Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің құқықтық және экономикалық аспектілері



Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау Отандық және шетелдік инвестиция: теориясы, методологиялық негіздері
1.1 Инвестиция мәні, қызметі, түрлері және нысандары
1.2 Отандық және шетелдік инвестицияның әлеуметтік.экономикалық мәні, тартудың нысандары және олардың тиімділігі
1.3 Отандық және шетелдік инвестицияны мемлекеттік реттеудің халықаралық тәжірибелері

ІІ тарау Қазақстан Республикасында отандық және шетелдік инвестицияны мемлекеттік реттеу мәселелеріне экономикалық, құқықтық баға беру
2.1 ҚР.да инвестициялық іс.әрекетті реттеуші нормативтік актілер қызметі және тиімділігі
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ақша.несие және фискалды саясаты . инвестицияны реттеудің белсенді құралы ретінде
2.3 Инвестициялаудың білім беру қызметі рыногын дамытудағы ролі

ІІІ тарау Инвестицияны мемлекеттік реттеудің стратегиялық аспектілері
3.1 Отандық және шетелдік инвестиция және ұлттық экономикалық қауіпсіздік
3.2 Инвестицияны мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру саясаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер
Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді. Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына айналып кеткен ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде инвестиция түсінігіне анықтама беруде көп талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына, кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік пен интеллектуалдық құндылықтардың барлық түрі енеді.
Инвестиция латынның «investio» сөзінен шыққан, яғни қандай да бір нақтылы шаралар есебінен табыс алу мақсатында ресурстарды бағыттауды білдіреді.
Инвестиция ұғымының мәнін ең алғашқылардың бірі болып Платон және Аристотель ашуға тырысқан, олар инвестицияны ақша қызметімен тығыз байланыстырды.
Кейіннен бұл сұрақты меркантилистер Т.Ман, Д.Юм, Ж.Кольбер және физиократтар Ж.Тюрго, Т.Сиенс, Ф.Кэне толығырақ қарастырды. Әр мектептің сәйкесінше, өзіндік көзқарастары болды. Меркантилистер мектебі халықаралық сауда аумағында белсенді протекционистік саясат жүргізудің қажеттігін қарастырды, мұның өзі сауда балансының сальдосына жағымды негіз қалыптастырады және экономиканың маңызды салаларында мемлекеттің инвестициялық белсенділігін арттырады.
Физиократтар мектебі инвестициялау негізін жер ісіне бағыттау керек деп есептеді.
У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, Д.Юм, Т.Мальтус секілді классикалық политэкономистер инвестиция мәнін толығырақ ашты және инвестицияны қоғамның өндірістік және өндірістік емес салаларына бөлудің моделдерін анықтап, инвестиция көлемінің артуының мемлекет экономикасына қаншалықты әсерінің бар екенін талдауға тырысты. Олар сонымен қатар нарықтың, соның ішінде инвестициялық нарықтың өзіндік реттелуіне көңіл бөлді.
Уильям Петти өзінің «Салықтар және жинақтар жайлы трактат» атты еңбегінде мемлекетке жүктелген шығындар түрлерін тереңірек талдады.
Монетаристік бағыттың өкілі М.Фридмен ақша-несие саясатының инвестициялық процеске белсенді әсерінің қажеттігін негіздеді.
Экономикалық теорияның атасы саналатын А.Смит өзінің «Капитал, оның жинақталуы мен қолданылу табиғаты» кітабында: «Адам өзінің қорының қандай бір бөлігін капитал ретінде шығындаса да, оның өзіне әрдайым табыспен қайтуын күтеді» деп жазады.
1. Ж.О. Ихданов, Ә.О. Орманбеков, «Экономиканы мемлекеттік реттеудің өзекті мәселелері» Алматы, Экономика, 2002ж.
2. Экономикалық теория негіздері. Оқу құралы. Я.А.Аубакиров, Е.Б.Жатқанбаев, М.Д.Исқалиев т.б. – Алматы, 1998.
3. Инвестиционный рейтинг Казахстана // Офиальный сайт ЗАО «Казинвест », 2006г.
4. Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация в Казахстане и перспективы ех позитивных сдвигов” //Европейское сообщество. М 3. 2004г,
5. Қазақстан Республикасының “Инвестиция туралы” заңы. 2003 жыл және 2005, 2006 жылдардағы енгізілген өзгертулермен
6. Қазақстан Жоғарғы мектебі. №2, 2007ж . Инвестиции глазами классиков экономики.
7. Қазақстан Жоғары мектебі, №1, 2007ж. О государственном регулировании инвестиционного процесса.
8. Аль-Пари №1,2008ж. Инвестиции и государственное регулирование
9. Аль-Пари №2, 2007ж (78-80б). К вопросу об иностранных инвестициях.
10. ҚазҰУ хабаршысы, Заң сериясы №2 (42) 2007ж. Қожабек К.М ҚР инвестициялық заңдарын жетілдірудің кейбір мәселелері.
11. Иманбаев Т.Т Инвестиционная политика и оценка эффективности инвестиционных решений. Аалматы, Жеті Жарғы. 1995
12. С.Мороз. Кто защитит инвестора. Страна и мир.2005
13. Ғ.Даулиева. Білім беру саласының экономикасы.
14. Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Ұлттық Банкінің және Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігінің Экономиканы және қаржы жүйесін тұрақтандыру жөніндегі
2009 – 2010 жылдарға арналған бірлескен іс-қимыл жоспары
15. Ковалев В.В. Финансовый анализ. Алматы, Финансы и статистика. 2004 год.
16. Абдулпаттаев С. Халықаралық қатынастар және Қазақстанның сыртқы саясаты. А.Қарасай – 2006ж.
17. «Қазақстан – 2030» стратегиялық жоспары
18. Н. Назарбаев. Қазақстан жолы. Астана-2007ж
19. В.Е. Черкасов. Международные инвестиции. - М.: Дело, 1999
20. Бочаров В.В. Инвестиционный менеджмент. Учебное пособие. Москва. 1987г.
21. Нурланова. Н.К. “Инвестиционная ситуация в Казахстане и перспективы ех позитивных сдвигов” //Европейское сообщество. М 3. 2004г,
22. Қ.Тоқаев. Внешняя политика Казахстана в условиях глобализации.
Алматы, 2000ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   
Тақырыбы: Қазақстанда инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеудің
құқықтық және экономикалық аспектілері

Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
І тарау Отандық және шетелдік инвестиция: теориясы, методологиялық
негіздері
1.1 Инвестиция мәні, қызметі, түрлері және нысандары
1.2 Отандық және шетелдік инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні,
тартудың нысандары және олардың тиімділігі
1.3 Отандық және шетелдік инвестицияны мемлекеттік реттеудің
халықаралық тәжірибелері

ІІ тарау Қазақстан Республикасында отандық және шетелдік инвестицияны
мемлекеттік реттеу мәселелеріне экономикалық, құқықтық баға беру
2.1 ҚР-да инвестициялық іс-әрекетті реттеуші нормативтік актілер
қызметі және тиімділігі
2.2 Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ақша-несие және фискалды
саясаты - инвестицияны реттеудің белсенді құралы ретінде
2.3 Инвестициялаудың білім беру қызметі рыногын дамытудағы ролі

ІІІ тарау Инвестицияны мемлекеттік реттеудің стратегиялық аспектілері
3.1 Отандық және шетелдік инвестиция және ұлттық экономикалық
қауіпсіздік
3.2 Инвестицияны мемлекеттік реттеу механизмін жетілдіру саясаты

Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І тарау. Отандық және шетелдік инвестиция: теориясы, методологиялық
негіздері

