Азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарына жалпы сипаттама

1.1 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының жалпы түсінігі ... ... ... ...7
1.2 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субьектілері және
олардың жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14

2 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының
қатысушылары ретіндегі сипаттамасы

2.1 Тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары ретінде ... ... ... 17
2.2 Тараптардың құқықтары мен міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі іске қатысушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.4 Іс жүргізушілік құқық мирасқорлығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..41
2.5 Тиісті емес жауапкердің түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...43

3 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар мен прокурордың түсінігі.

3.1 Үшінші тұлғалардың түсінігі және түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
3.3 Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік басқару
органдарының, кәсіподақтардың және жеке азаматтардың іске
қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..64

Пайдаланылған әдебиеттер және нормативтік құқықтық актлердің тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...66
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы, Конституциясы қабылданды. Осы Конституцияға негізделіп, жаңа саяси-құқықтық жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды.
Оның ішінде 1999 жылы 13-шілде күні қабылданған Қазақстан Респуликасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексін ерекше айтып кетсек болады. Аталған кодексте азаматтық іс жүргізу мәселесіне қатысты барлық дерлік жағдайлар көрініс тапты деп айтса болады. Оның 1-бабына сәйкес, осы Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі соттардың осы кодекспен және басқа заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және өзге де істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде туындайтын қоғамдық қатынастарды ретейді.
Диплом жұмысының өзектілігі - Қазақстан Респуликасы Конституциясының 13-бабында, әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы екені аталып кеткен. Бұл бір жағынан, азаматтың тиісті сотқа қорғанып жолдануын, екінші жағынан, соттың берілген арызды қарау және ол бойынша заңды, негізді шешім қабылдау міндетін білдіреді.
Сотта істерді қарау дегеніміз адам азамат мен құқықтарының, мемлекет, қоғам мүдделерінің қорғалуы.
Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар. Бұзылған құқықтарды қорғаудың нысандары ішінде сот арқылы қорғану, оның конституциялық орган ретінде әділсоттылықты жүзеге асыратын, мемлекеттік билік органы ретінде іс жүргізу қызметінің басты әрі ең тиімді субъектісі болып табылады. Яғни сот арқылы бұзылған немесе даулы құқықты қалпына келтіру неғұрлым демократиялы, қолжетімді әрі ашық тиімді нысан болып табылады. 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-нің Бас Ассамблеясы қабылдаған Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында әрбір адам Конституциямен немесе заңмен оған берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзіретті ұлттық соттармен құқығын тиімді қалпына келтіруге құқылы делінген. [1, 390] Демек, осы Декларацияны мойындаған әрбір мемлекет азаматтарының өз сот органдары арқылы қорғалуы абсолюттік құндылықты құрайтын негізгі бостандықтар мен құқықтардың қатарына жатқызылады.
Бұл диплом жұмысының қарастырылып отырған тақырыбы — азаматтық іс жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері. Азаматтық процеске қатысушы тұлғалардың ішінде тараптардың алатын орны ерекше. Себебі, тараптар болмаса, талап өндірісінің болуы, жүзеге асырылуы мүмкін болмайды. Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері — азаматтық іс жүргізудегі тараптарға қатысы бар мәселелерді жан жақты қарастырып, талқылау. Себебі, тараптарға қатысты зерттелмеген мәселелер әлі де көп. Яғни, біз тараптардың түсінігіне, олардың процессуалдық құқықтары мен міндеттеріне байланысты сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
1. Сборник документов по международному праву / Под общ. ред. К.К. Токатаева – Алматы: САК, 1998. Т-1
2. Гражданское процессуальное право РК, Баймолдина З.Х., Особенная часть. Учебник.-Алматы: КазГЮА, 2001г.
3. Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексі. 1999-жыл 13-шілде № 441 – І Юрист баспасы.
4. Гукасян Р.Е. "Гражданский процесс" Учебник М. Юриздат, 1972г.
5. Абдулина З.К. Производство гражданских дел в суде первой инстансии Алматы, 1998 г.
6. Мельников А.А. Субъективные процессуальные права сторон в гражданском процессе // Советское государство и право. - 1972. №21.
7. Арсентьев О.В. Гражданское процессуальное право. Курс лекций-Челябинск: Рекпол, 2000.
8. Шакарян М.С. Субъекты советского гражданского процессульного права. - М: ВЮЗИ, 1970.
9. Хутыз М.Х. Понятие сторон в гражданском процессе. - М., 1952.
10. Касенова А.Ж. Талап қою құқығын іске асырудың шарттары (өзекті мәселелері): з.ғ.к. ... дис. - Алматы, 2006.
11. Советский гражданский процесс: Учебник. / Отв. Ред. М.С. Шакарян. - М.: Юридическая литература, 1985.
12. Пушкар Е.Г. Право на обращение в суд за судебной защитой: дис. ... докт. юрид. наук. - Львов, 1983.
13. Пушкар Е.Г. Конституционное право на судебную защиту (гражданско-процессуальный аспект). - Львов: «Вища школа», 1982.
14. Осокина Г.Л. Право на защиту в исковом судопроизводстве (право на иск) / Под. Ред. В.Н. Щеглова. - Томск: Томск, гос. ун-т, 1990.
15. Викут М.А. Стороны - основные лица искового производства. -Саратов: Саратовск. гос. ун-т, 1968.
16. Викут М.А. Проблема правового регулирования процессуального положения и деятельности сторон в советском гражданском судопроизводстве. - Автореф. дис. ... д.ю.н. - Свердловск, 1971.
17. Сулейменов М.К., Басин Ю.Г. Азаматтық құқық. I том. - Алматы, 2003.
18. Васильева Г.Д. Защита ответчика против иска в гражданском
судопроизводстве: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. - Томск, 1980.
19. Треушников М.К. Гражданский процесс. - М, 2000.
20. Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының 2003 жылғы 20 наурыздағы №2 «Азаматтық іс жүргізу заңнамасының кейбір
нормаларын соттардың қолдануы туралы» нормативтік қаулысы.
21. Громощина Н.А. Процессуальное соучастие: Лекция // М.: ВЮЗИ, 1988.
22. Қазақстан Республикасының Конституциясы / 30-тамыз 1995 жылы республикалық референдумда қабылданған (7-қазан 1998 жылғы №284-І, 21-мамыр 2007 жылғы № 254-ІІІ Қазақстан Республикасы Заңымен енгізілген өзгертулер мен толықтырулармен бірге) // Қазақстан Республикасы Парламентінің жаршысы. – 1996. -№4. – 217-қ; 1998. -№20. – 245қ.; 2007. - №10. – 68-қ
23. Абова Т.Е. Соучастие в советском гражданском процессе: Автореф. дис. ... к.ю.н. -М., 1952. 3.Абдуллина З.К. Гражданские процессуальные правоотношения и их субъекты // Вестник КазГНУ, серия юридическая. 1999. №3.
24. Борвиков В.А. Основания соучастия в гражданском процессе и
ГПК РСФСР. - Свердловск, 1970.
25. Викут М.А. Участие третьих лиц в советском гражданском процессе: Автореф. дис. ... канд. юрид. наук. - М., 1953.
26. Викут М.А. Легитимация к процессу //Проблемы защиты субъектных прав в советском гражданском судопроизводстве. - Ярославль, 1981.
27. Жеруолис И.А. Сущность советского гражданского процесса. - Вильнюс, 1969.
28. Нефедьев Е.А. К учению о сущности гражданского процесса. Соучастие в гражданском процессе. - Казань: Тип. ун-та, 1891.
29. Орлова Н.И. Права сторон в гражданском процессе. - Минск: БГУ, 1973.
30. Поляков И.Н. Контроль суда за распорядительными действиями сторон в гражданском процессе // Научный комментарий судебной практики за 1972 год - М.: Юрид. лит., 1973.
31. Сергеев А.П., Толстой Ю.К. Гражданское право - М.: Проспект, 1998.
32. Чечот Д.М. Участники гражданского процесса. - М.: Госюриздат, 1978.
33. Советский гражданский процесс: Учебник. / Отв. Ред. М.С. Шакарян. - М.: Юридическая литература, 1985.
34. Шакарян М.С. Участие третьих лиц в советском гражданском процессе. - М.: ВЮЗИ, 1990.
35. Нұрмышев Ү., Нұрмышева Ф. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу құқығы. – Алматы: Жеті Жарғы -2009 жыл.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5

1 Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарына жалпы сипаттама

1.1 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының жалпы
түсінігі ... ... ... ...7
1.2 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының субьектілері және
олардың
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... .14

2 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының
қатысушылары ретіндегі сипаттамасы

2.1 Тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары
ретінде ... ... ... 17
2.2 Тараптардың құқықтары мен
міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 31
2.3 Азаматтық іс жүргізудегі іске
қатысушылық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..37
2.4 Іс жүргізушілік құқық
мирасқорлығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 41
2.5 Тиісті емес жауапкердің
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.43

3 Азаматтық іс жүргізудегі үшінші тұлғалар мен прокурордың түсінігі.

