Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру



Кіріспе

1. Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру
2. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
3. Дидактика . оқыту теориясы.
4. Оқушылардың оқу . іс әрекетін қалыптастыру
5. Оқытуды ұйымдастырудың формалары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды интегративтік оқыту бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас ұрпаққа сапалы, мән – мағаналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін Жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы айтылған міндеттер – мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі мәселелер. Өйткені, халыққа білім беру реформасы «ғылыми негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді» міндеттеп отыр.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан Әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние. Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік мақсатқа орайластыра жазған. Оның оқу-білім тәлім-тәрбие мәселелері жайлы айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулыны гуманистік, ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. Адам деген ардақты атты лайықпен алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемдегі жаман мен жақсыны адамның ақылы ғана ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өерге жетілу қажет. Осы жолда өмір бойы еңбектеніп,әрекеттенген абзал, мұның өзі – адамға зор бақыт. Бірақ дүниеде жалғыз жүріп бақытқа жетуге болмайды. Ол үшін бірлесіп, қоғамдасып әрекет ету керек. Адам алдымен ойлы, парасатты болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет, парасаттылық адамға өзінен-өзі келмейді. Ол ұлан-ғайыр еңбек етіп, ғылым-біліммен молынан сусындаған кісіге ғана қонады. Бақытты болу, қоғамдық тіршілікті жақсарту барлығы да білімділікке байланысты. Шын мағынасындағы білімділік – үлкен адамгершілік сипат. Зиялылық адамның жақсы мінезінен, білім дағдысынан, имандылық қасиеттерінен туындайды. Білім мен өнерді меңгергеннен кейін адамға іскерлік пен өз бетінше әрекеттену одан соң парасаттылық пайда болады, адам біртіндеп логикалық ойлауға машықтанады, теориялық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әрекеттенеді.
1. С. Құлшанова. Мектеп педагогикасы.- Алматы, 2005
2. Г.К.Ахметова, З.А.Исаева, Н.С.Әлқожаева. Педагогика.- А., 2006
3. Қоянбаев Ж.Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – А., 2000
4. АГУ. Педагогика. Дәріс курсы. – А.,2003
5. //Қазақстан мектебі. – 1992. - №2
6. //Ұлт тағылымы. – 2002. - №5
7. //Қазақ тілі мен әдебиеті. – 1997. - №10-11
8. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану //Білім. – 2006. - №3
9. Боранова К. Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру. //Қазақстан мектебі. – 2007. - №2

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе

1. Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру
2. Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
3. Дидактика – оқыту теориясы.
4. Оқушылардың оқу – іс әрекетін қалыптастыру
5. Оқытуды ұйымдастырудың формалары

Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе.

