Жеткіншек ұрпаққа экологиялық білім берудің мәні



КІРІСПЕ

Ι. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ι. 1. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың психологиялық.педагогикалық негіздері

ΙΙ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие берудің технологиясы
2. 2. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тәсілдері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.
Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесiндегi шешушi буын. Оның жас ұрпақты тәрбиелеудегi рөлi өте зор. Елiмiздiң бүкiл жастары мектеп арқылы өмiрге жолдама алады. Мектеп ешқашан отбасынан, қоғамнан бөлiнiп, өз бетiнше жеке автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның iс-әрекетi отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштердi ұйымдастыру мен бiрiктiру рөлiн атқарады. Ол iшкi тәрбие үрдiсiн басқарып қана қоймайды, сонымен бiрге мөлтек аудандарда, кәсiпорындарда жүргiзiлетiн тәрбие жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етедi. Осы тұрғыдан мектеп – балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және қалыптасуында әр түрлi факторлардың ықпалын үйлестiрiп, бiрiктiрудiң орталығы.
Тәрбие – қайшылықты әрi ұзақ үрдiс. Оның нәтижесiн есепке алу күрделi мәселе. Ол үшiн жобаланған және қол жеткен шынайы нәтиженi салыстырып талдау қажет. Қол жеткен нәтиже дегенде тұлғаның тәрбиелiк деңгейi түсiнiледi.
Тәрбие педагогикалық үрдiстiң маңызды және өзiндiк бағыт-бағдары бар бөлiгi екенi белгiлi. Оның өз мазмұны, қағидалары бар және өзiне тән әдiстер-тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысы – үздiксiз әрi кешендi түрде жүргiзiлетiн үрдiс. Сондықтан баланы қазiргi әлемдiк мәдениеттiң рухымен тәрбиелеген абзал. Ол үшiн жас ұрпақтың туған халқының қастерлi қасиеттерiмен бiрге, өзге халықтардың озық дәстүрiнен үлгi алуына ықпал ету керек.
Тәрбиенiң мәнi – адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендiрiп, оның ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесiн құру.
Тәрбие үрдiсi адамның қоғамдық мәнiнiң әлеуметтiк маңызды сапаларын қалыптастыруға, оның қоғамға, өздiк қатынастарын жасауға және олардың шеңберiн кеңейтуге бағытталады.
1. Білім туралы – Об образовании: Қазақстан Республикасының Заңы.
А.: «Литера», 2000-96 б.
2. Қазақстан Республикасында жалпы білім беретін мектептер білім мазмұнының тұжырымдамасы //Қазақстан мұғалімі. 1993.-9 сәуір.
3. Қазақстан Республикасында гуманитарлық білім беру тұжырымдамасы.// Егеменді Қазақстан: 1994 жыл:25 тамыз.
4. Ақназаров Б.З., Шыныбекова Э.И. Оқыту процесінде тәрбиелеу.- А., 1972.
5. Абдильдин Ж.М., Абишев К.А. Формирование строя мышления в процессе деятельности.-А., 1991.
6. Шалабаева Г.К. Этнос. Культура. Самасознание.-А. Атамұра, 1995.-240 с.
7. Құнанбаев А. Шығармаларының жинағы. І-ІІ том. –А: Жазушылар, 1977.-156-184 б.
8. Философиялық сөздік (Редкол: Р.Н. Нұрғалиев, Г.Г. Ақмамбетов, Ж.М.Әбділдин.-Алматы: ) «Қазақ энциклопедиясы», 1996-525 б.
9. Аверинцев С.С.Философский знциклопедический словарь.-М: Советская энциклопедия, 1989.-с. 581-582.
10. Словарь по этике Под ред. И.С.Кона.- М.: Политиздат, 1993.-445с.
11. Қалиев С., Майғаранова Ш., Бейсенбаев З., Нысанбаева Г.,Иманбаева С., Айтмамбетов Б., Бейсенбаева А. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. Оқу құралы.-А., 1999. –153 б.
12. Каган М.С.Человеческая деятельность: опыт системного анализа. –М.: Политиздат, 1975.-328с.
13. Вернадский В.И. Философские мысли натуралиста: / СБ.: К 125-летию со дня рождения. / Предисл. А.Л. Яншина и др., прим. И.И. Мочалова, К.П. Флоренского/: АН СССР.-М.: Наука, 1988. –19с.
14. Гирусов Э.В. Природные основы экологической культуры //Экология, культура, образование:/ М-лы к конф./ / Редкол.: Мамндов Н.М./ отв. Ред/.-М .: Б.И.,1989. –С.11-18.
15. Организация экологического образования в школе: Пособ.Для раб- в ср. Общеоб. Шк. Пробл. Совет по экол. Обр. АПН СССР:/ Суравегиной.- Пермь :Б.И.,1990.-148с.
16. Лихачев Б.Т. Экология личности. // Педагогика. –1993. С. 19-23.
17. Полинчак Ф.Я., Платонов Г.В. Экологические отношения, срзнание дятельности // Вест. Моск. Ун-та. –Серия, 7. Философия.-1987.-№4. С.74-82.
18. Мясищев В.И. Социальная психология и психология отношений./ Проблемы общей психологии.-М.: Педагогика, 1965.-С. 270-280.
19. Ананьев Б.Г. Человек как предмет воспитания. –Сов. Педагогика,1965. №1, с. 36-42.
20. Эльконин Д.Б: Психология игры.- М.: Педагогика,1978.-304с.
21. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. Психологическое иследование –М.: Просвещение,1968.-464с.
22. Лихачев Б.Т. Воспитательные аспекты обучения. –М.: Просвещение, 1982.-1191с.
23. Самари Ю.А. Очерки психологии ума.- М.: Изд-во АПН РСФСР, 1962.-504с.
24. Калиев С., Майгаранова Ш., Бейсенбаев З., Нысанбаев Г., Иманбаева С., Айтмамбетова Б., Бейсенбаева А. Теория и методика воспитания школьников (1-1Х классы).-А., 1999.-138с.
25. Бейсенбаева А.А. Межпредметные связи- важнейший резерв повышения эффективности идейно-нравственного воспитания школьников // Межпредметные связи в идейном воспитании учащихся: тезисы докладов.-А.,1990.-С.20-25.
26. Жарықбаев Қ.Б. Психология. –А.: Мектеп, 1970.-232с.
27. Жампеисова К.К.Формирование основ политической культуры старшеклассников в целостном педагогическом процессе школы.-А., 1993.-232с.
28. Лемберг Р.Г. Дидактические очерки. Изд. 2-е перераб. –А.: Мектеп, 1964.-144с.
29. Мұқанов М.Педагогикалық психология очерктері.-А.:1962.
30. Мұқанов Б.Ы. Жеткіншектердің әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру мен дамытудағы мұғалім мен оқушының өзара қатынасының педагогикалық негізі.-А.,1992.-267б.
31. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары.-А.:Мектеп,1978.-110 б.
32. Тәжібаев Т.Жалпы психология.-А.: Қазақ университеті,1993.-240 б.
33. Узакбаева С.А. Эстетическое воспитание школьников средствами народной педагогики. Дис.док.пед.наук.-А.,1993
34. Педагогическая энциклопедия. –М.: Изд-во Советская энциклопедия, 1964.-831с.
35. Жұмабаев М.Б. Педагогика.-А.: Ана тілі,1992.-256 б.
36. Фельдштейн Д.И. психологические основы общественно-полезной деятельности подростков.-М.: Педагогика, 1982.-224с.