1. Инвестиция мәні, қызметі, түрлері және нысандары

Жаңа қоғам өзінің соны өзгерістерін бірге ала келетіні белгілі. Сол
сияқты нарықтық экономика да біздің қоғамға инвестиция ұғымын ала келді.
Бұл өркениетті әлемде әлдеқашан қарым-қатынастың қалыпты заңдылығына
айналып кеткен ұғым болып табылады.
Экономикалық әдебиеттерде инвестиция түсінігіне анықтама беруде көп
талас жоқ. Қалыптасқан пікір бойынша оның құрамына пайда, табыс және
әлеуметтік эффект алу мақсатында экономика салаларының барлық нысандарына,
кәсіпкерлік қызметті дамытуға жұмсалатын меншік пен интеллектуалдық
құндылықтардың барлық түрі енеді.
Инвестиция латынның investio сөзінен шыққан, яғни қандай да бір
нақтылы шаралар есебінен табыс алу мақсатында ресурстарды бағыттауды
білдіреді.
Инвестиция ұғымының мәнін ең алғашқылардың бірі болып Платон және
Аристотель ашуға тырысқан, олар инвестицияны ақша қызметімен тығыз
байланыстырды.
Кейіннен бұл сұрақты меркантилистер Т.Ман, Д.Юм, Ж.Кольбер және
физиократтар Ж.Тюрго, Т.Сиенс, Ф.Кэне толығырақ қарастырды. Әр мектептің
сәйкесінше, өзіндік көзқарастары болды. Меркантилистер мектебі халықаралық
сауда аумағында белсенді протекционистік саясат жүргізудің қажеттігін
қарастырды, мұның өзі сауда балансының сальдосына жағымды негіз
қалыптастырады және экономиканың маңызды салаларында мемлекеттің
инвестициялық белсенділігін арттырады.
Физиократтар мектебі инвестициялау негізін жер ісіне бағыттау керек
деп есептеді.
У.Петти, А.Смит, Д.Рикардо, Ж.Б.Сей, Д.Юм, Т.Мальтус секілді
классикалық политэкономистер инвестиция мәнін толығырақ ашты және
инвестицияны қоғамның өндірістік және өндірістік емес салаларына бөлудің
моделдерін анықтап, инвестиция көлемінің артуының мемлекет экономикасына
қаншалықты әсерінің бар екенін талдауға тырысты. Олар сонымен қатар
нарықтың, соның ішінде инвестициялық нарықтың өзіндік реттелуіне көңіл
бөлді.
Уильям Петти өзінің Салықтар және жинақтар жайлы трактат атты
еңбегінде мемлекетке жүктелген шығындар түрлерін тереңірек талдады.
Монетаристік бағыттың өкілі М.Фридмен ақша-несие саясатының
инвестициялық процеске белсенді әсерінің қажеттігін негіздеді.
Экономикалық теорияның атасы саналатын А.Смит өзінің Капитал, оның
жинақталуы мен қолданылу табиғаты кітабында: Адам өзінің қорының қандай
бір бөлігін капитал ретінде шығындаса да, оның өзіне әрдайым табыспен
қайтуын күтеді деп жазады.
Классиктер өз көзқарастарымен инвестициялық теория, инвестициялық
модел концепциясы, инвестициялық процесс параметрлері аумағындағы
зерттеулердің одан әрі жалғасуына негіз қалады. Классиктермен анықталған
инвестициялық моделдің негізгі сипаттары инвестициялық теорияның кейінгі
дамуын анықтады.
Марксистік мектеп инновациялық инвестицияны қоғамның экономикалық өсуі
мақсатында қолданудың қажеттігін қарастырды.
Маржиналистер – К.Менгер, Ф.Визер, Дж.Кларк микроэкономикалық
инвестициялық талдаумен байланысты шекті пайдалылық теориясының негізін
қалады. Олар инвестициялық ресурстарға, инвестициялық салымдардан алынған
тауарларға сұраныс пен ұсыныс конъюктурасына әсер етуші маңызды факторлар
қатарын көрсетті. Инвестициялық тауарлардың шекті пайдалылығына анықтама
беріп, кәсіпорындардың экономико-математикалық моделдерін жасады.
Кейнсиандықтар инвестициялық саясат бағытында зерттеулер жүргізіп,
инвестицияларды экономикалық әсерлер алу мақсатында фискалды және
кредиттік саясат арқылы бағыттау шарттарымен елдің экономикалық дамуын
мемлекеттік реттеудің қажеттігін негіздеді.
Кейнсиандықтар белсенді инвестициялық саясаттың жалпы ұлттық табыстың
өсіміне, сәйкесінше әлеуметтік даму деңгейіне, инфляция, шаруашылық
жүргізуші субъектілердің инвестициялық мінез-құлқына тікелей және жанама
әсерін анықтады. Дж.Кейнс алғашқылардың бірі болып кәсіпорынның
инвестициялық саясаты мен мемлекеттің ішкі макроэкономикалық саясатының
арасындағы байланысты талдады. Кейнс ережесі бойынша, кез-келген
инвестицияның өсуі жиынтық табыстардың артуына әкеледі, ал бұл өз кезегінде
болашақ инвестициялардың потенциалды негізін қалыптастырады.
Кейнс инвестициялық мультипликаторға анықтама берді, яғни нақты
инвестицияларды көбейту мемлекеттің ұлттық табысының артуына әкеледі.
Кейнстің ізбасары А.Хансен инвестициялық акселератор ұғымын енгізді,
яғни, ұлттық табыстың өсуі және инвестиция көлемінің артуының өзара
байланысы ұлттық табыстың артқан кезінде нақты инвестициялар көлемі
қаншалықты деңгейде көбейетіндігін білдіреді.
Неокейнсиандық мектеп өкілдері Дж.Хикс, Р.Харрод макроэкономикалық
талдаудың динамикалық әдістерін қолдана отырып, макроэкономикалық теңдікті
реттеу механизмінің инвестициялық моделін көрсете білді. Олар инновациялық
саясат роліне, сондай-ақ инвестициялық процесті несиелеудің маңыздылығына
үлкен мән берді.
Рой Харрод ұлттық табыстағы жинақтар мөлшері тұрақты болып табылады,
себебі адамдардың жинақтарын жүргізуге итермелейтін себептер де тұрақты
болады деп есейтейді. Неокейнсиандық Харрод өз көзқарастарында
институционалдық позицияны да ұстанады. Харрод бойынша, шынайы және
кепілдендірілген өсу екпініне мемлекеттің араласуынсыз қол жеткізу мүмкін
емес.
Эльвин Хансеннің циклдар теориясы көрсеткендей, циклдар теориясы –
инвестициялық теория болып табылады. Хансен негізгі капиталдағы капитал
салымдарының теңсіздігі экономикалық циклдың тербелісіне әкеледі деп
есептейді.
Бұл және өзге теориялардың бір кемшілігі деп көптеген экономистердің
инвестициялық теория мәселелерін жалпы экономика заңдарының көзқарасымен
ғана қарастыруын айтсақ болады. Негізінде экономикадан тыс немесе
институционалды факторларды да ескеру қажет.
Институционалистер (Торстейн Веблен, Фридрих Лист, Густав Шмоллер,
Карл Бюхер) қаржылық инвестиция сферасына, жекелеген қаржылық құралдарға
басым көңіл бөле отырып, нақты инвестициялар саласын кеңейтті.
Институционализм деп аталған жаңа ағым политэкономия мен социологияның
жапсарында пайда болды. Бұл бағыттың негізін салушы Торстейн Веблен.
Көқарастар әлеуметтік-экономикалық процесстердегі мемлекет ролінің артуына
негізделді. Институционалистердің пікірі бойынша, қоғамның игілігі тек
қана мемлекеттің экономиканы реттеуге атсалысуының арқасында ғана мүмкін
болады.
Техикалық прогресстің күрт дамуының арқасында индустриалды-
технократиялық деген атаумен аталған ағымның жаңа бағыты пайда болды.
Бағыттың жетекшісі Дж.Гэлбрейт болып табылады. Ол: Ешбір аш адамды, егер
ол әрине сау болса, өзінің соңғы долларын тамақтан өзге бір нәрсе сатып
алуға көндіре алмайсың. Бірақ, жақсы тамақтанып, киінген, жақсы тұрғын үй-
жайы бар, басқа да қатынастарда жақсы қамтамасыз етілген адамды электрлік
ұстара немесе электрлік тіс щеткасын сатып алуға көндіруге болады, – деп
жазады.
Людвиг фон Мизес және оның шәкірті Фридрих фон Хайек, А.Фергюсон,
А.Смит, Д.Юм секілді өкілдері бар неоавстрийстік мектеп өзінің
методологиялық индивидуализм базасында құрылған теориясында экономика
шегінен шығып, әлеуметтік қатынастар саласының мәселелерін қозғады.
[6 әд. 291-294б.]
Осы және өзге де классикалық мектеп өкілдерінің пікірлерін қорытар
болсақ, инвестициялар қосымша құнды қалыптастыруға бағытталып,
әлеуметтік және экономикалық әсерлер алуға бағдарланады.
Инвестиция теориялық тұрғыдан қарастырғанда ұлттық табысты өсіру
мақсатымен әрекет етуші капитал құнын жинақтауды білдіреді. Құнды жасауға
бағытталған капитал салымдары. Демек, инвестициялар дегеніміз бұл -
қосымша құнды жасауға бағытталған капитал салымдары.
Инвестиция салымдарының өнімі – болашақтағы әлеуметтік және
экономикалық әсерлер игілігі болып табылады.
Инвестиция құралы ақша қаражаттарынан, мақсатты банк несиелерінен,
үлестік жарналардан, акциялар мен басқа да бағалы қағаздардан, жылжымайтын
және жылжымалы мүліктерден, жерді пайдалану құқығынан, табиғи қорлардан
және тағы басқалардан тұрады.

