Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары



МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2

1. Банктер қызметінің мәні

1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі ... ... ... ... ...6
1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым.қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12
1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника.экономикалық сипаты

2. Банктік операциялары есебі

2.1.Қазақстанның банктік операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .24

2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .28
2.3.

3. Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары

3.1.Депозиттік операциялар басқармасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .40

3.2.Депозиттік операциялар есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..44

3.3.Депозитті және қор жинау сертификаттары ... ... ... ... ... ... ... ...49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 69

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..53
Кіріспе

Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді. Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық мемлекеттік, аудиторлық құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы, жетекшілердің құрамы, өкілеттердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден: мысалы, ауыл шаруашылық ауданындағы банк-өндіріс ауданындағы банкіден, сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудан ұтымдылығын талдау жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын операцияларының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет етеді, әр түрлі қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдына әр түрлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымында алуан түрлі болады.
Ұйымдастырушылық құрылымының барлық түрінің өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ұйымдастырудың лайықты тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі банктер өзінің функционалдық құрылымына, банктің алдына қойған міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер енгізіп отырады.
Банктік жүйенің тұрақты элементінің бірі депозиттерді сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орайда Ұлттық Банкпен, банктердің ассоциациялары және қаржы министірлігі бірлескен түрде депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесін қалпына келтіру тәртібі және шараларын анықтайтын нормативтік бағаны жасауда жұмыс жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру қоры, мемлекеттік бюджетпен қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі банктердің ерікті бірігуі негізінде, яғни қатысушылырдың қосқан қаражаттары есебінен құрылады.
Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие түрін ұсынады, сонымен, олар халықшаруашылығын ақша деген қажеттілігін қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды.
Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің өз міндеттері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау мақсатында банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген, Қазақстан Республикасының коммерциялық, кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу туралы «Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив 18-20 процент көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен 30 процент мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15 процентке дейін төмендеді».
Дегенмен, банктердің дәстүрлі – базалық қызметі экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады.
Несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Барлық несие – қаржы мекемелерін депозиттік, яғни ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың басқадай формалары ( зейнет ақы – жарналары, бағалы қағаздар және сақтандыру номостерін сату және т.б. ) рұқсат етілген деп бөледі.
Депозиттік мекемеге коммерциялық банктер, өзара жинақ банктері, қарыз – жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар, депозиттік еместерге сақтандыру номинациялары, ақша нарығының басқа да қорлары жатады.
Демек, банктер қарыз капиталы нарығының әр түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген қаржылық операцияларды орындайды. Банктер кез келген елдің несие жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен шоғырландыра отырып, қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздың және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының « Аудиторлық қызмет туралы ». Заңы, 1998 ж., 20 қараша.

2. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы: Қазақстан Республикасының Заңы. –Алматы: Юрист, 2003. -22 б.

3. Қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты. –Алматы: Раритет, 2003. -672 б.

4. Қазақстан Республикасының 1998-2000 жылдарға арналған бухгалтерлік есеп пен аудитті дамыту мен жетілдірудің мемлекеттік бағдарламасы туралы: Қазақстан Республикасының Президентінің 28.01.98 ж. №3838 Жарлығы // Бюллетень бухгалтерлік. 1998. № 29. –Б. 2-8.

5. Аудиторлық іс – қызмет туралы: Қазақстан
Республикасының 1998 ж. 20 қарашадағы Заңы
( 15.02.2003 ж. жағдайы бойынша өзгерістер мен
толықтырулармен). -Алматы: Юрист, 2003. -14 б.

6. Мемлекеттік және қадағалаушы міндетті іс –
қызмет аясын реттеу туралы: Қазақстан
Республикасының Президентінің 1999 ж. 7 қыркүйектегі
№ 205 Жарлығы.

7. Акционерлік қоғам туралы: Қазақстан
Республикасының 2003 ж. 13 мамырындағы Заңы.
№415-II // Официальная газета. 2003/№ 23.

8. Бухгалтерлік есеп стандарттары, әдістемелік
ұсыныстар, Шоттардың типтік жоспары:
құжаттар жинағы. –Алматы: Раритет, 2004. -320 б.

9. Қазақстан аудиттің халықаралық стандарты. –
Алматы: Раритет, 2004. -786 б.

11. Қаржы – несие терминдерінің қысқаша түсіндірме сөздігі,
Алматы, « Экономика », 1999 ж.

12. « Финансы » - Алматы, « Экономика », 2000ж.

13. « Банковское дело » Учебное пособие.

14. « Халықаралық экономикалық қатынастар » Алматы, 2000 ж.

15. « Маркетинг – нарықтану ». Алматы , Оқулық.
С.Сатыбалды.

16. « Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары » , Кушенова Б.

17. « Аудит » Оқулық . Белуха Н.Т.

18. « Финансы » Учебное пособие, Москва. Экономика.
Дробозина Л.А.

19. « Основы коммерческой деятельности », Осипова Л.В.

20. « Қазақстан Республикасындағы келісім – шарттар »,
Сейдахметова Ф.

21. « С чего начать ». « РИВЦ »

22. « Путеводитель предпринимателя ». « РИВЦ »

23. « Құнды қағаздар » Оқулық. –Алматы,Колесников В.И.

24. « Рынок ценных бумаг », Москва. Экономика, 2000ж.
Бердинкова Т.Б.

25. « Рынок ценных бумаг и биржевое дело ». Бердникова Т.Б.

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 2

1. Банктер қызметінің мәні

1.1.Банктер қызметінің мәні және экономикалық ролі ... ... ... ... ...6
1.2.Банктер және олардың клиенттері арасындағы
қарым-
қатынас ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ..12
1.3 Зерттеп отырған кәсіпорынның техника-экономикалық сипаты

2. Банктік операциялары есебі

2.1.Қазақстанның банктік
операциялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..24

2.2.Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу
көздері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 28
2.3.

3. Банктегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру жолдары

3.1.Депозиттік операциялар
басқармасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... 40

3.2.Депозиттік операциялар
есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 44