Жеткіншек ұрпаққа экологиялық білім берудің мәні

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

Ι. ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Ι. 1. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық
негіздері

ΙΙ. БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
2.1. Оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие берудің технологиясы
2. 2. Оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастырудың тәсілдері

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ.

КІРІСПЕ

Мектеп - өскелең ұрпақты тәрбиелеу жүйесiндегi шешушi буын. Оның жас
ұрпақты тәрбиелеудегi рөлi өте зор. Елiмiздiң бүкiл жастары мектеп арқылы
өмiрге жолдама алады. Мектеп ешқашан отбасынан, қоғамнан бөлiнiп, өз
бетiнше жеке автономиялық мекеме болған емес. Сондықтан оның iс-әрекетi
отбасымен, жұртшылықпен, еңбек ұжымдарымен тығыз байланысты.
Мектеп тәрбиеге байланысты барлық қоғамдық күштердi ұйымдастыру мен
бiрiктiру рөлiн атқарады. Ол iшкi тәрбие үрдiсiн басқарып қана қоймайды,
сонымен бiрге мөлтек аудандарда, кәсiпорындарда жүргiзiлетiн тәрбие
жұмысының мақсатқа бағыттылығын қамтамасыз етедi. Осы тұрғыдан мектеп –
балалармен тәрбие жұмысын ұйымдастырудың, жеке адамның дамуында және
қалыптасуында әр түрлi факторлардың ықпалын үйлестiрiп, бiрiктiрудiң
орталығы.
Тәрбие – қайшылықты әрi ұзақ үрдiс. Оның нәтижесiн есепке алу күрделi
мәселе. Ол үшiн жобаланған және қол жеткен шынайы нәтиженi салыстырып
талдау қажет. Қол жеткен нәтиже дегенде тұлғаның тәрбиелiк деңгейi
түсiнiледi.
Тәрбие педагогикалық үрдiстiң маңызды және өзiндiк бағыт-бағдары бар
бөлiгi екенi белгiлi. Оның өз мазмұны, қағидалары бар және өзiне тән
әдiстер-тәсiлдер арқылы жүзеге асырылады.
Тәрбие жұмысы – үздiксiз әрi кешендi түрде жүргiзiлетiн үрдiс.
Сондықтан баланы қазiргi әлемдiк мәдениеттiң рухымен тәрбиелеген абзал. Ол
үшiн жас ұрпақтың туған халқының қастерлi қасиеттерiмен бiрге, өзге
халықтардың озық дәстүрiнен үлгi алуына ықпал ету керек.
Тәрбиенiң мәнi – адамның қоғамдық мазмұнын әлеуметтендiрiп, оның
ұжыммен және қоғаммен практикалық қатынастарының жүйесiн құру.
Тәрбие үрдiсi адамның қоғамдық мәнiнiң әлеуметтiк маңызды сапаларын
қалыптастыруға, оның қоғамға, өздiк қатынастарын жасауға және олардың
шеңберiн кеңейтуге бағытталады.

Тәрбие iсiнiң
мiндеттерi

Педагогикалық
жағдайлардың
тәрбиелiк әсерлерiнiң нәтижесiн талдау, жоспарлау,
жұмысын реттеу

