Қылмыстық-атқару жүйесі



КІРІСПЕ 3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ.АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ 5

2 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ 16

3 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚАДАҒАЛАУ ЖАСАУ 35

КОРЫТЫНДЫ 50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 52

ҚОСЫМША (тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру) 54
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ) сотталғандарды ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын жасау қажет.
ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз мүмкiн емес.
Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және жүзеге асырады.
Түзеу мекемелерi (бұдан әрi - TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс жүргiзiлуде.
Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген проблемалар да қалып отыр.
Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу қажет.
Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.
Жоғарыда баяндалған мән-жайлар диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуға түрткі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық мінез-құлықтың кейбір аспектілерімен көрнекті ғалымдар - А.Н.Ағыбаев, Е.О.Алауханов, С.М. Әпенов, Н.М.Әбдіров, У.С.Джекебаев, Е.І.Қайыржанов. Н.Дулатбеков. М.С.Нәрікбаев. А.Х. Миндагұлов, Ғ.С.Мауленов, С.С. Молдабаев, А.А.Смағұлов, Г.Р.Рустемова, және т.б. айналысты.
Жұмыстың мақсаты қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық табиғатын қарастырып, аталған жүйені жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау.
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 1 қазандағы № 1199 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру жөнiндегi шаралар туралы" бағдарламасы // Справочно-аналитическая база ЮРИСТ, 2009.
2. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 92 қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы туралы" бағдарламасы // Справочно-аналитическая база ЮРИСТ, 2009.
3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті туралы Ереже // Справочно-аналитическая база ЮРИСТ, 2009.
4. Уголовно-исполнительное право России / Под ред. А.И. Зубкова. – М.: ИНФРА-НОРМА, 1997. – 416с.
5. Селиверстов В., Шмаров И. Уголовно-исполнительный кодекс: Концепция и основные положения // Законность. 1997. №5. – С. 10-18.
6. Ткачевский Ю.М. Условно-досрочное освобеждение от отбывания наказания // Вест. Московского уни-та. Сер. 11. право. 1997. №2. – С. 15-21.
7. Сахаров А.Б. О принципах социалистического уголовного права // Правоведение. 1969. №4. – С. 57-63.
8. Зубков А.И., Калинин Ю.И., Сысоев В.Д. Пенитенциарные учреждения в системе Министрества юстиции России. История и совеременность. - М.: НОРМА. 1998. – 213с.
9. Уголовно-исполнительное право: Учебник / Под ред. И.В.Шмарова. - М., 1996. – 411с.
10. Уткин В.А. Курс лекций по уголовно-исполнительному праву. Общая часть. – Томск, 1995. – 467с.
11. Казақстан Республикасының Конституциясы 30 тамыз 1995ж./Юрист, 2009. - 44 б.
12. Казақстан Республикасының Қылмыстық атқару кодексі 13 желтоқсан 1997ж./Юрист, 2009.
13. Игошев К.Е. Социальный контроль и профилактика преступлений. – Горький, 1976. – 311с.
14. Комментарий к уголовно-исполнительному кодексу РФ / Под ред. П.Г.Мищенкова. – М.: Вердикт-1М, 1997. – 317с.
15. Бочарова С.Н. Роль общественных объединений в защите прав человека // Вест. Московского уни-та. Сер. 11. право. 1997. №1. – С. 101-109.
16. Зубков А.И., Дорофеев Н.К. Строго регламентированный внутренний распорядок ИТУ и его реализация. – Томск, 1972. – 325с.
17. Комментарий к уголовно-исполнительному кодексу РФ / Под ред. А.И.Зубкова. – М.: ИНФРА М-НОРМА, 1997. – 395с.
18. Комментарий к уголовно-исполнительному кодексу РК. - Алматы, 2001. – 375с.
19. Апенов С.М. Қылмыстық атқару құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы, 2004. – 357б.
20. Уголовно-исполнительное право России 20 века: Учебник / Под ред. А.И.Зубкова. - М., 1997. – 477с.
21. Исправительная педагогика: Учебник / Под ред. А.И.Зубкова и М.П.Стуровой. – Рязань, 1993. – 354с.
22. Тюгаева А.С. Образовательные программы исправления осужденных. – Рязань, 1997. – 211с.
23. Уголовно-исполнительное право. - М.: БЕК, 1996. –389с.

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
3

1 ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ
5

2 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ
16

3 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІНЕ БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ
ҚАДАҒАЛАУ ЖАСАУ 35

КОРЫТЫНДЫ
50

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
52

ҚОСЫМША (тергеу изоляторларын жоспарлы және нақты толтыру) 54
КІРІСПЕ

Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық
пенитенциарлық жүйенi дамытудың сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған
байланысты, қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ) сотталғандарды ұстаудың
халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын жағдайын
жасау қажет.
ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты
мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз
мүмкiн емес.
Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру
түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және
ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға
байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және
жүзеге асырады.
Түзеу мекемелерi (бұдан әрi - TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық
кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн
күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен
тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге
бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн
пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты
халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс
жүргiзiлуде.
Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген
проблемалар да қалып отыр.
Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты
iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере
отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту
мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу
қажет.
Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен
алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн
орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.
Жоғарыда баяндалған мән-жайлар диплом жұмысының тақырыбын таңдап алуға
түрткі болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қылмыстық мінез-құлықтың кейбір
аспектілерімен көрнекті ғалымдар - А.Н.Ағыбаев, Е.О.Алауханов, С.М. Әпенов,
Н.М.Әбдіров, У.С.Джекебаев, Е.І.Қайыржанов. Н.Дулатбеков. М.С.Нәрікбаев.
А.Х. Миндагұлов, Ғ.С.Мауленов, С.С. Молдабаев, А.А.Смағұлов, Г.Р.Рустемова,
және т.б. айналысты.
Жұмыстың мақсаты қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық табиғатын
қарастырып, аталған жүйені жетілдіруге байланысты ұсыныстар жасау.
Осы койылған мақсатқа сәйкес зерттеу барысында мынадай міндеттерді
шешуге талпыныс жасалды:
- қылмыстық атқару жүйесінің мазмұнын зерделеу;
- қылмыстық атқару жүйесінің құқықтық, әлеуметтік жағдайларын талдау.
Зерттеудің ғылыми-әдістемелік негіздері.
Дипломдық жұмыстың ғылыми-әдістемелік негізін талдау, ұқсастық,
салыстыру, жүйелі-құрылымдық, нақты әлеуметтік әдістер құрады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
1. Сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды
орындайтын қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн
көтерiп және осы қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң
штат санын арттырып, олардың функцияларын кеңейту керек;
2. Бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық
ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау қажет.
Жұмыстың объектісі болып – жазаларды атқару аясында қалыптасатын
құқықтық қатынастар табылады.
Зерттеу пәнін қылмыстық атқару жүйесінің қызметін реттейтін Қазақстан
Республикасының заңдарының нормалары құрайды.
Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Диплом жұмысының ұсыныстары мен
тұжырымдары қылмыстық атқару жүйесін жетілдіруге байланысты еңбектерде
қолданылуы мүмкін.
Диплом жұмысының құрылымы. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытынды,
пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ

Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi (бұдан әрi ҚАЖ)
жазаларды атқарудың мемлекеттiк тетiгiнiң маңызды буыны болып табылады.
ҚАЖ-ды дамытудағы маңызды мiндеттердi шешу үшiн Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң "Қазақстан Республикасындағы қылмыстық-атқару жүйелерi
мекемелерi мен алдын-ала қамауға алу орындарының қызметiн тұрақтандыру
жөнiндегi шаралар туралы" 1996 жылғы 1 қазандағы № 1199 [1] және "Қазақстан
Республикасы түзеу мекемелерiнiң және тергеу изоляторларының материалдық-
техникалық базасын жақсартудың 2001-2003 жылдарға арналған бағдарламасы
туралы" 2001 жылғы 22 қаңтардағы № 92 [2] қаулыларымен бекiтiлген
бағдарламалық құжаттар қабылданды және негiзiнен iске асырылды. Бұл ретте,
позитивтi нәтижелерге қол жеткiзiлдi, оның iшiнде сотталғандар құқығы
кеңейтiлдi, олардың әлеуметтiк және құқықтық қорғалуы неғұрлым тиiмдi бола
түстi, жаза өтеудiң прогрессивтi жүйесi енгiзiлдi.
Қазiргi уақытта әлемдiк қоғамдастық пенитенциарлық жүйенi дамытудың
сапалы жаңа кезеңiне өтуде. Осыған байланысты, ҚАЖ-да сотталғандарды
ұстаудың халықаралық нормалар мен стандарттардың талаптарына барынша жақын
жағдайын жасау қажет.
ҚАЖ-ды одан әрi дамыту жөнiндегi мiндеттер кешенiн шешу тұрақты
мемлекеттiк қолдаусыз, халықаралық ұйымдармен белсендi ынтымақтастықсыз
мүмкiн емес.
"Қазақстан Республикасының кейбiр заң актiлерiне қылмыстық-атқару
жүйесiн реформалау және осы жүйе қызметкерлерiнiң мәртебесi мәселелерi
бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан
Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңымен ҚАЖ Қазақстан Республикасы
Әдiлет министрлiгiнiң қарамағына берiлдi.
Қазiргi уақытта ҚАЖ органдары мен мекемелерi бас бостандығынан айыру
түрiндегi жазаға сотталған адамдарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және
ұйғарымдарын орындайды, сондай-ақ сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға
байланысты емес жазаларды орындау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастырады және
жүзеге асырады.
Түзеу мекемелерi (бұдан әрi - TM) қызметiн реттейтiн ведомстволық
кесiмдерге жазаларды орындау кезiнде заңдылықты сақтау кепiлдiгiн
күшейтуге, сотталғандарды құқықтық және әлеуметтiк қорғауға, шектеулер мен
тыйымдар санын азайтуға, мерзiмiнен бұрын босату үшiн негiздердi кеңейтуге
бағытталған түзетулер енгiзiлдi.
Халықаралық құқық қорғау ұйымдарымен бiрлесiп ТМ-нiң қызметкерiн
пенитенциарлық мекемелердегi қамаудағыларды ұстау жағдайларына қатысты
халықаралық нормалармен және стандарттармен таныстыру бойынша жұмыс
жүргiзiлуде.
Сонымен бiрге, ҚАЖ-дағы барлық оң өзгерiстер жағдайында шешiлмеген
проблемалар да қалып отыр.
Республика аумағында режим түрлерi бойынша ТМ-нiң әркелкi орналасуын
атап өту қажет. TM-нiң қазiргi орналасуы кезiнде жыл сайын сотталғандарды
республиканың түрлi өңiрлерiне көшiру жүргiзiледi, оған тек 2007 жылы - 22
млн. теңгеден астам бюджет қаражаты жұмсалды. Бұл мақсаттарға 2008 жылы
шамамен республикалық бюджетте 35 млн. теңге болатын қазiргi қажеттiлiк
кезiнде 25 млн. теңге бөлiндi. Өмiр бойы бас бостандығынан айырылған
сотталғандар үшiн ерекше режимдегi түзеу колониялары жоқ.
Алматы, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарында қатаң
режимдегi, Қызылорда облысында жалпы режимдегi ТМ жоқ. Республикада әйелдер
мен кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған ТМ-нiң саны жеткiлiксiз, бұл
сотталғандардың көрсетiлген санаттарының әлеуметтiк байланысын сақтау үшiн
қиындықтар туғызады.
Қолданыстағы ТМ-нiң толып кетуi сотталғандарды орналастыруда, режим мен
қадағалауды қамтамасыз етуде, бас бостандығынан айыру орындарында құқық
бұзушылықтардың алдын-алуда, сотталғандардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз
етуде, сондай-ақ олармен тәрбие жұмысын жүргiзуде қиындықтар туғызады. Сол
сияқты сотталғандарды еңбекпен қамтудағы, туберкулезбен науқастанған
сотталғандарға емдеу жүргiзуге, коммуналдық-тұрмыстық жағдайды
ұйымдастыруға байланысты ахуал күрделене түсуде.
Қылмыстық саясатты iзгiлендiрудiң объективтi процестерiне сай бас
бостандығынан айыруға байланысты емес жазаларға сотталған адамдардың саны
едәуiр артады. Бұл ретте, қылмыстық-атқару инспекциялары, ең алдымен штат
санының жеткілiксiздiгінен де өздерiне жүктелген мiндеттердiң толыққанды
орындалуын қамтамасыз етуге дайын емес. Бұл проблемаларды шешу үшiн
қылмыстық-атқару инспекцияларының функцияларын кеңейту аталмыш қызметтi
әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттыру қажет.
ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлауда, әлеуметтiк қамтамасыз етуде, сондай-
ақ сотталғандардың камераларда оқшау емес, отрядтарда ұсталуынан
қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде проблемалар бар.
ТМ-дi техникалық қадағалау мен күзет құралдары бүгiндерi моральдық және
физикалық жағынан ескiрген.
Қазiргi уақытта бас бостандығынан айыру орындарында 7 мыңнан астам
туберкулезбен ауырғандар және 500 ЖҚТБ инфекциясын жұқтырғандар ұсталуда.
Осы ауруларды емдеу мен алдын алу ТМ үшiн қосымша медициналық құрал-
жабдықтар сатып алу қажеттiгiн талап етедi.
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы бас бостандығынан айыру орындарында
ұсталатын еңбекке қабiлеттi сотталғандардың жалпы санының 32,7 пайызын
құрайды. ҚАЖ кәсiпорындары толық қуатында жұмыс iстеп тұрған жоқ, олардың
өнiмдерi рынокта бәсекеге қабiлеттi бола алмайды. Осыған байланысты, ҚАЖ
кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шараларын әзiрлеу қажет.
Жоғарыда аталған проблемаларды шешу ҚАЖ-ды одан әрi дамытудың негiзгi
бағыттарын анықтайды.
- ТМ-де ұсталатын сотталғандарды ұстау жағдайларын;
- қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындау сапасын;
- ҚАЖ қызметкерлерiнiң кәсiби даярлығын жақсарту жолымен ҚАЖ-ды одан әрi
дамыту болып табылады.
- жазаларды орындау, ТМ-де ұсталатын адамдардың құқықтары мен заңды
мүдделерiн қамтамасыз ету саласындағы заңнаманы жетiлдiру;
- сотталғандарды ұстау жағдайларын халықаралық нормалар мен
стандарттардың талаптарына барынша жақындату;
- ТМ-нiң жаңасын салу және қолданыстағысын қайта жаңғырту;
- ТМ-нiң материалдық-техникалық базасын жақсарту;
- бас бостандығынан айыруға баламалы жазаларды және қылмыстық-құқықтық
ықпал ету шараларын тиiмдi орындау үшiн жағдайлар жасау;
- сотталғандардың еңбекпен қамтылуын арттыру;
- ҚАЖ қызметкерлерiн кәсiби даярлау.
ҚАЖ-ды дамыту қолданыстағы заңнама базасын қайта қараумен, халықаралық
нормалар мен стандарттардың талаптарына сәйкес жаңа нормативтiк құқықтық
кесiмдер әзiрлеумен және қабылдаумен қатар жүруi тиiс.
Елбасы белгiлеген, қылмыстық саясатты iзгiлендiруге бағытталған бағытты
iске асыру аясында қызметкерлер мен сотталғандардың қауiпсiздiгiн ескере
отырып, жаза өткеру тәртiбi мен шарттарын iзгiлендiру жағына қарай өзгерту
мәселелерi бойынша бiрқатар нормативтiк құқықтық кесiмдер жобаларын әзiрлеу
қажет.
Қазақстанда өмiр бойы бас бостандығынан айыруды енгiзуге орай, ТМД мен
алыс шет елдердiң тәжiрибесiн зерделей отырып, жазалаудың осы түрiн
орындауды регламенттейтiн нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеу қажет.
ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру.
ҚАЖ-дың ұйымдық-құрылымдық құрылысын жетiлдiру мақсатында: жаңа ТМ-дi
құру;
бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды оңалту
орталықтарының қызметiн ұйымдастыру;
сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды орындайтын
қылмыстық-атқару инспекцияларының құқықтық мәртебесiн көтерiп және осы
қызметтi әрбiр ауданда құра отырып, қызметкерлердiң штат санын арттырып,
олардың функцияларын кеңейту;
TM-де қадағалау жөнiндегi бақылаушылардың штат санын кезең-кезеңiмен
арттыру;
ҚАЖ-ды басқару процесiн сапалы ақпараттық-талдаумен қамтамасыз етудi
құру жөнiндегi iс-шараларды әзiрлеу және iске асыру қажет, оны
оңтайландыру, компьютерлендiру құралдарының кеңiнен енгiзiлуi мен
байланыстың дамуы негiзiнде жүзеге асырылуы тиiс.
ТМ-де режимдi, қадағалауды және күзетудi ұйымдастыру.
Қылмыстық заңнаманы iзгiлендiру жағдайында сотталғандарды жасақтық ұстау
түзеу мекемелерiнен бiртiндеп камералық және жасақтық ұстаудың ақылға
қонымды аралас үлгiсiне көшiру жөнiнде шаралар қабылдаған жөн, ол үшiн
жалпы және қатаң режимдердегi ТМ-де сотталғандарды камерада ұстауға
арналған жатақханалар салудың орындылығын және мүмкiндiгiн зерделеу қажет.
ТМ аумағында орналасқан объектiлер мен ғимараттарды одан әрi оқшаулау
жөнiндегi iс-шараларды жалғастыру.
Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету.
Сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерiн сақтау кепiлдiгiн нығайту
мақсатында:
адам құқықтарын қорғау саласындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк
және үкiметтiк емес ұйымдарды қатыстыра отырып, сотталғандардың құқықтары
мен заңды мүдделерiн сақтауға бақылауды жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар
әзiрлеу;
Сотталғандардың заң көмегiн алуы уақытылы және оңай болуын қамтамасыз
ету.
Сотталғандармен тәрбие жұмысы.
Сотталғандармен тәрбие жұмысы жазаны өтеу жағдайларын одан әрi
iзгiлендiруге, сотталғандарды әлеуметтiк-құқықтық және әлеуметтiк-
психологиялық қорғауды қамтамасыз етуге, оларға көмек және қолдау
көрсетуге, шектеулер мен тыйым салуларды бiртiндеп азайтуға, сотталғандарды
ТМ-де болған бiрiншi күннен бастап бостандықтағы өмiрге дайындауға бағыт
алуы тиiс.
Бұл ретте, сотталғандармен дербес жұмыс бағдарламаларын әзірлеу мен
енгізуге, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық, дiни және өзге де
ұйымдар арасындағы байланысты қолдау мен нығайтуға, дiни қажеттiлiктердi,
рухани және моральдық сұраныстарды қанағаттандыруға, ұлттық салт-
дәстүрлердi, әдет-ғұрыптар мен жоралғыларды сақтауға жағдай жасауға маңызды
орын берiлуi тиiс.
Бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың орта бiлiм алу
жүйесiн оқыту нысандарының икемдi құрылымын құру негізiнде жетiлдiру қажет.