Инвестицияның барлық жиынтық көздерін ішкі және сыртқы деп екі топқа
бөлуге болады.
Сыртқы инвестициялар мазмұнына елімізге әртүрлі кредиттер формасында
келіп жатқан шетелдік капитал (халықаралық қаржылық ұйымдардың, донор-
елдердің, коммерциялық кредиттер) жатады.
Шетелдік кредиттер өзіндік қаржы қоры жеткіліксіз болған жағдайда
инвестициялық процеске импульс береді. Шетелдік кредит инвестиция көзі
ретінде тек жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ғана емес, сондай-ақ дамыған
батыс елдері үшін де үлкен маңыздылыққа ие. Шетелдік кредиттер әртүрлі
формада беріледі: тауарлық (экспортерлардың өз импортерларына) және
валюталық; мәніне қарай (коммерциялық, қаржылық); қамтамасыз ету деңгейіне
байланысты (қамтамасыздандырылған, бланкілік); берілу технологиясына қарай
(облигациялық қарыз, депозиттік сертификат); кредиттеу субъектісіне
байланысты (жеке, үкіметтік, аралас) және мерзіміне қарай.
Бұл аталған қарыз формаларының өз артықшылықтары мен кемшіліктері бар.
Барлығына ортақ кемшілігі – кредиттер елдің сыртқы қарызын арттырады және
ұлттық экономикадан осы сыртқы қарыздарды өтеуде үлкен шығыстарды талап
етеді. Қарыз алушы елдің экономикалық тәуелсіздігі төмендеп, ақша
айналысының тұрақтылығы бұзылады.
Ішкі инвестицияларды нақты, қаржылық және интеллектуалды деп бөлеміз.
Қаржылық инвестициялар акцияларға, облигацияларға, яғни бағалы қағаздарға
салынатын, ал нақты инвестициялар бұл қандай болмасын өнімді өндіруге
салынған капитал, қоғамның нақты капиталын көбейтуді қамтамасыз ететін
салым болып табылады. Интеллектуалды инвестициялар – мамандар дайындауға,
тәжірибе бөлісуге, лицензия алуға, ғылыми зерттеулер жүргізуге салынатын
салымдар болып табылады.
Бұдан өзге инвестициялар келесідей түрлерге бөлінеді: венчурлық,
тікелей, портфельдік, аннуитеттік.
Венчурлық капитал - бұл тәуекелділік күрделі қаржыны салуды білдіруде
қолданылатын термин. Венчурлық капитал үлкен тәуекелділікпен жаңа іс-әрекет
саласына салынатын инвестиция. Мысалы, жаңа акцияларды шығару түрінде.
Венчурлық капитал өзара байланыстары жоқ жобаларға салынады да, салынатын
қаржының тез арада орнына келуіне есептеледі.
Күрделі қаржының жүзеге асуы, кәсіпорын клиенттерінің акцияларының бір
бөлігін сатып алу арқылы немесе оған қарыз беріп, оның ішінде ол қарыздарын
акцияға айналдыруымен жүргізіледі. Капиталды тәуекелділікпен салу жаңа
технологияны енгізген ұсақ инновациялық фирмаларды қаржыландыру
қажеттілігінен туады. Тәуекелділік капиталға әртүрлі капитал түрлерін
үйлестіре береді: қарыздық, акционерлік, кәсіпкерлік. Ол сондай-ақ ғылыми-
өнертапқыштық фирмалардың венчурлық деп аталатын құрылуына делдалдық
жасайды.
Тікелей инвестициялар - бұл шаруашылық субъектісіне табыс алу үшін
және осы шаруашылық субъектісінің басқару органдарына қатынасуға құқыққа ие
болу үшін, жарғылық капиталға өзінің салымын салу.
Портфельдік инвестиция - бұл өзінің портфелін құрап алумен байланысты
және бағалы қағаздар мен басқадай активтерді сатып алу түріндегі
инвестиция. Портфель - бұл әртүрлі инвестициялық құндылықтардың бірігіп
жинақталғаны, әрі салым иесінің нақтылы инвестициялық мақсатқа жетуіне
қызмет көрсететін құралы. Портфельге бағалы қағаздардың бір түрі немесе
әртүрлі инвестициялық бағалылықтар: акциялар, облигациялар, жинақ және
депозиттік сертификаттар, аманаттық куәліктер, сақтандыру полистері және
басқалары кіреді.
Аннуитет - жеке адамның салған инвестициясы. Бұл адамның
зейнеткерлікке шыққаннан кейін, кейбір аралықтарда оған үнемі белгілі кіріс
әкеліп тұратын салымы. Бұл - негізінен сақтандыру және зейнетақы қорына
салынатын қаржы.
Инвестицияның субъектілері:
- Мемлекет;
- Заңды және жеке тұлғалар;
- Кәсіпорындар, фирмалар, банктер;
- Әр түрлі қорлар (сақтандыру, зейнетақы, инвестициялық және тағы
басқа).
Инвестициялардың объектілері:
- Ұлттық экономиканың салаларындағы негізгі және айналмалы салалар;
- Бағалы қағаздар.
Инвестиция көздері:
1) Мемлекеттік бюджет
2) Жеке меншік қаржы қаражаттары (пайда, амортизациялар төлемі,
жинақтар, артық мүлікті ұстаудан түскен қаражаттар).
3) Инвесторлардың қарызға алған қаржылары (акциялар сату, жарналары,
пайдалары, шетелдік инвестициялар, бюджеттен тыс қорлар
қаражаттары).
Инвестициялық қызмет дегеніміз – заңды тұлғалардың, азаматтардың және
мемлекеттің инвестицияларды жүзеге асыру жөніндегі практикалық іс-
әрекеттерінің жиынтығы болып табылады. Олар төмендегідей инвестициялық
сфераларда жүзеге асырылады: а) күрделі құрылыс; ә) инновациялық сфера; б)
қаржы капиталын пайдалану сферасы; в) қозғалатын және қозғалмайтын мүлік
нарығындағы мүліктік құқықтарды жүзеге асыру сферасында (кепілдік құқық пен
ипотекалық несиені қоса есептегенде).

