Монополиялық бәсеке нарығы



КIРIСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

I МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5

1.1 Монополия табиғаты мен түралерi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.2 Монополиялық бәсеке және оның басқа рыноктардан ерекшелiгi .10

II МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС.ӘРЕКЕТI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1 Қысқа мерзiм кезеңiндегi фирма iс.әрекетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Фирманың монополиялық бәсеке кезiндегi ұзақ мерзiмдi
iс.әрекетi ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..15

III ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18

3.1 Елiмiздiң экономикасындағы монополиялық бәсекенiң маңыздылығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
3.2 Отандық өнеркәсiп салаларындағы жеңiл өнеркәсiп саласының жағдайы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...20

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .25
1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
3. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
4. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
6. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
7. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
8. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. – 328 с.
9. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
10. Қошқарбаев Қ. “Алматы қаласындағы тоқыма-тiгiн өнеркәсiбiнiң даму беталысы және бағдарлары” // Қаржы-Қаражат. – №2. 2004 ж.
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2003г.
1. Н.Ә. Назарбаев. Қазақстан – 2030. Қазақстан халқына жолдауы.
2. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Учебник для вузов. – СПб:. “Питер”, 1999. – 464с.
3. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
4. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
5. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 420 бет.
6. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
7. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
8. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. – 328 с.
9. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж.
10. Қошқарбаев Қ. “Алматы қаласындағы тоқыма-тiгiн өнеркәсiбiнiң даму беталысы және бағдарлары” // Қаржы-Қаражат. – №2. 2004 ж.
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2003г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТI

Экономика және бизнес факультетi

Макро-микра кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС

МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ

Орындаған:
2 курс студентi
( қолы )
Ғылыми жетекшi:
э.ғ.к ., доцент Дуламбаева Р.Т.

( қолы, күнi )

Алматы, 2004

ЖОСПАР

КIРIСПЕ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 3

I МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... 5

1. Монополия табиғаты мен түралерi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2. Монополиялық бәсеке және оның басқа рыноктардан ерекшелiгi .10

II МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-
ӘРЕКЕТI ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13

2.1 Қысқа мерзiм кезеңiндегi фирма iс-әрекетi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
2.2 Фирманың монополиялық бәсеке кезiндегi ұзақ мерзiмдi
iс-әрекетi
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ...15

III ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ..18

3.1 Елiмiздiң экономикасындағы монополиялық бәсекенiң маңыздылығы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ..18
3.2 Отандық өнеркәсiп салаларындағы жеңiл өнеркәсiп саласының жағдайы
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... 20

ҚОРЫТЫНДЫ
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... .23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..25