ХХІ ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды интегративтік оқыту
бағытымен дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып
табылады. Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды дегендей, жас
ұрпаққа сапалы, мән – мағаналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі
күннің басты талабы.
Тәуелсіз мемлекетімізге еңбекқор, кәсібін терең түсінетін, өзінің
білімі мен іскерлігін Жан-жақты қолдана білетін мамандар қажет. Осы
айтылған міндеттер – мамандар даярлайтын жоғары оқу орындарының алдында
тұрған негізгі мәселелер. Өйткені, халыққа білім беру реформасы ғылыми
негізге сүйенген пәнді оқытудың жоғары деңгейімен қамтамасыз етуді
міндеттеп отыр.
Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің алтын қорына өлшеусіз үлес қосқан
Әл-Фараби бабамыздың педагогикалық мұрасы да телегей-теңіз мол дүние.
Данышпан ойшыл өз еңбектерінің көпшілігін ұстаздық тұрғыдан тәлім-тәрбиелік
мақсатқа орайластыра жазған. Оның оқу-білім тәлім-тәрбие мәселелері жайлы
айтқан пікірлерінің құятын үлкен бір арнасы адам атаулыны гуманистік,
ізгілік қасиеттерге баулу мәселесіне келіп тіреледі. Адам деген ардақты
атты лайықпен алып жүруден артық бақыттылық жоқ. Әлемдегі жаман мен жақсыны
адамның ақылы ғана ажыратады. Ақылды болу үшін ғылым меңгеру, өерге жетілу
қажет. Осы жолда өмір бойы еңбектеніп,әрекеттенген абзал, мұның өзі –
адамға зор бақыт. Бірақ дүниеде жалғыз жүріп бақытқа жетуге болмайды. Ол
үшін бірлесіп, қоғамдасып әрекет ету керек. Адам алдымен ойлы, парасатты
болуға, ақыл-ойының жан-жақты дамуына ерекше көңіл бөлуі қажет,
парасаттылық адамға өзінен-өзі келмейді. Ол ұлан-ғайыр еңбек етіп, ғылым-
біліммен молынан сусындаған кісіге ғана қонады. Бақытты болу, қоғамдық
тіршілікті жақсарту барлығы да білімділікке байланысты. Шын мағынасындағы
білімділік – үлкен адамгершілік сипат. Зиялылық адамның жақсы мінезінен,
білім дағдысынан, имандылық қасиеттерінен туындайды. Білім мен өнерді
меңгергеннен кейін адамға іскерлік пен өз бетінше әрекеттену одан соң
парасаттылық пайда болады, адам біртіндеп логикалық ойлауға машықтанады,
теориялық ғылымдарды өз бетінше меңгеруге әрекеттенеді.
Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің психологиялық-педагогикалық
тұжырымдамаларының негізінде келесі міндеттерді әрбір маман толығымен
жүзеге асыруға қабілетті болуы қажет: біріншіден, зейін мен ақыл-ойды
қажетті мәселеге толық тұрақтандырып, қажетсіз ойларды жоюы қажет;
екіншіден, мәселенің жалпы мазмұны мен мәнін ойша жүйелеп, өзіндік пікірді
қалыптастыру қажет; үшіншіден, теориялық білімдерді тәжірибеде қолдану
шеберлігін толық меңгеруі қажет; төртіншіден жаңаша ойларды шығармашылықпен
қоғамға бейімдеу қабілетін дамытуы қажет.Осы міндеттерді әрбір маман
толығымен жүзеге асырса, еліміз бәсекеге қабілетті нағыз мамандардың
барлығына толығымен сенім белдіре алады.

Интерактивті режимдегі сабақты ұйымдастыру

Колледждік оқу бағдарламасындағы Стандарттау, метрология мен
техникалық өлшемдер пәні - оқушының абстрактілі ойлауын, ой-өрісін
дамытатын, жан-жақты мәліметтер алуын қамтамасыз ететін ғылым.
Пәнді оқытудың басты мақсаттары: оқушыларды өмірге, еңбекке және
білімдерін жалғастыруға даярлау, ойлау қабілетін дамуты, заман талабына сай
білім беруді, интеллектуалдық қабілетін, дарындылығын дамытуды көздейді.
Оқу үрдісінің біртұтас логикалық бөлігінің үзіндісін сабақ десек,
онда аталған пәннен ететін, сабақтарда оқушының пәнге, ғылымға, техникаға
қызығуын ояту, белгілі өлшеу құралдары, әдістері және техникалық
құбылыстардың ерекшеліктерін ашу, техникалық жабдықтардың қызмет
ерекшеліктерін, қызметінің мән-мағынасын түсіндіре білу және меңгерту
оқытушыдан үлкен шеберлікті талап етеді. Себебі, оқу мен оқыту жүйесінде
оқытушының оқушыға жеткізетін ақпараттары бірнеше пәндер арасындағы
байланысты қамтиды. Оқыту жүйесінде ақпараттар өзара әсерлесіп, өзіндік
алмасу мен толықтыру жүріп жатады.
Ақпараттар ағымының таралу сипатына қарай сабақ оқыту режимдеріне
бөлініп, оқыту технологиясының қажетті түрін қабылдау қажет. Екі жақты
ағымдағы ақпараттар режиміндегі сабақты немесе интерактивті осы пәнге
байланысты қолдану оқушының шығармашылық және интеллектуалдық белсенділігін
дамыту факторының бірі болып табылады. Осыған байланысты сабақты
жоспарлауда оқу бағдарламасындағы ақпараттар ағымын коммуникативті
жоспарлап, терең ойлаудың жобаларын пайдаланған жөн.
Оқу үрдісіне қатысушылардың арасындағы ойды ортаға салып, пікір
таластыру, ақпараттар алмасу қатынастары жүйесіне әңгімелесу, дебат, ой
жекпе-жегі, ми шабуылы түрлерін жатқызуға болады. Сондықтан оқытушы мен
бірлескен әрекетінде оқып үйренудің тиімді жолдарын анықтау, оқушы үшін
маңызды жағдайларды шеберлікпен ұйымдастыру, оқушының өз әрекетіне баға
беру, қисынды ойлауын, іскерлігін қалыптастырады.
Пәннің ілгеріде оқылатын техникалық өзге арнаулы пәндермен
байланысын көрсете білу арқылы оқытушы оқушының белсенділігін мен танымдық
іс-әрекеті шеңберінің кеңеюіне ықпал жасап, шығармашылық қабілетінің
дамуына әсер етеді. Топпен не жұппен жұмыс істеу кезінде оқушылар арасында
өз пікірін дәлелдеп қорғау немесе қателігін көрсете білу мен мойындауға,
пікірлесе отырып ұжымдық шешім қабылдауға үйренеді. Осының нәтижесінде
оқушы өз білімін бағалау және бақылау дағдысын меңгереді.
Сабақты ұйымдастырудың топтық-үлестірме түрлерін қолдану арқылы іс-
әрекетті талқылау, қарама-қарсы қайшылықты мәліметтер беру арқылы пікір
таласын тудыру оқушылардың пәнге деген ықыласын, ынтасын арттырады. Ең бір
жалқау ашу оқушының өзі де тұжырымдарын ортаға ұсынып, жаңалық ашу
деңгейінде игеруін көрсетеді. Сондықтан оқушыларға дифференциалды түрде
ұсынылған тапсырмалар да осы бағытта топпен жұмыс істеуге мүмкіндік беріп,
әр оқушы өз ойын еркін айтып, өзге оқушының тиянақты ойымен, пікірімен
таныса алады, нақтылы ой қорытындылары жасалады.
Сабаққа қатысушылардың екі жағы да: оқытушы мен оқушы әрқайсысы өз
тұрғысынан оқытудың ұтымды жағын анықтап, сабақтың тиімділігін арттыруға
жағдай жасады, өз іс-әрекетін саралай отырып сын көзбен қарайтын әрі өзін-
өзі дамытуға ұмтылатын тұлға болып қалыптасады.
Тағы бір көңіл аудара кететін жағдай: мұндай сабақ түрлерінің
маңызды көрсеткіштері деп оның тәрбиелік жағын да айта кеткен жөн.
Топпен жұмыс істеу оқушылардың бірін-бірі тануына, тыңдау мен
пікір алысу мәдениетінің қалыптасуына да оң әсерін тигізеді.