Сол сияқты, сырттай және дистанциялық оқыту нысандарын сотталғандардың
анағұрлым кеңiрек пайдаланып жоғары бiлiм алу мүмкiндiгiн оны мемлекеттiк
бiлiм берудiң жалпы желiсiне енгiзе отырып қарау қажет.
Тәрбие аппараты сотталғандардың жеке басының дамуы үшiн, олардың орта
бiлiм алу мүмкiндiгiне жағдай жасауда, сотталғандардың бос уақытын
ұйымдастырудың жаңа нысандары мен әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзудi қамтамасыз
етуде, олардың дене және психикалық денсаулығын сақтауда, клуб және үйiрме
жұмыстарының жүйесiн кеңейтуде, сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық
және дiни ұйымдар арасындағы байланысты нығайтуда жұмыс iстеу керек болады.

Сотталғанды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларды және өзгеде
қылмыстық-құқықтық ықпал ету шараларын орындау.
Қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазаларға сотталғандарды тәрбиелеу
және оңалту құралдарын қолданудың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн олардың
мiнез-құлқын психологиялық-криминалистикалық жағынан болжау әдiстемесiн
әзiрлеу керек болады.
Локалдық компьютерлiк желiлер мен қылмыстық-атқару инспекцияларында
есепте тұрған сотталғандардың ақпараттық деректер базасын құру қажет
болады.
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етудi жақсарту мақсатында:
ауруханалардың, емдеу құқығындағы ТМ-нiң соның iшiнде туберкулездiң
белсендi түрiмен ауыратын науқас сотталғандарды ұстау мен амбулаторлық
емдеуге арналғандарының материалдық-техникалық базасын жақсарту бойынша
шаралар қабылдау;
ҚАЖ-дың денсаулық сақтау органдарымен сотталғандардың жұқпалы және басқа
да ауруларының, сонымен қатар маскүнемдiктiң, нашақорлықтың, ЖҚТБ
инфекциясының алдын-алу, диагностикалау және емдеу мәселелерiнде өзара iс-
әрекеттi жүзеге асыру;
ТМ медициналық бөлiмдерi қызметкерлерiнiң бiлiктiлiгiн арттыруды
денсаулық сақтау органдары ұйымдарының базасында қамтамасыз ету қажет.
Үкiметтiк емес ұйымдардың қатысуымен ҚАЖ мекемелерiнде есiрткiге тәуелдi
адамдарды емдеудiң қазiргi заманғы әдiстерiн енгiзудi қамтамасыз ету.
ЖҚТБ инфекциясын және басым жыныстық жолымен берiлетiн жұқпалы
аурулардың алдын-алуды жүзеге асыру үшiн ҚАЖ қызметкерлерiнiң және
сотталғандардың iшiнен ерiктiлердi даярлау жөнiндегi жұмысты одан әрi
жүргізу.
Сотталғандарды еңбекке тарту нысандары мен әдістерін жетілдіру.
Сотталғандардың еңбекпен қамтылуы олардың еңбек рыногында сұранысқа ие
жұмыс кәсiптерi мен мамандықтарын алуына, босатылғаннан кейiн олардың
жұмысқа орналасуына ықпал етуi тиiс. Осыған байланысты:
бiлiм беру органдарымен бiрлесiп сотталғандарды кәсiби оқытудың өз
өндiрiсiнiң мүдделерiн, еңбек рыногын, сондай-ақ босатылғаннан кейiн
жұмысқа орналасу мүмкiндiгiн ескеретiн икемдi жүйесiн ұйымдастыру;
сотталғандардың адал еңбегi мен оқуын ынталандыру бойынша құқықтық және
экономикалық сипаттағы шараларды әзiрлеу қажет.
ТМ кәсiпорындарының қызметiн тұрақтандыру мақсатында:
ҚАЖ кәсiпорындарының Қазақстан Республикасындағы өнеркәсiптi дамытудың
ұзақ мерзiмдi мемлекеттiк және инвестициялық жобаларына қатысуы;
жеңілдiк несие беру есебiнен ҚАЖ кәсiпорындарын техникалық қайта
жарақтандыруды кезең-кезеңiмен жүргiзу;
сұранысқа ие өнiмдердi шығару үшiн ҚАЖ өндiрiстiк объектiлерiн
құрылымдық жағынан қайта бейiмдеудi қамтамасыз ету;
ҚАЖ кәсiпорындарымен сотталғандардың еңбекпен қамтылуын қамтамасыз ету
жөнiндегi бiрлескен қызметке қатысатын әртүрлi меншiк нысандарындағы
ұйымдар үшiн салық жеңiлдiктерiн енгiзу бойынша ұсыныстар енгізу мақсатқа
сай келедi.
ҚАЖ үшiн кадрлар даярлау.
ҚАЖ қызметiн дамыту кадрмен қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiрусiз мүмкiн
емес.
Сонымен бiрге, ҚАЖ-да жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау жөнiндегi оқу
орны жоқ. Осыған байланысты, ҚАЖ үшiн жоғары бiлiмi бар мамандар даярлау,
сондай-ақ ҚАЖ қызметкерлерiнiң бастапқы даярлығына, бiлiктiлiгiн арттыруға
және қайта бiлiктендiруге арналған оқу орталығын құру мүмкiндiгiн қарау
қажет.
ҚАЖ қызметкерлерiнiң қызметтiк, дене және моральдық-психологиялық
даярлық деңгейiн арттыру бойынша шаралар қолдану қажет.
ҚАЖ саласындағы ғылымды дамыту.
ҚАЖ қызметiнiң тиiмдiлiгiн ғылыми қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-
зерттеу орталығын құру қажет, оның қызметi жаза атқару саласындағы
халықаралық тәжiрибенi зерделеу мен енгiзуге, өткiзiлетiн ұйымдастырушылық
және құқықтық қайта құруларға ғылыми iлеспе жасауды қамтамасыз етуге және
ҚАЖ-дың өмiрлiк қажеттiлiктерiне сәйкес қолданбалы және iргелi сипаттағы
ғылыми зерттеулердi ұйымдастыруға бағдарлануы тиiс. Қоғамдық
бiрлестiктермен және бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмыс. Халықаралық
ынтымақтастық
Бұл бағыттағы жұмыстың тиiмдiлiгi үшiн:
қоғамдық бiрлестiктермен, соның iшiнде құқық қорғау ұйымдарымен және
қайырымдылық қорларымен өзара iс-қимылды кеңейту;
мемлекеттiң жаза атқару саласында жүргiзiп жатқан саясаты туралы халыққа
объективтi ақпарат беру бойынша бұқаралық ақпарат құралдарымен тығыз
байланыс жасау қажет.
Шет мемлекеттердiң пенитенциарлық жүйелерiмен халықаралық байланысты
дамыту мақсатында:
тиiстi халықаралық шарттар жасасу;
ҚАЖ қызметiнiң өзектi мәселелерi жөнiндегi халықаралық конференцияларға,
