Ислам діні туралы



I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, мәдени, саяси жағдайлары.
2.Ислам дінінің әдет.ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары.
3.Құран туралы бірер сөз.
4.Ислам дінінің қазақ даласына тарауы.
III.Қорытынды.
Адам баласы өте ерте заманнан бастап-ақ дін деген не? Мәселені іздеп, кейде оған дұрыс жауап тауып, кейде адасып, бірнешеленген қарама-қарсы тұжырымдарға, болжамдарға келді. Сондықтан да бұл сұраққа жауап материалистік және идеалистік формада жинақталып ғылым мен адам ақылының адамның адасуы мен теріс көзқарастар системасы құрылды. Осы екі бағыттың мәңгі күресі нәтижесінде бір бағыт материалистік-ғылыми тұжырымға сүйенсе екінші бағыт идеалистік мазмұнға алып келді. Бірақ қандай болған күйде де, адамзат білімінің алға қарай дамыған прогрессивтік жолмен, дүниеге ғылыми тұжырымға келуін заңды құбылыс деп біліуіміз керек. Дегенмен біздің алдымызда тұрған мақсат дін не? – деген сұраққа жауап беру болғандықтан, әр қоғамның материалдық тұрмыс жағдайларын көрсететін идеологиясы, қоғамдық сананың түрлері бар екенің ескерсек, дін – сол қоғамдық сананың формаларының ең күрделі түрі екені мәлім.

Пән: Дінтану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

I.Кіріспе
II.Негізгі бөлім
1.Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, мәдени,
саяси жағдайлары.
2.Ислам дінінің әдет-ғұрпы, мейрамдары, догмалары, негізгі бағыттары.
3.Құран туралы бірер сөз.
4.Ислам дінінің қазақ даласына тарауы.
III.Қорытынды.

КІРІСПЕ

Адам баласы өте ерте заманнан бастап-ақ дін деген не? Мәселені іздеп,
кейде оған дұрыс жауап тауып, кейде адасып, бірнешеленген қарама-қарсы
тұжырымдарға, болжамдарға келді. Сондықтан да бұл сұраққа жауап
материалистік және идеалистік формада жинақталып ғылым мен адам ақылының
адамның адасуы мен теріс көзқарастар системасы құрылды. Осы екі бағыттың
мәңгі күресі нәтижесінде бір бағыт материалистік-ғылыми тұжырымға сүйенсе
екінші бағыт идеалистік мазмұнға алып келді. Бірақ қандай болған күйде де,
адамзат білімінің алға қарай дамыған прогрессивтік жолмен, дүниеге ғылыми
тұжырымға келуін заңды құбылыс деп біліуіміз керек. Дегенмен біздің
алдымызда тұрған мақсат дін не? – деген сұраққа жауап беру болғандықтан, әр
қоғамның материалдық тұрмыс жағдайларын көрсететін идеологиясы, қоғамдық
сананың түрлері бар екенің ескерсек, дін – сол қоғамдық сананың
формаларының ең күрделі түрі екені мәлім.

Ислам дінінің пайда болуы және дамуындағы тарихи әлеуметтік, мәдени саяси
жағдайлары.

