Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін жауапкершілік



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
І. Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау
1.1. Жерлерді классификациялау және жерді мақсатты пайдалану.
дың мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2. Жерді құқықтық қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
ІІ. Жерді тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылықтар үшін
заңды жауапкершілік
2.1. Экологиялық (жер саласындағы) құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түсінігі және экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2.2. Жерді тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктердің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Жер ресурстары – қоғамның материалдық, мәдени және басқа да қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерлер. Осы жерлердің мақсатты түрде пайдаланылуын, олардың бүлінуі мен құртылуын болдырмау үшін қоғам, атап айтқанда, мемлекет өзінің барлық тетіктерін пайдалана отырып түрлі шаралар қабылдайды. Жер қатынастарын реттейтін Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және жер туралы басқа Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. Жермен тығыз байланыстағы жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және басқа да өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар арнаулы заңдармен реттеледі.
Мемлекет өз органдары арқылы заң шығаруды қамтамасыз ете отырып, осы жер қатынастарын реттеуде ерекше рөлді атқарады. Заң актілеріне сәйкес жер қатынастарын бұзғандарға қатаң шаралар қолданылып, оларды жазалау шаралары қолданылады.
Нормативтік құқықтық актілер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жыл 30 тамыз.
2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс.
3. Қазақстан Республикасының Жер Кодексі. 2003 жыл 8 шілде.
Әдебиеттер тізімі:
1. Стамқұлов Ә.С. Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы. Оқу құралы І және ІІ томдар. ТАРАЗ 2003 жыл.
2. Сагындык Культелеев. Экологическое право Республики Казахстан. Алматы КазГЮУ 2003 жыл.
3. С.А.Боголюбов Экологическое право. Норма-Инфра. Москва 2001 г.
4. Экологическое право. Под ред. В.В. Гучкова. Закон и право. Москва 2001 г.
5. Бекишева С.Д. Экологическое право Республики Казахстан. Караганда 2002 г.
6. Бринчук М.М. Экологическое право. Москва ЮРИСТЪ 1998 г.

Арнайы әдебиеттер тізімі:
1. Байдельдинов Д.Л. Правовой механизм государственного управления в области экологии. Алматы КазНГУ, 1998 г.
2. Дубовик О.Л., Жалинский А.Э. Причины Экологических преступлений. Москва 1998 год.
3. Жевлаков Э.Н. Экологические преступления и экологическая преступность. Москва 1998 г.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қазақ гуманитарлық заң университеті
АЛМАТЫ ЗАҢ АКАДЕМИЯСЫ

Экологиялық және еңбек құқығы
кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау және тиімді
пайдалану аясындағы құқық
бұзушылық үшін жауапкершілік

Орындаған:

Тексерген:

Алматы 200 ж.

Жоспар:

Кіріспе
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... .

І. Қазақстан Республикасында жерді құқықтық қорғау
1. Жерлерді классификациялау және жерді мақсатты пайдалану-
дың
мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ...
2. Жерді құқықтық
қорғау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
...

ІІ. Жерді тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылықтар үшін
заңды жауапкершілік

1. Экологиялық (жер саласындағы) құқық бұзушылық үшін заңды
жауапкершіліктің түсінігі және экологиялық құқық бұзушылықтың
құрамы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
2. Жерді тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылық үшін заңды
жауапкершіліктердің
түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ...

Қорытынды
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ...

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

КІРІСПЕ

Жер ресурстары – қоғамның материалдық, мәдени және басқа да
қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шаруашылық және өзге де қызмет
процесінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін жерлер. Осы жерлердің
мақсатты түрде пайдаланылуын, олардың бүлінуі мен құртылуын болдырмау үшін
қоғам, атап айтқанда, мемлекет өзінің барлық тетіктерін пайдалана отырып
түрлі шаралар қабылдайды. Жер қатынастарын реттейтін Қазақстан
Республикасының Конституциясына негізделеді және жер туралы басқа Қазақстан
Республикасының нормативтік-құқықтық актілерінен тұрады. Жермен тығыз
байланыстағы жер қойнауын, суды, атмосфералық ауаны, орман-тоғайды және
басқа да өсімдіктер мен жануарлар дүниесін, экологиялық, ғылыми және мәдени
жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілерін, ерекше қорғалатын табиғи
аумақтарды пайдалану мен қорғау жөніндегі қатынастар арнаулы заңдармен
реттеледі.
Мемлекет өз органдары арқылы заң шығаруды қамтамасыз ете отырып, осы
жер қатынастарын реттеуде ерекше рөлді атқарады. Заң актілеріне сәйкес жер
қатынастарын бұзғандарға қатаң шаралар қолданылып, оларды жазалау шаралары
қолданылады.