Оқыту үрдісінде педагогикалық технологияларды ұтымды пайдалану
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңіндегі басты мәселелердің бірі –
мектептегі білім беру жүйесінде оқыту үрдісін технологияландыру. Осыған
орай оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, мектеп тәжірибесіне
енгізілуде. Педагогикалық технологияға алғаш анықтама берген ғалымдардың
бірі – орыс ғалымы В.П.Беспалько. оның жеке аспектілері мен түрлері
В.М.Монахов, М.В.Кларин, П.И.Третьяков, И.П.Сенновский, Г.А.Монахова, т.б.
ғалымдар еңбектерінде қарастырылған. В.П.Беспалько Педагогикалық
технологияны – практикада іске асатын нақты педагогикалық жүйе, жоба деп
көрсеткен. Ол педагогикалық жүйе тұлғаны қалыптастыруға ықпал ететін арнайы
ұйымдастырылған, мақсатты, бір-бірімен өзара байланыстағы әдіс-тәсілдер деп
қарастырады.
Педагогикалық технологияны қолдану негізінде келешек ұрпақтың еркін
дамуына, жан-жақты білім алуына, белсенді, шығармашыл болуына жағдай
жасалады. Жоғарыда келтірілген ғалымдардың еңбектерін және басқа еңбектерді
зерттей отырып, педагогикалық технологияларды атқаратын мақсат-міндеттеріне
және олардың іс-әрекетіне қарай жүйелеп бір схемаға келтірдік.

