Қожа ахмет иассауи хикметтерінің орыс тіліне аударылу мәселелері



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қ.А. Иассауидің өмірі мен шығармашылығының зерттелуі ... ... ... ... ... ... 7

2 «Диуани Хикметтегі» діни терминдердің орыс тіліне
аударылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 25

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қожа Ахмет есімі мұсылман Түркі әлемінде жоғары адамгершіліктің, өнегеліліктің рәмізімен теңестіріліп қатар айтылады. Әулиелердің ұлығы, машайықтардың көсемі Хазіреті Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи бабамыз Хақиқат жолында адам рухының кәмелеттігінің үлгісін көрсетіп, артындағы жамағатқа «ақиқат тереңінен сүзілген дүр һәм гауһар» сөздерін өлмес мұра етіп қалдырған. Әзірет Сұлтанның бұл мұрасы ғасырлар бойы «халықтың рухына азық, иманына қазық болған» имандылық ғибраты мол рухани қазына.
ХІІ ғасырда өмір сүріп, бүкіл ғұмырын Алланың ақ жолына арнаған ақынның «Диуани хикмет» кітабы Құран кәрімнің мағынасын терең жырлаған салмақты дүние. Ежелгі орта ғасырдың мұрасы «Диуани хикмет» оғыз-қыпшақ және басқа да түркі тайпаларының арасында ауызша тараған. Тек ХҮ-ХҮІ ғасырлардан бастап қана жазбаша түрде тарай бастады. ХІХ ғасырда Қазан, Стамбұл, Ташкент қалаларында кітап болып басылып шықты. Бұл киелі еңбек Алланың бірлігін, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хақтығын бүкіл түркі жұртына, барша адамзат қауымына жеріне жеткізе әр қырынан толғап, нақтылы түсіндіре алуымен аса құнды да бағалы. «Диуани Хикмет» – ислам дінінің рухани мәйегін түркі халықтарына жеткізген рухани асыл мұра болуымен қатар, ұлы ұстаздың танымы мен тағлымынан дерек берер аса құнды ғылыми жадығат. Туындының ғылымға белгілі ең көне қолжазбасы ХҮІІ ғасырға тән деп есептеледі, яғни, бұл жазылған мерзімнен 500 жыл кейінгі уақытта сан рет көшіріліп, талай өзгеріске ұшыраған, сопы ақын жолын жалғастырушы талай шәкірттердің қолтаңбасы қалған нұсқа.
Араб халифатынан шеткері орналасқандығына қарамастан Иассауи туып өскен аймақ түркі мәдениетінің негізгі ошағына айналды. Оның рухани дүниетанымдық көзқарасы және құрған сопылық қауымдастығының бағытын зерттеудің маңыздылығы күн санап, уақыт өткен сайын артып келеді. Ақынның әлденеше ғасыр бойы әдебиетімізге тигізген игі әсері әлі тұтас қарастырылып үлгерген жоқ. Шығармаларын іріктеп, жаңаша қайта бағалап, ішкі мән-маңызына барынша тереңдей еніп, табиғатын әр қырынан ашып беру қажеттігі бүгінгі әдебиеттану ғылымының алдына өткір де зәру мәселе болып қойылып отыр.
Үш ғасырдан астам уақыт бойы ғылым сопылық жолды зерттеумен келеді. И.Гольдциер, Ф.Майер, М.Е. Массон, В.Гордлевский, В.В. Бартольд, Ж.С.Тримингэм, П.Цветков, Е.Бертельс, Идрис Шах, Н.К.Зейбек, К.Ераслан, Н.Тосун сынды т.б. белгілі шет ел ғалымдарының, Мәшһүр Жүсіп Көпеев, Х.Сүйіншәлиев, К.Х.Тәжікова, Н.Келімбетов, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы, Б.Бабажанов, Ә.Нысанбаев, Ә.Дербісәлиев, М.Шафиғовтардың зерттеп, қалам тартып жүргендеріне қарамастан, бұл саланың әлі де болса өзіндік құпия-сыры толық ашылмай келеді.
1. Дәуітұлы С. Қожа Ахмет дәстүрі қазақ әдебиетінде. Филология ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін дайындалған автореферат. – Алматы, 199. – 5 б.
2. Ахметбек А. Қожа Ахмет Иассауи. – Алматы: Санат, 1998. – 26 б.
3. Мейірманов А.Д. Қожа Ахмет Яссауидің имандылық ғибраты // Түркістанның 1500 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. Түркістан: 2000. – 115 б.
4. Малдыбеков Ө. Қ.А. Яссауи сопылық ілімнің қалыптасуы // Түркістанның 1500 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. Түркістан: 2000. – 121 б.
5. Пылев А.И. Ходжа Ахмад Ясави: суфийский поэт, его эпоха и творчество. – Алматы, Атамура: 1997. С. 120.
6. Қыдыр Т. Қожа Ахмет Иасауи: мажаз бен хақиқат сыры // «Иасауи жолы» журналы № 2 (1) 2005. – 30 б.
7. Көпрүлү Ф. Қожа Ахмет Иасауи // «Иасауи жолы» журналы № 2 (1) 2005. – 72 б.
8. Алтынсарин Ы. Мұсылманшылықтың белгісі. –Алматы, 1991. –22 б.
9. Яман А. Иасауи мәдениетінің түрік дүниесінде алатын орны мен маңызы // «Иасауи жолы» журналы № 1, 2004. – 63 б.
10. Нысанбаев Ә. Қожа Ахмет Иассауи дүниетанымындағы адам проблемасы // Түркістанның 1500 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. Түркістан: 2000. – 43 б.
11. Есім.Ғ. Иассауи дүниетанымы // «Иасауи жолы» журналы № 2 (2) 2005. – 75 б.
12. Абайдың қарасөздері. – Алматы,
13. Қожа Ахмет Иассауи. Диуани хикмет. – Алматы, 2002. – 272 б.
14. Бертельс Е.Э. Суфизм и суфийская литература. М., 1965. – 43 б.
15. Кенжетай Д. Иассауи хикметі – дін және ұлтаралық татулықтың кені // «Иасауи жолы» журналы № 4 (2) 2005. –5 б.
16. Абай. Екі томдық шығармалар жинағы. Т.1. Алматы: Ғылым, 1977. – 122 б.
17. Құдайбердіұлы Ш. Шығармалары. – Алматы: Жазушы, 1988. –560 б.
18. Хикметтер Алматы: Дайк-Пресс, 2000. – 201 б.
19. Қабан жырау. Тіл алсаңдар, шырағым. – Алматы: Берен, 1993. – 12 б.
20. Зар заман // Шортанбай. Алматы: Жалын, 1993. – 173 б.
21. Зейбек Н.К. Яссауи жолы. Ауд. Кенжетай Д.Т. –Анакара, «Отау». 1998. – 33 б.
22. Құсайынов Ш.
23. Жандарбеков З. Яссауийа-нақшбанийа арасындағы қарама-қайшылықтың Қазақ хандығына әсері // Түркістанның 1500 жылдығына арналған ғылыми-теориялық конференция материалдары. Түркістан: 2000. – 154 б.
24. Көпрұлы М.Ф. Яссауи танымы мен тағлымы. Шымкент, 1999. – 226 б.
25. Фролова О.Б. Поэтическая лексика арабской лирики – Л ., 1995. С. 98
26. Есембеков Т., Әбдірәсілқызы А. Ежелгі әдеби мәтіндерді қазақ тіліне аудару мәселелері // Аударма теориясы мен тәжірибесінің және салыстырмалы әдебиеттанудың өзекті мәселелері республикалық ғылыми-теориялық конференция материалдары. – Алматы, 2006. – 36 б.
27. Ходжа Ахмет Яссави. Хикметы. Перев.Сагындыковой Н.Ж. –Алматы, 2000г.
28. Р.Сыздықова. Иассауи хикметтерінің тілі // «Иасауи жолы» журналы
№ 2 (2) 2005. - 303 -304 б.
29. Боровков А.К. Очерки по истории узбекского языка // Советское востоковедение. – М., Ленинград 1948.
30. Егемен Қазақстан 28.02.2007 – 9 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:   
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

ӘМІРЖАНОВА ЖАНАР ЕРЖАНҚЫЗЫ

ҚОЖА АХМЕТ ИАССАУИ ХИКМЕТТЕРІНІҢ ОРЫС ТІЛІНЕ

АУДАРЫЛУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Әдеби шығармашылық және көркем аударма теориясы кафедрасы

Ғылыми жетекшісі:
филология ғылымдарының
докторы, профессор
Т.О.Есембеков

Пікір жазушы:
филология ғылымдарының
кандидаты
А.Бақтыбаева

Норма бақылаушы:
Л.Ж.Мұсалы

Алматы, 2007

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 Қ.А. Иассауидің өмірі мен шығармашылығының зерттелуі
... ... ... ... ... ... 7

2 Диуани Хикметтегі діни терминдердің орыс тіліне
аударылуы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... .. 25