3.1 Үшінші тұлғалардың түсінігі және
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 47
3.2 Азаматтық іс жүргізуге прокурордың
қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
3.3 Басқа адамдардың құқықтарын қорғау үшін мемлекеттік басқару
органдарының, кәсіподақтардың және жеке азаматтардың іске

қатысуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ..58

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 64

Пайдаланылған әдебиеттер және нормативтік құқықтық актлердің
тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..66

КІРІСПЕ

1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Ата заңы,
Конституциясы қабылданды. Осы Конституцияға негізделіп, жаңа саяси-құқықтық
жағдайға байланысты көптеген заңдар, кодекстер қабылданды.
Оның ішінде 1999 жылы 13-шілде күні қабылданған Қазақстан
Респуликасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексін ерекше айтып кетсек болады.
Аталған кодексте азаматтық іс жүргізу мәселесіне қатысты барлық дерлік
жағдайлар көрініс тапты деп айтса болады. Оның 1-бабына сәйкес, осы
Қазақстан Республикасының Азаматтық Іс Жүргізу Кодексі соттардың осы
кодекспен және басқа заңдармен өз құзіретіне жатқызылған талап қою және
өзге де істерді қарау мен шешу барысында сот төрелігін атқаруы кезінде
туындайтын қоғамдық қатынастарды ретейді.
Диплом жұмысының өзектілігі - Қазақстан Респуликасы Конституциясының 13-
бабында, әркімнің құқық субьектісі ретінде танылуына құқығы бар және өзінің
құқықтары мен бостандықтарын, қажетті қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы
келмейтін барлық тәсілдермен қорғауға құқылы екені аталып кеткен. Бұл бір
жағынан, азаматтың тиісті сотқа қорғанып жолдануын, екінші жағынан, соттың
берілген арызды қарау және ол бойынша заңды, негізді шешім қабылдау
міндетін білдіреді.
Сотта істерді қарау дегеніміз адам азамат мен құқықтарының,
мемлекет, қоғам мүдделерінің қорғалуы.
Әркімнің өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына
құқығы бар. Бұзылған құқықтарды қорғаудың нысандары ішінде сот арқылы
қорғану, оның конституциялық орган ретінде әділсоттылықты жүзеге асыратын,
мемлекеттік билік органы ретінде іс жүргізу қызметінің басты әрі ең тиімді
субъектісі болып табылады. Яғни сот арқылы бұзылған немесе даулы құқықты
қалпына келтіру неғұрлым демократиялы, қолжетімді әрі ашық тиімді нысан
болып табылады. 1948 жылы 10-желтоқсанда БҰҰ-нің Бас Ассамблеясы қабылдаған
Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясында әрбір адам Конституциямен
немесе заңмен оған берілген негізгі құқықтары бұзылған жағдайда құзіретті
ұлттық соттармен құқығын тиімді қалпына келтіруге құқылы делінген. [1, 390]
Демек, осы Декларацияны мойындаған әрбір мемлекет азаматтарының өз сот
органдары арқылы қорғалуы абсолюттік құндылықты құрайтын негізгі
бостандықтар мен құқықтардың қатарына жатқызылады.
Бұл диплом жұмысының қарастырылып отырған тақырыбы — азаматтық іс
жүргізудегі тараптар, олардың құқықтары мен міндеттері. Азаматтық процеске
қатысушы тұлғалардың ішінде тараптардың алатын орны ерекше. Себебі,
тараптар болмаса, талап өндірісінің болуы, жүзеге асырылуы мүмкін болмайды.

Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері — азаматтық
іс жүргізудегі тараптарға қатысы бар мәселелерді жан жақты қарастырып,
талқылау. Себебі, тараптарға қатысты зерттелмеген мәселелер әлі де көп.
Яғни, біз тараптардың түсінігіне, олардың процессуалдық құқықтары мен
міндеттеріне байланысты сұрақтарға жауап беруге тырысамыз.
Қазіргі кезде көп жағдайда тараптар жөнінде әртүрлі пікірлер
айтылып жатады. Сондықтан, осы диплом жұмысының міндеті болып азаматтық іс
жүргізудегі тараптар дегеніміз кім, олардың қандай құқықтары мен міндеттері
бар деген мәселенің мәнін ашып, талқылау болып табылады.
Азаматтық Іс Жүргізу Кодексінің 44-бабында, іске қатысушы
тұлғалардың құрамы берілген. Олардың ішінде ең негізгілері болып тараптар
табылады.
Тараптарды азаматтық іс жүргізудегі негізгі субъектілер ретінде
көрсететін дәлелдер көп-ақ. Олардың барлығын осы бітіру жұмысының әрбір
бөлімінен айқын көруге болады.
Диплом жұмысының зерттеу обьектісі: азаматтық с жүргізу құқықтық
қатынастары және олардың қатысушылары. Оның ішінде, тараптардың мәртебесін
зерттеу.
Зерттеу пәні: қазіргі заман талаптарына сай, тараптардың азаматтық іс
жүргізу құқықтық қатынастары қатысушылары ретіндегі мәртебесін құқықтық
тұрғыдан реттеу мен ұйымдастыру барысында жаңа тәсілдер мен жолдарды
қарастыру.
Диплом жұмысында тараптардың түсінігі, олардың құқықтары мен
міндеттері, іске қатысушылық, құқық мирасқорлық, тиісті емес жауапкерді
ауыстыру мәселелері қарастырылып кеткен. Сонымен қатар, процеске қатысушы
кейбір тұлғаларға да тоқталып, олардың түсінігін ашып көрсетуге тырыстық.
Диплом жұмысын жазу барысында Қазақстан Республикасы заңнамасына
талдау жасалынып, көрнекті ғалымдардың еңбектері қарастырылды. Атап айтсақ,
Баймолдина З.Х., Треушников М.К., Осокина Г.Л., Шакарян М.С., Викут М.А.
және т.б.

1 Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарына жалпы сипаттама

1.1 Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының жалпы түсінігі

Жалпы, құқық қатынастары дегеніміз құқық нормаларымен реттелген
қоғамдық қатынастар болып табылады. Құқықтық қатынас - бұл қатысушылары
субьективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иемденетін қоғамдық қатынас
болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары – азаматтық іс жүргізу құқық
нормаларымен реттелген, қоғамдық қатынастар. Аталған қатынастар азаматтық
істерді қарау мен шешу барысында туындайды. Осы қатынастардың қатысушылары
процессуалдық құқықтарға ие болып, процессуалдық міндеттерді атқарады. [2,
103]
Ресейдің революцияға дейінгі ғылыми әдебиеттерінде азаматтық процес
юридикалық қатынас ретінде қарастырылған. Мұндай пікірді алғаш рет
профессор О.Бюлов айтқан болатын. Ол талап өндірісінде екі заңды қатынас
жүзеге асырылады деп есептеген:
1) Талапкер мен сот арасында;
2) Сот пен жауапкер арасында;
Ал, тараптар өзара құқықтық қатынасқа түспейді. Себебі, бір жақтың
процессуалдық құқықтарына, екінші жақтың процессуалдық міндеттері сәйкес
келмейді. Яғни, тараптар бір біріне қатысты процессуалдық құқықтар мен
міндеттерге ие болмайды.
О.Бюловтың бұл пікірін оның замандастары толығымен дерлік қолдаған.
Бірақ, сол жылдардың ғылыми әдебиеттерінде заңды қатынасқа (азаматтық
процеске) деген басқа үш көзқарас болды:
1) Кейбір ғалымдар тараптардың өзара құқықтары мен міндеттері жоқ
екендігімен келісіп, сот тек қана міндеттер атқарып қана қоймай, сонымен
қатар құқықтарға да ие болады деп есептеген.
2) Басқа ғалымдар, соттың жеке мүддесі болмағандықтан, ол процессуалдық
қатынастың қатысушысы бола алмайды. Сот мемлекеттік билік органы
болғандықтан, ол тараптардан жоғары тұрады деген тұжырым айтқан.
3) Ал, үшінші топ процестің барлық үш субьектісі өзара процессуалдық
құқықтар мен міндеттермен байланысты болады деген пікірді ұстанған.
Шынында да, процессуалдық құқықтық қатынас сот пен процеске қатысушы
тұлғаның арасында пайда болады деген пікірге қосылуға болады. Себебі,
процестің басқа қатысушылары, яғни тараптар, үшінші тұлғалар, прокурор,
маман, куә және т.б. өзара құқықтар мен міндеттерге ие бола алмайды. Өзара
құқықтар мен міндеттерге тек сот пен процесске қатысушы тұлға ие бола
алады. Азаматтық процессуалдық құқық қатынастары жоғарыда аталған
субьектілердің жүріс-тұрысын бекітеді.

