16,1% ғана мемлекеттік тілді меңгерген
екен. Демек , орыс этносы басым жерлерде біртілділік басым, біртілділіктің
үлес салмағы орыстың үлес салмағына тура пропорционал болып келеді екен.
Біртілділік - әдеттегі әлеуметтік-этникалық құбылыс, ал
қостілділік- әлеуметтік құбылыс. Мұны игеру – азаматтық парыз. Осы
облыстардағы орыс этносының мемлекеттік тілді меңгеру деңгейі:
Солтүстік Қазақстан облысы – 8.4%,
Павлодар облысы - 10.9%,
Қостанай облысы - 12,4%,
Шығыс Қазақстан облысы - 10,4% (3,85-157).
Біздің, бұл келтірілген мысалдар жекеленген облыстар бойынша
беріліп отыр. Ал, сол облыстардағы орманды өлкеде тұратын, орман
шаруашылығы саласында қызмет ететін халық құрамы, оның мемлекеттік тіл білу
дәрежесі бойынша деректер жоқ. Әйтсе де, аталған өңірлерде қазақ ұлтының
үлес салмағының оралмандар есебінен артып келе жатқандығы анғарылады. Олар,
өз кезегінде,аймақ тілдік жағдаятына тиісінше әсер етіп, мемлекеттік тілдің
қолдану аясын кеңейтуде. Бірақ, олардың мемлекеттік тілде сөйлеуі отбасы
ішінде, тұрмыстық қарым-қатынаста ғана. Ал, орман шаруашылығының кейбір
филиалдарындағы іс-қағаздар, жоғары инстанциядан келетін құжаттар, ресми
тілде болып қала берді. Сондықтан, біздің зерттеу жұмысымыздың негізгі
мақсаттарының бірі, осы сала бойынша әлеуметтік-лингвистикалық мониторинг
жүргізу болып табылады. Тіл саласындағы мониторинг – тіл қызметі жөнінен
ақпарат алу процесі.
Осы мәселе төңірегінде социолингвист-ғалым Б.Хасанұлы: Замана
талабына сай, мониторингті тіл саласына әлеуметтік лингвистика тұрғысынан
енгізуге болады. Сонда социолингвистикалық мониторинг тіл қызметінің
ахуалына, тілдердің өзара байланыса бақылау жүргізер еді. Өз қызметінің
деңгейіне қарай социолингвистикалық мониторингті ғаламдық, аймақтық және
жергілікті деген үш түрге бөлуге болады.
Қазақ тілінің қызметі өмірдің күллі саласы бойынша әр аймақта
сараланбай, қазақ тілінің мәртебесі дараланбайды. Тіл саясатының жүзеге
аспауының тағы бір себебі сол – онда аймақтық тілдік жағдаяттар арасындағы
айырмашылықтар ескерілмеген. Әлбетте, тілдік жағдаяты күрделі
айырмашылықтар мен тілдік жағдаяты әлдеқайда жеңіл болып келетін батыс,
оңтүстік аймақтарға Қазақстанның тіл саясаты ортақ, бірақ сол саясатты
жасаудың өзінде күллі аймақтың тілдік жағдаяты ескерілуі шарт. Қазіргі
кезде социолингвистикалық, психолингвистикалық зерттеу жүргізіп, ортақ тіл
саясаты негізінде сол жергілікті тілдік жағдаят ерекшелігін ескере отырып,
қосымша заң актілері қабылданғаны абзал (4,33).

1.2. ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТІНІҢ ОРМАН ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІЛ.
ОРНЫ МЕН РОЛІ.