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

КІРІСПЕ

Қожа Ахмет есімі мұсылман Түркі әлемінде жоғары адамгершіліктің,
өнегеліліктің рәмізімен теңестіріліп қатар айтылады. Әулиелердің ұлығы,
машайықтардың көсемі Хазіреті Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи бабамыз Хақиқат
жолында адам рухының кәмелеттігінің үлгісін көрсетіп, артындағы жамағатқа
ақиқат тереңінен сүзілген дүр һәм гауһар сөздерін өлмес мұра етіп
қалдырған. Әзірет Сұлтанның бұл мұрасы ғасырлар бойы халықтың рухына азық,
иманына қазық болған имандылық ғибраты мол рухани қазына.
ХІІ ғасырда өмір сүріп, бүкіл ғұмырын Алланың ақ жолына арнаған ақынның
Диуани хикмет кітабы Құран кәрімнің мағынасын терең жырлаған салмақты
дүние. Ежелгі орта ғасырдың мұрасы Диуани хикмет оғыз-қыпшақ және басқа
да түркі тайпаларының арасында ауызша тараған. Тек ХҮ-ХҮІ ғасырлардан
бастап қана жазбаша түрде тарай бастады. ХІХ ғасырда Қазан, Стамбұл,
Ташкент қалаларында кітап болып басылып шықты. Бұл киелі еңбек Алланың
бірлігін, Мұхаммедтің (с.ғ.с.) хақтығын бүкіл түркі жұртына, барша адамзат
қауымына жеріне жеткізе әр қырынан толғап, нақтылы түсіндіре алуымен аса
құнды да бағалы. Диуани Хикмет – ислам дінінің рухани мәйегін түркі
халықтарына жеткізген рухани асыл мұра болуымен қатар, ұлы ұстаздың танымы
мен тағлымынан дерек берер аса құнды ғылыми жадығат. Туындының ғылымға
белгілі ең көне қолжазбасы ХҮІІ ғасырға тән деп есептеледі, яғни, бұл
жазылған мерзімнен 500 жыл кейінгі уақытта сан рет көшіріліп, талай
өзгеріске ұшыраған, сопы ақын жолын жалғастырушы талай шәкірттердің
қолтаңбасы қалған нұсқа.
Араб халифатынан шеткері орналасқандығына қарамастан Иассауи туып өскен
аймақ түркі мәдениетінің негізгі ошағына айналды. Оның рухани дүниетанымдық
көзқарасы және құрған сопылық қауымдастығының бағытын зерттеудің
маңыздылығы күн санап, уақыт өткен сайын артып келеді. Ақынның әлденеше
ғасыр бойы әдебиетімізге тигізген игі әсері әлі тұтас қарастырылып үлгерген
жоқ. Шығармаларын іріктеп, жаңаша қайта бағалап, ішкі мән-маңызына барынша
тереңдей еніп, табиғатын әр қырынан ашып беру қажеттігі бүгінгі әдебиеттану
ғылымының алдына өткір де зәру мәселе болып қойылып отыр.
Үш ғасырдан астам уақыт бойы ғылым сопылық жолды зерттеумен келеді.
И.Гольдциер, Ф.Майер, М.Е. Массон, В.Гордлевский, В.В. Бартольд,
Ж.С.Тримингэм, П.Цветков, Е.Бертельс, Идрис Шах, Н.К.Зейбек, К.Ераслан,
Н.Тосун сынды т.б. белгілі шет ел ғалымдарының, Мәшһүр Жүсіп Көпеев,
Х.Сүйіншәлиев, К.Х.Тәжікова, Н.Келімбетов, Р.Бердібаев, М.Жармұхамедұлы,
Б.Бабажанов, Ә.Нысанбаев, Ә.Дербісәлиев, М.Шафиғовтардың зерттеп, қалам
тартып жүргендеріне қарамастан, бұл саланың әлі де болса өзіндік құпия-сыры
толық ашылмай келеді. Ірілі-ұсақты сопылық қауымдастықтар қарастырылған
сияқты, дегенмен шығыстанушы ғалымдардың сопылық жайында, оның шығу тегі,
өркендеп өсуі туралы, философиялық ой-пікірі жөнінде қаншама еңбектер
жазылды, соның ішінде Қожа Ахмет Иассауидің де шығармашылық жолы, ұстанған
бағыт-бағдары терең зерттелмесе де айтылып, аталып отырған. Иассауидің
өмірі мен мұрасы көптеген мақалалар мен монографияларға арқау болып,
отандық және шет елдік ғалымдардың зерттеу нысанасына алынған болатын.
Бірақ қаншама еңбектер жарыққа шығып, қанша мақалалар жарияланғанымен
сопылық ілім қарапайым оқырмандар үшін ғана емес сол саламен айналысушылар
үшін де құпия күйінде қалып отыр. Себеп не? Себеп мынада. Диуани
хикметтің тілі қай түрік тілінде? Күллі зерттеушілердің ортақ пікірге келе
алмай отырған мәселелерінің бірі осы. Бұл – бір. Екіншіден, қолда бар
Диуани хикметтің ең көне нұсқасының Иассауи өмір сүрген кезеңнен бірнеше
жүз жыл кейінгі кезеңге тән болуы. Қаралған нұсқалардың ең көнесі ХҮІІ
ғасырдың соңында жазылуы хикметтердің тілі жайында туындаған көптеген
сұрақтарды жауапсыз қалдыруда. Үшіншіден, Диуани хикмет нұсқаларының
мазмұн жағынан да көптеген айырмашылықтарының болуы. Хикметтердің Стамбұл,
Қазан, ташкент сияқты түркі елінің түрлі тілінде сөйлейтін орталықтарда
оқылып, басылуы шығарманың тіліне барынша әсер еткен. Сондықтан мамандар
тарапынан хикметтер тілінің өзбекше бұрмаланғандығы, Қоқан диалектісінде
жазылғандығы, аралас әдеби қыпшақ-оғыз тілінде жазылғандығы немесе оғыз тіл
элементтері араласқан қарлұқ диалектісінде жазылғандығы туралы әртүрлі
пікірлердің пайда болуына себеп болған. Иассауидің өмірі мен оның
хикметтерін зерттеу барысында жиі-жиі жіберілген қателіктердің бірі –
хикметтерді әркімнің өз жағына тартуы.
Иассауи мұрасына қатысты өзекті мәселелердің бірі қазақ тілді
басылымдардың жай-күйіне байланысты туындаса, біздің қарастырғалы отырған
мәселеміз – Иассауи мұрасының қазақ тілінен орыс тіліне аударылуы болып
табылады. Яғни, басты мәселе хикметтердің аударылуы хақында болмақ.
Хикметтердің аудармасы жайлы сөз еткенде ескерілуі тиіс мынадай жайт бар.
Сопылық дүниетанымды зерттеу күні кешеге дейін дұрыс бағытын таппаған еді.
Деректері тапшы салаға аударма жасау – қиынның қиыны. Дегенмен, сопылық
дүниетанымға қатысты ұғымдар мен ұстанымдар деректер тапшы болған тұста
аударылған, транскрипцияланған аудармаларда едәуір қателіктер
жіберілгендігіне бүгінде көз жеткізіп отырмыз. Сол аударма барысында
жіберілген қателіктер күні бүгінге дейін аударылған еңбектерге баға беруде
бөгет болуда.
Сонымен, орыс тілді оқырмандар мен зерттеуші-ғалымдарды Иассауимен
байланыстыратын басты дәнекер – Диуани хикметтің орыс тіліндегі
аудармалары. Олай болса, сол орыс тіліндегі аудармалар қай деңгейде? Қалай
зерттелуде деген мәселені зерттеу еңбегіміздің басты ұстанымы етіп алып
отырмыз. Алдағы тарауда сол мәселеге кеңінен тоқталып өтпекпіз.
Әулиелердің ішінде төрткүл дүниеге аты тараған, еңбегі әйгілі болған
Қожа Ахмет Иассауи адам баласын адал еңбекке, үлкенді сыйлап, кішіні
құрмет етуге, әке мен шешені, туған-туысты қадірлеуге, әсіресе, Алланы
бір, пайғамбарды хақ деп мойындау керектігін баса айта келіп, жалпы
халықты имандылыққа үндеу арқылы мұсылманшылықтың шынайы жолын нұсқайды
1, 5.
Әзірет Иассауидің ел ішіне берік салып кеткен ислам дәстүрлерін бүкіл
түркі елдерінің ақындары қабылдап, ғасырлардан ғасырларға жалғастыра
жырлаған. Түркі жұртының дүниетанымында өшпес із қалдырған ғұлама ақынның
көзқарастары оның алдында дүниеге келген Әбу Насыр әл-Фарабимен, Әбу Әли
Ибн Сина және өзінің замандастары Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқаридің
пікірлерімен астасып жатқаны мәлім. Иассауи мектебінің сопылық
қауымдастықтары Қазақстан аймағында кең таралған. Оның сопылық дәстүрінің
ізін өз дәуірінен кейінгі кезеңдерде өмір сүрген Асан қайғыдан бастап
Абайға дейінгі қазақ ақындарының шығармашылығынан көрініс алғаны айқын
аңғарылады. Сондықтан да Ахмет Иассауидің рухани дүниетанымдық көзқарасы
және оның құрған сопылық қауымдастығының бағытын зерттеудің маңыздылығы
уақыт өткен сайын күн санап артып келеді.
Ғұлама ақынның дүниетанымы, көзқарасы түркілер ортасында ислам
орталықтары мен сопылық мектептерінде қалыптасты. Ислам мәдениеті мен
ғылымының дәстүрлі орталығына айналған Бұхара шаһарына сапар шегіп, онда
сопылық ілімнің негізін танып-білген Иассауи Түркістан қаласына қайтып
оралады. Тәлімгерлері Арыстан-Бап пен Жүсіп Хамаданидің ілімдерімен
шыңдалған мүрид (шәкірт) Ахмет Түркістанда өз сопылық қауымдастығының
іргетасын қалады. Мұнда ол Хамадани мектебінен танымал болған Халладж, Әбу
Ханифа, әл-Бистами сияқты араб-парсы сопыларының оқуларына негізделе
отырып, түркілік мазһабты жүйелейді. ...Сөйтіп, оның ұзақ жылдарағы
ізденісінің жемісі ретінде Түркістан шаһарында халқа (үйірме) құрылды. Бұл
халқа суфизмнің жаңа тармағы болып өмірге келген сар-и силсила-йи машайхи
турк (түркі машайыхтарының дәстүрлерінің жолы) мектебінің бастауы болды
2, 26.
Оның тәлім-тәрбиесі, ортасы ислам діні болып, діни-философиялық
дүниетанымы ислам аясындағы сопылық идеялар негізінде қалыптасты. Иассауи
үшін Алла сөзін, Хақ жолын дәріптеу үлкен парыз ретінде танылды. Өзінің
өмірден түйгенін, оқып-тоқығанын туған жеріне жеткізіп, Хақ жолына бастар
бағытты көрсетіп, насихат жүргізуді өмірлік міндет, халқына қызмет деп
білді. Иассауи өзінің Хақ жолын уағыздау қызметінде, сопылық оқуды
насихаттауда іс-әрекеттерге көбірек көңіл бөлген. Пайғамбар жасына келгенде
бар дүние-мүлкін кедей-кепшіктерге таратып беріп, қылует (фәниден
жалғыздықта күн кешу) жасауға бел байлайды. Сөйтіп, Өлмес бұрын жан
бермектің дертін таптым (19-х) деп тақуалықтың бір қағидасын негіздей
түседі. Тұла бойы жаратушыға деген махаббатқа тұнған, асыл қасиетін
жоймайтын бұл хақиқи хикметтердің тереңіне бойлаған әрбір шәкірт қисапсыз
кеніштен бір түйір иеленері, рухына азық табары хақ. Рухымыз дертті,
жүрегіміз лас, ақылымыз өз жанымызға қас болған мына заманда осынау
мәңгілік тот шалмас асыл мұраларымызға бір табан жақындай түссек
түйсінеміз. Сәл ынтамен назар қойсақ ойнақы иманымызды, айладан аспай
қалған ақылымызды, қамсыз қайғысыздығымызды айнадан көргендей боламыз.
Диуани хикметті оқыған әрбір адам ұлы ұстаздың шексіз махаббатына,
риясыз ықыласына таң қалып, рухани бұлақтан сусындайды. Әулие сұлтанының
Хаққа деген ғашықтығынан жанына шуақ табады. Оқыған сайын өзінің талдай
бойындағы таудай менмедігін сезінеді, сүйеніш табады. Алланың фазылынан
үміт етіп, кешірім тілейді. Адам баласына деген сүйіспеншілігіне,
мейіріміне мұқтаждығын сезінеді. Адамның рухани дертін өз жан ауруындай
сезінген, үмбет қайғысымен қам-қасірет шеккен, азабын көтеріп, емін тапқан
баба мұрасының қадіріне бүгінгі ұрпақ жете алса деген тілек басым.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с): Адам жүрегі шындығында даналықты сағынып,
сыздайды. Оған хикметтердің өте сирек кездесетін мәндісін бере біліңіздер,
- деген екен. Ал сол даналыққа бүгінгі рухани дерті асқынған күллі адамзат
баласы мұқтаж. Түркі халықтарының мұсылмандыққа мойынсұнып, имандылыққа
келіп, адамдардың рухани кәмелеттікке жетіп, қоғамның өсіп-өркендеуіне
Яссауи тағлымының, оның жолын қуушылардың ықпалы зор болғаны белгілі 3,
115. Хикметтер діни-сопылық ескерткіш қана емес, Құран сырларынан сыр
шертетін ұрпақтан-ұрпаққа тараған, халықты, елді адалдыққа, шыншылдыққа,
бірлікке, ұстамдылыққа шақырған түркі тілдес халықтардың ортақ мұрасы.
Иассауи дүниетанымы адамды ішкі еркіндікке жетелейтін, ар түзейтін
ілім. Олай болса, бүгінгі жанымыздың ғаріптігіне, рухымыздың пақыр
кедейлігіне ем болары да осы дана бабамыздың имандылық ғибратынан өрілген
Диуани хикмет кітабы.