1.1. Жерлерді классификациялау және жерді мақсатты пайдаланудың мазмұны
Қазақстан Республикасының шеңберінде жатқан жерлер біздің
мемлекеттің жер қорын құрайды. Жерге деген меншік және басқа да құқықтар
әртүрлі нысанда жүзеге асырылса да, қоғам ол жерлердің жағдайына,
пайдалануына және қорғауына байланысты барлық жауапкершілікті көтереді.
Жерді қорғау мен рационалды түрде пайдаланудағы жетекші рөлді мемлекеттік
органдар иеленеді, олар – жер құрылымын ұйымдастырады, жер кадастры мен
мониторингі, жерді пайдалануға мемлекеттік қадағалауды, жер дауларын шешуді
жүзеге асырады.
Жер қорын басқарудағы негізгі прерогатива болып оларды пайдалануға
байланысты мақсаттары бойынша категориялап жіктеу табылады. Бұл қоғамға, ең
біріншіден, жерді бір санаттан екінші санатқа ауып кетпеуіне жағдай
жасайды, екіншіден, олардың мақсатты түрде пайдалануына, тиімді
пайдаланылуына бақылау жасауға мүмкіндік береді.
Жерді мақсатты пайдаланылуының тұрақтылығы, ауыл шаруашылық
мақсатындағы жерді ең біріншіден, сақтау және олардың негізсіз бір санаттан
екіншісіне өтіп кетпеуіне жол бермеу Қазақстан Республикасының экологиялық-
құқықтық басты принциптердің бірі болып табылады.
Ауыл шаруашылық өндірісте басты құрал ретінде қолданылатын жерлер
ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер деп танылады. Ауыл шаруашылық өндіріс
мақсатында берілетін жерлер аумағы жылдан-жылға жүз мыңдаған гектарларға
азаюда, ал бұл өз кезегінде дабыл қағуға, елдің экологиялық және өндірістік
саласындағы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мәжбүр етеді.
Жердің екінші санатына елді-мекендер жерлері жатады. Бұл жерлер өмір
сүру, құрылыс, адамдардың мәдени-тұрмыстық қажеттіліктерді қанағаттандыру
мақсатында қолданылады. Индустрия мен ғылыми-техникалық прогрестің дамуына
байланысты жердің жаңа санатын бөліп шығаруға тура келді. Бұл - өндіріс,
транспорт, байланыс, радиохабарлама, телевидение, информатика, космосты
қамтамасыз ету сияқты жерлер. Бұрындары бұл жерлер арнайы мақсаттағы жерлер
деп аталған.[1]
Жер қорының әлемдегі басым бөлігін орман қоры алып жатыр. Су қоры
жерлеріне су объектілері, су қорғау зонасы жерлері және су жағасы жерлері
жатады. Бұл жерлерге режим бойынша жақын, әрі ұқсас болып келетін жер
санаты – ерекше қорғалатын территориялар табылады. Олардың қатарына табиғи
қорғау, қорықтық, рекреациялық, тарихи-мәдениет мақсатындағы жерлер
қолданылады. Резерв болып босалқы жерлер танылады.
Жерлердің мақсатты пайдаланылуы дегеніміз – жерді оның санатына
сәйкес нақты бір мақсаттар үшін құқықпен реттелген және оларды пайдаланудың
режимі оны пайдалану ережесімен, азаматтық айналымға енумен, қорғалуымен,
есепке алынумен және мониторингімен анықталады.
Жердің мақсаты мен режимі жерге орналастыру және градоқұрылыс
құжаттарымен анықталады және өзгеріссіз болып табылмайды – олар жүйелі
түрде мемлекеттік органдар мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен
қарастырылып отырады.
Жер санаттары атқарушы билік органдарының қаулыларында, жергілікті
өзін-өзі басқару органдарының жер учаскелерін беру немесе жерді
пайдаланудың ерекше құқықтық режимдерін бекіту туралы шешімдерінде,
куәліктерде, шарттарда және жерге құқықты куәландыратын басқа да
құжаттарда; мемлекеттік жер кадастры құжаттамаларында; жерді және
жылжымайтын мүлікті мемлекеттік тіркеу құжаттамаларында көрсетіледі.
Жердің әр түріне қатысты жердің санатын айқындайтын, оны бір
санаттан екіншісіне ауыстыратын құзыретті орган қарастырылады. Жерді бір
санаттан екіншісіне ауыстырудың ведомстволық бағыныстылығын жою мәміле мен
актілерді жарамсыз деп тануға, жерді мемлекеттік тіркеуден бас тартуға
негіз болып табылады.

