Коммерциялық банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері



КІРІСПЕ
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛІК ҚЫЗМЕТІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Несиенің экономикалық мәні және негізгі қағидалары
Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
Несиенің экономикадағы ролі мен оны қолдану шектері
ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстанның коммерциялық банктерінің қызметін талдау
Коммерциялық банктердің несиелеу қызметі және оның экономика дамуына ықпалы
Жоғары оқу орындарының студенттерін несиелеу және оның ерекшеліктері
КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ НЕСИЕЛЕУ ҚЫЗМЕТІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ БОЛАШАҒЫ
Қазақстандық коммерциялық банктердің несиелеу мәселелері, шешу жолдары
Қазақстан Республикасының ақша.несие саясатын жетілдіру бағыттары
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
ҚОСЫМШАЛАР
Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс кезеңінде елдегі өндірістік және инвестициялық белсенділікті қолдау мен ынталандыруда мемлекеттік ресурстардың атқаратын ролі артып келеді. Бұл жағдайларда негізгі қызметінің бағыты өңдеуші өнеркәсіп салаларына және инфрақұрылымға инвестициялық несие беру, жеке капиталды экономиканың шикізаттық емес басым секторларына тарту болып табылатын, Қазақстанның банктары ерекше маңыздылықты иеленеді.
2008 жыл банктер үшін оңай жыл болмады. Сонымен бірге, 2007 жылдың аяғындағы бірінші дағдарыс толқыны барысында алынған тәжірибе, біздің аса ауқымды қиындықтарға дайындалуымызға мүмкіндік берді. Біз биылғы жылы тәуекелдерді басқару жүйесін қайта құрып, инвестициялық саясатты дәлдеп түзетіп, және ең бастысы, қор дайындықтарын жасап, «турбуленттілік аймағына» кірдік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің «Қазақстан–2030» атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
1. Ақша. Несие. Банктер. // Жалпы редак.басқарған Сейтқасымов Ғ.С. – Алматы, 2005
2. Көшенова Б.А. Ақша. Несие. Банктер. Валюта қатынастары. – Алматы, 2002
3. Мақыш С.Б. Ақша айналысы және несие. – Алматы, 2004
4. Лаврушин О.И. Банковское дело. – М., 2004
5. Баймырзаұлы А. Клиенттердің несиелік қабілеттілігін талдау мен бағалаудың шетелдік тәжірибесі. //Қаржы және талдау - 2008, №2
6. Мамыров.М.К. Экономика. – Алматы, 2004
7. Алдабергенова А. Ипотекалық несиелеудің қағидалары. – Алматы, 2005
8. Нүсіпбаева А. Экономика негіздері мектепте, колледжде және ЖОО-да оқыту. -2008. – №3
9. Омарбаева А.К. Коммерциялық банктердің қорлануы және несиелік операциялардың жетілдірілуі// ҚазЭУ хабаршысы. – 2008. - №3
10. Материалы науч.-теорет.конф.студ. и молодых ученых фак.экон. и бизнеса, проведенной в рамках 58-й науч.конф.студ. и молодых ученых КазНУ им. аль-Фараби/Под общ.ред.:Елемесова Р.Е., Джумамбаева С.К. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2004.- 1 бөлім
11. Мақыш С.Б. Коммерциялық банктер операциялары. – Алматы, 2004
12. Мақыш С.Б. Банк ісі. – Алматы, 2007
13. Шеремет А.Д., Сайфулин Р.С., Негашев Е.В. Методика финансового анализа предприятия. – М., 1998
14. Карпов М.В. Правовые вопросы определения кредитоспособности заемщика // Деньги и кредит, 2000 - №11
15. Неволина Е.В. Об оценке кредитоспособности заемщиков // Деньги и кредит, 2002 - №10
16. Панова Г.С. Кредитная политика коммерческого банка. – М., 2007
17. Долан Э.Дж. Деньги, банковское дело и денежно-кредитная политика. – М., 1993
18. Ширинская Е.Б. Операции коммерческих банков и зарубежный опыт. – М., 1998
19. Банковское дело /Под ред. Г.С.Сейткасымова. – Алматы, 1998
20. Ольшаный А.И. Операции коммерческих банков – М., 2005
21. Усоскин В.М. Современный коммерческий банк: управление и операции. – М., 2007
22. Основы банковского менеджмента. / Под ред. О.И. Лаврушина. – М., 1999
23. Нұртазинова А.С. Коммерциялық банктердің несиелік саясаты // ҚазЭУ хабаршысы. – 2008, №2
24. Мыржақыпова С. Қайтарылмаған несиеге қарыз алушы мен банктер бірдей жауапты болуы тиіс. // Айқын - 2010, №5
25. Ломтадзе М. Несие беру талаптары емес, клиенттерді талдау және таңдау күшейді. // Евразия.kz – 2008, №35
26. Айтмұханова А. Несиемен де оқуға болады. // Айқын – 2010, №3
27. Мақыш С.Б., Туенбаева Ж.О. Шетел тәжірибесі: қарыз алушының несиелік қабілетін бағалау. // Вестник КазНУ. Серия экономическая - 2004, №4
28. Қазақстан Ұлттық Банкінің статистикалық мәліметтері 2003-2008 жж.
29. Жақанов Ж. Даму жалғасатын болады, соның ішінде дағдарыс арқылы да // www.kdb.kz - 12.01.2009
30. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Халқына Жолдауы. – 2008

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
1 Коммерциялық банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері 6
1.1 Несиенің экономикалық мәні және негізгі қағидалары 6
1.2 Коммерциялық банктердің несиелік операциялары 12
1.3 Несиенің экономикадағы ролі мен оны қолдану шектері 17
2 ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ТҰРАҚСЫЗДЫҒЫ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ КОММЕРЦИЯЛЫҚ 22
БАНКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІ
2.1 Қаржылық дағдарыс жағдайында Қазақстанның коммерциялық 22
банктерінің қызметін талдау
2.2 Коммерциялық банктердің несиелеу қызметі және оның экономика 28
дамуына ықпалы
2.3 Жоғары оқу орындарының студенттерін несиелеу және оның 32
ерекшеліктері
3 Коммерциялық банктердің несиелеу қызметін жетілдіру жолдары және37
болашағы
3.1 Қазақстандық коммерциялық банктердің несиелеу мәселелері, шешу 37
жолдары
3.2 Қазақстан Республикасының ақша-несие саясатын жетілдіру 44
бағыттары
Қорытынды 52
Пайдаланған әдебиеттер ТІЗІМІ 54
Қосымшалар



КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Әлемдік қаржылық және экономикалық дағдарыс
кезеңінде елдегі өндірістік және инвестициялық белсенділікті қолдау мен
ынталандыруда мемлекеттік ресурстардың атқаратын ролі артып келеді. Бұл
жағдайларда негізгі қызметінің бағыты өңдеуші өнеркәсіп салаларына және
инфрақұрылымға инвестициялық несие беру, жеке капиталды экономиканың
шикізаттық емес басым секторларына тарту болып табылатын, Қазақстанның
банктары ерекше маңыздылықты иеленеді.
2008 жыл банктер үшін оңай жыл болмады. Сонымен бірге, 2007 жылдың
аяғындағы бірінші дағдарыс толқыны барысында алынған тәжірибе, біздің аса
ауқымды қиындықтарға дайындалуымызға мүмкіндік берді. Біз биылғы жылы
тәуекелдерді басқару жүйесін қайта құрып, инвестициялық саясатты дәлдеп
түзетіп, және ең бастысы, қор дайындықтарын жасап, турбуленттілік
аймағына кірдік.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев өзінің
Қазақстан–2030 атты халыққа жолдауында үшінші ұзақ мерзімді басымдық
ретінде шетел инвестицияларының деңгейі жоғары, дамыған нарықтық
экономикаға негізделген экономикалық өсуді көрсетеді. Бұл басымдықты жүзеге
асыру үшін инфляцияны қолайлы деңгейге түсіре отырып, стратегиялық күшті
ілгерілуге бағытталу көрсетіледі. Бұл орайда, таяудағы жылдарда біз
назарымызды экономиканың нақты секторына, оны сауықтыруға, фискальды және
монетарлық қатаң шектеулер жағдайындағы өсу мен күшті әлеуметтік саясатқа
аударамыз деп көрсетілген.