1 Қ.А.ИАССАУИДІҢ ӨМІРІ МЕН ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНЫҢ ЗЕРТТЕЛУІ

Шейхтың толық аты-жөні – Құл Қожа Ахмет ибн Ибрагим ибн Махмұд ибн
Ифтихар Ясави. Ахмедке қожа есімінің берілуінің өзі екіұшты қаралады.
Кейбір зерттеушілер Ахмедке қожа есімін (парсыша ұстаз, наставник,
дана) хожаган (ходжагон)-нақшбандий сопылық бауырластықтары берген десе,
енді бірі Қожа Ахмет Иассауи шежіре бойынша қожа әулетінен шыққан,
сондықтан оны Қожа Ахмет деп атаған деген пікір айтады. Шығыс әлемінде
Иассауи есімі қаншалықты белгілі болса, өмірі мен шығармашылығы жайлы дерек
көздері әлі де болса соншалықты күңгірттік қойнауында жатыр. Ақынның өмір
сүрген жылдарының өзі даулы. Әр зерттеуші әртүрлі пайымдайды. Қожа Ахмет
Иассауидің шыққан тегі, өскен ортасы туралы мәліметтерден, яғни ұлы
туындысы Диуани Хикмет пен жаңадан табылып өңделген Насаб-Нама және
Рисаласынан ойшылдың ХІ ғасырдың аяғы мен ХІІ ғасырдың басында дүниеге
келгендігі аңғарылады, - деп жазады ғалым Ө.Малдыбеков 4, 121.
Иассауидің тарихи тұлғасын айғақтайтын деректер өте аз және өмірі аңыз-
әпсаналармен араласып кеткендіктен оларды зерттеп, сараптан өткізу
нәтижесінде де нақты бір шешім қабылдау мүмкін емес. Бұл жайлы
иассауитанушы ғалым А.И.Пылев та былай деп жазған болатын: Изучая жизнь
того или иного представителя суфизма (поэта или просто известного шейха),
исследователи всегда затруднялись отделить действительные, исторические
факты от легенд и преданий, распространявшихся последователями шейха в
течение многих столетий после его кончины. Эта же трудность встает и при
рассмотрении биографии Ахмада Ясави 5, 28.
Әзіреті Сұлтан Қожа Ахмет Иассауи (р.а.) ХІ ғасырдың екінші жартысында
Батыс Түркістанда, қазіргі Шымкент қаласының шығысында орналасқан Сайрам
қаласында дүниеге келген. Исфиджап немесе Ақшақар деп те аталған бұл қала
ол кезде Ислам мәдениетінің маңызды орталығы болған. Ибрахим есімді шейхтың
ұлы болған Ахмет 7 жасында әкесінен айрылып, әпкесімен бірге Ясы
(Түркістан) қаласына келіп орнығады. Оғыз қағанатының астанасы ретінде
көрсетілген бұл қалада сопылық дәстүрді ұстанған Арыстан Баба деген
танымал түрік шейхы бар еді. Алғашқы білімін осы қаладан, сол кісіден
алғаннан кейін, Мауреннахрдағы Ислам дінінің орталығы Бұхараға барды. Мұнда
сол дәуірдің алдыңғы қатарлы үлкен ғалымы әрі сопыларының бірі Жүсіп
Хамаданидің рухани ықпалында болып, онымен бірге көптеген жерлерге барды
(осы жерде де ғалымдар пікірі екіге бөлінеді. Жүсіп Хамадани ХІ – ХІІ
ғасырлардағы суфизмнің парсылық түрінің негіз алып, дамуына атсалысқан
сопылардың бірі. Ол назар ілімін жетілдіруде елеулі жетістіктерге ие
болып, өз мектебін ашуға рұқсат алған. Көптеген атақты сопылар, әсіресе,
парсылық суфизімнің силсилласын (дәстүрін) басқарған Гиждиуани мен
түркілік суфизімнің атасы Иассауи мазхабтары осы мектептен бастау алып,
негізі қаланған. Төрәлі Қыдыр Қожа Ахмет Иасауи: мажаз бен хақиқат сыры
атты мақаласында Саллах бин мубарак Бухаридың Әнисит-толибин уәъдутус-
соликин атты мақаласына сілтеме жасай отырып: Жүсіп Хамаданидің төрт
шәкірті болды. Олар: Қожа Абдулла Баррақи, Қожа Хасан Андақи, Қожа Ахмет
Иасауи және Әбдіхалық Ғиждуани деп көрсетеді 6, 30.
Атақты Хамадани мектебінде мүрид болған Ахмет Иассауи өз өмір жолын
былайша көрсетіп өтеді:

Мен жиырма сегіз жаста ғашық болдым...(16-х)
Отыз үште сақы болып мей үлестірдім...(17-х)
Отыз төртте ғалым болып дана болдым...(17-х)
Отыз бесте мешіт кіріп дәурен сүрдім...(17-х)
Отыз алты жаста болдым сақып кемел...(17-х)
Бұл хихмет жолдарынан біз Иассауидің Хамадани мектебінде белгілі
мақамдарды игеріп, ғашық, сақы, ғалым, сақып кемел сияқты
лауазымдарды меңгеріп, сопылық оқудағы өсіп жетілу дәрежесін көреміз.
Сонымен Қожа Ахмет Иассауи отыз алты жасында сақып кемел болып,
Хамадани мектебінің сопылық оқуын толық тәмамдап, ұстазымен тең дәрежеде
сұхбат құра алатын дәрежеге жеткен. Ұлы ақын заманының көрнекті қайраткері
Әлішер Науайдың насойиму-л-махаббатң деген мұрасында мынандай дерек бар:
Қожа Ахмет Яссавий – Түркістан мүлкінің шейх-ул-машайихы...имам Юсуф
Хамаданийдің асхабы (сұхбаттасушысы)ң. Яғни, асхаб (жекеше түрі - сахиб)
болу дегеніміз, белгілі бір мектепті бітірушіні және осыған байланысты
жеке, дербес, өзіндік мектеп не халқа (үйірме) ашуға хұқысы бар ең жоғарғы
лауазымға ие болу дәрежесін білдіреді.
Бірақ ұстазы Жүсіп Хамадани өзінің атақ-абыройына, ұстаздық беделінің
күннен-күнге артуына қарамастан, Хақ жолы тек ел ішінде қызмет етуде,
дәруіштік өмірде ғана танылады деген қағидамен ғұмырының соңғы жылдарын
Меру (Мерв) мен Герат шаһарларының арасында кезбелікпен өткізеді. Кім
біледі ұстаз үлгісі ме, әлде туған жерге деген сағынышы ма, әлде түркі
топырағына сопылық идеяларды егу мақсаты ма, әйтеуір, Қожа Ахмет Иассауи
шамамен 1119-1120 жылдары оқуын тәмамдаған соң, Түркістанға оралады.
Сонымен Ахмет Иассауидің сопы Иассауи болып қалыптасуына оның сопылық
идеялармен өмір сүрген ортасы, яғни жанұялық тәрбиесі, алғашқы ұстаз ықпалы
бірінші әсер етуші күш деп білеміз.
Екінші ықпал ретінде біз Иассауидің жасаған қоғамын айналасын атар
едік. Әрбір қиын, тығырыққа ұшыраған заман ышқына келе өз дәрежесінде
дарынды, ерекше ой иесін өмірге келтіруі заңдылық екенін тарихтан көріп
келе жатырмыз. Иассауи де - өз заманының аласұрған перзенті, ашынған
дауысы.
Осы кезеңде яссауийа тариқатымен қатар және бірнеше тариқаттар да пайда
болып, үстемдігін жүргізе бастайды. Олар Нақшбандийа тариқаты (ІҮ ғ. аяғы),
Кубравийа тариқаты (ХІІІ ғ.басы), т.б. Иассауи тариқатынан өзге
тариқаттардың басты мақсаты – дінді билікке араластырып, халықты өз
ықпалынан шығармау. Өз кезегінде қазақ ханы Қасым хан да жоғарыда атап
өткен нақшбандий тариқатына өтіп, билік жолдында біраз кедергіге ұшыраған-
тын. Кейін Өзбек ханның тұсында қайта айналып өз салт-дәстүрімізге,
менталитетімізге, психологиямызға сай иассауийа қауымдастығына қайтып
оралдық.
Иассауи хихметтерін, өмір жолын, дүниетанымын, ақындық сипат,
ерекшеліктерін терең білем, зерттеймін одан өз бойыма пайдалы гүл-
жаухарларды табамын деген адамға ең әуелі мына бір шарттардан өтуі қажет.
Яғни ол адам Иассауи терең бойлап өміріне өнеге, түп қазық еткен ислам
діні, құран кәрім, пайғамбар хадистерінен хабары бар жан болуы керек. Бұлай
болмай Иассауи ілімін меңгеру, тілін түсіну оның еңбектерін халық арасында
насихаттау еш мүмкін емес. Өйткені Қожа Ахмет Иассауидің қалдырып кеткен
хихметтері мен сыр сөздерінің негізі қасиетті құран мен пайғамбар
хадистеріне сүйене отырып, содан нәр ала отырып жазылған еңбектер екені
айдан анық көрініп тұр. Сондықтан оның өлеңдерін ислам дінінен хабары жоқ
жандар алғашында түсіне алмай қалып жатса таңданбаймыз. Дегенмен мұндай
түсіне алмаушылық өкінішке орай көп жағдайда ақынның асыл мұраларын
зерттеп, оны өзге тілге аударуды мұрат тұтып жүрген зерттеушілеріміздің
еңбектерінде де кездесіп жүр. Ислам дінінен хабары жоқ аудармашы,
зерттеушілеріміз алғашқы мағынасынан ауытқып қалың оқырман қауымды
адастыруда.
Сонымен Иассауи Ясыға қайтып оралып, өмірінің соңына дейін осы қалада
сопылық уағызын жүргізіп өтеді. Ибраһим есімді жалғыз ұлы дүниеден ерте
озады. Иассауидің ұрапақтарымыз деп жүрген адамдар оның Гауһар Шаһназ
есімді қызынан тараған. Самарқандық шейх Зікірия, Үсүптік ақын Ата (ХҮІ
ғ.), Әулие челеби, Қожа Хафыз Ахмет Иасауи-и Нақшбанди (ХҮІІ ғ.) сияқты
көптеген ақын мен жазушылардың ішінде өздерін Иассауиден тарайтындықтарын
айтқандар да бар 7, 72. Ақынның қысқаша өмірдерегі осындай. Халық
жадында хикметтері арқылы жаңғырып отырған Иассауидің шығармашылық тұлғасы
талай зерттеушілерге ой салған. Ақынның Диуани Хикметін ғасырлар шаңынан
арашалап, оның мазмұн-мәніне жетуге, жеткізуге талаптанған ғалымдар аз
емес. Сопылық жол, оның ішінде Қ.А.Иассауидің өмірі мен шығармашылығы талай
зерттеушілерді қызықтырған, түрлі зерттеу еңбектері мен монографияларға да
арқау болған. Иассауидің туылған жылы белгісіз де, қайтыс болған жылын
иассауитанушылар 1166 жыл деп көрсетіп жүр. Бұл туралы ғалым А.И.Пылев та:
Достоверно известна лишь одна дата, относящаяся к биографии Ясави - его
смерти, 1166 год (562). Этот год согласно называют все источники. Дата же
его рождения не указана нигде 5, 30. А.Фитрат пен М.Көпрүлү Ахмет
Иассауиді ХІ ғасырдың екінші жартысында туылды деп көрсетеді. М.Көпрүлү
Жизнь Ахмада Ясави по легендам кітабының Первые мистики в тюркской
литературе атты тарауында сопы ақынның өмір жолын шартты түрде болса да
көрсетіп, тоқталып өткен.
Ал Хазіреті Қожа Ахмет өз хикметтерінде өмір жолын (бір жасынан жүз
жиырма бес жасқа жеткенге дейін) агиография жанрында жазып қалдырған. 11-
хикметтің 27-жолында көрсеткеніндей: Жүз жиырма беске кіргенімді білмей
қалдым (م ﻳ د ﺎ ﻣ ﻟ ﻻ ﻸ ﻳ ﺒ ﻡ ﻳ ﺪﺭ ﻳﻛ یﺵ ﻴ ﺑ ﻪ ﻣﺭﻜ ﻳ ﺯﻭﻳ –
иуз игирма бешка кирдим билилмадим; Не заметил, как достиг ста двадцати
пяти лет). Бізге тек ауыздан-ауызға таралып жеткендіктен Иассауи өмірінің
даулы, әлі де қарастыруды қажет ететін тұстары өте көп.
Қожа Ахмет Иассауи мен оның тариқаты туралы мәліметтер мына еңбектерде
молынан кездеседі: Сүлеймен Бақырғанидың Бақырған кітабы, Маулана
Сафиуддин Қойлиқидың Насабнама, Хусейн Уайз Кәшифидің Рашахат айнил
хаят, Фазлулла Исфаханидың Мехмоннамои Бухара, Сұлтан Ахмет Хазинидің
Жауахирул әбрар ин амуажил бихар, Шейх Мұхаммед Алим Сыддықтың Ламхат
мин нафахатул қудс.
Иассауидің өмірі мен шығармашылығы, сопылық жолы, кесенесі ХІХ ғасыр
соңынан бері зерттеушілердің назарына ілігіп, түрлі бағыттағы зерттеу
мақалалары мен саяхатшылар жолжазбаларының нысанасына айналды. Қожа Ахмет