1.2. Жерді құқықтық қорғау
Жерді құқықтық қорғау дегеніміз – жерді тиімді пайдалануға, жерді
негізсіз ауылшаруашылық айналымынан алып қоюға, зиянды әсер етуден
қорғауға, сонымен қатар жердің (оның ішінде орман шаруашылығы жерінің де)
құнарлылығын арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдастырушылық, экономикалық
және басқа да шаралардың жүйесі.
Жерді мақсатты түрде пайдалануды және оны қорғауды қамтамасыз ететін
арнайы мамандандырылған орган болып жер кадастры танылады.
Жер қорларын мемлекеттік басқару мемлекеттің атқарушы органымен
жүзеге асырылады және олардың функциялары жердің мақсатты, әрі рационалды
түрде пайдаланылуын қамтамасыз ету аясында болады. Мәселен, атқарушы билік
органдары жер қорын басқару кезінде мемлекеттік жер кадастрын жүргізеді,
жерді пайдалануды жоспарлайды, жер заңдарының орындалуын қадағалайды, жер
құрылысы және жерлердің мелиорацияларын жүргізуді ұйымдастырады, жеке
меншіктегі жер учаскелерін мемлекеттік қажеттіліктер үшін алып қоюды жүзеге
асырады.
Жер бедері мен жердің деградациясы – жердің функциясының өзгеруіне,
оның құрамы мен қасиеттерінің, сапалық және санды өзгеруіне – жердің табиғи
және антропологиялық процестердің жиынтығын білдіреді. Жер бедері мен
жердің жағдайының сипаты, олардың құрамы мен қасиетінің төмен-жоғарылығы
олардың деградация деңгеімен анықталады.
Жеке меншік құқық иелері, жер пайдаланушылар мен жерді жалға
алушылар келесі әрекеттерді жүзеге асырады:
- территорияны рационалды түрде ұйымдастыру;
- жердің пайдалы қасиеттерін жоғарылату және оны қалпына келтіру;
- жерді су және жел эррозиясынан, селден, өндірістің зиянды
қалдықтарынан және басқадай құлдырату процестерінен сақтау;
- жерді құртумен байланысты жұмыс жүргізген кезде жер бедерінің құнарлы
қабатын ысыру, пайдалану және сақтау.[2]
Жерді құқықтық қорғаудың мақсаттары мен міндеттері.
Жерді қорғау жерді қоршаған табиғи ортаның бір бөлігі ретінде
қорғауға, жерді ұтымды пайдалануға, ауыл шаруашалығы мен орман шаруашылығы
айналымынан жердің негізсіз алып қойылуын болғызбауға, сондай-ақ топырақтың
құнарлылығын қалпына келтіру мен арттыруға бағытталған құқықтық, ұйымдық,
экономикалық, технологиялық және басқа да іс-шаралар жүйесін қамтиды.
Жерді қорғаудың мақсаттары:
1) өндірістің экологиялық қауіпсіз технологияларын ынталандыру және орман
мелиорациялау және басқа шараларын жүргізу жолымен жердің азып-тозуы мен
бүлінуін, шаруашылық қызметтің басқа қолайсыз зардаптарын болғызбау;
2) азып-тозған немесе бүлінген жерді жақсарту мен қалпына келтіруді
қамтамасыз ету;
3) жерді оңтайлы пайдаланудың экологиялық нормативтерін тәжірибеге енгізу
болып табылады.
Жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылар:
1) жерді су және жер эрозиясынан, селден, су басудан, батпақтанудан,
қайталап сортаңдаудан, құрғап кетуден, тапталудан, өндіріс пен тұтыну
қалдықтарымен, химиялық, биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды
заттармен ластанудан, басқа да бүліну процестерінен қорғауға;
2) ауыл шаруашылық жерін карантиндік зиянкестер мен өсімдіктер ауруларын
жұқтырудан, арамшөп, бұта мен шілік басып кетуден, жердің жай-күйі