Бірақ, азматтық процеске бір ғана құқықтық қатынасқа сияқты көзқарас
даулы болып табылады. Сот пен процес қатысушысы арасында туындайтын нақты
бір қатынасты, жай азаматтық процессуалдық қатынас ретінде қарастыру керек.
Азаматтық процес - әрқайсысы белгілі бір азаматтық іс жүргізу құқығының
нормасының негізінде пайда болатын және бір бірін ауыстырып отыратын жай
қатынастардың күрделі жүйесі болып табылады. Сот пен процес қатысушысы
арасында бірнеше процессуалдық қатынастар туындауы мүмкін. Салыстырмалы
түрде дербес көптеген құқықтық қатынастар, жиынтығында азаматтық іс
жүргізуді құрайды.
Сонымен, азаматтық іс жүргізу қатынастары дегеніміз азаматтық іс
жүргізу құқық нормаларымен реттелген, сот пен процес қатысушысы арасында
азаматтық іс бойынша сот әділдігін жүзеге асыру барысында пайда болатын
қоғамдық қатынас.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарының өзіне тән белгілері бар. Бұл
қатынастарды мынадай белгілермен сипаттауға болады:
1) Құқық нормаларының негізінде пайда болады;
2) Нақты субьектілердің арасында пайда болады;
3)Құқықтық қатынасқа қатысушылардың жүріс-тұрысын заң тұрғысынан бекітеді;
4)Құқықтық қатынас қатысушысының құқықтары бұзылған жағдайда, мемлекеттік
мәжбүрлеу шараларын қолдану мүмкіндігі қарастырылған.
Сонымен қатар, азаматтық іс жүргізу қатынастарының өзіне тән белгілері
бар. Бұл белгілерді Н.А.Чечина терең зерттеген. Олар:
1) Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының міндетті қатысушылары ретінде
бір жағынан сот, екінші жағынан процеске қатысушы тұлға танылады. Сот
мемлекеттік билік органы ретінде қатысса, процеске қатысушы тұлға сотқа
бағынышты субьект ретінде қатысады. Сондықтан да, азаматтық іс жүргізу
қатынстары билік-бағынушылық қатынастары болып табылады.
И.А. Жеруолистың пікірі бойынша процессуалдық қатынастар іске
қатысушы жекелеген тұлғалардың арасында да пайда болуы мүмкін. Сондай ақ,
мұндай қатынастар тек тараптар арасында ғана емес, сонымен қатар, соттағы
өкіл мен өкіл беруші арасында пайда болуы мүмкін. Осы жерде айта кеткен
жөн, соттың қатысуынсыз процессуалдық қатынастар тек қана өкіл мен өкіл
беруші арасында туындауы мүмкін.
2) Азаматтық іс жүргізу қатынастары тек құқықтық нысанда пайда болып,
жүзеге асырылуы мүмкін. Яғни, азаматтық іс жүргізу құқық нормаларымен
көзделген қатынастар пайда болуы мүмкін. Себебі, процестің барлық
субьектілерінің әрекеттері азаматтық іс жүргізу заңнамасымен реттелген. Нақ
осы белгісі бойынша біз азаматтық іс жүргізу қатынастарын азаматтық және
басқа да материалдық құқықтық қатынастардан ажыратамыз.
3) Барлық азаматтық іс жүргізу қатынастары бір бірімен тығыз байланыста
болып, процессуалдық қатынастардың күрделі жүйесін құрайды. Аталған
қатынастар процестің белгілі бір кезеңіне сәйкес пайда болады. Бұл
дегеніміз олар белгілі бір ретпен туындайды деген сөз.
Кеңестік кезеңнің ғылыми әдебиеттеріне көз жүгіртсек, процессуалдық
қатынастар бір жүйені құрмай, процестің бірыңғай күрделі азаматтық іс
жүргізу қатынасы болып табылады деген көзқарас кездеседі. Алайда, бұл
пікір құқықтық қатынастар туралы жалпы танылған ұстанымдарға қайшы келеді.
Біздің оймызша сот пен процеске қатысушы тұлға арасында пайда болатын құқық
қатынастарының жиынтығы – азаматтық істі қарау мен шешу барысында, сондай-
ақ іс бойынша шығарылған сот актісін орындауға байланысты пайда болатын
бірін бірі ауыстырып отыратын, жекелеген азаматтық құқық қатынастарының
жүйесі болып табылады. Бұл қатынастар бір бірінен туындау негіздері,
субьектілік құрамы мен мазмұны бойынша ерекшеленсе де, өзара тығыз
байланысты болады. Яғни, бір процессуалдық қатынастың пайда болуы басқа бір
іс жүргізу құқық қатынасының пайда болуына, өзгеруіне, тоқтатылуына әкеліп
соғады.
4) Азаматтық іс жүргізу қатынастарының пайда болуы, өзгеруі, тоқтатылуы
тараптардың ерік білдіруіне байланысты болады.
Азаматтық іс жүргізу қатынастарын әр түрлі критерийлер бойынша бөлуге
болады. Оның ең біріншісі субьектілік құрам бойынша бөлу. Біздің ойымызша
субьектілік құрамы бойынша азаматтық іс жүргізу қатынастары былайша бөлінуі
тиіс:
1) Негізгі;
2) Қосымша;
3) қыметтік-көмекші.
Негізгі құқық қатынастары бұл сот пен талапкер, сот пен жауапкер,
ерекше өндіріс бойынша сот пен арыз беруші арасындағы қатынастар.
Қосымша қатынастардың өзін төрт түрге бөліп қарастыруға болады. Олар:
1) Сот пен даудың нысанасына дербес талаптарды мәлімдейтін үшінші тұлға
арасында;
2) Сот пен даудың нысанасына дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлға
арасында;
3) Сот пен прокурор арасында;
4) Сот пен іс бойынша қорытынды беру мақсатында процеске қатысатын
мемлекеттік немесе өзін өзі басқару органы.
Қызметтік көмекші қатынастарға біз бір жағынан сот, ал екінші
жағынан куә, маман, аудармашы қатысатын құқықтық қатынастарды жатқызамыз.
Аталған қатынастардың соңғы екеуі тек негізгі процессуалды
қатынастар болған кезде ғана орын алуы мүмкін.
Сонымен қатар азаматтық процестің кезеңдері құқық қатынастарын
бөлуге негіз болуы мүмкін. Олар:
1) Бірінші инстанция соты мен процеске қатысушылар;
2) Аппеляциялық инстанция соты мен процеске қатысушылар;
3) Қадағалау инстанция соты мен процеске қатысушылар;
4) Жоғары тұрған сот пен төменгі тұрған сот.
Құқық теориясының жалпы танылған ұстанымдарына сәйкес, құқықтық
қатынас заң жүзінде бекітілген, белгілі бір жағдайлар болған кезде