Инвестициялық іс-әрекеттерді мемлекеттік реттеу жағдайлары
Экономиканың тұрақты өсуін қалыптастыруда мемлекеттің инвестициялық
процестерге әсері арта түседі. Капитал салымдарын арттырмайынша өндірістің
құрылымдық қалыптасуын, оның техникалық деңгейін арттыру мүмкін болмайды.
Мемлекеттің инвестициялық қызметті реттеуінің принциптері келесідей:
1. Экономикалық қауіпсіздік;
2. Мемлекеттің инвестициялық мақсаттарын жүзеге асыру;
3. Инвестициялық ресурстарды пайдаланудың басымдықтарын анықтау;
4. Заңнамаға қайшы емес инвестициялық қызмет іс-әрекеттеріне
мемлекеттік билік органдарының араласпауы;
5. Инвестициялау еркіндігі;
6. Инвесторлардың тең құқылығы;
7. Инвестициялардың қорғалуы және т.с.с
Инвестициялық қызметті мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары:
- Инвестициялық қызметті заңдық – құқықтық реттеу;
- Атқарушы билік жүйесіндегі қажетті басқару құрылымын жасау, олар:
инвестициялық процесске қатысушылардың қызметін реттейді,
үйлестіреді, бақылайды.
- Инвестициялық ахуалды және оның тиімділігін анықтап, тиісті
институттарды қалыптастыру. Бұл арада институттар дегеніміз –
инвестициялық ортаны қалыптастыратындардың барлығы. Яғни, ережелер
жиынтығы, екіжақты, көпжақты келісімдерді көрсететін шарттар, сондай-
ақ инвесторлар мен сыртқы ортаны байланыстыратын ақпараттық база;
- Мемлекеттік инвестициялық стратегияны талдап, жасау және оны жүзеге
асыру жолдарын қарастыру.
Инвестициялық іс-әрекетті мемлекеттік реттеудің формалары мен әдістері
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 қаңтардағы N373 Инвестициялар
туралы Заңында көрініс тапқан. Заң Қазақстан Республикасындағы
инвестицияларға байланысты қатынастарды реттейдi, инвестицияларды
ынталандырудың құқықтық және экономикалық негiздерiн айқындайды, Қазақстан
Республикасында инвестицияларды жүзеге асырған кезде инвесторлардың
құқықтарын қорғауға кепiлдiк бередi, инвестицияларды мемлекеттiк қолдау
шараларын, инвесторлар қатысатын дауларды шешу тәртiбiн белгiлейдi.
Қазақстанда инвестициялық процестерді тікелей басқару қызметімен елде
1996 жылы құрылған инвестиция жөніндегі комитет айналысады. Комитеттің
негізгі қызмет аясына инвестициялық ынтымақтастық мәселелеріне қатысты
халықаралық келісімдерді қарап, қол қою және тікелей шетелдік
инвестицияларды тарту, сондай-ақ тікелей инвестициялар жөніндегі орталық
және жеке үкімет органдарының актілеріне экспертиза жасау кіреді.
Сыртқы байланыс орнатуды басқару қызметімен Қазақстан Республикасының
Қаржы Министрлігі және қарыз алушы банктер (Ұлттық Банк), Қазақстан Даму
Банкі, сондай-ақ Экспорт және импорт банкі айналысады.
Қаржы министрлігі халықаралық капиталды тартуда бақылау орнату,
ұсыныстарды дайындау, оларды ұйымдастыру жұмыстарымен айналысады.
Қазақстанда капиталдарды жұмсаудың нақты бағыттарын анықтайды.
ҚР Ұлттық Банкі тек қана жекелеген жағдайларда халықаралық қаржы
ұйымдарынан мемлекет атынан қарыз алушы ретінде қатысады.
Портфельді инвестицияларды реттеуді бағалы қағаздар жөніндегі комитет
жүзеге асырады. Комитетке келесідей қызметтер жүктелінген: құқықтық базаны
қалыптастыру, рыноктың инфрақұрылымын жасау, заңдарды бірыңғайлау,
инвестиция ұйымдарының қызметін қадағалау.
Қазақстан Республикасы аумағындағы шетелдік инвесторлар іс-әрекетін
реттеудің келесідей әдістері қолданылады:
- Мемлекеттік нормалар мен стандарттарды және міндетті сертификациялау
ережелерін сақтауға қадағалау жасау. Яғни, Инвестициялар туралы
заңға сәйкес инвестициялық іс-әрекет субъектілері Қазақстан
Республикасының заңдарымен бекітілген нормалар мен талаптарды
орындауы тиіс. Егер инвестициялық іс-әрекет бағыты оның жүзеге
асырылуы үшін сертификатты қажет ететін болса, онда мемлекет осы
сертификаттың алынуын қадағалайды.
- Монополияға қарсы шаралар. Экономиканың белгілі бағытын
инвестициялауда мемлекет инвестициялық әрекетке қатысушы әрбір
тұлғаға бірдей жағдай жасауы тиіс, яғни экономиканың жекелеген
бөліктерінің бір инвестормен монополизациялануына жол бермеуі қажет.
Жекелеген жағдайларда экономика секторын инвестициялау үшін
инвесторлар арасына конкурстық таңдау жасалынады (тендер
жарияланады).
- Инвестициялық жобалардың экспертизасы. Яғни, берілген жоба, сала
және инвестициялық бағдарлама бойынша инвестицияларға баға беру.
Әлеуметтік саладағы қызметтер мен бірқатар инфрақұрылымдық қызметтер
қоғамдық болып табылатындықтан, экономикалық табиғатына сәйкес олардың
рыноктық бағасы есептелмейді. Бұл жағдайда олардың өндірісінің әсерлілігін
қалай анықтауға болады деген сұрақ туындайды. Мұнда үш жағдайды көрсетуге
болады:
Біріншісі, әлемдік тәжірибеге сәйкес норманы анықтаудан тұрады, яғни
әлеуметтік сфераның әр түрлі салаларына жан басына шаққанда қанша қаржы
жұмсалатыны есептеледі. Осыдан келе қай бағытта қаржының дефициті
байқалатындығын бағалауға болады.
Екінші жағдай мемлекеттің инвестициялық бағдарламарды қабылдауына
негізделеді. Осы бағдарлама аясындағы барлық жобалар әлеуметтік –
экономикалық қайтарымына байланысты сарапталады. Яғни, жобаның тұтас
экономикаға оң әсерінің бар-жоғын анықтайды. Бұдан соң мемлекеттік бюджет
қандай жобаларды жүзеге асыру керектігін көрсетеді. Мұндағы артықшылық
бюджетті үнемді жұмсау мен бюрократиялық зорлыққа жол берілмеуді қамтамасыз
ету болып табылады. Кемшілігі бағалаудың ұқсас методологиясын қолдану мен
үлкен көлемдегі әр түрлі жобаларды қайта бағалаудың орын алуында жатыр,
мұнда көптеген бағаланған жобалар жүзеге аса бермейді. Сол себепті де, тек
аз ғана ел мемлекеттік инвестицияларға қатысты бағдарламалық жолды табысты
жүзеге асыра алды.
Үшіншісі, инвестициялық бюджет халық шаруашылығының әр саласы бойынша
жекелей және бюджет параметрлерімен анықталған жалпы шығындарды бақылау
арқылы жүргізіледі. Нәтижесінде инвестицияларды жоспарлау орталықтан
жүргізіліп, аймақтық ерекшеліктер ескеріледі. Кемшілігіне инвестицияның
жалпы экономикалық қайтарымдылығын есептеу мен салыстырудың жүзеге аспауы
жатады.
Мұнымен қоса, әр түрлі принцитерді қолдану осы әдістердің әсерлілігін
арттырады. Біріншісі, ағымдағы эксплуатациялық шығындарға бюжтеттік
қаржыларды нақты жүйелеу және үкіметтің қаржыландыруындағы барлық
инвестицияларды бюжеттік жоспарға кіріктіру. Екіншіден, инвестициялық
жобаларды бағалау үшін бірыңғай ережелерді бекіту, салалар бойынша кәсіби
мамандарды дайындау, орталық ведомстволарда қатаң экспертизаларды жүзеге
асыру. Үшіншіден, инвестициялық жобаларды жүзеге асыруда мемлекеттің қатаң
бақылау орнатуы.
Инвестициялау жөніндегі шешім қабылдаудағы негізгі мәселе –
инвестициялық жобаларды объективті бағалау. Мемлекет деңгейінде
жүргізілетін жобаларды бағалау оңай шаруа емес. Инвестициялық жобалардың
тиімділігін бағалауда таза ағымдағы құн, рентабельділік, ішкі табыстылық,
өтелу мерзімі сияқты көрсеткіштерді есептеумен қатар, ақшаның қазіргі және
келешек кезеңдегі құнының айырмасын да анықтау керек. Мемлекет тарапынан
инвестициялық шешімдерді қабылдау және жүзеге асыру, осы іс-әрекетті
ұйымдастырудың логикалық моделін алдын ала дайындауды талап етеді.
Бұл моделді төмендегідей көрсетуге болады:

Стратегиялық жоспарлау
Идеяны Жобаларды Қаржылық Жобаны жүзеге Мониторинг және
іздестіру анықтау және талдау және асыру инвестициялық
алғашқы таңдаушешім қабылдау бақылау
Бақылау
Еңбек ресурстары

2 кесте. Инвестициялық үрдіс моделі

Кестеде көрсетілгендей, стратегиялық жоспарлау және еңбек
ресурстарымен қамтамасыз ету, қабылданатын инвестициялық шешімдердің сыртқы
жағдайлары және сонымен қатар, шектеушілері түрінде көрініп тұр.
Мемлекеттік деңгейде бұл шешімдерді қаржыландыру орталықтандырылған қорлар
есебінен жүргізіледі, ал олардың көлемі жылдан жылға азаюда. Азайған
көлемнің орны мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі капиталға
жұмсалған өз қаражаттары есебінен толықтырылады. [1 әд. 148-149б.]

3 кесте. Инвестициялық жобаның экономикалық тиімділігін бағалау
критерийі

Инвестициялық жобаларды іске асыру өндірісті жетілдіріп, сатылатын
тауарлардың сапасын арттыру, онымен қоса жұмыс орындарының көбейіп,
тұрғындарды еңбекпен толығымен қамтамасыз етуге, сөйтіп халқымыздың өмір
деңгейінің өсуіне мүмкіндік береді.