3.3.Депозитті және қор жинау
сертификаттары ... ... ... ... ... . ... ... ..49

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... .69

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... 53

Кіріспе

Банктік жүйенің елдің экономикасында алатын ролі мен
орны ауқымды. Сондықтан несие банктік сфера мемлекеттік органдар
жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектісі болып табылады.
Әрбір елде банктік қызметті әр түрлі аспектілерде реттеп отыратын,
өзіндік бақылау мен құқықтық актілер үшін жұмыс істейді.
Республикамызда банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан
Республикасының Банктік және басқа да заңдарының сақталуын
қамтамасыз етуге, шаруалық-қаржылық қызметті және банктегі оның
мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағытталған
кешенді шаралар жиынтығы ұсынады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық
мемлекеттік, аудиторлық құрылтайшылық деп бөлуге болады.
Банктің құрылымы, бөлімдерінің саны, қызметтердің мамандануы,
жетекшілердің құрамы, өкілеттердің бөлінуі тағы сол сияқты көптеген
факторларға байланысты болады және экономикалық біртұтастығымен
анықталады. Шағын банк өз құрылымы бойынша ірі банктерден: мысалы,
ауыл шаруашылық ауданындағы банк-өндіріс ауданындағы банкіден,
сол сияқты бөлімшелері бар банктер бөлімшелері жоқ банктерден
ерекшеленеді.
Банк құрылымын ұйымдастырудан ұтымдылығын талдау
жалпы банктегі еңбекті тиімді ұйымдастырудың, оның
коммерциялық қызметінің маңызды шарты. Банктің ұйымдастырушылық
құрылымының негізгі белгілері – банктің орындайтын
операцияларының көлемі мен экономикалық мазмұны болып табылады.
Банктер әр түрлі нарықтық жағдайларында әрекет
етеді, әр түрлі қызмет түрін көрсетуге маманданады, алдына әр
түрлі мақсаттар қояды, осыған сәйкес оның ұйымдастырушылық құрылымында
алуан түрлі болады.
Ұйымдастырушылық құрылымының барлық түрінің өзіндік
артықшылықтары мен кемшіліктері бар. Сондықтан ұйымдастырудың лайықты
тәсілін таңдау процесінде бұлар міндетті түрде ескерілуі тиіс. Әр түрлі
банктер өзінің функционалдық құрылымына, банктің алдына қойған
міндеттерін орындауға септігін тигізу үшін үнемі түрлі өзгерістер
енгізіп отырады.
Банктік жүйенің тұрақты элементінің бірі
депозиттерді сақтандыру жүйесі болып табылады. Бұл орайда Ұлттық
Банкпен, банктердің ассоциациялары және қаржы министірлігі бірлескен
түрде депозиттерді ұжымдық сақтандыру жүйесін қалпына келтіру
тәртібі және шараларын анықтайтын нормативтік бағаны жасауда жұмыс
жүргізуде. Депозиттерді ұжымдық сақтандыру қоры, мемлекеттік бюджетпен
қаражаттарды тартпай, екінші деңгейдегі банктердің ерікті
бірігуі негізінде, яғни қатысушылырдың қосқан қаражаттары есебінен
құрылады.
Өзінің депозиттік және несиелік операцияларымен банк
уақытша бос ақша қаражаттарын шоғырландырып, оларды несие
түрін ұсынады, сонымен, олар халықшаруашылығын ақша деген қажеттілігін
қанағаттандырады, яғни жаңа жолмен қаражаттарын құрайды.
Банктерге берілетін несиенің көлемін реттеу үшін, банктің
өз міндеттері бойынша төлей алмау тәуекелін төмендету және
банктердің акционерлері мен салымшыларының мүдделерін қорғау
мақсатында банк резервтік талаптар механизмін қолданады.
1993 жылы 1 қаңтарда енгізілген, Қазақстан Республикасының коммерциялық,
кооперативтік және жеке банктердің қызметтерін реттеу
туралы Ережесіне сәйкес міндетті резерв бойынша норматив
18-20 процент көлемі қарастырылған. Бұл ереже 1994 жылы
мамыр айына дейін қызмет етті, осы жылдан бастап норматив банктердің
теңге және шетел валютасындағы жалпы депозиттік міндеттемелерінен
30 процент мөлшеріне дейін өсті. 1994 жылдың 1 тамызында
шетел валютасындағы депозиттік міндеттемелер бойынша норматив 15
процентке дейін төмендеді.
Дегенмен, банктердің дәстүрлі – базалық қызметі экономиканы
және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету
аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады.
Несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық
және депозиттер.
Барлық несие – қаржы мекемелерін депозиттік, яғни
ақшалай қаражаттар қабылдап, депозиттік шот ашуға рұқсат
етілген және депозиттік емес, яғни ақшалай қаражаттар тартудың
басқадай формалары ( зейнет ақы – жарналары, бағалы қағаздар және
сақтандыру номостерін сату және т.б. ) рұқсат етілген деп
бөледі.
Депозиттік мекемеге коммерциялық банктер, өзара жинақ
банктері, қарыз – жинақ бірлестіктері, несиелік одақтар, депозиттік
еместерге сақтандыру номинациялары, ақша нарығының басқа да
қорлары жатады.
Демек, банктер қарыз капиталы нарығының әр
түрлі секторларында қызмет ететін көп қызметті мекемелер
болып табылады. Олар кәсіпкерлік тәжірибесінде белгілі бір көптеген
қаржылық операцияларды орындайды. Банктер кез келген елдің несие
жүйесінде әдеттегідей негізгі, базалық буын ролін атқарады.
Олар үкіметтің, іскерлер мен шоғырландыра отырып,
қаржы жүйесінің орталығы болып қала береді. Коммерциялық банктер қарыздың
және инвестициялық операциялар арқылы өздерінің әр түрлі қорларына қарыз
алушылардың қол жеткізуге мүмкіндік береді.