туындайды. Мұндай жағдайларды біз алғышарттар деп атаймыз. Бұл алғышаттарды
біз екі түрге бөлеміз:
1) Жалпы алғышарттар. Жалпы алғышарттарға құқық нормалары, құқық
субьектілік жатады.
2) Арнайы алғышарт - құқықтық қатынастың туындауының тікелей негізі.
Мысалы: заңды факт немесе олардың жиынтығы.
Айтылғандардың негізінде, азаматтық іс жүргізу құқық қатынастың
туындауы үшін үш негіз қажет деген пікірге келуге болады: азаматтық іс
жүргізу құқығының нормалары, процессуалдық қатынастардың қатысушыларының
құқық субьектілігі, заңды факт.
Азаматтық іс жүргізу құқығының нормалары дегеніміз – сот
әділдігін жүзеге асыру кезіндегі сот пен процес қатысушылары үшін міндетті
болып табылатын жүріс-тұрыс ережелері. Азаматтық іс жүргізу қатынастары
тиісті процессуалдық норманың негізінде туындайды. Яғни, процессуалдық
норма болмаса, процессуалдық қатынастың пайда болуы мүмкін емес. Аталған
нормалардың өзіне тән белгілері бар:
1) Тек мемлекетпен ғана белгіленеді;
2) Орындалуы міндетті болып табылады;
3) Жалпы сипатта болады;
4) Азаматтық іс жүргізу саласындағы қатынастарды реттейді;
5) Орындалуы мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен қамтамасыз етіледі.
Процессуалдық қатынас қатысушыларының құқық субьектілігі ұғымы,
аталған субьектілердің құқық және әрекет қабілеттілігін қамтиды. Азаматтық
іс жүргізу құқық қабілеттілігі – азаматық іс жүргізу құқықтары мен
міндеттеріне ие бола алу қабілеттілігі. Азаматтық іс жүргізу құқық
қабілеттілігі материалдық құқық субьектілері болып табылатын барлық
азаматтар мен ұйымдар үшін бірдей танылады. Осы жерде айта кететін жайт,
азаматтардың процессуалдық құқық қабілеттілігі олар дүниеге келген сәттен
бастап пайда болып, қайтыс болған кезде тоқтатылады. Заңды тұлғалардың
құқық қабілеттілігі олар мемлекеттік тіркеуден өткен кезде пайда болып, өз
қызметін тоқтатқан кезде тоқтатылады.
Азаматтық іс жүргізу әрекет қабілеттілігі – бұл сотта өз
әрекеттерімен өзінің құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра алу
қабілеттілігі. [3] Азаматтың процессуалдық әрекет қабілеттілігі оның жасы
мен психикалық жай күйіне байланысты. Процессуалдық әрекет қабілеттілікке
толық көлемде 18 жасқа толған және 18 жасқа толмай тұрып некеге тұрған
азаматтар ие бола алады. Кәмелетке толмаған азаматтар мен әрекет
қабілеттілігі шектеулі тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін сотта
олардың заңды өкілдері қорғайды.
Заңды факт азаматтық іс жүргізу құқығы нормаларымен белгіленген мән
-жай, осы мән-жаймен заң азаматтық іс жүрізу құқық қатынастарының
туындауын, өзгеруін және тоқтатылуын байланыстырады. Азаматтық іс жүргізу
құқық қатынастары мынадай заңды фактілердің негізінде туындайды: әрекет
және оқиға. Көп жағдайларда азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары бір
заңды фактінің негізінде емес, ал олардың жиынтығының негізінде туындайды.
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының мазмұны туралы -
азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымындағы күрделі және көп қарама қайшылық
туғызған сұрақ. Бұл жайлы негізгі үш көзқарасты атап өтейік:
1) Процес қатысушыларының процессуалдық құқықтары мен міндеттері.
(В.М.Семенов, Н.А.Чечина, Д.М.Чечот).
2) Процес қатысушыларының өздерінің процессуалдық құқықтары мен
міндеттеріне сәйкес жүзеге асыратын әрекеттері. (П.П.Гуреев, А.А.Мельников,
В.Н.Щеглов).
3) Процес қатысушыларының процессуалдық құқықтары мен міндеттері және
олар жүзеге асыратын процессуалды әрекетер. (Д.Р.Джалилов, И.А.Жеруолис,
В.П.Мозолин).
Біздің ойымызша осы аталағандардың ішінде бірінші көзқарас дұрыс
және негізді болып көрінеді. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастары
субьектілерінің құқықтары мен міндеттері Азаматтық іс жүргізу кодексінің
бірқатар баптарында бекітілген.
Субьективтік азаматтық іс жүргізу құқығы дегеніміз азаматтық іс
жүргізу заңнамасымен бекітілген және мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз
етілген құқықтық қатынастың бір тарабының белгілі бір әрекеттерді жасап,
екінші тараптан дәл сондай жүріс-тұрысты орындауын талап ету мүмкіндігі.
Бұл жерде азаматтық процес тараптары дегенде, сот пен процеске қатысушы
тұлға туралы сөз болып отыр. Процес қатысушыларының құқықтары біркелкі
емес, сондықтан оларды мазмұнына қарай жіктеуге болады. Мазмұнына
байланысты субьективтік азаматтық процессуалдық құқықтарын үш айырып
қарастыруға болады:
1) Істі қоғау мен оның ары қарай қозғалуына байланысты құқықтар.
2) Істі шешу, қарау мен шығарылған сот шешімін орындауға байланысты
құқықтар.
3) Сотқа белгілі бір әрекеттерді жасауға нұсқау беру мүмкіндігімен
байланысты құқықтар.
Сонымен қатар, процес қатысушылары субьективтік процессуалдық
құқықтарды иелене отырып, белгілі бір процессуалдық міндеттерді көтереді.
Құқық теориясында заңды міндет тұлғаның заңмен белгіленген тиісті
жүріс тұрысы. Ол құқық берілген тұлғаның міндетті тұлғадан өз міндеттерін
орындауын талап ету және қажет болған жағдайда мемлекеттік аппараттың
күшіне жүгіну мүмкіндігін қамтиды. Азаматтық процессуалдық міндет – бұл
азаматтық іс жүргізу құқығынын нормаларымен бекітілген және орындалмаған
жағдайда мемлекеттік мәжбүрлеу шарасымен қамтамасыз етілген қажетті жүріс
тұрыс. Өз міндеттерін орындамаған процессуалдық қатынас субьектісіне
азаматтық процессуалдық санкциялар, сондай-ақ қылмыстық және әкімшілік