Тұжырымдама,бағд Заңдылықтар Тәрбиелiк
арламалар жүйелер

Тәрбие ұстанымдары

Тәрбиенiң негiзгi бағыттары

Тәрбие әдiстерi форма құралдары

Т ә р б и е н ә т и ж е с i

Тәрбие үрдiсiнiң өзiндiк ерекшелiктерi:
• мақсатты бағытталғандық (ынтымақтастық);
• көпфакторлылық (тәрбиешiлiк тек заңдылықтармен ғана байланысты емес, ол
-өнер);
• нәтижеге жету қашықтығы;
• динамикалық (қозғалмалы және өзгермелi, тәрбие бала бойындағы жағымсыз
қасиеттердi жағымды қасиеттерге ауыстыра алады);
• ұзақтығы;
• үздiксiздiгi;
• вариативтiлiгi;
• қайшылықтылығы.
Тәрбие тұлғаны қалыптастырудың тұтастығына бағынатын тәрбие үрдiсiнiң
мақсат, мiндет, мазмұн, форма, әдiстер бiрлiгiн бiлдiредi. Тұлға
қасиеттерiнiң қалыптасуы бiр мезетте, яғни кешендi жүзеге асады, сондықтан
педагогикалық өзара әрекет те кешендi сипатта болуы керек.
Қорыта келгенде, тәрбиенiң негiзгi қызметi мыналар болып табылады:
• мәдениеттi сақтау және жалғастыру;
• тұлғаны әлеуметтендiру;
• тұлғаның шығармашылық қабiлетiн дамыту;
• баланы қорғау.
Тәрбие мақсаты – мейлiнше тәрбиелiк күш-қуатқа ие болатын өзара
әрекеттi ұйымдастыру. Мақсатқа тәрбиенiң мазмұны, ұйымдастырылуы, формалары
мен әдiстерi түгел дерлiк бағынады. Ендеше, тәрбие мақсаты – бұл идеал
тәрбиеленушi туралы көзқарас. Идеал туралы мұндай көзқарас тәрбиешiнi
әрекетке итермелеп, тәрбие мақсаты, мазмұны мен амалдарын алдын ала
анықтайды. Мұнда тәрбиелiк әрекеттiң нәтижесi – оқушының бiлiмi,
бiлiктiлiгi, олардың дене, рухани дамуы – жеке және ағымды мақсаттармен,
сонымен қатар соңғы мақсатпен – идеал бала бейнесiмен салыстырылады.
Сонымен, тәрбие мақсаты – саналы түсiнiлген педагогикалық әрекеттiң болашақ
нәтижесiнiң көрiнiсi, яғни қазiргi таңдағы тәрбие мақсаты - жетiлген, жан-
жақты үйлесiмдi дамыған шығармашыл тұлға қалыптастыру.
Тәрбиенiң негiзгi мiндеттерi:
• қазақстандық патриотизм мен азаматтықты қалыптастыру;
• саяси, құқықтық, экономикалық, экологиялық, эстетикалық мәдениеттiң
жоғары деңгейiн қалыптастыру;
• өзiнiң мамандығын анықтай алу қабiлетiн қалыптастыру;
• отбасылық қатынастағы мәдениеттi және гендер мәселесiндегi сауаттылықты
қалыптастыру;
• рухани-адамгершiлiк мәдениеттi, этномәдениеттi, халықаралық қатынас пен
толеранттық мәдениеттi қалыптастыру;
• сыни ойлау дағдысы мен салауатты өмiр салтын қалыптастыру.
Тәрбие мазмұны деп тұлғаның бiлiмi, сенiмi, дағды, көзқарас, сапасы,
қасиеттерi, мiнез-құлқының орнықты әдеттерiнiң жүйесiн түсiнемiз. Мазмұнның
негiзгi элементтерi – тәрбиеленушiнi өмiрдегi басты үш нәрсеге: азамат,
маман, отбасы иесi болуға дайындау. Тәрбие тiрегi – жалпыадамзаттық және
ұлттық құндылықтар. Сондықтан тәрбие үрдiсiнiң мазмұнын анықтағанда
педагогтар бiр жағынан жалпыадамзаттық құндылықтарға, екiншi жағынан –
ұлттық, аймақтық, жергiлiктi дәстүрлер мен құндылықтарға жете мән берiп
қатар қарастыруы керек.
Тәрбие жүйесi – тұлғаның рухани-адамгершiлiк, шығармашылық дамуын
қамтамасыз ететiн әлеуметтiк жиынтық. Тәрбие жүйесiнiң мақсаты мен нысаны –
толыққанды тұлға. Тәрбие жүйесiнiң өзегi тәрбиелеушi ұжым болып табылады.
Бұл – педагогикалық және оқушылар ұжымының өзiнше өзгеше бiрлiгi. Сондай-
ақ, педагогикалық ұжым – басқарылатын жүйе. Бiрақ оқушылар ұжымы
педагогикалық ықпалдың тек қана объектi ғана емес, ол өзiндiк дамуының
субъектi де болуы тиiс. Сонымен қатар, ол педагогикалық ұжымға деген
қатынаста ылғи да субъект рөлiнде түзушi, кейде оның ықпалын өзгертушi де
болуы шарт.
Кез келген мектептiң тәрбие жүйесi ең алдымен педагогикалық ұжым
ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды.