КIРIСПЕ

Рынок құрылымы бәрiмiзге белгiлi, ол өте күрделi механизм болып
табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы рынок құрылымына
байланысты.
Елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар
пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет
ету механизмi күрделене түстi. Рынок құрылымы негiзiнен келесi түрлерден
тұрады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Бұлай рынок құрылымдарының жiктелуi фирмалардың нарықтағы санына,
олардың рынокқа кiрiп-шығу жеңiлдiгiне немесе рыноктың қазiргi жағдайы
туралы ақпараттың толықтығына байланысты.
Мұндағы жетiлген бәсекелi рынок рыноктың толық қанды қызмет етiп, өзiн-
өзi отыруын көрсетедi, ал монополиялы рынок бұл кейбiр салалардың рынок
жетiлген бәсекелес жүйесiнiң қызмет ете алмауынабайланысты немесе т.б.
тәсiлдермен рыноктағы жағдайға әсер тет алатын жалғыз фирманың болуы
айтылады. Бұл екi рынок бiр-бiрiне қарама-қайшы рынок ретiнде танылады және
бұл рыноктар шын өмiрде таза түрiнде сирек кездеседi.
Ал рынок құрылымының күнделiктi өмiрде жиi кездесетiн түрi бұл
монополиялық бәсеке рыногы. Бұл рыноктың ерекшелiгi жетiлген бәсеке рыногы
мен монополияға тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келедi.
Мысалы, монополиялық бәсеке рыногы жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде,
яғни күнделiктi тұтынатын қарапайым сүт өнiмдерiн алатын болсақ, олардың
сапасының, орамының, пайдалылығының және олар туралы жарнама көлемiнiң де
әр түрлi болатынын бiлемiз. Айта кетсек елiмiзде сүт өнiмдерiн шығаратын
көптеген фирмалар бар, бiрақ солардың iшiндебiзге белгiлерi және халық көп
тұтынатыны бүгiнгi таңда “Фуд Мастер”, “Айналайын” компанияларының өнiмдерi
болып отыр. Яғни, осы компаниялар өзiнiң тауарының ерекшелiктерiне
байланысты олар рынокта монополиялық рынок сияқты азда болса билiкке ие
болып, бағаның өзгеруiне әсер ете алады.
Сонымен, монополиялық бәсеке нарығы дегенiмiз – нарықты көп фирмалар
әрекет ететiн, фирма өз тәуекелiмен қызмет етiп және баға саясатын өзi
анықтайтын рынокты айтамыз. Бұл рыноктың қызмет етуi өзiнiң бойына жетiлген
бәсекелi және монополиялы рыноктың қасиеттерiн сiңiре бiледi, сондай-ақ
өзiндiк ерекшелiктерi де бар.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi , шын өмiрде жиi кездесетiн монополиялық
бәсеке нарығын басқа рыноктармен салыстыру және бұл рыноктағы фирмалардың
қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетiн талдау болып табылады.
Сондықтан, мен микроэкономика пәнiнен курстық жұмысымның тақырыбын
“Монополиялық бәсеке нарығы” деп алдым.

I МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК

1.1 Монополия табиғаты мен түрлерi

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне,
тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың қолда болуына
тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы
мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне
байланысты 2, 268 бет .
Рынок құрылымының негiзгi түрлерiне келесiлер жатады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны
бiсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет
көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.

Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар
орындалатын нарық:

Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi
бiртектi болып келетiн;

1. Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан,
оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал
етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
2. Баға, техология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
3. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол бағаны
сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi өндiрiлген
өнiмнiң кез келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың сұраныс
қисығы горизонталь болып келедi. 1, 279 бет .
Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға
көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p * Q
(1)
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады.
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi.
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық –
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды
өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол
монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз 3, 317 бет .
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды
жатқыссақ болады:
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн
ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен
авторлық құқықтар жатады 4, 5 бет .
Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsft” деген компьюерлiк
бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика
мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан
мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап
отырады.
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы
соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте
қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен
болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды.
Монополист фирманың сұранысы ылдилы көлбеулiк болып келедi. Монополия үшiн
монополист тауарының сұраныс қисығы “D” нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес
келедi. Әдетте табиғи монополистер болып тұрғын халықты коммуалды қызметпен
қамтамасыз ететiн фирмалар жатады. Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен
қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала тұрғындарының жылуға деген сұранысын
қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi
арқылы монополсит болып, халықты жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа
бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi
керек, сонымен қатар бiрнеше фирма болса, олардың жалпы орташа шығындары
өсу бағытын алады. Сондыұтан мұндай салаларда жалғыз фирманың қызмет еткенi
тиiмдi.
3. Жеке өндiрушiге мемлекет тарапынан ерекше құқық беру. Бұл көп
жағдайда қару-жарақ шығару, елiмiз үшiн маңызды стратегиялық өнiмдер шығару
бұл бiр ғана мемлкеттiк немесе жеке фирмада шығарылады. Егер де шығарылған
өнiм инновациялы болып, осы елде алғаш ретшығарылса, оған мемлкет патент
және авторлық құқық бередi. Бұл шара сол фирманың өз өнiмдерiн шығарып,
оның бәсеке қабiлетiн арттыру үшiн қажеттi.
Бәсекелесудiң әдiлетсiз жүргiзiлуi, оның негiзгi түрi–демпинг–
бәсекелесiн ығыстыру мақсатында өнiмдi өзiдiк құнынан төмен бағамен сату.
Iрi фирмалар – мүмкiндiгi мол монополистер. Олардың қаржы мүмкiндiктерi де
жоғары. Сондықтан да тауарларды өздерiне тиiмсiз бағамен ұзақ уақыт сату
арқылы, ұсақ фирмаларды нарықтан ығыстырады. Бұл дегенiмiз рынокты
экономикада кәсiпкерлiктiң дамуына керi әсерiн тигiзедi, сондықтан мемлекет
тарапынан бәсекенi әдiлетсiз жүргiзу қадағаланады
5, 305 бет .