Қазақстанның алдыңғы қатарлы коммерциялық банктері өзінің табыс базасын
кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін
өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге
ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы
клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін
көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды
білдіреді.
Коммерциялық банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы
әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген
клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін
облигациялар немесе акциялар жұмсағанға  қарағанда, мұндай ақшаны сақтау
формасы тиімді болып табылады.
Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен
ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты
өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере
алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын
жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін
көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді
ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және
бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-
айырысулар, элемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы
жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді
атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық
операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-
анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада:
шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік
қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға,
    жеке    тұлғаларға     банктік   қызмет    көрсету  сапасын жақсартуға,
банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге
жағдай жасау.
Коммерциялық банктердің несиелеу қызметі ғылыми негізіне тереңнен қалам
тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың
еңбектері кеңінен қолданылды. Атап айтқанда, Д. Кейнс, Р. Кэмпбелл, К.
Кондратьев, А.В. Чаянов, Й. Шумпетер, П.С. Роуз, М.А. Гольцберг, Дж. Р.
Брик, Э.Дж. Долан. Сонымен қатар, жұмыста Ресей мен Қазақстанның іргелі
зерттеушілерінің еңбектері, оның ішінде Е.Ф., Жуков, Л.Н. Красавина, О.И.
Лаврушин, О.Б. Баймұратов, Г.Т. Қалиева, Қ.Қ. Ілиясов, Н.Қ. Мамыров,
Ғ.С. Сейітқасымов, М.С. Саниев, Н.Н. Хамитов, С.Мақыш сияқты ғалымдардың
және көптеген басқа да отандық экономистердің еңбектері кеңінен
пайдаланылды.
Дегенмен, аталған еңбектерде несиелеудің әдістері мен тәсілдері бүгінгі
күннің талабына сай жан-жақты қарастырылған деп айту мүмкін емес. Жалпы
несиелеу үдерісінде көптеген мәселелер көтеріліп жатқанымен, несиелеу
мәселелері әлі де болса ғылыми тұрғыда терең негіздеуді талап етеді.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған
терең үңіліп,барлық тақырыпшаларға жеке – жеке  тоқталып, ашатындай етіп,
кешенді түрде қарастыру қажет.
Жұмыстың басты мақсаты - Қазақстандағы коммерциялық банктің несиелеу
қызметін талдау және дағдарыс жағдайында мәселелерін анықтап, даму
болашағын ашу болып табылады.
Аталған мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді орындау шарт:
– несиенің экономикалық мәні мен қағидаларын анықтау;
– банктердің несиелік операцияларын қарастыру;
– экономиканың дамуындағы несиенің алатын рөлін көрсету және оның
мазмұнын ашу;
– экономикалық дағдарыстың коммерциялық банктердің қызметіне әсерін
зерттеу;
– коммерциялық банктердің несиелеу қызметін талдау және оның экономика
дамуына ықпалын көрсету;
– жоғарғы оқу орындарының студенттеріне несие беру мүмкіндіктері мен
ерекшеліктеріне баға беру;
– қазіргі кезеңдегі коммерциялық банктердің несиелеу мәселелеріне
қарастырып, шешу жолдарын анықтау;
– Қазақстандағы ақша-несие саясатының жетілдіру бағыттары бойынша
ұсыныстар мен тұжырымдар жасау.
Диплом жұмысының пәні – қазіргі қаржылық дағдарыс жағдайында
коммерциялық банктердің несиелік қызметін жетілдіруін талдау.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан,
қолданылған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады. Бірінші тарауда
коммерциялық банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері
қаралса,екінші тарауда ұлттық экономиканың тұрақсыздығы жағдайындағы
коммерциялық банктердің қызметі, ал үшінші тарауда коммерциялық банктердің
несиелеу қызметін жетілдіру мәселелері зерттелген.
Диплом жұмысының ақпараттық базасын Қазақстан Республикасының заңдық
актілері, отандық және шетелдік ғалымдардың экономика, құқық және білім
беру саласындағы әдебиеттері, Қазақстанда және шетелдерде жарыққа шығатын
газеттер мен журналдар құрады.

1 Коммерциялық банктердің несиелік қызметінің теориялық негіздері

1.1 Несиенің экономикалық мәні және негізгі қағидалары
Несиенің қазіргі тұжырымын теориялық тұрғыдан қарастырудан бұрын,
жоспарлы экономика және қайта құру тұсында қызмет еткен несиенің нарықтық
экономикаға қызмет ету байланыстарын ескеру қажет [1, 20 б.].
Несие – ақша сияқты тарихи экономикалық категория болып табылады.
“Несие” деген сөз, “қарыз”, “kredo” – сенемін деген мағынаны беретін
латынша “kreditum” деген сөзден шығады. Ол экономикалық категория ретінде
әр түрлі экономикалық қоғамдарда қызмет етеді. Ол тауар өндірісінің пайда
болған кезінен бастап қарапайым формаларында: бай және кедей қоғамдарда
көрінеді. Несие қатынастары ақша қатынастары сияқты үнемі даму үстінде.
Алғашқы несие табиғи түрде (астық, мал, еңек құралдары және т.б.) қоғамның
дәулетті топтарынан мүліксіз шаруалар мен кәсіпкерлерге тұтыну мұқтаждығы
мен қарыздарды өтеу үшін ұсынылған. Тауар-ақша қатынастарының дамуымен
несие ақша түріне көшті [1, 22 б.].
Несиенің мүмкіндігін шындыққа айналдыру үшін белгілі бір талаптар бар.
Біріншіден, несие келісімінің қатысушылары – несие беруші мен қарызға алушы
– экономикалық байланыстардан туындайтын міндеттемелердің орындалуын өз
мойнына алуға материалдық жағынан кепілдік беретін дербес заңды субъектілер
болуы керек. Екіншіден, егер несие беруші мен несие алушы мүдделері бір
жерден шықса, онда бұл жағдайға несие өте қажет болады. Несие келісімін
жүзеге асыру үшін оның қатысушылары міндетті түрде несиеге өзара
қызығушылық танытулары керек. Ф.Энгельс: “Әрбір қоғамның экономикалық
мүддесі, ең алдымен мүдде ретінде алға шығуы керек” деп жазды [2, 15 б.].
Несие беруші мен қарызға алушының арасында мүдделік бірдей болған кезде,
бір жағынан, несиеге ақшалай қаражатты ұсынуда, екінші жағынан – оны алуда
несиелік қарым-қатынастар туындайды [2, 17 б.].
Жоғарыдағы айтылғандарды негізге ала отырып, қазіргі несиелеу
талаптарына сай келетін, нарықтық қатынастарға толық жауап беретін, қазіргі
несие тұжырымын жасауға болады.
Несие – бұл пайыз төлеу және қайтару шартында уақытша пайдалануға
(қарызға) берілетін ссудалық капитал қозғалысы.
Несие ақшалай капиталдың ссудалық капиталға өтуін қамтамасыз ете отырып,
несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы несиелік қатынасты
бейнелейді. Несиенің көмегімен заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос
қаражаттары мен табыстары экономикалық жүйе төңірегінде жинақтала отырып,
уақытша және ақылы негізде пайдалануға берілетін ссудалық капиталға
айналады.