Басқа да барлық дүние жүзілік діңдер сияқты Ислам дінінің де өзіңдік
ұзақ тарихы бар.Ол тарих дүние жүзілік әлем тарихымен ұштасып, жұптасып,
шымдасып жатады.Бірақ, ислам дінінің шығу дәуіріне, уақыт талабына, оны
ұстанған халықтардың тұрмыс-тіршілігіне, әдет-ғұрпына байланысты,
психалогиясына, көніл күйіне қарай өзіндік ерекшеліктерінің бар екенің
аңғарғанымыз жөн.
Ислам діні-дүние жүзілік діңдардің ішінде ең кеш шыққан жас дін. Ол
біздің заманымыздың VII ғасырында Аравия түбегін мекендеген тайпалар
алғашқы қауымдық қатынастардан таптық қатынастарға көше бастаған кезде құл
иеленушілік идеалогиясы ретінде дүниеге келді. Тарихи деректерге әдеби
аңыздарға сүйенсек, Ислам діні Аравиядағы Хиджас өлкесінің ең ірі қаласы-
Мекккеде шықты. Аравия елі бірқатар бай елдердің орталығында болды.
Олар:Рим, Византия, Египет, Иран, және басқа елдер бір-бірімен сауда
қатынасын жасаған кезде Аравия жерін басып өтетін, осыған байланысты Араб
феодалдары жер иелері болуымен бірге, құл жұмсаудан, құл сатудан орасан зор
табыс түсіріп отырды.
Сонымен бірге Мекке ерте уақыттан бастап-ақ діни орталық болып
саналатын. Мекккенің орталығындағы Зәзәм су сөзі, оның жанындағы ”Әулиелі
қаратас“ Қааба Храмы көшпелі бадауиелердің өз құдайына табынатын орны
балды. Бұл кезде әрбір рудың өздерінің рулық құдайы болды. Олардың бейнесі
Қаабаның мандайына орналасқан болатын.Кейбір мұсылман аңыздарында Кааба мен
Зәмзән су көзін Ибрагим пайғамбар мен оның ұлы Исмаил салған деген деректі
де кездестіреміз.
Меккенің орналасқан жері егін шаруашылығымен де, мал шаруашылығымен
де айналусуға қолайсыз болатын.Сондықтан меккеліктер шамаларына,
қолдарындағы қаражаттың мөлшеріне қарай Мекке шонжарларына сауда
керуендеріне қосылатын. Тез дамыған сауда алғашқы қауымдық қоғамның
ыдырауын тездетіп, тайпалардың тайпалық одаққа бірігуін қажет етті.Оны
қуаттайтын көп құдайға сенудің орнына бір құдайға сенудің уағыздайтын діни
идеалогия керек болды. Сол сияқты Аравия жеріндегі алғашқы монотеистік дін-
ханфизм-бытыраңқы араб тайпаларын біріктіруде көптеген үстем болып келген
политеизмге көп құдайлық пұтқа табынушылыққа қарсы күресті. Тайпалық көп
құдайлардың орнына тек бір құдай рахманға жалбарыну керек деп уағыздады.
Бірақ синифистік діни ілім Меккеде де, басқа жерлерде де қолдау таппады.
Әлеуметтік-эканомикалық теңсіздікке қарсы күреске шыққан арап қоғамының
жарлы, кедей көпшілігі сагуктар ханифизмнен көксеген мақсатын көрмеді.
Өйткені бұл діни идеологияның үйретуінше анық өмір, шын бостандық о
дүниеде ғана, бұл дүниенің қызығы жоқ, өткінші деп уағыздады. Ақыр заман
боладыдан басқаға шақырмаған ханифизм езілгендер мен қаналғандар арасында
қарай алмады.
Бірақ, Ханфизм Ислам дінінің идеологиялық алғы шарты болды.Жаппай,
жалпылама уағыздан гөрі құдайды адамдар арасына жіберген өкілі (расул
алла)бар деу арқылы монотеистік дінді уағыздау ұтымдырақ еді. Ол өкілдің
ролін меккелік орта саудагер Мұхаммед атқарды. Құранның пайғамбарлық