семинарларға және курстарға қатысу;
ҚАЖ қызметкерлерiнiң даярлығы мен бiлiктiлiгiн арттыру саласында
ынтымақтастық жасау жөнiндегi жұмысты жалғастыру қажет.
ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту
ҚАЖ-дың материалдық-техникалық базасын жақсарту мыналарды:
жаңа ТМ салуды;
қолданыстағы ТМ-дi жаңғыртуды;
ТМ-дi қазiргi заманғы инженерлiк-техникалық күзет құралдарымен
жарақтандыруды, сондай-ақ қолданыстағысын күрделi жөндеудi;
ҚАЖ үшiн арнайы автокөлiк сатып алуды;
ҚАЖ қызметкерлерiн қазiргi заманғы жеке қорғаныс, байланыс құралдарымен
және қару-жарақпен қамтамасыз етудi көздейдi.
Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң ұйымдық-құрылымдық құрылуын
және штаттық қамтамасыз етiлуiн кезең-кезеңмен реформалауды жүзеге асыру
көзделдi. Қылмыстық-атқару жүйесiн қайта ұйымдастыруға байланысты орталық
және облыстық қылмыстық-атқару жүйесi басқару органдары арасындағы құзырлық
шектеу нормативтi түрде бекiтiлдi. Қылмыстық-атқару жүйесiнiң бас
басқармасына қылмыстық-атқару саясатының жалпы бастаулары мен принциптерiн,
қылмыстық-атқару заңдарын, жазалауды атқарудың шарттарын айқындайтын жалпы
республикалық нормалар мен ережелердi әзiрлеу, оларды барлық органдар мен
бөлiмшелердiң мiндеттi түрде сақтауына бақылау жасау жүктелдi. Сондай-ақ
ҚАЖББ-да пенитенциарлық практиканы қорытындылау, халықаралық, республикалық
бағдарламалар мен келiсiмдердi орындау жөнiндегi iс-қимылды үйлестiру, жүйе
қызметiн материалдық, кадрлық, қаржылық, ұйымдық және ғылыми қамтамасыз ету
болды.
Жазалауды атқарушы мекемелердiң түрлерiн шектеу жөнiндегi заңдық және
ұйымдық шараларды әзiрлеу жалғастырылсын. Бұл ретте сотталғандардың мекеме
iшiнде ұстау жағдайларына олардың әлеуметтiк-адамгершiлiк азғындау
дәрежесiне және жазасын өтеу кезеңiндегi мiнез-құлығына байланысты
саралауды көздеу керек.
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) жағынан өзiнiң iшкi қауiпсiздiгiн, бас
бостандығынан айыру орындарында ұйымдасқан қылмыс көрінiстерiнiң
бейтараптандыру және жолын кесу, қылмыстық-атқару жүйесi мен iшкi күзет
әскерлерiнiң жеке құрамына жедел қызмет көрсетудi қамтамасыз ететiн арнаулы
бөлiмшелер құру.
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) объектiлерiнiң периметрiн күзетудi осы заманғы
инженерлiк-техникалық құралдармен қайта жарақтандыруды, күзет практикасына
өндiрiстiк теледидар қондырғыларын енгiзу бағдарламаларын жүзеге асыруды
қамтамасыз ету.
Қылмыстық-атқару жүйесi объектiлерiндегi инженерлiк-техникалық
құралдарды күрделi және орташа жөндеу жөнiндегi инженерлiк-техникалық
қамтамасыз ету орталығы және жөндеу базасын құру. 1997 жылдан бастап 2000
жылға дейiн қызмет иттерi питомниктерi құрылып, олардың негiзiнде кiшi
маман-кинологтарды даярлайтын және қайта даярлайтын оқу орталықтарын құру.

Қылмыстық-атқару жүйесi, алдын ала қамауға алу орындары қызметкерлерiнiң
жоғары ресми мәртебесi мен қоғамдық беделiн орнықтыру жөнiндегi жұмысты
жалғастыру.
Қылмыстық жазалауды атқарушы мекемелердiң және алдын ала қамауға алу
орындары қызметкерлерiнiң құқықтық жағдайын заңды тәртiпте айқындау.
Еңбекпен түзеу және тәрбиелеу мекемелерiн, алдын ала қамауға алу
орындарын кадрлармен жасақтау Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi,
Мемлекеттiк тергеу комитетi және Бiлiм министрлiгiнiң оқу орындарында
арнаулы даярлықтан өткен адамдармен ғана жүзеге асыру. Психологтарды
мақсаттық даярлау өрiстетiлсiн.
Осы мақсаттарда Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi оқу органдарында
және шетелдерде кадрлардың алғашқы даярлығы, қайта даярлығы және бiлiктiгiн
арттыру, мамандар даярлау бағдарламасын әзiрлеу.
Облыстардың IIБ ҚАЖБ(б) қызметкерлерiнiң кәсiптiк төмендеуiнiң және
шамадан тыс психологиялық салмақ түсуiнiң алдын алу үшiн дәрiгерлiк-оңалту
орталықтарын құру. Қамалғандар арасындағы агрессивтi көрiнiстерге жол
бермеу үшiн ТМ, ТК, тергеу оқушылары қызметкерлерiнiң арнаулы, жауынгерлiк
және дене даярлығын жетiлдiру.
Қызметкерлердi жеке қорғаныс және белсендi қорғану құралдарымен кең
тұрғыда жабдықтауды қамтамасыз ету.
Қылмыстық-атқару жүйесi қызметкерлерiнiң жеке басының қауiпсiздiгiнiң
кепiлдiктер жүйесiн заңды түрде айқындау. Сотталғандарды әлеуметтiк-
құқықтық қорғау, оларды жұмысқа пайдалану: құқық бұзушыларға
адамгершiлiк көзқарасты; адамның құқығы мен оның мүдделерiн;
сотталғандардың заңға бой ұсыну тәртiбiнiң басымдылығын; қылмыскердiң
әртүрлi санаттарына саралау (дифференцированный) ыңғайы; сотталғандарды
жазаны атқарушы мекемелерде алғашқы болған күнiнен бастап бостандыққа өмiр
сүруге әзiрлеу принципiн қамтамасыз ететiн жаза өтеудiң жағдайлары мен
тәртiбiн жасау. Осы мақсатта:
сотталғандарды ұстау жағдайын олардың тәртiбiне қарай кезең-кезеңмен
өзгерте отырып, жазаны өтеу режимiн саралау;
сотталғандардың бейiмделуi, диагностикасы мен бөлiнiсi үшiн жағдайларды,
өзiн оң жағынан көрсеткендердiң ұсталу жағдайының жақсартылуын, сауықтыру-
алдын алу шараларын жүргiзудi қамтамасыз ету;
сотталғандарға берiлетiн кепiлдi игiлiктiң ең аз деңгейiн кеңейту;
тергеудегi-тұтқындалған және сотталған адамдарға ақылы тұрмыстық,
медициналық, сауықтыру және өзге қызмет көрсетулерiнiң берiлу жүйесiн құру;