Несиенің мәнін анықтаған кезде бірқатар әдістемелік қағидаларды ұстану
керек, несиелердің барша түрі формалардан тәуелсіз оның мәнін көрсетуі
керек:
- несие келісімі тұтасымен алғанда несиенің мәнін ашуы керек. Егер бір
келісімде несие қайтарылмаса, онда бұл өзінің қайтарылатын қасиетін
жоғалтатынын білдіреді;
- несиенің мәнін талдауда несиенің құрылымын, қозғалыс сатыларын,
несиенің негізін қарастырған жөн.
Несиеде өзгермейтін, тұрақты болып қалатын жәйт – құрылым. Өзге
экономикалық категориялар сияқты несие де бір бірімен өзара әрекетке
түсетін бірнеше элементтен тұрады. Ондай элементтерге ең алдымен несиелік
қатынастың барлық субъектілері,яғни несие беруші мен несие алушылар жатады.
Оларды бөлуге және бөлек қарастыруға болмайды. Оларды бірге қарастырған
жағдайда ғана несиенің мәнін анықтауға болады [2, 13 б.].
Несие беруші – несиелік келісімнің қарыз ұсынатын жағы. Мұны іске асыру
үшін онда ақшалай қаражаттың белгілі бір қоры болуы керек. Ол ақша өзінікі
болуы немесе басқа біреуден қарызға алған болуы да мүмкін.
Қазіргі уақытта қарызға ақша ұсынатын негізгі несие беруші - банк болып
табылады. Ол кәсіпорындардың, ұйымдардың, кеңселер мен халықтың уақытша бос
қаражаттарын шоғырландырып, оларды қарызға алушыға уақытша пайдалану үшін
несие түрінде ұсынады. Бұл ретте банктен алған несиені тек қарызға алушы
ғана емес, сондай-ақ соңғысы да меншік иесіне (кәсіпорынға, халыққа)
тартылған ресурстарды (ақшаларды) қайтаруға міндетті. Бұл арада банк бір
жағдайға несие беруші болса, екінші жағдайда - несие алушы болып көрінеді.
Несие алушы - несиелік қатынастар жағы, несие алып, алған қарызды
қайтаруға міндетті жағы. Қосымша ақшалай қаражатқа уақытша мұқтаждығы
туғандар қарызға ақша алушылар болып табылады. Қазіргі заман талабына сай
несие алушылар –кәсіпорындар, кәсіпкерлер, халық, мемлекеттер мен банктер
болуы мүмкін. Алайда, несие алушы қарызға алынған қаражаттың меншік иесі
болып табылмайды, өндіріс саласында, айналымда оны ол өз қалауымен
қолданады. Бұл жағдайда ол алынған ақшадан гөрі, яғни шаруашылықта ауыспалы
айналым қоры таусылғаннан кейін оны іске асырып, пайдаланғаны үшін өсімақы
төлеп, қарызды артық көлемде төлейді [2, 14 б.].
Несиелік мәміледе несие алушы несие берушіге тәуелді, оған несие беруші
өз талаптарын қояды. Алайда, несие алушы мен несие беруші несие
қатынастарының толық құқықты жақтары болып табылады. Олар міндетті түрде
қатысуы керек. Және бұл жағдайда олар орындарын ауыстыруы мүмкін. Несие
беруші— қарызгер (кәсіпорындар мен халық бос каражаттарын есеп және
депозиттік шоттарға сақтай отырып) болуы мүмкін. Несие беруші мен несие
алушы өзара іс әрекеттерінде қарама-қайшылықтың бірлігі сипатын көрсетеді.
Несиелік мәміленің қатысушылары ретінде олар оның қарама-қарсы жақтарында
тұрады. Олардың мүдделері де бөлек, несие беруші неғұрлым жоғары пайыздық
несие бергісі келсе, несие алушыға мүмкіндігінше арзан несие алып, қосымша
қаржылар табу мүддесі болады.
Несие берушілер мен несие алушылардан басқа несие қатынасы құрылымының
элементі — алыс-берістің объектісі — несиетелген құн болып табылады.

Несиеленген құн ұдайы өндіріс үдерісін жылдамдататын ерекшелікке ие.
Себебі, несие алушының қайсыбір маусымдық жұмыстарды жүргізуге және
болжанбаған шығындарға қажет меншікті қорларын жинақтаудың қажеттігі жоқ.
Сондықтан, бұл қосымша кажеттіліктер несие есебінен қанағаттандырылады.
Осылайша, несиеленген құн өндірістік қорлардың ауыспалы айналымының
үздіксіз болуын қамтамасыз етеді және олардың қозғалысындағы іркілістерді
жояды. Бұл жағдайда бастапқы несиеленген құн ғана емес, сонымен қатар өскен
пайызбен қоса, несиенің қайтарымдылығы қамтамасыз етіледі. Несие өз құнын
осылайша бүкіл қозғалысында: басынан бастап, оның банкке қайтарылуына дейін
сақтайды [2, 23 б.].
Несиенің қарастырылған құрылымы оның біртұтастығын айқындайды. Ол
элементтерінің бірлігін болжайды.
Несиеленген құн қозғалысының сатыларын қарастырсақ, келесідей
көрсетіледі:
Но— Нак— Нп...Рб...Нк... — Бқ,
мұндағы:
Но— несие орналастыру;
Нак- несие алушының несиені алуы;
Нп - несиенің пайдаланылуы;
Р6 - ресурстарды босату;
Нк - несиенің қайтарылуы;
Бқ - банктің аталмыш қарызды қайтаруы.
Несиеленген құнды орналастыру (несиенің ұсынылуы).
Но — несие қозғалысының алғашқы баспалдағы болып табылады. Оған құнның
жиынтықталуы (аккумуляциясы), яғни уақытша бос қаражаттар себепкер болады.
Несие беруші несие алушыға белгіленген мерзімде пайызбен төлейтініне
сенімді болған кезде ғана несие бере алады.
Несие алу (Нак) қарыз алушының уақытша қажеттіліктерін қанағаттандырады,
өйткені несиелік қатынастың басқа тарапы оны белгілі бір уақытқа ғана
береді.
Несиені пайдалану (Нп) қарыз алушының оны өз шаруашылығында пайдаланып,
несие берушіге несиенің қайтарылуын қамтамасыз ету керектігін білдіреді.
Ресурстардың босатылуы (Бр) несие алушының шаруашылығында құнның ауыспалы
айналымның аяқталу актісін, несие алушының уақытша қажеттіліктерін
қанағаттандыру мүддесінде құнның пайдаланылу үдерісін сипаттайды. Несие
қозғалысының бұл сатысы оның келесі кезеңге өтуі үшін материалдық база
болып табылады.
Несиенің қайтарылуы (Нқ) уақытша пайдаланылған құнның несие алушыдан
несие берушіге қайтуын көрсетеді. Несие алушының шаруашылығында белгілі бір
ауыспалы айналымда жүзеге асқан құн өзінің уақытша иесінен кетіп, несие
берушіге өтсді.
Уақытша пайдаланылғаннан кейін (Нп) кұнды несие берушінің алу актісі
несие қозғалысының аяқталу сатысы болып табылады. Уақыт бойынша несиенің
қайтарылуы (Нқ) және несие берушінің алған қаражаты (несиеге бергені) Нақ
сәйкес келуі мүмкін. Аталмыш сатыларды сөз болып отырған сол бір құнның
сомалары біріктіреді: несие алушы қарыздың белгілі бір бөлігін несие
берушіге қайтарады, ал ол дәл осы соманы алады [3, 65 б.].
Осы қарастырылған кезендер несиеленген құнның толық айналымының бір
бөлігі болып саналатын несиенің қозғалысын көруге болады, ол тек несиеге
ғана қатысты емес. Белгілі болып отырғандай, несиелік қатынастар айналым
шеңберінде ғана туындайды, сондықтан несиеге несие берушіден несие алушыға
құнның актісінің ауысуы және керісінше деп қараған жөн [3, 67 б.].