сүрелерінің мазмұнына қарағанда, Мұхаммед Ханифтер табынан, шыққан. Ол 610
жылы жаңа дінді уағыздай бастады.Бірақ Мұхаммед пен оның серіктерінің араб
тайпаларының діни сенімдері мен ұғымдарына өзгеріс енгіземіз деген ойлары
Меккеде сәтсіздікке ұшырайды. Меккедегі үстем тайпа басшыларының құғынына
түскен Мұхаммед тобы 622 жылы Ясриб (Медине) пайғамбар қаласына көшеді. Оны
мұсылман жыл санауының басы Хиджра деп атап, мұсылмандар өздерінің жаңа жыл
санауын бастайды.
Ислам дінің уағыздаудың алғашқы жолдары сәтсіздіке ұшырауына бұл
діннің әлеуметтік мазмұны тікелей әсер етті. Құлдық, кедейлік, аштық,
жаланаштық құдайдың мандайына жазғаны, тәуір өмір о дүниеге барғанда
болады, бұл дүниеге көнгіш болған дұрыс деп уағыз айтылған жаңа дін араб
қоғамының жырларына, көшпелі бәдауилерге ықпал жасай алмады. Сондықтан да
құранның алғашқы сүрелерінде байлықты сынау кездеседі. Бұл мәселелер ру,
тайпа шонжарларына тиімді болмады. Қысқасы Меккеде дін тарау үшін 1)Ислам
дінінің әлеуметтік тірегі болмады: 2)Меккеліктер үшін политеизмнің сақталуы
пайдалырақ болды. Дегенмен 630 жылы Мекке Ислам дінін қабылдауға мәжбүр
болды. Бірақ Меккенің мұсылмандар қауымымен келісімге келуінің маңызды
себебі бар еді: 1.Ислам дініндегі жалғыз құдай-алла-күреишт тайпысының
құдайы болатын: 2.Мұсылмандардың аллаға тағзым ететін орталығы Кааба храмы
болды. Бұл жағдай Меккенің жаңа дін үстемдік жасаған уақытта да өз саясатын
жүргізуге толық мүмкіндігін сақтады. Осы біз жоғарыда көрсеткен себептердің
нәтижесінде Меккенің мұсылмандық орталыққа айналуымен Ислам діні араб
тайпаларының басым көпшілігіне тарады.Ф.Энгельстің сөзімен айтқанда, “Ислам
дегеніміз Шығыс жұрттарына, әсіресе арабтарға, яғни бір жағынан сауда және
кәсіпшіліктермен шұғылданатын қалалықтарға бейімделінген, ал екінші жағынан
көшпелі бадауилерге бейімделінген дін”
632 жылы Мұхаммед өлгеннен кейін Мұсылман қауымын Абу-Бекр (632-634)
басқарды. Ол Халиф (пайғамбардың орынбасарлары.Өкіметті әскери, саяси және
дін жағынан басқарушы адам) деп аталды. Алғашқы үш Халифтың: Абу-Бекрдің,
Омардың (634-644) және Османның (644-656) тұсында Мекке-Медина әскери
күштері көрші елдерге ауыз сала бастады. VII-VIII ғасыр ішінде арабтар
Сирияны, Иранды, Египетті, Солтүстік-Африканы, Пиреней түбегін, Орта Азияны
жаулап алды. Араб халифатының идеологиясы ислам діні болды. Арабтардан гөрі
қоғам дамуының жоғары сатысында тұрған елдермен қатынас ислам дінінің
феодалдық қоғам идеологиясына айналуын жылдамдатты.
Кейіннен ислам діні Үндістан, Африка елдерінің бірсыпыра жерлеріне
таралды. Барлық жерде ислам діні қамшының астымен, қарудың күшімен
арабтардың жаулау процесінде таралды деу дұрыс болған болар еді.
Қазақстанда, Волга бойындағы халықтар арасында бұл дін бейбіт
жолмен миссионерлердің үгіті негізінде жергілікті феодалдардың ислам діни
идеологиясынан өз мүддесін қорғай алатын одақтасын іздеу негізінде таралды.