1.2 Отандық және шетелдік инвестицияның әлеуметтік-экономикалық мәні,
тартудың нысандары және олардың тиімділігі

Қазіргі кезде Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан инвестициялық процесс
әлеуметтік – экономикалық дамуымыздың негізгі алғы шартына айналып,
еліміздегі реформаларды табысты іске асырудың басты себебі болып отыр.
Инвестициялар кез – келген ұлттық экономиканың маңызды да қажетті қоры
болып саналады. Қазақстан экономикасында өндіріс көлемін арттыруда
инвестиция жалғыз маңызды фактор болып табылады. Шикізат секторы мен
өндірісті тиімді пайдалануға негізделген экономиканың дамуы және бәсекеге
қабілеттілігі инвестициялық процесс арқылы анықталады. Ұлттық өндірісте
интелектуалды еңбек және жұмыс күшін қамтамасыз ететін инвестиция
экономикалық өсудің тұрақтылығын сақтауда елеулі рөл атқарады.
Біз үшін тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы әрбір қадамнан қорытынды
шығаратын, сол арқылы алдағы міндеттерді нақтылайтын кез келді. Бұл тұрғыда
елдің ішкі өмірінде инвестиция салуға қолайлы ахуал, саяси тұрақтылықты
қалыптастыру қажеттігін, шетелдік инвестициялар салу үшін құқықтық
нормативтік базаның болуын, инвесторларға жеңілдіктер берілуін, олардың
жұмыс істеуі үшін мүмкіндік туғызуды атауға болады.
Сонымен, елімізде жүргізіліп жатқан инвестициялық процесті
экономикалық пайда кіргізіп, әлеуметтік саланың өркендеуіне жағдай жасайтын
қызмет деп қарастыруымыз керек. Осыған орай, инвестициялық іс - әрекетті
талдауда оның тиімділігіне экономикалық шаралармен бірдей әсер ететін
әлеуметтік шараларды ерекшелеудің маңызы зор. Бұл тұрғыдан инвестициялық іс-
әрекетті екі құрамдас бөлікке жіктеуге болады. Экономикалық құрылым мынадай
элементтерден және инвестициялық іс-әрекеттің нәтижесінен тұрады:
1. Пайда табу. Түскен пайданың өзі екі аспектіні қамтиды:
экономикалық, яғни инвесторлар пайда тауып оны қайта
өндіріске жұмсайды – қайта инвестициялау (реинвестирование)
және әлеуметтік, тапқан пайданының белгілі бір бөлігі
инвестордың әлеуметтік қажеттілігіне жұмсалады.
2. Жоғарыда көрсетілген пайданың негізінде жұмыскерлер де табыс
тауып, соның негізінде өздерінің, жанұяларының әлеуметтік
қажеттілігін өтейді.
3. Пайдадан түскен салықтар пен өтелімдер мынадай мақсаттарға
жұмсалады:
• Міндетті медициналық қамсыздандыру қорына;
• Мемлекеттік зейнетақы қорына;
• Аймақтық бюджетке;
• Республикалық бюджетке;
4. Өнеркәсіптік әлеуметтік даму қорын құру.
Экономиканың тұрақты өсуін қалыптастыруда мемлекеттің инвестициялық
процестерге әсері арта түседі. Капитал салымдарын арттырмайынша өндірістің
құрылымдық қалыптасуын, оның техникалық деңгейін арттыру мүмкін болмайды.
Сондықтан инвестициялық әрекеттердің жандануы – Қазақстанның бұрынғы
жүйелік күйзелістерден шығуындағы негізгі жағдай мен тұрақты экономикалық
өсуіне алғышарт болды.
1999 — 2000 жылдар бейқаржылық активтер негiзiнен шетелдiк
инвестициялардан құралса (тиiсiнше 57% және 51%), 2001 жылы iшкi
инвестициялар тұңғыш рет салымның 60%-ынан астамын құрады. Инвестициялардың
жалпы сомасы 1158,1 млрд. теңгеге жеттi. 2000 —2002 жылы елдiң экономикалық
дамуы үшiн инвестициялық мүмкiндiктер жасауға баса назар аударылды.
Өз қызметiн экономиканың басым секторларында жүзеге асырушы инвесторлармен
119 келiсiмшарт жасалды, негiзгi капиталға 165 млрд. теңгеден астам сомада
(1,2 млрд. АҚШ доллары) инвестициялық мiндеттеме қабылданды. 2001 жылы
негiзгi капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі 775,7 млрд. теңгенi
құрады, бұл бұрынғы жылдағыдан 21%-ға көп. 2001 жылы 4 желтоқсанда
Президенттiң Жарлығымен “Қазақстан Республикасы дамуының 2010 жылға дейiнгi
стратегиялық жоспары” бекiтiлдi. Қазiргi кезде 2010 стратегиясы (2001 жыл),
Үкiметтiң 2002 — 2004 жылдарға арналған iс-қимылдар жоспары (2002 жыл) және
соның негiзiнде әзiрленген 2003 — 2005 жылдарға арналған республикалық
бюджеттiң болжамдық көрсеткiштерi (2002 жыл) экономика үшiн негiз ретiнде
басшылыққа алынып отыр. Негiзгi мақсат — бәсекелестiк қабiлетi күштi
экономика құру, жалпы iшкi өнiмдi 2002 жылмен салыстырғанда екі есеге
көбейту.
Қазіргі кезде Қазақстанда инвестицияның басым бағыттары болып мына
салалар есептеледі: жанармай-энергетикалық кешен; ауыл шаруашылық кешені;
көлік, телекоммуникация және әлеуметтік инфрақұрылым. Еліміздегі шетел
инвестицияларының салалар бойынша жұмылдырылуын келесі кестеден көре
аламыз:

Сурет 4. Қазақстанға шетел инвестицияларының 2004-2006
жылдарда салалар бойынша жұмылдыруы

2005 жылы Қазақстан Республикасындағы инвестициялық қызметтің нәтижесі
- қаржы емес активтерге жұмсалған 1307,2 млрд. теңге инвестициялық шеру
болды, мұның 1100 млрд теңге инвестициясы негізгі капиталға жұмсалған.
Қаржы емес активтерге жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі негізгі
капиталға жұмсалған инвестициялардың үлесі 84,2 % қүрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемі 2003 жылғымен
салыстырғанда 10,6 % (2004 жылы 44,7 % , 2005 жылы 48,5 % , 2006 жылы
33,0%) өсті.
2003 жылдың деңгейіне қарағанда негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялардың өсуі республикадағы 14 облыстың онында және Алматы,
Астана қалаларында байқалды. Көлемнің едәуір өсуі Қызылорда (1,9 есе),
Ақмола (1,2 есе) облыстарында және Алматы қаласында (1,2 есе) байқалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың 13 - 1 % шегінде өсуі Батыс
Қазақстан, Қарағанды, Қостанай және Атырау облыстарында, Астана қаласында
байқалды.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың өңірлік құрылымындағы
көлемнің жартысынан астамын (53,1 %) республиканың батыс өңірлеріндегі
кәсіпорындар (Атырау облысы - 22,2, Батыс Қазақстан - 18,0 %, Ақтөбе - 7,5
%, Маңғыстау -5,4%) игерген. Мұнда, Алматы (13,9%) және Астана (9,3 %)
қалаларының үлесі басым .
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлеміндегі ірі
кәсіпорындардың үлесі - 47,0%, орташаларынікі - 27,9%, шағындарынікі -
23,9%, халық үлесі -1,2% құрады.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың түрлік құрылымына
сәйкес тұрғын емес үйлер мен ғимараттарға кеткен шығындардың үлесі 45,0%
құрады, бұл 2004 жылғы көрсеткіштен 9,6 пайыздық пункте артық. Тұрғын
үйлерге салынған салымның үлесі 0,6 пайыздық пункте өсіп, 4,8% құрады.
Машиналарға, жабдыққа, құрал-сайманға, керек-жарақтарға кеткен шығындардың
үлесі 1,6 пайыздық пунктке төмендеді.
Негізгі капиталға жұмсалған басқа шығындар 131 млрд. теңгені құрады,
оның 89,1% геологиялық барлауға жұмсалған.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің жартысынан
астамын меншіктін жекеше нысанындағы кәсіпорындар жүзеге асырған (54,2 %)
(2004жылы 54,3%). Шетелдік меншік кәсіпорындарының үлесі 2004 жылмен
салыстырғанда 0,5 пайыздық пунктке төмендеді. Мемлекеттік кәсіпорындар
үлесінің 0,6 пайыздық пунктке өсуі, басымдығы экономика салалары: көлік
коммуникациялық кешенді нығайту және дамыту, аграрлық - өнеркәсіптік
кешенді қолдау және ауыл инфрақұрылымын дамыту, сумен жабдықтау, экология,
әлеуметтік секторды дамыту жекеше бизнес үшін тартымсыз болып табылатын
Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасын іске асырумен байланысты.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың салалық құрылымы 2004
жылмен салыстырғанда аздаған өзгерістерге ұшырады. Негізгі капиталға
жұмсалған инвестициялардың жалпы көлеміндегі ең көп үлес салмақ
бұрынғысынша кең өндіру өнеркәсібіне (41,5%), өңдеу өнеркәсібіне (9,4%),
көлік және байланысқа (11,1 %) келеді.
Кең өндіру өнеркәсібінде негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың
барлық көлемі дерлік шикі мұнай мен табиғи газ өндіруге және осы салаларға
қызмет көрсетуге келеді (93,8 %).
Өңдеу өнеркәсібі салалары арасында металлургия өнеркәсібінің үлесіне
ғана негізгі капиталға жұмсалған инвестициялар көлемінің 44.4 % тиеді.Көлік
және байланыста негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың елеулі үлес
салмағы құбырлармен айдауға (42,3 % ), әуе көлігіне (15,4 %) және электр
байланысқа (19,8 %) келеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың үлес салмағы жылжымайтын
мүлік операцияларымен, жалға берумен және тұтынушыларға қызмет көрсетумен
(12,6%) байланысты қызмет түрлерінде елеулі, мұньң 68 % геологиялық барлау
мен іздестіруді жүзеге асыратын кәсіпорындардың үлесіне тиеді.
Негізгі капиталға жұмсалған инвестициялардың көлемі ауыл
шаруашылығында бұрынғысынша мардымсыз (1,3 %).
Білім беру мен денсаулық сақтаудағы инвестициялық белсенділік денгейі
әлі төмен қалпында. Бұл салалардың негізгі капиталға жұмсалған
инвестициялардың жалпы көлеміндегі үлес салмағы тиісінше 0,7 және 0,4 %
кұрады.
Инвестициялардың еліміздің аймақтары бойынша бөлінуі әркелкі. Елдегі
16 аймақтың алтауында бүгінде ешқандай шетелдік жобалар жоқ. Ал төртеуінде
оның көлемі 10%-дан аспайды. Бұл аймақтық нарықтың шетел инвестицияларына
әлі де болса дайын еместігін көрсетеді. Инвестициялардың аймақтар бойынша
жіктелуін келесі кестеден байқауға болады:

№ Инвестициялық потенциалды Инвестициялық
қолдану деңгейінің бағасы потенциалды әсерлі Аймақтар
қолдану факторлары
1 Жоғары Инвестицияның Атырау, БҚО,
экстенсивті өсуі Ақтөбе, Маңғыстау
облыстары, Алматы,
Астана
2 Орташа 1т 1г инвестицияға Павлодар,
шаққандағы ЖАӨ-ң Қарағанды, Жамбыл,
жоғары көрсеткіші ШҚО, ОҚО
3 Төмен Жеткіліксіз Алматы, Қостанай,
инвестициялық Қызылорда, Ақмола
потенциал облыстары, СҚО

5 кесте. Инвестициялық потенциалды қолданудың деңгейі мен әсеріне
байланысты аймақтардың жіктелуі.

Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктері мен жаңа арналарының ашылуы
халықаралық инвесторлардың біздің елмен белсенді ынтымақтасуға ынталандырып
отыр. Қазақстан әлемнің алдыңғы қатарлы индустриялды мемлекеттерімен
байланыстар орнатуға тырысуда. Оны біз ел президентінің 1994 жылдардың
алғашқы айларынан-ақ АҚШ, Ұлыбритания, Испания, Франция секілді
мемлекеттермен қарқынды келіссөздер жүргізуінен байқаймыз. Әр кездері
мемлекет басшысы ең алдымен экономика аумағындағы байланыстарды кеңейтуге,
ұлттық өндірісті дамытуға қажетті технологиялар мен инвестициялар тартуға
көңіл бөлді.
Алдымен Қазақстан экономикасына шетел инвестицияларын тартудың
қажеттілігі мен негізгі талаптарын анықтайық.
Бірінші қажеттілік, Қазақстанның инвестициялық потенциялының
шектеулігіне, ішкі ресурстардың төмен деңгейіне, жеке сектор және екінші
деңгейлі банктердің капиталдарының қорлануын қамтамасыз ету және инвестиция
деңгейін қолдауға негізделеді, бұл әсіресе 1992-1999 жылдарда басым
көрінді.
Екіншіден, Қазақстан кәсіпорындарының мемлекеттік бюджет алдында
міндеттерінің орындалуы мен қарыздарының бар болуымен түсіндіріледі.
Сондықтан мемлекет қарыздарды өтеу мақсатында кәсіпорынның негізгі акция
үлесін шетел инвесторларына портфельді инвестиция түрінде сатты, ол шетел
инвесторларының Қазақстан меншіктеріне иелік ететін бағалы қағаздарды сатып
алу жолымен жүзеге асырылады.
Үшінші қажеттілік прогрессивті технологияларды енгізу мен айналыс
құралдарын толықтыруға байланысты. Бұл кәсіпорынды шетел инвесторының
басқаруына бергенде ғана орындалады. Осы тұрғыда ұйымдық-құқықтық форма
бірлескен кәсіпорын немесе толығымен шетел меншігіндегі кәсіпорын құруға
негізделеді.
Төртінші қажеттілік шетел инвесторларының қатысуымен бәсекелестік
ортаны құру және оны қамтамасыз ету, сонымен қатар ссудалық капиталдың
әлемдік нарыққа қол жеткізуін қамтамасыз етумен байланысты. Бұл тұрғыда
шетел инвесторларына өздерінің шаруашылық немесе өндірістік қызметімен
айналысуына және ұзақ мерзімді жалға беру талаптарына сәйкес, инвестиция
тарту жалға немесе концессия түрінде жүргізілді.
Бесінші қажеттілік, осы мерзімдегі операциялардың есебі бойынша төлем
балансының теріс сальдосының үлкен масштабының ұзақ мерзімді сақталуымен
байланысты. Бұған байланысты осы мерзімдегі есептегі жетіспеушілікті
толтыратын негізгі альтернативті көзі болып табылатын шетел инвестициясының
қозғалысын көрсететін капитал және қаржымен байланысты операцияларды айтуға
болады.
Қазақстанға тартылған шетелдік инвестициялар көлемі соңғы уақытта екі
есеге дейін ұлғайған. Мұның өзі әлемдік қоғамдастықтың Қазақстандағы
тұрақтылық пен оның инвестициялық әлеуетін жоғары бағалайтынын көрсетеді.
Соңғы он жылда республика экономикасына 30 млрд. доллардан астам тікелей
шетелдік инвестициялар тартылған.
1995 жылдан бастап қазіргі күнге дейін елімізге келген тікелей
инвестициялар көлемі шамамен 4,7 есе өскен. 2002 жылы Муудис және 2004
жылы Фитч халықаралық рейтинг агенттіктері Қазақстанға ТМД елдері
арасында бірінші болып инвестициялық сынып рейтингін берді. Қазіргі кезде
жан басына шаққандағы игерілген тікелей шетелдік инвестициялар көлемі
бойынша Қазақстан ТМД елдерінің арасында көш бастап келеді. Егер бұл
көрсеткіш Қазақстанда 1037,4 доллар болса, бізге ең жақын тұрған
Әзірбайжанда 661 долларды құрайды.
Бұдан үш жыл бұрын Бүкіләлемдік банк Қазақстанды инвестиция салуға
неғұрлым қолайлы жиырма мемлекеттің қатарына қосты. Әрі республика кірісі
ортадан жоғары деңгейдегі елдер қатарында тұрғанын мәлімдеді.
Инвестициялық тартымдылықтың осындай жоғары көрсеткіші біз
шетелдіктерге минералдық ресурстарды, соның ішінде мұнай-газ саласындағы
ресурстарды игеруіне жол ашуымыз арқылы мүмкін болды.
Қазіргі кезде елдің ұлттық құрылымында шетел инвестициясының мұнай –
газ салаларына жиі салынатынын көруге болады. Қазақстанға келетін
инвестицияның қайнар көзі болып табылатын Нидерланды, АҚШ, және Франция
елдері болып табылады. Ел экономикасына тура инвестиция салудан сөзсіз
донор елдерге жататындар: Жапония (28,7%), Оңтүстік Корея (27,6%),
Ұлыбритания (15,7%), АҚШ (11,1%), сондай-ақ, Германия, Туркия және Италия
(3,0%).
Солардың ішінде Қазақстанның ірі шетелдік инвесторы АҚШ болып
табылады. 1993 жылы ғана бұл мемлекеттен 91млн. доллар, 1994жылы
311млн.доллар қаржы инвестицияланды. Сонымен бірге, 1994-1995 жылдары
ядролық қаруды демонтаждауға 85 млн.доллар бөлген. АҚШ тарапынан Арал
мәселесін шешуге, медициналық клиникалармен жабдықтау, аймақты ауыз сумен
қамтамасыз ету сияқты бірқатар жұмыстарға көмектесу жөнінде шешімдер
қабылданды.
Қазақстанға американдық ірі компаниялар келе бастады. Шеврон және
Мобил Ойл мұнай кен орындарын өңдеуге кірісті. Келісімге орай мұнайдан
түсетін табыстың 80% - қазақтардың, 20% - американдықтардың еншісінде
қалады.
Қазақстан шетел инвестициясы үшін үлкен қызығушылық танытуда. Соңғы он
жыл ішінде Қазақстан экономикасындағы неміс инвестициясы 500 млн. АҚШ
долларын құрады. Германияның инвестициялық белсенділігі әлі де артады,
өйткені индустриалды даму машина жасау және шикізаттық емес секторларда
жұмыс жасайтын фирмаларға үлкен мүмкіндік туғызуда. Қазақстандағы
индустриалды – инновациялық процестердің дамуы Германия мен Қазақстан
арасындағы сауда айналымын арттырады.
Ұлыбританиямен екі реттік салық төлеуді болдырмау, инвестицияларды
қолдау мен қорғау жөнінде, әр жақ инвестициялардың барлық формасын қорғауды
кепілдендіру жөнінде келісімдер жасалды.
Мұның бәрі Қазақстандағы англиялық фирмалардың позициясын нығайтуға
мүмкіндік береді. Бүгінде мұнда Каспий шельфін игеруге байланысты Бритиш
Петролеум және Шелл компаниялары әрекет етеді. Олар британдық өзге де
фирмалар секілді Ақтау, Атырау, Қызыл Орда қалаларындағы мұнай өңдеу
зауыттарын реконструкциялау жоспарлары жасалуда. Бритиш газ Қарашығанақ
кен орнын өңдіру үстінде. Лонро заманауи тау-шахталық құралдар өндірудің
бірлескен кәсіпорнын құруда инициатор болып отыр. Англиялықтарды сондай-ақ,
Талдықорған қаласындағы аккумляторлық зауыттың құрылысы, Алматыға
халықаралық әуежай құралдарын тасымалдау, Қарашығанақ және Теңіз мұнай
орындарын эксплуатациялау, бағалы қағаздар және ақша белгілерін шығару үшін
фармацевтикалық өндірісті дамыту істері қызықтыруда.
Бүгінде Қазақстанда 12 бірлескен қазақ-британ кәсіпорындары жұмыс
істейді. 1993 жылы Ұлыбритания Қазақстанның европалық серіктестері арасында
үшінші орынды алды. Екі мемлекеттегі айналым көлемі 100 миллион долларды
құрады.
Испания мемлекетімен Қазақстан арасында жақындағы уақытқа дейін
экономикалық байланыс орнатылған жоқ. 1993 жылы екі мемлекет арасындағы
тауар айналымы 180 мың доллар құрады. Бұл Қазақстанның өзге еуропалық
серіктестері арасындағы ең төменгі көрсеткіш. Дегенмен Испания еліміздегі
шағын және орта кәсіпкерлікті құру мен дамытудың арнайы мәселелеріне
қызығушылық танытып отыр. Әзірге екі бірлескен кәсіпорынның іс әрекеті
тіркелген.
Испания бұл бағытта 250 миллион доллар қаржы бөлген және бұл қаржы
испандық сақтандыру компанияларымен кепілдендіріліп отыр.
Инвестициялық белсенділікті нығайтуда ұйымдастырушылық-құқықтық және
салық жүйесіндегі жиі өзгерістер, халық шаруашылығының салалық және
аумақтық басқару жүйесіндегі айқынсыздық кедергі болуда.
1994 жылы күшіне енген Кәсіпорынның табысы мен пайдасына салынатын
салық туралы жарлыққа орай, шетелдік қатысушылары бар кәсіпорынның
(шетелдік капиталдың үлесіне қарамастан) табыстына 25% мемлекеттік салық
салынады.
Егер шетелдік капитал Қазақстан аумағында жергілікті серіктестерсіз
жеке жұмыс жасайтын болса, шетелдік заңды тұлғалардан дивиденд және процент
бойынша табыстарынан 15% авторлық құқық, лицензия, арендалық төлемдер мен
басқа табыс түрінен - 20%; фрахтадан түсетін (шетелдік заңды тұлғалардың
халықаралық тасымалдауымен байланысты төлейтін) табыс жиынтығына - 6%
қойылымында салық салынады. Шетелдік заңды тұлға халықаралық шарттарға
сәйкес, Қазақстан Республикасындағы көздерден алынатын табыстарына
салынатын салықтан толықтай немесе жарым-жартылай босатылған болса, басты
салық инспекциясы белгілеген тәртіптегі салықты төмендету немесе мүлде
болдырмау жөнінде Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігіне арыз жазады.
Байқағанымыздай, шетелдік инвестициялардың арғы әрекетіне еш тосқауыл
жоқ, бірақ шетелдік капиталды Қазақстандағы жүргізіліп жатқан нарықтық
реформалардың шектен тыс мемлекеттендірілуі қорқытады: жоғарыда аталған