жауаптылық шаралары қолданылуы мүмкін.
Іске қатысушы тұлғалардың маңызды міндеттерінің бірі АІЖК 47
бабының 1 бөлімінде белгіленген: олар өздеріне берілген барлық іс жүргізу
құқықтарын адал пайдалануға тиісті. Сотқа қатысушы тұлғалардың барлығына
қойылатын жалпы талап – процессулдық әрекеттердің нысаны мен тәртібін
сақтау, соттың нұсқауларын орындау.
Жоғарыда аталғандардан басқа, іс бойынша тарап өзінің талаптары мен
қарсылықтарын негіздейтін мән жайларды дәлелдеу, соттың дәлелдемелерді
талап етуін, сот шығындарын көтеру, сот мәжілісіне келу сияқты міндеттері
бар. Сондай ақ, барлық процесске қатысушы тұлғалар сот отырысының заңмен
белгіленген тәртібін сақтауы тиіс.
Азаматық іс жүргізу құқық қатынастарының келесі бір элементі – оның
обьектісі. Әдебиеттерде азаматтық кұқықтық қатынастар объектісі нақты
қатынас бағыты мен реттеу құралы ретінде сипатталған. Азаматтық іс жүргізу
құқық қатынасы қоғамдық қатынастағы субъектілер арасындағы байланысты
белгілейді және де ол субъектілердің әрекетіне әсер етеді, сондықтан іске
қатысушы түлғалардың әрекетін объекті ретінде тану керек. Азаматтық іс
жүргізу қатынастағы объекті құқықтық түсінікке жатады, осы себепті ол даулы
мәселе болып тұр. Р.Е.Гукасян былай деп жазады: азаматтық құқық қатынас
объектісі деп - материалды-құқықтық дау немесе өзге де талап. [4, 61-62]
Бұл түсінікпен келісуге болмайды, өйткені іс жүргізу құқықтық
қатынастың материалдық-қүқықтық қатынасынан айырмашылағы бар. Материалдық
құқық қатынасының мазмұны мен сипаты және ерекшелігі сотпен реттеледі,
соңынан ол іс жүргізу құқықтар мен міндеттердің мазмұны арқылы бір арнаға
шоғырландырады, іс жүргізу қатынастардың әр субъектісінің әрекетін
белгілейді.
Құқықтық қатынас теориясында объект туралы түсінік өте күрделі болып
келеді. Қаралып жатқан кұқық қатынастардың объектісі ретінде соттың ішкі
жағының іс жүргізушілік қызметін айтуға болады. Көптеген ғалымдардың
еңбектерінде объектіні субъектілердің әрекеті ретінде айтады. Енді
біреулері құқықтық қатынастың объектісі ретінде әрекеттің өзін айтады, ал
бұлардан өзгелері субъектілер әрекетінің бағыты деп түсіндіреді, ал
үшіншілері объектіні әрекетпен және оның қайда бағытымен байланыстырып
жазады. [5,41-42] Мұнда әрекет пен бағыт дербес алынған.
Құқықтық қатынас тек қана олардың қызметінде пайда болады. Осы қызмет
құқық объектісі болады, ал құқық қатынастық объектілердің әрекетін құқықтық
қатынастың объектісі ретінде санауға болмайды.
Құқықтық қатынас объектісі - азаматтық сот өндірісі нәтижесінен
туындайтын субъективтік міндеттер мен құқықтардың нормалар жиынтығы ретінде
қарастырылады. Мұны нақтылау үшін әлі де зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Азаматтық іс бойынша жүзеге асырылатын сот әділдігі аясындағы азаматтық
іс жүргізу ісінің кұқықтық объектісі болып қарастырылу мүмкін, сол қатынас
субъектісі мазмұны, құқық пен міндеттері бойынша белгілі бір іс әрекетке ие
және құқық пен міндеттері.
Субъективтік іс жүргізу - құқықтар мен міндеттер объектісіне сәйкес.
Азаматтық іс жүргізу қатынасы оның бірде-бір қатысуынсыз және әрекетінсіз
пайда бола алмайды.
Сондықтан да барлық қатысушылардың әрекеті бұл жерде құқықтық
қатынастың объектісі емес құқықтың белгісі болып тұр. Субъективтік құқық -
бұл басқа тұлғаға міндеттелген заңмен қамтамасыз етілген құқықтық
қатынастың әрекет шамасы.
Материалдық құқық қатынаста іс жүргізу қатынастың ішкі объектісі бола
алмайды. Материалдық құқық қатынастың даулы мәселесіне сот қана әсер ете
алады.
Азаматтық сот өндірісінің әрекеті азаматтық іс жүргізу құқық қатынастың
дамуы арқылы жетіледі. Соның субъектілері өзінің заңда көрсетілген
құқықтары мен міндеттеріне сәйкес әрекеттер жасайды.
Сондықтан осы әрекеттердің нәтижесі азаматтық іс жүргізу құқығының
объектісі болады.
Сонымен азаматтық іс жүргізу қатынастың объектісі заңмен көрсетілген іс
жүргізу әрекеттердің нәтижесі мен азаматтық сот өндірісі ретінде пайда
болатын мақсаттар.
Көрсетілген мақсатқа жету үшін құқықтық қатынастың барлық
субъектілердің іс жүргізу әрекетінің нәтижесі соттың соңғы шешімінің
шығуына үлкен әсер етеді. Сол уақытта әр объектінің әрекеті өзінің
мақсатына бағытталған, яғни арнайы объектінің өзара байланысы мынаған
сәйкес:
1) Жалпы объектінің мазмұны және арнайы объектінің
нақты мазмұны бір-біріне әсері жалпы жекелей қарастырылады;
2) Әр арнайы объектінің белгілі бір нәтижеге жетуі,
соттың іс жүргізу әрекеттерімен байланысы қамтамасыз етіледі;
3) Барлық арнайы объектінің жиынтығы жетілгенде,
жалпы объектінің жетілуін қамтамасыз етеді, яғни соттың және
басқа да субъектілер жиынтығының іс жүргізу әрекеттері арнайы
объект шекарасынан шығып жалпы объектіге көшеді;
4) Соттың іс жүргізу әрекеті құқықтық қатынастың
жалпы объектісіне бағытталған, ал сол уақытта
барлық
субъектілердің іс жүргізу әрекеті арнайы объектіге бағытталған.
Іс жүргізу құқық қатынастың дамуы мен пайда болу мақсаты талапкердің,
жауапкердің, үшінші жақтың сотпен ара-қатынасы оларға тиесілі материалдық
және заңды мүдделеріне қатысты. Бүл мақсатта тараптар мен үшінші жақ
мүддесі ғана емес, ол сот өндірісінің жалпы мақсаты қарастырылады, яғни бұл
сот пен тараптар, үшінші жақ байланысымен қамтамасыз етілген қатынас.
Сонымен іс жүргізу құқық қатынастың арнайы объектісі-тараптар мен
үшінші жақтардың материалдық құқықтар мен заңды мүдделерді қорғауы болып
табылады.