1 сызба

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің басқару құрылымы

1. Банктер қызметінің мәні
1.1 Банктер қызметінің мәні және нарықтық экономикадағы ролі.
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын
функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін – банктің клиент
мүддесі үшін белгілі бір іс- әрекеттерді орындаудан сипаттауға
болады. Кез – келген банк өнімінің негізінде қандай да бір
қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар
тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы
операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады.
Депозиттік – қарыздық операцияларды жүзеге асыра отырып
банктер қаржы делдалы рөлін орындайды. Банктің бұл
қызметі екі жаққа да пайда әкеледі. Салымшылар үшін өздерінің
депозиттері айналыс құралы қызметімен өтімді активтер қызметін атқара
отырып, кей жағдайларда оның үстіне пайыз әкеледі. Қарыз алушылар
кейде көптеген ұсақ қарызды пайдаланады. Бұл кезде ұсақ қарапайым
клиенттердің банкке аз ғана соманы қысқа мерзімге салғанының
өзінде – ақ мүмкін болады. Шынында банктер мұндай операциялардан
пайда көреді. Олар салымдарға төлейтіндеріне қарағанда, қарыздарға
біршама жоғары пайыз мөлшерлемесін белгілеп табыс табады.
Банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әт түрлі
депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан ақшаның сақталуын қамтамасыз
етсе, екінші жағынан өтімділікке деген клиенттің қажеттілігін
қанағаттандырады. Үшіншіден, депозиттік қарыздық операциялардың
процесінде депозиттік банктердің эмиссиясы іске асады. Бөлімшелер мен
филиал тораптарының кеңірек таралуы банкке: бас банктің толық бақылауында
болуға, операциялар шеңберінің кеңеюі және депозиттер тарту үшін
көптеген аумақты жаулап алуға және осындай факторлар
есебінен пайданы ұлғайтуға мүмкіндік береді.15
Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық
қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу
және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызметтер
туралы заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
• ақылы негізгі депозиттерді тарту;
• заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді,
вексельдерді, аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды
және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
• клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды
қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
• банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
• лизингтік операцияларды жүзеге асыру т.б.
Ұлттық Банктің арнайы лизензиялары бар болса, банктер басқа
да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде халықтың ақшалай
салымдарын қарау. Операцияларды топтай отырып, олармен атқарылатын негізгі
қызметтерді былай құрауға болады:
• уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау (депозиттік операциялар);
• экономиканы және халықты несиелендіру (активтік операциялар);
• қолма – қолсыз есеп айырысуларды ұйымдастыру және жүргізу;
• инвестициялық қызметтер;
• клиенттерге басқа да қаржылық қызметті көрсету;
Банктер қаржылық нарықтарда қаржы делдалы
ретінде басқа кәсіпорындардың, мекемелердің және халықтың уақытша бос
қаражаттар сомасын депозит түрінде жинақтайды, осы жағдайда
оларды тиімді басқарады, сондай – ақ олардың қауіпсіздігін
қамтамасыз етеді және пайдалық негізінде қарызды қарыз алушыға
ұсынады.
Екіншіден, депозиттерді мемлекеттік сақтандыру жүйесі
болады, бұл салымдарды жаппай кері алу қауіптігін төмендетеді.
Үшіншіден, банктерге тартылатын депозиттер басқа
кәсіпорындардың материалдық объектілерінде орналастырған активтеріне
қарағанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтімді және нарықта оңай
өткізіледі. Банк өздерінің активтік акцияларын жүзеге асыру үшін
тартылған қаражаттардың 90 %- нан жоғары бөлігін пайдаланады,
сондай – ақ банктер өз клиенттерінің уақытша бос ақшалай қаражаттарын
жинақтайды. Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер
құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа
мерзімді салымдарының барлығы түсіндіріледі. Банктердің ақшалай
қаражаттарды салымдарға тарту және пайда табу мақсатында орналастыру
жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады. Бірақ, соңғы уақыттарға
дейін республикамызда депозиттерді басқару мәселелеріне назар
аударылмаған. Елде банктердіңң депозиттік саясаттары зерттелмеген.
Депозиттік саясат теориясының жасалмағандығынан біз шетел
тәжірибесіне назар аудара аламыз. Жеке тұлғалар, фирмалар, акционерлік
компаниялар, жеке кәсіпорындар т.б. қаражаттарды банктерге ынтамен
орналастырады, салымдар табыс әкелетіндіктен.
Депозиттік операциялар мынадай қағидалармен ұйымдастырылады:
• банктік пайда алуға немесе болашақта пайда алу үшін жағдай жасауға;
• депозиттік операциялар әрекет ету керек;
• банк балансының оперативтік өтімділігін демеу мақсатында икемді
депозиттік саясат жүргізілуі керек;
• банк балансының өтімділігін жоғары дәрежеде демек отыратын мерзімдік
салымдарға депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде ерекше
назар аударылуы қажет, депозиттік операциялармен қарыздарды беру
бойынша операциялардың арасында мерзім және сомалары бойынша өзара
байланыс пен сабақтастылықты қамтамасыз ету қажет.
• депозиттерді тартуға әрекет ететін банктік қызметтерді дамытуға
шаралар қолдану.
Талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және
жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың
ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар,
олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта
салымшылармен алынуы немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін,
бұл салымларға ең төмен процент төлейді. Талап еткенге дейінгі
депозиттер бірінші кезекте ағымдағы есеп айырысуларды жүзеге
асыру үшін арналған. Шот иесі оларды әр түрлі формада қолма –
қол ақшалармен, чектермен, аударымдармен жүргізе алады.
Депозиттің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды.
Яғни белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналастырылады. Салымшы үшін
ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу үшін
бұл депозит тиімді мерзімді депозиттерде салымшының ақшаларды иесі
алу туралы арнаулы арызын банкке алдын ала түсіруі талап етіледі.
Ескерту мерзімдері бір айдан үш айға, үш айдан алты айға,
алты айдан он екі айға дейін және бір жылдан жоғары.
Депозиттердің үшінші түрі – жинақ шоты немесе жинақ
кітапшасы бар шот деп аталатын жинақ салымы. Халықтық салымдарын
тарту мақсатында жинақтардың түрлі формалары қолданылады:
ұтысқа, сыйлыққа, жастарға мақсатты және т.б. әдетте олар
халыққа қосымша қызметтерді (почталық, телеграфтық саудалық және
т.б. ) ұсынулармен бірге жүреді. Жинақ шоттарының
тұрақты мерзімі болмайды және шот иесінен ақшаны кері алу
туралы алдын ала ескерту талап етілмейді, олар бойынша чектер
берілмейді.
Мерзімдік салымдардың басқа да түрі мерзімді
депозиттік сертификаттар болып табылады. Ол банкіге тұрақты
пайыздық мөлшерлемемен белгілі бір мерзімге банкіге
қаражаттарды енгізгендігін куәландыратын ақшалай құжат, олар 100
мың доллардан кем емес сомада беріледі. Ақшаны мерзімінің
аяқталуымен, тең сертификаттарды ұсыну арқылы банктен алуға
болады, ал мерзімі 1 күннен 18 айға дейін болуы мүмкін.
Қарапайым халыққа 500, 1000, 2500 доллар номиналымен 1
айдан 5 жылға дейінгі мерзімге ұсақ жинақ сертификаттары шығарылуы
мүмкін.
Осылайша банктердің дәстүрлі базалық қызметінің бірі
– жеке және де депозиттік емес операцияларды орындау жолымен басқа
пассивтерді жұмылдыру болып табылады. Депозиттік және депозиттік емес
поссивтер салымшыларға пайыз төлеумен. Оларға есеп айырысу төлемдік
қызметтер көрсетумен, оларды банктердің шоттарында сақтандыруды ынталандыру
жолумен жинақталады.

1.2. Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым – қатынас

Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің
күшеюі банктердің клиеттермен өзара қарым – қатынасын ұйымдастыру
сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. Қазақстан
Республикасының банктер және банктік қызмет туралы заңның 33 – бабы
бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығын, бос несие
ресурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді.
Олар өз қызметінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру,
несие алу үшін жақсы жағдайлар , банктік қызметтердің әлдеқайда кең
спектрін көрсете отырып, бір – бірімен бәсекеге түседі. Банктер
өз клиенттері алдында жауапты.
Банктің клиентпен экономикалық жұмысы банкке клиетті
тартудан бастап, яғни шоты бойынша әр түрлі банктік
операцияларды жүргізуге дейінгі банктік қызметтің барлық жақтарын
қамтиды. Клиенттерді тарту банктен жарнама жаңа қызмет түрлерін
ендіру жетілдіру бойынша, келіссөздер жүргізу, қаржылық жағдайды
алдын – ала талдау әр түрлі келісім – шарттарды дайындау және
т.б. бойынша белгілі бір жұмыстарды жүргізуді талап етеді. Осы
аталған жұмыстардың барлығы банктің активтері мен пассивтерін басқару
қызметі мен тығыз байланысты.
Клиентпен жұмыс: есеп айырысу, кассалық және несиелік
қызмет көрсету, бірлескен қызмет, депозиттік шоттарды ашу және
жүргізу т.б. әр түрлі келісім – шарттар жасасу негізінде құрылады.
Клиенттердің ағымдағы және есеп айырысу шоттарын ашу,
олар бойынша операцияларды жүргізу, есеп айырысу және есеп
айырысу – кассалық қызмет көрсету туралы келісім – шарт
негізінде жасалады.

2 – сызба

Қаржылық – несиелік институттардың қаржылық
делдалдар ретіндегі ролі

Депозит түрінде Зайымдар, жеке
салымдар
және басқа жолмен және келісім
бойынша
берілетін ақша берілетін
ақшалай
қаражаттары.
қаражаттар.

Тікелей инвестициялар Нарықта акциялар,
жолымен акциялар облигациялар
және
облигациялар және басқа басқа да қаржы
да қаржы құралдарын құралдарын сату
сатып алу арқылы арқылы
алынған
ұсынатын ақша ақша
қаражаттары.
қаражаттары.

Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын
салааралық, ауданаралық үлестірі механизімін қамтамасыз ету арқылы маңызды
халық шаруашылығы қызметін атқарады.
Банктер нарықтық экономикада басты қаржылық делдалдар болып
табылады. Өз қызметінің үрдісінде, олар ақша нарығында тауар болатын, жаңа
талаптар мен міндеттемелерді жасады. Клиенттердің салымдарын қабылдау
арқылы банк депозит деген жаңа міндеттеме жасаса, ал қарызды
беру арқылы қарыз алушыға жаңа талап қойды. Осы жаңа міндеттемелер мен
талаптарды жасау үрдісі қаржылық делдалдықтың негізін құрайды.
Әртүрлі көздерден ақша капиталын жинау арқылы шағын
ақша қаражаттарының тобын құрайды және де оларды жұмыс істеп
тұратын капиталға айналдырып, әр түрлі шарттардағы несиеге деген
талаптарды қанағаттандыра алады. Экономиканы басқару процесінде банктер
негізінен басқарудың экономикалық қатынастары ең алдымен мүдде ретінде
көрініс алады, экономикалық мүдде өндірістің мақсаты, яғни оны
қорғаушы фактор болып табылатын әдістемелерді пайдаланады. Мүддені
осылай деп түсінуден келесі туындайды, яғни оларға қажеттіліктерді
қанағаттандыру арқылы әсер етуге байланысты. Банктер басқарудың
экономикалық әдістері мәселен, несиелеу арқылы, экономикалық әр
түрлі буындарының қарыз қаражаттарындағы қажеттіліктерін әр
түрлі несиелермен немесе қолма – қолсыз есеп айырысу арқылы экономиканың
үздіксіз қызмет етуіндегі қажеттілігін қанағаттандырады, қоғамдық
өнімнің тоқтаусыз қозғалысын қамтамасыз етеді.
Банктер өз қызметтерін орындау кезегінде функционалдық, яғни
экономикалық, салалық яғни министерстволар, компания, фирмалар және
аумақтарды яғни жергілікті орган, басқару органдарымен өзара тығыз
байланыста жұмыс істейді.
Банктер экономикалық басқару органы болғандықтан,
оның өз клиенттерінің алдындағы жауапкершілігі де экономикалық
сипатта, ең алдымен олар қызмет көрсететін меншік түріне, ведомоствалық
тәуелділігіне байланысты емес, шаруашылық өз органдарының, яғни өз
акционерлерінің, шаруашылық және қаржылық қызметтерінің нәтижелерімен
байланысты. Банктердің айналасында өздеріне әрбір банкті таңдайтын
формалармен компаниялар топталады. Олар басқа жағдайларда пайдамен
қамтамасыз етілетін, өзі және клиенттер үшін операцияларды
неғұрлым тиімді жүргізетін несиелік сипаты жүргізіледі.
Банктерде басқарудың басқа органдарында жоқ ағымдағы
ақпараттар болады. Ең алдымен ол қызмет көрсетілетін клиенттерінің
негізгі қызметі туралы ақпарат болып табылады. Шотта еңбекақы
беру, жабдықтаушыларға төлем жасау, банктік несиелерді қайтару үшін
қаражаттың басталуы тек объективті емес, сонымен бірге, осы шарт иесінің
жұмысының нашар екендігінің күнделікті оперативті көрсеткіші
болып табылады. Шотқа ақшаның келіп түсуі жабдықтаушының тиеген
тауарларының өткендігін және т.б. білдіреді. Банктің мәліметтері
бухгалтерлік есепті құруды күтпей – ақ кәсіпорын қызметтерінің
көптеген маңызды факторлары туралы, әрі олардың нәтижелерін алдын –
ала көруге мүмкіндік береді.
Бұл банктерге өз клиенттерінің жағдайын білуге,
оларды бақылауға және олардың тағдыры мен табыстылығын анықтауға
мүмкіндік береді.
Ақша айналымы бірлікпен сипатталады. Қолма – қол және
қолма – қолсыз ақша қозғалысының аясы бір ақша бірлігінде қызмет
көрсетеді, әрі өзара тығыз байланысты. Банктер кәсіпорындардың,
мекемелердің, ұйымдардың, жергілікті халықтық шот есептерін жүргізу арқылы
ақша айналымының жиынтығын, ал олар арқылы шаруашылық процестердің барысын
қадағалайды, әрі оларға ықпал етеді.
Банктік жүйеде қоғамның барлық ақшалай қорларды
шоғырландырған: мемлекеттік шаруашылық буындардың қаражаттары, халықтың
жинақ ақшалары т.б. бар. Банктер осы қорлардың қалыптасуына
белсенді қатысады, яғни оларды пайдалану бойынша бақылау
жүргізеді, ақша айналымын реттейді және сол арқылы ұдайы
өндірістік үрдіске әсер етті. Қазақстанның нарықтық экономикаға
көшуімен банктердің алдында жаңа мүмкіндіктер ашылуда. Меншікті
жекешелендіру мен мемлекетсіздендіру нәтижесінде жеке меншік, меншіктің
ұжымдық және акционерлік түрлері, кооперативтік қозғалыс кең етек
алуда, меншіктің аралас түрінің негізінде кәсіпорындар құрылуда. Шаруа
қожалықтары санының есебі, олардың бірлесуі, жолға беруші
(арендатор) және жеке еңбек қызметімен айналысатын тұлғалар да
осыған жатады.
Қоғамда белгілі бір класқа не коммерсанттар, кәсіпкерлер
пайда болуда. Нарықтық қатынастардың дамуы бойынша экономикада, қоғамда
банктердің экономикалық ролі күшеюде. Олардың жұмысында
бірінші орынға әкімшілдік - әміршілік әдістердің орнын
экономикалық әдістер алмастырады. Экономикада инфляцияның
төмендеуіне және олардың нарықтық жолға көшуінде, ең алдымен
меншікті жекешелендіру мен мемлекетсізденудегі рөлі айрықша. Бұнда
банктік жүйенің негізгі мақсаты несиелік механизмді жетілдіру, ақша
массасын реттеудегі әдістерін жетілдіру, есеп айырысуды тездету және төлем
тәртібін сақтау болып табылады.
Қазақстан Республикасы 1993 жылы 15 қараша айынан бастап
өзіміздің ұлттық валютамыз – теңгемізді енгізді. Бірақ
инфляция тоқтамады. Оның шыңы 1994 жылы шілде айында 46 % жетті.
Ұлттық Банк пен үкіметтің монетарлық
шараларды қабылдауының нәтижесінде шілде айында инфляция
25 % - ға төмендеді, ал 1994 жылы тамызда 13,5 % - ға,
қыркүйекте 10,9 % - ға тең болды.
Инфляцияның төмендеуінің нәтижесі қайта қаржыландыру
мөлшерлемесінің 300 – ден 250 % - ға дейін төмендеуі мен несиелік
ресурстар аукциондағы % - дық мөлшерлеменің 460 – тан 280 % - ға
төмендеуі, яғни несие үшін төлем сұраныс пен ұсыныс негізінде
анықтаған, нарыққа айналған. Теңгенің ресми және бейресми
валюталық бағамдарының жақындасу тенденциясы бар. Аукциондарда қысқа
мерзімді қазынаның вексельдердің сату көлемі жоғарылауда. Инфляция
төлемдерінің жағымды сәті ретінде Ұлттық Банктің директивті несиелерді
беруден бас тартуын атауға болады және олар тек
агроөнеркәсіптік несие үшін сақталады. Несиелік ресурстар аукциондарда
сатылады. Банктердің активтері мен пассивтерінің сапасы толығымен , олар
қызмет көрсететін клиенттердің қаржылық жағдайына байланысты. Банктік
реформаның негізгі мақсатының бірі – экономиканың жеке секторын құру және
кәсіпорындарды жекешелендіруде демеушілік көрсету болып табылады. Демек
банктік реформа мемлекеттік меншікті жекешелендірудің мүдделеріне бағынуы
керек. Өйтпесе олар шығынды несиелерден арыла алмайды.
Банктік жүйенің реформасы инвестициялық қорлардың
рөлін жоғарылату және сауықтыру банктерін құру жолымен жекешеленген
кәсіпорындары қайта құруға қолғабыс етеді. Инвестициялық қорлар
жекешелендірілетін кәсіпорындардың саудасына қатысып олардың қарыздарын
акционерлік капиталға алмастыруы мүмкін, яғни жеке меншік
құқық жеке тұлғаларға көшеді деген сөз.
Банктік жүйенің реформасы жеке кәсіпорындардың банктен несие
алуларын қамтамасыз етеді, жеке сектордың дамуына жәрдемін тигізеді.
Осы мерзімде ол шығынды мемлекеттік кәсіпорындарды қайта құруда
ынталандырады.
Жекешелендіруші кәсіпорынға республикамызда банктік
реформаны құруда қажетті ипотекалық банктер көмек көрсетеді,
яғни мүлікті кепілге ала отырып ипотекалық банктің ұзақ мерзімді
несиесін беру мүмкіндігі. Банктегі депозиттер сомасы несие ақшаны
құру үшін қажет потенциалын жасайды. Бөлек салымдарын тек
эмиссиясы немесе қарыз беру арқылы жұмылдырған кезде несие ақшалар
құрылады. Бұл операциялардың сызбасын келесідей: 100 ақша бірлігіндегі
депозит үшін міндетті резерв 15 ақша бірлігін құрайды. Қалған 85 ақша
бірлігі банкі арқылы қарызға берілуі мүмкін.
Сонда айналымдағы ақша массасы : 100+85=185 ақша