Несиенің мәнін тану үшін оның негізін ашу керек, яғни несиелік
қатынастар туындайтын базаны қарау керек. Несиенің мәнін ашып көрсететін,
несиенің негізін құрайтын негізі (база) неден тұрады? О.И. Лаврушкин ондай
негіз несиенің қайтарылуын есептейді. Ол несие қозғалысының бір сатысы бола
тұрып, бір мезгілде несиеленген құн қозғалысының барлық сатыларын қамтиды.
Несие ақшасын жарату (орналастыру), алу және оны пайдалану — қайтарым
негізінде жүзеге асады. Несиеленген құнның қайтарылу кезеңі оның жалпы
ауыспалы айналымын ғана аяқтайды. Қайтарымдылық - несиелік катынасқа тән
белгіні анықтайтын өзіндік ерекшелікті көрсетеді [4, 76 б.] .
Несиенің қайтарылуы - уақытша пайдаланған несиеленген құнды несие
берушіге қайтару үдерісі. Ол өзінен-өзі туындамайды. Ол құнның ауыспалы
айналымында аяқталатын материалдық үдерістерде негізделеді. Алайда, бұл тек
қайтарымның негізін жасайды. Уақытша пайдалануға алған ақшалай қаражатты
қайтаруға босаған қаражаттар несие алушыға мүмкіндік берген кезде ғана
несиені қайтару басталады. Несиенің қайтарылуы объективті үдеріс болып
табылады, яғни оны мәміленің табиғатын өзгертпей, кейінге қалдыруға
болмайды. Несие беруші мен несие алушы бекіткен келісімшартқа сәйкес ол
занды бекітілген сипат алады. Халық шаруашьшығы деңгейінде несиенің
қайтарылуы тұтас алғанда қайтарудың жиынтығын көрсетеді. Бұл жерде ол
алынған несиенің бір ғана белгісін көрсетпейді, экономикалық категория
сияқты бар несиенің тұтастығын көрсетеді [4, 83 б.].
Несиенің әлеуметтік-экономикалық негізі оның қоғамдық сипатқа тән
екендігінде.
Банкке, несие берушіге несие алушының несиені қайтаруы соңғысына кез
келген сәтте өзіне несие берушілерге (өздерінің уақытша бос қаражаттарын
депозиттік шоттарда сақтаған заңды және жеке тұлғаларға) талап етуі бойынша
мүмкіндік береді. Несиенің кайтарылуы қосарлы қайтарылу сияқты.
Несиенің құрылымын, қозғалыс кезендерін және негізін талдау нәтижесінде
несиенің мәнін толық аныктамасы дей отырыл, былайша айтуға болады: несие
беруші мен несие алушының несиелік құнның төлем мен жеделдікке негізделген
қозғалысынан туатын экономикалық қатынастар — деп [5, 231 б.].
Несиенің тағы да көп анықтамалары бар. Мысалы, несие - бұл несие
капиталының қозғалысы. Несие капиталы - бұл қайтару талабымен пайызбен
төленетін, меншік иелеріне несиеге ұсынылатын ақша капиталы. Ал, капитал -
бұл өз-өзінен өсетін құн. Оның басқа ақшалардан сапалы ерекшелігі сол. Ал,
капитал - өзінен-өзі өсетін кұн, оның ақшадан сапалық айырмашылығы - несие
капиталының өзінен-өзі өсетін құнның бір түрі, ал ақша болса, өзінен-өзі
өсім бере алмайды [6, 53 б.].
Несиеге толық анықтама беруге тырысып көрейік. Несие - кеңейтілген қайта
өндіру мақсатында экономиканың, халықтың бос ақшалай қаражаттарын
жұмылдырып қамтитын несие капиталының қозғалысы себепті экономикалық қарым-
қатынасты көрсетеді [5, 237 б; 6, 55б.].
Несиелік қатынастардың мәні несиенің - қайтару, төлемдік, мерзімдік,
қамтамасыз етілу, мақсатты сипат сияқты маңызды қағидаларымен анықталады.
Бұл қағидалар несиенің алғашқы даму кезеңдерінен бастап қалыптасты, ол
кейіннен занды түрде бекітілді [7, 11 б.].
Несиенің қайтарылу қағидасы - несие алушыньщ несиені пайдаланғаннан
кейін несие берушіге уақытында қайтару қажеттілігімен сипатталады. Ол
банктің несие қорын жаңғыртып отыруды қамтамасыз ететін несиені пайызбен
өтеуде өзінің іс жүзіндегі орнын анықтайды. Бұл несие капиталының
қозғалысына қажетті талап болып табылады. Ол белгілі бір мерзімге берілген
соманың толық қайтарылуын қамтамасыз етеді.
Несиенің төлемділігі - несие алушыға берілген несиенің уақытында
қайтарылуын және одан табыс түсіруге несие беруші де, оның тиімді
пайдаланылуына несие алушы да ынталы болады.
Несиенің жеделдік қағидасы - қарыз алушыға кез келген тиімді уақытта
емес, несие келісімшартында белгіленген уақытта қайтару қажеттін көрсетеді.
Белгіленген мерзімді бұзу — несие беруші үшін несие алушыға өңдіріп
алынатын пайызды көбейтілген түрде несиені пайызбен мерзімінен бұрын
өндіріп алуға саятын экономикалық санкция қолдануға жеткілікті негіз болып
табылады.
Несиенің қамтамасыз етілу қағидасы - несие келісімшартында несие алушы
өз мойнына алған міндеттемелерді бұзуы мүмкін жағдайда несие берушінің
мүліктік мүддесін қорғауды қамтамасыз етудің қажеттілігін көрсетеді. Бұл
қағида жалпы экономикалық тұрақсыздық кезеңінде өзекті мәселе болып
табылады [7, 14 б.] .
Несиенің мақсатты сипаты - несие берушіден алынған қаражаттың мақсатқа
сай пайдалану қажеттілігін білдіреді. Несие келісімшартындағы сәйкес
бөлімде берілетін несиенің нақты мақсаты, сондай-ақ банктің бақылау
үдерісінде бұл талапты несие алушының сақтауы белгіленеді.
Бұл қағидалардың барлығы бір-бірімен өзара байланысты және олардың бір
уақытта қызмет етуі несиенің мәнін анықтайды. Осы қағидалардың біреуі
бұзылса, онда несие қатынасының мәні кетіп, несиенің дербес экономикалық
категория сияқты өзіне тән қасиеттері жоғалады. Қағидатермен қоса несиенің
мәні олардың орындалатын қызметтерінде көрініс табады [7, 20 б.].
Несиенің қызметін айтқанда, әдетте оның мәнінің арнайы көрінісі ұғылады.
Қызмет несиенің мәнімен өзара тығыз байланысты; қызметтің атқаруындағы
қарым-қатынастардың мәнінсіз ол өмір сүре алмайды. Қызметтің несие мәні
сияқты объективті сипаты бар. Әрбір сәттегі өзінің өрістеу барысында несие
барлық қызметінің мәнін емес, бір немесе бірнеше қызметтерімен ғана
көрінеді. Қызмет – қатып қалған емес, өзгеріп тұратын құбылыс [8, 42 б.] .
Несие мәнінің өзгеруімен қатар, оның көрініс танытуды да өзгеріп
отырады. Қызмет бүтіндей үдеріс ретінде өзінің арнайы көрінісін байқатады,
яғни қызмет несиелік қатынасқа бүтіндей қатысты. Несие қызметі оның барлық
формалары мен түрлері өзіндік ерекшелігімен көрініс танытуын сипаттайды.