1.2 Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының субьектілері және
олардың жіктелуі

Азаматтық іс жүргізу құқық қатынас субъектілері азаматтық процеске
қатысатын кез-келген тұлғалар. Азаматтық іс жүргізу нормалары арқылы
қүқықтар алған тұлгалар азаматтық іс жүргізу құқық қатынас субъектісіне
жатады.
Субъектілерді үш түрге бөлеміз:
Сот;
Іске қатысты тұлғалар;
Процеске көмектесуші түлғалар.
Сот құзыретін құрайтын міндеттері мен құқықтары іс жүргізу құқық
қатынастың субъектісі деп сипатталады. Сотқа құқық қабілеттілік деген құқық
категориясы тән емес. өйткені, сот мемлекеттік билік органы болғандықтан
құқықтық жағдайлар құқықтық қабілеттілікпен сипаттала алмайды. Субъективтік
құқық - бұл басқа тұлғаға міндеттелген заңмен қамтамасыз етілген құқықтық
қатынастың әрекет шамасы.
Сот-сот әділдігін жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады. Ол
іс жүргізу құқықтық қызметті де орындайды және сот әділдігін жүзеге асыру
барысында ол бір ауқытта мемлекеттік және іс жүргізу қатынасында болады.
Сондықтанда ол мемлекет алдында және өзінен жоғары түрған соттар
алдында, іс жүргізу қатынасына түсетін қатысушылар алдында жауапты
болады. Сот өз міндеттерін дұрыс жүзеге асырып, талап мүддесін
қамтамасыз ету үшін іс жүргізу шаралары қолданылуы мүмкін. Олар - сот
әрекетіне, сот шешіміне келіспеушілік, шағымдану және тағы басқалар.
Сот іс жүргізу қатынас субъектісі сот іс жүргізу қатынасында басқару
жағдайы бойынша сипатталады. Сот әділдігін жүзеге асыру - бұл соттың құқығы
болуымен шектелмей міндеті де болып табылады.
Бұл міндетті жүзеге асыру үшін сот билік құзыретіне ие болу тиіс.
Н.А. Чечин соттың басқару ролін былай қарастырады:
1. сот процес жүрісін басқарады;
2. сот биліктік күші бар қаулылар шығарады;
3. сот процеске қатысушы барлық тұлғаларға санкция қолдана
алады;
4. соттың құқықтары мен міндеттері іс жүргізу
қатынасқа түсетін барлық субъектілердің құқықтарымен м
індеттеріне сәйкес келеді;
5. соттың міндеттері іске қатысушы тұлғалардың құқық күшіне
сәйкес деп айтып кеттік, оның міндеттері мемлекеттік құқықтық пәрменге
сәйкес келеді және ол соттың мемлекеттік - қүқықтық қызметін көрсетеді;
6. іс жүргізушілік қатынастың субъектісі ретінде соттың құқықтары
мен міндеттерінің көлемі барлық іс жүргізушілік қатынастарға қатысатын
кез-келген субъектінің құқықтары мен міндеттерінің көлемінен асып кетеді.
[6, 24] Субъектілердің тең
еместігі билік қатынас деген атқа ие болды. Соттың билігі деген түсінік
тараптар мен іске қатысушылардың үстінен сот қатты кете алмайды, өйткені,
белгілі бір сот үстінен арыз берілуі мүмкін. Мысалы: талап арызды негізсіз
қабылдаудан сот бас тартса, онда соттың әрекетіне шағым жасалуы мүмкін.
Құқықтық қатынас - субъектілер арасындағы байланыс, оның қатысушылары
заңды құқықтар мен міндеттерге ие. Субъектілерді жалпылама түсіндіру
мақсатында, егер азаматтық сот процесіне жүгінсек онда іс жүргізушілік
қатынас субъектілері мынадай:
Сот, талап өндірісінің тараптары, ерекше өндірістер бойынша арызданушы,
дау нысанына дербес талаптарын мәлімдейтін үшінші тұлғалар, дау нысанына
дербес талаптарын мәлімдемейтін үшінші тұлғалар, прокурор, мемлекеттік
органдар, жергілікті өзін-өзі басқару органдары, ұйымдар.
Сондай - ақ Азаматтық іс жүргізу кодексінің 56, 57 баптарында көзделген
талаптар бойынша процеске қатысатын жекелеген азаматтар, сот ерекше іс
жүргізу тәртібін негіздейтін мәлімдеушілер мен мүдделі адамдар, мемлекетті
мекемелер мен ұйымдар, қоғамдық бірлестіктер, куәлер, маман - сарапшылар,
аудармашылар және тағы басқалар субъект болып келеді.
Азаматтық іс жүргізушілік құқықтық қатынасқа түсетін субъектілердің
құқық жағдайлары әр түрлі. Бұл - олардың әр қайсысындағы іс жүргізушілік
қызмет функциясының бірдей болмауы себебінен болып, азаматтық іс жүргізу
құқықтық қатынастарына және олардың субъектілеріне өзіндік әсерін тигізіп
жататын жағдайларда бар.
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынаста сот өндірісін жүзеге асыру
соттан басқа барлық субъектілер екі топқа бөлінеді.
Бірінші топқа талап өндірісіндегі талапкер мен жауапкер, әкімшілік-
құқықтық қатынастан туындайтын істердегі тараптар, ерекше өндірістегі талап
беруші, үшінші жақтар, басталып кеткен немесе жаңадан қозғалған азаматтық
істегі прокурор, топтардың өкілдері, ерекше өндірістегі мүдделі тұлға,
мемлекеттік орган, өзінің құзыреті мәселесі бойынша қатысатын қоғамдық
бірлестіктер жатады.
Екінші топқа куә, маман-сарапшы, аудармашы, қоғамдық ұйымдардың
өкілдері кіреді.
Бұл азаматтық іс жүргізудегі құқықтық қатынас субъектілер тобының екіге
бөлінуі, олардың жеке сипаты мен жағдайына және процеске қатысу
мақсаттарына қатысты.
Бірінші топтағы процеске қатысушылардың барлығы жалпы бір мазмұнмен
сипатпен және жағдаймен бірігеді. Бұлардың бәрі сот өндірісіндегі сот
шешіміне мүдделі заңды тұлғалар болып табылады. Сондықтан олардың
процестегі жағдайының өзі жеке өзіндік сипатқа ие. Бірақта бұл жеке өзіндік
сипат барлық субъектілерге тән емес.
Негізінен, бірінші топтағы субъектілердің процесте жеке өзіндік сипаты
талап өндірісіндегі тараптар мен әкімшілік-құқықтық қатынаста туындайтын
істер бойынша пайда болады. Диспозитивті принциптің процестегі қызметі де
жоғарыдағыдай сипатты көрсетеді.
Азаматтық істің қозғалуы талапкердің өзіне байланысты. Талапкер өзінің
талабынан бас тартуы мүмкін, талап негізін немесе талап мазмүнын өзгертуі
мүмкін, ал екінші жақ, яғни жауапкер талапқа толық немесе оның бір бөлігіне
ғана көнуі мүмкін.
Талапкер тәрізді азаматтық процестегі үшінші тұлғалар да жеке өзіндік
сипатқа ие, өйткені олар да жеке өзіндік дербес талап қоя алады, мұнымен
қатар дербес талап қоя алатын келесі бір субъект - ерекше өндірістік
істердегі талапкерлер немесе шағым берушілер болып келеді. Құқықтық қатынас
тек қана олардың қызметінде пайда болады.
Процестің басқа жағдайларында даудың пәніне дербес талап қоя алмайтын
үшінші тұлғалар болады. Олар - Қазақстан Республикасы азаматтық іс жүргізу
кодексінің 53-бабында көрсетілгендей, соттың бірінші сатысының шешіміне
дейін талапкер немесе жауапкер жағында болғандар. Даудың пәніне дербес
талап қоя алмайтын үшінші жақтарда соттың шақыруы бойынша процеске тартылуы
мүмкін.
Даудың пәніне дербес талап қоя алмайтын үшінші жақтар іс жүргізушілік
құқықтар мен міндеттерге ие. Бірақ талап пәнінің негізін өзгерту құқығы
болмайды, талап мөлшерін азайтып немесе көбейте алмайды, талаптан бас тарта
алмайды, қарсы талап бере алмайды, сот шешімін мәжбүрлетіп орындата
алмайды. [3]
Тағы бір азаматтық іс жүргізушілік қатынастың дербес субъектілердің
бірі - тараптар болып табылады. Тараптарға талапкер мен жауапкер
жатады. Олар туралы Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу
кодексінің 48 бабында көрсетілген.
Талапкерлер деп өзінің мүдделерін қорғау мақсатында және бұзылған
құқығын қалпына келтіру үшін талап беретін азаматтар мен заңды тұлғалар
танылады. Ал жауапкер сол талап арыз бағытталған азаматтар мен заңды
тұлғалар.
Азаматтық іс жүргізуде прокурордың қатысуы да дербес болады. Ол
мемлекет атынан азаматтық іс жүргізуде жоғарғы қадағалауды жүзеге асырады.
Азаматтық іс жүргізушілік қүқықтық қатынасқа қатысатын екінші топ
тұлғалары жоғарыда айтылып өткеніндей куә, сарапшы, аудармашылар, сот
хатшысы, сот орындаушысы.
Олар іс жүргізушілік құқық қатынас жұмысына көмектесуші тұлғалар болып
табылады және олар азаматтық іс жүргізу бойынша заңды мүдделі емес. Мұндай
мүдделік орын ала қалса, жағдайларды дұрыс шешуге септігін тигізер еді.