тергеудегi-тұтқындалған, сотталған адамды ұстауға арналған ең аз
шығыстардың нормасын Қазақстан Республикасының нақтылы мүмкiндiктерi мен
халықаралық стандарттарды заңды түрде белгiлеу және бекiту;
азық-түлiк, заттық және де басқа интенданттық мүлiктердi
орталықтандырылып берiлуiн, сондай-ақ материалдық ресурстарды өз
кәсiпорындарында және оқу өндiрiстiк шеберханаларында шығаруды
ұйымдастыруды көздей отырып бас бостандығынан айырылған және алдын ала
қамауға алынғандар ұсталатын орындардағы адамдарды тұрақты материалдық-
тұрмыстық қамтамасыз ету жүйесiн құру;
әртүрлi санаттағы сотталған және тергеудегi-тұтқындалғандар үшiн тұрғын
алаң нормасын бiрте-бiрте көбейту, тергеудегi-тұтқындалған және
сотталғандарды камералық үлгiдегi санитарлық талаптарға сәйкес үй-жайларға
орналастыруды қамтамасыз ету;
жалпы бiлiм беретiн және кәсiптiк оқыту органдарымен бiрлесе отырып өз
өндiрiсiнiң, еңбек нарығының мүдделерi, босатылғаннан кейiн жұмысқа
орналасу мүмкiндiктерi ескерiле отырып қамалғандарды оқытудың икемдi
жүйесiн құру;
сотталғандар мен олардың туыстары, қоғамдық және дiни ұйымдар арасындағы
байланыстың нығаюына жағдай жасау;
Бас бостандығынан айыру орындарындағы еңбекке жарамды барлық
сотталғандар үшiн қажеттi жұмыс орындарын құру алда тұр.
Осы мақсаттарда атқарушы өкiмет органдарының қолдауымен сұранымға ие
өнiм түрлерiн шығаруға қабiлеттi қылмыстық-атқару жүйесiнiң өндiрiстiк
объектiлерiн жаңарту мен құрылымдық қайта бағдарлауды қамтамасыз ету.
ҚАЖББ мекемелерiнiң өндiрiс орындарында мемлекеттiк тапсырыстарды, оның
iшiнде қылмыстық-атқару жүйесi және республика iшкi iстер органдарының
мұқтаждары үшiн өнiм шығару тапсырыстарын бiрiншi кезекте орналастыруды
қамтамасыз ету.
Бүгiнгi күнi республикадағы қылмыстық-атқару жүйесiнiң құрамына 91
бөлiмше кiредi, оның iшiнде: 21 жалпы, 15 қатаң және 3 айрықша қатаң
режимдегі түзеу колониясы, 23 колония-қоныстары, кәмелетке толмағандарға
арналған 3 тәрбие колониясы, 1 түрме, 8 арнайы емдеу мекемесi және оларға
қатысты бұлтартпау шарасы ретiнде қамауға алу таңдалған қылмыстың жасалуына
сезiктiлер мен айыпталушылар күзет қамауында ұсталатын 17 тергеу изоляторы
бар.
Барлық аталған мекемеде 85 мың 744 адам ұсталуда. Оның iшiнде: жалпы
режимдегi колонияларда - 33 556 адам, қатаң режимдегi колонияларда - 18
730; айрықша қатаң режимдегі колонияларда - 2 001; колония-қоныстарда - 4
839; түрмелерде - 292; 3 268 - әйелдер; 1 128 - кәмелетке толмағандар;
тергеу изоляторларында - 17 141 сезiктiлер мен айыпталушылар жазаларын
өтеуде. Бұл ретте, сотталғандардың және қылмыстың жасалуына сезiктiлер мен
айыпталушы адамдардың саны мынадай:
1-кесте
әрбiр жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша
түзеу мекемелерiндегі сотталғандар санының динамикасы
Жылы        1996   1997   1998   1999   2000  2001  
1995    
                                                    
              
Саны      65   73   65   67   61   58   70
165 687 329 906 924 961 800

 
1997 және 2000 жылдарғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша сотталғандар санының
азаюы сотталғандардың кейбiр санаттарына рақымшылық жасауды қолдануға, ал
1999 жылдың 1 қаңтарындағы дейiнгi жағдай Қазақстан Республикасының
Қылмыстық кодексiнiң енгiзiлуiне сәйкес үкiмдердiң қайта қаралуына
байланысты.
2-кесте
2000 жылдың iшiнде әр ай бойынша сотталғандардың саны
         I   II III  IV  V 
Саны      70   82   94   106   118
  800  800 800 800 800 

