Демократия туралы ұғым және оның белгілері



1. Демократия туралы ұғым және оның белгілері
2. Демократияның антикалық теориясы
3. Жаңа дәуірдегі демократияның классикалық теориясы
4. Демократияның алуан түрлілік және төба топ теориялары
Демократия деген сөз гректің «демос» -халық және «кратос»- деген сөздерден тұрады, яғни халық билігі деген мағна білдіреді .
Қазір бұл сөз бірінеше мағнада қолданылады:
1. Мемлекет тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі
2. Мүшелерінің теңдігіне басқару органдары мерзімді сайлану және көпшілік дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген ұйымның ұйымдастыру түрі,
3. қоғамдық құрылымның мұраты және оған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі ойшылдар оны әртүрлі түсіндірген оның үстінде әртүрлі елдерде олардың ұлттық тарихи және тағы басқа ерешеліктеріне байланысты демократия сан түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен , демократиялық мемлекеттердің көп түрлігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгелерге төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзіндегі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы саналуы. Ол мемлекет ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа тән екендігін көз жеткізеді. Ол жоғры органдарға өз өкілдерін сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады.Бірталай мемлекеттерде халықтың бастамасымен және референдум арқылы зағдар жетілдіреді және қабылданады. Сондықтан АҚШ тың президенті А.Линкольн демократияға «халық үшін халық сайлаған халық билігін» жатқызады.
2. халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік болған жерде ғана болады. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақшы тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдіккке негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада –халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны орындауда және т.т. болуға тиіс.

Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Демократия деген сөз гректің демос -халық және кратос- деген сөздерден
тұрады, яғни халық билігі деген мағна білдіреді .
Қазір бұл сөз бірінеше мағнада қолданылады:
1. Мемлекет тұрпаты мен жалпы саяси жүйесі
2. Мүшелерінің теңдігіне басқару органдары мерзімді сайлану және көпшілік
дауыспен шешімдер қабылдау принциптеріне негізделген кез келген
ұйымның ұйымдастыру түрі,
3. қоғамдық құрылымның мұраты және оған сәйкес көзқарастар.
Демократияның көпшілік таныған біріңғай анықтамасы жоқ. Әр дәуірдегі
ойшылдар оны әртүрлі түсіндірген оның үстінде әртүрлі елдерде олардың
ұлттық тарихи және тағы басқа ерешеліктеріне байланысты демократия сан
түрлі рең алуы мүмкін. Дегенмен , демократиялық мемлекеттердің көп
түрлігіне қарамастан, олардың ортақ белгілері болады. Ондай белгелерге
төмендегілер жатады.
1. Халықтың заң жүзіндегі мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы
саналуы. Ол мемлекет ұйымдастырушы, конституциялық биліктің халыққа
тән екендігін көз жеткізеді. Ол жоғры органдарға өз өкілдерін
сайлайды және жүйелі түрде ауыстырып отырады.Бірталай мемлекеттерде
халықтың бастамасымен және референдум арқылы зағдар жетілдіреді және
қабылданады. Сондықтан АҚШ тың президенті А.Линкольн демократияға
халық үшін халық сайлаған халық билігін жатқызады.
2. халық билігін орнату үшін оған жағдай жасау керек. Ондай жағдай теңдік
болған жерде ғана болады. Б.з.б. V ғасырда өмір сүрген гректің атақшы
тарихшысы Геродот сол кездің өзінде демократия деп теңдіккке
негізделген мемлекетті айтады деген болатын. Теңдік барлық салада
–халық жиналысында, мемлекеттік істерге қатысуда, заң шығаруда, оны
орындауда және т.т. болуға тиіс.
Демократиялық принцпке жүйелі түрде мемлекеттің негізгі органдарын
сайлау жатады. Ең алдымен жоғарғы заң органы сайланбалы болуға тиіс. Одан
соң төменгі өзін- өзі басқаратын органдарға дейін сайланбалы болған
бұрыс.
Сонымен қатар шешім қабылдағанда ерте заманда демократияға
азшылықтың көпшілікке бағынуы жатады. Кейінірек мұндай бағыну шектелді,
азшылықтың өз пікірі болуы, оны сыйлау онымен санасу керектігі
мойындалды.
Демократия болу үшін саяси, экономикалық, құқықтық, мәдени,
идеологиялық кепілдіктер жүйесі болуы шарт. Оның маңызды кепілдігіне әр
түрлі демократиялық елдерде қалыпасып жатқан азаматтық қоғам мен құқықтық
мемлекеттер жатады.
Сонымен, демократия деп халық билігі, теңдік, құқықтық, әділдік,
еркіндік принциптеріне негізделген мемлекеттік құрылысты айтамыз.