нашарлануының өзге де түрлерінен қорғауға;
3) бүлінген жердің жаңғыртылуына, оның құнарлылығын және жердің басқа да
пайдалы қасиеттерін қалпына келтіру мен оны шаруашылық айналымына уақытылы
тартуға;
4) жердің бүлінуіне байланысты жұмыстар жүргізген кезде топырақтың құнарлы
қабатын алуға, сақтауға және пайдалануға бағытталған шаралар жүргізуге
міндетті.
Азып-тозған шаруашылық алқаптарының топырақ құнарлылығын, химиялық,
биологиялық, радиоактивті және басқа да зиянды заттармен шектелген
шоғырлану және мейлінше шектелген радиациялық әсер деңгейі нормативтерінен
тыс ластанған, өндіріс және тұтыну қалдықтарымен, сарқынды сулармен
ластанған жерлерді, сондай-ақ карантиндік зиянкестер мен өсімдік аурулары
жұққан жерді, сондай-ақ зиянкестер мен өсімдік аурулары жұққан жерді
қалпына келтіру мүмкін болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының
Үкіметі белгілейтін тәртіппен жерді консервациялау көзделеді.
Топырақта зиянды заттардың мейлінше шектелген шоғырлану
нормативтері: топырақта зиянды заттардың, зиянды микроорганизмдердің және
топырақты ластайтын басқа да биологиялық заттардың мейлінше шектелген
шоғырлану нормативтері адамның денсаулығы мен қоршаған ортаны қорғау
мүдделерін көздеп, оның жай-күйін бағалау үшін белгіленеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі ядролық сынақ өткізілген жер
учаскелерін ядролық қару сынағының зардаптарын жою жөніндегі барлық іс-
шаралар аяқталып, кешенді экологиялық тексеру жүргізгеннен кейін,
мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда ғана
меншікке немесе жер пайдалануға беруі мүмкін.
Аталған аумақтардағы ядролық қару сынақтарын жою жөніндегі іс-
шаралар қоршаған ортаны қорғау жөніндегі, жер ресурстарын қорғау мен ұтымды
пайдалану жөніндегі республикалық және облыстық бағдарламалар мен басқа да
арнаулы бағдарламаларда көрсетіледі.
Ластанған және бүлінген жерлерді анықтау жөніндегі жұмыстарды
жүргізу үшін жер учаскесінің немесе пайдаланушының өтініші, жергілікті
атқарушы немесе өзге де құзыретті органның бастамашылығы, қоғамның талап
етуі негіз болады.
Аталған жерлерді анықтауды белгіленген өкілеттіктер тәртібінде
олардың жерлерді пайдалануы мен қорғалуын мемлекеттік бақылауды жүзеге
асыру тәртібімен жергілікті атқарушы органдар, жер ресурстарын басқару,
табиғат қорғау жөніндегі органдар және басқа да уәкілетті органдар
жүргізеді.
Ядролық қаруға сынақ жүргізілген жер учаскелері ядролық қаруды
сынаудың зардаптарын жою және аумақты кешенді экологиялық зерттеу жөніндегі
барлық шаралар аяқталғаннан кейін ғана жер пайдалануға ұсынылуы немесе
меншікке берілуі мүмкін.
Кешенді экологиялық зерттеу жүргізудің құрамы мен әдістемесін,
сондай-ақ жұмыстарды атқарушыны Қазақстан Республикасының министрліктері
мен Атом энергиясы жөніндегі агенттіктің келісімі бойынша Ұлттық ядролық
орталығы айқындайды.
Кешенді экологиялық зерттеудің материалдары, мемлекеттік экологиялық
сараптаманың оң қорытындысы болған кезде, облыстық атқарушы орган ядролық
қаруға сынақ жүргізілген жер учаскелеріне жерді пайдалану құқығын және
меншік құқығын беру туралы шешім қабылдануына негіз болып табылады.[3]