 
     Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару  заңнамасына  сәйкес 
бас бостандығынан айыруға сотталған адамдар тұтқындалғанға немесе
сотталғанға дейiн тұрған облыс аумағындағы  түзеу  мекемелерiнде 
жазаларын  өтеулерi тиiс. Бiрақ та қолда бар мекемелердiң  әр  қилы 
орналасуы  бұл  талаптың орындалуын қамтамасыз ете алмай отыр. Қызылорда
облысында жалпы режимдегi колониялар,  Ақтөбе,  Алматы,  Атырау,  Батыс 
Қазақстан  және   Қостанай облыстарында  қатаң  режимдегi  колониялар 
жоқ,  соның  нәтижесiнде  осы облыстардағы  қатаң  режимдегі  түзеу 
колонияларында  жазаларын   өтеуге сотталғандар   республиканың   басқа  
аймақтарындағы   қатаң   режимдегi колонияларда жазаларын өтеуде.
     Қолда  бар  айрықша  қатаң  режимдегi  үш  түзеу  колониясы  Ақмола,
Қостанай  және  Солтүстiк  Қазақстан  облыстарында  орналасқан,    осыған
байланысты  республиканың  барлық  аймақтарындағы  сотталғандар  жоғарыда
аталған облыстардағы түзеу колонияларына жiберiлуде.
     Әйелдер мен  кәмелетке  толмағандарды  ұстауға  арналған  колониялар
жеткiлiксiз. Республиканың барлық облыстарындағы сотталған әйелдер Алматы
және  Қарағанды  облыстарындағы  екi  түзеу  колониясында,  ал  кәмелетке
толмағандар Ақтөбе, Алматы және  Солтүстік  Қазақстан  облыстарындағы  үш
тәрбие колониясында жазаларын өтеуде.
     Мұндай жағдай республикадағы тергеу изоляторларында да  қалыптасқан.
Олардың көбi санитарлық және техникалық талаптарға жауап  бермейтiн  ескi
ғимараттарға орналасқан.  Олардың  қатарына  18-19  ғасырларда  салынған,
қазiргi кезде апаттық жағдайда тұрған  Алматы,  Қарағанды,  Семей,  Орал,
Өскемен,  Шымкент  қалаларындағы  тергеу  изоляторы  жатады.    Маңғыстау
облысында тергеу изоляторы мүлде жоқ, саны 400  адам  болатын  сезiктiлер
мен айыпталушылар Атырау қаласындағы тергеу изоляторында ұсталуда. Астана
және Алматы қалаларындағы тергеу изоляторлары шектен тыс толған,  санының
лимит шегiнен шығуы тиiсiнше 22 және 132% құрайды.  Республиканың  тергеу
изоляторларында ұсталатын арнайы контингент саны ай сайын 700-800  адамға
өсiп отыр. Осылайша, ондағы  арнайы  контингенттiң  саны  2001  жылдың  1
қаңтарында 18 300 адамды құрды.
 Қазiргi  сәтте  сот  үкiмдерiне  сәйкес  сотталғандарды       тергеу
изоляторларынан түзеу мекемелерiне режимнiң  түрлерi  бойынша  тасымалдау
темiр жол көлiгiмен жүзеге асырылады.  Айына  ұзақтығы  жолда  жүрудiң  1
тәулiгiнен 6 тәулiгiне дейiнгi 36  рейске  дейiн  жасалатын  12  жоспарлы
бағыт көзделген. Осы мақсаттар  үшiн  қылмыстық-атқару  жүйесiнiң  тиiстi
қызметтерi "Қазақстан Темiр Жолы" республикалық мемлекеттiк  кәсiпорнынан
16  арнайы  вагонды  және  Ресей  Федерациясының  "Темiржол        көлiгi
кәсiпорнынан" 3 арнайы вагонды жалға алып отыр. Жоғарыда  аталған  арнайы
вагондар күрделi жөндеудi қажет етедi және  оларды  пайдалану  мерзiмiнiң
өтiп кетуiне байланысты  толық  ауыстыруға  жатады.  Арнайы  контингентті
тасымалдауға арналған арнайы автомобильдер де дәл осындай жағдайға ұшырап
отыр, бұл ақыр аяғында сотталғандарды және қылмыстың жасалуына сезiктiлер
мен айыпталушы адамдарды автомобиль және темiр жол  көлiгiмен  тасымалдау
кезiнде төтенше жағдайлардың туындауына әкелiп соғуы мүмкiн.
     Жабық    үлгiдегi    түзеу    мекемелерiн    күзеттiң        қазiргі
инженерлiк-техникалық құралдарымен  жабдықтау  проблемалық  мәселе  болып
отыр.  Қазiргi  уақытта  республиканың  түзеу  мекемелерiнде   орнатылған
"Ночь-12", "Пион",  "Мимоза-4"  сияқты  күзеттiң  тағы  басқа  техникалық
құралдары олардың ұзақ уақыт пайдаланылуына  байланысты  жөндеудi  немесе
қайта орнатуды қажет етедi. Бұл ретте бас бостандығынан айыру орындарында
жазасын   өтеп   жатқан   адамдардың   мiнез-құлқын   бақылауды      және
қылмыстық-атқару  жүйесiнiң  бөлiмшелерi  қызметкерлерiнiң  қауiпсiздiгiн
жүзеге асыру үшiн  түзеу  мекемелерi  мен  тергеу  изоляторларын  қосымша
өндiрiстiк теледидар қондырғыларымен жабдықтау қажет.
 Қылмыстық-атқару жүйесiнiң алдындағы мiндеттер мыналардан тұрады:
1) жаңа құрылыстар салу және қолданыстағы түзеу мекемелерi мен тергеу
изоляторларын қайта жаңарту жолымен түзеу мекемелерiндегi және тергеу
изоляторларындағы сотталғандарды ұстаудың орналасу тығыздығын азайту;
2) сотталғандардың барлық санаттарына сотталғанға немесе тұтқындалғанға
дейiн тұрған аймағының шегiнде жазасын өтеу үшiн жағдай жасау;
3) сотталғандарды республика бойынша тасымалдау санын азайту;
4) түзеу мекемелерiнде жазаларын өтеу кезiнде сотталғандарды ұстаудың
қауiпсiздiгiн арттыру;
5) сотталғандардың арасындағы қылмыстар санын, олардың күзетiлетiн түзеу
мекемелерiнен қашу санын азайту.
Сотталғандардың тұтқындалғанға немесе сотталғанға дейiн тұрған облыс
аумағында жазаларын өтеу туралы заңнамалық талаптарды iске асыру мақсатында
барлық санаттағы бас бостандығынан айыруға сотталған ерлерге, әйелдерге
және кәмелетке толмағандарға, сондай-ақ жұқпалы аурулармен ауыратындарға
жазаларын өтеу үшiн әрбiр облыста тиiстi жағдай жасау жөнiндегi жұмысты
жалғастыру.
Прогрессивтi жаза өтеудiң сотталғандарды тиiмдi қайта әлеуметтiк
бейiмдеудi барынша ынталандыратын, сотталғандарды бiр түзеу мекемесiнiң
шегiнде саралап ұстауды және жеңiлдеу режимдегi өзге де түзеу мекемелерiне
ауыстыруды, тiптен шартты түрде мерзiмiнен бұрын босатуды қамтитын қалыпты
жүйесiн құру жөнiндегi жұмысты жалғастыру.
Жазаларды өтеудiң режимiн, ғылым мен техника саласындағы соңғы
жетiстiктер негізiнде жасалған күзеттiң қазiргi заманғы инженерлiк-
техникалық құралдарын пайдалана отырып, бас бостандығынан айыру орындарын
күзетудiң сенiмдi болуын нығайту. Қызметкерлердiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз
ету мақсатында оларды қазіргі заманғы жеке қорғаныс және байланыс
құралдарымен, қару-жарақпен қамтамасыз ету.