Демократиялық мемлекеттіңең бірінші түріне Афины республикасы жатады.
Ол б.з.б. V ғасырда пайда болды. Оның жоғарғы билік ұдайы ұшақырылып
тұратын халық кеңесінің қолында еді. Ол мемлекеттің ішкі және сыртқы
саясатына байланысты барлық мәселелерді шешетін. Халық кеңесіне 20 жасқа
жетке афиналық әрбір азамат қатыса алатын. Бірақ онда толық құқықты
азаматтар көп болған жоқ. Құлдардың, әйелдердің, басқа қалалардан Афинаға
көшіп келгендердің құқығы болған жоқ.
Афины мемлекеттік құрлысының үшінші маңызды демократиялық органын он
бөлімнен тұратын халық сотын құрды. Істің қандай бөлімінде
қаралатындығы сот болатын күні жеребе арқылы шешілетін. Бұл пара алушылық
сияқты зиянды әдеттерде жол бере бермейді.
Оың үстінде сот мәжілістері ашық жүршізілетін. Ол да сотты әділ жүргізуге
кепілдік ететін. Заңдылықтар халық жиналысында қабылданатын. Афинының
азаматтары өзін еркін санайды. Себебі, олар жеке адамдарға емес, заңға
бағынады олар соғыс кезінде болсын, бейбі шақта болсын мемлекетке
қызметететін.
Антикалық демократия тура демократияға жатады. Әрбір еркін азамат
мемлекеттік билеуге қатысуға құқықтық және міндетті болатын. Сондықан
адам мен мемлекеттің арасында қазіргідей пария, парламент, бюрокатия
сияқтылар болған жоқ.
Афинылық демократи Периклдің (б.з.б 490-429) басшылық еткен
дәуірінде гүлденіп өркендеді. Бұл кез афинылық демократияның алтын ғасыры
болып саналды. Шынында да, асқан саясаткер, кереме шешен , білімді білгір
Перкил халық көсемі болып есептеледі және тиранияға қарсы тұрды. Ол орта
және ұсақ жер иелерін демократияның тірегі ретінде саналып, оларды
қолдады.
Ол өлгеннен кейінгі жылдары саяси және экономикалық теңдік ретінде
бұзылып, жойыла бастады. Азаматтардың мүлік теңсіздігі ұлғайды, әдеп-
ғұрып бүлініп, көпшілік тарапында азшылыққа бассыздық, зорлық-зомбылық
көбейді. Осының бәрі демократиялық принциптерді әлсіретіп, төмендетті.
Б.з.б 322 жылы афинылық демократия құлап, қала Македонияға тәуелді
болып қалды. Афиныда демократиялық басқару түрі сақталып, бірақ халық
кеңесі шын мәнінде биліктен айрылды.
Афиныдағы сияқты демократиялық мемлекет Ежелгі Римде де болады. Мұнда
демократия одан әрі дамиды. Институционалдық және әлеуеттік билік
бөлінді. Басы бос, саяси тең құқы жоқ төменгі топтың адамдары мен
ақсүйектері арасындағы дау-жанжалдың нәтижесінде халықтық трибунат деп
аталған, халық билгін білдіретін жаңа орган пайда болды. Соның арқасында
адамзат тарихында бірінші болып биліктің аралас түрі дүниеге келді.
Аристотель демократияны жалпы халықтың игілігн ойлап, ұстамды, ұтымды,
баянды шешім қабылдай алмайтын тобырдың билігі деп сипаттады. Демократия
барлық адамдарды теңестіреді стихиялы шешім қабылдатады, қызмет
адамдардың қабілетіне, біліміне қарай емес жеребемен қойдырады деп Платон
да жақтырмады. Сондықтан ол демократияға жақсыдан нашарлау, жаманнан
тәуірлеу биліктің түрі деп қарады. Дегенмен, антикалық демократияны
саятшылар, тарихшылар ғасырлар бойы зейін қойып зерттеп, оған сүйеніп,
жүгніп келді. Ежелгі грек, Рим демократиясының нышандары жаңа тарихқа
енді. Заңның үстемдігі, заң алдындағы барлық азаматтарды теңдігі, саяси
құқықтардың теңдігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттің құрылымы бойынша түрлері
Саяси режимнің негізгі түрлері, типтері және принциптері
Саяси режимнің негізгі типтері және оларды жіктеу принциптері
Унитарлы мемлекет
САЯСИ РЕЖИМ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
Демократия теориясы: тарихы және бүгіні
Мемлекет
Демократия және оның пайда болуы кезеңдері
Қазақстан Республикасындағы демократия
Демократия туралы түсінік
Пәндер