ІІ. Жерді тиімді пайдалану аясындағы құқық бұзушылықтар үшін
заңды жауапкершілік

2.1. Экологиялық (жер саласындағы) құқық бұзушылық үшін заңды
жауапкершіліктің түсінігі және экологиялық құқық бұзушылықтың құрамы
Жалпы, заңдық жауапкершіліктің өзі мемлекеттің құқық бұзушының
әрекетіне деген, оның жасаған қылығына қайтарған жауабы болып табылады. Бұл
жағдайда құқық бұзушы жеке, мүліктік немесе ұйымдастырушылық тәртіптегі
жағымсыз салдарларды көтеруге тиіс, бұл оған міндетті болып табылады.
Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін заңдық жауапкершілік астарынан біз
мемлекеттің қоршаған орта саласындағы өзінің құзыретті органдары арқылы
экологиялық құқықты бұзушыға жазалау шараларын айтамыз. Заңдық
жауапкершілік маңызы ретінде экологиялық талаптарды бұзған адамға теріс
салдардың келуінен көрінеді.
Экологиялық-құқықтық жауапкершілік заңдық жауапкершіліктің
құрылымдық бөлігі болып табылады және оған тиесілі белгілердің барлығына
ие. Сонымен қатар ол экономикалық-құқықтық қатынастардың ерекшелігімен
анықталатын қасиеттерге ие.
Біріншіден, экологиялық құқық бұзушылықпен келтірілген зиян екі
түрлі аспектіде қарастырылады: экономикалық (материалдық) және экологиялық
(материалдық емес). Дегенмен, көп жағдайда, келтірілген экологиялық зиянды
натуралды түрде өтеу мүмкін болмағандықтан, ақшалай нысанда өтеледі.
Екіншіден, зиян мөлшерін анықтау тәртібіне байланысты өз
ерекшеліктері бар.
Үшіншіден, экономикалық заңнаманы бұзушыларға қолданылатын мәжбүрлеу
шараларының арасында (пайдалану құқығынан айыру, оны шектеу және тоқтата
тұру) дәстүрлі жауапкершілік түрлерінің шеңберіне кірмейтіндері де
кездеседі.
Төртіншіден, егер табиғи объектілерді заңсыз иеленсе, бұл
жағдайларда жауапкершілік заңсыз талан-тараждау үшін емес, мысалы заңсыз
аңшының талдарды, бұталарды заңсыз кесу, жерді өз бетімен басып алу сияқты
арнайы баптармен жауапкершілікке тартылады.[4]
Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңдық жауапкершілік деген сөздің
астарынан біз мемлекеттің өзінің арнайы құзыретті органы арқылы қоршаған
ортаны қорғау саласындағы құқық бұзушылықтар үшін қолданатын шараларын
түсінеміз.
Заңдық жауапкершілікті қолдану арқылы экологиялық талаптарды
орындауды мемлекеттік түрде мәжбүрлеу жүзеге асырылады. Сонымен қатар
қоршаған орта аясындағы құралдардың қатарындағы заңдық жауапкершілік жалғыз
ғана еместігін айта кету керек.
Бұл механизмдердің ерекшеліктерін ескере отырып, мұндай функцияны
сонымен қатар экологиялық сараптама, мемлекеттік экономикалық лицензиялау,
экологиялық сертификация, экологиялық бақылау атқарады.
Осылардың қатарынан заңдық жауапкершіліктің қоршаған ортаны
рационалды түрде пайдаланудың ішіндегі ерекше рөлді атқаруы экологиялық
норманың ішінде санкцияның болуымен байланысты. Құқықтың жалпы теориясына
сәйкес құқық нормасы гипотеза, диспозиция, санкциядан тұрады. Санкция – бұл
құқықтың диспозициясында құқық бұзушыға қолданылатын мемлекеттік мәжбүрлеу
шарасы болып табылады. Сонымен, санкция экологиялық құқық бұзушылық үшін
қолданылатын заңдық жауапкершіліктің шарасы болып табылады. Егер санкция
болмаса, онда негізінен құқықтық норманың өзі жоқ болар еді.
Экологиялық құқық бұзушылық үшін жауапкершілік бірқатар негізгі
функцияларды анықтайды:
1) қоршаған ортаны қорғау нормаларын сақтауды;
2) адам денсаулығы мен қоршаған орта аясындағы залалдардың орнын
толтырушы;
3) превентивтік, яғни жаңа құқық бұзушылықты ескертуші;
4) экологиялық құқық бұзушылық жасаған адамды жазалау.
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан
Республикасының қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны үшін
жауапкершілік деп аталатын Қоршаған ортаны қорғау туралы Заңының ХVІІІ
тарауында және оның 85-бабы “Қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды бұзғаны
үшін жауапкершілік” деп аталады. Шын мәнінде экологиялық жауапкершілікке
Қазақстан Республикасының табиғатын және оның құрамдас бөлігі болып
табылатын табиғи ресурстар туралы заңдарды бұзғаны үшін жауапкершіліктер