туралы алғашқы мақалалар орыс әскерлері Түркістанды алғаннан кейін-ақ
көріне бастады. Ол мақалалардың негізгі тақырыбы Иассауи кесенесі мен
ондағы жазулар, кесенеде кімдердің жерленгендігі туралы, ондағы қызметшілер
туралы-тын. Олардың қатарына М.Бекчуриннің, П.Ахмеровтың, В.Вселовскийдің,
В.Массонның мақалаларын жатқызуға болады. Аталмыш мақалаларда Қожа Ахметтің
рухани мұрасына терең үңіліп, зерттеу мақсаты қойылған жоқ болатын. Бірақ,
сол дәуірдің сопыларының өмірін, кесене ішіндегі ерекшеліктердің
сипатталуымен құнды. Бұлардан өзге осы кезеңде жазылған мақалалар ішіндегі
құндысы К.Залеманның Легенда про Хаким-ата атты еңбегі болды. Бұл
еңбегінде автор сопылықты жан-жақты зерттеуге ұмтылады. Кеңес өкіметі
орнағаннан кейін Иассауиге қатысты зерттеулердің барлығы тоқтатылып,
зерттеулер тек кесененің архитектуралық ерекшеліктеріне ойысты. Бұл кезеңде
Әзіреті Сұлтанға қатысты зерттеулер тек атеистік бағытта болды. Дәлел
ретінде Ю.Петраштың Тень средневековья сынды т.б. шығармаларды атауға
болады. Дегенмен, мұндай зерттеулердің де пайдалы жақтары болды.
Біріншіден, ең бастысы олар Қожа Ахмет Иассауидің әлі де ұмытылмағанын
білдірсе, екіншіден, ғалымдар назарына іліккен Иассауи кесенесін атеистік
үкімет бұзуға батпады. Екі рет кесенеге бұзылу қаупі төнді. Бірақ,
В.Массонның кесенеде зерттеу жұмыстарын жүргізуі ғана кесенені аман алып
қалған болатын.
Иассауи шығармашылығы туралы сөз еткенде алдымен ауызға ілігетіні түрік
ғалымы, профессор М.Ф.Көпрүлү. Ғалым сопы хикметтерін әр қырынан алып, жан-
жақты зерттеген. 1918 жылы зерттеу еңбегін жеке кітап етіп Стамбұлда Түрік
әдебиетіндегі сопылықтың алғашқы көрінісі деген атпен бастырып шығарған.
Аталмыш еңбек күні бүгінге дейін Иассауитанушыларға жол сілтеп, бағыт
көрсетуші еңбек ретінде құнды. Жоғарыда атап өткен шығыстанушы ғалымдар,
Е.Бертельс, В.А.Гордлевский, А.К.Боровков, Г.Ф.Благова, В.В.Бартольд,
А.К.Самойловичтердің қай-қайсысы да түріктің осы атақты зерттеушісінің
еңбегіне сүйенбей өте алмаған.
Бұл ретте М.Е.Массон, В.А.Гордлевский, А.И.Пылев, Ә.Нәжіп, С.Берлингем,
Н.А.Баскаков және өзбек ғалымдары Э.Р.Рүстамов, Н.М.Маллаевтарды қоса
атағанымыз жөн.
Қожа Ахмет Иассауиді қазақша хатқа түсірген қазақ ақыны Мәшһүр Жүсіп
Көпеев. Бұл кісі Қара местің бірнеше томында оның өмірбаянын, хикметтерін
сөз еткен 2, 6.
Қазақтан шыққан тұңғыш ағартушы Ыбырай Алтынсарин атамыз Иассауиге
ағартушылық тұрғыдан берген бағасы мынадай: ...мүжтәһид ғұламалар
арасындағы ұлықтар төртеу: имам Ағзам, имам Мәлік, имам Шафиғ, имам бну
Ханбал Ясауи. Бұл төртеуі шариғат мәнісін толық тексеріп, халыққа
түсіндіріп берді, - деген екен 8, 22.
Ал Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы болса, Ахмет Иассауи туралы тараған аңыз-
әңгімелерді ел аузынан жинақтаған. Бірақ кеңес заманында Иассауи бабамызды
дін уағыздаушы сопы ретінде танып, шығармаларын зерттемек түгілі, қолға
алудың өзі бір мұңға айналған. Осылайша Иассауитану біраз уақытқа дейін
шаңға көміліп жатты. Сол кездегі идеологиялық қыспаққа байланысты Міржақып
Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов сияқты қайраткерлер ақын шығармашылығына
біржақты баға берумен ғана шектелуге мәжбүр болды.
Бұл үнсіздікті тек 1967 жылы ғалым Ханғали Сүйіншәлиев бұзды.
Йассауидің діни портретін аттап, дәрежесі өте жоғары ақын екендігін
танытатын еңбегі – Иассауи Хикметтері туралы (Қазақ әдебиетінің қалыптасу
кезеңдері Алматы, 1967). Ахмет Иассауидің әдебиеттегі орнын белгілеп, оның
шығармашылығына әдеби тұрғыдан баға берді. Хазіреті Әлі Иассауидің сопылық
әдебиеттің өкілі екендігін, ХІІ ғасырда өмір сүргендігіне тоқтала отырып,
Диуани Хикметтің әдеби мұра ретінде зерттелу керектігін атап өтті. Жаңа
зерттеу мақалалар жазылып, жаңа дереккөздер ғылыми айналымға енгізіле
бастады.
Қожа Ахмет Иассауидің Диуани Хикмет мұрасын қалың жұртшылыққа таныту
барысында біраз хикметтері қазақ, орыс тілдеріне аударылып, жарық көрді.
Қазақстан мен Өзбекстан ғалымдары біршама белсенділік танытып, Диуани
хикмет аудармаларын баспадан шығарды. М.Жармұхамедов, С.Дәуітов, М.Шафиғов
Ыстамбол нұсқасын қазақшаласа, Б.Сағындықовтың аудармасы Ежелгі дәуір
әдебиеті атты оқу құралына енді. Мерзімді баспасөз беттерінде
С.Дәуітовтің, Х.З.Иманжановтың, С.Битенұлының нұсқалары шықса, Жарасқан
Әбдірашевтің аудармасын көркем аудармаға жатқызуға болады. Ә.Ибатов,
З.Жандарбек, А.Нұрмановалар Қазан нұсқасы. Шағатай тілінен аударма деп
берген. Осылайша хикметтер бірнеше мәрте қазақшаланып, баспа беттеріне
шыққан-ды.
Сондай-ақ Иассауиді Шығыс Ренессансымен байланыстыра зерттеу мәселесін
қойған Ә.Қоңыратбаевтың пікірлері де орынды (Ә.Қоңыратбаев Қазақ эпосы және
түркология. –Алматы, 1987). Бүгінде К.Х.Тәжікова, Н.Келімбетов,
Р.Бердібаев, М.Жармұхамедов, Т.Есембеков, Ә.Дербісәлиев, А.Жақсылықов,
М.Шафиғов, С.Дәуітов сияқты әдебиеттанушылар, сондай-ақ Б.Сағындықов,
Ғ.Айдаров, Ә.Құрышжанов, Ә.Қайдар сынды тілші ғалымдарымыз Иассауитануға
біршама атсалысуда.
Е.Э.Бертельс, А.Н.Самойлович, В.В.Бартольд, И.Гольдцер, С.Малов сынды
шығыстанушылар да Иассауи шығармаларын зерттеуге барынша атсалысып,
А.К.Боровков, Э.Наджип сияқты ғалым-түркологтар Диуани Хикметтің” тілін
зерттеген, нәтижесінде шығарма ХІІ ғасырдағы оғыз-қыпшақ тілінде жазылған
деген анықтама береді. Ал өзбек ғалымдары Иассауиді сонау Әлішер Науаи
салған дәстүр бойынша зерттеп келеді. Бұл жолда Э.Рустамов бастаған
ғалымдар біраз дәрежеге қол жеткізді.
Ал жалпы Иассауиді кеңінен дәріптеп, жан-жақты зерттеулер жүргізу түркі
ғалымдарына тиесілі. Түрік ғалымдарының ішінде Иассауи тақырыбына 1918
жылдан қалам тартып келе жатқан Нобель сыйлығының лауреаты, профессор
Мұхаммед Фуад Көпрүлүнің Түрік әдебиетіндегі ілкі сопылар атты кітабы 5
рет толықтырылып басылған. Иассауи және иассуаи ілімінің Анадолыдағы
ықпалы деген ғылыми еңбегі алғашқы, негізгі болуымен қатар, әлі де толық
ашыла қоймаған дүние болып саналады 9, 63. Көпрүлүмен қатар Иассауийа
ілімінің түрлі қырлары бойынша Н.К.Зейбек, К.Ераслан, М.Акар, Ж.Окуюжу,
А.Гүзел, Б.Хайиттың және т.б көптеген зерттеушілердің еңбектері бар.
Сопылық ілім жан-жақты зерттелген, әлі де болса зерттеліп жатыр,
дегенмен әлі де өзіндік құпия-сырлары толық ашылмай келеді. Қарапайым адам