бірлігі болады. Бұл сомасы 85 ақша бірлігі болатын жаңа
ақшаның құрылуын білдіреді. Осы жолмен құрылған ақшалар өз кезегінде
өздері ақша эмиссиясының себебі бола алатын басқа депозиттердің
пайда болуына әкеледі. Яғни ақша мультипликативті көбеюі орын
алады.
Депозиттік банктердің эмиссиясын реттеу Ұлттық
Банкісінің ақша базасы сияқты, ақша агрегатын және ақша
мультипликациясын бақылау арқылы жүреді. Ақша мультипликаттарының мөлшері
міндетті резервтеу нормасына байланысты, өйткені міндетті резервтер банктер
мен несие ресурстарының көзі болып пайдаланбайды, сонымен қатар ,
айналымдағы қолма – қол ақшаның үлес салмағына байланысты
болады. Демек, экономикадағы ақшалардың айналыс жылдамдығының
азаюы ұзақ мерзімді депозиттердің және ұзақ мерзімді
инвестициялық несие салымдарының өсуін көрсетеді бұл тек қана, жалпы
экономикалық тұрақтылығы және ұлттық валютаға деген сенім
болғанда ғана мүмкін.
Банктік жүйе нарықтық экономиканың ең маңызды
және біртұтас құрылымдарының бірі.
Банктер және тауарлы – ақшалай қарым – қатынастардың
дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және бір – бірімен өзара
тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық
деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы
ұдайы өндіріс үрдісіне қалыптасушыларының экономикалық мүдделерін
қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдал
ретінде шаруашылық органдардың капиталдарын босаған басқа да бос ақша
қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына
береді, ақшалай есеп айырымсыз жүргізеді және экономика
үшін басқа да көптеген қызмет көрсетеді. Соның арқасында өндірістің
тиімділігі мен қоғамдық өнімнің айналасына тікелей ықпал
етеді. (2- сызба. 13 – бет).
2 - сызба
Есеп айырысу қызметін көрсету туралы келісім – шарттарында
есеп айырысу немесе ағымдағы шотты ашу және олар бойынша
операция жүргізу шарттары көрсетіледі. Есеп айырысу – кассалық
қызмет көрсету туралы келісім – шартта бұдан басқа, тағы да
кассалық операцияларды жүргізу тәртібі реттеледі.
Есеп айырысу тәртібі құжаттардың белгіленген мерзімде
өтуі кепілдемесін қамтамасыз ету керек. Банктік операциялардың орындалуына
жатпайтын кезіндегі банктің нотариалдық жауапкершілігі осы келісім –
шартта қарастырылады.
Банктік операцияларға жатпайтындарды орындаған жағдайында
банк пен клиенттер Қазақстан Республикасының Парламентімен бекітілген
Қазақстан Республикасында қолма – қолсыз есеп йырысуда жүргізу тәртібін
бұзғаны үшін экономикалық санкциялар туралы ережеге сай жауапкершілікке
тартылды.
Банк пен клиенттің бірлескен қызметін жүжеге асырғанда
екі жақтың құқығымен міндеттемелері және қаржыландыру тәртібі мен
олардың арасында табысты үлестіруі қарастырылған бірлескен қызмет
туралы келісім – шарт жасалады.
Депозиттік шарттарды ашу және жүргізу туралы
келісім – шартта депозиттің ашылу мерзімі, ол бойынша пайыз
төлеу тәртібі, осы депозиттік шоттан қаражаттарды алу тәртібі
жайлы мәліметтер қарастырылады.
Келісім – шарт банктің клиентпен қарым – қатынасының
сипатын анықтап, олардың арасындағы келіссөз бір – бірінің қызметін
алдын – ала , жан – жақты танып білудің нәтижесінде жасалады. Банк
әріптесінің қаржылық жағдайы мен несиелік қабілеттілігін
белгілеген әдістеме арқылы талдайды, көбінесе көрсеткіштердің төрт тобына
негізделеді. өтімділік, айналымдылық, қаражаттарды тарту және
табыстылық .
Жоғарыда айтылған келісім – шарт банк шешімі сияқты,
клиенттің шешімі негізінде де бұзылуы мүмкін. Келісім – шарттың
жүргізу тәртібі мен шарттары алдын – ала қарастырылады. Келісі – шарттың
бұзылу себебі мынада болуы мүмкін: екі жақтың біреуінің міндеттерін
орындау кезінде екі жақтың біреуінің зиян келтірілуі.
Депозиттермен жүргізілетін ағымды экономикалық жұмыс – бұл
пассивтерді басқару бойынша банк қызметінің маңызды бағыттарының
бірі. Ол банк клиенттерінің шоттары бойынша қаражаттар
қозғалысын және депозиттердің неғұрлым өтімдірек топтарымен
соғұрлым азырақ өтімді топтарына қатысты өткізгіштік
мүмкіндіктерін талдайды. Мұндай талдау банкке сенімсіз клиенттер
мен төлем тәртібін бұзушыларды анықтауға көмектеседі. Ондай
мәліметтер банкке осындай клиенттерге несие керек болған
жағдайда оларға несие беру туралы шешім қабылдауға қажет
болады.
Банк депозиттері өсіміне банктердің салымшылар үшін
тиімді шартпен беретін кепілдіктері негізінде тапсырылған
салымдар (ақшалай қаражат немесе бағалы қағаздар). Депозит заңды және
жеке тұлғалардың уақытша пайдаланылмай тұрған қаражаттарын банкке
тарту және банктің резервтік қорын құрау үшін қолданылады. Банк
депозитінің мерзімі және талап еткенге дейінгі сақталатын түрлері бар.
Мерзімді депозиттер белгілі бір мерзімге салынады да, оған
банк келісілген мөлшерде өсім белгілейді. Өсім мөлшері сақтау
мерзіміне, т.б. жағдайларға байланысты. Ақша қаражаттарын салушылар
келісілген мерзімнен бұрын салымдарды ала алмайы. Жинақтау үшін салынған
салымдарды да мерзімді депозиттерге жатқызуға болады.
Талап еткенге дейінгі сақталатын депозиттерге ағымдағы
және есеп айырысу есеп шоттарындағы салымдар жатады. Оны салымшылар кез
– келген уақытта алуына, жұмсауына болады. Банктер депозитте
сақталған қаржыны өтімді қор есебінде ағымдағы міндеттемелерін өтеуге,
клиеттермен есеп айырысуға, қысқа мерзімгде несие беруге , өтімді
бағалы қағаздар сатып алуға пайдалана алады.
Сонымен қатар депозиттермен жүргізілетін ағымдағы жұмыстың
басқа бағыты болып – клиенттердің банк қызметтерінің жаңа түрлеріне
деген мұқтаждығын анықтау мен есеп айырысудың формаларын
жетілдіруі жатады.
Банк клиетпен келісуі ойынша несиелік бөлімге қарыз
алушының балансы мен басқа да есеп беру формаларын берудің
тәртібі мен мерзімін, қаржылық жағдай мен оның несиелік
қабілеттілігін талдайды.
Банк несиенің өз уақытында қайтарылуын қамтамасыз
ету ретінде кепіл, кепілдеме және банктік тәжірибеде қабылдаған
формадағы міндеттемелерді қабылдайды.
Қазақстан Республикасы банктер және банктік қызмет
туралы заңның 36 – бабына сәйкес банктің несиені өз уақытында қайтару
бойынша міндеттемелері мен басқа да төлемдерді орындамайтын клиенттеріне
қатысты келесідей шараларды қолдануға құқығы бар:
• қарызды мерзімінен бұрын қайтаруды талап ету;
• осы клиенттердің шоттарында бар кез – келген қаражаттар есебінен
қарыз мөлшерін өтеу;
• кепілге салынған мүлікті сату;
Қазақстан Республикасының заңдарына сай, мұндай жағдайда олар
төлем қабілеті жоқ қарыз алушылар деп жариялануы мүмкін.
Банктер өз клиенттері мен корреспондеттердің операциялары,
шоттары және салымдары бойынша құпияны сақтауға кепілдеме береді.
Банктің барлық қызметкерлері банк клиенттерімен корреспондеттерінің
операциялары, шоттары мен салымдары бойынша құпияны сақтауға
міндетті.
Банктің заңды тұлғалардың шоттары мен салымдары
операциялары бойынша анықтамаларда соттарға;арбитражды соттарға, тергеу
жүргізу және прокуратура органдарына және салық салу сұрақтары
бойынша салық органдарына береді.
Жеке тұлғалардың шоты мен салымдары бойынша анықтамалар өз
клиенттері мен оларды басқа соттар мен тергеуші органдарға да
беріледі.
Салым салушылардың мүдделерін қорғау мақсатында банктер
банктік депозиттерді ұжымдық сақтандыруды жүзеге асыра алады.
Салымдарды сақтандыру жүйесі банктің банкротқа ұшыраған
немесе төлем қабілетсіз болған жағдайда барлық салым иелеріне
белгіленген сомаға дейін зиянның орнын толтыруын кепілдейді. Банктер
мен олардың құрылтайшылары, басқадай клиенттері арасындағы барлық
келіспеушіліктер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес соттың
тәртібімен шешіледі.