2 ЖАЗАНЫ АТҚАРАТЫН ОРГАНДАР МЕН МЕКЕМЕЛЕРДІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ТҮРЛЕРІ

Біздің елде қылмыспен күресуді болжау арнайы профилактика жұмысын
ұйымдастыруды, алдын ала қылмысты ескерту және оны істеуге мүмкіндік
беретін себептері мен жағдайын белгілеуді, сонымен қатар жасалған қылмысты
тергеу және сотта қарау, жазаны белгілеу мен орындауды талап етеді.
Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларының барлық жиынтығын іске
асыру мемлекет органдарына жүктелген.
Қылмыстық іс жүргізу заңдарымен үкімді атқару. онымен айналысу үкім
шығаратын сотка жүктелген. Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе
соттөрағасы үкімнің көшірмесімен коса үкім орындау міндеттелген органға
жібереді. Ол орган үкімнін орындалғаны туралы сол сотқа дереу хабарлайды.
Сот шешімін орындау үшін мемлекет тиісті жазаны атқаратын арнайы
мекемелер мен органдар кұрады, сондай-ак жазаны атқару басқа бір жеке
органдарға өзге де міндеттермен бірге жүктеледі.
Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi
комитетi (бұдан әрi - Комитет) өз құзыретiнiң шегiнде қылмыстық-атқару
қызметi саласында iске асыру және бақылау-қадағалау функцияларын жүзеге
асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнiң ведомствосы болып
табылады [3].
Комитеттің негiзгi мiндетi қылмыстық жазаны орындау саласындағы
мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, қылмыстық жазаны орындайтын органдар мен
мекемелерде құқық тәртiбi мен заңдылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Комитеттің облыстарда және Астана мен Алматы қалаларында аумақтық
органдары, сондай-ақ қылмыстық жазаларды орындауды және күдiктiлер мен
айыпталушыларды тергеу изоляторларында уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететiн
мекемелерi мен органдары, сотталғандарды күзетудi және олардың мiнез-құлқын
қадағалауды жүзеге асыратын саптық бөлiмшелерi, оқу орындары және
кәсiпорындары болады.
Комитет өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясы мен
заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкiметiнiң
кесiмдерiне, өзге де нормативтік құқықтық кесiмдерге, сондай-ақ осы Ережеге
сәйкес жүзеге асырады.
Комитет мемлекеттiк мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға
болып табылады, оның өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен
мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкілерi, сондай-ақ заңнамаға сәйкес
қазынашылық органдарында шоттары болады.
Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Комитеттiң,
егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттiк берілсе, мемлекеттiң атынан азаматтық-
құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар. Комитет өз құзыретiнiң
мәселелерi бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен бұйрықтар шығарады.
Комитеттің құрылымы және штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының
Үкiметі бекiтедi. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Әділет
министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесі комитетi" мемлекеттік мекемесi.
Комитеттің қызметiн қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге
асырылады. Комитетке кәсіпкерлiк субъектiлермен Комитеттің функциялары
болып табылатын мiндеттердi орындау мәнiне шарттық қатынастарға түсуіне
тыйым салынады. Егер Комитетке заңнамалық кесiмдермен кiрiстер келтiретін
қызметті жүзеге асыру құқығы берiлген болса онда мұндай қызметтен алынған
кiрiстер республикалық бюджеттің кiрiсiне жiберiледi.
 Комитет заңнамада белгiленген:
1) мынадай салаларда мемлекеттік саясаттың iске асырылуын қамтамасыз
ететiн функциялар:
- сотталғандарға қатысты сот үкiмдерiн, қаулыларын және ұйғарымдарын
орындауды;
- соттардың үкiмдерiне, қаулылары на және ұйғарымдарына сәйкес қылмыстық-
атқару жүйесi мекемелерiнде сотталғандардың орналасуын ұйымдастыруды,
жазаны өтеудiң заңнамада белгіленген тәртiбi мен шарттарының сақталуын
қамтамасыз етудi;
- сотталғандарды тергеу изоляторларынан, сондай-ақ жазалауды орындайтын
мекемелер мен органдардан басқаларына ауыстыруды ұйымдастыруды;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн, органдары мен кәсiпорындарын,
күзетуді, сотталғандардың, қызметкерлер мен олардың аумағындағы өзге де
адамдардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етудi, қылмыстық-атқару жүйесi
мекемелерiнде ұсталатын адамдарды айдауылдауды, iшкi қауiпсiздiкті, қылмыс
көрiнiстерiн, соның iшiнде ұйымдасқан қылмысты бейтараптандыруды және оның
жолын кесудi қамтамасыз етудi;
- рақымшылық және кешiрiм жасау кесiмдерiнiң орындалуын ұйымдастыруды;
сотталғандарды қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалауды орындау,
жазаның осы түрін өтеуден жалтарушы сотталғандарға қатысты бастапқы
iздестiру іс-шараларын уақытылы жүргiзу жөнiндегі жұмысты ұйымдастыруды;
- қылмыстық жазаны өтеп жүрген адамдар арасында тәрбие жұмысын
ұйымдастыруды;
- сотталғандарды босатуға дайындау жөнiндегі жұмыстарды ұйымдастыру,
қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының басқа да құқық қорғау
органдарымен, атқарушы билiк органдарымен және қоғамдық бiрлестiктермен
сотталғандарды түзеудiң нәтижелерiн бекiтудi, оларды еңбекке және тұрмыста
орналастыру жөнiндегi өзара iс-қимылын;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдарды азық-
түлiкпен, заттай және интенданттық мүлiкпен материалдық-тұрмыстық жағынан
қамтамасыз етудi ұйымдастыруды;
- мемлекеттiк сатып алуларды жүргiзудi ұйымдастыруды;
- Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдiктердiң және азаматтығы
жоқ адамдардың қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарындағы
құқықтары мен заңды мүдделерiнiң бұзылуы туралы арыздарын қарау, оларды
есепке алу мен тiркеудi жүзеге асыруды;
- төтенше жағдайлар кезiнде қызметтік мiндеттердi орындау жөнiндегi iс-
әрекеттердiң жедел жоспарларын әзiрлеу және iске асыру, қылмыстық-атқару
жүйесінің қажетті күштерi мен құралдарын тартуды және олардың құқық қорғау
органдарымен және басқа да ведомстволармен өзара iс-әрекетiн қамтамасыз
етудi;
- қылмыстық-атқару жүйесi кәсiпорындары мен мекемелерiнде, мемлекеттiк
ұйымдарда немесе өзге де меншiк нысандарындағы ұйымдарда сотталғандардың
еңбек етуiн ұйымдастыруды, сотталғандардың жеке еңбек қызметiне жағдайлар
жасауды;
- сотталғандардың жалпы орта, бастауыш кәсiптік бiлiм алуын немесе
кәсiби даярлығын ұйымдастыруды;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын сотталғандарға,
күдiктiлер мен айыпталушыларға емдеу-алдын алу көмегiн ұйымдастыруды;
- кадрларды iрiктеу, орналастыру, оқыту және тәрбиелеу жөнiндегі жұмысты
жүзеге асыруды, қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметкерлерiн құқықтық және
әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету, оларды кәсiби даярлауды ұйымдастыруды;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде жедел-iздестiру қызметiн жүзеге
асыру және ұйымдастыру, оны жетілдiру жөнiндегі шараларды қабылдауды,
қылмыстарды анықтауда, олардың алдын алуда, жолын кесуде және ашуда өзге де
органдардың тиiстi қызметтерiмен өзара iс-қимыл жасауды;
- түзеу мекемелерiнде және тергеу изоляторларында дайындалатын және
жасалатын қылмыстарды және жазаны өтеу мен күзетте ұстаудың белгіленген
тәртiбiн бұзушылықтарды анықтауды, ашуды, жолын кесудi және алдын алуды
ұйымдастыруды;
- тергеу изоляторларында күдiктілердiң, айыпталушылар мен
сотталғандардың ұсталуын ұйымдастыруды;
- анықтауды жүзеге асыруды ұйымдастыруды;
- қылмыстық-атқару жүйесiн дамыту және нығайту бағдарламаларын iске
асыруды;
- мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қылмыстық жазалауды орындау
саласындағы ғылыми зерттеулерiн үйлестiрудi;
- сотталғандарға түзету ықпалын, оның iшiнде психологиялық-педагогикалық
әдiстердi қолдана отырып жүзеге асыруды ұйымдастыруды;
- қылмыстық жазасын өтеген адамдардың әлеуметтiк бейiмделуi мен оңалуын
ұйымдастыруды және жүзеге асыруды;
- қоғамдық және дiни бiрлестiктердi қылмыстық-атқару жүйесiнiң қызметiне
тартуды;
- басқа мемлекеттiк органдар мен ұйымдар қылмыстық-атқару жүйесi
органдарына (мекемелерiне) берген мемлекеттiк құпияларды құрайтын
мәлiметтердi, сондай-ақ олар құпияландырған мәлiметтердi қорғауды
қамтамасыз етудi;
- Қазақстан Республикасының заңнамасын қылмыстық-атқару қызметi
саласында қолдану практикасын талдау мен қорытуды және оны жетiлдiру,
Қазақстан Республикасы заңнамасының бұзылуына ықпал ететiн себептер мен
жағдайларды жою жөнiнде тиiстi ұсыныстар енгiзудi;
- азаматтар мен заңды тұлғалардың Комитеттiң құзыретiне жатқызылған
мәселелер бойынша өтiнiштерiн қабылдауды, қарауды және өтiнiш берушiлерге
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмде
қабылданған шешiмдер туралы хабарлауды;
2) бақылау-қадағалау функциялары:
- сотталғандарға қатысты сот кесiмдерінің, сондай-ақ рақымшылық және
кeшipiм жасау кесiмдерінің орындалуын;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарында режимдiк
талаптардың орындалуын;
- қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерiнде ұсталатын адамдардың
құқықтарының, олардың материалдық-тұрмыстық жағынан қамтамасыз ету
нормаларының сақталуын;
- қылмыстық жазаны өтеп жүрген сотталғандармен тәрбие жұмысын жүргізуді;