2 Тараптардың азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастарының
қатысушылары ретіндегі сипаттамасы

2.1 Тараптар азаматтық іс жүргізудің негізгі қатысушылары ретінде

Тұлға азаматтық іске түскен кезде қатаң белгіленген құқықтық
мәртебеге ие болады. Процестегі тұлғаның процессуалдық жағдайы оның
процессуалдық құқықтары мен міндеттер шеңберін айкындап, оның кұқықтық
мәртебесін белгілейді. Құқықтық қатынасқа қатысушының құқықтық мәртебесін
дұрыс анықтамау, соттың қызметінің жаңылуына немесе кемшілігіне, әділетті
емес актінің шығарылуына әкеліп соғуы мүмкін.
Азаматтық процестегі тараптар туралы мәселе өзекті мәселелердің бірі
болып табылады. Өйткені, азаматтық процестің негізгі қатысушылары болып
тараптар табылады. Азаматтық процес аталған тұлғалар арасында болады,
тараптар арасында құқық немесе заңды мүдде туралы дау болады.
Заңда тараптардың нақты анықтамасы берілмеген. Азаматтық процестегі
тараптар - бұл субъективті құқық немесе заңмен корғалатын мүдде туралы
дауды сот қарауы мен шешуге міндетті іске катысушы тұлғалар. Азаматтық
процестің тараптары ретінде талапкер және жауапкер болады. Тараптар ретінде
заңды тұлғалар немесе жеке тұлғалар болуы мүмкін. Сондай-ақ, тараптар
ретінде заңды тұлға болып табылмайтын ұйымдар да болуы мүмкін.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында және заңнамасында тараптар
процессуалдық құқық қатынастарының субьектілері ретінде іске қатысушы
тұлғалардың құрамына жататындығы жалпы танылған пікір болып табылады. Сот
пен тараптар арасында пайда болатын құқықтық қатынастар негізгі азаматтық
іс жүргізу қатынастары болып табылады. Сондықтан тараптар азаматтық
процестің негізгі қатысушылары. Азаматтық процестегі тараптар - бұл
субъективті құқық немесе заңмен корғалатын мүдде туралы дауды сот қарауы
мен шешуге міндетті іске катысушы тұлғалар. [7, 12 ]
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымында тараптардың ұғымына
байланысты екі анықтама кең таралған:
1) тараптар - бұл даулы материалдық-құқықтық қатынастың субъектісі
(С.Н.Абрамов, М.А.Викут, Д.Р.Джалилов, С.А.Якубов);
2) тараптар - бұл күқық туралы даудың субъектісі (А.Ф. Козлов,
М.С.Шакарян).
З.Х. Баймолдинаның пікірінше, бұл екі анықтаманың арасында
айтарлықтай айырмашылықтар жоқ және оларды бір анықтама ретінде түсінуге
болады. Осы екі анықтама әр түрлі сөздермен айтылғанымен, олардың мағынасы
бірдей. Біріншісінде де, екіншісінде де белгілі бір тұлғаның құқығы туралы
айтылған, демек, жауапты (міндетті) тұлға да бар. Ал бір тұлғаның кұқығы
мен басқаның міндеті туралы алдын-ала болжам құқықтық қатынас туралы
болжамға сай болады.
Осылайша, процестегі тарап ұғымы материалдық құқықтық қатынас
субьекті ұғымымен анықталады. Даулы материалдық құқық қатынасының
субьектілері іс бойынша тарап болады. Бірақ бұған іске тиісті емес тараптың
қатысуы жатпайды.
Азаматтық істі қозғау кезінде талапкер қорғау сұрап отырған
субьективтік құқық нақты оған тиесілі екендігін және ол шын мәнінде бұзылды
деп, сондай ақ талапкер жауапкер ретінде тартуды сұраған тұлға осы талап
бойынша жауап беру тиіс деп нақты айтуға болмайды. Нақты мән жайларды сот
істі қарау мен шешу барысында анықтайды. Сондықтан тараптар материалдық
құқық қатынастарының нақты немесе болжамды субьектілері болып табылады.
Материалдық құқықтық катынастың сотпен қаралатын істегі
материалды-кұқықтық және процессуалдық мүдделері бар тараптардың нақты және
болжамды субъектілер ретіндегі анықтамасы М.С. Шакарянның жазуында
критикалық ескерту тапқан. Оның айтуы бойынша, бұл анықтамада тараптардың
түсінігі процестегі материалдық құқықтық қатынас субъектілерінің түсінігіне
негізсіз байланысып отыр, сонымен қатар процестегі тараптар - бұл
материалдық емес, ал іс жүргізушілік құқықтық институт, сондықтан
анықтамада процессуалдық аспектілер ескерілмейді және де бұл анықтама тек
тиісті тараптардың түсінігін ғана қамтиды. [8, 128]
Біздің ойымызша, айтылған критиканы негізсіз деп айтуға болады.
Біріншіден, көрсетілген анықтамада материалды-құқықтық қатынастың
субъектілері мен азаматтық іс жүргізудегі тараптар түсінігінің қатаң
байланысы жоқ. Бұл жерде даулы материалды-құқықтық қатынастың болжамды
субъектілері айтылып отыр. Яғни, іс жүргізуде тараптар материалды-құқықтық
қатынастың міндетті субъектісі болып табылатын жағдайлар болуы мүмкіндігін
айқындайды. Бірақ та сотта іс қозғалу уақытында бұл туралы болжам міндетті.
Егер сол материалды-құқықтық катынастың субъектісі болып табылатын
сотқа арызданушы азаматтың өзіне тиіесілі күқықтары бұзылды деп санағаны
туралы болжам болмаса, он да ол талапкер болып табылмайтыны әлдеқайда
айқын. Сотта қаралуға жататын процестегі тараптар, ең болмағанда материалды-
құқықтық катынастың субъектісі ретінде болжануы керек. Екіншіден, бұл
анықтамада процессуалдық аспектілер ескерілмеді, - деген М.С. Шакарянның
айтуы негізсіз деуге болады. Өйткені, тараптар - азаматтық процеске өз
субъективтік құқықтары мен заңмен қорғалатын мүдделерін корғау үшін
қатысатын тұлғалар - деген көрсетілім процессуалдық аспекті болмай не
болады?
Жоғарыда көрсетілгендей, М.С. Шакарянның ойынша, процестегі
тараптардың түсінігі материалдық қүқықтық қатынас субъектісінің түсінігімен
байланысты болмау керек, - деген. Бірақ, өз анықтамасында процестегі
тараптар түсінігі бұндай байланысты үзбейді, не сот құқық туралы дауды шешу
керек - бұл материалдық құқықтық қатынас субъектісінің дауы.
Қазіргі таңда азаматтық іс жүргізу құқығында азаматтық процестегі
тараптардың түсініктемесінің екі түрлі анықтамасы таралған, олар келесідей:
1) тараптар - бұл даулы материалдық кұқықтық қатынастың накты немесе
болжамды субъектілері; 2) тараптар - бұл соттың құқық туралы дауларды
шешуге жататын тұлғалар.
Бұл екі анықтама М.Х. Хутыздың критикасына шалдықты. Біріншісіне
катысты ол, бұндай анықтама: ғылым логикасының ережесіне сәйкес жай
түсініктемелер елеулі заттың белгілерін сипаттайтын қорытындыларды
қосындылайды. Бұл белгілер — объективті. Осы өндірістік
процедурадағы өзгерістер мен толықтыруларға сәйкестенетін үрдістегі
жағдайда елеулі белгі (метериалдық қүқықтық қатынастың субъектілері)
логикалық байланыстың құрамында болуы мүмкін, бірақ болмауы да мүмкін.
Демек, талданған логикалық тексеруді ұстанбайды, - деп жазды. [9, 126]
М.Х. Хyтыздың бекіткеніне қайшылыктар туып отыр. Біріншіден,
тараптар материалды-құқықтық қатынастың болжамды субъектісі болып табылады,
- бұл оларды сипаттайтын тараптардың бірден бір белгісі. Жоғарыда
тараптардың объективті белгілері көрсетілген (істе заңдық мүдделілік,
процеске өздерінің субъективтік құқықтарын немесе заңмен корғалатын
мүдделерін қорғау үшін қатысу, оларға барлық материалды-кұқықтық және
процессуалдық салдарының таралуы, шешімнің күшіне енуі және т.б.).
Екіншіден, бұл белгінің объективті еместігі, белгінің баламалығын
білдірмейді (даулы материалдық құқықтық қатынастың субъектілері болып
табылады, не табылмайды). Объективті болатын азамат даулы материалдық
құқықтық қатынастың субъектісі болуы да, болмауы да мүмкін.
Егер сот құқық туралы дауды қарап және шешсе, онда іс
жүргізуде тиісті тарап, әрдайым даулы материалды-құқықтық қатынастың
субъектісі болады. Содан басқа, сотқа жүгінуші (талапкер) тұлға немесе іске
қатысуға тартылған (жауапкер) тұлға материалдық құқықтық қатынастың
субъектісі болады ма деген сұрақ, тек қана сотта іс қозғалу кезіндегі
болжам деңгейінен көрініс табады.