Несиенің ұдайы өндіріс үдерісінде алатын орны жайлы біркелкі ғалымдардың
пікірлері жоқ. Кейбір ғалымдар оны айналым белгісіне жатқызса, басқалары
бөлу белгісіне жатқызады. В.М. Тарасов несиені ұлттық табысты (несиеден
қарыз алушыға және керісінше) қайта бөлу үдерісіне қатысатындықтан бөлу
категориясына жатқызады. Және де соған қарамастан, несиенің айырбас
қатынастарына тән ерекшеліктері мен мүмкіндіктері бар .
Айырбас фазасында бөлу (өндіріс нәтижелерін бөлу) қатынастарының сәтін
айрықшалап көрсету мүмкін болғандықтан, несиелік қатынастарды да дәл осыған
жатқызуға болады. Сондықтан несие бөлу категориясы бола отырып, айырбас
белгісіне де жатады, немесе екі жақтылық ерекшелікке де ие. Мұның өзі
несиенің қызметіне тән екендігін көрсетеді [8, 45 б.].
Несие туралы теорияда, оның атқаратын қызметінің саны мен мазмұны жайлы
орныққан біркелкі көзқарас жоқ. Біреулер екі (қайта бөлумен айналымның
несиелік құралдарын жасау), басқалар үш түрлі (осы аталған екеуінен бөтен
бақылауды қосады), үшіншілер - төрт (және капиталды шоғырландыру мен
орталықтандыруды бөліп көрсетеді) көзқарастарды атайды. Ал, жекелеген
авторлар несиенің қызметін: айналымдағы шығындарды үнемдеп, экономиканы
ретке келтіру, уақытша бос қаражаттарды жинастыру т.б. деп түсіндіреді [9,
123 б.].
Несиенің бақылау қызметі дегенде: ол - ақша, қаржы сияқты басқа да
категорияларға тән екендігін айтқан дұрыс. Ал, шындығында бақылауды несие
емес, банк жүзеге асырады.
Несие өндірістік қорлар айналымның құралы деп қарасақ, онда оның бұл
қызметі ақшаларға да, бюджетке, пайдаға қаржыға да тән - бұл біріншіден,
екіншіден - несие қорлар айналымдардың құндылық категорияларының мазмұнына
да енеді.
Экономиканы ретке келтіру қызметі жайлы айтатын болсақ, ол несиенің
көмегімен ғана емес, баға, бюджет сияқты құндылық категориялары арқылы да
жүзеге асырылады [9, 125 б.].
Қорларды ынталандыру жайлы да осылай деуге болады [9, 126 б.].
Осыған қарай отырып, жекелеген ғалымдардың несие дербес қызмет атқара
алады дегендерінің негізі жеткіліксіз. Қызмет - қарап отырған экономикалық
категорияның өзгешелік мәнін таныту болып табылады.
Айналымның құралы түріндегі қызметі, бақылаумен ынталандыру, экономиканы
ретке келтіру тек несиеге ғана емес, баға, қаржы, еңбекақы, бюджет, табыс
т.б. құндылық категорияларына да тән [10, 201 б.].
Көптеген пікірлердің орын алып отырғанына қарамастан, несиенің барлық
формалары мен түрлерінде мәнін ашып көрсететін оның үш түрлі қызметін бөліп
көрсеткіміз келеді. Олар — қайта бөлу, нақты ақшаны айналымдағы несие
құралдарымен ауыстыру және капиталды шоғырландыру мен орталықтандыруды
жеделдету [10, 205 б.].

1.2 Коммерциялық банктердің несиелік операциялары
Несиелік операциялардың көптеген түрлерін атап көрсетуге болады. Олар
төмендегі белгілеріне қатысты топтарға бөлінеді: несие алушыға байланысты;
камтамасыз етілу әдісіне қарай; несиелеу мерзіміне қатысты; несиелеу
объектісіне; ашылатын шот түріне; каражаттарды беру тәртібіне; несиені
қайтару тәсіліне; өсімақы есептеу және төлеу тәртібіне; тәуекел дәрежесіне,
т.б. байланысты [11, 33 б.].
Сонымен несиелік операцияларды жіктеудің әрбір бөлігіне тоқталып
кетейік. Несиелеу объектісіне (қолдану бағытына) карай біздің елімізде
несиелерді [11, 34 б.]:
1) мақсатты, яғни өндіріс үдерісін қамтамасыз ету үшін материалды
кұндылыктарды сатып алуға жұмсалатын несиелер, сауда-делдалдык
операцияларды жүзеге асыру үшін алынатын несиелер, кұрылыс пен тұрғын үй
сатып алуга алынған несиелер, айналым кұралдарын кұруға алынған несиелер.
2) нақты мақсаты жок, яғни уақытша қажеттіліктерді қанағаттандыруға
алынған каражаттар деп бөлеміз.
Дамыған елдер мен Ресей тәжірибесі көрсеткендей, нарық қатынастарының
дами түсуіне байланысты несиелік салымдар кұрылымында жаңа несиелеу
объектілсрінің пайда болуымен айтарлыктай өзгерістер енуі мүмкін. Ал, бұл
өз кезеңінде коммерциялық банктердің ұйымдық құрылымына әрі жалпы банк
жүйесіне әсерін тигізеді [11, 37 б.].
Несиелік мәміленің субъектілеріне қатысты несиелер төмендегідей
бөлінеді:
а) несие берушіге байланысты:
- банктік ссудалар, яғни жекелеген банкпен немесе банктік
консорциумдармен, бірлестіктермен берілетін ссудалар. Мұндай ссудаларды
консорциалды несиелер деп те атайды;
- банктік емес несиелік ұйымдардан берілетін ссудалар, яғни ломбардтар,
несиелік кооперативтер, құрылыс қоғамдары, зейнетақы қорлары, т.б. беретін
несиелер;
- жеке ссудалар, яғни мұндай несиелер жеке тұлғаларға беріледі;
- кәсіпорындар мен ұйымдар беретін ссудалар (сауда ұйымдарының халыққа
беретін төлемі, т.с.с)
б) несие алушыға байланысты:
- заңды тұлғаларға берілетін несиелер.
Несиелеу мерзіміне байланысты:
- қысқа мерзімді несиелер (1күн - 1жыл)
- орта мерзімді несиелер (1жыл - 3-5жыл)
- ұзақ мерзімді несиелер (3-5 жылдан жоғары)
Бүгінгі таңда республикамызда экономикалық жағдайдың тұрақсыздығына
байланысты несиелердің мерзіміне қарай жіктелуі шартты сипатта ғана.
Банктер несие берген кезде оларды қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді деп
бөледі. Қысқа мерзімді белгілі бір мерзімге дейін және талап еткенге
дейінгі, яғни бұл несие түрінің нақты қайтару уақыты белгіленбеген және
банк оны қайтаруды кез-келген уақытта талап етуі мүмкін [12, 20 б.].
Қамтамасыз етілуіне байланысты ссудалар банктік (қамтамасыз етілмеген
және қамтамасыз етілген (кепіл,кепілдік, кепілдеме, сақтандыру полистері))
деп бөлінеді. Банктің қамтамасыз етілген несиелерді таңдаудың негізгі
себебі - бұл несие алушының несиені уақытылы және толық мөлшерде өтей алмау
салдарынан шығынға ұшырау тәуекелдігінен өзін сақтап қалу. Кепіл несиенің
өтелуін қамтамасыз етпесе де, тәуекелділік деңгейін төмендетеді.
Өтелу кестесіне карай ссудалар бір жолғы төлеммен өтелетін және төлемі
кейінгіге қалдырылған ссудалар болып жіктелінеді. Бір жолғы төлеммен
төленетін ерекшелігі бойынша қарыздың негізгі және өсімақы сомасы бір-ақ
төлеммен өтеледі.
Ал, төлемі кейінгіге қалдырылған ссудалар төменде көрсетілген әдістермен
өтелінеді:
1) ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет, т.с.с. бірдей төлемдермен
өтелінетін қарыздар;
2) ай сайын, тоқсан сайын, жылына бір рет, т.с.с. бірдей емес
төлемдермен өтелінетін карыз.