Қазіргі уақытта Ислам діні араб елдерінде, Албанияда, Болгарияда,
Үндістанда, Түркияда, Югославияда, Африкадағы Мавритания,Тунис, Марокко,
Сомали, Ливия, Занзибар, Алжир т.б елдерінде орын алады. Біздің елімізде
Ислам діні Орта Азия республикаларында, Қазақстанда, Азербайджанда,
Башқұрт, Татар, Дағыстан республикаларында орын алады. Сұраққа
байланысты түсіндіруді қажет ететін ұғымдар:
1. Ислам-ілімге (учение) бағыну, бас ию, нану (покорноть).
2. Мұсылман-алланың нағыз-құлы.
3. Хиджра-жаңаша мұсылманша жыл санауының басы.
4. Алла-күреишт руының жеке құдайы.
5. Күреишт-Мұхаммедтің шыққан руының аты.
6. Политеизм-көп құдайлы дін.
7. Монотеизм-бір құдайлы дін.
Қазіргі кейбір статистикалық әрекеттерге үңілсек дүние жүзінде
мұсылмандардың саны 1 миллиард адам екен.

Ислам дінінің әдет-ғұрпы,мейрамдары,догмалары
негізгі бағыттары

Ислам діні әдет-ғұрыпқа‚мейрамдарға толы дедік біз жоғарыда.Ислам
дінінің әдет-ғұрыптары мен мейрамдарының көпшілігі тіпті барлығы десе де
болады.Ислам дініне дейінгі діндерден алынған, ислам дінінде оларға жаңа
әлеуметтік сипат және мән берілген. Кұдайға кұлшылық ету табыну ислам
дінінде екі бөлімнен тұрады.
1.Міндетті түрде орындалуға тиісті шаралар: Бұған бес парыз иман,
бес уақыт намаз, ораза, зәкет-ұшыр, қажыға бару жатады.
Шариғат бойынша бұл парыздары мұсылмандар бұлжытпай, мерзімінде
орындап тұруға тиіс. Діни уағыз бойынша ”құдай-тағаланыңәмірін
орындап,құлшылық еткендер“, яғни намаз оқып, ораза ұстап, қайыр-садақа
бергендер ғана “жұмақтың” төрінен орын алады да, ал оларды орындамағандар
тозаққа барады ”тозаққа“ барады. Дін иелері,молда-ишандар діни парыздарды,
әдет-ғұрыптар мен мейрамдары дінге сенушілердің мүлтіксіз орындап отыруын
талап етеді.2-ерікті түрде орындалатын шаралар жатады. Олар уәжіп, сүннет,
Мүстахб, Мүхаб, Нәпіл. Соңғы үшеуі Мустахб, Мухаб, Нәпіл қазақтар
арасында тарамаған.
Бес парыз деген не? 1 Иман-нану, сену деген сөз, яғни Бір алладан
басқа құлдық ететін күш жоқ. Мұхамад алланың бізгн жіберген елшісі -
дегенге сену.
2. Намаз я –таң, бесін екенді және ясих намаздары болып бөлінеді.
Оларды оқұ, ислам дініне вороастризм ерте иран діні енген. Араб тілін
білмейтін дінге сенушілер намаз сөздерінде құдай атынан айтылатын
керемет күш бар деп ұғады.
Ораза сауым ұстау исламға бұрынғы діндерде де болған. Олардың
ораза ұстауы күнәға, үш күнде бір, үш айлық т.б әртүрлі болып келген.
Рамазан июль айында отыз күн ораза ұс-таудың түбі ертедегі арабтардың
шаруашылық- тұрмыс жағдайының қиындығына байланысты туған. Ислам дінінен
көп бұрын арабтар жанып тұрған шілдеде күн бойы нәр тартпай көкке қарап,
жаңбыр тілеумен болған. Тіршіліктің қамын кешке және түнде ғана ойлап,
жетімсіз азық –түлікті тек түнде ғана ішетін болған.“Рамазан ” айының
аты арабша “Рамад”- ыстық кез деген мағын.а береді.
Ал ислам діні оразаға жаңаша мән беріп, оның кейбір шарттарын өзгерту
мен шектеледі. Оразаның мәні адамдарды бір аллаға құлшылық етуге, тірі