Педагогикалық технологиялардың түрлері

Ынтымақтастық педагогикасы. Талап ету педагогикасынан қарым-қатынас
педагогикасына көшу. Бұл балаға ізгілік тұрғысынан қарау, оқыту мен
тәрбиенің ажырамас бірлігі:
- мұғалім-оқушы, оқушы – мұғалім, оқушы-оқушы, оқушы да – субъект,
мұғалім де – субъект;
- оқушының жеке басына ізгілік қарымқатынас;
- оқушы мен мұғалім арасындағы өзара түсінушілік, ынтымақтастық қарым-
қатынас.
Білім беруді ізгілендіру технологиясы. Оқушыны азамат етіп тәрбиелеу,
олардың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту, баланың жаны мен жүрегіне
жылылық ұялату.
Ойын арқылы оқыту технологиясы. Дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық,
әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойындық іс-әрекеттің психологиялық
механизмі жеке бастық өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың
бойындағы білімдік, танымдық, шағырмашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.
Проблемалық оқыту технологиясы. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету,
олардың танымдық және шығармашылық икемділіктерін дамыту. Атап айтқанда:
- оқушының белсенділігін арттыру;
- оқу материалында баланы қызықтыратындай мәселе туғызу;
- оқушы материалды сезім мүшелері арқылы ғана қабылдап қоймайды, білімге
деген қажеттілігін қанағаттандыру мақсатында меңгереді;
- оқытудың бала өмірімен, еңбегімен байланыстылығы.
Тірек белгілері арқылы оқыту технологиясы мынаны көздейді:
- білім, білік, дағдыны қалыптастыру;
- барлық баланы оқыту;
- оқытуды жеделдету;
Үнемі қайталау, міндетті кезеңдік бақылау, жоғары деңгейдегі
қиыншылық, блокпен оқыту, тірек қолдану; жеке бағдарлы қарым-қатынас,
ықпал; ізгілік, еркімен оқыту; әр оқушының жобасының жариялылығы, түзетуге,
өсуге, табысқа жетуге жағдай жасау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі.
Түсіндіре оза оқыту технологиясы. Барлық баланы табысты оқыту. Оқу
материалының бірізділігі, жүйелілігі; саралау, әр оқушыға берілетін
тапсырманың қолайлылығы; бағдарламаның, кейбір тақырыптардың қиыншылығын
жеңу, қиын тақырыптарды біртіндеп оңайлату әдісін қолдану. Сабақты
пысықтауға әуелі озаттар, сосын орташалар, ең соңында нашар оқушылар
қатыстырылады; бірте-бірте толық дербестікке жету; сыныпта қалыпты жағдай
қалыптастыру, түсіністік, өзара көмек, ынтымақтастық қарым-қатынас;
оқушының қателігін ескерту, бірақ жазғырмау; үй тапсырмасы тек әр оқушының
мүмкіндігіне қарай беріледі; білім, білік дағдыны дамыта меңгерту;
түсіндіруді қабылдау.
Міндетті нәтижелерге негізделген деңгейлік саралап оқыту
технологиясы. Білім, білік, дағды меңгерту, мемлекеттік стандарт көлемінде
білім беру. Әр оқушыны оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту,
оқытуды оқушылардың әртүрлі топтарының ерекшелігіне сәйкес бейімдеу,
ыңғайлау. Білімнің базалық деңгейінің барлық оқушылар үшін міндеттілігі,
оқушыларға берілген тапсырманың саралануы, тапсырма оқушының күші
жететіндей және қолайлы болуы шарт.
Бағдарламалап оқыту технологиясы. Ғылыми негізде түзілген
бағдарлама негізінде оқытудың тиімділігін арттыру, баланың жеке қасиеттерін
ескере отырып оқыту. Оқыту құралдарының көмегімен бағдарламаланған оқу
материалдарын кадр, файл сияқты оқыту бөлігі арқылы логикалық бірізділікпен
беріледі.
Оқытудың компьютерлік технологиясы. Ақпаратпен жұмыс істей білуді
қалыптастыру және қатынас қабілетін дамыту, жеке басты ақпараттық қоғамға
даярлау. Мұнда оқыту оқушының тікелей компьютермен қатынасы арқылы
орындалады. Яғни баланың жеке қасиеттеріне қарай компьютерге бейімдеу.
Информатика мен есептеу техникасының негізгі ұғымдарын білу, т.б.
Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту. Аталмыш
бағдарламаның ішкі құрылымында ерекшелік бар. Бұл құрылым 3 деңгейден