2. Монополиялық бәсеке және оның басқа рыноктардан ерекшелiгi

Рынок құрылымындағы жетiлген бәсеке мен таза монополия нарықтың
қызмет етуiнiң қарама-қарсы түрлерi болса, ал ендiгi бiр рынок құрылымы
монополиялық бәсеке нарығы осы екi рыноктың арасындағы рынок болып
табылады, яғни, не толық бәсекелiк емес немесе таза монополиялы рынок емес.
Нарықтың осы құрылымы нақты өмiрде жиi кездеседi. Мысалы, аяқ киiм
нарығы, жеңiл және тамақ өнеркәсiбi, жиһаз жасау, кино және көркем әдебиет
нарығында көрiнiс табады.
Сонымен, сатушылар өз тауарының бағасына әсер ететiн, бiрақ басқа
сатушылардың әрекетiн есепке алмайтын, нарыққа кiрiп шыға еркiн, ал сатып
алушылар тауар бағасын берiлген деп есептейтiн нарықтық жүйенi монополиялық
бәсеке деп атайды 1, 175 бет .
Бұл нарықта өндiрушiлер бәсекеге төтеп беру үшiн жарнама және қосымша
шығындарға кезiгедi. Яғни, өз тауарына сұранысты көбейту үшiн шығарған
өнiмдерiне ерекше қасиеттер енгiзуге тырысады.
Монополиялық бәсеке қалыптасуы үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап,
олардың өзара келiсiм жасауға мүмкiншiлiгi болмауы керек. Осындай
монополист бәсеке жағдайында әр фирма өз тәуекелдiлiгiмен әрекет жасайды
және баға саясатын өзi анықтайды. Бұл рынок жағдайында басқа фирмалардың iс-
әрекетiн болжау мүмкiн емес, өйткенi әрбiр фирманың өнiмi сараланған.
Аларманның ұнатымына қарай монополистiк бәсеке жеңiл және тамақ
өнеркәсiбiнде дамыған.
Мұндағы тауарлар түрлерi көп, сапасы әр қалай, қызмет көрсету деңгейi
әр түрлi. Демек тауарлардың саралануы баға факторына негiзделген. Ал
монополиялық бәсеке рыногында бейбағалық факторларға келесiлердi жатқызуға
болады:
• тауардың орамы;
• жарнаманың әсерi;
• қызмет көрсетудiң көп түрлiлiгi;
• жөндеуге кепiлдiк беру және жөндеу мерзiмiне қарай 2,
Монополистiк бәсеке жағдайында рынокқа ену кедергiлерi онша үлкен емес,
бiрақ баршылық. Оларға:
• лицензия;
• патент;
• фирма және кәсiпорын белгiлерi;
• сауда белгiсi.
Монополиялық бәсеке рыногы қызмет етуi үшiн төмендегiдей
ерекшелiктерiмен сипатталады:
1) Нарықта тауарды сатушылар мен сатып алушылар саны өте көп.
Тауарды өндiруде немесе сатуда көбiнесе ұсақ фирмалар жұмыс
iстейдi;
2) Өнiмдердiң дифференциясы. Әрбiр фирма өз өнiмдерiнiң
бәсекелестерiнен азда болса ерекше қасиеттерiнiң болуына
ұмтылады, бұл тауарлар бiр-бiрiн ауыстыра алады;
3) Еркiн рынокқа кiрiп-шығу. Яғни, монополиялық бәсеке рыногына
кiруге тосқауыл оншалықты көп емес және бұл саладан шығып кету
де оңай. Мысалы, ұлттық киiмдер тiгетiн шағын фирма ашуға көп
қаражат қажет емес, сондықтан мұндай кәсiпкерлiкпен кез келген
фирма айналысуы мүмкiн 3, 374 .
4) Нарықтағы өнiм көлемi, баға және басқа да жағдайлар түралы
деректер белгiлi болуы керек.
Ендi монополиялық бәсекенiң басқа да рынок құрылымындарынан
айырмашылығы және ұқсастығына тоқталып өтсек:
1) Монополиялық бәсеке рыногының монополиялы рынокпен
ұқсастығы жеке фирманың өз тауарына өзгерту енгiзе алуы
мүмкiндiгi. Ал айрмашылығы рынокта көптеген ұсақ
фирмалардың қызмет етуi және ол фирмалардың тауары бiрiн-
бiрi алмастыра алуы;
2) Монополиялық бәсеке рыногыны жетiлген бәсекелi рынокқа
ұқсастығы әрбiр тауар көптеген фирмаларда өндiрiледi және
рынокқа кiрiп-шығу еркiн болады, ал айырмашылығы олар
өнiмнiң өзiндiк ерекшелiгiнiң болуы себебiнен бағаға әсер
етет алады және сұраныс қисығы жетiлген бәсекелi
рыноктағыдай абсалюттi икемдi емес, қайта монополиялы
рыноктағыдай ылдилы болып келедi. Оны келесi суреттен көре
аламыз 3, 320 бет .