Мектептегi тәрбие жұмысының мазмұнын, әдiстемесi мен технологиясын
оның тәрбие жүйесi анықтайды. Мектептiң тәрбие жүйесi – туындайтын,
жетiлдiрiлетiн, жаңаратын, ескiретiн, жойылатын динамикалық құбылыс.
Тәрбие жұмысы бірнеше саладан тұратыны белгілі. Жастардың мәдениетті де
білімді, жан-жақты дамыған азамат етіп тәрбие беруде патриоттық,
экономикалық, экологиялық, құқықтық, саяси, эстетикалық, дене, т.б.
тәрбиелердің тұтастай толық жүргізудің маңызы зор. Қазіргі таңда
экологиялық тәрбиенің алатын орны үлкен. Экологиялық тәрбие ертеден-ақ
өзінің өзектілігімен ғалымдар назарын аударған. Оған философтар,
социологтар, педагогтар, психологтар ерекше мән береді.
Бұл мәселенің философиялық негізі С.САверенцев, Э.В.Гирусов,
Д.С.Лихачев, А.Г.Маслеев, Н.Ф.Реймерс, К.О.Стошкус, А.Д.Урсу зерттеулерінде
қаланды. Республикамызда экологиялық проблемаға философтар Ғ.Ғ.Ақмамбетов,
Ж.М.Әбділдин, Қ.Ә.Әбішев, М.Баймаханов, А.Н.Нысанбаев, Қ.Ш.Нұрланова,
А.Қасабеков, Д.Кішібеков, Қ.Шүленбаев, Г.К.Шалабаева және т.б. мән берді.
Олар өз еңбектерінде адамның қоғамдық мәнін, рухани жан дүниесіндегі
сезімдік қасиеттерін, олардың мақсаты мен мұратын, қажеттілігі мен
мүддесін, адамгершілік айқындамалары мен қағидасын, “қоғам-табиғат-адам”
жүйесіндегі қарым-қатынастарды, ұлттық мәдениетті, оның әдет-ғұрып
дәстүрлерімен байланысын ашып көрсетеді.
Зерттеу жұмысының теориялық негізінде оқушыларға экономикалық
тәрбие берудің мақсаттары мен қағидаларын, мазмұнын И.Д.Зверев,
А.Н.Захлебный, И.Т.Суравегина, А.П.Сидельковский, И.Н.Пономарева,
И.Я.Габаев, Н.А.Каропан, Н.А.Рыков, В.Г.Иоганзен, Е.Д.Макаров,
Т.В.Коростелева, Л.А.Чистякова, Е.В.Яковлева, Н.Э.Якубова, Г.В.Буковская,
Н.М.Михайлова, А.Н.Ильина, В.К.Кезин, М.В.Шептуховский, Н.Д.Иванова,
К.Х.Хан, А.К.Рысбаева, Н.Д.Хмель,.А.Асипова, Қ.Қ.Жанпейісова,
Е.Ш.Қозыцбаев, С.И.Қалиева, Г.И.Қалиева, М.Х.Балтабаев ашып көрсететін
зерттеу жұмыстары мен еңбектері алынды.
Бұл еңбектерде білім мазмұнын талдау, оның құрымдылық
бөлімдерінің белгілерін әр пәндегі іс-әрекет мүмкіндіктерімен байланыстыру
тұрғысынан қарастырылған. Алайда, оқушыларда экологиялық мәдениетті
қалыптастыруды тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі ретінде қарастыруға
мүмкіндік беретін құрылымдық жүйені айқындауға зерттеулерде мән
берілмегендігі анықталды.
Сондықтан, ғалымдардың зерттеу жұмыстарына талдау жасағанда,
негізінен зерттеушілердің жалпы экологиялық тәрбие проблемасы оны қоғамдық-
әлеуметтік тұрғыдан, жеке пәндерді оқыту процесі арқылы әдістемелік
жолдарын көрсетіп қарастырғаны байқалады. Зерттеу барысында оқыту
процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруды тұтас
педагогикалық процестің құрамды бөлігі ретінде қарастыру педагогика
ғылымында арнайы зерттеуді қажет ететін мәселелердің бірі деп есептейміз.
Сондықтан оқушыларда экологиялық мәдениетті қалыптастыруды зерттеу,
оның маңыздылығы, көкейкестілігі қоғам өмірінде объективті түрде туындайтын
қажеттіліктер жиынтығын қажет етеді.
Қазіргі экологиялық және әлеуметтік мәдени жағдай адам мен қоршаған
орта арасындағы қарым-қатынастың шиеленісуімен, экологиялық дағдарыстың
тереңдеуімен сипаттады, жеткіншектердің экологиямәдениетін дамыту
проблемасын туындатып отыр. Осыған орай, зерттеу проблемасы оқыту
процесінде оқушылардың экология мәдениетін қалыптастырудың педагогикалық-
психологиялық негізін қарастыру, педагогикалық жолдарын айқындау, осының
негізінде ғылыми-әдістемелік нұсқау дайындау қажеттілігінде болып отыр.
Зерттеудің мақсаты – оқыту процесінде оқушылардың экологиялық
мәдениетін қалыптастыруды ғылыми теориялық жағынан негіздеу және
тәжірибелік әдістемесін ұсыну.
Зерттеу объектісі – оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру
процесі.
Зерттеу пәні – оқыту процесінде оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастыру.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе бөлімінен; екі тараудан,
қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер мен қосымшалардан тұрады.

