Қор биржасының қалыптасуы және қызметінің ерекшелігі



Кіріспе 3
1. Қор биржасының түсінігі және оның қалыптасуы 4
2. Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12
Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды міндеттейді. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде қаржы ресурстарының тиімді қайта бөлінуі қор биржалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті. Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең басты рөлді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі тұсында қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.
Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық процестегі рөлі арта түсуде. Бұл ең бастысы күрдеті капитал жұмсалымын қаржыландыруға арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске және инфрақұрылымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы қажет.
Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.
Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға арналған қаражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін көрсетеді.
1. Ақша, несие, банктер: Оқулық / Жалпы редакциясын басқарған Ғ.С. Сейітқасымов. – Алматы: Экономика, 2001.
2. Курс экономической теории: Учебник / Под общей редакцией Чепурина М.Н., Киселевой Е.А. – Киров: АСА, 2001.
3. Рынок ценных бумаг: Учебник / Под редакцией В.А. Голонова, А.М. Басова. – Москва: ФиС, 1998.
4. Рынок ценных бумаг: Учебник / Под редакцией Плеханова.
5. Ценные бумаги / Под редакцией В.И. Колесникова. – Москва: ФиС, 2000.
6. Ценные бумаги и фондовый рынок / Сейткасымов Г.С., Ильясов А.А. и др. – Алматы: Экономика, 1998.
7. Экономическая теория: Учебник / Под общей редакцией Видяпина В.И., Журавлевой Г.П. – Москва: Инфра-М, 1997.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Қор биржасының қалыптасуы және қызметінің ерекшелігі.

Мазмұны

Кіріспе 3
1. Қор биржасының түсінігі және оның қалыптасуы 4
2. Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы 9
Қорытынды 11
Қолданылған әдебиеттер тізімі 12

Кіріспе

Экономикадағы түрлендірулер жаңа экономикалық жағдайларға сәйкес
ресурстарды, оның ішінде қаржы ресурстарын үлестірудің формаларын қолдануды
міндеттейді. Нарықтық қатынастары дамыған елдерде қаржы ресурстарының
тиімді қайта бөлінуі қор биржалары арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстанның бағалы қағаздар нарығының ағымдағы жағдайын, экономиканың
өтпелі кезеңдегі жалпы жағдайымен байланысты дағдарысты деп сипаттауға
болады. Бағалы қағаздар нарығы – бұл жалпы нарықтар сияқты экономиканың жан-
жақты дамуынсыз толыққанды түрде қызмет ете алмайтын нарықтың бір сегменті.
Қор нарығының жағдайы бірқатар факторларға байланысты, соның ішінде ең
басты рөлді инфляция қарқыны алады. Өндірістің құлдырауы және бағаның өсуі
тұсында қор нарығының көптеген артықшылықтары жарамсыз болып қалады.
Барлық қиын жағдайда да қор нарығының инвестициялық процестегі рөлі
арта түсуде. Бұл ең бастысы күрдеті капитал жұмсалымын қаржыландыруға
арналған ресурстарға деген қажеттіліктен туындайтын кәсіпорындарды
акционерлеумен байланысты. Қор нарығы арқылы жүзеге асырылатын өндіріске
және инфрақұрылымға шетел инвестицияларын тарту үшін қолайлы база жасалуы
қажет.
Сондай-ақ әр түрлі бюджеттен тыс қорлар да құрылады. Қаражат жинақтау
шамасына қарай, олар қаражаттарын бағалы қағаздарға инвестициялайды.
Осындай және басқа да факторлар қор нарығын инвестициялауға арналған
қаражат жинақтау жолдары ретінде арттырудың потенциалды мүмкіндіктерін
көрсетеді.