жатады. Осындай жағдайларға байланысты Қоршаған ортаны қорғау туралы заңда
“Экологиялық аудит”, “Экологиялық білім беру”, “Экологиялық тәрбие”,
“Экологиялық сараптама”, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде
“Экологиялық қылмыстар” деген ұғымдар бар. Қоршаған ортаны, табиғи
ресурстарды қорғау, өнімін молайту және пайдалану туралы заңдарды оқу пәні
де “Қазақстан Республикасының экологиялық құқығы” деп аталады. Сондықтан
қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану заңдарды бұзғаны
үшін жауапкершілік аталады. Бұл ретте экологиялық заңдардың қатарына
Қазақстан Республикасының Қоршаған оратын қорғау туралы, ерекше қорғалатын
табиғи аумақтар туралы шыққан барлық нормативтік құқықтық актілер жатады.
Басқа да заңдардың ішінде Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс пен
Қылмыстық кодекс те бар. Осы заңдар мен нормативтік құқықтық актілерге шолу
жасағаннан кейін-ақ экологиялық заңдық жауапкершіліктің құқықтық негіздері
күрделі екендігін байқауға болады. Ол табиғат пен табиғи ресурстардың
объектілеріне де балйанысты. Олардың көп объектілігіне байланысты жеке-дара
табиғатты және табиғи ресурстарды қорғау және пайдалану жөнінде жоғарыда
аталған заңдар қабылданған.
Экологиялық заңдарды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің бастамасы
экологиялық заңдардың талабын бұзушылық болып табылады.
Экология заңдарын бұзу – белгіленген экологиялық тәртіпті бұзатын және
табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіретін заңға қайшы келетін
кінәлі субъектінің әрекет немесе әрекетсіздігі.[5]
Экологиялық тәртіп адамның өз өмірі мен денсаулығы үшін табиғи ортаның
қолайлы болуына құқығын қамтамасыз етудің, қазіргі және болашақ ұрпақтың
мүдделері үшін қоршаған ортаны қорғаудың, адам қызметінің осы ортаға зиянды
ықпал жасауына жол бермеудің, табиғи тепе-теңдіктің сақтау мен табиғатты
ұтымды пайдаланудың ережелері мен негізгі түпкі бағдарламаларының жүйесі.
Табиғи ортаға және оның ресурстарына зиян келтіру дегеніміз
экологиялық тәртіпті бұзу салдарынан табиғатқа, табиғи ресурстарға, адамның
денсаулығы мен өміріне келген немесе келуі мүмкін болатын экологиялық
қауіптің салдары.
Экологиялық тәртіпті бұзу мен табиғи ортаға және табиғат ресурстарын
және адам денсаулығы мен өміріне зиян келтіру тығыз байланысты. Себебі
экологиялық тәртіп бұзылған жағдайда, табиғатқа, табиғи ресурстарға, адам
денсаулығы мен өміріне кері әсер болатыны хақ. Оның бірінші түрі: табиғи
техногендік және төтенше табиғи оқиғалардан экологиялық жағдайдың
нашарлануы мүмкін. Бірақ адамның және қоғамның экологиялық қызметінде
олардың алдын алу, зиян әсерлерін болдырмау, жеңілдетілген шараларын
қолдану міндеті қойылған жағдайларда және антропогендік әсерлердің пайда
болуы заңдық жауапкершілікті туғызады. Соған орай алдын алу шараларын
қолданбаған кінәлі адамдардың жауапкершілікке тартылуы заңның талабынан
туындайды.
Екінші түрі: табиғатқа, табиғи ресурстарға экологиялық мониторинг
жүргізу талаптары, табиғи ресурстарды пайдалану кезіндегі талаптарды,
жобалауға қойылатын экологиялық және өзге де талаптар мен нормативтердің
орындалмауы салдарынан экологиялық тәртіп бұзылып, табиғатқа, табиғи
ресурстарға, адам өмірі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерді қорғаудың мақсаттары
Нарықтың дамуы жағдайында жер учаскесіне құқықтарды тоқтату негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздері
Нарықтың дамуы жағдайында жер заңдарын бұзған үшін заңды жауаптылық негіздерін қарастырып, олардың жекелеген түрлері бойынша туындайтын құқықтық қатынастарының теориялық негіздерін қарастыру
Экологиялық құқықтың түсінігі, пәні, жүйесі
Экологиялық қылмыстар және жауапкершілік негіздемелері
Қоршаған ортаға қарсы қылмыстардың жалпы мінездемесі
Экологиялық қылмыс
Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар туралы ақпарат
Жерді қорғаудың мемлекеттік құқықтық шаралары. Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауапкершілік
Қоршаған ортаны қорғау туралы заңды бұзғаны үшін заңдық жауапкершіліктің жалпы сипаттамасы
Пәндер