Қазақстанның байырғы қалаларында, Тараз, Отырар, Мерке, Түркістан
т.б. қалаларының көшелері ағашқа толы болған. Ол кезде ағаш күйіп тұрған
күннен көлеңкелі сая жасау, құрылыс бұйымдарын жасау үшін егілген. Бертін
келе Қазақстанның орманды аймақтарында ағаш дайындау үшін шағын
лесопилкалар құрыла бастап, онда жұмыс жасау үшін Ресейден арнайы ағаш
кесуші кәсібін меңгерген жұмысшылар тартыла бастады. Сол шағын ағаш өңдеу
құрылғыларынан басқа, орманды қорғау, ағаш егу, орманды күтіп-баптау үшін
орман шаруашылықтары да құрылды. Сол кезеңдерде, орманды қорғау үшін
бірнеше заңдық күші бар қаулы-қарарлар да қабылданған. Мәселен, Іле
Алатауындағы орманды, онда өсетін ағаштарды сақтау және қаланы көгалдандыру
мақсатымен 1867 жылдан бастап ағаштан үй салу, қорған жасауға тыйым
салынды. Отынға шіріп құлаған ағаш, бұрын кесілген ағаштарды ғана
пайдалануға рұқсат етілді.
Еліміздің барлық облыстарында орман шаруашылықтары бар. Олардың
қызметтері де әр-алуан болып келеді. Павлодар, Шығыс Қазақстан
облыстарындағы орманды аймақтарда ағаш дайындау, өңдеу қызметін атқарса,
қуаңшылық өңірлердегі шаруашылықтардың міндеті - ағаш егу, егістіктерді
қуаңшылықтан қорғау, елді-мекендерді жасылдандыру.
2004 жылдың маусым айында Павлодар облысындағы Ертіс орманы
мемлекеттік кәсіпорынының Галкино филиалына, Баян орманы орман
шаруашылығына қарасты Шарбақты ауылына, профессор Б.Хасанұлы бастаған
әлеуметтік-лингвистикалық экспедиция ұйымдастырылды. Экспедиция барысында
орман шаруашылығы жұмысшылары арсында мемлекеттік тілдің қолданылу аясын
анықтауға негізделген сауалнама-сұраулық жүргізілді. Соның нәтижелері
төмендегідей көрініс берді.
Шарбақты ауылы. Мұнда Баян орманы Республикалық мемлекеттік
кәсіпорынының өндірістік учаскесі орналасқан. Бұл ауылда 400-дей отбасы
тұрады. Аралас орта мектебі, Мәдениет үйі бар. Қазақ ұлтының үлес салмағы
62%, оның 96% қазақ тілін ана тілі ретінде қабылдайды. Орыс диаспорасы 34%
олардың 8,4 мемлекеттік тілді меңгерген. Бұл жалпы мәлімет. Орман
шаруашылығы жұмысшы-қызметкерлерінің арасында сауалнама – сұраулық
жүргізілді. Оның мазмұнын диссертацияның қосымшасында беріп отырмыз. Содан
алынған мәліметтер мынау:
Жалпы жұмысшы саны 18 адам, ұлттық құрамы: 9- қазақ, 5-орыс, 3-
украин, 1-неміс ұлтынан. Қазақтардың бәрі мемлекетті тілді ана тілі ретінде
қабылдайды және қазақ-орыс қостілді. Барлық орыс және 2-украин орыс тілін
ана тілі ретінде қабылдайды. 1-орыс, 1-неміс мемлекетті тілді жақсы
деңгейде меңгерген, сөйлейді бірақ, оқи және жазу білмейді. Іс – қағаздар
түгелдей дерлік ресми тілде, жоғарғы инстанциялардан құжаттар көбіне орыс
тілінде келеді. Өндірістік учаскенің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері
Тіл мен мәдениетті меңгерудің этнолингвистикалық принциптері
Қазақ тіліндегі жалқы есімдер
Когнитивті лингвистика пәні, оның зерттеу объектісі. Когнитивтік лингвистиканың калыптасу тарихы
Əлеуметтік гендерлік зерттеулер
Қазақ антропонимдерін зерттеудегі тіл мен мәдениет сабақтастығы
Саяси тілде сөйлеу
Қостілділіктің дамуы және өрістеуі көпұлтты қоғам қажеттілігі
Жарнамадағы түс: психолингвистикалық зерттеу
Қазақ дүниетанымының ономастикалық концептілердің дүниенің тілдік бейнесінің этномәдени ерекшеліктерін айқындау
Пәндер