2 – тарау. Банктік операциялары.

2.1. Қазақстанның банктік операциялары.
Банктің жүргізген операциясы банктің өз қызметінің
іс жүзінде атқаруының көрінісі. Қазақстан заңдарына сай банктік
операциялары негізінен мыналар жатады:
• заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін қабылдау, оларға шоттар ашу
және жүргізу;
• банктер мен банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын
ұйымдардың корреспонденттік есепшоттарын ашу және жүргізу;
• кассалық операциялар: банкноттар мен монеталарды қабылдау, беру, қайта
есептеу, ұсату, айырбастау, сұрыптау, қаттап буу және сақтау;
• аудару операциялары: заңды және жеке тұлғалардың ақшасын аудару
жөніндегі тапсырмаларын орындау;
• есептеу ( дискант ) операциялары: заңды және жеке тұлғалардың
вексельдері мен өзге де қарыз міндеттемелерін есепке алу;
• қарыз беру операциялары: төлем, мерзім, қайтарым талаптарына сәйкес
заңды және жеке тұлғаларға ақшалай несие беру,
• сенім ( траст ) операциялары: сенім білдірген адамның мүддесі үшін
және соның тапсыруымен тазартылған бағалы металдарды және бағалы
қағаздарды басқару;
• клиринг операциялары: төлемдерді жинау, салыстыру, сорттау және
растау, сондай – ақ, олардың өзара төлемдер өтеуін жүзеге асыру және
клирингке қатысушылардың таза көзқарасын айқындау;
• сейфтік операциялар: сейф жәшіктерін, шкафтар мен үй – жайларды жалға
берумен қоса, клиенттердің бағалы қағаздарын, құжаттары мен құнды
заттарын сақтау жөніндегі қызметтер;

• ломбард операциялары: депозиттелген ( сақтауға салынған ) оңай
сатылатын бағалы қағаздарды және қозғалатын мүлікті кепілге алып,
қысқа мерзімді несие беру;
• төлем карточкаларын, чек кітапшаларын шығару;
• шетел валютасын айырбастау операцияларын ұйымдастыру;
• төлем құжаттарын инкассаға қабылдау;
• бағалы қағаз нарығындағы клирингтік қызмет;
• факторинг ( сауда – саттық ) операциялары: тауарларды сатып
алушылардан тәуекел етіп төлемсіз қабылдап, төлемді талап ету құқығына
ие болу;
• форфейтинг операциялары ( форфейтингтеу ): тауарларды ( қызмет
көрсетуді ) сатып алушының қарыз міндеттемесін сатушыға айналып
түснейтін жолмен вексель ( тратта ) сатып алу арқылы төлеу;
Орталық банк өз қызметтерін банктік пассив және
актив операциялары арқылы атқарылады. Пассив операциялары деп
банктердің өзіне ақша қаражатын тартып, банктік ресурстар құру
операцияларын, ал актив операциялары деп осы қаражатты
орналастыру операцияларын айтады.
Орталық банктің негізгі пассив операцияларына: банкнота
эмиссиясы, коммерйиялық банктердің және мемлекеттік қазынашылықтың
ақша салымын қабылдауы, банктің өз капиталын құру операциялары
жатады. Көп елдерде орталық банктің ақша қорларының негізгі көзі
банкнота шығару, яғни нотак 85 % - ға дейінгі пассив операциялары.
Орталық банктің Банкнота эмиссиясы деп аталатын
пассив операцияларының мөлшері оның, банктерге қарыз
бағалы қағаздарды, шетел валютасын және алтынды сатып алу деген
актив операцияларына байланысты болады.
Орталық банктің несиесі онда ашылған коммерциялық
банктер мен қазынашылықтың шоттарына жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда
орталық банктің банкноталық эмиссиясы емес, депозиттік эмиссиясы жүзеге
асырылады.
Орталық банктің ақша ресурстарының келесі көзі –
коммерциялық банктер мен қаржы министрлігінің ақша салымы.
Орталық банк коммерциялық банктерге белгілі бір белгіленген
проценттік мөлшермен мерзімдік шоттарды да ашуы мүмкін. Ал
орталық банктің өз капиталының үлесі пассив операцияларының
4 - % - ын құрайды.
Орталық банктің актив операцияларына негізделген:
есеп – несие операциялары, бағалы қағаздарға салымдары, алтын
және шетел валютасымен жүргізілетін операциялар жатады.
Есеп – несие операциялары, есептеу операциясы және
мемлекет пен банктерге қысқа мерзімді қарыз беру операциялары болып
екі түрге бөлінеді. Есептеу операциясы ол орталық банктің
мемлекет пен банктерден вексельдерді сатып алу.
Орталық банк әр түрлі мақсатпен бағалы қағаздарға ақша
жұмсауы мүмкін:
Біріншіден, көптеген өркендеген мемлекеттерде бюджеттердің
кемшілігін жабу мақсатында орталық банктің мемлекеттік
облигацияларды сатып алуы үкіметті несиелеудің ең басты және жалғыз
формасы болып табылады.
Екіншіден, орталық банктер мемлекеттік облигацияларды банк
жүйесін, ақша массасын, ақша несие саясатын жүргізу барысында мемлекеттік
облигациялардың курсын реттеу мақсатында сатып алады. Коммерциялық
банктердің ресурстарын ұлғайту үшін орталық банктер, мысалы,
депозитті операцияларды қолданады, яғни банктерден мемлекеттік бағалы
қағаздарды сатып алумен қатар оларды белгілі бір мерзімнен кейін
алдын – ала бекітілген бағамен сату жөніндегі өзіне міндеттеме
алады.