өмірдегі жалған өмірге қызықпай, келешек мәңгілік “О дүниенің” қамын
ойлауға баулыиды.
Рамазан айында мұсылмандар дін басшыларына жыл сайын жан басына бес
қадақтан ақ бидай, немесе оның ақщалай құнын беруі керек. Мұны пітір деп
атайды. Айт намазын оқығанға дейін пітір төленбесе, адамның отыз күн
ұстаған оразасы зая кетеді. Онымен бірге рамазан айында түнде ымырт
жабылғаннан кейін ислам дінін дәріптейтін “тарауық” намазы оқылады.
Дін иелері ораза ұстайтын Рамазан айын Құран аяттарын алла-
тағаланың Мұхаммедке жібере бастаған айы, сондықтан бұл айла барлық
тілектер орындалады- мыс деп үйретеді.
3) Зекет- малға, ғұпыр-астыққа салынатын діни салықтар. Кезінде
бұлар Мұхаммедпен оның ізбасарларының әскерлерінің жабдықтау мақсатында
жиналатын. Кейін дін иелерінің табыс көзіне айналды. Зекеттің мөлшері 40
қодан 1 қой, 30 сиырдан 1тайынша, 5 түйеден 1 қой, жылқы ақшаға шағылып,
40 сомнан 1сом есебінде төленіп отырылуы тиіс. Ғұшырдың мөлшері жиналған
өнімнің табыстың 10 паиызы болып белгіленеді. Дін иелері бұл салықтарды
уақтылы төлемегендердің мал –мүліктері арм болады, өздері тозаққа барады
деп қорқытады.
4) Қажы ( полпмничество) мұсылмандар үшін бірінші парыз. Әрбір
мұсылман күші жетсе өмірінде бір рет Мекке мен Мединеге барып, Каабаны
айналып, намаз оқып, Мұхамедтін биітіне құран оқып, құрбан шалып, қайтуы
тиіс. Сода ғана бұндай адамға қажы атағы беріледі.
5) Құрбан шалушылық араб тайпаларының алғашқы діни ғұрыптарынан
алынған. Ерте кезде олар Меккеге келіп, Кааба құрбандық жасаған
құдайларынан малдарын аман сақтауды, төлін көбейтуді, егін шығымын
жақсартуды сұраған. Кейін келе осы ғұрып жаңа мағынаға ие болды да, Ибрагим
пайғамбардың жалғыз баласы Исмайылды алла жолына шалмақ болыпты- мыс деген
аңызбен ұштастырылады. Құрбанның мөлшері әртүрлі. Мысалы 1 адамға ұсақмал,
7 адамға сиыр, 9 адамға түйе шалуға ұрықсат етіледі. Құрбандық малы
жоқтарға- тауық қаз союға, оларда болмаса ақшалай құдайы беруге ұрықсат
етіледі. Құрбандыққа шалынған мал, “О дүниеге барғанда қияметтің қыл
көпірінен мініп өтетін пыраққа айналды-мыс”. Ал күнәсі көп адамдар
қияметтің қыл көпірінен өте алмай-тозақ отына жанады-мыс.
6)Сүннет екі түрлі. 1.Намазға байланысты орындалады.Өйткені шариғат
бойынша намаз парыздан және сүннеттен тұрады.Сүнениттер екеуін де оқиды, ал
шиитер сүннәтін оқымайды. 2.Сүннәттің екінші түрі-балаларды сүндетке
отырғызу. Молдалар бұл ғұрыпты Мұхаммед пайғамбар өсиет еткен
дейді?Ал,тарихы мәліметтерге қарағанда ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы жаңа діни ағымдардың таралуы, себептері мен салдары
Ислам діні қазақ жерінде таралуы.Ислам дінінің әлеуметтік және негізгі бағыттары
Діни басқармаға филиал
Қазіргі қазақ қоғамындағы ислам діні
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Діни сананы қалыптастыру мәселелері
Қазақ еліне ислам дінінің келуі
ҚАЗАҚ ЖЕРІНЕ ИСЛАМНЫҢ ТАРАЛУЫ
Қазақ жеріндегі ислам діні және шаман діні
Қазақ хандығы (хү-хүііі)
Пәндер