түсініп болмайтын, ұғынуға өте қиын ілім. Мәселен, суфизм нені білдіреді?
(что с собой представляет суфизм?) деген сұраққа әлі күнге дейін нақты
жауап берілген жоқ. Не себептен? О бастан суфизмнің өз ішінде өзіндік ішкі
жасырын сыры бар (эзотерикалық нүктелер). Ал ғалымдар осы күнге дейін
суфизмнің сыртқы пішінін ғана (сопылар оны батин деп атайды) барлап, ішкі
жағында (захир) қандай құпия жасырын жатқандығының кілтін таба алмай
келеді. И даже если такие попытки были успешны, то, как правило, ученые
предпочитали доверять тому, что видели, а не тому, что чувствовали, что
вполне отвечало принципам европейской науки 5, 8.
Көптеген дін зерттеушілері сопы (суфи), сопылық (суфизм) арабтың суф-
жүн – шекпен киген адам, сафа – тазалық, сафуа – таңдаулы болу деген
сөздердің бірінен шыққан деседі. Д.Ермеев оны гректің софия – дана, софос –
даналық деген сөзінен ауысқан деп есептейді. Суфизм - өмірге нәр беруші
ілім, оны тек сопылық жолмен ғана тануға болады, - дейді Сеийд Идрис Шах.
Сопылардың көпшілігі Алла ерекше қасиет сыйлаған адамдар.
Еуропадағы алғашқы сопылық жол бұдан мың жыл бұрын арабтар жаулап алған
Испанияда құрылған, ал ағылшынның суфизм сөзі 1821 жылы латынның суфизмус
сөзінен ауысқан. Оған дейін тасаввуф термині қолданылып келген. Еуропада
суфизм туралы тұңғыш кітап жазған неміс теологы Ф.Толук 1821 жылы латынша
бастырып шығарды. Тасаввуф сөзін ғылыми сөз қорына қосқан да осы профессор,
ал сопылық жолдар жайлы тұңғыш зерттеу жұмысын 1884 жылы Л.Рэни жазған.
Сопылық ілім таралуының негізгі екі жолын атап айту керек. Оның бірі
кітаби – сопылық ілім теориялық негізделген трактаттардың аударылуымен,
жырланып таралуымен айқындалады. Бұл трактаттар негізінен араб парсы
тілдерінде жазылып, түйінді діни және философиялық мәселелерді ашты.
Сондықтан да қоғамның аз ғана білімді тобының қолы жетті, ал негізгі бұқара
арасында таралуы шектеулі болды.
Екінші жол – сопылық идеяларын ауызша тарату арқылы жүзеге асты.
Хорасан мен Мауараннаһрда дәруіштердің үздіксіз топтары жол тартып, халық
арасында олардың өз тілінде сопылық идеяларды таратты.
Бірінші жолды ұстанушылар орта ғасырлық мистикалық және философиялық
ойдың барлығына дерлік араласады. Ал екінші жолдағылар бірінші орынға
практикалық жағын қойып, халықтық діннің сипатын иеленген дәруіштер ілімін
таратты.
Сонымен, суфизм фалсафаға жата ма, жоқ па? Әрине фалсафа мен суфизмді
мұсылман дүниетанымы контексінде бірге қарастырған жөн. Себебі екеуі де
ислам дініне тікелей қатысты. Не сопы, не фалсафашыл ғалым исламға қарсы
болмаған. Фалсафа тарихы Әл-Киндиден басталады. Фалсафа деген араб тілінде
жазған ойшылдардың грек философиясын қабылдауы әрі қабылдамай философияның
өзге түрін өмірге келтірулері. Алайда фалсафа грек философиясының көшірмесі
немесе оның өзге тарихи кезеңдегі жалғасы емес, ол жаңа дүниетаным жүйесі.
Фалсафа таза батыстық та, таза шығыстық та дәстүр емес, бұл мәдени
синтез, тоғысу. Жаңа философия христиандық дүниетаным қағидаларына, ал
фалсафа мұсылмандық дүниетаным негізіне құралған. Солай болғанмен Батыс
Европалық мәдениетті таза христиандық немесе таза мұсылмандық деуге
болмайды. У.М. Уоттың пікірінше, батыстық ой мұсылмандық мәдениетіне үш
толқынмен келіп енді: алғашқы екеуі – ортағасырлық исламның көне дәуір
мұрасын игеруі. Үшінші толқын – Европаның ХІХ-ХІІ ғғ. Исламға ықпалы.
Орта Азияның исламдану процесінде тарихи роль атқарған сопылық
тариқаттардың аталмыш аймақтың рухани өміріндегі орны ерекше. Кеңестерден
кейінгі Орта Азия кеңістігінде сопылықтың қайта жандануы қарқынды түрде
жүріп жатқаны баршаға мәлім. Орталығы Қазақстан болып табылатын бұл
процесте әсіресе нақшбандийа тариқатының өкілдері ерекше белсенділік
танытуда. Аталмыш үдерістердің бастауында тұрған сопылық тариқаттар
тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі – мужаддидийа-хусайнийа бағытының
өкілі 'Абд ал-Вахид-шайх. Нақшбандийа тариқатындағы “Мужаддиду әлфис-сани”
– “Екінші мыңжылдықтың жаңартушысы” деген атпен белгілі Ахмед Сирхиндиден
(Имам Раббани, 1624ж. қ.б.) бастау алатын мужаддидийа бағыты ХІХ ғасырдың
бірінші жартысында өмір сүрген халифа Хусайн есімі қосылып, мужаддидийа-
хусайнийа бағыты атанады. 'Абд ал-Вахид-шайх осы бағытты жалғастырушы
тариқат ұстаздарының (пір) бірі – бұхаралық шайх Мухаммад Аминнің шәкірті.
'Абд ал-Вахид-шайх жайлы бірден-бір зерттеу жүргізуші белгілі суфизм
тарихшысы, өзбекстандық ғалым Б.Бабажанов болып табылады. Орыс, француз
және жапон тілдерінде жарық көрген “Возрождение суфийских деятельности в
Узбекистане” атты мақаласында аталмыш автор 'Абд ал-Вахид-шайх
ұстаздарының рухани сабақтастық шежіресін (силсила) келтіріп, шайхтың
өмірі, тәрбиелеген шәкірттері жайлы біршама мәліметтер береді. Шайхтың
туған жылын белгісіз деп тапқан Б.Бабажанов оның қайтыс болған жылы ретінде
1940-41 жылдарды көрсетеді[i]. Екінші бір мақаласында автор Кеңестік кезең
саясаты сақтана қимылдауға мәжбүр еткен 'Абд ал-Вахид-шайхтың өз төңірегіне
мүмкіндігінше аз шәкірттер топтастыруға тырысқанын, оларға негізінен құпия
зікір әдістерін үйретумен шектелгенін, аталмыш әдістердің қазіргі
мужаддидийа бағытындағылардың ғұрыптық (ритуалдық) іс-тәжірибесінің негізі
болып табылатынын жазады. Мақалада 'Абд ал-Вахид-шайх өміріне қатысты жазба
деректердің мүлде сақталмағандығы, ел аузындағы ол жайлы аңыздардың шайх
өмірбаянын реконструкциялауға мүмкіндік бермейтіні атап айтылған[ii].
Күрделі кезеңде ғұмыр кешіп, қиын жағдайда ілім таратқанына қарамастан
'Абд ал-Вахид-шайхтың Орта Азия мен Қазақстандағы ізбасарлары бүгінде
мыңдап саналады. Аталған территориядағы қазіргі сопылық тариқаттардың
жандану процесіндегі басты роль соларға тиесілі. Нақшбандийа тариқатының
силсиласында Халифа Абдул Воһид деген атпен 33-ші орында аталатын, Орта
Азия халықтарының рухани өмірінде елеулі із қалдырған осынау көрнекті
тұлғаның өміріне қатысты мағлұматтардың аңыздық сипаты басым болуы және
ауызекі деректердегі қайшылықтардың көптігі себепті 'Абд ал-Вахид-шайх
өмірінің күңгірт тұстары едәуір.
Біз енді Иассауидің сопылығының фалсафаға қатыстығына дәлел болатын бір
хикметке талдау жасап көрелік. Алланың адамға өзі берген еркі дұшпан
Рәсуә бол , - дейді Иассауи. Бұл хикметтен екі ой бір-бірімен бірігіп тұр.