2.2. Несиелік ресурстар және олардың қалыптасу көздері

Нарық жағдайында банктердің ресурстық потенциалын
өсіру мәселелері және оның тұрақтылығын қамтамасыз ету
бірінші дәрежелі маңызға ие. Несиелік ресурстары халық
шаруашылығының уақытша бос ресурстар мен жинақтары (
ақшалай және тауарлай формада ) және банктік жүйенің арнайы
несиелеу үшін арналған қаражаттарының жиынтығы.
Несиелік ресурстар ақшалай ресурстардың бір формасы.
Демек, біздің көзқарасымызша, экономикалық белгісі бойынша
анағұрлым дұрысы, несиелік ресурстардың қайтарымдылық негізінде
уақытша пайдаланылатын ақшалай қаражаттардың бөліктері ретінде
айқындалуы болып табылады.
Коммерциялық банктер қарыз беру процесінде пайдалану
үшін жинақтайтын несиелік ресурстар келесі көздер есебінен
құралады:
• депозиттер;
• банкаралық займдар;
• депозиттік емес көздер;
• коммерциялық банктердің меншікті қаражаттары.
Несиелік ресурстардың алатын кеткен көздерін ретімен
қарастырайық..
Нарықтық экономикаға өту және банктік
жүйені басқару құрылымындағы және сызбасындағы өзгерістер несиелік
ресурстардың құрамында және көздерінде көрініс тапты.
Несиелік ресуртардың анағұрлым тұрақты бөлігі болып
депозиттік қаражаттар табылады, олар әр түрлі белгілері
бойынша жіктеледі. Депозиттердің салым ретінде орналастырылуы
мүмкін ең төменгі шегі деген ұғым жоқ .
Теория ең жоғарғы шегі бар, өйткені банк
Орталық банк анықтайтын өз қаражаттары мен міндеттемелері
арасындағы нормативтік арақатынасты сақтауға міндеттенеді.
Депозиттер деп әдетте клиенттердің банкке белгілі
бір талаптарының бар екенін куәландыратын банктік шоттардағы жазулар
немесе клиенттердің банктердегі келісімдер және шарттар
бойынша салымдар формасындағы ақшалай қаражаттары түсіндіріледі.
Депозиттік операциялар негізінде банктердің ресурстарының көп бөлігі
құралады. Банктік депозиттер жүйесі ғымдық салымдарды (
қажет уақытында талап ететін салымдар ), заңды және жеке
тұлғалардың мақсатты және мерзімдік салымдарын қамтиды.
Депозиттердің және депозиттік операциялардың
дүниежүзілік стандарт деңгейіне дейін дамуы Қазақстан
Республикасында нарықтық экономикаға тән, экономикалық
жағдайлардың құрылуына қарай бірте – бірте жүретін болады.
Мұндай жағдайлар болып коммерциялық банктердің толық
акционерленуі және олардың қызметтерінің коммерциялануы, екі
деңгейлік банктік жүйенің толық мәнді қызмет етуі,
салымшылардың мүдделерін қорғайтын құқықтық базаның жасалуы, ақша
айналымын және ақша массасын реттеудің және бақылаудың жаңа
әдістерін енгізу мен ең негізгісі – экономиканың нақты секторын
жандандыру болып табылады.
Банктік тәжірибеде депозиттер бірнеше критерийлер бойынша
жіктеледі: алыну формалары, салымшылардың категориялары, мақсатты
бағыттағы, және табыстылық дәрежесі бойынша. Депозиттерді және
депозиттік операцияларды ұйымдастырудың халықаралық тәжірибесі
шоттар формасының көптігімен ерекшеленеді. Депозиттік шоттар жүйесін
құру үшін база ретінде шетелдік коммерциялық банктердің
тәжірибесі пайдаланылуы мүмкін.
Нарық жағдайында коммерциялық банктер қолданылатын әр
түрлі критерий бойынша депозиттерді жіктеудің тәртібін
келесі 1, 2, 3, 4, сызбалардан көруге болады.
Бірінші сызбада көрсетілгендей, депозиттер алынуы
формалары бойынша екі топқа бөлінеді: Қажет уақытында
талап етілетін және мерзімді депозиттер.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттер шоттарда
сақталынатын қаражаттардың сипатына және тиістілігіне байланысты
былайша бөлінеді: кәсіпорындар және ұйымдардың, фирмалардың,
компаниялардың, концерндердің және басқа да заңды ұлғалардың
есеп айырысу және ағымдық шоттардағы қаражаттар; экономикалық
міндеті әр түрлі қорларды сақтау бойынша арнайы шоттардағы
қаражаттар; заңды тұлғалардың жекелеген шоттарындағы меншікті
қаражаттары; есеп айырысудағы қаражаттар; басқа банктер мен есеп
айырысуларға байланысты корреспонденттік шоттағы несиелік
қалдықтар; шетелдік банк – корреспонденттер шоттарындағы қаражаттардың
несиелік қалдығы. ( 3 – сызба ).

3 – сызба

Алыну формалары бойынша депозиттер

Мерзімсіз Депо Ағымдағы
салымдар зиттік шоттар
(толық серти дағы
сомада фикат салымдар
алынады) тар (толығы
мен
немесе
бөліктеп
алынады)
Меншік Депо Жинақ Жинақ
ті зиттік серти салым
мерзім серти фикат дары
ді фикат тар
салым тар
дар

4 – сызба

Салым иелерінің категориялары бойынша депозиттер

Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің ерекшеліктері
мынада: біріншіден, ақшаларды алу және салу кез келген
уақытта ешқандай шектеусіз бөліктеп те, толығымен де жүзеге
асырылады; екіншіден, ақшалар шоттан қолма – қол формада а, чек
арқылы да алынуы мүмкін; үшіншіден, шот иесі банкке шотты
пайдаланғаны үшін тұрақты айлық мөлшерлеме түрінде немесе
әрбір жазылған чек үшін комиссиялық алым төлейді;
төртіншіден, банк қажет уақытында талап етілетін депозиттер
бойынша Орталық банкке мерзімді депозиттерге қарағанда
ең төменгі резервті жоғары сәйкестікте сақтауға міндетті.
Қажет уақытында талап етілетін депозиттердің негізгі
артықшылығы ж оғары тиімділігі, оларды төлем қаражаттары
ретінде тікелей пайдалану мүмкіндігі болып табылады.
Мерзімді депозит анық белгілі бір мерзімі бар,
ол бойынша тұрақты пайыз төленеді және әдетте салымды
мерзімінен бұрын алуға шек қойылады. Мерзімді депозиттер
жеке тұлғалардың, компаниялардың, кәсіпорындардың және ұйымдардың
банктерде шоттарға алдын ала белгілі бір мерзімге, әдетте 1
айдан кем емес, орналастырған қаражаттарын білдіреді.
Мерзімді депозиттердің ерекшеліктері мыналар
болып табылады: біріншіден, шоттардағы қаражаттар есеп айырысуға
арналмаған және оларға чектер жазылмайды; екіншіден,
шоттардағы қаражаттар жай айналады; үшіншіден, мерзімі
депозиттер бойынша пайыз төленеді ( бұл кезде пайыздық
мөлшерлеменің ең жоғары деңгейі жекелеген кезеңдерде
Орталық банк арқылы реттелуі мүмкін ); төртіншіден, мерзімді
депозиттер үшін қажет уақытында алап етілетін депозиттерге
қарағанда міндетті резервтердің анағұрлым төлем формасы
белгіленеді.