Төлемі кейінгіге қалдырылған ссудаларды берген кезде шарттың өз күшін
сактау мерзімі аралығында қарыз сомасы бөлшек-бөлшекпен өтелінеді. Бұл
қарызды өтеу тәртібі несие алушы және несие беруші үшін ыңғайлы. Банктің
несиелік ресурстары босап, несие айналымы арта түседі, бұл өз кезегінде
банк өтемділігін көтереді [12, 25 б.].
Ссудалар жеңілдіктері бар өтелу мен жеңілдіктері жоқ өтелу кезеңдері
болып бөлінеді.
Өсімақы төлеу әдісіне байланысты ссудаларды келесідей жіктейді: ссуданы
берген мезгілде өсімақы мөлшерін алып калу, несиенің өтелуі кезінде
төленетін өсімақыны ссудалар және өсімақысы бірдей бөліктермен ай сайын,
токсан сайын немесе жарты жылда бір рет төленіп отыратын ссудалар.
Сонымен бірге аннунитетті төлемді ссудалар, яғни қарыздың негізгі бөлігі
мен өсімакы мөлшері бірақ төлеммен өтелінетін ссудалар туралы да ұғым бар
[12, 29 б.].
Қаражаттардың айналымдылық сипатына байланысты ссудалар келесі түрлерге
бөлінеді:
а) маусымды және маусымды емес;
б) револьверді, ролловерді. Револьверді несиелердің катарына несиелік
картолар немесе овердрафт, контокорентті несие, т.б. формасында берілетін
несиелер жатады. Мысалы, АҚШ-та тұтынушылык несиелер үш топка бөлінген:
төлемі кейінгіге қалдырылған ссудалар, револьверді және біржолғы төлемді
ссудалар.
Төлемі кейінгіге қалдырылған несиелер бойынша негізгі қарыз сомасы мен
өсімақы мөлшері, белгілі бір уақыт аралығында тең бөліктермен төленеді. Бұл
несиенің түрі көп жағдайда тауарды сатып алуға немесе шығындарды жабуға
беріледі. Несиелік карточкалар мен овердрафт формасындағы несиелерді де бұл
несиенің түріне жаткызуға болады, себебі бұл несие формаларында берілген
ссудалар бойынша төлемдер ай сайын жүріп отырады.
Револьверді ссудаға қарағанда төлемі кейінгіге қалдырылған ссудалар
қамтамасыз етілген несиелер катарына жатады. Сонымен катар төлемі кейінгіге
қалдырылған несиелер банктік ссуданың тікелей немесе жанама несиелеу
формасында берілуі мүмкін. Тікелей несиелеу кезінде банк пен несие алушы
арасында несиелік шарт жасалынады. Ал, жанама несиелеу тұсында банк пен
клиенттің арасындағы несиелік катынастарда делдалдык болуы шарт. Делдал
ретінде көбінесе бөлшек ссуда саласының кәсіпорындары катысады. Несиелік
шарт бұл жағдайда клиент пен банктен кейін ссуда алатын дүкен арасында
жасалады. Қазіргі кезде американдыктардың автомобиль сатып алуға берілетін
ссудалык карыздардың 60% жанама несиелсу арқылы алып отырғандығы - несиенің
бұл формасының дамыған елдер экономикасында кең тарағандығының куәсі.
Біздің елімізде несиенің бұл формасы дами қойған жоқ. Бірақ халықты
сауда ұйымдары арқылы несиелеу соңғы жылдары өріс алып отыр [13, 68 б.].
Тікелей және жанама банктік несиелердің өзіндік артықшылықтары мен
кемшіліктері бар. Тікелей несиелеудің жанама формасына қарағанда
артықшылықтарына тоқталатын болсақ, бұл несиелік үдерісті ұйымдастыру
ыңғайлылығы, ал бұл өз кезегінде несиелеу объектісін нақты бағалауға,
берілген несиенің көзделген мақсатқа жұмсалды ма, жоқ па, несиенің уакытылы
қайтарымдылығын қамтамасыз ететін бакылауды ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
Ал, банк позициясы тұрғысыман тікелей несиелеудің кемшіліктерін атап
айтсак, тікелей несиелеу формасы екіншісіне карағанда жоғары тәуекел
деңгейіне ие болып отыр. Себебі біздің еліміздегі несиелеу тәжірибесі
кейбір қиыншылықтарға кездесуде:
а) ссуданы берер алдында клиенттің несие қабілеттілігіне терең талдауды
әрбір банк жасай бермейді;
б) клиенттің несие кабілеттілігіне талдау жасау әдістемесі талаптарға
сай келе бермейді;
в) несиенің қайтарымдылығын қамтамасыз етуге берілген кепіл көп
жағдайларда нақты бағасынан әлдеқайда жоғары бағамен есепке алынады.
Екінші жағынан, еліміздегі макроэкономикалық жағдай (экономикалык,
әлеуметтік, тұрақсыздық, инфляция деңгейінің қарқындары, саяси жағдайдың
шиеленісуі, т.с.с.) да несиелік үдерістің ұйымдастырылуына кері ықпалын
тигізеді [13, 70 б.].
Жанама несиелеуге келетін болсақ, несиелеудің бұл түрі банктерге
несиелік, проценттік, валюталық, нарықтық, тәуекел түрлерінің деңгейін
қысқартуға мүмкіндік береді, себебі, мысалы, заңды тұлғаларға (яғни, сауда
ұйымдарына, кәсіпорындарға, фирмаларға, үйлерге, т.б.) берілегін несиелер
несие алушының (заңды тұлғаның) қабілеттілігін нақты анықтауға, несиенің
толық және уақытында өтелетіні туралы мүмкіндіктерді, сонымен қатар
несиенің өтелу үдерісін толық бақылап отыруға жол ашады. Клиент тарапынан
да бірқатар артықшылықтар бар:
а) оның несиеге деген қажеттілігі бірден канағаттандырылады (ол сауда
ұйымынан ұзақ мерзімге пайдаланылатын затты несиелік карточкалар арқылы
сатып алу мүмкіндігіне ие);
б) несие сұрап, банкке баруға қажеттілік жоқ және т.с.с.
Жоғарыда көрсетілген несиелік операциялардың жіктемесі тек теоретикалық
жағынан жүргізіліп отыр, себебі қазақстандық банктік тәжірибеде несиенің
таза күйіндегі түрін бөліп айту қиын. Айта кететін жайт: берілген
несиелік операциялардың жіктемесі несиенің көптүрлілігін көрсетіп отыр,
бірақ жіктеменің толық белгілерін немесе критерийлерін көрсетіп отырған
жоқ. Сол себепті бұл жіктемені басқа да туындайтын белгілерге байланысты
ары қарай жалғастыруға болады [14, 80 б; 15, 3б.].
Несиелеу үдерісін басқарудағы ең маңызды бұл банктің несиелік саясаты
болып табылады.
Қазіргі экономикалық әдебиттерде несиелік саясатқа қатысты екі көзқарас
қалыптасқан, біріншісі, несиелік саясат макроэкономикалық деңгейдегі
банктік саясат ретінде қарастырса, екіншісі, несиелік саясат – бұл банктің
несиелік үдерісін ұйымдастырумен байланысты банк саясаты ретінде
қарастырады.
Несиелік саясат банктің несиелік қызметінің міндеттерін, оларды іске
асыру құралдары мен әдістерін, сондай-ақ несиелік үдерісті ұйымдастыру
қағидалары және тәртібін белгілейді [15, 5 б; 16, 18б.].
Неиселік саясат банктің несиелік жұмысын, оның жалпы стратегияларына
сай ұйымдастыру негізін және несиелеу үдерісін қалыптастыруға қажетті
құжаттар жүйесін (ұйымдастыру) жасау шарттарын білдіреді.