Баға Баға

Сұраныс
Сұраныс

Өнiм көлемi
Өнiм көлемi

Сурет- 1 – (а) – Жетiлген бәсекелi рыноктағы фирма тауарына сұраныс қисығы,
(ә) – Бәсекелiк монополия тауарына сұраныс қисығы

II МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-
ӘРЕКЕТI

2.1 Қысқа мерзiм кезеңiндегi фирма iс-әрекетi

Монополистiк бәсеке нарығында рынокқа кiрiс ашық болғандықтан кезең
ұзақтығының мәнi зор болып табылады. Сондықтан, фирмалардың монополиялық
бәсеке рыногындағы iс-әрекетiн зертеу үшiн оларды қысқа және ұзақ мерзiмде
жеке-жеке қарастыруымыз керек.
Монополиялық бәсеке нарығында тауарлардың өзiндiк ерекшелiгiнiң
болуы, фирманың сұраныс қисығы монополиялы рыноққа ұқсас ылдилы болып
келетiндiгiн жоғарыда атап өткенбiз. Яғни, бұл рынокта пайданы барынша
максималдау және өндiрiстiң тиiмдiлiгiн арттыру үшiн монополиялы
рыоктағыдай шектi түсiм шектi шығындарға тең болғанға сәйкестендiрiп өнiм
мөлшерiн шығарады. Бұл шарт төмендегi формуламен көрсетiледi:
MC = MR (2)
Мұндағы, MC – шектi шығын;
MR – шектi түсiм.
Қысқа мерзiмдi кезеңдегi монополиялық бәсекелес фирманың жұмысын
талдаған кезде екi жағдай орын алады, ол монополиялы бәсекелес фирманың
өнiм көлемiн шығаруда максималды пайда табу және фирманың шығынын төмендету
жағдайлары 3, 375 бет .
Бiрiншi жағдайда фирманың шектi шығындары мен шектi түсiмiнiң теңесуi
және сұраныстың жалпы орташы шығындардан жоғары болуы, соған орай тауар
бағасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-ӘРЕКЕТI
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Баға бәсекесі
Бәсекенің түрлері
Бәсеке және монополия
Мемлекет тарапынан монополияны реттеу бағыттары
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Монополистік бәсеке түсінігі
Жетілген бәсеке нарығы мен монополиялық бәсеке нарығына теориялық талдау жасау
Монополия. Қазақстан Республикасындағы монополиялық реттеу
Пәндер