Ι. Экологиялық тәрбиені қалыптастыру жолдары
Ι. 1. Экологиялық мәдениетті қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық
негіздері
Оқыту процесінде 6-сынып оқушыларының экологиялық мәдениетін
қалыптастыру мәселесін зерттегенде олардың жас ерекшеліктеріне назар аудару
қажет. Бұл алдымен, оқушыда экологиялық мәдениеттің даму және қалыптасу
жағжайын білу үшін маңызды.
Біз осы бағытта оқушылардың дамуында және мінез-құлқында жас
ерекшеліктерінің маңызды рөл атқаратынын көрсететін көптеген ғалымдардың
психологиялық-педагогикалық зерттеу жұмыстарына талдау жасады. Олар
Б.Г.Ананьев, Д.Б.Эльконин, Л.И.Божович, Т.Б.Лихачев, Ю.А.Самарин, ал
Қазақстанда Б.Г.Айтманбетова, А.А.Бейсенбаева Қ.Б.Жарықбаев,
Қ.Қ.Жанпейісова, Қ.М.Қоянбаев,Л.К.Кериомв, Р.Г.Лемберг, М.М.Мұқанов,
Б.Ы.Мұқанова, Ж.Ы.Намазбаева, Г.Қ.Нұрғалиева, Т.С.Сабыров, Т.Тәжібаев,
В.В.Трифонов, Г.А.Уманов, Э.И.Шыныбекова, Н.Д.Хмель, С.А.Ұзақбаева және
т.б. психолог-педагогтар өздерінің зерттеулерінде жеткіншектермен жұмыс
істеу процесінің психологиялық-педагогикалық негіздерін ашып көрсетуге
көңіл бөлді. (35-49).
Бүгінде балалармен олардың жас, әлеуметтік, психологиялық
ерекшеліктеріне, әсіресе әрбір баланың жеке өзгешелігіне назар аудармай
жұмыс істеудің мүмкін емес екендігін тәжірибе көрсетіп отыр.
Оқу-тәрбие процесінің барысында оқушылардың әр уақытта іс-әрекет пен
өзін-өзі тәрбиелеудің тек объектісі емес, субъектісі екенін үнемі ескердік.
Себебі, бұл кезеңде олардың жеке тұлға болып қалыптасуына қажетті еріктік,
әрекеттілік, өзін-өзі айналасына таныта білушілік мүмкіндіктері қарқынды
дамып, айқын көріне бастайды. Бұл жағдайда балалардың қоғамдағы ортамен,
балалар ұжымдарымен, тәрбиеші-ұстаздармен қарым-қатынас жасауының мәні
ерекше.
Психологтар қазіргі жеткіншекті бір мезгілде екі немесе бірнеше
ұжымның мүшесі деп есептейді. Бұдан әлеуметтік құндылықты меңгеруге,
тұлғаның адамгершілік қасиетін қалыптастыруға қоршаған ортамен,
айналасындағы адамдармен әртүрлі қатынаста болуды үйренуге мүмкіндік
беретін әлеуметтік қатынас шеңберінің кеңейтілгені көрінеді.
Психологтар мен педагогтардың: Л.И.Божович, Т.В.Драгунова,
А.Г.Ковалев, Ж.Қоянбаев, Ж.Ы.Намазбаева, Г.А.Уманов және т.б. зерттеулері
бойынша жеткіншектік кезеңде ересектену элементтері күшейеді. Ол
организмнің өзгеруі, өздігінен жетілуі нәтижесінде, ересектермен,
жолдастарымен қатынасында, сонымен қатар адамгершілік-эстетикалық
бірлігінде көрінеді. Өзінің ержете бастағанын сезінуге себепкер күшті
фактор жыныс мүшесінің жетіле бастауы және бала денесінің өсуіндегі
өзгерістер болып табылады.
Біздің бақылауымыздағы балалардың ішкі дүниесіндегі, айнала мен қарым-
қатынас жасауында, үлкендер арасында өзінің орнын түсінуінде елеулі
өзгерістер болатындығы байқалды. Олардың отбасында, мектептегі әр түрлі
сыныптан тыс жұмыстарға қатыса отырып, күнделікті өмірді бағалауға, өзін-
өзі танып-білуге, өзіне бақылау жасауға дағдыланып, өз күшімен әрекет
жасауға ұмтылысы жүргізілген сауал-сұрақтарға жауаптарынан, жазған
шығармаларынан көруге болады.
Бұл жастағы балалардан анықталған тағы бір ерекшелік -балалар
намысқой, өктем сөзді ұнатпайды, үлкендердің бақылауын қаламайды, олардың
мінезіндегі шындық пен жалғандықты ажыратуға тырысады, бұл өзгерістер
балалардың жеткіншек кезеңге көше бастағанының белгісі болып табылады.
Зерттеу жұмысымызда экологиялық мәдениетті қалыптастыру процесінің
психологиялық механизмін ашып көрсетуде психолог-ғалымдар анықтаған сана,
сезім, сенім, іс-әрекет сияқты психикалық бөліктерді негізге алдық.
Біздер педагог-психологтар Б.Г.Ананьев, Л.И.Божович, В.В.Богославский,
А.П.Леонтьев, П.М.Якобсон және М.Мұқанов, Қ.Б.Жарықбаев, Ж.Ы.Намазбаева
және т.б. еңбектерін талдау нәтижесінде жеткіншек шақта адамның негізгі
қасиеттеріне, мінез-құлық сипаттарының тұрақталуына, адамгершілік және
эстетикалық сезімдерінің жетілуіне аса көңіл бөлудің қажеттілігі туралы
қорытынды жасадық.
Л.И.Божович жеткіншектің мінез-құлқы әр уақытта саналы деңгейде жүзеге
аспайтынын, әсіресе нашар оқитын оқушылардың адамгершілік сананың емес,
адамгершілік сезімнің дамуына себепші болатын қатынастар жасайтындығын
айтады.
Осыдан оқушылардың көңіл-күйінде бойында пайда болған сезім олардың
санасына ықпал жасайды деп тұжырымдаймыз.
Психологтардың пікірінше, сана өз болмысымен объективті дүниеге танып-
білуге қызмет атқаратын психологиялық процестердің нәтижесі болып табылады.
Экологиялық сана адамның нақты іс-әрекетінде жүзеге асып, экологиялық
қатынастың көріну формасы болып таьбылады. Сондықтан экологиялық сана
экологиялық сенімді тудырады деп есептейміз.
Экологиялық сенім болашақтағы қарым-қатынастың іргетасын құрайды. Ол
баланың іс-әрекетінің, мінез-құлқы мен әдет дағдысынан көрінеді. Іс-әрекет
тұлға дамуының негізгі және қозғаушы күші болып есептелінеді.
Д.И.Фельдштейн оқушыларды қарым-қатынас сипатын көрсететін қоғамдық
пайдалы істің жетекші рөлін атап көрсетеді.
А.Н.Леонтьев ”Адамның ішкі позициясына мәнді өтеді, сонымен қатар іс-
әрекет арқылы жеке тұлғаны дамытуда психологиялық өзгерістердің енгізілуі
жетекші іс-әрекет“ деп тұжырымдайды.
Сонымен, адамның қоршаған дүниемен өзара әрекетінің арнаулы формасы
психикалық іс-әрекет болып табылады.
Психикалық бейнелеу мен іс-әрекеті процесінде адамдардың табиғи және
әлеуметтік ортаға белгілі бір қарым-қатынасы туындайды. Бұл жөнінде
А.П.Сидельковский: ”Адамдардың табиғатқа қарым-қатынасын сана арқылы өтіп,
психикалық негізі болатын іріктелген психикалық байланыстардың жиынтығы
анықтайды”, - деп жазады.
Сондықтан жеке тұлғаның экологиялық мәдениетінің мәнін және бұл