Жалпы несиелік саясат мынадай сипатта болуға тиіс [16, 20 б.]:
- нұсқаулық емес, яғни директивті нұсқауларды қамтиды;
- несиелеудің мақсаттарын нақты және мағыналы анықтауға мүмкіндік
береді;
- нақты мақсаттарды іске асырудың бірнеше ережелерін қамтиды;
- оны іске асыруды қамтамасыз ететін стандарттар мен нұсқаулықтарды
қамтитын құжаттардан тұрады.
Несиелік саясат банктің стратегиясын, оның тәуекелді басқару
облысындағы саясаттарын ескере отырып жасалады. Несиелік саясат несиелік
қызметтің төмендегідей негізгі бағыттарын анықтауға мүмкіндік береді:
- несиенің берілуіне және несиелік портфельді басқаруға жауап беретін
банк қызметкерлері жетекшілікке алатын объективтік стандарттар мен
критерийлерін;
- несиелеу облысындағы стратегиялық шешімдерді қабылдайтын тұлғалардың
басты іс-әрекеттерін;
- сыртқы аудит қызметтерінің жұмысын және банктегі несиелік қызметтің
сапалығын;
- ішкі бақылау қағидаларын.
Несиелік саясат банк қызметін диверсификациялаудағы іс-әрекеттердің
тізбектелуін қамтамасыз ету үшін және несиелік қызметкерлердің лауазымды
міндеттерін анықтау үшін қажет. Несиелік саясатты іске асырудың белгілі бір
тәртібі болмайынша несиелеудің біртұтас ережелерін тәжірибеге еңгізу мүмкін
емес. Сондықтан да, жазбаша түрде жазылған несиелік саясат пен оны іске
асырудың соған сәйкес ережелері несиелік үдерісті жүргізудің негізін
құрайды [16, 25 б.].
Неиселік саясат, банк қызметкерлерінің бүгінгі таңда несиелеуге болатын
экономика секторын дұрыс таңдай білуіне, сондай-ақ, несие беру мүмкіндігі
туралы сұрақты шешуде банк үшін бірінші реттік маңызы бар басқа факторлар
мен қарыз алушының несиелік қабілетіне қарап өз клиентін таңдаудағы
біліктілігіне негізделеді. Сондай-ақ, несиелік саясат банктің бүгінгі
иелігінде немесе ертең еңгізуді дұрыс санайтын несиелік өнімдермен
анықталады. Мысалға, кәсіпорындарға қысқа мерзімді несиелер (айналым
қаражаттарын толықтыруға) және ұзақ мерзімді инвестициялық несиелер
(өндірісті кеңейтуге, жаңғыратуға, техникалық жағынана қайта қаруландыруға,
ғылыми-техникалық инновацияларды енгізуге) берген қолайлы [17, 43 б.].
Несиелік саясатта қарыз алушылардың негізгі қызметіне байланысты
тәуекелдігі жоғары операцияларды немесе жобаларды қаржыландыру үшін
тағайындалатын несиелер туралы да айтуға тиіс.
Несиелік саясатпен банк қазметкерлерін таныстыру, оларды соған сай
келетін ережелермен және нұсқаулықтарға үйрету, банкте несиелік саясатты
еңгізудің негізгі элементі болып табылады.
Несиелік саясат несиелік қызметтің басты бағыттарын анықтайды. Оларды,
өз кезегінде, несиелік саясаттың қабылдаған бағыттарын іске асыру жүйесі
ретінде тұжырымдауға болады.
Іс жүзінде несиелік саясатты іске асыру тәсілдері мен әдістерін белгілі
бір формада, яғни соған сай келетін төмендегідей үш құжат түрінді көруге
болады:
1. несиелеу стратегиясы;
2. несиелеу стандарты;
3. несиелеу нұсқаулықтары.
Несиелеу стратегиясында - несиелеуді жүзеге асыратын бөлімшелер
жұмыскерлерінің қызметтерін нақтылайтын несиелік нұсқаулықтар мен несиелеу
стандарты, несиелеудің жалпы бағыттары мен бағдарлары анықталады.
Несиелеу стандарты - бұл банкте несиелік қызметті жүзеге асыратын
барлық қызметкерлердің жетекшілікке алатын құжаты.
Несиелеу стандартында мынадай сұрақтар қарастырылады:
- қарыз алушының қаржылық ақпараттарын жинау және талдау тәртібі;
-несиенің кепіл-хаттар және кепілдемелерімен қамтамасыз етілуіне
қойылатын талаптар;
- әкімшілік стандарттар және неиселік үдерісті ұйымдастыру ережелері;
- қарыз алушының несиелік қабілетін талдау тәртібі;
- құжаттардың толтырылуына қойылатын талаптар;
- несиелеудің айырықша түрлері бойынша ережелер (мысалға, ипотекалық
немесе тұтыну несиелері бойынша).
Барлық банктер бойынша құжаттар айналымын стандарттау мақсатында
несиелеу стандартына әр түрлі құжаттар үлгілері жатуға тиіс. Ондай
құжаттарға: несиелік келісім-шарт, кепілдеме туралы шарт және т.б. жатады.
Несиелік нұсқаулық – несиелеу процедураларын іске асырудың жалпы
алгоритмін бекітетін кезектіліктің қадамдарын суреттеуді білдіреді. Ол
несиелік қызметтің нақты бір бағыттарына жатады [18, 7 б.].
Жалпы несиелік саясатта қарыз алушы туралы қажетті ақпарат жинау және
несиелік қабілетіне талдаудан бастап, несиелік талдау және аудит, ссудалар
бойынша мүмкін болар зиян үдерісін қамтитын несиелік үдерістің барлық
кезеңдері көрсетіледі.

1.3 Несиенің экономикадағы ролі және оны қолданудағы шектері
Несиенің ролін несиелік қатынастардың жұмыс істеуіне әкеліп соқтыратын
нәтижесімен анықтауға болады. Несие өзінің қызметі арқылы ұдайы өндіріс
үдерісіне әсер етеді. Жоғарыда аталып өткендей, несиенің өз қызмет саласы
бар, ол қозғалыстың барлық құндылықтарымен емес, шаруашылық айналымда
пайдаланылмай тұрған, қайта айналып құйылудың бастапқы кезінде қайта
бөлінуі мүмкін бөлігімен ғана байланысты. Несиенің көмегімен шешілетін
міндеттер қоғамдық дамудың әр түрлі кезеңдерінде өзгеріп отыруы мүмкін [19,
113б.].
Экономика дамуының сатысына қарамастан, несиенің арқасында қарыз беру
капиталы құрылып, оның өнім өндіруге пайдалануы қамтамасыз етіледі. Несие
ұдайы өндіріс үдерісінің үздіксіздігі мен тездетілуіне қызмет етеді.
Уақытша бос материалдық және ақшалай қаржыларды қайтарымдық және төлемдік
негізде қайта бөлуді қамтамасыз етуші несие кез келген экономикалық субъект
бойынша ағымдағы өндірістік шығындар мен табыстардың арасында, өндірістің
маусымдық сипаты мен экономика салаларында тауарларды сатып реттеудің
арасында, капиталдың жұмсауға қажетті көлемі мен қолда бар жиынтықтардың
арасында болатын қарама-қайшылықтарды шешіп отырады. Ұдайы өндіріс үдерісін
несие арқылы түзету ең алдымен қоғамдық өндірістің үздіксіздігін қуаттап
отырудың арқасында қамтамасыз етіледі. Жоғарыда көрсеткеніміздей, қорлар
айналасының біркелкілік жүрмеуіне байланысты бір полюсте бос тұрған
қаржылар пайда болады, екіншісінде оларға деген тапшылық орын алады.