- бас бостандығынан айыруға байланысты емес жазаны өтеп жүрген
адамдарды;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде режимдi қамтамасыз ету
мақсатында сотталғандарды;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiнде ұсталатын адамдардың денсаулығын
сақтауды қамтамасыз ететiн санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы
талаптардың орындалуын;
- қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiндегi жедел жағдайды;
- тергеу изоляторларында қамауда ұстау мерзiмдерінің сақталуын;
- медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қамтамасыз ету бөлiгіндегi
соттар үкімдерінің уақытылы орындалуын және сотталғандарды ауруына
байланысты жазаны өтеуден босату үшiн сотқа материалдардың ұсынылуын жүзеге
асырады.
Комитеттiң өз құзыретінің шегінде:
1) аумақтық органдарға және ведомстволық бағынысты ұйымдарға қатысты
әкiмшілiк-өкімгерлiк және бақылау функцияларын орындауға;
2) мемлекеттiк органдардан және өзге де ұйымдардан қажеттi ақпаратты
сұратуға және алуға;
3) нормативтік құқықтық кесiмдердi әзiрлеу және жетілдіру бойынша
ұсыныстар енгізуге;
4) сотталғандардың топтасып бағынбау, сондай-ақ түзеу мекемелерiндегi
жаппай тәртiпсiздiк оқиғаларына қызметтік тексерулер жүргізуге, олардың
себептерiн анықтауға және талдауға, мұндай жағдайларды болдырмау жөнiндегі
шараларды қабылдауға;
5) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiне қылмыстық-атқару жүйесi
мекемелерiнде ерекше жағдай режимiн енгiзу туралы ұсыныс енгізуге;
6) кеңестер, семинарлар, конференциялар өткiзуге;
7) қылмыстық-атқару жүйесінде қызметін жүзеге асыратын мекемелердi,
органдарды және ұйымдарды құру, қайта ұйымдастыру, көшiру және тарату
туралы ұсыныстар әзірлеуге;
8) халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыруға құқығы бар.
 Комитеттің жедел басқару құқығында республикалық меншiкке жататын
оқшауланған мүлкi болады. Комитеттiң мүлкі оған мемлекет берген мүлiктiң
есебiнен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаражатынан, сондай-ақ
құны дербес теңгерімде көрсетілетін өзге де мүлiктен тұрады. Комитеттiң
өзiне бекiтiлiп берілген мүлікті өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған
өзге де тәсiлмен билiк етуге құқығы жоқ. Комитетке Қазақстан
Республикасының заңнамасында белгiленген жағдайларда және шектерде мүлiкке
билiк ету құқығы берiлуi мүмкiн.
 Комитеттi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң ұсынуы бойынша
Қазақстан Республикасының Үкiметі қызметке тағайындайтын және қызметтен
босататын төраға басқарады. Комитет төрағасының заңнамаға сәйкес қызметке
тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады. Комитет
төрағасы орынбасарларының санын Қазақстан Республикасының Үкiметi
белгiлейдi. Комитеттің төрағасы Комитеттiң жұмысын ұйымдастырады және
басқарады және Комитетке жүктелген мiндеттердiң орындалуы мен оның өз
функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауаптылықта болады.
Комитеттің төрағасы осы мақсаттарда белгіленген тәртiппен:
1) өзiнiң орынбасарларының, Комитеттің аумақтық органдары мен құрылымдық
бөлiмшелерi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдары
басшыларының мiндеттерi мен өкілеттіктерiн белгiлейдi;
2) Комитеттің, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен органдарының, оқу
орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты
кәсiпорындардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) әділет подполковнигіне дейiн қоса алғандағы кезектi арнайы атақтарды
береді;
4) Комитеттiң, аумақтық органдардың, қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi
мен органдарының, оқу орындарының қызметкерлерiн, сондай-ақ ведомстволық
бағынысты кәсіпорындардың басшыларын көтермелейдi, оларға тәртіптік жаза
қолданады;
5) Комитеттің құрылымдық бөлiмшелерi, аумақтық органдары туралы
ережелердi, сондай-ақ Комитетке ведомстволық бағынысты ұйымдардың
Жарғыларын бекiтедi;
6) Комитетті мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда білдiредi;
7) белгіленген тәртiппен Комитеттің қызметкерлерін ведомстволық
бағынысты ұйымдарға практикалық көмек көрсету және олардың қызметін
тексерудi жүргiзу, басқа да қызметтік мәселелердi шешу үшін іссапарларға
жiбередi;
8) Комитеттiң, сондай-aқ қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi мен
органдарының жеке құрамы арасында тәрбие жұмысын, олардың тәртіпті,
заңдылықты және құпиялылық режимiн, қызметтiк және жауынгерлiк даярлығын
сақтауын ұйымдастырады;
9) азаматтарды қабылдауды жүзеге асырады, шағымдар мен өтініштердi
қарайды, олар бойынша шешім қабылдайды, тәртiп пен заңдылықты бұзу
фактілерi бойынша қызметтiк тексерулер жүргiзедi;
10) өз құзыретiне қатысты басқа да мәселелер бойынша шешiмдер
қабылдайды.
Жазаны өтеуді басқаратын түзеу мекемелері мен органдарының негізгі
міндеттері мыналар:
1. Соттың немесе әскери соттың үкімімен белгіленген тиісті қылмыстық
жазаны лайықты түрде атқару.
2. Сотталғандарды заңды нақтылы орындау және қоғамдық тұрмыс ережесін
сыйлау рухында түзету мен тәрбиелеу.
3. Сотталғандардын өздерінің жаңа қылмыс жасамауын ескерту (арнайы
немесе жеке ескерту).
4. Басқа адамдардың жаңадан қылмыс жасамауын ескерту (жалпы ескерту).
Қазақстан Республикасы Қылмыстык-атқару кодексінің 2-бабында былай
делінген: "... қылмыстық-атқару заңдарының мақсаттары әлеуметтік
әділеттілікті қалпына келтіру, сотталғандарды түзеу, сотталғандардың да,
өзге адамдардың да жаңа қылмыстар жасауының алдын алу болып табылады.
Қылмыстық-атқару заңдарының міндеті жазаларды өтеудің тәртібі мен
жағдайларын реттеу, сотталғандарды түзеу амалдарын анықтау, олардың
құқықтарын, бостаңдығы мен занды мүдделерін қорғау, оларға әлеуметтік
бейімделуге көмек көрсету болып саналады".
Түзеу шараларымен әсер етуге байланысты соттың жиірек тағайындайтын
жазасы — ол бас бостандығынан айыру болып есептеледі. Осы жағдайды ескере
отырып, бұл қылмысты орындайтын мекемелердің ұйымдастыру құрылымын
толығырақ қарау қажет сияқты. Түзеу мекемелерін арнайы бас бостандығынан
айыру жазасын орындату үшін мемлекет құрады. Түзеу мекемелері ұйымдастыру
жағынан дербес болады және оның заңдық тұлғалық кұқығы бар да басқадай
функциясы жоқ болып келеді. Бас бостандығынан айырудың маңызы — ол
сотталғанды соттың үкімімен белгіленген мерзімге түзеу мекемесіне
орналасуға мәжбүр ету, сонымен оны қоғамнан бөлектеу.
"Қамауда ұстау орны" мен "түзеу мекемесі" түсініктерін айыра білген жөн.
Қамауда ұстау орнына: тергеу қапасы (ТҚ), уақытша ұстау қапасы (УҰҚ),
әскери абақтылар кіреді. Түзеу мекемелерінің басқа қамауда ұстау
орындарынан айырмашылығы — бұларда сот үкімінің заңды күшіне енгендер
немесе тек қана бас бостандығынан айыруға сотталғандар ғана отырады. Тергеу
қапасында, уақытша ұстау қапалары мен абақтыда сотталғанға немесе үкім
заңды күшіне енгенге дейін күдіктілер мен айыптылар отырады, ал уақытша
ұстау қапасы мен абақтыда оған қоса әкімшілік және тәртіптік реттерінде
қамалғандар отырады [4, 33б.].
Сотталғандардың әр түрлі дәрежесі болатындықтан және оларды бір-бірінен
бөлек ұстау тиістілігінен, мемлекет әр түрлі түзеу мекемелерін құрған.
Қазіргі күші бар заң сотталғандардың жасына қарай түзеу мекемелерін екі
топқа айырады: а) ересектер үшін (18 жасқа толғандар); ә) кәмелетке толма-
ғандар үшін (14-тен 18 жасқа дейінгілер) [5, 12б.].
Түзеу мекемелерінін ересектер үшін бірнеше түрі болады. Олар жазасын
өтеу жөніне, жағдайына (ұстау режиміне), қоғамнан бөлу, оларда отырған
адамдардың қауіптілік деңгейіне байланысты ұсталатындар: қоныстану
колониясы, жалпы, қатаң және ерекше режимдегі колониялар болады.
Кәмелетке жатпағандар үшін екі түрлі тәрбиелеу колониялары бар: а) жалпы
режимді тәрбиелеу колониясы; ә) режимі күшейтілген тәрбиелеу колониясы (тек
қана ер адамдар үшін).
Сот әрбір сотталғанға жынысына, жасына, жасаған қылмысының ауырлығына,
бұрынғы бас бостандығынан айыруға қанша рет сотталғанына және басқа да оның
жауапкершілігін жеңілдететін немесе ауырлататын жағдайларға байланысты
түзеу мекемесінің түрін белгілейді [6, 67 б.].
Сотталған ауруларды емдеу үшін арнайы емдеу мекемелері ашылған, олар
жынысына, жасына қарай бөлек-бөлек орналаскан. Тергеу қапастарында
шаруашылық қызметі үшін сотталғандар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыстық - атқару құқығы ғылымы
Қылмыстық - атқару құқығының түсінігі
Қазақстан Республикасының қылмыстық - атқару құқығы
Қазақстан Республикасы әдiлет органдары
«ҚР қылмыстық-атқару құқығы» пәнінен лекциялар
«Қылмыстық атқару-құқығы» пәнінен лекциялар
Жаза өтеп жатқан адамдарға қатысты халқаралық қалыптық ережелер
Әділет органдарының актілері
Қылмыстық атқару құқығының жалпы негіздері. ДӘРІСТЕР КЕШЕНІ
Зерттеу пәні - бас бостандығынан айыру орындарында сотталғандардың құқықтарының сақталуын құқықтық реттеу
Пәндер