5 – сызба

Корпорациялардың, фирмалардың және басқа да коммерциялық ұйымдардың
депозиттері

Мер Депо Ағым Конто Депо Белгі
зім зит дық коррен зит лен
сіз тік шоттар ттік тік ген
салы серти дағы шот серти мерз
мдар фикат салым тар фикат імге
тар дар дағы тар резе
салым рвтел
дар ген
салы
мдар
(тұрғын
үй
құрылы
сы)

Біздің банктік жүйеге қатысты мерзімді
депозиттердің біршама көп көрсететін формасы – бұл жеке
тұлғалардың жинақ салымдары. Олардың қаражаттары белгілі бір
шектеулермен алынуы мүмкін ( мысалы, алдын ала хабарлап ).
Қазіргі уақытта нарықтық экономикасы дамыған көптеген
елдерде депозиттерді жіктеу екі жағдайды ескеруге негізделген:
1) депозиттің мерзімі,
2) салымшылардың категориясы.
Аталып өткендей депозиттердің мерзімі бойынша
оларды потенциалда банктік ресурстар ретінде пайдаланумен
байланысты ерекшеліктері бар. Салымшылардың категорияларына
байланысты, әдетте, шоттардың келесі түрлері бөлінеді: жеке тұлғалардың,
корпорациялардың, акционерлік компаниялардың, орталық үкіметтің,
жергілікті үкімет органдарының, қаржылық мекемелердің, шетелдік
салымшылардың шоттары
( 4, 5, 6 – сызбалар ).

6- сызба

Жеке тұлғалардың депозиттері

Мерз Депо Ағы
ім зит мдық
сіз тік шот
салы сер тарға
мдар тифи салы
кат мдар
тар
Инвести Демалыстық
циялық салықтық
шоттардағы салымдар
салымдар

Соңғы уақытта депозиттердің кейбір категорияларының
арасындағы анық шекара жойылуда, депозиттердің әр түрлі түрлерінің
қасиеттерін біріктіретін гибридтік шоттар пайда болуда (
мысалы, қажет уақытында талап ететін және мерзімді салымды
біріктіретін шоттар ).
Банкаралық зайымдар – банктің ресурстық потенциалының
тұрақтылығын қолдау үшін ресурстарды қалыптастырудың маңызды көзі.
Банкаралық несиелеу банктің тиімділік тенденциясын қолдау мақсатында
жүзеге асырылады және негізінен қысқа мерзімді сипатта болады. Банкаралық
займдар корреспонденттік қатынастар шеңберінде жүреді және
банк ресурстарының басқа көздеріне қарағанда қымбат болады.
Банкаралық займдардың ерекшелігі мынада: біріншіден,
банкаралық ресурстар банкаралық ақша нарығынан тартылады,
екіншіден, әдетте, банкаралық несилерді тарту клирингтік орталықтағы
корреспондеттік шоттардың ақшалай қаражаттардың қалдықтары
шегінде жүзеге асырылады.
Банкаралық ақша нарығында депозиттерді
берудің және қайтарудың іс жүзінде кез келген комбинациялы
мерзімдерімен бірге жасайтын несиелік мәмілелердің әр түрлі
шарттары кең тараған.
Осылайша ең қысқа мерзімді займ болып
бір күндік қысқа ақшалар деп аталатын немесе овернайт
депозиті олып ( несиелік ресурстардың ертең қайтарылуы мен
бүгін берілуі ) табылады. Бір күндік ақшалар ақша
нарығында жоғары сұранысқа ие, сондықтан, бұл займдар
бойынша пайыздық мөлшерлеме ( сыйақы ) кейде анағұрлым ұзақ
мерзімдік несиелік ресурстар бойынша мөлшерлеме деңгейінен
бірнеше есеге асып кетеді.
Банктердің нақтылы тартылған ресурстар шегінде
жұмыс істеуі банкаралық несиелеуде автоматизмді болдырмайды.
Коммерциялық есиелік ресурстарды тіпті бір
күнге тартуының өзі сәйкес мәмілені жасауды және талапқа
сай рәсімдеуді талап етеді. Бұл жағдай коммерциялық банктердің
жұмысын қауырт көрсетеді. Оларды сағат сайын несиелік жұмсалымдарды
қайта қаржыландыру мәселелерімен, яғни қор шоттарға уақытында
дем беріп және байланыстың тиімді құрылымын қолдап отыру
үшін нарықтан бос несиелік ресурстарды іздеумен айналысуға
әжбүр етеді. Соңғысы, банктің міндеттемелері бойынша
төлейтін талаптардан ағымдық түсімдер себінен дер кезінде
төлеуді қамтамасыз ететіндей арақатынастың сақталуын
ұйғарады. Егер ертең коммерциялық банктің клирингтік
орталығындағы қор шотында тапшылық орын алатын болса,
онда, тіпті мерзімі бірсүгінде белгіленген ірі ақшалай
түсімдердің өзі және банктің операциясының есеп айырысу тиімділігінің
мүмкүндігі қаражаттарды ертең деп белгілеген мерзімге терта
отырып, мысалы, бірсүгінде қайтару міндетінен босатпайды.
Банкаралық ақша нарығында бос несиелік қаражаттар
жетіспеген жағдайда коммерциялық банк Орталық банктен қысқа
мерзімді несие ала алады, ол банктік жүйеде соңғы
инвестициялы кредитор қызметін орындайды және коммерциялық
банкке өтімдіктің уақытша дағдарысын жеңуде көмек көрсете
алады.
Банкаралық несиелік ресурстардың екінші деңгейдегі банктер
арасындағы қозғалысы, айналымдағы ақша массасы көлемінің
өзгеруіне әкелмейді. Ол тек қатаң бақыланатын ақша массасы
агрегаттарының М0, М1, М2, М3 – арасындағы өзгерістерді тудырады.
Өйткені, коммерциялық банктер мәмілелерді тек тартылған несиелік
ресурстар және Орталық банктің ақша эмиссиясы негізінде ғана
жасайды.
Коммерциялық банктер басқа кез келген заңды
тұлға сияқты ресурстарды бағалы қағаздар, акциялар, облигациялар,
депозиттік және жинақ сертификаттарын шығару жолымен жинақтау
құқығы бар. Бұл қаражаттар несиелік ресурстардың депозиттік емес
көздеріне жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің депозиттік операциялары және олардың қорларды қалыптастыруындағы ролі
Банкілік ресурстар: құрамдау көздері және реттеу жолдары
Коммерциялық банктердегі депозиттік саясат
Коммерциялық банктердің операциялары. Банктің пассивтік операциялары
Банктердің пассивтік операцияларын талдау
НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖАҒДАЙЫНДА БАНК ЖҮЙЕСІНІҢ МӘНІ МЕН ДАМУ БАҒЫТТАРЫ
Меншікті мерзімді депозиттер
Банктегі депозиттік операциялар және олардың есебі
Пассивті операциялар жайлы
Коммерциялық банктегі қаржылық талдау пәнінің оқу-әдістемелік кешені
Пәндер