Уақытша қаржылық қиыншылықтарға ұшыраған кәсіпорындарға берілетін несие
оларға ұдайы өндіріс үдерісін жалғастыруға ТМҚ үшін ақы төлеуді қамтамасыз
етуге, еңбекақы төлеуге және т.б. мүмкіндіктер тудырады [19, 115 б.].
Жаңа өндіріс ашу мен оларды кеңейту ісінде де несиенің атқаратын ролі
зор. Несиенің көмегімен айтарлықтай; қаржы ресурстарын шоғырландыру мен
орталықтандыру жаңа өндірістердің ірі жобаларын іске асыруға, жаңа
техниканы ендіруге, жоғары қосымша құны бар өнімдерді өндіруді қайта
жарақтауға байланысты салынатын мол салымдарды жүзеге асыруға мүмкіндік
береді.
Қазақстанда экономиканың шикізаттық бағытынан арылып, жоғары дамыған
өндеу секторын құру мақсатын көздейтін ҚР-ның 2003-2015 жылдарға арналған
индустриалдық-инновациялық даму стратегиясы жүзеге асуда. Бұл ретте өзінің
несиелік қаржыларын осы Бағдарламаны жүзеге асыруға бағыттайтын несие
жүйесіне үлкен үміттер артылуда. Несиені капиталдық салымдар есебінде
пайдаланудың бюджеттік қайта айнымалы қаржыландырумен айтарлықтай маңызды
артықшылықтары бар. Ол капиталдық шығынның тиімділігін осы шаралардың пайда
есебінен қарызды өтеудің мүмкіндіктерін анықтаумен әрі несие шараларының
өтелу мерзімі шегінде қарызды өтеудің мерзімін белгілеумен жүйелі бақылауға
мүмкіндік береді.
Несиенің ақша айналымы саласында да алатын орны айрықша. Ол ақша
айналымының үнемделуінен көрінеді. Несие өзінің қызметі - айналыс құралын
құруға байланысты [20, 120 б.]:
- біріншіден, ақша белгілерін дайындау, шығару, есеп жүргізу мен сақтау
шығындарын қысқартады;
- екіншіден, несие бос ақша қаржыларын сан рет пайдалана отырып, қолма-
қол ақшасыз есептесулерді жылдамдатып, айналым шығындарын азайтады;
- үшіншіден, қосымша ресурстарға маусымдық сұраныстардың өскендігінен
резервтік қорлардың кемуіне байланысты айналым шығындары қысқарады.
Кәсіпорындар мен халықтың қаржыларын банктердің есеп-шотында сақтау ақша
есептерін банкінің есебінде жазу арқылы, яғни қолдағы бар ақшаның
қатысуынсыз жасауға мүмкіндік береді. Қолма-қол ақшасыз есеп экономикадағы
есептесулерді тездетіп, айналымның шығындарын азайтады, мемлекеттік қарыз
беру қорын арттырады.
Қолдағы ақшалардың айналымға түсуі және оларды айналымнан шығару
несиелік негізде жүргізіледі, мұның өзі айналыстағы ақша көлемін реттеп
және оларды басқаруға, дәлірек айтқанда валюта мен инфляцияның тұрақтылығын
ұстап тұруға мүмкіндік береді [20, 124 б.].
Экономиканың төмендеп, инфляцияның өрлеген кезінде мемлекет пайыздық
ұтысты көтеру арқылы айналымдағы ақша көлемін қысу үшін экономикадағы
несиелік салымның көлемін қысқартады. Ал, экономикалық өрлеу кезінде
экономиканы жандандырып, әрі өсіру үшін несие экспансия саясаты
қолданылады, яғни пайыздық ұтыстарды кеміту арқылы несие тасқыны көбейіп,
ақша көлемі ұлғаяды. Осылайша ақша айналымы ретке келтіріледі. Қазақстанда
1993-1997 жылдары несиелердің шектелуі, ал 1998 жылдан бастап несие
экспансиясы саясаты жүргізілді.
Несиенің (ипотекалық тұтыну несиесі) арқасында тұрғын үй құрылысы,
пәтерлер, автокөлік және басқа да тұрмыстық машиналар мен аппараттар алу
мен шаруашылықты қалыптастыру сияқты қоғамдағы көптеген әлеуметтік
мәселелерді шешуге қол жетіп отыр.
Несиенің көмегімен басқа мемлекеттермен байланыстар нығайып, әлемдік
экономикаға араласуға мүмкіндіктер туып келеді.
Сонымен, жекелеген шаруашылықпен айналысушы экономикалық субъектілердің
өмір сүруі мен жалпы халық шаруашылығының дамуына да, микродеңгейіне
байланыстардың дамуында, сондай-ақ халықтың әл-ауқатын көтеруде несиенің
атқаратын ролі өте зор екен.
Міне, осыған байланысты несиені пайдаланудың шегі қайсы деген мәселе
туындайды. Үйлесімді деңгейлерде ғана несиенің экономикаға салынуы пайда
бере алады. Несиенің дамуын, оның ролінің күшеюін экономикаға несие
салымының артуымен байланыстыруға болмайды. Мұның өзі несиені пайдаланудағы
сапалық емес, сандық өзгерістерді көрсеткен болар еді. Несие салымдарының
ұлғайғаны жайлы мәліметтер мен қаржылардың қайнар көздеріндегі несиенің
үлесі экономиканың дамуыңда оның ролінің артқандығы осы үдерістердің несие
объектілерінің кеңеюімен, жаңа өнімдер шығару үшін жаңа да, сапалы
жобаларды игерумен байланысты болғанда да белгілі болады. Бұл жағдайда
несиелік қатынастардың дамуы, жаңа салалардың пайда болуы, капиталдың бір
саладан екінші салаға ауысып қайта құйылатындығы жүзеге асатыңдықтан, несие
ролінің артқандығы туралы айтуға болады [21, 92 б.].
Әңгіме бұл жерде несие шектерінің сапасы мен саны жайлы. Несиелеудің
кептігі экономиканың даму үдерісіне, ақша айналымына кері әсерін тигізеді.
Ол қарыз алушылардың қаржыларды үнемдеп пайдалануға деген ықыласын
бәсендетеді.
Ал, несие саласын мейлінше тарылтудың да кері әсері бар, себебі төлем
қаржыларының жеткіліксіздігінен шаруашылық субъектілері ТМҚ-ны, жабдықтарды
сатып ала алмайды, өзінің қызметкерлеріне еңбекақы төлей алмайды, негізгі
қорларды жалға ала алмайды және т.б. Сайып келгенде мұның бәрі өндірісте,
тауарларды сатып-таратуда өз көрінісін байқатпай қоймайды.
Несиенің шектерін негіздеп анықтау мен сақтаудың сұраныс пен ұсыныстың,
айналымдағы тауар мен ақша көлемдерінің, өндіріс пен тауарларды сатып-
таратудың араларыңдағы үйлесімді тепе-тендіктерді сақтап түру үшін маңызы
зор [21, 95 б.].
Несиенің сандық шегі несиелік қаржыларды сандық жағынан шектеумен
байланысты. Шектеулердің әдісі әр түрлі:
- тура әдіс - Ұлттық банк міндетті қор көздерінің мөлшерін арттырып,
соның нәтижесінде несие көздерінің көлемін азайтады;
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің несие ресурстарын құрудағы депозиттер: болашағы мен проблемалары
Банктік қызмет аясындағы банктік құқықтық қатынастар: жалпы сипаттамасы, теориялық мәселелері
Нарықтық экономика жағдайындағы банк қарыз капиталдарын басқару жүйесi
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы
Коммерциялық банктердің несиелік саясатының әдістемелік негіздері
Несиелік тәуекелдерді басқару әдістері
Екінші деңгейдегі банктердің қызметінің құқықтық негіздері
«АТФ банк» акционерлік қоғамының қызмет нәтижелерін талдау
Банктік қызметтегі стратегиялық жоспарлаудың теориялық негіздері
Несиелік мекемелердің түрлері
Пәндер