Қор биржасының түсінігі және оның қалыптасуы

Қор биржасы – бұл бағалы қағаздардың бірқалыпты айналысы үшін қажетті
жағдайлармен қамтамасыз ететін ұйым. Қор биржасының толық мәні, оның
экономикадағы атқаратын мынадай қызметтерінен көрінеді:
- қор нарығында биржалық делдалдардың бағалы қағаздарды сату жолымен
уақытша бос ақшалай қаражаттарды жұмылдыру және шоғырландыру;
- өндірісті және ел үкіметінің шығыстарын несиелеу және қаржыландыру;
- бағалы қағаздармен жасалатын операцияларды шоғырландыру, сұраныс
пен ұсыныс деңгейін көрсететін бағаларды белгілеу және жалған
капиталды қалыптастыру.
Қор биржасы қаржы ресурстарын жинақтау, шоғырландыру және қайта бөлу
процесін ұйымдастырушы экономиканың басты буыны болып табылады. Ол қаржы
және өндірістік капитал арасында делдал бола отырып, экономикалық дамудың
қозғаушы күштерінің бірі болып саналатын инвестициялық процеске ықпал
етеді.
Қор биржасы өз қызметінде мынадай қағидаларға сүйенеді:
- қаншалықты биржадағы мәмілелердің ауызша жасалып, кейіннен заңды
түрде құжатталатындықтан да брокерлер мен клиенттер арасындағы жеке
сенімнің болуы;
- сауда-саттық ережелері мен есеп арқылы қаржы делдалдарының
қызметінің қор биржасының әкімшілігі және аудиторларымен қатаң
түрде реттелуі.
Бұл қағидалардың қамтамасыз етілуі нәтижесінде қор биржасында бағалы
қағаздарды сатуға және сатып алуға итермелейтін орта қалыптасады. Ондай
артықшылықтарға: аталған қағаздардың қадамдары үшін несиеге деген
мүмкіндік; бағалы қағаздар нарығының жағдайы туралы жақсы шолулар; сол
немесе басқа да бағалы қағаздардың мүмкіндіктерін тура бағалау және т.б.
Сөйтіп, бағалы қағаздар нарығындағы қор биржа өзіндік барометр мен
бағыттағыш рөлін атқарады. Соның нәтижесінде әрбір инвестор жақсы болашағы
бар акционерлік қоғамдарды тауып ақшалай қаражаттарын салады.
Қор биржасының механизмін іске қосудан бұрын: болашақ клиенттер және
ең бастысы, акционерлер торабын құруға күш жұмсау қажет, яғни қор
биржасының бағалы жұмысын бастауына қажетті бағалы қағаздарды қалай құру
және кімдермен жұмыс жасау қажет деген сұрақтарды шешу керек; екіншіден,
қор операцияларын жүргізудегі делдалдар жүйесін қалыптастыру қажет;
үшіншіден, қор биржасын іске қосудан бұрын биржалық механизмнің орталық
буындарының жұмыстарын жолға қою керек, яғни басында қор биржасының
функциональдық және ұйымдастырушылық құрылымдарын қалыптастыру қажет.
Қор нарығы сауда-саттықтың өсуі және жасалатын мерзімді мәмілелердің
санының ұлғаюынан кейін барып, тұтыну тауарларының қойнауында қалыптасқан
болатын. Қаржы операцияларының объектісіне қарыздық қолхат – вексельдер
біртіндеп айнала бастаған. Бельгия порты Антверпен ресми түрдегі қор
биржасының отаны болып саналады. Оның тауар биржасында 1592 жылы бағалы
қағаздармен алғашқы сауда-саттық жасалған. Кейіннен жетекшілік рөлі
Амстердамғаауысып, онда алғашқы мерзімді мәмілелер жүргізілді, сондай-ақ
биржалық операциялар техникасы жоғары деңгейге жетті.
Биржалардың бастапқы кезеңдегі қалыптасуы мемлекеттік қарыздың өсуімен
байланысты болды, яғни қазыналық вексельдер мен облигацияларға жұмсалған
капиталдарды кез келген уақытта ақшаға айналдыруға мүмкін еді. Алғашқы
акционерлік қоғамдардың пайда болуына байланысты акциялар биржа айналымының
басты объектісіне айналды. Саудагерлерді, қарыз иелерін, банкирлерді,
өнеркәсіпшілерді біріктіретін серіктестіктердің пайда болуы теңіздік
экспедициялар және Жаңа Жарықтың елдеріне баратын сауда керуендерімен
байланыста болды. Қосқан пайлары арнайы құжат акциялар арқылы құжатталды.
Акциялар жалпы капиталға үлес қосқандығын куәландырып, пайданың бір бөлігін
алуға құқық берді.
Бұл компаниялардың алған жоғары пайдалары, олардың акцияларына деген
бағаның бірден өсуіне және биржалық сауда-саттықтың ұлғаюына жол берді. Осы
уақыттарда XVIII ғасырдың бірінші бөлігінде және келесі жылдары қор
биржалары Францияда, Ұлыбританияда, Германияда, АҚШ-та құрыла бастаған.
Биржалар саны тез өсіп және олардың арасында өзара тығыз байланыстар