тұратын оқыту мен үйретудің моделі. Білімнің болашақта пайдаға асуы,
қажетті жарауын қалыптастырады. Көп ақпаратты талдай, жинақтай отырып,
ішінен қажеттісін алуға үйретеді. Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы
қызығушылықты ояту, мағынаны тану, ой толғаныс кезеңдерінен түзіледі. Бұл
сабақтағы аса қажетті мәнді, маңызды әрекет болып табылады. Осы сабақ
кезінде үйренуші не үйренгенін саралап, салмақтап, оны қандай жағдайда,
қалай қолдану керектігін ой елегінен өткізеді. Белсенді түрде өз білім
үйрену жолына қайта қарап, өзгерістер енгізеді.
Өздігінен даму технологиясы. Баланы жан-жақты дамыту, дербестікке
тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.
Оқыту баланың дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда бала өзін-өзі
дамытады. Монтессори педагогикасының ұраны баланың мұғалімге: мынаны менің
өзімнің жасауыма көмектесіп жібер деуіне жету.
Дамыта оқыту технологиясы. Баланы бала бойында еркіндік,
мақсаткерлік, ар-намыс, мақтаныш сезім, дербестік, адамгершілік,
еңбексүйгіштік, белсенділік, т.б. қасиеттер дамыту. Осының нәтижесінде әр
оқушы өзін-өзі ертуші субъект дәрежесіне көтерілуі көзделеді. Оқыту дамудың
алдында жүруі керек, дидактикалық құралдардың дамуға әсері зор. Дамудың
тиімділігі үшін: кешенді даму жүйесі негізінде мақсатты даму, мазмұнның
жүйелілігі мен тұтастығы, теориялық білімнің жетекші ролі, жоғары қиындық
деңгейінде оқыту, материалды меңгеруде жедел ілгерілуі, оқу үрдісін баланың
сезінуі, оқыту үрдісінің әртүрлілігі, жекелеп оқыту, барлық баланың дамуы
жолындағы жұмыстар болу керек.
Модульдік оқыту технологиясы. Оқытудың тұтас технологиясын
жобалау, алға қойған мақсатқа жетуді көздейтін педагогикалық үрдіс түзу,
мұғалімге нәтижені талдап, түсіндіріп бере алатындай жүйені таңдау және
құру.
Оқушылар әр сатыға жоғарылаған сайын олардың білімді қабылдауы
өзгеріп, өтілетін пәндер жүйесі күрделене түседі. Сондықтан оқушылардың жас
ерекшеліктерін, әр сатыдағы қабылдау мүмкіндіктерін ескере отырып, аталған
технологияларды тиімді пайдалануды керек.
Бастауыш саты – оқушының интеллектілік дамуының іргетасы, оқу
әрекетінің қалыптасуының қуатты кезеңі. Бала мектеп жасына жеткенімен,
олардың есте сақтау қыбілеті әлсіз, қабылдауы тұрақсыз бытыраңқы келеді.
Сондықтан сабақта көрнекілік, ойын элементтерін қолданып, оқыту процесін
қызықты ұйымдастыру қажет.
Білім беру – қоғам мүшелерінің адамгершілік, зияттық, мәдени және
дене дамуымен кәсіби біліктілігінің жоғарғы деңгейіне қол жеткізуді мақсат
ететін үздіксіз тәрбиелеумен оқыту процесі. Білім беру (жалпы және арнаулы
жүйесі) шеберлікке дағдыға баулудан өсіп, өрбіп, белгілі бір кәсіпке,
мамандыққа үйретумен тиянақтылады. Іске асырылатын білім беру
бағдарламасының сипатына қарай білім беру жалпы білім және кәсіптік білім
болып бөлінеді.
Жалпы білім беруге.
1 . Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
2. Жалпы бастауыш білім беру.
3. Жалпы негізгі білім беру
4. Жалпы орта білім беру
5. Жалпы қосымша білім беру кіреді.
Жалпы білім берудің әрбір қатынасындағы білім беру мазмұны тиісті
жалпы білім беру бағдарламасымен белгіленеді.
Кәсіптік білім беру
1. Кәсіптік бастауыш білім беру
2. Кәсіптік орта білім беру
3. Кәсіптік жоғарғы білім беру
4. Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру кіреді.
Кәсіптік білім берудің әрбір сатысындағы білім беру мазмұны тиісті кәсіптік
бағдарламамен белгіленеді. Білім беру бағдарламасының үздіксіздігімен
сабақтастығы принципі негізінде мынадай білім деңгейлері белгіленеді.
1. Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту
2. Орта білім беру
3. Кәсіптік жоғары білім беру
4. Жоғарғы оқу орындарынан кейінгі кәсіптік білім беру