инвестициялардың 95%-ы Қазақстанның мемлекеттік кәсіпорындары мен
фирмаларына қамтылған. Шетелдік көмектер орталықтандырылған мемлекеттік
каналдарға құйылуда.
Сонымен қоса, соңғы уақытта, мемлекет басшысы өкіметінің тарапынан
шетелдік несиелерді тарту, жұмсау процестеріне және есебіне қатаң бақылау
орнату жөнінде шаралар қабылданып, құрамына Премьер-министр, оның бірінші
орынбасары, экономика, қаржы, сыртқы экономикалық байланыстар
министрліктерінің және Ұлттық Банктің басшылары енетін арнайы комиссия
құрылды. Республиканың барлық экономика субъектілеріне, яғни мемлекеттік
және жеке тұлғаларға шетелдік несие туралы құжаттарын, және берілген
міндеттемелерін қаржы министрлігінде тіркеу жөнінде тапсырма берілді. Қаржы
министрлігіне тіркелмеген жаңа несие жөніндегі шешімдер тоқтатылды. Ұлттық
Банкке аталған тәртіпті бұзу орын алған жағдайда лицензия берілген
банктерге валютамен операция жүргізуде пікір алмасу ұсынылады.
Отандық және шетелдік инвесторлар үшін инвестициялық қызметтің, оның
ішінде шетелдік инвестицияларды тартудың негізгі қағидаларының тұрақты
болуы өте маңызды. Олардың арасында инветициялық қызметтің экономикалық
және әлеуметтік қағидасы негізгі болып саналады. Осы қағиданы басшылыққа
алу – яғни, инвестициялық жобаның жоғары рентабельділігімен, тікелей
инвестициялар мен инвестициялық кредит берудің қолайлы жағдайларымен,
жоғары бәсекелесігімен ерекшеленуі.
Шетел инветицияларын тартудың тағы бір негізгі қағидасы – ол
келісілген істің екі жаққа да пайдалы болуы. Халықаралық тәжірибе
көрсеткендей, біржақты табыс алуды қуалау тек елдер арасындағы
инвестициялық қарым-қатынасты қиындатады, нәтижесінде екі жақта ұтылып
қалуы мүмкін.
Біздің жағдайымызда, шетелдік инвестициялық қорларды пайдаланудың
маңызды қағидасы елдің экономикалық (саяси) және экологиялық қауіпсіздігін
нығайту болып табылады. Осыған байланысты, экономика салаларының негізін
құрайтын кәсіпорындарды шетелдік инвесторларға сату арқылы біздің елде
жүргізіліп отырған жекешелендіру саясатын толық қолдауға болмас. Тәжірибе
көрсеткендей, олардың барлығы дерлік инвестициялау жағдайларын сақтап және
біздің мүдделерімізді, әсіресе экологиялық қауіпсіздікті ескеріп отырған
жоқ. Және де, шетелдік инвесторлар негізінен өнеркәсіптің өңдіруші
салаларына көңіл бөлуде, ол республикалық халық шаруашылығы құрылымының
біржақты дамуын сақтайды, әсіресе Қазақстанның басқа елдер алдында ауыл
шаруашылық өнімдеріне тәуелділігін қалыптастырады. Сондықтан, шетелдік
инвесторлардың қатысуымен жүзеге асырылатын инвестициялық жобалар, тұтынуға
дайын сапалы өнімдер шығару негізінде, елдің экспорттық мүмкіндіктерін
жоғарылату және импортты алмастыру өндірісін дамыту тұрғысынан бағалануы
тиіс. Түптеп келгенде, республика аумағын шетелдерде экологиялық таза
өндірістерді ұйымдастыруға қажетті шикізат өнімдерін беретін салалардың
полигонына айналдырмау керек.
Маңызды қағидалардың бірі – елдердің инвестициялық келісімдері мен
инвестициялық жобалардың ашық, жариялылық негізде болуы. Инвестициялық
жобалардың негізгі көрсеткіштері және жүзеге асыру механизмдері келісуші
жақтарға алдын ала белгілі болуы шарт. Және де қоғамдық ақпарат
құралдарында жариялануы тиіс. Бұл жерде сөз мемлекеттік құпияны қүрайтын
нысандар туралы болып отырған жоқ.
Егер қағидалар инвестициялық қызметті дұрыс басқару үшін қажет болса,
шетелдік инвестицияларды тарту формалары нақты жағдайды ескере отырып
олардың қолайлысын таңдап алу қажет. Тікелей инвестициялау –шетел
инвестицияларын тартудың тиімді және нәтижелі түрі болып есептеледі. Ол
адрестілігімен және өндірістік салаға бағытталуымен ерекшеленеді. Ол
халықаралық экономикалық және ғылыми-техникалық интеграция үрдістерін
жеделдетуге мүмкіндік береді, бірақ біріккен кәсіпорындар құру негізінде
екі жақтың интеллектуалдық потенциалын өзара байытады. Қабылдаушы елдерде
жаңа құрылыс, болмаса жекешелендіру (жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды
сатып алу) негізінде шетелдік кәсіпорын құру – осы форманың бір түрі. Бірақ
шетелдік инвестицияларды тартудың бұл формасы халық шаруашылығының
аумақтық, салалық құрылымын тиімді өзгерту, оның шикізаттық бағытын жою
және экономика мен өнеркәсіптің негізгі саласын техникалық қайта
жарақтандыру үшін қолданылуы тиіс. Соңғы кездері өндіргіш қондырғыларды
және экологиялық таза технологияларды жалға алу лизингтік операциялар,
жекелеген жұмыс түрлерін атқару жөнінде келісім жасау сияқты халықаралық
экономикалық қатынастардың аса күрделі емес формасы да қолданылуда. Бұндай
лизингтік келісімдер қабылдаушы жақ үшін экономикалық және әлеуметтік пайда
ғана емес, сонымен қатар ғылыми-техникалық үрдісті жеделдетуге мүмкіндік
береді.
Несиелер мен займдар да шетелдік инвестициялар тартудың формасы болып
табылады, бірақ олар келешек кезеңнің қарыздарын ұлғайтады. Түптеп
келгенде, шетелдік инвестициялық несиелер, елдің өз несие қорымен
салыстырғанда, 2-3 есе қымбатқа түсуі мүмкін.
Шетелдік инвестицияларды тартудың келесі бір формасы – концессиялық
келісімдер. Бұл келісімдерде жалға алу төлемдерінің реті мен олардың көлемі
(ставкасы), концессияға алушының қоршаған ортаны қорғау және табиғи
ресурстарды пайдалану жөнінде міндеттемелері, жергілікті жұмыс күшін
пайдалану жағдайлары және т.б. көрсетіледі. Егер концессияға алушы келісім-
шарттарын бұзуға мүмкіндік алатын болса, оны қабылдаушы елге экономикалық
тәуелсіздігінен айрылу қаупі туындайды.
Мемлекеттің инвестициялық жобаларды бағалауы ғана емес, сонымен бірге,
шетелдік инвестицияларды тарту формаларын таңдауы да стратегиялық
мақсаттар мен жоспарлардың шеңберінде жатыр.
Бұл шетел капиталының құйылымын ынталандыру мен тиімді пайдалану –
ұзақ мерзімдік стратегиялық мақсаттарды жүзеге асырудың тактикалық жолдары
екенін көрсетеді. Осы стратегияға сәйкес, барлық каналдар бойынша
тартылатын шетел инвестициялары көбінесе төменгі екі бағытта пайдаланылуы
тиіс: а) алдымен – капиталды, содан кейін – еңбекті, содан соң – ғылымды
көп керек ететін салаларды басыңқы дамыту; ә) шетелдік инвесторлардың
қаржыларын экономиканың жеке меншік секторына бағдарлау.
Шетелдік инвесторлардың қызметі мен тартылған инвестициялық қорларды
тиімді пайдалануға ұйымдық-құқықтық, әлеуметтік-экономикалық, ішкі саяси,
институционалдық т.б жағдайлар жасағанда ғана, мемлекет жоғарыда аталған
мәселелерді дұрыс шеше алады. Әзірге, осы жағдайлардың жетіспеушілігіне,
құқықтық негіздердің жиі өзгертілуіне, билік құрылымдарының сыбайлас
жемқорлығына байланысты шетелдік инвесторлар сақтық танытуға немесе
бекітілген келісім-шарттардан біржақты пайда көздеуге мәжбүр. Сол себептен,
мемлекеттің инвестициялық қызметінің негізгі бағыттары төмендегідей болғаны
жөн:
- шетел инвесторларына кепілдік беретін құқықтық, қаржылық,
сақтандырушылық т.б механизмдерді жетілдіру;
- олардың инвестициялық келісімдерде көрсетілген міндеттемелерін толық
орындауын бақылау;
- басыңқы салалар мен аймақтарды артықшылықпен дамыту үшін
инвестицияларды тартудың әр түрлі әдістері мен жолдарын кеңінен
қолдану;
- отандық және шетелдік инвесторлардың импортты ауыстыратын өнімді
дайындаушы өндірістерге, экспорттық әлеуетті жоғарылатуға қаржы
жұмсауын ынталандыратын механизмдерді әзірлеу және іс жүзінде
қолдану;
- басыңқы салалардың, әлеуметтік және экономикалық жағынан артта
қалған аудандардың (қалалардың) дамуына қаржы жұмсайтын
инвесторларға жеңілдетілген салық тәртібін орнату, несие беру;
- экономиканың аграрлық және инфрақұрылымдық салаларына қаржы
жұмсайтын заңды және жеке тұлғаларға материалдық-техникалық, қаржы-
бюджеттік, салықтық, несиелік, т.б қолдау жасау.
Сонымен, шетел инвестициясы Қазақстанға не үшін керек және қандай
пайда келтіреді? Ірі инвестициядан алғашқы табысты ең кем дегенде үш-бес
жылда ғана алуға болады. Қайтарым кезеңі бірнеше жылға созылған
Қазақстандағы инвестиция инвесторлар үшін ешқандай қызықты емес, өйткені
олар қысқа мерзімді инвестицияларға мүдделі. Әлемнің бұл ауданында өз
нарығын кеңейткісі келетін компанияларға Қазақстан керек. Алайда
Қазақстанның өзі де шетел инвестицияларын қажет етеді.
Бірінші кезекте, шетел инвестициялары бұрынғы мемлекеттік кәсіпорындар
үшін берік валюта әкеледі.
Екіншісі және шетел инвестициясымен ере келетіндерің ең маңыздысы -
технология мен кәсіпорын қызметкерлерін оқыту. Оқытылған жұмысшылар жақсы
жұмыс істейді де, жоғары жалақы алады. Оның үстіне, оқытылған жұмысшылардың
бизнесін ашу үшін жақсы мүмкіндігі бар. Оқыту - кәсіпкерлер қатарынан
көбеюіне және шағын бизнестің қанат жаюына өріс ашады. Ақырында, қаншалықты
қисыны байқалмаса да, инвестиция елдің тәуелсіздігін нығайтуға қызмет
етеді. Дербес жекешелендірудің жобасындағы бірінші оқиға болған темекі
комбинатын Филип Морис компаниясының қолға алуы елге 300 млн. доллардың
қолма-қол әрі инвестиция түрінде келуіне жол ашты.
Сөйтіп, инвестициялар - Қазақстан экономикасының қозғаушы күші екенін
ұғынуымыз керек.