Бірі Алла адамға өзі ерік бергендігі. Екіншісі, сол Алла берген ерік
адамға дұшпан.
Иасауи дүниетанымындағы фалсафа мен суфизм мәселелеріне келер болсақ.
Нақтырақ алсақ, суфизм фалсафаға жата ма, жоқ па? Әрине фалсафа мен
суфизмді мұсылман дүниетанымы контексінде бірге қарастырған жөн. Себебі
екеуі де ислам дініне тікелей қатысты. Не сопы, не фалсафашыл ғалым исламға
қарсы болмаған. Фалсафа тарихы Әл-Киндиден басталады. Фалсафа деген араб
тілінде жазған ойшылдардың грек философиясын қабылдауы әрі қабылдамай
философияның өзге түрін өмірге келтірулері. Алайда фалсафа грек
философиясының көшірмесі немесе оның өзге тарихи кезеңдегі жалғасы емес, ол
жаңа дүниетаным жүйесі.
Фалсафа таза батыстық та, таза шығыстық та дәстүр емес, бұл мәдени
синтез, тоғысу. Жаңа философия христиандық дүниетаным қағидаларына, ал
фалсафа мұсылмандық дүниетаным негізіне құралған. Солай болғанмен Батыс
Европалық мәдениетті таза христиандық немесе таза мұсылмандық деуге
болмайды. У.М. Уоттың пікірінше, батыстық ой мұсылмандық мәдениетіне үш
толқынмен келіп енді: алғашқы екеуі – ортағасырлық исламның көне дәуір
мұрасын игеруі. Үшінші толқын – Европаның ХІХ-ХІІ ғғ. Исламға ықпалы.
Біз енді Иассауидің сопылығының фалсафаға қатыстығына дәлел болатын бір
хикметке талдау жасап көрелік. Алланың адамға өзі берген еркі дұшпан
Рәсуә бол ,- дейді Иассауи. Бұл хикметтен екі ой бір-бірімен бірігіп тұр.
Бірі Алла адамға өзі ерік бергендігі. Екіншісі , сол Алла берген ерік
адамға дұшпан.
Алла пендесіне ерікті не мақсатпен берген? Әуел баста Алла адам еркін
неге тежеп тастамаған. Бұл жерде құпия бар. Ол Жаратушының сыры. Алайда
адамға Алла еріктілікті бір қажеттілікпен бергенге ұқсайды. Егер адам өз
еркінсіз Аллаға жалынып, жалбарынбай ғибадат жасауға міндетті болса,
Алланың кереметін тану болмас еді. Онда таным орнына сенім орнығып, Алла еш
шүбәсіз қабылданатын аксиома- шындыққа айналар еді. Бұл Алланың әміріне
қайшы. Алла өз пендесіне өзін танып қабылдауына ерік берген.
Алла пендесіне ерікті не мақсатпен берген? Әуел баста Алла адам еркін
неге тежеп тастамаған. Бұл жерде құпия бар. Ол Жаратушының сыры. Алайда
адамға Алла еріктілікті бір қажеттілікпен бергенге ұқсайды. Егер адам өз
еркінсіз Аллаға жалынып, жалбарынбай ғибадат жасауға міндетті болса,
Алланың кереметін тану болмас еді. Онда таным орнына сенім орнығып, Алла еш
шүбәсіз қабылданатын аксиома- шындыққа айналар еді. Бұл Алланың әміріне
қайшы. Алла өз пендесіне өзін танып қабылдауына ерік берген.
Иассауитанудың негізгі зерттеу объектісі – Қожа Ахмет Иассауидің
Диуани хикмет атты шығармасы. Диуани хикметтің қолжазба және баспа
нұсқаларының көптігі, олардың бір-бірінен едәуір дәрежеде мазмұндық,
формалық, тілдік, стильдік өзгешеліктерінің барлығы бәрімізге мәлім.
Сондықтан иассауитанудағы басты мәселелердің бірі Диуани хикметтің қай
нұсқасын зерттеу объектісі етіп алу. Әзірге ғалымдар ең көлемді де көне
нұсқа Қазан нұсқасын (1901 ж.) бірнеше беделді нұсқалармен (Стамбұл,
Ташкент, т.б.) салыстыра отырып зерттеу жүргізуде. Бұл үрдістің маңызды
мәселенің шешімі бола алмайтындығы және көптеген қайшылықтарға ұрындыратыны
айқын. Бұл айтылғандарға хикметтердің түпнұсқалылығы жөніндегі өзекті
проблеманы қосар болсақ, шешімін күтіп тұрған мәселелердің көптігі өз-
өзінен айқындалады.
Диуани Хикметтің бізге белгілі ең көне қолжазбасы тек ХҮІІ ғасырға
жатады. Өлеңдердің тууы мен қағазға түсуінің арасындағы мұндай уақыт
алшақтығы (500 жыл!) зерттеуді қиындатады.
ХІХ ғасырдың ортасында Түркістандағы Иассауи кесенесінде
хикметтердің көне нұсқасы болған деген сыбыс бар. Оны Иассауи табытының
бас жағында сақтап, тек зікір уақытында қолданған. 1864 жылы орыс
әскерлерінің Түркістан қаласын басып алуы кезінде қолжазбаны тығып қойған.
Кейін 20-жылдары көне қолжазба Ферғанаға сатылып кеткен деген сыбыс шықты.
Әлі күнге дейін табылған жоқ. Мүмкін сол көне қолжазбаның қалдықтары
Ауғаныстаннан табылуы да ықтимал.
Диуани хикметтің қолжазбалары бүгінде негізінен Санкт-Петербург пен
Ташкенттің кітапханаларында сақтаулы. Санкт-Петербургтің сирек қолжазбалар
бөлімінде хикметтердің ХҮІІІ-ХІХ ғасырларға жататын 23 тізімі сақталған. Ең
көнелеу және толық тізімі К.Г.Залеманның коллекциясына жатады (1897 ж.
табылды, 72 хикметтен тұрады).
Хикметтердің Ташкенттік нұсқалары Өзбекстанның сирек қолжазбалар
қорында және Қолжазба институтында сақтаулы. Тізімдердің басым бөлігі
Қолжазба институтында сақталған- 56 дана. Хикметтермен қатар онда
өздеріншейхтың ізбасарлары ретінде санаған ақындардың да өлеңдері
сақталған. Олардың ішінде С. Бақырғанидың, Халистың; Науаидың және Жәмидің
есімдерін кездестіреміз. Бұл тізімдер әсіресе ХІХ ғасырға жатады.
Хикметтердің ең көне кейбір тізімдері (1105 ж. деп белгіленген )
Самарқандтың кітапханасында және Стамбулда сақталған.
Қазанда Иассауидың өлеңдері бес рет араб графикасымен жарыққа шыққан.
Ең еөлемді, 148-149 хикметтен құралған басылым 1896 және 1905 жылдары
жарыққа шыққан. Сондай-ақ хикметтер Ташкенттің түрлі типаграфияларында
литографиялық әдіспен бірнеше рет шыққан.
Текстологиялық зерттеулердің күрделі де кең көлемді жұмыс екендігі, бұл
орайда барлық нұсқаулардың алдымен кодикологиялық сараптау сатыларынан
өткендігі белгілі, бұл мәселелер, әрине, мәтінтанушы мамандардың көмегімен
шешіледі. Қазақстанда Иассауитану салсында болмаса да жалпы қазақ ғылымында
текстологиялық зерттеулердің өріс ала бастағанын айта кету керек.
Диуани хикметті әдеби, дәлірек айтсақ, поэзиялық туынды ретінде
қабылдап, түркілік өлең жүйесінің дамуының салыстырмалы түрде алғанда
қарқын ала бастаған кезеңінде дүниеге келген шығарманың табиғатын тану
үшін оған дейінгі поэзия деңгейін, әдеби үрдістерді саралау керек-ақ.
Өзгеріске ұшыраған менталитеттің – исламдана бастаған түркілік сананың
жемісі болып табылатын, қазіргі әдебиеттануда Дидактикалық сарындағы
әдебиет деп аталып жүоген Ж.Баласағұн, А.Йүгінеки, С.Бақырғани еңбектерін,
Қорқыт ата кітабын, М.Қашғаридың әдебиет үлгілері көптен кездесетін
Диуани лұғат ит-түрік шығармасымен ұштастыра қарау, аталмыш туындыларды
саралауда тарихи-салыстырмалылық әдісін басты назарда ұстау қажет.
Иассауитанудағы әдеби зерттеулердің негізгі объектісі болып табылатын
Диуани хикмет шығармасы қазақ әдебиетінде қалыптасқан классификация