феноменнің қалыптасу процесін түсіну үшін адамның табиғи және әлеуметтік
ортамен өзара әрекеті мәселесін зерттеудің ерекше маңызы бар екендігіне
көзіміз жетті.
Адамның табиғатқа қарым-қатынасында адамның өзіндік қасиеттері
айқындалып өзгереді, ал табиғаттың адамға ықпалы олардың өзара әрекетінің
нәтижесінде танымдық, эстетикалық және этикалық аспектіде көрінеді. Жеке
тұлғаның тіршілік әрекетінің әлеуметтік белсенділігі мен психикасының
қалыптасуы объективті шындықтың әртүрлі жақтарымен бірге жеке психикалық
қатынастырдың кеңдігіне де байланысты. Себебі, объективті дүние мен қарым-
қатынастар біртұтас жүйені құрайды, ал бұл байланыстардың бұзылуы тұлғаның
белгілі бір қасиеттерінің жойылуына әкеліп соғады. Бұл байланыстарды
кеңейту жеке тұлғаны тәрбиелеп, одан әрі дамытады.
Адамның табиғатпен өзара қарым-қатынасының психикалық интерпритациясы
адамның қоршаған ортамен, адамның адаммен және өз-өзімен қатынастары туралы
тұжырымды бекітуге мүмкіндік берді. Адамдар сыртқы дүниемен әрекеттесіп,
жақын маңдағы сезімдік – қабылдау ортасын өзгертеді. Бұл өзгерістер
олардың санасы мен мінез-құлқында ізін қалдырып, психикасында бейнеленеді
және оның дамуына жағдай жасайды.
Академик Т.Б.Лихачевтің пікірінше, жеке тұлғаның экологиялық
мәдениетінің мәні экологиялық дамыған сананың, сезімдік-психикалық күйдің
және ғылыми негізделген еріктік- утилитарлық тәжірибелік іс-әрекетінің
органикалық бірлігі ретінде қарастырылады. Сондықтан, психика неғұрлым
жақсы дамыса, адам соғұрлым өзгеріп, күрделі дүниеге тез бейімделеді,
демек, экологиялық мәдениетті меңгеру үшін табиғатты және онымен қарым-
қатынасты біртұтастықта тану қажет деп есептейміз.
Адам экологиялық мәдениетті меңгеру процесінде табиғатты және онымен
өзара қарым-қатынасты біртұтас зерттеп, жан-жақты дамыған тұлға болып
қалыптасады.
Осылайша, экологиялық мәдениет адамның дүниені, оның іс-әрекетінің
түрлері мен оның қасиеттері жөнінде білімдерге негізделген жалпы мәдениетті
жүйеге келтіруші факторы болып табылады.
Сонымен экологиялық мәдениетті қалыптастыру адамның өзі қоршаған
табиғаттың құрамды бөлігі ретінде, онымен бірлікте екендігін саналы түсіну.
Психологтардың еңбектеріне сүйене отырып, бала дамуының психологиялық
шарты ең алымен оқу әрекетінде өтетін ойлаудың дамуы, атап айтқанда,
оқушының мінез-құлқы, ақыл-ой қасиеттері ойлаудың теориялық формасы
екендігі анықталды.
Көрнекті психолог, академик Т.Тәжібаев Жалпы психология атты оқу
құралында басқа психикалық функциялармен салыстырған адамның ойы ерекше
белсенді процесс дей келе: Адам білімді болса, оның ойы да бай болады.
Ойлау эмоция мен сезімдер сияқты адамның сыртқы дүниеге қайтаратын жағымды
не жағымсыз жай жауабы емес, ол дүниені кеңірек, тереңірек тану үшін
ондаған заттардың, болмыстардың өсіп-даму заңдарын білу үшін керек.
Заттардың өзара қатынас, байланыстарын білу үшін олар жөнінде ғылыми
білімдерді жалпы өнер, мәдениет атаулыдан хабардар болуына назар аударған.
Қорыта келгенде, адамның жеке мінез-құлқы, ұжымда, табиғатта өзін
ұстай білуі, қоршаған ортаға, айналасындағы адамдарға көзқарасы мен
ықыласы, қарым-қатынастағы енжарлығы, не белсенділігі, әрекетшілдігі оның
психологиясы болып табылады. Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда оқушылардың
жас ерекшеліктерін ескеру – тұлғада экологиялық мәдениетті қалыптастырудың
маңызды шарты. Сондықтан оқыту процесінде әр адамның жеке басының
қабілеттерін, олардың психологиялық, физиологиялық мәдениетін қалыптастыоу
тұтас педагогикалық процестің ең күрделі, өзекті міндеті деп есептейміз.
Экологиялық ағарту жұмысына маңызды проблема ретінде осыдан 30 жыл
бұрын көңіл аударылды. Бұл проблемамен халықаралық деңгейде Біріккен Ұлттар
Ұйымының халық ағарту ғылым мен мәдениет мәселелері жайындағы мемлекет
аралық ұйымы (ЮНЕСКО) айналысады. ЮНЕСКО–ның биосфера байлықтарын ұтымды
пайдалану мен қорғау жөніндегі мемлекетаралық конференциясы 1968 ж (Париж).
Адам және биосфера бағдарламасын қабылдап, экологиялық білім берудің
қазіргі заманғы ғылыми негіздерін, оны жүзеге асыру проблемаларын
қарастырды
Одан соң 1970-жылдары Стокгольм, 1972-жылы Тбилиси қаласында
экологиялық білім туралы халықаралық ғылыми конференциялар өткізілді.
Бұл конференцияларда қоршаған орта туралы білімнің даму стратегиясын
қабылдап, білімнің әр түрлі кезеңдеріне сәйкес экологиялық ағарту жұмысын
жетілдіру жөнінде 40-тан астам нақты ұсыныстар жазылды.
ЮНЕСКО-ның Бас директоры Ф.Майор, экологиялық проблемаларды шешудегі
ең маңызды фактор – экологиялық мәдениетті тұлғаны қалыптастыру, ол үшін
барлық мектеп жүйесіне адамзатқа қауіп төндіретін проблемалармен
таныстыруды енгізу және адам-қоғам-табиғат арасындағы байланысты
ғаламшарлық деңгейде түсінуді ұйымдастыру қажет екендігін атап көрсетті.
Ал 1992 жылы Рио-де-Жанейро қаласында өткен ғылыми конференция ХХ
ғасырдың көкейкесті мәселесі - экологиялық білім беру проблемасын қайта
қарап оның негізгі 3 бағытын айқындап берді:
А) биосфера тұрақтылығын сақтау үшін ағарту жұмыстарын ұйымдастыру:
Ә) халыққа экологиялық білім беру:
Б) жұртшылық арасында экологиялық үгіт–насихат жұмыстарын жүргізу.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің түрлі бағыттарының негізінде
бірнеше тенденцияларға бөлуге болады:
- бірінші тенденция экологиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру
бағытымен сипатталады. Ол бойынша, экологиялық білімді меңгеру, табиғи
ортадағы кешенді проблемаларды көру арқылы экологиялық дағдарысты шешуге
бағытталған қабілеттілікті қалыптастыру міндеті болды. Бұл тенденция
көптеген елдердің тәжірибесінде, оның ішінде Ресейдің қазіргі білім
стратегиясында маңызды орын алып отыр.