Тәртіп бойынша, істің соттық талқылауы кезінде бұндай болжам соттың
сенімімен өзгереді. Егер талапкер немесе жауапкер тиісті емес болса, яғни
материалдық құқықтық қатынастың субъектісі болып табылмаса, онда азаматтық
іс жүргізу заңнамасымен бекітілген тәртіп бойынша, олар тиісті тұлғалармен
ауыстырылады.
Бұндай жағдайда М.Х. Хутыздың критикасы жоғарыда көрсетілген
тараптар түсінігінің екі анықтамасының біріншісіне көз жетерліксіз деп
айтуға болады.
Ал тараптар — бүл сот шешілуініе жататын, құқық жэне заңмен
корғалатын мүдделер туралы тұлғалардың даулары, осы тараптар туралы
түсініктің екінші анықтамасына қатысты М.Х. Хутыздың критикалық ескертпесі
қазіргі жағдайда негізді болып табылады. Біріншіден ол, заң әдебиеттерінде
құқық туралы дау тараптардың белгісін анықтамайды, өйткені ол даудың
негіздемесіне өз беттерінше талап берген үшініші тұлғаларды да
сипаттайтындығы көрсетілген, - деп әділ жазған. Екіншіден, кейбір заң
әдебиеттерінде кездесетіндей, бұндай анықтаманы (онда мүддені заңмен қоғау
көрсетілген) тараптарға сәйкестендіруге болады, ал ерекше іс жүргізудің
тәртібінде соттар құқық туралы дауды қарамайды, осы іске қатысушы тұлғалар
ешкімге ешқандай материалды-құқықтық талаптар қоймайды. Бұнымен келісуге
болмайды. Бірақ та М.Х. Хутыздың айтылған критикалық ескертпесі
өздігінен дүрыс, тараптар түсінігін ұсынушы анықтамада ол өзі толық
ескерілмеген: азаматтық процестегі тараптар, - оның жазуынша, - бұл сот
шешілуіне жататын, іс қозғауға негіз болып табылған, құқықтық қатынастың
мазмұнында процессуалдық кайшылықтардан туындаған құқық туралы тұлғалардың
даулары. Егер бұл анықтаманы керек емес көп сөздерден босатсақ, онда автор
критикасының негіздемесіне байланысты нақты осылай болады: тараптар - бұл
соттың шешілуіне жататын құқық туралы тұлғалардың даулары.
Тараптардың түсінігі туралы сұрақтар, азаматтық іс жүргізу құқық
теориясындағы кейбір шешімдерінің аспектілері осындай.
Сонымен қатар, тараптар ретінде іске жіберу үшін толық түрде азаматтық
іс жүргізу құқық қабілеттігі және әрекет қабілеттілігі болуы керек.
Осыған сәйкес құқық қабілеттілік осы құқықтар мен міндеттердің заңмен
көзделген субъектісі болу қабілеттілігін білдіреді және карастырылған кез-
келген құқық немесе міндеттерге ие болу мүмкіншілік жағдайында болады.
Құқық қабілеттілік мемлекеттің барлық азаматтарына танылады. Ол туылу
сәтінен бастап пайда болады, қайтыс болу жағдайында тоқтатылады. Демек,
құқық қабілеттілік адамнан ажыратылмайды, ол өзінің бүкіл өмір бойы жас
шамасы мен денсаулығына карамастан құқық қабілеттілікке ие болады.
Заң әдебиеттерінде құқық қабілеттілік азаматқа тән белгілі бір қасиет
ретінде қарастырылады. Заңда көрсетілгендей, бұл қасиет құқықтар мен
міндеттерге ие болу қабілеті ретінде болады. Ал қабілет дегеніміз заңда
мүмкіншілік деген мағынада, яғни тұлға құқықтар мен міндеттерге ие бола
алады. Мұндай мүмкіндік заңмен қарастырылып және қамтамасыз етілгендіктен
ол әрбір нақты тұлғаның белгілі бір субъектілік құқық мағынасын береді.
Құқық қабілеттілік - бүл құқықтар мен міндеттердің субъектісі болу құқығы -
деп жазады Н.Н.Братусь.
Сонымен қатар, құқық қабілеттілік мазмұны бойынша шексіз деп айту қате
болады. Басқа да кез-келген субъективті құқықтар сияқты оның да кейбір
шектері бар. Бұл шектеулер мына жағдайларда көрінісін тапқан, яғни азамат
заң актісін тыйым салынбаған барлық кез-келген іс-әрекетпен айналыса алады
және кейбір құқықтарға иелік етуге тікелей тыйым салынады.
Құқық қабілеттілікті шектеу мүмкіндігі заң актісі арқылы және ерекше
жағдайларда болатындығы ҚР Конституциясының 39-бабы 1-тармағынан келіп
шығады. Ол бойынша адамның жеке азаматтық кұкыктары мен бостандықтары
конституциялық қорғау, қоғамдық тәртіпті, адамдардың қүқықтары мен
бостандықтарын т.б. сақтауда кажетті шамада ғана тек заңмен шектелуі
мүмкін. Олар іс жүргізушілік құқық қатынас жұмысына көмектесуші тұлғалар
болып табылады және олар азаматтық іс жүргізу бойынша заңды мүдделі емес.
Мұндай мүдделік орын ала қалса, жағдайларды дұрыс шешуге септігін тигізер
еді.
Процеске қатысушылардың құқық субъектілігі,
құқық қабілеттілігі және әрекет қабілеттігі түсініктерінің жинақты
анықтамасы.
Азаматтың іс жүргізу құқық қабілеттігі - бұл азаматтық іс жүргізу
кұкықтары мен азаматтық іс жүргізу міндеттерді иелену қабілеті. Бұл
анықтама материалдық кұқық субъектілері болып табылатын барлық
катысушыларына - азаматтар мен ұйымдарға бірдей тең дәрежеде танылады.
Азаматтық іс жүргізу құқық қабілеттілігі туғаннан бастап, қайтыс болғанда
аяқталады. Ал заңды тұлғаның құқық субъектілігі мемлекеттік тіркеуден өткен
соң пайда болады, таратылған немесе бөлінген, кайта ұйымдастырылған және
біріккен жағдайда тоқтатылады.
Заңды тұлғаның құқық қабілеттігі мен әрекет қабілеттігінің пайда болуы
мен тоқтатылуы уақыты сайма-сай келеді.
Азаматтыц іс жүргізу әрекет қабілеттігі - бұл сотта қүқықтарын өз іс-
әрекеттерімен жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге
тапсыру қабілеттігі. Әрекет қабілеттілік өз процессуалдық кұқықтарын жеке
іс-әрекеттерімен іске асыру қабілеті мен міндеттерді орындауда дербес
жауаптылықта болады.
Сотқа талап қойып жүгінген кезде сақталуы тиіс, азаматтық іс жүргізу
заңнамасымен реттелген тәртіптің бірі - тұлғаның қабілеттілігі. Азаматтық
сот ісін жүргізудің жалпы ережелеріне сәйкес сотқа өзінің кұқығын немесе
мүддесін қорғау үшін азаматтық іс жүргізу әрекет кабілеттігіне ие тұлғалар
ғана жүгіне алады. [10, 60]
ҚР АІЖК-нің 46-бабының 1-бөлігіне сәйкес азаматтық іс жүргізу әрекет
қабілеттілігі дегеніміз - тұлғаның сотта құқықтарын өз іс-әрекеттерімен
жүзеге асыру және міндеттерін орындау, іс жүргізуді өкілге тапсыру
қабілеттігі.
Іс жүргізу құқық қабілеттігіне қарағанда іс жүргізу әрекет
кабілеттігіне барлық азаматтар ие емес. Азаматтардың іс жүргізу әрекет
кабілеттігі екі белгімен анықталады: жасына және психикалық жағдайына
байланысты. ҚР АІЖК-нің 46-бабының 1-бөлігінде азаматтық іс жүргізу әрекет
қабілеттігінің он сегіз жасқа толған азаматтарда және ұйымдарда толық
көлемде болатыны көзделген.
Азаматтар он сегіз жасқа толған сәттен бастап сотта тараптар, үшінші
тұлғалар, өкілдер ретінде қатысып, өздеріне тиесілі іс жүргізу құқықтарын
дербес пайдаланып, іс жүргізу міндеттерін атқара алады. Он сегіз жасқа
толмаған азаматтар да заңда көзделген жағдайларда толық әрекет қабілетті
болуы мүмкін. ҚР АК-нің 7-бабының 2-тармағына сәйкес заң құжаттарында он
сегіз жасқа жеткенге дейін некелесуге рұқсат етілетін жағдайда, он сегіз
жасқа толмаған азамат некеге тұрған кезден бастап толық көлемінде әрекет
қабілеттігіне ие болады. Он төрттен асқан бірақ кәмелетке толмаған
азаматтар тараптар бола алады.
Он төрт жастан он сегіз жасқа дейінгі кәмелетке толмағандар іс жүргізу
әрекет қабілеттігіне ішінара ие. Бүл олардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тараптардың түсінігі, құқықтары мен міндеттері
Азаматтық процесстің қатысушылары (жалпы сипаттама)
Азаматтық процесстегі катысушылардың арасындағы тараптардың орны
АЗАМАТТЫҚ ПРОЦЕССТЕГІ ТАРАПТАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ МАҢЫЗЫ
Азаматтық іс жүргізу тараптары
Азаматтық процесстегі бірігіп қатысушылық және процесстегі тиісті және тиісті емес тараптар түсінігі
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар және олардың маңызыдылығы
Азаматтық іс жүзіндегі құқықтық қатынастар
Азаматтық іс жүргізудегі тараптар ұғымы
Азаматтық процестегі тараптар және олардың маңызы
Пәндер