бойынша дидактикалық сарындағы әдебиет туындысына жатады. Бұл еңбектің
өзімен дәуірлес бірнеше еңбектермен салыстырғанда өзіндік өзгешіліктері бар
екендігі даусыз. Диуани хикмет - сопылық дүниетаным туындысы. Дегенмен,
қажетті алғышарттар пісіп-жетілген тарихи ортада, қабылдауға даяр қауымға
қалыптасқан сана сүзгісінен өткізіліп берген туынды. Осы орайда бірнеше
зерттеу бағыттары айқындалады.
Әдеби зерттеулердегі негізгі назарға алынуы тиіс мәселе – Ахмет
Иассауидің ақындық тұлғасы. Диуани хикмет - поэзиялық шығарма. Одан
өлең туындысына тән белгілердің бәрі табылады. Хикметтердің өлшемі мен
ұйқасы, мазмұны мен құрылымы, жанры мен стилі, көркемдігі мен бейнелілігі,
дәстүрлілігі мен жаңашылдығы тәрізді сипатттар әзірге тұтастықта қаралып,
Иассауидің ақындық тұлғасы қарала қойған жоқ. Әдебиеттанушы Т.Есембеков
Иассауи поэзиясын зерттеуде тарихи поэтика және көркем текстердің ғылыми
интерпретациясы әдістерін қолдануды ұсынады. Сондай-ақ Есембековтың көркем
текстің астарындағы ақындық тұлға болмысын, оның жан-дүниесінің, сезім
әлемінің құбылыстарын тану мен талдау жайлы тұжырымдары да үнемі назарда
ұсталуы тиіс.
Иассауи ілімінің түркі халықтарының дүниетанымына түбегейлі әсер
еткені даусыз. Иассауи дәуірінен кейінгі барлық әдеби туындыларды хикмет
дәстүрі елеусіз іс қалдырды.
ХҮ ғасыр әдебиетінен бастап, Иассауитану және әдебиет мәселелері
саласы бойынша бірнеше зерттеу бағыттары сараланды. Түркі халықтары
әдебиетініің жіктелуі осы кезеңнен бастау алады. Мұның өзі зерттеу
әдістерін жетілдіріп, арнасын кеңейте түседі, талап етеді. Бұл сатыдағы
зерттеу бағыттарын әзірге шартты түрде А.Иассауи және қазақ әдебиеті,
А.Иассауи және түркі халықтары әдебиеті деп аталатын екі топқа бөлуге
болады. Болашақта түркі халықтарының әдебиетін жеке ұлт әдбиеттері ретінде
қарастырып, А.Иассауимен сабақтастығын зерттейтін арнайы даярлығы бар
мамандарды топтастыру немесе орталықтың қызметкерлерін әмбебап мамандандыру
қажет, соңғы үдерісті жүйелі бағдарлама арқылы іске асыруға болады.
ХҮ-ХҮІІІ ғасырлардағы қазақ әдебиетінің Иассауи дәстүрімен байланысын
қартыратын сатыда негізінен жыраулық поэзия үрдісі зерттеу объектісі
ретінде алынып жүр. Диуани хикмет және қазақ әдебиеті мәселелесі
зерттеулеге кемшін еместігі, бұл тақырыпта докторлық диссертация қорғалғаны
(С.Дәуітұлы 2003 ж.) мәлім. Дегенмен, даңғайыр зерттеулердің кемшіліктері
де бар. Сопылық дүниетанымның, сопылық поэзияның табиғатын түсінбеу,
кейінгі әдебиет үлгілеріндегі сопылық сарынды жалаң діни мазмұннан іздеу
секілді орны толмас олқылықтар кездесіп жатады.
Авторы және шығарылу мерзімі белгісіз болып келетін батырлар жырын,
лиро-эпос жырларын, тарихи жырлар мен қисса дастандарды да Иассауитану
және әдебиет мәселелері саласының зерттеу шеңберінен шет қалдымаған жөн
секілді. Бұл шығармалардың көп стадиялылығы оларды белгілі бір дәуірге
жатқызуда қиындық тудырады.
Келесі кезекте ХІХ ғасырдың өн бойындағы әдебиеттің – Зар заман
ағымының ақындары, Махамбат Өтемісұлы мұралары, сал-серілер шығармашылығы,
кітаби ақындар туындылары, ғасырдың көрнекті тұлғалары – Шоқан, Абай,
Ыбырай шығармашылығының осы Иассауитанудағы әдеби зерттеулердің өзегіне
айналдырған жөн.
1990 жылдан кейінгі кезеңдегі, яғни жаңару үдерісі тоқтаусыз жүріп
жатқан қазіргі тәуелсіз әдебиетіміздегі сопылық таным іздері ғасырлар бойғы
әдеби үдерістердің, көркем ойлау тәжірибесінің, ұлттық ой-сана
ерекшелігінің жемісі болып табылады.
Иассауи ілімі туралы зерттеулердегі ең маңызды мәселе – уақыт пен
кеңісітік мәселесі. Иассауи ілімінің өрісі кең. Ол ғасырлар бойы көптеген
аймақтарда таралып, осы кезге дейін сақталып келген дәстүр. Әр түрлі
саладағы маман зерттеушілердің ұзақ мерзімді және мұқият жасаған зерттеу
жұмыстары арқылы тақырыпты аша түсуге болады. Бұл үшін маман
зерттеушілердің ғылымиь ортасы мен дереккөздері болуы жеткілікті. Уақыт пен
кеңістік ауқымдылығы кедергісін жоюдың тағы бір жолы - әр түрлі
университеттері мен ғылыми зерттеу орталықтарындағы осы бағытта зерттеу
жұмыстарын жүргізетін ғалымдардың сұхбаттасуы және мәліметтер алмасуы
болмақ.
Иассауи мәдениеті зерттеулері тұрғысынан маңызды болып саналатын екінші
бір сала – мәселенің діни жағы. Иассауияның түрік халықтары арасында
құрылған бірінші тариқат болуы себепті оның осы түрік халықтарына ықпалын
анықтау үшін тақырыптың діни тармағына зерттеулер жүргізілуі керек. Мысалы,
иассауи жолындағы түріктердің ислам дінін қабылдануында сенім негіздері,
жүйелері, ритуалдары, текке мәдениеті (дастарқан құрбан) жағынан қандай
ұқсастықтар мен айырмашылықтар бар? Уақыт өте келе олар қандай өзгерістерге
ұшыраған? Басқа тариқаттарға қандай әсері бар? Осыладың бәрі зерттелуі
қажет. Бұл жерде тақырыпқа тереңде үшін сопылық ағым мен Иассауи ілімінің
сопылықтағы орны жайлы жалпылама кейбір мағлұматтар берілуі тиіс.
Сопылық ағымы зуһд (дегдарлық) және тақуа түсінігінен туып, кейінірек
өзіндік дүниетанымға ие болып, мистикалық пәлсапа ретінде қалыптасқан. Бұл
ағым әдепкіде пайғамбарымыздың өмірін үлгі ретінде ұстанған, дүние ісінен
қол үзіп, тек қана ғибадат етумен айналысу түрінде мазмұндалатын сипатта
болды. Бұл ағымның негізін салушылар – дінге берілген, жалғыздыққа жаны
жақын, күндіз-түні құлшылық етеін сопылар еді. Осы сала мамандарының бірі
Р.А.Никольсон ҮІІІ ғасырдағы діни дәстүрге тән сарындардың Алладан қорқу,
тозақтан қорқу, өлімнен қорқу және күнәдән қорқу секілді ұғымдардан
тұратынын келтіруінен байқалатындай зуһдтер мен тақуалар дүниетанымына сай
мұндай сарындар сопылық ағымының негізін салушыларға тиесілі еді. Бұлар
кейінірек өздерін халықтан ерекшелеп тұратын суф (жүн киім) кие бастады.
Және “сопы” атына ие болды. Сопылық ағымның мистикалық тойтарыс ретінде
пайда болуына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қожа Ахмет Йассауи өмірі туралы
Қожа Ахмет Йассауидың бүгінгі ұрпаққа жеткен көлемді шығармасы - Диуани хикмет
Қожа Ахмет Йасауи поэзиясының түркі әдебиетіндегі орны мен маңызы
Қожа Ахмет Иассауи туралы
Ислам дінінен хабары бар жанға Хикмет тілі өте жеңіл
Қожа Ахмет Йассауи ислам дінін дәріптеуші
Қожа Ахмет Иассауи поэзиясы
Қожа Ахмет Ясауидің арғы тегі қожалар әулеті
Ахмет Иассауи
Қожа Ахмет Яссауидің Диуани хикметі және оның аудармалық ерекшелігі жөнінде
Пәндер