орнықты. Сондықтан да капитализмнің қалыптасу кезеңінде қор биржасы белгілі
бір дәрежедегі капиталды жинақтаудың маңызды факторынаайналып, ол кейіннен
қаржы-экономикалық қатынастардың маңызды элементі болып табылды.
Еркін бәсеке нарығындағы жағдай мемлекеттік үлестіруді айналып өтіп,
қор биржасы және несиелеу сфералары арқылы ірі ақшалай қаражаттардың
саладан салаға құйылуын қамтамасыз етті. Бұл кезең ұйымдастырылмаған
“жабайы” нарықтың уақытымен сипатталады. Бұл тұста, шаруашылық қызметті
реттеуші заңдылықтар мен органдар болмағандықтан да көптеген мәмілелер
тіркеуге алынбаған.
XIX ғасырдың екінші жартысындағы жаппай акционерлік қоғамдардың
құрылуы мен бағалы қағаздар шығарудың ұлғаюы қор биржасының маңызын арттыра
түседі. Өндірістің өсуімен салыстырғанда ақшалай капиталдың интенсивті
түрдегі жинақталуы бағалы қағаздарға деген едәуір сұранысты анықтап,
нәтижесінде биржалық айналым өсіп, ал биржада ең бастысы жеке компаниялар
мен кәсіпорындардың акциялары мен облигациялары айналысқа түсті.
Әсіресе бағалы қағаздар нарығы АҚШ-та кеңінен дамыды. Егер де,
Еуропада бос ақша қаражаттарын банктегі шоттарда сақтауды, сақтандыру
полисі және жылжымайтын мүлікке салуды дұрыс санаса, ал Америкада көптеген
кәсіпкерлер өз капиталдарын қаржылай активтерге инвестициялады. Сондықтан
да АҚШ-тың қор нарығында қаржылай операцияларды жүзеге асырудың қазіргі
механизмі қалыптасып, ол бүгінгі уақытта біршама ұйымдастырылған және
демократиялық бағалы қағаздар нарығының біріне жатады.
Қаржы нарығының ұлттық ерекшеліктеріне байланысты қор биржаларын
ұйымдастырудың екі типі болады. Бұл жеке құқықтық сипаттағы (ағылшын-саксон
типтес) және топтық құқықтық сипаттағы (еуропалық континенттік типтес) қор
биржалары.
Жеке құқықтық сипаттағы қор биржасына классикалық мысал ретінде
әлемдегі Лондон қор биржасын және сондай қағидамен жұмыс жасап отыған Нью-
Иорк, Токио және басқа да қор биржаларды айтуға болады. Олар жеке компания
түрінде ұйымдастырылып, кейіннен акционерлік қоғам, бірлестіктер, аралас
кәсіпорындарға айналған. Мұндай типтегі қор биржаның мүшелерінің саны қатаң
шектеледі. Оған орын үшін ірі ақша сомасын төлей алатын қарапайым тұлғалар
мен компаниялар мүше бола алады. Нью-Иорк қор биржасындағы орын үшін төлем
ақының мөлшері бірнеше ондаған мыңдардын жүздеген мың долларларға дейін
ауытқып отырады. Қор биржасына биржалық комитет немесе басқарма жетекшілік
етеді. Мұндай биржалар қызметіне үкімет тарапынан қойылатын бақылау өте аз
және олар біршама дербес және бағалы қағаздар айналысын реттеуде тәуелсіз.
Қазақстан қор биржалары ұйымдастырылу құрылымы жағынан биржаның осы тобына
жатады.
Топтық құқықтық сипаттағы биржалар мемлекеттік мекемелер болып
саналады. Олардың қызметтерін үкімет органдары бағалы қағаздар айналысын
реттеуші арнайы комиссиялармен бірлесе отырып, бақылау жасайды. Мысалға,
Париж қор биржасы экономика министрі мен биржа операциялары жөніндегі
комиссияның бірлескен түрдегі қадағалауында болса, ал Германияның
биржаларын жергілікті үкімет органдары бақылауға алса, Италия биржаларын
Қаржы министрлігі мен компаниялар және биржа ісі жөніндегі Ұлттық комиссия
реттейді. Биржалық жұмыскерлер мен қор операциялары бойынша мамандарды, сол
органдар тағайындайды және олардың мемлекеттік қызметкер деген мәртебесі
болады.
Бірақ соңғы жылдары ағылшын, американ және еуропалық континенттік қор
биржалары ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда қор биржасының дамуы
Қазақстан Республикасының қор биржасының қызметін ұйымдастыру мен қызмет ету ерекшеліктері
Бағалы қағаздар нарығының түсінігі және құрылымы
Қор биржасының мәні мен міндеттері
Бағалы қағаздар нарығы. Қазақстан Республикасындағы даму серпіні
Ақша реформасы, ұлттық валютаны енгізу
Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы
Валюталық биржа
Бағалы қағздардың түсінігі, оның түрлері, белгілері, қор биржалары, бағалы қағаздардың нарығы және бағалы қағаздардың құқықтық негіздері
Қор биржасының атқаратын қызметтері мен міндеттері.
Пәндер