Дидактика – оқыту теориясы.

Дидактика (грек. didactikas – оқытушы didascalos -мұғалім деген
ұғымды білдіреді) оқыту және үйрету деген сөз.
Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік
негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы.
Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке
(1571-1635). Диалектиканың ғылыми негізін салған чех педагогы Ян Амос
Коменский (1592-1670). Оның Ұлы дидактика(1632) кітабында оқытудың
мақсат, принциптері, әдістері, сынып-сабақ жүйесі туралы баяндаған.
Дидактиканың зерттеу пәні – оқыту мен оқудың себептері, барысы
нәтижелері.
Дидактиканың негізгі категориялары: білім беру, оқыту, оқу, оқу
принциптері, оқыту процесі,мақсаты, міндеттері, мазмұны, түрлері,
әдістері,құралдары, нәтижесі.
Дидактиканың дамуы білім беру мен оқыту проблемаларын терең
зерттеуге, педагогикалық озат тәжірибені зерттеп жинақтауға және оны оқыту
мен тәрбие процесіне енгізуге байланысты.
Дидактика ғылым ретінде төмендегідей мәселелерді қарастырады:
*Не үшін оқытамыз (оқыту мен білім берудің мақсаты)?
*Кімді оқытамыз (оқыту субъектілері)?
*Оқытудың қандай стратегиялары тиімді(оқыту принциптері)?
*Неге оқытамыз (білім беру, оқыту мазмұны)?
*Оқытуды қалай ұйымдастырамыз ( оқытуды ұйымдастыру формасы)?
*Оқытуға қандай құралдар қажет (оқулықтар,оқу құралдары, компьютерлік
бағдарламалар, дидактикалық бағдарламалар және т.б.)?
Оқыту нәтижесінде неге қол жеткіземіз (оқыту нәтижелерін сипаттайтын
көрсеткіштер мен өлшемдер)?
*Оқыту нәтижелерін қалай бақылауға және бағалауға болады(оқыту
нәтижелерін бақылау, бағалау әдістері)?
Дидактика – үнемі дамып, өркендеп отыратын сала. Өйткені білім беру
мен оқытуды терең зерттеп, оны меңгермейінше ғылымды жетілдіріп, өмір
талаптарын орындап,уақыт мәресінен шығу мүмкін емес.

Мектептегі оқыту процесінің мәні, құрылымы.

Ұлттық және адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында
ерекшеліктер болады.Қазіргі кезде дүние жүзі бойынша оқу мазмұны
адамдандыру, компьютерлендіру, кіріктендіру, тұлғалық даму ережелеріне
негізделеді.
Оқытуға қойылатын талаптардың бастапқы белгілі жүйесін – оқыту
процесінің принциптері деп атайды.
Оқыту процесінде кез-келген мұғалім дидактиканың принциптерін
басшылыққа ала отырып, оқытудың мазмұнын, амал-тәсілдерін, ұйымдастыру
формаларын таңдап, шәкірттерін жоғары нәтижеге жеткізу шарт.
Мұғалім дидактикалық принциптерді дұрыс таңдап, оқытуды дұрыс
ұйымдастырса сабақ тиімді және нәтижелі болары даусыз. Оқушыларға ойдағыдай
теориялық білім, практикалық дағды, қабілет және тәрбие беру міндеттерін
толық жүзеге асыру үшін оқытушы әрбір сабағын мынандай дидактикалық
принциптер негізінде өткізуі қажет:
1) оқу материалы, оның орналасуы мен оқытылуы ғылыми негізде жүйелі
болуы қажет.
2) Оқу материалдары және оны түсіндіріп айту, көрнекті, ұғынықты
болуы қажет.
3) Теория мен практиканың тығыз байланыстылығын ашып көрсете білу
қажет.
4) Оқушылар оқу материалын саналы және белсенді ұғынуы қажет.
5) Оқушылардың алған білімі мен дағдылары берік болуы қажет.
Оқытудың үш функциясы бар: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық.
1. Оқытудың білім беру функциясы. Оқушыларға білімді толық игерту
үшін негізгі талаптарды ескерген жөн. Олар:
- білімнің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тарих пәнін оқытуда қашықтан оқытуды іске асыру
ШЕТ ТІЛІН ҚАШЫҚТЫҚТА ОҚЫТУДА ИНТЕРНЕТ - ПЛАТФОРМАЛАРДЫ ҚОЛДАНУ
Ақпараттық қоғам дәуірі
Білім берудегі интерактивті технологиялар
Интерактивті тақта
Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі
Электронды оқыту және қашықтықтан оқыту технологиялары
Информатика пәні мұғалімі
Биологияны компьютерлік технологияға негіздеп оқыту ерекшеліктері
Бастауыш сынып математика сабағындағы интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі
Пәндер