1.3 Отандық және шетелдік инвестицияны мемлекеттік реттеудің халықаралық
тәжірибелері

Шетелдік инвестицияларды мемлекеттік реттеу мәселесін жан-жақты
талдаудың маңыздылығы – инвестицияларды қадағалау Қазақстан өндірісінің
құрылымдық қайта құрылуының басты құралы болып табылатындығында.
Экономикалық жүйенің қалыптасу кезеңінде инвестициялық саясат басым
сипатқа ие болды. Шетелдік инвестицияларды тартуға бағдарлану негізгі
бағытқа айналды, мұның өзі қолайлы инвестициялық ахуал туғызуды талап етті.
Қазір енді біршама уақыт өткенде атқарылған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сақтандыру рыногінің құрылымы
ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Акционерлік сақтандыру компаниялары
Инвестициялық қатынастарды мемлекеттік реттеу
БСҰ-ға кіру жағдайындағы ауыл шаруашылығының бүгінгі жағдайын ғылыми-теориялық тұрғыда талдап, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыру
Еңбек нарығындағы жұмысбастылықты мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасының кеден саясаты және сыртқы экономикалық қызметті мемлекеттік реттеу шаралары
Бағалы қағаздар нарығы
Мемлекеттің салық саясатын қарастыру
Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу
Пәндер