Осы тенденцияның шеңберінде оқушы тұлғасын қалыптастырудың
философиялық негізі ретінде коэволюциялық тұрғыдан қарау дамыды, мәселен,
Л.И.Новикова, Е.С.Карпинской, И.К.Лисеев және А.П.Огурцов енгізген
коэволюция идеясы.
Коэволюция дегеніміз - жүйедегі немесе біртұтастықтың ішкі
бөліктеріндегі ілеспелі, өзара келісілген өзгерістер. Коэволюция ұғымы
экология ғылымынан шыққан, бұл теорияны Эрлих және Равен (1965 ж) ұсынды.
Белгілі эколог Ю.Одум коэволюцияны тығыз экологиялық байланысты болатын
организмдердің екі үлкен тобының бір-біріне селективтік әрекеті бар
организмдер арасындағы эволоюциялық өзара әрекеттің типі ретінде анықтайды.
Н.Ф.Реймерс коэволюцияны қатарлас ортақ эволюциясы ретінде, яғни табиғат
пен адамзаттың тарихи бейімділігі деп есептейді.
Академик Н.Н.Моисеев коэволюция идеясының кең таралуының мәні оның
ғылымилығында ғана емес, сонымен бірге, оның адамгершілік мазмұнын талқылай
келіп, коэволюциялық императивтігінде деп көрсетеді.
- екінші тенденцияның философиялық негізі Р.Штейнердің
антропософтық ілімі болып табылатын вальдорф мектептеріндегі экологиялық
тәрбиені жүзеге асыру. Бұл мектептерде оқушыларды өздерін қоршаған сыртқы
ортадағы өсімдіктерді, жануарларды, адамды сырттай қарап, бақылауға
үйреткен. Осының нәтижесінде балалар табиғи ортаны сезіммен ғана емес, оны
жандандыратын тіршіліктің өзімен де бірігіп, өмірдің шындығына енеді.
Мәселен өсімдікпен іштей түсініп, онда ауырлық күшінің әсерінен тамыр
арқылы жерге бекитіндігін, ал керісінше гүлдің бүршік ататын нүктеге жоғары
көтерілетінін сезеді. Осылайша, білім тұлғамен бірге өмір сүріп, оны ой
елегінен өткізуге және қоршаған ортаға ұқыптылық қарым-қатынасын
қалыптастыруға мүмкіндік береді.
- үшінші тенденция технология мен стратегияны
қалыптастыруды бағдарлаумен сипатталады. Табиғатпен өзара әрекеттің сәйкес
стратегиясы мен табиғатқа қалыптасқан қарым-қатынасы болған кезде де адам
өзінің алған білімін және қарым-қатынасты практикалық іс-әрекетте жүзеге
асыруда дәрменсіз болғандықтан, экологиялық проблемаларды шешуге мүмкіндігі
болмайды. Бұл жерде тұлғаның іс-әрекеттік компоненті бірінші орынға
қойылады
Педагогикадағы бұл технологиялық бағыт екінші қарым-қатынастық
бағытты толықтырады, бірақ ол дербес дамиды.
Қазақстанда экологиялық білім мен тәрбие беру соңғы жылдары жолға
қойыла бастады. Мәселен, Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен
қабылданған Білім беру заңы (1999), Айнала қоршаған табиғи ортаны қорғау
заңы (1996), Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына
арналған 2030 бағдарламасы (1996), Қазақстан Республикасы экологиялық
қауіпсіздігін сақтау концепциясы (1997), Қазақстан Республикасы
экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы (1998),
Экологиялық білім бағдарламасы (1999) және т.б. құжаттар осының айғағы
болса керек.
Экологиялық тәрбие беру біздің ұлтымыз үшін жаңа ғылым емес, оның
негізі сонау Асанқайғы атамыздан басталатын, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе
жатқан салт-дәстүр мен адамгершілік қасиеттер. Оны қайта түлету жаңа
заманға, талапқа сай жеткіншектердің бойына ұялату бүгінгі көзі ашық,
көкірегі сергек ұстаздардың қабілетіне, білімі мен парасатына байланысты
екендігін Ж.Б.Шілдебаев атап көрсетті.
Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік
тәжірибеге қарағанда оның әртүрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәннің өздерінің ортақ тақырыбына
сәйкесендіріп экологиялық білім беру)
- бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі):
- аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады.
Дүниежүзілік тәжірибелерді саралай келіп, біздің республикамыздың оқу
жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы ұсынылды
(1999). Оның негізгі мақсаты – көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз
экологиялық білім мен тәрбие беру ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектепке дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру:
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру:
- арнайы білім беретін колледждерде экологиялық білім беру:
- жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала
бойынша):
- мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру:
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі бекіткен оқу
жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелер 2000 жылдан
бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол: орта мектеп (10-11
сыныптар), негізгі мектеп (5-9 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4
сыныптар). Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға
экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс.
Осыған орай, ғалымдар И.Д.Зверев, И.Т.Суравегина, А.Н.Захлебный
еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің әмбебап маңыздылығын ескере
отырып, біз оқушылардың экологиялық мәдениетін қалыптастыру проблемасын
шешуде төмендегі бағыттарды тұжырымдадық:
- экологиялық материалдарды оқып-үйренуде зерттеудің жүйелілігі және
үздіксіздігін;
- қоршаған табиғи ортаны оқып-үйрену мен жақсартуда оқушылардың іс-
әрекетіндегі интеллектуалдық және сезімдік еріктің бірлігін;
- оқыту процесінде экологиялық проблеманың халықаралық, ұлттық және
өлкетану тұрғысынан ашып көрсетудің өзара байланысын қамтамасыз ету.
Сонымен психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді, іс-тәжірибені талдау
негізінде біздер оқушыларға экологиялық мәдениетті қалыптастыруды бастауыш
сыныптардан бастау керек деген тұжырымға келдік. Себебі, дәл осы жаста
оқушының өмірде және табиғи ортада белсендік көрсетуге ұмтылысы маңызды
роль атқарады.

2. Бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие берудің ерекшелігі
2.1. Оқушылардың экологиялық білім мен тәрбие берудің технологиясы
Қазіргі уақытта экологиялық білім мен тәрбиенің әртүрлі технологиясы
белгілі. Экологиялық мәдениетті тәрбиелеу технологиясы оқушының тұлғалық
дамуында іргелі бастыратын және тіршілік сапасының жаңа деңгейіне шығуға
мүмкіндік беретін психологиялық-педагогикалық әдіс-тәсілдерді үйлестіру.
Н.С.Дежникова: Тұлғаның қоршаған ортамен қарым-қатынасында экомәдениеттік
дисбаланс тәрбиелік технологияға бағытталған дамудың қозғаушы күші ретінде
көрінетіндігін анықтады.
Тұлғада экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған
педагогикалық іс-әрекеттің нысаны, оның сондықтан өзінің ерекшелігін, өз-
өзіне ғана емес, табиғатқа және әлеуметтік ортаға жауапкершілігін саналы
түсінуін қалыптастыру негізгі педагогикалық міндет болып табылады. Француз
географы Элиза Реклю Адам өз бейнесі және ойына сәйкес қоршаған ортаны
жасайтындығын - көрегендікпен байқаған. Тұлғаның өзінің сыртқы және ішкі
дүниесіне жауапкершілікті, саналы, қарым-қатынасы экологиялық мәдениеттің
негізі болып саналады.
Қоршаған дүниені тану процесінде адам онымен қарым-қатынас жасап қана
қоймай, оның көп аспектілі өзара әрекетін де саналы түсінеді. Адамның
үйлесімді дамуында қоршаған дүниені өзара байланыстылықта танудың маңызы
зор.
Сондықтан, пәнаралық байланыс оқушылардың экологиялық мәдениетін
қалыптастырудың құралы ретінде тәрбиені тиімді жүзегеасыруға шындықты
танудың барлық тәсілдерін меңгеруге, сонымен қатар, табиғи және әлеуметтік
дүниенің маңызды күштерінің барлығын игеру процесіне қатыстыруға, дамытуға
көмектесуі керек.
Тұлғаның табиғатпен қарым-қатынасының үйлесімділігі оның экологиялық
мәдениетін қалыптастырудың маңызды аспектісі болып сұлулықты бағалауға және
қабылдауға үйоетуде пәнаралық байланыстың мүмкіндіктері мол.
Табиғатпен өзара әрекет стратегиясы табиғаттағы байланыстардың айнадай
бейнесі болып табылатын қарым-қатынастар жүйесі. Ол постбиологиялық зат
ретінде өзінің дамуында адамның маңызын биосфераның объективті заңын
түсіну, адамзаттың саналы келісімін қолдау идеясымен анықталады.
Нағыз мәдениет – табиғат, қоғам және тұлғаның үйлесімді бірлігі.
Ғылыми жетістіктерді осылай бағалау планетарлық ойлауды қалыптастыруға
мүмкіндік жасайды. Сондықтан әлемді, дүниені интеллектуалдық, адамгершілік
және эстетикалық түсінудің бірлігі ерекше маңызға ие, бұл, өз кезегінде,
экологиялық сананың негізін құрайды.
Экологиялық мәдениетті қалыптастыруда оның ішкі дүниемен қарым-
қатынасы үйлесімнің маңыздылығы тұлғаның сыртқы дүниемен қарым-қатынасының
үйлесімділігінен кем емес. Тұлға үйлесімді біртұтас жүйе ретінде
экологиялық іс-әрекеттерге қатысу үшін психикалық процестердің құрамды
бөліктері арасында жоғары сәйкестілікті жүзегше асырады.
Осыған орай, оқушылардың экологиялық мәдениетін пәнаралық байланыс
арқылы қалыптастыру Адам – қоғам - табиғат жүйесінде субъектілердің
қоршаған ортаға ұқыптылық, жауапкершілікті қарым-қатынасын орнатуға
жағдайлар туғызады.
Экология ғылымның интегралдық сипаты жаратылыстану ғылыми, қоғамдық-
тарихи және гуманитарлық оқу пәндеріне ықпалын тигізіп, оларда экологиялық
білімнің барлық деңгейінде мазмұны мен заңдарын айқындайтын әдістердің,
қоғам мен табиғаттың, жүйелілігін қамтамасыз етеді.
Сондықтан зерттеу жұмысымызда И.Д.Зверевтің пәнаралық байланыс маңызын
көрсететін кешенді сипаттамасын басшылыққа алдық:
- ғылым негіздерін меңгеруде ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Балаларға тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі
Бастауыш сынып оқушыларының пәндік құзыреттерін қалыптастыру жолдары
Жас ұрпақты нарық жағдайында кәсіпшілдікке бейімдеу
Ауыл мектебі оқушыларының адамгершілік қасиетерін қалыптастыру
Жеткіншек шақтағы оқушыларға эстетикалық тәрбие берудің маңызы
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
Педагогика бойынша лекциялар
Экология ғылымының қалыптасу тарихы
Оқушыларды отансүйгіштік патриоттық тәрбиелеу
ҰЛЫ АҒАРТУШЫ ҒАЛЫМДАР ҚЫЗ БАЛА ТӘРБИЕСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУҒА БАЙЛАНЫСТЫ МОРАЛЬДЫҚ – ЭТИКАЛЫҚ КӨЗҚАРАСТАРЫ
Пәндер